І.Есенберлин. Күнделіктер, ойлар, хаттар..


Чтобы посмотреть этот PDF файл с форматированием и разметкой, скачайте его и откройте на своем компьютере.
РЛИН
ОЙЛАР, БАЯНДАМАЛАР,
Р, ХАТТАР
ЛЬЯС ЕС
РЛИН
ЫСЛИ, ВЫСТУПЛ
ВНИКИ, ПИСЬМА
Алматы, 2015
Адам бұл өмірге келеді де кетеді, ал артында тек оның істері мен
ол туралы естелік қана қалады. Ілияс Есенберлин бізге мұра етіп өз
еңбектерін — керемет кітаптарын қалдырды. Ондағылардың бәрі
өзінікі: өмірге көзқарасы, сезімдері, жан-дүниесі, ойлары.
Өмірінің соңғы жылдары ол тұжырымды жазбалар жүргізді,
онда оның ең қымбат ойлары, толғаулары, жастарға ұсынулары,
оның қасіретті жүрегінің айтқысы келгендерінің бәрі болатын. Адам
өміріндегі басты нәрсе не? Өмірді қалай керемет етуге болады?
оның ойлау мен пайымдауларының негізгі түйіні, міне, осы.
Бүгінгі күні Ілияс Есенберлинді еске алғанда біздің көз алдымыз
дан оның тасқындар мен сарқырамаларға толы қиын-қыстау өмірі
дария-өзенше ағып өтеді. Оның өзені өз мұхитына сәтті ағып жетті,
ол өз өмірін ұсақ-түйек пен әбігерге жұмсаған жоқ, ол қазіргі кез
де біз оның ой-пайымдауларынан көре алатын басты нәрсені істеді.
Қолдарыңыздағы кітап сіздерге жазушының махаббаты, қасіреттері
мен армандары әлеміне есік ашады.
Сүйікті адамымыз, жазушы Ілияс Есенберлиннің арамыздан кет-
кеніне отыз жылдан астам уақыт болды. Бірақ оның бейнесі біздің
есімізде. Бұл кітабында сіздер жүрегіне сыймаған оның көкейкесті
ойларымен таныс бола аласыздар, сіздердің алдарыңызда ақыл-ойы
мен жүрегі өмірінің соңғы күніне дейін өз халқына адал қызмет еткен
жазушы жасампаздың керемет махаббат әлемі ашылады.
ДИСЛ
Человек приходит в это мир и уходит из него, а после него оста
ются только его дела и память о нем. Ильяс Есенберлин оставил нам
в наследство свои дела — прекрасные книги. В них все его: взгляд на
жизнь, чувства, душа, мысли...
Последние годы своей жизни он стал вести записи, в них были
его самые сокровенные мысли, изречения, наставления для молоде
жи, все то, что хотело сказать его измученное сердце. Что главное в
жизни человека, как сделать жизнь прекрасной — вот главный лейт
мотив его размышлений.
Вспоминая сегодня Ильяса Есенберлина, перед нами словно про
плывает огромная река его трудной и сложной жизни со своими раз
ливами и водопадами. Его река жизни благополучно приплыла к сво
ему океану, он не променял свою жизнь на мелочи и суету, он сделал
главное, и это мы видим сейчас в его мыслях и изречениях. Вы держи
те в руках книгу, в которой Вам откроется мир писателя, его любовь,
страдания и мечты.
Уже больше тридцати лет как нет среди нас любимого человека
и писателя Ильяса Есенберлина, но память о нем жива в наших серд
цах. В этой книге впервые Вы сможете прочитать его главные мысли,
которые переполняли его сердце, и перед Вами откроется прекрасный
мир любви писателя-творца. Ум и сердце которого до конца было от
дано своему народу.
ақыл сөздер.
аттар
РЛИН
МАХАББАТ
«Мен адамдарды құрмет тұтам. Бірақ олардың Американы не
месе бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқандықтан немесе ғарышқа
ұшуымен емес, тек таза көңілмен сүйе білу және жақсылық жасап,
әділ бола білу, біреудің қайғысын бөлісе білуіне қарап. Өйткені, адам-
ды адам ететін және мәңгілік ететін біріншісі емес, екіншісі — әйтпе-
се бәрі де апат болар еді... Тіпті, егер де ең ұлы ашылымдар болмаса
да бәрібір адамзат өмір сүрген болар еді, ал егер сүйіспеншілік жоқ
болса — ол тез арада құрып бітер еді».
23 наурыз 1977 ж.
БА
«Бақытты болашақтың ең басты негіздерінің бірі — бұл жалпыға
бірдей жақсылық тілеу. Ал өкінішке қарай, біздің күндерімізде жа-
мандық тілеу әлі де етек алуда. Бұл әрқалай байқалады. Кейбір бас
шылар шындықты айтқысы келгендердің аузына қақпақ болса, тағы
біреулер қабілетті жастардың өсуіне жол бермейді. Ал талантты қай-
раткерге ең үлкен бақытсыздық — оны шығармашылық қауымның
қабыл алмауы».
4 мамыр 1980 ж.
«Меніңше — бұл өмірде махаббаттан асқан қазына жоқ».
ТУРАЛЫ
Бұл жерде, әрине, барлық мән жазушының өзінде. Оның бәрі
осы өмірде не көрді, ол жайлы не біледі, адамдар туралы ойында
не сақталды, қандай үрейден қажыған, оның адамгершілігі қандай,
әдептілігі, азаматтық позициясы қандай болса, оның шығармасы да
сондай болады.
9 наурыз 1978 ж.
Жазушы көне заманның тарихи зерттеулерімен ұзақ уақыт ай-
налысқан кезінде, өткен дәуірдің адамдары мен оқиғалары өзінен-өзі
оның жадында жаттала бастайды. Және ол осылардың астарынан тек
адам тағдырын ғана көреді. Осындай жағдай менің басымнан да өтті.
XIX ғасырдағы Кенесарымен байланысты ұлт-азаттық қозғалысты
зерттей келе мен осы өткен тарихи оқиғалардан ұлы тұлғаның ба-
қытсыздығын көрдім. Оның күрделі мінездері, жетістіктері мен сәт-
сіздіктері туралы романымда ешқайсысын ақтамай, қараламай тағдыр
тәлкегі қалай болған болса, сол қалпында жаздым.
АРМА
АТА
Егер жазушы ең жақсы шығармалар үшін емес, өзінің атын шы-
ғару үшін қиналса, онда оның алаяқ саудагерден еш артықшылығы жоқ.
Сыншылар мен әдебиетшілер тобына жаңа адамдар — жас ма-
мандар қосылды. Олардың қатарында профессор Рымғали Нұрғалиев,
Мұрат Әуезов, Сағат Әшімбаев бар. Олардың барлығы талпыныс-
пен жұмыс істеуде. Мысалға, жас зерттуші Мұхтар Мағауин қазақ
поэзиясының оқылу шекарасын 200 жылға тереңдете жылжытты. Ғы
лым кандидаты Райымбеков бірінші болып қазақ әдебиетіндегі жұ
мысшы табы туралы маңызды жұмысын бітірді.
Профессор С. К. белсенділенуде. Соңғы жылдары ол өзінің канди-
датурасының академияға жоғарылауымен әуре болуда. Жоғарылауы
түсініксіз. Менің кітабымды сөгуден шаруасын бастады. Бірақ бұл
себеппен сөзге шығып тұрғаным жоқ. Қайда бал болса, сонда ара де
гендей. Не қырсық? Ең бастысы — ол өзін көрсете бастады. Осының
бәрінде жолдас С. К. тек бір шындықты ұмытпаса: тіпті профессордың
өзіне де объективтік қажет бұл тұста. Сын үлкен тасқа жармасқаннан
күшеймейді. Сынның күші оның жақсылық тілеуінде.
Ол біздің профессорімізде осының бәрі пілді құмырсқаға ай
налдырсам ба деген тілекті еске түсіреді. Орынсыз көпірме, бөскен
жалқауға оның сөз сөйлеуінде (И. Ж.) әрқашан алдын алу мол болу ке
рек. Турасына келсек, дөрекі рухпен айтады. Егер оған біреуге түкіру
мүмкіндігі туса — ол қолын шапалақтап, рахаттанып, балаша қуанады.
Киелі атты ұятқа қалдырмау үшін бұндай адамдарды ауыздықтап не
месе жазушылар қатарынан қуатын уақыт әлі де кеш емес.
Ойлар. Нақыл сөздер
МАХАББАТ
БА
Жүректі шын күйдірсе, махаббат азабының өзі де бір қуаныш
емес пе? Иә, зор қуаныш. Өйткені жүрек күю үшін шын махаббат, зор
махаббат керек. Ал ондай махаббат жаныңа қанша азап салса да —
қуаныш, бақыт.
МАХАББАТ
Махаббат деген қасиетті күш. Дүниеде махаббат болмаса, адам
баласы қуаныш пен қайғының, бақыт пен бақытсыздықтың не екенін
білмей өтер еді. Махаббат бір аққу құс емес пе: өзі де сәнді, әні де
сәнді. Дүниеде аққудан әдемі құс бар ма? Сондай-ақ махаббаттан
әдемі, одан қымбат адамға сезім бар ма? Аққуды атуға, махаббатты
қорлауға болмайды! Махаббат әні — аққу әні. Оның сұлу ырғағын
естудің өзі адамның өмірдегі бір тәтті арманы емес не?!
Әрине, аққуды ататындар да, махаббатты қор ететіндер де табы
лады. Бірақ олар дүниенің қызығын, сәнін түсінбеген бейшаралар.
Олар үшін махаббат әні — аққу әні салынбайды. Ал қор болған ма
хаббат зары — жаралы аққудың соңғы әні. Оның мұңына, оның за
рына елжіремеген жүрек — ол жүрек емес.
Дүниеде махаббат болмаса, табиғаты сараң кісі бұрынғысынан да
сараң, ал жаратылысы қатты адам одан да қатулана түсер еді. Өйткені
адамның көңілін кеңітер, жанын жібітер махаббаттан артық күш жоқ.
Қызды сүйген жігіт қандай азапқа болса да көнуге бар, ал баласын
жақсы көрген ана, баласы үшін жан қиюдан тайынбайды. Бұл —
табиғат заңы. Махаббатты осындай құдіретті етіп, дүниедегі ең ұлы
күш — жаратылыстың өзі жаратқан. Сондықтан да махаббаттың ал
дында кім болса да әлсіз, амалсыз.
МАХАББАТ
Шын ғашық жамандыққа бармайды. Махаббаты үшін күюге, жа-
нуға дайын, үн-түнсіз жүректегі азап отына шыдай береді. Қолына
түспес қиял құсына құшағын жайып, тек үміттене қарайды. Бірақ
қиянатты, зұлымдықты ойламайды.
І. Есенберлин
Ал адам біреуді сүйер болса, оны кәусәр суындай таза, гауһар
тас сәулесіндей мөлдір ләззәтпен сүюге тиісті. Сөйтсе ғана ол өзінің
де, жақсы көрген адамның да арман мүддесін адал сақтайды, кір
жұққызбайды. Шын махаббат бар да, махаббатпен ойнау бар. Шын
жақсы көру — өмір бақи сәулесін, сұлулығын жоғалтпайтын гауһар
тас. Кімде-кім шын сүйсе, өз сезімін қадірлейді, өйткені оның ләззәты
ыстық жүректен туған. Ал жүректі ауыстыра алмайсың.
Қызғаншақтық — кең дүниені тар еткізетін кесел. Өз мінезінен
өзі құса болған қайғыдан жаман қайғы жоқ. Ол адамды іштен жегідей
жейді. Бір кездегі денелі салмақты жас жігіт енді күжірейген, қас-
қабағы түнерген, ашулы кісіге айналады.
Сенім! Бұл бір ұлы күш! Әсіресе жаны таза адамға өзгенің көр-
сеткен сенімі бойына қайрат, қиялына қанат береді. Сол сенімді ақ-
таймын деп қандай қиындық болса да қарсы тұра алады, ақтап шығуға
жанын аямайды. Қандай данышпан едің, байғұс қазақ?! Сенен басқа
бірде-бір халық дүние шіркінге «жалған» деген ат қоймаған болар.
Қалай тауып қойғансың. Қу дүние, шын жалған екенсің... Өттің де,
кеттің ғой.
УАНЫ
МАХАББАТ
Адамды қайғыға да, қуанышқа да бөлейтін махаббат. Тіріні өлтіріп,
өліні тірілтетін де махаббат. Бұл бір ұлы күш, ұлы дін. Сол ұлы күшпен
қуаттанған, сол ұлы дінді бұзбаған адам дүниенің ең бақытты жаны.
Ал қазақ жерінің көркіне келетін болсақ, бұ жағы да бір кере
мет. Мұнда әлемге аты шыққан таулы Швецариямен таласар, жасыл
шалғынды, ақ қайыңды, мөлдір сулы Бурабай мен қалың қарағай-
лары көкпен тілдескен, жұпар аңқыған Альпі шөптері белуардан кел
ген, жартас шындарының қойнауларында көз жасындай мөлдір өзен,
Ойлар. Нақыл сөздер
бұлағы бұрқырай аққан Алатау, Алтай, Баянауыл, Ұлытау өлкелері
жатыр. Мыңдаған көл, жүздеген өзендерімен, Африкадағы Сахараға
бергісіз, құмды, боранды шөл далалары да жеткілікті қазақ халқы —
ел сұлуының бірі, қазақ жері — жер сұлуының бірі.
Қызғаншақтық деген бір қиын сезім. Мұндайда ұстамды, пара
сатты бол деп айту жеңіл. Бұның бәрі тісі ауырған балаға «шыдай
бер» деген тәрізді құр айтылған ақыл ғой. Ал сезім дүниесіне кел
сек, адамды ақылдан көрі арман билейді. Арманына қолы жете алмай
қалған адам жанталасып сол арманын бөтеннен қызғанады, күйінеді.
Қызғаншақтың өзі сан түрлі болады. Ананың балаға деген, жарының
жұбайына деген қызғаншақтығы бар. Бұлар адамның жан сезімінен,
үлкен махаббат сезімінен туады. Бұл — таза мөлдір сезім.
Егер осы сезімді біреу былғағысы, ластағысы келсе, күйінген
жанның тарығуы, қызғануы заңсыз деп кім айта алады? Сен бұның
бәріне кең қара, көне бер деп айтуға кімнің аузы барады? Ондай
адам өз сезімін өзі саудаға салудан тайынбас еді. Үлкен жүректе
үлкен сезімге құрылған қызғаншақтық болуы табиғи іс. Ал екінші
қызғаншақтық бар. Ол өмірдің уақ қалтарыс бұлтарысына құрылған,
тар көңілді жанның ешкімге сенбейтін қызғаншақтығы.
ЛУЛЫ
Қазақ «сұлу — сұлу емес, сүйген сұлу» дейді. Бұнысы махаб
бат әр адамның өзіне ғана тән қасиет, оның өзінің көзі, өзінің жүрегі
бар дегені ғой. Сол көзге, сол жүрекке кім ұнаса, ол басқадан сұлу,
басқадан артық сүйген адамына баға беруге келгенінде бұл көз де,
бұл жүрек те соқыр. Кейде жезді де алтынға балайды. Көне заман
да гректер махаббатты көзсіз періште деп түсінген. Суреттерінде
олардың көздері үнемі орамалмен таңулы келеді. Бұнысы махаббатқа
соқыр деген бейне беру... Ал расында, махаббат соншалық соқыр ма?
Көзің көріп тұрған рабайсыз, көріксіз адамды қалай көрікті, әдемі
деуге болады? Жоқ, махаббат, ондай соқыр емес, ол көреген, тек өзін-
ше көреген. Оның көрегендігі сол, ғашық болған адамның рухани
сезімімен, интуициямен байланысты. Әрине, біреуге ұнамаған қасиет
басқаға ұнайды да, осыдан туады ғой деймін.
І. Есенберлин
Адам өз өмірінде талай жанмен кездеседі. Жақсымен де, жаман-
мен де. Бірақ соның ішінде қара жерге кіргенше ұмытылмайтын
аяулылары болады. Ондай жандардың бейнесі, тот баспайтын сары
алтындай, сенің есіңде сол өзіңе ұнаған қалпында қалады да қояды.
Оны басыңнан өткен ұзақ жылдар да, қайғы-қасірет те, қуаныш та
сенің жүрегіңнен өшіре алмайды.
МАХАББАТ
ЕЗІ
Бұндай адам, жақсы көрген кісісінің сәл жат көрінген мінез-
құлқынан, біреумен болмашы ойнап-күлгенінен сезіктене бастайды.
Бұндайлар өзімдік тар сезімнің құлы. Махаббатта да, атақ, бақта да,
үстіртін пиғылмен, өрескел қылығымен өзінің ұсақтығын білдіреді.
Бұндай жан махаббат деген қасиетті сезімді бағаламайды, бардан
жоқты сылтау етіп жерге таптайды, қорландырады.
АРА
АРАП
Адам тағдырында, тіпті кейбір қоғам тағдырында да арақ-шарап
белгілі орын алған. Арақ-шарапқа берілген кей жұрттардың өзінің
ұлттық қасиетінен айырылып, уақталып, құрып кеткендері тарихта
белгілі. Әсіресе, бір елді жаулап алған үлкен жұрт үстемдігімен, қару-
жарақтың зорлығымен, мәдениет, сорақы тәлім-тәрбиесімен бірге
арақ-шарабын да ала келген. Қару-жарақтың күшімен дегенін кейде
істете алмаған шапқыншылар, бағынышты елін не діні арқылы, не
арақ-шарапты алдамшы ғұрып дәстүрлері арқылы жеңген. Әсіресе,
әлі мемлекет болып шынықпаған кішкентай елдерге арақ-шарап үл-
кен зиянын тигізген.
МАХАББАТ
Меніңше, бір сүйген адамыңды мәңгі сүйіп өтуге болады. Бұл
махаббаттың күшінен ғана емес, адамның мінез құлқының тұрақ-
ылығымен байланысты. Көрінген ұшқыннан жалт етіп тез тұтанатын
жандар да аз кездеспейді. Бұнымен қатар, бір сүйген адамға деген
сезімін бойына жазылған мәңгі жазылмас кесел тәрізді өмірбақи
өзімен бірге алып жүретін кісілер де көп. Өзі қартайса да, махаб
баты қартаймайтындар бар. Мұндай адамдарды мен археологтарға
Ойлар. Нақыл сөздер
ұқсатам. Бір кезде осындай көркем мүсіндер болғанын адамзат есі-
не сақтасын деп олар ешкімге керегі жоқ көне ескерткіштердің қал-
дығын музейлерге үнемі жинап жүреді ғой. Маған кей ғашықтар да
осы археологтарға ұқсайды. Мүмкін оның бір кездегі ыстық жүрегі
әлдеқашан сөнген де болар, мүмкін ол сүйген сұлу қыз да қазір көне
бетін әжім басқан кемпірге айналған шығар, бірақ ол жүрегінде ең
ақырғы сағатына дейін сол бір кездегі жалынды махаббаттың қызуын
сақтауға тырысады. Өйткені өзі кәрі болғанымен, махаббат қашанда
болса жас. Ол адамзатқа сол жас қалпында мәңгі қалуы керек. Сөйткен
күнде ғана болашақ ұрпаққа да ол ұлы дінге айналады. Адамзаттың
бұзылуына жол бермейді. Махаббат жоқ жерде болашақ та жоқ, адам
онда пәк сезімсіз аңға айналады.
МАХАББАТ
БА
Ұзақ жылдан кейін екеуіміздің арамызда кенет пайда болған бұл
махаббат дұрыстап ойлаған адамға расында да түсініксіз-ді. Өміріңнің
ең жас кезінде, ләззәт жалыны жүректі шын күйдіретін албырт шағын-
да ол мені қиып кетті. Одан бері өткен мезгілдің ішінде ең болмаса бір
рет мені ең алғашқы албырт кезіндегідей жақсы көретінін сездірген
жоқ. Оны ұмытпай жүргенім өзіне аян бола тұрып, шын жақсы көрген
адам ең болмаса бір өкінішін білдірмес пе? Егерде екеуіміз бірдей
бірімізді-біріміз жақсы көріп, ұзақ жылдар бойы тағдыр әуресімен
қосыла алмай келіп, түбі барып табысқан болсақ, онда бір сәрі. Ондай
махаббат — ұзақ сақталған махаббат, екеуімізге аяулы болары сөзсіз.
Ал екі адамның біреуінің ғана жақсы көруі — біздің қалған өміріміздің
бақытты өтуіне тірек бола ала ма? Бақыр мен алтынды бірге қорытуға
бола ма? Болған күнде не шығады? Алтын да шықпайды, бақыр да
шықпайды. Қысқасы, мұндай өмір сатысының төменгі-жоғарғы
баспалдағында тұрған екі адамның арасындағы махаббат та осы
қорытылған алтын мен бақыр тәрізді болса керек. Мен алдымен осы
лай ойласам да, артынан барып басқа қорытындыға келдім. Жоқ,
махаббаттың заңы басқа болу керек деймін. Махаббаттың өзі алтын
емес пе, сондықтан алтын мен бақыр бірге қорытылса, алтын жеңуі
керек, бақыр да алтынға айналуға тиісті. Махаббаттың күшінің өзі
осында. Екі адам бірін-бірі шын сүйсе (әрине, қызмет дәрежелеріне
қарамай) екеуі де алтын. Алтын да — алтын, бақыр да — алтын. Ма
хаббатта бақыр жоқ, ол тек алтынды бақырға санаған білместің көңілі.
І. Есенберлин
БА
Жақсы көру! Егер адам бірін-бірі жақсы көрмесе, қасқырдан да
артқан қанқұмар болып кетер еді. Жақсы көру деген бір ұлы қасиет.
Бұл қасиеттің өзі де екі түрлі болады. Жалпы адам баласын жақсы
көру бар да, жеке адамды жақсы көру бар. Жалпы адам баласын жақ-
сы көріп, оның бақыты үшін күресу ол үлкен жүректі алыптардың ісі.
Ал жеке біреуді жақсы көру, сол үшін барыңды аямау бәріміздің де
қолымыздан келетін ерлік. Кім өзінің ата-анасын, туған бауырларын
жақсы көрмейді? Солар үшін жан аямай еңбек еткісі келмейді? Кім
өзінің сүйген адамы үшін сын сағаты туса жанын құрбан етуден бас
тартады? Меніңше, бұл қайсымыздың болса да қолымыздан келетін іс.
Бірақ біреуді жақсы көру, ұнату бар да, не болмаса оны шын жүректен
өлердей сүю, онсыз өмір сүре алмайтындай ғашық болу бар. Жан-
тәнімен сүю, ғашық болу меніңше
адамда бірақ рет кездесетін қасиет.
Әлде мен сондаймын ба, әйтеуір өзім өмірде бірақ мәртебе ғашық
болған тәріздімін. Жасы келген адамға «сүйіп едім, ғашық болып
едім» деген сөзді айтудың өзі де ерсі тәрізді, бірақ бастан өткен істі
айту айып па? Айып емес қой деймін. Сондықтан, оқушым, сенен сы
рымды жасырғым келмейді.
Шабыт! Ол адамның дарынына, еңбегіне қанат беретін ұлы
күш! Мыңдаған халық алдында Гамлет рөлін ойнайтын артистің ша
быты бар да, төрт қабырғалы зертханада жападан-жалғыз отырып
ғылымның тұңғиығына бойлайтын оқымыстының шабыты бар. Ар
тистке шабыт берген, сүйсіне қол соққан көрермендердің қуанышы
мен қайғысы
десек, ғалымға шабыт берген не? Қия шетіне жеткізбес
мызғымай тоқтап қалған уақыт па? Әлде сыртқа шығамын деп асау
толқындай ой теңізінде ойнаған іштегі дарын арманы ма? Қандай күш
сол шабытты оятқан?
Шын оқымыстыны шабыттандыратын атақ та, бақ та емес. Ол
адам үшін, сол адамды жаратылыстың құрсауынан мәңгі азат ету
үшін еңбек етеді. Бойындағы күш-жігерін, табиғаттың өзіне ерекше
берген дарынның бәрін соның жолына сарп етеді. Бар арманы ғы-
лым болады. Әрине, бұның өзі оңайға түспейді. Адамға күш, қуаныш,
шабыт беретін қашан да болса жеңіс пен табыс қой. Ал жеңіс пен
табысқа жету жолы — қиын соқпақты, биік асулы болып келеді.
«Адам баласының басына күнде ақылды ой түсе бермейді»,— деп
А. Эйнштейн айтқандай, қандай дарын иесі болса да, шешем деген
Ойлар. Нақыл сөздер
жаратылыс жұмбағын оп-оңай шеше алмайды. Кейде оған нелер ұй-
қысыз түндер, көптеген мехнатты айлар, жылдар кетеді.
Бірақ шын оқымысты жанға бұның бәрі азап өмір емес. Бұл —
оған творчестволық өмір, іздену өмірі. Сондықтан сонау бір ұйқысыз
өткен түндер, сарылған еңбекпен өткен жылдар, ғалымға құпия сыр
ды қайтсем ашам деген арман тудырады. Арманға жету тілегі адам
ды әрқашан да шабыттандырады. Шаршаған көңілге жігер береді.
Қажыған денеге күш қосады. Халқының өміріне шипасы тиетін
ғылыми еңбегінің бір күндік қуанышы, оны мың күндік мехнатқа
шыдаттырады. Сөйтіп барып ол атақ, баққа жетеді. Ел-жұрты сүйер
ғалым деген атқа ие болады.
ТУРАЛЫ
Қазақ әдебиеті осы кезде тағы бір бай табысқа кенелді. Бұл қазақ
классиктері Сәкен Сейфуллиннің, Ілияс Жансүгіровтың, Бейімбет
Майлиннің, Сабыр Шәріповтың тілдерінен бал тамған асыл мұрала-
ры толығымен халық қазынасына қайта оралуы еді. Бұлардың қайта
келуін, сөз жоқ, осылардың творчество дүниесі жаңадан ашылды де
сек те болатын-ды, бірақ бұл есімдер қанша даңқты естілгенмен де
олардың еңбегі өткен кезеңдерге жатады, ал өздері сол «өткен күн-
дердің қымбатты көлеңкелері» еді ғой. Ал шығармаларын біз қанша
жаңа дүние десек те, қазақтың планета тәрізді үлкен әдебиетінің
Атлантикасы — бір бөлегі ғана болатын. Жаңадан оқылған ескі
туындыларға жататын. Тек жас ұрпақтарға ғана жаңадан ашылған
дүниелер еді. Әйткенмен, қазіргі шөлдегеніңді бұрынғы ішкен су-
ларыңмен қандыра аласың ба? Әдебиет те сондай. Әр кезең өзінің су
сынын қандырар әдебиетін іздейді. Қазақ оқырмандары да осы жаңа
сусынын керек етті. Жаңа тілек, жаңа кезең өзінің жаңа әдебиетін,
бүгінгі күн әдебиетін тіледі.
Жазушылар бұл міндетке де жұмыла кірісті. Miнe, осы тұста
«Өсу ауруының» көрер көзге тағы бір белгісі боп алдыңғы шепке
«екінші қатарда» жүрген жазушылар шықты. Әдебиеттің кейбір
бос жатқан қуысын солар толтырды. Әділін айту керек, олардың
шығармалары біркелкі жаман да емес-ті, бірақ ешқайсысы да кітап
иелерінің өз көзқарасын, қала берді философиясын, тіпті тек өзіне
ғана тән сырларын бар даусымен айта алмады, бұл кітаптардың көбі
мақтағанда бұрынғы жақсы шығармаға еліктеген туындылар бола
тын. Рас, ол кездер, бүгінгідей жылына ондаған романдар шығаратын
шақ емес, бұл кітаптар да қазақ әдебиетінің жаңа сатыға көтерілуі-
І. Есенберлин
не жәрдем берді. Жақсыға еліктеу әрқашан да дұрыс қасиет. Бірақ
тыңнан жол салғанға не жетсін! Жазушыға бөтеннің сүрлеуінен өз
жолы қымбат! Ал сыншылар бұл кемшіліктерді көрмеді. Орташа ту
ындыларды не біржолата мақтады, не атықұла жамандады. Алдын
да сүйеушілері, артында соңынан ерген топтары бар кей жазушылар
мен сыншылар тіпті шатысқылары келмеді. Өйткені бұл авторлар та
ласта күрескер және «Кітаптың құнсыздығы деген не, ондай кітапты
қалай қорғау керек екенін жақсы білетіндер еді. Шынында да шеп
ке тұрып шабуылға шыққан жауынгерлердей, кейбіреулері бірігіп,
бір қауым болып, қандай сын болса да қарсы тұрып, туындыла
рын мақтата алды. Кім мұндай топқа қарсы шығып өзін-өзі құрбан
еткізгісі, не пәлеге қалғысы келеді? Өткен ғасырдың аяғында А. Че-
ховтың өзі — «жалақорлардан кімнің болса да қорқатыны белгілі
ғой» деп жазған жоқ па еді? Осы топтан — әдебиетке «жаңа күш»
боп келген топтан, кейбіреулері ерекше көзге түсер еді. Жоқ, олар
көзге өзінің жап-жақсы дарыны арқылы емес, өзгелерді, өзгелердің
шығармаларын жек көретін мінездерімен түсті. Олар ешкімге ай-
қайламайтын (рас, өзіне тиімді жерде көкдолылық мінез де көрсе-
те алатын), ештеңені сындырып, күйретпейтін, тек өздерінің зілдей
мінездерімен басқаларды жерге жанши беретін. Әдетте олар өздері
құрбандыққа шалмақ болған адамның үйіне, не кеңсесіне екі-үшеуі
келетін, дауыстарын бір көтермей кәдімгі жоғарыдан ақырын түскен
ауыр гүрзідей, аспай-саспай бір сағат, екі сағат өз дегендерін айтып
отырып алатын. Тыңдап отырған адам бір тоқтап, бір аққан кран-
ның таусылмайтын суындай бұлардың бітпейтін сөздерінен, ауыр
мінездерінен әбден жаншылып жерге кіргенше кетпейтін. Ондай кісі
амалсыз бұлардың дегенін істеп құтылатын. Ал жаншуына келмейтін,
өздерінен аты, есімі жоғары тұрған адам болса, ондайға бұлар бөтен
қылық көрсететін. Жайлап, гипноз істеген жыландай орай беретін,
орай беретін, сөйтіп түбінде ми батпағы бар, тұнып жатқан қара су
дай бұлар ондай адамдарды құшағынан шықпастай етіп біржолата
өздеріне тартып алатын. Жазушының адамгершілігі жалғыз ғана
кітаптарында ма? Өздерін білмейтін жұрт оларға кітаптары арқылы
қарайды ғой. Кітап көбіне жастар, жаңа ұрпақ, болашақ үшін жазы
лады. Ал замандастарына жазушының кітабымен бірге өзі де керек.
Егер бі
реу нашар кітап жазып және басып шығарса, бұл, әрине, жаман
іс. Яғни, бар болғаны бір жаман кітап шықты — сонымен бітеді. Ал
осы жаман кітапты қанағаттанарлық туынды деп қабылдасақ, сон
ақ орташа дүниені жақсы, жақсы затты өте жақсы деп айтсақ, бұл
Ойлар. Нақыл сөздер
әрине анағұрлым ауыр күнә. Әйтсе де бұл да ең ауыр қылмыс емес.
Ал егер сол орташа затты, асқан дарынды, қол жетпейтін керемет
шығарма деп орынсыз дәріптесек, бұл әрине шын қылмыс. Катастро
фа — үлкен күйреу сонда келеді. Мұндай жағдайда қоғамның кеу-
кеулеуімен орташа жазушы өзін ұлы дарын санап, енді сол бұрынғы
жазып жүрген орташа кітаптарының өзіне жете алмай қалады. Жа
зушы күннен-күнге бұрынғысынан төмендей беріп, ақырында толып
жатқан графомандардың — бытқытып жаза беретіндердің біреуіне
айналады. Осыдан барып қоғамдық ауыртпалық туады. Жақсы жазу
шыны асқан дарынды, данышпан деп табу — әдебиетке деген талап
ты төмен түсіріп жібереді. Қоғам енді шын дарын мен сол дарынға
еліктеушілердің айырмасын біле алмай қалады.
ТУРАЛЫ
Адам беті, оның құбылысы — оқи білген жанға алуан-алуан
сыр ашатын тамаша бір қиял-ғажап кітап! Кісінің көзінен қиялға
шомғанын, қайғы-мұңға берілгенін, ернінен қуанғанын, ренжігенін
айыруға болады.
ТУРАЛЫ
Адам баласы қызық қой, әлде мен солаймын ба, өз қайғымнан
гөрі, өзгенің қайғысын көбірек ойлаймын, біреудің жылағанын, не
опық жегенін көрсем, со күні менің де берекем кетеді. Қолымнан
келер жәрдемім болмаса да, әлгі адамның қайғылы халі ойымнан
шықпай қояды.
Ақыл, ой адамының творчестволық қиналуы — негізінде оның
сұлулыққа ұмтылуынан, бірақ сол сұлулықты қалай берудің дұрыс
шешімін таба алмауынан туады. Мақсаты бір алыстан бұлаңдаған
қызыл түлкі тәрізді, ал қуып жетіп көр. Сол қызыл түлкіге қолын
созған сайын, көңілін күдік, ойын тұман басады, бір шешімнен екінші
шешімге көшеді. Тастап кетейін десе, алдындағы қызыл түлкі — ар
ман көңілін тартып, қоймайды. Тастамайын десе, дәл тапқан жол жоқ,
алды бұлдыр сағым, құр елес. Міне, осындай жағдай ой адамының
жанын жегідей жеген творчестволық қиналуына себеп.
І. Есенберлин
МАХАББАТ
Бұл — махаббаттан да жоғары күш... Мұнда махаббатты ардақтау
ғана емес, мұнда адамгершілік, сүйген үшін жан қию, ажалдан бас
тартпау ерлігі бәрі қосылған... Міне, бұл — шын ғашықтық!.. Ға-
шықтық азабынан өлім арқылы құтылу емес, бұл сол ғашықтықты
бір күн болсада соза түсу. Ұзақ жыл азапты өмірде тартқан ауыр
зардабы, қасіреті арқылы сүйген жарына өзінің қандай дос, қандай
адал екенін айқындап беру. Бұл «сүйдім, сен үшін өлем» деген бос
уәде, қызыл сөз емес, шын сүйген жүректің қайтпас анты. Міне, шын
ғашықтар осындай болады. Бұл өткен күннің емес, біздің заманның
ғашықтары.
МАХАББАТ
Махаббат деген, міне, осы, менің ойымды бөліп, сен махаббат
тан құмарлықты, еркек пен әйелдік сезімді алып тасташы, егер сонда
бірін-бірі жақсы көрген екі адам бірінсіз-бірі өмір сүре алмайтын екі
аққуға ұқсаса, міне, сонда ғана олар — шын ғашықтар. Бірі ажал тап
са, екіншісіне қалған дүниенің керегі жоқ. Адам құмарлықтан күшті,
бірінсіз-бірі өмір сүре алмайтындай сезімге ие болса, сонда ғана ол
шын махаббатқа да ие. Еркек, әйелдік құмарлық сезімі араларында
өшкен күнде де, жақсы көру сезімі өшпейтін күйге жетсе, міне, сонда
ғана махаббат рухани күшке айналады. Сонда ғана нағыз ғашықтық
пайда болады. Адам осы сатыға шыққанда ғана бірінсіз-бірі өмір сүре
алмайды. Бірі қаза тапса, екіншісінің қалған өмірі басы бар да, аяғы
жоқ, бітпей қалған кітап секілді.
БАЛА
Сіздер мұны ескішілікке тарту деп ойлап қалып жүрмеңіздер.
Ескісіз жаңа жоқ. Анасыз бала болмайды. Мүмкін жаңа туған сәби
өсе келе анаға ұқсамас. Бірақ өскенше ана сүтімен қоректеніп, ер
жетеді. Көркемөнер де сондай. Ер жету үшін оған да сүт керек, қо-
рек керек. Міне, осы себептен мен де халқымыздың көне кездегі
аңызының, ертегісінің өзіне ғана тән ерекше мәдениетін, өнерін жа
дымда ұстағым келді.
МАХАББАТ
Күн де көп жұлдыздың бірі, айырмасы: өзге жұлдыздар алыстан
жарқырап құр жымыңдаса, күн бар әлемге өмір береді. Адам бала
сы да осы қалың жұлдыздар тәрізді. Бұлардың арасында да басқа
Ойлар. Нақыл сөздер
өмір беретін, жарық сәуле төгетіндер аз емес. Мүмкін, ондай адам
ды күнмен салыстырған дұрыс емес шығар, өйткені күн бүкіл дүние
жүзін бірдей сәулелендіреді ғой, ал жақсы адамның жарығы кейде бір
кісіден аспайды. Бақытты етсе, бірақ жанды бақытты етеді. Бірақ бір
адамды бақытты етудің өзі де үлкен қасиет емес пе? Дүниеде өзгені
бақытсыз ететіндер аз ба. Махаббатсыз өмір — өмір ме? Бірақ сол
махаббат қуаныш емес, қайғыға айналса, ондай махаббаттан қандай
қызық бар? Қайғының да, қуаныштың да торлайтыны бақыт, бірі
соны суалтсам дейді, бірі сол бақытты гүл жайнатсам дейді. Егер
қолындағы бақыт суалар болса, адамға одан ауыр қандай қасірет,
өкініш бар? Адам неге тұрақсыз болды екен? Жоқ, адам емес, ма
хаббат тұрақсыз секілді... Тұрақсыз затта құн жоқ. Сонда махаббат
та да құн болмағаны ма? Жоқ бұның бәрі де бекер ұғым. Тұрақты
адамның махаббаты да тұрақты. Адам өз басының келешегін басқа
жәйттен көрмеу керек. Асқар таудың басына ақша бұлттар ұяласа, ал
асыл адамның басына айнымас табандылық біту керек. Сонда ғана
махаббат тұрақты болады. Бірақ жүрек деген бір асау тұлпар емес пе,
оның үркуі де алып қашуы да жеңіл. Сонда оны немен толтырасың?
Өз бетімен ала жөнелген жүйрікке қандай қыл арқаның бар?
Қазақ: «Балығы жоқ көл қадірсіз, шөбі жоқ жер қадірсіз, ұяты жоқ
қыз қадірсіз, жігері жоқ жігіт қадірсіз»,— дейді. Тұрақсыз болу да
адамның жігерсіздігінен, табансыздығынан. Сондықтан адам ең ал
дымен табандылықты арман етуі керек. Сонда сенің махаббатыңды да
еш дүлей күш жеңе алмайды. Арамдық та, зұлымдық та. Қыз ұятын
сақтаса, жігіт бір мінезділігін сақтауы махаббаттың тазалығына ке
рек қасиет. Сөйтсең ғана махаббат та адал сақталады. Тек сол бір
мінезділікке екінің бірінің күші жетер ме?
Дүниедегі ең қиын өнердің бірі — ол жазушы болу. Бұл өнерде
сен тығылып қалар, өз жазғаныңнан өзің жасырынар таса болмайды.
Бәрі ашық. Әскери қолбасшының — әскері, ғалымның лаборатория
сы, қарамағындағы ғылыми қызметкерлері, артистің режиссері мен
көрермендері бар. Ал сенде ешкім де жоқ, бар болтаны алдындағы
ақ қағазың мен қолындағы кейде құны үш-ақ тиын тұратын қаламың.
Сенің бар майдан ашар жерің де осы, жеңіске салар әскерің де осы.
Осы бір күшіңді жина да шабуылға шық. Жеңгенде қандай! Кейде
әскер басы кемеңгердің қолынан келмейтін шыңға көтерілесің. Бар
әлемді бағындырасың! Және тамылжыған күй, не болмаса мәрмәр
тасына Аполлон бейнесін келтірген алмас қашау арқылы емес, әлгі
құны үш тиындық кәдуілгі оқушының қаламы мен қалай болса солай
жыртылатын ақ қағаздың құдіретімен! Және әлемді бағындырғанда
қандай! Мәңгілік! Бар әскер басы кемеңгердің қолынан келмейтің-
І. Есенберлин
дей етіп ұрпақтан-ұрпаққа қалдырасың! Сенің бағындырған әлеміңе
мезгілдің
де, еш дәуірдің де, қолбасшының да, патшаның да үкімі
жүрмейді.
ТАРИХ
ТУРАЛЫ
Тарих дөңгелегі тоқтамады, алға қарай жүре түсті. Мамай, Тоқ-
тамыс, Едіге Тоқтамыстың балаларының орнына Ұлы Мұхаммед,
Құйыршықтан туған Барақ, Жошы ұрпағы Жинеден туған Бас-Те-
мірдің баласы Дәулетберді, Кіші Мұхаммедтер келді. Бұлар да Ал
тын Орданың басын қосамыз деп жанталасты. Қырым үшін күресті,
Қазан хандығын құрды, Либке мен Мәскеуге жорық жасады. Бірақ
күшейіп қалған Мәскеу, Либке, Польша, Ақсақ Темір Ордасына енді
Алтын Орда ештеңе істей алмады. Ешкім Алтын Орданың құлап бара
жатқан туын ұстап тұра алмады. Алтын Орда тағына тағы да таласып
бірін-бірі жойды, өлтірді, дай-дай боп күресті, төбелесті. Ақырында
өзгелерге жем болды. Тарих дөңгелегі тоқтамады. Алға қарай тағы
жылжи түсті. Едіге өлгеннен кейін отыз жыл өтпей-ақ Алтын Орда
Хорезм, Қырым, Бұлғардан айырылды. Ұлы Мұхаммедтің балалары
Қасыммен Яқып Василий Темныйдың арқасында Мешер жерінде
Қасым хандығын тұрғызды. Қырымға енді Осман Түріктері таяй
түсті. Түріктің екінші Мұрат сұлтаны жел кемелерін енді тікелей
Каффаға қарай беттетті. Арада тағы бір отыз жыл өтті. Тарихта Ва
силий Темныйдың орнынан Үшінші Василий, Ұлы Мұхаммед, Кіші
Мұхаммед, Барақ, Дәулетберділердің орнына Тоқтамыстың немересі,
Керімбердіден туған Сейдахмет, Ұлы Мұхаммедтің баласы Махмұдек,
Мұхаммедтің баласы Ахмет, Хажы Керейлер келді. Либке мен Польша
королі енді Төртінші Казимир болды. Сейдахметтің тұсында Алтын
Орда тағы бір қимылдап қалды. Сейдахметтің көмегімен Төртінші
Казимир корольға қарсы бүлік шығарған Кейсұттың немересі Либ
ке князі Михалушка Хшермен Кибені алды. Сейдахметтің өзі тағы
Мәскеуге аттанды. Бұл кезде Мәскеу жерінің билігі Үшінші Иван
патшаға көшкен. Мәскеу ұлы патшалыққа айнала бастаған. Тарих өз
дөңгелегін айналдыра түскен. Кешегі Алтын Орданың қарамағында
Жошының бесінші баласы Әбілқайыр Ібір-Сібірде Махмұдектен Көк
Орда хандығын тартып алып, атақты Шайбани хандығының негізін
салған. Ол енді Ібір-Сібірдің күнгейіне қарай беттеп, Ақсақ Темір
мемлекетіне тікелей қауіп тудырған. Осы кезде Түрік сұлтаны Екінші
Мұрат Каффаны алып, Қырымға билігін жүргізе бастаған. Ал Алтын
Орданың ұлы даласындағы көшпенді елдердің негізгісі Қыпшақ пен
Ойлар. Нақыл сөздер
айлы екі бөлініп, Едігенің ұрпақтары Жаңбыршы, Мұса, олар-
дың балалары Жүсіп, Мамай, немерелері Телағыс, Алшағыр бастаған
Ноғайлы ұлысы Қыпшақ елін Еділ бойынан Жайыққа дейін қуып
тастаған. Ал осы Едігенің ұрпағы Ер Тарғын, Ер Сайындар қайтадан
Қырым жағасына дейін барған. Қыпшақ тайпасы болса, енді қазақ
елі атанып, Қыпшақ оның бір руына айналған. Тарих доңғалағы
алға қарай жылжи берген. Алтай Орданың ішіндегі бақ таластық,
тақ таластық, бірін-бірі шабу, бірін-бірі құрту енді бұрынғысынан да
күшейе түскен. Ақырында, тартылған алып теңізден қалған ойдым-ой
дым, үлкенді-кішілі көлдердей, енді Алтын Орданың орнына Қырым,
Қазан, Қасым хандықтарымен, Ноғайлы ұлысы, Әбілқайыр Ордасы,
қайтадан Мордва, Башқұрт аймақтары пайда болды. Әбілқайыр ор
дасынан Қазақ хандығы бөлінді.
Тарих дөңгелегі тоқтауды білмеді. Дүниеге атақты Иван Грозный
келді. Орыс елі дүниежүзілік Ұлы мемлекетке айналды. Ол Қазан
хандығын құртып, бір шеті Ертіске шейін барды. Ал күнгейінде Қара
теңізге жетті. Орыс патшасының тегеурінді тізесіне шыдай алмаған
Едігенің әйгілі Ноғайлы ұлысы Еділді тастап, теріскей Кавказға ау
ысты, көбі онан да өтіп, ар жағындағы Иран, Түркия тіпті Үндістан,
Пакистан жеріне кетті.
Тағы да екі жүз жылдай мезгіл өтті. Алтын Орданың негізгі
жерінде — Батысы Жайық өзенінен асып жатқан, Шығысы Ертіс
өзенінен өтіп кеткен, Күнгей-Батысы Иранға, Күнгей-Шығысы Қы-
тайға жеткен, ал Шығысы сонау көне Ұбайра-Сұбайра Сібір орман-
дарын аймалаған, ал Теріскей-Шығысы Тобол мен Тара өзендері
тын Ертістің сағасына дейін шектескен, теріскейі Орал тауының
күнгей жағыменен Тобыл өзенінің бас жағына жеткен ұлы далада —
Сақ, Қыпшақтан тараған, ежелден адам болып жаралғалы, осы араны
мекендеген, қазақ елі қалды.
Бұл жұрт сонау көне замандағы Кир, Дари патша жасақтарының
біздің заманымыздағы Атилла бастаған қаһарлы тұнулардың, Шыңғыс
хан татар-монғолдарының, Алтын Орда хандарының шабуылда
рын, талауларын, алып даласын олардың қан-жоса еткенін, Қытай,
Жоңғар боғдыхан, қонтайшыларының жорық-қиянаттарын, Ресей ақ
патшаларының қанауларын — бәрін-бәрін басынан өткізді. Бәріне де
шыдады, жалғыз жаңқасы қалғанша күресті, ақыры жерін де, суын да
ешкімге бермеді. Сол көне қонысында қалды. Едіге өлгеннен кейін де
тағы бес жүз жыл өтті. Ұлы Ресей жаңа ел болды. Өзімен бірге қазақ
жұртын да жаңа ел етті. Кешегі Алтын Орда тұрған негізгі дала да —
Жаңа Қазақ Республикасына айналды.
І. Есенберлин
Гүл шыққан жерге гүл шықты. Жоқ, Алтын Орда тікенек еді ғой.
Бәрібір тікенектің орнына гүл шықты. Өйткені үстемдік хан, пат
шалардан халыққа көшкен. Ал халық тасты алтын, қамысты қайың ете
алды.
Ол тікенек орнына гүл өсіре алды.
Өлең қазақ өмірінің серігі. Дүниеге өлеңмен келеді де, өлеңмен
өтеді. Қазақ бала туса — шілдехана істеп, өлең айтады. Кісі өлсе —
жоқтаумен шығарып салады. Күндіз қой бағып, түнде жылқы күзетсе
де өлең серігі. Қайғырса да, қамықса да, қуанса да, шаттанса да өлең
жан серігі.
БА
Бақыт әртүрлі болады. Оған әркім өзінің жүрек сезімімен, руха
ни биіктігінен қарайды. Сондықтан әр дәуір әдеби шығармаларында
бақыт жолына өзін құрбан еткен кейіпкерлерін туғызған, өзгеге өнеге-
үлгі еткен. Жаңағы мен айтып кеткен Изольда, Джульетта, Баян-Сұлу,
Қыз-Жібек бәрі де өз замандарының бақыт жолына жан берген ардақты
қыздары. Бірақ меніңше ең ұлы бақыт — ол халқың үшін, Отаның үшін
күресу, еңбек ету... Бұл кейіпкердің жеке басының бақытын дәріптеу
емес, жалпы адам баласының бақытын, қуанышын, қызығын биік
мақсат ету.
ТУРАЛЫ
Адам баласының бір қуанышы, жарық жұлдызы, темір қазығы —
туған елі. Оған деген махаббаты — өзін сол темір қазыққа байлаған қыл
арқаны. Қандай қиын кезең тумасын, қыл арқан қандай жанына қатты
батпасын, үзіп кете алмайды. Ал алда-жалда үзіп кете қалса, жаны
бұрынғыдан да қатты ауырады. Әркім де туған елін жақсы көреді.
Біреу өзі үшін, біреу халқы үшін. Ал туған елі үшін жан беру — жай
дүние салу емес. Ол көк аспанда қырандай шарықтап, найзағай оғына
кеудесін қарсы тосып ажал табу. Ондай өлім халықтың көкірегінде
қалады, жас ұрпағына үлгі етеді, арманына айналады. Өйткені екінің
бірі көк аспанды шарықтай алмайды. Жай оғына мызғымай кеудесін
тоса алмайды.
Ойлар. Нақыл сөздер
СТҮРЛ
Қазақ «сынықтан өзгенің бәрі жұғады» дейді. Бұл даналық елдің
ақиқат сөзі: ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің. Әсіресе үлкендердің
жаман әдеттері, өмірге деген қисық көзқарастары, мінез-құлқы әбден
қалыптаспаған жастарға тым жұққыш келеді. Жоқ, тек жастарға ғана
емес, мұндай адамдардың кесірі өзгелерге де тимей қоймайды. Ең
бомағанда ақ ниет адал жандарды қапаландырады, ренжітеді.
БА
Адамның бақытты болуы әрқилы, міне, біз қала тұрғындары,
өмірді үлкен категориялармен шеңберлеп өлшеуге дағдыланғанбыз.
Мұз жаратын кеме ойлап шығарсақ, жаратылыстың дүлей күшін а
дықтасақ, не болмаса атом күшін дұрыс пайдаланар жолын тапсақ,
өзімізді зор бақытты санаймыз. Бірақ біздің сол үлкен категориямыз,
мына сіздің шашыңызға түсіп тұрған күн сәулесімен салыстырғанда
не тұрады? Мына сіздің көйлегіңізге жабысқан кішкентай ғана шөппен
салыстырыңызшы? Дүние шексіз-шетсіз кең, бірақ сол кең дүниеде
шын мәнінде қымбатты тек өмір, тіршілік... Сіз ең қымбат дүние
жиһазы бар үйге бір шумақ гүл қойсаңыз, бөлме қандай құлпырып
кететінін байқағаныңыз бар ма? Неге олай? Бар болғаны гүлдердің
жаны бар, олар біздің айналамыздағы өмірді еске салады... Ал жан-
жағыңызға қараңызшы. Өзіңіз тұрған осынау дала қандай сұлу...
ТУРАЛЫ
Ашқаның, болжағанын, күмәнданғанын қағаз бетіне түсіру —
менің ең жақсы көретін шаруам. Meн бұл кезде дүниедегі ең бақытты
адаммын. Жалғанның өзге қызықтары, қобалжу, біреумен күресу, та
ласу — бәрі екінші сатыға көшеді, тіпті естен шығады.
АБАЙ
ТУРАЛЫ
Абай ескерткішіне бардым. Абай менің шын сүйетін, абзал ақы-
ным. Оның өлеңін оқыған мен күні бүгінге дейін жас балаша
қуа-
намын немесе қайғырамын. Ал сол Абайдың тұғырда тұрған тас бей-
несін көргенімде оның жырлары ұсынғандай жан тулатар әсер ала
алмадым. Неліктен? Тіпті мүсіншінің осыншама тасты таудай қылып
үйгеніне таң қалдым. Абай бабамның жанында ұзақ отырдым. Бетіне
І. Есенберлин
үңіле қарадым, бәрі де дұрыс, тұрған тұрысы да, бет әлпеті де, тіпті
қолына кітап ұстағаны да ұнайды, бірақ бұл мүсін адамның жүрегі-
не от жағып, қиялында толқын ойнатпайды. Бұған себеп — мүсінші
Абай өлеңінен, Абайдың ішкі жан дүниесінен өзі де ұшқындана ал-
мағанға ұқсайды, сондықтан мүсіннің шебер зердесінен емес, тастан
жасалғаны бірден көзге түседі.
ТУРАЛЫ
Көшпелі қазақ мал бағып күн көрсе де, жер атын қоя білген.
Алтынемел, Шойынды көл, Қорғасын тас, Жезқазған, Кентау, Мыс-
қоңыр... Инженер болып, астында не жатқанын білмесе де, түсіне
қарай, топырағының кейбір қасиетін еске ала жер аттарын болжап
қойған. Әдейі біліп қойғандай сол жерлердің бәрінде де атына бай
ланысты кен табылып отыр. Бұл — халықтың данышпандығы емей
немене? Мен, тегінде, қазақ халқын данышпан халық деймін. Оның
жыры, мақал-мәтелдері, ән-күйі шын даналықтың белгісін көрсетеді.
Асанқайғы, Қорқыт, Аяз би секілді терең пәлсапаға құрылған ғажай
ып кейіпкерлер қайда бар? Ешкімде де жоқ, тек бұл көргені көп, бар
өмірі зарқұмда, жанталаста, алыс-жұлыста, кең даласындай шексіз
жазираның көк жиегіне ойлана қарай білген қазақта ғана бар. Бұл —
халқымды ардақтаудан, осындай халқым бар деп мақтанудан шыққан
Өмір деген үлкен той. Адам өкінішін той үстінде емес, той өткен
соң айтады. Өкініш кімді болса да қайғы-азапқа апарып соғады. Ал он
дай жанды күйзелтер өмір, қараңғы үйде сықсиған білте шам тәрізді,
тек еміс-еміс сәулесі бар, жарқыраған жарығы жоқ. Мұндай күйге
ұшыраған кісінің тек арманы ғана жолын көрсетер нұрлы шырағы.
Бірақ арман қанша қусаң да жеткізбейтін бір қиял, түнгі от тәрізді,
жақындаған сайын алыстай береді. Демек, өмір кейде сырын білмес
тентек жылқы секілді, теуіп жібермес үшін қай жағынан келеріңді
білмейсің. Аспанда жұлдыз, жерде құндыз көп, бірақ қайсы оның
қолға жеңіл түсіп жатыр? Ия, жақсылық істеу қиын, жамандық
оңай. Әркімнің-ақ қолынан келеді. Дүние неге бұлай жаратылған? Ал
адам баласы дүниеге бір-біріне тек жақсылық істеу үшін ғана келеді
емес пе? Неге адал жолынан таяды?
Кей кісілер өмір қызығына аш қасқырдай қомағай, бүлдіргіш жа
ратылатыны несі? Өмірді неге аямайды, неге мәпелеп құрметтемейді?
Ойлар. Нақыл сөздер
Бұл шіркін бірақ рет беріледі ғой. Ал түлкі тәрізді өзгелерді алдап-
арбап, үнемі рахатта өткісі келетіндер де көп. Бұлар тіпті адалдықтың
не екенін білмейді.
МАХАББАТ
АРМ
Қандай адам болмасын, оның өмірі бөтендердің өмірімен байла
нысты. Дүние солай жаратылған. Күн, Ай, Жер, Су — бәрі бірімен-
бірі үзілместей болып шиеленіскен. Күнсіз Жер жоқ, Жерсіз Су жоқ.
Бұл табиғат гармониясы. Адамды адам етіп жаратқан да сол махаббат
гармониясы. Кісі бірін-бірі жек көруден емес, жақсы көруден көрке-
йеді, өрісі кеңиді. Ал адамның жақсы көруі, мейлі әйел мен әйелдің,
еркек пен еркектің арасында болсын, бұл адамзат бақытының негізі.
ТУРАЛЫ
Адамзат сыйласуының, мейірбандығының ең мөлдір көзі —
достық. Ол ешуақытта да шөлдетпейтін, жаныңды рахаттандыра
тын нәр. Кісі қартайғанда шын махаббаты көшеді. Бұл қасиеттер екі
кісінің арасында тартылған көзге көрінбес шынжыр. Оны ештеңе де
үзе алмайды. Уақыт та, қиындық та. Тек ажалдың ғана әлі жетеді.
Бүкіл адам баласын, жер шарының бар ұлттарын, осындай ешкім бұза
алмас күштер мәңгі сөнбес бақытқа жеткізеді.
ТУРАЛЫ
Мен осы жасыма дейін сан түрлі жұртпен кездестім, ойлап тұр-
сам, оларды үш түрге бөлуге болады. Бірі адал жандар. Олардың
ішінде дара жаратылғандар да, үлкен жүректілері де мол. Бұл топтың
бас қасиеті тек өзі ғана емес, өзгенің де бақытты болуын тілейді. Сол
үшін күреседі, өмір сүреді. Ал екінші топ, осы адамдардың буын-
буынына ұялаған сарысу, тамырларында пайда болған арам қан
тәрізді. Бұлар аналардың жүрек соғуларын бәсеңдеткісі, алға басқан
адымдарын шабандата түсіруге құмар. Өн бойларына сарысу болып
жабысып, тамырында арамқан боп жүгіруге дайын. Бұлар көбейіп
етсе адамға зақым. Бірақ мұндайлармен күресуге болады. Сарысу
ды да, арам қанды да азайту адамның өз қолынан келеді. Ал үшінші
топ
— бұл ең қауіпті топ. Жайшылықта көп көрінбейді. Ал басыңа
бір пәле түссе, үй іші қараңғы бола қалғанда шыға келетін тарақандар
тәрізді, өзі көп, бұрын қайда жүргендерін де білмейсің, күні туғанда
І. Есенберлин
саңлау-саңлаудан қаптай жөнеледі. Бәлендей саған зиян істей қоймаса
да күпінің аш битіндей өріп, шақпаған жерінді, кірмеген жыртық-
тесігінді қалдырмайды. Жүрегіңді айнытады, жанынды түршіктіреді.
Тегіс у беріп қырып тастамасаң, бұлармен күресу де оңай емес. Қараң-
ғы үйде кенет шам жағып жібергенде, тарақандардың не істейтіні
есіңде бар ма? Ақыл естерінен адасқандай, қайда барарларын білмей
сол қабырғада, стол үстінде, шам жағылған кезде қай жерде тұрса,
сол жерде тұрып қалады. Тек өлтірейін деп ыңғайлансаң ғана қаша
жөнеледі. Және қаша біледі. Мен мұндайлармен көп кездестім. Міне,
осы тарақандар тәрізді, мінез-құлқы, өмірге деген арманы уақ, кілең
кәкір-шүкірлер алғашқы топқа өш келеді. Дарындыларды көре ал-
майды.
АРМАНЫ
Жазып шығарасың, қалқам. Бірақ арманға жету — атқа секіріп міну
емес. Оған сенің дарының да, жалықпай жұмыс істеуің де жеткіліксіз.
Жазушы боламын деген адам ең алдымен өзінің тақырыбын табуы
керек. Бұл жағынан олар археологке ұқсайды. Өткен дәуірлердің ең
болмаса бір жұмбағын ашамын деп археолог қаншама жыл ізденеді.
Қаншама қорғандарды қазады. Ескі мұраларды топырақтан тазарта
ды, тозып қалған суреттердің көне бояуларын жаңартады. Бірақ та-
былғанның бәрі сап алтын емес қой. Өткен дүниенің керегі де, керек
емесі де бар. Сол керек еместерді ғана тауып, бар өмірін сарп еткен
талай ұлы ақыл иесі, дарынды археологтарды көрдім. Жазушы да
сондай. Қанша талантты болмасын, егер тақырыбын таба алмаса, ол
өзінің дарынын дамыта алмайды, халқының мүддесінен шыға алмай-
ды. Қаламынан күміс маржан сөз төккенмен, ондай жазушыны тарих
та, халық та жадында ұзақ сақтамайды. Өткен көне кезді білу — бұ
да керек. Олардың өмірін, таптық таласын, тартысын, қоғамдық өсуін,
өрбуін, өшуін, қатесін, табысын, мәдениетін, көркемөнерін, адамда-
рының мінез-құлқын ашу бұ да бір ғанибет іс. Бірақ бұның бәрі көр-
кем әдебиеттен көрі, ғылыми зерттеушілердің дүниесі тәрізді. Ал саған
сол дәуірдің өзінен де өз тақырыбыңды табу — жазушылық міндетің.
УАНЫ
Қалқам, өмір деген ұзақ сапар. Қуанышты болсаң, қалай өткеніңді
білмей қаласың. Қайғылы жүрсең, қанша асықсаң да шетіне жете
Ойлар. Нақыл сөздер
алмайсың. Қайғы деген жыландай ұзын келеді... Демек, өмір сүру
көбіне адамның өзіне байланысты. Сен әлі жассың, жас адамға жас-
тық өмір жарасады. Бұл дүниеде не кездеспейді. Ұзақ жолдың қуа-
нышы да, қайғысы да аз емес. Қайғысына қарайлай берсең, қуаны-
шына көзің түспейді. Қалқам, қайғылануыңды қой, жұрт қатарлы
ТУРАЛЫ
Халқым мен туған елімді сүю — өзімнің еншіме тиген мұрат деп
түсінетін едім. Туған өлкемнің жасыл шалғынын да, шалқар көлін
де, құмайтты шөлін де, сағымды белін де — бәрін бірдей жанымдай
жақсы көремін. Оны ешкімге қиғым келмейді. Сонау желі қобыздай
сарнаған cap даламды дүниенің ең сұлу жеріне айырбастамас едім.
Міне, сондықтан да ел-жұртымның, туған жерімнің келешегін ойлап,
жас балаша жылаймын, қиналамын. Әлде мұным дұрыс емес пе? Қай-
ғыруым қате ме?
РУ
Өмір жолы көшкен керуен соқпағы тәрізді. Оның бұлтарысы да,
жазығы да көп. Асуы қиын асқарымен қатар, төмен қарай құлдырап
өтер ылдиы да болады. Керуен жолы кейде ұзақ, кейде қысқа келеді.
Бірақ қауіп-қатерсіз, қиындықсыз болмайды. Ойламаған жерден жел
тұрып, сұрапыл дауыл соғады, қалың жауын нөсерлей құйып, бұрын
суы толарсақтан келер тайыз жыра кенет сарылдай аққан, өткел бер
мес, долы өзенге айналады, көшті бөгейді. Бұндай бөгеттен тек шар
шамайтын, талмайтын керуен ғана өте алады. Тоқтамай көшіп өзінің
деген жеріне жетеді.
МАХАББАТ
Әттең дүние-ай, махаббат ләззәті адам жанының құмарын бірден
қандыра алмайтын айыз ғой. Олар сүйіскен сайын, бұрынғыдан да
бетер шөлдей түспей ме. Дәл осы сәтте бұлардан асқан бақытты жан
бар ма екен? Әсіресе:
«Аспанда ай болмаса адасады,
Көңілді күлмей жүрсе кір басады,
Кеудесі қыз байғұстың алтын сандық,
Сандықты кілт болмаса не ашады»,—
І. Есенберлин
дегендей, сол алтын сандықтың кілтін тауып, қыз жүрегінің сырын
ашқан жас жігіттен кім бақытты екен?
Адам баласы ақ айдынға жиналған аққу-қаз тәрізді, өмір деген
ұлы жәрмеңкеге шартараптан бас қосады. Және сол жиынды қан-
дай жан болмасын, әлдеқалай аңғармай қалмаса да, өзін жақсы кө-
ретін бір адамын кездестіреді. Бұл кездесу кейде қуанышпен, кей
де ренішпен аяқталады. Бірақ дүниеде бірі үшін бірі жаралған екі
адамның болуы сөзсіз. Егер айқыш-ұйқыш, сан сүрлеулі өмір тора
бында осы екі адамдай бірін-бірі таба алса, бұл жалғанда олардан
бақытты пенде жоқ.
ТУРАЛЫ
Табыстың бәрі осы ізденуде жатыр. Неғұрлым көбірек ізденсең,
соғұрлым еңбегің нәтижелі болады. Ақын, жазушының да еңбегі
кен зерттеушінің еңбегі тәрізді. Өздеріңіз айтыңыздаршы, сіздер да-
лаға шығысымен-ақ кен таба білесіздер ме? Ал кен жылдам табыла
қоймаса ше? Онда бәрі де бітті деп дереу зерттеу жұмысын тастай
саласыздар ма? Әрине өйтпейсіздер. Өйткен болсаңыздар не шығар
еді? Еш уақытта да кен таба алмас едіңіздер. Біздің де жолымыз
өздеріңіздікіндей. Бізді де жеңіске жеткізетін осынау іздену жолы. Ол
жол қанша ауыр, қанша ұзақ болса да, қажымай, талмай алға қарай
ұмтыла беру керек. Сонда ғана адам дүниесінің сырын ашар мол
қазынаға жетесің. Сол қазына сенің ойлаған шығармаңның арқауы,
өзегі болады.
Адамның сыртқы пішін сұлулығы бар да, ішкі сезім дүниесінің
сұлулығы бар емес пе? Поэзия соның қайсысын таңдаса да жырлайты
ны адам ғой. Ал адам туралы сыр шертілген болса, ең алдымен оның
ішкі дүниесінің сұлулығы, оның рухани күші, жан сезімінің байлығы
сөз болады. Міне, бұл қасиеттер ақынды қанаттандыра алады, оның
поэзиясына жан береді, қуаныш әкеледі. Әдемі болғанда кәдімгідей
көркем болсын деймін. Түрі, бойы, мінезі бәрі сәйкес келсе, міне, сон
да ғана сұлулық өзіне тән гармониясын сақтай алады. Ал сырты бүтін
іші түтін адамнан жек көрерім жоқ...
Сапта келе жатқан сарбаздардың неғұрлым аяқтарын бірдей
басып, тәртіптілігімен қуантса, соғұрлым ішіндегі біреуінің дұрыс
баспағаны көзге түседі. Сұлулық та сондай. Адам, қоғам неғұрлым
көріктене түссе, соғұрлым кейбір болмашы кемшіліктің өзі көңіліңді
Ойлар. Нақыл сөздер
қалдырады. Әрине сұлулық дегеннің өзі бір гармония. Оған мінез,
пішін, адамның рухани байлығы бәрі кіруге тиісті, олай болмаған
күнде жігіт жан-жағына қусынып қарайды, жолдастары күлімсіреп
тыңдай қалады — олай болмаған күнде — адамға эстетикалық ләззәт
алу қиынға түседі.
Ең алдымен достық деген не, оны қайсымыз қалай түсінеміз, соны
айырып алайық. Сен айтқандай, сөз жоқ, достық — егер соны досың
шын жүрегімен, шын жаны ашып істесе. Ал өтірік жаны ашыса, тіпті
өзі сенбей тұрған қатені қате деп жала жапса қалай болады? Достық —
алдымен екі адамның бір-біріне деген адалдығы. Адалдықсыз достық
та болмайды. Ал адалдық деген — рухани тазалық. Онсыз сен досың
үшін майданда да жан бере алмайсың. Оның қатесін жаның ашып көре
алмайсың, оған шын жүректен жәрдем ете алмайсың. Сенің қатең
осы рухани тазалығыңның жоқтығы, екі жүзділігің, ішіңде жатқан
бақкүндестігің, көре алмастығың. Ал менің қатем сенің сондай адам
екендігіңді білмей келгендігім.
Адам баласы сан қилы болып келмей ме, біреу сырын теңіздей
терең сақтаса, ал кейбіреудің бар ойы, пиғылы көзінен-ақ білініп
тұрады. Терең сырлы адамның жүрегінің түбіндегі қасиеті бір таң-
ғажайып ой, сезімін тулатар ұлы сында ғана көзге түседі. Мұндай
адамдардың мінез-құлқын бірден түсіну қиын. Ал кейбіреулер бір
көргеннен сырын алдырады. Ондай адамның өмірге деген көзқарасы
да құбылмалы, жел қай жақтан соқса, солай қарай жантая кететін
әтештің құйрық қауырсыны тәрізді.
Жаңа адам қанша сан қырлы, алуан сырлы болса да, қай жағынан
қарасаң да гауһар тастай бірдей әдемі көрінуі керек. Адалдық оның
ең жоғарғы идеалы болуға тиісті. Сонда ғана ол жаңа өмір құ
ра ала
ды. Жаңа бақыт иесі бола алады. Міне, бізге керегі сондай
адам. Сон
дай жаңа адамды тәрбиелеп шығару үшін біз де пайдамызды тигізсек
дейміз, қолымыздан келгенді аяғымыз келмейді. Мен де сені сондай
жаңа адамның бірі ме деп едім, бірақ олай болмай шықты...
І. Есенберлин
МАХАББАТ
ЕЗІ
Әрине, сүйтер еді, ол заңды да болар еді. Өйткені махаббат
сыз болашақ жоқ. Махаббат — адамның ұлы қуаты, ұлы сенімі. Ол
қуат, ол сенім Отанға болсын, халқына болсын, сүйген жарына бол
сын кіршіксіз таза келуге тиісті. Оны бұзған, оған сенбеген адамға,
өмірден қуаныш пен бақыт тілеуге қақымыз жоқ.
БА
ТУРАЛЫ
Егер адам бір рет бақытсыздыққа кездессе, өмір бойы жылап
өтуге тиісті ме? Жоқ, ол мүмкін емес? Адам бақыт үшін жаралған!
Сондықтан оның шын бақытты көктемі болуға тиісті! Әйтпесе
дүниеге келудің не қызығы бар? Алдағы күнге сеніміңді жоғалтушы
болма, сонда ғана өмір сені ұмытпайды. Біздің заманымызда қандай
адам болмасын, айдалада жеке біткен ағаш емес, ол қоғам өсірген
қалың ормандағы көптің бірі: қайың ба, емен бе, әлде басын аспан
сүйген қарағай ма, оны тек сол адамның жаратылысы, өзінің басына
біткен қасиеті ғана айырады. Орман құлпырса ол да құлпырады, орман
қуарса ол да қуарады. Жалпы алғанда, адам сол қоғамның өткенінің,
бүгінгісінің, біркелкі болашағының қорытындысы. Бірақ сол адамның,
жаратылыстың дегеніне қарай өскен ормандағы ағаштан бір айыр-
масы бар. Ол — оның сана-сезімі. Miнe, осы сана-сезім адамды өзін
өсірген сол қоғамның гүлденуіне, көркеюіне қолынан келгенше атса
лысатын шын ұлы ете алса, бұл үлкен бақыт. Ал адам құлқы оны кей
де бөтен жолға бұрады. Мұндай адам қоғамға беруден көрі, алғанын
жақсы көреді. Өмірдің бар қызығы қоғамның өркендеуінде емес, өз
басын қадірлеуінде деп есептейді. Және сол қоғамның арқасында
жоғары білім алып, мәдениетіне қатынасы болмаса.
БА
АСЫ
Өнер адамы еңбегінің жақсылық, жамандық критериі сол көп-
шіліктің қабылдау, қабылдамауында жатса, сол көпшілік, сол қа-
уым, оның өнерін жоғары бағалап, қол шапалақтап, басына көтеріп
мадақтаса, оған кім қуанбас. Сондықтан да мұндай адамның даңқ,
атақ құмар болуын сөкет қылық деп қарау күнә болар еді. Тек адам
сол атаққа жетуге қалай тырысады, қандай жолмен жеткісі келеді,
міне, мәселенің шын түйіні.
Ойлар. Нақыл сөздер
АЙНАСЫ
Көркемөнер — ән, күй, суретшінің суреті, мүсіншінің скульпту
ралары өзінен-өзі бостан-бос тумайды. Бұлардың да негізінде, көзі
көрген, не құлағы естіген шындық жатады. Сол шындықты дарын
иесі қалай қабылдады — қайғырды ма, сүйсінді ме, әлде қуанды
ма, міне, осыдан көркемөнер дүниесі туады. Сол туындының қан-
дай болып шығуын тек суреткердің дарыны ғана шешеді. Ал ол
шындық суреткерді толқытпаса, ренжітпесе, қуандырмаса, онда
суреткер ештеңе тудыра алмайды, ойға салар, толқытар дүние бо
лып шықпайды. Өйткені көркемөнер адамның тек жан сезімінің
толқуынан, суреткердің жүрегінің дүрсілінен туады.
МАХАББАТ
Махаббат қымбат, бірақ біреуді сен жақсы көресің бе, ол сені
жақсы көре ме — оны айыруға болады. Өйткені махаббат әрқашан да
өзін тез ашады. Достық та сондай, кімнің дос екенін, қас екенін айы
ру оңай, ал біреудің саған сенгенін, сенің біреуге сенгеніңді анықтау
үшін уақыт керек. Оның қымбаттылығы адамның өзіне-өзі сенуінде.
Өзіне-өзі сенген адам, қиындықты да, уақытты да жеңе алады.
Қалқам, сен біреуді жақсы көруің мүмкін, біреуді дос санауың да
ғажап емес, ал бәз-баяғы біреуге сенудің де орынды. Бірақ осының
бәріне адамға ең алдымен сабырлылық пен тұрақтылық керек. Біреуді
жақсы көреді екенсің, заматта күйіп-жанба, отқа қызыққан көбелек
қанатын күйдіреді. Ләззәтыңды да өзіңді-өзің ұстай біл. Ал шын жақсы
көреді екенсің — тұрақты бол. Махаббатта тұрақсыз болу — ол үлкен
күнә. Досты да таңдай біл. Шын дос болады екенсің — ұстамды бол,
оның қатесін, кемшілігін кешіре біл. Біреудің білместігін білмеген
адам шын дос бола алмайды. Ал біреуге сенеді екенсің, артын күт.
Сенімді ақтау — өте қиын сын, бұл екінің бірінің қолынан келмейді.
Әсіресе сенің өзіңе сенген адамның сенімін ақтау — бұл адамның ең
Өнер адамның творчествосы — оның екінші «мені» және тек қана
«мені» емес, оның іштегі мазмұны. Бұл «менін» жоғалтқан адам, бар
мазмұнынан айырылған, құр сыртқы пішіні ғана қалған қуыс қурай.
Ал өзінің барлық мазмұнынан айырылған өнер адамы, ол күні жетпей
қаусаған қариямен, жоқ, өлген пақырмен бірдей ғой.
І. Есенберлин
РУХАНИ
БАЙЛЫ
Егер жазушы көк езу мылжың, бір күндік атаққа ғана мәз, әйтеуір
кітап жаздым екен деп төпей беретін талғамсыздыққа келмесе, он
дай жазушы әрқашан да өзін-өзі қайталамайтын айтары бар, дүниеге
жеке, өз атымен жаратылған жазушы. Оған ешкім де ұқсай алмайды.
Өзі де ешкімге ұқсамайды. Біреулердің көлеңкесі, көшірмесі болмау
әдебиетте ең басты қасиет! Менде сөз бен ойдан бөтен еш құдірет те
жоқ, бірақ мен осы екеуімен бәрін де өзіме бағындырамын: уақытты
да, әлемді де, өмірді де, өлімді де. Тек күшім мен шеберлігім жетсін.
Ал өзім өлген күннен бастап, шығармам арқылы менің өлмес рухани
өмірім басталады.
ТУРАЛЫ
Дүниедегі ең қиын өнердің бірі — ол жазушы болу. Бұл өнерде
сен тығылып қалар, өз жазғанынан өзің жасырынар таса болмайды.
Бәрі ашық. Әскери қолбасшының — әскері, ғалымның — лаборато
риясы, қарамағындағы ғылыми қызметкерлері, артистің режиссері
мен көрермендері бар.
Ал сенде ешкімде жоқ, бар болғаны алдындағы ақ қағазың мен
кейде құны бес-ақ тиын тұратын қаламың. Сенің бар майдан ашар
жерің де осы, жеңіске салар әскерің де осы, осы бар күшіңді жина
да шабуылға шық. Жеңгенде қандай! Кейде әскер басы кемеңгердің
қолынан келмейтін шыңға көтерілесің. Бар әлемді бағындырасың!
Және әлемді бағындырғанда қандай! Мәңгілік! Бар әскер басы ке-
меңгердің қолынан келмейтіндей етіп әдеби мұраңды ұрпақтан-
ұрпаққа қалдырасың. Сенің бағындырған әлеміңе мезгілдің де, еш
дәуірдің де, қолбасшының да, патшаның да үкімі жүрмейді.
МАХАББАТ
РЛ
Ержүрек болу деген не? Менің білетінім толып жатқан қазақ
қиссаларында, дастандарында кездесетін Ер Тарғын, Ер Сайын,
Қобланды, Алпамыс батырлар болатын. Ал бұл батырлардың ең
басты қасиеті неде еді? Әрине ержүректіктерінде, ештеңеден қо-
рықпайтындықтарында. Сондықтан да олардың қолынан бәрі келді.
Жауын жеңемін дей ме, жеңеді. Тек артынан барып, кенет, халық
ардақтайтын батыр аталуы үшін ержүрек қана болу шарт емес екенін
түсіндім. Шынында, бүкіл адам баласына аңызға айналғам Джульет
Ойлар. Нақыл сөздер
та мен Баян Сұлу сондай ержүректі жаралғандар ма еді? Ал расын
да, олар бар болғаны нәзік жанды, мүмкін тіпті өте үрейлі қыздар
болар? Сөз жоқ, дымға тұрмайтын бірдеңеге, мысалы, жүзіктерін
жоғалтып алса, не шынашақтарын пышақ кесіп кетсе, айталық, тіпті
біреудің өздеріне қаттырақ сөйлеуінен де, көз жастарын төге қоятын
қыздар шығар, бірақ олар өздерінің махаббаттары үшін жан беруден
қорықпады ғой. Сол үшін адам баласының есінде бұл аяулы жандар
мәңгі-бақи қалмақ, жоқ, олар ерліктің және өздерінің бақыты үшін
құрбандықтан қашпайтын адамзаттың үлгісі боп жер бетінде күн
сөнгенше өмір сүрмек. Өмірді тек өзің қалаған шындық үшін сүру,
сол үшін қандай құрбандыққа болса да бара білу бұл адам баласының
ең үлкен қасиеті.
А. Н.? Құдай үшін, егер оның жұпыны мақаласы менің көзіме
түспегенде, мен ондай адамның бар екендігін мүлде білмеген бо
лар едім. Егер қасында құбыжық тұрмаса, кейде тіпті сұлықтықты
да елемес едік. Дәл солай мен де осындай мақаланы білмеген болар
едім. А. Н., егер оның айтқандарының бишаралығы болмаса. Бірақ
сұрақ басқада? Бұндайларға басылымда неге орын береді? Ғалым?
Бірақ құдай онымен бірге болсын, бұл ғылыми орындарда кімдер
жұмыс істемейді... Ал газеттер оны бекерге басады. Кей кезде нашар
шығармаларды тек қана дапышпан адамдар ғана іс қыла алады. Оның
атының өзі жеткілікті. Жұртшылық бәрі бірдей мақтайды. Ал біз тек
жақсы шығармалар жазуымыз керек, әйтпесе жұртшылық «бос сөз
жазды» деп айтады.
РД
Бисмарк айтқан екен: «Саясат — бұл өнер мүмкіншілігі», деп.
Бірақ адамдар өздеріне тән қиялдармен көңіл көтеруде. Олар сіздерге
бәрін, тіпті аспанды да қосымша уәде етуі мүмкін. Бірақ есті, зиялы
адамдардың шамдануы амунициясына сәйкес келу керек.
Менің кейбір достарымның көздерінен көңілді ұшқын көремін:
«Аһ, Есенберлин, сен қандай жағымпаз едің»,— дегенді білдіретін.
І. Есенберлин
Мүмкін сен бұл сөздерді айтуды ұмытқан шығарсың. Егер сені алпыс
жылдығыңды әрең тосып, Ұлы Отан соғысының ардагері болғандық-
тан Жеңіс күніне, сенің салтантты күніңе, құрметпен пенсияға шы-
ғарып салғандарына. Несі бар, бұлай да болады! Егер адамның жолы
болмаса, онда оның Жеңіс күнінде де жолы болмайды. Шынына кел
сек, менің пенсияға кетуіме тек қана Сіздердің кейбіреулерің ғана
емес, өзім де қуандым. Осы жағаға аман-есен жүзіп келгеніме, бір
жерлерде бір стакан суға батып кетпегеніме, бұған дейін осыған ұқсас
нәрсе бірнеше рет менімен болса да. Ең бастысы бұл емес. Жазушы
да ең бастысы — өнер. Оның бөлмесінің есігіндегі фамилиясы емес,
кітабының сыртқы бетіндегі фамилиясы маңызды. Ал алпыс жыл
шынында отыз емес, әр күніңді сақтау керек!
Тек шын дарынды жазушы өзге жазушының одан асып түсетінді-
гін құрмет тұтады, бірақ бұл жайт дарынсыздарда қызғаншақтық се-
зімін туғызады. Ергежейлілер дәулер туралы үнемі жақсы ойда бола
бермейді.
ТАНУ
ТУРАЛЫ
Гербер Уэллс «Әлем соғысы» романында жерге марсиандықтар-
дың келулері туралы әңгімелейді. Олар өздерінің ғылыми әлдеқайда
озық жетілгендірілген техникамен қаруланып, біздің планетамызды
жаулап алуға келіпті. Бір қызығы: марсиандықтар доңғалақ көрмепті...
Бұл жеке даму және әлем тану заңдылықтары әруақытта бір-бірімен
сәйкес келе бермейтіндігі.
ТУРАЛЫ
Кей кезде ірі тұлға, белгілі адам қызғаныш пен күншілдік түкке
тұрғысыз дүние деп ойлайды! Талантты адамдар әдетте өзгелерден
көп жаралы. Өздерінің көкіректігімен оны сырт көзге көрсеткілері
келмейді. Әділетсіз баға көңілін қалдырмайтынын, піл тұратын қора-
ға тышқан келгенде сол алып, ақыр соңында, аяқ астындағыны кө-
ріп шыдамай абыр-сабыр болып, тізерлей құлауы мүмкін. Кез келген
жетістіктің екінші беті — қызғаныш! Адамдардың осы харам сезімді
ауыздақтай алмағаны қандай өкінішті!
Ойлар. Нақыл сөздер
ТУРАЛЫ
Кинематографияда ұзақ жыл жұмыс істеу арқылы мен мынандай
пікірге келдім: қазақ киносының осы кездегі дамуында редактор-
дың жұмысы өте күрделі іс тындырады. Біздің көріністеріміздің кө-
бі бірыңғай және жансыз болып шығуына редакторлар кінәлі деп
есептеймін. Бүгінгі күнде қазақтың ұлттық киносы жоқ. Біздің фильм-
дерімізде шын мәнінде қазақ өмірі жоқ. Кинодағы қазақтардың тілі —
қазақы емес, ол орысшыл. Міне, мәселе қайда?
ТУРАЛЫ
Көрнекті адамдар өз халқының бақыты немесе соры үшін туа
ды деген ескі мақал бар. Димаш Ахметұлы өз халқының бақыты
үшін туылған, ол әрқайсымыз үшін өте қымбат. Әсіресе ол кім жиі
тұңғиыққа тірелген болса немесе кімнің өмірі бір тал шашқа ілініп
тұрған болса, соларға қымбат. Оның ең басты қасиеттері адам сүй-
гіштік, әділдік, істің мәнін терең түсінетіндігінде болып табылады.
Терең ақылдылығы әрқашан оны өзгеше етіп көрсететін. Ол өзінің
істерімен халықтың сүйіспеншілігіне бөленді, оның адал есімі әр-
уақытта қайырымды ұрпақтарының есінде қалады.
Г.
ТУРАЛЫ
Міне ол «Хан Кенеден» кейін ой тыныштығынан айырылды.
Оның себебі — Кенесарының қанды тұлғасы емес, романның көр-
кемдік күші, Кенесарыны дәл осындай етіп шебер ешбір кітапта
көрсетілмегендігінде. Г. М. әдебиетте әлсіреуі — жиырма жылдан
аса уақытта өзінің творчестволық келбетін көрсете алмағандығы. Бұл
әсіресе кейінгі жылдарда ерекше білінді.
АРМАЛАРЫМ
ТУРАЛЫ
«Мұхиттан өткен қайық» кітабын жазғанда мен бәрінен де бұрын
өз заманымның адамдарының өмір тарихын анығырақ көрсеткім
келген. Мен Дінмұхамед Қонаевтай мемлекет қайраткерінің дүние
танымы туралы, оның нақты істері туралы халқы білгенін қалап
едім. Ал егер осы істері жақсы болса, онда не болады? Менің әдеби
кейіпкерлерімнің прототипіне көңіл аударып олар мемлекет басшы
лары және сондықтан кітапты ұстап тұруы ақымақтық. Кітабымның
мәні менің кейіпкерімнің өмірін жазумен байланысады. Әсемделген
І. Есенберлин
емес, тек олар іс жүзінде қалай болса, сол қалпында қалдыру. Бұдан
не шықты? Осындай белгілеріне қарап сөгуге бола ма? Егер мен
фактілерді коньюктерлік ойлаумен бұрмаласам, іс басқада. Кітапта
бұл жоқ.
ТУРАЛЫ
«Көшпенділерді» жазғандағы басты ойым, мына себепке тоқ-
талды: Қазақ халқының өткенінің тарихи анықтығы, оның мемле
кет болып құрылуын батылдықпен бейнелеп көрсету. Ең бастысы
бұл роман шаманизм философиясына қарсы қойылған, көшпенді
халықтар тарихтарынан айырылған сияқты. «Көшпенділер» — әр
түрлі бұрмалауға тура жауап. Қазақтардың өз мемлекеті болған және
біздің тарих өте көне әлемдік тарихтың бір бөлігі болып табылады.
ТУРАЛЫ
Менің ұзақ уақыттан бері Орталық Комитеттің идеологта
рымен жолым болмай жүр. Иә, несіне күнәға батам, көп уақыт
Қазақстан жазушылар Одағының өзінде де жолым болған емес. Біз
олардың ойымызды басқарғысы келе отырып, таланттарымызға сен
гісі келмегендігіне, дұрыс ақылдарымен емес, тек идеологиялық
келдектерімен және жалаңаш әкімшілік етулерімен оларға әбден
қарап болғанбыз. Қудалаған кезде олар кейбір адамдарға «ұлтшыл»
деген аты шулы айдар тағып қоятын. Бұл атақ адамды мылтықсыз ақ
мүлтіксіз өлтіретін.
Халқымыз бізге таланттан басқаның бәрін берді. Ал талант
құдайдан дейді. Біреуде ол бар, ал біреуде жоқ. Бірақ ең жанға ба
тар қиыны әрі бастысы — адал істі қажетіне қарай пайдалану. Бірақ
көтерілу үшін кейбір адамдар өздерінің айналасына топтарын жинай
ды, жерлестік және құрдастық көзқарастарына қарай, өздерінің дарын
сыз шығармаларына айналасымен ажиотаж жасайтыны да жиірек бола
ды. Осындай негіздегі шығармаларға баға бере отырып, әлі өсуі керек
авторларға — аюға қызмет көрсеткендей — құрмет көрсетеміз. Кей
де бұдан да бетері болады. Осы ортадағы автор өзін әдебиет маңғазы
сезініп, басқа топтары жоқ, бірақ қайсы бір талантынан басқа ештеңесі
жоқ жазушыларды уландыра бастайды. Міне, осыны істеудің қажеті
жоқ. Біздің бәрімізге де жазушылар зиратында орын жетеді.
Ойлар. Нақыл сөздер
ЕЗ
ТУРАЛЫ
Қабілетсіздік — ұдайы тек бөтеннің кемшіліктерін іздеп табады.
ЕЗІ
Жүгенсіздік ақылдың тайыздығынан туындайтын жабайылық
қасиет.
ЕЗІ Ж
Бізде көбісі өздерін проблема емес, адамдар қоршағанын ұнатады.
Сонда да ол сырттан қарағанда ұстамды, сабырлы, мәдениетті және
тағы сол сияқты жағымды тұлға болып көрінгенімен, шын мәнісінде
ол сұрқия.
ТАРИХ
Адамдарды қызмет бабындағы сәттіліктеріне қарап бағалап,
олардың тарихқа қосқан шын үлесін өлшемей үкім шығару әділетсіз
болған болар еді. Адамды жұмысынан айыруға болады, бірақ та-
рихтан шығарып тастауға болмайды. Өйткені, тарих бұл — адамзат
жады, ал жад — бұл жеке меншік, ол ешқашанда үкіметке тәуелді
емес.
АТЫ
ГЕЗ
ТУРАЛЫ
Бүгін Министрлер Кеңесі ауруханасында жазушы Г. өзінің қандай
қырағы аңшы екенін айтып мақтанды. Бір кездері жаздың бір күнін-
де ол екі елік, үш қоян және бір түлкі атып алғандығын әңгімеледі.
Бірақ менің жаныма бұл хикая батып кетті. Мен одан жануарларды
қалай өлтіруге болады, сенің қолың әдемі елікке қалай көтерілді деп
сұрадым? Ол таң қалып күлді. Сірә бұл адамның өмірінің мәні тек
осыда болса керек.
16 наурыз 1978 ж.
ТУРАЛЫ
Біздің сыншылар, әдебиетшілер, зерттеушілер өздерінің заман-
І. Есенберлин
дастарының жеке түсінігі, айтылған ойлары, тапқыр сөздері тура
лы жазбайды. Бұл біздің мәдени өміріміздегі ең бір таңғаларлық
МАНСАП
Кейбіреулерге мақтаныш — өмірлік қажеттілік. Ол оған тұрмаса
да, бірақ соны іздеуден оның өмір бойы қолы босамайды.
СТАМДЫЛЫ
Жақыныңды кекетуге болады. Ал кейде ойланбай өзіңді-өзің
жаралауың мүмкін.
Егер қате шыққан болса, оны әрине түзету керек. Түзетілмейтін
қате болмайды. Шындық беделден артық. Тіпті «Правда» газетінде
М. Львов туралы фельетон басып, соңынан түзету бергені есімде.
Бірақ бұл «Правда» ғой. Ол бұны істей алады. Ал «Социалистік
Қазақстан» бұны істей алмайды. Айырмашылығы осында.
ТАРИХ
ТУРАЛЫ
«Мен қазір тарихпен неге бәрінен де көп айналысам? Қазіргі өмір
маған қызық болмағандықтан ба? Жоқ, мүлде олай емес! Мен бүгінгі
күнді, бүгінгі өмірді жақсы көремін. Бұның бәрі менің ұрпақтарымның
болашақ өмірі. Қазір мен артыма қарайлаймын, өйткені менің білі-
мім, ой-өрісім осыдан кеңейе, күрделене түседі. Мен өмірді білмеген
кезімде, тарих туралы ойланған жоқпын, ал қазір... Ағаш биіктеген
сайын, оның тамыры соғұрлым жерге терең кетеді. Адам да сол
сияқты. Болашақ туралы көп ойланған сайын, өткенді соғұрлым кө-
бірек білгің келеді. Әйтпесе болашақ сені кешірмейді».
ТАРИХ
Біз ғылыми-техникалық революция ғасырында қызмет істеп
және өмір сүрудеміз. Жетпісінші жылдардың адамдарын терең ойлы
лығы, көрегендігі шығармашылық ізденістерінің өндіріс саласында-
ы, ғылымдағы және мәдениеттегі қарқыны ерекшелендіреді. Бірақ
та, өткенсіз осы кез жоқ дегендей, осы кезсіз болашақ болмайды.
Ойлар. Нақыл сөздер
Және өзінің ойымен, көркемдік құндылығымен, қазіргі адамдарды
әдебиеттің тақырыптары аса толғандырмайтын тарихи әдебиеттер
болады. Бірде-бір әлемнің ғалымдары өз халықтарының тарихын, жа
зушылардан артық білмейтіні бәріне белгілі. Бірақ қырсық басқада.
Жазушылар өз халықтарының тарихын әсершіл қабылдайды, ал ға-
лымдар терең ойланып ақылға салып, бір ақиқаттың аяқталғанындай
ТАРИХ
УЛ
XIII ғасырдан крест жорығы өзінің тарихын бастап, католика-
лық Еуропа провославный орыстар мен гректерге қарсы келді.
Константинопольді алғаннан кейін 1204 жылы, ол латыштарды өз
діндеріне кіргізіп алды. Ресейді де осындай ауыртпалық күтіп тұр-
ған, бірақ 1241 жылы Лигнице түбінде Алтын Орданың ханы Бату
неміс және поляк жауынгерлерін — крест жорықшыларын, ал 1240
және 1242 жылдары Чуд көлінде Александр Невский тағы да крест
жорықшыларына соққы берді. Осылай бірінші тегеурін тоқтатылған
болатын. Бірақ екі жақтың күші тең емес еді. Католиктік Евро
па келісімге келгісі келмеді. Бату ханға да өзінің шығыстық жаула
рына, сол сияқты Александр Невскийге де өзінің батыс жауларына
қарсы күшті одақ қажет еді. Және осындай одақ Ресей мен Алтын
Орда арасынан табылды. Крест жорықшылары тағы да жаңа жорық
ұйымдастыру туралы ойласқанда, Новгородта Александр Невскийдің
өтінішімен Сартақ ханның нөкері келгенін біліп, қорыққандарынан
келісім сұрады. Бұл Ресейге деген крест жорығының соңы болды.
Алтын Орда Ресейге тек католикалық Европаға қарсы тұруға ғана
көмектескен жоқ. Бірақ 200 жыл көлемінде шығыс басқыншыларынан
қорғаныш болып келді. Бұл дәстүр тек 1362 жылы Мамай ханның
жорығына байланысты ғана бұзылды. Қотан жырау қазақтар мен
Ресейдің арасындағы достық туралы және ол осы достық бірлестікте
болса қандай үлкен күш құратыны туралы айтты. Жыраудың осы
сөздері Әбілқайыр ханға ұнамады және бұл сөз Қазтуғанның алдына
барғанда басқа әуенді алған болатын.
ТАРИХ
Ұлы Үдегей ханының өлімінен кейін, лауазымдық негізгі таққа
Күйік отырады. Алтын Орданың ханы Бату хан мен Күйіктің арасын
да келіспеушілік күшейді. Іс айқастың ашық күресіне ұласты. Бату
да бар-жоғы төрт мың қолдық таза монғол әскері болды. Қалғандары
басып алынған елдерден, көпшілігі қыпшақтар болатын. Ал Күйікте
І. Есенберлин
үз мыңдаған қол болған. Осындай жағдайда Бату Шығыс Европа
ны өзінің тұтқынында ұстамақ түгілі, Күйікке қарсы тұратын күштің
өзі жетпейтін. Ол абыржып ең болмағанда тылды қамтамасыз ететіп
өзіне сүйеніш іздеді. Дәл осындай сүйеніш Александр Невский бол
ды. Бұл іс былай еді. Ұлы Ярослав князь, Күйік ханның бас ордасына
келіссөзге келді, бірақ жалған құпия хабармен ол уландырылды. Сол
кезде оның ұлдары Александр мен Андрей Күйікпен арадағы қарым-
қатынасты үзді де, Батуды қолдай бастады. Осы сәттен бастап Алтын
Орда ханы мен Новгородтың Ұлы князының арасында мықты одақ
құрылды. Содан кейін бұл одақ Батудың ұлы Сартақтың және Бер
ке ханның тұстарында да жалғасты. Бұндай одақтың пайдасы туралы
Александр Невский де саяси оймен түсінген.
ТАРИХ
Қыпшақтар — аралас халық. Ескі үш тайпадан құрылған: шұм-
ғыл, Орта Азия хундарының ұрпақтары — қығанақтардың өздері.
Ескі сақтардың қалдығы. Динилиндердің батыс жақ тармақтарынан
тараған. Олар түрік тілді халық. Ертеде Тобыл мен Ертістің арасын-
дағы орманды далада тұрған. Ақыр аяғында олар гуздерді (түркмен)
тығыстырып, печенектерді батысқа, қарлықтарды (қазіргі қарақал-
пақтардың атасы) оңтүстік-шығысқа, үгірлерді қалың тайпаға ығыс-
тырып, сөйтіп ерте Қангөйдің территориясының қожайындары болды,
осы уақыттан бастап Дешті және Қыпшақ даласына айналды. Арғын
руы, сол сияқты үйсін, түріктердің ежелгі руларының бірі болып
келеді. Олар Тянь-Шань сақтары мен аргипейлердің ұрпақтарынан
шыққан. Арғын-Арту Жоңғар тауынан кейін Жетісу өңіріне көшкен
және түпкілікті Басмалы болды. Бұл — қырық текті көрші ғұндармен
бірге ғасырлар бойына қытайлармен қалжырататын соғыстар жүр-
гізген. Сондықтан қытайларды а-лунь (Vғ.) кей кезде арғындарды
ғұндармен шатастырады.
ПТАР
ТУРАЛЫ
Әрине бізде әлсіз шығармалар аз емес. Егер біз әлсіз шығарманы
орташаға, орташаны жақсыға, ал жақсыны кереметке балағаннан бол-
сақ, ол жақсы емес. Егер осыларды осылай бағаласақ, міне, сонда
нағыз пәленің шығуы мүмкін. Көркем әдебиет деңгейінің ұзақ жылға
төмендеуіне нақты қауіп төнеді. Бірақ бұл әлі бәрі емес. Тақырыптың
маңыздылығынан осы немесе басқа сұрақтардың уақытында қаулы
етілуімен жеке шығармаларды бағалауда қателесуіміз мүмкін. Бірақ
Ойлар. Нақыл сөздер
осы іске басқа тамыр-таныс немесе топтық байланыстар аралас
са, міне, сол кезде нағыз апат басталады. Жиырма жыл бұрын Т. А.
бір роман жазған еді. Роман сол кездегі талаптың деңгейімен жаман
емес шығарма болып есептелген. Бұл шығармада автордың жеке
алғырлығының жарқылы көрінетін. Мен таланттың жарқылын айтып
отырғаным жоқ. Талант деген Шолом Алейхем айтқандай, бұл ақша
біреулерде бар, ал біреулерде жоқ. Бірақ дәл осы сәтте сөз талант ту
ралы емес. Сөз басқада. Т. А-тың осы орташа кітабын белгілі шеңбер
адамдары аса көрнекті туынды деп тапты.
Біздің қымбатты 3. К. барлық жерде енді күніміз шығыстан емес
батыстан, дәлірек айтқанда Ақтөбе өңірінен шығады деді. Ал біздің
бәрімізге сүйікті Әбекең, Т. А. кітабынан бақытты. Өзінің ыстық
қариялық сүюімен оның бетінің сау жерін қалдырған жоқ. Ал жас
әдебиетшілер А. Кекілбаев пен Д. Домбаевтар бұл романды универ
ситетке дейін аяғына дейін оқымаса да, университет табалдырығынан
бастап «Жасасын Т. А!» деп айқайға басты. Міне, таныстық, байла
ныс немесе топтық жазушылық дегеніміз қайда алып келеді.
Жолдастар! Адам құндылығы оның басқа адамдарға қаншалық-
ты пайда әкеле алу қабілеті болса, тек сонымен бағаланады емес
пе. Бұл Қарағанды Магниткасын соғу немесе тың көтеру ғана емес
қой. Бұл — басқаларға өз жүрегіңнің жылуын беру, жеке ойыңның
жемістерімен бөлісу. Мен Т. А. сияқты адамдарға маған өзінің жеке
ашуы мен өшпенділігін емес, олар тек қана өзінің жан дүниесінің
бір бөлігін ғана берсе дер едім. Олар осындай қасиет, тек топтардың
ішінде тұрғандарға ғана емес, адамдардың бәріне табылса ғой. Олар
басқаларды өткенін жазғаны үшін — мүмкін олар сол артық, мүмкін
сәл төмен жазар — тек қана сол үшін жек көрмеу керек екенін Т. А.
түсінуі керек.
аяси бюросының мүшесі
Қазақстан
атшысы
. Қонаев жолдасқа хат
са құрметті
інмұхамед
Көп жылдар бойына ҚКП ОК-нің үгіт және насихат бөліміндегі
жекелеген жолдастар және мәдениет бөлімі мені жазушы ретінде қу-
далауда. Жыл сайын ОК басшылығына баспа жоспарына кіргізуіне
өтініш білдірудемін.
Соңғы мысал ретінде әдебиет және өнер саласын қадағалайтын
партия басшылары менің «Жанталас» романымды «Простор» журна
лында жариялауына қарсы болып отыр. Бұл роман қазақ халқының,
І. Есенберлин
қытайдың ұлы хандығының тұсында көрсеткен ерлік күресі туралы.
Роман алдын ала талқыға түскен. Қазақ ССР Мемлекеттік баспа-
сөз істері жөніндегі комитетінде, Министрлер Кеңесі Комитетінің
баспасөз ісінде қабылданған. Полиграфия және кітап сауда меке-
месінде, «Жазушы» баспасында, «Простор» журналының редколле
гиясында және Қазақстан Жазушылар Одағының секретариатында
бекітілген. Кеңес әдебиетіндегі саясат тақырыбына жазылған өте
маңызды және өзекті роман деп бәрі де мойындаған. Журналдың 7
және 8 номерлерінде романның басым көпшілігі әлдеқашан басылып
шыққан. Соның өзінде осы жылдың 19 июлінде А. П. Плотников,
М. И. Есенәлиев және С.Байжанов жолдастардың нұсқауларымен,
тіпті осы романның соңын кенеттен журналдың 9-шы санынан алып
тастаған. Нақ осы романның үшінші бөлімінде қазақ жасағының
қытай басқыншыларының басып кіруімен болған тікелей күресі,
сондай-ақ Қазақстанның Ресейге қосылуы және қазақ кедейлерінің
Е. Пугачев көтерлісшілерімен бірігуі туралы болатынын ескертемін.
Бұл октябрьде Москвада өтетін тарихи прозалық сұрақтар жөніндегі
КСРО Жазушылар Одағының сыншылар Пленумы қарсаңында — сол
жерде осы романның, көлемінде нақты бір пікір жасаулары үшін —
Қазақстанның КП Орталық Комитетінің байланысымен алдын ала
журналдан алынып, әдейі жасалып отырған істері. Бұлар оны бір
нақты пікір жасау үшін әдейі жасап отыр.
Құрметті Дінмұхамед Ахметұлы! Сізді менің шығармашылық сұ-
рақтарыммен жиі мазалай беру өзіме де ыңғайсыз. Бірақ менің басқа
амалым жоқ. Сізден осының бәріне, менің өмірім және жұмыс істеуіме
үнемі жасалып отырған кедергілерге біржолата тыйым салуыңызды
Ілияс Есенберлин
7 тамыз 1973 ж.
Қазақстан
атшысы
. Қонаев жолдасқа
жазушы I. Есенберлиннен
Құрметті
інмұхамед
Кейінгі он жылда Қазақстан КП ОК әрбір кітабымның шығу се-
бебімен менің амалсыз өтініш білдіруім дәстүрге айналуда. Бірақ та
осылардың бәрі жарыққа шыққаннан кейін республикаға да, авторға
да бірде-бір жаман ат әкелген емес. Керісінше, олардың бәрі Москвада
Ойлар. Нақыл сөздер
жарғы миллионнан астам тиражбен басылып шығып, бүкіл Одақтың
жазушыларымен ыстық ықыласпен қарсы алынды. Көпшіліктің үлкен
сұранысына қарамастан олардың ешбірі өзіміздің республикада орыс
тілінде әлі басылған жоқ.
1975 жылы мен «Мұхиттан өткен қайық» романын — үлкен
партия басшысы және мемлекет қайраткері туралы, оның туған Рес-
публикамыздың өсуіне оның мәдениетінің өркендеуіне, әдебиеті мен
өңіріне қосқан үлесі туралы жаздым. Кітаптың соңғы түрі Қазақ-
станның КП ОК 1977 жылдың 11 қарашасында таныстырылған.
Кітап Қазақстан Жазушылар Одағының үлкен талқысына салынып
18 адам сөз сөйлеген және редактормен жұмыс істеуге ұсынылған. Meн
жағынан барлық ескертулер қабылданды. Қолжазбаларымда солармен
сәйкес қайта жұмыс жасалды. Бірақ Қазақ ССР Мемлекеттік баспасөз
комитеті мен «Жазушы» баспасының басшылығы Қазақстан КП ОК
нұсқауынсыз кітапты жоспарға қоса алмайтындықтарын айтты.
Құрметті Дінмұхамед Ахметұлы, менің кітабым маңызды мәлі-
меттердің қатарын қозғайды. Талқыға қатысушылардың көрсетке-
ніндей аса өзекті және керек кітап. Сондықтан Сіздің осы кітапты
қазақ тілінде «Жазушы» баспасының 1979 жылғы тақырып жоспары
на енгізуіме жәрдемдесуіңізді өтінемін.
15 мамыр 1978 ж.
Қазақстан Жазушыларының
Одақтық
ленумында сөйлеген сөзі
Құрметті жолдастар!
Мен сіздерге тікелей айтайын, Бірінші хатшының бүгінгі ба
яндамасы мені қатты қынжылтты. Оның себебі, біздің «Жұлдыз»
журналымыздың әдеби деңгейі және біздің бауырларымыздың жаз-
ғандары ол кісі ойлағандай жаман емес. Журналда басылған шығарма
Т. Әлімқұловтың «Сахара салтанаты» сияқты, Досжановтың туын
дысы және басқалар. Сондай-ақ «Просторда» Черноголовинаның,
Герттың, Щеголихиннің, Владимировтың романдары мен повестері,
әсіресе И. Щеголихиннің «Өте ашық жүрегі» — бүкілодақтық
үлгіден бірде-бір кем емес. Осы шығармалардың көпшілігі соңы OK
қаулысынан кейін жарыққа шыққан. Біз осы Қаулыны бір жыл дерлік
кейін талқылап отырғандықтан, Бірінші хатшы оның ұтымдылығы-
на көңіл аударуы керек еді. Бірақ бұлай болмады. Болмаған себебі,
біріншіден Ж. Молдағалиевтің өзі осы шығармаларды оқымаған.
І. Есенберлин
Ал жолдастары оған шығарманың қысқа желісін жалған айтқан да,
отырғызып кеткен. Бұдан басқа білетінім: Жұбанның «жаңаларды»
оқымайтыны ол екінші хатшы болып тұрғанында белгілі болған.
Қазір ол Бірінші хатшы. Ұлы ақын болуға болады, бірақ өзіңнің
жолдастарыңның шығармаларын да білу керек. Өйткені сен Бірінші
хатшысың. Не болып жатқанын білу, тап осы кездегі әдебиеттің даму
деңгейі қандай — бұл сенің қызметтегі міндетіңнің мәнісі. Егер сен
осы шығармаларды оқыған болсаң, ең болмағанда біреуін, сен еріксіз
есіңе алуға тура келер еді. Бәрібір олар ОК белгілеген қаулыдан кейін
басылды. Бірақ бұлай болмады. Сондықтан сен қаулы талқыламасын
Ә. Нүрпейісовтың «Сең» повестьсымағымен байланыстырдың. Не
шықты? «Городничийдің қорқынышы ревизорды туғызды»,— деп
ұлы В. Белинский айтқанындай. Сенімен де тап солай құрметті
Жұбан: Нүрпейісовтың алдындағы қорқынышың «Сең» шығармасын
сенің алдамшы ұлы туғызуына әкеп соқты. Дәл осындай шығарма,
сіздер мақтағандай, журналда жоқ. Осы повесті Т. Ахтанов, Ш.
Мұртазаев, Бердіқұлов мақтады. Тағы да сол В. Белинскийдің айтқан
сөздерімен тоқталғанымыз жеткілікті болар еді. «Егер түкке тұрғысыз
жазушылар тобы шығарманы мақтаса, онда бұл керексіз шығарма» —
деп ұлы сыншы айтқан. Бірақ бұл жерде қадірлі жолдастар, барлық
мән жазушының өзінде. Оның өмірден не көргендігінде, ол туралы
не біледі, адамдар туралы, есінде не сақталды, қандай қорқыныштан
қажыған, оның азаматтығы қандай, әдептілік позициясы — оның
творчествосы осында.
Кәнекей, бұл шығармаларды осы позициядан қарастырайық.
Көпшілігі Ә. Нүрпейісов Арал теңізінің проблемасын қозғады деп ай
тады. Бұл проблема керек пе?” Әрине керек. Тәкен бұл жерде дұрыс
емес. Кез келген проблема көркемдік шешімге тәуелді. Егер осы про
блеманы шешуге жазушының күші жетсе? Ал егер бұл проблемаға
күші жетпесе, онда — құлдырайды. Арал теңізінің проблемасы —
ұлы проблема. Қазір Сібір өзендерінің суларын Аралға бұрып құю
туралы талас немесе Волганың бұрылыс бөлігінің суын Аралға ағы-
зу, тіпті Каспий мен Арал теңіздерін каналдармен қосу идеясы да
ойластыруда. Бірақ бұл таластар Одақтық көлемдегі ғалымдардың
арасында өтіп жатыр. Ал Ә. Нүрпейісов бұны, совхоз директорлары-
ның деңгейінде және өз деңгейінде шешкісі келеді. Басты кейіпкер
таңбаланғанмен проблема шешілмейді. Автор құлдыраудың алғы
шартын өзі құрды. Проблеманы ол бұрмалады деп айтуға болады.
Екіншіден, Ә. Нүрпейісов рулықпен және тектердің өзара тарт
мен күрескісі келді. Бұл да өте маңызд
ы проблема. Бірақ бұл жер
де менің айтарым, ол сияқты жазушының азаматтық және әділеттік
Ойлар. Нақыл сөздер
позициясы керек. Жазушы бүгінгі күнге дейін сол өзінің рулық по
зициясын ұстаған болса, осындай проблеманы шешуге қабілеті жете
ме? Әрине жоқ. Оның сөздері дөрекі жалған болып естіледі. Мен
сенбеймін. Ә.Нүрпейісовтың тазалығына сенбеймін. Онда сіздерде
арғындар жоқ. Аралда рулар туралы, тайпалар туралы қандай талас
болуы мүм-кін? Олар жоқ, ең болмағанда Арал өңірінде. Автор бұны
проблема
сының белгісі ретінде қарайды. Бірақ тақырыбы жоқ болған
соң повесть те шықпаған.
Үшіншіден, былайша айтқанда Арал теңізінің адамдары ту
ралы бұл проблемасыз да жақсы кітап жазуға болады. Бірақ бұл
үшін, оқырмандар кітап кейіпкерлерін сүюі немесе жек көрулері
керек. Немқұрайлылық үлкен күнә. Роберт Эберхард айтқандай:
«Жауларыңнан қорықпа — ең жаман дегенде олар сені өлтіреді.
Достарыңнан қорықпа — ең жаман дегенде олар сені сатып кетер.
Немқұрайлылардан қорық — олар өлтірмейді, олар сатпайды, бірақ
олардың үнсіз келісімдерімен жер бетінде сатқындық пен қатыгездік
етек алуда». Міне, немқұрайлылық деген қандай жиркенішті нәрсе.
Енді «Сеңге» келейік. Ең басты «оқырман» осы кітапқа немқұрайлы
қарайды. Не болды?Сіздің көңіліңізді қынжылтпас үшін, мен кітаптың
басты кейіпкеріне тоқталайын. Кейбір тілектестердің сөздерінше, бұл
психологиялық кейіпкер. Мұхаметжан Қаратаевтың пікірі де осын
дай. Біріншіден психология деген не? Бұл түйсік ғылымы. Басты
кейіпкер не істеді? Автор еске түсіру арқылы оны өткен кезеңмен
беттестірді. Алматыдан бастау арқылы әрі қарай не болды? Әрі
қарай кейіпкер өткендегі адамдарды өшпенділікпен еске түсіреді.
Өз кезегінде басты кейіпкерді қоршағандар да, жек көреді. Ал оның
әйелі Ақбала басқалармен ашыналық жасайды. Басты кейіпкер дамы
май қалған (инфантильді), ақталмаған, көп табаланған сияқты болып
шығады. Осындай кейіпкерді сүю мүмкін бе? Шындығына келгенде
тек жек көру керек. Бірақ бұл басты кейіпкер, оны жақсы көру керек.
Ал оны жақсы көруге болмайды. Ол өте дамымаған жан. Нәтижесінде
оқырман немқұрайлы қанағатсыз қалды. Сонымен, құрметті Жұбан,
сіз өмір сүрмейтін кітапты мақтаудасыз.
Автордың тағы бір қатесі бар. Жақсы шығармасының шығуымен
емес, өз атының көтерілуін аңсаған жазушы саудагерге ұқсайды. Сіз,
құрметті Әбдіжәміл, бишара Бердіқұловты Республика сыйлығына
итермелеп өзінің кемелсіз шығармаларын, көптеген кері шақырула-
рын жергілікті жастар газетіне бастыруына ықпал еттіңіз. Егер бұл
саудагерлік болмаса, басқа жағдайда әдепсіздік.
Осы сұрақты қозғағаннан кейін, әдепсіздік туралы біренеше сөз
айтуға рұхсат етіңіздер. Әлі Ә. Нүрпейісовтың «Сеңі» жазылмағанда,
І. Есенберлин
Т. Ахтановты тіпті сонда, соңғы съезде жолдас Ж. Молдағалиев күні
бұрын Ә. Нүрпейісов пен Т. Ахтанов кітаптарын қазақ әдебиетінің
эталоны санаған.
Бұл сол кезде менің көңілімді аударған еді. Бірақ мен бұны С. Сан-
баевтың жастығының қатесі деп есептедім (маған ол баяндаманы сол
жазды деп айтқан). Бірақ бұл біздің шығармашылық Одағының атмос-
ферасындағы әділетсіздік пен әдепсіздіктің басталуы болды. Бұл ат
мосфера кейінірек «Қазақ әдебиеті» газетінде бой көтерумен, сол
Т. Ахтанов, Ә. Нүрпейісов және Ш. Мұртазаевтардың жүктеулерімен
тереңдей түсті. Былайша айтқанда, бұл туралы ОК партия жолдас-
тары білетін. Бірақ та осы шиыршықталудың алдын алудың орнына
олар күдікті біржақтық көрсетті.
Бүгін осындай баяндаманың нәтижесі — журналды қаралау үшін
Сіздер қазақ әдебиетінің алдын қаралаудан тоқтамайсыздар. Бұлай
болмайды ғой.
Құрметті жолдастар, Ж. Молдағалиев пен Ә. Нүрпейісов! Сіз-
дің құрметтеріңізді алып пайдаланатын мен емес. Оның ішінде
ақша мен қызметтеріңізді. Мен Сіздерге жасы үлкен жолдас ретінде
айтарым: еш жазушы сіздердің орындарыңызды алғалы жатқан жоқ!
Ойланып көріңіздер және дұрыс шешімін жасаңыздар.
ДАЛАСЫНЫ
ң XV Ғ
АСЫРДА
ТУРАЛЫ
Азия мен Европа даласы арқылы сансыз көшпенділер өтті: гун
дар, олардан соң азарлар, хазарлар, болгарлар, печенегтер, қыпшақ-
тар-половцы. Одан кейін Шыңғысхан түмендері және Алтын Орда
жауынгерлері. Осы «жабайы» тайпалар соншалықты күшті болды.
Неге олардан мәдениетті Европа көшпенді «тағылардан» қорықты?
Мен бұл жерде «тағы» көшпенділердің басты жетістіктерінің
себептеріне тоқталғым келмейді. Мысалға алғанда бірінші топты тәр-
тіпті жасақ құруын, тойтарылған соғыстар жүргізгенін, соның салда
рынан жауланған халықтардың өмір сүру қабілетінің және олардың
өндіруші күштерінің төмендеуі. Сонымен қатар, олардың басты же
терінің себебі ұсақталған өзара күрестен феодалдық мемлекеттер
мен байланыс жасады деп айтқым келіп тұрған жоқ. Мен көшпенді
халықтардың экономикалық құрлымы туралы бірнеше сөз айтқым
келіп тұр. Олардың басты жетістіктерінің немесе жеңілістерінің
әні, XV ғасырдағы қазақтардың мінездеріне, осы уақытқа дейін
экономистердің арасында көшпенділер не арқылы үлкен өндірістік
Ойлар. Нақыл сөздер
күшке жетті деген талас тууда. Осындай өзгеше жағдайда біз қа-
зақтардың өзіне тән экономикалық толыққанын табамыз. Егер орыс
деревнясында егіншілікпен айналысушылар жерді үлестіруде топтық
қарама-қайшылық туғызса, Хубилайдың (1200—1294) басқару кезін-
де «Ауыл шаруашылығының басты мекемесі» астанада және оның
бөлімдері аймақтарда құрылды. Қытайдағы отырықшыланған монғол
танымалдары жерлерін онда жұмыс істейтін шаруаларымен жаулап
алып және тек көбірек кіріс алу үшін қанады. Қазақ көшпенділері
үшін біріккен диқаншылық, мүліктік жағдайларына қарамастан —
көп ғасырлар бойы өзінің әлеуметтік ролін ойнайды. Көшпенділерге
өзінің кім екеніне қарамастан, ол кім, батыр ма немесе жай мал ба-
ғушы ма өздерінің жерлерін бірге қорғауға тура келеді. Немесе басқа
халықтардың, тайпалардың территорияларын басып алуда, не жаса
са да бірігіп тіршілік жасады. Бұл қазақ даласындағы тайпалардың
көптеген ғасырлар бойы сақталып қалуына жағдай жасады.
Мемлекет болу үшін, бірінші орында нақты үш белгі болу ке
рек: қарулы күш — әскер, салық жүйесі және территориялық жиын-
тық. Қазақ хандығы үш жүзге бөлінгеніне қарамастан бір бүтіндей,
барлық үш белгіні ұстады. Осыдан ол өзінің бірден бір талассыз
феодалдық мемлекет екенін көрсетті. Бұл егер осылай салысты
рар болсақ «әртүрлі қуатты татар-монғол тайпаларының өсуі — ке
рей, меркі, ойрат, найман, татар және басқалар XII ғасыр бойынша
шығуына, олардың іштеріндегі ең бір ірі — найман және керей — ерте
феодальдық мемлекеттердің құрылуына, пайда болуына әкеп соқты
(«Азиядағы және Европадағы татар-монғол», 1970 ж. «Ғалым» баспа
сы, Шығыстану Институты, 3-бет). Дәл осындай жағдай үш ғасырдан
кейін қазақтарда да пайда болды. Ерекше объективті — прогрессивті
рольді тарихта біріктіруші-хандар алады. Бізде майдаланған тайпа
лардан біріккен мемлекет жасалынған. Осы немесе өзге хандардың
немесе тайпалардың айқын қатыгездігіне қарамай, бұл адамдардың
дамушы ролі екені анық.
Неге қазақтың біріктіруші-хандарына басқа бағалар болуы керек,
егер олар өздерінің өмірлерінің үлкен бөлігін қазақтарды көптеген
шабуылдардан қорғау үшін жұмсаған болса? Заңдылық болатыны,
барлық құрмет осы біріктіруші-хандардың берілгендіктері арқылы
өткендіктен, біз призма арқылы халықтың өзінің берілгендігін
көруіміз керек. Бұл шындық. Қандай да «Ұлы хан» немесе «Ұлы пат
ша» болмасын, халықтың қолдауынсыз ешнәрсе жасай алмайды.
Кез келген ескі Орданың өмір сүруін жүздің түсінігімен меха-
никалық түрде теңдестіруге болмайды. Қазақтың «жүз» сөзі, егер
І. Есенберлин
ол мүмкін «Ордаға» ыңғайланған болса, онда «Орда» — түріктік,
ханның ставкасы болады. («Ескі түрік словары», Ленинград, 1969 ж.
370-б. қара.) Ал «жүз» өз мағынасымен одаққа — бірігуге алып ке-
леді. «Осындай жағдаймен, әртүрлі тайпалардан саяси бөлек қауым
(қаум — араб сөзі — қауым, адамдар, одақ, қоғам) олардың шығу
тегінен тәуелсіз. Осылай Ордалар құрылды және нығайды. Ноғай (Ор
дасы) — Сарайда, Моғұл ұлысы — Ташкентте, Қазақ — Сейхунның
арғы даласында. Қазақ халқы үш жүз — жүзге бөлінеді. Орыстардың
айтуымен Ордалар және үлкендігіне қарай оларды — Үлкен, Орта
және Кіші жүздер деп атайды. Осы тектердің құрылу фактісінің өзі
— қазақ жүздері (Орда), үш жүзге бөлінуі, дәл қазақ халықтығының
құрылуынан кейін шыққандығын дәлелдейді.
Осы тектердің көпшілігі ертеде өзге қауымдарда, ордаларда,
одақтарда, олардың ішінде кейбіреулерімен бұрынғы Қазақстаннан
тыс болып табылса, жекелегенде — алшы.
«Алшының аты, Кіші Орданың барлығының жеке аты, қазақтың
бірінші заңдысы Майқы бидің атынан шыққан. (Ш. Уалиханов I т.
208-б). Өздеріңізге белгілі Майқы би Шыңғысханның замандасы
бол
ған және алшын немесе алша тайпасы шын мәнісінде татардың
монғолдармен бірлесінде болған (Рашид-Ад-дин, IT. 103-б.қ. Алшы
тайпасы деп татарды айтқан; ерлерді — алшынай және әйелдерді
алшын немесе «Азия мен Европадағы татар-монғолдар» 30-бет,
татарлардың алухай, дутауыт, алшы және шаған тайпалары туралы
«Үш жүз» терминінің қазақ хандығының құрылғанынан кейін
қандығы дәлелденіп, қазақ халқында оны қолдайтын, қазақтар-
дың жүзге және руға бөлінгенде жиналған жерлері туралы көптеген
аңыздар айтылып жүр. Сонымен бірге мен өзім орта жүзде бар
аңызды «Нұраның қаратұзы» немесе «Телікөл тата саралының сегіз
сайыбын» пайдаландым. Мен бұл естелікті жазушы Сатаев Амантай
дан алған болатынмын.
СТАН
ЪЕЗІ
ЕЗ
Жетістіктері:
Қазақстан Жазушылар Одағының соңғы жылдарда анағұрлым кө-
лемді болғанында дау жоқ, Азия және Африка елдері Жазушылары
Конференциясы, Бүкілодақтық шаралар, Қазақстандағы Кеңес әдеби
еті күндері, кездесулер, Абай, Жамбыл, Кенен Әзербаевтың мерей
тойлары және басқа жұмыстар жақсы өткізілді. Жазу
шылардың өсу
Ойлар. Нақыл сөздер
саны басты жағдайда бұрын соңды болмаған сырттағы авторлардың
есебімен өсті. Жазушылардың творчествосына байланысты, осы
цифрлардың өздері айтып тұрғандай, егер осыдан он жыл бұрын
шығарылған кітаптардың көлемі 1,5 мың қағаз, тиражы — 5-6 мил
лион болса, қазір көлемі 2 мың данадан асып түседі. Ал тиражы екі
еседей көп, сөзсіз мемлекеттік кірісте екі есе өсті (жыл сайынғы кіріс
миллион сомға дейін). Салыстырмалы, көптеген жазушылар үлкен
тираждармен шығаруда (бүкілодақтық мағынада). Мысалға, өткен
жылы тек бір жазушы Ілияс Есенберлиннің өзінікі ғана бес тілде,
жарты миллиондай дана тиражбен, Ә. Нүрпейісов — екі тілде 300
мыңнан аса дана болып шықты.
Қазақ әдебиетінің өсуінің тағы бір көрсеткіші ретінде, қазір Қа-
зақстан жазушыларының Москва баспаларындағы кітаптарының басы
лып шығуы өте үлкен қарқын алуда. Егер он жыл бұрын Москвада 3-4
кітап басылған болса, тек өткен жылдың өзінде Москвада он бестен аса
авторлар (Әлімжанов, Сүлейменов, Есенберлин, Нүрпейісов, Санбаев,
Молдағалиев және басқалар) кітаптарын басып шығарды. Бұл біздің
әдебиетіміздің Бүкілодақтық жетістіктегі, көрсеткіші. Сонымен қатар,
маңызды көрсеткіштердің бірі; қазір біздің әдебиеттеріміз басқа КСРО
халықтарының тілдеріне және шет ел тілдеріне аударылуда (Әлімжанов,
Сүлейменов, Кекілбаев, Ахтанов т. б.). Біздің жазушылармызыдың
қазіргі заман тақырыбына жақсы жұмыс жасағандарын айта кету керек.
Көптеген қызық кітаптар пайда болды.
Кемшіліктері: Ең басты кемшілігіміз — қазақ әдебиеті нағыз
проблемалық үлкен кітап қазіргі тақырыпқа бара алмай отыр. Бұл
жерде әңгіме тарихи және тарихи революциялық шығармалар ту
ралы емес. Бізде ондай тақырыпта жетістіктер аз емес. Сондай-ақ,
біз кейінгі кезде үлкен полотно Отан соғысы тақырыбынан (Ахта-
новтың «Боран», Есенберлиннің «Алтын құс», «Көлеңкеңмен қорғай
жүр», Қабдуловтың «Жалын» кітаптары және басқа жас авторлар-
дың бір қатары, сонымен бірге соғыс тақырыбына Жұмақанов,
Бақбергенов, Кривощекина және басқалар) ары аспадық. «Миллио
нер», «Қарағанды» Ғ. Мұстафин, «Теміртау» 3. Шашкин. Ал соғыс
тақырыбына келер болсақ, біздің кітаптарымыз өз деңегейімен осы
дан 25-30 жыл бұрын жазылған «Артымызда Москва» Б.Момышұлы,
«Қатігез күндер» Т.Ахтанов, «Қазақстаннан келген жауынгер» F.
Мүсірепов осы кітаптардан төмен болып шықты.
Қазіргі әдебиетіміздің ең басты тапсырмасы — бұл қазіргі за
ман тақырыбына көлемді проблемалы кітаптар жасау. Біздің барлық
күшіміз осыған шоғырлануы керек.
І. Есенберлин
Мен Одақтық баспада кітабымыз аз басылып жатқан жоқ десем
де, бірақ бұлардың бәрі белгілі авторлардың шеңберінде ғана еке
естеріңізге салғым келеді (Ә. Әлімжанов, О. Сүлейменов, I. Есенбер
лин, Ә. Нүрпейісов, Ж. Молдағалиев, Д. Досжанов, С Санбаев). Бұдан
да көбірек таралуды көздеу керек! Бүкілодақтық оқырман құрмет
тұтты. Рас, жыл сайын ҚЖО көлемді жоспар жасайды, бірақ әр кез
орындала бермейді. Сондай-ақ басқа тілдерге аудару да осылай бо
луда. Біз аударып жатырмыз, бірақ біздің әдебиетіміз Мұхтар Әуезов
пен Жамбылдың аудармаларындай биіктікке көтерілген жоқ.
«Жазушы» баспасы тақырыптық жоспарлау мағнасында ҚЖО-на
бағынулары керек.
Жастар туралы.
Әсіресе «Простор» нашар жұмыс істеуде. Оны түсінуге болады.
ТАБИ
АТ
Шын адам мағанасындағы кісі ұят-ардың құлы. Ондай жанның
басына қандай бақ қонбасын, қандай дәрежеге жетпесін, тек ар-ұяты
таза болса ғана көңілі жай. Ар-ұятының былғанғаны оған өлімнен
де ауыр. Мұндай адам жер басып жүргенінен өлгенін тілейді. Өмір
сүргенінен, сүрмегеніне риза. Бірақ дүниеде табиғат деген де ұлы
күш бар ғой. Бұл дүниеде оған көнбеген жан-жануар жаралмаған
болар. Қазақ бұрын жылап-сықтағанына қарамай, жас қызын өзінен
үлкен адамға бергенде, жаратылыстың осы табиғи күшінің құдіреті-
не сеніп бермейтін бе еді? Күйеуін менсінбеген, тіпті өлердей жек
көріп қосылған талай сұлулар да, егер ері осы табиғи — жараты
лыс тілектерінің дегенінен шыға алса, соңынан үбірлі-шүбірлі боп,
көндігіп кетпейтін бе еді? Тіпті, кешегі зорлықпен берген күйеуімен
бақытты өмір сүретіндері де аз болмайтын. Осындай қисыннан ба-
рып туған жоқ па қазақтың:
«Ойнасаң өзің теңдес жаспен ойна,
Ол дағы сүйген жардан кем болмайды» деген өлеңі?
Ал дүние бір миллиондаған жыл өткеннен кейін, біздің бүгінгі
күніміз — оларға қандай боп көрінбек? Расымен, осы күнгі адам,
аңдар, сонау алыстағы ұрпақтарға қазіргі өзіміздің диназаврларға
таң қалғанымыздай, оларға да ғажайып бір бейнелер болып елестеуі
Ойлар. Нақыл сөздер
мүмкін бе? Осы күнгі адам, хайуандар миллиондаған жылдардан
кейін басқа түрге айналуы мүмкін бе? Дарвиннің эволюциялық заңы
осыны дәлелдемей ме? Жүз миллион жыл! Адам баласының алдында
сондай ұзақ өмір бар ма? Бар! Жүз миллион жыл, табиғатты» жал
пы мәңгілік өмірімен салыстырғанда ұзақ уақыт емес? Тіпті қысқа
мерзім! Мүмкін адам баласы мәңгі өлмес? Күн сөнсе де Адамзат өмі
рі сөнбес?! Сондықтан мәңгі өмірге әрбір ұрпақ, әрбір адам өз үлесін
қосуы керек.
СА
ТУРАЛЫ
— Сақ дәуірін біздің тарихшылар терең тексерген емес,— деді
ол. — Қай тілде сөйледі? Егер аңызға қарағанда арғы атасы Тарғытай,
одан Липоксай, Арпоксай, Колаксай туады. Грек тілінде емес, өз
тілінде құдайларының аты Апай, Папай, Тәбіти, Ғайтосарт, Арғым
пае, Фагимасад. Өздері жағасын жайлаған Сырдарияны Жақсарт деп
атаған. Сондай-ақ бізге жеткен сауран, ақинақ, тағы басқа сөздерге
қарағанда көне түркі тілі осы тілден туды ма деп қаласың. Оған тағы
бір дәлел: сақтармен жалғаса біздің дәуірімізден үш ғасыр бұрын Сыр
дария бойында көшпенді елдерден құрылған Қанғуй, қытаймен шек
с Хұну, Жетісуда Үсіней тайпалары болған. Қанғуй мен сақтарды»
аяғы қыпшақтарға барып соғатын тәрізді. Ал Үсіней болса ертеден
келе жатқан ел екені белгілі. Біздің дәуірімізден үш жүз жыл бұрын
Үсіней тайпасының кәрі патшасына берілген қытайдың жас қызы-
«Әке-шешем мен бейбақты
Қалап қиыр алыс жақты.
Ерге берді жас шағымда
Үсінейдің патшасына.
Кигізбенен тыстаған.
Ішкені сүт,
Жегені ет ыстаған» —
деген өлеңі қытай хроникасында бар. Дұрыстап тексерсең қыпшақ
қытай шежіресінде қыпсақ, қайсақ, қазақ — бәрінің түбірі осы сақтан
тууы мүмкін. Ал сонда сақ деген сөздің өзі не ұғым береді? Бұл
қазақтың «сақ ел» деген сөзі ме? Жоқ олай секілді емес. Геродоттың
тарихында сақ елі қасқырдан туыпты-мыс деген аңыз бар. Содан ба,
елде көршілес боп әбден мазасын алғандықтан ба, сақ деп бұларды
І. Есенберлин
Иран жұрты атаған тәрізді. Сақ деген сөз көне иран тілінде тағы
ит, қасқыр деген мағына берген. Қысқасы бұл иран сөзі-ау деймін...
Бұдан тағы бір дәлелім. «Кей» деп ирандықтар патшаны атаған. Со
дан патша сақтары кейсақ, қазақ тілінің үндестік заңдарымен байла
нысты қайсақ, болып өзгеруі мүмкін. Ал «Қас» деген сөз ежелден «ба
тыр» деген ұғымды береді. Сақ елінің жауынгер ел екенін еске алсақ,
қас сақтан қазақ шығуы таңғаларлық іс емес. Міне, археологияның да
керек жері. Біздің даламызда табылып жатқан сақ мұраларынан бұл
сөздердің сол уақытта айтылғанын, айтылмағанын, айтылса қандай
мағынада айтылғанын терең зерттеп, әлі көп жайды түсінуге болар
еді. Әттең дүние-ай, біздің қолымызға тек сақ дәуірінің алтыннан,
күмістен, қоладан жасаған мұралары ғана түсіп жүр. Жазу өнері тым
сирек. Және оларды сақтікі деп айту да қиын.
Жол! Жол! Адамның үміті тәрізді, өмір-бақи бітпес, ұшы-қиыры
жоқ ұзақ жол! Отарба, танауы делбеңдей, жүйтки шапқан өгіз тәрізді
буы бұрқырап, ысылдай ағызып келеді. Телеграф бағаналары бірін
бірі қуа құлап, кейін қалып барады. Жан-жағымыз ұшан-теңіз кең
байтақ дала. Қазақ даласы. Менің далам. Әке-шешем, ата-бабам да
Қазақ даласына қарап тұрсаң, домбырадан күй тыңдап отыр-
ғандай, көңілі сан саққа жүгіреді. Міне, мынау біз қойнауына кіріп
бара жатқан, қыздардың жинаған жүгіндей, қызылды-жасылды гүл-
ге бөленген салтанатты жасыл тау алқабы, «келші, құлыным» деп
құшағын жайып қарсы алғалы саған ұмтыла түскендей. Ал кешегі
біз өткен ұшы-қиыры жоқ бозаң шөпті, әр жері күн ыстығынан жа-
п кеткен сортаң тақырлы құмайт дала, нағыз бір қайғыдан
мделген қарт әжеңнің түріндей. Әлденелерді есіңе түсіріп, кө-
ңілінді босатқандай. Бір ғажабы, сол бір құмайт даладан кеше өтіп
кетсек те, көз алдымыздан бір кетпейді. Алыстаған сайын сағына
түсесің. Өйткені оның түр-келбеті, бетін күн мен жел сүйген қарт
әженің мүбәрәк жүзін елестетеді.
Әже!
Атыңнан айналайын, әже деген қандай сүйкімді сөз! Менің де
қарт әжем бар еді. Былтыр о дүниеге сапар салды. Егер әйелден хан
туар болса, менің әжем хан болуға тиісті еді. Адамзаттың парасатты
Ойлар. Нақыл сөздер
сы да, ақылдысы да сол кісі еді десем жалған айтпаспын. Жалпылай
сауаттану науқаны кезінде хат танып алған. Әйел теңдігі алғашқы
туы көтерілген заманда ауылдық кеңестің төрағасы да, Қызыл отау
соты да болған. Ал балалары өсе бастаған шақта үйде отырып қалған.
Бірақ мен ес білгелі осы қарт әжемнің қолынан газет, журнал түскенін
көрген емеспін. Сондықтан да болуы керек, келіндері, қыздары оны
«газет-апа» деп атап кеткені. Бұл сөзде кекесін, яки сықақ болмайтын.
Менің әжемді бүкіл ауыл жастары оқыған адам екенін көрсетіп, осы
лай шын көңілімен атайтын. Кемпірі бар үйде немересі әжесіне бауыр
басатыны қазақтың ескі дәстүрі, мен де әжемнің құшағында өстім.
БАТЫР
ТУРАЛЫ
Баяғыда Ер Кіндік деген бір бала батыр болыпты,— деген
күсті қолымен басымнан сипап,— қан майданда үлкен ерлік көрсетіп
ел-жұртын қорғағаны үшін Баба Түкті шашты Әзиз пайғамбар оған
риза болып «шырағым, дүниедегі бір тілегіңді берейін,— депті,— не
тілейсің: көрік пе, ақыл ма, бақ па?» Сонда Ер Кіндік батыр: «Бұл
үшеуінен бөтен басқа тілек тілесем бересіз бе?» депті. «Берем,— депті
Баба Түкті шашты Әзиз пайғамбар,— тек мәңгі өлместікті сұрама».
«Неге?» депті бала батыр. «Дүниеде алла тағала ғана мәңгі өмір сүру-
ге тиісті. Өзімізге мәңгі өлместік сұрау күнә», депті пайғамбар. Сон
да бала батыр: «Өзіміздей адам біткеннің бәрі өліп жатқанда, көзге
шыққан сүйелдей, мәңгі тірі жүруді мен де ұнатпаймын. Жалғыз ғана
тілегім бар, соны берсеңіз болады» депті. «Айт! Берем» депті Баба
Әзиз пайғамбар. «Онда...— депті бала батыр,— жаңағы үш қасиеті
бойына бірдей біткен, маған адал жар берсеңіз болғаны». «Жалғыз
тілегіңді берем» деген пайғамбар сөзден жеңіліп, көркі, ақылы, бағы
бар Ер Кіндікке адал жар беріпті. Сол адал жар арқасында бала батыр
өле-өлгенше дүниедегі ең бақытты адам боп өтіпті.
ТУРАЛЫ
— Ерте заманда бір алтын құс болыпты,— құдай оған көрікті де,
ерікті де беріпті. Оны құдай жез етіп жаратыпты. Бірақ сырт бейнесі
алтыннан айнымайды екен. Күндердің күнінде, депті оған алла таға-
ла, сен шын алтын құсқа айналасың, егер де саған қоятын екі шартым-
ның бірін орындасаң.
Бірі: өзге жұрт сені алтын екен деп ұқса да, сен өзіңнің жезден
жаралғаныңды өмір-бақи ұмытпа. Шын алтынға айналуды арман ет
І. Есенберлин
Екіншісі: сені жүрт алтын көрсе де, сен оларға жез екеніңді жа
сырма. Адам баласы жаратылысынан ақкөңіл, сенің шыныңды білсе,
тезірек алтын құсқа айналуыңды өзіңмен бірге тілейді. Көп тілегін
біз де еске аламыз,— депті. Жезден жаралған құс бұл екі шарттың
екеуін де орындамапты. Алтын құсқа айналғанда да бар табарым осы
адамзат қой, деп ойлапты ол, егер адамзатты» өзі жезді алтын санаса,
алтын болуды арман етіп несіне сау басыма сақина тілеймін! Және
жездігімнен зиян көрмесем, несіне өзімді жезбін деп әшкерелеймін,—
деген тұжырымға келіпті ол.
Алтын құстың екі шарттың біреуін де орындағысы келмейтіні-
не көзі жеткен алла тағала бір күні оны жұртқа жез екенін көрсетіпті.
Сыртқы алтын секілді алдамшы түрінен айырып жез қалпына
түсіріпті. Кешегі алтын құс боп жалт-жұлт етіп жүрген сорлының
енді үстін тот баса бастапты. Жұрт алтын құс деп жүргендері құр ғана
мыс екенін көріп одан бірден безіпті. Жезге айналған алтын құс үсті-
басын әбден тот басып, бір күні қорадағы қоқым-соқымның арасынан
бір-ақ шығыпты. Егер алтын басынды қор еткің келмесе, шыншыл
бол, өз кемшілігіңді жұрттан жасырма, жақсы болуға тырыс.
ЫНАСЫ
Осы күнгі қазақ жерінде ең алдымен рулары болған. Осы түркі
тілдес, тұқымдас қышпақ руларынан соңынан қазақ елі құрылған. Ал
қазақ деген сөздің өзі қайдан келген? Қандай мағанасы бар? Кім бізді
қазақ деп атаған?
Бұл жерде тұрған біз білетін ең арғы көне халық сақ болған. Мүм-
кін оның алғашқы аты бөтен де шығар. Бірақ бізге осындай есіммен
жет
кен. Сөз жоқ, осы күні біз білетін сақ құдайының Қолақсай, арғы
атасы Тарғатай аталуына: адамдарының аты Бапай, Топай, болып
келіп, Қылыш-қанжарларына қатысты — ақинақ, берен деген сөз-
деріне қарағанда, бұл тайпалардың тілдері түркі елдерінің, солардың
арғы аталарының тілдері тәрізді. Мүмкін көне түркі тілінің шығуы
да осылардан болар. Ал сақ елі фарсы жұртыменен көп қатынасқан,
Кир, Дарилардың замандарында оларға үнемі қарсы шыққан, тек
кейде ғана мәміліге келіп отырған. Сондықтан бұл көшпенді «тағы»
ртты ирандықтар сақ деген. Ал сақ сөзі фарсы тілінде — тағы ит.
Сондай-ақ өздеріне, патшаларына қызмет істеген сақ жігіттерін олар
кейсақ патша сағы деп атаған. (Кей — деген сөз фарсыша патша де
ген сөз). Соңынан кейсақ, түркі тілінің үндестік заңыменен қайсақ
болып өзгерген. Жарайды, сақ, қайсақ иран сөздері болғанда, қазақ
деген сөз қайдан шыққан? Кімдікі? Біздің ойымызша, бұл сөз де бізге
Ойлар. Нақыл сөздер
көне фарсы тілінен келген. Өзінің мазасын ала берген көшпелі жа-
уынгер тайпаларын фарсылар сақ, ал өздеріне қызмет істеген әскерді
кейсақ десе, олардың түбі қыпсақ, қыпшақ, қайсақ, қассақ, қазақ де
ген сөздерге ауысуы мүмкін. Қысқасы қазақ деген сөз де Иран елінен
ауысуы мүмкін. Қысқасы қазақ деген сөз де Иран елінен келгені анық
секілді. Өйткені Фердаусидың 1020-шы жылы дүниеге келген «Шах-
нәмесінде»: (Рүстем дастанында) қассақ деген сөз бар. Онда ол сөз
қассақ, қас батыр мерген мағынада айтылған. Сондай сөз археолог
тар тапқан көне ескерткіштерде де кездесіп тұрады. Жалпы қазақ де
ген сөз ертеден белгілі, бірақ сирек айтылған. Мысалы, 1240, яғни
Тышқан жылы жазылған «Моңғолдың құпия шежіресінің» 64-ші тар-
мағында:
«Басқаның жерін жауламай,
Қоздырмай, сірә, дау-дамай,
Дидар сұлу қыздарды
Жетелетіп біз нарды
Ежелден хан жаралған
Қасиетті қара орман
Құтты қосаң етеміз»
деп айтқанындай, немесе 268 тармақтағы:
«Иесінің алтын табытын
Қазақ күймесіне тиеп...»
деген тәрізді шумақтарда қазақ деген сөздер әр тұста кездеседі. Демек
Алтын Орда қарамағындағы түркі тілдес көп рулардың қазақ ұлты де-
лініп біржолата қалыптаспағаныменен, қазақ деген ел болып құрыла
бастауы осы әз Жәнібек ханның кезінде секілді. Жәнібек хан түркі
тұқымдас, тілі бір, әдет-ғұрпы бір, көшпелі шаруасы бір рулардың
тұтас бір ел болуын көксеген. Жарлық-бұйрықтарында Дешті Қыпшақ
жұртын бір ел, ноғайлы, қазақ елі деп қараған. Бұған сол кездегі ақын-
жыраулардың дастан, жырлары куә. Бірақ ол рулардың бірлесуімен
бірге олардың елдік сана-сезімінің де өсуі сөзсіз ғой. Ал мұндай ал
дыменен елдік, артынан барып ұлттық сана-сезімі өсетін жұрттың
өз алдына халық болып, хандық құруды тілейтіні тағы бар. Бір руды
руға, бір ұлтты бір ұлтқа қарсы қойып елді басқаруға әдеттенген
бай-манап, батыр-билерге қазақтың бір халық болуы тиімсіз еді. Бірақ
Алтын Орда қамын ойлаған Жәнібек олардың дегеніне көнбеді. Сон-
дықтан да «ортақ өгізден оңаша бұзау» деген төре билер оған қарсы
тұрды. Ал қазақ руларының бірігуі, сондай-ақ Қырым жұртының бір
тайпа елге айналуы, бұлғар, башқұрт, мордва елдерінің осы тұста та
І. Есенберлин
тар ұлтына айнала бастаған бұлғарлар салып жатқан Қазан бекінісінің
маңына жиналуы — түбі Алтын Орданың бөлшектенуінің басы бола
тынын, әрине, Жәнібек хан дәл осы тұста ойлаған жоқ. Оған Алтын
Орданың бүгінгі күшеюі арман еді.
АРЛЫ
Азынаған жел ме екен, әлде сарнаған ел ме екен, жер мен көкті
басып кеткен қайғылы үн. Бұл замана даусы, тарих даусы. Алтын
Орда ма, Ақ Орда ма, Көк Орда ма, әлде көшпенділердің басқа әлемге
әйгілі бөтен патшалығы ма, бәрібір олардың гүржідей ауыр салмағын
халық көтерген. Алтын кеселі рашиян шарабы хандарға ғана тиген.
Алтын тәжіні, кіреуке, торқа шапанды хандар киген. Мандайы күнге
күймеген, қас аруларды солар құшқан. Бақ құсы тек солардың басына
ғана қонған. Ал халық болса, етегімен су ішкен, етігімен қан кешкен.
Мықтылар үшін, мықтылардың әулеті үшін бірін-бірі қырған, жау са
нап өз бауырларына қарсы тұрған. Сол себептен де әлемнің жартысын
алып жатқан Алтын Орданың аспанға шарықтаған айбарлы атағына
қарамай, сонау өз заманын — зар заман деп атаған халқының көзі,
құлағы ұлы жырау — Асанқайғы:
«Бүгінгі күн зарлы күн,
Бүгінгі күн кәрлі күн,
Буыршын мұзға құлаған,
Бәйтерек суға сұлаған,
Аққу қанатынан қайырылған,
Жалғызынан ана айырылған.»
десе керек-ті. Сол себептен де ол халқына, қой үстіне бозторғай
жұмыртқалаған қиялы тудырған Жерұйығын іздеп, Желмаясын ең-
кілдете желіп, сағым қуып кете барды.
ТАРИХ
ТУРАЛЫ
Шошайған темір төбенің басында әйгілі ойшы Асанқайғы отыр.
Тақыр жүнді желмаясы етекте шөгіп жатыр. Қарт жырау қалың ойда.
е ойлады? Ел қамын жеген дана қарияға ой жіберер күй аз ба? Ол
жақында желдей желген желмаясымен Алтын Орданың алып дала
сын тағы бір айналып келген. Көргеніне таң қалған. Бұл әйгілі Ал
тын Орда еді де, емес те еді. Даласы да өзгерген. Бұрынғы дала, бірақ
халқы да, қабілеті де басқа... Әсіресе ғұрпы, тілі, әдеті.
Ойлар. Нақыл сөздер
Алтын Орданың бұрынғы, осыдан жүз елу жыл әрі кездегі жұр
негізінде, қыпшақ, өгіз, қарлұқ құрамдарынан болатын. Қазірде алып
далада солар. Бірақ солар деуге болады да, болмайды да. Монғолдың
жүз елу жылдық үстемдігі бұларды бөтен ел еткен. Дешті Қыпшаққа
келген монғол шапқыншылары аз еді. Шыңғысханның әр ұлына бө-
ліп берген төрт мың жауынгерлеріне, әр аттаныстан осы арадан жер,
аймақ алып, ақұрықтарымен жерлеп қалған монғол бекзадаларын,
нояндарын, жауынгерлерін қосқанда жиырма мың үйден аспайтын.
Бірақ бұлар аз болғанмен, Дешті Қыпшаққа өзінің тәртібін, үстемді-
гін жүргізе білген. Ал бұрын, монғолдар келместен бұрын, рулық
тәртіппен, ру-ру боп көшіп жүрген көшпелі ел, енді монғолдардың
ұлыстық тәртібіне көнген.
Бұрын әр рудың өз ақсақалы, өз батыры билесе, енді бұл рулар
ұлысқа кіргендіктен, оларды монғол бекзадалары билеген. Және
жердің, ұлыстың әуеніне қарай бір ел, бір ру, бірнеше ұлыстарға
бөлінген.
Монғол үстемдігі алып келген ұлыс тәртібі, Дешті Қыпшақ
жеріне жаңа қоғамдық, феодалдық — алпауыттық қарым-қатынас-
тар тудырған. Монғол үстемдігі бұрынғы ру-руға бөлінген елді, енді
ұлыс-ұлысқа бөліп, сол ұлыстар барып бір ханға, Алтын Орда ханы
на бағынғандықтан, оларға мемлекеттік, елдік мағына берген. Дешті
Қыпшақ жерінде рулық емес енді ұлыстық, елдік тәртіп үстемдік ал
ған. Осыдан кешегі Дешті Қыпшақта қазақ елі деген жаңа ұғым пайда
болды. Бұрынғы қыпшақ елі, енді қыпшақ руына айналды.
Бірақ қазақ рулары монғол бекзадаларының ұлыс, аймақ қара-
мағына кіріп, қалай бөлшектенсе де, өзінің көне атын сақтады. Ел
болуы рулардың жоғалуынан емес, солардың ұлыс, Орда болып бі-
рігулерінен туды. Ал Дешті Қыпшаққа келген кешегі монғолдың
шағын бекзадалары, нояндары, жауынгерлері, өздерін монғол етіп
сақ
тай алмады. Олар тілдерін де, әдет-ғұрыптарын да жоғалтып,
қыпшақ еліне сіңді. Бір күбі суға бір қасық тұз салғандай тәрізденді.
Ке
шегі Бату орнатқан Алтын Орданың, бүгінгі Тоқтамыс басқарған
Алтын Орданың ең негізгі өзгерісі осындай қоғам өзгерісіне әкелді.
Елу жылда ел жаңа деген. Алтын Орда біртіндеп қазақ жеріндегі Еділ
Жайық Ордасына айналды.
Ал жаңа қоғам өзгерісі, Еділ, жайық даласына жаңа ғұрып, салт
өзгерісін де әкелді.
Сақ кезінде өлгендерінің үстіне қорған салып, тау орнатқан, Қып-
шақ кезінде өлгендерінің құрметіне обатас, балбалалар тұрғызған
бұл араның көшпенділері, ен
ді монғолдарша өліктерін бұрынғыдай
дәстүрлемей, су бармайтын, өрт алмайтын қыр-қырқа, төбе басына
І. Есенберлин
Алтын Орда шу дегеннен-ақ қиянаттан туған мемлекет болатын.
Ол өмір бойы сол қиянатын үстемдік етіп жүргізіп келген. Ал сол
қиянаттың орындаушысы атам заманнан әскері болған.
Шыңғысхан бұл әскерін жан аямас қатыгездікке, темір тәртіпке
үйреткен. Әлемді тек осындай ешкімді аяуды білмейтін жауынгер-
лерменен жаулап алам деп ойлаған. Сол себептен де ол, егер бір он-
дықтан, не жүздіктен, мыңдықтан, тіпті бір түмеден екінші түмеге,
мындыққа, жүздікке, ондыққа өзі тілеп бір жауынгер ауысар болса, он
дай жауынгер өлтірілген. Ал оған ауысуға рұқсат еткен басшы, мейлі
ол түме басшысы болса да, кісен салынып қатты жазаға бұйырылған.
Ұлы жиһангердің мұнысы «ағаш бір жерде тұрып өседі, жауынгер бір
жасақта жүріп шынығады» дегені еді.
Сондай-ақ Шыңғысхан, соғысқа қосындарын дайындағанда, еш
уақытта тойындырып ас бермеген. «Тоқ жүйрік алысқа жарамас, тоқ
тазы түлкі алмас. Аш жауынгер ызалы, ашулы келеді. Ашулы жауын
гер жауынды аямай, қыра береді» деген.
Алтын Орда хандары да, жаңа жиһангер Ақсақ Темір де, әскерле-
рін сол Шыңғысханның тәртібімен ұйымдастырған.
Ешкім ескі салтты бұзбаған. Бірақ бұл сыртқы көрінісі еді. Ал
шынында әскерлерге көп өзгеріс енген. Мысалы, Ақсақ Темір ат-ты
әскерлерін тек түркі тұқымдас көшпелі елдерден құраған. Ал жаяу
әскерін тәжік тәрізді отырықшы жұрттан жасаған. Және сол Шың
ғысханнан қалған ондық, жүздік, мындық, түмелік әскери ережелерді
ұстай отырып Шыңғыс жасағынан өзгеше кетіп отырған.
Бір жауынгердің бір жасақтан бір жақа ауысуы түгіл, бір жа-
сақтың өз ұлысынан екінші ұлысқа шығып кетуін Ақсақ Темір де,
Алтын Орда хандары да айып көрмеген. Сол себептен де Тоқтамыс,
Едіге, Мамайлардың өздері де бір Ордадан екінші Ордаға әлсін-әлсін
қашып отырған. Ал Шыңғыстың Темір тәртібі бойынша, соғысқа
жауынгерлерді ашықтырып салудың орнына, Ақсақ Темір де, Ал
тын Орда қолбасшылары да ұрыс алдында жауынгерлерге сыйлық
үлестірген, кейде ш
арап та берген. Бұл әскерді темір тәртіпке емес,
дүниеге сатылуға, дүниеқоңыздыққа үйреткен. Әскердің ақкөз ерлігі,
бөтен елдерді аямай шабуы көбіне жауынгердің өз басының пайдасын
ойлаудан туған. Олар дүние үшін жауламақ елін аямай шапқан, ды
мын қалдырмай тонаған. Бұл тәсілді әсіресе Ақсақ Темір қолданған.
Сондықтан да оның әскері нағыз ел тонағыш, ешкімді аяуды білмес
қанішер келген. Сондықтан да оның әскері, қолбасшысы Ақсақ Те-
мірге еріп, бір елден кейін бір елді тонауға құлшынып тұрған.
Сынықтан бөтеннің бәрі жұғады, мұндай пиғыл Алтын Орда әс-
керінде де қатты орын алған. Жалпы мемлекеттік емес, жеке бастың
Ойлар. Нақыл сөздер
қамынан шыққан мақсат әрқашан да бұзықтыққа, опасыздыққа апа
рып соққан. Осылай Алтын Орда халқының да, әскерінің де өзгерге-
нін Асан қайғы өз көзіменен көріп келген.
Төбе басында жалғыз қарт, етекте жалғыз желмая, ал жан-жағы,
бүкіл дүние құлазыған қу дала... Тек сағым ғана ойнаған. Хорезім-
нен Азақ-Тана, Каффа, Хаджы — Тарханға қарай ұлы Жібек жолымен
шұбырған қалың көш те көрінбейді, күнгей мен батысқа қарай борт-
борт желген көк найзалы қосындар да жоқ. Данышпан қария Алтын
Орданың әлгі өзгерулері берекесі кетіп, ыдырай бастағаны екенін
түсінді... «Сонда халқым не болады? Халқым не болады!»— дейді ол
толғанып. Бірақ сағым ойнаған ұлы дала жауап бермейді.
Асан қайғы енді орнынан тұрады. Ол еңкілдей басып желмаясына
таяйды. Тағы көкжиекте теңіз толқынындай тулаған сағым. Сол сағым
арасында халқымды қалай аман сақтап қаламын деп Жерұйықты
іздеп, бұлдырлай кетіп бара жатқан қарт жырау. Көкте де, жерде де
ештеңе көрінбейді. Тек сағым дүние жүзін алып кеткен.
РАДИ
ТАЙ
«I. Есенберлиннің шығармашылық портреті»
Ауа толқынында «Алатау — әдеби альманағы». Бүгінгі әңгіме-
міз Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, көрнекті жазушы
Ілияс Есенберлинннің творчестволық портретіне арналады.
Құнды да мол әрі кесек туындыларымен қалың оқушы қауымға
танымал болған, қазіргі көрнекті жазушыларымыздың бірі Ілияс Есен
берлин. Ол алғашқы өлең поэмаларынан бастап, қазіргі романдарын
жазғанға дейінгі аралықта ұзақ та, жауапты әдеби жолдан өтті. I. Есен
берлин әдебиет табалдырығын аттаған алғашқы уақыттары оқырман
қауымға ақын ретінде танылып келді. Оның қаламынан 1949 жылы
«Адамгершілік жыры» атты өлеңдер жинағы, 1957 жылы «Больше
вик туралы жыр» атты поэмасы, 1959 жылы «Біржан сал трагедиясы»
деп аталатын поэмалар туды. I. Есенберлин қалам тербемеген әдебиет
жанры жоқ десе де болады. Ол қазақ совет композиторларының
әндеріне де 40-тан астам текст жазды. Оның композитор Е. Бруси
ловский әніне жазған «Қыз арманы», Б. Байқадамовтың әніне жазған
«Домбыра», М. Төлебаевтың әніне жазған «Жастар вальсі» текстері
қазақ әндер жинағына еніп, көпшілік қауымға кеңінен таралған.
Сондай-ақ «Шквал», «Асау ертіс жағасында», «Ән қанатында», «Тре
вожное утро» кино фильмдерінде айтылған әндердің текстерін жазды.
І. Есенберлин
I. Есенберлин драматургия саласында да қалам тарқан жазушы.
Оның «Таудағы күрес» атты пьесасы 1956-57 жылдары Республика-
лық, балалар мен жасөспірімдер театрында қойылды. «Адамгершілік
жыры» либреттосы жазылғаннан соң, он тоғыз жылдан кейін, бұл
жанрға қайта оралып, Жетісуда кеңес үкіметін орнату жолында ко
миссар атты либретта жазды. Либреттаның негізгі тақырыбы – Тоқаш
Бокиннің ерен еңбектері, туған елінің бостандығы мен бақытын
орнықтыру жолында бар өмірін, күш жігерін сарп еткен ардагер аза
мат жайындағы бұл шығарма, I. Есенберлиннің либретта жазуға әбден
машықтанып, қаламының шыңдала, шеберлене түскендігін танытты.
I. Есенберлин аударма саласында да белсенді қызмет атқарып келді.
Оның аудармасы арқылы К.Ушинскийдің ертегілері мен әңгімелері,
Жулявскийдің «Красная река» романы қазақ оқушыларына жетті. Кей
де сценарий жазумен де шұғылданып, Ерзикаянмен бірлесіп «Сплав»
атты көркем суретті фильм шығарды. Көп жылдар бойына поэзия
саласында еңбектеніп келген I. Есенберлин алпысыншы жылдардан
тап проза жанрына ойысты. Ол әуелі «Өзен жағасында», «Толқиды
Есіл», «Адам туралы ән» деп аталатын повестерін жазды. Сөйтіп өзін
романға алып келетін жолдағы тағы бір баспалдаққа көтерілді. Осы
лай әдебиеттің әр жанрында күшін сынап, тәжірибе жинап көрген
жазушы, келе-келе түбегейлі бір арнаға түсті. Ендігі жерде бар күш-
қуатын роман жазуға жұмсады. Өзінің шығармашылық әдеби жолы
туралы әңгімелескенімізде жазушы I. Есенберлин былай деді:
— Мен әдебиет бетін ерте аштым. Отан соғысынан қайтып
келгеннен кейін жазған «Айша», «Сұлтан», «Адамгершілік жырла
ры» атты поэмаларым бірден кітап болып жарық көрді. Содан кейін
«Большевик туралы поэма», «Біржан сал трагедиясы» атты көлемді
поэмалар жаздым. Осы төрт-бес поэмадан кейін, мен прозаға неме
се қара сөзге көштім. Алғашқы жазылған повестерім «Адамгершілік
туралы әңгіме», «Адам жайында ән», «Өзен жағасында», «Толқиды
Есіл» шығармаларым. Бәрі де жазушы баспасында бірінен соң бірі
кітап болып шықты. Содан кейін көлемді «Айқас», «Қатерлі өткел»,
«Ғашықтар» романдарын жаздым. Бұлардың бәрі бүгінгі өзіміздің за
мандастарымыз туралы жазылған шығармалар болатын. Осы шығар-
малардан кейін тарихи тақырыптарға көштім. Өйткені көп жылдан
бері көкірегімде жүрген арманым болатын. Қазақтың өткен тарихы-
нан бір үлкен кітап жазсам ба дейтінмін. Жалпы алғанда «Ақ орда»
атты трилогияға кірістім. Оның алғашқы кітабы «Қаһар», содан
кейін «Алмас қылыш», «Жанталас». Осы кітаптар бірінен соң бірі
шыққанменен, егер де менің ойлаған трилогиямның жөніне қарағанда
алдымен «Алмас қылыш», содан «Жанталас», содан «Қаһар» болуға
Шығармашылық портрет
тиісті еді. Бұл кітаптарды мен бітірдім. Бұлар қазір Мәскеуден орыс
ша да басылып шығып отыр. Бұл трилогиямның өзі маған оңайға
түскен жоқ. Жиырмаға таяу жыл өмірімді алды. Бұған себеп болған:
біріншіден бізде өнеге болатындай алдыма ұстай қоятындай тарихи
тақырыпта жазылған кітаптардың жоқтығы, екіншіден осы бір қиын
кездер туралы да біздің тарихи сүйегімізде сара жол болып, осыны ұс-
тасам дұрыс дейтұғын ғылыми зерттеулер де аз болатын. Қысқасын
айтқан уақытта, тың жерді көтергендей бұл тың тақырыптарды өз
бетіммен, өз ойыммен, маркстік, бүгінгі партияның саясатымен санаса
отырып, дұрыстап шығаруға тырыстым. Бұл тарих тақырыптарының
ортасында бүгінгі күн ісі туралы «Алтын құс», «Көлеңкеңмен қорғай
жүр» атты романдар жаздым. Ал бүгінгі күні енді қайтадан сол жаңа
тақырыпқа үлкен бір шығарма бермекшімін. Қазір «Мұхиттан өткен
қайық» атты роман жазып жүрмін.
Қазақ романы жыл өткен сайын даму мен бұтақтанудың, мәуе-
леудің кең де келелі жолында. Жыл сайын өмірдің жаңа қатпар-
ларымен тарихтың тасасында қалып келе жатқан кейбір жағдайлар
бүгінгі тұрмысымыздың жарқын көріністерін суреттеген көптеген
шығармалар қосылып жатады. Бұл баршаға белгілі шындық. Алай
да I. Есенберлин осындай талантты есімдердің қатарына тек қана
романдары арқылы қосылған жазушы. Ол бүгінгі күн тақырыбына
да, тарихи тақырыпқа да қалам тартып келеді. Ал тарихи тақырып-
қа жазылған романдары, оның творчествосының үлкен бір белесі.
Ілияс романдары өз тақырыбы жағынан тарихи және бүгінгі күн
тақырыбы болып екі үлкен арнаға бөлінеді. Оның қаламынан туған
тұңғыш роман «Айқас». Онда Республикамыздағы кен іздеушілердің
өмірі суреттелген. Олардың арасындағы тартыс, достық пен махаб
бат, Саят даласының тіршілік-тынысы шығарманың негізгі арқауы.
Роман жарық көрісімен, оқушылар арасында әртүрлі пікірталасын
тудырғаны мәлім. Осының өзі-ақ «Айқастың» жұртшылыққа ой са-
ларлықтай туынды екенін аңғартты. Бұл романда жазушы басқалар
әлі бара қоймаған тың тақырыпқа қалам тартып, өзіндік қол таңба-
сын танытты. Мұның өзіндік ерекшелігі сол, ол халқымыз үшін жаңа
кәсіп, жаңа мамандық иелерінің образы жасалды. Екіншіден, олар
осындай жаңа істің үстінде айқасқа түсіп, күрделі айтыс тудыра ала
тын кесек тұлғалы туындылардың бейнесін тудырды. Романдағы бас-
ты тұлға Нүрке Әжімов. Романның алғашқы тарауларын оқығанда
біз оны талантты ғалым, белгілі кен зерттеушісі ретінде білеміз. Әр
қадамына қарап, сүйсініп отырамыз. Атқарған істерінің бәрі ұнам-
ды. Халық байлығын арттыру жолында бар күш-жігерін жұмсап
жүрген жан. Бақсақ өмірде бәрін тындырып, бәрін жасап жүретін
І. Есенберлин
талантты бейнетқор жандар бар екен де, сол біткен жұмыстың же-
місіне ие ететін, әзірге мәзір масылдар және бар екен. Нүркенің
иемденіп, «Жарқын өңірін зерттеу негіздері» деген еңбегі бір кез
де соғысқа кетіп, содан оралған талантты ғалым ұстазы Дәуреннің
еңбегі екен. Бұл роман туралы Қазақ ССР-нің ғылым акдемиясының
мүше корреспонденті Маманов өзінің 1967 жылғы бесінші наурызда
«Социалистік Қазақстан» газетінде жарияланған «Кітап оқушысына
ой салса» деген мақаласында романның басты қасиеттеріне тоқта-
ла келіп, «қайсысын айтқанда I. Есенберлиннің бұл еңбегі ғылым
дүниесіндегі тартыстың негізін аңғарарлықтай көркем туындының
алдыңғы қатарынан орын алатын нәрсе»,— деп қорытындылаған бо
латын ойын. Бұл әрине, жұртшылық тарапынан айқындалған пікір.
Өйткені осы романға 1968 жылы Қазақ ССР-нің Абай атындағы сый-
лығының берілуі соның дәлелі болса керек. Келесі роман «Қатерлі
өткел» деп аталады. Бұл да сондай күрделі тақырыпқа жазылған
шығарма. Қазақ жазушылары Қазан төңкерісінің жеңісінен ша
быт алып, буырқанған өмір оқиғаларына белсене араласты. Үнемі
халықпен бірге болып, біте қайнасып солардың арман, мақсат, қатерлі
күй кешу, қиын күрес жолдарын көркем шежіре етіп бейнелеп келді.
Жарқын заман үшін күрескен аяулы ардагерлеріміздің тар жол,
қиямет кешулері де жаңа дәуірдегі жұмысшы мен шаруаның еңбегі
де, ел қорғаған жауынгер ұлдарымыздың қаһарман ерлік істері де,
әдебиетте аз жазылған жоқ. Алайда қалтарыста қалып келе жатқан
немесе жазушыларымыздың қаламына аз ілігіп жүрген тақырыптар
да баршылық еді. Жазушы I. Есенберлиннің сол бұрынғы қаламға көп
іліккен, көбірек бейнелеген өмір оқиғаларына ойысып кетпей, тың да,
қиын тақырыпты таңдап ала отырып, ауыр да, аумақты тақырыпты
ойдағыдай меңгеріп шығу үшін, батыл түрде қалам сермегендігін
көрсететін шығарманың бірі «Қатерлі өткел» романы. Ол «Адасқан
ақын», «Жол үстіндегі сергелдең», «Өмір жемісі» деген үш бөлімнен
тұрады. Жазушы бұл романда сонау аласапыран жылдарда адасқан
кейбір қазақ зиялыларының ауыр жолы, қатерлі өткелмен өту кезеңін
өрнектеген. Дәлірек айтқанда суреткер, ақын тағдырының бұралаң
қатерлі жолын, оның ұлтшылдықтан көпшілдік идеяға өту процесін
қайшылық диалектикасын көрсетеді. Бұл шығарманың ұтымды да,
қызғылықты қасиеті ең алдымен осында деп білеміз. Романда ке-
ңес үкіметінің алғашқы жылдарынан бастап, Отан соғысына дейінгі
үлкен кезең қамтылады. Сол дәуір ішінде еңбекші халыққа бостандық
пен бақыт әперген ұлы күш жаңа құрылыстың қазақ даласында қалай
қалыптасқанын, бұл ғажайып өзгерісті ұлттық, ақын жазушылардың
қалай қабылдағанын бейнелеуді мақсат еткен. Осы идеяны негізгі арна
Шығармашылық портрет
ете отырып, автор қазақ зиялыларының басынан өткен бұрылысы мен
бұлтарысы көп қиын кезең оқиғаларын, романның сюжеттік арқауы
етіп алған. Біз «Қатерлі өткелден» тағдырлары тар жол, тайғақ ке-
шулері дүние танымы, көзқарастары бір-біріне мүлде ұқсамайтын,
әртүрлі қоғамдық ортада туып өскен қазақ зиялыларының тұлғаларын
көреміз. Олардың іс әрекеттерінің дұрыс-бұрыстығы автор тарапы-
нан нұсқап көрсетіліп жатпайды. Ол оқиғалардың табиғи дамуы,
шын-шыл обьективтік ситуациялар үстінде ашылады. Кейіпкерлер
тағдыры тарихи жағдайға сәйкестіріліп беріледі. Ол кезде жеке
адамдардың білімі, ақыл-адамгершілік қасиеттері өмір шындығымен
үйлесетін, не үйлеспейтіндігімен ғана өлшенетін. Егер кімде-кім за
ман ағысына қарсы келсе Аплатондай ақыл-есі болса да жеңіледі.
Міне, заман шындығы осы еді. Бұл тұрғыдан қарағанда роман өз
заманының тынысын алған. Автордың осы тақырыпты сездіре оты
рып әдебиетіміздегі қосқан үлесі, жаңалығы туралы бізде бұл кезге
дейін буржуазияшыл, ұлтшыл идиологтар жайында жазыла қалса,
көбінше бір ғана қара бояумен боялып өтетін. Олардың психология
сы шын терең аңсарлы қамтылмай, үстірт үкім шығарумен тынатын.
Құлаққа сіңісті, оқып көз үйренген осы салтқа I. Есенберлин түзету
жасаған. Aтап айтқанда oл ұлтшыл деген сөздің тасасында халқын
сүйген нағыз патриот азаматтар қалып қоятынын көрсете алған деп
сыншы Р. Бердібаев өте дұрыс пікір айтты. Сыншының ұлтшыл де
ген сөздің тасасында қалып келе жатқан нағыз азамат деп отырғаны
қазақ ақыны Күнтуаров еді. Енді I. Есенберлин әдеби творчестволық
бейнесі жайлы Рахманқұл Бердібаевтың лебізін өз аузынан тыңдайық:
— Әдебиетіміздің қазіргі кездегі дамуына елеулі үлес қосып келе
жатқан жазушыларымыздың бірі I. Есенберлин. Оның творчествосы
он-он бес жылда айрықша оқушылардың назарына ілінді. Көптеген
шығармалары жұршылықтан жақсы баға алды. Атап айтқанда I. Есен
берлин роман жанрының жетіле түсуіне, дамуына жақсы еңбек сіңіріп
келе жатыр. Соңғы оншақты жылдың ішінде жазушының қаламынан
алты-жеті романның тууының өзі, оның творчестволық белсенділі-
гін байқатса керек. Творчестволық белсенділік деген ол жазушының
өмірді терең зерттеуіне, дүниетанымының анықтығына, дарынның
молдығына байланысты мәселе. Атап айтқанда екі тақырып бойынша,
екі сала бойынша Ілекең романдар жазып келе жатыр. Қазіргі заман
тақырыбын өндіріп жазып жүрген жазушымыздың бірі сол. Айталық
«Айқас», «Қатерлі өткел», «Ғашықтар», «Алтын құс», «Көлеңкеңмен
қорғай жүр» сияқты романдарының әрқайсысы үлкен проблема кө-
тереді. Мұнда қызықты оқиғалар жанды, жарқын мінездер көрініп
отырады. Мұның әрқайсысы туралы да көп уақыт сөйлеуге бола
І. Есенберлин
ды. Өйткені мұның бұл романының қай-қайсысының да келтірген
жаңалығы аз емес. Сонымен қатар мына тарихи тақырыпты меңгеру
жөнінде I. Есенберлиннің еңбегі аса елеулі. Осы уақытқа дейінгі біздің
қазақ романдары көп дегенде XIX ғасырдың ғана оқиғасын қамтып
келді. Я, болмаса содан бергі уақытты. Ал одан ілгері уақытты, көне
дәуір оқиғаларын қамтыған шығармалар бізде санаулы десек те бола
ды. Сол жөнінде бұл өзі жаңалық ашып, көп қызғылықты шығармалар
берген жазушымыз. Осы І. Есенберлиннің «Алмас қылыш», «Жан
талас», «Қаһар» деп аталған трилогиясы бұл айтқанымызға жарқын
мысал. Бұл үш романында қазақ халқы өмірінің XV-XIX ғасыр ара-
лығындағы оқиғалары, дамудың тенденциялары, халықтың басына
түскен ауырпалықтар, қиындықтар, көштер, ықыластар, өштіктер та
рихы айтылады. Мұнда небір халық арасынан шыққан батырлардың,
жыраулардың, үлкен мемлекет қайраткерлерінің қызғылықты образда
ры бар. Бұл шығарманың қай-қайсысында жазушы философиялық биік
дүниетаным тұрғысынан қарай отырып, біздің заманымызға керекті
оқиғаларын, осы заманмен үндес келетін қазіргі оқушыларымызға
тәрбие бере алатын, халықтың санасын арттыратын оқиғалар мен си
туацияларды іріктеп алады. Көп-көп қиын оқиғалардан соғыстардан
кейін, анталаған жаулардың шабуылынан кейін халқының ақы-рында
ел болып сақталғанын көрсетеді.
Қазақстанда Кеңес үкіметі орнағаннан кейін де ұлтшылдық са
рындар болып келгені мәлім. Аталған «Қатерлі өткел» романындағы
Тәкежан ауылының жігіттері бірлесіп, Отан жұмысында жеңіске
жетеді. Бұл ауылдың жігіттерімен Бүркіт те майданда жеңіс үстінде
кездеседі. Сөйтіп Бүркіт ең бірінші рет түбегейлі өз үйірін табады.
Сонымен романның бас кейіпкері Бүркіттің тағдыры мағыналы
ғибратты тағдыр, оның бейнесі әдебиетімізде жаңа дейміз. Романдағы
Бүркітпен сабақтас кейіпкер Қасен. Бұл да ақын, бірақ мұның өмір
жолы Бүркіттен өзгеше. Заманымен әні қосылған еңбекші қауымы
мүддесін о баста ашық, батыл қостап шыққан, жаңа әдебиеттің жа
лынды қайраткері. Жазушының өз тілімен айтсақ Қасен қазақ жеріне
келген жаңа өмірді құшағын жая қарсы алған ақын. Бұның жырын да
жаңа ырғақ, жаңа тақырып мол. Өлеңі заман лебіндей жалынды
біркелкі күшті, өжет, өткір келеді. Сонымен қатар Қасен үлкен
адамгершілік иесі де. Ол Бүркіт сынды досының болашағы үшін
қатты ойланып, көп әрекет жасайды. Бүркіттің басына қауіпті күндер
туғанда, жәрдем қолын созады. Оның болашағына сенеді, тәрбиелейді.
Бүркіттің талантын аялап, оны тағдырдың тәлкегіне айналдырушы
Қаражан мен Әкбар сияқтылардан қорғайды. Осындай адалдығы мен
күрескерлігімен, өнегелі ісімен Бүркітке ықпал етеді. Оны өз жағына
Шығармашылық портрет
тартады. Халқына деген сүйіспеншілік, Отан мүддесі үшін қажыр-
қайрат жұмсауға, күреске шығуға даярлық, осы екі ақынды іштей
жақындаттырады. Осы достық Бүркітті қатерлі өткелден аман өтуге
болысады. Романда жазушы Қасен обрызына Бүркіт сияқты егжей-
тегжейлі тоқталып жатпайды. Алайда бұл тұлғаның жалпы салмағы
кем түспейді. Сонымен Қасен өз заманының ең жақсы қасиеттерін
бойына жинақтаған, оқушы қауымға замана жүрегінің дүрсілін
тыңдатарлық жанды да, бүтін тұлға Қаншайым мен Қасеннің қарым-
қатынасы да нанымды берілген. Қаншайым табан астында елінен,
жерінен айырылу қауіпі басына төнгенде шұғыл шешімге келіп,
Қасенді паналап соның жағына шығады. Бір кездегі Қасеннің өзіне
деген жылы көзқарасын аңғарып қалып, оны бес жыл бойы жадында
сақтап жүруінің өзі де, Қаншайымның өмірге жеңіл қарамайтындығын
аңғартқандай. Басқа уақытта емес, әкесі Қытайға қашқан Қасенге ке
луі де, Қаншайымның бетіне кір келтірмесе керек. Әкесі Қарымсақтың
қанжығасында кете бармай елі-жері үшін әкеден айырылысуы да осы
кейіпкердің адамгершілік қасиетін аша түсіп тұр деп білеміз. Айта
кететін бір жай, жазушы Қаншайым образын жасауда өмір мате
риалының сирек кездесіп, оқыс шешім табатын жерін алып суреттеу
ге де, оқушымды иландыра аламын деген сеніммен барған. Және сол
мәреге жеткен де. Мұның дәлелі Қаншайым Қасенді өзі іздеп келіп
қосылуын, ақылға сиымды етіп бере білуінде. Бұлай деуге бірқанша
дәлеліміз бар. Жазушы екеуін қосудан бұрын бір көрністі әдейі сурет
теп алады. Ол Қарымсақтың тоқалы Маржанның есігіндегі малайы
Матаммен кетіп қалу. Осы арқылы әрбір адамға өзінше желік беріп
отырған заман ағымы аңғарылады. Осындай адамдарға идеялық
толғаныс тудырып іштей тәрбиелеп, жетілдіріп жатқан, минуты жыл
ға тең оқиғаларға толы заманда адамда тез шешімділіктің де, тәуе
келдіктің де болуы мүмкін. Міне, бұл Қаншайымның Қасенге өз
еркімен келуінің бірінші мүмкіндігі. Екіншіден, Қасен халықтың қа
менді ақыны. Осындай жұрт мақтаған жігітті Қаншайымның
жақтауы да заңды. Үшіншіден, Қасен санақ жүргізгелі Қарымсақ ау
ылына барғанда бірін-бірі іштей бағалап, танысып қойған. Төртін
ден Қаншайым ер мінезді сұлу қыз. Мұның бәрі Қасен мен
Қаншайымның күтпеген жерден көңіл қосуының логикасы. Жазу
ның бұл тұстағы табысы да осында. Шығармаға арқау болып, оның
идеялық құндылығын, желісін нығайта түсетін бір тақырып халықтар
достығы. Бұдан соң жазушының «Ғашықтар» романы жазылды. Әри
не, махаббат мәселесі көркемөнер мен әдебиеттің ежелгі тақырып
тарының бірі. Ол әсіресе әдебиеттен кең түрде орын алып, ең жақсы
туын
дыларға өлмес, өшпес жан бітіріп, ғасырлар асқарынан асы
І. Есенберлин
кел
гені дүние жүзі әдебиеті тарихынан мәлім. Махаббат қазақ әдебие
нен де өзінің табиғи, тарихи орнын алып келеді. Жазушы І. Есен
берлин
нің «Ғашықтар» романы да міне, сол ескі заманнан жырланып
келе жатқан дәстүрлі тақырыпқа арналған. Алайда «Ғашықтар
ерекшелігі тақырыбында ғана емес, оны қалай шешуінде бұл ежелгі
тақырыптың өзіне осы замандық қасиеттердің сіңірілуінде. Романда
бүгінгі жастардың жалынды, адал қасиеттері, моральдық адам
гершіліктері баяндалады. Бүгінде де шын сүюдің, нағыз махаб
баттың
болатынын дәлелдейді. Шығармадағы осы идеяны шындыққа
шығаратын осы лейтмотив ретінде Қаракөз бен Асығат өмірі жайын
дағы әңгіме алынған. Сөйтіп махаббат мәселесі туындының негізгі
арқауы болған және ол қазақ әдебиетінде бұрын жазылып жүрген са
рындардан өзгеше шешім тапқан. Бұдан жарық көрген кейбір туын
дыларда махаббат екі немесе үш адамның әлеуметтік өмірдегі тарты
лысынан, не өндірістегі қайшылықтарды мінез-құлыққа, сезімге
шендестіруден туындайды. Ал «Ғашықтарда» махаббат мәселесі
психологиялық тұрғыдан тікелей шешіледі. Романның кейіпкерлері
кілең интелектуалды адамдар. Бәрі де өнер қуады, сұлулықты сүйеді.
Олардың барлығы да өмірге өз мамандығы тұрғысынан қарайды.
Романның басты кейіпкері Жантас суретші. Ол айналасындағы өмір
құбылыстарына суретшілік көзбен үңіледі. Автордың алға қойған
мақсатын ойдағыдай орындауда Жантас образы осы қырымен көп
септігін тигізген. Жазушы сөйлем құру, ой түйіндей прозалық мәнері
алдыңғы романдарынан мүлдем өзгеше. Мұнда авторлық ремарк жоқ,
оның айтар ойы мен пікірі бас кейіпкер Жантаспен бірлесіп кеткен.
Романдағы оқиғаладың тоғысар торабы Жантас дедік. Оның образы
шығарманың басынан аяғына дейінгі аралықта күрделеніп даралана
түседі. Хируг Шерубай, құрлысшы Аяужан, мәнекенші қыздар
Ұлбосын мен Үміт, суретші Базаркүл мен мансапқор Әбілқас, сатушы
әйел Зүлфия тағы да басқа кейіпкерлердің әрқайсысының өзіне тән
көзқарасы, дүниетанымы, пәлсапасы бәрі-бәрі Жантаспен байланыс
ты өрбиді. Жантас Ленинградтың Репин атындағы сурет институтын
да оқып, мүсінші мамандығын алып, Мыстауға жұмысқа келгем жас,
жалқы жігіт. Нәзік сезімді, өнерлі, дарынды мүсінші дүние жүзіндегі
атақты мүсіншілердің салған мүсіндерінен үлгі алып, оның жан
тебірентер сұлу да, құдіретті жақтарын өз творчествосында бейнелеуді
армандайды. Осы жолда талмай, тынбай еңбек етеді. Білімді жас
француз мүсіншісі Августраденнің «Мәңгі көктем», «Ақын мен муза
сы», Аристет Морельдің «Түрегеліп тұрған әйел», Релебайдтың «Да
найы», Пиккасоның «Адамның күлдіргі сыйлық
тары» аталатын
графикалық суреттеріндегі әдемілікті, сұлулықты осыларша сезініп
Шығармашылық портрет
бағалауға талпынады. Сол өнер жұлдыздарынан қажымай үйренеді.
Өзі де сондай керемет өнер туындысын жасауды армандайды. Туған
халқының атамұрасын, сұлу мүсінін, таза махаббат сезімін қара тасқа
қашап қалдырғысы келеді. Асанқайғы, Қорқыттың мүсіндерін аңыз,
әңгімелер арқылы ғана білген кейінгі ұрпаққа жасап қалдырмақ бо
луы, оның осындай арманынан туған ізгі ниет. Ол маңайындағы
қыздарға да сұлулық іздеген суретшілік көзбен қарайды. Ұлбосын
секілді сұлу қыздардың мүсінінен қанаттанған Жантас, Иса
Байзақовтың «Құралай сұлу дастаны» бойынша, «Жолбарыс талаған
сұлу» композициясын жасауға кіріседі. Көлде жүзіп жүрген аққу
секілді дәрменсіз жас Құралай, аямас тағдыр тәрізді жолбарыс,
әділеттілік пен озбырлық, өмір мен ажал арпалысы композицияның
суретін құрайды. Сөйтіп Жантас үлкен пәлсапалық ой, алып тартыс
мағынасын бере алатын туындының авторы болып шығады. Мұның
өзі бір жағынан автордың көп оқып, көп білетін ізденгіштігін көрсетсе,
екінші жағынан шығарманың өмір танытқыштық қуатын арттырып
тұр. Және бұл тәрізділер романға табиғи сіңісіп, өз орнын алып жым
дасып кеткен. Оқиғадан оқшау тұрған ештеңе байқалмайды. Романда
Жантастың өнері, ой-сезімі, махаббат сезіміне бағындырылып
берілген. Оны Аяужанға деген аяулы махаббатынан, Ұлбосынға
арналған отты сезімінен және Үмітпен арадағы сырбаз байланысынан
көруге болады. Махаббаттың құны қуанышында емес, қайғысында.
Қуанышына кімде болса мәз бола алады, ал қайғысын көтере алса,
сонда ғана махаббатты шын бағалай білгені. Міне, бұл Жантастың
махаббат жайлы түсінігі. Сол себепті Жантасқа Аяужансыз өмір тұл,
қайткен күнде де Аяужан алдында ауыр сыннан, ғашықтық сыннан
өту керек. Өтті де, өйткені ол Ұлбосынды жай ғана жақсы көргенімен,
Аяужанға деген махаббаты нағыз махаббат болатын. Керсінше Шеру
бай Ұлбосынға ғашық, Жантас Ұлбосынның мүсінін сыйлаған кезде
оның ерекше қуануы осыдан. Ал бұл мүсін Жантас үшін өнер туын
дысы ғана. Сондықтан ол өзін Шерубай алдында кінәлі санамайтын.
Қорыта айтқанда жазушы Жантас образы арқылы бүгінгі өскен ұрпақ
бейнесін өзгеше жаңа қырынан танытады. Ұлбосынды да қазақ
әдебиетіндегі әйелдер образының жаңа бір көрнісі дер едік. Ол өзіне
дейінгі қазақ прозасында жасалған қыздар бейнесінің ешқайсысына
ұқсамайды. Автордың бұл образы жайлы Ремаркен, Ұлбосын болса
шілденің ыстық желіндей, жалынымен өзін де, сені де күйдіруге
құмар жан деп түйеді. Ұлбосын өмірді сүйеді. Жантас пен екеуінің
арасындағы қарым-қатынас қысқа болғанымен де, оны бір күндік деп
қарамайды. Өмірде көрген ең оңды қызығым деп біледі. Сол үшін жа
нып кетуге бар. Оның Жантасқа жазған хаты романының әсерлі
І. Есенберлин
беттері, оның өлімі де адамға жаман әсер қалдырмайды. Қайта,
қайсарлықты, рухани беріктікті байқатады. Шерубай бойындағы
білімі мен дарынын халық пайдасына жарата алған, бірақ үй-іші
тірлігінен жолы болмай жүрген, жеке басының күйініші мол трагеди
ялы образ. Оның романда көрінетін бүкіл өмірі бізді Ұлбосын
қабірінің басында, белі бүкірейіп жалғыз отырған Шерубайға бастап
келетін жол тәрізді. Профессордың өлімі қаншалықты ауыр, аянышты
болғанымен, жалпы адам баласына жақсылық жасау ниетінен
жаңылдыра алмайды. Ұлбосын жайында Жантасты көрместей болып
кетсе де, оның әйелін ажалдан арашалап қатарға қосады. Автор орта
мызда жүрген осындай ізгі ниетті жандарды, Шерубай образы арқылы
бекіте, орнықтыра түсуді ойлаған. Романда Аяужан, Алтынай, Асыл
хан, Кәріпжан сияқты еңбекші жастардың адалдығы, достығы
әлеуметтік ісіне берілгендігі, жаңа моральдық қасиеттері нанымды
да, жарқын суреттелген. Романда Жантас тұлғасын толықтыра түсу
үшін жасалған мәнекенші қыз Үміт пен сатушы Зульфияның бейнелері
де өмірден алынғандығымен есте қалады. Ал өзінен жоғарылардың
алдында басы жерге тигенше иілетін, дәрежесі төмендердің алдында
мардымсып, паңданып көрінетін Әбілқас, сатиралық планда алынған
образ. Өзінің бастығы Айсұлу Бейсенованы асқан оқымысты деп та
ныстырып, құрметіне тост көтеріп зыр жүгіреді де, орнынан түскен
кезде сырт айналады. Өзінің туған қайын ағасы Жантасқа жолдас деп
сөйлеседі. Інісін беделді қызметкердің қызына үйлендіру арқылы,
өзіне пайда түсіргісі келеді. Егер тілін алса әйелі Базаркүлге де халық
суретшісі атағын алып беруге дайын. Әбілқас Жантасқа қарама-қарсы
алынған образ. Екеуінің махаббат жайындағы түсінігі кереғарлық
романдағы көте
рілген идеяның ашылуына тікелей септігін тигізеді.
Жазушының әбден сарқайрақталған кезінде жазылған романда-
рының бірі «Алтын құс». Мұнда бір кеншінің жиырма-отыз жыл
ішінде бастан өткерген қилы-қилы өмір хикаясын баяндайды. Кен-
шіміз Социалистік Еңбек Ері – Сабыр. Ол жұмысшы, ол біздің за
мандасымыз. Роман оқиғасы кенеттен ауруханаға түскен Сабырдың
өткенін еске алу, соны қорытындылау, соларын өзгелерге айтып
беру тәсілімен берілген. Сабыр өмірден көргені, көкейге түйгені көп
ойлы адам. Жазушы сонау бір қырқыншы жылдардан осыған дейінгі
уақыттың қатпар-қатпар сырына сол ойлы адамның көзімен қарайды.
Сөйтіп оның философиясын жасайды. Сабырдың Ақбаян жөнінде
келген қорытындысы міне, осының дәлелі.
Сабыр өмірдің әліппесін жұмысшылықтан ашқан жан. Дүниеде
жұмысшылықтан артық асыл қасиет бар деп ойланбайды. Сондықтан
да ол атақ пен даңқ үшін, ақша үшін, қара бастың қамы үшін ойла
Шығармашылық портрет
нып көрген пенде емес. Ұлы Отан соғысынан кейін, тағы өзінің
сүйікті мамандығы бойынша кенші болып жұмыс істеді. Ақыры өз
бақытын осыдан табады. Жұмысшының өнегелі өмірін жасайды.
Ақбаян сұлулықтың символы. Ту баста періштедей пәк жан, дәл қазір
азғындыққа салынған адам. Ал оның айналасындағылар алғашқы
сүйген жігіті Сабыр, туған ағасы Садық, бұлардың жолдастары Қай-
сар, Мысқазған руднигінің парторгі Темірбек бәрі де өз халқының
патриоттары, үлкен жүректі азаматтар. Ендеше Ақбаянның трагедия
сы неде? Бұған Ақбаянның өз қарекеті жауап болар. Жазушының
көптеген шығармаларына редактор ретінде етене жақын адамның бірі
жазушы Қабдеш Жұмаділов. Біз енді Ілекең жайындағы Жұмаділов-
— I. Есенберлин қазақ прозасында соңғы жылдарында ең өнімді
еңбек етіп келе жатқандардың бірі. Есенберлин соңғы он жыл ша
масында оқушы қауымға сегіз роман ұсынды. Бұл былай қарағанда
көп те секілді. Әсілі өнерде көркем шығарманың, бағасы санмен
өлшенбейді, сапамен өлшенеді. Ал талантты жазушы көп жазатын
болса, сапалы жазатын болса қашанда нұр үстіне нұр. Мен жазушы
ретінде I. Есенберлиннің көптеген шығармаларының жазылу, жарық
көру жағдайымен таныспын. Есенберлин тарихи тақырыпқа «Алмас
қылыш», «Жанталас», «Қаһар» романдарын жазу арқылы біздің қазақ
тарихына сонау XV ғасырдан бүгінге дейін үлкен алтын желі жасап
шыққаны жұртқа аян. Оны мен айтып жатпасам да түсінікті. Біреулер-
ге I. Есенберлин жалпы тарихи романдар жазу арқылы табысқа жет
кен жазушы ретінде көрінеді. Ал ол үш романды былай бөлек алып
қойғанның өзінде Есенберлиннің біздің дәуірге арнап жазған шығар-
маларының өзі де жеткілікті. Басқаны айтпаған күннің өзінде оған,
«мемлекеттік сыйлық» кеңес өміріне арналып жазылған «Айқас» ро
маны үшін берілген. Ілекеңнің кітаптары көптеген шет тілдерге ауда
рылып жатыр. КСРО халықтарының ондаған тіліне аударылды. Бұл
жайдан-жай емес, жазушының үлкен көркемдік, идеялық жетістігіне
— Ойымызды жинақтай келіп айтарымыз әдебиетке біраз ұқ-
сатып шығару үшін қолында үлкен оқиға болуы шарт деп Генри
Джеймс айтқандай қайсы романын жазғанда болмасын, жазушының
қолында үлкен оқиға, күрделі өмір материалы болғаны оқушыларға
айдан анық. Сіздердің тыңдағандарыңыз Қазақ ССР Мемлекеттік
сыйлығының лауреаты, көрнекті жазушы I. Есенберлиннің творче
ствосына арналған хабар.
І. Есенберлин
Жазушы Ілияс Есенберлинмен кездесу
(хабарды жүргізуші
ұлтан Оразалинов)
Жазушы I. Есенберлин міне, қаншама жылдардан бері ақ қағаз-
бен бетпе-бет келіп ой кешіп, тарихтың терең қойнауларына үңіліп, өз
халқының тірлік соқпақтарын қиял көзімен шарлау әрекетінен бірде-
бір толас тапқан емес. Күндегі тірлігі осы. Ал көңіл қошы келіп, сыл
дырап өңкей келісім тас бұлақтың суындай тасқындаған шақта күнді
күнге, танды таңға қосып, осынау оңаша бөлмеде тынымсыз еңбек
ететін сәттері де жиі кездеседі. Сондай шабытты шақтарда сөзден су
рет салып сан түрлі адам тағдырларын, халық тарихын, махаббат пен
ладауаттың сәттерін баяндайтын көркем хикаялар дүниеге келеді. Жа
зушы осымен де тынып қалмайды. Тағы да өз еркімен шетсіз-шексіз
ой мұхитындағы азапты сапарға аттанып, бүгінгі болмыстан да,
өткен күндер шежіресінен де шығармасына нәр боларлық, қиялына
қанат бітіретін азық іздейді. Оны табуда да, тапқан олжаңды көркем
сөзбен кестелеп жазу да оңай іс емес. Егер қазақ әдебиетінің соңғы
он бес жылдық тарихын шолып қарасақ, I. Есенберлин туындыла
ры осы дәуірдегі ірі құбылыстың бірі екені даусыз. Ол өзінің тари
хи романдар сериясы арқылы әдебиетімізге тың арна әкеліп қосты.
Бүгінгі заманның өзекті мәселелерін қозғайтын туындылары да
оқырман жұртты бейтарап қалдырған жоқ. Оның басты себебі: жа
зушы қай дәуірді, қай кезеңді қамтыса да оқырман ойын қозғайтын
актуальді проблеманы таңдап алып, оны бүгінгі биіктен көркемдік
қуатпен шешіп бере алатындығында жатса керек. Халқымыздың әлі
де қаймағы бұзылмай тұрған ұланғайыр мол тарихының небір шы
тырман оқиғаларын алмағайып терең зерттеп, көркем шежіреге ай
налдыруда жазушы ерлігі мен ұзақ жылғы табанды еңбегінің жемісі.
Бұл шығармалар әртүрлі пікір талабын тудырғанмен қазақ қауымына,
бүкіл кеңес кеңестігі оқырманына халқымыздың өткен тарихынан
мол мағлұмат беретін көркемдік шығарма екені даусыз. Бізді қазақ
әдебиетінің роман жанырын сан жағынан да, сапа жағанын да байыт
қан қарымды суреткердің ой толғаныстары, творчестволық лаборато
риясы қызықтырады. Сондықтан да I. Есенберлинмен жолығып пікір
лескен едік. Енді соған құлақ түрейік:
С. О. — Ілияс аға, Алатаудың осынау бір әсем сай астында тұр-
ғанда менің есіме сіздің көптеген шығармаларыңыздағы суреттел-
ген қазақ даласының тамаша табиғат бейнелері елестейді. Егер сіздің
бүкіл творчествоңызды тұтастай алып шолсақ, өзіңіз жазған он беске
жуық романдардың ішіндегі өмір дүние суреттері, адамдар тағдыры
бір ұланғайыр көш деп теңейтін болсақ, сол көш Сары Арқанын,
Шығармашылық портрет
кенезесі кепкен шөлдерінен де, Маңғыстаудың мидай жазық дала
сыменен де, Ертістің асау толқындарынан да, осынау мінекей қазір
өзіміз бауырында тұрған Алатаудың асқар шыңдарының басын бұлт
буған сан қилы кезеңдерінен де өтеді ғой. Заманалар көшеді, небір
қауымдар өзгереді. Сонымен қоса біздің мына ұлан-ғайыр қазақ да
ласы табиғатының сыртқы бояуы да өзгеріп жатады. Менің бұл жер
де сізден сұрайын деп отырғаным, өзіңіз көп суреттеген адам менен
табиғат арасындағы байланыс. Сіз суреткер ретінде осыны қалай бей
нелеуге тырыстыңыз? Адам мен табиғат арасындағы байланыс тура
I. Е. — Адам мен табиғат арасының байланысы, менің көкей-
тесті мәселемді қозғап отырсың. Бұл жақсы көретін тақырыбым. Со
нау шығыс даласының тау өзені сарқыраған, шыршасы иінтірескен
бөктерлерін жазғанда, не болмаса күз бола бар қазынасы мамырла-
ған қамысты-шөлді Қорғалжың көлін, әйтпесе сонау сұрқай тартқан
Сырдария өлкесін суреттегенде, мен оның тек жалаң бейнесін ғана
суреттемеймін. Табиғат пен адам дүниеге келгенінен жаратылысынан
мал бағып, аң аулап, ұзақ-ұзақ жолдарға көшкен қазақ сықылды елге
өте бір маңызы бар дүние. Былайша айтқанда өмір деген өзеннің адам
мен табиғат екі жағасы төрізді. Сондықтан да көне заманда да, бертін
келе де қазақ сияқты көшпелі ел санасында табиғат өте ұлт санасынан
үлкен орын алған. Егер Махамбеттің:
Қара лашын, ақ тұйғын талда болар ұясы,
Талдың басын жел соқса, қайғыда болар анасы.
Аспандағы бозторғай бозаңда болар ұясы.
Боздық түбін су алса, қайғыда болар анасы —
деген сөзіне қарағанда, Махамбетке табиғаттың жан-күйіне қаншалық
әсер еткенін көреміз. Кешегі өткен атақты Мәди:
«Атыңнан айналайын Қарқаралы
Сенен бұлт менен қайғы тарқамады»—
деген сөзіне құлақ қойсаңдар, бұл қазақ еліне қаншалық әсер, қан-
шалық жан-күйін қозғаған дүние екенін көреміз. Сондықтан мен
өзім сонау Көкшетаудың, Ұлытаудың ортасындағы қазақтың ең шұ-
райлы жерінің бірі Есіл өзенінің бойында тудым. Жасымнан таби-
ғатты жақсы көрдім. Сол табиғаттың адам баласына қаншалықты
әсерін тигізетіндігі көңіл-күйіне, іштегі сезіміне қаншалық ықпал
жүргізетіндігін білгендіктен мен романдарымда әр кейіпкерімді сол
табиғатпен байланысты екенін көрсетіп отырғым келді. Және мен
өзіміздің қазақ өлкесін көп аралаған адаммын. Оның жерін, суын,
елін, кейбір сай-сала, бұдырына дейін білемін. Ал білмейтіндерімді
І. Есенберлин
романымның уақиғасына байланысты жұрттан сұрап, қандай өсімдік,
қандай су ағады, малға қандай, елге қандай жақсылығы барлығын,
елімізге әсері болғандықтан, құр ғана сырт бейнелі сурет емес, іштей
жан-күйіне, жан-сезіміне әсер беретіндіктен жақсылап жазуға тыры
сып келдім.
С. О. — Ілияс аға мына жалпы көркемдік жинақтаудың өзі жа-
зушының өмірлік тәжірибесіне тікелей байланысты деп айтып жүр
осы күнгі сыншыларымыз. Міне, осы тұрғысынан алғанда сіздің өмі-
ріңіз бен творчестволық келбетіңіз қалай қалыптасты?
I. Е. — Бұл өзі адамның жанын тебірентетін сұрақ. Мен қазір ал
пыс беске келдім. Бірақ осы жасымда мың жылдық өмір сүрген секілді
боп сез
інемін. Өйткені менің басымнан өте саналуан өмір өтті. Көп
адамдармен кездестім. Мұхаң марқұмның тілімен айтқанда: «өмір өңі
анадай, тасқа оны түйіп бер»,— деген кезеңдерден де өттім. Соғыста
да болдым, жасымнан жетім болып жетімдер үйінде де өстім. Тау-
кен институтын бітірдім, далада жұмыс істедім, қалада қызмет еттім.
Осының бәрінің менің өміріме үлкен әсері тиді. Әдебиетші болып,
оның ресми институттарын бітірмегеніммен жасымнан сол әдебиетке
құмарлығым ерте оянды. Кішкентай кезімде сол жетімдер үйінде
жүргенде қабырға газетіне өлең жазып, бертін келе соғыстан кейін,
сол әдебиетке шын жүрегіммен, шын ынтаммен берілдім. Менің
әдебиетші болуыма, әдебиеттің кейбір тақырыбын өзімнің ойымша
меңгеруіме себеп болған менің өмірім. Он жылдай киностудияда ре
дактор болып істедім. Сол редактор болып жүрген кезімде көркем
дің, әдебиеттің сюжетін құру керек болды. Осының мектебінен
өттім. Сол секілді әдебиет баспасында жеті-сегіз жыл редактор болып
істедім. Бұл да маған, өзімнің болашақ мамандығыма, жаным сүйген
әдебиетке белсене кірісуіме себеп болды. Онымен қатар тау-кен ин
ститутын бітіргендіктен көптеген өндіріс адамдарымен олардың кей-
бір өндірісте болған уақиғалармен танысып жүрдім. Өмірде өткен
мектебім әр түрлі болғандықтан, қилы-қилы кезеңдерден өткендіктен,
оның ішінде жаманынан жақсысы көп болғандықтан осының бәрі
менің әдебиетке келуіме, әдебиетте өз тақырыбымды табуыма себеп
кер болды.
С. О. — Ілияс аға сіздің шығармаларыңыздың ішіндегі ең шоқ-
тықтысы да, халқымызға мол тарап, кеңінен мәлім болып отырғаны
да ол «Көшпенділер» атты трилогия ғой. Бұл біздің халқымыздың
көп ғасырлық тарихын қамтыған аса кесек туынды. Қазір оқырман
ел арасында барынша кең тарап кеткен сіздің ең үлкен сүбелі ең-
бектеріңіздің бірі. Міне, осы шығарманың төңірегінде сын таразы,
оқушылар тарапынан да талай айтыстар, пікірталастар болып жатты.
Менің сұрайын дегенім,осындағы тарихи дерекпенен (негізінен тари
Шығармашылық портрет
хи дерек қой) сіздің оған қосқан көркемдік қиялыңыздың қатынасы
қандай дәрежеде болды. Яғни, жаңағы тарихи деректермен сіздің ой
дан қосқаныңыздың шамасы, арақатынасы қандай болды?
I. Е. — Мынау қазақ өзі батыс пен шығыстың түйіскен жерінде
атам заманнан, ежелден келе жатқан халық. Бұл бір жақтан көшіп кел
ген халық емес, сонау қыпшақ заманынан, сақ заманынан осы жерде
тұрып келген ел. Біз кеңес одағының жеті бөлек жерін игеріп отырмыз.
Ал біз сан жағынан қараған уақытта көне заманда да осы күнгі са
нымыздан бәлендей артық болған емеспіз. Соған қарамай осыншама
жерді алып отырған елдің тарихы өте қызық тарих. Осыншама жерді
алуда батысында да жау аз болған жоқ, оңтүстігінде де. Шығысында
мынау Қытай айдаһары жатыр. Олардың әрқайсысы бізге үңіле қарап,
осы жерді мен қоныс етсем бе деген елдер. Соның бәріне берілмей ат
жалын тартып мінгенінен қолына найза ұстап, батыр берген елдің та
рихы мені қашанда бала жастан құмарттырып жүрді. Жалпы алғанда
ойдан шығарылатын кейіпкерлер аз болды.
Ол кейіпкерлерден «Қаһарда» Есіркеген бар. Есіркеген сондай
қазақтың мына орыс еліменен қолтықтасуына, екеуінің мәдениеті-
нің бір болуына, қол созған адам. Дәл Есіркеген болған жоқ, бірақ
Есіркеген секілді қазақтың сол уақытта Орынбор, Омбы корпуста
рында оқыған жастары көп болды. Оншақты адамның атын білем,
солардың бейнелерін бірге алдым, содан туды. Солардан жинақтап
жаздым. Жалпы мен шындықтан алыс кетпеймін. Былай тарихи роман
да сюжетті, болған уақиғаны шиеленістіруге, бірен-саран алынбаса,
негізінде мен болған адамдарды алдым. Сол «Қаһарда» мысалы, бес-
алты адам, «Алмас қылышта» да бес-алты адамнан аспайды. Өйткені
сондай адам болмағанмен де, уақиға сондай адамның болғанын тілеп
отырады.
С. О. — Әңгіме «Көшпенділер» жөнінде болып отырғандықтан,
мен сізден тағы бір нәрсе сұрағым келіп тұр. Осы үш романды тұтас
оқып шыққанда, мысал үшін «Алмас қылыш» пен «Қаһардың»
біраз стильдік көркемдік ерекшеліктері бір-бірінен сәл жазылудағы
алшақтықтары байқалып қалатын сияқты. Міне, осы жөнінде сіз
өзіңіз не айтар едіңіз?
I. Е. — Жалпы менің жеке кітаптарыма жазылған сын көп. Оның
жеке кітаптағы тіл байлығы ма, тіл кемшілігі ме, стилі ме барлығы да
көп талқыланып жүр. Ал бір кітаптан екінші кітаптың айырмашылығы
бар. Өзің айтып кеткен он беске таяп қалған романдарды салысты
рып толық жазған ешкім жоқ. Менің романдарымның әрқайсысының
өзіндік тілі, өзіндік стилі бар. Біріне-бірі жалпы ұқсастығы болмаса
тіл, стиль жөнінде айырмашылықтары көп. Өйткені алған тақырыпта-
І. Есенберлин
рымның өзі әртүрлі. «Көлеңкеңмен қорғай жүр» тың тақырыбы бо
латын болса, онда терминнен бастап адамның, жаратылыстың, бөтен
құбылыстардың барлығы өзге түрде жазылды. Ал жер астындағы
болмыс, мысалы «Алтын құста» шахта өмірі, ондағы кейіпкерлер-
де, өз тілі, өз талқылаулы болды. Стильдік жағынан әр кітабымның
айырмашылығы мол. Жаңағы өзің айтқан «Алмас қылыш» пен
«Қаһардың» айырмашылығы көп жағдайда алшақ жатады. Өйткені
оның мынандай себебі бар. Ең алдыменен бұл үш роман бір трилогия
болып әбден жоспарланып, ойымда жазылған дүние болатын. Мате
риалдары, айғақтары, деректі оқиғалардың барлығы бір жүйеге келген
еді. Содан кейін ойландым: бірінші, екінші кітабым шығып, үшінші
шықпай қалатын болса, маған қиынға түсер деп. Өйткені үшінші кі-
таптағы қозғалатын мәселе бұрын талқыға түскен, талай адамдардың
тағдырында екіұшты орын алған, Кенесары қозғалысы секілді әңгіме
болатын. Сондықтан ең алдымен үшінші кітап шықса екен деп ар
мандадым, тіледім. Өйткені, бірінші мен екінші кітапқа бәлендей
қарсылық бола қоймас деп ойладым. Үшінші кітапта жалаң тарихи
дерек пен тарихи мәселемен ғана шұғылданбай, бұны жұрт оқитын
бірінші тарихи романым болғандықтан, деректен гөрі, айғақтан және
көркемдік жағына, бөтен бір суреттерге көбірек көңіл бөлдім. Оның
жер сипатында, өсімдіктерінде, адам мінез-құлықтарында да көптеген
ерекшеліктері бар. «Алмас қылышта» тікелей деректі уақиғалардан
гөрі, оқуға ыңғайлы болсын, жұрт осыны тартып оқыса екен деген ар
манмен, көркемдік ой жағына да көбірек көңіл бөлдім. Тіл жағына да,
ой жағына да. Сондықтан оны майға бауыр қосып асаттырған секілді,
кейбір қиын мәселелерге аңыз жалпы сурет жағынан келіп осылай бе
руге тырыстым. Әрине, көркемдік жағынан осы үш кітаптың ішінде
«Қаһардың» ерекше болуы мүмкін. Оның стилі де осыдан, кейіпкер
ойынан оқушыға қалай жеткізем деген арманымнан шыққандықтан,
оның «Алмас қылыштан» гөрі айырмашылығы осыдан туындаған.
С. О. — Ал енді классикалық әдебиетке үңілетін болсақ, кө-
біне адамдар тағдырындағы, я болмаса халық өміріндегі тарихи ке-
зеңдердегі ең бір қиян-кескі қиын кезеңдерді суреттеуге көбірек бой
ұрады. Мәселен Лев Толстойдың атақты эпопеясы 1812 жылғы Отан
соғысына арналатын болса, ал «Тынық Дон» романында Михаил Шо
лохов өзінің кейіпкерлерін азамат соғысының от жалынынан өт
ке
реді.
Бұндай құбылыс жалпы қазақ әдебиетінің таңдаулы шығармалары-
ның көбінде баршылық. Ал сіздің шығармаларыңыздың ішінде,
мысалы «Алтын Орда», «Қаһар», «Көшпенділер», «Қатерлі өткел»
сияқты туындыларыңызды осындай кезеңдерге арналған шығармалар
деп ойлаймын. Мінекей осындай бір қиын сәттерде халық тарихында
Шығармашылық портрет
ғы аса бір елеулі кезеңдерді бөліп алғандағы сіздің негізгі жазушылық
мұратыңыз не?
І. Е. — Менің негізгі жазушылық мұратым былай. Қазақ де
ген
халық көп шабылған, көп қиянат көрген халық. Тарихында оның
басынан кешпеген қырғын жоқ. XV ғасырда бір қырылыстан кейін
Тарихи Рашиди жазған бір ханның сөзі бар: «бұдан былай қарай
зақ халқы жоқ»,— деп. Осындай қырғын басынан көп өткен.
Ал сол ха
лық батыс пен шығыстың ортасындағы көпірі секілді
осыншама жерді аман-есен алып қалды. Сондықтан мен сол ба
тыр халқым
ның басынан өткен қилы-қилы кезеңдерін, арманын,
сол уақытта оның қа
лай күрескенін, ел болғанын, өзін-өзі сақтап
қалғанын көрсету негіз
гі мақсатым болды. Заманның қиындығына
қарамай «Көшпенділер» болсын, «Алтын Орда» болсын осыдан
туды. Барлығы да осы ел басынан өткен өмірді бүгінгі күнде су
реттеп беруге тырысқандықтан.
С. О. — «Көшпенділер» үш кітап. Бұның өзі сіздің жазушылық
өміріңізде қанша уақыт алды? Менің сұрап отырғаным, соңғы он бес
жылда осыншама кітап жазылған екен. Ал бұның өзі бір жылда бір
кітап деген әрбір суреткердің қолынан келе беретін нәрсе емес. Бұл
біздің қазақ әдебиетінде өте сирек кездесетін құбылыс. Бұндай жыл-
дам жазу үлкен еңбеккерлік, керемет қасиеттер. Осы шығармалардың
жазылу тарихы жөнінде айтып беріңізші?
I. Е. — Алпыс бесінші жылы «Айқас» романым жарық көрді. Со
дан бері жылына бір кітаптан шығып жатыр. Әрине кейбіреулер ойлай
тын болу керек: «Бұл қалай, қайда жазады, неғып жазып жүр»,— деп.
Шығармаларымның тақырыптарының өзі әртүрлі. Бес-алты рома
ным өндіріс тақырыбы болса, бір-екі романым ауыл еңбеккерлеріне
арналған. Негізгісі тарихи кітаптарым. Сұрағыңа жауап беру үшін, ең
алдымен бір нәрсені түсіндіріп кеткім келеді. Мен алдыменен мате
риал жинаймын. Деректер іздеймін. Айғақты уақиғаларды қараймын.
Халық фольклорына сүйенемін. Жазба бетінде қандай шығармалар
бар, соның барлығын қолым жеткен жерге дейін зерттеймін, оқи-
мын, бірімен-бірін салыстырамын. Осылай дайындаймын. Материал
дайындалғаннан кейін алдыменен ойға салып, бір жыл өте ме, көп жыл
өте ме миыма өзім жазамын. Не туралы болу керек, асыл арманың не
еді осы кітапты жазғанда. Нені көтергің, нені ашып айтқың келеді. Кей
нәрсені ашып айтпасаң да, соған кішкене дүдәмал болсаң да, келесі
ұрпаққа жол салғың келеді. Осындай материалдар бар. Соны терең
деп ізденіп, өзім ақылымның жеткен жеріне дейін жазамын. Ойша жа
замын. Не жазу туралы алдымен білуім керек. Бұл кәдімгі бұрынғы
қазақтың аңызын, ертегісін көп естіген адамдардың, өзінің осындай
І. Есенберлин
бір қасиеті болады. Ал содан кейін жазуға отырамын. Жазуға отырған
уақытымда күн-түн демеймін, бәлен-төлен сағат демеймін, әйтеуір
соны жазып шыққанша соның үстінде боламын. Мысалы «Қаһарды»
мен үш ай жаздым. «Қаһар» жазылған кезде көп жәрдемін, ақылын
берген С. Бақбергенов, Мұхтар Мағауин. Оның алдында ол өзінің
«Қобыз сарыны», «Алдаспан» секілді кітаптарын шығарды. Қабдеш
Жұмаділов. Осы үш адам куә, мен соны үш айда жазғанмын. Өйткені
бірінші бетінен ақырғы бетіне дейін қатынасып отырды. Менің жал
пы кітап жазуым жылдам болады. Өйткені мен жан-тәнімді салып
жазамын. Уақытымның барлығын соған жіберемін. Қандай бөтен
шаруам болсын, бар ойым сол кітапта жүреді. Ал «Көшпенділердің»
жазылуы, ол менің қалам ұстағалы, (1942-ші жылдан) жазып келе
жатырмын десем өтірікші болмаспын. Орталық партия комитетінде
қызмет істеп жүрген кезімде Омбы мен Орынборда болдым. Оның
архивтерінде соғыс кезінде, көптеген материал жинадым. Жаңа,
ескі нәрсе бар ма, қолыма түскеннің барлығын қарап жүрдім. Соны
қорытып, алпысыншы жылдардың басында осы үш кітапты жазам де
ген шешімге келдім. Жазылуы, жөнделуі бар алды үш айда, арты алты
С. О. — Әрине әр жазушының жазу мәнерінің әртүрлілігі аң-
ғарылады. Біреулер көп ойланып келіп жылдам жазса, біреулер ұзақ
жазады. Спринтерлік рекорд әдебиеттің негізгі көрсеткіші емес, оның
басты көрсеткіші меніңше сапа. Осы тұрғыдан алғанда өзіңіздің шы-
ғармаларыңыздың ішінде тағы бір қарап, қайтадан бір жөндесем-ау
деген оқушылардың, сыншылардың талабына сай тағы да бір үстінен
жұмыс істесем дейтіндері бар ма?
І. Е. — Шығарма деген өзі іштен шыққан дүние ғой. Қашанда бол
са соны жазғанда бар жан-тәніңді салып жазасың. Сондықтан құс жет
кен жеріне қонады дегендей, әр жазушы да өзімнің жеткен жерім осы
деп ойлайды. Бұл жазушының ойы. Оқырман қауымның ойы: «мына
жері мынадай болса, мынадай жері былай болса»,— дейді. Олардың
өздері ой түсіреді, ақыл береді. Сондықтан шығарманың барлығы
қанша ойлап жазғанменен, төрт аяғы бірдей тік түскен дүлділ бола
бермейді. Әрине жазушының өзі қанағаттанбайтын еңбектер де бола
ды. Мысалы маған мүмкіншілік болатын болса «Көлеңкеңмен қорғай
жүр», «Аманат» секілді кітаптарымды тағы да бір қарап шығар едім.
Жас келіп қалды, оның барлығы мүмкін емес. 1984-ші жылдары менің
толық шығарма жинағым шығады. Шамам келсе «Көшпенділерде»
кеткен кейбір кемшіліктерді, жылдам айтылған жерлерін, қараймын
ба деген ойым бар.
Шығармашылық портрет
С. О. — Ал енді аға, өзіңіздің жүрегіңізге сонша жақын, сон
шама қымбатты кітаптарыңыздың қайсысын ішінде көп ұнататын
едіңіз. Егерде ондай шығармаңыз бар болатын болса, соның қандай
қасиеттері үшін өзіңіз ерекше жақсы көресіз.
І. Е. — Қай кітапты болса да түн ұйқыңды, күндізгі еңбегіңді
май шын жанынды салып жазғандықтан, олардың бәрі де авторға
бірдей бағалы келеді. Дегенмен қай саусағыңды кессең де жаныңа
бірдей батады ғой. Кейде кітапты орынсыз сынаса ол да жаныңа ба
тып жатады. Жалпы сол жазған кітаптарымның ішінде, өзім алғашқы
романдарымды өте бағалы санаймын. Ол «Айқас», «Қатерлі өткел»,
«Ғашықтар», «Қаһар». Бұл алғашқы кітаптарым. Кейінгі кітаптарым
әбден ақыл-ойың, шеберлігің жетіліп, өз тұғырыңнан қарағанда,
осы менің шыққан шыңым-ау деген кезде жазған «Мұхиттан өткен
қайық», сосын «Алтын Орда» трилогиясы өзге кітаптарымнан
гөрі жеңіл жазылды. Осы алтауын өзім жеке бағалаймын. Оның да
себебі бap. «Айқасты» жақсы көретін себебім ондағы уақиғалар:
адам опасыздығы, өз еңбегіне берілгендігі, кейіпкерлер өзіме таныс
болғандықтан, қойылған мақсат үлкен болғандықтан қарама-қарсы
адамдардың кейіптерін барынша зерттеп, қағаз бетіне түсіргендіктен
және инженерлік тақырып болғандықтан маған ерекше жақын. Өйтке-
ні ол менің бірінші үлкен романым осы еді. «Қатерлі өткел» сонау
біздің кеңес үкіметі орнаған кезде адасқан қазақтың адал ұлдарының
тағдыры еді. Бұл біздің тағдырымыздағы үлкен кезең болатын. Жал
пы қазақ зиялыларының басындағы. Сондықтан бұл кітапты өмірден
алдым. Қазақтың жас жұмысшысы сонау Атысуда краннан құлаған
Асанова сықылды қазақ қызының негізгі бейнесі алынғандықтан,
ол да өзіме жақын суреткерлік мәселелермен көрсеттім. Бүгінгі жас-
тардың махаббаты секілді ұлы армандары қозғалғандықтан оның да
өзі маған біркелкі жақын. «Қаһарды» жақсы көретін себебім оған
басқа кітаптардан гөрі көбірек еңбек сіңірдім. Маңдай терімнің қатты
шыққаны да осы жолы. Бұл өзі халықтың ондаған жыл қан
- төгіс,
қиналған кезеңі болатын. Кенесарының негізгі жолы дұрыс еді ғой.
Ол халықтың жолы емес еді. Сол кезеңді дұрыс суреттедім бе деп
жақсы көремін. Ал «Алтын Орданы» алатын болсақ, бұл қазақтың
дастандары: Шора батыр, Ер Тарғын, Едіге — осылардың барлығы
өмір сүрген сонау көшпенділерден өткен заман. Ал бұл заманның
өзінде де толып жатқан қым-қиғаш қиындықтары бар. Тарихи роман
«Көшпенділер» менің кітап жазу ісіндегі мектебім болды. Сондықтан
«Алтын ордаға» өзім бір түрлі жылы қараймын.
С. О. — Көпті көрген, көп жағдайларды бастан кешірген, көп
еңбек сіңірген адам ретінде өзіңіздің соңыңыздан еріп келе жатқан
І. Есенберлин
әріптестеріңізге, бас қаламгер ретінде қандай ақыл-кеңестер айтар
едіңіз?
I. Е. — Ақыл кеңес дегенде, еңбек сүю керек. Халқына жәрдем
болатындай үш нәрсені айтқан болар едім. Біріншіден, К. Маркс
айтқандай: «Жазбасаң жүре алмайтын, ойыңнан кетпейтін дүниеңді
жаз». Сол айтқандай жастар өзінің жаны сүйген, арманы болған
зат
ты жазуы керек. Ал жалпы жазады екенмін деп, жазғаны өзін
қуандырмаған, жанына тақа батпаған тақырып жазған — құр сю
жет құру болады. Сондықтан жазатын нәрсе өзіңнің жүрегінді
күйдірген, осыны жазбасам менің әдебиеттегі арманым орындал
майды деген тақырыпты жазу керек. Екіншіден, жақсы кітаптар көп.
С. Бақбергенов жақсы кітаптар жазып жүр. Кей кітаптардың ішінде
шеберлік жетпей жатады. Шеберлік дегеннің өзі қызық. Ол тек қана
сюжеттен ғана емес, оқырманды сендіруге байланысты болу керек.
Оқырман сенбеген шығарма шебер шығармаға жатпайды. Мысалы:
Қозы Көрпеш – Баян сұлу керемет жақсы пьеса. Қазақ әдебиетінде
фольклор темасына жазылған одан артық пьеса жоқ. Тілі де, сюжеті
де жақсы, ал бірақ осы күнгі жастардың реалистік көзқарасымен осы
пьесаның аяғында кәдімгідей шеберлік жетпейді. Мен өзімнің сөзімді
былай түсіндірер едім. Махаббат үшін өлу біздің мына өзгерген заман
да, жастардың көзінше себебі жоқ секілді болып тұрады. Ромео мен
Джульетта да осындай фольклордан алынған дүние. «Ромео мен Джу
льеттада» аяғында мынадай уақиға: Лекарь келін Ромеоны уақытша
ұйықтатып кетеді. Джульетта келеді де оны көріп, Ромео мен үшін
өліп жатыр дейді де, енді менің өмір сүруге ешбір хақым жоқ деп
ол да өледі. Ал дәрігер ұйықтатқан Ромео оянады. Өзінің уақытша
ұйықтағанын білмей, Джульеттаның өлгенін көреді. Джульеттаның
өлгеніне өзі себепкер болғанына ашынып, махаббаттың соншалық
күйігіңе шыдай алмайды да, сол жерде өзі де у ішіп өледі. Оқушы
бұған сенеді. Өйткені бұл жерде Ромеоның өліміне себепкер болып
отырған жалғыз ғана махаббат емес. Джульеттаны өлтірген айыбы,
жүрегіндегі сол өкініш оны осындай жағдайға жеткізеді. Бұл жер
өкініш деген екінші тақырып шығады. Сол кезде оқырман оның
көкірегенде жалғыз махаббат емес, күйініштен де өлгенін түсінеді.
Міне, күйінішке де дәлел керек.
Ал реалистік көзқараспен қарағанда махаббат үшін Қозы Көрпеш
өлуге тиісті. Ол дұрыс. Солай деп өзі фольклорда да айтылған. Бірақ
оқырманға жетпей жатады. Бұл жерде жетпей жатқан драматургиялық
шеберлік. Әлі де болса финалда Баян сұлудың өліміне дәлел, себеп
жетпей жатады. Өйткені бүгінгі көзқараста осылай махаббат үшін
өле салу жеткіліксіз тәрізді. Шынын айтсақ, осы заманда махаббат
Шығармашылық портрет
үшін өліп жатқан ұл-қыздарымызды көріп отырған жоқмыз. Бұл жер
де махаббаттың мақсаты, алып шығу идеясы бойынша жетпей жатыр.
С. О. — Біз әңгімемізді жер, табиғат туралы бастаған едік. Осы
жердің өзгерісін сонау ғасырлардан бері елдің тағдырын, тарихын
ой елегінен суреткерлік көзбен өткізіп отырған адамсыз ғой. Miнe,
осы тұрғысынан бүгінгі еліміздің, халқымыздың хал-жайы туралы
пікіріңізді айтсаңыз.
I. Е. — Мен осы халықтың табиғатпенен байланысын сөзімнің
басында айтып кеттім. Қысы суық, жазы ыстық, қуаңшылық бол
са да осы халықтың тағдыры табиғатпен байланысты. Біріншіден
біздің халқымыз осы табиғатты игеріп отыр. Қуаңшылық жылы да
егін шығады. Суық жылы да шөп жетеді, мал төл береді. Бұл халық
жетістігі, біздің шаруашылығымыздың, еліміздің, жұртымыздың
күннен-күнге көркейіп бара жатқандығы. Күні кеше қала шығып,
алыс жерден, сонау Ұлытаудан Атбасарға барып екі қап бидай алып
қайтатын қазақ бүгін өз жерінде миллиард пұттан артық астық орып
отыр. Бұдан артық қандай жетістік болу керек. Кеше, төңкерістің ал
дында, ілуде біреу ғана хат таныса, қазір доктор, профессор, академик,
жазушы толып жатыр. Хат танығаныңды былай қойып, ғылымыңның
өзі, іліміңнің өзі қаншама. Осының бәрі біздің өскендігімізді көрсетеді
ғой. Кітап саны баршылық. Менделеев жүйесіндегі бүкіл кеннің бәрі
осы Қазақстан жерінде шығады екен. Бұдан артық қандай жетістік
бар. Кеше ғана қазақ жерінде (20-30 жыл бұрын), 2,5-3 млн. ел болса,
қазір қазақтың өзі 6 миллионға жетіп қалды. Қазір бір үзім нан, бір
жұтым су үшін жүдеп-жадап жатқан ел жоқ.
Байлық та мол, білім де мол, жетістік те мол. Біздің өскен еліміз,
бұдан бетер өсе береді. Анау Байқоңыр, Қарағанды, Екібастұз, Маң-
ғыстау, Тың, мынау жарқырап тұрған Алматың. Бұдан артық не болу
керек. Жалғыз ғана тілек ел өскен үстіне өсе берсін дейміз.
С. О. — Талантты суреткердің айтар ойы осымен шектелмесе
керек. Оның философиялық талғамы мол әрі көркемдік деңгейі биік
туындылары да әлі толық талданып өзіндік бағасын алып болған
жоқ. Бұл күнде кең байтақ Отанымыздың мекендеген халықтарының
ондаған тілдеріне аударылып, қазірде де бір талай шетел тілдеріне ау
дарылып жатқан I. Есенберлин шығармаларының өрісі кең, өресі биік.
Ол қазақ әдебиетінде кесек туындылардың бар екенін талай жерде,
талай елдерге дәлелдей бермек. Ал енді аға, қорытындыңыз қандай?
І. Е. — Дүниеде өмірден қымбат ештеңе жоқ. Өйткені ол жалғыз.
Бірақ сол өмірді Отаны, халқы, махаббаты тағы басқа көкейкесті ар
мандары үшін пида ететіндер аз ба? Бұған қарағанда өмірден де басқа
І. Есенберлин
қымбат қасиеттерінің бар екені хақ. Ал жазушыға келетін болсақ оның
өмірі біреу емес, екеу. Біреуі өз басының тіршілігі болса, екіншісі
шығармадағы кейіпкерлерінің өмірі. Жазушыға екеуі де бірдей қым-
бат. Әрине қаламгерге өз тіршілігімен пара-пар санар туынды жазу
оңайға түспейді. Жалпы жазушы болу дүниедегі ең қиын өнер. Әс-
кери қолбасшының әскері, ғалымның лабораториясы, артистің ре-
жисері, көрермендері бар болса, сенің ешкімің де жоқ. Бар болғаны
алдыңдағы ақ қағазың, құны он тиын тұратын қолындағы қаламың.
Сенің майдан ашар жерің де осы, жеңіске салар әскерің де осы. Егер
күшің құдіретте жатса шабуылда жеңіп шығасың. Жеңгенде кейбір
қаламгерлердің қолынан келмейтін шыңға көтерілесің. Бүкіл әлемді
бағындырасың. Және мәрмәр тастардан, граниттерден көсемдердің
бейнесін келтіретін алмас қашаумен емес, бар болғаны әлгі он тиын
тұратын қаламыңмен. Осылай шыққан шыңыңнан сені бай да, батыр
да, патша да, мезгіл де, тіпті дәуір де құлата алмайды. Сенің өмі-рің
кейіпкерлеріңнің өміріне, шығармаларыңның рухани байлығына ай
налады. Осылай жазушының өзі өлген күнінен, мәңгі өшпес екін-ші
өмірі басталады. Мұндай келешек үшін өз тіршілігіңді аямауға бо
лады. Демек жазушының еңбегінің ұзақ, қысқа сүруінің белгісі хал-
қының қабылдауына байланысты.
М. Горький Сүлеймен Сталски туралы: «Өзінің кішкентай ұл-
дарын ұлы етіп көрсете алатын ұлы халық бар. Сондай-ақ өзінің
кішкентай халқын ұлы етіп таныта білетін ұлы ұлдар да болады»,—
деген. Бұл қағидадан халық пен жазушының тағдырының тығыз бай
ланыста екенін көреміз. Ел жұрты туралы: оның өткені, бүгінгісі, ке-
лешегі жайында жазатын жазушылар бақытты жандар. Мен де өзімді
сол бақыттылар қатарына санаймын. Кеше ұлы Абай:
«Атымды адам қойған соң, қайтып надан болайын
Халқым надан болған соң, қайда барып оңайын» —
деп қиналса, біз бүгін ондай өкінішті айта алмаймыз. Өйткені
біздің қазіргі халқымыз өскелең, надандықты әлдеқашан ұмытқан
ұлы мәдениетті жұрт. Оның әлі сынына сенуге болады. Сондықтан
халқымыз жайында еңсесі Алатаудай биік, мағынасы Атырау те-
ңізіндей терең шығармалар жазу әр жазушының міндеті. Өмірімнің
ұзағы кетіп, қысқасы қалса да, менде өзімді өзгелердей туындылар
беруге әлі де борышты санаймын.
С. О.— Жазушы ағамызға қойған сұрақтарымды мен осымен
аяқтай келе, әңгімеден алған әсерлерім: сырт тұлғасы қарапайым, бір
қарағанда сылбырлау көрінетін бұл адам жазу столына отырған шақта
Шығармашылық портрет
көсіліп шабатын бәйге атындай қауырт қимылдайтыны, өнімді еңбек
иесі екендігі қазір көпке мәлім. Ал көңіліне тоқып жүрген көрікті ой
ларын, ақ қағазға көсілте төккенімен, ауызша айтуға келгенде сыртаң
тартып, кібіртіктей беретін де мінезін анғару қиын емес. Өзі де мен
ауызша сөзге шорқақпын деп мойындайды. Бірақ көңіл түкпірінде
жатқан отты көсеуге сөзің жетсе, Ілекең тез тұтанып, кейде ойларын
түйдек-түйдек айтып та тастайды. Бір қарағанда майысқақ, көнімпаз
көрінгенімен, өзі ұстанатын пікіріне уәж айтсаң, ойын табандата қор-
ғап, қызулана сөйлеп кететін бірбеткейлігі де жоқ емес. Әр суреткердің
сезім ұшқыны, жүрек жалыны, мінез қырлары оның шығармалары-
нан да аңғарылып тұрады. I. Есенберлин туындыларындағы қайсар
мінез, қат-қабат ойға бай күрделі бейнелердің түп-төркіні осы бір
қарапайым адамның тұлғасымен астаса жатқанын өзінен жақын та
пысып пікірлескен кезде тани түсесің.
І. Есенберлин
Аман-есен жүріп жатырсыңдар ма? Балалардың дені сау ма?
санаторийдің Диляға берген жәрдемі бар ма екен? Біздің жағдай жа
ман емес. Қарлығаш пен Әлия жүріп кеткеннен кейін Вера біраз ау
ырып қалып, қазір басын көтеріп жүр. Өзім азын-аулақ қызмет істеп
жатырмын. Әлі ұзақ уақыт жүруге, не отыруға болмайды. Енді бір
оншақты күннен кейін іске толық кірісермін.
Әзір көбіне үйде боламын. Мұның да пайдасы бар ғой. Госпиталь
да жатқанымда жиналып қалған газет-журналдарды, жаңа шыққан
кітаптарды оқуға уақыт мол болды. «Простордың» 4-ші санын алып
«Көлеңкеңмен қорғай жүрдің» аяғын да оқып шықтым. Бұл тақырыбы
зор, оқиғасы қызық, көркем тілмен жазылған роман екен. Мұндай
нәрсені жазу үшін табиғатты, ауыл-шаруашылығын өте жетік білу ке
рек. «Айқас», «Алтын құс», «Өзен жағасында» тағы басқаларын оқы-
ғанда тау-кен инженерінің қолынан шыққан кітаптар деп түсінетін
едім. Тарихқа арналған романдардағы ұлтымыздың басынан ғасырлар
бойы өткен тамаша оқиғаларды оқығанда мұның бәрін қайдан алды
деп таңғалатын едім ғой. Әсіресе Сәкеннің бір мақаласында «Мен
қазақ халқы туралы 300 жылдан ертерек еш мағұлмат естігенім
жоқ»,— дегені есімде. Енді мына «Көлеңкеңмен қорғай жүрді»
қалада туып, қалада өсіп, техникалық институтты бітірген, бала кү-
німде «кішкене аға» дейтін сен жазғаныңа қалай қуанбайын! Маған
әділ сыншы болу оңай емес қой, сонда да «Көлеңке» бүкіл Одақтағы
ауыл шаруашылығына арналған шығармалардың ең тәуірінің бірі
деймін. Енді оны Мәскеуде бастыру керек. Егерде мен режиссер
болсам, тың жөнінде кинофильм шығаруға «Көлеңкеден» артық ма
териал іздемес едім. «Көлеңкеге» сыншылар не айтар екен? Соңғы
уақытта шыққан кітаптардан маған Н. Шундиктің «В стране синео
кой» деген романы да өте ұнады. Мына 50-ші жылдардың аяғында
Рязанда болған оқиғалар, оның обкомының хатшысы Лариновтың
қылықтары айтылып тұрғаны түсінікті. Батыл кітап. Газеттерде жа-
зылған мақалалардың бір-екеуі туралы ойымды айтқым да келеді.
Оның бірі — Кедринаның «Л. Г.-ның» жақында шыққан бір санында
«Қан мен тер» туралы айтқан сөздері. Бұл кітап «могла быть названа
энциклопедией революционного преобразавания степи XX века»,—
дейді. Бұған қарағанда қазақтар өзінің кең даласында малдың орнына
балық бағуы керек. Сонда ғана балықшылардың тұрмысына арналған
роман Сары Арқаның, бүкіл ұлт энциклопедиясы болар еді (егер оны
шынында «Абаймен» бір дәрежеге көтере қалса).
Екінші мақала — «Қазақ әдебиетінің» осы жылғы 1-ші санындағы
«Біздің генерал». Автордың Б. Момышұлы кітаптарын орыс тілінде
Хаттар
азады дегені. Олай болса, ол кісі орыс тіліне жетік болуы керек.
Сонда марқұм генерал Панфилов ана тілін шала білетін адам болып
«... у товарища Тиманова день рождения совпало с вручением ему
боевую награду...»,— дейді генерал.
Бұл сөйлемде бастауыш сөз «день». Сондықтан «день рождения
совпал» деген жөн. «С вручением ему боевую награду»-да дұрыс
емес. Жоғары мәдениетті орыс адамы «... Как же после я мог сказать:
да будь пусть по-вашему»,— дегені күдікті. Ол ең болмаса «пусть
будет по-вашему»,— дер еді. Мына төменде келтірілген сөздерді
марқұм генералдың атымен байланыстырудың реті жоқ: «Признать
ся, мне и самому захотелось немножко и себе горлушку промочить
этой живностью»,— деп столдағы бөтелкеге нұсқады». Орыс тілінде
«горлушка» деген сөз жоқ. «Горло»-дан туатын сөз «горлышко» бо
лады. Ал ана бөтелкеден сұйық затты генералға «живность» дегізуі
тіпті ұят. Живность — ұсақ жануар. Ушаковтың сөздігінде бұл туралы
былай делінген: «Живность — 1) Живые существа, преимущественно
мелкие, 2) домашняя птица, мелкий скот, предназначенный для упо
требления в пищу».
«Берите в руки рюмку и произносите тост»,— дейді генерал аға
лейтенантқа, «живность» жұтып жіберуге даярланып. Бұл сөздерге
қарағанда аға лейтенант екі қолымен бір рюмканы алуы керек. Шы
нында генерал «берите в руку рюмку» деген болар. Дұрысында «руки»
(«рука») артық сөз. Рюмканы қолмен басқа немен алады? Рюмканы
«қолдарына» алып, генерал да сөз айтады. «За всех тex, кто нас ждут с
победою». «Ждут», «кто» мен байланысты, сондықтан «кто нас ждет»
деген шығар. «С победою»-дың орнына «с победой» деуі де мүмкін.
Осы кішкене әңгімесінде автордың өзінің де орыс тілінде айтқан сөз-
«Так значит на переднем крае застал вас (Вас?) мой вызов?»
деген сұраққа. «Да, точно, товарищ генерал!»,— деп жауап береді.
Офицер, аға лейтенант «да точно» демей, устав бойынша «так точ
но» дер еді. «Біздің генералдағы» толып жатқан қателерді уақытында
жұрт аңғарғанына күмәнім жоқ. Сонда да бұл қателер сүйікті «Қазақ
әдебиетінің» бетінде жариаланғаны реніш туғызатынын айта кетейін
деп едім.
1/VI -74 ж. Раунақ
Диляға, балаларға тегіс сәлем! Әлия мұндағы туыстардың бәріне
өтe ұнап кетті.
І. Есенберлин
Аман-сау жүріп жатырсыңдар ма? Балардың дені сау ма? Бура-
байдың ауасының пайдасы болды ма? Қозы каникулын қалай өткізіп
жатыр? Бізге ойда жоқ уақытта Болат пен бір Алматылық жігіт ке-
ліп, Вера өте ыңғайсызданып қалды. Бұл күні оның тоңазытқышында
еш тамақ жоқ екен, дүкендер де жабылып қалыпты. Сонымен олар
ды ойдағыдай қарсы алуға жағдай болмады. Болаттың айтуын
ша және соңғы хаттарыңа қарағанда, Ілияс сенің денсаулығың на
шарлап кетіпті. Бұл қалыпта көп қызмет істеу оңай емес қой. Енді
азырақ жазып, көбірек дем алып, ден саулықты күту керек. Қозыға
да, бәрімізге де ең алдымен сенің денсаулығыңның тәуір болғаны
керек қой. Мұндағы жағдай жаман емес. Өзім 1 шілдеден бастап
қызмет істеп жүрмін. Дина мен Толя отпускілерін өткізді. Рая осы
айда кандидаттық экзаменін өткізбекші. Содан кейін Қоңыратқа ба
рып ұлын алып келмекші. Күйеуімен арасы түзелген сияқты. Екеуі
әр жерде жүргендіктен қиыншылықтар кездесіп жүр ғой. Иван осы
күзге қарсы диссертациясын қорғайды. Кооперативке де түсер деген
үмітіміз бар. Мәскеудің кітап магазиндеріне бір айдай бұрын «Загово
ренный меч» түскен болатын. Оны мен іздеп жүріп алдым ғой. Сосын
әдейі оның қалай тарағанын байқап жүрдім. Москвада қазақ тарихы
мен танысқысы келетін адамдар көп болар ма екен деп ойладым. Көп
екен. Арбаттағы ең үлкен магазин «Московский дом книги» — де бір
жетіде тарап кетті. Киров көшесіндегі «Книжный мир» магазинінде
де тез сатылып кетті. Кузнецкий мостағы «Книжная лавка» тағы басқа
магазиндер де жоқ. «Жанталас» бұл магазинге түскен жоқ деді. Ол са
тылмайтын шығар. «Дом книги»-де сатылып кеткен кітаптардың кар
тотекасы бар. Москвада шыққан кітаптарыңның бәрі осы картотека
да орын алады (сатылмайтын «Жанталастан» басқалары). Москвада
қашан боласың? Хат күтеміз.
Раунақ, Вера. 12/VII-74 ж.
РАУНА
Сенің хатыңды бүгін алдық. Вера қалай? Жазылатын ба? Балалар
не істеп жүр? Жаңа пәтерлерің өздеріңе ұнай ма?
Біз де аманбыз. Жағдайымыз жаман емес. Балалардың бәрі қазір
жұмыс істейді. Өз күндерін өздері көріп кетсе болғаны ғой. Біз,
Диля екеуміз, осы айдың 28-інен бастап «Алматы» санаториясы
на бармақпыз. Емделіп, дем алмаса болатын емес. Құдай бұйыртса,
келесі жылдың аяғына таман пенсияға шығам ба деген ойым бар
Қиын болса да, әзірге қызмет істеуге тура келеді. Хат жаз. Мен әнеу
Хаттар
күні б
ұрынғы әдресіңе «Простордың» үш нөмерін жіберіп едім, ал-
дың ба? Әзірге қош болыңдар.
РАУНА
РА
Аман-есен жүріп жатырсыңдар ма? Сендердің хаттарыңды алып
біз де қуанып қалдық. Аманбыз. «Алматы» санаториясына кетейін
деп едік, Диля сырқаттанып қалып, енді жүрмек болып отырмыз.
Біздің халымыз жаман емес. Балалар оқығаны оқып, жұмыс іс-
тейтіні жұмыс істеп жүр. Фруза политехника институтында стажер
еді, сірә биыл Мәскеуге аспирантураға барады-ау деймін. Өзімнің 60
жылдығымды мұнда газет біткен мақала жазып қарсы алды. Драма
театрында арнаулы кеш өтпекші еді, оған өзім қарсы болдым. Менің
еңбегімді жұрт біледі, несіне тағы шулатам дедім. Сондай-ақ арнау
лы той істегем жоқ, келген адамдарды құшағымызды жайып қарсы
алдық. Еңбектерім шығып жатыр. «Көлеңкеңмен қорғай жүрдің»
қазақшасы шықты (келісімен жіберемін), орысшасы Советский пи
сательде 1976 жылдың жоспарына қабылдаған тәрізді. Қазақша
екі томдығым өндіріске кетті. Өткен жылы эстон тілінде «Қатерлі
өткел», Тау алтай тілінде «Қаһар» шыққан. Биыл «Қатерлі өткел» ла
тыш тілінде, «Ғашықтар» өзбек тілінде, «Қаһар» башқұрт тілдерінде
шықпақ. Жақында қазақ тілінде «Жанталас» шықты. Наурызда құдай
бұйыртса, бара қалсам, ала барармын. «Жұлдыздың» 2-3-сандарында
«Көлеңкеңмен қорғай жүр» деген тыңға арналған жаңа романым ба
сылып жатыр. Зейнеткерлікке шығарымда, келесі жылғы жоспарға,
үш томдық таңдамалы шығармаларымды кіргізер деген ойым бар.
Оны кезінде көрермін. Жалпы жағдайымыз осындай.
Ал өзің қалайсың? Денсаулығың, творчествоң, алдағы қызмет
болашағы дегендерді айтам.
Балалардың да болашағы қалай болмақ, бәрін жазып жібер.
Жолыққанша қош, Ілияс.
9/11 74 ж.
РАУНА
РА
Амансыңдар ма? Сенің операциядан аман-есен өткеніңді естіп
қуанып қалдық. Тек енді тез айығып кет. Вераның күтінгені жөн
болар. Біз де аманбыз. Балалардың бәрі де үй жағынан да, қызмет
жағынан да біркелкі орналасты. Ендігісі өздерінің денсаулықтары
мен өз тіршіліктеріне байланысты. Ендігі менің міндетім, Қозымды
дам етсем болғаны. Тек осы арманымның аяғына жете аламын ба,
І. Есенберлин
жете алмаймын ба оны білмеймін Диля екеумізді ауру айналды
рып кетті. Сол жағы ғана қиындау болып жүр. Раунақ, сен Раяға ко-
оперативтік пәтер үшін қайғырма, алғашқы взностарын біз төлейміз
ғой. Әзірге ақша бар, тек қай уақытта, қанша төлеу керек болады,
соны хабарларсың.
Әзірге қош. Тез айығыңдар. Балаларға сәлем де.
РАУНА
РА
Аман-есен жүріп жатырсыңдар ма? Бізде аманбыз. Сенің тә-
уірленіп келемін деген хатыңды алып, бір қуанып қалдық. Өз шару
амыз жаман емес. Өзім әзір қызмет істеп жүрмін, анда-санда ауы-
рып қаламын, сонда да роман жазып қоямын. Жақында Мәскеуде
«Жанталастың» орысшасы шықты («Известия» баспасынан). Үш жүз
мың дана дейді. Әлі алғам жоқ. Осы майда Мәскеуге пленумге барып
қалатын шығармын. Сонда қазақшасын да, орысшасын да алып ба
рармын. «Алмас қылыштың» орысшасы осы майда шығатын шығар.
Жақында салыстыруы өтіпті. Биыл «Жұлдыздың» үшінші және
төртінші сандарында «Көлеңкеңмен қорғай жүр» деген романым жа
рияланды. Орысшасы «Простордың» 3 және 4 сандарында шығып жа
тыр. Жұрт айтуынша жаман емес тәрізді. Құдай бұйыртса биыл бас-
падан кітап болып шығар, жақында тапсырдым. Жалпы жағдайымыз
осындай. Балалардың бәрі де қазір Алматыда қызмет істейді. Бұ
жағы да дұрыс секілді. Тек сенің шаруаларың жөнделіп кетсе екен.
Бәріміздің денсаулығымыз дұрыс болсын. Өзге шаруалардың бір жөні
болар. Ал ана Раяның шаруасына келсек, қай уақытта ақша керек бо
лады қабарласыңдар, біз кешіктірмей салып жібереміз.
Бөтен не айтайын, тез-тез жазылып шық. Вераға да соны ті-
лейміз. Балаларға да сәлем де.
РАУНА
РА
Сау-саламатсыңдар ма? Балалардың дендері сау ма? Бізде аман
быз. Қазір Бурабайда дем алып жатырмыз. Диляра әжептәуір тәуір
болып қалды. Туған жері ғой, ауасы, жері жәрдем берген секілді.
Өзім Алматыда жүргенде, кенет сырқаттанып қалдым (спазма голов
ного мозга дейді.). Сосын бәрін тастадым да, осы жаққа демалысқа
жүріп кеттім. Қазір жағдайым жаман емес. Бірақ бұл кесел қауіпті ке
Хаттар
сел дейді, адам өзін бақпаса болатын емес. Шамам келгенше күтініп
көрем. Қозым адам болғанша бұл жалғанда кішкене тұра тұру керек
қой. Кузнецкий мостағы жазушылар дүкеніне менің «Заговорен
ный меч» пен «Отчаяние» кітаптарым түсіпті дейді. Өзім авторлық
кітаптарын алғам. Құдай бұйыртса осы айдың он төртінде Алматыға
қайтам, сосын салып жіберермін (егерде ол жақта ала алмасаң).
Диляра бұл санаторийда 20-сына дейін болады. Сосын Көкшетау-
ға барады, онда сол тамыз айына дейін болып қалар. Хатты тікелей
үйге жазарсың.
Жалпы жағдай осылай.
Балалар жазда бір жаққа бара ма? Мүмкін Алматыға келіп кетер,
хат жаз.
РАУНА
Аман-сау жүріп жатырсың ба? Менде пневмония, стенокардия
деген бір бәлелермен сырқаттанып, қазір төсек тартып жатырмын.
Ауруханаға жат деп еді, бармадым. Қазір үйдемін. Үш-төрт күнде тұ-
ратын шығармын. Балалардың дендері сау, ойнап-күліп жүріп жатыр.
Жақында «Көлеңкеңмен қорғай жүрдің» қазақшасы баспадан
шықты (бұл әлгі «Прикрой своим щитом» деген тың туралы кітабым).
Орысшасы «Советский писательден» келесі жылы шықпақ. Жақын-
қазақ баспасына келесі жыл жоспарына екі томдығымды бердім
(«Ғашықтар», «Айқас», «Қатерлі өткел», «Алтын құс»). Өндіріске
кеткен болуы керек.
Анау үлкен адамдар қатысатын «Мұхиттан өткен қайық» атты
өмірбаяныммен байланысты кітабымды жазып бітіргем. Біреулер
Д. Қонаевты жамандап қойып, соның әуресі бітпей жүр. Орысшаға
аударып КОКП ОК мен «Новый мирға» салып жіберген. Журнал жақсы
дейтін көрінеді. Ал мықты үй не айтады? Белгісіз. Тегі тағы бір редак
ция жүргіземін ғой деймін. Бұл кітапқа мен бәлендей қиналып жүргем
жоқ, түбі бір басылар. Жазылған зат жақсы болса басылмай қалмайды
деп М. Булгаков айтқан ғой, тіпті басылмаған күнде де — мейлі. Аз
кітап жазғам жоқ қой. Жылдың басында алпысқа келем. Той-думан
істемеймін. Өзім ауру, Диля ауру, қажеті не. Ал жиналыстан о бас-
тан бас тарттым. Жазғаныңды жұрт онсызда оқып жатыр, несіне ба
сымды әуре етем дедім. Журнал, газет бетінде бірен-саран мақалалар
болса мейілдері. Алпысқа шығуыма байланысты қағаздарымның бә-
рін зейнеткерлікке тапсырдым. Бүкілодақтың дербес зейнеткерлік
І. Есенберлин
көтере ала ма оны білмеймін. Әзір хабар жоқ. Болмай бара жатса Рес-
публикалығын берер (120 сом). Оған да шүкіршілік. Бірер айда сол
зейнеткерлікке шықсам деймін. Балалар өз күнін өздері көріп кетті
ғой. Диля мен екеумізге былай да тапқаным жетер деп ойлаймын.
Шаршадым. Жағдай осылай. Ал, жаңа жылың құтты болсын!
Балаларға да сәлем.
РАУНА
Хал-ахуалдарың қалай? Балалардың дендері сау ма? Сенің өзің-
нің сырқаттанып қалғаныңды біліп, көңіліміз бір жүдеп қалды. Қазір
қалайсың? Немен емдеп жатыр?
Біз де бір қалыптамыз. Балалардың бәрі дендері сау.
Өзім сол бұрынғы орындамын. Осы жылдың аяғында пенсияға шы-
ғамын. Әбден шаршадым. Осы жылдың төрайлығында «Молодая
гвардия» баспасында «Алмас қылыш» «Известия» баспасында «Жан
талас» шығып қалар. «Ғашықтар» неміс тілінде, «Қаһар» чех тілінде,
«Қатерлі өткел» болғар тілінде аударылып жатыр деген хабар алдым.
Ал «Құрмет белгісі» жайында. Мұның өзін әзер берген тәрізді.
Бұдан үш жыл бұрын «Еңбек Қызыл Туын» берген. Соны сылтау етті
деді. Оған сену қиын. Әйтеуір атап өтті ғой соған рахмет! Жақында
Жоғарғы Кеңестен хат алдым. Ана жылдардағы абақтыға түсуіме бай
ланысты «Медаль за боевые заслуги» және екі жеңіс медальдарым
құрып кеткен. Соған арыз жазып едім, үшеуін де қайтадан беретін
қағаздарын жіберіпті. Оның үстіне соғыс кезінде наградталған тағы
бір «Медаль за боевые заслугам» табылыпты. Әзірге екі бірдей ор
ден, жеті медалім бар, бұғанда шүкіршілік. Тек бала-шаға сау бо
лып, құдай денсаушылық берсін. Ендігі гәп осында. Қазіргі ең қиын
шаруама «Мұхиттан өткен қайығымды» Д. Қонаев өзі оқымай, біреу-
лері беріпті, ал олар қарсы. Әдеттегідей бұл жолы да сол біреулерді
жеңіп шыға алсам, жарар еді. Үмітім бар. Жалпы жағдай осылай. Ал
өздерің қалайсыңдар. Балалардың келешегі қалай болатын түрі бар?
Хат жаз. Өзім мүмкін наурызда Мәскеуге барып қалармын.
25 қаңтар 1975 ж.
РАУНА
Аман-есен жүріп жатырсыңдар ма? Вераның, балалардың дендері
сау ма? Демалысқа бір жаққа барасыңдар ма? Хат неге жазбай жүрсің?
Бізде аманбыз. Зейнеткерлікке шыққанмен жұмысым көбейіп кетті.
Хаттар
Үш айдан бері «Алмас қылыш», «Жанталас», «Қаһар» үшеуін тари-
хи трилогия етіп «Көшпенді көкжалдар» деген, бір атпен дайын
дап, кеше ғана баспаға тапсырдым. Бұл менің негізгі жұмысым ғой,
жақсылап басынан аяғына дейін қарап шықтым. Осы жетінің аяғын-
да екі томдығым шығады. «Ғашықтар», «Айқас», «Қатерлі өткел»
және «Алтын құс». Бұларды қарауға қолым тимеген. Сол бұрынғы
қалыптарында шығып жатыр.
Қозы Жезқазғанда практикада, осы айдың аяғында келіп қалар.
Мәскеуде тарихи трилогиям «Ковчевники» деген атпен 1977 жылы
жоспарланған тәрізді. Рецензиялары жақсы дейді. Алматыда қазақ-
шасы шықса, ол жақта орысшасы жеңіл шығады ғой. Сол себептен
де күні-түні жұмыс істедім. Сен анада «Көлеңкеңді» киноға берем
дегендей етіп едің, eгер бере қалар ойың болса, Чухрайдың студиясы
бар. Соны ойлап көр. Осындағы режиссер сонда жіберем деп жүр. Не
істегенін білмеймін. Бір берекесіздеу жігіт еді, сірә, дым да істемеген
тәрізді. Біздің жағдай осындай. Ал өздерің ше? Раяға пәтер жағы
қалай болып жатыр? Тез хат жаз.
РАУНА
Мына кітаптарды жіберіп отырмын. Олжастың жаңа кітабын
оқып шық. Ол өте құнды, керемет кітап. Сен сұраған менің бір по-
весім «Адамгершілік жыры» деген атпен ұмытпасам 1947 жылы күз-
Вераға, балаларға көп сәлем.
РАУНА
Мәскеуден маған бір орыс жазушысы сенің бір кітабың неміс
тілінде шығыпты деп телефон соқты. Өзі де жөнді білмейді. Оны Ле
нин библиотекасынан «Каталог книг 75 года магазинов Мюнхенадан»
тексеруге болады дейді. Бұл мүмкін бе? Сұрап көрсең қайтеді? Неміс
тілінде сенің фамилияң түсінуге өте қиын дейді.
Кітаптың аты «Меч и свечи» екен.
І. Есенберлин
РАУНА
Амансыңдар ма? Сендердің хаттарыңды алып қуанып қалдық.
Шаруамыз бір қалыпты, кітабымды (қазақ тіліндегілерін) бір трило-
гияға лайықтап, жаңа редакциялап баспаға дайындаумен болдым. Ол
76 жылдың жоспарына кірді. Жақында тапсырдым. Балалар аман-
есен, жұмыстарын істеп жатыр.
Раунақ! Сен анау сценарий мәселесімен шұғылданып әуре болма,
кинода осыны істеймін деп жұлқынып тұрған үлкен режиссер, не бөтен
бір қолдайтын адамың болмаса, ештеңе шықпайды. Құр әуре дүние.
Сондай-ақ «Заговоренный мечпен» де басыңды қатырма. Маған қабар
берген адам ішіп жүретін кісі еді. Енді саған бір өтініш. Осы айдың 23
күні Москваға пленумге келемін («Россия,» Батыс блок). Трилогиямның
орысшасын шығару жайында бастықтарға кірмек едім, егер мүмкіндігің
болса мына орденім мен медальдарымның тізімін жіберіп отырмын,
соны көлемді етіп, сыртын шынылай үштен төрт қатар етіп бір колодка
істетіп қойсаң. Москвада бұны істейтін жерлер бар көрінеді. Әуре бо
латындай түрі болса, онда керегі жоқ. Тізімін, тәртібін (кітапқа қарай)
қоса жіберіп отырмын. «30 жыл Жеңіс» медалін бізге екеуден берді
(бірі соғыс үшін, екіншісі еңбек майданы).
Мұндайларды тағуға бәлендей құмарлығым болмаса да, біреулер-
ге кіргенде керек көрінеді.
Балаларға сәлем.
РАУНА
Аман-есен жүріп жатырсың ба? Сенің төртінде жазған хатыңды
алып қуанып қалдық. Осының алдында ғана сені Сухумиға жүріп
кетті деп Фруза телефон соққан. Бізде аманбыз. Фрузаны Москваға
жібермей-ақ қояйық деп едік, емтиханын беріп конкурстан өтіп тұр-ған
соң жолына кедергі болғымыз келмеді. Бүгін одан да хат алдық.
Жетекшісін белгілепті. Қозы біздің қолымызда.
Жағдайымыз жаман емес. Фруза түсінбеген ғой, «Көшпенділер»
биыл емес, келесі жылдың мамыр-маусымында шығып қалар, ертеңнен
бастап бірінші кітаптың коректурасы келмек. «Прикрой своим щитом»
бірінші қаңтарға қарсы шықпақ. Подписной келіп кеткен. 1977 жылы
орысша кітаптарымды шығармақ ойым бар. Пенсияны осы қарашада
сұраймыз деп еді, тиісті адамдары демалысқа кетіп, әзір қозғалмай тұр.
Хаттар
Бөтен не жазайын, өзіңді күт, жақында телевизордан Сочида ра-
дикулитті бірден жазатын жаңа ем қолданып жатыр ден хабарлады.
Мүмкін соны көрерсің? Раяға пәтер берсе, о да дұрыс дүние болар
еді, бұл жағынан бірдеме істеуге бола ма? Өзің жазылып қайтсаң, өзге
шаруа жөнделер. Анау мебельдер қиынға түсер түрі болса, әуре бол
ма, тек хат жазып жібер.
Әзірге қош.
РАУНА
РА
Дендерің cay ма? Біз де аманбыз. Кеше Москвадан Қозым келді.
Сенің беліңнің қатты ауыратынын сол айтты. «Жастық қойып оты
рады екен, дұрыстап емделуі керек қой»,— дейді. Операция істетем
ба дейтін көрінесің, байқарсың, егер тіпті басқа емі болмаса ғана іс-
тет, дегенменде пышақ жүзі қауіпті ғой. Ал өзімнің творчестволық
жағдайым жаман емес. «Көшпенділердің» екі кітабының версткасы
келіп кетті, үшінші кітабы («Қаһар») бүгін ертең келіп қалар. Ша
масы маусым-шілдеде шығар. «Простордың» 3,4-нөмірлерінде «Ал
тын құсымның» орысша аудармасы шығады. Қаңтарда «Советский
писательден» сигнальные шығыпты. Осы айдың аяғында дүкенге де
түсер. Өзім қазір осы бүгінгі күн туралы трилогия жазып жүрмін,
үш кітабымның екеуін бітіріп қалдым. Барлығын біржолата бітіріп,
жылдың аяғында баспаға тапсырмақпын. («Мұхиттан өткен қайық»
екінші кітабы болмақ).
Мені біреу мақтап, біреу жамандаса, соған әжептеуір жүдеп қа-
латын сияқтысың. Жазушыда ондай жағдай үнемі туып тұрады, оған
тіпті жүдемек түгіл, көңіл қоюдың да қажеті жоқ. Және жұрт та со
лай қарайды. Ана бір неміске менің адресімді берген екенсің, дұрыс
істегенсің. Сен қобалжитындай онда ештеңе жоқ. Бірақ «Заговореный
меч» о жақта шықпағанға ұқсайды (Домбровский айта салған тәрізді),
сондықтан ол кітапты іздемей-ақ қой.
Қозы сабағын өз курсындағы балалардың алдыңғы санында бі-
тірді. Екі күннен кейін Екібастұзға диплом жазатын практикасына
жүреді. Күзге қарсы жұмысқа шығады. Шамам келсе өз институтыма
стажер етіп қалдырмақпын. Жалғыз бала, әйтпесе өндіріске барғаны
да жөн болар еді (мамандығы соны тілейді). Диля екеуміз дегенмен
алысқа кетпегенін дұрыс көріп отырмыз. Раяның пәтер алғанына өте
қуанышты. Қызметі бар, баласы бар, сендер аман болсаңдар, бәрі де
жөнделіп кетеді ғой.
Әзірге қош.
І. Есенберлин
РАУНА
РА
Аман-есенсіңдер ме? Бізде аманбыз. Шаруамыз бір қалыпты.
Фруза барып жүр ме? Мен осы айдың 17-18 кезінде, құдай жазса,
Мәскеуге сьезге барып қалармын. Кітабымды егер о жақта алмаған
болсаң өзім ала барармын. «Көшпенділерімнің» қазақшасы осы
маусым-тамыздың ішінде шықпақшы, егер тағы біреу-міреу кедергі
істеп жүрмесе.
Раунақ, мына бір газеттің хабарын жіберіп отырмын. Екеумізден
басқа да біздің фамилиямызда бөтен адамдар бар екен. Мүмкін Ақы-
метғалидың балалары ма? Біреулерге тапсырдым, біліп беріңдер деп.
Әзірге қош.
Ілияс, Диля. 29/V 76 ж.
РАУНА
Бүгін сенің хатыңды алып өте қуанып қалдық. Аман-есен жүріп
жатырсың ба? Емі қалай болатын түрі бар? Құдайдан жатсам-тұрсам
тілеймін, әйтеуір осы бір сырқатыңнан жазыла көр.
Ал өз шаруам бір қалыпты. «Мұхиттан өткен қайық» әнеукүні айт
тым ғой талқыланды деп. Содан кейін баспаға бергем. Баспа Орталық
партия комитетінің тапсырмасымен қарап жатыр (рецензияға беру,
өздері оқу тәрізді жәйттер ғой). Түбі бір шығады ғой деген үміттемін,
әзір бәлендей белгілі емес.
Өзім қазір «Алтын Орда» деген үлкен тақырыпқа трилогия жазуға
кіріскелі жүрмін. Материалдарын жинап болып қалдым. Бұл расын
да да үлкен, бүкіл дүние жүзілік тақырып қой. Бұнда Ресей, Еуропа,
Шығыс саясаттары айқас-таластары түйіскен жер ғой. Және «Алтын
Орданың» алтын қазығы — қыпшақ (қазақтар) болғаны да хақ. Егер
«Көшпенділерім» төрізді етіп шығара алсам, бұл менің бір үлкен та
бысым болар еді. Осы жақында кіріспекпін.
«Көшпенділерім» жақсы баға алуда. Қазір бірнеше жер сұрас-
тырып жатыр. Аударамыз дейді.
Балалардың бәрі жақсы. Осының он үшінде Фруза Алматыға кел-
мек. Бүгін Қозым ыстық көлге жүріп кетті. Орын болса биыл аспи-
рантураға түсемін деген ойы бар. Минимумдарын тапсырған. Ал
Вераның, балалардың жағдайлары қалай? Олар демалысқа бір жаққа
бара алды ма? Хат жаз. Өз жағдайыңды хабарла.
Әзірге қош. Ілияс.
8 тамыз 1978 ж.
Хаттар
РАУНА
Аман-есен жүріп жатырсыңдар ма? Вера, балалардың денсаулығы
қалай? Біз де аманбыз. Өзге шаруамыз бір қалыпта. Қозы аспиранту
рада, тақырыбын бекітіп берді. Сол үш жылында жазып шығады ғой
деп ойлаймын. Ал енді творчество жөнінде. «Мұхиттан өткен қайық»
саған ұнағанына қуанып қалдым. Сен оқыған варианты ол алдыңғы
жылы «Новый мирге» беріп кеткен вариантым ғой. Одан бері көп
жөнделді. Ал бұл жақта қазақшасы әлі созылып жүр. Ана жерін мына
жерін айтады. Бұрынғы, не қазіргі белгілі адамдарға ұқсап кетпесін
деп жандары шығып кете жаздайды. Қысқасы, рұқсат етілген күні,
орысшасы жол алады. Осы айдың жиырмаларында қарап қалар.
Қазір мені бұл кітап емес, Алтын Орда көп қобалжытып жүр.
Осы күні II кітабын жазудамын. Егер шамам келсе, денсаулығым бо
лып трилогиямды биыл бітірсем бе деген үміттемін (қазақшасын).
Өйткені жас келіп қалды. Жылдан-жылға шаршай бересің. Мүмкін
осы кітаптардан кейін үлкен ештеңе де жазбаспын. Сондықтан асы-
ғудамын.
Әзірге қош! Ақпан, наурызда Пленумға Мәскеуге барып та қа-
лармын. Әзірге қош.
Мына жаңа туған жаңа жылдарың құтты болсын! Аман, есен жо-
РАУНА
Есен-сау жүріп жатырсыңдар ма? Үй іші қалай? Мен сол Мәскеуден
келгеннен үш-төрт күн болды, далаға шығып ондай-мұндай шаруа
ларымды істей бастағаныма. Қатты ауырып қалған екенмін. Әйтеуір,
сенің дер кезінде дәрі беріп, үйге жетіп емделгенімнің арқасында
аман қалған тәріздімін. Келгеннен кейін бір-екі күндей тәуір бола бас-
тап едім, содан қайтадан қайталап қалдым ғой деймін, ыстықтығым
38-39 градустан кемімей біраз жаттым. Әйтеуір, құдайға шүкір қазір
жақсымын. Қозының тойын 25 сәуір кезінде өткіземіз бе деген үмі-
тіміз бар. Шамаларың келгенше тойына қатынасуды ойлаңдар. Бұны
әлі хабарлармыз.
Әзірге сау бол. Сәлем де Вераға, үй-ішіне.
І. Есенберлин
ДАСТАН
Күн шыққан төгіп нұрын қызғылт алтын,
Кез еді маужыраған таңғы салқын.
Аралап зираттарды келе жаттым,
Адамның бұл жалғанға мәңгі ғашық,
Жүдетсе көңілін кейде қайғы басып.
Кетеді ол өзі-өзінен қалай қашып?
Бірақ, мен, өлі әлемге жеген опық
Қарап бір қалам толқып, кетем қорқып.
Тағдырдың тажал досы — қайғы деген
Жанымды құзғын боп кеп, жатыр шоқып.
Естимін кенет дауысын бұлбұл құстың,
Мекен ғып алған тоғай, қабір үстін.
Ісі жоқ зират толған қайғы-мұңда
Сайрайды ол, сарайды әнін қуаныштың...
Зиратта қайғы барын ол білмейді,
Ал менің... Кеудемде үрей дүбірлейді.
«Жүре тұр, мұнда сен де жатарсың»,— деп,
Тентек жол қорқынышты күбірлейді...
Қорқумен жан қалама сұм ажалдан,
Бітсе екен істерім тек ойыма алған,
Дүниеге келгеннен соң кетпек бар ғой,
Сондықтан өнер — мәңгі; дүние — жалған.
Білемін, тіршілік бұл бір қисық жол,
Шаттығы, қасіреті, бәрі де мол.
Бүгінгі қуанышың таяй түскен —
Өлімнің елесі ғой ертеңгі ол...
Зираттар меңзеп барып сол ажалдың,
Сескеніп тұрғанымды тағы аңғардым.
Тәтті боп кетті кенет сонда өмір,
Қадірін білген бе адам қолда бардың!
Сөйтсе де іштегі бір сезім билеп
Дастандар
(Мұнда мен болатынмын өте сирек)
Зауқым еш соқпасада парыз санап,
Өзімді өзім кеттім алға сүйреп!..
Мінекей зираты тұр бір кәрінің,
Үлкені шығар жатқан бұл бәрінің,
Тоқсанға келіп қарт, жазуы бар,
Осы ма жеткен жері, сірә, әлінің?
Кетті ме жасы жетіп? Әлде дерт пе?
Тоқсан жас! Аз жас емес. Емес келте.
Жоқ бекер! Мың жаста да адам шіркін,
Әр қашан, әр жаста да өлім ерте!
Өйткені болған шығар ақ ниетпен,—
Бұның да бір арманы аңсай күткен?
Арманда өткен адам өкінішті,
Арман ғой бұл адамды адам еткен!
Армансыз дүниеде жан болмайды.
Армансыз өмірде де мән болмайды.
Сондықтан әр қашанда өлім ерте
Арманды тек өмір ғана орындайды.
Суретте — ойлы көзді жап жас қазақ
Қоп-қою шашына әлі кірмеген ақ.
Оқыдым екі шумақ өлеңді мен,
Арнаған жолдастары тасты қашап:
«Өттің сен жамандықтың білмей түгін,
Жаныңның жаурасаң біз бердік ығын.
Қайғырсақ, шер көңілді сен уаттың
Аямай жүрегіңнің бар ыстығын.
Достықта деуші едің сеп тірегің
Жақсылық еді жұртқа бар тілегін,
Қара жер алсадағы, сен тірісің
Жатыр ғой біз деп соғыпты жас жүрегің».
Дәл мұндай сөз арналған жап-жас жанның
Дастандар
Жанының жалынына мен де нандым.
Қалып бір жақсы көріп, дедім сонда:
«Осындай болса балам, жоқ арманым!»
Көңілім сәл көтеріліп кеттім жүріп
Тек әттең, кілең зират қайғы басқан
Жаныма кірді үнсіз тағы бүлік...
Япырау, мынау менің Қапаным ғой!
Баладай жоқ нәрседен қапалым ғой...
Ойыма кетті түсіп ғажап жылдар,
Жастық шақ өтіп кеткен бір қызық той.
Сом дене, жұмырланған сай тасындай.
Тілге бай, ойға тез-ді ол жасындай.
Көргем жоқ қазақта мен ондай дарын
Дүние-ай, гүл қауызы кетті ашылмай!
Көрмеген қайғы-қасірет адам бұрын,
Білмейді қуаныштың нағыз құнын.
Жете алмай сол шаттыққа Қапан әттең,
Әлдилеп отыратын қайғы-мұңын.
Бүйтуге оған үлкен бар-ды себеп,
Көрдім мен отырғанын сан еңіреп.
Көрдім мен отырғанын ұзақ үнсіз,
Көңілін шаттық емес қайғы жебеп...
Адамға бала деген бір арман ғой.
Туғанда ол, көңіліңде күн жанған ғой.
Балажан болсаң егер сол бір сезім,
Жаныңа мәңгі сөнбес өрт салған ғой.
Мынау кім, зираты кең? Қандай адам?
Ақсаңлақ, әйгілі ұл, алтын қалам,
Атақты бұл Мұқаң ғой, уа, халайық
Білетін қазақ түгіл, барлық ғала
Тек қана емес қой ол сөз шебері,
Дастандар
Халқының жоқтаушысы, ой берері.
Мен оны жақсы көрем сонысы үшін,
Сол үшін тәңір тұтты қазақ елі!
Паш еткен Абай сынды ата даңқын,
Әлемге таныстырған қазақ халқын,
Алғашқы ұлдарының бірі ғой ол,
Білсең сен өзі де алтын, сөзі де алтын.
Тұрдым мен пырағына басымды иіп,
Толқиды ақыл-ойым жанып-күйіп.
Тайпы елдің құшағына симас тарлан,
Үш құлаш жерге қалай жатыр сыйып?!
Оған да дүние мәңгі арман болды,
Оның да көңіліне көп қайғы толды.
О да өтті арт жағына қарай-қарай,
Оған да өмір-сағым, жалған болды!
Тағы да бір зиратқа көзім түсті,
Сан гүлмен көміліпті көрдің үсті.
Сәбеңнің зираты екен таяп келсем,
Қиялым өткенді ойлап көкті құшты...
Күрескер болсын сондай ел ағасы,
Ақ жарқын, құшағы кең, кең жағасы.
Жарқырап кіріп келсе, сол бір үйдің —
Кеткендей еді кеңіп қабырғасы!
Өтті ол. Өлді, әрине дене, тәні,
Артында кітап деген қалды әні.
Көргенде сол бір әнін халқы тындап,
Ешкімнің өлді деуге жетпес әлі.
Жаралған міне осындай қос тарланды.
Қанды ауыз ажал деген қасқыр алды.
Дүниеге уақытша кеп бұлар-дағы,
Қара жер құшағында мәңгі қалды.
Әлі мен бұл зиратты тұрмын қимай,
Тұрмын мен ой тізгінін және жимай:
Дастандар
Үш құлаш жер тиерін білсе де олар
Таласты кем, дүниеге неге сыймай?
Мінекей жатыр енді, жатыр үнсіз.
Ал кеше айқасты ғой жан аяспай
Таң атып, күн шықпастай бір-бірісіз.
Ақыл, ой айқасы бар бұл күресте.
Әрине, таптық жайда тұрды есепте
Ал шыны, тар келді ғой екі алыпқа
Жұрт сиған өмір деген бір төсекте.
Екі алып бір төсекке сия алмады.
Біріне бірі бәрін қия алмады.
Даңқта тығыстырып бірін бірі,
Пенделік сезімдерін тыя алмады.
Әрине әр кімнің бар өз ырзығы.
Өзгесіз бірақ өмір жоқ қызығы.
Тек жеңсең мұндай жайда бірі ғана
Екеудің ең жүйрігі, ең үздігі.
Неге мен бұның бәрін айтып тұрмын?
Талассыз өтпейді өмір, байқа, құрбым.
Бола біл өзің әділ сол таласта
Қақ жарған адам тектес қара қылды.
Бола алсаң сондай кісі әділетті.
Бақытты жансың жұртқа сен құрметті.
Өзіңнің алдында арың таза болса
Адам жоқ сенен асқан қасиеті.
Сондай дос менде де бар дүлей қара
Салуға құмар маған күнде жара
Күресер теңім емес, әттең, әттең,
Сөзуар, дүрілдеген бір бишара!
Білмейді әділетті сын таласты
Дүниеде аз ба ондай жынды, бақсы.
Ит үрер, керуен көшер деймін күліп
Тек сенің, жазғандарың шықсын жақсы!
Дастандар
Тағы да аяңдадым әрі қарай.
Тоқтадым: «Мына бір жас өлді қалай?»
Қарап тұр күлімсіреп албырт ұлан,
Көңілім босап кетті жас баладай.
Бетінде суреті боп мәр-мәр тастың
Біреудің жалғыз ұлы, қыршын жастың
Естіп мен оқиғасын, кеттім босап,
Қолынан қаза тапқан малғұн мастың.
Бұл жігіт келе жатса кешке таман
Жас қызға тиісіпті масаң адам
Араша түсіпті ол — бар кінәсі.
Дүлей мас сөзге келмей пышақ салған!
Жүрегім тағы кетті удай ашып,
Өзімді өзім тұрмын әзер басып.
Болсам да жан аяғыш мен де қазір
Бұзықты өлтіруге бармын асып!
Бұл арақ етпеп еді кімді әңгі
(Онсыз да кейбір милар әңкі-тәңкі)
Дүниенің қайғысы одан аз болған жоқ
Құртатын жетті ғой кез оны мәңгі!
Томпиған көрдім міне, қара жерді,
Томпиған көрдім кенет қайғы-көрді.
Суретті гүлде оранған көріп тұрмын
«Япырай, жас балдырған қалай өлді?»
Елжіреп қарай бердім мөлдір көзге,
Аузыма сөз түспеді бөтен өзге.
«Қара жер қалай қиып алдың?— деймін
Былдырлай тілі жаңа шыққан кезде?»
Қуантар еді талай ата-анасын,
(Аймалап ата-ана да мәз баласын)
Ер жетіп, ерлік істеп қаншама ол,
Халқының алар еді ақ батасын!
Дастандар
Құдайдан тілеймін мен: Күн сөнбесін!
Қайғы жеп ата-ана да өкінбесін!
Дүниеге титтей еткен күнәсі жоқ,
Балдырған балғын бөбек бала өлмесін!
Шыдамай әрі қарай жүре бердім,
Алдымнан тағы бір зор зират көрдім.
Көк күмбез, аппақ мәр-мәр құлыптасы
Бір сурет! Келеді оған қарай бергім!
Оқыдым жазуларын әшекейлі,
Мазақ па? Таң боп тұрмын. Деймін «мейлі!»
Танушы ем иесін бұл құлып тастың,
Кісі еді арам ойлы, арам пейлі...
Кісі еді өз пайдасына өте епті,
Өзгенің қуанышына қатты кекті.
Артына еш жақсылық қалдырған жоқ,
Өзімен жамандығын бірге әкетті.
Үн-түнсіз зиратқа мен тұрмын қарап,
Барады ішімді бір қайғы жалап.
Не керек өлгенінде күмбез қалап?
Зиратқа ылдидағы шаршап бардым.
Суы ағып жоғарыдан жаңбыр, қардың,
Опырып құлатыпты саз моланы,
Оқыдым, әзер-әзер жазуларын...
Танушы ем, білетінмін көптеп атын,
Көп сөзсіз бір момыны адамзаттың.
Жоғалтқан егіз ұлын қан майданда,
Сарғайған қасіретпен сары алтын.
Дәл біреу тырнағандай жан-жарамды,
Ызадан он бойымда жалын жанды.
Қазақтың кең даласы жетпегендей,
Кім қойды ылдиға әкеп бейшараны?..
Өзгеден асу болған бар тілегі,
Дастандар
Артында күмбезінің тұр тірегі,
Ал мына сорлы жанның бұны қоштар,
Жоқ еді сүйенері, бәйтерегі...
Жұрт неге болып кеткен мұнша қатал,
Емес қой тас мінезге мұңың батар.
Осылай бара берсе бұдан әрі,
Сен күткен таңың әлі түн боп атар.
Сондықтан өтті кісі мұңын жылай
(Сөйлескем, мүсіркегем мен де талай)
Тіріде көре алмаған жақсылығын,
Көрмеді өлгенде де, дедім, қалай?
Әлі де біраз жүрдім, араладым,
Көрдім мен зираттардың біраз, бәрін...
Бірі мен бірі жатыр сығылысып,
Құлаған кей біреуі... Ойға қалдым.
Көп елдер өлгендерін паш етеді,
Кей зират, зират емес, бір ертегі!
Өйткені ұрпақтары ұмытқанша,
Адамның ең ақырғы бұл мекені!
Көтермес өзгелердей қолда барын.
Ел құрған, жер қорғаған ұлдарының
Кім білген қайсы қайда қалғандарын.
Сөз жоқ қой жүрген кезде көшіп, қонып,
Көрмеген күмбез қалап, мазар соғып!
Сен неге қалдырмадың бізге мұра,
Деу өзі болар еді мүлдем зорлық.
Дегенмен ол халықтың өткені ғой,
Уақытпен бірге өшіп кеткен ғой.
Ал қазір? Неге марғау жан ашырлық?
Әлі де ақыл өсіп, жетпеді ме ой
Мінекей арайланып күн де батты,
Көңілімді көргендерім жабырқатты.
Асығып шыға бердім, қалғам екем —
Сағынып өмір деген мен рахатты!
Дастандар
Міне, енді күнде батып, таң да атты,
Кешегі мәз өмірің балдан тәтті,
Барады кемерленіп тұзға айналып
Tiс өтпес қара тікендей біткен қатты.
Жуасып, қартайып бір албырт желік,
Күстеніп, балғын жүзің әжімделіп,
Уақытқа, аққан өзен, бөгет таппай,
Отырсың өкпелеп бір, жәбірленіп...
Көтеріп тірлік деген ауыр жүкті,
Болдырып қалыпсың сен әбден тіпті.
Бітер ең бір жолата шал боп қаусап,
Бермесе арман саған дәрмен тіпті.
Сорлысың, қиялың тар ғаріп болсаң,
Көңіліңе таусылмайтын қайғы толса.
Күшің жоқ, жасы жетпей жас қартайса,
Мезгілсіз ал қырмызы гүлдер солса?
Өмірден тәтті ләззәт ала алмасаң,
Теңіздей тереңіне бара алмасаң.
Онда сен өзіңді-өзің алдағаның,
Кешкенің құр тіршілік әуре-сарсаң...
Білсең сен алдыңда сан асу барын,
Аса алсаң өмірдің сол асуларын.
Дүниеде сенен асқан бақытты жоқ
Болады сода сұлу атар таңың.
Өмірге сен жолаушы, алдың жорық,
Жыл санап тұрар сені ажал торып.
Ойлай бер борышымды атқардым деп
Өте алсаң бұл дүниеден Адам болып!
Мінекей менде тұрмын сол асуда,
Жаңадан күшім жетсе жол ашуға
Өйткен ең қымбатты қайсар өмір
Қақым жоқ менің оңай, тез жасуға!
Дастандар
Сафуанға орден тапсырып,
Маған мақтау қағаз жапсырып,
Жалғыз адал досым деп,
Құшақтайсың қапсырып.
Бұрынғы өткен заманда
Сырбай-Лапша аманда
Айлы жардың кешінде
Алабұтаның ішінде
Шпомаға қаратпай,
Бұралқы итке жалатпай
Шыныңды қағып отырған досыңа
Көрсеткенің осы ма?
І. Есенберлин,
Дастандар
БУ
НАСЫР
АРАБИ
арихи дастан)
БАСЫ
Қазақта домбыра бар әл-Фараби,
Ежелден сан алуан ойнаған күй.
Әр жыры — арпалысқан асау тартыс,
Тулаған жүрек лаулап, қайнаған ми!
Сол аспап ескі тарих күйін шерткен,
Қуанып, лепірмейді сүйіп беттен,
Сағынып сарғайсаң да оралмайтын
Жоқтайды қариядай күнін өткен.
Қос шектен жылап аққан мұң бұлағы,
Осынау өксік үнге құлақ қойсаң
Көзде жас, көңілде арман тұншығады.
Бір күй бар домбырада құдіретті.
Ашатын, хош иістей, көкіректі.
Аты оның Әбді Насыр Мұхамед қой
Сөйлеткен тіл бітіріп екі шекті...
Сол күйді тындаймын мен таң атқанша,
Таң атып, таусылып кеп, күн батқанша,
Өйткені онда қайғы, өкініш жоқ,
Адамдай кеткен өліп тіл қатқанша.
Тындайды күйді бірге кілең өрен,
Тіршілік шаттандырған бейне өлең.
Шомылғам қуанышқа түгісіз терең.
Оларға өмір сәуле, бітпес күндіз.
Қуанам, сол шаттыққа көп дарындар
Жүлде етіп алып жатыр алтын жұлдыз!
Фараби ондай сыйлық көрген емес.
Өмірі болды талас, күрес, егес.
Жұлдызы бірақ сонау ешкімде жоқ,
Мың жылдан бері әлі сөнген емес!
Шын дарын дәл осылай нұр боп жанар,
Дүниеге мәңгі өшпес жыр боп қалар
Халықтың жүректегі жұлдызындай
Дастандар
Жарқырап тарихының төрін алар!
Уа, Адам, жинағаның, бар тергенің,
Қылмысың, қиянатың, жек көргенің,—
Өзіңмен бірге кетер, қалар жалғыз
Артыңда дарының мен тек еңбегің!
Дүниеге бәрімізді еткен қонақ,
Беу, тәңір жаралғансың неткен олақ!
Таусылмас арман бердің тағы бізге
Несіне онда өмірді еттің шолақ?!
Нені істеп қысқа жаста үлгересің,
Өтпей-ақ шаңқай түсің, келер бесін,
Уақытты жеңе алмасаң дарыныңмен
Сол уақыт сені айыптап кесер кесім!
Жалғанда жақсылық көп қол жетпейтін,
Жалғанда адам да көп дос етпейтін,
Қуантқың келсе өзгені және өзінді
Арманың болсын өмір бос өтпейтін!
Сахара, құм жайлаған ой мен қырды,
Қарлыққан дауыс сөйтіп өлең-жырды,
Келеді керуен кезіп кер даланы
Алысқа сапар тартқан өткен жылғы.
Күлсары араби нар кілең түсті
Бәдәуи, көш бастаған, жұпыны жан,
Араби, сидиған нар, қалайы сан.
Қоңырау шығады тек күміс үні,
Керуен көшер ілби атқанша таң...
ір мезет Самум дауыл соқса дүлей,
Дүние бола қалар алай-түлей.
Құм көрпе жауып кенет көк аспанды
Әлемді басады кеп албасты үрей.
Жел тынса, күн көктегі жүзген шалқып,
Дозақтың отын бүркер жерді шарпып.
Көрікпен қақталғандай сұрғылт құмдар
Бар әлем қалайыдай жатар балқып.
Тек түнде ай әлемге сәуле беріп,
Құм теңіз ақшыл тартып, сәулеленіп,
Біртінден, Сахараға жан кіреді,
Жұлдыздар оқта-текте көкте сөніп.
Мезгіл ме құратұғын жұрт серуен,
Қай жақтан келе жатыр бұл керуен?
Көшеді неге түнде тыным таппай,
Жатады неге сонша таңсәріден?
Жойған соң араптардың бар тендігін,
Тәубе етпей ұлан асыр жер кендігін,
Дастандар
Мұхамед, ұлы әулие, бар әлемге
Жүргізбек болған Ісләм үстемдігін.
Орда етіп Сирия мен Египетті,
Өз дінін жер шарына үгіт етті.
Шұбырды сахабалар күншығысқа,
Бір шеті Қыпшаққа да келіп жетті.
Медресе, шаһар салып тұрғалы көп,
Араптар Сейхунға да орнады кеп.
Туған жер аттарымен атады олар
Кенттерін Қарнақ, Сунақ, Отырар деп...
Осылай діннің даңғыл жолын ашқан,
Ойлаған сұмдық та бар әуел бастан:
Қайырған қожа-молда етіп елге,
Әкетіп қыпшақ ұлын бала жастан.
Бәдәуи жетектеген сондай көшті,
Сәбилер киген күпі, тонды ескі...
Ішінде жеті жасар Әбді Насыр,
Өзгеден зерек және ойлы өсті...
Әкесі қыпшақ, болған Бұхар да өмір.
(Алды оны биыл құдай, алды тәңір.)
Ал әке өле-өлгенше таласта өтті.
Бала өсті одан жаны көріп зәбір...
Шешесі Қанғылыдан арғы беткі.
Балаға барған сайын сән-салтымен
Ұғуға сұлулықты әсер етті.
Кемелге келмей жатып жеһан кезген,
Қарайды ол жан-жағына жасты көзбен,
Көрмесін елін енді мәңгі-бақи
Секілді күні бұрын жаны сезген...
Сонда ол домбырасын екі шекті
Шертеді саусағымен келген епті.
Қоштасқан еліменен күй шығады
Қақ жарған қайғылы үн көкіректі...
Оятып тыныш түнді күңгірт-бұлдыр,
Шығады қоңыраудан күміс сылдыр.
Тек әттең, өкініштің өксігіндей
Бір мезет тебіренбейді көңіл құрғыр.
Сұм тағдыр, қара албасты, кәрі мыстан,
Обал деп мүскіндерге қарамастан,
Мықшиған иықтарына салған ауыр
Қайғыны, қара тастай, қарғыс басқан.
Көңілі балалардың бітеу жара,
Оларға жұмбақ-жазмыш, барар қала...
Дастандар
Көш тынбай қозғалады айлы түнде,
Бозарып сөнген күлдей, жатыр дала...
Сахара ренжігендей қабақ шытып,
Таусылған бейне үміттей күтіп-күтіп,
Жоғалып қоңыраудың сылдыры да
Алыстап бірте-бірте жатыр бітіп...
Болғандай шығып арман көкіректен,
Таусылған мана күйде қайғы төккен.
Құшақтап жан серігі домбырасын
Жас бала түйе үстінде қалғып кеткен...
Жолы бар керуенінің әлі талай,
Жылжиды ол, изең-изең алға қарай.
Қара түн? Әлде таң ба алтын арай?
Қандай жан жақсы көрген қайғыруды.
Досынан, жолдасынан айырылуды.
Бұлты жоқ көк аспанды жаным сүйген
Жазғы күн, жасыл дала, айлы түнді.
Не жетсін жастық шаққа күлімдеген,
Өткені бастан қалай білінбеген,
Адамның ол бір таза нұрлы арманы,
Миуа гүл, шық моншақты, бүлінбеген.
Жастық пен шаттық қана таласады,
Тек жастық — шаттықсыз да гүл ашады.
Кәріге, көрген өмір бар қызығын,
Мұңая ойға кету — жарасады.
Шаттықсыз өмір тор боп өтер еді,
Бос шаттық адамды қор етер еді.
Дүниеде болмаса егер ой мен қайғы
Қаңбақ боп талайы ұшып кетер еді.
Дүниеде бақытсызы — байғұстар көп
Шаршаған қара бастың қайғысын жеп.
Дүниенің, бақыттысы — жомарт жандар
Өзгеден алған алғыс қайрымды көп.
Адамда көңіл күйі деген күш бар.
Кең дүние оған кейде көрінер тар.
Кімде-кім өз заманын қабыл етсе,
Ғашықтай сол өмірге келер құштар,
Біреудің өлеңі тек өз биігі,
Оған жат мұңлы-налы ел күйігі.
Тек қана үлкен жүрек халқын ойлар
Дастандар
Дүниенің, білсең, сонда бар түйіні!
Арманым — кілең атқан жарқын таңдар.
Халқының бақыты үшін туғандарға
Ақынмын жырдан мұра соққан мәрмәр.
Алады біреу шыңды, біреу өрді,
Тәубе етер біреу есік, біреу төрді,
Шығыстың шыңы менен төрін алған,
Дүниеге ақылдың бір Пірі келді!
О, Шығыс — Адамзаттың сен бесігі,
Адамға сенен бастап мәдениет
Ашылған, алтын қақпа, кең есігі!
Өзгеден шыққан күнді бұрын көрдің,
Өзгеден жырттың бетін бұрын жердің.
Теңіз бен жұлдыз тану ғылымдарын
Өзгеден жер жүзіне бұрын бердің!
Сен таптың құпиясын жауһар тастың,
Емдеудің ең алғашқы жолын аштың,
Қолбасшы әлемге ұлы ұлдар беріп,
Жеһанға қаһар менен жалын шаштың!
Әтилла, Шыңғысты да сен туғыздың,
Көл етіп көздің жасын көп жауғыздың...
Пәрменді пирамида, тас тауларды —
Хуапсе, Газаны да сен, тұрғыздың!
Көтердің Сфинксті немен пілдей? —
Бар ғалам жүрген жоқ па әлі білмей!
Таң қалған адам жеті ғаламатты
Тудырған өзіңсіз ғой бәрін бірдей!
Теңесең шайқалмалы минаретке,
Бүгінгі жүз қабат үй керемет пе?
Қарасаң, Таджи Махал тіл байлайды,
Сұлулық бар ма ондай жер мен көкте?!
Аз емес сен күресіп жыққан жауың,
Аз емес сен Батыстан ұтқан дауың,
Гете айтқан сенің ұлы ақындарың
Әлімдік поэзияға соққан тауың!
Алғашқы алыстарға берген тыныс,
Беу, әттең, бір кезде ол қалды кейін,
Секілді шырқап барып сөнген дыбыс!
Осылай домбырадан күй көрінді
Енді оның жаңа Шығыс болды өрнегі
Оянған азат елдер әнін естіп
Дастандар
Биледі бір ғажайып күш кеудемді!
Дегендей надандыққа көп төзем бе,
Ұқсаған тарихы ұзын Ніл өзенге
Дін қанша басса дағы араб елі
Ғылымға қайта оралған бұл кезеңде.
Тұр әлі Ескендрия — жиһан қала,
Амал не,
Герон
салған жоқ мұнара.
Сақталған Софокл, Эсхил еңбектері
Қираған көне әйгілі кітапхана...
Бірақ Шам, Мысыр, Мекке, Мәдинеде,
От алған қайта ғылым көне ошағы
Кірсе де заң боп құран әрбір үйге.
Ашылды медіреселер кіші, ірі.
Онда тек жатталған жоқ Ісләм діні.
Сабақ боп алгебра, пәлсапалар,
Оқылды фарсы, латын, грек тілі.
Керуен балаларды Мысырға әкеп.
Тапсырды медресеге мүлкің бұл деп.
Жалғыз-ақ Әді Насыр Мұхамедтің
Дін емес, ғылым болды мүддесі тек.
Қалай ол жат шаһарға тез көндікті,
Білмеймін берді оған кім тендікті.
Тек аян: шықпады естен ана үні
Ақ кигіз өскен өзі, үй түндікті.
Шықпады мәңгі-бақыт және естен,
Ауылы сары белден самғай көшкен.
Халқының ұмытпады қайғылы әнін
Желіндей cap даланың сарнай ескен.
Өмірдің қызығынан кім бар безген?
Сол үшін бар мұхитты кеме кезген.
Опасыз тағдыр, кілең панасыздың —
Жауы боп келе жатқан көне кезден.
Көңілде жатса қайғы жыры тынбай,
Көрсетпей мейірімсіз жұрт жылы шырай,
Түйгендей өгей ана тас қабағын
Тұрса өмір, қалар кімнің қыры сынбай?!
Герон — көне заманның ұлы механика ісмері. Бұл автоматтар театырын жасап, атақты
120 метрлік Александрия мұнарасына күнмен бірге айналып тұратын әйел мүсінін істеді деген
Дастандар
Қайғыға қара түндей таңы атпаған,
Қайғыға қара тастай тіл батпаған,
Түспесең алмас жүзді тас берендей,
Өр көңіл, мінезді бол асқақтаған!
Сыйлаймын осалдықты мен жеңгенді,
Жартастай қалған қатып ер пендені.
Дүниеде қажырлықтай қасиет жоқ,
Бастырма қасіретке өр кеудеңді!
Мен ылғи Фарабиге таң қаламын,
Кездесіп жүргенінде сан қаланың
Сұрқия сұмдарымен жан түршігер,
Былғамай өтті қалай ол қаламын?!
Тарихтан ұмытылған ата, шегі,
Батты оған өзгеден бір ғалым кегі.
Күйініп, күрес бірақ ашпады тек
Өйткені ол — адамзаттың қамын жеді!
Іздену жүрек, миға салған ойран,
Ұлы адам алыс келер ұсақ ойдан.
Білімді ол, бар арманы ғылым болып,
Тұрғанын құрылғалы дұзақ қайдан!
Біреудің келіскенмен тұр, келбеті,
Не пайда жатса ішінде улы дерті?
Жақсылық басқаға істеу қолдан келсе,
Адамның ең қадірлі бір міндеті,
Қартайып, тәубе етпей кең келмейді,
Жоқ, бекер! Құдай өзі оңдырмаса
Кәрі де ұят-ау деп жөнделмейді!
О, жалған, ондайыңнан аман сақта.
Қалдырма, халқым үркер, жаман атқа.
Тіпті сен бермесең де бақытыңды,
Жақсылық орната көр адамзатқа!
Тағы да ғаламға ақын бас иеді,
Пайғамбар жан екен ол шын киелі.
Сексенге келгенше бір жұқпаған,
Талай сұм жақса-дағы сан күйені.
Ішінде ұлы ғалым сыр тұншықты:
«Мейлі өссін дәрежесі, жансын бағы,
Асыға түсе берсін алшы тағы.
Жүз жерден алтын жүлде алсадағы!
Әй, мүскін, қылығына қарамайсың,
Өзіңді өзің ұлы бағалайсың,
Ұмытпа: дәрежені сұрап алсаң
Дастандар
110
Дарынды бірақ сұрап ала алмайсың!
Елімнің жамандап даңқ аруағын,
Сенің-ақ аса берсін атақ-бағың!
Бәрі бір одан үлкен бола алмайсың
Өйткені көңілің-пақыр, ойың-шағын!
Қақсиып кәрлі басы көкті сүйіп!
Қолыңнан ондай жазу келмеген соң
Сондықтан барады ғой ішің күйіп!»
О, Фараби, тарихымның кейіпкері,
Керек жоқ сағын тіпті кейіп тегі:
Ежелден қаһарманға қалған емес
Бір үрмей заманының кей иттері?
Сенбесең бұл сөзіме дана ғалым,
Тыңдашы, ащы күйін домбыраның...
Домбыраң айтар өзі бұл сұмдықты,
Айтар ол сондай озбыр тобыр барын.
Ашам деп құпия қайсарланған,
Қиындық, қыспақ күштен тайсалмаған.
Дананың тек еңбекте атақ, бағы.
Ғылымның шыңы оның алтын тағы.
Даңқыңмен бірге өсіп қастары да,
Өшіге түсті сұмға, сынбай сағы.
Көңілін күншілдіктің жарасы жеп,
Жабады Фарабиге жаланы кеп.
Қуылсын, дейді, Мысыр, Бағдаттардан,
Қанішер Қыпшақтың бұл баласы деп.
Біреуге бітер дарын, біреуге бақ,
Біреуге батырлық пен ерлік, атақ.
Не құрлым талантсыз боп туса адам
Соғұрлым күншіл боп келері хақ.
Көтерді жала қастар дереу десін,
Ұмытып әділдіктің ережесін
Зұлымға алтын аса бәйгі беріп,
Жеткізді мүфтиге оның дәрежесін.
Достары Фарабидың сұмды мықты,
Жабылып ортасынан қуып шықты.
Тек қана опасызға айтпақ, болған
Ішінде ұлы ғалым сыр тұншықты:
Сол күнде Әбу Насыр Мұхамедтің
Ғылымның тарауы жоқ ой салмаған.
Үйренген араб, латын, грек тілін,
Өзінің заманына керек білім:
Дастандар
Пәлсапе, алгебра, музыкамен,
Зерттеген қалдырмай пән бірде-бірін.
Көбінен пәлсапаны ұнатты тым,
(Ғұлама, өз ісіне тұрақты-тын)
Отызда жазды «Аристотель түсінігін»
Соңынан «Саясаттың трактатын».
Биледі ол өз тұсының ақыл, ойын.
Көтерді ту ғып ғылым абройын.
Келді деп «Екінші ұстаз» әлем біткен,
Қол соғып, алды қарсы, ашып қойын.
Сүймеді өшпендіктей ол сұмдықты.
Туысқан, бауыр деді барлық ұлтты.
Достыққа, қазір біздер ұран еткен,
Шақырды ол бұдан мың жыл бұрын жұртты
Ақылдың атты жауға қарсы оғын.
Қорықпады, қастандықтың басты шоғын.
Мейірлі адамзатқа ұлы дана
Алмасын деді әлемнен соғыс орын!
Әрине шешілген жоқ көп сұрағы,
(Қаланы идеалдық
Тууы айтшы, жұртым, не тұрады!
Қалай ол жарып шықты қара аспанды?
Қалай ол жарып шықты таласқанды?
Қалмады тасқа тиіп қалай сынып,
Қыпшақтың шынықпаған алдаспаны?!
Ұлы ойға құлдық етіп кім табанды?
Жалау ғып көтерді кім шын дарынды?
Өспейді алтын бидай арам шөпсіз,
Күндеуші, көрмеуші де көп табылды!
Есте жоқ, бұған етті қастық кімдер,
Жеңе алды бәрін еңбек, жастық, жігер.
Бәлкім ол қалар ма еді бірден күйреп,
Араптар көрсетпесе достық егер.
Қылыш боп төнсе кейде жат дүние,
Дейтұғын мұндай шақта ол күйіне:
«Адамның шыдамсыздық жаман жауы,
Сабырлық болсын қорған, оған ие!»
Сонда ол қолға алатын домбырасын,
(Елінен ертіп келген жан жолдасын),
Сол сәтте көкке қанат жаятұғын
Идеялық қала — сол кездегі пәлсапашылардың негізгі ойларының бірі. Бұдан әсіресе әл-
Дастандар
112
Көңілден ұшып аққу, кейде лашын...
Домбыра беретұғын әл-қуатты,
Ашатын оған мөлдір көз-сауатты,
Елінің күйін төгіп қос шегінен,
Үніндей анасының сан уатты.
Толқып кеп Әбу Насыр тартады күй,
Сан қилы үнге толып жатады үй.
Ұшқыр ой туған сонау домбыраға
Артынан ат қойды жұрт әл-Фараби.
Домбыра жанын талай тебірентті.
Соңынан әлемге де әйгілі етті.
Жазды ол музыкалық трактатын
Құрал ғып жан серігін екі шекті.
Елімнің ұмытқан жоқ кең даласы,
Данаға айтады алғыс бар баласы:
Фараби тартып, содан аян болды
Қыпшақтың әлемге ағаш домбырасы.
Қазаққа еткен ән мен күйді мекен,
Фараби себі, сірә, тиді ме екен?
Дүниеге келгендейміз музыкадан,
Өзгедей жаратылмай сүйек, еттен.
Елімнің өтті талай ардагері,
Біржан сал, Құрманғазы, Ақан сері.
Манарбек, Құрманбекті былай қойсам,
Ұмытам қалай Күләш, Әмірені?
Туды ма ән, Фарабидей бабам жебеп,
Білмеймін, ұққаным сол ойын демеп,
Ананың сүтіменен кірген ән, күй,
Жазуға трактатын болды себеп!
Махаббат — атып таңы алтын арай,
Әл берді Фарабиге әрі қарай.
Шын ләззәт келмегенде, қасіреттен —
Тірі оның қалуы еді екі талай.
Ойға шоқ салған талай ол кезде де
Көген көз, жаннат қыздар, пісте мұрын.
Әмірші, патшаны да құлы еткен,
Күш бар ма бұдан асқан, бұдан өктем?
Бар ма екен сірә көніп, бағынбаған,
Жарлыққа келген сонау құдіреттен?!
Құл болмай, бұл тәңірден кім құтылды?
Ол келсе, қайғы-қасірет ұмытылды.
Оянып тыныш жатқан қайнар көздер,
Дастандар
113
Мұз бұлақ тасты жарып көкке ұмтылды!
Махаббат — жаз ғой, сүйген күннің көзін.
Оятқан алтын таң ғой түннің өзін.
Туар ма Фарабиден асқақ ойлар
Осындай билемесе ұлы сезім?!
РТ
Миллион жыл бұдан бұрын жанып кеткен,
Өшпеген бірақ нұры сөніп көктен,
Жұлдызға ұқсар дарын құдіреті
Еңбегі бүгін бізге келіп жеткен.
Ғалымды, күн шығысқа төккен сәуле
Құртам деп жауы талай еткен әуре.
Meн кіммін, ұлы ұстазға қарағанда
Жер басып жүргеніме тәубе! Тәубе!
Жастық шақ кейде мүлдем әусер келген.
Мен де сан аласұрып әусерленгем.
Махаббат болса егер мөлдір бұлақ
Суынан қанған сайын сусай бергем.
Болғам жоқ ойдың ұлы кемеңгері,
Тек шындық жүрегімнің күйі дері.
Жаздым мен бес жүз жылдық елнамасын
Осы да құлашымның жеткен жері!
Өмірдің мен де өзіңдей бір қонағы,
Ең асыл бояудағы бір оңады,
Сұрама бұдан артық мен бейбақтан,
Жеріне жеткен ұшып — құс қонады!
Естідім қастардың да сан жаласын,
Естідім достардың да сын, таласын.
Тілегім сенен жалғыз жас ұрпағым,
Болғай да әділетті көз қарасың!
Тудырған өз баласын әрбір дәуір,
Жазылар бұдан да еңбек әлі тәуір.
Есіңнен шығарма тек болашағым, —
Түйенің көш бастаған жүгі ауыр!
Күлгірсіп араптың кей әз-әзілі,
Ойлаған Фарабиге көр қазуды.
Мен дағы жаздым халық ұлы ісін,—
Барынша ашып тарих кең уысын.
Өзімнен артық сүйер елі-жұртын,
Дастандар
114
Тек қана от жүректі бір ұл тусын!
Сол шешер мен шешпеген көп түйінді.
Сол айтар мен айтпаған көп қиынды.
Тапсырдым оның адал үкіміне,
Жанымды, жүрегімді, бар миымды!
Жаздым мен бұл сөзімді, жаздым толқып.
Көргем жоқ бірақ қастан жасып, қорқып.
Артымда асыл туған жолдасым көп
Керегін кен тасынан алар қорғын!
Фараби қиындықты талай көрген.
Жез тырнақ сұм тағдырды талай жеңген,
Өйткені серіктері болды қорған
Ұлына ақ жүректен, талмай сенген.
Саф алтын сара ойлары кетер текке.
Есті адам ұқпастарға етсе өкпе.
Түсінді ол өз бағының жатқандығын
Дуалы сонау алыс келешекте!
Қаймығып көңіл шіркін алас ұрар
Келешек бүгінгі емес адастырар,
Келешек дарыныңның кесімкері,
Жауы жоқ онымен бақ таластырар!
Фараби, өз кезінің дана адамы.
Оны ұлы істеген жоқ өз заманы.
Ұлы еткен — мың жылдық сол келешегі,
Әр жылы — даңқы өскен ой қадамы!
Осалды қанды балақ өлім жеңген,
Қағида келе жатқан бар ежелден.
Күшті тек бұл өмірде сондай жандар —
Кімде-кім қорықпаса сол өлімнен!
Фараби, әбді Насыр дана ұлым,
Қыпшақтың көрмей өттің паналығын.
Дүниеге келсең де сен Отырарда,
Мысырда туды сенің даналығың!
Сан рет қуантсаң да жүрегімді
Жат елден берді тәңір тілегіңді.
Сен таптың Нишапур, Бағдат, Мысыр, Шамнан,
Қазына, ғылым атты керегіңді!
Мадақтап бас игенде әлем біткен,
Мақтанғам, мен де сені тәңір еткем.
Дегенің «Мен қыпшақтан келген жанмын»
Кетпейді, ант сөзіндей, көкіректен.
Сол күннен міне, қанша ғасыр өтті,
Дастандар
115
Фараби ғалым болды құдіретті.
Таңданды жердің жүзі, қайран қалды
Қандай жұрт тапты деп бұл кереметті?!
Ал жұртың бастап сонау ескі сақтап,
Агрипей, массагет пен саураматтап,
Найза ұстап бірі қалмай жауға аттанған
Көшпелі ел, Шығысқа аяп әлімсақтан!
Maл баққан, кейде тіпті егін еккен.
Жау тисе, жаугершілік туын тіккен,
Жұрт еді Үндіменен Иран барған,
Батысын Қытайдың caн тітіренткен!
Сен туған көне тарих, көне халық
Бір кезде бұ да әлемге төккен жарық.
Гүл шыққан жерге ғана гүл шығады,
Біз мәңгі болған жоқпыз кілең ғаріп!
Жатқан соң шапқыншылар жолы болып
Көп көрдік күштілерді салған жорық
Сонда да бермедік біз ешкімге де
Қазақтың ұлы жерін, қалдық қорып.
Бұл ара тозақ та еді, бейіш де еді,
(Талай хан бұл далаға кейісті еді),
Бұл жерсіз дүние жүзі тарихы жоқ,
Шығыс пен Батыс мұнда түйіседі!
Еліңді әкете алған жоқсың бірге,
Сақтадың оны мәңгі жүрегінде,
Ұқсады махаббатың оған деген
Сарғайып, сағынып бір күткен күнге.
Әрине қалған жұртың жанға батты.
Әр күнің тамшылаған жас боп ақты.
Тек қана ұлы арман — ғылым деген
Жаныңның ауырғанын баяулатты.
Қарт етті мезгіл кеулеп жас жігітті,
Ақтап ол әлем күткен көп үмітті,
Жүректен тамған қаны таусылғанда,
Өлім не? Мәңгі ұйқы тас қамалы,
Өмірге деген сәби әр талпылы —
Өмірге таяй түскен сол қадамы.
Өлген жоқ әл-Фараби, тірі мәңгі,
Ұйқыдан оянған жоқ сол күн таңғы.
Ала алмай келе жатыр мың жыл бойы,
Ұлы ойды, алса да өлім жан мен тәнді!
Мінекей тұрмын мен де атыңды атап,
Халқына тарап жатыр аңыз, лақап.
Дастандар
116
Бас иген Шығыс, Батыс, барлық жұртың
Бір адам алса сендей алсын атақ!
Тартып бір әл-Фараби домбырамды,
Тілеймін бұдан да шат атар таңды,
Мың жылдан кейін тағы кездес бабам,
Той тойлап ұрпағыммен қазақ қанды!
Мен саған туған жұртым қайта келдім,
Сөзімді жүректегі айта келдім,
Өлеңнен берер басқа өнерім жоқ,
Әйтпесе сені әбден байытар едім.
Өй деуге бағаңды сен алдың, қазақ,
Тарихқа өз үлесіңді салдың, қазақ!
Адамзат шешілетін болашағы
Айқаста, Берлинге де бардың, қазақ!
Әлемге қазір жұртсың сен әйгілі,
Шабыста алған жеңіп сан бәйгені.
Орнатқан жерге ұжмақ бақытты елсің,
Фараби, тозбас ұлы із қалдырдың,
Қайғыға өзінді де сан шалдырдың,
Сол жерге бүгін барды үлкен қазақ,
Шешуге ақылдасып ел тағдырын!
Дарынның ешуақытта өшпес үні,
Болса егер халқы үлкен, өркеш, ірі.
Мысырда, жалғыз ағаш безілдеген,
Қазақтың күй ойнады оркестрі!
Бұдан да шырқармын мен қанат жайып,
Өсер ел жылдан жылға әлі ұлғайып.
Мың жылдан кейін келсең бұл араға
Көрерсің ұлы жұртты таңғажайып!
Ұлы ел бар аямай күш, құдіретін,
Кішкентай ұлын Ұлы ұл ететін.
Кішкентай елін даңқты, ұлы ететін!
Солардың бірі алып әл-Фараби.
Домбырам сол себептен тартады күй.
Әр жыры — арпалысқан асау тартыс
Өртенген жүрек лаулап, қайнаған ми!
Дастандар
117
Замандастарының
Ілияс Есенберлин жайлы
естеліктері
118
ұрсұлтан
Қазақстан
еспубликасының
Ілияс Есенберлин қазақ әдебиетінің ғана емес, қазақ халқы тари-
хының төрінен лайықты орын алатын дара тұлға. Олай деуіміздің
бірнеше себептері бар. Ақиқат шындық темір шымылдықтың ар
жағында тұтқындалып, ата тарихының «ақтаңдақтарын» зерттеуге
тыйым салынған жылдары Ілекең қазақ қаламгерлерінің алғашқысы
болып қиын да күрделі тақырыпқа — Қазақ хандығының бостандық
пен тәуелсіздік жолындағы күресі тақырыбына қалам тартты. Қалам
тартып қана қойған жоқ, өзінің эпикалық құлашы, халық өмірінің сан
алуан қырын кең қамтуы, қазақ тарихының кемеңгер көсемдерінің
қайталанбас бейнелерін сомдауы жағынан өзге туындылардан оқ
бойы алда тұрған талантты шығармасы — «Көшпенділер» тарихи
трилогиясын дүниеге әкелді. Бүгінде дүние жүзінің көптеген халық-
тарының тіліне аударылып, әлденеше рет басылған жазушының осы
еңбегін хандық дәуірдегі қазақ өмірінің энциклопедиясы десек артық
айтқандық бола қоймас.
Ілияс Есенберлиннің өзі де, оның сан қырлы шығармашылық
өнері де тоталитарлы жүйенің мың өлшеніп, мың кесілген қалыбына
сыймады және сыюы да мүмкін емес еді. Сондықтан ол тірлігінде
көп қуғын-сүргінге ұшырады. Қалың оқырман қауым асыға күтетін
жазушының әр кітабы үлкен қиындықтармен, цензураның «қырағы»
қадағалауымен жарық көрді. Міне, осындай жан-жағынан қыспаққа
алған қиын жағдайға қарамастан, жазушы оқырман қауымның ыс-
тық ықыласына бөленген «Қатерлі өткел», «Ғашықтар», «Алтын
құс», «Айқас», «Көлеңкеңмен қорғай жүр», «Алтын аттар оянады»,
Маңғыстау майданы» т. б. тамаша романдарымен қатар, өмірінің
соңғы кезеңінде «Алтын Орда» атты тағы бір тарихи трилогия жазып,
соңына мол шығармашылық мұра қалдырды.
Бір кездері дәріптеуді қойып, атын атап, ерлігін жазуға тыйым
са-лынған Ілияс Есенберлин кітаптарының кейіпкерлері даңқты баба
ларымыз — алтын тақты мансұқ, бүкіл ғұмырын ат үстінде өткізген
әйгілі қазақ хандары — Әз Жәнібек, Қасқа жолды Қасым, Есеңгей
бойлы ер Есім, Ақ Назар хан, Әз Тәуке, айбынды Абылайдың, кең
байтақ жерімізді ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен қорғаған
жаужүрек батырларымыз — Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөген-
бай, Шапырашты Наурызбайдың, бүкіл өмірім халқының тәуелсізді-
гі жолындағы күресіне арнаған хан Кенесары есімдері халқына
Естеліктер
119
қайта оралып, оларға ас беріліп, тарихи еңбектеріне лайықты құрмет
көрсетілуде. Ендеше осы тақырыпты басын бәйгеге түре жүріп,
алғаш қозғаған Ілияс Есенберлиннің еңбегін азамттық ерлік ретінде
бағалауға әбден болады деп есептейміз.
Ілияс Есенберлиннің қазақ халқы алдында сіңірген тағы бір
еңбегі ретінде оның шығармаларының әлем халықтарының алуан ті-
ліне аударылып басылуын, сол кітаптар арқылы көптеген елдердің
қазақ деген бостандықты ту еткен, досқа — адал, дұшпанға — сұсты,
меймандос халық бар екенін танып білуі дер едік.
Бүгінде I. Есенберлин шығармашылығы туралы көптеген зерт
теу еңбектері жазылды. Қалаларда оның есімімен көшелер, мектеп-
тер, мәдени ошақтар болуы керек! Бір сөзбен айтқанда, артында өл-
мейтіндей сөз қалдырған жазушы еңбегі ешқашан туған халқының
жадынан өшпеуге тиіс.
Қазір тәуелсіздік туын берік ұстаған жас Қазақ мемлекеті қиын
да күрделі жағдайды бастан кешіріп отыр. Жүзден астам ұлттың басы
қосылған еліміздің даңғаза мен дақпыртқа елеңдемей, ұлы Абай ата
мыз айтқандай «ақырын жүріп анық басып келеді».
Бұл — қай кезде де әдебиетіміздің негізгі тақырыбы болып кел
ген. Ілияс Есенберлин де өз шығармаларында осы мұраттарды ту
етіп жоғары көтере білді. Көрнекті жазушының қаламынан туған мол
шығармашылық мұралары алдағы уақытта да ізгі мақсаттарға қызмет
ете бермек.
Естеліктер
інмұхамед Қонаев
Жанақ ақын айтты дейтін мынадай ғақлид бар:
«Хан — қақпа, халық — қазына, батыр — қорған,
Молда — сүлік әуелден елді сорған.
Шешен — шеңбер болғанда, би — таразы,
Ән — сәнің, күйің — көркің, ақын — жорғаң...»
Қазақ ойшыл, дана халық қой. Бір тұста: «Ханда қырық кісінің
ақылы бар» дейді. Расында жақсының аты, ақынның хаты өлмейді.
Елдің қамын жеген, жеріне қорған болып, жұртының мұң-зарын
тыңдаған, бірлігін сақтап, келешегін ойлаған кемел ойлы хан басын
кішірейту үшін емес, қырық ханның ақылы бар от тілді, орақ ауыз
ды шешеннің, ілуде бір туатын бидің, қанатты сөздің, ұтқыр ойдың
зергері ақын-жазушылардың қасиетін танытар бір мысал келтірейін
деп отырмын.
Ел ішінде «Жиренше айтыпты» деген әңгіме көп. Соның бірінде
дуалы ауызды шешеннің тапқырлығына тәнті болмай отыра алмаймыз.
Қай заман екені бір Аллаға аян, Жиреншенің атына сырттай қа-
нық хан оны бір көрмекке, жүзбе-жүз отырып көшелі сөзін естімекке
құмартады. Шақырту алған шешен айтқан уақытында хан сарайына
келіп, табалдырықтан аттаған бойда:
— Бір жасыңыз мың болсын!— деген екен.
Хан кісі тыңдап, ой түюге пейіл тұрады. Өзгенің асылын ажы
рата алмаса да жасығына мін тағуға бейім келеді. Сол мінезбен Жи-
реншенің әлгі бір ауыз сөзін ұнатпай:
— Киелі орынның мәртебесіне сай сөз тауып айттым деп отыр-
сың ба?— дейді мұқатыңқырап.
Жиренше аспай-саспай, «ділдәрім, бетіңді бір қайырып тастадым
ба?» дегендей, тағына шалқая түскен ханға тіктей қарап:
— Сөзіңізге құлдық, хан ием,— деп назарын өзіне аудартады.—
Адамның өзі мың жасамайды, артында аты қалса, атына сай сөзі қал-
са, аты, атына сай сөзі мың жасайды. Екінші, мына опасыз жалған
дүниеде бір көрген қызық дәурені бір күнге бергісіз болса, сол бір
күннің өзі мың жылға татыр қызық дәуренмен өтсін деп едім.
Сөзге тоқтаған хан Жиреншеге сол жерде астына арымас ат мін-
гізіп, үстіне тозбас шапан жауыпты.
Демек, жақсының аты, әлімнің хаты өлмейді десек, қазақ әде-
биетінде орыны бөлек Ілияс Есенберлин де өзінің туған халқы барда
Естеліктер
аты өшпек емес. Ақырын жүріп, анық басатып, артық сөзі, асылық
ісі жоқ Ілекеңді мен ертеден білетін едім. Ол ұлы Отан соғысынан
жараланып қайтқан бойда Қазақстан Компартиясы Орталық Ко-
митетіне қызметке араласты. Тау-кен институтын бітірген инженер
болатын. Орталық Комитетте нұсқаушы қызметін атқарды да, мен
Республика Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасарлығына
тағайындалғанмын. Маған сыпайылығы ұнайтын. Кішіліктен емес,
кісіліктен туған және екінің бірінен табыла бермейтін қасиет еді.
Әдетте ақындар асау өзендей буырқанып, тасып сөйлейтін, тіпті
арқаланып алса көтеріліп кететінін талай көрдік қой. Оларды та-
биғи ерекшелікке, кейде ерлікке жорып, көрсек те көрмегендей бо
латынбыз. Ілекең жұмсақ, өте қарапайым еді. Алғаш «Айша» деген
лирикалық поэмасын оқығаным бар. Ұмытпасам, 1945 жыл шығар,
кездесіп қалған бір сәтте:
— Мұхаңмен (Мұхтар Омарханұлы Әуезов) жүздесіп, сырлас-
қалы бері әдебиеттегі жаңалықты құр жібермейтін ғадет пайда болған
еді, Ілеке. Сіздің поэмаңыз маған қатты ұнады,— дедім.
Ілекеңнің екі бетінің ұшы дөңгелене қызарып, өзінің қолайсыз-
дау сезінгенін байқатып алды. Мен екі-үш жас үлкендігіне басып:
— Мойын жар бере бермейді. Сіз қаламгерлермен жақын жүре-
сіз. Жақсының парқын білесіз. Мүмкін болса, бізге қарайласа жүріңіз
дедім.
Бар айтқаны мынау болды.
— «Менің шатпағым» туралы естігеннен гөрі, осы қолқаңыз әлде-
қайда қанаттандырып отыр. Ықыласыңызға ризамын,— деді.
Тағдырмен ойнауға болмайды. Әсіресе, өнер адамдарының, әде-
биет қайраткерлерінің өміріне сергек қарау керек. Олардың сезімтал
жүрегіне, нәзік көңіліне қияу түсірмей, рухын биік ұстау лазым. Бал
арасы қалай мың сан гүл ішінен ең шырынына қонады, жазушылар
мен ақындар да солай, өмірдің кешегі өткенінен, бүгінгі болмысынан
ертеңгі ұрпақ үшін, болашаққа нәр іздейді. Елдің сөзін сөйлеп, жыр
тысын жыртып жатса, ол сол халықтың мұңын, мұқтажын білгені. Зе
рек көңіл, зерделі ой уақыт үнін түсінгені. Сондықтан қуанышынан
гөрі қасірет қайғысы, баршылығынан гөрі жоқ-жұтаңы көп заманды
ең әуелі осы қаламгерлер кешеді. Сондай тағдыр тауқыметін Ілекең
де басынан кешті. Ол «Өтті дәурен осылай» деп аталатын (1992 жыл,
«Дәуір» баспасы) кітабымда егжей-тегжейлі жазылды. «Жаман бер-
генім айтады» дегендей азамат арасында бола беретін азын аулақ ша-
рапат-шапағатты қазбалай беру жараспас. Тек оған қосарым мынау.
Ілекең өзі шынашақтай кісі болғанмен, алыптың ісін тындырған
Естеліктер
азамат. Қырқыншы жылдардан бастап қалам ұстаған ол соңғы демі
таусылғанша шығармашылық мұратына адал болды ғой деймін. Meн
өзім Ілекеңнің «Қаһарын», «Алмас қылышын», «Алтын Ордасын»,
«Жанталасын» оқыдым. Обалы нешік, көбісін қолжазбадан оқып,
солардың үлкен өмірге — ең әділ сыншысы халқына жетуіне, оқыған
сайын Ілекеңнің өсу үстінде, шығармашылық биік белестерге көте-
ріліп келе жатқанына сүйсініп, дем бергеніне іштей қанағаттанды-
рарлық сезімге бөленемін.
Қазір ғой, тарихымыздан қол үзіп қалдық, тосқауыл, торуыл
болды, халқымыз «мәңгүрт» хал кешті деген сыңаржақ пікірлер жиі
айтылады. Белгілі мөлшерде бұл жансыз, жалған деуден аулақпын,
жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайтыны рас. Бірақ қазақ тари
хын ғылыми шыншылдықпен, оқулық ретінде жазса тарихшылары
мыз қайда қалған? Кімнің қолынан қағыпты? Тым байбалам салудың
жолы осы екен деп, ауызды қу шөппен сүрте берген жараспайды.
Әйтпесе, Ілекең жазған осы тарихи романдар кезінде оқырмандардың
үкімет тарапынан да жоғары баға алғанын, 1968 жылдары —
орталықтың қылышынан «қан тамып» тұрды деген кезде Қазақ КСР
мемлекеттік сыйлығын алып, түгелдей орыс тіліне аударылғанын
неге ұмытамыз? Бұл кітаптарды қазақ халқының тарихы емес деп кім
айта алағандай? Мәселен, «Алтын Орда» трилогиясын алыңызшы.
Үшеуі де 1982—83 жылдары жарық көрді. XIII ғасырдың басынан
бастап XV ғасырдың алғашқы жиырма жылдығы, яғни екі жүз жыл
дан астам уақыт ішіндегі тарихи оқиғалар қамтылған бұл кітаптар
өзінің құндылығын ешқашан жоймақ емес. Ол қалай жазылды деген
сауалға жауап беру өз алдына бір мәселе, ал халқымыздың тарихын,
оның нақтылы деректерді жинақтауға келгенде Ілекеңнің еңбегіне тек
ризашылық сезіммен қарауға тиіспіз. Ілекеңнің өкшесін басқан ініле-
рі және тарихи шығармалары үшін кезінде лайықты бағасын алған
М. Мағауин, Ә. Кекілбаев, Ә. Әлімжанов, Қ. Жұмаділов, Б. Жандар
беков іргелі елдің игерілмей жатқан тарихын көркем әдебиет арқылы
шоқтығын көтерсе, оларға ұялы-ояу жүрген тарихшыларымыз тек
алғыс айтқаны абзал.
Ілияс Есенберлин — өмір құбылысын, қоғам дамуын терең се-
зінетін және оның көркем полотносын жасауға ұмтылған жазушы.
Тыңның жиырма жылдығына арналып жазылған «Көлеңкеңмен
қорғай жүр» деп аталатын романы соған дәлел. Романда тың көтеруге
байланысты қазақ даласына енген жаңалықтар, ұлттар мен ұлыстар
арасындағы жарасымды сыйластық, жан баураған бірлік, жер құ-
нарлылығын сақтау проблемасы, адамдар арасындағы моральдық,
этикалық қатынастар шынайы әрі көркем суреттеледі.
Естеліктер
Әлбетте, Ілекең жайлы айтылар сыр аз емес. Соның ең басты
сы, ол кісі пендешіліктен биік тұрған ірі тұлға. Сыртынан кім келіп,
не айтпады. Ал Ілекең маған қанша келіп жүріп, бір адам туралы
ғайбат айтпай кетті. Мен де пәленшекеңнің айтып жүргені не осы деп
сұраған емеспін, ол кісі де түгеншекең мынау еді деп тіс жарған емес.
Meн Ілекеңнің ішкі мәдениетіне, жан дүниесінің тазалығына тәнті
болушы едім. Ұлы суреткерлік те сол кәусәр бұлақтай мөлдірліктен
бастау алса керек. Ілекең қазақ әдебиетіндегі халқы сусындар қайнар
бұлақ. Бір жасы мың болатын, артында өлмес сөз, өшпес із қалдыр-
ған қаламгер.
Естеліктер
Әнуар Әлімжанов
ЕЗ
СУ
РЛИН
ТА
Достасқан адамың туралы, оның үстіне мүдделері мен өмірлік
принциптері өзіңнің өмір шындығыңа, өз халқыңның тарихына көз-
қарасыңнан айырмасы жоқ адам туралы кез келген естелік қалайда
терең жекелік, субьективтік сипатта болады. Сондықтан қазақтың аса
көрнекті сөз зергері Ілияс Есенберлин туралы осы жолдарды жаза
бастаған кезде менің Ілияс ағамен соңғы кездесу жайында айтсам
ба деген жабысқақ ойдан ешбір арыла алмағаным анық. Бірақ деген
менде бата алар емеспін. Өйткені бұл, біріншіден, ауыр естелік бо
лады, екіншіден, ол менің Мәскеуде тұрып, КСРО Жазушылар одағы
хатшылығы бюросының тапсыруымен Африка-Азия әдебиетшілері-
нің Ташкент конференциясын әзірлеген сол бір 1983 жылдың күзгі
күндер оқиғаларын егжей-тегжейлі айтуға жетелейді... Ал оны айта
бастасам, мен өзім үшін қасіретті сағаттар мен күндерде қасымда бо
лып, менің сауығып кетуім үшін таңдаулы маман-дәрігерлерді тартуға
жәрдемдескен түрлі республикалар мен түрлі елдерден келген жазу
шы әріптестерімнің есімдерін атамай кете алмаймын.
Қысқасы бұл ұзақ әңгіме болар еді. Олай істемеу үшін қысқартып
айтайын: Ілияс ағамен соңғы кездесуіміз Мәскеуде, травматология
орталығында, менің тірі қалатыныма дәрігерлердің өздері де әлі сене
бермейтін кезде болған еді.
Аса ауыр автомобиль апатына ұшырағанмын. Кеудемнің сол жақ
қабырғалары, сол аяғым сынып, жамбас сүйегім жарылған. Қанның
бәрі ішкі жаққа аққан. Мен сөйлей алмайтынмын. Тыныс алуым мо-
йындағы тыныс алу күре тамырына жіңішке ине арқылы дәл соғуға
қарап қалған және менің бір-бір жарым сағат қинала дем алуыма
мүмкіндік беретін. Сонан соң бәрі қайталанатын... Күндіз-түні тө-
сегімнің жанында туған-туыстарым ғана емес, Мәскеуде жүрген дос-
тарым да күзетіп отыратын.
...Көзімді ашқанда мен тұманды түсімдегі сияқты төсегімнің үс-
тінен иіле қарап тұрған Ілияс ағаны көрдім. Оның иығынан Сағат
Әшімбаев қарайды. Олардың артында Кәкімбек Салықов пен Ролан
Сейсенбаев тұр. Meн «орынсыз демократиялығым» үшін (Орталық Ко
митет хатшылығында дәл осылай делінген еді) Жазушылар одағының
басшылығынан алынғаннан кейін Орталық Комитеттің бөлімі маған
Естеліктер
Алматыдан тайып тұру ұсынылған ең ауыр кезде әрқашан жаным
да болып, моральдық қолдау көрсеткен, мен үшін ең қымбатты екі
адам — Ілияс аға мен Сағаттың Алматыдан ұшып келгені. Кәкімбек
Салықовты мен осы кезге дейін ақын ретінде ғана білетінмін, ал сол
бір күндерде оның орасан зор адамгершілігін көрдім.
...Ілияс аға сыбырлап менің хал-жағдайымды сұрады. Мен жа-
уап қайтара алмадым. Оның жанары жасаурап тұр еді. Сағат маған
үрейлене қарап, дәрігерлер туралы бірдеңелер айтты. Ілияс ағаның
бетіне қайтадан көзім түскенде, ол теріс қарап, қолымен көз жасын
сүртіп жатты... Мен онда мұның соңғы кездесуіміз екенін білген жоқ
едім. Сол бір күн туралы естеліктің мені оның адамгершілігі мен
мейрімділігі жайында баяндауға жетелеп, оның шығармашылығы,
ғажайып еңбексүйгіштігі жайында, оның туған халқының тари
хын түп-тамырымен білетін білімі жайында айта бастауыма ешбір
мүмкіндік бермейтіні міне, сондықтан (ал ол кезде қазақ халқы ту
ралы, хандар мен сұлтандардың өмірі жайлы архивтердегі мате-
риалдарды іздестірумен айналысу және фактілерді салыстырып,
оқиғаларға талдау жасай отырып, өкімет орындарының жан сала
өрбітуі себепті қатып қалған қағидаларға қарамастан, өткен кездер
ге өз көзқарасыңды, өз тұжырымдамаң мен пікір-пайымдауларыңды
түю оңай болмайтын). Оның өзінің «Қаһар» деген романының қол-
жазбасын талқылауға қалай ұсынғаны есімде. Мен ақсақалымыз
Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтің талқылауды жүргізуіне келісімін
алдым. Жазушылар одағы үйіңнің фойесі мен бірінші хатшысының
кабинеті оқырмандар мен жазушыларға лық толды. Бірақ талқылау
кезі келгенде, Ғабит Махмұтұлы қолжазба жөнінде бірнеше қатты
сөз айтты да, шығып кетті. Сондықтан пікірсайыс жүргізуден тәжіри-
бем жоқ, мен бірінші pет талқылауды бастауға мәжбүр болдым. Бір
топ әдебиетшілер романның жариялануына бірден-ақ еш дәлелсіз
(олардың қолжазбаны оқымағаны айқын аңғарылды) бірақ өршелене
қарсы шықты. Басқалары оларға сол жерде тойтарыс беріп жатты. Пі-
кірсайыс ұрыс-керіспен аяқталуға сәл-ақ қалды... Ал роман жарық
көрген кезде баспасөз оған ұйымшылдықпен дүрсе қоя берді. Сөйтіп
Ілияс ағаның әдебиеттегі тағдыры оңай болған жоқ. Ал бүгінгі таңда
өздерін жәбір көріп, жапа шеккендер етіп көрсетіп, өз кітаптарына
тыйым салынғанын айтып жүргендер Ілияс ағаның еншісіне тиген
моральдық соққының жүзден бірін де бастан кешірген жоқ...
Біз Ілияс ағамен кешкісінгі ұзақ серуендер кезіндегі әңгімеле-
ріміз де уақыттың қарама-қайшылығы жайында, адамның қасиеттері
жайында айтатынбыз, ал ондай серуендер сексенінші жылдардың бас
Естеліктер
кезінде тұрақты сипат алып, тек қана мені Мәскеуге шақырған неме
се Африка-Азия жазушылары қауымдастығының істерімен іс-сапарға
жібергенде ғана уақытша үзілетін.
Біз көптен бері, сонау алпысыншы жылдардың бас кезінде Қа-
зақфильм студиясында бірге жұмыс істеген шағымыздан таныс бо
латынбыз. Сол кезде бірінші рет бас редактор қызметі енгізіліп, осы
қызметке тағайындалған мен «Литературная газетадан» кері шақы-
рылып алынған едім. Менің «Қазақ әдебиетінің» бас редакторы болып
жүрген кезімде де біз жиі кездесіп, ақылдасып жүрдік, бірақ жас ай
ыр-масына қарамастан, Қазақстан жазушылар одағында бірге жұмыс
істеген кезімізде шындап жақындастық. Одақтың екінші хатшысы
ретінде ол шығармашылық секциялардың қызметіне жетекшілік етіп
қана қойған жоқ, сонымен қатар өз уақытының орасан көп бөлігін рес-
публика әдебиетшілері үшін тұрғын үйлер мен Шығармашылық үйін
салуды ұйымдастыру мен соған бақылау жасауға арнады, жас ақын-
дар мен прозашыларды жайғастырумен айналысты. Онымен бірге
біз Абай мен Жамбылдың 125 жылдығын, Азия мен Африка елдері
жазушыларының конференциясын дайындап, ойдағыдай өткіздік, ал
сонымен бірге Әбу Насыр Мұхаммед әл-Фарабидің 1100 жылдығын
тарихта бірінші рет атап өттік.
Ол өз балаларын әке ретінде сүйетін және олар үшін, олардың,
әсіресе ұлының болашағы үшін ойланып-толғанатын. Бір жолы оның
немересін өзіне айтпай бір жаққа әкеткенің күйзеле айтқаны есімде.
Ол өзінің отбасын, өз балаларын мәпелейтін, ал өзін аяуды
білмейтін. Оның тіршілігінің мәні де қажырлы күрес, тынысымыз
жұмыс еді. Азамат ретінде, өз ұлтының перзенті ретінде ол өмірілік
мақсатынан — өз халқының тарихи зердесін қалпына келтіру жолы
нан тайған емес. Әбіш Кекілбаевтың тарихи хикаялары мен романда
ры, ал сексенішні жылдардағы Шерхан Мұртазаевтың пьесалары мен
кітаптары сияқты, жетпісінші жылдары Ілияс Есенберлиннің роман
дары да біздің ұлттық әдебиетіміз үшін тыйым салынған қабырғалар-
ды қиратты... Мұндай жағдайларда әрқашан болатын сияқты, дағдылы
негіздерді қорғаушылардың алғашқы және негізгі соққылары тыңнан
жол салушыларға тиіп жатады. Идеологиялық жоғарғы топтардың
ғана емес, әдебиеттің мақсаты туралы өздерінің өресіз-кертартпа
ұғымдарының мызғымастығына кәміл сенген шамшыл пиғылдағы
әріптестерінің де бірінші болып қаһарына іліккен Ілияс Есенберлин
де сондай жағдайға ұшырады. Бірақ бұл кезге дейін ол өмірдің орасан
зор өткелдерінен өтіп шыңдалған еді, қайсаржандыларға жалған іс
қалай жамалатынын білетін, ол түрме тағылымын да алған, сондықтан
Естеліктер
оны мойыту, таңдап алған жолынан таюға мәжбүр ету мүмкін емес бо
латын. Ол өз халқының шежіресін жасауға жан-тәнімен берілген еді.
Оның кітаптары қазақ хандықтарының бес ғасырға жуық өмі-
рін қамтиды. Ол ұлттық әдебиетімізде осынша көлемді жол салып,
тарихтың шешушi кезеңдерін ой елегінен өткізді және өз кітап-
тарында көркем бейнеледі. Халық өз тәуелсіздігін қайтарып алып,
оны нығайтуға ұмтылып жатқан қазіргі кезде ол салған соқпақпен
жазушылардың басқа, неғұрлым жас ұрпағы жүріп келеді. Олар та
рихты көркем бейнелеуде өз жолын, өз бояуларын іздеуде, мүмкін,
олардың біреулері мейлінше жарқын полотнолар жасар, бірақ І. Есен
берлин ұлттық мәдениет пен әдебиеттің тарихында күрделі де қатерлі
кезде әлі жан баспаған соқпаққа түскен тыңнан жол салушы ретінде
қала береді.
Қазірдің өзінде-ақ Ілияс Есенберлинсіз қазақ әдебиетін көзге
елестету мүмкін емес, ал оның романдарының беттеріне мұқият
үңілмейінше ұлттың сан ғасырлық тарихына талдау жасау мен ой
жүргізу мүмкін емес және толымды болмайды, ал ол романдардан
оның жазушы ретіндегі зерттеулерінің, шығармашылық ізденістері-
нің нысаналылығын, ойлау негізінің өзі ғана емес, сонымен қатар
оның түпкі нәтижелері, оның өмірлік тұжырымдамалары да жемісті
болғанын аңғармау мүмкін емес. Шыңғыстың тікелей ұрпақтары —
он бесінші ғасырда қазақ мемлекеттігін құрған Бірінші Әбілқайыр
хан мен одан кейінгі қазақ хандары өмірінің мысалында Ілияс Есен
берлин «билік пен халық», «әмірші мен тобыр», «жауыздық пен өнер»
ұғымдары жөнінде өзінің философиялық нобайларын жасайды. Деш-
ті-Қыпшақтан бастап Абылай хан мен Кенесары Қасымов заманы
на дейінгі Ұлы даланың сан ғасырлық тарихы оқиғаларына талдау
жасай келіп, жазушы өзінің, тұжырымдамасын жасап, көп жағынан
даулы билік моралын негіздейді. Біз бүгінде, қайтадан тәуелсіз мем
лекет болғаннан кейін өзіміздің алдымызға қойып отырған: ұлттық
бірлік идеяларын білдіруші болуға кім және қандай іс-әрекеттерімен
моральдық құқылы деген сұрақтардың жауабын іздестірдік...
Өз мемлекетін қалай және қайда бастау керек?
Бірінші Әбілқайырдың, Қасым хан мен Хақназардың, даңқы
Тәукенің, Абылай хан мен Кенесарының өмірлері мен ерліктерінің
тағылымы — бұл тағылымдар қазақтар не берді, жоңғарларға қарсы,
ал одан соң орыс отаршылдарына да қарсы үздіксіз шайқастар қазақ-
тарды неге үйретті (1798 жылдан 1930 жылға дейін жүзден астам ірі-
ірі қарулы көтерілістер мен бүліктер болған, олар аңызға айналған
Сырым Датұлының, Исатай мен Махамбеттің көтерлістерінен баста
Естеліктер
лып, Аманкелді Имановтың көтерлісі мен отызыншы жылдардағы ме-
йірімсіз, жоспарланған геноцидке қарсы ашыққандардың бүліктері
мен көтерілістеріне дейін жетеді де, қазақ жастары Мәскеудің және
оның Қазақстандағы ең соңғы қолжаулығының өктемдігіне ашық қар-
сы шыққан І986 жылғы желтоқсан оқиғаларымен аяқтады).
Дала өңірінде ұлт-азаттық қозғалыс ешқашан тоқтаған емес. Бұ-
рынғы көшпенділер өздерін ержүрек жауынгер ретінде көрсете білді.
Мұны өткен заман тарихшылары Геродот пен Страбон растайды. Қа-
зақтар өздерін өткен дүниежүзілік соғыста да тамаша жауынгерлер
ретінде көрсетті. Бірақ өз қару-жарғы болмаған олар он тоғызыншы
және жиырмасыншы ғасырдағы генерал Черняев сияқтылардың жа-
залау экспедицияларына қарсы тұра алмады...
Иә, біз соғысуды үйрендік, ал тәуелсіз болу үшін оның үстіне
құрылыс сала білу — заводтар мен фабрикалар салуды машиналар
мен компьютерлер жасауды білу, корейлер мен малайзиялықтар, жа
пондар мен тайлықтар сияқты жасай білу керек...
Патшалық Ресей мен тоталитарлық режимнің ұлт ретінде, ха-
лық ретінде станоктар мен техникадан өте шеберлікпен және жы-
мысқылықпен аулақ ұстағаны рас. Орыстандыру толық қарқынмен
жүріп жатса да, бізді техникалық, ғарыш, құрылыс мамандықтары-
нан шеттетті, дипломатиядан аулақ ұстады, саясатшылар да, мемле
кет қызметкерлерін де, әскери мамандар да даярламады. Тіпті қазақ
тіліндегі мектептер жабылып тасталды және қазақ тілінде оқытыла-
тын бірде-бір орта және жоғарғы оқу орны болмады. Біздің жеріміз
де, халқымыз да бір-ақ рольді атқаруға: Ресейдің — әуелі отаршыл
Ресейдің, ал содан соң тоталитарлық режимнің шикізаттық шылауы
болып қалуға тиіс болды. Бұл жөнінде Тұрар Рысқұлов пен Мұстафа
Шоқай өз еңбектерінде көз жеткізетін фактілерге сүйене отырып жаз
ды. Тұрар Рысқұловтың айтуына қарағанда, «Қазан төңкерісінің ең-
бек сіңірген басшыларының» бірі Иван Тоболин 1920 жылы Түркістан
Орталық Атқару Комитетінің мәжілісінде қазақтар «марксистердің
көзқарасынан экономикалық елсіз адамдар ретінде бәрібір құрып
бітуге тиіс...» деп ашық мәлімдеген. Сөйтіп бізді тура 1938 жылға
дейін қырды. Миллиондаған адамдар қаза тапты. Қасақана жасалған
аштықтан, қазақтың барын — киіз үйі мен атын күштеп тартып алу
дан қырылды — оған қарапайым медициналық көмек көрсетуден де
бас тартылды. Бірақ бүкіл халықты өлтіру мүмкін емес. Оның үстіне
бақташылар, шопандар, арзан жұмыс күші керек болды...
1990 жылдың басына қарай Одақ ыдырай бастады, бұрынғы күш-
пен біріктірілген республикалар өздерінің тәуелсіздігін жариялап жат
Естеліктер
ты. Miнe, сол кезде кенеттен «Казахстанская правданың» беттерінен,
1990 жылғы 28 қарашада жұмысшы қозғалысының тағы бір «еңбек
сіңірген» көшбасшының аузынан: «... біз міне, сендерге резервация,
сонымен іс бітті деп мәселе қойып отырған жоқпыз. Жоқ, біз қазаққа
досым дейміз!» деген сөз шықты.
Міне, сөйтіп қазақтарды бақытқа бөледі де тастады. Ақырында,
қаһары тыйылып, мейірім көрсетті. Бұл енді Тоболиннің айтқанынан
басқаша естіледі. Әйтпесе мен, аңғарғанымнан американ ізгілігі мен
демократиясына сеніп, екі рет жетпісінші жылдардың ортасы мен
сексенінші жылдардың ортасында үндістер резервациясында бір ап
тадан тұрғаным бар. Соңғы ретінде Нью-Мексика штатында, Санта
фе қалашығына жақын маңайдағы тау-тасты, төбелі шөл далада бол-
дым. Бұл азапты өмір, айтар болсам, айдаудағы өмір. Ал бізді әзірше
ондай резервацияларға қуып тықпағаны жақсы екен...
Ұлттың жүйкесіне тию газет беттерінде «еңбек сіңіргендердің»
айтуымен ғана жалғастырылып отырған жоқ...
Тәуелсіздікті қайтарып алған біз құралақан қалдық, біздің жер
қойнауының байлықтары бұрынғысы сияқты, бірақ енді біздің халық
қасіретінен баю жолына түскен жаңа саясатшыларымыздың ықтия-
рымен әлі де әкетіліп жатыр. Бізде ұқсатушы өнеркәсіп жоқ. Өзіміздің
мұнайымыз, газымыз бола отырып, бензин мен газды басқалардан са
тып аламыз. Бізде бәрі болса да, ешнәрсе жоқ.
Біз мұнайға, темір мен көмірге, асыл металдарға, астыққа малы-
нып отырған қайыршылармыз... Біз небәрі малшылармыз... Тотали-
тарлық режимнің сөзсіз орындауды талап ететін тұрақты ұраны:
«Қазақ жастары, шопан болыңдар!» еді. Сондықтан да біз қалайша
«экономикалық күшті» болмақ едік?
Біз науқастар ұлтымыз, өйткені барлық әзәзілдік қарулар — ядро-
лық та, химиялық та, бактериологиялық та қарулар — әуеде де, жерде
де, жер астында да, демек, біздің өзімізге де сынақтан өткізілді. Қазір
Ресейге тиесілі болған қарулардың бәрі сыналды. Біздің жеріміз де,
адамдарымыз да уланған, есеңгіретілген...
Біз Қазақияға бұрынғысынша шегені де, инені де, тіпті жіпті де
сырттан әкелудеміз...
Ендеше, қазақ мемлекеттілігі «бола ма, жоқ па», «Қазақтар еңсе-
сін көтеріп, қадір-қасиетке бөленіп, басқалардың, қамқоршылығынан
құтылып, дүние жүзілік өркениеттің дамуына өз үлесін қосып отыр-
ған халықтармен бір қатарға тұра ма?», «Қазақияның және барлық
Түркістан өлкесі халықтарының сыртқы және ішкі саясатының гео
саяси жақтары қандай болуға тиіс?» Біз Түркістан мемлекеттері көп
Естеліктер
федерациясы немесе Түркістан халықтары одағы идеясын бір жола
жауып тастаймыз ба?... деген сұрақтардың бәрі көкейтесті сұрақтар.
Әрине, мұндай идеяларды таратушылардың ешбір қол сұқпай, тек
экономикалық одақ қана емес, өзін-өзі қорғау үшін (қазір қайта-дан
Ресей бағып-күтіп, қолпаштап отырған қазақтардан болса да) әскери
одақ болуын көздейді. Бірақ мұндай Одақ, әлбетте, Ресейдің ғана емес
ұлы державалық ашу-ызасын туғызады. Өйткені шағын ғана елдердің
бөлшектенуі Ұлы державалардың бөлшектеп алып, билей беруіне»
оңай ғой. — міне, Ілияс Есенберлиннің көптеген елдердің тілдеріне
аударылған атақты «Көшпенділер» трилогиясын оқыған кезде талай
рет тікелей де, жанама түрде де пайда болатын немесе онда астар
лап қозғалатын осы мәселелердің бәрі біз үшін қазір бұрынғы қай
кездегіден гөрі көкейкесті және өмірлік маңызды болып отыр. Бізге
тамаша жазушы азамат таныстырған тағлымынан алатын ғибрат мол.
Естеліктер
Әзілхан
ұршайықов
(«Көшпенділер» трилогиясы және оның авторы туралы
ойлар мен естеліктер)
Жол-жөнекей ойлар:
Шеберге табынбайтын талант жоқ. Талапкердің бәрі шеберден
сескенеді. Шебер өлсе — өнер өлшемінен айырылады. Әуезов өмір-
ден өткеннен кейін қазақ қаламгерлері жоба көрсетер ақылшысынан
айырылды. Әрине, оның артында үш «М» — үш алып (Мұқанов,
Мүсірепов, Мұстафин) қалды. Бірақ олар Әуезов емес болатын.
Ал Есенберлин ше?
Әуезов өлгенде ол прозаны жаңа бастаған еді.
Данадан даңғойлар ғана мін табады. Өйткені даңғойлар мен мақ-
таншақтар қызғаныш құшағында өмір сүреді. Қызғаншақтық жан
мастығы. Адам арақ мастығынан айығады. Ал қызғаншақтар мәңгі-
бақи мас болып өтеді — жақсыны жамандаумен өмір кешеді. Олар
рухани әлсіз жандар. Күштіні бағалау үшін де күш керек.
Ал Есенберлин қалай бағаланды?
Мен Ілияс Есенберлинмен Павлодардан Алматыға келіп қайт-
қан сапарларымның бірінде кездестім. 1956—1960 жылдарда менің
«Алыстағы ауданда», «Ертіс жағасында», «Тың астығы» және «Жо
март өлке» жинақтарым бірінен соң бірі басылып шықты. Сол жыл
дары «Көркем Әдебиет Баспасы» (қазіргі «Жазушы») редакторлар
үстелдерінің бірін иемденіп отырған көзі бақырайғандау, талпақ де-
нелі, жатаған бойлы кісіні көрдім. Онша кәрі болмаса да, шашы бу
рылданып қалған. Кісінің бетіне шаншыла тіке қарамай, кабинетке
кірген адамның жүзіне сырғаната көз жүгіртіп, төмен үңіліп, алдын-
дағы қағазына тесіле қарап, үнсіз отырады екен. Өзімен қатарлас
жайғасқан жігіттердің сөзіне көп араласпайды.
Артынан Амантайдан «редакцияларыңыздағы анау кісі кім?» деп
— Сен білмейсің бе?— деді ол.
— Жоқ.
— Ол менің досым Ілияс Есенберлин. Өзі ақын. «Айша», «Сұл-
Естеліктер
тан», Біржан сал», «Большевиктер» деген поэмалары жарияланған.
Жеке өлеңдер жинағы да шыққан. Оларды оқымадың ба?
Осылай деп Амантай маған оны үстемелете таныстырды.
— Жоқ.
— Әй, сен өзің өлеңді тастап кеткен соң, өзгелердікіне көз сал-
майсың ғой,— деп Амантай қолын бір сермеді. Онысымен ол бұл
тақырып бітті дегенді аңғартты.
Амантайдың олай дейтіні: мен бұрын өлең жазып, кейін қойып
кеткенмін. «Өлеңді неге қойдың?» дейтіндерге: «Жақсы ақын болу
қолымнан келмеді, жаман ақын болғым келмеді» деп жауап бере-
тінмін. Қазір анда-санда өлең жазасың ба?» деп сұрайтындарға:
«Өлең маған жас кезімде ғашық қылып, уәде беріп, артынан басқа
біреуге тұрмысқа шығып кеткен сұлу қыз сияқты. Мен басқалардың
әйелдеріне көз салмаймын!» дейтінмін әзілдеп. Амантай менің сол
сөзімді есіне алып тұр. Одан кейін Есенберлинді әртүрлі жиналыс-
тарда көріп жүрдім. Жақын жұғысып, шүйіркелескен кезім аз. Тек ол
кісі «Жазушы» баспасына директор болып келген кезден кейін ғана
баспа директоры мен автор ретінде жүздесіп, тілдесе бастадық. Ме-
нің «Махаббат қызық мол жылдар» романым Ілекең директор кезінде
Артынан ол роман атақты болып, мемлекеттік сыйлыққа ұсы-
нылды. Бірақ кейбір «достарымның» қастандық әрекеті салдары
нан романым сыйлыққа ілінбеді. Ең өкініштісі Сыйлық комитетінде
соңғы рет дауысқа түскен кезде менің лауреат болуыма үш дауыс
қана жетпей қалды. Өйткені Сыйлық комитетінің құрамында менің
«достарымның» достары көпшілік еді.
Сол күні Ілекең маған телефон соқты. Бұл кезде ол Жазушылар
одағының екінші хатшысы болатын.
— Әзілхан, бүгін Сыйлық комитетінің қортынды мәжілісі болды.
Сен сыйлық алуға тиіс едің, ала алмадың. Бірақ сен түбінде лауреат
боласың. Осыны да есіңде сақта. Ал бұл жолы жығылып қалғаныңа
жүдеп, жүнжіме,— деді.
Ілекеңнің бұл сөзіне мен аң-таң болдым. Аң-таң болатыным, бі-
ріншіден, Сыйлық комитетінің қаулысы әлі жарияланған жоқ. Оны
Ілекеңнің қалай біліп отырғанына таңдандым. Таңдана тұра үмітімді
үзбедім. Өйткені менің романымды талдап, республиканың түпкір-
түпкірінен Сыйлық комитетіне келген хаттар мен қаулылар өте көп
болатын. Өзгелерге (Олжас Сүлейменов пен Иван Шуховқа) халықтан
келген бір де қолдау хат болмаған. Мұны маған Комитеттің кейбір
мүшелері айтқан. Сондықтан менің үмітім үлкен болатын.
Сол үлкен үмітімді үзе алмадым, үзгім келмей, «Ілекең қате есті-
Естеліктер
ген шығар. Ертең қаулыны өз көзіммен оқымай, әзірше Ілекеңнің
өзіне сенбеймін» деп бір қойдым.
Екіншіден, Ілекең менің болашақта лауреат болатынымды қайдан
біледі? Қазір жазып жатқан жаңа романым да жоқ. Болашақта жазған
күнде оның қандай дүние болып шығарын кім біледі? Мұнысы жай,
менің көңілімді көтеру үшін айта салған сөзі шығар деп ойладым.
Ертеңінде газеттер шықты. Ілекеңнің айтқаны келді: мен жаңа
лауреаттардың ішінде жоқпын. Оған әдебиеттен Олжас қана өтіпті.
Бұл 1972 жылы болатын. Содан сегіз жылдан кейін мен «Ақиқат
пен аңыз» роман-диалогыма Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың
лауреаты болдым. Ілекеңнің «ұмытпа» дегені және келді.
Мінеки, Ілекеңнің осындай көріпкелдігі бар еді.
Шығармашылық жолының алғашқы он бес жылында Есенберлин
ерекшеленіп көзге түскен жоқ. Төрт поэмасы жеке-жеке кітап болып
басылды. Өлеңдері өз алдына дербес жинақ болып жарияланды. Бірақ
оның ақындық аты дүркіреп шыққан жоқ. Есенберлин деген ақын ба
рын біреу біліп, біреу білмеді. Ондай ақынның атын естімегендер де
көп. Солардың бірі менмін. Өзім өлеңді қойып кетсем де, өлеңдер жи-
нақтарын жалықпай жинап, поэмаларды үзбей оқитын менің қолыма
Есенберлиннің бір де поэмасы түспегеніне таңмын. Сатып алып оқуға
уақытым болмаған шығар дейін десем, қазір жалпы саны жеті жарым
мыңға жеткен, өзім сатып алып, өз қолыммен дәптерлерге тізбектеген
кітаптар тізімінің ішінде Ілекеңнің бірде-бір өлең кітабы жоқ.
Елуінші жылдардың аяғына қарай Ілекең прозаға көшті. Арасы
на бес жыл салып шыққан алғашқы екі повесі («Өзен жағасында»,
«Толқиды Есіл») атағы жер жарып кетпегенмен, ел құлағын елең
еткізді. Одан кейін жыл сайын жарияланған үш романы («Айқас»,
«Қатерлі өткел», «Ғашықтар») оқырмандар өзегіне от салып, делебесін
қоздырды. «Айқас» романына 1968 жылдың Мемлекеттік сыйлығы
берілді. Бұл романның бүкіл халықтық талқылауына өзімнің де
атсалысқаным есімде. Ол романды қолдаған менің мақалам облыстық
«Семей таңы» газетінде басылған болатын.
Осыдан кейін Ілекең жаңа романдарды үсті-үстіне бұрқыратты.
1969, 1971 және 1973 жылдарда бірінің соңынан бірін қаздай тізіл-
діріп, «Қаһар», «Алмас қылыш», «Жанталас» романдарын жария-
лады. Бес жыл ішінде жарияланған бұл үш роман дүниені дүбірлетті.
Автор артынан ол үшеуінің басын біріктіріп, «Көшпенділер» деген
трилогия жасады.
Бұл үш роман алғашында орыс тіліне жеке-жеке аударылып жа
Естеліктер
рияланды. 1978 жылы үш романның басын біріктіріп, Москваның
«Советский писатель» баспасы таудай бір кітап етіп шығарды. Оны
орыс тіліне қазақ әдебиетінің қажырлы досы Морис-Симашко аудар
ды. Оған қазақ мәдениеті тарихының асқан білгірі Әлікей Марғұлан
алғы сөз жазды. Кітап оқырмандарға 100 мың дана тиражбен тарады.
Өз басым сол басылымның алты данасын бірдей сатып алып,
әйеліме, төрт балама бөліп беріп, бір данасын өзіме деп сақтап қой-
ғаным әлі күнге дейін есімде. Сол кітаптардың екеуі біздің үйде, қал-
ғандары балаларымыздың үйінде күні бүгінге дейін сақталып келеді.
Бұл басылым одан 20 жыл бұрын, сонау 1958 жылы Москваның
сол «Советский писатель» баспасынан ең көп тиражбен, ең көлемді
болып шыққан «Абай жолы» эпопеясынан кейінгі қазақ әдебиетінің
ең үлкен туындысы еді.
«Көшпенділер» трилогиясы Есенберлиннің ел ішіндегі атағын
асырып, аспандатып жіберді. Сонымен бірге ол жазушының әдеби
ортадағы дұшпандарын және көбейтті. Олар Есенберлинге тамаша
таланты мен ерен еңбеккерлігі үшін жауықты. Жауыққандардың бірі:
«Кешегі аяғымыздың астында жүрген Есенберлин аспанға қалай кө-
теріліп кетті?» деп байбалам салды. Ішін қызғаныш кернеген енді
біреулер бұқпантайлап жүріп, әркімнің құлағына бір сыбырлап, жаңа
трилогияны жамандады. «Сен жалындап тұрған жас сыншысың ғой,
тас-талқанын шығар» деп жастарды азғырды. Олардың кейбіреулері
орман патшасы аюдай ақырып, маймаңдай басатын, жазушылар
қауымының ішінде өздерін арыстандай әлді сезінетін айтақшы аға-
ларының тілдерін алды. Әрине, олардың артынан іштей өкінгендері
де болды.
Жазушылар одағының ол кезде жасыл орманға ұқсайтыны да рас
болатын. Ол орманда аю да, түлкі де, қасқыр да, қоян да мекендейтін.
Одақ ішіндегі рушылдық-жүзшілдік ниеттегі жазушылар тобын жо-
ғарыдан астыртын түрде қолдап отыратын құпия күште бар болатын.
Өз жүзінен емес, өзге жүзден шыққан жүйрік жазушыларға астыр
тын айбалта сілтеп, құлагердей құлатып отыру олардың тактикалық
тәсілдері болатын.
Мінеки, Есенберлин осындай құлагер болып, топты жарып шық-
қаннан кейін қалай оған найза сілтеп, айбалта сермемесін? Сермеді,
Ол рушыл топ өздерінің жүзшіл екенін жасырып, бүркелемеу
үшін өздерін біз «таланттылар тобымыз» деп атап, өз іштерінде өз
жүздерінің мақтаншақтарын мақтап, бауырларына тартты.
«Сен таланттысың, біздің сөзімізді сөйле» деп азғыратын. Оларға
жем тастап «жемтік» жегізетін. Солар арқылы: «Есенберлин жазушы
Естеліктер
емес, оның «Көшпенділері» роман емес, қым-қиғаш хроника» деп,
Ілекеңнің сыртынан өсек айтып, ысқыртып жамандаумен болды.
Рушыл топтың қарасын көбейтіп, оған жалпы қазақстандық ин-
тернационалдық сипат беру үшін топталып, итаршылық қызмет ат-
қарған «кірме» жазушылардың бірі С. Шаймерденов болды. Кезін-
де ақын Ғафу Қайырбеков оны «Сорайған Солтүстіктің қарағайы»
деп атаған еді. Сол «Солтүстіктің қарағайы», яғни Шаймерденов М.
Әуезов мұражайының жанынан ашылған кешкі өнер университеті-
нің директоры профессор Р. Бердібаев болатын) бір сабағында:
— Meн Жамбылды ақын деп, Есенберлинді жазушы деп, Қара-
таевты сыншы деп есептемеймін,— дегені университет сабағына
қатысқандардың бәрінің есінде. Қала зиялыларының көпшілігі сол
университеттің тыңдаушылары болатын.
Ілекеңді бұлай күндеп, көре алмаушылар бірталай болды. Олар
әр жерде сөйлеп, бой көрсетіп жүрді. Бірақ Ілекең бір топ қасқырдың
ортасына түскен жалғыз жолбарыстай жарқылдап өмір сүрді.
Олардың ырсиған азуларын денесіне дарытпады.
Жаулары қанша шәбеленсе де Есенберлин ешқашан жасыған емес.
Жазушылар одағында өтетін жиын-жиналыстарда күншіл, қызғаншақ,
рушылдардың әрекеттерін әшкерелеп, олардың езуін тілгендей етіп,
әйгілеп отырды. Есенберлин сөйлегенде оған қарсы ешкім дау айта
алмайтын. Нүрпейісов, Ахтанов тәрізді ең азулы жауларының өзі жақ
аша алмайтын.
Бір ғажабы Ілекең адалдықты арашалап, арамдықты әшкерелеп
қанша уытты сөздер сөйлесе де, өмірі қызынып, қазбаланып кетпейтін.
Үнемі сабырмен сөйлеп, шындықтың шеңберінен шықпайтын. Логик
сы күшті, алған бағытынан ауытқымайтын. Судырап тұрған шешен де
емес. Жай сөйлесе де, жауларын жамсатып шығатын. Орысшасы мен
қазақшасы бірдей болатын. Жазып алған қағазы болғанымем, оған көп
қарамайтын. Қағаздағы сөздер аузына өзі келіп құйылып тұратындай
Естелік жазғанда кейіпкеріңнің кейбір әрекеттерін айтқаныңмен,
оның есте қаларлық ерекше бейнесін қағазға түсіру қиын. Ілекең
өжет, өткір, қастарымен қарсыласа түсуден тайынбайтын батыл бо
латын. Ал оның осы қасиеттерін бір ауыз сөзбен қалай бейнелеуге
болады? Әрине, оңай емес.
Бір күні әлде бір шаруамен Жазушылар Одағына бардым. Екінші
қабатқа көтерілсем, ұзын дәліздің түкпір жағынан бірінші хатшының
кабинетіне қарай жедел аяңдап, Ілекең келе жатыр екен. Бір аяғын сәл
Естеліктер
сылтып басады (соғыстың салдарынан), бурыл шашы желп-желп ете-
ді. Ала көлеңке биік дәлізді бойлап, жалғыз келеді. Басқа жан жоқ.
Сол сәтте, кешкі апақ-сапақта терең сайдың түбінде жалғыз жо
рытып келе жатқан көкжал қасқыр көзіме елестеп кетті де, мен күліп
жібердім.
— Неге күлесің?— деді ол маған қолын ұсынып, тоқтай қалып.
— Сіз маған кешқұрым терең сайдың түбінде жалғыз жортып
келе жатқан көкжалға ұқсап кеттіңіз,— дедім оған.
— Көкжал қасқыр болмасаң, көп ит талап жеп қояды ғой,— деп
ол қолма-қол жауап қайырды.— Менде шаруаң бар ма еді?
— Жоқ, Ілеке.
— Ендеше мен біріншіге кетіп бара жатырмын,— деп Ілекең іл-
гері аяңдады.
Есенберлиннің есте қалар бейнесі қандай дегенде менің ойыма
осы оқиға оралады.
Ілекең жолбарысқа да, көкжал қасқырға да ұқсайтын еді. Бірақ ол
қасқырдың көкжалы емес, адамның көкжалы еді!
Атақты деген әдебиет сыншылары да «күшті топтан» қорғалап,
Есенберлин трилогиясы туралы жұмған ауыздарын ашпай қалды.
Жалғыз Рахманқұл Бердібаев қана өзінің әр мақаласында «Көшпен-
ділерді» қорғап, қолдап, бұл ұлы еңбектің бағасын батыл айтып оның
тарихи мәнін түсіндірумен болды.
Өзгелер шарап ішіп, шалқып, ән салып, қарта ойнап, қатын қуып,
бірін-бірі мадақтап, өз бұларына өздері пісіп жүргенде, Есенберлин
бес жылда бес роман жазып, жариялап жіберді. Әсіресе, Лев Толстой
тәрізді алып жазушылар жиырма жыл жазатын тарихи эпопеяны бұл
төрт жылда жарқ еткізді. Лев Толстой өзінің атақты «Соғыс және
бейбітшілік» романында орыс өмірінің 40—50 жылын ғана суреттей
алса, бұл қазақ тарихының 400—500 жылдық тарихын тәптіштейді.
Хандарды мақтайды, байлар мен батырларды дәріптейді. Кешегі бас
кесер Кенесарыны халық қамын, ұлт мүддесін ойлайтын кемеңгер
етіп көрсетеді. Мұның жазған романдарының саны барған сайын
көбейіп барады. Енді тағы да үш томнан тұратын «Алтын Орда» де
ген жаңа роман жазып жүр дейді. Жоқ, бұған жол бермеу керек!
Мінеки, ірі жазушылар осылай күңкілдеді. «Күшті топ» оның
атын өшіру үшін күшене қимылдады. Олардың бәріне Есенберлин
өздерінің әдебиеттегі орнын тартып алатындай көрінді. Ешкімнің
Есенберлиннің ұлылығын мойындағысы келмеді. Хас шебер қызға-
ныш өртінің қоршауында қалды.
Естеліктер
Әрине, Есенберлин тек қызыл көз қызғаншақтардың ғана ортасын
да өмір сүрген жоқ. Оны мақтаушылар болмағанымен, жоқтаушылар да
жеткі
лікті болатын. Олар: Қапан Сатыбалдин, Сәуірбек Бақбергенов,
Амантай Байтанаев, Әнуар Әлімжанов, Олжас Сүлейменов, Саин Мұ-
ратбеков, Сәкен Жүнісов, Мұхтар Мағауин, Қабдеш Жұмаділов, Беке
жан Тілегенов, Рахманқұл Пернебаев, Тұрсынбек Кәкішев, Нұрқасым
Азыбеков, Әбді Шәріпов, Баламер Сахариев, Тұманбай Молдағалиев,
Морис Симашко, Юрий Домбровский, Павел Косенко, Юрий Гердт,
Хасан Әдібаев, осы жолдардың авторы және басқалар.
Бұлардан басқа мен білмейтін өзге достары да болуы мүмкін.
Олардың қатарында Тұрсын Жұртбаевты, Сейдахмет Құттықа-
дамовты, Зайролла Дүйсенбековті атауыма болады.
Бұл аталған прозашылардың бірсыпырасы Есенберлин кітапта-
рының редакторлары болып, оның шығармашылық лабораториясына
жақыннан көз салып жүрді. Кейбіреулері қаламгердің жаңа шығарма-
ларын «Жұлдыз», «Простор» журналдарының беттерінде жарқ еткізіп,
жариялап отырды. Есенберлин олармен сырласты да, сыйласты да.
Ал ақындардан Есенберлинді ерекше жақсы көрген Олжас Сү-
лейменов болды.
Ол дос-жолдастарының бәріне адал еді. Ешкімді қақпайлаған
жоқ. Қолынан келсе, олардың бәріне көмектесуге тырысты. Директор
кезінде жақын достарына жақсылық та жасай білді.
Біздің жазушылар арасында қарымды қаламгерді құрметтеу ор
нына көре алмаушылық күшті болғаны қандай өкінішті десеңші.
Жазушылардың көпшілігі өздерін өзгеше білгіш жандармыз деп
есептейді. Сол білгіштердің алыстағы емес, қастарындағы хас шеберді
«көрмейтіні» таң қалдырады.
Мен Жазушылар одағынан «қиыр жайлап, шет қонып» жүрген
жан болатынмын. Өйткені мені Жазушылар одағындағы «күшті топ»
сауырлап, сойылдап, алпысыншы жылдардың ортасында «құздан»
құлатып, қуып жіберген. Сондықтан Есенберлинмен көп істес, сыр
лас бола алғамын жоқ. Онымен бірге баспада да, киностудияда да
қызмет істемедім. Біздің арамызда сырттай сыйластық, бір-біріміздің
жайымызды айтпай түсінушілік қана болды. Менің сырттай жүріп
байқауымша Ілекең өте қарапайым өмір сүрді. Аты шығып, атағы
өскен сайын аласарып, кішірейе берді. Жазушылар одағының мәжіліс
залында әртүрлі жиналыстар өткенде қарт жазушылар қаздай тізіліп
сахна төріндегі президиум үстелінің жанына жайғасатын. Олардың
айналасына, арт жағына мемлекеттік сыйлық лауреаттары орналаса
Естеліктер
тын. Оларды ешкім сайламайтын, өздері баратын. Мәжіліс президиу
мынан орын алу биік мәртебе болып есептелетін.
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атағы, атақты «Жазушы» бас-
пасының директоры, Жазушылар одағының екінші хатшысы деген
биік лауазымы бола тұрса да, Ілекең мәжіліс залы сахнасының өміріне
қарай ешқашан ұмтылмайтын. Үнемі залдағы адамдар ортасынан та
былатын. Онда да фотоаппарат пен камераның объективіне ілінетін
алдыңғы қатарда емес, залдың орта тұсындағы немесе арт жағындағы
бос орындарға отыра салатын. Бірақ ол қайда отырса да, екі жақ са
майы көлей көрінетін аппақ шашы айдаладан танылатын.
Ол жиналыстарда жұп жазбайтын кейбіреулер сияқты емес, көр-
ші таңдамай кез келген қартаң адамдардың немесе жас жігіттердің ор-
тасына отыра кететін. Жиналыс басталғанша олармен сөйлесіп оты-
ратын. Ал жиналыс басталған кезде ол кеудесін тіктеп, иегін көтере
ұстап, дүрдік еріндерін сәл қозғап қойып, үнсіз қалатын. Әлгінде
ғана көршілерімен күле сөйлесіп отырған Ілекең енді тым-тырыс
тас мүсінге айналатын. Баяндамашының, шешендердің сөздерін
мұқият тың-дап, қатып қалатын. Оны көрген қасымдағы өзгелер де
өздерін жинақы ұстауға тырысатын. Басқа қатарда сыбыр-жыбыр
сөз жүріп жатқанда, Есенберлин жайғасқан қатардағы және оның
алды-артындағы адамдар тып-тыныш отыратын. «Көшпенділер»,
«Ғашықтар», «Алтын құс» романдарын ардақтайтын жұрт оған осы
лай құрмет көрсететін. Ілекең кейбір партия жиналыстарын басқаруға
сайланғанда президиумнан орын алатын.
Ілекең қанша қарапайым болғанмен, үстіндегі киіміне кіршік
жұқпайтын. Ақ көйлек, қара галстук, кейде қоңыр, кейде көк костюм.
Тұмсығы кракодилдың көзіндей жылтыраған қара, кейде қоңыр бә-
тіңке. Тек қана жәпірегендеу, көнетоздау, шолақ етек қоңыр шляпаны
басынан тастамайтын. Оның үстіндегі жарқыраған жаңа киімдердің
бәріне осы көнетоз шляпа қарапайымдылық дарытатын тәрізді болып
көрінетін. Қалай дегенмен де күндіз кеңсе, түнде жазу жұмысынан
бас алмайтын Ілекеңнің үстіне қылшық жұқтырмайтын ол үйден жең-
геміздің ерекше қолы сезіліп тұратын еді.
Қарсыластарына қанша қатал болса, ол өзінің жолдастарына, жақ-
тастарына соншама мейірбан болатын. Олардың бірде-бірін елеусіз,
ескерусіз қалдырмайтын. Кейбіреулеріне қызмет те тауып беретін.
Мәселен, Амантай Байтанаевпен ол ажырамас дос болды. Алға-
шында онымен түс кезінде ресторанға бірге бас сұғып та жүрді. Ке-
йін өзі баспа директоры болғанда оны бастауыш партия ұйымының
Естеліктер
хатшысы ұсынып, баспадағы өзінен кейін екінші адам етіп ұстады.
Сәуірбек Бақбергеновті де назарынан тыс қалдырмады.
Әрине, баспа директорының қол астында қызметте, қолынан ке
лер жақсылық та көп. Оның жұртқа жасаған жақсылықтарын тегіс
түгендеп шығу қиын. Жас қаламгерден өзі жақсы көрген жас жазу
шы Нұрқасым Қазыбековке жасаған ағалық, достық қамқорлығын
атап айту қажет. Сондықтан да Есенберлиннің іні достарының ішінен
Нұрқасым бірінші боп Ілекең туралы елеулі естелік жазды. Ол естелік
«Жұлдыз» журналында жарияланды және Нұрқасымның «Ой таразы
сы» кітабында (1991) басылып шықты.
Ілекең достары жайында жылы сөздер де айтып жүретін. Бір жо-
лы оның Олжас Сүлейменов туралы айтқаны есімде.
— Ұлы ақын тек ақын ғана болып қалмайды. Ол прозашы да, дра
машы да, ғалым да бола алады. Біздің Олжас осындай ақын!
Мұны ол мақтаныш пен сүйіспеншілікпен айтқан еді. Ілекеңнің
ол айтқаны да шындыққа шықты деуге болады. Әзірше оған «ұлы» де
ген атақ қана берілген жоқ. Бірақ ол тірінің өз құлағы ести бермейтін,
бәлкім мүлде естімейтін атақ қой.
Менің бұл жазып отырғаным Есенберлин туралы өз ойларым.
Естелік аралас. Жоғарыда Ілекеңді «Адамның көк жалы» деген бо
лармын. Сол ойымды сәл кеңейткім келіп отыр.
Әрине, ол нағыз «көкжалдың» өзі еді. «Көкжал» болғандықтан
да бүкіл бір империяны құрсап тұрған идеологиялық шеңбердің
шегіне симай, «Көшпенділер» роман-эпопеясын жазды. «Көк жал»
болғандықтан да «Алтын Орда» эпопеясын ақтап кетті. Сөтіп, ол ұлы
ерлік, ұлы еңбек жасады.
Есенберлиннің «Көшпенділер» мен «Алтын Орда» эпопеялары
(6 кітап, қазақ, халқы тарихының 6 томы) Нобель сыйлығына лайық
еді. Бірақ оған оны ешкім ұсынған жоқ, Ұсынылса, ол сыйлықтың
Ілекеңнің фамилиясының жанынан «Өлгеннен кейін» деген сөздер
жазылып, оған берілуі ықтимал еді.
Мен латын Америкасының атақты жазушысы Габриэль Гарсиа
Маркестің Нобель сыйлығын алған атақты романы «Жүз жылдық
жалғыздықты» оқыдым. Тарихи жақсы роман. Бірақ ол «Көшпен-
ділерден» («Алтын Орданы» қоспағанда) артық емес. Маркес рома
нында Колумбия мен Латын Америкасының XIX ғасырдағы және
XX ғасырдың басындағы — яғни бір жүз жылдық тарихы суреттел
ген 100 жылдық. Ал «Көшпенділерде» қазақ халқының 500 жылдық
Естеліктер
өмірі бейнеленеді ғой. Оған «Алтын Орданы» қоссақ, екі Нобель
«Өлгеннен кейін» дегеннен ойға түседі: Есенберлинге өлгеннен
кейін де «Халық Қаһарманы» атағын беруге болатын еді. Ілекеңнің
сол еңбектерін жазудан асқан ерлік, қаһармандық бар ма еді?! Жоқ
қой! Жоқ!
Бірақ оны ешкім елемеді. Ескермеді. Ұсынбады. «Өлі арыстаннан
тірі тышқан артық» болып кетті.
Алматыдағы Жамбыл көшесінде Есенберлин тұрған. Сол үйдің
Бейбітшілік көшесі жақтағы бұрышына ескерткіш тақта орнатылған.
Ол тақта өзге тақталардай үйдің көше жақтағы бетіне жапсырылып
қойылмаған. Мрамордан да жасалған емес. Үйдің екі қабырғасының
түйіскен жеріне қара шойыннан құйылып жасалған бұл тақта әлдебір
алып құстың екі жағына кең жайылған қос қанатына ұқсайды. Оң жақ
шойын қанаттың бетіне: «Бұл үйде 1963—1983 жылдарда қазақ, со
вет жазушысы Ілияс Есенберлин тұрды» деген сөздер қазақша ойып
жазылған. Осы сөздер сол жақ «қанатқа» орыс тілінде түсірілген. Екі
қанаттың ортасында алыс қиырға ойлана көз тастап тұрған адамның
бас бейнесі бар. Ол — замандастарының көзіне жылы ұшырайтын
Ілекеңнің тура өз бейнесі. Оның шойын жүзінен әлде бір мұң аңға-
рылатындай. Бәлкім ол қатарлас өмір сүрген кейбір қаламдастар мен
қайраткерлердің қиянатына кейістік белгісі болар.
Ескерткіш тақтаға анықтап көз салсаң адам басты алып қыран құс
шетсіз-шексіз кең даланың үстінде қалықтап ұшып келе жатқандай
көрінеді. Оған қарап тұрып: «Бұл — өзі 500 жылдың тарихын тастай
етіп қағазға түсірген қазақ халқының өшпес рухы емес пе екен?» деп
— Самғай бер, алып қыран. Енді Саған ешкімнің қолы жетпейді,
ешкім соңыңнан ілесе алмайды!— дегің келеді ақырын.
Телефон шылдырады. Дәлізге барып, трубканы көтердім.
— Әй, Әзеке,— деді ар жақтағы дауыс. Бірден таныдым — Іле-
кеңнің үні.
— Әу, Ілеке,— дедім мен.
— Есіңде ме?— деді ол.
— Нені айтасыз?
— Сен қалайда лауреат боласың демеп пе едім саған?
— Есімде Ілеке. Айтқаныңыз айнымай келді.
Естеліктер
— Ендеше сені шын жүректен құттықтаймын.
Содан кейін Ілекең курорттан бүгін ғана келгенін айтты.
— Бірақ мен саған дауысымды конвертке салып беріп кеткен бо
латынмын,— деді ол сөзін жалғап.— Айтты ма оны?
— Сыйлық комитетіндегілер айтты, Ілеке. Ана жолы менің лау-
реат болғаныма үш-ақ дауыс жетпей қалған еді. Бұл жолы үш адам
ғана қарсы дауыс беріпті.
Бұл 1980 жылғы қазан айының орта кезі болатын. Сол жылы
7 қыркүйекте маған «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогы үшін Мем-
лекеттік сыйлық берілген. Біз тай сойып, той жасап, төрт дүркін
қонақ шақырғанбыз. Алғашқы топта Сәбит Мүсірепов, Ғабиден
Мұстафин, Мұхаметжан Қаратаев, Әбділда Тәжібаев, Әди Шәріпов
сияқты әдебиет ақсақалдары мен менің бұрынғы әскери достарым
(Сақтаған Бәйішев пен Рымбек Байсейітов) болған. Жастардан тек
қана Тұманбай Молдағалиев қосылған.
Бір айға созылған тойымыздың аяқ жағына Ілекең ілінді. Қарт қо-
нақтарға көлік жіберген едік. Сырбай Мәуленов пен Ілекең екеуі жаяу
келді. Оларды есік алдына шығып, өзім қарсы алдым. Ұлым Арнұр
мені қарсы алған қонақтарыммен қосып, фотосуретке түсіріп тұрды.
Ілекең жалғыз келді. Сәлемдесе сала менен ғафу өтінді.
— Диляра жеңгең сырқат қой, келе алмай қалды. Сәлем айтты,—
деді.
Жеңгеміздің Диляра деген атын сонда екінші рет естідім. Ол кі-
сінің кішкентай сәби құшақтаған қалпы көз алдыма келді.
Сол күні Ілекең екеуміздің Құрманғазы көшесі жақтағы троту
ар үстінде қатар тұрып түскен суретіміз күні бүгінге дейін сақтаулы.
Сол менің Ілекеңмен қатар тұрып түскен жалғыз суретім екен. Оның
бір данасы «Айқас» кітабының орысшасына жазып берген қолтаң-
басымен қоса кітапша етіп, Ілекеңнің мұражайы ашылғанда соған
Талай жыл қатар жүріп, бір-ақ рет суретке түсіппіз. Мүмкіндік
барда бірге жүрген ардақты аға, құрбы, дос, іні бауырлармен бірге
суретке түсуге мән бермегеніңе өкінесің.
Бір күні кешке Ілекең үйге телефон соқты.
— Ау, Әзеке.
— Тыңдап тұрмын, Ілеке.
— Маған сенің көмегің қажет болып қалды.
— Айтыңыз, Ілеке.
— Қарызға 300 сом ақша бере аласың ба? Бір аптадан кейін қай-
тарып беремін.
Естеліктер
— Жарайды, Ілеке. Таңертең сберкассадан алып берейін.
— Ой, рақмет. Ал енді сенің жаңа не ойлағанынды айтайын ба?
— Романдары үсті-үстіне шығып жатқан Есенберлиннің менен
ақша сұрағаны несі?— деп ойладың. Рас па?
— Рас десе де болады, Ілеке,— деп мен күлдім.
— Мен саған бір шындық айтайын: ақша деген таяз судың балығы
сияқты екен, шап беріп ұстай алсаң жалп етіп қолыңнан қалай шығып
кеткенін білмей қаласың.
— Теңеуіңіз тамаша екен, Ілеке.
— Тамаша болса, саған сыйладым. Бірақ бұл теңеу емес, тұр-
мыстың өзі ғой. Қаламақыға қанша ақша әкелсең, соның сусып қалай
күмәжінігіңнен шығып кеткенін сезбей қаласың. Баламның машина
сын біреу соғып, багажнигін майыстырып кеткен екен. Сенің ақшаң
соны жөндеуге қажет болып тұр.
— Беремін, Ілеке.
— Онда кассаға қашан барасың? Сол сағатта мен қасыңа бара-йын.
— Мен өзім апарып берейін, Ілеке.
— Қой, оның ұят болады. Қарызды адам өз аяғымен барып алуы
керек.
— Сағат таңертеңгі он кезі болсын онда.
— Жарайды келістік.
Қазіргі Қабанбай мен Фурманов көшесінің қиылысында сақтық
кассасынан қажет ақшамды алып шығып келе жатсам, Ілекең есік ал
дында күтіп тұр екен.
— Өзің уәдешіл екенсің,— деді Ілекең арқамнан қағып. Meн Іле-
кеңнің мақтағанына іштей қуанып, көркейіп қалдым.
Ілекең мен ұсынған ақшаны санамастан қойын қалтасына сұға
салды да, асыға аяңдап, кеңесіне қарай кетті. Meн Академияға қарай
бұрылдым. Ол кезде Академияның М. О. Әуезов атындағы әдебиет
пен өнер институтында қызмет істейтінмін.
Институтқа қарай келе жатып, Ілекеңнің менен ақша сұрағанына
тағыда таңдандым. Ол кезде Ілекеңнің романдары қазақша, орысша
үсті-үстіне шығып жатқан болатын. Ақшаға зәру болуы мүмкін емес-
тей тәрізді еді. Әлде ол кісі менің сараңдығымды сынамақ болды ма
екен деп бір ойладым. Бірақ менің сараң, мырзалығымды білуден не
пайда ол кісіге? Әлде кассаға ұзақ мерзімге салып тастаған ақшасын
қозғағысы келмей ме екен? Ол да мүмкін. Мейлі, ол кісі сұрады, мен
бердім. Бірақ ол кісі алған ақшасын айтқан уақыты бір аптада қай-
тарып бере қояр ма екен? Жұрттың бәрінің бір күнге деп алған қарызы
бір айда әрең қайтаратын әдеті емес пе? Бұл кісі де бір айдан бері
қайтарып бере қоймас. Мейлі, қалған азын-аулақ ақшаны ептеп ұстап,
Естеліктер
оған да жетерміз деп түйдім ойымды. Тек бір айда берсе болғаны.
Бір күні кешкі сағат 6 мен 7-нің арасында телефон шылдырлады.
Ілекең екен.
— Әй, Әзеке, жұмыстан келдің бе?
— Келдім, Ілеке.
— Мен де жаңа келдім. Ал енді сен Мир (қазіргі Желтоқсан)
көшесімен төмен қарай түс. Мен саған қарай барайын.
— Неге, Ілеке?
— Әнеукүнгі ақшаны бір аптада қайтарып беремін деп едім ғой.
Бүгін бір апта болды. Ақшаң қалтамда, қазір қолыңа табыс етемін.
Санап қарасам расында да бір апта болған екен. Мен Ілекеңнің
уәдешілдігіне таң қалдым. Разы болдым.
Есенберлин рушылдықты өте жек көрді. Өз халқының өткенін
бақайшағына дейін білетін ол көп жағдайда қазақтың түбіне, оның
бірлігі мен тұтастығына рушылдық жеткенін жақсы түсінді. Сол
себептен ол совет заманында социалистік ұлт болып қалыптасқан
қазақ зиялыларының рушыл болмай, ұйымшыл болуын қалайтын
еді. Елдің тұтастығы тұртысында ол «Алатау ала болса — ауыздағы
кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген қазақтың мақалын
қатты ұстанатын. «Әттең, осындай дана мақал шығарған данышпан
халықтың ұрпағы неге бір ауыз болмай, ала ауыз болып өрбіді екен?»
деп соншама назаланатын еді.
Әсipece, оның қазақ интеллигенттерінің, оның ішінде жазушыла-
рының арасындағы жікшілдікке жаны күйетін. Билік басындағы Има
шев, Камалиденов сияқтылардың өз руластарын астыртын қолдап,
қолпаштап, жазушылар арасында жікшілдікке су жүгіртіп отыраты
нына мүлдем қарсы еді.
Қонаев өзінің үзеңгілес серіктерінің рушылдық әрекеттерін сезе-
тін де. Әсіресе, олардың кадр іріктеу кезіндегі жымысқы әрекеттерін
айқын аңғаратын. Бірақ бірге қызмет істеп жүрген олардың ондай іс-
теріне онша мән беріп, тізбелей бермейтін. Бірақ ескі досы Есенбер
лин қыңқылдай бергеннен кейін бір жолы оған күле отырып, жайлап
былай деп айтып қалғаны да бар:
— Әй, Ілияс, сен осы рушылдықты айта беріп қайтесің. Олардың
бас жарып, көз шығарып жатқаны шамалы ғой. Көп болса руласта
рынан бірер адамды жоғары қызметке қойса, қойған шығар. Олар
не бітіреді дейсің? Мына жақта бәрін бақылап отырған партия бар
емес пе, біз бар емеспіз бе? Сен оларға назар аударып, әуре болғанша,
кітаптарыңды жаза бер. Біз оларды шығара берейік. Бұдан артық
Естеліктер
не керек саған. Қазақтың қанына сіңген рушылдықты сен екеуіміз
жоя аламыз ба? Ол үшін қазақты қайта жарату керек қой. Ол біздің
қолымыздан келе ме?— деген.
Бірақ алған бетінен қайтпайтын Есенберлин өзінен үш жас үлкен
аға досының ол сөзіне тоқталмаған. Димекеңе барған сайын ру-
шылдықтың халыққа келтірер зиянын айтып, түсіндіруден тынбайтын.
Димекең Есенберлиннің айтқандарын орындай бермесе де, ол
үшін кабинетінің есігі үнемі ашық болатын. Сол себептен де Ілекең
бізге «Кеше Димекеңнің қабылдауында болдым», «Бүгін Димекеңе
кіріп, мына мәселені қозғаймын» дегенді жиі айтатын. Есенберлиннің
Қонаевтың кабинетіне кіретініне ешкімнің шүбәсі болмайтын.
Әрине, Димекең жазушыларға көп жақсылық жасады. Димекең
заманындағыдай жақсылықты енді ешбір жазушы ешқашан көре ал
мас та. Соның ішінде Димекеңнің екі жазушыға жасаған ағалық қам-
қорлығын ерекше атап айтқым келеді.
Оның біріншісі Димекеңнің Ілекеңе жасаған қамқорлығы. Егер
Димекеңнің көмегі болмаса «Қаһар» кітабы ешқашан да шықпас еді.
«Қаһар» жарыққа шықпаса, «Алмас қылыш» пен «Жанталас» дүниеге
келмес еді. Бір сөзбен айтқанда «Қаһар» шықпаса «Көшпенділер»
трилогиясы тумас еді. «Алтын Орда» трилогиясы жазылмас еді. Онда
қазақ әдебиеті гректердің «Илиадасы» мен «Одиссеясы» екі мәңгілік
кітаптан мақұрым қалар еді. Димекеңнің Ілекеңе жасаған бұл ағалық
қамқорлығының нәтижесі ұлттық мәдениетіміздің қазынасына қосыл-
ған баға жетпес байлыққа айналды.
Ал Димекеңнің әкелік қамқорлығы Олжас тарихынан танылды.
Олжас Сүлейменов өзінің «Азия» кітабы арқылы орыс шовинизмнің
құрбаны болуға айналған кезде оның тамағына тақалған қанды қан-
жарды қағып түсірген Димекең болды. Димекең қорғамаса, Олжас
қыршынынан қиылып кететін еді. Онда қазақ халқы өзінің XX ға-
сырдағы Олжастай ұлы тұлғасынан айырылатын еді. Қонаев қамқор-
лығының арқасында ол XX ғасырда әлемдік филология лайықты
үлес болып қосылатын «Жазбалар» («Письма») кітабын жариялауды
аяқтады.
Енді ол XXI ғасырда халық мерейін арттыратын тағыда дарынды
дара шығармалардан үміт күттіріп отыр.
Қонаев алақанына салып әлпештеп, мәңгілік болашаққа қанат
қақтырған қайталанбас тұлғалар екеу ғана емес — үшеу. Мен екеу
деп әдебиет саласындағы қайраткерлерді ғана айтып отырмын.
Үшінші Нұрғиса Тілендиев! Құрманғазы атындағы оркестрді мәңгі
ұмытылмас Ахаң — Ахмет Жұбанов ұйымдастырса, «Отырар сазын»
Нұрғиса қалыптастырып кетті. «Отырар сазының» да өсіп, өркендеуі-
не Димекең тікелей қамқорлық жасады. Абылай хан артына Бұхар
Естеліктер
жыраудың өлмес есімін қалдырса, Қонаев артына қазақ мәдениетінің
осы үш алтын діңгегін қадап кетті.
Әрине, Қонаев та пенде. Кемшіліксіз пенде жоқ. Ондай ұмы-
тылмас кемшіліктер Қонаевтың да басында болды. Менің ойымша
Димекеңнің мүлт кеткен жері мыналар: бірінші, Бауыржанға батыр
атағын әперуге немқұрайды қарауы. Екінші, атақты алып академик
Сатпаевпен бақталас болуы. Үшінші, екі академик Есенов пен Бу
кетовты қудалап, тағдыр тәлкегіне салуы. Төртінші, желтоқсан жас-
тарының қырылуы.
Бірақ Сталин заманында қаншама қаһарман батырлар атақсыз
қалды. Қаншама әскерлер, академиктер, жазушылар жазықсыз өлті-
рілді. Қаншама адам қырғынға ұшырады! Оған қарағанда Қонаевтың
«озбырлығы» баланың ойыны сияқты немесе теңіздің бір тамшы су
ындай ғана. Сондықтан оны кешіруге де болады. Ол өз алдына әң-
гіме. Мен Қонаевтың аталған үш тұлғаны әлпештеуі арқылы қазақ
мәдениетіне сіңген мәңгі өшпейтін ерен ерлігі туралы айтып отырмын.
Кейбір жазушылар құлық биедей қызғаншақ келеді: жазған шы-
ғармасын жанға көрсетпей, жасырып ұстайды. Журналға шыққанда
немесе кітап болып басылғанда бір-ақ білесің.
Ілекең ондай емес еді. Жазғандарын жасыра бермейтін. Өз басым
ол кісінің екі-үш үлкен қолжазбасын оқып бердім. Олар: «Мұхиттан
өткен қайық», «Аманат» және «Маңғыстау майданы» романдарының
қолжазбалары. Қай шығармасын басқа кімге оқытқанын білмеймін.
Ілекең алдымен телефон соғатын.
— Қолың бос па?— деп сұрайтын.
Бос болмаса да, «бос» деп жауап бересің. Жасы үлкен, атағы зор
Ілекеңе «Қолым бос емес» деп қалай шіренесің.
— Бос болса, менің бір жаңа шығармамды оқып берші, қалқам,—
Өтініш соңына «қалқам» деген жылы сөзді жалғап айтады. Қалай
бас тартарсың? Бас тартпақ тұрғай, қанша бет екенін де сұрамайсың.
— Жарайды, Ілеке,— деп жинақы жауап бересің.
— Онда айналайын, сен қазір Мир көшесімен төмен қарай түс.
Meн саған қарсы шығып, қолжазбамды тапсырамын.
— Мен өзім барып алайын, Ілеке.
— Жоқ, қалқам, ол ақылшыны сыйламағандық болады. Рецезент
автордың адал ақылшысы ғой. Сен онсыз да менің бірнеше беттік
романымды оқуға өз уақытыңды бөлгелі отырсың. Автордың оны
бағалай білуі керек.
Үлкен жазушының мұндай кішіпейілділігін қалай бағаламас-
Естеліктер
сың? Әсіресе, оның «рецезент — автордың ақылшысы ғой» деген
сөзі жүрегіңе жылы тиеді. Ол сені өзінің ақылшысына балайды. Оған
қалай қуанбассың! Қуанатының Ілекеңнен басқа жасы үлкен кейбір
авторлар бәлсіне сөйлейді.
— Мен бір ғажап роман жазып тастадым. Сен соны оқып шық-
шы,— деп шіренеді. Өтініп емес, бұйырып айтады. Сенің айтар ақы-
лыңды емес, ол жазып тастаған «ғажап романды» тамашалауыңды
талап етеді.
Әрине, оның жасының үлкендігін сыйлап, қолжазбасын аласың.
Оқисың. Оқығаннан кейін үйіне, не кеңсесіне апарып бересің.
— Қалай?— дейді ол бетіңе қарап.
— Жақсы,— дейсің сен күміліп. Өзі жақсы деп мақтап берген
қолжазбаны қалай жаман дерсің. Ол қазбалап сұраса кемшіліктерін
айтайын деп іштей ойланып немесе жеке қағазға жазып барасың.
— Е, жақсы болса болды,— деп ол қолжазбасын қайтып алады.
«Сұрақ, ескерту, түзетулерің бар ма?— деп сұрамайтын.
Ал Ілекең өтінішін орындап, қолжазбаны оқып, пікір жазып бол-
ғаннан кейін өзіне телефон соғатынмын. Романын оқып бітіргенімді
— Ау, оқып болып қойдың ба? Ой, рақмет. Сендей тиянақты кісі
көргенім жоқ,— деп ол өзімді мақтап қоятын. Атақты «Көшпенділер»
романының авторынан алғыс алудан абырой бар ма? Менің көңілім
көтеріліп, Ілекеңнің жаңа романын оқып бергеніме өзімнен-өзім
разы болып қалатынмын. Сол сәтте Ілекең сөзін ілгері қарай жал-
— Онда мен Мир көшесімен жоғары қарай шыға қояйын,— дейтін.
Екеуіміз межелі жерде кездескеннен кейін, Ілекең дүрдік еріндері сол
шүршие күлімдеп, қолжазба салынған қалың папкаға қолын созатын.
Оны алғаннан кейін:
— Пікіріңді қостың ба?— деп сұрайтын.
— Қостым, Ілеке.
— Онда болды. Саған мың рақмет,— деп қолымды қысатын.
«Пікіріңді қостың ба?» деп Ілекең ылғи сұрайтын. Менің
пікірімнің пайдасы болды ма, жоқ, Ілекең оларды қабылдады ма,
қабылдамай тастады ма — оны білмеймін. Бірақ өзімнің ол кісінің
қолжазба оқыту сеніміне ие болып, үш романын оқып бергенімді
мақтаныш етемін.
Мен Ілекеңнің асығыс жазылған жеке сөз, сөйлемдеріне көбірек
көңіл аударатынмын. Соларды айтатынмын. Жоғарыда аталған үш
романның соңғы екеуіне пікірімді «Жазушы» баспасына да жазып
бердім-ау деймін. Ол кезде, әрине, баспа директоры Ілекең емес бола
тын, Әбдіжәміл Жұмабаев болса керек.
Естеліктер
Сол үш романының бірін оқып бергенімде ол кісінің айтқан бір
сөзі және есімде.|
— Пікіріңді жаздың ба?— деді қолжазбасын алғаннан кейін.
— Жаздым: бір-екі жеке сөздер ғана.
— Е, жөн: дұрыс қолданылмаған бір сөз бүкіл кітаптың күшін
кетіреді. Қазақ айтпай ма: «Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді»
деп. Рас сөз. Кітап — бір қарын май да, теріс қолданылған сөз құмалақ
қой. Солай емес пе?
— Солай,— деп мен жымиып, бас изедім. Жымиятыным Ілекең-
нің сөйлемнің әр сөзіне мән беретін зеректігіне сүйсінгенім.
Мен Ілекеңнің үйіне бір-ақ рет бас сұқтым. Не мәселемен бар-
ғаным анық ойымда жоқ. Тегі Ілекең қолжазбаларының бірін (бәлкім,
«Мұхиттан өткен қайық» болар) оқып болғаннан кейін, ол кісі ауы
рып қалған соң үйіне апарып берген болуым керек.
Есенберлиндер тұратын пәтерінің қоңырауын шылдыраттым.
Есікті қолына жас бала көтерген, қарапайым киінген дөңгелек бет
қара торы әйел ашты. «Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді»
дегендей, бұрынғы сұлулық іздері әйел бетінде сайрап тұрды. Әсіресе,
алақандай қара көздерінен жылы нұр шашырайды. Осы ұялы үлкен
көздері мен қолына көтерген жас сәби менің көз алдыма. Рафаэльдің
«Сикстина мадоннасы» картинасын еріксіз елсететті.
Ілекеңнің әйелі осы кісі болар, құшағындағы немересі шығар деп
— Ілекеңнің үйі осы ма?— дедім бас иіп, сәлемдескеннен кейін.
— Кіріңіз, қалқам,— деп әйел есікті кеңейте ашып, маған жол
берді. Сабырмен сөйлейтін салиқалы бәйбіше екен.
Ілекең үйде ауырып жатса да, төсектен басын көтеріп, иығына
халат жамылып, жазу үстелінің басында әлде бір жазбаларын қарап
отыр екен. Мен қолжазбасын өз қолына тапсырдым да бөгелмей кетіп
қалуға тырыстым.
— Диляра,— деді Ілекең әйеліне әлсіздеу ұн қатып,— бұл қайның
«Махаббат қызық мол жылдар» романының авторы. Осылай деп мені
әйеліне таныстырып, атымды атады.— Ал бұл кісі осы үйдегі жең-
гең. Әйел қолындағы кішкентайды арқасынан қағып, біздің қасымыз-
ға келді.
— Ол романды оқығанмын, жақсы кітап,— деді әйел немересін
жыламау үшін арқасынан сипай жүріп.— Ілекеңнің кітап оқуға қолы
босамайды. Сондықтан көп кітаптарды мен оқып, бұл кісіге қысқаша
мазмұнын айтып беремін. Ілекең: «Ондай сырды айтпа» дегендей,
әйеліне қарай қолын бір сермеді де, маған қарай қайта бұрылды.
Естеліктер
— Рах
мет, Әзеке. Балалардан беріп жібермей, өзің әкеп тапсыр-
ғаның жақсы болды. Бұл менің барлық жұртқа оқыта бермейтін,
оқытпақ тұрғай, әйгілеп айта да бермейтін ең жауапты қолжазбам
ғой! Мұның жан қинайтын машақаты да аз болып жатқан жоқ.
Ілекеңнің осы сөзі есімде. Соған қарағанда менің ол жолы оқы-
ғаным «Мұхиттан өткен қайық» романы болуы керек.
Содан соң ол маған қайта қарады да:
— Қызметке бара жатырсың ба?— деп сұрады.
— Иә, Ілеке. Әлі жарты сағат бар жетемін ғой.
— Онда бөгелме,— деп ол маған оң қолын қайта ұсынды. Алға-
шында аңғара алмаған едім. Енді байқасам алақаны ыстықтау екен.
— Ілеке, температураңыз бар сияқты ғой,— дедім оған.
— Әй, ештеңе етпейді,— деп ол қолын бір-ақ сілтеді. Мен есікке
— Қалқам, шай ішіп кетпейсіз бе?— деді жеңгем маған ілесе
аяңдап.
— Рахмет, жеңгей, қызметке асығып барамын,— дедім мен. Жең-
гей кішкентайды сол қолымен кеудесіне қысып, оң қолымен есіктің
кілтін бұрауға кірісті. Сол сәтте мен: «Бұл кісімің аты неге Диляра?
Қазақша емес сияқты ғой деп ойладым.
Бір-екі сырт етіп, есік ашылды да, мен ойымды кілт үзіп, жең-
геймен сәбиге бас изеп, табалдырықтан аттадым.
Ілекеңнің үйінің табалдырығын аттап, көшеге шыққан соң да,
сәби құшақтаған «Сикстина мадоннасы» көз алдымнан кетпеді. Оның
жаудыраған бейкүнә көздері ойдан-ойға жетеледі. Ілекең жан жарын
таңдай білген екен!— дедім ішімнен. Адамды шыңға шығаратын
да, шыңырауға құлататын да махаббат қой. Ілекеңнің осынша еңбек
жазып, елеулі ел азаматы болуы да осы кісінің оған деген адал
махаббатының арқасы шығар. Қарапайым инженер Ілиясты кемеңгер
жазушылыққа жеткізген осы асыл жарының ақ махаббаты, адал еңбегі
болар. Анау бейкүнә көздердің ар жағында жарының жанын лаула
тып, жігерін жанитын қаншама күш, қуат, қайрат жатыр десеңші!
Жары жайсыз еркек жар басына да шыға алмақ емес. Әр үйдің ақ
патшасы әйел ғой! Мынадай мадонна-патшасы бар үй азбайтын да, тоз
байтын да болар. Азып-тозуды былай қойғанда, Ілекеңнің бұрқыратып
романдар жазуына осы әйелдің көрсеткен көмегі аз болмаған болар!
Еріне ас әзірлеп, уақытында тамақтандырып, киімдерін үтіктеп, ине-
жіптен жаңа шыққандай етіп, жұмысқа жөнелтіп отыру — өз алды
на. Күйеуі романдар жазғанда энциклопедиялар ақтарып, әртүрлі
кітаптардан қажетті деректерді іздеп, жазушының аузына қапелімде
түспей қалған сөздерді қолма-қол айтып жіберіп, ойына ой қосып, жа-
Естеліктер
зып отырған жұмысын ілгері жалғастыруға септігін тигізіп отырған
да осы кісі ғой!
Естуімше бұл әйелдің әкесі Хамза Жүсіпбеков «халық жауы»
аталып, атылып кеткен кісі. Ілекеңнің 1944 жылы «халық жауының»
қызына үйленуінің өзі ерлік емес пе?!
Н. Островскийдің атақты романы «Құрыш қалай шынықтыны»
осы «мадоннаның» әкесі аударыпты. Ол аударманы біз бала кезімізде
қызыға оқығанбыз. Сол тамаша кітапты тамаша аударған кісінің қы-
зын көремін деп мен қашан ойлаппын? Сол тамаша аудармашының
қызы тамаша жазушының жары болуы кандай бақыт десеңізші!
Мен көшеде осылай ойлап келе жаттым. Ойлап келе жатып бір
кезде өз-өзімнен жымиғанымды аңғардым. Жымиған себебім: жазу
шылар «сұлулыққа құштарлық» дегенді сылтау етіп, үйлерінен ат
тап шықса болды, көрінген әйелге көз сүзіп, күлмеңдеп шыға келеді.
Әрбір ажарлы әйелдің етегіне үңіліп, естері шығады. Бөтен әйелмен
әуей болғанды өнеге көреді. Мұны серілік санап: «Пәленше ағамыз
пәлен қызға ғашық болған», «Түгенше ағамыз «өйткен, бүйткен» деп
өз осалдықтарын өзгеге жабуға тырысады.
Ал Ілекең талай сүліктей сұлу келіншектер мен піскен алмадай
көрікті қыздар жұмыс істейтін мекемелерде басшы болды. Бірақ ол
кісі бөгде бір әйелге көз қырын салыпты деген сөз шыққан емес.
Ілекеңнің әйел жөнінен атағы шықпауының себебін мен енді тү-
сіндім. Үйінде Рафаэль мадоннасының өзі отырған еркек оңбаған
болмаса, өзге әйелге қалай көз салмақ? Оның үстіне бұл нысаптылық
Ілекеңнің ұлы махаббатқа адалдығынан болар. Махаббатқа адал адам
ұстаған бағытына да берік болады. Алаңсыз адам ғана алған мақсатын
адал орындайды. Содан соң: «Жазушының әйелі, ең алдымен, ақылды,
еңбекшіл, содан кейін сұлу немесе сүйкімді болуы керек! Әйтпесе жа
зушы ешқашанда бақытты бола алмайды!» деп өз-өзімнен күбірлеп,
басымды изедім.
Мен Ілияс Есенберлинмен шарап ішіп, шампан соғыстырған дос
болғамын жоқ. Үйіне де бір-ақ рет кіріп шықтым. Ресторанда да бас
қосқан емеспіз. Тек қана жиналыстарда жүздесіп, кабинеттерде кез-
десіп жүрдік. Сөйте тұра біз сырттай сыйлас, жап-жақсы көңілдес
бол
дық. Әрине, мен ол кісіні романдары үшін ұнаттым. «Ғашықтар»,
«Алтын құс» романдарын да сүйсініп оқыдым. «Айқас» романына
мақтау мақала жаздым. «Көшпенділерге» көз айырмас ғашық болдым.
Ал Ілекеңнің мені не үшін жақсы көргенін білмеймін. Өйткені
мен Ілекеңмен алғашқы танысқанда атақты жазушы емес, жай жур
налист қана болатынмын. Жыл сайын көркем әдебиет баспасына
Естеліктер
Керекуден келіп, очерктер жинағымды шығартып жүретінмін. Сол
очерктерім арқылы «Қазақстан Овечкині» деген атаққа жаңа ие бола
бастағанмын.
Павлодардан баспаға бір келгенімде анада көрген дүрдік ерін ре
дактор (Ілекеңді айтамын) мені иығымнан қағып:
— Эй, товарищ, мен сенің очерктеріңді орысша шығартуға бас-
паның алдағы жылғы жоспарына кіргіздірдім,— деді.
Мен апалақтап қалдым. Өйткені очерктер жинағым орыс тілінде
шығады деген үш ұйықтасам ойымда жоқ болатын.
— Қалай? Қалай дейсіз?— деппін сасқанымнан.
Ол әлгі сөзін қайталап айтты да:
— Аудармашыңды да тауып қойдым,— деді.
— Юрий Домбровский. Ол жақсы жазушы. Менің шығармамды
аударып жүр. Мен Юраға сен туралы айттым. Ол келісті. Сенің очерк-
теріңді аударуға біздің баспамен шарт жасасатын болды. Қарсы емес-
сің бе?
— Жоқ әрине, Ілеке. Рақмет сізге,— дедім мен қуанғанымнан ау
зыма басқа сөз түспей.
— Қарсы болмасаң подстрочнигіңді тез әзірлетіп Юраға жібер,—
деп маған Домбровскийдің Москвадағы адресін берді. Мен жақсы деген
очерктерімді жолма-жол аудартып, артынан Москваға жібердім. Юрий
Осиповичке қысқаша хат жазып, бұл қолжазбаны Ілияс Есенберлинмен
уәде бойынша жіберіп отырғанымды айттым. Бірақ Домбровскийдің
қолы тимеді ме, әлде очеркпен шұғылданғысы келмеді ме, әйтеуір, сол
жинақ аударылмай қалды. Одан кейін Ілекең баспадан киностудияға
қызметке кетіп қалды да, мен ол кісімен кездесе алмадым.
Содан соң бірнеше жылдар өтті. Ол оқиға біржола ұмыт болды.
Бір күні Ілекең үйге телефон соқты.
— Әй, Әзеке!
— Ау, Ілеке.
— «Ақиқат пен аңызың» орыс тілінде қашан шығады?— деп
сұрады ол.
— «Жазушы» баспасының жоспарында жоқ сияқты, Ілеке.
— Подстрочнигің бар ма?
— Ендеше соны дереу Москваға «Советский писатель» баспасы
ма жібер.
— Олар баса ма?
— Басады. Мен сол баспаның редсовет мүшесімін. Баспаның
КСРО халықтары әдебиеті редакциясының меңгерушісі Тамм деген
тамаша жігіт бар. Мен соған хат жазып жіберемін.
Естеліктер
— Жарайды, Ілеке.
Он шақты күннен кейін Ілекең қайта телефон соқты.
— Әзеке, қолың бос па?
— Бос болғанда қандай!
— Онда Жазушылар одағына келе аласың ба?— Бұл кезде Ілекең
Жазушылар одағының екінші хатшысы болатын.— Сенің романыңа
арнап «Советский писатель» баспасына хат жазып қойып едім. Соны
көрсең қайтеді?
— Қазір жетемін, Ілеке.
Мен үкідей ұшып, Жазушылар одағына бардым. Барсам Ілекең
кабинетінде оңаша отыр екен. Екеуіміз қол берісіп амандастық. Содан
кейін ол бетіме қарады да:
— Подстрочнигіңді баспаға жіберіп пе едің?— деді.
— Сіз айтқан күні жібергенім.
— Ендеше мына хатты оқы.
Ол машинкаға басылып, шеті түйрелген бірнеше бет қағазды
менің қолыма ұсынды. Бірінші беттің оң жақ шекесіне:
«Советский писатель» баспасының КСРО халықтары әдебиеті
редакциясының меңгерушісі А. О. Тамм жолдасқа» деп жазылып,
одан кейін жол ортасына:
«Қазақ жазушысы Әзілхан Нұршайықов және оның «Ақиқат
пен аңыз» романы туралы» деген тақырып қойылыпты. Хат орысша
жазылған. Оның ең соңғы бесінші бетін ашып қарасам: «Ілияс Есен
берлин жазушы-прозаик, Қазақ ССР-інің Абай атындағы Мемлекеттік
сыйлығының лауреаты, «Советский писатель» баспасы пленумының
мүшесі» деп қолын қойыпты.
Төменнен: «8. II. 1978 г. г. Алма-Ата» деп көрсетіліпті. Мен хатты
қайтадан парақтап шықтым. Бес бет екен. Өз көзіме өзім сенбегендей,
— Ілеке-ау, соншама көп жазыпсыз ғой,— дедім таңданып.
— Алдымен оқып шық. Артығын алып тастаймыз,— деді ол
жымиып. Мен оқуға кірістім. Менде екінші данасы күні бүгінге дейін
сақтаулы. Мен хатты оқып болып, Ілекеңнің бетіне қуана қарадым.
— Ал, қысқартатын жерің бар ма?— деді алдындағы әлде бір
журналды ақтара қарап отырған ол маған күлімсірей қарап.
Адамдарда бір жүрек жылытатын жымиыс, көңіл жылытатын
күлімсіреу болады. Сондай ерекше жымиыс Ілекеңде де болатын.
Ондай сәттерде екі көзі сәл сығырайып, дүрдік еріндері ашылып, ақ
тістері айқын көріне қалатын. Мұндай жымиыс Ілекеңнің өзгеше бір
разы болған сәттерінде пайда болатын. Бүгін сол жылы жымиыстың
өзіме арналғанын аңғардым.
Естеліктер
— Жоқ, Ілеке. Сізден мұндай баға естігеніме өте қуаныштымын,—
дедім басымды иіп.
— Бағада не тұр, ел сүйетін еңбек жазғанды айтсаңшы,— деп
ол менің қолымдағы хатты алды да, төрт бүктеп конвертке салды.
Ілекеңнің сол ұсынысымен екі жылдан кейін «Ақиқат пен аңыз»
Москваның «Советский писатель» баспасында орыс тілінде бірінші
peт басылып шықты. Оны орысшаға атақты орыс жазушысы Сергей
Венедиктович Салтыковтың қызы Татьяна Сергеевна Салтыкова ау
дарды. «Жазушы» баспасы оның қазақшасын екі жылдай бөгеп, орыс
шасын қазақшасынан 6 жыл кейін (1982) басып шығарды. Ал «Прос
тор» журналы оны әлде қайда бұрып жариялады.
Ілекеңнің тарихи романдары тәрізді, менің бұл кітабым да қыз-
ғаныш қақпанына ілінді. Ал 1980 жылы «Советский писатель» баспа
сынан кітаптың сүйінші данасы (сигнальный экземпляр) шыққалы
тұрғанда баспаға кітапты қаралап, ол ұлтшылдықты дәріптеген кітап,
оны орыс тілінде шығаруға болмайды деген Қазақстаннан жіберіл-
ген арыздар түсті. Баспа мені тығыз түрде Москваға шақырды. Мен
бір чемодан кітап арқалап барып, баспа мен әскери тарих институ
ты қызметкерлерінің алдында кітабымды жабылған жаладан қорғап
қайттым. Содан кейін «Ақиқат пен аңыз» орыс тілінде жарық көрді.
Сөйтіп Ілекеңнің қамқорлығымен менің кітабым орыс тілінде
Алматыда емес, бірден Москвада басылып шықты. Ол кезде Мос-
ква баспасына мен сияқты қатардағы жазушылардың қолдары жете
бермейтін. Ол орыс тіліне аударылғаннан кейін бүкіл Совет одағына
тарады. Украинның «Дніпро» баспасы орыс тілінен дереу украин ті-
ліне аударып, басып шығарды. Одан кейін Чехославакияның «Паше
войско» баспасы чех тілінде жариялады. Егер Ілекең жанашырлық
жасап, бірден Москва баспасына ұсынбаса, онда менің романымның
орыс тілінде шықпай қалуы да ықтимал еді.
Ілекеңнің сонда «Советский писатель» баспасына жазған хаты
менің қымбат қазыналарымның бірі ретінде әлі күнге дейін сақтаулы
тұр. Ілекең сонда «архивыңа салып қой» деп тегін айтпаған екен. Осы
естелікті жазарда ол хатты архивымнан тауып алғанда қуанышымда
шек болған жоқ.
«Мың «сіз-бізден» бір «шыж-быж» артық деген сөз бар. «Мен
Есенберлинді көріп едім, сөйлесіп едім, ол кісі маған қамқорлық,
жасап еді» деп мың рет айтқаннан ол кісінің сен туралы өз қолымен
жазған бір ауыз сөзі қымбат қой. Ал Ілекеңнің мен туралы жазған бұл
қамқорлық хаты бір ауыз сөз ғана емес, бір поэмадан кем бе? Кем
емес-ау, сірә! Адал жазушы ғана ағынан жарылып, осындай ақпейіл
пікір айтар.
Естеліктер
ұхтар
ағауин
СТА
1969 жылдың күзі болса керек, ««Қаһар» романы жаңа ғана жа-
риялаған. «Қаһардың» табысы қанаттандырған Ілекең көп ұзамай-ақ
арғы тарихқа еніп кетті. Обалы қане, өзінің кейінірек телетаспаға
түскен белгілі сұхбатында «сол кезде «Қобыз сарыны» деген кітап
шығарған, тарихты терең білетін» біздің «Қаһар» романын жазу
үстінде көптеген пайдалы кеңестер бергенімізді қадап айтады. Ол за
манда іші тар ғана емес, кісілігі де кем кейбір әріптестер Есенбер
лин бұл романды өзі жазған жоқ, Мағауинге жаздырып алды деген де
әңгіме таратып еді. Кейінгі романдардың да жазушылары табылған...
Талап пен білік жұғысады, ой мен ақыл ауысады, бірақ жазу жаманға
жұғыспайды, жақсыға ауыспайды.
Ілекең жарықтық «Қаһарды» қалай дайындап, қалай жазып шық-
қаны, қалай бастырғаны — менің көз алдымда өткен, әдебиет тари
хында қайталанбас, өзгеше оқиға, ол туралы басқа бір орайда арнайы
сөз етерміз.
Тар заманда қазақ рухын қайта тірілткен осы тамаша кітап жазы
лар тұста ой бөліскен кеңесші, бірталай архив деректерін тауып бер
ген жанашыр, ақыр соңында, қолжазбаны тәптіштеп қараған ағайын
редактор ғана болғанымды айту — парыз; ең бастысы — қолжазба
қаншама талқы, тексеріс, сүзгіге түскен ашық және жабық майдандар
да сауытбұзар болдым. Ықыласы түзу аға үшін емес, аруағы басымда
тұрған Кенекем үшін. Яғни, халық тарихы үшін күрес деп аталатын
Ілекең өзінің баспаханада жаңа басылып, енді ғана түптеліп жат-
қан, әлі таралмаған «Қаһардың» әуелгі авторлық он данасының бірін
мүбәрәк қол таңбасымен сыйлағаны бар:
«Аяулы інім Мұхтар!
Осы кітаптың жазылуына өзімдей еңбегің сіңіп еді, шыққанына
енді өзімдей қуансын деп әдейі арнап тартып отырмын. I. Есенбер
лин. 15 июнь 1969 ж.» Автордың «өзіндей еңбек» — тепе-тендік емес,
кеңесшілік, редакторлық және майдандас аламандық бағдарында бол-
ғанын тағы да қайталап айтамын.
1967 жылы болса керек, әдебиетші Хасен Әдібаевтың Faбит
Мүсірепов туралы сұрағына орай мен Ғабеңді «өз мүмкіндігінің
Естеліктер
үддесінен шыға алмаған қаламгер» деп бағалаппын. Хасекең шо
шып кетті (ағамды шошытқан тағы бір байлам — ол кезде санатта
жоқ Ілияс Есенберлинді үлкен жазушылар қатарында атағаным, қой
мұныңды, айналайын, ұят болады деді), менің жауабымды басқалар
қатарында не диссертациясына, не кітабына енгізбеді. Ол кезде ара
да отыз жыл өткен соң өзім туралы да дәл осылай айтармын деп
ойлағам жоқ. Иә, анық ақиқатымен өз мүмкіндігімнің үддесінен шыға
алмаған жазушымын. Өзімнен де кемістік бар, бірақ кінәнің салмағы
— заманда деймін. Абай атамның өзіне ерік қоймаған отарлық жүйе
бізді біржола қақпақыл атты. Сандалмамен жүріп, барымызды бере
алмадық. Жалғыз мен емес. Құлдық қыспағымен өткен XX ғасырдағы
алаш азаматтарының бәрі.
Ол кезде атағы да, айбыны да жоқ, өнімді ештеңе бітірмей елуден
асқан, жазған жалғыз романының өзі қаншама тәлкекке ұшыраған,
елеусіз бір адам — кейін даңқты Ілияс Есенберлин, Қазақстан көсемі
Дінмұхаммед Қонаевтың өзінің алқауымен «Жазушы» баспасына
директор болмақ екен. Ресми қағаздардың кезегін ғана күтіп отырса
керек. Кейіннен белгілі болды, бір қайраты ішінде бұлықсып жатқан
Ілекең жазу тарапында ғана емес, жұмыс орайында да үлкен жоспар
жасап отыр екен, сол ойды іске асыру үшін жүрегі шайлықпаған жас
жігіттер керек. Ілекеңнің жан аяспас досы Қапан аға Сатыбалдин
мені ұсынады, сыртымнан қатты мақтаса керек. Ілекең екінші бір
түсіністі, тілектес інісі, «Қазақ әдебиетінің» бас редакторы Нығмет
Ғабдуллиннен сұрайды. Бұдан артық ешкімді таппайсыз дейді. Ал
дымен Қапекең келіп байқастады, солай да солай, осы бірер ай ша
масында Ілияс Есенберлин «Жазушы» баспасына директор болып
тағайындалады, қазір бас редактордың орынбасарының орны бос
тұрған көрінеді, жалғыз әдебиет баспасындағы үшінші дәрежелі қыз-
мет, Ілекеңнің өзінің көңіліндегідей кісі табылса, шын мәнісіндегі
екінші орындағы бастық, егер сені шақыра қалса, тартынба, әзірше
академия, университет дегенді қайтесің, кейін де үлгересің, саған
соны айту үшін арнап келіп отырмын деді. Бұдан соң Нығымет ағам
мән-жайды айғақтады. Сонымен, тілегенім де осы, тасқа басылған
сөзден құдіретті ештеңе жоқ деп білем, әзір болдым. Ілияс аға «Жа
зушы» баспасына май мерекесіне екі күн қалғанда келді. Мере
кеден соңғы алғашқы жұмыс күні мен де баспаға ауыстым. Алдын
ала айтылғандай, бас редактордың орынбасары. Ол кезде өте үлкен
қызмет. Үлкен болатыны, «Жазушы» — республикадағы орталық
және жалғыз әдеби баспа.
Бірақ Ілекеңмен бірден ұғысқан, мұраттас, тілектес жақындарым
Естеліктер
бар, оның үстіне өзім де екпінді болсам керек, биліктің үлкені менің
қолыма көшті. Жаңа директор бергі жақтан түгел өтіп, ОК-ке тіреліп
ұрған жоспарды қайтарып алып, алғашқы күні-ақ менің қолыма
ұстатты.
«Қанша?» — деді Ілекең. Он баспа табақ. «Жаз. Он деп жаз!» «Қо-
быз сарыны» — он баспа табақ деп жаздық. Жалғыз мен ғана емес,
жолы тұйық тұрған талай жас қаламгердің алды ашылды. Осы жылы
да, бұдан кейінгі жылдарда да. Тағы қаншама игілікті іс атқарылды.
Сірә, Ілекең — алаштың асыл азаматы Ілияс Есенберлин туралы ғана
емес, өзімнің бұрынғы-соңғы баспагерлік қызметім турасында, әдеби
орта, өткен қоғамдағы кешу күндер төңірегінде арнайы сөйлеу керек
Директор жаңа болған соң, жоспарда жаңа болады ғой деді
Ілекең кірпік қақпастан. Мүмкін білем, Ілекеңнің білері одан да
көп, нақты көрініп тұрған қатер бар ма дегенім. «Имашев орнында
отырғанда маған тыныштық жоқ, мына ағайындарың аман тұрғанда,
саған да тыныштық жоқ,— деді Ілекең,— басқаны былай қойғанда,
Хамзаны сынағаныңды олар саған ешқашанда кешірмейді». Хамза
Есенжановтың, «Ақ Жайық» деген роман-трилогиясын сынағаным,
сынаған емес, мінегенім, жіліктеп шағып бергенім рас. Бұл — әдебиет
әлемінде болып тұратын, теріс дегеннің өзінде заңды құбылыс, бірақ
кейбір ағайындар мен туралы әртүрлі дақпырт шығарып, ойбай, пә-
ленатаның баласын ұнатпайды екен, соларға түгел қарсы екен деген
лақап таратып жіберген. Басында күлген едім, артынан таңырқай бас-
тадым. Ренжиін десең қисыны жоқ. Ілекеңнің айтып тұрғаны осы.
«Менің монографиямдағы негізгі тұлғалар — Батыс өңірден шыққан
жыраулар. Мен жаңа, қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет — Еділ-
Жайық бойында туғанын және солтарапта қалыптасқанын айттым.
Шыны сол. Алтын Орданың мәдени, рухани, экономикалық орта-
лығына жақын аймақ болғандықтан, тіпті, сол орталықтың өзінде
тұрғандықтан. Мен әйгілеген Шалкиіз де, Доспамбет те, Қазтуған
да, тіпті, арқаға келіп өлген Асан Қайғының өзі осы Батыс өлкеде
туып-өсті. Сонда әлгі ағайындарыңыз мұны көрмей ме? «Оларда сен
ойлағандай ұлттық сана жоқ. Рулық сана ғана бар»,— деді Ілекең.
«Рулық сана да жоқ,— дедім мен.— Жіктік топтық сана ғана бар. Тым
құрса, рулық сана болса, ең алдымен осы Қажым, Әбдіжәміл, Тақауи
ағаларым бастап барып, Имашевқа мені ұлттық батыр деп жариялау
туралы ұсыныс түсірер еді ғой...» Ілекең күлді. «Мүмкін түсірмесе
де түсінер...» «Осы уақытқа дейін түсінбегенде... Кісіге қарап көргем
жоқ...» Ілекең ақсиып, үнсіз күлді. «Асықпа,— деді сосын. Бұл —
кітап туралы.— Сәті келер. Дайындай бер».
Естеліктер
Ілекең тағы да тартынып еді. Мына «Қаһардың» шаруасын бітіріп
алайық деген. «Қаһар» үшін күрес қызу әрі қатал болғанымен, тым
ұзаққа созылған жоқ. Ілекең жаңа — 1969 жылдың қарсаңында, 30 де
кабрь күні бастады, сексен екі күн дегенде, 20 март күні тәмәмдады,
бұдан соң талдау, талқылау, тартыс — небары үш айда бітті де, өте
шұғыл, айналасы елу күн дегенде баспадан шықты. Meн барлық
уақытта да Ілекеңмен үзеңгілес — әуелде кеңесші, содан соң сарап
шы, соңғы жазудан кейнгі уақытта тас уатар гүрзі қызметін атқарсам
керек, жан аямасам керек. Бұл — өткен тарихты қайта оралту, ата-ба
ба аруағын шақырып, ежелгі рухты тірілту, сонымен қатар, әдебиеттің
болашағы, жаңа тұрғыдағы тарихи романға жол ашу ғана емес, ұлтты
оятып, өзгеше серпіліске бастайтын, жаңа ұрпақтың ой-өрісін негіз-
деу, ұлттық мұратты айғақтау, қайыра көтеру жолындағы күрестің бір
тармағы болатын. Өткен жылы «Қобыз сарыны» шықты
— рухани
шежіре. Енді «Қаһар» — ерлік шежіре. Дүние төңкеріліп, Алаштың
аруағы қайта көтерілді. Тұрыс қисынсыз, ежелгі антологияны жарық-
қа бастау керек еді.
Бұл сарбаздар Ілияс Есенберлинді құлатып, орнын басқа бір аға-
йынға алып берсін, менің мойныма бес машинаның құнын артып,
қаңғыртып жіберсін, пендешілік дейік, қорқаулық дейік, қастандық-
тың кісі атуға ұласқан жағдайлары да ұшырасқан ғой.
Табанды күрес, аяусыз айқастың алғашқы кезеңінде Ілияс аға
Есенберлин және мен — Мұхтар Мағауин — екеуіміздің қанымыз су
дай ақты дер едім. Бірақ біржола қансырамаппыз. Қирап жығылмап-
пыз. Күш жиып, қарсы шабуылға көштік. Нәтижесінде, арада жыл
өтпей, «Алдаспан» қайыра басылып шықты. Әлбетте әуелгі нұсқаның
көлеңкесі. Қысқарған, күзелген.
Енді, сол кезде ОК-ке жаңа ғана келген, кейін «Тұйық өмірдің
құпиясы» атты (Алматы, 1992), заманалық деректерге толы, әдемі
де ащы, шынайы әрі толғамды кітап жазған Бекежан Тілегеновтың
естеліктеріне үңілейік, «Алдаспан» оқиғасына тікелей қатысты де
ректермен ғана шектелеміз. «Тұйық өмірдің құпиясы» былай дейді:
«Жалпы идеологияны басқаратын мемлекеттердің бәріне ортақ
бір қасиет — қырағылық, сезіктенушілік болатын. Осы қасиеттерден
біздер де құр алақан емес едік... Тіпті осындай қауіпті «қастан-
дықтарды» аңдып-бағып отырған цензорлар мен литоның өзімен жа
рысып, асып түсетін кезіміз болатын.
Совет өкіметіне, заңды үкіметке қарсы ашық астыртын пікір ай
тылмаса да көңіліміз толмаған, идеологиялық догманы талабына шақ
келмеген, үйреншікті ұрандарға жауап бере алмаған шығармаларды
Естеліктер
дереу «тұтқынға алып», «абақтыға» қамайтын правомыз болды. Сол
правоны мейлінше толық пайдаландық-ау деймін. Қанша кітаптарға
қиянат жасадық, қанша жазушылардың сорын қайнатып, жігерін құм
Партократияның қатаң тәртіп орнату жолындағы шабуылы, идео-
логия саласында жана міндет жүктеу әрекеті ең алдымен әдебиет
пен өнерде қалыптасқан дәстүрді, ғасырлар бойы жиналған асыл
қазына — халық мұрасын талқандаудан басталатын. Партиялық же-
текшілеріміз, идеологиялық басшыларымыз өз халқының дәстүрін,
әдебиет пен өнердің көне үлгілерін талқандауда үлкен еңбек сіңірді.
Әрине, біз қазір ескі қазынамыз халқымызға қайта оралды деп
қуанып жатырмыз, бірақ сол қазынаға қанша қастандық жасалып,
қаншасы жойылып кетті деп сұрап жатқан ешкім жоқ. Мәдениеттің
қасірет шегіп, қаншама жарқыраған асыл қырлары мұқалып, құрып
кеткенін ескермейміз.
Осындай күйге ұшыраған кітаптардың бірі — «Алдаспан» жинағы
еді. Осы кезде әдебиетіміздің тынысын кеңейтіп, шеңберін ұлғайтып,
жасын ұзартқан жаңа еңбектерімен, жаңа көзқарасымен әдебиетке ба
тыл келген Мұхтар Мағауиннің бұл жинағы — әдебиетімізде елеулі
құбылыс болды. Бірақ жұрт ризашылықпен жылы қабылдағанмен,
біз алақайлап, бірекелді деп шаттана қойғанымыз жоқ. Тағы бір ас-
тыртын бүлік шыққандай көрдік. Бөлім бастығы тағы да әдебиет сек-
торының қызметкерлерін жинап алды. Менің бөлімге келген кезім
болатын. Баспадан шығып жатқан кітаптардың әрқайсысынан екі
дана міндетті түрде Орталық Комитетке жіберілетін заңды салт бар
еді, сол дәстүрмен күн бұрын түскен екі кітапты алдымен өздері оқып
шықты ма, жоқ әлде бізге жиі келіп, ақыл-кеңес беріп, жаңалықтарды
жеткізіп тұратын жақсы таныстарымыз хабарлады ма, әйтеуір «Алда
спан» туралы шағын әңгімеміз жайсыз өтті. Жинақта идеялық, саяси
қате көп екені, бұл кітапты мына түрінде шығаруға болмайтыны ай
«Алдаспанды» жазалайтын болдық. Идеологиялық екі бөлімнің
атынан жинақтың зиянды, қауіпті тұстары көрсетіліп, басшыларға
анықтама қағаз жазылды» («Тұйық өмірдің құпиясы», 189, 192, 202
беттер.)
Осы оқиғалардың бәріне тікелей куәгер болған Бекежан Тілеге-
нов бұдан соң аталмыш қаралы үкімнің толық мәтінін келтіреді. Біз
де сол қалпында берейік. Былай депті:
«Алдаспан» атты поэзиялық жинақта өткен кезеңнің мұралары-
на «Жазушы» баспасының (директоры I. Есенберлин жолдас) сын
Естеліктер
көзбен қарамауының салдарынан идеялық өрескел қателерге жол бе-
рілді. Ілияс Есенберлин қатаң сөгіс алса да, орнында отыр, «Қаһар»
аз болғандай, енді «Алмас қылыш» деген роман жазып бастырмақ.
Біз Ілекең екуіміз қайтадан қатар түзеп, қайтпай ұрысарға бекіндік.
Бірінші «Алдаспан» шейіт болған, енді екінші «Алдаспан» қатарға
тұрған, осы соңғы басылымды қорғау қажетінен жазылыпты —17 на
урыз 1971 жыл. Жазған — мен, қол қойған — баспаның ресми бірінші
басшысы Ілияс Есенберлин.
Әңгіме бұдан ары ушықса, ақылға ғана емес, әдіс-амалға да
жетік, жоғарыда үлкен сүйеніші бар Ілекең ештеңеден тайынбайтын
еді. Шынында да, Компартия Имашев пен Есенәливтің жекеменшігі
емес қой, мүгедек майдангер Есенберлинге де қатысты. Есімде, сол
жылы жаз ортасына таман болса керек, «Алдаспанның» дауы біршама
басылған соң Ілияс Есенберлин ОК секретары Имашевтің өз қолына,
тікелей өзіне арналған, көлемі он екі бет наразылық хат тапсырды.
Сен былай етіп отырсың, алай етіп отырсың, қудалап отырсың, қысып
отырсың, әлдекімдердің қолшоқпарына айналдың, партиялық этика
ны ғана емес, партиялық тәртіпті де бұздың, мұндай, менің жеке басы
ма қарсы жолсыздықты тоқтатуды талап етемін деп, өте қатты жазыл-
ған еді. Ашынған ғана емес, ашудан шыққан, дүлей, ұстамсыз ыза
емес, ақылға, есепке құрылған қуатты қарсылық, қарсылық қана емес,
қатал ескерту болатын. Мен осы өмірімде ештеңеден қорықпайтын
екі адам көрдім, біріншісі — Ілияс Есенберлин еді, әрине, Ілияс ағаны
қолдаған бабалар аруағы, ұлы іс жолындағы іргелі мақсат пен шы
найы перзенттік парыз болатын.
Естеліктер
Қабдеш Жұмаділов
ТАРИХИ
САНАНЫ
ТАМЫР
Жетісінші жылдары қазақ теледидары қолға алып, іске асыр-
ған, бірақ өкінішке қарай, кейін жалғасын таппаған бір жақсы дәстүр
бар еді. Ол — көрнекті ақын жазушылармен, өнер қайраткерлерімен
әңгіме өткізу, олардың ой-пікірін, түр-тұлғасын, дауысын бейнетаспа
да қалдыру. Белгілі әдебиетші, теледидардың сол кездегі бас редакто
ры Сұлтан Оразалинов жүргізген сол сұхбат-әңгімелер бұл күнде көзі
жоқ адамдар туралы таптырмас ескерткішке айналды десек артық
айтқандық болмас.
Сондай бағалы бейнетаспалардың бірі қазір марқұм Ілияс Есен-
берлиннің мұражайында сақтулы тұр. Ілекең сол сұхбаттың бір же-
рінде өзіне қиын-қыстау шақта қол ұшын беріп көмектескен, әсіресе,
«Көшпенділерді» жазып жүрген кезінде тарихи деректер жинасып,
бағалы кеңестер берген үш адамды ерекше бөліп айтады. Олар: Мұх-
тар Мағауин, Сәуірбек Бақбергенов және Қабдеш Жұмаділов...
Meн мұны қалайда ретін тауып мақтану үшін не болмаса өзімді
көтермелеу үшін айтып отырғаным жоқ. Мұны еске алған себебім:
миллиондардың алдында жазушының өз аузымен айтылған бұл факті
біздің арақатынасымызда еске алуға тұрарлық біраз жайлардың бол-
ғанын аңғартса керек.
Ілекеңмен арамызда екі мүшелге жуық айырмашылығы бола
тұра, біздің жолымызды тағдырдың өзі қиуадан әкеліп түйістірді.
Атап өтерлік жайт, кеңшілікте емес, тар кезеңде табысып едік.
«Ашаршылықта жеген құйқаның дәмі кетпес» дегендей, басымызға
бұлт үйіріліп, күштілерден теперіш, тізе көрген кезде бір-бірімізге
сүйініш, қорған болған жәйіміз бар.
Университетті бітірген соң, алпысыншы жылдардың орта шенін-
де «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет істеп жүрдім. Газеттің бас
редакторы — қазақтың үлкен жүректі ақыны марқұм Қапан Саты
балдин, орынбасары — қазіргі белгілі жазушы, профессор Нығмет
Ғабдуллин. Бұлардан басқа әр бөлімде бұл күнде жұртшылыққа таны
мал, бірақ ол кезде әлі жас буынға саналатын Сәкен Жүнісов, Сайын
Мұратбеков, Мұхтар Мағауин, Қалихан Ысқақов, Рамазан Тоқтаров
сияқты сайдың тасындай жігіттер бар еді... Айтайын дегенім: сол
тұста бас редактор Қапанның кабинетіне жасы елуге келіп қалған,
Естеліктер
үстінде көнетоз ақ плащы бар, қанаты сынған қаздай бір жағына сәл
қисайып басатын, ақ шашты аласа бойлы бір адам келіп-кетіп жүрді.
Әлгі адам көбінше
жұмыс аяғына таман келеді де, редактормен
әңгімелесіп отырып қалады. Кейде екеуің әзіл-қалжыңдары жарасып,
бірге кетіп бара жатқанын көреміз.
— Біздің редактордың қасынан шықпайтын осы ақ плащты кім?—
дейміз жастар жағы бір-бірімізге иек қағып.
— Бұл — Қапанның досы, Ілияс Есенберлин деген жазушы,—
дейді редакциядағы егде қызметкерлер.
Біз білмейтінімізді сездіріп, иығымызды қомдаймыз. Алғашында
маған ол кісінің ешкімге ұқсамайтын, немістің бір емес, Эссен және
Берлин деген екі қаласының атын біріктіріп тұрған фамилиясы қы-
зық көрінді. Артынан сұрастырып көрсек, ол шынында да, соғыстан
кейін бірнеше поэма жариялап, өлеңдер жинағын шығарған, «Есіл
жағасында» атты повесть жазған байырғы қаламгер екен. Бірақ елуін-
ші жылдары қуғынға ұшырап, соңғы он-онбес жылда ештеңесі басыл
май, еш жерде аты аталмай ұмытыла бастаған. Қазір киностудияның
бір бөлімінде елеусіздеу қызмет атқаратын болса керек.
Күнделікті газет тірлігімен жүріп жатқанбыз. Бір күні редактор
шақырып жатыр деген соң барсам, Қапекең кабинетінде бір өзі ғана
отыр екен. Не боп қалды деп есіктен үркектей кірген мағам «кел, таяу
келіп отыр» деп жылы шырай танытты. Редактордың алдында әлдебір
кітап пен «Жұлдыз» журналының жаңа саны жатыр екен.
Соларды маған таман жылжытты да:
— Сен мына кітапты оқыдың ба?— деді ол менің бетіме барлай
қарап.— Бұл — Ілияс Есенберлиннің таяуда жарық көрген «Айқас»
атты романы еді. Дүкенде тұрғанын көрсем де, әлі оқыған жоқ едім.
Meн шынымды айттым.— Ендеше осы романды жақсылап оқып
шық,— деді Қапакең. Кітап шығар-шықпастан Сейілбек Қышқашев
деген біреу мына журналда сойыпсал мақала жариялапты. Бұл істеп
отырғандары — көрінеу көзге қиянат. Біз осының ақиқатын айтып,
жазушыға ара түсуіміз керек.
— Алдымен кітапты оқып көрейін,— егер шынында жақсы кітап
болса...
— Сен, бала, ондай «көрейін-сөрейін» деген сөзді қой!— деді
Қапекең қашанда тік сөйлейтін әдетімен.— Есіңде болсын, Ілияс —
менің жар дегенде жалғыз досым және өте талантты адам. Сол до
сыма жазықсыз жала жабылып жатқанда ара түсе алмасам, мен мына
жерде редактор болып несіне отырмын?! Бір апта уақыт беремін.
Алдағы дүйсенбіде мақала менің алдымда жатсын. Бірақ оған дейін
ешкімге тіс жарушы болма!
Естеліктер
— Жарайды, аға. Айтқаныңыз болсын!— дедім мен, бұдан ары
қарсыласудың пайдасыз екенін аңғарып.
Мен онда газеттің сын бөлімінде істейтінмін. Бұрын да редактор
тарапынан жүктелген талай шаруаны орындап жүрсек те, бұл жолғы
тапсырманың жөні ерекше еді. Қапакеңнің де осы жолы соншама
қызметкердің арасынан мені таңдауында гәп бар. Өйткені мен сыр
ашпайтын әрі Қапакеңе қарыздар адаммын. Менің де жақсылыққа
жақсылық істеп, бір кәдеге жарайтын кезім келді.
Менің бұл газетке келгеніме көп болған жоқ, ұзаса бір жылдың
айналасы. Онда да әуелі құдай, сонан соң Қапакеңнің арқасы. Уни-
верситеттің соңғы курсын бітірерде студенттердің астанадан орын
іздей бастайтын әдеті ғой. Бірге оқитын еті тірі жігіттердің біразы жур-
налға ертерек орналасып жатты. Әрине, менің де арманым — Алматы
да қалу. Бірақ бір қиын жері, менде ағалап-жағалайтын ондай ешкім
жоқ еді. Әйтсе де «үмітсіз — сайтан» деген. Қыстық сессияны аяқтап,
диплом жазуға шыққан шамада, «Қазақ әдебиеті» газетінде бір орын
босапты дегенді естіп, ат басын солай қарай бұрдым. Газеттің редак
торы Қапан Сатыбалдинді жүзбе-жүз көріп тұрғаным осы. Қоңырқай
өңді, бойы ортадан гөрі төменірек, бірақ қорғасын құйған сақадай
шымыр адам екен. Сол кісіге ештеңені жасырмай: осыдан үш-төрт
жыл бұрын Қытайдан келгенімді, осы жақында университетті үздік
бағамен бітіргелі тұрғанымды, егер орын табылын жатса, әдебиет га-
зетінде қызмет істеу мен үшін зор мәртебе екенін үстемелей айтып
жатырмын.
— Қалам қауқарың қалай? Бірдеңе жазасың ба?— деді Қапан
бетіме сынай қарап.
— Қолымнан бәрі келеді: өлең де, әңгіме де, сын да жазамын.
Біразы республикалық газеттерде жарияланып та жүр,— деймін
өзімді қалайда өткізгім келіп. Редактор езу тартып күлді. Сонан соң
алдындағы папкадан әлдебір қағазды шығарды да:
— Бізге қазір бір адамның керек екені рас. Жақында Сағи Жиен
баев баспаға ауысып еді, соның орны бос тұр. Бірақ сол орынға «құда
түсушілер» көп-ақ. Мінеки, бұрын он екі адам тіркелген екен, сені
он үшінші етіп жазып қояйын,— деп әлгі тізімге мені де қосты.—
Орыстарда «он үш» деген бәлендей жақсы сан емес. Дегенмен, біз
қазақпыз ғой, хабарласып тұр,— деді соңында.
Meн салым суға кетіп, редактордың алдынан көңілсіз шықтым.
Жаңағы көкпардан маған бірдеңе тиеді деп үміт артудың өзі қиын
еді. Сол оймен поезға билет алдым да, осындай әредікте ауылға ба
рып келейін деп Семей жаққа тартып отырдым. Арада oн шақты күн
Естеліктер
өткенде бір-ақ оралдым. Келген соң әлдебір әуестікпен, жағдай біле
кетейін деп «Қазақ әдебиетіне» бұрылмаймын ба. Үміт жоқ, жәй
дәтке қуат... Бірақ мұнда мені ешкім ойламаған ғажап қуаныш күтіп
тұрғанын білсемші. Босағадан аттар-аттамастан, қайран Қапакең:
— Әй, бала, барсың ба? Қайда жоғалып кеттің?— деп дауыстап
жіберді.
— Ауылға барым келдім, аға!— дедім мен бір жақсылықты сез
гендей жүрегім атқалақтап.
— Ауылға баратын кезді тапқан екенсің! Мен сені жұмысқа ала-
йын деп іздеп отырсам...
— Алыңыз аға... еш өкінбейсіз!— деймін мен, қуаныштан не ай
— Бірақ сонша адамның ішінен сені неге таңдағанымды білесің
бе?— деп Қапакең қарқылдап күліп алды.— Әнеу күні айтып едім
ғой: сенен бұрын он екі адам тізімде тұр деп. Байқасам, солардың
әрқайсысының соңында бес-алтыдан адам жүр. Үйде де, жұмыста да
маза жоқ — шырылдаған телефон... Қарап отырсам, солардың ара
сында жақтаушы, қолдаушысы жоқ, жалғыз жүргені сен екенсің. Со
дан ойлап-ойлап келдім де, саған тоқтадым.
— Өте дұрыс істегенсіз, аға. Рахмет!— деймін аузыма басқа сөз
Не керек, Қапакең сол арада хатшы әйелді шақырып алды да, мені
жұмысқа алу туралы қолма-қол бұйрық берді. Сол бір 1965 жылдың
16 наурызы мәңгі есімде қалды. Әрине, Қапакеңнен басқа біреу бол
са, қол астындағы қызмет орнын менен гөрі пайдасы тиетін, қарымта
қайтаратын әлдебір ағайынға бұлдап өткізуіне болар еді. Ал Қапан
ондай пендешілікке бармады. Адалдық, кісілік дегеніміз осындай-
ақ болар. Кейін естіп білдім: Қапанның өзі жасында жетімдікті көп
көрген, 1932 жылғы ашаршылықта бір әулеттен кездейсоқ, аман
қалған жалғыз тұяқ екен ғой! Міне, осындай адамнан мен немді аяуға
тиіспін?! Редактордың тапсырмасын орындауға сол күні-ақ кірісіп
кеттім. Ол уақытта жұмыс шақ келтірмейтін жас кезіміз. Айнала
сы төрт-бес күнде романды да, ол туралы жазылған сынды да оқып
шығып, келесі бір кеште өз мақаламды да тас-түйін дайын еттім.
Қапакең айтса айтқандай, журналдағы мақала әділетті аяққа басқан,
әдеби сын емес, жазушының әдейі қаралау үшін жазылған фельетон
сияқты дүние екен. Сыншы кітаптың өн бойынан іліп алар ештеңе
таппай, бүкіл жаманшылық атаулыны соның үстіне үйіп-төге бер
ген. Сірә, жас сыншы «Жуас түйе жөндеуге жақсы» деді ме, кесіп
айту қиын. Ал Есенберлиннің романына келсек, өзі жақсы білетін
Естеліктер
геологтар өмірін бейнелеген, Саяқ, даласындағы қазіргі Жәйрем ке-
нішінің ашылуына байланысты жайларды егжей-тегжейді суретте
ген сол тұстағы тәуір шығармалардың бірі еді. Романда техникалық
интеллигенцияның тағдыры, оларға дүмше партократтар тарапынан
жасалатын қиянат пен зорлық барышна нанымды көрсетілген. Мен
өз мақаламда сыншының кітапқа таққан қисынсыз кінәларын жоққа
шығара отырып, «Айқас» романының бүгінгі өндіріс тақырыбына
жазылған сәтті туынды екенін дәлелдеп шықтым.
Мақала редакторға ұнады. Ол газеттің келесі нөмерінде-ақ басы-
лып шықты. Сол күні түске таман Қапакең мені өзіне шақырды, бар
сам, қасында Есенберлин отыр екен. Ілекеңді бұрын сырттай көріп
жүргенім болмаса, бетпе-бет келгенім осы еді. Кітабын оқып, жан са-
райын бөліскендіктен болар, бұл жолы менің көзіме біртүрлі жылы
көрініп кетті. Түр-келбеті сымбатты, көрікті деуге келмегенімен, бір
көрген адамның есінде қалатын, бурыл шашты шалқайта қайырған,
кең мандайлы, келіскен кісі. Сәл қажығандық байқалатын жүдеу жү-
зінде әлдебір қайсарлық, көз жанарында әлі болаты қайтпаған уыт
ты жарқыл бар. Бүгін оның да мерейі тасып, көңілі көтеріліп жүрген
езі болса керек, қалың еріндері түріле, ырсыңдай күліп, Қапанға
бірдемелерді айтып отыр екен. Мен сәлем беріп қастарына таяғанда:
— Ілияс, әлгі сен үшін жарғыға түсіп, Қышқашевты қысқаштай
қысқан Жұмаділов деген қызметкеріміз осы!— деді Қапакең үнінен
әлдебір мақтаныш лебі есіп.
— Айналайын!.. Қанатымен су сепкен қарлығашым сен екенсің
ғой?!— деп Ілекең орнынан көтеріле берді. Басында қол беріп аман
дасты да, оны азырқанды білем, қапсыра құшағына алды.— Рахмет,
бауырым! Сенің кіршіксіз адал көңіліңе алғыс айтайын деп келдім.
Мына Қапан біледі, менің өмір бойы баспасөз бетінде жылы сөз ес-
тігенім осы!— деді ағынан жарылып.
Мен Ілияс Есенберлинмен алғаш рет осылай танысқан едім.
Әрине, «Айқас» романы жөніндегі айқас мұнымен тынған жоқ. Алай
да, арада екі жыл өткенде осы шығармаға Абай атындағы Мемлекеттік
сыйлық берілуі әділеттің қай тарапта жатқанын көрсетсе керек.
Бұл жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінің беттерінде әдебиет ту
ралы айтыс-тартыс, әлеуметтік мәселелер жөнінде өткір мақалалар
аз болмайтын. Осы екі аралықта, сондай мақалалар себеп болды ма,
әлде басқа бір жағдайда жоғарғы орындарға жақпай қалды ма, Қапан
Сатыбалдин редакторлықтан түсіп, оның орнына Нығмет Ғабдуллин
тағайындалды. Ол кезде сөздің қасиеті, салмағы барлығы соншалық,
кейде баспа бетіндегі бір ауыз сөзге бола дауыл тұрып, жер сілкіне
Естеліктер
жаздайтын. Осындай айтыс-тартыста тым алға шығып кеттім бе,
қалай, бір күні ойламаған жерден менің басыма бұлт үйірілді.
1966 жылдың соңғы айларында Қазақстан Жазушылар одағының
аударма туралы кезекті мәслихаты өтті. Жиналыста арнаулы баяндама
лар тыңдалып, жарыс сөздер әдебиетші ғалымдар өз ойларын ортаға
салды. Сол шешендерің арасында професcop Темірғали Нұртазин:
«Балықшылар өміріне, олардың тағдыры талайына қатысты қазақ әде-
биетіндегі белгілі бір романның орысша аудармасында түпнұсқадан
біраз ауытқушылық бар, үлкен жазушы, әрі аудармашы Юрий Каза
ков қаламын кейде еркінірек сілтейді, бірақ ешқашан одан ұтылмаған.
Қайта, артық-ауыс міндерінен арылып, ширай түскен» деген пікір айт
ты. Газеттің сын бөлімінен барып, сол жиналыстың есебін жазған мен
басқа да ой-пікірлер қатарында профессор Нұртазиннің жаңағы ойла
рын да келтіре кеткенмін. Бұл, шынын айтқанда, бәлендей жаңалық
та емес, сол тұста әркімдердің-ақ аузында жүрген әңгіме болатын.
Газет шыққан күні жігіттер менің материалымды мақтап, енді
соны «жуасың ба, қалай?» деп қолқалап отырған-ды. Кенет арамызда
жалғыз қара телефон «шыр» ете қалды. Трубканы көтерсем Нығмет
Ғабдуллин екен: «Қабдеш, маған келіп кетші!» деді ақырын ғана. Да
усы біртүрлі сынық. Не боп қалды деп жетіп барсам, редактордың
нда үш кісі отыр екен. Өңдері өрт өшіргендей. Үшеуі үш жақтан,
Нығаңды қатты қысымға алып отырғаны байқалды. Редактордың
мені шақыруы да шарасыздықтан. Әлгілер менің атымды білсе
де, әлі түстеп танымайтын болса керек. Есіктен кіре бергенімде
«құбыжықты» дұрыстап көріп алайықшы» дегендей, маған тұс-
тұстан дүрсе қоя берді.
— Осы екен ғой бәрін бүлдіріп жүрген!
— Республикалық баспасөз орнына осындай арандатушылар қа-
лай кіріп алады?
— Бұл жалғыз емес қой. Артында мұны айдап отырған топ бар.
Соны айтсын!— десіп жатыр.
Мен өз тарапымнан: шолу мақала ойдан қосылған ештеңе жоқ
екенін, жиналыста шешендердің аузынан шыққан пікірлерге ғана
орын бергенімді түсіндіріп көріп едім, бірақ оныма құлақ асқан ешкім
болмады.
— Жиналыста жұрт не айтпады. Соның бәрін газетке жариялай
беру керек пе? Жоқ мұндайларды көктей жұлып тастамаса, ертең
бүкіл әдебиетті бүлдіруі мүмкін. Бүгін автор мен аудармашы арасына
ши жүгірткен адам ертең орыс пен қазақтың ортасына от тастамасына
кім кепіл? Сондықтан мұны қазірден бастап қызметтен қуатын бол!—
деп редакторға салмақ салып отырып алды.
Естеліктер
Әттең, дүние! Шет жерде туып, жат жұрттың жәбірін бір
кісідей татып едім. Бірақ өз қандастарымнан мұндай қиянат көрем
деп ойлаппын ба?! Сол арада тағдырыма налығандай, ащы ызаға
бұлығып, тілімді тістеп отырып қалдым. Нығмет ағамыз ешкімнің
түсін жықпайтын өте сыпайы кісі ғой. Бұл мәселені алда редакция
ұжымында қарайтынын айтып, әлгілерді әрең дегенде жолға сал
ды. Редактор жанашырлық танытып, жігіттер қанша қолдағанымен,
бәрібір менің басымнан қиқу кетпеді. Апта сайын ана жақтан «де
легация» келеді. Сол баяғы талап — Жұмаділовты қызметтен ала
стау! Егер сол тұста тәңір жарылқап, ойламаған жерден оңды өзгеріс
болмағанда, менің жағдайымның қалай шешілері белгісіз еді.
1967 жылы наурыз айында: «Жазушы» баспасына Ілияс Есен
берлин директор болып келіпті» деген хабар дүңк ете түсті. Мұның
өзі көп адамдар үшін ашық күнде жай түскеннен кем болған жоқ.
Біреу сенді, біреулер сенбеді. Өзімізбен бір ғимаратта, Жазушы
лар одағының астыңғы қабатына орналасқан баспаға біздің жігіттер
жүгіріп барып та келді. Рас екен. Келіпті. Орталық Комитеттің үгіт
бөлімінің меңгерушісі осы жаңа ғана өзі ертіп әкеліп отырғызыпты.
Бірақ қазір алды бос емес. Бұл жұрт қалай тез естіп қойған, қошемет
көрсетіп, құттықтаушылар үсті-үстіне басып жатқан көрінеді... Әлде
екінші, әлде үшінші күні жұрт аяғы сирегенде біз де барып қолын
алдық.
Құдауәнда, бәрі көңілге байланысты екен ғой. Ілекең танымас-
тай өзгеріп кетіпті. Екі беті бал-бұл жанып, жас жігіттей қылаң ұра-
ды. Иығы көтеріліп, бойы да сұңғақ тартқан ба, қалай?! Кіршіксіз
ақ көйлек, қыры сынбаған жаңа костюм. Нағыз директор! Бір кезде
Орталық Комитетте қызмет істеген, филармония басқарған ағамыз
сол ежелгі қалпын қайта тауыпты. «Шырқ айналар шіркін тауық же-
мің болса қолыңда» деп Сәкен айтқандай, күні кеше қағып-соғып,
сәлем бермей өтетіндер бүгін соның айналасында...
Осы өзгерістен кейін көп ұзамай Нығмет Ғабдуллин мені оңаша
шықырып алды.
— Өзің де көріп жүрсің, ана адамдар маған маза беруді қойды,—
деді ол шынын айтып.— Сені бұл газеттен кетірмейінше тыншығар
түрлері жоқ. Мен Есенберлинмен келістім. Баспаның проза бөліміне
аға редактор болып барсаң қайтеді?
— Жарайды, Ныға. Солай-ақ болсын!— дедім мен бұған да шү-
кіршілік етіп. «Дүние — кезек» деген сол екен. Өткен жылы ғана
өзім жанашырлық білдіріп, шама-шарқымша қол ұшын берген Ілекеңе
енді мен барып паналауыма тура келді.
Естеліктер
Көп жылдар қуғын көріп, әр жерде есік қақты боп жүрген Ілияс
Есенберлиннің бұлайша аяқ астынан республикадағы бірден-бір
и баспаға директор болып шыға келуі қалам ұстап жүрген қа-
уымды дүрліктіріп-ақ тастады. Қайда барсаң да гу-гу әңгіме. Сонда
тоқтайтын түйіндері: «Ойбай, оны бірінші басшының өзі қолдайды
екен!» дегенге саяды. Сірә, осы сөзде жан бар. Өйткені әлдеқашан са
наттан шығып, құрдымға кеткен адамды бірден мұндай биікке көтеру
үшін, анау-мынау емес, аса қуатты қол керек еді... Кейін бір оңаша
әңгіме үстінде Ілекеңнен осы жайында сұрағаным бар. Сөйтсек, мә-
селе былай болған екен.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Ілекеңді жас кезінен білетін көрі-
неді. Екеуінің мамандығы — тау-кен инженері. Қонаев отызыншы
жылдардың ортасында түсті металдар институтын Мәскеуде бітірсе,
Есенберлин одан сәл кейінірек Алматының политехникалық инсти
тутында оқыған. Ілекең студент кезінде өндірістік практиканы сол
кезде Балқашта бас инженер боп жүрген Димекеңнің қол астында
өткізеді. Сонан кейін де, соғыстан кейін де араларындағы қатынас
біразға дейін үзілмеген. Соғыстан соңғы жылдары Қонаев Минис
трлер кеңесі төрағасының өнеркәсіп жөніндегі орынбасары боп жүр-
генде, Ілекеңнің де Орталық Комитеттің өнеркәсіп бөлімінде қызмет
атқарғаны бар. Бірақ елуінші жылдарға келгенде бұлардың жолы екі
айырылды. Қонаев қызмет бабында басқыштап жоғары көтерілгенде,
Есенберлин қуғынға ұшырап құлдырайды. Содан екеуі көп жыл кө-
ріспей кеткен. Қонаев кейін Қазақстан Компариясы Орталық Коми-
тетінің бірінші хатшысы болып тұрғанда да, намысқой Ілекең оның
алдына жәрдем сұрап бара қоймайды.
Содан не керек, кездесудің сәті осы таяуда ғана түседі ғой. Онда
да кездейсоқ жағдай көмектескен. Республика басшысы киностудия
ны көрмек болып аралап жүргенде, кенет Ілекеңді көріп қалып, өзі
тоқтап амандасыпты.
— Ау, Ілияссың ба? Барсың ба бұл дүниеде? Өзің мүлде көрінбей
кеттің ғой!— дейді Қонаев оның бас-аяғына барлай көз жіберіп.
— Ой, Димеке-ай, әңгіме көп қой!.. Қайсыбірін айтайын!— дейді
Ілекең тар жерде артық сөзге бармай.
— Онда, маған бір келсейші. Әңгімелесейік,— дейді Димекең.
Есенберлин көп кешікпей Қонаевтың қабылдауында болып, екеуі
ұзақ әңгімелеседі. Осы отырыста Ілекеңнің болашақ қызмет орны да
шешіліп қалып еді.
— Сен осы баяғыда филармонияны басқарған жоқ па едің?
Артистердің жағдайына қанықсың. Опера театырына директор болып
барсаң қайтеді?— дейді Димекең алғашында.
Естеліктер
— Қыз-қырқынмен тіл табысатын баяғы заман өтті ғой!— деп
Ілекең күлген көрінеді.— Жазған, жазайын деп жүрген дүниелерім
бар. Маған одан да «Жазушы» баспасын беріңіз!— дейді қолқа салып.
Шіркін, кейде шексіз биліктің де қажет болатын кезі бар-ау! Тілек екі
қайталанбапты, сол сәтте-ақ төменгі жаққа бұйрық түсірілген...
Сол жолы республика басшысы өзінің осы бір ізгі де батыл
шешімі арқылы қазақ әдебиетінде жаңа бір өскелең ағымға жол са
лып бергенін, бәлкім, ойламаған да болар. Бірақ жолы болмай жүрген
бір талантқа қол ұшын беріп, оны батпақтан суырып алғаны анық.
Қонаев Ілекеңді аса қажетті қызметке тағайындап қана қойған жоқ,
оның алғашқы шығармаларына үнемі қолдау көрсетіп отырды. Егер
Димекең ықылас танытпағанда, Ілекеңнің «Айқас» романына да сол
кезде Мемлекеттік сыйлық берейік деп тұрған ағайын жоқ болатын.
Реті келгенде айта кетейік, Қонаевтың ұзақ жылдық қызметінде басқа
қателік-кемшіліктері болса болған шығар, бірақ оның әдебиет пен
өнерге, жазушыларға жасаған қамқорлығын ешкім де жоққа шығара
алмайды. Ілияс Есенберлиннің баспаға директор болып тағайындалуы
оның өз шығармаларына ғана емес, сол жылдары әдебиетке келген
жастарға да кең жол ашты. Біразымыздың күрделі, қиын тақырыпқа
жазылған кітаптарымыз сол тұста жарық көрді. Ал Ілекеңнің өзіне
келсек, оның бұл кездегі шығармашылық қарқынын ұзақ жылдар
бойы қыстығып келіп, көзін ашып жіберген фонтанға ұқсатуға болар
еді. Ол баспаға келгенде «Қатерлі өткел» романының қолжазбасы да-
йын, «Ғашықтар» романын орталап қалған кезі еді. Ал «Көшпенділер»
әлі жазылмай, «шикі материал» күйінде папкаларда жатқан-ды. Бір
кезде қатардағы редактор болып мұнда да біраз жыл қызмет істеген
Ілекең баспаның жұмысын жақсы білетін. Ол ара-арасында кеңсенің
шаруасын реттеп тастап, өзінің осында келгендегі басты мақсаты —
«Көшпенділерді» жазуға кірісті.
Алдымен трилогияның соңғы кітабы саналатын «Қаһар» келді
дүниеге. Өйткені бүгінге дейін талайларды сансыратқан Кенесары ту
ралы ең даулы кітапты алға салуды жөн көрген. Сонан соң Асанқайғы,
Әз Жәнібек заманынан бастап, Қасым, Хақназар хандар тұсына дейін
баяндалған «Алмас қылыш», оның соңынан XVIII ғасырдағы Абы
лай заманын суреттейтін «Жанталас» романы жазылды. Осылардың
ішінде Ілекеңнің барынша мінсіз шығаруға күш салып, мұқият да-
йындалған, алғашқы қамал бұзар кітабы — «Қаһар» деуге болады.
Егер цензураның қатал сүзгісінен «Қаһар» өтіп кетсе, басқалары да
соның ізімен өтер деген үміт бар-ды. Қолжазба машинкадан өткен
соң, оны сол кездегі бас директордың орынбасары Мұхтар Мағауин
Естеліктер
екеуміз тағы бір рет кезектесіп қарап шықтық. «Қаһардың» көркейіп,
ширай түсуіне біздің де біраз көмегіміз тиді. Романның алғашқы
аты
«Хан Кене» болатын. Бірақ бұлай атауды уақыт көтермейтін еді. Цен
зураны да, өзге белсенділерді де адастыратын басқа бір ат қажет бол
ды. «Қаһарды» ұсынған — Ілекеңнің өзі. Ол — ханның қаһары ма,
халықтың қаһары ма немесе аз халықтарды айдаһардай жалмаған Ақ
патшаның қаһары ма, әрқалай түсінуге болады.
1968 жылы жарық көрген «Ғашықтар» романынан бастап, мен
Ілекеңнің біраз кітаптарына редактор болып, қол қойдым. «Көш-
пенділер» трилогиясы түгел дерлік қолымнан өтті. Ақмола об-
лысының Атбаcap қаласында туып-өскен, ата-анадан жастай жетім
қалып, балалар үйінде тәрбиеленген, мектепте де, институтта да
орысша оқыған, мамандығы жөнінен тау-кен инженері Ілекеңнің
қолжазбаларында стильдік ақаулар аз болмайтын. Жәй сөйлегенде де
маған оның қазақшасынан гөрі орысшасы жатық сияқты көрінетін.
Жиналыстарда орысша мүдірмей шешен сөйлеп кетер еді. Әдебиетте
қай жағынан олқы соғып жатқанын Ілекеңнің өзі де сезетін-ді. Жал-
ған намыс, өзімдікі ғана жөн дейтін өркөкіректік ол кісіге жат еді.
«Көшпенділердің» қолжазбаларын маған алғаш ұсынып тұрып:
Мен өзі шынымды айтсам, қаланың жатағымын. Аласапыран ке-
зеңде туып-өстік те, қазақтың байырғы тұрмысына көз қанықтыра
алмадым. Сондықтан менің жазбаларымда қазақтың киіз үйі мен
жиһаз-жасауына, сауыт-сайман, ат-көлік ер-тұрманына байланысты
дәлсіздіктер кетуі әбден мүмкін. Соларды мұқият қарайтын бол. Ал
сөз, сөйлем жағын батыл түзетуіңе болады, қолыңды қақпаймын де-
гені есімде.
Мен, мүмкіндігімше ағамыздың осы сенімін ақтауға тырыстым.
Өйткені біздер, Ілекеңнің жас достары, Есенберлиннің қаламгерлік
құдіреті сөз-сөйлемнің әдемілігінде, тіпті, тіл байлығында да емес,
оның көтеріп отырған тақырыбының ауқымдылығында, әлі ешкім
ат ізін салмаған тарих қатпарын батыл ақтаруында, сол арқылы ұлт-
тық сананы оятып, халықтың үзілген зердесін қайта жалғауында
екенін жақсы білетінбіз. Сондықтан қолдан келер көмегімізді аяп
қалғанымыз жоқ. Мен Ілекеңнің қолжазбаларын көбінше үйге апа
рып қарайтынмын. Қолжазба оқылып болған соң пайда болған сан
алуан сұрақтарды оның өз үйінде отырып шешетінбіз. Автордың ар-
хивтерін қайта қопарып, әр жерде әрқалай боп жүрген жер, су, адам
аттарын, оқиғалардың өткен мерзімін бір ізге түсіретінбіз. Қазір оқып
қарасаңыз, «Көшпенділер» мен кейінгі «Алтын Орда» трилогиясының
стильдік құрылымында едәуір айырмашылық бар. Авторы — біреу,
әрине, тек редакторлары әр басқа.
Естеліктер
«Көшпенділердің» әр кітабын оқырман қауым зор қуанышпен
қарсы алды. Айналасы бірнеше жылдың ішінде Есенберлин бүкіл
халықтың сүйікті жазушысына айналды. Ал былайғы әдеби қауым
жөнінде олай айтуға болмас еді. Жастар жағы болмаса, замандас-
тары Ілекеңді бертінге дейін мойындаған жоқ. Жыл сайын шығып
жатқан романдар тасқыны мен авторға «Көшпенділер» әкелген
абырой-беделді аға қаламгер, әсіресе оқулықтардан түспейтін Со
вет жазушылары» кешіре алмады. Жазушылар да пенде ғой. Кейде
үлкен адамдар да қателеседі. Мәселен, Ғабеңнің Ғабит Мүсірепов-
тің Есенберлинді ғана емес, жалпы Кенесары қозғалысын түсіне ал
мауы — осы сөзіміздің айқын дәлелі.
Мұның сыртында, сол жылдары біздің әдебиетте өзіне дейін-
гілерге де, өзінен кейінгілерге осқырына қарайтын тағы бір топ
бар-ды. Олар ұлы Әуезовтің өзіне шәк келтіріп, «Абай жолы» эпо
— ел аузындағы аңызға құрылған шығарма. Шын мәнісіндегі
нағыз роман да, нағыз кәсіби жазушы да мына бізден басталды» де
генге дейін барғаны есімізде... Ал Есенберлинді олар мүлде жоққа
шығаруға тырысты.
«Көшпенділердің» әр кітабы шыққан сайын қарсы мақалалар
ұйымдастырып, «оның жазып жүргені көркем шығарма емес, тарихи
деректердің хроникасы» дегенді дәлелдегісі келді. Мұның өзі сырттай
қарағанда, өз орталарынан шыққан болашақ «классикке» жол ашып,
орын әзірлеу сияқты көрінгенімен, шынына келгенде, екі бағыттың,
екі түрлі концепцияның арасындағы тартыс болатын. Есенберлиннің
қарсыластары тіпті де осал емес-ті. Бәрі де партия мен үкіметке
сүйікті, Мәскеу жақта беделді адамдар-тұғын. Олар жергілікті жер
де коммунистік идеологияға арқа сүйесе, Мәскеуде империялық
саясаттың қолдануына ие болып отырды.
Алайда, олардың бұл әрекетін қалың жұртшлық қабылдамады.
Бірде Есенберлиннің «Көшпенділері» мен оған қарсы жазылған ма-
қалалар Жазушылар одағында талқыланатын болып, газетте ол тура
лы хабарландыру берілген. Бірақ жиналыс өтпей қалды. Адам кел-
мегендіктен емес, жиналған халықтың жойдаусыз көптігінен. Бүкіл
қала жұртшылығы, жақын мандағы аудандардан ағылып келгені бар,
сол күні Жазушылар одағының іші-сырты халыққа сыймай кетті. «Әл-
гі сыншыларды көзімізге көрсетіндерші сөйлесейік!» деп шуылдаған
жұрт. Бұдан тиісті орындар да хабар тапса керек. Ақыры жиналысты
басқаруға келген Ғабит Мүсірепов бүгін ешқандай талқылау болмай
тынын айтып, халықты таратуға мәжбүр болды.
Амал не, осыдан кейін де Есенберлинге қарсы шабуыл тоқтаған
Естеліктер
жоқ. Жеке Ілекең ғана емес, оның айналасында жүрген біздерге де
таяқтың бір ұшы тиіп жатты. Сол кезге дейін үш кітабым жарық
көрген мен Жазушылар одағының мүшелігіне 1969 жылы өтуге тиіс
едім. Бірақ одақтың бас алқа мүшелері жасырын дауыс беру кезінде
мені «құлатты». Басқалар шауып өткенде, тек мен ғана қалып қойдым.
Кейін партия ұйымы бұл мәселені тескергенде, біреулердің астыртын
ұйымдастырғаны мәлім болды. Амал жоқ, мен мүшелікке бір жыл
кейін өттім. Ілекең директорлықтан ауысқан соң, мені көп ұзатпай
«Жазушы» баспасынан да кетіріп тынды. Мұндай да кекшіл адамдар
болады екен! Баяғы «Қазақ әдебиетінде» айтылған бір ауыз сөз әлі
күнге дейін ұмытылмай келеді.
Жас кезінде өмір теперішін көп көрген, соғыста ауыр жараланған
Ілекеңнің денсаулығы бұрын да мықты болмайтын. Оның неге бір
жағына қисайып жүретін себебім кейін білдік. Соғыста оқ тиіп, пы-
шаққа түскен оң аяғы сол аяғынан екі-үш сантиметрдей қысқа еді.
Бұған енді шығармашылықтың ауыр азабы қосылды. Жан аялап,
бой күту, курортқа бару дегенді ол ұмытқалы қашан! Өмірінің соңғы
жиырма жылында оның қаламынан он үш роман дүниеге келіпті.
Бұл — тек алыптардың ғана қолынан келер шаруа. Әйтсе де Ілекең әлі
тың еді. Қанша қажып жүрсе де, жаңа кітабы шыққан санын қырын-
дай сілкініп, қайраттанып кететін. Меніңше, жазушының жүйкесін
жұқартып, өмірден ертерек кетуіне мынадай екі түрлі жағдай себеп
болды.
Бастаған шығармасын жазып бітіргенше, жазылған кітабы жарық
көргенше тағат таппайтын Ілекең «Мұхиттан өткен қайық» атты ро
манын қанша күш салса да шығара алмай-ақ кетті. Бұл сол кезде билік
басында отырған бюрократиялық жүйені жеріне жеткізе әшкерелеген
шыншыл шығарма еді. Кітаптың жарық көруіне Орталық Комитеттің
идеология жөніндегі хатшысы С. Имашевтан бастап маңындағы бел-
сенділер түгелдей қарсы болды. Алматыда қазақшасын шығаруға
тыйым салғаны өз алдына, орысша аудармасы Мәскеудегі «Новый
мир» журналына басылайын деп жатқанда, осы жақтан хат жазып
тоқтатып тастады-ау! Имашев бұл арада коммунистік идеологияны
ғана қорғап қоймай, белгілі топтың сойылын соққанында күмән жоқ.
Жазушыны он жылдай әуре еткен осы кітап оның жүйкесін жеп, күш-
жігерін едәуір сарқып кетті.
Содан кейінгі шырғалаң шаруа: Есенберлиннің «Көшпенділері»
орысша шығып болған соң Лениндік сыйлыққа ұсынылған Ілекең бұл
жолы сыйлық алмаймын деп ойлаған жоқ. Басқаларымыз да зор үміт
арттық. Өйткені ол жылдары бір халықтың бес ғасырлық шежіресін
Естеліктер
қамтыған мұндай шығарма бүкіл КСРО көлемінде сирек болатын. Ал
соңғы турға дейін Ілекеңмен таласып келген Грузия жазушысы Нодор
Думбазеның жұқалтаң романы сол кезде әркімдер-ақ жазып жүрген
жәй қатардағы дүние еді. Бірақ амал не, берекесі мықты, іргесі берік
грузиндер мен қазақтың іштерінде шынашақ, айналмайтын күншіл
арызқойлары екі жақтан Лениндік сыйлықты Есенберлинге емес,
Думбадзеге алып берді.
Мәскеу жақтан cәт сайын хабар күтіп жүрген сондай тағатсыз
күндердің бірінде мен Жазушылар одағында Ілекеңмен жолығып қал-
дым. Ағамыздың қабағы пәс, иығы салыңқы екен.
— Жүр сөйлесейік. Әңгіме бар,— деді Ілекең мені қолтығымнан
алып. Қатар жүрген кісіні қолтықтап алатын әдеті-тұғын. Сөйтсек,
кемтар аяғына сәл демеу болсын дейді екен ғой. Сол беті екеуміз аяңдап
отырып, қазіргі Желтоқсан мен Жамбыл көшелерінің қиылысындағы
Ілекеңнің үйіне дейін келдік. Жол-жөнекей сыйлық жайы сөз болды.
— Ондағы жағдай мәз емес,— деді Ілекең терең тыныс алып.—
Бұрын аппараттағы кейбір адамдардың сөзіне сенбей жүруші едім.
Кеше сол жақта жүрген комиссия мүшесі — Шыңғыс Айтматовпен
сөйлестім. Грузиндер Думбадзеге сыйлық әпереміз деп артынып-тар-
тынып Мәскеуде жүрсе, біздің жазушылар менің үстімнен қарша бо
ратып арыз айдап жатқан көрінеді...
— Бұлары сұмдық қой! Сонда не айтады олар?— деймін мен таң-
тамаша болып.
— Сол баяғы сарын: «Есенберлиннің кітаптары Қазақстанда
қатты сынға ұшыраған. Халық қабылдаған жоқ. Ол хан-сұлтандарды
мадақтайды, феодализмді көксейді. Бүлікші Кенесарыны көтермелеп,
ұлттар достығына іріткі салып жүр...» деп жаппаған жаласы, жақпаған
күйесі қалмаған. Орыстардың да ар жағы белгілі ғой: сол сөздерге
иланып қалған секілді...
— Арыз жазғандар кімдер екен, білдіңіз бе? Ілекең біразға жауап
қатпады. Тек сәлден соң барып:
— Олардың кім екені онсыз де белгілі емес пе?!— деді баяу
Түс мезгілі еді. Ілекең болмай үйге кіргізіп, екеуміз Диляр апайдың
қолынан шай іштік. Диляр апай — артық сөзі жоқ Ілекеңнің қас-
қабағына қарап қана отыратын өте ибалы кісі. Баяғы зұлмат жылдары
«халық жауы» делініп атылып кеткен белгілі заңгер, Қазақстанның
Әділет министрі болған Хамза Жүсіпбековтің қызы. Әрине, бұл мәселе
де Ілекеңнің алдынан шықпай қойған жоқ. Соғыстан соң Орталық Ко
митетте қызмет істеп жүргенде «халық жауының» қызына үйленгені
Естеліктер
білініп қалып, сол үшін жұмыстан қуылған... Ілекең бертінге дейін
өзін көп ойламай, дімкәстеу Диляр апайдың денсаулығын уайымдап
жүруші еді. Шүкір, ол кісі әлі жасап келеді. Міне, он жылдан бері
күйеуінің артта қалған шаруасына бас-көз болып, Ілекеңнің кітап-
тарын шығаруға, Алматыда және Атбасар қаласында мұражай ашуға
көп күш жұмсап отыр.
Қайран Ілекең ортамызда жүрсе, биыл небәрі сексенге келеді
екен. Асыл азамат, ұлы қаламгер өзінің жетпіс жасын да тойлай алмай
арамыздан ерте кетті. Бірақ артына қанша мұра қалдырды десеңізші!
Алпысыншы-жетпісінші жылдарда тарихи романның көшін бастаған
ол қазақ әдебиетінде тұтас бір әдеби мектеп қалыптастырды. Қазақтың
ұлттық, санасының оянуына, тарихи зердесін жаңғыруына өлшеусіз
үлес қосты. Егер Ілияс Есенберлин сәл ары таман, осы ғасырдың
бас кезінде өмір сүрсе, сөз жоқ, Алаш қозғалысының жуан ортасын
да жүрер еді. Кейде ол менің көзіме кешегі Ахмет пен Әлиханның,
Міржақып пен Мағжанның сарқыты сияқты болып көрінетін.
Өз ұлтын жан-тәнімен сүйген Ілекең тәуелсіздік таңын көре алмай
арманда кетті. Алайда, біздің азат заманымыздың әр сәтінде Кенесары
секілді құрбандардың киелі қаны болғанындай, Ілияс Есенберлиннің
де қалам ізі жатыр.
Естеліктер
екежан
ілегенов
РЛИНД
РД
Ілияс Есенберлин, сөз жоқ, ұлы жазушы, бірақ әдебиеттегі өз
орнын әлі алмаған жазушы. Олай дейтін себебім бар. Қазақ әде-
биетінің көшбасшылары Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Жү-
сіпбек Аймауытовтардан кейін алып тұлғалар Әуезов, Мүсірепов,
Мұстафиндердің атын атап келіп, бұлардан соң осы лек таусылып
қалғандай, әрі қарай жалғастыра алмай қиналып, тізімді шорт үзетін
кезіміз болады. Әдебиетте олай болуы мүмкін емес. Сол тізімді әрі
қарай жалғастыратын бір тұлға бар, ол — Ілияс Есенберлин. Сол
заңды орнын осы күнге дейін қимайтын сияқтымыз. Неге? Неге Есен
берлинге осынша іштарлық білдіреміз? Неге оны алыптар тобынан
шеттете береміз? Неге оны сол тізбекке қосқымыз келмейді?
Ілияс Есенберлинді бүкіл халық ел біледі, жақсы көреді, сүйіп
оқиды. Бірақ тегіс жақсы көруші еді деп те айта алмаймыз. Оған де
ген қатысымыз, көзқарасымыз әр кезде әр түрлі болды. Біреулер оны
қолдан жасалған арзан тақырыппен жұртқа жаға білген қара байыр,
ортаңқол жазушы деп сынаса, енді біреулер оның бойында үлкен та
лант барын мойындауға мәжбүр болды. Шын бағасын берген қалың
ел қазақ қауымы еді.
Артындағы ұрпаққа үлкен мұра қалдырған үлкен жазушыны
іле-шала бағалау, оны ұғынып, мойындау да оңайға түспейді. Осы-
ған дейінгі қалыптасқан жеке бастық қарым-қатынастан арылу да
оңайға соқпайды. Оның өмірі, творчествосы жөнінде де ұрпақ алдын
да көптеген қиын сұрақтар тұрады. Оған жауап беру де оңай емес.
Кезінде оның шығармаларына сүйсінген де, күйініп ашынған да
жандар оны ұнатқан да, ұнатпағандар да болды. Ал осы екі сезімнің
ара жігін ажыратып, шын мәнін ашып, шын бағасын беру үшін де
талай уақыт керек сияқты. Бірақ ол сәтті күтіп жүруге уақыт қайда.
Қолымызға қалам алуға себеп болған осы еді.
Әрине өмір қашанда күрделі, соқтықпалы-соқпалы қиын құ-
былыс. Заман қашанда жазушыға ықпалын тигізбей қоймайды. Ілияс
та осы соқтықпалы-соқпалы заманның шырғалаңынан өтті. Туын-
дыларының ішінде нағыз көркем, кесек шығармалары да бар, бір
күндік әлсіз дүниелері де кездеседі. Қоғамдық, тұрмыстық өмірде
соққы да көрді, жапа да шекті, шарықтап мерейі үстем болған шақтары
Естеліктер
да бар. Сыйға, сыйлыққа да ие болды. Қарғыс та алды, сөгіс те естіді,
жамандап табалған сөзге де қалды. Бәрін басынан кешті. Бірақ елі
үшін, халық үшін дана, ақылгөй, кіршіксіз таза жан еді. Себебі, халық
оның шығармалары арқылы өмірдің жарқын, жарық жағын да, күнгей
жағын да көріп, қазақ елінің өткенін де, бүгінін де шолып өз тарихы
мен, өз өмірімен қайта табысты. Халық оны сол үшін жақсы көрді.
Ілияс Есенберлин қиын кезеңде, қиын уақытта өмір сүрді. Оның
өмірін уақыт биледі. Оның қиын тағдырына да уақыт терең ізін
қалдырды. Уақыт құрсауы қатты қысымға алды. Социалистік ре
ализм талабынан ол да ауытқып шыға алмады. Сөз жоқ, қазақ әде-
биетіндегі соңғы жылдардағы өмір жолы қиын, күрделі драмаға
толы, қайғылы тұлға Есенберлин болды. Ілекеңнің алдында, оның
қиын өмірінің жарқын бейнесінің алдында біздің қоғамның да,
құрылыстың да, идеологияның да, баршамыздың да айыбымыз бен
кінәміз, қиянатымыз жеткілікті. Алдымен үлкен жазушының жа
нын түсіне алмаған, көңілін тебіренткен ойы мен арманын білгіміз
келмеген біздер — қаламдас замандастары кінәліміз. Біз оны көзі
тірісінде ұнатпадық, көзі жұмылған соң да өкініп, опық жеп, жарқын
бейнесінің алдында кешірім сұрамадық. Кейбіріміз сол жаратпаған,
жамандаған күйімізде қала бердік. Біз жаратпағанмен ол халқына
ұзақ жырдай, аңыздай асыл мұра қалдырды. Оқушылардың көбі оны
Әуезов, Мұқанов, Мүсіреповтермен қатарлас деп санап жүрді. Ілекең
олардан әлде қайда кіші болатын. Оқушылармен бір кездесуде Есен
берлин туралы әңгімелегенімде, бір оқушының «Есенберлин әлі тірі
ме еді?» деп таңданғаны әлі есімде. Ол кезде көзі тірі еді. Сол кезде-
ақ ол халық үшін аңызға айналған алып тұлға, көш басын бастап ерте
кеткен классиктердің қатарында жүрген еді.
Есенберлиннің аты қалың жұртшылыққа аз жылда белгілі болды.
Жамандап сынаса да, ұрысса да, мақтаса да, әйтеуір газет-журналдар
әлсін-әлсін жазып жатты. Ілекең оған қарамайтын, ізін суытпай жыл
сайын кітаптарын шығарып жататын. Есенберлинді бүкіл жер жүзі жа
зушы ретінде ғана білгенін айта кеткім келеді. Ал оның өмірін, өшпес
ерлігін, күрескерлігін, көзсіз батырлығын, оның қатаң құрылыспен,
идеологиямен күресін, өмірілік драмасын біле бермейтін. Ол туралы
сөз қозғауға баспасөз осы уақытқа дейін беттемей келеді.
Мұны айту да оңай емес, қиынның қиыны. Есенберлин мінезі
күрделі, кедір-бұдыры көп, қайшылыққа толы тұлға. Ал ондай мінез
адамның ерекшілігін, мінез-құлқының, іс-әрекетінің, жан-жақты бай
екенін көрсетеді. Оны ашып, аршып беру де оңайға соқпайды. Қалай
жазсаң да талай қырлары ашылмай қалуы мүмкін. Сондықтан бәрін
дәл тауып, дәл ашамын деп әрекеттенбеймін. Ол менің қолымнан
Естеліктер
келмейді. Ол туралы, оның бойына шақ ой айту, бейнесін ашып беру
кімге болса да қиын апаруға маған да оңай тимейтін түрі бар.
Ол менің өмірімде ерекше орын алды. Ілекең қатарлы аға жазу
шылар болдым-толдым деп тоқмейілсіп, өздерін өзгелерден биік са
нап, өз ауылынан басқа бөтенді көзге ілмей, басқа жұрт та, бар шығар-
ау дегенді білмей жүрген шақта, біздерге қол ұшын берген осы Ілекең
еді. Бірақ бірден жақын жолдас, тату болдық деп те айта алмаймын.
Ол кісінің бойында ұлылығымен бірге қырсық, қыңырлығы болатын.
Үлкен мекемеден өзіне қарсы басталған шабуыл қысымға сол мекеме
де қызмет істейтін менің де қатысым бар деп есептейтін.
Соңынан шырақ алып түскен бәсекелестерімен мені бір сап
та деп, маған біразға дейін қырын қарап жүрді. Сырттай ұнатпады.
Тіпті, дауласып, жауласып та жүрдік. Оны талай баяндамаларға жа
мандау үшін мысал да қылып бердік. Талай ақпарларға жамандап
та жаздық. Кітаптарын дер кезінде шығартпауғы күш салдық. Бірақ
бізді уақыт жақындатып, уақыт табыстырды. Кейін қиянаттардың
кімнен болғанын өзі де түсінді. Тарихи романдарын бірде-бір басы
лым, бірде-бір журнал баспады, бірде-бір газет үзінді бермеді. Тек
кейін баспаға директор, Одаққа басшы болғаннан кейін ғана зордың
күшімен шығып жүрді.
Бірақ Ілекең тез кешірмейтін, жауласса өмір бойы жауласып
өтетін қайсар, ерегіспе адам еді. Кейін арамыздың қалай өзгергенін
білмеймін. Мүмкін өзі қатарлы жазушылармен қатал болғанмен,
інілеріне кешірімді болды ма екен, жақындасуға қадам басқан өзі
еді. Арамыз 20 жас болса да қатарласындай қасына тартты. Өзімнен
20 жыл үлкен адам жолдастан гөрі аға болары даусыз. Бірақ біз дос
болдық, қатар құрдастардай бірге жүрдік. Ең алғаш Мәскеуден ро
мандарымды орысша шығартқан да Ілекең еді. Алғаш рет жылы пікір
білдірген де Ілекең болды.
Қазақ әдебиетінде көркем сөз таланттары санаулы десек, соның
бірі Есенберлин. Бірақ оның әдебиеттегі жолы оңай болған жоқ.
Қиын-қыстау, қуғын-сүргіні мол қиын жол болды.
Есенберлин тағдыры қиын тағдыр. Оны осы әдебиеттен алас-
татып, белгісіз етіп, атын өшіру үшін де талай әрекеттер жасалды.
Оның жалғыз қалған кездері де болды. Оның шығармаларын мойын
дамай, жалған жазушы деп айыптап, кітаптарын халыққа жеткізбеуге
қаншама әрекет жасалды. Бұл жазушының трагедиясы еді. Бұл тра
гедияны қолдан өзіміз жасадық. Сондайда ол өз қатарлы ортасынан,
серіктестерінен жапа шегіп, жалғыз қалды. Сондықтан болар, ол өзі-
нен кейінгі жастарға, баласымен құралпас жас жігіттерге бейіл бе-
Естеліктер
ріп, өз қатарластарынан болмаған ықылас пен мейірімді солардан күтті.
Бұл да заңдылық еді. Ол әділ бағаны, жылы сөзді қатарын-
дағылардан емес, кейінгілерден тапты. Өз қатары үшін ол тым батыл,
артықшылығы басым, өз дегенінен басқаға көнбейтін қырсық жан
көрінетін. Кітаптарын бірінен соң бірін тоғытып жатты. Ал қатары
мұны кешпеді. Ашық кемітуге, кемсітуге көшті. Өйткені Есенберлин
таланты олардың атағына, жалған данышпандығына нұсқан келтір-
ді. Бұл опасыздық қана емес, қорқақтық, күншілдік те еді. Есенбер
линмен өзі қатарлас ұрпақ арасында осындай ор, алшақтық орнады.
Бұл идеялық алшақтық емес, эгоистік, күншілдік, көре алмаушылық
ор еді. Талантты мойындамау, жаңалыққа, тың дүниеге сенімсіздік
білдіру еді. Сондықтан қатары оны өле-өлгенше мойындамады, әлі
де мойындамай келеді. Әлі күнге дейін оны өзіміз қатарлы деп сана
майды, әлі күнге дейін шетке тебумен келеді. Есенберлин дүниеден
қайтқалы қанша уақыт өтті, осы уақытқа дейін қазақ әдебиетіндегі
лайықты орнын алуы керек еді. Бірақ оны кешірмеген қатарластары
оның қазақ әдебиетінің биігіндегі орнын оған әлі қимай келеді.
Қазіргі тарихты жазып жүрген жазушылар, әлі де жазам деп жүр-
гендер тегіс Есенберлиннің шәкірттері. Мейлі мойындасын, мойында
масын, мейлі ұнатсын, ұнатпасын, ол Есенберлиннің шәкірті, соның
жолын қуып, соған еліктеуші ғана.
Не үшін? Не жазығы бар еді? Бұл арадан әлеуметтік, идеялық,
таптық қайшылық, себеп таба алмаймыз. Бұл арада тек ұсақтық жүрді.
Көре алмау, қызғаныш. «Көшпенділер» трилогиясының халыққа кең
тарап, жұртшылыққа ұнауы еді. Мұндай жағдай қазақ әдебиетінде
жиі-жиі болып тұрады. «Абайды» жазғаны үшін Әуезовты да кезінде
жек көргенбіз. Кеше ғана шәкірті боп жүрген жазушылардың бұл ро
манды феодалдық, байшыл роман, ал Әуезов байшыл жазушы деп
шімірікпей жала жапқандарын да білеміз. Бұл да күншілдік, көре ал
мау, талантты кешірмеу.
Бәрі осыдан басталды. Сол ескі әдет тағы да белең берді. Coл
әдетке қайта оралдық. Есенберлин әдебиетте ерлік жасады, жаңа
бағыт, жаңа мектеп ашты. Халықтың арғы тарихына жол ашты. 60-шы
жылдары деңгейі төмендеп, қызуы жоқ жасық дүниелер етек алып,
жұрт әдебиетті оқудан жалыққан шақта, оқушы қауымды қайтадан
дүр сілкіндіріп, кітапқа үңілдіріп, қазақ әдебиетіне қуат қосқаны
үшін қатарына жақпады. Жалған атақтарға қауіп-қатер төнді. Өз қа-
тарын ашындырып, қарсы қойған осы жай еді. Есенберлинге деген
өшпенділіктің туу себебі де осы болатын.
Бұл Есенберлиннің драмасы, трагедиясы еді. Бірақ өкінішті
Естеліктер
—қазақ интеллигенциясы жазушының драмасын түсінбеді,
түсінгісі келмеді, дер кезінде қол ұшын созбады, көмекке келмеді.
Оған аяусыз, қатігез болды.
Есенберлинсіз бүгін тарихи әдебиет туралы сөз қозғай алмаймыз.
Одан кейін де, болашақта да тарихты жазатын жазушылар туады.
Бірақ Есенберлин тарихи әдебиет көшін бастаушы да, қалғандары сол
көшке ілесуші ғана.
Әрине, Есенберлин жалғыз өзі қазақ әдебиеті бола алмайды.
Ешбір жазушы жалғыз өзі әдебиет жасай алмайды. Бірақ қазақ әде-
биеті Есенберлинсіз әдебиет бола алмайды. Есенберлинді біреу ұна-
тар, тіпті біреулер өлердей жек көрер, бірақ ақиқаты осы.
Бүкіл әлеуметтік билік, идеология, республиканы басқарған бас-
шы атаулы бүгінге дейін ұлттық нигилизмге қызмет етті, ұлттық бел-
гімен күресті дамытып, шыңдай түсті. Ұлттық нигилизмнің етек алуы-
на, сөйтіп қазақтың ұлттық сезімін ығыстыруға үлес қосты, еңбек
етті. Олар ұлттық топырақтан алшақтаған, селекциядан өткен, өзінің
қазақ атынан жеріген адамдар еді. Билікте қалу үшін қазақ белгілерін,
қазақтық сезімді құрбан етті.
Мұның салқыны әдебиетке, өнерге кесірін тигізбей қоймады. Қа-
зіргі тақырыпты басты тақырып, басты бағыт етуіміз керек деген же
леумен, бүкіл тарихты теріске шығарып, өткенге көз салу, ол туралы
ой айту идеологиямызға қастандық деп есептеді. Бүкіл әдебиет пен
өнер саласындағы саясат осыған құрылды. Қаламгерлер тек комму
низм құрлысшылары — совет адамдарының еңбектегі ерлігін ғана
мадақтап, суреттеуге жұмылдырылды. Осыдан келіп, әлеуметтік за
каз деген туды. Өндіріс орындарын қамқорлыққа алу деген міндет
туды. Мұны ресми орындар қатты қадағалауға алды. Осы әлеуметтік
заказға барғандар ғана алдыңғы қатарға шықты. Барлық награда, сый-
құрмет тек соларға ғана тиетін болды.
Осыдан келіп коньюнктурщиктер туды. Баспа жоспарын солар
жаулап алды. Онымен қоймай таңдамалыларын қайта-қайта бастыра
тын да осылар болды. Бірақ бұлардың саны көп болса да, шығарған
кітаптары тау-тау болып қаланып жатса да қазақ әдебиетінде елеулі
оқиға, классикалық шығарма болатан бірде-бір туындыны көре ал-
мадық. Қазақ әдебиетін ешқайсысы байыта алмады. Ақыры бұл
тақырып құлдырап, тозып, мүмкіншілігін тауысып, қадірін кетіріп
тынды. Бұл күйзелістің негізгі себебі — шеберліктің жоқтығы, жазу
мәдениетінің сарқылуы, оқиғаның татымсыздығы, оқушыны мезі
қылған ұсақтығы.
Дәл осы кезде Есенберлин шықты. Тарихи романдарын тудырды.
Естеліктер
Халық іздеп оқитын болды. Онымен қоймай, тарихи романдарымен
бірге жаңағы қадірі кеткен өндірістік тақырыптарға барды. Жұмысшы
табы туралы, басқа да қазіргі күнгі тақырыптарды жазды. Бұл арада
да көзге түсті. Жаңағы өндірістік тақырыптағы шығармалардан азар
да безер болған оқушы енді құны кеткен тақырыпқа қайта үңіліп,
қызыға оқыды. Бұл жазушының шеберлігі еді.
Бұл тек оқушыға ғана жақты. Оқушыдан басқа ешкімге ұнамады.
Әдетте бір-бірін мақтауға үйренген, белгілі бір қалыпқа дағдыланған,
кімді мақтап, кімді жамандау керектігін әбден түсінген әдебиетші
қауым — жазушы да, сыншы де Есенберлиннің мұндай бүйректен
сирақ шығарған еркіндігін, ойда жоқта ілгері шығып, оқушыға жақ-
қанын ұнатпады.
Ілекең коньюнктураға да барды. Өндіріс тақырыбына да жазды.
Бұл оның қулығы еді. Бір күні келіп, маған Ілекең мынандай ақыл берді.
— Бекежан, сен өндіріс тақырыбына бір роман жазсаңшы. Не
тың туралы, эрозия, астық туралы бірдеме жазып көрсеңші. Онсыз
басқа жазғандарың еленбей қалуы мүмкін. Нең кетеді? Ол өзің үшін
керек. Осы тақырыптарға жазып едім деп айтып жүру үшін керек,—
деп маған ақылын айтты.
Жақсы ақыл. Бірақ Ілекеңнің бұл ақылын жүзеге асыра алмадым.
Бұл тақырып мені тартпады. Журналда редактор болып жүргенімде
Орталық Комитет пен жоғарғы орындар өндіріс туралы жазыңдар
деп мазаны ала берген соң аты өндіріс еді деп талай жасық дүние
беріп, діңкелеген соң өзің жазуға дәтің бармайды екен. Одан әдебиет
шығады дегенге өз басым сенбедім. Ілекеңнің бұл тақырыпқа ба
руы да амалсыздың күні екен. Сол арқылы «Көшпенділер», «Алтын
Ордасын», басқа дүниелерін қызғыштай қорғағаны еді. Осындай
коньюктураға барғанның өзінде оның шығармалары жоғары сапа
лы көркем дүние болды. «Көлеңкеңмен қорғай жүр» деген романын
жарияладық. Партияның талабын жақсы игерген жазушы, сөз жоқ,
тыңды игеруге келген орысты керемет данышпан, ақылды, қазаққа
қалай өмір сүруді үйрететін ақылшы етіп көрсетер еді. Есенберлиннің
романында тың игеруге келген басты кейіпкер алаяқ, жалқау, арам
за, жеңіл кәсіп іздеп келген бұзақы боп шығады. Ең соңында қазақ
қызық бауыздап, өзінің нағыз қанқұйлы екенін көрсетеді. Жазушы
тың арқылы халықтар достығын көрсете алмады. Ұлы жазушының
табиғаты ондай жасанды жолға, декорацияға бара алмады.
Бірақ Ілекең құрылысты, идеологияны осылай алдап, оның бел-
сенді сақшылары, одан қалды қызғаншақ әріптестері соңынан қал-
мады, ізіне түсе берді. Кемшіліктерін, кінәларын жіпке тізіп бетіне
Естеліктер
басатын болды. Оны «ұлтшыл», «кертартпа», «солшыл», «партия ба-
ғытынан ауытқи беретін» қауіпті жазушы деп таныды. «Мұхиттан өт-
кен қайық» романында осы аталған идеология сақшылары тегіс осы
мінездері, қылықтары арқылы көрінді. Басшыларымыз өздерін ай
нытпай таныды. Сондықтан бұл кітапты мүлдем шығармауға тырыс-
ты, жауып тастады. Жоғарыда жүрген басшылар тегіс Есенберлинге
қатты өкпелеп, мұны кек тұтты. Қайткенде бұл кітап жарық көрмеуі
керек еді.
Бізді қазақ әдебиетінде басқа әдебиеттердегідей диссидент деген
қоғамға жат, қауіпті элемент деген жазушы болған емес. Шетелге зор
лап қуылмаса да, шығармасы үшін абақтыға, жындыханаға қамалмаса
да Есенберлин қазақ әдебиетіндегі жалғыз диссидент болды ма деп
ойлаймын. Оның жазғандары жат ойға, пікірге құрылған жат шығар-
ма деп есептелді. Сондықтан біздің құрылыстың бүкіл жазалау-
шы аппараты, республиканың идеологияға жауап беретін әкімдері,
кішігірім чиновниктері тегіс оның соңына түсті. Бүкіл осы аппаратқа,
идеологияға бақылаушы цензорлық мекемелерге, жалпы үкімет пен
үкіметке оппозицияда болған, рухани қарсылық көрсеткен адам Ілияс
еді. Оның қаншалық редакторлық, цензорлық қиянаттардың зардабын
шеккенін жазсам, ұзақ әңгіме болып кетер еді. Ал Орталық комитеттің
бөлімдерінің қиянаты өз алдына. Осынша әділетсіздік, қиянаттың
қасіретіне басқа жазушы шыдай алмас еді. Бұл мекемелердің сыны
да, пікірі де, таққан айып кінәсі де бүгін ақылға симайтын демагогия,
бос мылжың сөз еді.
Егер Есенберлин үлкен жазушы болмағанда, Жазушылар ода-
ғының басшыларының бірі болмағанда мүмкін бұл мекемелер оның
бүкіл шығармашылығын жоққа шытаратын еді.
Осындай қиын-қыстау кезеңде Ілиясқа қол ұшын созған бір
адам туралы айта кеткім келеді. Ол сол кездегі республика басшысы
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев еді. Жаңағы сақшылар бір жағынан осы
кісіден де жасқанатан сияқты. Құдай қолдап, Қонаев пен Есенберлиннің
ара-қатынасы жақсы болды. Қонаев туралы қазір әркім әртүрлі әңгіме
айтып жүр. Бірақ дәл Қонаевтай әдебиетке, жазушыларға қамқорлық,
жақсылық жасаған басшыны өз басым білмеймін.
Әдебиетке қамқоршы болған соңғы басшымыз болар. Ол әде-
биеттен жағымпаз іздеген жоқ. Қолынан келген көмегін жазушылар
дан аямайтын. Екі адамға қорғаныш болды, қорлаудан, қудалаудан
қорғап құтқарып қалды. Ол адамдар: Ілияс Есенберлин мен Олжас
Сүлейменов еді. Қонаев болмағанда екеуін де біздің орта түтіп жұлып,
творчестволарының тамырына балта сілтейтін еді.
Естеліктер
Қонаев тек екеуіне ғана емес, талай жазушыға жақсылық жасады.
Бірақ Ілияс пен Олжастан айырмашылығы — Қонаев орнынан түскен
күні оның артынан кесек атып, күл шашты. Содан қорлық көргендей
жабылып жамандап, ауыр сөздерге барды. Бүгінгі басшыларымыз
да осыны ұмытпағаны жөн. Өмірде не болмайды, ертең қара да тұр,
алда-жалда анау-мынау болып, қысылтаяң күн туса, бүгін төңірегін
торлап, алдын орап, көзінше жер көкке сиғызбай мақтап жүрген біраз
жазушы алдымен өздері өре тұрып, жарыса кесек атып, өлердей өші
кеткендей жан-жақтан жамырап, жер-жебіріне жетіп, бар пәлені соған
жауып жамандамаса менің атымды өзге қойыңдар.
Есенберлин қазақ әдебиетінде ең көп ұрыс естіген адам. Қазақ
әдбиеті өзінің ең талантты тұлғаларын ешқашан аяған емес. Кезінде
көзі тірісінде Жұмабаевты да, Әуезовты да, басқалардан да өлімші
сынағанбыз, аямағанбыз. Қаншасы көзі тірісінде бір ауыз жылы сөз
естімей дүниеден өтті. Мысалы, Мұқағали Мақатаев. Сонда мақ-
тағандарымыз кім еді? Жаңағылардың ширегіне татымайтын аласа
жандар еді.
Miнe, Есенберлин де осындай творчестволық дарыны мен бағасы
сәйкес келмеген жазушының бірі. Ол туралы осы күнге дейін не бір
лайықты ғылыми-зерттеу, не әдеби талдау, не кішігірім, не үлкен
қомақты мақтау мақала жазылған емес. Ұлттық жазушымыз, ұлттық
мақтанышымыз болған жазушыға берген бағамыз осы.
Әрине, Есенберлинді кейбіреулердің бүгінге дейін жек көретін
де жайы бар. Ол өмірде де, адал, досқа жайлы болуға тырысқанмен,
мінезі де қисық, қыңыр, қатал кісі еді. Оның жайсыз, қатты кететін
кездері де болатын. Ол біреудің көңілінен шығып, жағына білуге ты
рыспайтын. Айтса, бетің бар, жүзің бар демей қатты айтатын. Талай
әдеби жиындарда Ілекеңнің осындай қатты сөздерінен кейін талас-
тартыс өршіп, жұрт өшігіп, бір-бірімен жауласып, әдеби өмір күрт
өзгеріп, дау-дамайға қалатын. Ол өзіне деген әділетсіздікті, өзіне
дұшпан болған адамды қашанда жек көретін, аяусыз күресетін. Осы
нысы үшін ол көпшілікке жақпады. Осы арада Қадыр Мыразалиевтың
«Ілияс Есенберлин» деген өлеңінен мына жолдарды мысал ретінде
келтіре кеткім келіп тұр.
Есенберлин Ілияс қызық еді,
Ерейменнің сілемі, үзігі еді,
Артика мұзындай тақырыпты
Алғаш рет ол өзі бұзып еді.
Болса егер алдында үлгің мықты,
Естеліктер
Бір күн емес, ойлайсың мың күндікті.
Тығырықтан шығатын, тұйықтан да ол,
Пайдалана білетін мүмкіндікті.
Жаратпайтын жосықсыз қысылғанды.
Жақсы көрді сыйлыққа ұсынғанды.
Түсінде де таласып «достарымен»,
Тағдыр солай, ол әбден ысылған-ды.
Арғымағы болса да арық тіпті,
Аламанда әйтеуір жарып шықты.
Тірескенің біразы шыдамады,
Тізесі де қатты еді жарықтықтың.
Саялайтын кісісін саялайтын.
Ағайын деп жатпайтын,
Аямайтын жерінде аямайтын!
Елім дейтін, әйтеуір жерім дейтін.
Ер үстінде ешкімге берілмейтін.
Жазуға да әрине, жалықпайтын,
Егеске де шіркін-ай! Ерінбейтін!
Сызат көрсе біреулер жарық десті,
Сырқат көрсе біреулер ғаріп десті.
Кемеңгер бір жазушы деген оны
Көрмедім-ау бір де бір әріптесті.
Есенберлин творчествосының шарықтаған кезі 70-ші жылдарға
келді. Бұл тоқырау заманының нағыз тұнып тұрған шағы еді. Бұл ру
хани өмірдің тозып, ұждандық, адамгершілік талаптың азайған кезі
болатын. Тоқшылық өмірдің қызығына түскен кейбір жазушылар
бір-екі дүние беріп, соны жылда қайта шығарып, жатып ішерлікке
салынып осы ауру асқынып, дерт болып жабысқан шақта, рухани
өмірімізді аздырып, творчествоға қауіп төндірген шақта Ілияс Есен
берлин жылда бір романнан жазып, әдебиеттің деңгейін көтерді. Жа-
зушының міндеті қандай болу керек екенін көрсетті. Қазір Абылай
мен Кенесарының атын ту қылып көтеріп, нағыз демократ, жалынды
патриот боп жүрген біраз жазушылар сол кезде Кенесары мен Абылай
үшін сыртынан арыз жазып, ұлтшыл деп айып тағып, соңынан шырақ
алып түскен кезі еді. Есенберлин бұған да шыдады, бұған да қарсы
тұрды, мұнымен де күресті. Бұл күресте жеңіп шықты. Халқының,
қалың оқушының көмегімен жеңді.
Естеліктер
Ол құрлысқа да, оның мекемелеріне де, жаңағы бәсекелес күншіл
әріптестеріне де өңешке тірелген сүйектей, көзге шыққан сүйелдей
боп жараспай, көзге күйік боп тұрды.
Бұл мақала Есенберлин туралы естелік емес, ұлы жазушы туралы,
оның өміріндегі ең қиын кезеңдері, оның драмасы туралы ой-толғау
ғана. Бірақ сонда да Ілекеңнің соңғы күндерінен бір елес боп қалған
үзіктерді еске сала кеткім келеді.
Ілекеңнің өмірінің соңғы жылдарында, творчестволық жолында
елеулі екі оқиға болды. Бірі — оның ең құнды, ұлы туындыларының
бірі, әдебиеттегі теңдесі жоқ ерлігі — «Көшпенділер» трилогиясы сол
кездегі одақтық көлемдегі бағалаудың ең жоғарғы сатысы — Лениндік
сыйлыққа ұсынылды. Осыған біз қуануымыз керек еді. Бірақ біз қуан-
бадық. Қайта, оған деген өшпенділік одан сайын өрши түсті.
Бір күні Ілекең қалың былғары папкасын қолтықтап маған келді.
Бұл Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен. Мәскеу мен Ленинградтан,
Сібір қалаларынан, басқа туысқан республикалардан «Көшпенділер»
трилогиясын мақтап, Лениндік сыйлық комитетіне жіберген рецен-
зиялар, қолдау пікірлер, жеке адамдардың шынайы ниеті екен. Қа-
зақстаннан бар-жоғы екі-үш облыстық газетте жарияланған шағын
ғана рецензиялар жүр. Бірде-бір республикалық, ресми баспасөз орын
дары, қоғамдық орындары, қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік мекеме
лер, ғылыми орталар қолдау жасамаған, бір ауыз жылы сөз айтпаған.
Қайта, бірнеше ғылыми мекемелер, жеке лауазымды адамдар, жа
зушылар, ғалымдар — тегіс Ілекеңнің романын жарыса жамандап,
оған мұндай сыйлық беруге болмайтынын жазыпты. Негізгі тағылған
кінә — саяси айып: ол орыстарға қарсы, бүгінгі достығымызға шек
келтіреді. Кітап зиянды, оған сыйлық бермек түгіл, басып шығарудың
өзі кешірілмес қателік деп жазылған. Бұл пікірді, бұл айыпты Қа-
зақстан Коммунистік партиясының Орталық Комитетінің идеология
бөлімі де қатты қолдады, оған сыйлық беруге үзілді-кесілді қарсы
болды. Ілекең сөйтіп сыйлық ала алмады.
Ілекең осыған қатты қайғырды. Уайымға салынды, өз ортасына
өкпесін айтты.
— Бүкіл Одақ, туысқан республикалар жан-жақтан қолдап, қол
ұшын беріп жатқанда, өз ішіміздің осындай іштарлық білдіруі жаны
ма қатты батады,— деп күрсініп, реніш білдірді.
Есенберлиннің қиын-қыстаулы ғұмырында алған соққыларының
ең үлкені осы еді. Бұл соққы оны қалжыратып, шаршатып, жасытып
жіберді. Бірақ творчестволық талантын, қаламын мұқата алмады.
Ілекеңнің екінші бір үлкен қуанышы — оның «Алтын Орда»
трилогиясы еді. Бұл бір жағынан оның мерейін тасытып, шабытын
Естеліктер
ымен, бұл да өзіне үлкен соққы боп тиді. Өмірінің соңғы
сәттері, соңғы күндері де осы романның сергелдеңіне байланысты
болды. Осы кезде жазушылардың Мәскеуде өткен үлкен бір жиы
нына пленумға бірге бардық. Керемет шатты жүрді. Кешке «Рос
сия» мейрамханасындағы бөлмесіне шақырды. Осы кезде Москвада
Орталық Комитетте қызмет істеп жүрген Кәкімбек Салықов қадір
тұтатын жазушы ағасына сәлем бере келген екен. Түннің бір уағына
дейін отырдық. Талай қызықты әңгімелер айтылды, ән шырқалды,
ара арасында әдебиет туралы дау-талас та болды. Бірақ осы кештен
бір жақсы әсер қалды. Ол Кәкімбектің Мәскеу түбіндегі киіктер ту
ралы поэмасы еді. Кәкімбек жаңа ғана бітірген екен. Ауылдан алыс-
та жүріп, Мәскеу түбінде жайылған киіктерді көріп, елі, жері, халқы
туралы сағынышын осы көріністер арқылы шебер бейнелеген. Өзі де
беріліп жаны тебіреніп, нақышына келтіріп, тамаша оқыды. Бізде бар
ынтамызбен ұйып тыңдадық. Поэма біткен соң бәріміз үнсіз қалдық.
Ілекеңнен бұрын сөз бастауға ешқайсымыз бата аламай отырмыз.
Жасы үлкен аға жазушы, жол сонікі. Кәкімбек те қобалжи толқып
отыр. Ілекең біраз үнсіз қалып, әлден соң сөзін бастады. Поэманы
талдай келіп, жоғары баға берді. Шын ниетін білдірді. Ақын інісінің
осы бір туындысына балаша қуанды. Кәкімбек те қуанышында шек
жоқ. Аға мен іні осылай жарасып, творчестводағы жетістіктеріне
бірге қуанысып, бір-біріне осылай талпынып, құшақ жайысты.
Ілекең осы жиыннан шалқып, шатты оралғанымен, шаршап-
шалдығып ауырып қайтты. Ұшақтан түскенде аяғын әзер басады,
кішкене автобуспен аэропортқа жеткенше бойын тік ұстай алмай
илігіп, менің иығыма сүйеніп, еңкейіп келді. Үйіне зорға жетті.
Осы кезде «Алтын Орданың» бірінші кітабы басылып болып,
енді қалған екі томы дайындалып жатқан болатын. Келе осы қауырт
жұмысқа кірісіп кетті. Үш томның қатар шыққанын қалап, соны тез
көруге асықты.
Осынша қыруар жұмысты бітіріп болып, екі жұмадан кейін іле-
шала тағы да Мәскеуге аттанды. Онда да амалсыз барды. Осы кезде
астанада халықаралық кітап жәрмеңкесі өтетін болады. Қазақ баспа
лары осы жәрмеңкеге біраз кітап апаратын болыпты. Оның ішінде
Есенберлиннің бірде-бір кітабы жоқ көрінеді. Тек керек адамдардың
тамыр-таныстардың кітаптары ғана. Ілекең қатты ашуланды. Өз
бетімен, өз есебінен Мәскеуге ұшты. Баспалар шетелдерге қандай
кітаптарын өткізгенін кім білсін, әйтеуір мардымды ештеңе болмаған
Ілекең екі-үш кітабын өткізіп, шетелдік баспалармен шартқа қол
қойып қайтты. Бірақ қатты науқастанып келді. Ол аз болғандай келсе,
Естеліктер
жығылған үстіне жұдырық дегендей, басылып жатқан кітаптарды Ба
спа комитеті тоқтатып тастапты. Тағы да одан «құбыжықтар» тауып,
кітапқа кінә тағылыпты. Енді Есенберлин тағы да осы кітабы үшін
Бірақ қажыған жүрек шыдай алмады, қатты ауырып, ауруханаға
түсті. Инфаркпен аудырған екен. Реанимация бөліміне салды. Тырп
еткізбей жатқызып қойды. Бірақ кітабы үшін көңілі алаң болған
жазушы қатаң тыйым салынса да қайта-қайта ұрланып, дәрігердің
бөлмесіне жасырынып барып, Комитетке, баспаға телефон соғып,
жалынып-жалбарынып, өз дәлелін айтып, кітаптың шығуына бөгет
жасамауларын сұрап, тіпті болмаған соң ұрысып, жанын қинап, отқа
салып, азапқа түсті. Ақыры осының бәріне шыдай алмай келесі күні
түн ортасы ауғанда жүрегі жарылып, мерт болды. «Алтын Орда»
трилогиясының шыққанын ұлы жазушы көзі тірісінде көре алмай
кетті.
Ілекеңнің осы соңғы сәттерде көрген қиянатын, қиыншылығын,
оның себептерін әрі қарай талдап, баға беріп жатқым келмейді.
Оқушы оны өзі де түсініп отырған болар. Кімді кінәларсың? Осы кі-
тапты жұлмалап, жолын бөгеп, жазушыны сергелдеңге салған адам
дар әлі де қатарымызда жүр. Қайсын айтарсың? Тарих мұның бәріне
өз бағасын бере жатар.
Ілекеңнің өмірі осынша аянышты болып көрінгенімен, оның рухы
кейінгі ұрпаққа риза шығар деп ойлаймын. Ол өзінің оқушысын тап
ты. Қалың қазақ оның оқушысы. Рас, данқ, атаққа басқалардай даңғыл
жолмен, оңай түспен тұспалдап келген жоқ. Егер ол оңай жолмен,
орынсыз мақтаумен, қолпаштаумен келсе, жазушы ретінде бұл биікке
шыға алмас еді, ұлы жазушы бола алмас еді. Бұл күнде оның атын
да, кітабын да ұмытып қалатын едік. Ілекең қиыншылыққа, қуғын-
сүргінге ерегісіп, қайраттанып, қайсарлана түсті, творчестволық қуа-
тын шыңдай түсті, артына өлмес мұра қалдырды.
Уақыт өтеді, талай нәрсе ұмыт болады. Есенберлин әдебиеттен
нағыз орнын алады. Алыптардың соңғы тобы Әуезов, Мұстафиннен
кейінгі орнына келіп, олармен иық тіресіп тұрады.
Естеліктер
АЛМАС
Қазақ халқының ежелгі елдігі мен тарихы жайында «Көшпен-
ділер» атты тамаша кітап жазған, «Алтын Орда», «Қатерлі өткел»
тәрізді көркемдігі жоғары шығармаларды өмірге әкелген, Қазақстан
мемлекеттік сыйлығының иегері, аса көрнекті жазушы Ілияс Есенбер-
линнің есімін білмейтін адам кемде-кем шығар. Өткен бейсенбіде
Жамбыл және Желтоқсан көшелерінің қиылысында жазушы тұрған
үйде оның мұражайы ашылды. Онда салтанатты жиынды ашқан
Қазақстан Жазушылар одағының басқармасының бірінші хатшы
сы Қ. Найманбаев және Ілекеңнің қаламдас достары: белгілі ғалым,
әдебиетші Р. Бердібаев, аудармашысы М. Симашко Есенберлиннің
шығармалары хақында және оның өмір тағдары жайында сыр шертті,
ақын К. Салықов оған арнаған өлеңін оқыды. Туыс, жақындары, дос-
тары атынан медицина ғылымының докторы Рақышев, жазушының
серіктес інісі, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы Зәйролла
Дүйсебеков тебірене тұрып естеліктерін айтты. Мұражайдың ашылу
салтанатына қатысқан Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің
төрағасы С. Әбділдин мұра жайдың лентасын қиды.
Жиналған жұртшылық жазушының көзіндей болып сақталып
экспонаттармен танысты. Оның өмірі мен шығармашылық, еңбекке
арналған стендті құжаттарды көрді.
Мұнан кейін М. Әуезов атындағы академия театрында Ілияс Есен
берлин туралы жуырда ғана «Атамұра» баспасы шығарған естелік
кітаптың және Мәскеуден көп тиражбен үстіміздегі жылы басылып
шыққан «Жанталас» және «Хан Кене» романдарының, тұсаукесер
салтанаты өтіп, онда жазушы шығармалары бойынша жасалған
сахналық, үзінділер көрсетілді.
Естеліктер
УЛ
УЛИ
Ілияс Есенберлин...
Бұл есімді атағанда қазақ әдебиетінің, қазақ мәдениетінің алып
тұлғаларының бірі көз алдыңа келеді. Бойы орташадан төмен, көз
тоқтатып қараған жанға әрдайым сыпайы да сырбаз көрінетін Ілекең
шын мәнінде қазақ топырағында туып, жиырмасыншы ғасырдың ауыр
тауқыметін көтерген алыптардың бірі екендігі бұл күні баршаға аян.
Ілекең ағамыздың асылдығы неде? Қазақ әдебиеті бұл күнде бар
ша шығыс халықтары әдебиетінің ең алдыңғы қатарында. Оның про
засы да, поэзиясы да соңғы ғасырда ғажайып есейді де, дүниежүзілік
әдебиеттің легіне ілікті. Міне, осы тұрғыдан қарағанда қазақ әдебие-
тін әлемдік тұғырға қондырған біздің мәдениетіміздегі асылдарымыз-
дың бірі, бірі де болса бірегейі Ілекең.
Ұлы жазушы өзінің эпикалық шығармаларында көшпелі өр-
кениеттің сырын да, мұңын да, шерін де жан-жақты ашып берді.
Мен
менсіген Европа ғалымдары мен оқырмандары көшпенділер
өрке
ниетін тағылар, жабайылар өркениеті есебінде санап келді, ен-
ді олар Ілекең шығармашыларымен танысқаннан кейін өздерінің
білімсіздігін, не оның таяздығын, отырықшылар өркениетінің көш-
пенділерімен тығыз байланыстығын мойындауға мәжбүр болды. Со
нау «тоқырау» деп аталған тоталитарлық қылбұрау заманасында та
рихшылардан бұрын халқымыздың өткеніне терең бойлап, жаңаша
ойлап, толғанып та тебіреніп те қалам тартқан жазушы ең алдымен
Ян бастаған тарихи романистердің бәрінен жоғары көтерілді. Тари
хи тақырыпқа Ілекеңнен кейін қалам тартқан И. Калашников болса
Ілекеңе эпикалық құлаш сермеу жағынан да, көркемдік жағынан да
жете алмады. Ал В. Чивилихин болса тыраштанып, ұлы державалық
шовинизмінің жел кемесіне мініп, дауылдың айдаған жағына ағып,
мекенсіз бір аралға тіреліп, омақаса құлады. Ұлы Мұхтардың «Абай
ынан» кейін Ілекеңнің эпикалық шығармаларын оқыған әлемдік бар
ша қауым қазақ әдебиетінің көшпенділер өркениетінің сырын ашуда-
ғы айрықша рөлін біржолата мойындады, мойындап қана қоймады,
барша дүниежүзілік адам баласының дамуында отырықшылар мен
көшпенділер өркениетін бір жүйемен біріктіріп қарау керектігін
түсінді, көшпенділер өркениетінің тарихтағы ғажайып маңызын те
рең зерттеп, болашаққа батыс пен шығыстың қол ұстасып баруы
керектігіне көзі ашылды. Бір кездегі ағылшын ақыны Киплингтің
Естеліктер
«Батыс аты — батыс, шығыс аты — шығыс, олардың қосылуы
мүмкін емес» деген тұжырымның Отаршыл психологиямен уланып,
көкірегіне нан піскен алаяқтың сандырағы екендігіне бұл кезде еш-
кім де күмәнданбаса керек-ті.
Ұлы жазушының мен өз басым азаматтық ерлігіне тәнтімін. Кешегі
атақты ғалым Е. Бекмахановтың 25 жылға итжеккенге аударылуының
басты себебі — ұлт-азаттық қозғалысының ең бір жабық тақырыбы
хан Кене бастаған қаһарман халқымыздың бостандық күрес тари
хын зерттеуі емес пе еді. Міне, осы бір «жабық», басқаша айтқанда,
«абақты», «итжеккенге» айдауы мүмкін тақырыпқа оралу үшін қан-
дай жүрек керек десеңші! Егер біз 400 жылға созылған Ресей импе
риясына қарсы жүргізілген 300-ге жуық ұлт-азаттық қозғалысының
көріністері болды десек, басқаша айтқанда, үзілмеген, үдеген, тұтас
бір ұлт-азаттық қозғалысы болды десек, солардың ішінде хан Кене
бастаған көтерлісте жеке немен ел боламын деген көрініс көңілі де,
көзі де соқыр жанға жалындап-ақ көрініп тұрған-ды. Империяның
жанына бататыны да, көңілінің мұз болып қататыны да осы екенін
еліміздің жүрек жұтқан ерлері де бір сәт ұмытқан емес-ті. Солай де
сек те не бір арыстандай қаһарлы, жолбарыстай айбарлы, түлкідей ай
лалы деген ерлеріміздің жүрегі шайылып, ашық, бетпе-бет империяға
жекпе-жекке
шығуға дәті дауаламайтын кез еді ғой бұл. Міне, осы
сәтте Ілекең ағамыз білекті сыбанып, сауытын киіп, бес жарағын
асынып, «мен мұндамын!» деп шықпады ма, ағайын! Жоқ, қалай
десеңіздер олай деңіздер, Ілекең империялық айбардан, қаһардан
қорықпады, зиялы қауым ішінде хан Кенедей батырлығын танытты,
заманынан ширек ғасыр озып, арттағы ұрпаққа өлмес мұра, Ә. Ке-
кілбаев, М. Мағауин, С. Сматаев сияқты талантты тарихи романис-
тер мектебін қалдырды. Ендеше, Ілекең жай жазушы емес, батыр,
жүрек жұтқан жалынды жазушы, халқын сүйген патриот қаламгер,
қаһарман күрескер, жазушы әлеміндегі хан Кененің өзі, оның өзі бол
маса жүрегі мен көзі екендігіне дау болмаса керек-ті.
Ілекең — қарышты қаламгер. Ол тапжылмай ізденді, жалықпай
еңбек етті. Міне, сондықтан да алаулап жүрегінен қан тамызып, маң-
дай терін ағызып, халқын қуантарлық, оның қасиетті атын «Хан
Тәңіріне» көтерер туындылар жазды. Ол өмірден ерте өтті, өлмеді,
жалындап жайып кетті. Өзі есімін халқымыздың мәңгілік өлместер
кітабына хаттатты, аты мен затын болашақ ұрпақтарға жаттатты, сөй
тіп ол біздің зиялылар әулетінің әулиесіне айналды.
Әулие Ілияс аға! Аруағың немен (егемен емес) ел болған халқым-
ды жебеп, сүйеп жүрсін, мәңгілік дүниесінде тіреніш болсын! Ал
елдің болса өзіндей әулиелер әулетінің Ілиясын, өзінің қадір-қасиеті
пайғамбардай Ілиясын өзі қанша өмір сүрсе, соншалықты ұмытпайды.
Әумин!
Естеліктер
екежан
ілегенов
РД
ТАБЫНАН
Орталық Комитеттегі кездесу мамырдың 26 күні сағат 9-дан аса
Үкімет үйінің 4-қабатында В. Месяцтің бөлмесінде өтті. Кездесуге
бюро мүшелерінен Месяцтен басқа А. Асқаров, С. Имашев қатысты.
Жазушылардан Ә. Әлімжанов, I. Есенберлин, О. Сүлейменов, Д.
гин, Ғ. Мүсірепов, С. Мәуленов, Ғ. Орманов, Ж. Молдағалиев,
М. Қаратав, Ә. Тәжібаев, Ә. Нүрпейісов, Қ. Мұхамеджанов, X.
Есен
жанов, С. Мұратбеков, Ә. Жәмішев, Ә. Шәріпов, Ш. Елеукенов,
Жұмабаев, Қ Ыдырысов шақырылды. Мәдениет бөлімінің қыз-
меткерлері М. Есенәлиев, А. Устинов, Б. Тілегенов, Қазақстан Ком
партиясы Орталық Комитеті бірінші хатшысының көмекшісі В. Вла
димиров қатысты.
Мәжілісті қысқаша сөзбен Месяц ашты.
есяц:
— Соңғы жылдары еліміздің, республикамыздың өмі-
рінде елеулі оқиғалар болды. Қазақстан жазушыларының VI съезі,
Абай мерекесі, пленумдар өтті. Азия мен Африка жазушыларының
алдағы V конференциясына әзірліктер жүріп жатыр. Соңғы уақытта
біраз құнды шығармалар туды. Осының бәрі біздің жетістігіміз. Бірақ
сонымен бірге Орталық Комитетті алаңдатып отырған жайларды ата-
мауға болмайды. Жазушылардың арасында бірлік, ынтымақтық жоқ.
Жолдастық сын жойылып барады. Сын көтермеушілік бар. Елімізге
аты әйгілі жазушылар ортақ істен шеттей бастады. Қандай тақырыпқа
көңіл бөліп, нені жазуымыз керек деген мәселе қазір күн тәртібіндегі
мәселеге айналып отыр. Дау осы төңіректе де өрбіп жатыр. Біз сіз-
дерді жинап отырған себебіміз — осы толғақты мәселелер жөнінде
партиялық, жолдастық тұрғыдан ақылдасып, кеңесейік деген ой еді.
Ә. Әлімжанов:
— Орталық Комитетке рахмет айтқым келеді. Бі-
раз шаруалар жасалды. Жазушылар одағының жаңа құрамының жұ-
мыс істегеніне бір жылдай болды. Осы уақыт ішінде аз жұмыс істедік
деп айта алмаймын. Қаншама кітаптар, қолжазбалар талқыланды,
әдебиеттің толғақты проблемалары талқыланды, пленумдар жина-
лыстар өтті. Қаншама шаруашылық, ұйымдық мәселелер жүзеге асты.
Бұл аз жұмыс емес. Мен бүгін бізді қатты толғандырып отырған мәсе-
лелерге тоқтағым келеді.
Жазушылар одағында соңғы күндері «Жұлдыз» журналының
Естеліктер
бесінші саны жөнінде дау-талас туды. Таңертеңгі сағат сегізден бас-
тап осы жөнінде әңгіме жүріп жатыр. Журналдың қазіргі бағыты
дұрыс емес. Жершілдік, жікшілдік, туралы да қаншама әңгіме бол
ды. Осы әңгіменің бәрін бастап жүрген Ахтанов, Нүрпейісов. Жур
налда жарияланып жатқан бір жақты, зиянды мақаланың гранкала
рын Нүрпейісов, Мұханов, Кекілбаев оқып шыққан осындай істерді
бөлім көрмегенсиді, білмегенсиді. Соңғы пленумның мәселесі де
қанша дауға түсті. Пленумда Олжас баяндама жасайды деп бөлімде
күні бұрын келіскен болатынбыз. Мұны біраз жұрт дұрыс түсінбеді.
Осыдан астыртын әрекет іздеді, топқа, жікке бөліне бастады. Мен
мұны тіпті жікшілдік емес, менмендік, өркөкіректік, сауатсыздық, мә-
дениетсіздік деп айтар едім. Журнал қашанда жазушылардың басын
қосып, біріктіру үшін күрес жүргізуі керек. Ал бүгінгі таңда журнал
оны жасай алмай келеді. Қайта, жікшілдікке, жерлестікке жол береді.
Мен осы уақытқа дейін өзімнің қай жақтан екенімді білмейтінмін, ол
туралы тіпті ойланбайтынмын.
Ал маған қарсы адамдар менің кім екенімді, қай жақтан, қай ру
дан шыққанымды есіме салуға тырысады.
Әдебиетте оппозиция, фракция дегендер болады. Бірақ ол маңыз-
ды, ірі мәселелер жөнінде келіспеушіліктен туатын жай. Мүдделес,
ойы, пікірі бір, мақсат-мүдделері ортақ, тақырыптары, көркемдік, бей
нелеу тәсілдері жақын адамдар өзара топтасып, жақындасуы мүмкін.
Ал бізде олай емес, жершілдік, рушылдыққа құрылады. Мұндай та
лас осындай ұсақ-түйекке негізделгенде, ол тіпті жікшілдік емес, кем-
тарлық дер едім. Мұндай ұсақтық, жұмысқа кесірін тигізуде. Қазір
соңғы жылғы жұмсалған қаражатымызды тексеріп жатыр. Бұл салада
да кемшіліктер бар. Нүрпейісов, Ыдырысовтың жолма-жол аударма
ларына Одақ ақша төлеген. Мұны да бір ретке келтіруіміз керек.
Қаламақы саясаты да маңызды іс. Қирабаев туралы да айта кеткім
келеді. Өткен пленумның жұмысын менсінбей, жаратпай сөйлеп, дұ-
Әрине, біздің жұмысымызда кемшілік жоқ емес, бар. Бізге қазір
қиын тиіп жүргені де рас. Ахтанов пен Нүрпейісов әдебиетке алғаш
келгенде жолдары болып, үлкен ағалары болысып, қол ұштарын
ұсынды. Соғыстан оралғанда олар аз еді. Қазір жазушылардың саны
көбейді, қаншама жастар қосылды. Ал олар сол бұрынғы қошеметке
үйренген күйі содан айырылғылары келмейді. Тіпті өздерін қойып,
олардың аудармашыларына да арнайы той жасап, қошамет көрсететін
болып жүрміз. Бұл біздегі бір жаман әдет.
Әдебиетті насихаттау бюросында да кемшіліктер жеткілікті. Бірақ
Естеліктер
бар кемшілікті Байрам Салимовқа жауып отырмыз. Ал шынына кел
сек, осы кемшіліктерге жол беріп отырған Ідірісов пен Молдағалиев.
Мен айтатынымды Нүрпейісов пен Ахтанов сияқты пыш-пыштап,
сырттан айтпаймын, беттеріне айтамын.
үрпейісов:
— Мен жаңағы айтылған сөздерге қарсы пікір ай
тамын. Дау-таластың себебіне тоқтай кеткім келеді. Достоевскийдің
мерекесі қарсаңында Жазушылар Одағы мен комиссияның мүшесі
ретінде мерекенің жоспарымен таныстыруы керек еді, таныстырма
ды. Содан бері арамыз шиеленісе берді. Айта берсем оған мысалдар
көп. Сіз (сөзін Әнуарға арнады), маған қаншама кінә тағып жатырсыз.
«Тыныштықты бұзушы, бүлік шығарушы» дейсіз. «Мен бірінші хат
шы болып отырғанда, біздің Одақта екі ұйым, екі пікір болмайды, оған
жол бермеймін» дейсіз. Бұл қалай? Жазушылар тек сіздің пікіріңізбен
ғана санасып, сіздің көзқарасыңызды ғана қолдауға міндетті емес.
ұқанов:
— Есенберлиннің романдары туралы айта
кетейін. Ол кітаптарын тез шығаратыны сонша, тіпті оқып та үлгере
алмайсың. Өз басым қолтаңбасын жазып, сыйлаған кітаптардың
бәрін оқып жүрмін. Есенберлин маған кітабын сыйлаған емес. «Хан
Кенені» орыс тілінде оқып шықтым. Әуезовтың пьесасымен үндес
екен. Кітап біршама жаман жазылмаған. Кенесары бүкілодақтық мас
штабта әшкереленген адам. Ол туралы қаулы осы уақытқа дейін бар
күшін әлі жойған жоқ. Осыдан кейін мұндай кітаптың қалай жарық
көргеніне қайран қаламын. Тарихта екі Кенесары болған жоқ, біреу-
ақ болған. Ендеше, Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті
бұл кітаптың шығуына неге рұқсат берді? Кенесарының іс-әрекетіне
көзқарас, қатынас біреу-ақ болуы керек. Оның ісі, әрекеті Россияға
жат, қарсы жүргізілді. Ал біздің Орталық Комитеттің қолдауымен
осындай адам туралы кітап шығып отыр. Жұрт жабылып осы кітапты
оқып жатыр. Біраз адамдар, студенттер ұлтшылдық ұрандар көтеріп
жүр. Біз хандарды мақтауға неге жол беріп отырмыз. Әрине, ескіні
жазуға мен қарсы емеспін, бірақ хандық құрылысты мадақтаудың
қаншалық қажеті бар еді. Халықтардың арасын ашып, араздастырған,
тарих әшкерелеген осы бір өлікті қайта тірілтудің қаншалық қажеті
болды. Бұл кітап жастарға керісінше әсер етіп, ұлтшылдық сезімін
өршіте түседі. Жазушының жалпы тарихқа көзқарасы дұрыс емес. Ал
бұл жақсылыққа әкелмейді, зиянын тигізеді. Сіз инженерсіз. Тарих
тан гөрі өзіңіз жақсы білетін өндірісті жазбайсыз ба. Ханның сізге
керегі не?
Енді Одақ туралы бірер сөз. Бұрын осы шалдар жұмысымызға
кесірін тигізіп жүр деп айтатынсыңдар. Әрине, бұрын да Одақта
Естеліктер
дау-талас болатын. Бірақ біз қанша айтыссақ та, талассақ та, бір-
бірімізді сыйлайтынбыз, қадірлейтінбіз. Meн Әуезовпен қанша ай
тысып, пікір таласына барсам да, оны тек «сіз» деп қана айтатын
мын. Әдеп сақтайтынмын. Ал қазіргілер бір-бірін жер қылуға бар.
Мен Нүрпейісовты жақтай алмаймын, кінәлаймын. Осының бәріне
Орталық Комиттеттің өзі кінәлі. Имашев, Есенәлиев, Плотниковтер
кінәлі. Орталық Комитет осының бәрін көріп отырып, үндемейді.
Осылардың дауы немен бітерін күтіп отырған сияқты.
Секретариаттың жұмысына да көңілім толмайды. Секретариат-
тың мәжілісіне шақырылудан қалғанмын. Жұрттың бәрін шақырады,
бірақ мені керек қылмайды. Осының өзі жікке бөліну емес пе. Жуыр
да Есенберлиннің романы талқыланған екен, мені оған да шақырған
жоқ. Бұл жолы да мен керексіз болып қалдым. Менің пікірім Одақты
жаңартып, жұмысын жақсарту керек.
— Секретариаттың жұмысында жүйе жоқ, не істеп,
не қойғандарын өздері де білмейді. Мысалы, журналда жап-жақсы
жұмыс істеп жүрген Мәуленовты орнынан қозғап, оны Ахтановпен
ауыстырудың қаншалық қажеті болды? Енді сүйткен Ахтановпен тіл
табыса алмай жүрсіңдер. Қайта, оны кінәлап, құтылғыларың келеді.
Осы істеріңде қандай логика, жүйе бар?
F.
үсірепов:
— Ілияс Есенберлиннің кітабы туралы әртүрлі
пікірталас туып жатыр. Бұл әдебиетіміздің бүгінгі мәселелері
жөнінде әңгіме қозғауға жақсы себеп еді. Осы тұрғыдан келіп әде-
биеттегі қандай құбылысты қолдап, қандай кемшіліктерден арылу ке
рек екенін айтып, қазіргі жағдайға баға беруге болатын еді ғой. Бірақ
біз соған бара алмадық. Жұрт оның орнына дау-жанжал, сенсация
күтіп, өрекпіп, дүрліге жөнелді. Мен мұны «саяси мешандық» деп
атар едім. Одақ бұл талқылауды менің келісімімсіз белгіледі. Одақ
арнайы тізім құрып, өз адамдарын ғана жинады. Бұл — жабайылық
дер едім. Күні бұрын белгіленген 40—50 шақты адам ғана жиналған.
Мен бұған қатты ренжідім. Осылай істеуге бола ма? Бұл талқылауды
ұйымдастырушы — Есенберлиннің өзі. Кітапта кемшілік жоқ емес,
бар. Тарихи деректерді пайдаланудың айыбы жоқ. Әлі пісуі жетпеген
шала материал нағыз шебер суретшінің қолына тисе, рухани дүниеге
айналары даусыз. Кітапта осы жағы жетіспей жатқан сияқты...
Мен Ахтановты да, Нүрпейісовты да мүлдем кінәсіз, таза деп айта
алмаймын. Олардың жөнсіз, қисынсыз кететін кездері болады. Бірақ
біздің басшылар оларға дәл осындай тәсілмен жауап қайтарғылары
келеді. Шыдамдылық, байсалдылық жағы жетіспейді. Бұл сендерге
Естеліктер
X. Есенжанов:
— Бүгін біздің басымыз қосылып отыр, ол үшін
сізге (Месяцке) рахмет айтамын. Әйтпесе, мына қасымызда отырған
Имашев жолдас менімен ашық кездесіп, бетпе-бет сөйлесуден қорқа-
ды. Біз жерлеспіз.Сол жерлестіктен зәресі ұшып, дұрыс сәлемдесуге
де жарамайды. Жерлесін қабылдап жатыр деген сөзден қорқатын бо
луы керек.
машев:
— Оныңыз бекер сөз. Мен қорықпаймын. Сіз мені
дұрыс түсінбей жүрсіз.
X. Есенжанов:
— Одақтың екінші басшысы беделді, белгілі,
жазушы болуы керек. Есенберлин ондай жазушы емес. Өз кітабын
тезірек өткізіп, бастырып жіберуге қабілеті мол.
Одақтың қазіргі жағдайы бәрімізді де толғандырып отыр. Жа
зушылар ұйымына басшылық сапалы, дұрыс жүргізілмей келеді.
Есенберлин өзін-өзі сыйлыққа ұсынады. Ал біз оны неге білмейміз?
Осының бәрі үнсіз, жасырын жасалады. Оның соңғы романын мақтай
алмаймын. Мен Мүсіреповтың пікіріне қосыламын. Арнайы комис
сия құрудың қажеті жоқ еді. Талқылауды еркін өткізу керек еді.
есяц:
— Дұрыс! Мен де сіздің пікіріңізді қостаймын.
X. Есенжанов:
— Одақтағы бар әңгіме қазір тек жүзге бөлудің
төңірегінде өрбіп жатыр. Әсіресе, Есенберлиннің романынан кейін
осы ауру асқынып кетті. Біз бұрын жүз дегеннің не екенін білмеуші
едік. Қазір жағдай шиеленісіп барады. Менің пікірім: секретариатты
кеңейтіп, құрамына ортақ іске жаны ашитын, әдебиетті жақсы білетін
адамдардан толықтырып, жұмысын жаңаша құрып, жандандыра түсу
керек деп ойлаймын. Әнуар, саған да айтарым бар. Сен тым күйгелек
боп барасың. Мұндай мінез жақсылыққа апармайды, ортақ іске зия
нын тигізбей қоймайды.
Ә. Шәріпов:
— Мен Москвада секретариатта туысқан респуб-
ликалардың өкілдерімен жиі кездесіп жүрмін. Солардың көбінде
Социалистік Еңбек Ері деген жоғары атақ бар. Бәрінің кеудесінде Алтын
жұлдыз жарқырайды. Біз солардан кембіз бе?
Әдебиеттегі тарихи тақырыпты елемеу, шеттету, оны бағаламау
дұрыс емес. Автор бұл тақырыпқа қай тұрғыдан, қай бағыттан келеді —
мәселе осында. Серікқалиевтың мақаласына тоқтай кетейін. Мақалада
артық, жөнсіз сындар бар. Ілияс Есенберлинге әртүрлі айдар тағып, оның
кітабынан әртүрлі «измдер» іздеу дұрыс емес. Бүгін де көпшілігіміз
кітаптың көркемдік кемшілігін айтып жатырмыз. Ал жақсылық, жетістік
жағына аузымыз бармай отыр.
Жолдастар! Кезінде менің де сыртымнан арыз жазып, соңыма
түстіңдер. Осыны қойсаңдаршы. Қайтесіңдер. Қоятын уақыт болды ғой.
хтанов:
— Тарихи шығармалар жөнінде әңгіме болып жатыр.
Естеліктер
Бірақ біз тарихи роман жөнінде сөз қозғасақ, әңгімені әуелі
Әуезовтен бастамай, Есенберлиннен бастайтынымыз қалай? Бұл
дұрыс емес.
Тарихи жанрдың негізін жасап, тамаша үлгісін көрсеткен Әуезов
емес пе. Біз ұлтшылдық сезімді орынсыз қоздыра бермеуіміз керек.
Тарих төңірегінде арзан шу көтере берудің қажеті жоқ. Марченконың
мақаласы да қаншама сөз тудырды. Осының бәрін қоздырып отырған
сіздерсіздер. Жалпы Жазушылар одағындағы жағдайды, қарым-қаты-
насты жақсартуымыз керек.
I. Есенберлин:
— Менің кітабым туралы осында көп әңгіме бол
ды. Орынсыз сындар да айтылып, кінә да тағылып жатыр. Кітап пре
зидиумда талқыланған жоқ па еді. Сонда қайда қалдыңдар? Менің
кітабымнан қайдағы бір құбыжық жасағыларың келеді. Жасырып
жасаған «тізім» туралы да әңгіме болды. Ол қате пікір. Ондай бөлек
тізім болған жоқ. Бәріңді де шақырғанбыз. Келмей қалсаңдар, мен ай
ыптымын ба? Қазір Ахтанов екеуіміздің кітабымызды қатар қойып
сатып көріңдерші, кімнің кітабы қандай екенін сонда көресіңдер.
Жаңа Мүсірепов біраз сөз айтты, өкпесін білдірді. Бірақ Мүсі-
реповтың басшылыққа өзі келгісі келгенін бәрің де жақсы білесіңдер,
ол ешкімге құпия сыр емес. Ендеше, ол бізді қалай жақсы көрсін,
қалай жақтасын. Осы дау-таластың негізі неде? Жасыратын ештеңе
жоқ, белгілі бір топтың барын бәріміз де білеміз. Бұл топ өмір-бақи
билеп-төстеп, дегенін жасап келеді. Жаңа Ахтанов бәрімізге ақыл
үйретті. Бірақ өз басындағы кемшілікті көрмейді. Кезінде Шаймерде
новпен төбелесіп, орнынан түскенін ұмытты ма. Біз Оразаевқа араша
түсіп едік, ұнамай қалдық. Ал оның Разаевқа жасап жүргені әділеттік
пе. Ендеше, ол өз қатесін неге көрмейді.
Мен бұл жұмысқа қызығып, сұранып келген жоқмын. Мені
Әнуардың өзі шақырды. Бірге жұмыс істейік деген соң, келісімімді
бердім. Ал даудың сыры бәрімізге де белгілі. Дауласып, шатақ шыға-
рып жүргендердің бәрі де Одаққа өздері басшы болғысы келгендер.
Оны несіне жасырамыз.
үлейменов:
— Секретариат өз алдына бөлек топ құрып,
жікшілдікке жол беріп отыр деген айып — өте ауыр сөз. Бұл әділ
пікір емес. Осында әр кезеңде Жазушылар одағын басқарған жазу
шылар отыр. Қазіргі арамызды бөліп, араздастырған жайлардан көрі,
қатарымызды жақындатып, басымызды біріктіретін жайлар туралы
айтқан жөн болар еді. Жазушылар одағының қызметі туралы әңгіме
де тек Әлімжановтың жеке басын сынаудан арта алмай жатыр. Рас,
оның қызбалығы, шыдамсыздығы бар. Оны да түсінуге болады.
Естеліктер
Жұмыс істегің келсе, қол қусырып қарап отыруға болмайды. Бүгін
жағдай қандай еді? Бәрі де жақсы, бәрі де тыныш, бәріне жұрт риза
болатын.
Ал біз әдебиетке адал қызмет жасайық деп келдік. Бірақ біз талай
жылдар бойы қалыптасып қалған тоңмойындыққа, сірескен қарым
-қатынасқа тірелдік.
Әрине, жұмыс болған соң талап болады. Кейбіреулерді ренжітуге
тура келеді. Нүрпейісов пем Ахтанов осыны ұнатпайды, әр жерге ба
рып, біз туралы пікір таратады. Ұсақ-түйек әңгімені, болымсыз өкпені
қояйық, бірігіп жұмыс істейік деп өздеріне талай рет айтқанмын. Бірақ
менің бұл ниетімді түсінбейді, тыңдағылары келмейді.
олдағалиев:
— Мен Орталық Комитеттің мүшесімін. Бірақ
менімен ақылдасып жүрген ешкім жоқ. Әрине, өзің басқарғаннан көрі
басшыларды сынау жеңіл де тиімді. Жаңа жұмысты бүлдіріп, кон-
серваторға айналды дегендердің бірі менмін. Ешбір басшы көпшілікке
тегіс жағып көрген емес. Қайсыбіріне жағарсың. Жұртты тыңдау ке
рек, бірақ сыбысты тыңдаудың қажеті жоқ. Әрине, одақтың басшы
лары жұмыс істемей жүр деп айта алмаймын. Мен хатшылықтан өз
еркіммен кеттім.
F.
ұстафин:
— Бір коллективте осындай жайсыз әңгіме туып,
араларының бұзылғаны өкінішті-ақ. Әрине, талас-тартыссыз даму
жоқ. Әдебиетте де солай. Пікір таласынсыз біз алға жылжи алмай
мыз. Жікшілдік топ туралы қанша әңгіме болды. Ал бізге топ керек.
Бірақ біз жүз бойынша, облыс, аймақ бойынша бөлінбей, твор-
честволық негізде топталуымыз керек. Сонда ғана жұмыс өніп, жан
егалин:
— Мен өзімнің аталық тілегімді айтқым келеді. Қа-
рақтарым, бір-біріңді сыйлаңдар, қадірлеңдер. Бірігіп ынтымақтасып
жұмыс істеңдер. Менің тілегім осы.
— Бүгінгі әңгіме пайдалы болды деп ойлаймын. Әсіре-
се секретариаттың жұмысына септігі тиері сөзсіз. Біз аға жазушылар-
ға көп көңіл бөле бермейміз. Аға ұрпақтың кемшілігі болса, кешіре
білейік. Мен Олжастың аға ұрпақ туралы пікірін қолдамаймын.
. Қаратаев:
— Осы айтыс-тартыстың, жанжалдың себебі не-
де? Осының бәрі атаққұмарлықтан туып жатқан сияқты. Атақ, даңқ-
ты бөлісе алмай жатырмыз. Біразымыз жасанды, жалған атаққа ие
болғымыз келеді. Міне, осындай жеңіл атақ үшін талас қашанда
әдебиетке кесірін тигізеді. Қызғаныш, ұсақ күншілдік қашанда бол-
ған, одан арыла алмай келеміз. Бірақ әдебиеттің мүддесін жоғары
ұстауымыз керек.
Естеліктер
сқаров:
— Жазушылар одағы дұрыс жолда, дұрыс бағытта
деп ойлаймын. Аға жазушыларға да ұлғайған жастарыңды, тәжіри-
белеріңді бұлдай бермеңдер деп айтар едім.
Жазушылар одағы маңызды мәселелерге көбірек назар аударуы
керек. Жеке-арақатынас емес, творчестволық мәселе бірінші тұруы
керек. Бүгінгі жиында жеке шығармалар туралы әңгіме болған жоқ.
Тек Есенберлиннің романы туралы пікір айтылды. Тек тарихи
тақырып туралы ғана әңгіме қозғалды. Бірақ бұл мәселеге де байып
пен қарауымыз керек. Жалпы тарихты бейнелеуге қарсы болмауымыз
керек. Тек кім қай тұрғыдан, қай бағыттан бейнелейді, мәселе осын
да. Жаңа бәрің Есенберлинге жабылып, сынап жатырсыңдар. Оларың
дұрыс емес. Мен де кітапты оқып шықтым. Жекелеген кемшіліктері
болуы мүмкін. Бірақ негізінен теріс, зиянды кітап деп айта алмай-
мын. Романнан соншалық үлкен қатені көріп тұрған жоқпын. Кітапты
ұлтшылдық сарын бар дегенге де қосылмаймын. Бұл қате пікір. Мұн-
дай айып тақсақ, өсіп келе жатқан жастарға қандай тәрбие береміз,
қандай үлгі көрсетеміз. Мұндай пікірді абайлап, байқап айту керек.
Бұл жиында
Ә. Жәмішев, Ә. Жұмабаев,
машев
сөз алды.
Бірақ әдебиет туралы әдеттегі жаттанды, жалпы пікір болған соң бұл
сөздерді келтірмедім. Мәжілісті Месяц қысқаша қорытып, екі жақтың
да көңілін қалдырмай, бірігіп жұмыс істеуге, ынтымаққа шақырып,
жиналысты жабық деп жариялады. Осы жерде сол жиналыстан алған
бір әсерімді айта кеткім келеді.
Ақсақал жазушымыз Сәбит Мұқанов бастап барлығы Есенбер
линге жабылып, романын жамандап, одан саяси қате, ұлтшылдық
белгісін іздеген кезде творчестводан мүлдем аулақ, таза партиялық
рухта тәрбиеленген функционер, коммунистік талаптан, партиялық
бағадан басқаны мойындамайтын Асанбай Асқаровтың осы жолы
Есенберлинге араша түскеніне таңым бар. Қайран қалдым. Тіпті осы
жазушыларға жақын деген, идеология саласын басқарып жүрген
Имашевтың өзі де, идеология бөлімдерінің қызметкерлері де осы ро
манды құбыжық көріп, ұлтшылдық іздеп жүргенде, Асқаровтың ара
ша түскеніне қалай қайран қалмассың. Кейін Асқаров туралы әртүрлі
пікірлер айтылып, артынан сөз де ерді. Жаман атқа да қалды. Әсіресе
оның кадрлық мәселелерді шешудегі әділетсіздігі, біржақтылығы,
жерге бөлу сияқты келеңсіз қылықтары жұрт арасында көп әңгіме бол
ды. Бірақ Асқаров саясаттың адамы ғой. Көзі ашылғалы, қолы билікке,
басшылыққа жеткелі саясаттың төңірегінде келеді. Мүмкін жаңағы
жұрт айтып жүрген кемшіліктері де сол саясаттың, саясатшылдық-
тың салдары болар. Бірақ осы жиналыста саясат көздеу жағынан ол
Естеліктер
жұрттың бәрінен де жоғары тұрды. Тіпті белгілі жазушылар I. Есен-
берлиннің шығармалары осы кезде жұрт арасында кеңінен тарай
бастағанын кешірмей, оның творчествосын кеміту үшін, әдебиетті ең
бір жауапты әрі қауіпті тақырыпты — тарихты құрбандыққа шалды.
Өткен өмірімізге, тарихтың бір елеулі, жауапты кезеңіне саяси айып
тағып, теріс баға беріп, сол арқылы Есенберлинді мұқатқылары келді.
Есенберлинді кемітеміз деп шыққан тегімізге — тарихқа тіл тигізіп,
Отан деген қасиетті ұғымға қол жұмсадық. Ай, шіркін-ай, кейде тіпті
адам сүйер қылығымыз жоқ-ау! Ал мұның өте қауіпті екенін, бүкіл
тарихқа, халыққа зияны тиетінін саясатшыл Асқаров сезген еді. Жи
налысты басқарушы Москвадан келген орыс азаматы Месяц қайбір
қазақтың тарихын білетін адам еді. Көпшілік жарысып жамандап
жатқан соң нанып қалуы да мүмкін ғой. Ол республиканың үлкен
басшыларының бірі, ендеше бүгінгі айтылған пікірлерді қостап, тари
хымыз туралы теріс көзқараста болса, бәрімізге де қиын тиері сөзсіз.
Мұны басқа жұрт түсінбегенмен, Асқаров түсінген еді. Жаңағыларға
қосылып, Асқаров бірге жамандаса, тарихқа кесірі тимей ме. Онда
Месяц те осы пікірге ауысады. Онда бұл Бюроның пікірі, Бюроның
бағыты болып табылады. Ал мұндай жағдайлар өмірімізде аз болған
жоқ еді ғой. Тарих та, әдебиет те ондай бағаның зардабын шегіп,
қасіретін тартқан болатын. Көпшілігіміз осыны түсінгіміз келмеді.
Түсінейікші деген ниетіміз де жоқ еді. Бар ойымыз — қайткенде
Есенберлинді қаралап, романын жамандап, жоққа шығарып, табалап
кету еді.
Естеліктер
аунақ Есенберлин
Осыдан бірнеше жыл бұрын «Комсомольская правда» газеті
өз оқырмандарына өмірлерінің мағынасына тікелей қатысты адам-
дар жайлы жазуды қолқа еткен еді. Оқырман өміріне барынша әсер
еткен адамды «Комсомольская правда» ең негізгі, басты адам деп
атады.
«Комсомолканың» үндеуі маған ойлануға мәжбүр етті: менің
негізгі адамым кім? Жауапты бірден таптым. Менің негізгі ада
— ол кітаптары Одақ халықтары мен бірқатар шет ел тілдеріне
аударылған «Көшпенділер», «Алтын Орда» трилогиялары, басқа он
роман және көптеген поэма, повестер, әңгімелер, өлеңдер, пьесалар
авторы — белгілі қазақ жазушысы, менің үлкен ағам Ілияс Есенбер
лин. Ол маған есімді білген кезден бері тәрбиешім, ақылшым және
сүйенерім болды. Менің негізгі адамым — ағам менен небары бір-ақ
жас үлкен болатын.
Біз ерте жетім қалдық. 1924 жылы анамыз дүниеден өткеннен
кейін өгей әкеміздің қолында қалған төрт бала едік: үлкен апамыз На
зым, Ілияс, мен және біз шамалас жастағы, әкеміздің ағасының жетім
қалған ұлы, біздің бауырымыз – Ахметқали. Онымен біз бір үйдің
жан-дарындай тату өстік. Туған үйіміз Ақмола облысындағы Атбасар
қаласының шет жағында осы күнге дейін сақталып келеді. Ол үйді
біздің әкеміз Есенберлі өзінің егіз бауыры Жұппаймен бірге салған
болатын. Біз бала кезімізде ағайынды Есенберлі мен Жұппайдың бал
та шебері болғандарын және олардың Атбасарда көп үйлер салғанын
талай рет естіген болатынбыз.
Өз үйіміздегі біздің өміріміздің соңғы жазы қатты есімде қал-
ды. Біз кедей тұрдық, аштыққа ұшырадық. Әлбетте, таңертең өте
құнарсыз ертеңгі астан соң үйдің батыс жағындағы көлеңкеге жай-
ғасып отыратынбыз. Сонан соң сол жерде Ілияс бізге ертегі айтатын.
Ертегілер өте қызық болушы еді және олар бітпейтін. Мен оның
осыншама көп ертегі білетініне таң ғалатынмын. Кейінірек менің
түсінгенім: ол ертегілерді өз жанынан шығарып ойлап табады екен.
Болашақ жазушының табиғи дарынының қабілеті сол балалық шақта
қалыптаса бастаған ғой деп болжаймын.
Біраздан соң күн түске қарай жоғары көтерілетін, ал ауа сонда
Естеліктер
әбден ыситын. Сол кезде біздің үйдің тұсынан басталатын шексіз кең
дала бізге толқыны буырқаған теңіз болып көзімізге елестейтін. Бұл
жаздың ортасы шілдедегі даладағы ысыған ауадан пайда болатын
тамаша көрініс — сағым еді. Сол сағым балалық қиялымызға қанат
беретін.
Енді әжептеуір өмір кешіп, Одақ көлеміндегі барлық теңіздерді
көзбен көріп, менің бүгінгі айтарым: біздің сол балалық шақтағы
көргеніміз көгілдірге жатпайтын Қара теңізге де, самал желді Балтық
теңізіне де ұқсамайды. Сол Атбасар шетінде біз байқаған көріністі
кейін мен еш жерде көрген емеспін. Бұл – сонау бала кезімнен есте
мәңгі қалған бір тамаша сурет.
Жазушы Сәбит Мұқанов шығармасында әсем көркемделген
Атбасар жәрмеңкесі жаз айларында қала жанынан ашылатын. Сол
жылғы жәрмеңкенің есімде ерекше айшық қалған себебі, Ілияс
басқа балалардың бәрін қазақша күресте жеңіп шығып ақшалай
сыйлық алғаны еді. Осы уақытта бізге қаражат өте қажет болатынына
қарамастан, Ілиястың жеңісінің құрметіне Назым шағын той жасап
сыйлыққа берілген ақшаны түгелдей жұмсап жіберіпті.
Әпкеміз сол дастарханға өзінің құрбылары мен біздің дос ба
лаларымызды шақырды. Сөйтіп 15 адам жиылды. Бауырсақ пен
бесбармақ жедік, қантпен шәй іштік. Ойнадық, әзілдестік, көп ән
айттық. Бәрімізге, әсіресе маған, аса көңілді болды. Осыншама, менің
түсінігімше, үлкен жеңіске жеткен өзімнің кішкене ағамды мен шексіз
мақтан еттім.
...Ерекше айтып өтейін, ерте балалық шағымда бір ойын ойнап
жүрген кезімде мен Ілиясты «кішкене аға» деп атап едім. Жалпы біз
екеуіміз де аласа бойлы болатынбыз және бірімізден-біріміздің бой
жағынан айырмашылығымыз аз. Әрине, біздің өмірімізде налыған,
кейіген жағдайлар аз болған жоқ. Ал енді осы әттегенайлардың ішінде
біздің тапал бойымыз ең соңғы өкініш емес еді. Тек 7—8 жаста ғана
емес, одан кейінгі бозбалалық кезеңде де біз өз құрбыларымыздан
бой жағынан әлдеқайда төмен болдық.
Әлі есімде жазғы мектеп каникулы бітіп күз түскенде бізді қатты
өкіндіретін жағдай басқа балалардың бойлары әжептәуір өсіп, біздің
бойларымыздың сол каникул алдындағы кезеңдегідей қалып қоюы
еді.
Меніңше, сол уақыттағы біздің маңдайымызға тағдырдан тиген
алғашқы таяқтан кейін Ілияс екеуімізді замандастарымыздың алдын
да ой жағынан төмен болмауға, білім мен ғылымға ұмтылуға себепкер
болды. «Жаман айтпай жақсы жоқ» дегендей.
...Сондағы басқалар «сәбидей» тұқыртқан менің кішкене ағам
Естеліктер
сол жолы ойда жоқта жеңімпаз атанды. Бойы ергежейлі болғанымен
ол қазақша күрестің айлаларына жақсы қанық болатын. Қара күшке
айланы қарсы қойды. Кейін сақайған кезімізде мен бір жолы Ілиясқа
сол бір алыс балалық шағымыздың қуанышты сәтін есіне түсірген
едім. Оның айтқаны: «Менің өмірімде әp түрлі дәрежедегі сан-алуан
той-томалақтар болды, бірақ мен үшін ең ыстық, ең қымбат сыйлық
апамыздың бізге ұйымдастырған жеңіс тойы болатын.
Сол жылғы жаздың аяғында апамыз тұрмысқа шықты. Өгей
әкеміз қолында бірінші күйеуінен бір ұл, бір қызы бар бір таныс
әйеліне үйленді. Күзде мен өз үйіміздің жанында тұратын Жұмабек
ағайымыздың үйінде тұратын болып соларға көштім.
Жұмабек ағайымызда шағын ет дүкені болды. Ол аса ауқатты
адам болған жоқ, дегенмен оның жанұясы аш болған емес. Ағатайдың
үйіне ауылдан кооператив шаруаларымен, халық ағарту мекемесіне,
саудаға және басқа істерімен қалаға келген қазақтар атбастарын ті-
рейтін. Кешкісін ағатайымның үйінде 10-15 қонақ пен жатақ Атба
сар қазақтары жиналып нағыз думан салатын. Олар ән шырқайтын,
қызықты әңгімелер, ертегілер айтатын, дойбы ойнайтып. Кейде кар
та ойнайтын. Ұтылып қалғандарының маңдайына саусақпен ұратын.
Ол үйде біреулердің арақ ішкенін, не темекі шеккенін мен көрген
емеспін. Ал көпшілігі насыбай ататын.
Атбасар қаласынан 40 шақырым жердегі Батауан көлі жанында
қай кезде бұнда пайда болғандары белгісіз, өздерін қырғызбыз деп ай
татын, бірақ қазаққа сіңіп кеткен қырғыздар тұратын. Солардың ішінде
тамаша ән салатын, домбырада ойнайтын, көп жыраулар мен поэма
лар білетін Қақбай деген ақын болды. Ілияс әсіресе осы Қақбайды
тыңдағанды жақсы көретін. Ол Атбасарға жиі келіп тұратын. Қақбай
келгенде мен Ілиясқа хабар жіберетінмін. Ілияс бізге сол уақыттарда
үзбей келуші еді. Бір бұрышқа жайғасып алып Қақбайды бар ынтасы
мен тыңдайтын. Ілиястың Асанқайғы, Бұхар жырау, Едіге, Қобланды,
Абылай, Кенесары тағы басқа да «Көшпенділер» мен «Алтын Орда»
трилогияларының кейіпкерлерін алғаш рет сол Қақбайдан және басқа
да ақындар мен шешендерден естігенін өз көзім көрді. «Ақтабан
шұбырынды, Алқакөл сұлама» хикаясын да Ілияс алғаш pет осы
адамдардың аузынан естіді. Әрине, халқымыздың ұмытылмайтын,
қасіретке толы, ұлы сазы «Елім-айды» да сол кезде ұйып тыңдаған
болатын. Осы бір аттары тарихқа беймәлім қарапайым ақындар
бүлдіршіндей жас Ілиясқа бүкіл саналы өмірінде есінен кетпейтін
қазақ фольклоры мен өз халқының тарихына деген ыстық ықылас пен
шынай қызығушылық шоғын тұтатып берді.
Осы кештерде сол кездегі Атбасардағы көпке таныс әндер де ай
Естеліктер
тылатын. Олардың кейбірін мен содан кейін еш жерде естіген емеспін.
Солардың ішінде мысалы «Жәмилә» деген мұңлы ән. Әрине, бұл бала-
лардың өлеңі емес, дегенмен бізге нәзік, сазды болып көрінген-ді:
Жәмилә неге жүдеусің?
Бетінде тамшы қан жоқ қой.
Жаралы ма еді жүрегің?
Шапаныңды жамылып.
Айға (бір) неге қарайсың?
Күрсініп, ауырып, күңіреніп,
Жұлдызды неге санайсың?
Осы әнді мен Александр Затаевичтің 1925 жылы Орынборда
шыққан «Қырғыз (Қазақ) халқының 1000 өлеңі» кітабынан таба ал
мадым.
Осы кештерде біз саяси сауаттылықтың алғашқы сабақтарын ал-
дық. Себебі, жиналған адамдар сол уақыттағы көкейтесті сұрақтарды
талқыға салатын. Және олар барынша сауатты азаматтар бола
тын: кооперативтің төрағалары мен есепшілері, мұғалімдер, қала
қызметкерлері. Олардың ұрандары мына өлеңнің жолдары еді:
Кел, қазақ, кедейлер,
Ұйымдас жалшымен.
Байларды, Молданы
Кейін осы адамдардың ішінен, Атбасар ауданындағы ірі байлар
ағайынды Ыбырай мен Ыдырыстың жылқыларын конфискелеуге жіті
араласқан, белсенділер шықты.
Осылай бір жыл уақыт та тез өте шықты. Келесі жазда Ілияс енді
ғана ашылған балалар үйіне қабылданды. Ол кезде оны «жетімектер
паналайтын жер» деп атайтын. Ал Ахметқали болса сол жаңа жекжат
тарымен бірге өмір сүруін жалғастырып жатты.
Жетімдер үйі қаланың басқа шетінде орналасқандықтан біз Ілияс
екеуіміз сирек кездесуге мәжбүр болдық. Бірімізді-біріміз өте қатты
сағынып жүрдік. Кей кезде Ілиясқа бізге келіп қонып кетуге рұқсат
беретін. Біріміз-бірімізбен қатты құшақтасып, бірге болу біз үшін
қаншама үлкен бақытты шақ еді.
Күзде мені мектепке берді. Ол заманның мектебі қазіргі мектеп-
терге мүлдем ұқсамайтын. Өзім қабылданған 1-класта менің құр-
дастарыммен қатар ересек адамдар да бізбен бірге оқу оқыды. Олар-
дың арасында тіпті ерлі-зайыптылар да кездесетін. Енді олардың
көпшілігі бір жыл, екі жыл оқып, аздап сауаттарын ашқан соң оқуды
Естеліктер
тастап, жұмысқа орналасатын. Осының арқасында солардың іші-
нен кейін оқу-ағарту ісінің көптеген ірі қызметкерлері шықты.
Әлі есімде, бір жас жігіт 1-класты бітірген соң 1-кластың мұғалімі
болып орнала
сты. Артынан оның класы 3-ге көшкенде ол 2-ші клас-
тың оқытушысы болды. Ол одан әрі 3-ші, 4-ші кластарға сабақ берді
және тәжірибелі ұстаз болып саналды.
...Бір сөзбен айтқанда, ағатайым салқын күзде мені жалғыз рет
мектепке жетектеп апарды. Содан кейін менің қалай оқып, мектепте
не істеп жүргенімде оның еш шаруасы болған емес. Бірақ оның маған
алғаш рет мектепке жол көрсеткеніне бүкіл өмірім бойы алғысымды
айтып жүрмін. Ал Ахметқалиды не өгей әкесі, не әкейдің екінші әйелі
мектепке беруге қам жеген жоқ. Осының кесірінен ол сауатсыз болып
қалды.
Мен де бір қысылтаяң жағдайға кездесіп оқуды тастап кетуге
жақын жағдайды басымнан кештім. Онда Ахметқали сияқты мен
де сауатсыз болып қалатын едім. Оқиға былай болып еді. Бір жолы
бір себеппен мен мектепте болған жоқпын да. Келесі күні неге
екенін өзім де түсінбедім, мектепке баруға мен өте қатты қорықтым
да, тағы да сабақты жіберіп алдым. Үшінші күні мен одан да бетер
үрейлендім. Осылай екі күн сабақта болмағасын үшінші күні де мек
тепте көрінуге беттемедім. Келесі күні одан аса қауіптендім. Одан әрі
де бойымдағы қорқыныш сезімін жеңіп шығатын күш болмай, бұдан
былай мектепке бармаймын деген шешімге келдім. Күні бойы Жа
бай өзенінің жағасында уақыт өткіздім: қармақпен балық ауладым,
бір қолөнер жұмыстарын жасаған болдым, жалғыз болғасын өзіммен
өзім асықпен алша ойнадым, сосын үйге кешкісін оралдым. Осылай
сең соққандай сенделіп жүргенімде бір апта уақыт өтіп кетіпті. Бірде
таңертең ішқұса болып налып отырған кезімде күтпеген жерден Ілияс
келді. Мен оның осыншама ашуға тұтынғанын алғаш рет көрдім.
Келе ешбір сөз аузынан шығармай, тек мені жағымнан бір тартты,
сосын қолымнан жетектеп мені дедектетіп мектепке алып келді. Ба
сында мен қарсыласуға тырысып көрдім, сосын көндім. Класта сабақ
жүріп жатыр екен. Ілияс есікті өзі ашты да, өктем дауыспен маған
класқа кір де партаңдағы өзіңнің орныңа отыр деп бұйрық берді. Meн
оның айтқанын істедім. Мені таңдандырған жағдай, маған ешкім
назар аударып көңіл бөлген жоқ. Мұғалімдер де, оқушылар да сен
неге бір апта мектепте болмадың деп менен сұраған жоқ. Сол Жабай
өзенінің жағасындағы Ілиястың ең бірінші, және ең соңғы жасаған
үлкендігі болатын. Осыдан кейін ол маған өмір бойы бір дөрекі сөз,
мінез көрсетіп көрген емес. Егер мен қателессем Ілияс жағдайды
түсіндіретін, дәлеледеп беретін немесе белгілі бір істі қалай жасау
Естеліктер
керектігін айтып беретін. Біз бірімізге-біріміз өмір бойы ерегісіп
салғыласып көрген емеспіз. Сол себепті, маған кейбір ұрсысып неме
се төбелесіп жатқан аға-інілер мен апалы-сіңлілерді көру жағымсыз
Көзді ашып жұмғанша зыр етіп 2 жыл уақыт өтіп кетті. Жетімдер
үйінде бір оқиға болса керек, Ілияс ол жерден кетті. Өгей әке де, өгей
шеше де оған қуанған жоқ, бірақ олар оны қуған жоқ. Ілиястың өз
үйіндегі одан арғы өмірін жұмақ деп айту қиын. Шынына келсек сол
кезде осы үйдің біз заңды түрдегі иесі екеніміз-ау деген ой біздің ба
сымызда болған емес. Бір сөзбен айтқанда Ілиясқа барар жер, басар
тау қалмады. Сол себепті ол жетімдер үйіне өз әкесі салған үйден
қалай кетті, солай қайтып оралды.
Жазда Атбасарға Петропавл қаласынан педагогика техникумы-
ның студенттері келген болатын. Солармен Петропавлда оқыған біздің
өкіл апамыз Базарайым да оралды. Сұлу, кеңпейіл, қайратты Базарай
ым біздің мақтанышымыз болатын. Кейінірек ол Алматыда жауапты
қызметтерде жұмыс істеді, бірақ біз Ілияс екеуіміз онымен арамызда
дұрыс қарым-қатынас қалыптаспағанына талай рет өкінгенбіз.
Студенттердің келуі ірі мәдени оқиғаға айналды. Олар Атбасардың
халық үйінде спектакльдер қойды. Студенттердің репертуарларында
С. Сейфуллиннің «Қызыл қырандар», М. Әуезовтың «Еңлік-Кебек»
пьесалары және 10 бөлімдік «Арқалық батыр» болды. Солармен қатар
«Біржан мен Сара» айтысын да көрсетті. Сара рөлін біздің Базара-
йым әпкеміз орындады. Халық әні «Гәккуді» ескі сарынмен айтты. Ол
әннің Е. Брусиловскийдің өңдеген нұсқасына дейінгі түрі болатын.
Бізге бұрынғы ескі сарын ұнайтын.
Петропавл студенттерінің спектакльдері үлкен нәтижеге ие бол
ды. Жаздың аяқталып келе жатқан кезі болатын. Бірде үш күндік
үзілістен соң біз Ілияспен көшеде кездесіп қалдық. Ол бір тапсыр
мамен сот мекемесіне келе жатыр екен. Ілияс маған кешеден бері нәр
татпағанын айтты. Өмірдегі ең қымбат адамыма еш көмек көрсете
алмағаныма қатты қиналдым, қапаландым. Сот ғимаратына жақындап
келегенімізде үй сылап жатқан бір әйелдерді көрдік. Олардан сәл әрі
таман көше ортасында үлкен жасыл қарбыз жатыр екен. Мен солай
қарай тұра жүгірдім. Жақындағанда оның қарбыз емес резеңке доп
екеніне көзім жетті. Біз бұл табыстарымызға қуанып кеттік, өйткені
бұған дейін де, бұдан кейін де бізде доп болып көрген емес-ті. Аш-
тықты ұмытып сол арада доппен ойнап кеттік.
Бір кезде сот ғимаратының қақпасынан еңгезердей қара ер адам
шықты да, айқай салып бізге қарай жүгіре жөнелді. Мен қорық-
қанымнан допты тастай сала Ілияспен бірге зытуға әрекеттендім.
Естеліктер
Зәреміздің ұшқан себебі артымызға қарасақ, қара дәу әлі соңымыздан
қуып келеді екен. Біздің қуғыншымыз алған бетінен қайтар емес. Сол
жүгіргенімізбен қаладан әжептәуір ұзап шығып кетіппіз. Соңынан,
әбден күшіміз сарқылып біз тоқтадық. Дәу жанымызға келді де бізді
желкелей жөнелді.
Шаршағанымыздан құр сүлдеріміз қалған және қатты қорқып
кеткен бізді ол қалаға дедектетіп алып келді. Содан кейін ол бізді
ұрған жоқ, бірақ доп ұрлағандарың үшін түрмеге отырғызамын деп
қорқытты. Менің допты ұрламағандығымды, оны тауып алғанымды
және сол жерге тастап кеткендігімді, ол есепке алмады. Біз Дәудің
сот ғимаратынан шыққанын көргендіктен оның бізді түрмеге отыр-
ғызамын деген сөзіне сеніп қалдық. Ақыры, ол бізді сот үйіне алып
келді. Манағы әйелдер менің допты тастап кеткенімді көріп, оны
әкеліп қойған екен. Бұл жерде Дәу бізді желкемізден бір-бір түйіп бо
сатып қоя берді.
Қолымыздан еш әрекет келмегені бізге қатты батты, өкіндірді және
күйіндірді. Одан кейін қалада біз біреудің қалтасына түсіпті-мыс, со
сын кошелек иесі біздің соңымыздан қуыпты-мыс деген лақап тарап
кетті де, біз онан бетер сары уайымға түстік. Кейін біз жауымыздың
есімі Микагоз екенін білдік. Ол Атбасарда бірінші дүниежүзілік соғыс-
тан кейін пайда болған соттың шаруашылық меңгерушісі екен.
Микагоз біздің жанымызға ұзақ уақыт жазылмайтын жара салды.
Әрине, біз онымен кейін есеп айырыстық.
Күз түсті. Қалада көп қарбыз бен қауын пайда болды. Атбасардың
тұрғындарының көпшілігі қала сыртында бау егетін. Көкөніс жи
нау кезеңінде біз, Атбасар балалары, қала сыртындағы үлкен жолға
шығып әртүрлі ойын ойнайтынбыз. Қарбыз бен қауын тиеген арбалар
қалаға жақындағанда біз оларға жүгіріп баратынбыз. Көкөніс иелері
бізге қауын мен қарбызды тегін сыйлайтын. Қаланың біз тұрған ше-
тінен әлбетте 15-20 шақты бала жиналатын. Арамызда кейде қыздар
да болатын.
Күздің бір жаймашуақ күнінде біз бір осындай арбаның келе
жатқанын көріп қалдық. Барлық бала солай қарай жүгірді. Арбаға
тақалған кезімізде біз Ілияс екеуіміз күрт тоқтадық. Себебі брешкеде
Микагоз отыр екен. Ол екі қолымен екі қарбыз ұстап отыр. Біз оның
қолынан ештеңе алғымыз келмеді. Бірінші болып жеткен бала Микагоз
ұсынған қарбызды алайын деп қолын соза бергенде Микагоз оны сол
қарбызбен шекесінен бір қойып жерге сұлатты. Бұндай көріністен са
сып қалған балалар не істерлерін білмей дағдарып қалды. Қарбыздың
үстінде отырған Микагоз болса өзінше мәз болып кекесінді түр-
де езу тартты. Жылаған, басына жарылған қарбыздан үсті салтақ
Естеліктер
салтақ, шаңға аунаған бала орнынан тұрғасын біз кішкентай жи-
налыс жасадық. Сол жерде Микагозден кек аламыз деген шешімге
келдік.
Микагоз келесі жолы қарбызға барғанда біз оны тағы да қарсы
алып, балалардың бірі оны арбасына тақап, одан қарбыз алуға бет-
тейтін болып келістік. Егер ол осы жолғыдай дөрекі қылығын қай-
талайтын болса оны таспен ататын болдық. Және жай ғана емес,
бала да жазасын бере алатын дәлелдеу мақсатымен тасты барышна
қатты күшпен лақтыруға бел байладық. Бұл жоспарымыз айдай ашық,
қарапайым еді. Тек бір мәселе қиынға соқты: кім бірінші болып Ми
кагозге қолын созып, қарбыздың соққысына жығылуға тиіс? Оған
тек Ілияс өз еркімен баратынын бірінші болып айтты. Ілиястың бұл
шешіміне менің тізелерім дірілдеп кетті. Бірақ қарсылық көрсетуге
батылым жетпеді. Ілияс сөзін нық айтты. Айтқан сөз — халықта белгі-
лі — атылған оқ. Ілиястың бұл батыл ісін мен бір жағынан мақтан
Микагоз жүретін жолға күзет қойып оны бақылауға алдық. Тек
үшінші күні Микагоз баудағы қарбыздарға бет алды. Біздің дос-
тарымыз «қақтығыс алаңына» шықты. Әрқайсысының қолында екі
тастан. Күні ұзаққа күту жалықтыратын болды. Күндіз жиналған
қарбыздар мен қауындарды көру бізді қуантып, көңілімізді орнына
келтірді. Ең соңында Микагоздің арбасы көрінді. Балалар оған еш
көңіл бөлмегенсіген болды. Олар жәй бейбіт ойнап жүрген сияқты
Микагоздің арбасы жақындаған кезде бәріміз оған қарай жүгірдік.
Микагоз өткен жолғыдай екі қолына екі қарбыз ұстап отыр. Қолдарын
созған Ілиясқа Микагоз сол қолымен қарбыз ұсынғансып, оң қолындағы
қарбызды оны ұру үшін лақтыруға ұмтыла бастады, бірақ үлгере ал
мады. Себебі, осы сәтте оның басына біздің тастарымыз қарша бора
ды. Оның күтпеген жердегі оқиғаға сасқаны соншама, тіпті қарсылық
көрсетуге де әрекет жасамады. Жеңілген жауымыз қарбыздарға құлады,
ал брешкеге жегілген өгіздер оны үйіне алып кетті.
Қойған мақсатымызды іс жүзіне асырып, оған өзімізше массатта
нып біз жиған қарбыздарымызды бөліп алдық та, үйлерімізге қарай
бет алдық.
Біздің өз үкімімізбен жасаған сотымыз, әрине, тым қатал бол
ды. Микагозді ана жолы жасаған қылығы үшін қылмыстық жауап-
қа тартуға болатынын біз білген жоқ едік. Ол сотта «үлкен бастық»
болғандықтан, заң жолымен жазалауға мүмкін емес деп санағанбыз.
Екі аптадан кейін сот ғимараттың жанынан өтіп бара жатып біз
Ілияс екеуіміз Микагозді кездестірдік. Ол жарақаттанған басын бинт
Естеліктер
пен орап алып қақпа алдында отыр екен. Оның жанына қорықпай
баруға біздің батылымыз жетті.
— Не, ауыра ма?— деп Ілияс одан сұрады. Микагоз оны таныды.
Жұмған аузын ашпай, ол теріс қарады. Байқаймыз бірдеңе түсінген
сияқты. Сол жерде Ілиястың маған айтқаны:
— Жеңілген жау — бұдан былай жау емес. Енді біз оған қайы-
рымды болуымыз керек,— деді. Бір аптадан кейін, менің бүкіл өмі-
рімде есте қалатын оқиға болды. Біздің үйде күндіз қала табынын
да бағылып, кешке өзі қайтып оралатын бір сиыр болды. Бір жолы
ол үйге оралмағасын мені сол сиырды іздеуге жіберді. Сиыр іздеп
жүріп қаладан қалай алыс жерге кетіп қалғанымды өзім де байқамай
қалыппын. Кейін қарай бұрылғанымда қараңғы түсіп кетті. Үйге келе
жатырмын, ал маған неше түрлі шайтандар, жезтырнақтар елестейді.
Мен сол кезде басқа адамдар сияқты, ешқашан оларды көрмесем
де сондай қорқынышты дүниелердің болатынына сенетінмін. Бір кез
де менің алдымнан екі қадам жерден құбыжық пайда болды. Менің
байқағаным ол биік бойлы, жіңішке, басы бел ортасына орналасқан
екен. Құбыжық басын төмен изеп маған тура келе жатты. Қорыққанға
қос көрінеді дегендей мен үрейленіп жолымнан ыршып түстім.
Қарасам бұл атты адам екен. Жолаушы тіпті байқаған да жоқ. Жа
Шаршап, титығыма жетіп үйге зорға келсем, сиыр маңғаз күйсеп
қорамызда тұр. Ертеңіне басымнан кешкен хикаяны мен Ілиясқа ай
тып едім, ол маған шайтандар мен жезтырнақтар жайлы бүтін бір лек
ция оқып берді. Осының бәрі сен сияқты қатты қорыққан адамдар-
дың қиялынан туған, ертегіге айналған шындыққа еш қатысы жоқ,
жалған түсінік деп қатты баса айтты. Шынында ешқандай шайтан да,
жезтырнақ та жер бетінде жоқ,— деп сендірді.
— Бұндай «құбыжықтармен» кездескенде есіңнен танып қалуыңа
болатын еді,— деді Ілияс. Тіпті ауырып қалуға да болады екен. Ондай
дан кейін, есің ауып кетсе, сен құбыжық жоқ дегенге сенбес едің,—
деді ол.
Көп жылдар өткен соң Мәскеуде осы эпизодты есіме алып, ол
жайлы өзіммен қызметтес жолдастарыма айтқанымда, солардың бірі
маған әзілдеп еді:
— Сіз өзіңіз ағаңыздың «лекциясының» арқасында маркстік фи
лософияны оқымай тұрып-ақ одан көп ерте уақыттан бері материа
лист болып қалыптасып алған екенсіз. Әзіл-ойын өз алдына, солай
болғаны рас, сондықтан мен сол оқиғадан кейін ешбір мифке айналған
құбыжықтарға сенбейтін болдым.
Тағы бір эпизод есімде қалыпты. Бір жолы мен жақын бір ауылға
Естеліктер
бір күнге кеткен едім. Келесі күні Атбасарға қайтып оралғасын
мен Ілиясқа барғанмын. Ілияс маған тосынсый ретінде бір сыйлық,
дайындаған екен. Ол алманың бір кесіндісі. Атбасарда алма өспейтін.
Ондай періште бағында ғана өсетін дәм жайлы естігеніміз болмаса,
оны жеу үш ұйықтасақ, түсімізге кірмейтін дүние еді. Оның өгей
әкесінің үйінде бір алма пайда болған көрінеді. Сол титтей алманың
жартысын Ілияс өзі жеп, екінші жартысын маған арнап шүберекке
opап ұстап отыр екен. Осы бір кішкентай ғана қоңыр түйіршік маған
Алматы апорты немесе венгер джонатанынан тәтті көрінді. Алма
дәмін татқаныма және оған кішкене ағамның арқасында қолым
жеткеніне мен өзімді тамаша бақытты адаммын деп сезіндім.
Оқу жылы басталып кетті. Біз Ілияс екеуіміз бір класта бо
лып шықтық. Күздің қара суығына дейін біз жалаң аяқ жүрдік.
Қырқүйектің аяғы, не қазанның басында, есімде тура сақталмаған,
ежелгідей таңертең мен мектепке жалаңаяқ келдім. Кешікпей қар
қатты жауып кетті. Мен терезеге үреймен қарадым. Сабақ біткен соң
оқушылар тарап кетті. Тек Ілияс екеуіміз класта қалдық. Ол аяғына
етік киіп келген екен. Біз оқитын класс мектептің дәл ортасында
болатын. Холл секілді. Кластың екі жағында мұғалімдер тұратын
бөлмелер орналасқан. Олардың да бізбен шамалас балалары бар.
Біз Ілияс екеуіміз не істерімізді білмей терезе алдында ұзақ тұрдық.
Мұғалімдер біздің қайғымызды елемей жандарымыздан өтіп кетіп, өз
бөлмелеріне кірді.
Ілиясқа үйге жүгіріп барып бір ескі-құсқы болса да маған аяқ киім
алып келуі керек еді. Әлі кішкентай баламыз ғой, ондай ой басымызға
келмеді. Біз түгілі үлкендер мұғалімдер де ондай ой ойлаған жоқ....
Олар туралы басқа сөз айтқым да келмейді.
Ілияс мені арқасына отырғызды да жүріп кетті. Жолдың үштен
бірін тез өттік, ал үйге дейін әлі алыс. Тағы бір шақырым бар. Мен
сезіп келемін ағам шаршап қалды, бірақ жүріп келеді. Ол аздай,
өңменіңнен өтетін суық ызғарлы жел менің жалаң аяғымды қарып
әкетіп барады. Дәтім одан әріге шыдамай Ілиясқа өзімді жерге түсіруін
өтіндім. Қармен бұрын талай рет жалаң аяқ жүгірген болатынбыз.
Алғаш рет емес. Ілияс көнді, мен жүгіре жөнелдім. Жүгіргенім
есімде...
Одан әрі не болғаны есімде жоқ. Ғылымда бұндай төтенше жағ-
дайда болатын «шок» деп атайды ғой. Үшінші күні көзімді аштым.
Қасымда Ілияс пен Ахметқали отыр екен. Үш күн бойы олар менің жа
нымнан шыққан жоқ. Мен есімді жиған соң олар ұзақ уақыт қуанды,
жылады, бірақ қатты сөз айтылған жоқ. Мен есімнен танып жатқан
кезде ағатайым маған жаңа етік тігіп қойыпты. Менің аяғым үсімепті,
Естеліктер
бірақ суыққа өкпем қабынып кетіпті. Аяқтың шыныққандығының
пайдасы. Қазір мұндай өкпесі қабынған науқас ауруханада жатып
емделеді. Мен болсам сәл есімді жиып денем жеңілденген соң орным
нан тұрдым, қуана-қуана жаңа етікті кидім де, келесі күні ертеңгісін
мектепке кеттім. Еш дәрі, дәрігер дегенді, әрине, біз білген емеспіз.
Қыста класымызда Танабаев деген жаңа мұғалім пайда болды.
Оған дейін бізді бірде-бір оқытушы байқамаушы еді. Олар біздің не
мен шұғылданатынымызға, сабаққа қалай дайындалдатынымызға
көңіл бөлмейтін. Танабаев бізге бірден көңіл бөлді. Мүмкін оның
бізбен бірге оқитын інісімен біз дос болғандықтан ба? Білмеймін.
Танабаев көбінесе сабағын біз жайлы әңгімеден бастайтын.
— О, Алла, егер сен бар болсаң Ілияс пен Раунаққа жәрдеміңді
көрсетуге тиссің,— дейтін ол.
Білдірмей жылжып ақырын-ақырын жылыстап қыс пен жаз да
өте шықты. Енді біз өзіміздің № 4 мектептің 1-ші деңгейінің 4-кла
сында оқуды бастадық. 4-класта бірнеше мұғалім сабақ берді.
Математика мен орыс тілін Пелагея Григорьевна Черепанова
жүргізді. Ол кісі қазақ тілінде судай таза сөйлейтін. Математика
ны біз соның арқасында қазақ және орыс тілінде қатар оқыдық. Ол
бізді көп нәрсеге үйретті. Сабақтан кейін Пелагея Григорьевна қызық
оқиғаларды әңгімелеп беретін, оқу-ағарту істері жөнінде айтатын.
Тіпті битпен қалай күресудің тиімді жолдары жайлы да сөз ететін.
Әрине, қазіргі балалар оның не екенін де біле бермейді, ал сонау за
манда бұл кең таралған бәле болатын. Және тек ауылда ғана емес,
қаланың өзінде де.
Бір жолы Пелагея Григорьевна Ілиясты өз үйіне шақырып тамаққа
тойдырып жіберді. Оның үстіне жап-жаңа жылы жүн кеудеше (сви
тер) тағы басқа киімдер сыйлады. Мұғалімдер ол кезде аз ғана айлық
алатын. Пелагея Григорьевнаның бұндай қолының ашықтығы сол бір
таршылық замандағы істеп отырған жомарттығы, оның кеңпейілділігі
мен тамаша адамсүйгіш мінезінің куәсі еді.
Ілияс Пелагея Григорьевнаны әрқашанда аса үлкен ізгілікпен
еске алып отыратын. Орыс, қазақ тілдері және математикадан басқа
4-ші класта бізге табиғаттану, гигиена, тарих және география са-
бақтары өтетін. Тарих пәнінің оқулығы қазақ тілінде болмады.
Сондықтан бүкіл оқу жылы бойы тек бірнеше кітап пайдаландық.
Солардың ішінде қазақ тілінде Коммунистік партия жайлы шағын
оқулық болды. Тарих сабағы үстінде әртүрлі қарсы көзқарастap жиі
пайда болып жүреді. Осы дау-дамайларға, класта негізінен ере
сек адамдар отырғанына қарамастан, Ілияс батыл араласып кететін.
Олардың арасында бірер жылдардан соң республикалық деңгейде
Естеліктер
басшы қызметкер болғандар да отырған. Бірде тарих сабағында дү-
ние тапшылығы — заттар дефициті жайлы жарыссөздер болды. Сол
жерде ағалардың алдында тақта жанында менің кішкене ағам тұр.
— Нәрсенің бағасы тек оның пайдалығы мен сапасында ғана
емес. Баға сол заттың санына, көптігіне де тәуелді. Мысалы, ауаны
алыңыздар. Ауасыз өмір жоқ екенін бәріміз білеміз. Дегенмен, ол
үшін ешкім пұл төлемейді. Себебі ауа табиғатта сансыз көлемде мол
болғасын,— деді ол.
Мұғалім Ілиясты қолдады, ал басқаларға онымен келісуге тура
келді. Әрине, 12-13 жастағы балаға және оның ел ішінен кеше ғана
шыққан ұстазына сол заманның өзінде адамдардың дертке дауа таза
ауа іздеп куротқа баратынын, таза ауаның құндылығын түбегейлі білу
мүмкін емес еді. Сары Арқада таза ауа жеткілікті болатын. Жайлауға
шыққан адам ол туралы басын ауыртқан да емес. Кім көріп-білген,
бір а
дам ғұмыры ішінде қалаларда, өндіріс орталықтарында шаң мен
түтін араласқан улы ауа пайда болатынын. Жапониядағыдай таза ауа
жұту үшін де ақша төлеу қажет болатынын.
Сол кездегі Атбасар осы аймақтағы мәдени қала болып санала
тын. Қалада тоғыз жылдық орыс мектебі, қала шетінде шаруа жаста
ры мектебі, біздің 4-жылдық қазақ мектебіміз болатын. Халық ағарту
бөлімінде Келімбет ақын істеді. Ол кісі бірнеше жыл бұрын бүкіл
қала қызметкерлеріне әзіл-сықақ (эпиграмма) өлеңін жазған.
Атбасар зиялыларының ішінде жас ұстаз Есқожа болды. Ұзын,
қара шашы бар болатын. Есқожа әйелін екі баласымен тастап, өзі
көрінген жерде қонып жүрді. Ол кезде бұндай қылық өте сирек
кездесетін. Бұл оқиға туралы Келімбет:
Көрмеген бір ножа,
Қатын-баладан айырылып,
Қаңғырып жүр Есқожа.
— География деген не? — деп сұрады бізден Есқожа. Сосын
сабақ түсіндіруді бастап кетті. Мұғалімнен біз Атбасардан да үлкен
Көкшетау, Қызыл-Жар, Қара-Өткел, Қостанай, Орынбор, Қызыл Орда
сияқты Қазақстан қалалары бар екенін білдік. Одан соң ол көрші
Ресейдің ірі қалаларын сипаттады. Аяғын Мәскеумен бітірді. Жалғыз
Мәскеуде 2 млн 100 мың халық барын біліп таң қалдық.
Мәскеудің бір шетінен екінші шетіне жету үшін 2 күн жүру керек
екен. Оған да таңғалдық.
Есқожа сосын қалалардан өзен, теңіз, көлдерге көшті. Геогра
фия тек жер бетіндегі ғана емес, жер асты байлықтары жайлы да көп
мағлұмат береді,— деді оқытушы.
Естеліктер
Жер астында алтын, күміс, жез, темір барын айтты. Географияның
тек бізді қоршаған ортаны ғана емес, біздің денеміздің ішінде не бар
екенін зерттейді,— деді Есқожа. Ал біздің ішкі құрылысымыз асқазан,
бауыр, бүйрек, жүрек тағы басқа органдардан тұрады,— деді ол.
Мұғалімнің сөзін Ілияс сұрағымен бөліп жіберді:
— Ал сонда гигиена саласы нені зерттейді?— деді ол. Көрдіңіз
бе, жуырда ғана бізге гигиена пәнінің оқытушысы үлкен плакатты
тақтаға іліп қойып сондағы адам іш-құрылыстарын түгел көрсетіп
түсіндіріп берген болатын.
— Гигиена географияның бір бөлігі деп білгішсінді Есқожа.
Қоңырау соғылды. Мұғалім кетті. Осыдан кейін ол біздің класқа
қайтіп оралған емес. Көп жылдар өткен соң, осы мұғалімнің сабақта-
рын еске ала отырып оның кім екенін тура айту қиын еді: дымбілмес
авантюристпе, әлде қиялшыл фантазерма?
География пәнінің оқытушысы бізде көпке дейін болмады. Бізге
мектеп бірнеше (қазақ, орыс тілдеріндегі) 6-кластың шетел география-
сы кітабын тарата салды. География сабағында біз сол оқулықтарды
өзіміз оқыдық. Әсіресе суреттер бізді қызықтыратын. Бір суретте
қара еркекті тунгус деп, қара әйелді тунгусқа (тунгус әйелі) деп жа
зыпты. География пәнінен есімізде қалған ілімдер осындай ғана. Оқу
жылының аяғына дейін бізге геграфия мұғалімі табылмады.
Оның есесіне біз қазақ көркем әдебиетін үлкен көлемде игердік.
С.Сейфуллин, Б. Майлин, С. Мұқанов және тағы басқа көркем сөз ше-
берлерінің туындыларын бас көтермей оқушы едік. Сол кезде «Ауыл
мектебі» («Жұлдыздың» бірінші түрі-ау деймін) журналы шығатын.
Онда өте тартымды, әрі мағыналы повестер, әңгімелер, поэма өлеңдер
тағы басқа материалдар басылатын. Осы журналдың ықпалымен Ілияс
алғаш рет өзі өлеңдер жазып, оларды журнал редакциясына жіберу
мақсатын алдына қойды. Ол «Тыңда!» деген өлең жазды. Бірақ оны
журналға жіберген жоқ, тек мектептің қабырға газетіне орналастыр
ды. Ол кезде қабырға газетінің материалдарын бірінші болып мектеп
оқу-шылары талдап, оған баға беріп, тек солардың шешімінен кейін
Сөйтіп Ілиястың мектепте бірінші рецезенті, сыншысы Жақыпбек
Жанғозин болды. Ол бізбен бір класта оқыды. Кейін осы азамат
көрнекті мемлекет қайраткері бола алды. Рецензия жақсы тілекпен
жазылған еді және ол бала ақынның бұдан былай творчестволық
ізденістен талмай ақындық дарынын шыңдай түсуіне қолқа салды.
Оқу жылы бітті. Ниет білдіргендері 5-класты жалғастыруға
қалды. Ондайлар аз болып шықты.
Менің өмірімнің ауыр кезеңі басталды. Ілияс пен әпкем На
Естеліктер
зым Қарсақпайға кететін болды. Атбасардан небары 500 шақырым
Қарсақпай маған жердің түбі секілді көрінді. Қарсақпайға баратын
жол Сары Арқаның шексіз даласынан өтетінін білетінмін. Тағы бір
ерекшелік — қатынас тек керуен арқылы жүретін. Қарсақпайға тамақ
апаратын керуен жолға 15-20 күн кетіретін. Осыншама ұзақ уақыт
кетіретіндіктен бұл сапар ұзақ жерге бару болып саналатын.
Оқиға маған бауырларыммен мәңгілік ажырасатындай болып кө-
рінді. Әрі ағаммен, әрі апамменен. Ол кезде әпкемнің тұрмысы ауыр
болғандықтан бәрімізді түгел әкете алмады. Қамыққаннан мен дала-
ға шығып кетіп, дауыстап жылап мауқымды басатынмын. Ішкі жан
дүнием удай ашып сары уайым мен сағынышқа толы өлең шығарып,
оны өзім айтатынмын. Біраз уақыттан кейін ағатайым Балуан көлге
Күз аяқталған кезде мені Атбасарға алып келіп біріккен 5-ші
класқа оқуға берді. Балаларға арналған жетімдер үйінің мектебі
қаланың басқа жақ шетінде орналасқан болатын. Оған жету үшін біз
1,5 сағат уақыт кетіретінбіз. Оның бейнетінен де қауіптілігі басым
еді. Атбасарда бір жағымсыз дәстүр болатын: «шет-шетке». Оның
сыры қаланың бір бөлігі екінші бөлігімен еш сылтаусыз жауласатын.
«Бөтенді» себепсіз, сұраусыз «өз жеріндегілер» ұрып тастайтын.
Meн мектепке келгенде сабақ толық көлемде басталған көрінеді.
Жаңа пәндер жүреді екен: физика, химия және тағы басқалар. Фи
зиканы тәжірибелі мұғалім Тимофеев берді. Ол қазақ тілін Черепа
нова сияқты тамаша жақсы біледі. Сабақты ұстаз орысша-қазақша
өткізетін. Егер физика термині қазақ тілінде жоқ болса ол сол сөздің
мағынасын орыс тілінде түсіндіретін. Ол орыс терминдерін орыс сөз-
дерімен қазақшаға аударып, қолымен ымдап та көрсететін. Әлі есімде
Тимофеевтің үйрету тәсілдері. Мысалы «инерция» терминін орысша
түсіндіріп қосымша қолмен бейнелейтін.
Өкінішке қарай маған 5-ші класты бітіруге мүмкіндік болмады.
Ағайындарыма мені қалада оқыту ауыр тиген соң, олар мені Атбасар
дан Балуан көлге қайтарып алуға шешім қабылдапты.
Үйіне қайтіп бара жатқан балуанкөлдік бір кооператор табылып
ол мені өзімен бірге ала кетті. Мен онымен бірге шанаға орналасқан
соң оның аты жолға қозғалды.
Айнала аппақ қар, теп-тегіс тура жол маған шексіз созылып,
аспанмен ұштасып жатқандай көрінді. Тіпті жол көкжиек асып бұлтқа
енген сияқты.
Әрине бұл сапар мені қуантқан жоқ. Бізге Атбасар қанша қатыгез
болса да, кіндік қаным тамған туған қаламмен қоштасуға қимадым.
Ол тек бізге ғана емес, басқа қала тұрғындарына да қатігез болды.
Естеліктер
211
Әсірсе қыста. Қыс Атбасарда қатты болатын. Апталап соғатын бо
ран жұрттың далағa шығуына мүмкіндік бермейтін. Олар тек қора
ішіне шығып шаруаларын тындыратын. Қыста, әсіресе қала шетінде,
қар үйлерді басып қалатын. Боран басылғасын біреу, інінен шыққан
аңдай қорасынан қарды далаға тесіп шығып, көршілерінің есігін
қардан ашатын. Сосын барлық тұрғындар бірігіп қала орталығына,
базарға, мектепке тағы басқа қажет жерлерге жол ашатын. Бұндай
жол тау ішіндегі кішігірім каньонға ұқсайтын. Оның үстіне 40 градус
аязы тағы бар. Көктемде Жабай өзені тасып тағы да әлек салатын.
Қыста қар ерітіп су ішетін. Өйткені күзден көктемге дейін ол тап-таза
болып сақталатын. Үлкен қаладағы жуырда ғана жауған қардың кірін
көргенде менің есіме сол балалық шағымдағы Атбасардың кіршіксіз
таза қары көз алдыма елестеп кетеді.
...Мен үстіме ағатайымның үлкен баласы Әбдірахманның әйелі
Мариям тәтемнің жолға киюге берген тонына оранып алып, коопе-
ратордың қасында отырдым. Тон теріден иленген. Өзі жылы. Мариям
оны кигенді жақтырмайтын. Онда қой жүнінен тоқылған кигізге ұқсас
тон бар болатын. «Алтықайнар» дейтін киімді қалада бір тәжірибелі
шебер алты қойдың терісінен жасайтын. Сырт көзге ол әскери ши
нельге ұқсас және өте сәнді болып көрінетін. Әсіресе қаракөл жағасы
болса.
Ол жылдарда сиса, бөз, митколь, сукно, әсіресе жібек мата қолға
түспейтін. Ал үйреншікті қой терісі мен жүні қолдан істелген соң
халықта кең пайдаланылатын. Мариям тәтемнің маған сыйлаған то
нын бүгінгі жастар да қуана киер еді.
Екінші күні кешқұрым біз сонда жеттік.
Қыс та өте шықты. Көктем келе күн нұрына ойнап дала құлпыра
бастады. Қызғалдақ, сарғалдақ тағы басқа қыр гүлдері бой көтерді.
Олардың әтір иісі мұрын жаратын. Көлге үйрек, қаз, аққу және басқа
да құстар бүкіл жер шарынан топырлап асығып ұшып келе жатқандай
болып көрінді. Олар сан алуан дыбыс шығарып, қаңқуларымен көлді
құс базарына лезде айналдырып жіберді. Құстар әнін таңның атуы
нан күннің батуына дейін мен бұрын-соңды тек осы көлдің басын
да көріп тамашаладым. Құлақтан кіріп бойды алған, табиғаттың өз
құдіреті ұйымдастырған осы бір сұлу сазды құстар «концерті» Ұлы
Дала симфониясының ең бір мүшелі, ауқымды тұсындай сезілді.
Мен күн ұзаққа бұрын көрмеген табиғат құдіретіне сүйсінумен
болдым. Мал бағып, өз шамама қарай үлкендерге көмектестім. Күзде
жергілікті тұрғындар Атбасардан Қарсақпайға бидай апаруға керуен
ұйымдастырғанда мені Қарсақпайға жіберулерін өтіндім. Менде өз
бауырларым жайлы еш хабар жоқ еді. Оларды көруге іңкәр едім және
Естеліктер
бесінші класты сол жерде жалғастырғым келді. Ағатайым тез көне
кетті.
Алыс жол жүретін болған соң маған жылы жейде, қалың шалбар,
малақай тікті. Жолымды тамақпен қамтамасыз етті, сәт сапар тілеп,
сонау жер түбіне қоя берді. Осылай мен ағатайым мен басқа да өзіме
жақын жандармен мәңгі қоштастым! Әрине мен оларды әрқашан
жоғары бағаладым. Кеткенде көзімізге ыстық жас келген жоқ. Деген
мен, мүлдем олай болған жоқ: 4 жастағы Әбдірахман мен Мәриямның
қызы қарындасым Шәйімжамал жылады. Басқалармен қатар оны мен
де өте жақсы көретінмін. Оның бағушысы аз болған емес еді, бірақ
мен де оны күтетінмін. Сондықтан ол маған үйреніп кеткен бола
тын. Meн өзімді Шәйімжамал ертең-ақ есейеді, сосын мені ұмытып
кетеді деп жұбаттым. Ұмытпапты. Он жылдан астам уақыт өткен соң,
менің ғұмырымның бір қиын күндерінде ол өзінің бар екенін маған
ескертті.
Біздің керуен бидай салған қаптар артылған 30 түйеден тұратын.
Аласапыран уақыт болатын. Далада кейде тығылып жүрген қарақ-
шылар тобы кездесетін. Оларды дүние-мүліктері конфискеге түскен
бұрынғы байлар ұйымдастырған. Кек алуға. Сондықтан керуен
басы және тағы бірнеше адам заңды түрде винтовкамен қаруланған
еді.
қазан айының басында таң атпай жүріп кеттік. Мені керуеннің
орта шеніндегі қос өркешті түйенің үстіндегі қаптарға отырғызды.
Отыруға жалыққан кездерде қисайып жатуға да мүмкіндігім болма
ды. Сондықтан болар мен де басқа үлкен азаматтармен қатар көбінесе
жаяу жүріп отырдым. Жол Атбасардан Қарсақпайға теп-тегіс кең да
ламен өтеді екен. Қуарған шоқ бұталар, күміс қауданның қалдықтары,
кепкен жусан және тікенек қурайлар жол бойы кездесіп отырды. Бұл
сұрғылт аспан жамылған өңсіз күзгі дала көрінісінің куәсі еді. Жүдеу
пейзаж. Әбден кепкен топырақ кей жерлерде тыртысып, жарылып
кеткен тақыр екен. Ешқандай өзен, көл көрмедік. Ешбір елді-мекен
кездестірмедік.
Күн шықпай көтерілген керуен тал түсте дем алуға тоқтады.
Содан кейін қараңғы түскенше жүріп отырды. Суды олар өздерімен
алып жүрді, себебі барлық тоқтаған бекеттеріміздің бәрінде құдық
пен су бола бермейді екен. Үшінші аптаның соңында Атбасардан
Қарсақпайға жеттік. Әпкемді тауып алу онша қиын болған жоқ.
Жазда Ілияс Қызылордаға кеткен екен. Ол онда толық мемлекеттік
жабдықтағы тәжірибелік-көрсеткіш тоғыз жылдық мектепте оқитын
көрінеді. Бұндай жаңалық мені қуантты. Бір өкініштісі, біздің кез-
десе алмағандығымыз. Менің сәл алдымда Назымға Ахметқали кел
Естеліктер
ген екен. Өгей әкемнің Атбасардағы жағдайы бапты болмаған соң ол
оны осында Қарсақпайға жіберген.
Қарсақпайда сол кезден 4 класты негіздегі Фабрика-зауыт учи-
лищесі жұмыс істейтін болып шықты. Бұл менің арманым болатын.
Өкінішке қарай «ұрлық қылған түнде ай жарық болды»,— дегендей,
сауаттылығымның деңгейі осы оқуға қаптал шапандай жеткілікті
болғанына қарамастан, бойымның аласалығының кесірінен мені оқу
ға қабылдамады.
Біздің хал-ахуалымыз өте ауыр еді. Екі кішкентай баласы бар
апам мен жездем күндерін зорға көріп отырған. Бірақ кейінірек бәрі
де түзеліп кетті. Қарсақпайда жетімдер үйі ашылды. Дәлдеп айтсақ
бұл жетімдер үйі емес болатын. Бұл Байқоңыр мен Жезқазғандағы
жұмысшылар мен қызметкерлердің балаларына арналған интер-
наттың Қарсақпай фабрика-зауытының Жетіжылдық мектебінің
(Ф.3.Ж.М.) бөлімшесі болатын. Ол мектеп осында болмаған соң
ашылған. Интернатқа қабылдау үшін бізге қараушысы жоқ жетім
екенімізді дәлелдейтіп құжат қажет болды. Әрине, ондай қағаз бізде
болған емес. Ата-анамыздан жұрдай болғанымызды және ешқашан
байдың балалары болмағанымызды көрген үш куәгерді табуға тура
келді. Куәгердің біреуі Ахметқали Тоқбергенов болғанына қарамас-
тан, екеуімізді де Есенберлин деп атап ортақ анықтама қағаз жазуды
ұсынды. Бізге бұндай ұсыныстың еш маңызы жоқ болып көрінген
мен, ол Ахметқали үшін тиімді болмай шықты. Себебі, оқуға жалғыз
мені ғана қабылдады да, Ахметқали апам үйінде тұруға қалды. Оның
оқу оқуға үлкен талабы болып еді, бірақ әпкемнің ондай оқытатын
мүмкіндігі болмады. Сондықтан оған электр пісірушінің оқушысы
болып жұмысқа орналасуға тура келді. Кейін ол өте жақсы электр
пісірушісі болды, бірақ сауатсыз болып қалып қойды.
Интернатта біз небары 20 оқушы болдық. Бәріміз бір бөлмеде тұр-
дық. Еденде ұйықтайтынбыз. Әрқайсымызға сонда орын бөлінген.
...Бұл орайда тағы бір балалық шағымның көрінісі есіме түсіп
отыр. Атбасарда бір аңшы қасқырдың бөлтіріктерін үйіне әкеліп ша
тыры жоқ сарайға қамап ұстайтын. Оларды үлкен болып өскенше асы
райтын. Біз, балалар, биік қабырғаға орналасып алып бөлтіріктердің
қалай өмір сүретіндерін жоғарыдан бақылап қызықтайтынбыз. Әр
бөлтірікте қабырға тұсынан өзінің тайыздау шұңқыры болатын.
Үй иесі жоғарыдан ет тастағанда барлығы соған ұмтылатын. Олар
етке таласатын. Сосын өз көсегін алып орнына кететін. Ырылдау
тамақтанғаннан кейін де жалғасатын. Сайып келгенде олардың әр-
қайсысында өзі жататын орны болды және олар сол «төсектерін»
Естеліктер
Интернаттағы біздің сол бөлтіріктерден үлкен ерекшелігіміз,
өзара ренжісіп, ұрысып көрген жоқпыз. Төбелес туралы тіпті сөз жоқ.
Себебі бұл үйге бізді жетелеп алып келген ортақ бақытсыздық.
Сондықтан бір-бірімізге шынайы достық сезіммен, түсінушілікпен
қарадық. Төрт аяқтыдан қос аяқты «аң» қауіпті деген нақылдың бізге
ешқандай қатысы болмады.
Арамызда дарынды әншілер, әңгімешілер, тіпті жас ақындар да
болды. Екінші класс оқушысы Шортанбаевқа алтыншы класс оқушы-
лары тіпті теңдеуді пайдаланып есебін шығарып береміз деп тырыс
са да қолдарынан келмегені есімде. Шортанбаев, әрине теңдеудің не
екенін сезбейтін, дегенмен ол тексті есептерді шемішкедей шағатын.
Мен оны шамама қарай қазақшаға аударатынмын. Біздің топта әр-
қашанда бір әзілқой болды. Ол басқалардың көңілдерін көтеретін.
Кейінірек бізге тақтай төсек таратты. Жастық, көрпе, жұмсақ
төсек ешкімде болмады. Бөлмеміз жылы болды. Тамағымыз аса бап
ты емес-ті. Дегенмен, біз осыған да ризашылық білдірдік.
Бір жолы бізге медициналық тексеріс жасады. Дәрігер қазақша
білмейтін, ал балалардың бәрі ауылдан келген, олар керісінше орыс
ша түсінбейтін. Мені аудармашы етіп тағайындады.
— Жөтелесің бе?— деп дәрігер әрқайсысынан сұрайды. Мен бұл
сөзді дұрыс ұқпай: — Каша жейсің бе?— деп түсініппін. (Кашляешь?
— Каша ешь?)
— Иә,— деп барлығы үшін бір жауап қана бердім. Кім ботқадан
бас тартады деп тұжырымдаған түрім.
Дәрігер болса интернаттағы балалардың жөтелгенінде еш
сөкеттік жоқ деп түсініп бір шыны бөтелкеде қоңыр «суды» бәріміз
күніне үш рет ішуіміз керек деп тағайындап кетіпті. Оны ешкім ішкен
жоқ. Бір аптадан соң дәріні лақтырып жібердік.
Менен басқа балалардың бәрін Ф.З.М.Ж.-нің қазақ тобының 1-2
кластарына бөлді. Қазақ мектебінде тек 1-3 кластар ғана оқыды. Ал
мен болсам Атбасарда 5-ші класқа барғанмын. Оқытушы Байтуғаев
мені үшінші кластардың біріне отырғызды да, менен қазақ және орыс
тілдерінде емтихан алды.
Пелагея Григорьевнаның сабақтары көмектесіп мен жақсы жа-
уап бердім. Оқу жылының жартысы өтіп кеткендіктен Байтуғаев
мені орыс мектебінің 4-ші класына жіберді. Мен солай жасадым.
Интернатта 20 бала форточкасы жоқ аядай бөлмеде, шүберексіз тө-
секте жатып, іш киімсіз жүріп оқып жаттық. Осыншама уақыт бір мәрте
моншада көрмедік. Көпшілігі монша деген сөзді естімеген жандар.
рнат меңгерушісі болып бір Русяев деген бейбақ істеді. Біз
Естеліктер
оны тек кешкі астан кейін ғана көретінбіз. Ол бізге ас үйден көйлексіз
келіп, жуан қарнын сипап масаттана айтатын сөз:
— Кекірелеп тамақ ішкенді жаным сүйеді. Сол уақытта біздің
ыдысымыз бидай ботқасына толып көрмейтін. Орталау ғана. Ал әр
бала бір қазан ботқаны жалғыз өзі жеуге тәбеті шауып тұратын.
Кейін маңғаз Русяевті жұмысынан алып оның орнына Жақыповты
тағайындады. Оның менімен тетелес ұлы бізбен ойнайтын. Ол Алма
тыда ағатайым бар, ол институтта үлкен бастық деп мақтанатын. Ин
ститутты мен білетінмін, ал бастықтың қызметін білмедім,
Бала әкесінен соны біліп келді де, маған айтып берді:
— Асисдент,— деп.
Көп ұзамай Жақыповты жас денешынықтырушы Мажитов ау
ыс-тырды. Ол бізге қамқорлық жасады. Біз де оны сыйладық, жақсы
көрдік. Бірақ біздің тұрмысымызда еш өзгеріс болмады. Екінші жылы
да, арқамызға ағаш батып жалаң тақтай тапшанда ұйықтадық. Оқу
жылы да өте шықты. Интернаттың тұрғындары көбінесе Байқоңыр
мен Жезқазғанның балалары еді. Олар үйлеріне тараған соң интер
нат жаз айларына жабылды. Мені бір айға пионер лагеріне Ұлытауға
жіберді. Басқа жетімдер туыстарына кетті. Шілденің аяғында пионер
лер Қарсақпайға қайтып оралды. Біз мінген көлік Қарсақпайға түнде
келіп жетті. Барлық әндер айтылып біткен. Бар тамақ желінген. Әзіл-
оспақ сарқылған. Шаршаған балалар Қарсақпайдың шамдарын көріп
кенеттен у-шу болды. Менен басқаның бәрінің түрлері қуаныштары
қойындарына сыймай жатыр. Қайда барарымды білмей мен тұрмын.
Интернат әлі жабық. Ол аздай, интернат мүлдем жабылады деген
қауесет те бар. Маңдай соры бес елі әпкем Назымның күйеуімен басы
қатып отыр. Мен барсам жағдайы онан бетер ушығады. Осы келеңсіз
ойлар жегідей жеп менің қабырғамды қайыстырып-ақ тұрды. Әйтеуір
бәрі де өз орнына келді. Күзде интернат жұмысын бастады. Ілияс болса
жазғы демалысқа Қарсақпайға келген жоқ. Ол ақша табу үшін Пахта-
Аралға мақта теруге кетіпті. Мен 5-ші класқа ақыры енді келдім.
Интернат өмірі өте сұлу, жас және көңілді жаңа тәрбиеші келген
соң әжептеуір өзгергендей болды. Ол жуырда 17 жасында мектептің
4 класын бітіріп жұмысқа шығыпты. Бізге кеңпейілдік, іждехаттық
көрсетті. Біз оны Нина апай деп атадық. Интернатта небары 4 бөлме
болатын. Біреуін жанұясымен директор иемденді. Екіншісінде Бай-
қоңыр мен Жезқазған ұлдары, үшіншісінде сол жердің қыздары, ал
төртіншісінде біз — жетімдер тұрдық. Нина апайдың нұсқауымен
ұлдардың орындары ауыстырылып Байқоңыр мен Жезқазған ұлдары
жетімдермен аралас бірге тұратын болды.
Қарсақпайдың әйелдері біздің ауыр жағдайымызды естіп, тұр-
Естеліктер
ғындардан нәрсе жинау жұмыстарын ұйымдастырды. Соның арқа-
сында бізде енді төсек шүберек, сабан толтырған матрацтар мен
жастықтар пайда болды. Үстіміздегі киіміміз жанымыздан мек
тепке жарайтындай ғана болатын. Енді мезгіл-мезгіл моншаға бара
бастадық. Дизинфекция жасалынатын болды. Бүрге мен биттен кө-
зіміз ашылды. Кешқұрым Нина апай біздің көңіл-күйімізді көтеру
мақсатымен кең коридорда ойындар ұйымдастыратын болды. Хорға
тұрып ән айтатынбыз, билейтінбіз, ойнайтынбыз. Әйтеуір бір серігіп
қалатынбыз. Нина апайдың әсерімен балалар тез жақындасып кетті.
Ол орыс тілін қазақ балаларына тез игеріп кетуге ықпал жасады. Оқу
жылы бітіп еді, біздің осы жердегі бақытты кезеңіміз де тәмамдалды.
Интернат жабылды. Балаларды 5-6 адамнан тұратын топпен әртүрлі
жетімдер үйіне таратты. Мені топ басы қылып Қызылордаға жіберді.
Бұл сапар қатты қуантты. Өйткені Қызылордада менің кішкене ағам
Ілияс оқитын. Біздің топқа Қадыр, Әбу және 12 жастағы Жамал дейтін
қыз сегіз жастағы інісі Серікпен кірді. Олар интернатта тұрған емес.
Ауылдан келіп бізге қосылды.
Қызылордаға жету үшін ең әуелі жүк машинасының үстінде 375
шақырым жер жүріп Жусалы стансасына барып, сосын темір жолмен
Қызылордаға жету керек болды. Бізді Нина апай шығарып салды. Ол
маған жолдың ақшасы мен автомобильдің билетін ұстатты. 80 теңге
билетке төлегенін айтты. Бізді бос машинаның кузовына отырғызды.
Біз жүріп кеттік. Сәбит Мұқановтың «Өмір мектебі» кітабында
Қарсақпай-Жусалы жолы қиын деп жазылған. Ал ол бізге өте қызық
болып көрінді. Жәй жерге емес Қызылордаға бара жаттық. Оның
үстіне мен Ілиясқа бара жаттым. Түске дейін тоқтамай жүріп келдік.
Сосын бір елді мекенде ауқаттандық. Машинаға жанар май құйдық та
жүріп кеттік. Машина үстінде отырмын. Қолымда билет деп аталатын
бір тіл қағаз. Оны оқыдым. Мені біреу басымнан ұрып жібергендей
болдым: балалар билетінің құны 4 теңге екен. Ал 5 балаға небәрі 20
теңге. Нина апайдың айтуынша 80 теңге төлеген-мыс. Сасқанымнан
билетті шоферге көрсетіп, одан сұрап едім:
— Билет Жусалыға 4 теңге тұрмай ма?— деп.
Шофер түсіндірді. 16 теңге үлкендердің билеті, ал балаларға не
бары 4-ақ теңге. Мен Нина апай 80 теңге төледі деп едім, шофер ашу
ланып қатты ұрысты Нина апайды:
— Қаншық неме! Кімді тонаған!
Ақша үшін емес, біз Нина апайды тамаша жақсы көруші едік.
Өте өкіндік. Апай деуші едік. Қызылордада жолымыз болмай
салымыз суға кетті. Жетімдер үйі бізді қабылдамады. Оның үстіне
Ілияс Қызылордада жоқ болып шықты. Ол тағы да Пахта-Аралға
Естеліктер
кеткен көрінеді. Кейін оралуға тура келді. Жусалыға келдік. Авто
бекетте партком хатшысына біздің құжаттарымызды көрсеттім де,
Қарсақпайға кетуге көмектесулерін өтіндім. Хатшы біреумен сөйлес-
ті, тағы біреулерді шақырып алып:
— Ал балақайлар! Мәшін қазір жоқ. Бір аптадан кейін болады.
Енді сендердің қамдарыңды Хохлов жолдас мойнына алады,—
деді. Хохлов бізді бос бөлмеге апарды да бізге айтты: — осы жерде
мәшін келгенше тұрасыңдар. Сосын асханаға апарды, меңгерушіні
шақырып партком хатшысының атынан бізді тамақтандырып оты
ру жәйлі бұйрық берді. Тағы да қамсыз күндер басталды. Жусалы
ны көруге бардық, қыдырдық, ойнадық. Әбу Жамалға әзіл-оспақ
айтқанды жақсы көретін. Сабырлы көңілмен Жамал оған еш мағына
берген емес. Бірақ Әбудың Жамалға айтқан әрбір сөзі Серікке ине
ше қадалған түрі бар. Ол кейде Әбуге жұдырығын ала жүгіретін. Біз
Қадыр екеуіміз Серікті қолпаштайтынбыз.
— Жамалға қандай шынайы қорғаушы өсіп келеді. Текке атын
Серік деп қоймаған,— деп риза болдық. Жамалдың інісіне деген нәзік
сүйіспеншілігі өзіне жарасып тұратын. Ол інісіне ұрыспай, тек өзіңді
байсалды ұста деп үгіттейтін. Бір аптадан кейін бізді Қарсақпайға
жіберді. Поселкеге жақындағанда кеш түсе бастады. Мәшін толған
халық. Тағы да Қарсақпай оттары көрінгенде шыдамдары азайған
жолаушылар қуанғандарын жасыра алмай гуілдесе жөнелді. Әрине,
тек қуанбаған біздің топтың бес жаны. Біз кімге, қайда, неге келе
жатқанымызға өзіміз де бейтараппыз. Автобекетте біз қош айты
сып тарап кеттік. Содан бері мен олардың біреуін де көрген емеспін.
Мәңгі! Мен амалым құрып онсыз да бағы жанбай жүрген апамның
үйіне беттедім. Түн ортасы болып қалғанына қарамастан Назым
ұйықтамаған екен. Білгенім, оның күйеуі оны екі баламен тастап,
басқа әйлеге кетіп қалыпты.
Мамандықсыз, іңкәр денсаулықпен ол жұмыс істей алмапты.
Алиментті күйеуі құлқы соққан кезде ғана төлейтін көрінеді.
Жергілікті үкіметке барып балалардың әкесін тәртіпке шақыру оның
қолынан келмеген. Сол себепті Ахметқалидың табысымен күн көріп
отыр екен. Ол байғұс өзі сауатсыз адам, әлі күнге электр пісірушісінің
оқушысы ғана екен.
Көп ұзамай Ілияс та оралды. Ол тәжірибелік-көрсетіндік тоғыз
жылдықтың 7 класын тәмамдапты. Жалғыз Ахметқалиға бізді асырау
ауыр болған соң ол одан әрі оқуды тоқтатамын деген шешімге келді.
Біз аттай 3 жыл көріспеп едік. Осы уақытта оның бойы жақсы
өсіпті. Маған ол алып болып көрінді. Енді оны кішкене аға деуді қойдым.
Ілияс аудандық атқару комитетінің жалпы бөлімінің меңгерушісі болып
Естеліктер
жұмысқа орналасты. Содан барып тұрмысымыз түзелді.
Бір жолы мен Ілиясқа Нина жайлы, апай деген сөзді қоспай, оның
бізді қалай тонап кеткені туралы сөз еттім. Бұл жерде ол бүкіл өмір
бойы ұмытылмайтындай етіп маған тағы бір сабақ берді. Ілияс айтты:
— Егер ол көңілшек болса, жетімдерді аяса және оларға қамқор-
лық көрсете білсе, онда ондай пенде жетімдерді тонап, не алдап кете
алмайды. Оның өзін біреу алдағанға ұқсайды. Ләйім, осылай болар.
Апайыңның өзі де 17 жастағы ашық ауыз аңқау жасөспірім емес пе,—
деді. Оның өзі де күмәнданбаған ғой, қалай алдағанын,— деп оны
ақтап шықты. Бұл тұжырымға мен қуанып кеттім. Нина апайға таққан
кінәмды қайтып алдым. Жаз ортасында бірде Ілияс менің жаңа оқу
жылына қалай дайындалып жатқаным жайлы сұрады. Бұл сұрақ мені
таң қалдырды. Өйткені мен де, басқа балалар да жаңа оқу жылына да-
йындалу туралы тіптен ойланбағанбыз. Менің шикі жауабыма қаба-
ғын түйген Ілияс 5-класс бітіргелі не үйрендің, не оқисың, әсіресе орыс
тілінде деп қыспаққа алды. Сөйтсем, мен математикадан, физикадан
басқа сабақтардан білімім тайяз екен және орыс тілінде бірде кітап
оқымаппын. Қазақ кітаптарын жақсы білетінмін. Қолыма түскендерін
толық оқып шығатынмын. Ілияс менің білімімді толықтырумен ай
налысты. Ең бірінші ретте математикадан. Басында ол маған алгебра
оқулығын оқуды ұсынды. Келесі күні мен таңертеңнен бастап алгеб-
раны оқыдым. Бес сағат тапжылмай отырдым. Бәрі де түсінікті, қы-
зық және жеңіл есте қалды. Бір таңда қаншама қызықты түсініктерді,
бұрын көңіл бөлмеген, біліп алмағаныма өзім де таң қалдым. Менің
жетістіктеріме Ілияс өте қуанды. Біз бірге есеп шығара бастадық. Тез
арада теңдіктерге де жеттік. Тексттік есептерді басында тендіктердің
көмегінсіз шешуге тырыстым, бірақ одан ештеңе шықпады. Сосын
теңдік құруға тура келді. Ілияс менің сабақтарымды бақылап отырды.
Ал кейбір есептерді мен шеше алмаған кездерде, ол оларды тез ара
да шешіп беретін. Ол кезде ол өзі де математиканы, физиканы және
орыс тілі грамматикасын күндіз-түні оқып жүрді. Оның институтқа
түсемін бе деген ойы бар болатын.
Бірде Ілияс жұмысынан Л. Пантелеевтің «Сағат» деген повесін
әкеліп оқы деп берді. Мен оны оқыған сайын қызыға түсіп, тез арада
бітірдім. Толық түсіндім. Кітап қызық екен. Ілияс оны тағы да бір рет
оқып шыққанымды жөн көрді. Meн солай еттім. Кітап одан да қызық
болып көрінді. Сосын Ілияс маған А. Гайдардың «Мектебін» әкелді.
Ол да түсінікті болды. Сөйтіп мен Ілиястың көмегімен өзімнің
орыс тілін әжептәуір білетініме көзім жетті. Орыс кітаптарына деген
қызығушылық пайда болды.
Енді мен жаңа оқу жылын асығыспен күттім. Математика пәні-
Естеліктер
нен білгенім және оқыған әдеби кітаптарым мені тезірек кластаста
рым алдына шығып білімімді оларға көрсетуге итермеледі.
Оқу жылы уақыты да басталды. Класта мен бұрынғыдай қол
көтеруге жасқана бердім. Тіпті мұғалім кім жауап береді деп қыста
ғанның өзінде де. Соңында математика мұғалімі өзі тақтаға шақырды.
Мен есепті тез шығардым, іштей өте жақсы орындадым деп ойладым.
«Орташа» бағаны көріп таң қалдым. Көңілім бұзылып үйге келген соң
Ілиясқа шағым жасадым. Ол ұсақ-түйекке қиналма деп ақыл айтты.
— Жақсы білімің болсын, ал жақсы баға өзі келеді,— деді ол.
Солай болып шықты. Бір жыл өтті. Ойламаған жерден менің бойым
әжептәуір өсті. Өзіме деген сенімділік сезімі пайда болды. Күзге қарай
Қарсақпайда ФЗУ үйінде тау-кен техникумы ашылды. Техникумға 50
адам оқуға түстік. Оқушылардың басым көпшілігі ФЗУ түлектері еді.
Оншақты адам сол жылы ФЗЖ бітірген. Бір қыз 5-ші кластан кейін
оқуға түсті. Техникум, рабфак, КХБИ-да оқыған әртүрлі оқу орын
дарында болған адамдар бар еді. 20-шы жылдарда Қазақтың Халық
Білімі Институты (ҚХБИ) болған. Онда аздап сауаты бар адамдарды
қабылдаған болатын. Осы КХБИ-ды бітіргендер көп нәрсені білгенмен
техника жағына шорқақ болатын. Сондықтан жасы 30-дан асса да олар
техникалық білім алу үшін осы техникумға түсуге бел байлады. Осы
мамандық оларға қажет болған еді.
Техникум ниет білдіргендердің бәрін қабылдады. Ешқандай қа-
былдау емтиханы болған жоқ. Үміткерлердің білімін анықтау үшін ма
тематика мен орыс тілінен бақылау жұмысы жасалды. Бақылау жұмы
сының нәтижесі көңіл толарлық болмады. Оқушылардың 90 %-і жаман
баға алды.
Қарсақпай ФЗУ-ы 4-кластың негізінде оқушылар қабылдайтын.
Бірақ оған ауылдан келген 2-3 кластық білімі барларды да қабылдайтын.
Үш жылғы оқудан соң олар тәп-тәуір токарь, фрежашы, форматы, сле
сарь, үгітуші және басқа маман болып шықты. Бірақ математика, физи
ка, химия және орыс тілдерінен білімдері ақсайтын.Олардың арасында
осы қысқа мерзімде осы сабақтарды жоғарғы дәрежеде игеріп кеткен
жігіттер де аз болған жоқ.
Ілиястың бақылауымен математиканы, физиканы, химияны 7

-8
класс көлемінде ойдағыдай игере бастадым. Барлық оқушыларға,
жетіжылдықты бітіргендерге, ФУЗ түлектеріне және алтыншы класс
бітірген маған жүйелі түрде айналысу орыс тілін игеруге тиімді болды.
Мен осылай орыс тілінің грамматикасын да жақсы үйрендім.
Қарсақпайда жаздың басында көпке дейін есте қалатын ауыр оқиға
болды. Қарсақпай ауданының даласында тек мал шаруашылығымен
айналысатын адамдар өмір сүретін. Осыдан бұрын конфискеге іліккен
Естеліктер
ауқатты адамдар, олардың жақындары және жаңадан құрылып жат-
қан қоғамды ұнатпайтын немесе оның ерекшелігін өздері түсінбеген
адамдар бірігіп халықтың қолындағы малын басқа жаққа айдап кеткен
еді. Содан ауданда аштық басталсын. Ашыққан халық жан сақтауға
Қарсақпайға келді. Ал қала халқы шеттен әкелінетін нанмен күн көре
тін. Оның өзін карточкамен бөлетін. Жергілікті өкімет аш-арықты
Жусалы теміржол бекетіне жіберуді ұйымдастырды. Бұл жұмыспен
аудан
дық атқару комитетінің нұсқауымен Ілияс айналысты. Әбден
әлсірегендері Қарсақпайдың көшесінде аштан өліп жатты. Жүк маши
насымен Ілиястың жіберген адамдарының біразы темір жол бекетіне
жете алмады. Ілиястың аштан қырылып жатқан адамдарға осы жерде
азық-түлікпен көмектесемін деген ұмтылысынан еш нәтиже шықпады.
Бір аптада Ілияс Жусалыға 600-дей адам жөнелтіп үлгерді. Осы кезеңде
Қарсақпайда ауылдан келгендердің 100-ден астамы аштан қайтыс бо
лып кетті.
Қарсақпай осы қазалы күндерде тамақ жағынан ешқандай қиын-
шылық көрген жоқ еді. Жұмысшылар күн сайын 800-1000 грамм нан
дарын үздіксіз алып тұрды. Қызметкерлер 600-800 грамм, басқа жанұя
мүшелері 400 гр нан алды. Онымен қатар басқа да тамақ берілетін.
Инженерлер-техникалық қызметкерлер ерекше жағдайда болғандық
тан, олардың күні басқалардан да жақсы еді. Егер жұмысшылар мен
қызметкерлерге туындап отырған қатерлі жағдайды түсіндіріп бір
аптаға олардың нормаларынан 100 грамнан қысқартқанда бір де бір
бейбақ аштан өлмес еді. Осы аз нанды талғажау етсе босқындар ажал
тырнағынан босар еді.
Мысалы, М. Алексеев өзінің «Төбелескендер» атты кітабында
өз еліндегі аштықтың кінәгері деп селолық кеңестің төрағасын айта
ды. Бұл екі ұшты сұрақ. Ал менің өз көзіммен көрген Қарсақпайдағы
100-ден астам адамның аштан өлуі — бұл жергілікті басшылардың
немкеттілігі. Тіпті тасбауырлығы деп те айтуға сияды.
Жанайқайға басып, шырылдап, табалдырық тоздырып жүгірген 16
жастағы Ілиясқа түсінікті істің оң шешімін үлкен қызметтегі аудандық
атқару комитетінің төрағасы, поселок кеңесінің төрағасы көрмеді ме,
әлде көргілері келмеді ме? Әрине, олар көрмегенсіген болды.
Қарсақпайдың кейбір тәкәппар тұрғындары аш-жалаңаш бос-
қындардың жағдайларын түсініп, оларға аяныш сезіммен қараудың
орнына, керісінше жиіркенішпен оларға «Чорман» деген айдар таңып
үлгерді.
Себебі аштан өлмеу үшін олар орман мен басқа да дала хайуа
наттарын ұстап жеген екен. Олармен қатар бүкіл иттерді де жеп тау
Тарих осындай ащы шындықты жұрттың білуі үшін де қажет.
Естеліктер
Қарсақпай тарихының қара беттері өз зерттеушілерін күтіп тұрғандай.
Мүмкін архивте Ілиястың аудан партия хатшысы Теляевқа жазған
ұсыныстама хаты да сақталған шығар. Онда ол қалыптасқан жағдай
жәйлі тез арада батыл әрекет жасауды өтінгенді.
Ілияс сол жолы біз тұрған үйге 5-6 жастағы баласы бар бір адамды
ертіп келді. Ол Ілиясқа осы соңғы баласының өмірін сақтап қалуына
қолқа салып еді.
— Менің басқа туыстарым мен жақындарым толық қаза болды.
Егер осы бала өлсе менің шаңырағым құлап, тұқымым құрып кетеді
деп күңіренді сол адам.
Біз карточкамен нан, тағы басқа да азық-түлік алып тұратынбыз.
Қиын жағдайға душар болған адамға қол ұшын бермеуге біздің дә-
тіміз шыдамады. Бала не болып жатқанын түсінді. Ол өте арық,
әлсіреген. Күн ұзаққа киіз үстінде үнсіз отыратын. Ол текеметті біз
оған арнап төседік. Бізбен бірге ас ішетін. Әпкем аз тамақты бәрімізге
бірдей етіп бөліп беретін. Қосымша еш нәрсе ол сұраған емес. Бір ап
тадан соң баланың әкесі келіп, бір лажы жасадым деп өз тұқымының
жалғастырушысын алып кетті.
Біздің жанұямыздың тарыққандарға қол ұшын беруге даяр тұра-
тындығымыз, меніңше, біз өзіміз де өмірдің тауқіметін, жетімдіктің
жетпеушіліктің бәрін басымыздан өткердік. «Алыс пенен жақын-
ды жортқан білер, ащы менен тұщыны татқан білер»,— дегендей.
Сондықтан да болар, осы қасіретке ұрынғандардың табанына бат-
қан шөгір, біздің мандайымызға батқандай болды. Ілиястың зыр
ріп аудан басшыларына өтініш жазып жүргені, ол да адамсүй
гіштіктің, өзгенің қайғысын өзіңдікіндей көре білудің айғайы
ғой деп балаймын. Осылай екеніне еш күмәнім жоқ. Кейін
оның жеті ғасырлық аласапыранға толы, қуанышы мен күйініші
дей өз халқының тарихын жалғыз қопарғаны да тегін құбылыс
емес. Ол өз мамандығымен тау-кен инженері болып, қызметін күндіз
атқарып, түнде ел қатарлы демін алып, тып-тыныш жүріп, зейнеткерлік
сәтін асыға күтіп, жанын бағып, қиналмай жүрсе оны кім кінәлар еді.
Ол өйткен жоқ. Халқының мұңын шақты. Жоғын жоқтады.
...Сол қиын қыстау күндердің бірінің кешінде біздің бұрынғы
интернатымыздың бір баласы маған келді. Оның айтуынша біз сияқ-
ты жетімдер үйіне қабылданбаған бірнеше бала Қарсақпайға қайтып
оралыпты. Қыста олар туысқандарының үйінде әзер дегенде қыстап
шыққан көрінеді. Олармен енді алдағы күн не болатыны белгісіз
көрінеді.
Бізбен кешкі ас ішкесін сол бала кеткен. Одан кейін мен оны да,
басқа жетім балаларды да көрмедім.
Қарсақпай трагедиясы Ілиясты үйреншікті ісінен бұзып жіберді.
Естеліктер
Ол қатты уайымдап, соның салдарынан қолына кітап, қалам ұстай
алмай жүрді. Біреудің қайғысына ортақ болу — Ілияс мінезінің
ерекшелігі болатын. Бөтеннің жан-жарасына деген ілтипаттылығын
ол мосқал тартқан шағында «Ойлар мен үзінділер» атты мақаласында
лай деп жазды:
«Мен адам ақылына таңғалмаймын. Жоқ, Американы ашқан-
дығына емес, ғарыш немесе дүние жүзілік тартылыс заңының ашыл-
ғанына емес. Мен оның кеңпейілділік жасай алатындығына, әділ
бола алатындығына, бөтеннің қайғысына ортақ бола алатынына
таңданамын. Себебі, біріншісі емес, екіншісі адамды адам, мәңгі қы-
лады. Әйтпесе барлығы құрып кетер еді. Тіпті, егер ең үлкен ғылым
жаңалығы болмаса да, бәрібір адамзат баласы өмір сүре алады. Ал,
егер кеңпейілділік болмаса ол тез арада құрып кетер еді».
Жазда Қарсақпайға Алматыдағы тау-кен институтына дайындық
курсына 3 орынға қағаз келді. Ахметқалидың осы кезде жұмысшы
деңгейін игерген куәлігі болатын. Сондықтан оның табысы жоғарылап
әпкеміздің қамқоры бола алатын жағдайы бар болатын. Ілияс оқуға
барсын деген шешімге келдік. Ол осы үш орынның біреуінің үміткері
еді. Ағам жолдама алып оқуға аттанып кетті.
Оқу жылының алдында оқушылардың бір бөлігі техникумда
ды жалғамайтын болған. Біразы басқа қалаларға кетіп қалыпты.
Техникумымыздағы сабақты бір айға шегерді. Сосын белгілі болғаны
біздің техникум Шығыс Қазақстандағы Риддер (Лениногорск) қа-
ласына ауысатындығы. Және сондағы толыққанды тау-кен технику
мымен бірігеді екен. Кететін күн де жетті. Оның алдында мен Бай-
қоңырға барып келгенмін. Өйткені сол жерге Ахметқали мен әпкем
көшіп кеткен.
Түс кезінде ашық жүк машиналарын бізге берді. Әр машинада
10-12 адам өз нәрселерімізбен жайғастық. Бұл жерде мен тағы да
өмірімнің бір реңсіз сәттерін бастан өткіздім.
Қарсақпайға 40-50 жасөспірім мен бойжеткендердің кетуі үлкен
бір оқиға еді. Бүкіл поселок машиналардың жанына жиналды. Әр
қайсысының жанына туыстары мен жақындары келді. Сыйлықтар
берді. Құшақтасып жатыр. Көбі көздеріне жас алды. Сәт сапар тіледі.
Қолпаштап жатты. Әр түрлі құлаққа жағымды сәздер айтылды. Тек
маған еш жан жақындаған жоқ. Интернатта бірге тұрған достарым
енді тірі де емес болар. Ахметқали мен әпкем Байқоңырда қалды.
Басқа жекжат менде жоқ. Meн өзімді ең бақытсыз адам ретінде сезін
дім. Көзден жас шығармауға, өзімді-өзім ұстауға менің күшім де,
дәтім де шыдамады. Ойламаған жерден маған қарай жүгіріп келе
жатқан бұрынғы жездемді көрдім. Ол тура өз жұмысынан осылай
Естеліктер
қарай жүгіріпті. Үстінде жұмыс киімі. Маған бір түйген нәрсені
ұстата берді де, қоштасуға бауырына басты. Сол сәттен бастап менің
оған деген барлық ызам, өкпем мен жеккөргенім ұмытылып, мүлдем
оны кешірдім. Жаным жаз болып кетті.
Ол кезде Қарсақпайдан Риддерге баратын жол ауыр болатын.
Жусалыға дейін машинамен барып, әрі қарай темір жолмен Алматы
арқылы Семейге жету керек. Одан әрі жіңішке темір жолмен Риддер-
ге баруға болатын. Қысқаша айтқанда қияметтің қия белі. Meн Алма
тыда Ілияспен кездестім. Ол маған оқуың қызық болу үшін сабақты
жақсы оқу қажет деп тағы да қатты ескертті.
— Студенттерді асханада нашар тамақтандырады. Бірақ ол
жеткілікті, дұрыс сабақ оқу үшін. Егер сен тек тамақ туралы ойласаң
одан тоқ болмайсың. Ас туралы небары аз ойлауға тырыс, сонда
өмірің өзі жеңілдейді. Мен бұны өз тәжірибемнен білемін,— деді Ілияс.
Осы бір сырт көзге қарапайым Ілияс берген ақыл менің өміріме
жақсы сабақ болды. Риддерде толыққанды техникум жұмыс істеді.
Оған жетіжылдық біліммен қабылдайтын. Сол жылы оқуға қаңтарда
қабылдады. Ал, біз сонда келгенде бірінші курс студенттері 2-ші
семестрді бітіріп жатқан еді. Біздің техникумнан 1 курстың 2-ші се-
местріне тек 4 оқушыны ғана қабылдады. Ішінде мен де бармын. Бас-
қаларын дайындық курсына бөлді.
Ол жағдай маған көп демеу болды. Сондықтан мен сабақты ын
тамен оқыдым. Талпындым. Бұрын соңғы кездестірмеген сұрақтарды
тез үйренуге тура келді. Бірінші курста тәмамдалынған жалпы білім-
дік сабақтардан басқа 2-ші курста тау өнері, петрография, метроло-
гия, кристаллография, геодезия және басқа пәндер өттік. Оқытушылар
негізінен Мәскеу индустриалды-педагогика институтының түлектері
және өндіріс инженерлері екен. Шынын айту керек педагогтердің
ішінде Есқожадан да өткем бір «қожанасыр» болды.Сұлу, Жюль-Верн-
ның сақалындай сақал мұрты бар. Сабаққа келген соң қайдағы бір
жерде көрген, не біреулерден естіген сан-алуан «ғажайып дүниелерді»
айта бастайтын. Ал студенттер оны ұйып тұрып тыңдайтын. Әсіресе
оларға Мәскеу жайлы әңгімелер қатты ұнайтын. Оның әңгімелерінен
мен де Мәскеуліктер туралы, олардың ең үлкем қуаныштары тек
трамвай қақтығыстарын қызықтау екен деген пікір қалыптасты. Де
генмен, өзім күмәнданатынмын.
Өз пәні төңірегінде бұл «ғұлама педагог» барынша аз сөз ететін.
Бірде ол бақылау жұмысын өткізіп еді, ешбір оқушы оны орындамады.
Келесі күні мен кітапты қопарыстыра отырып сол есепті шығардым.
Бізді таңалдырған жәйт, жаңағы оқытушымыздың осы есептің жауа
Естеліктер
ын білмегені. Мен тақтаға сұрандым да есептің шешуін көрсеттім.
Ол құптаған болды.
Оқу жылы бітті. Осы оқиғаға арналған техникумның құрметті
жиналысы қалалық театрда өтті. Маған бірінші сыйлық — Ялтаға
тегін жолдама — берілетіні жарияланды. Мен бұндай сыйлықтан бас
тартып, оны екінші сыйлыққа айырбастап, ерлер костюмін беруді
өтіндім. Оған жұрт абыржып таң қалды.
Техникум директоры Степан Николайұлы Павлов бұндай айыр
баспен келісті. Дегенмен ол айтты:
— Мен 30 жыл еңбек етіп келемін. Ал Қырымда бір де болған
емеспін. Мүмкін сенің де осы бір табиғаттың жұмақ өлкесін көруге
мүмкіндігің бола қоймас. Менің берер ақылым: осы жолы барып кел.
Өкінішке қарай, таршылықтың тауқыметін белорта кешіп жүрген ма-
ған курорттан да костюм ауадай қажет болатын. Сондықтан да осы
бір қолға қонған кішкене бақтың құнын біле тұра Қырымға барудан
бас тарттым. Тіпті оған өкінген де емеспін. Арасына 50 жылға жақын
уақыт салып қазіргі Лениногорскіге, бізше Риддерге, келіп әлі күнге
жұмыс істеп жатқан Тау-кен техникумына арнайы келдім. Техникум
архивінен сол жылдары шыққан бұйрықты менің өтінішіммен іздеп
тауып, оның көшірмесін мөр басып дәлелдеп маған берді. Бұндай
сыйлыққа мен өте риза болдым. Бұйрық менің жасөспірім кезімді
есіме түсірді. Қызыға оқып шықтым. Бұйрық стилі, бәйгеге тіккен
заттар құндылығы — бұл біздің өз тарихымыздың айшық куәсі. Ол
кезде костюм, аяқ киім, етіктің қандай, қай елде не қандай фирма
жасалғанына ешкім мән бермейтін. Тек қана ол жаңа болса болатын.
Сән, мода төңірегінде әңгіме болмайтын. Степан Николаевичтың ко
стюм, туфли, етік сияқты қолға түспейтін және қатаң нормамен бері-
летін дүниелерді қайдан, қалайша студенттер бәйгесінің сыйлығы
ретінде тауып жүргені мені таңдандырды.
ау-кен техникумы бойынша
№71
Аяқталған 1934—35 оқу жылдарында өз тобында үздік оқуы,
жақсы үлгерімі және қоғамдық жұмысқа белсене қатысқандығы үшін
келесі студенттерді сыйлықтаймын:
1. Партком мен дирекция атынан Ж. Есенберлинге Р. бірінші
сыйлық беріледі. Ялтаға курортқа 600—700 рубльдік жолдама.
2. Екінші сыйлық жолдас Бубенщиковке құны 107 рубльдік кос-
тюм беріледі.
Естеліктер
3. Үшінші сыйлық — жолдас Чирковқа құны 48 рубльдік жұ-
мысшы етігі беріледі.
4. Төртінші сыйлық жолдастар Костенко мен Батниковаға бір пар
дан әйелдер туфлиі беріледі.
Жақсы оқуы, орташа тәртібі үшін келесі жолдастар сыйлықтаны-
дады: жолдастар Семеновқа, Греховқа — 51 рубль, жолдастар Фита-
ковқа, Мұхтаровқа, Сенгилеевке, Конопьевке және Кущановқа — 30
рубль.
Жоғарыда көрсетілген жолдастарға сыйлық беру 30/VI-35 жылғы
оқу жылының аяқталғанына арналған құрметті кеште орындалады.
Техникум директоры Павлов
Жазғы каникул басталды. Біз тағы да Қарсақпайға жиналдық.
Ілияс тау-кен институтына түсті. Ахметқали үйленген, баласы да
бар. Жанұя кеңесінде Ахметқалиды өзінің жас жанұясынан басқа
міндеттерден босату керек деген шешімге келдік. Ілияс өмірдің кең
жолына шыққасын, оны да қолдау қажет болды. Сондықтан керекті
білім салаларын үйде өзім оқып үйреніп, техникумды тастап жұмыс
істеуге бел байладым.
Мен Риддерге бармадым. Күтпеген жерде техникумда бірге оқы-
ған Қабыл Үсенбаев та менімен бірге қалуға шешім қабылдады. Тех
никумга Қабыл ФЗУ бітіргесін түскен болатын. Түсінбеймін, қалай
оны ФЗУ-ға қабылдағанын, тіпті техникумға бірінші курсқа барғанда
да оның бойы кіп-кішкентай еді. Соған қарамастан ол шебер токарь
болып алыпты. Қазір мен сияқты бойшаңдалды. Менің оқуыңды тас-
тама деп азғырғаным еш нәтиже бермеді.
— Сені жалғыз қалдырмаймын. Бізге екеуіміз бірге жүрсек өмір
сүру жеңіл,— деп Қабыл нығыз айтты. Бізден басқа тағы екі студент
Риддерге бармады.
Мен Степан Николавичке жазған хатымда өз қылығым күнкөріс-
тің ауырлығынан екенін түсіндірген едім. Тез арада менің атыма тех
никумнан 400 рубль аударылып келіп түсті. Ол ақшаны мен кейін
жібердім, себебі техникумды тастау шешімін өзгертпейтін пиғыл
менде болған жоқ еді. Сонда Қарсақпай аудандық пария комитетіне
тау-кен техникумының студенттерін Риддерге оқуға жіберуге ықпал
етіңіздер деген телеграмма келді. Партия комитеті біздің бәрімізді жұ-
мыстан шығарып және осы ауданда ешбір жұмыс бергізбейміз деп
мәлімдеді.
Естеліктер
Бізге жолға жиналудан басқа амал қалмады. Жусалыға келдік. Те-
мір жол билетін Семейге дейінм алдық. Келе жатырмыз. Барлық қалған
ақшамызды, құжаттарымызды, билеттерімізді бірге жинап, калькаға
орап, неге екені белгісіз маған тапсырды. Мен оларды шалбарымның
қалтасына салдым. Түркістан бекетіне жақындағанымызда жолға қо-
сымша тамақ алғымыз келді. Қолымды қалтама салып едім, ештеңе
таппадым. Сөз жоқ, қандай мүшкіл халге түскенімді айтып жату өте
қиын. Менің қымбатты достарым жағдайымды түсініп маған көзтүрт-
кі жасаған жоқ. Енді біз Риддерге жете алмаймыз. Сондықтан күрт
шешімге келдік: Түркістаннан шығып ірі полиметал комбинатының
құрылысы қызу қолға алынып жатқан Ащысайға жіңішке темір жол-
мен жертіміз қажет және сонда жұмысқа орналасуымыз керек. Қа-
бағымызға қар қатып және ішегіміз шұрылдап жіңішке темір жол
үстінде платформада отырған біздің жанымызға келіп бір ақсақал
— Әй, бозбалалар нені уайымдап отырсыңдар? Біз тоналып
қалғанымызды айтып бердік.
Ащысайда осы қарт бізді үйіне алып барды. Бауырсақ жегізіп,
шай ішкізген соң айтқаны:
— Уақытша менің үйімде тұра беріңдер, кейін мәселелеріңді
шешкен соң басқа жерге жайғасасыңдар.
Біз амалымыз таусылып, ол кісінің кішкентай бөлмесіне орна-
ластық. Бірнеше күн сонда тұрдық. Тағы бір кеңпейіл адаммен кез-
десіп, өмірде жомарт жандар көп екендігіне көзіміз жетті.
Кезінде ФУЗ бітірген жолдастарым өздеріне жұмысты тез тауып
алды. Арнайы мамандығым болмаған соң маған жұмыс табу жеңілге
соққан жоқ.
Meн арыз жазып құрылыс бастығының өзіне бардым. Қағазымды
оқып шыққаннан соң оның маған қойған ең басты сұрағы: арызды
өзің жаздың ба?— дегені. Мен өзім де сұраққа таң қалдым. Бірақ іле
жауап бердім. Өз қолыммен жазғанымды айттым.
— Олай болса, менің іздегенім сен едің,— деді құрылыс бас
шысы, жердей жеті қоян тауып алғандай жайдарыланып. Бастыққа
орыс және қазақ тілдерін қатар жақсы білетін сауатты адам меңгеру-
ші қызметіне қажет екен. Менің қолымда ешқандай құжат жоқтығы
оны толғандырған жоқ.
— Құжаттарды кейін Риддер жібереді,— дедім мен.
Сөйтіп мен көзді ашып жұмғанша «үлкен» бастық болып шыға
келдім. Негізгі міндетім іс меңгеруші болғанымен, оған үстеме
тұрғын үй қорының болушысы болдым. Құрылыс жұмыстарының
Естеліктер
бұйрықтарын жаздым. Жұртты еңбек демалысына жіберетін қағаз-
дарын толтырдым. Жол жүретіндерді заңдастырдым. Жұмыс-
шыларды қабылдадым. Олар негізінен жолдамамен келген Воронеж
облысының, мамандары болатын. Соларға және басқаларға жатақ-
ханаға айналған мектеп үйінің бөлмелерін тараттым. Одан басқа да
тұрғын үй қоры болатын.
Бір ай өткен соң мені бірде комбинат ұйымының хатшысы
шақырып алып, менің кім екенімді, қайдан келгенімді, өзіміздің жер-
гілікті «Қаратау кеншілері» газетін оқитын-оқымайтындығымды сұ-
рады. Мен оның барлық сұрақтарына жауап бердім және жергілікті
газетті оқымайтынымды мойындадым. Оның бар айтқаны: — Оқасы
жоқ, бұдан былай оны күн сайын оқитын боласың. Газеттің жауап
ты хатшысын Қызыл Әскер қатарына шақырды, енді жаңа қызметке
кіріс,— деп ол үзілді-кесілді айтты. Құжаттарыңды Риддерден біз
өзіміз алдырармыз деді әңгіме соңында.
Бұл кезде Ілияс тау факультетінің студенті болған. Ол оқуын ын
таланып оқыды. Институттың қоғамдық жұмысына белсене аралас-
ты. Спортпен баса айналысты. Тез арада институттың маңдай алды
студенті болып шыға келді. Қазақ ССР-інің бірінші конституциясын
қабылдаған Қазақстан кеңес үкіметінің 1-ші төтенше съезіне студент
Ілиястың делегат болғандығы осыған жеткілікті дәлел. Әрине бұл
үлкен құрмет. Бұл оқиғаны біз үлкен мақтаныш көрдік. Сол жылдарда
жыл сайын Мәскеуде дене шынықтыру мәдениетінің Жалпы одақтық
шеруі болып тұратын. Ілияс осы шерудің бірегей қатысушысы бол
ды. Қазақстаннан. Бұл өзі бір қызықты жиылыс болушы еді. Қазіргі
түсінікке баласаң — бір абыройлы сапар.
Жыл артынан жыл өтіп, ақыры Ілияс та межедегі 4-ші курсқа ба
рып қалды. Тап осы тұста оның көңілінде өзінің мамандығына деген
қобалжу пайда болды.
Математикалық пәндер тәмамдалды, енді оқу бұрынғыдай тар-
тымдылығын жоғалтты — деп жазды бізге.
Бұл жерде, осы күнге дейін мектеп бітіруші жастар үшін ше-
шілмей келе жатқан, күрделі мәселе — профессия болжамы
мамандық таңдау салдары екенін айтып өткен орынды. Сары-Ар-
қаның сағым қуған сары даласында өскен Ілияс институтқа түсер
алдында тау инженерінің жұмысына қанық емес еді. Оған дейін ол
тау инженерлерімен пікір алыспақ түгілі, оны көрген де емес. Әрине,
ол тау инженерінің пайдалы қазбалары жер қойнауынан алатын ма
ман екенін, тау инженерінің жұмысы тауларға еш қатысы жоқ екенін
білетін. Бірақ ол үшін нендей ғылымды игеру керек екенін білген
Естеліктер
жоқ болатын. Ал болашақ мамандығымен жақын таныса келе, осы
бір қоғамға аса қажет мамандықтың Ілияс өзінің қолы емес екендігін
түсінді. Бұндай жағдайды жасыратыны жоқ, мыңдаған талапкерлер
басынан өткізіп жатады. Соның ішінде Ілиястай болашақ, инженер
лер де. Бұндай алакөңілділіктен ертең өндірісте ортаңқол немесе
әжептәуір жақсы инженер шығады.
Кейіннен өмірі мен творчествосы көрсеткен халқына белгілі
Ілияс ортаңқолдың адамы емес еді. Жалтақ сұр тұлғаға жатпайтын.
Оның сырт көзге енжар, бірақ іштей жан-дүниесі жұлынып тұрған,
қажырлы-қайсар тегі бір салиқалы сом шаруаны игеруді аңсап тұрған.
Орта жолдан қайтпайтын, бастаған ісін аяғына дейін жеткізетін мак
сималист Ілияс бұндай тың кеңістікті әдебиет пен тарихтан іздеді.
Алынбайтын қамал жоқ дегендей. Іздегенін тапты. Студент кезінен
бастап Ілияс көптеген өлеңдер, әңгімелер, пьесалар жазды. Өз күшін
өзі сынады. Сол тырнақ алды еңбектерін ешбір редакцияға апарма
ды. Елді мазаламады. Оның осы алғаш жұмыстары өкінішке орай
сақталмапты. Ол еңбектеріне оның көңілі толмайтын.
Тау инженерлерін көрмегенмен, ол белгілі жазушы-ақындармен
ерте жолықты. Қарсақпайда шығатын жергілікті «Қызыл кеншілер»
атты газеттің редакциясында істеген белгілі қаламгерлер Әбділда Тә-
жібаев пен Жұмағали Саинды Ілияс сол кезде-ақ кездестірген. Ж. Са
инмен Ілияс әңгіме-дүкен де құрған. Бір жолы бір түсініспеушілік те
болған екен. Ж. Саин Ілиясқа өлеңмен хат жазыпты. Ілияс ерегістің
төркінін танып, оған өлеңмен жауап хат жазған. Адам сөзге тоқтамай
ма, осымен дау-дамайсыз сөзбұйдалық тоқтаған екен.
Жалпы алсақ, Ә. Тәжібаев пен Ж. Саин бізге қол жетпейтін
жұлдыз сияқты көрінетін. Осы азаматтар Ілиястың поэзияға деген
құштарлығын оятқан болатын. Алматыда оқығандығының арқасын-
да Ілияс Қазақстан жазушылары мен ақындарының ішіндегі ірілерін
түгел көрген-ді. Әрине, олардың ешқайсысымен таныс емес еді. М.
Әуезов, С. Сейфуллин, Б. Майлин, I. Жансүгіров, С. Мұқанов твор
честволарымен таныс болатын. Және олардың еңбектерін өте жақсы
көретін. С. Мұқановтың «Адасқандар» туындысының жолдары оған
қанат бітіретіндей өсер етуші еді.
Бұл кітаптағы автордың табиғатты суреттеу тұстарын Ілияс ра
хаттанып оқитын. Сонан соң айтатын:
— Тургеневше жазылған,— деп.
Кейін С. Мұқанов «Адасқандар» кітабын қайта өңдеп «Мөлдір
махаббат» деген атпен шығарған кезде Ілияс жаңа түрімен кітапты
қабылдамады. Әлбетте, романның алғашқы әсері өте күшті болған
Естеліктер
Тағдыр ирониясының тәлкегімен «Көшпенділер» трилогиясының
халықтың ыстық ықыласына бөленген шағындағы, бірақ оның кейбір
пейілі тар қаламдастарының ұйымдастырған «жағадан алу, етектен
тарту» қарекеттерінің көш басында сүбелі «Адасқандардың» бірі бо
лып Сәбит ағамыз Ілияс өмірінде оның жолын кес-кестеді.
Осыншама ірі тұлға бола тұра Сәбең бойында да халқымызға тән
аңқаулық та бар болатын. Осы бір пәк қасиетті қаламы дағдарыстан
шыға алмай жүрген пысықай «классиктер» академик С. Мұқановты
Орталық Комитеттің мінбесіне итермелеп шығарып В. Месяц жол-
дасқа, республикалық партия басшыларына тау инженері Ілияс
Есенберлин өз мамандығы шеңберінде жазсын,— деп адастырды.
Ол аздай, қазақ әдебиетінің ең ауыр салмақтағы патриархы Сәбең
Ілиястың ең негізгі әдеби тұлғасы — теңдесі жоқ ханымыз Кенеса
рыны не Ресей, не Кеңес үкіметі реабелитация жасап, Үкімет пен
Партия алдында ақталмаған қанішер, жендет деп ұлы бабамыздың
аруағына тіл тигізгені өте өкінішті оқиға. «Қуырдақтың көкесін түйе
сойғанда көрерсің» дегендей бұл жиналыс жолы да жоқ, соқпағы да
жоқ «Адасқандардың» атасы болды десек, бәлкім, артық айтпағам
болармыз. (
Әрине, қасық қаны қалғанша егемендік жолына шыбын
жанын пида еткен қазақтың соңғы ханы ұлының ұлысы Кенесары
данамыз, дарамыз, бабамыз бүгінгі Қоғамнан да тиісті бағасын
ала алмай келеді. Әйтпесе күнгей астана Алматыда оған көше һәм
даңғыл неге жоқ? Аудармашыдан).
Сол заманда Қарсақпайда Қ. И. Саәтбаев тұрған. Қаныш Иман-
тайұлы комбинаттың геологтық-барлау бөлімінің бастығы болып
жұмыс істеді. Оның кабинетінің есігінің алдында «ГББ бастығы ин
женер Қ. И. Сәтбаев» деген әдемі сары әріптермен жазылған тақта
болатын.
Интернат балалары комбинат басқармасына жүгіріп барып жүре-
тін. Олар атақты адам — нағыз инженерді көруді ғанибет санайтын.
Ол жұмысқа келген кезде, не жұмыстан шығып үйге бет алғанда.
Қазіргі жастардың атақты әншілерге жүгіргені сияқты болатын.
Жалпы геолог мамандығының ерекшеліктерін Ілияс дұрыс түсін-
ді. Тіпті бұл жұмыстың сол кездегі беделділігін де жақсы білетін,
бірақ ол оны қызықтырмады. Ал Қаныш Имантайұлы азамат ретінде,
тұлға ретінде, әрине, Ілияс үшін теңдесі жоқ бедел иесі еді.
Тау-кен институтына түскеннен кейін Ілиясқа математикаға, фи-
зикаға, мүмкін химияға қатысы бар мамандықтарға ауысып кетуге кеш
болған жоқ еді. Ол осы ек-үш пәнді өте жақсы көретін. Ондай қадамға
оңай-ақ баруға болатын еді, себебі оның институтында металлургия
факультеті болды. Металлургияның химияға негізделгені белгілі. Ал
Естеліктер
физикалық химия қызықтырып алып кететініне енді күмән жоқ.
Ілияс математикамен, физикамен не химиямен байланысы бар
техникалық ғылымның талантты ғалымы бола алар еді. Егер жас кезі-
нен бастап дұрыс жағдай жасалса одан жақсы суретші де шығар ма
еді. Себебі бала кезінен өнердің осы саласында дарындылық көрсете
білді. Бірақ ол дегенмен өзінің орнын әдебиеттен тапты. Оған ол да, біз
де өкінбейміз. Себебі XX ғасырда қазақ әдебиетінде «Көшпенділер»
мен «Алтын Орда» тарихи трилогиялары теңдесі жоқ туындылар!
...Сол уақытта мен газет ісін әжептәуір меңгеріп алған болатын
мын. Өзіміздің «Қаратау кеншілері» редакциясының жұмысынан
басқа, бір мезгілде облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінің меншік-
ті тілшісі болдым. Жалпы алғанда табысым жақсы болды.
Екі жылдан аса газет редакциясында қызмет істедім. Менің жас
кезімдегі досым Қабыл Қызыл Әскер қатарына алынды. Апам Назым-
ның бұрынғы жолдасымен қарым-қатынастары өз орнына келді. Олар
қайтадан қосылды. Біз бұған риза болдық. Жиеніміз Қазыкеннің қуа-
нышында шек жоқ еді. Өкініштісі апамыздың екінші ұлы былтыр қай-
тыс болып кеткені. Мен жұмыс істеген кезеңде біз Ілияс екеуіміз жап-
жақсы киініп алдық. Тұрмысымыз жақсарып-ақ қалды. Сол себепті
Ілияс маған оқуды жалғастыруың керек деген ұсыныс жасады.
Мен пария комитетіне қызметтен босатыңыздар деген ұсыныс жа
садым. Олардың мені тіпті тыңдағылары да келмеді. Мен бұл жерде
маман тапшылығынан. «Орныма лайықты адам жоқ» болып шықты.
Мені жұмыстан бұрынғы хатшы әскерде тиісті мерзімін өтеп қайта
оралған соң ғана босатты. Олар маған Алматыда жаңа ашылған жур
налистика факультетіне жолдама берді. Ілияс менің бұл институтқа
баруымды қолдамады. Ол өз ойын менің бетіме тура айтты:
— Сен өз жүрек қалауыңмен газет қызметкері болып жүрген
жоқсың. Бұнда өмір қыспағымен, тағдыр тәлкегімен келдің. Сондық-
тан сендер жұпыны өңсіз газетсымақ шығарасыңдар. Ірі газеттер
де қызық, тартымды дүние болған жоқ. Егер ауыз толтырып айта-
тындай дүниелерің болса, онда сендерді «Социалистік Қазақстан»
сияқты басылымдар байқар еді. Сендер шығарған газеттегі матери
алдар орталық басылымдарда сыналған жоқ. Демек ұрсуға, сынауға
тұрарлық та еш нәрсе газеттерің баспаған. Бір сөзбен айтқанда, мен
тағы да айтайын, өңсіз-түссіз «сұршылдық».
Менің байқауымша,— деді Ілияс,— сен күні-бойы газет шығара-
сың, ал өзің сол кезде математиканы ойлайсың. Сапожниковтың ал-
гебрасындағы, Рыбкиннің геометриясы мен тригонометриясында-
ғы есептерді бастан аяқ түгел шығарып шықтың. Қиын есептерді тез
шығарасың. Менің саған тауып әкелген оқулықтарымды қызығып
Естеліктер
оқисың. Физика мен химияны жақсы білесің. Әрине сен мектеп қа-
бырғасында жүрмегендіктен бұл пәндерде жасалатын тәжірибелерді
көрген емессің. Сондықтан сенің білімің кітап көлемінде. Жалаң тео
рия. Маған математика сенің алдағы мақсатың деп үзілді-кесілді айту
қиын. Бір сөзбен айтқанда саған физика-математика факультетіне
барғаннан да техникалық жоғары оқу орнында оқығаның дұрыс па
деймін. Егер сенің математикаға деген құштарлығың болса, осы
пәнді тереңірек білуге, онда оның да оқасы жоқ, өйткен математи
ка курсының көлемі техникалық институтта да жеткілікті деп ол әң-
гімесін аяқтады. Мен тек ұйып тыңдап отырдым. Оның мен солымды
әлі де болса да білмейтінімді сездім.
Ілиястың айтқан ойлары маған әрқашан да мүлтіксіз дұрыс бо
лып көрінетін. Осы жолы да оның пікірін жөн көрдім. Сөйтіп мен
Ф. Дзержинский атындағы темір жол транспорты инженерлерін
дайындайтын Мәскеу электротехника институтының паравоз факуль-
тетіне оқуға түсуге бел байладым.
Паровоз ол кезде маған ең құдіретті қиял әлемінен туындаған
алпауыт тұлпар болып көрінетін. Гудогы ысқырып, дүрс-дүрс етіп
келе жатқан паровоз сүйреген поезды көргенде басында тіпті денеміз
тітіркеніп, кейін жүрегіміз лүпілдеп қуана қарайтынбыз оның дүлей
қуатына. Шетсіз, шексіз қазақ даласында осылай кетіп бара жатқан
паравозы ентіккен поезды көріп бір жасап қалатынбыз. Түрксібтің
дүрілдеп тұрған кезі. Жұмыстың ең қызығы да осы Түрксіб темір
жолын салу болып көрінді бізге. Сол себепті, мен: паравоз тек па
равоз менің өмірімнің мағынасы деп түсіндім. Сол паравоз дәуірінің
аяқталып келе жатқанын мен өз басым білген емеспін. Оның пай
далы коэфиценті небәрі 5—6 процент екендігінен де бейхабармыз.
Сондықтан адамзат баласына 100 жылдан аса уақыт адал қызмет ет
кен паравоз ғұмырының санаулы жылдары қалғанын да мен білген
емеспін де. Оның орнына келетін тепловоз бен электровоз түсіме де
кірген емес. Паровоз ғылым мен техниканың ең биік жетістігі болып
Институтқа түсу үшін енді бұдан былай 2 жыл бұрын қабылданған
үкімет қаулысы бойынша орта мектепті бітірді деген аттестат қолда
болу қажет екен. Орта мектеп көлемінде білімім бола тұра, құжатым
жоқтықтан жұмысшы факультетін сырттан экстернат болып бітіріп,
оның аттестатын алуға тура келді. Сосын құжаттарымды тапсырдым,
емтиханды бердім, конкурстан өттім. Арманым іске асып, міне, мен
енді Мәскеу студентімін. Қыста Кривой Рогтан келе жатқан Ілияс
Мәскеуде маған соқты. Қазақ тау-кен институтының студенттері Укра
инада практикада болыпты. Мәскеуге баратын жер көп болғанымен
Естеліктер
біз қайта көрсететін кинотеатрға барып «Амангелді» филімін көргенді
қаладық.
Біз Ілияспен кинотеатр залында бұрын көріп, бізге өте қатты ұнаған
фильмге қайтадан келіп отырмыз. Көзімізге ыстық, эпизодтap: базар
алдындағы алаң, көтерілісшілер үстіне қарапайым қару-жарақтарын
тиеген түйелер. Бұл бейнекөріністерді тамаша нақышына келтіріп
орындаған оркестрдің сүйемелдеуімен айтылған «Қара торғай» сазы.
Залда бір орыс жігіті жанындағы серігіне бұл неткен тамаша
айтылған ән деп таңданып отырғанын құлағымыз шалып қалды. Кө-
ңіліміз оған бір өсіп қалды. Бала кезімізден таныс өлеңге көңіліміз
бір өсіп отырса, бөтен халықтың бейтаныс әнді алғаш естіген азаматы
берген баға біздің қуанышымызға үстеме бола кетті.
— Әр халықтың сүйікті әндері болады,— дейді Ілияс. Ондай
әуендер орыс, украин, грузин, қырғыз, өзбек т. б. халықтарда да бар.
Жуырда «Амангелді» фильмі жаңартылғанын білесіздер. Бірақ
маған ұнамағаны «Қараторғайды» тыңдай алмадым. Бұл фильм енді
маған тартымсыз болып қалды. Мен үшін өкінішті. Халықтың ұлы
әуені белгісіз себеппен бір қара дүрсін өңсіз сазбен ауыстырылған
екен. Оқырман менсіз де білер бұл қандай азаматшаның істеген ісі
екенін...
Институтта оқу жылы бітті. Профсоюз комитеті маған Ялтаға
баруға студенттік жолдама ұсынды. Риддерде Ялтаға берген жолда
мадан бас тартқанымда техникум директоры С. Н. Павловтың ма-
ған айтқан сөзі мәңгілік есімде сақталып қалған болатын. Тез ара
да сұлулығы аңызға айналған Қырым мен атақты Қара теңізді көру
мүмкіндігі қолыма тиді. Қуаныштың лебіне қызып, емтихандарым
ды мерзімінен бұрын тапсыра бастадым. Оларды «өте жақсы» деген
бағаға тапсырдым. Соңында бір күн ішінде екі емтихан тамсырамын
деп жүріп біреуін «орташа» баға алып қалдым. Оны мен уайымдаған
да жоқпын. Себебі бар дейінім ертегінің жұмағындай елестеген
Қырымда болатын. Бұл «орташа» бағаның мен үшін алдағы уақытта
қандай әуреге түсіретін мәнін білсем, сол жолы бір амалын іздеген
болар едім! Қырымға мен жаздың басында келдім. Су әлі де болса
салқын екен. Бірақ мен оған назар аудармадым. Санаторийде жылы
процедура ала сала Теңізге асығып жүрдім.
Бұндай іске үзілді-кесілді тыйым салатын. Осының кесірінен мен
курорттан радикулитпен ауырып қайттым.
Бұрын айтқанымдай, рас бала кезімде Атбасарда жетімдік қыс-
пағымен күздің аяғына дейін жалаң аяқ жүре беретінбіз. Оның немен
тынғанын да жазғанмын. Сол көрген бейнет те ұмытылып кетіп, ескі
әдетпен жалаң аяқ жүгіріп кететінмін. Атбасарда тұрғанымызда қыста
Естеліктер
қақпа ашу қажет болған кезде, аз уақытқа қарға жалаң аяқ шығып кете
беретінмін. Бірде мұзын аршып құдық жасап қойған өзенге құлап,
суға кетіп қала жаздағаным да болған. Құдай сақтап, судан шығып аяз
қақап тұрғанда үйге дірдектеп зорға жеткен едім.
Соның барлығы денсаулығыма ешқандай әсер ете қойған жоқты.
Еш зардап көрмеп едім. Тоңсақ жылынатынбыз, су болсақ, кебетінбіз.
Ал енді жаз ішінде Қырымның оңтүстік жағасында судан денемде
дерт пайда болды.
Қара теңіз басында мен радикулитпен ауыртты, соңында ол өзі
шипалы қасиетін көрсетті. Сол жерде мен радикулиттен жазылып
кеттім. Өйткені бұл аурудан тез айығып кету қиын, негізінен науқас
Арасына ондаған жылдар салып, қазан айының аяғында кішке-
не радикулитім басылған кезде Қырымға келдім. Нағыз алтын күздің
кезі болатын. Күн жаймашуақтанып тұрған. Мен сияқты радикулиті
бар жолдасым екеуіміз күніне үш рет теңізге суға түсіп жүрдік.
Біртіндеп ауа райы өзгере бастады. Ақырын-ақырын су да су
ыды. Қазан айының аяғында тіпті қар да жауды. Біз суға түсуімізді
тоқтатқан жоқпыз. Радикулитіміз жойылып кетті. Теңіз буырқанып
жатты. Өңменіңнен өтетін суық жел мен қар демалушыларды корпус
қа қарай айдады. Ал біз жолдасымыз екеуіміз теңізден шықпадық.
— Егер менің суық суға түсіп жатқанымды үйдегілер көрсе, олар
шошып кетер еді,— деді менің көршім.
Үйге мен радикулиттен айығып келдім. Олар оған қатты қуан-
ды. Үйде сол суық сумен дене шынықтыруымды қыста да жал-
ғастырдым.
...Есімде, радикулит мазамды қатты алып жүрген кез болатын.
Бірақ мен оған аса мән бермей жүрдім. Себебі, мені алдымнан ту-
ыс-туғандарыммен кездесу күтіп тұрған. Ілияс институтты бітіріп
Жезқазғанға жұмысқа келген. Апам күйеуімен және Ахметқали жан-
ұясымен сонда көшіп барған. Біз Жезқазған түбіндегі ашық далаға
қыдыру үшін жиі шығатынбыз. Қуанышымыз қойнымызға сыймай
ды, көңіліміз көкке жетіп жүрдік. Бұл біздің бәріміз үшін ең бақытты
күндеріміздің бірі еді.
Сосын мен Мәскеуге оралдым. Ілияс күзде Қызыл Әскер қатары-
на алынды. Ригада әскер қызметін еөтті. 1940 жылдың қыркүйегінде
жоғары оқу орындары хақында Үкімет пен Партия қаулысы жарық
көрді. Ондағы қабылданылған тәртіп:
1. Жоғары оқу орындарында сабаққа студенттердің бару-бар-
мауы өз еркінде.
2. Әр семестр сайын студенттердің 200 рубль төлеуі шарт.
Естеліктер
3. Стипендияны тек үздік оқитын студенттерге ғана тағайындау
немесе үлгірімінің 75% өте жақсы, 25%-і жақсы болғанда.
4. Кейбір стипендия алатын студенттерді оқуға қаражат төлеуден
босату.
Үкімет каулысы екі айдан соң өз күшіне енетін болды. Осы мер-
зімде пұл төлемеген студенттер оқудан шығарылатын болды.
Тап осы жерде мен жазғы сессияның емтихандарын тапсырған
кездегі жасаған жеңілтектігіме қатты өкіндім. Асықпағанымда сол
пәнді де тым құрығанда «жақсы» бағаға тапсыра алар едім. Сәл қай-
таласам «өте жақсыға» да тапсыруға болатын еді. Оның үстіне, сес
сияны кілең беске тапсырып келе жаттым ғой.
Ол кезде темір жол институтының бірінші басшысын ректор емес,
бастық деп атайтын. Сол бастықтан «үшімді» қайта тапсыруға рұқсат
сұрадым. Өтінішім далада қалды. Тәртіп темірдей қатайып кетті де,
бәрі безбүйрек бола қалды. Амалсыздан жоғары оқу ісі жөніндегі
Комитет басшысына да қолқа салып көрдім. Тағы да өтінішім орын
далмады. Ал уақыт болса аққан судай зымырап өтіп барады. Барлық
студенттер зыр жүгірді. Олар жұмыс іздей бастады. Тапқан табыс-
тарына күн көріп, қалғанын оқуларына төлеу мақсатымен. Бірақ ол
екінің бірінің қолынан келмеді. Көпшілігі ата-аналары қара нан жеп,
қара су ішсе де, жиған-тергендерін институтқа тапсырып жатты. Бұл
менің студент жолдастарымның айтуынша. Расы да сол. Мен болсам,
тұрмыстарының жұқалығын ескере отырып, өз жақындарымның ма
засын алғым келмеді.
Екі ай өте шықты. Мен үшін үрейлі күн де жетті. Жығылғанға
жұдырық дегендей, мені институттан шығару туралы бұйрық шығып
үлгермей, жатақхана басшысы келесі күні келіп бөлмеңді босат деп
дігірледі.
Бұл аздай, тағы бір тағдыр тәлкегіне сол күндері тап болдым.
Менің ең сүйікті бой жетіп қалған немере қарындасым Шәкіш
(Шәйімжамал) маған хат жазып, өзінің маған қонаққа келгісі келетіні
жөнінде қолқа салды. Оның екі мақсаты бар екен. Біріншісі астананы
көріп қызықтау. Екіншісі, Мәскеудің өзінде тұратын, «үлкен» адамдар
қатарына қосылған «жағасына» балап жүрген бауырымен кездесіп бір
қауышып қалу екен. «Қоянды қамыс өлтіреді» дегендей, бұл жағдай
намыстық шымбайыма тиді. Бірақ ең бастысы бұл емес еді, мен үшін.
Мені шын қинаған «үлкен» адамға санап жүрген бейбақтың бүгінгі
мүшкіл күнін сүйкімді қарындасымның көрмей, сол елесімен көңіліне
қаяу түспей жүре берсе ғой деген тілек болатын. Әрине, Шәкіштің
ешқашан «сенген қойым сен болсаң...» деп мысқылдамайтынына мен
шын сенемін. Мен оның әдемі қиялын күйреткім келмеді.
Естеліктер
Аруақ қолдап, мені және тағы басқа алыс жерден келгендерді
аяған болулары керек, ерекше үкімге дейін жатақханада қалдыратын
болды. Оның үстіне ойламаған жерден менің атыма 250 рубль теле
графпен төтенше түрде ақша аударылды. Ілияс Ригада әскерде жүрсе
де, жағдайға қанық екен. Бұл ақшаны Ілиястың сұрауымен оның бір
кластас досы жіберіпті.
Осыдан кейін өмір өз арнасына қайта келе бастады. Біз Вася
Молочко екеуіміз институт жанындағы фотопластина фабрикасына
жұмысқа орналастық. Сабақты негізінен жіберген емеспіз. Өйткені
стипендия алу мақсатымен емтихандарды кілең «өте жақсы» бағаға
тапсыру қажет болды. Әрі еңбек етіп, әрі оқу маған өте ұнады.
Себебі, мектеп табалдырығынан төте келіп отырған «сары ауыз
балапан» емеспін ғой. Бірер жыл өндірісте қызмет істеп еңбекке ет
үйреніп қалған демекші. Осылай оқуға бел байладым.
1941 жылдың көктеміне бір сыдырғы ес жинап, қалтада ақша пай
да болған соң мен сүйікті қарындасым Шәкішті Мәскеуге шақыруға
асықтым. Бірақ бәрі басқаша күйге түсті. Ұлы Отан соғысы баста
лып кетті. Басталған соғыстың екінші күні әртүрлі үйірмелерде қор-
ғаныс саласынан қосымша мамандық алып үлгерген студеттердің
көбі өз еріктерімен Қызыл Әскер қатарына жазылып соғысқа жүріп
кетті. Менімен бір бөлмеде тұратын Белоруссиялық Рома Улевич
пен Пензалық Костя Захаров та сол алғашқы толқынның ішінде кете
барды. Рома машина ойлап табатын конструкторлық іспен қызыға
әуестенетін. Сызу жұмысын ол жеңіл түсініп, тез оқитын. Өзі де
жақсы сызатын. Оқытушылар оның сызу жұмыстарын сапалы деп
бағалайтын. Бір нәрселерді ыждағатпен ойлап табатын. Осы салада
курстық проект жасауға асығып жүрген. Басқаларға да көмегін аямай
тын. Әттең сол соғыс осыншама дарынды болашақ конструкторды
арамыздан алып кетті.
Костя Захаров болса 18 жасында партия мүшесі болған азамат.
Әскерде саяси жетекші болды. Соғыстан ордендер мен медальдар
алып, майор шенінде оралды.
Шілде айының алғаш күндерінен бастап Мәскеу студенттері
Вязьма түбіндегі қорғаныс шебінің құрылысына жіберілді. Мыңдаған
студент жігіттер мен қыздар жалаң күрекпен танкіге қарсы ор қазды.
Темір мен бетоннан ұзақ уақыттық жердегі от нүктелерін
(ҰЖОК—ДЗОТ) салды. Ол жұмыстарды, бұрыннан құрылыстан ха
бары бар, басқалармен жасы тетелес студенттердің өздері басқарды.
Осыншама жас азаматтар, қолдарына күректен басқа қарулары жоқ,
үш айдан аса уақыт теп-тегіс далаңқы жерде тұрып жұмыс істедік.
Сол бір ауыр күндерде кейін шегініп келе жатқандықтан аласапы
Естеліктер
раннан бастары қатқан Қызыл Әскер басшылары бізді ұмытып кет
кенге ұқсайды. Бұл әрине соғыс қолбасшыларына аброй қоспайтып
ніс. Егер немістер бір шағын дисантты автоматпен осы құрылыс ала-
ңына тал түсте түсірсе студенттер қойдай қырылар еді. Тамыз ай
ында зәремізді кетіріп түн сайын Мәскеуді бомбылауға бара жатқан
ұшақтар дәл төбемізден сарнап өтетін. Біздің бақытымызға қарай он
дай апаттан аман қалдық. Олай дейтінім, біз сол күндері немістердің
Смоленскідегі психатриялық ауруханаға бомба тастағанын естігенбіз.
Естіп үрейленгенбіз.
Соғыс басталғанда Ілияс Рига қаласында әскери-саяси училище
бітіріп жатқан. Жаз бойы Ілиястан еш хабар ала алмай қапаланып
жүрдім.
Қаңтарда біз институтқа Вязьмадан қайтып оралдық. Ілиястан
маған хат келген екен. Ол:
— Соғыстың бірінші күндерінен бастап мен артиллерия батарея-
сының саяси жетекшісі болып тағайындалдым. Өте ауыр жағдайда
соғысып жатырмыз. Бірақ мен үшін ұялмайсың. Сенің де Отан
алдындағы парызыңды өтейтініңе күмәнім жоқ. Бұндай сұрапыл
соғыста жол кесу қиын. Мүмкін қаза табармыз. Мүмкін мүгедек бо
лып, бірақ тірі қалармыз. Менің тәңірден бар сұрайтыным: біреуіміз,
қандай түрде болмасын, әйтеуір тірі қалып, елге барып ағайын-
жекжатты қуантсақ деймін. Жеңісті сол өз көзімен көрсе,— депті ха
«Жеңісті көрсе» дегені Ілиястың осы жеңіс түбінде біздер жақта
болатындығына сенгендігі ғой деп осы күні ол үшін дән риза бо
ламын. «Мүгедек болсақта» дегені сол 1941 жылы менің жаным
ды тітіркенткені де рас. Мен тылдамын, ол соғыстың ішінде, бәрін
көзімен көріп жатқан. Сондықтан бізге әр түрлі әсер еткен шығар.
«Үш күннен кейін көрге де үйренесің» деп бабаларымыз тегін
Институтымыздың басшылары бізге осы соғыс жағдайында те-
жолдың ең үлкен майдан үшін стратегиялық мәні бар екенін айта
бастады. Сол себепті теміржолшыларға сақтау қағазы — бронь берді.
Көп ұзамай біздің институт эвакуацияға ілігіп Томск қаласына
көшті. Сабақ енді күнде бола бермейтін болды. Бүкіл институт
4-5 бөлмеден тұратын 2 этаж үйге орналасты. Не оқулықтар, не
лабораториялық аспаптар жеткілікті болмады. Көптеген студент
тер жергілікті заводтарға жұмысқа орналасты. Осындай жағдайда
студенттердің бір үлкен тобы өз еріктерімен Қызыл Әскер қатарына
алынды. Мен де осы топта едім. Себебі, институтта үлгеріміммен,
тәртібіммен және қоғамдық жұмыстардың белсендісі ретінде алдың-
Естеліктер
ғы қатардағы студент болатынмын. Өз еркіммен әлбетте әскерге жа
зылып, майданға кеткендер оқу орындары мен мекемелердің бетке
ұстар азаматтары болатын. Ол кезде қара бастың қамынан да, қоғам
мүддесі, ел тағдыры ең басты мақсат болатын. Достар бір-бірінен
қалыспайтын және бір-бірін тастап кетпейтін. Көпшілігі. Негізінен.
Әрине, бес саусақ бірдей емес.
Сол күндері асыға күтіп жүрген хатты Ілиястан алдым. Ауыр жа
раланып ол Свердловск госпиталінде жатыр екен. Оны көргім келіп,
тынышым қатты кете бастады. 1941 жылдың желтоқсанында бұл
жеңіл, оңай арман болмайтын. Соғыстың ең қатерлі кезеңі еді ғой.
Күтпеген жерде бұл арман іске асып кетті. Олай болғаны, соғыс
академиясына 4-ші және 5-ші курс студенттерін барлық фронттардан
жолдау керек деген Жоғарғы Бас қолбасшының бұйрығы шығыпты.
Бұл командирлер мен инженерлердің ұзаққа созылатын соғыс кезінде-
гі және кейінгі бейбіт шақтағы қажетті мамандарын сарқылтпау үшін
шыққан бұйрық екен. Кадр резервтерін дайындау деп аталатын.
Әскери Академиялар сол жылдары әртүрлі қаларда орналасқан
болатын. Таңдауға мүмкіндік үлкен болды. Бронетанк әскерімің ака
демиясы, Электротехникалық академия, Н. Е. Жуковский атындағы
соғыс-әуе күштері академиясы. Мен соңғысын таңдап алдым. Бар
себебі соғыс-әуе күштері академиясы Свердловск қаласында екен.
Онда Ілияс госпитальда жатыр.
Көп өтпей мен Ілияспен кездестім. Егер бейбіт заманда біздің
кездесуіміз алаңсыз қуаныш әкелсе, ал бұл 1942 жылдың қаңтардағы
кездесуіміз қуаныш пен үрей сезімін көңілге қатар ұялатты. Бұл
ызғарлы кезеңдегі ұмытылмас ерекше кездесуіміз еді. Ілияс Ста
рая Руссо түбінде оң аяғына жарақат алған екен. Ампутация жасап
дәрігерлер аяқты кескілері келгенде Ілияс қарсы болыпты. Келсем ол
гипсте жатыр. Ілияспен бірге госпиталде оның батареясының бір сол
даты бар көрінеді. Ол да аяғынан ауыр жарақаттанған. Оның айтуынша:
— Мен біздің саяси жетекшіміз екеуіміз шабуылға шығып жауға
қарсы жүгіргенімізде аяғымызға оқ тиді. Біз үшін өте маңызды нәрсе,
ол оқтың қалай, қай жақтан тигендігі. Ал біздің жолымыз болып оқ
аяғымыздың өкше жағынан емес, алдыңғы жағынан тигендігі. Жара
қаракеті бізді немістерден кейін қарай қашып бара жатқанда емес,
керісінше, оларға қарсы жүгіргенімізде оқ тигенін өзі дәлелдеп тұр деп
Ол әңгімесін одан әрі жалғастырды:
— Бізбен бірге болған бір жауынгер біз жатқан Кострома гос-
питаліне бізден сәл кейін түсіп, оның аузынан естіген жаңалығым:
саяси жетекші І. Есенберлинді «Қызыл Ту» орденіне, мені «Қызыл
Естеліктер
жұлдыз» орденіне әскери басшылық сол жолғы шабуыл үшін ұсынды
деген хабары. Ол бұл сөздерін мақтаныш сезіммен айтты. Бірақ ол
орденді Ілияс соғыс кезінде де, соғыстан кейін де алған жоқ. На
града листогы бір жерде жоғалғанға ұқсайды. Әскери комиссариат
салақсырап сұрау жасамаған. Ілияс өзі де орденін іздеуге құлшынып
кіріскен емес. Жазушылығына алған белгілермен қанағаттанды. Ол
ондай дүниелерге алтын уақытын кетіріп мансап іздеуді ұнатпайтын.
Сылдыраған, жылтырағанға құмар азаматтарды жек көретін.
Госпиталде Ілияс жарты жыл бойы жатты. Оған мүгедектік берді.
Сосын ол Алматыға кетті. Кетерінің алдында ол маған Академияға
келді. Енді Ілияс балдақпен жүретін болған. Бір аяғы екіншісінен
2 см қысқа болып қалыпты. Кейін аяғы әбден жазылғасын ол оң
аяғына арнайы тігілген аяқ киім киіп жүрді. Аяқтың ақсақтығы кей
де ғана байқалып қалатын. Бірақ соғыс жарақаты бүкіл қалған өмірі
бойы өзін білдіріп тұрды. Әр себеппен. Негізінен ауа райына бай
ланысты. Жарты жылда аяқ ауруынан көп бейнет көрсе де және әлі
де толық айығып кетпесе де туған жермен кездесер алдында сергек,
көңілі көтеріңкі жүрді.
— Мен Кеңес Одағын қорғадым. Өлімге қарсы жүгірдім. Жара-
ттандым. Одақты қорғай мен Қазақстанды да қорғадым. Өзімнің
туған елімді де, алғаш тәй-тәй басқан жерімді. Маған ең қымбат дү-
ние — Отан. Оның құрбандығы болуына басымызды байладық. Осы
сезімімді «Елге қайтқанда» атты өлеңімде келтірдім,— деді Ілияс.
Түтіні өркештеніп будақ-будақ,
Келеді оқтай ағып поезд зулап;
Майданнан жараланып елге қайттым,
Жүрегім дүрсілдейді аттай тулап...
Жұлдыздай зымырайды поезд ағып,
Самал жел сыбырлайды сырын шағып;
Мен тұрдым көзімді алмай терезеден,
Қиялым әлде қайда қанат қағып...
Аймалап сүймек болып мауқын басып,
Күн күліп, тоғай шулап, өзен тасып,
Туған жер анамдай-ақ аңсап күткен
Қарсы алды жұпар төгіп қойнын ашып.
Қуаныш сол бір кезде мені де ертіп,
Шаттықтың балын ішіп көңілім елтіп,
Тасыған үнім сыймай көкірекке
Естеліктер
Жібердім жүрек қылын шертіп-шертіп.
Қуандым, елжіредім, жанып-күйдім,
Құрметтеп туған жерге басымды идім;
Поездың бір тоқтаған мезгілінде
Құшақтап топырағын барып сүйдім.
Алматыда Ілияс майданнан қайтқан соң драма театрының әде-
биет бөлімінің меңгерушісі болып жұмысқа орналасты. Одан кейін
орталық комитет аппаратына инструктор болып ауысты.
Бір жылдан соң Ілиястан ішінде қалыңдығының фотосуреті бар
қуанышты хат алдым. Фотосуретте бет келбеті қазаққа аса ұқсай
қоймайтын өте сұлу бойжеткен қыз бейнеленген. Meн біздің ара
мызда үшінші жан — ағама жар, маған жеңге болатын адам — майда
болатын сәтті ерекше іждағатпен күтіп жүргенмін. Ол қандай адам
болады деген сұрақ мені қатты ойландыратын. Ол біздің арамыздағы
бала күннен берік қалыптасып қалған үлкен сыйластықты, аға мен іні
арасындағы нәзік бауырластықты, жетімдік шыңдаған сүйіспеншілікті
бұзбай ма деп те ойлайтынмын. Мен Ілиястың болашақ жарының тек
келбеті ғана сұлу емес, ішкі жан дүниесі оған сай деп ұқтым. Сол
себепті Ілиясқа әйелін алақанында аялата білсе екен деген тілегім
менің көкейімде жүрді. Көп кешіктірмей олар үйленді.
Өзінің жан жолдасына деген ыстық махаббатын Ілияс «Жарға»
деген өлеңінде жазған болатын.
Сен едің жұрттан таңдап сүйген жарым,
Білемін кірсіз таза ұят, арың.
Сүйгенім өмірімнің қуанышы —
Қандырған жас тілектің ынтызарын.
Тартқан жоқ мені жалғыз сыртқы түсің,
Жан сәулем ең алдымен соны түсін;
Сырыңды сынға салып қатты сендім,
Өзімдей ойлайды деп халық ісін.
Ақ жүрек, қарақат көз, қалқатайым,
Сен болдың таңдағаным, алтын айым,
Сондықтан махаббатым саған берген,
Жалындап өрши түсер күн-күн сайын.
Ілияс өзінің Дилярасын өте жақсы көретін. Оны біз еркелетіп
Диля деген ықшам есіммен атайтынбыз. Ол да өз тарапынан Ілиястың
үлкен махаббатына тұратындай болып шықты. Диляра оның сәтсіздік
пен самғауға толы өмірінің күрделі шақтарында мойымай ыстық
Естеліктер
суықты бірдей бөлісе білді. Жеңгеміз ағамызды творчестволық ерлікке
шабыттандыра алды. Және оны ауыр науқастан арашалап алды.
Халық жауының қызы — АЛЖИР түрмесі зардабына анасы
түскен, репрессия құрбаны болған, әкеден кеңес үкіметі ерте ай-
ырған, бала кезінен қасіреттің уын ішкен осы бір бүлдіршіндей
жас, тал-шыбықтай кішкене ғана жеңгеміз Диляраның сағы сынбай,
тауы шағылмай үлкен адамгершіліктің иесі болып отырғанына қуа-
натынмын да таң қалушы едім. Оған сонау бала кезінен соншама тра
гедия мен драмалық оқиғаға толы тағдырға шыдағаны үлкен өнеге
мектебі емес пе. Әсіресе бүгінгі қазақ қыздарына.
Тамаша әйелдер туралы жазылған романдар, повестер, әңгіме-
лер аз емес. Ондай туындылар көбінесе автордың әсерлеуімен, көр-
кемдеуімен, күшейтуімен жасалынады! Негізінен жинақты образ
дар Ілияс ошағының сақтаушысы Диляра жайлы кітап жазылса сол
табиғи, деректі оқиға, ащы шындықтың өзі жиналуынан алатын өткір
сюжетке онсыз да толы болар еді.
...Әскери әуе академиясындағы біздің оқуымыз созылып кетті.
Сондықтан соғысқа біз тек 1944 жылғы жаз басында ғана бардық. Meн
І-ші Прибалтика фронтының 6-шы гвардиялық авиация полкында
ғыстым. Бұл біздің, триумфтік жеңіске бет алған, жетістігі мол шабу
ылдар кезеңі еді. Аспанды толығымен біздің авиация билеп алған кез.
Жаз айларында біздің көшпелі аэродромымызды немістер ұшақтары
бір де бомбылап көрген жоқ. Бомбаламақ түгілі жау авиациясының
дауысын да естімедік. Бұл біздің авиациямыздың басымдылығының
айғағы еді. Күздің аяғында мені фронттан академияға аэродинамик
тер тобын дайындайтын сабаққа шақырып алды.
Бір жылдан кейін 1945 жылы біз Ілияспен Алматыда қуаныса
кездестік. Кездескенде көріп, сосын есімде қалған ең айшық су
рет соғыстың бітіп, жаудың жеңілгеніне риза болғандықтан пайда
болған Ілиястың шексіз қуанышы мен бақыты еді. Оның үстіне біз
бір жанұяның түгелдей осы сұрапыл соғысқа белсенді қатысып, бә-
рімізде аман оралдық. Ілиястың осыдан төрт жыл бұрын біреуіміздің
тіпті мүгедек болсақ та жеңіс күніне жетіп, елді көруге, ағайынмен
қауышуға жазсын деген ақ тілегі артығымен орындалып отырған сәт
еді. Жеңістің үшеуіміз де куәгері болдық. Оның ішінде менің аяқ-
қолым түгел бүтін. Ахметқали соғысты тек көзімен ғана емес, жан-
тәнімен сезінді.
Ол соғыста ауыр контузия алып, жанарынан айырылды. Бірақ
бұрынғы өз мамандығымен жұмыс істей алды — электр доғасының
өткір жарығы металды пісіруге көздің әлсіз сәулесіне көмек берді.
Ахметқали соғыстан кейін Қарағандыда жұмыс істеді. Бір хатын
да маған өзінің сағы сынбағанын және өзін бақытсыз жұрдай болған
Естеліктер
адамға санамайтынын айтып бізге басу айтты.
Ахметқалидың соғыстағы алған жарасы қауіпті болып шықты.
Бір жыл өткен соң ол өмірден өтті. Оның құрметіне Ілияс «Алтын ат
тар оянды» романында кейіпкеріне өндіріс маманын, цехтың беделді
шеберіне Ахметқали есімін берді.
Соғыстың аяқ кезінде Ілияс пен Диля жанұясында алғашқы сәби
дүниеге келді. Ол Раушан. Ілияс Алматыға Ақмола жанындағы От
анын сатқандардың әйелдерінің лагерінен (ОСӘАЛ —АЛЖИР) әлі де
толық ақталмаған, реабелитациясы бітпеген жесір қалған Диляның
шешесін және оның кішкентай екі інісін тәуекелге бел байлап алып
келген-ді. Ілияс енді өлеңдер мен поэмалар жаза бастады. Егер өлең
жазуын қойып кетпегенде одан үлкен ақын шығар еді. Поэзия сала
сында оның жалт еткен кездері де болды:
Өлең сенің құшағыңа енейін,
Қиын болсаң азабыңа көнейін,
Жүрегімнен жалыныңды аяма,
Ең болмаса бір жарқырап сөнейін...
«Әдебиет пен Өнер» журналының 1945 жылғы № 4 санында
сын мақалада Ілиястың басып шығарған екі поэмасы: «Айша» мен
«Төлеген» жоғарғы баға алды. Ол мақала біздің әдебиетіміздің 25
жылдығына арналған болатын.
Осылайша жас ақын Ілияс қазақ поэзиясына бет бұрды. Одан
кейін «Әдебиет және Өнер» журналында Ілияс екі әңгіме шығарды:
«Адамгершілік туралы әңгіме» және «Қасиет иелері». Ілиястың
«Жомарттық туралы ән» опералық либереттосы республикалық
конкурста үшінші орын алды. Ілияс Есенберлиннің есімін жазушы
лар одағының съезінде қазақ әдебиетінің алыптарының бірі Сәбит
Мұқанов алғаш атап, оны әдебиетімізге келген жас дарындардың бірі
деді. Сәбең сөйтіп Ілияс творчествосынан үміт күтетінін білдірді. Ірі
тарлан қателеспегенін кейін өмір өзі дәлелдеді.
Дегенмен, көп себептермен Ілияс ұзақ уақыт бойы, тура айтсақ
20 жыл көлеңкеде аз танымал жазушы болып келді. Көптеген поэ-
малардың, повестердің, пьесалардың, киносценарийлардың, опера ли
беретто, көп өлеңдердің авторы бола тұрып. Алпысыншы жылдардың
орта кезінен бастап Ілияс ірі масштабты эпикалық туындылар жасай
бастады. Осы кітаптар оны Одақ халықтарының әдебиетінің алғы
шебіне алып шықты.
Өздеріңізге белгілі, Ілиястың ең ауқымды туындылары та
рих тақырыбына арналды. Қайтыс боларға аз қалғанда «Ойлар мен
үзінділер» атты жұмысында ол жазды: «Мен қазір неліктен тарихқа
көп ден қойып жүрмін? Қазір өмір маған қызық емес болғандықтан
Естеліктер
ба? Жоқ, мүлде олай емес! Мен осы күнімді, қазіргі өмірді сүйемін,
өйткені, бүгінгі күн — менің ұрпақтарымның өмірі. Мен қазір
артта-ғы ғұмырға үңілемін, солай еткенде менің әуестігім, менің
дүние та-нымым тереңірек, мазмұндырақ бола түседі. Meн өмірімді
білмеген тарих жайында ойламаған кезде болса бір басқа, ал қазір...
Ағаш биіктеп өскен сайын, оның тамыры да жерге бойлап тереңдей
түспей ме, адам да солай. Қоғам да солай. Ол болашақ туралы көбірек
толғанған са-йын, өткен тарихы жайында көбірек білгісі келеді. Он
сыз болашақты құруға болмайды.
Жазушы алыста қалған уақытты тарихи зерделеумен ұзақ, айна-
лысқан кезде, өтіп кеткен адамдар мен оқиғалар оның санасында қайта
тіріліп, ол еріксізден осының бәрінен тек адамды ғана көреді. Менде
де осылай болды. Кенесары ханға қатысты XIX ғасыр оқиғаларын
зерттей келе, мен осы өткен тарихи оқиғалардың бәрінен де қасіретті
адамның тұлғасын көрдім. Ол маған бүкіл күрделі мінезімен, табыс-
тарымен, сәтсіздіктерімен көрінді де, мен ол жайында роман жазып
шықтым. Ақтаған да, қаралаған да жоқпын, өмірде қалай болса, солай
етіп жаздым.»
Өмірінің соңғы жылдарында Ілияс «Алтын Орда» трилогиясы-
на көп еңбек сіңірді. Бірақ бұл кітап қазақ және орыс тілдерінде тек
ол өмірден өткен соң ғана жарық көрді. Кейбір қаламдастары «Көш-
пенділердің» қарымтасын «Алтын Ордадан» алып, Мәскеуде типогра
фияда теріліп қойған кітапты «саяси шикіліктігі» мен «идеологиялық
залалдығын» жалау етіп романның жарық көруін бірнеше жылға
шегеруге «ақыл-айлалары» мен «дарындары» жетті. Түбінде осы екі
трилогияның қазақ тарихының энциклопедиясы мен көк байрағы
болатынын олар сезбеген ғой. Ілияс өзінің тірі кезінде «Алыстағы
шайқас», «Махаббат мейрамы», «Ақ аққулардың қуанышы»
романдарының шыққанын көре алмай арманда кетті. Әрине, Ілияс
туындыларының темасының диапазоны көл-көсір, ауқымы ұлан-ға-
йыр кең. Бұл қыр қыранының ғана қолынан келетін ұлы іс. Бұндай
сан саналы творчестволық көп сайыстың Ілияс дарынының көп қыр-
лары, терең сырлы екенін дәлелдейді. Әсіресе оның тарихи трило
гиялары этнос санасын оятатын, мінезін қалыптастыратын, жігеріге
жігер қосатын, өзін-өзі сыйлайтын ұлт қалыптастыратын және мем
лекет ұйымдастыратын, христоматиялық, әр үйде стол үстінде, кітап
сөресінде тұратын жол көрсеткіш десек артық емес. Ілияс кітаптары
жоқ жанұя бүгін кемде-кем. Тек өз ұлты емес, басқа халықтарда да.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келсек, менің негізгі адамым,
менің тәрбиешім, ақылшым, тірегім, менің бауырым Ілияс осындай
адам болған еді.
Естеліктер
Бізді басқа жұрт жас кезімізде егіз бала деп ұғыпты. Әрине, ол
менен небәрі бір-ақ жас үлкен болатын. Өзінің қабырғасы қатпай,
бұғанасы бекімей мені бала күнімде, онан әрі де жас кезімде тәр-
биелеп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай елдің алды
қылып Мәскеуден Әскери академия бітіргізіп, адам қылған сол баяғы
кішкене ағам.
Meн талпыныспен, еңбекпен, техника ғылымдарының докторы,
професcop болып Мәскеу университеттерінде сабақ беріп, Одақ ғы-
лыми-зерттеу институттарында авиация мен космонавтика салала
рында жемісті, абыройлы зерттеулер жасағаныммен, Одақ әскерінің
полковнигі атанғанменен осының бәрінің негізін, іргетасын менің
тағдырымды салып берген кіп-кішкетай ағам Ілияс емес пе еді! Кім-
нің ағасы бауырын осыншама сүйіспеншілікпен ұзақ жыл сүйрейді.
Қажымай, талмай.
Мәскеуге де, ұлы халыққа да дәп ризамын. Бәрі солардың арқасы.
«Егер Раунақ европа нәсілінен болса, ол профессор емес академик,
полковник емес генерал болар еді»,— деген қаңқу сөздерде қанша
жан болса да, өз басым ондай байбалам салудан мүлдем аулақпын.
Мен мансаптың құлы емеспін. Мен «жұлдыз» дәметіп тер төккен
емеспін. Мен Отаныма қызмет еттім. Мені Ілияс осылай тәрбиелеген.
Мен оның жолын қудым, ізімен жүрдім.
Ерте жетім қалып әке-шешеміздің жылы алақаны маңдайымыздан
сипамағандықтан мен оның қарымтасын бөтен жандардың ыстық
ықыласынан алып жүрдім. Қай жерде еңбек етсем де ұжымға сый
лы болдым. Бұл бір жағынан өзімнің саналы өмірімнің мәні болса,
екінші жағынан Ілияс тәрбиесі еді. Қызыл сөз үшін айтпаймын, рас,
маған жолдас-жоралар тек жақсы айдар тағады. Әріптестерім мені:
«О, наш Раунах — бог ракетной пайки!»,— дейді, әзіл-шыны ара
лас. Бұндай тұмар маған орден-медальдан да қымбат. Себебі менің
атқарған жұмысым сала мамандары арасында аңызға айналғанын ра
кета-космос мамандары біледі. Сондықтан мен өзімді бақытты адам
деп санаймын.
Н. Е. Жуковский атындағы әскери-әуе академиясын бітіргеннен
кейін 3 жылдан соң менде екінші негізгі адам пайда болды. Ол менің
ғылыми жетекшім дарынды академик Сергей Николайұлы Лоцманов.
Осы ұстаздың тәрбиесімен техника ғылымының докторы болдым.
Профессор В. П. Фролов екеуіміз ол кісі жайлы очерк жазып, оны
«Красная звезда» газетіне шығардық.
Менің жүрегімде Ілияс ерекше орын алады.
Ілияс күрделі, арасында өте ауыр өмірді басынан кешті. Өмір
мұхитының жайбарақат тыныш күйін де, қатты, ал кейде өте кауіпті
дүлей толқынын да көрді. Бірақ оның қайығы мұхиттың арғы жағына
Естеліктер
О баста айтылған сұраққа оралсақ, әрине тар жол тайғақ өмір
жолында Ілиястың да өз негізгі адамы болған еді. Ол оған көмегін
тура да, жанай да аяған жоқ. Әсіресе екі оқиға Ілияс үшін өте мәнді
еді. Бірінші жолы Димаш Ахметұлы Қонаев Ілиясты өте ауыр жалған
жаладан аман алып қалды. Олжас жайлы халық біледі, ал Димекең та
лайды тоталитарлық жүйенің құрбаны қылмағанын тек кіші шеңбер
түсінеді. Екінші жолы Димаш Ахметұлы Ілияс дарынына сенім арт
ты. Нәтижесінде қазақ халқының бетке ұстар мақтанышына айналған
«Көшпенділер», «Алтын Орда» трилогиялары жарық көрді.
Әрине кемеңгер, көреген Димекең бұл кітаптардың саяси салма-
ғын, тарихи ақтаңдақтардың орнын толтыратындығын, идеология-
лық тәрбиелік мәнін, көшпенділер мәдениетін паштайтындығын,
кешегі, бүгіні, ертеңгі дәуірлеріміздің үш бағыттың тұтастығын фи-
лософиялық сарапқа салуға мүмкіндік бере алатын тамаша құрал деп
Қателескен де жоқ. Ілияс бұл жағдайларды ешқашан есінен
шығармайтын. «Ер жігіттің мойнында қыл арқан шірімейді»,— деген
терең халықтық ұғым оған бесенеден таныс, мінезінің ерекшелігі бо
лып табылатын. Адам деген ардақты атқа сай болу үшін біз бәріміз де
өзіміздің негізгі адамымызды әрқашан жадымызда ұстауымыз абзал.
20 мамыр 1986 жыл. Мәскеу
Р. S. Отыз жыл Одақтың қорғаныс министрлігі қарамағында құпия
ғылыми-зерттеу институттарында еңбек еткендіктен өзімнің соғыс-
тан кейінгі Мәскеудегі өмірім жайлы сөз ете алмауыма оқырмандардан
кешірім сұраймын. Бұл тек бір менің ғана өмірбаянымның ерекшелігі
ғана емес. Әрине, өз елім, өз жерім Байқоңырдан ғарышқа самғаған
«Боранның» ыстыққа шыдамды сыртқы қабы — бұл менің де қо-
лымнан жасалған құпия материал екендігін өзім мақтаныш етемін.
Бұл бір ғана мысал. Маман емес адамға менің істеген зерттеулерім
қызық бола қоймас. Менің Ілиястан ерекшелігім осы жерде де көрініп
тұр. Біз жүйенің, саланың қызметкерлері болдық, қаншама Отанға
ерінбей еңбек етсек те.
Аударған және өңдеген Ахмет Дүйсенбаев
Естеліктер
осенко
Мені Морис Симашко телефонмен таза ауада аздан қыдырып
қайтайық деп шақырған кезде біз бір-бірімізге: «Ілиястың жанында
кездесейік»,— деп айтамыз. Бұл Жамбыл көшесіндегі Ілияс Есенбер
лин тұрған үйдің бұрышындағы оның мемориалдық тақтасы ілінген
тұс. Сол жерден өткен жандарға оның бронзадан жасалған бет мүсіні
қарап тұр.
Осы мүсінде оның бет әлпеті, өзінің тірі кезіндегі айшық кел-
беті тамаша дәл жасалған. Қамсыз-қапасыз тұлғасы аурулары мен
шаршағандықтарын жеңіп шыққан кезіндей көрінеді. Әрине, қиын-
дықтардың ізі неге қалмасын, дегенмен бұл мүсіндегі негізгі көрі-
ніс — ой мен қажырлық.
Мен I. Есенберлинді бұрыннан танысам да, шын мәнінде оны тек
баспа директоры болып жүргенде білдім. Мысалы, сол кезден есімде
бір қалғаны: біз скверде сөйлесіп тұрмыз. Ол ызамен қызбаланып
«Казахстанская правда» газетінде шыққан мақала жайлы ашынып
айтып жатыр. Мен әңгімені әзілге айналдырып оның көңілін орнына
түсіруге тырысамын. I. Есенберлин ол кезде «Қазақфильм» киносту
диясында жұмыс істейтін. Газет материалы сол студия жайлы екен.
Ол кезде I. Есенберлин егде тартып қалса да ортаң қол жазушы болып
саналатын. Оның көптеген ауыртпалықтарды басынан кешкенінен
сол уақытта мен бейхабармын да. Ол сан-алуан жанрда қалам тар
тып жүрді. Поэмалар мен өлеңдер, повестер мен пьесалар, сцена
рийлар мен либеретталар жазды. Бірақ олар жарық көріп, театрларда
қойылып, кино болып шығып жатса да авторға атақ-даңқ әкелмеді.
Ол әдебиет олимпінен алыс болатын. Әрі жазушы, ірі әдебиет
қайраткері, баспа басшысы ретінде Есенберлин бір мезгілде қалып-
тасты. Бірақ жазушы ретінде ол бұдан сол ертерек танылды. I. Есен-
берлин «Айқас» атты өте өткір, жанжалды, албырт роман жазды. Бү-
гінгі кездегідей, сол уақыттарда да осындай айшық ақиқатқа толы
қара қылды қақ жаратын кітап сирек кездесетін.
Роман бірден танымалды болып шыға келді де, оның есімін туған
әдебиет шеберлерінің қатарында айтатын болды.
Жуырда мен «Казахстанская правда» газетінен жазушының 70
жылдығына арналған мақала оқып таң қалдым. Мені қамықтырған
жағдай I. Есенберлиннің өз замандастарына арналған кітаптары тура
Естеліктер
лы ештеңе айтылмағандығы. Әрине, жазушының ұлттық тарихи ро
ман жазғандағы ерен еңбегі, жалпы алғанда көне қоғамның — қазақ
халқының өткен өміріне деген ынтасын көтерудегі игі істері ұлан-
ғайыр екені даусыз мәселе. Бірақ ол осы күннің көкейтесті мәселе-
леріне тарихи кітаптарынан да басым көңіл бөлгені шындық емес пе.
Басқа кітаптарын айтпағанның өзінде де «Айқас», «Қатерлі өткел»
романдары XX ғасырдың «идеялық драмаларын» терең ашып берген
туындылары ғой.
I. Есенберлин «Жазушы» баспасының директоры болып келген
соң біз тағы да кездестік. Жұмыс бабымен. Ол кезде менің екінші
кітабым шыққалы жатқан. Жас жазушыға ең қиыны бірінші кітаптың
жарық көруі деген пікір бар бізде. Менің өз тәжірибем бойынша бұл
ылғи да солай емес. Бірінші кітабымның қолжазбасына редактор төрт
ескерту жасаған болатын. Оны мен тез арада түзетіп бердім. Сосын
кітап тез шығып кеткен еді. Осыдан кейін менің барлық кітаптарым
қиындықпен шыға бастады.
Содан менің екінші кітабым жап-жақсы баспаға кетіп бара жат-
қан кезде жаңа директор шығаруды тоқтатып тастады. Біреулер сы-
бырлаған көрінеді. Біраз қиналдым. Соңында кітабым жұқарып, ти
ражы азайып әрең дегенде жарық көрді.
Сол кезде мен Ілияс Есеберлинді қатты ұнатпай жүретінмін. Сон-
дықтан мені таңғалдырғаны екі айдан кейін өзіне орынбасарлыққа
үлкен жауапты қызметке шақырғаны. Мен баспаға барғым келмеді.
Бірақ I. Есенберлин айтқанынан қайтпады. Аяғында маған келісім бе
руге тура келді. Мен осы кісімен осы жұмыста ол директорлықтан
түскенге шейін бірге істедім. Неге?
Кітабымды жүндей түтіп борша еткен I. Есенберлин енді өзіне
қауіпті адамды жауапты қызметке шақырғаны, менің білуімше, оның
ащы мен тұщыны айыра білуінде еді. Ол ашуын ақылға жеңе білетін
әділ азамат болатын. Рас, менің кітабым оған ұнамады. Айтқаны да
бартын: «Бұл повесіңді менің ұлыма ұнайды деп ойлайсың ба?»—
деп. Бірақ ол мені «Жазушы» баспасының орыс тіліндегі әдебиетін
шығаруға қолайлы маман деп, белін бекем байлаған екен. Баспаның
қамын ойлаған еді. Ол өзінің субъективтік пікірін, менің кітабымды
ұнатпағанына қарамастан, жаратпай тұрып сезімін аттап өтіп іске
пайдалы шешімге өзі келді.
Қазақстанда негізгі баспа — «Жазушының» (аты талай рет өзгер-
ген) ондаған жылдық тарихында I. Есенберлиннің ең беделді білікті
директор болғаны баршамызға аян. Ол осы жерде әдебиетіміздің
қарқынды түрде үрдіс қалыптасу процесіне маңызды роль атқарды.
Бір жағынан оның өзінің де әдеби есімі осы тұста тоқтаусыз өсті.
Естеліктер
Романдары бірінен соң бірі шыға бастады. Бұдан әрі I. Есенберлин
тек роман ғана жазатын болды. Қарсыластары да қол қусырып қарап
отырмады. Дегенмен, I. Есенберлин романистикасы бүкіл көп ұлтты
Одақ әдебиетіндегі шоқтығы биік құбылысқа айналып тынды.
I. Есенберлиннің бойында сирек кездесетін ұйымдастырушылық
және әкімшілік дарын барын көрдік. Ол өзінің әкімшілік міндетін тек
жауапкершілікпен ғана емес, сүйсіне орындайтын. Директор мықты,
еңбекқор ұжым жиып алып баспа ісінің тасын тауға өрмелетті. Рес-
публикада жазылған барлық жақсы-ау деген кітаптарға ол жол берді.
Тіпті батыл кітаптар да шығып жүрді. Жасырмаймын, кейбір осын
дай «ыңғайсыз» дүниелерді ол шығара алмай әлекке түсіп жүретін.
Жоспарлық көрсеткіштер артығымен орындалатын. Сондықтан оның
баспасы ең жақсы санатта болатын.
Ал Есенберлин жауапты мемлекеттік қызмет пен творчестволық
шаруаларын қалай үйлестірді? Ол осы екеуін де жанындай жақсы
көретін. Үйлестіруге оның темірдей қатты жігері және менің өзім
басымнан кешкен — оның «мөлшерлі сезімі» көмектескені сөзсіз.
Таңғы тоғыздан кешкі алтыға дейін баспаның жұмысына берілетін.
Сырт көзге марғау. I. Есенберлин асықпай-саспай бір жұмыс күнін-
де сан алуан шаруа бітіріп үлгеретін. Ал кешкі сағат алтыдан кейін
I. Есенберлин директорлықтан «түсетін». Кешкісін, не демалыс күн-
дері қызмет бабымен соғылатын телефонды оның жаны жек көретін.
Тіпті дүние аударылып жатса да. Өйткені бұл уақытта ол директор
емес, жазушы болатын. Қызық еді.
Осы кісі қай жерде жүріп осыншама кітаптар жазды деген ой-
түрткімен бірде сұрадым. Ілекеңнің айтқаны:
— Үйге келемін, шәй ішемін, сосын ұйықтаймын. Сағат ондар
да үйдегілер сабырлана бастайды. Сосын мен столыма отырып түнгі
3, 4-ке дейін жазамын.
— Демалыс күндері де ме?
— Жоқ, демалыс күндері мен аз жұмыс істеймін. Бізде, қазақтар-
да қонаққа бару, достармен араласу деген салт бар ғой.
— Сонда бір түнде қанша жазып үлгересіз.
— 20-30 бет.
Кейбір «флоберистерді» мұндай сан үркітуі мүмкін. Дегенмен, ба-
ғаны нәтижеге бермей ме. I. Есенберлиннің бойында импровизатор-
лық, шығарып-салмалық дарын болатын. Ақындар ертеде айтыстарда
бір тыныспен жүздеген-мыңдаған рифмаланған жолдарды дүниеге
әп-сәтте әкелмеуші ме еді. Бұл әрине оның бабаларының қасиеті.
«Көшпенділер» трилогиясының бір романын Ілекең бір айда
(қаңтарда) жазды. Оның ішіндегі 4 күні жақын досы — дарынды жа
Естеліктер
зушы Қапан Сатыбалдиннің қайтыс болғандағы шаруаларына кетті.
Ай емес, 27 күнде жазды.
Әрине, бұл арпалыс қаңтарға 20 жылғы дайындықпен келгені де
рас. Оның үстіне роман талай рет қайта қаралып, түзетулер енгізілді.
Бірақ сонда да осыншама бұрқ еткен творчестволық «жарылыс»
ізетпен қайран қалдырады.
Директор Есенберлинмен жұмыс істеу оңай болды ма? Жал
пы айтсам — иә. Кейде қиын. Тіпті ол әділ еместей көрінетін. Бірақ
ол оқтын болатын дүниелер еді. Басшы ретінде ол ұсақ-түйекпен
өкшеңді баспайтын. Аңдымайтын. Қызметкерлерді өзі қол астына
таңдап алып, сосын оларға барынша ерік беретін.
I. Есенберлин әдебиеттегі дарындылықты өте жақсы сезетін. Және
дарынды әдебиетшілерді жанындай жақсы көретін. Ол Юрий Осипо
вич Домбровскиймен ұзақ жылдар бойы берік және тығыз достық
қарым-қатынаста болды. Біріне-бірі табиғатымен, сырт пішінімен,
әдетімен, өмірлік салтымен еш ұқсастықтары жоқ екі адамның қа-
лай жолдас болып тіл табысқандарына мен таңғаламын. Байсалды
және мақсатына ұмтылған ұқыпты Есенберлин — бұл дүниенің тұр-
мысынан бейхабар Домбровский. Әрине, Есенберлин өз досының
жай ғана «қыдырымпаз кемеңгер» емес, тек қана «фейерверк — адам»
емес, (Иван Шеголихинше), ол өте жоғары дәрежедегі қызметкер,
өте мәдениетті, пысық (сырт көзге алба-жұлба көрінгенмен) азамат
екенін жақсы білетін.
Ол Юрий Осипұлын «Жазушыдағы» аударма жұмысына қатты
араластырып тұрды. Домбровский Алматыға келген кездерінде мен
олардың бірге қыдырып жүргендерін жиі көретінмін. Тапал бойлы
Ілияс, одан бойы екі бас жоғары Юрий. Оның үстінде Домбровскийдің
төбесінде бір көпене сыған қара шашы болатын. Мәскеуге барған са-
йын Есенберлин өзінің аудармашы-досының Кіші Сухарев көшесінде-
гі ескі үйдегі коммуналкалық бөлмесінде (пәтерінде) болып тұратын.
Есенберлин Морис Симашко мен Юрий Гертті де қатты жақсы
көретін. Іскерлік үшін ол көп нәрсені кешіре білетін.
Бірде менің өтінішіммен ол поэзия редакторы қызметіне менің до
сым, әрі жерлесім Александар Скворцовты жұмысқа алды. Ол Сквор-
цовтың дарынды ақын екенін білетін. Бірақ Скворцовтың қыңыр ауыр
мінезі дөрекіліктерге әкеліп, үстінен арыздар түсті. Есенберлин оны
тәрбиелеп көріп еді, одан еш нәтиже шықпады. Директор оған қатты
ренжіді. Сосын оны байқамағансыды, өз жүйкесін тоздырмауға.
Скворцовтың талантты екенін және оның барар жері, басар тауы жоқ-
тығын ескеріп оны, қолында тұрса да баспадан қумады. Есенберлин-
нен кейін келген жаңа директор келе сала Скворцовты баспадан
шығарып жіберді.
Естеліктер
Мен досым болған соң бүйрегім бұрып айтып отырған жоқ-
пын. Әділіне келсек Скворцовтың мінезі қанша қисық болғанымен,
«Жазушы» баспасында ешқашан Александрдан мықты орыс поэзия-
редакторы болған емес. Ідекең осыны түсініп еді.
Есенберлин аудармашы санасына басты назар аударатын. Қазақ
жазушыларының туындыларын орысшаға аудару жауапты мәселе
болатын. Ол директор болған кезде «Жазушыда» аудармамен ірі
әдебиетшілер айналысты. Ал қазір мәскеулік Одақтың Жазушылар
Одағының мүшелерінің әйелдері, қыздары, келіндері, әпкелері аударып
жүр. Ілекең жақсы аудармашыларды өзі тез табатын.
Есенберлиннің денсаулығы нашар болатын, бірақ мені таңдан-
дыратыны сөйте тұра оның қайраттылығы. Көптен ауыратын. Науқас-
тан оның беті күлдей сұрғылт болатын. Ілбіп жүретінінің себебі де сол,
бойындағы дімкестен еді. Бірақ сөйтіп жүріп ол жұмысын тоқтатпады.
Егер қимылдамай жатсам ауру мені жеңіп кетеді деген еді маған бірде.
Бір жолы екеуіміз Мәскеуге бірге ұшып бардық. Машинаға отыр-
ғасын: алға қарасам басым айналады деп бірден көздерін тас жұмып
алды. Аэропортта медпунктке кіріп дәрі ішті. Ұшақта оның түрінен
адам шошитын. Ал Мәскеу мейманханасында бір сағаттан кейін ол
Шыңғыс Айтматовпен сөйлесіп жатты. Сосын бір жарым сағаттан соң
Одақ Жазушылары үйіне кетті.
Ол тамаша қатты өзіндік тәртіп адамы болатын. Кейінірек мен
өзімнің директорымды оның өмірінің соңғы жылдары жиі кездестіріп
тұратынмын. Әрине, ауру оны өкшелеп жүрді, бірақ «темір шал» оған
берілем деп ойламады. Романдарын бұрқыратып жазды, көптеген
қоғамдық қызметтерде болды, соғысып жүрді. Қарсыластары да көп
болатын. Ол оларға сол бұрынғы кездегідей әдебиет пен тарихқа де
ген көзқарасын дәлелдеп бақты. Шынына келсек, енді Ілекең өз
оқырмандарына арқа сүйейтін дәрежеге шықты. Халық ықыласы оған
рухани қолдау жасады. Жазушыға бұдан артық не бақыт қажет. Ол жәй
сөз жүзінде, мансап тұрғысында емес, іс жүзінде халық жазушысы бол
ды. Оның романдарын қалада студент жастар оқыса, далада ақсақалдар
тамашалады. Бірдей сүйіспеншілікпен. «Простор» журналының «Ал
тын Орда» басылған номерлерін халық киоскіден лезде талап әкетті.
Ол көптеген жылдар ауырды, сосын күтпеген жерде өте тез өмір-
ден өтіп кетті. Ауруханада да аз-ақ болды. Бір таңғажайыбы ол табыт-
та жатқанда өлген адамға ұқсамады. Мүсінінде жинақылық, бірегейлік
бар еді. Дарыны сарқылмаған адам, көп айтқан, бірақ барлық ойын ай
тып бітпеген жазушы, жауынгер, тап қазір де айқасты жалғауға дайын
секілденді.
Аударған Ахмет Дүйсенбаев
Естеліктер
ұрғожа Ораз
БАТЫЛ
БАТЫР
Жазушының өмірі — оның творчествосы екені аян. Ал қалам
ұстағанға дейінгі жастық шағы бірер сөздің маңында ғана шектелсе
керек. Ілияс Есенберлин 1915 жылы Атбасар қаласында дүниеге кел
ген. Ата-анадан ерте айырылған жас ұланды жетім балалар үйі қам-
қорлыққа алады, сөйтіп ол өзі сияқты балалар тәрбиеленген үйді
бауыр басады. Туған інісі Раунақ екеуі (ол техника ғылымдарының
докторы, профессор ұзақ жылдар Москва қаласында тұрған) бола-
шаққа апарар білім-ғылым жолын осы балалар үйіндегі мектептен
бастаған.
Творчестволық өрлеу дәуіріне дейін Ілияс Есенберлин ақын ретін-
де «Айша» және «Сұлтан» поэмаларын 1945 жылы шығарса, одан
төрт жылдан соң «Дәулет туралы жыр» атты өлеңдер жинағын берді.
«Біржан-Сара» және «Большевик туралы поэма» атты дастандардың
авторы да Ілекең. «Таудағы тартыс» пьесасын республикалық жасөс-
пірімдер театры өз сахнасында қойды. Қалың жұртшылыққа тараған
қырықтан астам әндердің сөзін жазды. Оның ішінде «Жастар вальсі»,
«Домбыра», «Қыз арманы» сияқты жастардың сүйіп шырқар әндері
Оның атын асқақтата шығарған үлкен прозасы 1966 жылдан
басталады. Яғни, сол жылы жарық көрген «Айқас» романы үшін ол
республикалық Абай атындағы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды.
Геологтар өмірінен алып жазылған бұл кең тынысты романда
еңбекқор талант иесінің жолы мен дарынсыз, арсыз адамның арасын-
дағы айқас көрсетіледі, сол арқылы адамгершілік атты асқақ қасиет
мүсінделеді.
Жазушының аса күрделі, қилы кезеңдерді суреттеуге арналған
«Қатерлі өткел» романының жүгі де ауыр. Бұл күрделі туынды 1967
жылы жарық көрді. Бұл романда халқымыздың жаңа, өзіне бейтаныс
социализм аталған заманға өту дәуіріндегі бел-белестері тұсында
тұн-шыға булыққан қазақ интеллигенциясының өмірі мен «құдай сал
ды — мен көндім» дегендей зұлмат қоғамдық қатынысқа қалыптасуы
үлкен тартыс үстінде, күрделі әдеби штрихтармен суреттеледі.
Алғашқы кезде ол тұста яғни жиырмасыншы жылдарда жексұ-
рын етіп көрсетілген алашордашылардың ықпалында болған жас
Бүркіттің жан толғаныстары соның айғағы. Ілекең осы образ арқылы
Естеліктер
сталиндік тоталитарлық заманда халқымыздың басына төндірген
неше бір зұлматтарды Бүркіттің аузымен талдап тұрып айтқызады.
Социализмді танымай, мойындамай жүрген жас адамның ойы ретінде
тіпті жазушы осы романды жазған 1960 жылдарда Хрущевтің лаңымен
қазақ елінде жасалып жатқан зорлықтар, жұрттың қолындағы жалғыз
малына дейін тартып алып, жерін рұқсатсыз дал-дал жыртып, ақыры
жел эрозиясына ұшыратып, елді жаппай орыстандыру үшін қазақ
мектептерін жауып, ежелден тәп-тәуір өмір сүріп келе жатқан елді
қоныстарды елеусіз қалдырып деген сияқты неше түрлі сорақыларды
жасап жатқанын сонау жиырмасыншы жылдарда Бүркіттің көз алдын
да өтіп жатқандай етіп көрсетуі — романды композиция жағынан ше
бер құра білуі (роман штрихтарын таба білуі). Сөйтіп тоталитарлық
заманның өзінде айтайын деген жүрек запыранын айтып беруі Іле-
кеңнің халқы үшін ұлы тұлға екендігін танытады.
«Ғашықтар» романы да қазақ интеллигенциясының өміріне арнал-
ған. Бірақ мұнда қазіргі дәуірдегі адамдар характері қақтығысқа түн-
гі роман сюжетімен сомдалады. Яғни бүгінгі жастардың моральдық
адамгершілік қасиеттері бейнелі суреттелген.
Адамгершілік атты асқақ қасиеттің ұсақтап, батыс өркениетінің
әсері бойынша ұят дейтін қасиетті ұғым бойынан жұлып тасталып,
абыройдың жалаңашталған шағы, ішкі дүниедегі дүлей күштердің бас
көтере бастағаны шебер көрсетіліп еді. Бүгінде романшы Ілекеңнің
сол көрегендігіне таңғалмасқа болмайды. Өйткені ол қауіптенген аза-
маттың кері қылықтары қазір елді түгел дерлік жаулап алды
I. Есенберлин «Алтын құс» романы үшін коммунистердің көсемі
В. И. Лениннің туғанына 100 жыл толу мерекесіне арнайы жариялан-
ған көркем туындылар бәйгесінде жүлдегер атанды.
Жазушы өзінің институтта алған мамандығына жақын болған-
дықтан геологтар, кеншілер өміріне жиі соғып, олардың ор қырынан
келеді де барған сайын толықтыра түседі.
Ілекең шығармашылығы бір мақала көлеміне сия бермес. Сон-
дықтан біз жазушының барша шығармаларын айта алмаған күнде де
оның өз туған облысына, Есіл өңіріне арнаған «Көлеңкеңмен қорғай
жүр» атты туындысына аялдаңқырап өткенді жөн көрдік. Осы тұста
айта кететін бір деталь — бұл роман 50 жылдардың аяғына «Толқиды
Есіл» деген атпен повесть болып жарық көрген болатын. Кейінгі сол
туындысына саясат үшін қайта оралып, роман дәрежесіне көтерді.
Егер біз романның жүгін талдап санайтын болсақ, мұнда ең алдымен
жаны ашымастықтан жаудың жеріндей ту-талақайға салған егістік да-
ладағы жел эрозиясы, оған күрес проблемасы алдымыздан атойлап
шыға келді.
Естеліктер
Жазушының бұл романнан басқа да «Маңғыстау майданы»,
«Өсиет», «Алтын аттар оянады» тағы басқа романдары баршылық.
Оларды сөз етуді жазушының мүшел тойына арналған шолу көтере
бермес. Ол жағын әдебиетші ғалымдарға қалдырайық та соның сөзіне
ойысалық.
Ілекеңді барша оқырман тарихи романдары үшін зор ілтипатпен
қадірлейтін еді. Халқымыздың көнеріп кеткен шежірелерін тірілт-
кеніне разы-тын. Шынында тереңіне шын бата бойлап барып, жеті
ғасырлық ұлан-асыр оқиғаны алты кітаппен, көз алдымызға әкеліп
беруін жазушының ерлігі деп білген лазым. Бүгінде қалың оқырман-
ның аузындағы «Көшпенділер», «Алтын Орда» атты қос трилогия
хақындағы тамсаныс басылған жоқ. Шет елдерге де сол күш-қуаты-
мен тарап кетті.
Осы еңбектері аталуында екіге бөлгенмен өз басым алты кітаптан
тұратын тұтас бір кең полотнолы эпопея төрізді қабылдаймын. Өйт-
кені бүгінгі таңда тарихи тақырыпқа теңдесі жоқ бұл туынды — хал-
қымыздың жеті ғасырлық өмірбаяны. Қазақтың көне жерінде болып
өткен қиянкескі ұрыстардың, қанкешті тартыстардың бел ортасында
халық жүр. Шыңғысхан ұрпағынан адам хан болса да олар жергілікті
жұрттан жасақ жинап, жеңісті жорықтарының бәрі де солармен бай
ланысты ғой. Халық болмаса хан кімді басқарады? Miнe, сондықтан
да «Алтын Ордадағы» Бату ханнан бастап Едіге батырға дейін, «Көш-
пенділердегі» Керей, Жәнібек хандардан бастап Абылайға дейін,
оның қайыспас қайсар, қаһарман ұрпағы Кенесарыға дейін қаншама
хан, сұлтандар жұлқысып, тартысып, тарих беттерін ашып-жауып
жатса да біздің халқымыздың фонында әрекет етулі, алтын тақтың үс-
тіндегі хан ауысқанмен халық орнында, өз жерінде қала береді.
Ал толассыз жорықтарда жан алып, жан беріп жүрген толағай
күш иесі батырлар жергілікті халықтан шығып жатыр. Олар жасаған
ерліктер шежіресі, осынау алып даланы жайлап келген ежелгі жұрт-
тың — қазақ халқының шежіресі. Сондықтан да халқымыз өзінің
өткен шежіресін білгісі келеді, оны көркем туындысымен көрсетіп
берген Ілекеңе сүйіспеншілікпен алғысын айтады! Өйткені ол тарих
шы ғалымдардың өзі ажыратып, діттеп көрсете алмаған көне тарихтың
көзін ашты, қайнар бұлақтың бітеліп қалған тұнбасын аршығандай
азаматтық аса зор еңбегімен танылды.
Әрине, жеті ғасырдағы ғажайып оқиғаларды аз ғана кітапқа сый-
ғызып, беру де жазушыдан шеберлікті талап етеді. Тарихтан хабары
жоқ жандарға бүкіл кітаптарды оқу қиынға соғатыны да сондықтан.
Ал қазақ халқының өткен шежіресінен аз да болса саңлауы бар
жандарға өте қызық, бас алмай оқитын кітап.
Естеліктер
Тағы айтарымыз — Алтын Орданы қазаққа телуі. Орыс тарих-
шылары Алтын Орда қазақ жерінде дүниеге келсе де, осынау алып
дала сол қуатты мемлекеттің отаны болса да, бізге сондай ірілікті
қимай, оның маңайына жолатпай келеді ғой. Географиялық жағынан
да этикалық жағынан да, төре (чинизид) жағынан да қазақ. Алтын
Орданың тікелей мұрагері болып тұр. Ілекең соны дәлелдеп кетті.
Сол үшін де ол тарихтың батыр барлаушысы, оны көркем тілімен
қағазға түсіруде батыл жазушы екенін мақтанышпен айтуымыз ке
рек. Жазушының біз атаған еңбектері орыс халқының тіліне және сол
арқылы бұрынғы КСРО-дағы бауырлас халықтар тіліне аударылды.
Бірнеше рет шет тілдерге тәржімаланып таратылды. Оның талан
ты үкіметті мойынсұндырып I. Есенберлиннің осынау мол еңбегін
жоғары бағалап оны «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет Белгісі» ордендері-
мен және он алты медальмен марапаттады. Туған халқының есінде
мәңгі сақталуы да жазушы үшін ең жоғары сый-құрмет болса керек!
Соның белгісіндей 1994 жылдың қысында Алматы қаласындағы өз
жанұясы тұрған үйдің бірінші қабатынан мұражайы ашылды. Сондай
мұражай жазушының кіндік қаны тамған Атбасар қаласында да ашы
ла ма деген үміт бар, іргетасы қаланып қойған мұражай жазушының
80 жылдық мерейтойына сыйлық болғай деп тілейміз!
АРДА
Ілекең жайлы алғашқы хабар бізге бала кезімізде жеңгелер мен
апалар аузынан жетті. Ол ақын ағаның «Қыз арманы» (музыкасы
Е. Брусиловскийдікі) атты ән тексті еді:
Сүйгенін тілеп,
Болмай ләззәт еш емі,
Жадырап күлмей
Күткен ем, сәулем, мен сені.
Келдің аман,
Құшағыңда сүйген дос.
Жадырап гүлдей
Қуанам қалқам көңіл қош!—
деп шырқағанда, мұндай нәзік лирикаларға жол берілмейтін заманда
таңдана тыңдайтынбыз, тыңдай жүріп өзімізде жаттап алыппыз.
Естеліктер
Ал біздің тұсымыз оқуға талпынып, Алматыға барған тұста сол
әсерлі өлең лебізі алыстан бой шарпыған ақын аға астанада жоқ еді.
Адам тағдырына кердең қарайтын қапас заманда, ағамыз көлденең
жабылған жаланың құрбаны болып, коммунистерше «түзетуге»
жіберілген екен. Әрине, ондай жерден жүдеп қайтары да белгілі
және ондай «қарғыс таңба» басылған адамға жәйлі жұмыс бере қою
мейірімі де қоғам бойына дарымаған кез ғой.
Бірақ ағамыз алпысыншы жылдардан кейін қайта серпілді, шын
мәнінде қайсар қырандай шамырқана серпілді.
«Қаһар» романы дүниеге келді. Қазақ жұртын түгел елең еткізіп,
таңырқаған халге душар етті. Сол тұсқа дейін де, одан кейін де қан-
дыбалақ қарақшы, феодалдықты қорғаған, (ол тұста социализмді, ком-
мунизмді көксеген адам әлі өмірге келе қоймаса да) хандық дәуірді
қайта орнатып, таққа отыруды аңсаған... тағы басқа жала жабылып
жүрген Кенесары тақырыбы — шын мәнінде тап сол тұста әдебиет
әлемінде күтіле қояр тақырып емес еді. Олай дейтініміз соның ал
дында ғана Кенесарының «қырсығынан» үш профессор: «Е. Бекмаха
нов, Қ. Жұмалиев, Е. Ысмаилов жиырма бес жылды арқалап кеткен,
өзге де сүт бетіне шығар қаймағынан қазақ халқы тағы да айырылып,
әйтеуір құдай жарылқап, Понталимон Кондратьевич Пономаренко (аз
да болса қазаққа тигізген пайдасы) оларды босатып алып, ел ішіндегі
шиыршық атқан қаталдықты сәл бәсеңдеткен болатын. Бәрібір Кене
сары тақырыбы сол қатал қоршаудың ішінде қала берді.
Менің осы романға орай таңдана отырып бір айтпағым — жалпы
қоғам қас жауымыз деп қабылдап отырған жанды Ілекеңнің қаһарман
етіп көрсете білуі. Бұл тұста да ол штрих құрудан алдына жан салмай
тын шебер жазушы ретінде көріне білді. Бір ғана мысал келтірелік.
Иә, қазақ оқырмандары таңдана таңырқай отырып қабылдады делік.
Сол тұста Қазақстан Жазушылар Одағының облысаралық (бұрынғы
өлкелік) бөлімшесінде орыс әдебиеті бойынша әдеби кеңесші қыз-
метін атқаратын ақын В. Р. Гундаревке «Есенберлиннің орысшаға
аударылған «Хан Кене» романына рецензия жазшы» деп тілек еттім.
Жап-жақсы пікір жазып, онысы облыстық «Целиноградская правда»
газетінде шығып, оқырмандар арасында тәуір резонанс тудырды. Бір
күні менің інімдей болып кеткен сол Володя оңаша отырғанымызда:
«Нүреке, Кенесары қанша жерден жағымсыз кейіпкер болса да мені
аса қызықтырған, жан-жақты жетілген, өте асқақ қаһарман жан бо
лып көрінді» дегені бар. Таңғалдым. Ол тұста өзара әңгімеде болма
са өзгеге Кенесары жайлы шын пікірімізді айтуға жасқанатын кез.
Жасқанбасаң баудай қырқып түседі.
Яғни Володяның әлгі әңгімесінен мен тағы да Ілекеңнің ұлылы-
Естеліктер
ғын тани түскендей болдым. Романның композициясын құруда ондай
шеберлер өте сирек, өзге шеберлер болған күнде де Ілекең бәрінің
алдында екені осы бір детальдан танылса керек. Кейіннен әлгі әңгі-
мені өзіне айтқанда үндемеді, бірақ рахаттана күлді.
Ілекеңнің әp романы кітап сүйер қауым үшін әдеби құбылыс бо-
латын. Біздің мақсатымыз осынау ардагер жазушымыздың туынды-
ларына әдеби талдау емес, оның өз басына жақындығымыз, яғни жа-
зушының адами өмірдегі кейбір көзіміз көрген жайларды анықтай
өту екенін сөзіміздің басында айтқанбыз. Әйтпесе, оның әр романы
жайлы рахаттана пікір айтылар еді. Әсіресе, қазақ тарихын жеті-
сегіз ғасырға дейін жеткізе үңгіп алып баруының өзі Ілекеңнің білімі,
түйгені ұшан-теңіз екенін дәлелдейді. Ол осынау алты кітаптан тұ-
ратын екі трилогияны жазарда ғылыми ізденуі өз алдына, қазақ ара
сынан, ел ішінен де көп деректер жиналғанын естіп білдік.
«Көшпенділер» трилогиясы Лениндік сыйлыққа ұсынғанда ақ-
молалық азаматтарды жұмылдыра отырып оқырмандар конферен-
циясындағы жалынды сөздер жазылған облыстық газетті Мәскеуге,
Лениндік сыйлықтар комитетіне тағы да аттандырдық. Бірақ Алма
тыдан көре алмаушы, іші тар, бақталастар жіберген кері пікірлер
аса көптігінен өз дегенін істеп тынды. Бармақ тістеп қала бердік.
Бірақ «Көшпенділер» романының дүние жүзіне таралуы, қазақ
оқыр-мандары ғана емес, өзге халықтардың қабылдауы да сол жолы
Іле-кеңмен таласқа түскенде сыйлық алып кеткен Думбадзенің ро
манынан әлдеқайда көп те, әлде қайда абройлы туындының алар
асқары сыйлық беретін ғана топтың қолында емес, романның ішкі
тегеурінінде екені осымен-ақ дәлелденді.
Ілекеңнің менімен соңғы сөйлесуі телефон арқылы болған еді.
Бір күні Алматыдан телефон соғып:
— Нұрғожа, сен осы күндерде ешқайда ұзап кетпе. Анау бес
облысыңды аралауды қоя тұр. Анадағы әңгімеміз есіңде ме? Мен
облыс басшысымен сөйлестім. Идеологиядағы отырған қызымызға
тапсырылған болар. «Целиноград облысына бес адам барып, елді ара
лаймыз» дедім. Қабыл алды. Бесінші — сол жерден қосылатын сен.
Сондықтан орныңнан табылатын бол,— деді.
Ағаның туған жерге деген арманды дауысы аңқылдап тұр.
Күтетінімді айтып, уәде бердім. Бірақ... Ие, бірақ араға оншақты
күн салған тұста Алматыдан қаралы телеграмма келді. Ілекең дүние-
ден өтіп кетіпті.
Оның туған облысы болғандықтан екі адам қаралы жерлеуге
делегация баратын болдық. Жолдасым үлкен кісі еді, қабір басын
да сөйлесер сөз соған тиесілі болғандықтан қысқа болса да тебірене
Естеліктер
отырып қимасымызбен қоштасар сөзді жазып бердім де, арманда кет
кен Ілекеңнің туған жерінің топырағынан ыдысқа салып, Алматыға
ала бардым. Кеңсайдағы қаралы митинг жүріп жатыр. Ағамыз об
лыс жұртшлығы атынан айтылар сөзді oқып берген соң, қолымдағы
топырақты Ілекеңнің мәйітінің үстіне сеуіп:
— Туған жеріңе табаныңды тигізуді армандап едің, ол тілегіңді
қайырымсыз ажал қырқып кетті. Енді сол туған жеріңнің топырағы
денеңе торқа болсын!— деп халықтың алдында қабірге салдым.
Сөйтіп біз қимас қыранымызбен мәңгіге қоштастық. Қаралы ас
Жазушылар Одағының «Қаламгер» кафесінің кең залында берілді.
Miнe, сол жерде Ілекеңнің батыл да батыр жазушы екендігі, та-
рихта терең барлаушы екендігі, бұл жөнінен ол тарихшы ғалымдардан
да асып кететіндігі және басқа ұлы жазушыға ылайық қасиеттері айты
лып жатты. Бір ғаламаты — сол сөзді өзінің достарымен қатар қастары
да айтып жатқаны. Апыр-ау, осы тайға таңба басқандай шындықты
айту үшін Ілекеңнің беті жасырынуы керек пе еді деп ойлаймын
ішімнен. Кейіннен, 1985 жылы Ілекеңнің 70 жылдығы болып Алма
тыдан оның шынайы достары: Әнуар Әлімжанов, ғалым Қазақстан
Ғылым Академиясының мүше-корреспонденті Рахманқұл Бердібаев,
Қазақстанның қарымды қаламгерінің бірі Сайын Мұратбековтар
келіп, ұлы жазушының кіндік қаны тамған жер — Атбасар қаласында
жақсы жиын болып өтті. Ол кезеңде тиынға қарауыл қойған қы-
тымыр заманында одан артық тойға құлаш сермей алмас та едік.
Соған қарамастан облыстағы Ілекеңнің жанашырлары Қасым Тауке
нов, Светлана Жалмағанбетовалар есте қаларлық мерейтой өткізді.
1994 жылғы қыста Ілекеңнің өзі тұрған үйдің бірінші қабатынан
мұражайы ашылды. Сол үшін баласы Қозыкөрпешке халық атынан
рахмет айтуға болады. Ақмола қаласынан сол мұражайдың ашылу
салтанатына өз бетімізбен басып екі адам қатынастық. Бірақ сал
танатты жиынды жүргізуші адам «Мынау жазушының кіндік қаны
тамған жерден келген адамдар екен-ау» деп біреуімізге сөз ретін бере
алмады. Ал бере қалса, сол жерде бірін-бірі қайталап дауры-ға сөйлеп
жатқандардай емес, ел сәлемін жеткізе лебіз білдіретін едік. Дегенмен
сол қуанышты жайдың ортасында болғанымызға да қуандық.
Ендігі арман — сол ардағымыздың сексен жылдығы абройлы
өтсе деген тілек. Атбасарда белгілеген мұражайы аяқталса, дәтке қуат
болары хақ.
Естеліктер
Зайролла
үйсенбеков
АСЫЛ
Қазақтың ұлы жазушысы, ата тарихының асқан білгірі, соңына
мәңгі өлмес мол мұра қалдырған қанатты қаламгері, асыл ағамыз
Ілекеңнің дүниеден озғанына он жыл толыпты. Оның арамыздан
кеткеніне осынша уақыт өтсе де біз үшін жайдары жүзі жүрегімізге
жылылық шуағын төгіп, ертең-ақ ортамызға келетіндей болып кө-
рінеді. Мүмкін бұл алып жүректі асыл ағаны ажалға қимайтын інілік
көңілдің мәңгілік рух иесі алдындағы ізеті болар, мүмкін Ұлы Абай
айтқан «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» ағаны өлді деуге бол
майтын қағидадан туған қимас көңіл болар, әйтеуір Ілияс ағаны
ажалға қию біз үшін қиынның-қиыны.
Мен туыстық жағынан алғанда Ілекеңнің бажасы болғанмен, шын
мәнінде туған інісіндей араластық. Ағамыздың бір кіндіктен тараған
інісі Раунақ Мәскеуде тұрды, сондықтан ағайындар арасында Ілекеңді
мен тонның ішкі бауындай араласып, інілік қызмет атқару менің пе
шенеме жазылды. Мен мұны әрдайым мақтан етемін.
Ілекең дүние салардан екі апта бұрын жүрегінің сырқаты мең-
деп, денсаулығы нашарлап сала берді. Ағайын-туыстарының да, дә-
рігерлердің де айтқанын тыңдамай, ауруханаға жатқысы келмеді.
Күнде кешкісін далаға шығып, таза ауамен серуендеп қайтып жүрді.
Ауруханаға әкетер алдынан екі күн бұрын кешкілік серуенде бірге
жүрдік. Ілекең ежелгі әдеті бойынша ақырын жүріп, асықпай сөйлеп
біраз әңгіме айтты. Тіпті сол жүрістің өзіне қалжырап, жиі-жиі дем
ала берді. Мен шыдамай:
— Ілеке, дәрігерлердің айтқан сөзіне құлақ асқан жөн болар.
Жүрегіңізге салмақ түсіре беріп қайтесіз. Ауруханаға жатып, асық-
пай емделгеніңіз дұрыс шығар,— дегенді айттым. Ілекең азғана
үнсіздіктен соң:
— Жүрек ауруы қимыл, қозғалысты сүйеді. Сондықтан инфаркт
алған, прединфарктный жағдайға түскен адамдар шамасы келгенше
таза ауада көбірек қозғалыстар жасайды екен. Осы әдісті қолданатын
үлкен адамдарды білемін. Мен де өз әлімше солай жасап жүрмін
ғой,— деп салмақты жауап қайырды. Мен ағамызды одан әрі мазалау
ды жөн көрмедім. Серуеніміз аяқтала бере Ілекең:
— Зайролла, «адам күні адаммен» екенін әрдайым есіңе сақта.
Сондықтан мені бар болайын, жоқ болайын — тірлігімде дәм-тұзым
Естеліктер
жарасқан мына жандарды сенің де біліп жүргенің дұрыс. «Жаман
айтпай жақсы жоқ»,— алда-жалда әлдеқандай жағдайлар бола қалса,
ұялмай менің атымнан хабарлас,— деп өзі жанына жақын тұтқан біраз
адамдарының аты-жөнін, телефондарын жаздырды. Ілекең өте сұңғы-
ла жан еді. Ажал шіркіннің таяп қалғанын да іштей бағамдаған сияқ-
ты. Осы оқиғаның ертесінде Ілекеңді ауруханаға алып кетті. Мұнда да
көп жатқан жоқ, екі түнеп, үшінші күні реанимацияда қайтыс болды.
Мен Ілекеңнің тапсырған аманатын түгел орындап, Диляра жеңгеміз,
Раунақ ағамызбен бірге оның алыс-жақындарына түгел хабарлап,
көзімізді жас, жүрегімізді қан жуып жүріп, асыл ағаны соңғы сапарға
шығарып салдық. Міне, соған тура он жыл өтіпті...
Біздер, туыстары, үшін ол кісінің ағайын арасындағы орны, бала
лары мен туыстарына жасаған қамқорлығы, қалдырған жылуы, күн-
делікті өмірдегі қарым-қатынасы — өте қымбат.
Ілекеңнің балалық шағы қалың қазақтың тең жартысын жалмаған
голощекиндік геноцидпен тұспа-тұс келді. Өзінен екі жас кіші інісі
Раунақ екеуі жастайынан жетім қалып, балалар үйінде тәрбиеленіп,
тағдыр тауқыметін көп тартты. Текті тұқымынан шыққан жан емес
пе, жастайынан өмір қиындығына шынығып, ширығып өсті. Кейін
1940 жылы Қазақтың тау-кен институтын бітірді. Келесі жылы соғыс
басталып, Ілекең Ұлы Отан соғысына аттанды. Жаралы болып елге
оралған соң Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінде жауапты
қызмет атқарып жүрген кезде халық жауының қызына үйлендің деген
айып тағылып, қызметінен босатылды. Қазақ зиялыларына, азат ойлы
ардагер ұлдарына жағылған ұлтшылдық айыбы да Ілекеңе тағылып,
қуғын-сүргінге ұшыратылды, тіпті жалған жаламен абақтыға да жа
былды. Бірақ мұның бірде-бірі өршіл рухты қаламгерді мойыта ал
мады.
Ілекеңнің өмірі азат ой арқандалып, бостандық идеясы бодандық-
қа алмастырылған қиын заманда өтті. Міне, осындай қиын кезеңде,
Ілекең сол кезде жазуды қойып атын атауға тыйым салынған қазақ
халқының әйгілі хандары, батырлары, билері туралы, туған еліміздің
тәуелсіздік жолындағы толассыз күресі жайында тереңнен толғаған
толымды туындыларын жазды. Әр кітабының жарыққа шығуына
көптеген кедергілер жасалып, «қырағы көздердің» сүзгісінен өтсе де
Ілекең қазақ әдебиетінде соңына ең мол мұра қалдырған қаламгер,
романист-жазушы ретінде қалды.
Осы тұста Ілекең көрген қиындықтың бәрін нар жігіттерге тән
азаматтықпен бірге бөліскен Диляра апамыз туралы да айта кеткен
жөн. Ол кісі ұзақ жылдар бойы тату-тәтті отбасылық ғұмыр сүрді. Ұл
да сүйді, қыз да тәрбиледі. Ілекең көз жұмарда немере сүйіп, сәбидің
Естеліктер
атын ол кезде атауға тыйым салған қазақтың ұлы ақыны Мағжан деп
қойды. Диляра апай, қазақтың белгілі қайраткер ұлы, отыз сегіздің
қанды қырғын кезінде 1938 жылы 26 ақпанда Ілияс Жансүгіров,
Бейімбет Майлинмен бірге атылған Хамза Жүсіпбеков деген аяулы
азаматтың қызы еді. Хамза Жүсіпбеков — қазақ халқының тарихын
да аты қалған ардагер азамат. Сол 20-30 жылдарға дейінгі уақытта
болған қоғам қайраткері. Казкрайкомның хатшысы, бюро мүшесі,
Казсовпрофтың төрағасы, заң халкомы қызметін атқарып, өмірінің
соңғы кезінде Көркем әдебиет баспасының директоры болды. Осы
кезде халық жауы қатарына ілігіп, жазықсыз құрбан болды. Хамза
Жүсіпбеков уақытында қоғам қызметімен қатар газет-журналдарда
әдеби мақалалар жазып, аударма жұмысымен де айналысты. Онымен
қатар әңгімелер және «Қара Ақпай» (1925) деген кітап жазды.
Ілекең мен Диляра апайдың Раушан, Дилфруза, Қарлығаш де
ген қыздары, Қозыкөрпеш деген ұлы бар. Ілекең балалары жақсы
тәрбие алып, жоғары оқу орындарын бітірді. Олар ғылым жолына
түсіп, кандидаттық диссертацияларын қорғады. Әкелерінің ардақты
есімін қастерлеп, а