Н.Хрущевтың аграрлық реформасы Қазақстанға қалайша әсер етті


Сабақ тақырыбы:
Н.Хрущевтың аграрлық реформасы Қазақстанға қалайша әсер етті? Мектеп: Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
Уақыты: 28.09 - 03.10. 09.2015
Мұғалімнің аты - жөні: Байтуреев Данияр
Сынып: 10 «А,В,С,Д,Е» сыныптары
Қатысқан оқушылар саны: Қатыспағандар:
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары Кеңес үкіметі кезіндегі ауыл шаруашылығында орын алған өзгерістер мен дағдарыстарды анықтау

Сабақ мақсатыөткен материалды жіктеп, мысалдар келтіру
тарихи фактілерге және карталық мәліметтерге сүйене отырып, тарихи оқиғаның даму желісін құрастыру
тарихи оқиғаға өзіндік пікір (интерпретация) айту
демографиялық өзгерістердің себеп-салдарларын зерттеу
Жетістік критериилері Білімін қолдану
Қазақстандағы тың игерілген 6 облыстың 4-уін кескін картадан көрсетеді
Анализ
Тың игеруге неліктен осы облыстарды таңдалуына қатысты 3 себепті анықтай алады
Сын тұрғысынан ойлау және зерттеу
Тың игерудің 3 жетістігін анықтайтын фактіні келтіреді
Статистикалық мәліметке сүйене отырып, тың игерудің экологиялық, демографиялық және мал шарушалығына қатысты 3 кемшілігін анықтайды
Құндылықтарды дарыту
Құндылықтар:
-патриотизм
-ұлттық сана-сезім
-төзімділік
Пәнаралық байланыстарДүние жүзі тарихы пәні және география пәндерімен байланысты
АКТ қолдану дағдылары интер тақтамен жұмыс
Тілдік мақсаттар Жеке басқа табынушылық, «Жылымық», тың, кеңшар, қожалықтар, арендалық шаруашылық, интенсивті/экстенсивті шаруашылық, миграция, эмиграция, автохтонды ұлт
«Жылымық» кезеңіндегі саяси жағдайды келесідей бағалауға болады...
Келесі себептер/ факторлар қысқа
мерзімді/ орта мерзімді/ ұзақ мерзімді
болып келеді...
Бұл оқиға /өзгеріс маңызды болды /
айтарлықтай, өйткені…, дегенмен....
Бұл деректің маңыздылығы...
Алдыңғы меңгерілген білім
Жеке басқа табынудың зардаптары мен Қазақстанның саяси, экономикалық өзгерістерін біледі.
Сабақ барысы
Сабақтың қезеңдері Сабақта орындалатын іс - әрекеттер
Оқыту ресурстары
Басы 10 мин
20 мин Н. Хрущевтың аграрлық реформасы Қазақстанға қалайша әсер етті?
http://e-history.kz/kz/scorm/course/324 сайтынан
(Б) Оқушыларға Д. Қонаев туралы деректі фильмнің тың игеру туралы тұстарынан фрагмент ұсынылып, келесі сұрақтар қойылады:
- Не себепті КСРО-да ауылшаруашылықтың дамуы артта қалды?
- Тың игеру барысында неліктен Қазақстанның территориясы басым таңдалды?
- Тыңның алғашқы табыстары қандай болды деп ойлайсыңдар?
Сөздік
Тың игеру – бұрын егін шаруашылығына қолданылмаған жерлерді егістік алқаптары үшін жырту.
Топырақ эрозиясы – жердің құнарлы, қара топырақты қабатының жыртылғаннан кейін сумен шайылуы немесе желмен ұшырылу құбылысы.
Әлеуметтік құрылым – адамдардың еңбек ету әрекетіне қарай топтарға бөлінуі және олардың материалдық хал ахуалы.
http://www.youtube.com/watch?v=tNvWdE4LQwM
Д. Кунаев. Бремя Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 4-том. – Алматы, 2010.
власти.
Ортасы
20мин
20мин (Ж/Т) Оқушыларға Қазақстан аймақтарының географиялық ерекшеліктері туралы білімдерін еске түсіре отырып,жұптасып кескін картаға тың игерілген облыстарды түсіреді, содан соң топта осы аймақтардың таңдалу себептеріне қатысты ой бөліседі.
(М) Оқушылардың жауаптары тыңдалғаннан кейін тың игерудің пайдасы мен зияны туралы статистикалық мәлімет ұсынылады.
Тың игерілген жылдардағы Қазақстанның астық жинаудағы көрсеткіштері мынандай:
1) 1955 ж. республика475 млн. пұт астык жинады;
2) 1956 жылы 1 млрд. тұтастықты мемлекетке тапсырды; 3)1954-1964 жж. одақ колемінде 3 рет қана (1956,1958,1964 жж.) астық сату жоспары орындалды;
4) тың игерілгеннен кейін Қазақстан небәрі 6 рет мемлекет қоймасына 1 млрд. немесе одан да артық астық өткізді. Қазақстан КП ОК-нің XX Пленумында (1990 жыл) белгілі ғалым Мэхлис Сүлейменовтың айтканындай, шын мәнінде мол астық табиғаттың қолайлы болған жылдарында ғана алынды. Тың игеру басталғанға дейінгі Қазакстанда (1953 жыл) 2 960 ұжымшар мен 219 кеңшар болса, кейін керісінше кеңшар 2 122-ге жетіп, 394 ұжымшар әрекет етті. Тың жылдары кеңшарлар 127,3 мың трактор, 46,2 мың астық комбайнын, 29,6 мың жүк автомобильдері мен арнайы тасу көліктерін, 45,1 мың тракторлык жер жырту сокасын, 74,4 мың себу мәшинелерін т.б. алды.
(Т) «Тың игерудің жағымды және жағымсыз жақтары» тақырыбына өтетін пікірсайысқа қатысады.
жетістіктері - дәлел
кемшіліктері - дәлел
Пікірсайыс элементтерін қолданып, топ мүшелері бірнеше жағымды, жағымсыз сипаттамасына аргументтер мен фактілер келтіреді.
Пікірсайыстың соңында оқушылар тың игеруге қатысты негізгі деген 3 қорытынды тұжырымдама шығаруы қажет.
Статистикалық мәліметте тың игерудің экологиялық, демографиялық және мал шарушалығына тигізген әсері туралы мәлімет болу қажет.
Дәстүрлі шаруашылықтағы ұлттық селекцияның жойылуы, жергілікті асыл тұқымды мал түрлері мен бас санының азаюына байланысты алдын ала деректі материал дайындау
( (Т) Тың игерудің салдарларын анықтау үшін STEEPLE анализін жасайды.
S – әлеуметтік салдары
T – технологиялық әсері
E – экономикалық салдары
E – қоршаған ортаға әсері
P – саяси салдары
L – құқықтық салдары
E – этникалық құрамына әсері
Ф) Формативтік бағалау мүмкіндігі бар
Қазақстанның қазіргі заман тарихы.Хрестоматия:Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқу құралдары.Б.Аяған.-Алматы:Атамұра, 2005ж
Тың игеруге арналған суреттер:
https://www.google.kz/search?q=%D1%86%D0%B5%D0%BB%D0%B8%D0%BD%D0%B0+%D1%84%D0%BE%D1%82Б. Аяған., Әбжанов Х., Махат Д. Қазіргі Қазақстан тарихы: ЖОО тарихшы емес мамандықтарына арналған оқулық. Алматы, Раритет, 2010.
С. Сабырұлы. Қазақстан тарихы. – Алматы: Жеті жарғы, 2012.
Г.В. Кан, Н.У.Шаяхметов. Қазақстан тарихы. – Алматы: Алматыкітап, 2012.
Соңы
10минҚарама-қарсы сұрақтар /иә – жоқ/.
1 1954 жылғы қаңтарда Қазақстан Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып Жұмабай Шяхметов сайланды.
2 Қазақстан бойынша жыртылған жер көлемі 25 млн га
3 1954-1955 жж көктемдерінің аралығында тың өлкесінде құрылған астық кеңшарларының саны – 337.
4 1954-1955 жылдары тың жерлерді игеру сесбінен дәнді дақылдар егісі аумағын 1100 - 1200 га –ға арттыру, ол жерлерден 13 млн пұт астық алу көзделді. жоқ 13 млн га, 1100-1200 пұт астық
5 Қызылорда облысы Шиелі ауданы «Қызыл ту» ұжымшарының звено жетекшісі Ыбырай Жақаев тарыдан рекордты өнім алуға қол жеткізді. жоқ күріш
6 1954 жылғы қаңтарда Қазақстан Орталық Комитетінің екінші хатшысы болып Л.И.Брежнев отырғызылды.
7 «Жерді жаппай жыртып тастау дәстүрлі мал шаруашылығын дамытуға зиян келтіреді» деп санаған Н.С.Хрущев
8 Тың игеруге көшіп келген адамдарғаәр отбасы басшысына 500-1000 сом, әр отбасы мүшесіне 150-200 сом мөлшерінде бір реттік көмек көрсетілді. иә
9 Тың игерілген аудандар: Қазақстан, Сібір, Урал, Солтүстік Кавказ, Еділ бойы.
10 1950-60 жылдары республикаға 2 млн–ға жуық адам көшіп келді. жоқ 1954-1962 жж
11 Тың игерудің алғашқы екі жылында республикаға барлығы 640 мың адам келді. Соның ішінде 150 мыңы механизаторлар еді.
12 Қазақстан бойынша тың жерлерді игеру Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Торғай, Ақтөбе облыстарында жүргізілді.
(Б) «Н. Хрущевтың аграрлық реформасы Қазақстанға қалайша әсер етті?» тақырыбында талдау жұмысының қорытындысын эссе арқылы жеткізеді (250-300 сөз). Көркемсуретті Қазақстан тарихи: ежелгі дәуірден біздің уақытымызға дейін. 4 томдық. 4 т.: Қазақстан ХХ ғасырдың екінші жартысынан біздің уақытымызға дейін / құраст. - авт. О. Жанайдаров; қазақ тіліне ауд. Т. Б. Рсаев; бас сурет. Л. И. Тетенко. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2007. - 312бет: сурет.
Қосымша ақпарат
Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндеттер қоюды жоспарлайсыз? Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз? Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік ережелері
АКТ-ны қолдану
Құндылықтарменбайланыс
(тәрбие элементі)
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (
Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз Денсаулық сақтау технологиялары.
Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.
Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Приложенные файлы

  • docx 11128466
    Размер файла: 27 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий