Оку курал Сугирбаева ЕЖжКЗТ 2014


СҮГІРБАЕВА Г.Д.
ЕУРОПА ЖӘНЕ АМЕРИКА ЕЛДЕРІНІҢ ЖАҢА ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАРИХЫ
ОҚУ ҚҮРАЛЫ
Шымкент- 2014
УДК ******
ББК ******
С****
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының оқу-әдістемелік кеңесінің қаулысымен баспаға ұсынылған (№__ хаттама,__ __ 20__ж.)

Пікір жазғандар:
Әбубәкіров С.С. - тарих ғылымдарының кандидаты, ОҚМПИ Қазақстан және әлем
тарихы кафедрасының аға оқытушысы
Молдахметова Ж.Е.- тарих ғылымдарының кандидаты, М.Ауэзов ат.ОҚМУ
Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы
С__ Сүгірбаева Г.Д.
Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы.-Шымкент:
ОҚМПИ, 2014, * б.
ISBN****
Оқу қүралы жоғары оқу орындарының “Тарих” мамандығында оқып жатқан күндізгі және сыртқы оқу бөлімдерінің студенттері арналған.
Оқу қүралында Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы пәнінің негізгі мәселелері қамтылған. Оқу қүралының мақсаты студенттерді жаңа және қазіргі заман тарихында орын алған елеулі оқиғалар, жекелеген елдердің қоғамдық-саяси өміріндегі өзгерістер мен саяси-экономикалық даму тенденцияларымен таңыстыру.
Оқу қүралы “Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы” пәні бойынша ҚР мемлекеттік білім беру стандарты мен типтік бағдарламаға сәйкес жазылған.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
СҮГІРБАЕВА Г.Д.
ЕУРОПА ЖӘНЕ АМЕРИКА ЕЛДЕРІНІҢ ЖАҢА ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАРИХЫ
ОҚУ ҚҮРАЛЫ
(Жоғары оқу орындары тарих мамандықтарының студенттеріне арналған)
ШЫМКЕНТ 2014
АЛҒЫ СӨЗ
Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы пәніне арналған оқу-әдістемелік күрал адамзат тарихындағы нағыз қиын да қайғылы кезеңдерін қамтып, тарих мамандығы бойынша оқитын студенттерге капиталистік қатынастар пайда болуынан бастап ХХІ ғасырдың басындағы Еуропа және Америка елдерінде орын алған елеулі өзгерістер және тарихи оқиғалар туралы сипаттама беруге және танып-білуге мүмкіндік береді.
Студенттер дүние жүзіндегі жетекші елдердің ішкі және сыртқы саясаттарында орын алған принциптік өзгерістер, экономика мен халықаралық қатынастардағы, жалпы қоғам өміріндегі жаңа құбылыстар мен тенденциялар туралы мағлұмат алады.
Оқу қүралында жаңа және қазіргі замандағы орын алған елеулі оқиғалар, жекелеген елдердің қоғамдық, саяси өміріндегі өзгерістер мен саяси-экономикалық даму тенденциялары, дамыған капиталистік державалардың біріншілік үшін ұмтылысы, дүниені қайта бөлісу үшін болған 1-ші және ІІ дүниежүзілік соғыстар, дүниежүзілік халықаралық қатынастардың басты мәселелері жан-жақты қарастырылады.
Оқу-әдістемелік күралдың мақсаты тарихи процестің заңдылықтарын анықтау, жаңа және қазіргі заманның хронологиялық кезеңіне сәйкес Ағылшын буржуазиялық революциясынан бастап ХХІ ғасырдың басына дейінгі кезеңді қамтитын Европа және Америка елдеріне ортақ мәселелер мен процестерді талдау болып табылады. Жаңа және қазіргі заман тарихының кез-келген кезеңіндегі тарихи процестің біртұтастылығы мен оның заңдылықтарын, негізгі елдер мен аймақтардың даму ерекшеліктері туралы көзқарас қалыптастыру.
Ағылшын буржуазиялық революциясы. ХVII ғ. соңында–XVIII ғ. Англия. Өндірістік төнкеріс.
Лекция жоспары:
Англия революция қарсанында. Пуританизм және оның мәні.
Революцияның басталуы, басты кезеңдері.
Революциядағы халық бұқарасының ролі.
Кромвель протектораты.
Революция кезіндегі шаруалар қозғалысы.
ХVII ғ. соңында–XVIII ғ. Англия. Өндірістік төнкеріс.
Әдебиеттер:
Лавровский В.И., Барг М.А. Английская буржуазная революция, XVII века, М., 1958.
Кислица Н.А. Английская буржуазная революция середины XVII века. М., 1963.
Практикум по новой истории (1640 - 1870). М., 1973.
Барг М.А. Кромвель и его время. М., 1960.
Ізтілеуов Қ. Жаңа заман тарихы. Алматы, 1995.
Ізтілеуов Қ. Жаңа заман тарихының практикумы, Шымкент, 2002.
Новая история стран Европы и Америки. /Под ред. Кривогуза, Юровской, М., 1999.
Негізгі түсініктер: революция, буржуазия, пуританизм, индепенденттер, пресвитериандар, пролетариат, копигольдерлер, фригольдерлер, диггерлер, левеллерлер.
Мақсаты: Ағылшын буржуазиялық революциясының алғы шарттарын, барысын, тарихи маңызын ашып көрсету.
1.Англия революция қарсанында
XVII ғасырдың ортасында Англияда болған буржуазиялық революция орта ғасырлық қаймағы шайқалмай отырған феодалдық абсолюттік құрылысқа елеулі соққы берген “Еуропа көлеміндегі” тұңғыш революция болды. Өйткені революция жариялаған принциптерінің Англиядағы ғана әлеуметтік – экономикалық даму мүддесін және бағытын көрсетіп қойған жоқ, ол бүкіл Еуропа елдерінің даму бағытына, мүддесіне сай келді. Бұл заңдылықтардың бастылары - феодалдық тәртіппен күрес, буржуазияның жетекшілігі, қозғаушы күш – халық – шаруалар мен қаланың төменгі топтары болды.
Ағылшын буржуазиялық революциясын дайындаған алғышарттары өндірістің жаңа капиталистік жүйесінің пайда болып, дамуы еді. Революция қарсаңында Англияда, біріншіден, өнеркәсіпте капиталистік мануфактура кең құлаш жайды, ауыл шаруашылығында жерді ірі жалға беру әдеттегі іске айналып, сауданың, әсіресе сыртқы сауданың көлемі күрт өсті; екіншіден, қоғамдық еңбек бөлінісіндегі прогресс күшейді; үшіншіден, орта – ғасырлық өндіріс түрлерін күштеп қирату етек алды.
Өнеркәсіп пен сауда. XVII ғасырдан бастап Англияда өнеркәсіптің түрлі салаларында тез өсу байқалды. Сыртқы саудада шұға шығару кең қанат жайғаны сонша, оның үлесіне бүкіл ағылшын экспортының бестен төрт бөлігі тиді. Жүн күйінде сыртқа шығарып сату тиімсіз болғандықтан, король үкіметі 1614 жылы өңделмеген жүнді сыртқа шығаруға тыйым салған жарлық шығарды. Жүн иіру, шұға тоқу елдің халық жиі орналасқан оңтүстік – шығыс графтықтарының деревняларында ұйымдастырылды. Ағылшын көпестері тез байыды. Олар бұдан біраз бұрын–ақ өздеріне қолайлы артықшылықтарды пайдаланатын түрлі сауда компанияларын құрап алған болатын. Мәскеу компаниясы, Африкамен сауда жасайтын 1575 ж. құрылған Марокко компаниясы, Прибалтикамен сауда жасайтын 1579 ж. құрылған Остзей компаниясы, таяу Шығыспен сауда жасайтын Левантттық компания, 1600 жылы құрылған Ост – Индиямен жеке сауда жасайтын Ост – Индия компаниялары құрылды. Компания мүшелеріне басқалардың ол жерлерде сауда жасауға құқы болған жоқ . 1617 жыл ғана Ост – Индия компаниясының 9514 жарна төлеуші мүшелері болды. Жарна мөлшерінің өте жоғары болуына байланысты кірісі аз көпестер мүше бола алмады.
XVII ғ. басында ағылшын сауда компаниялары өзінің іс – әрекетінің ауқымын едәуір кеңейтті. Ираннан Солтүстік Америкаға дейін, Швециядан Үндістан және Цейлонға (1972 жылдан Шри Ланка) дейін сауда байланысын жасады.
Нидерланды мен Солтүстік Герман қалаларына жүн, өңделмеген шұға, сыра шығарып, ол елдерден кездеме, мыстан жасалған заттар, әсемдік бүйымдар әкелді. Франциядағы тоң май, сары май, ірімшік, бидай, қара шайыр, бұршақ, тері, помази апарып одан кездеме, шарап, шайыр, шілтерлі әшекей тоқымы алды. Испаниядағы, Лиссабонға, Вест – Индия, Бразилияға, Балтық жағалауларына, балық, қорғасын, шұға, тері, арақ т.б. апарып сатып, ол елдерден өздеріне қажет өтімді қант, алтын, күміс, асыл тастар, ағаштан жасалған бұйымдар, жібек, қалайы, фосфор тағы көптеген заттар алып келді.
Пайда табу үшін көпестер ағылшын үкіметін сыртқы жаулап алу саясатын жүргізуге, өзімен теңізде бәсекелес болып отырған Голландияны әлсірету жолындағы саясатын жүргізуге итермеледі. XVII ғ. бірінші он жылдығында Үндістан мен Америкаға сұғына ендей түсті. 1609 ж. Суратта ағылшын факториясы, 1610 ж. – Гамбияда, 1619 ж. – Мадраста ашылды. 1627 ж. – Гвианада т.б. жерлерде отарлар орнықты. . XVII ғ. басында сыртқы сауда айналымы екі есе өсті.
Сыртқа дайын бұйым шығарып сатудың тиімділігіне байланысты көпес – саудагерлер өндірісті ұйымдастырушыларға айнала бастады. Деревня тұрғындарынан жүн сатып алып, оны иіртіп, тоқытты. Ол үшін кішігірім мануфактуралар ұйымдастырып, оны шикізатпен, адам күшімен қамтамасыз етті.
Осы процестердің дамуына ағылшын қоғамында көптеген түрлі –түрлі кедергілер қабаттасып отырды. Олар: ортағасырлық тәртіп, қалалардағы артықшылықтарды пайдаланып қолөнерлік цехтық құрылыс, король үкіметі жүргізіп отырған монополия саясаты. Міне, осының бәрі мануфактураның дамуына кедергі жасап, олардың жасалуы мен өсуін тежеді, оларды деревняларға ығыстырып шығарды. Капиталистік мануфактуралар әуелі деревняларда, қала сыртында орын теуіп, біртіндеп нығайып, дамыды.
Король үкіметінің бассыз саясаты мен топас билік жүргізуіне наразы болып отырған саудагер, көпестер және өндіріс иелері король үкіметін жойып, оның қолындағы билікті өздері алғысы келе ме? Әрине, алғысы келеді. Буржуазиялық революция жасап, король билігін құлатып, не әлсіретіп, өз биліктерін нығайтып, үкімет билігін өздері қолға алып жүргізіп отырған кәсіптерін одан әрі тиімді жүргізуге тырыса ма? Әрине, солай етуге тырысады.
Ауыл шаруашылығы және аграрлық қатынас. Англияда тауарлы өндіріске өтудің күшеюіне байланысты ауыл шаруашылығында үлкен өзгерістер жасалды. Қала тұрғындарының өсуіне байланысты ауыл шаруашылық өнімдеріне сұраныс артты. Қой өсірумен қатар сүтті және етті мал өсіру қолға алынды. Сондай-ақ техникалық дақылдар егу, бау-бақша салу жұмыстары кең өріс алды. Егістік жерлердің көлемін ұлғайту үшін батпақтарды құрғату, жерді тазалауға деген ұмтылыс күшейді. ХҮІІ ғ. басынан бастап картоп, шалқан, жоңышқа егу басталды. Агрономиялық ойлар дамып, кітаптар жазылуына түрткі болды. Ауыл шаруашылығында жалдамалы еңбекті пайдалану етек алды. Олардың үш түрі болған: мерзімді, тындырған жұмысы үшін ақы алатын және күндік жұмысшылар. Балаларды күндік жұмысшы ретінде қабылдау кең етек ала бастады. Мерзімді жұмысшыларды өзінің иелігіндегі жерден кетпейтіндей ету үшін оған еңбек ақысымен қоса аздаған қарыз ақша беріп отырды. Қарыз беру арқылы оны өзіне борышқор етіп отырды.Капиталистік қатынастың дамуына байланысты бұрынғы шаруалардың жер иесіне – жері аз шаруаға айналу процесі күшейді. Шаруалардың бір бөлігі байыды, екінші бөлігі кедейленді.
Сауда жасаумен байыған қала тұрғындары жер сатып алып жер иесіне айналуды көздеді. Бұл бір жағынан табысты кәсіп болуға тиіс. Жердің бағасы көтеріліп кетті, жоғарыда айтқан қаланың шұғашылары, саудагерлер жерді қымбат бағаларға сатып ала бастады. Сөйтіп сауда адамдары біртіндеп жер иесіне, шаруалардың еңбегін қанаушы қожайынға айналды. Олар жерлерін жал иелеріне жалға беріп қойды.
Сөйтіп жер капитал салатын объектіге айналдырылды. Оған мүмкіндік бар, себебі Англияда жерді қоршау саясаты бойынша шаруаларды жерден айыру нәтижесінде жерсіздендірілген, еңбегін сатуға мәжбүр адамдар тобы жасалды. Англияның кейбір аудандарында бұрынғы астық өндіретін жерлер енді қой өсіретін жайылымға айналды. Бұл процесс ХҮІ ғасыр бойына жүріп, ХҮІІ ғасырда қарқыны күшейе түсті. Бұның бәрі Англия өмірінде капиталистік рентаға өтудің жеделдеп бара жатқандығының дәлелі еді.
Жерді қоршау әсіресе Орталық Англияда күшті қарқынмен жүрген. 1517 ж. есеп бойынша елде қоршаған жердің 70,71 % - і қиратылған шаруалар үйінің, 80,46 проценті осы Орталық Англияның үлесінде еді. Бұл процесс ХҮІІ ғасырда одан әрі жалғасты. ХҮІІ ғ. Англияда сол заман үшін ауқымды астық және жүн рыногы жасалды. Әсіресе, астыққа деген сұраныстың күшеюі қаланың, оның ішінде Лондонның халқының өсіуімен байланысты жүрді. Онда 1661 жылы 460 мың халық тұрды, оған 1661 жылы 1150 мың квартер астық керек болды. Бұрын Лондон тек өзінің төңірегіндегі графтықтардан ғана астық алса, енді, теңіз жағалауындағы графтықтардан да астық әкелуді күшейтті. Оған Лондонға келетін кемелердің жыл сайынға санының өсуі дәлел болады. Бұның бәрі буржуазияға пайдалы болды. Астықты өндірушіден тұтынушыға жеткізгенге дейінгі аралықта түрлі операцияларға маманданған кәсіп иесі – пысықтар пайда болды Оған мына кәсіпқой атаулар мысал: астықпен сауда жасаушы ұсақ саудагер, алып – сатушы делдал, астық тасушы, астықпен алып – сатар, астық құюшы, астық сатушы делдал, астық сататын дүкенші, астық алып сататын пайдақор, астық саудагері, астықты көтере алып сататын пайдақор, астық саудагері, астықты көтере сатып алушы. Бұлар астық көп шыққан жылдары арзан бағамен сатып алып қиыншылық кезде яғни астық аз шыққан жылдары қымбат бағамен сатып, қорланды. Сыртқы астық шығарды, астық әкелді.
Капиталистік өндірістің жасауында жүн өндіру үлкен рөл атқарды. Шұға өндірісі ХҮІ ғ. аяғынан бастап ағылшын өнеркәсібінің басты саласына айналды; оның үлесіне ХҮІІ ғасырдың ортасында ағылшын экспорты құнының тең жартысы тиді. Жүн өңдеумен жаңа қалаларда, жүздеген деревняларда цех шеберлері, цехтық шектеулерден аман село қолөнершілері айналысты.
ХҮІІ ғасырдың аяғынан бастап шұға өндіру ісінде еңбек бөлінісі күшейіп, сұрыптау, түту, тоқу, бояу сияқты кәсіптер жүздеген мың жұмысшылардың кәнігі ісіне айналды. Елдің кейбір аудандары түгелдей жүн өңдеу, шұға жасаудың түрлі салдағы өндірісіне мамандана бастады.
Міне, осындай жолдармен өндірістің жаңа салалары қалыптасып, оны жанын сала қорғайтын, осы кәсіппен айналысатын адамдар тобы ұйымдасты. Олар жаңа – капиталистік шаруашылықты орнықтыруға мүдделі болды.
Революция қарсаңындағы таптық қайшылық. Англияда капиталистік қатынастардың дамуы таптық қайшылықтың одан әрі шиеленісуіне әкеліп соқтырды. Ел екіге ажыратылды: феодалдық шексіз билікті жақтаушылары және қарсыластары. Елде екі қанаушы тап – дворян және буржуазия дүниеге келді. Бірі селода, бір қалада еңбекшілерді қанауды күшейтті. Дворяндар саяси үстем тап, ал буржуазия әлі саяси жағынан құқықсыз “орташа” сословие болды. Елде жартылай пролетариат – жалдамалы жұмысшы табы пайда болды.
Дворяндардың өзі екіге бөлінді. Ескі ортағасырлық рентамен қанағаттанып отырған бөлігі елдегі король билігін сақтап қалуды жақтап, шексіз билікті қорғады, ал екіншісі жаңа дворяндар - өздерінің шаруашылықтарын капитализмге ыңғайлап жүн, астық сатумен, сыра қайнатып, ірімшік өндірумен айналыса бастағандары – революциялық пиғылда болды. Бұлар кәсіптік бостандықты қалады, қоршауды тездетуді, король билігін шектеуді қалады. Бұлар әсіресе оңтүстік – шығысындағы графтықтарда көп болды.
Англияның буржуазиясының негізін құрағандар: саудагерлер, сатып алушылар азшылық мөлшердегі - өнеркәсіпшілерден. Көпестер мен қаржы иелері – аристократиялық топтармен тығыз экономикалық байланыста болып отырған ірі буржуазияны құрды, корольдің жеңілдіктерін яғни монополялық құқықтарды пайдаланды. Сондықтан да, бұлар революцияның барысында монархиямен күресті аяғына дейін жеткізуге мүдделі болмады, король үкіметін сақтап қалуға ұмтылып, өздеріне қажетті дәрежеде ғана жеңілдіктер алғысы келді.
Ұсақ және орта саудагерлер король жеңілдіктерін пайдаланбағандықтан аристократияның күштеу – зорлығына қарсы күресте біршама демократиялық сипатта болды. Шексіз билікке дұшпандық көзбен қарады, оны әлсіреткісі келмеді.
Өздеріңіз байқап отырғандай, Англияның буржуазиясы экономикалық жағынан да, әлеуметтік жағынан да әлсіз және тұрақсыз, сондай – ақ әртекті болды. Бұл жағдай революция барысында және революцияға басшылық жасау үстінде көрінді.
Революцияға басшылық жасағандар жаңа дворяндардың түрлі топтары болып шықты. Ал шексіз билікке қарсы негізгі оппозициялық күші – халық болды; олар – шаруалар, ұсақ қолөнершілер, шәкірт – үйренушілер, жалдамалы жұмысшылар, батрактар. Бұлар қанауға түсіп отырған негізгі қоғамдық байлықты жасаушылар еді, бұлардың бойынан шексіз билікке деген жеккөрушілік сезім айқын және толық көрінді.
Енді испан, француз корольдері сияқты шексіз басқарғысы келіп отырған ағылшын королінің еркін, өз бетінше елді басқаруына кедергіге айналып отырған парламенттен құтылғысы келді. Бұл кездегі таптық шиеленіс осы король үкіметі мен парламент арасындағы қатынастан айқын көрінді. Парламент жаңа дворяндар мен буржуазия өкілдерінен тұрғандықтан елдің әлеуметтік – экономикалық және саяси дамуына өзгерістер жасауға мүдделі болса, король үкіметі шексіз билікті ныңайтуға жанталаса қарманып отырды. Революция қарсаңындағы король үкіметі әрекетінің негізгі мазмұны парламентті шектеу, тіпті оны тарату болды. Ағылшын тағын 1603 жылы Стюарттар әулетінің өкілі І Яков король болып жариялануымен бұл бағыт ашық сипат алды. І Яков король билігінен басқа билік түрін мойындамады. Ал оның баласы І Карл – (1625 – 1649 ж.) әкесінен де асып түсті. Шешуші қимылдар жасады. Қазынаны толықтырудың жолдарын тапты. Өз бетінше салықтар салды, атақтар сатты. Бұның бәрі тіпті дворяндардың өзін ызаландырды. Олар кешегі күнгі кедей адамдардың бүгін өзімен терезесі тең, дәрежесі бірдей болғанын қаламады, ызаланды. Ал, король оның ызаланғанын неғылсын, оған қазынаны толтыру қажет болды.
І Карл король 1629 жылы парламентті таратып жіберіп елді он бір жыл бойы үздіксіз биледі. Бұл аралықты король шексіз билікті нығайтуға бағытталған шараларды іске асырып, тұрақты әскер жасады, епископтық шіркеуді нығайтып, жаңа салықтар ойлап тапты, монополиялық құқықтар сатты. Кеме салығын жаңғыртып (1634) түрлі айыптар, терезе т. б. салықтар көбейді. Бұл шаралар бір жағынан король билігін күшейтсе, екінші жағынан оны әлсіретті. Себебі, елдің барлық дерлік әлеуметтік топтары жаңа дворян, буржуазиядан бастап – қарапайым еңбекші шаруаға, қала тұрығындарына дейін күйзелді, олардың экономикалық мүддесіне нұқсан келді, еркін кәсіпкерліктің дамуын тежеді. Сыртқы саясатында Испаниямен жақындасты. Испания Англияның теңіздегі бәсекелесінің бірі еді, ағылшын көпестері бұған наразы болды, теңіз саудасында Испанияны әлсіретудің орнына король онымен жақындасты. Осы саясаттың бәрі келіп жоғарыда айтып кеткен король үкіметіне наразылықты онан әрі күшейте түсті. Революциялық жағдай қалай қалыптасты. Таптық күштер қалай орналасты. Ағылшын қоғамында капитализмнің дамуына байланысты дворяндар арасында жіктелу күшейді. Орта және ұсақ дворяндар ешуақытта феодалдық артықшылықтарды жеткілікті пайдалана алмады, сондықтан олар жаңа шаруашылыққа тез тартылды. Бұл дворяндық топ негізінен жер иеленуші болғанымен енді жерді кіріс табу үшін пайдаланып, буржуа – кәсіпкер сияқты әрекетке көшті. Бұлар буржуазияланған дворяндар – жаңа дворяндар тобын құрды. Саудамен айналыса бастады, балаларын соған баулыды. Бұлардың король үкіметіне бұдан әрі тәуелді болғысы келмеді, өте қымбат тұратын ағылшын шіркеуін жек көрді, буржуазиямен жақындасты. Таққа қарсы қылышын көтерді.
Екінші тобы – ескі тәртіпті, яғни король үкіметін, орта ғасырлық тәртіпті қолдап, елдің буржуазиялық жолға түсуін қаламады.
Ағылшын буржуазиясы ХҮІ – ХҮІІ ғасырларда сауда мен өнеркәсіпте ғана емес, сондай – ақ ауыл шаруашылығында, деревняда да ұсақ капиталистік фермерлер, жекеменшікті шаруаның жоғары тобы – фригольдерлер, шаруа – копигольдерлердің де бірқатар байыған тобы деревня буржуазиясын құрды. Бұлар деревня кедейлерін, ұсақ жалдаушылар мен жерсіз коттерлердің еңбегін қанады.Осыдан да ағылшын буржуазиясы көпшілік дворяндармен одақтасып король билігіне, қарсы күресте бірігіп қимыл жасады.
Феодализмге қарсы күрестегі ең негізгі оппозиция – шаруалар, ұсақ қолөнершілер, шеберлер, жалдамалы жұмысшылар, батрактар болды. Бұларда революциялық жігер өте күшті болды. Себебі бұлар жоғарыда аталғандай шексіз биліктен негізгі шегушілер. Шексіз билік ішкі және сыртқы саясатта толық күйзеліске ұшырады. Елдің капиталистік даму жолына түсуіне орай саяси, экономикалық және әлеуметтік құрылыс пен капиталистік қайта құру мәселесі күн тәртібінде қойылды.ХҮІІ ғасырдың 30 – 40 жылдарында елдің тұрғындарының басым көпшілігі – орта таптар мен “төмендегілер” іріп – шіріп отырған орта ғасырлық тәртіпке әбден “тойды”. Елде революциялық ахуал айқын көрінді. В. И. Ленин атап көрсеткен революциялық ахуалдың “үш белгісі” : 1) “үстем таптардың өздерінің үстемдігін өзгеріссіз күйде сақтап тұруы мүмкін болмайды”, “жоғарыдағылардың” біресе ол, біресе бұл дағдарысы, үстем тап саясатының дағдарысы туады, бұл дағдарыстың нәтижесінде езілген таптардың наразылығы мен ашу – ызасы сыртқа шығатын жарықшақ пайда болады. Революцияның тууы үшін әдетте “төмендегілердің” ескіше тұрудың “ тілемеуі” жеткіліксіз, оның үстіне “жоғарыдағылардың” ескіше тұра “алмауы” керек. 2) Езілген таптардың мұқтаждығы, күйзеліске ұшырауы әдеттегіден күштірек шиеленіседі. 3) “Бейбіт заманда өзін тып – тыныш тоната беретін, ал дауылды уақыттарда дағдарыстың бүкіл жағдайы арқылы да, “жоғарыдағылардың” өздері арқылы да дербес тарихи аттанысқа тартылатын бұқараның белсенділігі, жоғарыда айтылған себептерге байланысты анағұрлым артады”.Бұл белгілердің бәрі ХҮІІ ғ. 40- шы жылдарының бас кезінде Англияда толық түрінде көрініп отырған болатын.
Пуританизм. Англияда пуританизм деген атпен қоғамдық діни – саяси қозғалыс пайда болды (латын сөзі пуру - таза). Пуритандар ХҮІ ғасырдың 60 жылдарынан бастап ағылшын қоғамындағы осы ғасырдың ортасында жүзеге асырылған реформалардың жартыкештігіне наразы болды. Пуритандар епископтық англикан шіркеуін жартылай папалық деп санады. Екінші жағынан англикан шіркеуі үкіметке тәуелділігімен келіскісі келмеді. Пуританизм тек шіркеуге қарсы діни қозғалыс болып қойған жоқ, буржуазиялық көзқарасты орнықтырғысы келген саяси қозғалыс болды.
Буржуазияның алдыңғы қатарлы батыл тобының ескі феодалдық шашпа төкпелікке, жалқаулыққа қарсы идеологиясы болды. Олар бұған қарама – қарсы ұқыптылықты, қорлануға деген ұмтылысты, кәсіпкерлікті, іс – әрекетті ұсынды. Сондықтан бұл идеология алғашқы қорлану кезеңіндегі буржуазияның табиғатына сай келді деп тұжырым жасауға әбден болады. Сондай – ақ пуритандар англикан шіркеуінің көптеген мейрамдарына қарсы болды, үйткені қорлануға кесірін тигізді. Текке шығын жұмсалды деп есептеді, оның орнына мейрамдарды библия кітаптарын оқумен өткізуді ұсынды. Жақсы киінуге, карта ойнауға, спиртті ішімдіктер ішуге, аң аулау, музыкамен әуестенуге, театрларға баруға қарсы болды. Қысқасы, бұлар адамның барлық болмысынан қорлануға қажетті қасиеттерді іздеді. Пуритандар жаңа буржуазиялық моральды уағыздады. Сондықтан бұл идеология революция қарсаңында және революция барысында буржуазия мен жаңа дворяндардың топтасуына, сөйтіп шексіз билікке қарсы күресуіне көмектесті.
Пуританизмнің екі ағымы болған: пресвитериандық және индепенденттік. Бұл бөлінісі негізінен шіркеу құрылысы қандай болу керек деген мәселесінің төңірегіндегі келіспеушіліктен шықты.
Пресвитериандар Англияда біртұтас шіркеуді сақтап қалғысы келді, тек оны католицизмнің папалық қалдықтарынан тазартып қарттар жиналысы арқылы басқаруды ұсынды. Бұларды бай көпестер және жаңа дворяндардың жоғарғы топтары қолдады. Бұлар шіркеуді басқаруды өз ықпалын орнатқысы келді.
Индепенденттер шіркеудің бүтіндігіне және құдіретіне қарсы күресте. Діни қауымдардың өз ісінде тәуелсіздігін қалады. Бұлар біртұтас шіркеуді секта, қауымдарға бөліп жіберуді ұсынды. Бұл ағымның уағыздары ұсақ және орта буржуазия, шаруа қолөнершілер, орта қол дәулеті бар деревня джентрилерінен қолдау тапты.
Революция қарсаңында қалыптасқан бұл идеологияның сипаты діни ғана болып қойған жоқ, оның экономикалық және саяси астары бар. Шіркеу король үкіметімен бірге шексіз биліктің негізгі тірегі болып отыр еді,ендеше шіркеуді әлсірету арқылы король үкіметін, шексіз билікті әлсіретуге болатын еді. Пуританизмнің мақсатын осылай түсінген дұрыс.
2. Революцияның басталуы. Пресвитериандардың саясаты.
Пресвитериандар үкімет басына келді. Пресвитериандардың бұл көзқарасы бірінші азамат соғысы кезінде және кейінгі, тіпті оның алдында олардың іс – қимылынан, король үкіметімен жақындасу әрекеттерінен көрінген болатын. Бұлар революциялық қозғалыстың тереңдеуінен қорқып, феодализмге қарсы күресіп жүрген радикал топтармен арасын бөле бастады. Осы мақсатта елде пісіп жетіліп келе жатқан азамат соғысының шығып кетуіне қорыққан пресвитериандар 1642 ж. 1 маусымда парламент І Карл корольге “12 ұсыныс” тапсырды. Бұл құжатта айтылған ұсыныстарды король үкіметі қабылдаса, олардың ойынша, бейбітшілікті орнатып, конституциялық тәртіп король мен парламент арасында дұрыс қатынас орнатар еді. Король үкіметі алдында үлкен шегініс жасау арқылы болса да, олар азамат соғысынан қашқақтады. Ондағы талаптардың түрі мынандай: иезуиттерге, папистерге қарсы заңды қайтадан жаңғырту, папист лордтардың жоғары палатаға қатысуына тыйым салу, парламенттің келісімнсіз король балаларының неке одағын жасамау, парламент ұсынған “құқық туралы петиция” деген құжаттағы талаптарды орындау т.б. Бұл талаптар өте самарқау, сонау ХҮІІ ғ. 20- шы жылдарына тән талаптар еді. Бұл талаптарды король қабылдамай тастады.
Пресвитериандардың таптық мәні азамат соғысы жүріп жатқан 1643 ж. 1 ақпанда корольге тапсырған ұсыныстан тағы да терең көріне түседі. Онда да сол “12 ұсыныстағыдай” армияны таратуды, деликвенттерді (революцияның жаулары) қарусыздандырып, парламенттің соттауына беруді, ағылшын шіркеунің епископтық құрылысын жоюды талап етті.
Бірінші азамат соғысы аяқталып, парламентте көпшілік болып отырған пресвитериандар үкімет басына келгеннен кейінгі қабылдаған немесе жүзеге асырған реформаларының мазмұнынан олардың қандай таптың мүддесін қорғап отырғаны, король үкіметіне деген көз – қарас дәрежесі айқын көрінді. Әсіресе революцияның негізгі мәселесі – аграрлық мәселені шешу дәрежесінен айқын сезілді.
3. Индепенденттер үкімет басына келуі және олардың саясаты
Азамат соғысының мақсатын индепенденттер және оның басшысы Кромвель басқаша түсінді. Бұларды пресвитериандардың мақсаттары қанағаттандырмады. Бұлар ескі тәртіпті талқандап, азамат соғысын ақырына дейін жеткізуге мүдделі болды. Жаңа өндіріс қатынасын орнықтыру үшін тек феодалдық абсолюттік монархияны жойып қана қоймай, жерге де феодалдық меншікті жойып, әскери қуатын талқандау керек болды. Әскерде бұған дейін пресвитериандық топтар ықпалды еді, қолбасшылық солардың қолында болатын. Осыдан құтылу керек болды. Пресвитериандық қолбасшылар король әскеріне қарсы баяу, көңілсіз (жеңіп алғысы келіп жүрген жоқ, корольмен келісуден үмітті ғой) қимыл жасағаннан да талай сәтсіздіктерге ұшырады. Бұл олардың революцияны ақырына дейін жеткізгісі келіп отырған таптық күштердің арасында беделі түсті. Кромвель олардың негізгі айыптаушысы болды. Нәтижесінде 1644 жылы пресвитериандық генералдар орындарынан түсірілді. Кромвель орнында қалдырылды. Армияда Кромвельдің беделі әсіресе “жаңа үлгідегі” әскер құрумен байланысты өсті (1645 жылы). Әскер революциялық принциптер ұйымдастырылды-полковник Прайд – ат айдаушы, Хьюсон – етікші, Рейнсборо - шкипер. Олар ағылшын йоменрилерінен (орташа шаруалар), қаланың демократиялық көзқарастағы тұрғындарынан тұрды. Бұлардың арасынан әскер басшылығына тағайындала бастады. Әскерде қатаң тәртіп орнады. Әскер өте жақсы жабдықталды, жауынгерлерге жалақы төленді
Екінші азамат соғысының (1648) барысында индепенденттер үкімет басына келді. Қауымдар Палатасы өзін жоғары өкімет деп жариялады. Бұл – Англияда республикалық тәртіптің шын мәніндегі орнауы еді. Парламентті (1648 ж. 5 желтоқсан) пресвитериандық депутаттардан тазартып, енді парламентте индепенденттер көпшілікке айналды. Индепенденттік республика кезінде (1649 – 1653 ж) лордтар палатасы мен король атағы таратылды. Мемлекеттік кеңес құрылды. Үкімет билігі енді орта буржуазия мен орта дворяндардың қолына өтті. Бұлар үкіметті бір жағынан роялистерге (революцияның жаулары) қарсы күресуге , екінші жағынан халық қозғалысын басуға пайдалануға тырысты. Революциялық соғыс жылдарында шаруашылық күйзеліп, еңбекшілердің тұрмысы адам айтқысыз нашарлап кетті. Индепенденттер олардың тұрмысын жақсарту мақсатында еш шара қарастырғысы келмеді. Индепенденттер республикасының таптық сипаты олардың бұдан былай жүргізіп отырған саясатынан айқын көріне бастады.
Кромвель 1649 жылы 13 тамызда әскерді 152 кемемен Ирландиядағы Англияға қарсы көтерілісті тоқтатып және Ирландия жерін түгел басып алу үшін апарды. Аса қаталдық көрсетіп, тек солдат, офицерлерін қырып – жойып қана қойған жоқ, қарапайым тұрғындарды да қан қақсатты.
1649 – 1651 жылдар арасында Ирландия жері түгелдей жаулап алынды. Ирландиядан жер алған капиталистер мен жаңа дворяндар Ирландиядағы ағылшын ленлордтарына айналды. Ирландияны тонап, индепенденттердің жоғары топтарының тез баюы инденпенденттік республиканың іргетасын шайқалтты. Халық алдында республиканың беделі төмендей берді.
4. Кромвель протектораты
1653 жылы желтоқсан айының 16 күні Кромвельді лорд - протектор деген атақпен мемлекеттің басшысы етіп жариялады. “Басқару құралы” деген құжат бойынша оған әскер мен флот бағында, басқа елдермен келісім жасауға жарлық шығаруға құқық берді. Сайлаушылар үшін мүліктік ценз 200 фунт стерлингке дейін көтерілді. Міне, осылайша индепенденттік республика іс жүзінде жойылды.
Протектораттың басқару формасы – әскердің жоғары топтары және олармен байланысы бар жаңа дворяндар мен буржуазияның контрреволюциялық әскери диктатурасы болып шықты. Протекторатты күшейту үшін әскери – полициялық режим орнады. Құпия полиция қызметі күшейді. Елді басқаруды жеңілдету үшін он бір әскери округке бөліп, оны генерал – лейтенанттар басқарды. Оларға жергілікті үкімет билігін берді. Кромвель 1657 жылы өзіне мұрагер тағайындауға құқық алды. Сыртқы саясатында да буржуазия мен жаңа дворяндар үшін көп жетістікке қол жеткізді. Португалия, Швеция Даниямен сауда келісімдерін жасап, Испанияның отарларына ағылшын көпестерінің барып сауда жасауына рұқсат алып берді. Испаниядан 1655 жылы Ямайка аралын тартып алды.
5. Революция кезіндегі шаруалар қозғалысы
Левеллерлер. Индепенденттердің өз арасында әскер ішінде көптеген мәселелер төңірегінде ауыздықтар пайда болды. Ұсақ буржуазиялық ағым қалыптасты. Олар қала мен деревняның ұсақ буржуазиясының мүддесін қорғады. Муниципалдық реформа жасауды, жанама және шіркеу салықтарын қысқартуды талап етті. Левеллерлер қозғалысы пресвитериандар мен индепенденттерге қарағанда саяси сипаттағы қозғалыс болды. Левеллер – “теңестіруші” – деген сөздің өзі бірден – ақ әлеуметтік сипаттағы қозғалыс екенін көрсетті.
Левеллерлер қозғалысының ең көрнекті идеологы – Джон Лильберн (1618 – 1657 жж.) - ұсақ жер иесі, дворянның баласы, жас кезінен пуританизм ықпалында тәрбиленді. Азамат соғысы жүріп жатқан 1646 жылы Дж. Лильберн “Англияның жаратылысынан бергі құқығын қорғау (10 қазан 1646 ж.) деген памфлет жазып, онда халықтың табиғи құқығын тұншықтырып отырған лордтар палатасын таратуды талап етті. Сондай – ақ заңсыз патенттер белгілі бір кәсіппен айналысуға не сауда жасауға беретін куәліктер мен монополияларды қысқартуды, ондық салығын жоюды, кедейлерге көмек беруді, ар бостандығы мен ой – пікір еркіндігін талап етті. Олар өздерін “теңестірушілер” деп атағанмен, теңестірушілер бола алған жоқ. Себебі, олар жеке меншікті жоюды ойламады да. Заң алдындағы теңдік пен көпшілікке сайлау құқығын талап ете жүріп, олар жеке меншікшілердің, ұсақ буржуазиясының мүддесін қорғады.
Левеллерлер, жоғарыда айтып кеткеніміздей, негізінен қолөнершілерден, шаруалардың бір бөлігінен, қала кедейлерінен тұратын әскер ішінде солдаттардың және офицерлердің бір бөлігінің арасында беделді болды.
1647 ж. күзде левеллерлер “Халық келісімі” (28 қазан 1647 ж.) деп аталған конституция жобасын ұсынды. Бұл жобаға индепенденттер қарсы болды. Себебі бұл жобада елді басқаруда халықтың билігі туралы түпкі бастама ұсынылды. Сословиелік артықшылықтарды жою, сайлауға мүліктік шек қоюды жою, елдердің саяси теңдігін жасау, депутаттар санын округтерде тұратын халықтың санына байланысты анықтауды ұсынды. Бұл құжатта король үкіметі мен лордтар билігі жоққа шығарылдыү Республикалық құрылыс орнату керек екенін айтпаса да, бұл жоба шын мәнінде республикалық құрылысты ұсынған жоба болды. Экономикалық көзқарасында олар жеке меншікті жойған жоқ, салықтарды жоюды ғана айтты.
Левеллерлер құжатта елдің кедей тұрғындарының экономикалық мүддесін айналып өтті, оған соқпауы олардың әлсіздігінің көрінісі болды. Халықтың қалың көпшілігінің үмітін ақтамады.
Левеллер (солдаттар арасында) 1647 жылы күзде (қазан) 1649 жылы (мамыр, қыркүйек) екі рет көтерліске шыққанымен, екеуінде де жеңіліп қалды. Себебі олар шашыранда, бір – бірімен байланысы жоқ көтерлістер болды, біртұтас басшылық, айқын бағдарламасы болмады, левеллерлердің бір бөлігі арасында батылдық жетіспеді, индепенденттік үкіметке наразы қала және село тұрғындарымен байланыс жасамады. Левеллердің бағдарламасындағы талаптары – қоғамның буржуазиялық негізіне зиян тигізбейтін, тек буржуазия демократизмнің белгілі бір сатылары үшін ғана күрес еді.
Диггерлер. Диггерлер туралы да оқығанда осы жағдайларға назар аудару керек. Англия қоғамында 1651 – 1652 жылдар революция жауларының (деликвенттердің) жерлерін сатып алғандар ірі буржуазияның өкілдері болды, олардың ішінде бұрынғы левеллерлер де бар. Халық бұқарысының жер алып, шаруашылық жүргізуіне ешқандай жағдай жасалмады. Оған жердің бағасын өте қымбат етіп белгілеу (8 – 10 жылдық кіріс көлемінде, және оны бірнеше апта ішінде төлеп болу керек) мүмкіндік бермеді. Ұсақ шаруалар жер ала алмады. 1649 жыл 8 сәуірде бір топ адам Серри графтығы Кобгем түбіндегі жерді өңдей бастауымен Англияда диггерлер қозғалысы пайда болды. Бұл қозғалыстың дем беруші идеологы онша бай емес саудагер отбасынан шыққан Джерард Унистенли деген адам. Уинстенлидің идеясының негізгі “жер барлық адамдардың, ешқандай алалаусыз ерекшеліксіз, ортақ байлығы” - деген ойы қалыптасты. Жерді пайдалануға рұқсат бергені үшін алынатын файна, омаж, гериот т.б. салықтар жойылмайынша бостандық болуы мүмкін емес”, - деп тұжырымдады ол.
Осы айтылғандардың бәріне Дж. Уинстенлидің осында бұдан да кейінгі беттерінде көрсетілген памфлеттерін оқу арқылы толық көз жеткізуге болады.
Бұлар адамдардың құдай алдындағы теңдігін жариялады. Мемлекеттік Кеңестің жіберуімен диггерлер қозғалысын басуға келген генерал Ферфакс бұлардың әрекетін “түкке тұрмайтын іс” деп ойлады. Ешкім бұлардың қарсылық көрсетпеді. Ферфакстің бұйрығымен Эверардпен Уинстенли онымен кездесуге келгенде бас киімін алмай, “сен” деп сөйлесті. Бұларың не? – дегенде: “Барлық адамдар сияқты бәрімізді де құдай жаратқан”, - деп жауап берді. Ешкімнің жеке меншігіне қол салмайтынын уәде берді және кедей диггерлердің бос жатқан жерлерді өңдеп одан алған өнімді ортақ пайдаланып өмір сүруге құқығы бар екенін мәлімдеп, генералдан бұдан әрі әскердің араласпауын талап етті.
Осыдан бастап диггерлердің Англияның жеке меншіктерімен, оның үкіметімен тең емес ерлік күресі басталды. Үстем таптар бұлардың астығын өртеді, егінін таптарды, өздерін түрлі сылтаулармен тұтқындады, айыптар салды, жала жауып өсек таратты.
Диггерлер қозғалысы 1649 жылдың көктемінде 1650 ж. көктеміне дейін созылды. Осы кезеңде Уинстенли үлкен үгітшіге айналды, жоғарыда айтылған өсек – аяң жалаларға қарсы күресті. Бір жыл ішінде ғана12 памфлет жазды, (Ферфакске 2 хат, әскерге үндеу, Лондонға, парламентке, ағылшын халқына).
Бұл памфлеттерден үзінділер хрестоматияда және осыдан көрсетілген практикумдарды бар. Оқуға кеңес береміз. 1650 жылдың жазында бұл қозғалыс тоқтады. Индепенденттік республика үкіметімен тіресе алмады.
Неге жеңілді? Бұл қозғалыста диггерлердің мүддесін қорғап жүрген әлеуметтік топтар ұйымдаспаған, шашыранды сипатта болды. Саяси пісіп жетпеген, утопиялық көзқарастағы қозғалыс болды. Мақсаттарына бейбіт жолмен қол жеткізе әрекеті нәтиже бермеді. Әскери үкімет басқару аппараты күшті жаңа дворяндар мен буржуазиялық оған еш уақытта ырық бермес еді. Сонымен қатар диггерлер ойлағандай құдай атымен лордтарды, жалпы жеке меншік иелерін тәубеге келтіруге болмайды, олардан тек тартып алу керек.
Бұндай сәтсіздіктерге қарамастан бұл қозғалыс ағылшын буржуазиялық революциясы барысында үлкен рөл атқарды. Бұлар феодалдық қатынастарды қиратудың радикалды жолдарын ұсынды. Олар адамдардың шын мәніндегі теңдігі үшін, әділетті қоғам орнату үшін күресті.
6. 1688 жылғы төңкеріс.
Кромвель өлгеннен кейін оның баласы Ричард әкесінің орнына протектор болып жарияланды. Әкесіне ұқсамаған, ынжық еді, әскерде оның еш беделі болмады. Осыны пайдаланған әскер генералдар елде қайтадан Стюарттар монархиясы қалпына келтіруді ойластырды. Олар 1660 жылы өлтірілген король Карльдің баласын ІІ Карл деген атпен король жариялады. Олкороль болып жарияланғанға дейін 1215 жылғы еді, кейін оны бұзып Кромвельдің және революцияның басқа ірі қайраткерлерінің сүйектерін қазып алып, жазалады”. Әкесін өлтіруге қатысқан кейбір адамдарды таптырып өлтірді. Англикан шіркеуін қалпына келтіріп оның жерін бұрынғы иелеріне қайтарып бере бастады.
Одан кейінгі король ІІ Яков кезінде (1685 - 1688) феодалдық – абсолюттік монархияның қалпына келтіру әрекеті бұрынғыдан да күшті етек алып, бассыздық көрсете бастады. Бұдан тіпті монархияны жақтаушылардың өзінің біраз бөлігі қатты қауіптеніп, одан кете бастады. Оппозицияға өздерінің айтқанынан шықпайтын король керек болды. ІІ Яковтың қызы протестант, англикан шіркеуінің қолдаушысы марияның күйеуі Вильгелм Оранскийге ағылшының алты лорды мен бір епископы қол қойып хат жазды, оны елді басқаруға шақырды. Міне осындай жағдайларға байланысты 1689 ж. 6 ақпанда лордтар палатасы ІІ Яков корольді тақтан түсіріп, Вильгельм мен Марияны бірікккен король етіп жариялады. Іс жүзінде елді Вильгельм Оранский басқарды. 1689 жылы қазан айында қабылданған “құқық жөніндегі” деп аталған құжат бойынша корольдің құқығы анықталды. Корольдің парламенттің келісімінсіз өмір сүріп отырған заңды қысқартуға не тоқтатуға құқығы болмады, өз бетінше салық салып, жинауға, парламенттің келісімінсіз әскер құрып оны ұстауға құқығы болған жоқ. “Құқық жөніндегі” бойынша Англияда протестанттық діннің үстемдігі қамтамасыз етілді. Парламенттің құқығы кеңейтілді. Парламент мүшелеріне сөз бостандығы берілді, парламент өз кезегімен шақырылатын болды. Сот ісі реттелді.
Сонымен сонау 1215 жылы қабылданған “Великая хартия вольностей”, 1628 жылғы “Құқық жөніндегі петиция” т.б. құжаттарда айтылып келген талаптар 1689 жылғы осы құжатта қабылданған шешім бойынша орындалатын болды.
1689 жылғы төңкерісті жасаған тори және вигилердің ескі мемлекеттік басқаруды қиратқысы келген жоқ.
Мұрагерлік монархия, лордтар палатасы, мемлекеттік шіркеу, ортағасырлық дерлік сайлау құқығы, парламент үстемдігі бәрі – бәрі сақталды. Олар халық үшін ештеңе істегісі келген жоқ, бұл төңкерісті халықтың қатысуынсыз “қан төкпей” жасап алғандарына қатты қуанды.
Ағылшын буржуазиялық тарихшылары бұны “даңқты революция” деп атап мадақтап, оны 1640 – 1649 жылдардағы “бүлікті, “қанды революцияғы” қарсы қояды. Әрина, бұның бәрі таптық көзқарас, таптық мақсаттан туатынын жақсы білесіздер.
Ұлы Француз буржуазиялық революциясы. Консулдық және І империя кезіндегі Франция.
Лекция жоспары:
XVIII ғ. Франция
Француз ағартушылығы.
Революцияның бірінші және екінші кезеңі. Фельяндар мен Жирондистер.
Якобин диктатурасы.
Термидориандық реакция және Директория.
Наполеон кезіндегі Франция.
Әдебиеттер:
История Франции. 2 том. М., 1972.
Молчанов Н. Монтаньяры . М.,1989.
Манфред А.З. Наполеон Бонапарт. Любое издание.
Манфред А.З. Три портрета эпохи Великой французской революции.М.,1978.
Новая история стран Европы и Америки. /Под ред. Кривогуза, Юровской, М., 1999.
Практикум по новой истории (1640 - 1870). М., 1973.
Ізтілеуов Қ. Жаңа заман тарихы. Алматы, 2000.
Ізтілеуов Қ. Жаңа заман тарихының практикумы, Шымкент, 2002.
Негізгі түсініктер: абсолютизм, құрылтай жиналысы, якобин диктатурасы, фельяндар, жирондистер.
Мақсаты: Ұлы Француз буржуазиялық революциясының басты себептерін, барысын, тарихи маңызын ашып көрсету
1. XVIII ғ. Франция
К.Маркс “Еуропалық көлемдегі революция” деп атаған ұлы революциялардың ішіндегі ең бір сүбелісі – XVIII ғасырдың аяғында ұлы Француз буржуазиялық революциясы.
Францияда революцияның қарсаңында үш сословие өмір сүріп отырды. Дінбасылары – бірінші, дворяндар – екінші, ауыл шаруашылық жұмысшылары, қолөнершілер, буржуазия үшінші сословиеге жатты. Жоғарғы екі сословие саны жағынан бар болғаны тұрғындардың бір проценттен аз бөлігі болса, қалған бөлігі үшінші сословие өкілдері.
Бірінші және екінші сословие өкілдері әскерде, жоғары өкімет орындарында, шіркеу ісінде жетекші роль атқарды. Ірі дін басылары үлкен жер иесі болды, мыңдаған шаруалар еңбегін қанап отырды. Шіркеу жерлерінде шаруалардың басыбайлылығы сақталды. Епископтық қызмет тек дворян тұқымдарынан шыққан адамдарға берілді. Епископтық қызмет алу жолындағы ұмтылыс дворяндар арасында өте күшті болды. Дворяндық топ– негізгі жер иелері. Бұлардын арасында жіктеліс жүре бастады. Ол жіктелістің себебі – революция қарсаңындағы шаруашылық жүргізудегі, елдің экономикалық өміріндегі өзгерістер.
Дворяндардың біреулері яғни саны жағынан аз тобы “буржуазиялана” бастады. Шаруашылықтың жаңа түрі – капиталистік шаруашылыққа өте бастады, сауда ісіне батыл түрде араласып, өндіріс пен саудада капитал салды.
Үшінші сословие шамамен бүкіл Франция тұрғындарының 99 проценті болды. Таптық жағынан бұлар біртекті емес, оған буржуазия, шаруа, плебейлік топтар яғни қолөнершілер, ұсақ саудагерлер, жұмысшылар кірді. Бірақ бәрін біріктіріп, революцияның қарсаңында бір жұдырық ететін жағдай – бұлардың бәрі бірдей дәрежеде дерлік саяси құқықсыз. Экономиканы сауданы, өнеркәсіпті дамыту әрекетіне король үкіметінің еріксіз салықтары шектеулері мүмкіндік бермеді. Революция қарсаңында, XVIII ғасырдың аяғында Францияның буржуазиясы ел ішінде өте бай, экономикалық жағынан мықты тапқа айналды. Ішкі және сыртқы сауданы сол жүргізді, даладан жер сатып алып, жер иесіне де айналып отырды.
Күшейе түскен буржуазияның капитализмді дамытуына ел ішндегі салмақ, өлшем мөлшерлердің әртүрлі болуы, монополиялық құқықтар кедергіге айналды. Бұларды жою үшін буржуазияға король үкіметін осы кедергілерді жоюға көндіру керек болды. Сондықтан революция арқылы буржуазия өкімет билігін қолға алғысы келді. Буржуазияның өзі бірнеше топқа бөлінді. Буржуазияның жоғары тобы – миллионерлерден, банкирлерден, қаржы алпауыттарынан тұрды. Бұлар король сарайымен байланысы бар, оларға қарыз беретін тобы.
Саны басымырақ сауда және өнеркәсіп буржуазиясы болса, үнемі феодалдық – абсолютистік тәртіптен қысым көріп отырды. Ұсақ саудагерлер және ұсақ кәсіпшілер онсыз да наразы. Бұндай түрлі топтарының айырмашылығына қарамастан ол кезде буржуазия прогрессивті революциялық күш болды, себебі оның дүниеге келтіруге тиісті буржуазиялық құрылысы, феодалдық құрылысқа қарағанда тарихи алға басқан қоғамдық құрылыс болмақшы.
Феодалдық қоғамның тежеусіз абсолюттік тәртібінің экономикалық, әлеуметтік, саяси теңсіздігін бірден – бір өз тәжірибесінде көріп, сезіп, күйзеліп отырған тап – осы шаруалар. Өнімінің үлесін беру арқылы жер ұстады (издольщина). Шаруалардың басым көпшілігі ауқатты шаруаларға күндік жұмыстарға жалданып өмір сүрді. Мырзасыз жер болмады десе болады. Шаруалар бұларға қоса көптеген ақшалай, заттай салықтар төледі.
Жұмысшылар, қолөнершілер, ұсақ саудагерлер, қаңғыбас музыканттер, кездейсоқ жұмыстармен күн көрушілер жұмыссыздар – қаланың плебейлік тобы міне осылардан тұрді. Бұлардың ешқандай саяси құқығы болмады. Наразылық дәрежесі жоғары, себебі бұлардың бар – жоғы ешкімді ойландырған жоқ Содан да бұл топ революциялық қозғалыстың алдыңғы қатарында жүрді.
Францияда жұмысшылар табы жасала бастады. Олар: мануфактураларда жұмыс істейтін жұмысшылар, шашыранды мануфактуралардың жұмысшылары, қолөнерші жұмысшылар, шеберлер; үйренушілер, маусымдық жұмысшылар. Бұлар қазіргі түсініктегі пролетариат емес еді. Өндірістің мануфактуралық сатысына тән пролетариат болды. Жұмыс күні өте ұзақ, 16 – 18 сағат жұмыс істеді, оларды еш заң қорғаған жоқ, еңбек жағдайы ауыр, еңбекақы өте аз. Еңбек жағдайын жақсарту үшін күресті, бірақ өздерінің таптық табиғатын түсінген жоқ, содан да олар тек буржуазияның соңынан ерді.
Феодалдық – абсолюттік құрылыстың дағдарысы күшейді. Жоғарыда талдап көрсетілген үшінші сословиеге жататын топтардың бәрі оны жоюға мүдделі болды. Елдің өндіргіш күшінің дамуы тежеліп жаңа өндріс қатынастарының орнығуына мүмкіндік бермеді.
XVIII ғасырдың аяғында Францияда үлкен революциялық күш қалыптасты (үшінші сословиеге кіретіндер). Феодализм, әсіресе, ауылшарушылығында күшті бекініп отырғандықтан, оған соққы беру, аграрлық мәселені шешіп капитализмнің дамуына қажетті ішкі рынокты кеңейту, яғни ауыл шаруашылығының өндіріс өнімдеріне деген сұранысын жасау керек болды. Содан да революцияның негізгі міндеті – аграрлық мәселені шешу болды.
Сонымен революцияны болдырмай қоймайтын негізгі қайшылықтар мыналар: феодалдық құрылыс пен оның қойнауында өсіп келе жатқан капитализм және үшінші сословие мен бірінші және екінші сословиелер арасындағы қайшылықтар.
Революцияның қозғаушы күші – халық бұқарасы. Революцияның қарсаңында феодализмді шайқалтып, оның жеңілісін жеңілдеткен шаруалар көтерілістерінің толқындары болып өтті. Бұлар 1636 – 1637 жылдары болған шаруалар соғысы, Нормандиядағы 1639 жылы болған “жалаңаяқтар” көтерілісі, 1675, 1702 – 1705, 1775 жылдардағы шаруалар көтерілістері. Халық көтерлістері ұлы француз буржуазиялық революциясының жаршысы болды деуге болады.
2. Француз ағартушылығы.
Тарихшылардың есебіне қарағанда революцияның қарсаңында Францияда ерлер арасындағы сауаттылық 27 проценттен асса, әйелдер арсында 27 процент төнірегінде болыпты. Сондықтан кітап басу ісі алға басып, ағартушылардың ой – пікірлері жарияланып, көпшілікке жетіп отырған.
Көрнекті өкілдерінің бірі Шарль Луи Монтескье (1689 - 1755) “Парсы хаттары”, “Заңдар рухы” деген көрнекті шығармаларында орта ғасырлық тәртіпті, шіркеуді сынады. Монтескье басқарудың үш негізгі түрлерін – республика, монархия, деспотияны анықтап, Францияда Англиядағы сияқты конституциялық монархияның басқаруды ұсынды. Үкіметтік биліктерді бөлуді және шектеуді ұсынды.
Философ Франсуа Мари Аруэ Вольтер (1694 - 1778) өмір бойы прогрестің жауларына қарсы күресті. Арамтамақ аристократияны король деспотизмін, шіркеуді сынап шіркеумен күресуге шақырды. Адамның ақыл ойын жарыққа шығару үшін күресті. Шіркеудің халықты қараңғылықта ұстауды істеп отырған істерін әшкерледі.
Сондай –ақ қарапайым халыққа деген оның ойы “Собстенность” деген мақаласында анық өрнектеді: онда өзінің еңбегін сататын түгі жоқ адамдар керек, олар өз еңбектерін кім жақсы төлесе соған сататын болады – деп жазған. Ірі буржуазияның халықпен байланысы жоқтығы, демократияға қарсылығы Вольтердің көзқарасын айқын көрінеді.
Ұсақ буржуазия арасынан да Жан Жак Руссо (1712 - 1778) сияқты жалынды революционер шықты. Ол өзінің “О причинах и происхождении неравенства” – деген еңбегінде барлық күйзелу мен теңсіздіктің себебі жеке меншік деп көрсетті. Сол жеке меншіктің қалай пайда болғанын әдемі етіп дәлелдей отырып, ол жеке меншікті жоққа шығармады, оны жоюға шақырмады. Байлық пен кедейлік болмайтындай етіп жеке меншікті шектеуді ұсынды. Руссо бай да емес кедейде емес дербес шаруалардан, қолөнершілерден, саудагерлерден тұратын қоғам құруды ұсынды. “Общественный договор” деген 1762 жылы жазған еңбегінде ол демократиялық республика түріндегі басқару түрін ұсынды.
Буржуазиялық идеология деңгейінен тыс ағартушылар өкілдерінің бірі – коммунист – утопист Жан Мелье (1664 - 1729). Олардың жағдайы коммунистік теңестіру идеясы әсіресе қала тұрғындарының бір бөлігі мен деревня кедейлерінің ой – арманына сай келді. Өзінің көзқарастарын “Завещание” деп аталатын еңбегінде паш етіп, феодализмді толық жоюға жерге жеке меншікті таратуға, ортақ жерде міндетті еңбек етуге шақырды.
Сонымен осы айтқандардан шығатын қорытынды мынандай: Ұлы Француз буржуазиялық революциясының идеологиясында екі ағым – самарқау және радикалды демократиялық – болған. Самарқау ағымының өкілдері Ш.Монтескье мен Вольтер феодализмді сынағанымен елді басқаруға король билігін жоққа шығармай, тек оны конституция арқылы шектеуді ұсынды. Халық бұқарасының мүддесінен олар қашық тұрды. Ал, Жан Жак Руссо мен Жан мельенің елдің саяси құрылысы жөніндегі көзқарастары терең яғни радикалды. Олар король үкіметіне шексіз билікті республикалық басқарумен алмастыруды ұсынды. Жан Мелье Жан Жак Руссодан да әрі феодалдық қоғамды революциялық жолмен құлатып, коммунистік қоғам құруды ұсынды.
Осы айтылған революция идеологиясында қалыптасқан ағымдар революция кезеңдерінде айқын көрініп отырды.
Революциялық ахуал. Жоғары топтардың жүргізіп отырған саясаты онсыз да революция қарсаңында елді қалыптасып отырған революциялық жарылысты тездете түсті. Таққа 1774 жылы келген Людовик XVI күйзелген шаруашылық пен қарыз ғана қалдырды. Елде тұрмыс нашарлады. Жер иелері шаруаларды қанауды тіпті күшейтіп жіберді.
Сыртқы саясаты да буржуазияның ойынан шықпады. 1786 жылы Англиямен сауда келісімін жасады, ол француз өнеркәсібіне зиян келтірілген келісім болды. Англияда өндірілген арзан тауарлардың Францияға еніп кетуіне мүмкіндік берді. Осының бәрі революциялық ахуалды тудырды. Революциялық ахуалдың үш белгісі қалыптасты.
Елде корольдің және мемлекеттік қарыздары өсті. Жаңа заемдар шығарылды. 1789 жылдың қарсаңында мемлекеттік қарыз көлемі – 4,5 миллиард ливрге жеткен. Елде өнеркәсіп – сауда дағдарысы жасалды. Жұмыссыздар пайда болды. Мұқтаждық шегіне жетті.
Осы дағдарыстан шығудың жолын іздеп аласұрған король үкіметі 1789 жылы 5 мамырда сонау 1614 жылдан бері шақырылмаған Бас штаттарды – үш сословие өкілдерінің жиналысын шақыруға мәжбүр болды. Жоғары екі сословие өкілдері корольдің екі жағына жұмсақ креслоларда шалқая орналасса, үшінші сословиенің 600 алақұла киінген өкілдері залдың ең артқы бөлігінен орын алды.
Король өзінің сөзінде қазнаның ортайып кеткендігі “жаңалықтар” талап етудің көбейіп кеткендігіне өзінің өкпелі екенін айта берді. Король ел күтіп отырған реформалар туралы ештеңе айтпады. Оған негіз де бар. Бас штаттардың бұл отырысына 47 епископ, 41 аббат, 200 – ден аса кюрелер қатысты.
Ең басты келіспеушілік дауыс берудің төңірегінде күшейді, бұрынғы тәртіп бойынша сословие бөлек – бөлек дауыс берсе, үшінші сословие саны көп болса да дауыс ала алмайтын еді. Енді үшінші сословие әр адамның дауыс беруін енгізуді талап етті. Оған бірінші және екінші сословие өкілдері, әрине келіспеді. Үшінші сословие өкілдері өздерін Ұлттық жиналыс деп жариялап, бұдан былай салынатын салықтар мен түрлі шешімдер бізбен келісілуі керек – деп мәлімдеді. Тағы бір қызығы, діни сословиенің төменгі топтарының өкілдері, тіпті дворяндарда да ұлттық жиналыс жағына шыға бастады. Бұл жоғарыда айтылып кеткен “жоғарғылардың” дағдарысының тереңдей түскендігін паш етті. Ұлттық жиналыс 1789 жылы 9 шілде француз халқының атынан заң шығаруға хұқығы бар Құрылтай жиналысы деп жариялады.
3. Революцияның бірінші және екінші кезеңідері. Фельяндар мен жирондистер.
Революция Парижде басталды. 13 шілде күні халық өкілдері Ұлттық жиналысты қорғау үшін жиналды. Король үкіметінің контрреволюциялық әрекетіне тойтарыс беру үшін Ұлттық гвардия құрылды. Ортағасырлық зорлық – зомбылықтың бетбейнесі – Бастилия қамал – түрмесің алуға ұмтылды. Бұл 14 шілде күні болатын. Көтерлісшілердің 100 адам өлді. Пышақпен, мылтықпен, қанжармен қаруланған халық Бастилияны алды. Бұл күн (14 шілде) бүгінгі күнге дейін француз халқының ұлттық мейрамы болып отыр. Париждегі халық көтерлісінің жеңуі үлкен оқиға болды. Король үкіметі мен шексіз билікті құлатты. Ірі буржуазияға үкімет билігін алып берді. Олардың өкілдері Париж муниципалитеттеріне отырып алды. Буржуазияға дворяндардың либерал бөлігі қосылып кетті.
Париждегі революцияның жеңуі бүкіл елде революциялық қозғалыстың өрлеуіне дабыл болды. Қалаларда буржуазияның өкілдерінен тұратын өз-өзін басқару жүйесініңоргандары-муниципалиттер құрыла бастады.
Халық бұқарасы – шаруалар мен плебейлік топтар революцияда зор қозғаушы роль атқарды. Олардың батылдығы, батырлығы революцияны жеңіске жеткізді, алға тартты. Осылардың белсенді қатысуы бұл революцияға буржуазиялық – демократиялық сипат берді.
Революцияның 14 шілде күнгі жеңісі нәтижесінде үкімет басына буржуазияланған либерал дворяндармен одақтасқан ірі буржуазия (“буржуазиялық аристократия”) келді. Олар – банкирлер, ірі мануфактура иелері кәсіпорын иелері, кеме қожайындары ірі саудагерлер, ірі үй қожайындары, буржуазиялана бастаған бай жер иелері, Міне, осылар енді қолдан келгенше революциялық өрлеуді бәсеңдетіп, қолға түсірген биліктерінен айрылып қалмаудың жолдарын қарастыра бастады.
Үкімет басына келген ірі буржуазия мен либерал дворяндардың мақсаты олардың бірінші күнгі шешімдерінен айқын көрінді. Мысалы – 4 –11 тамыз күнгі шешімінде феодалдық тәртіп толық жойылды деді: феодалдық міндеткерліктерді, шіркеу оңдығы,т.б. Ал шындығында, ол бірқатар түкке тұрмайтын міндеткерліктерді жою болып шықты. Ал жермен байланысты міндеткерлерді шаруалар өте қымбат көлемде сатып алуға тиіс болды.
Бұлардың ойының “арамдығын” бірінші болып сезген, таныған “Халық досы” газетін шығарушы жалынды революционер, француз халқының ардақты ұлы Ж.Поль Марат болды. Ол осы газетте өзінің түпкі мақсатын былайша айқындалды: “мен еш аяусыз екі жүзділерді әшекерлеп, байлық құмар адамдарды қоғамдық істерден тайдыру үшін күресемін”.
Революция барысында үлкен рольді әртүрлі революциялық клубтар атқарды. 1789 ж. құрылған якобшілдер , кордильерлер, фельяндар т.б.*******
Құрылтай жиналысы 1789 жылы 28 тамызда “Адам және азамат құқығы” туралы декларация қабылдады. Бұл декларация ұлттың билігін жариялады. Бостандық меншік, қауіпсіздік, қаналуға қарсылық сияқты адамның табиғи құқығын мойындады. Бірінші бабында адам құқық жөнінен тең болып туады және солай болып қалады деп көрсетеді. Декларацияның 17 бабында революциялық принциптер ретінде ағарту идеялары: халық принципі, әрбір адамның заң алдында теңдігі, сөз, баспасөз және ар-ұждан бостандығы жөніндежазылды, бірақ меншік қасиеті және оны ешкім бұзуға болмайтын құқық екендігі атап көрсетілді. Бұл өз заманы үшін прогрессивті құжат. Онда жарияланған “бостандық, теңдік, туысқандық” ұраны бүкіл Еуропаға революциялық ықпал жасаған даңқты ұран болды. Құрылтай жиналысы азаматтық теңдік принципін ұстай отырып, жиналыс таптық жеңілдіктері және дворяндық титулдар мен атақтарын, дворяндық мұрагерлік құртты, мемлекеттік шектеуді және цехтық жүйені жойды. Шіркеудің мүліктерін қайта қарау туралы декрет қабылдайды.
Құрылтай жиналысы 1791 жылы 13 қыркүйекте корольге конституцияға қол қойдырып, бекіттірді. Францияда конституциялық монархия орнады. Конституция корольге зор билік берді. Екінші таруының бірінші бөлімінің бірінші бабында король билігінің мұрагерлік сипаты, оның жеке басы қасиетті, қол сұғылмайтын – дей келе заң мен ұлтқа қызмет ететіні, оның билігінің заңнан жоғары емес екені атап көрсетілді.
Сайлауға мүліктік шек қойылды. Конституция бойынша заң шығару билігі Заң шығарушы жиналысқа берілді.
1792 ж. 20 сәуірде Франция Австрияға соғыс жариялайды. Соғыс барысы Францияға сәтсіз болды, елге нақты кауіп төнді. Саяси дағдарыстың күшейе түсуіне орай, елдегі демократиялық қозғалыстар корольді құлатуды және монархияны жоюды талап етті. 10 мамыр түнінде Парижде көтеріліс басталып, көтерілісшілер корольдың Тюильри сарайын басып алды.
Бүл көтеріліс революцияны жаңа деңгейге көтеріп, ескі тәртіп қалдықтары демократиялық жолмен жойылды. Монархия іс жүзінде құлады, жиналыс ХVI Людовикті тақтан түсірді.
22 қыркүйекте Франция республика болып жарияланды. Конвенттің жоғарғы орындағы 113 депутаттары сол жақ қанатты құрады, оларды “таулар”- монтаньярлар деп атады. Олардың белгілі жетекшілері : Робеспьер, Марат, Дантон болды. Конвенттің оң жақ қанатын 136 депутат құрады, оларды жирондықтар деп атады, өйткені олар Жиронда аймағынан шыққан депутаттар еді. Ал орталық бөлігін құраған 500 депутат ешқандай топта болмағандықтан Конвенттің “батпағы” деп атады.
Конвенттің сотына берілген ХVI Людовикке ұлт еркіндігіне және мемлекеттік қаупсіздікке опасыздық жасады деген кінә тағылып , өлім жазасына кесілді. 1793 ж. 21 қаңтарында оның басы алынды.
1792-93 жж. қысында халық бұқарасы революцияны әрі қарай жалғастыруды талап етті. Күн тәртібінде азық-түлік мәселесі өзекті болды, халықтың жағдайы күрт нашарлап кетті. Азык-түлікке тұрақты баға қою қажеттілігі туды.
1793 жылдың көктемінде революция жаңа дағдарыс кезеңіне аяқ басты. Ауыл шаруалары буржуазияның ауылға қатысты әділетсіз саясатына өздерінің наразылығын білдірді. Бүл кезде әскер жағдайы да күрт нашарлап кетті. Республикаға төнген жаңа қатер бүкіл халықтың күшін топтастыруды қажет етті, бірақ жирондистер қарсы шықты. Якобиншілер, париждік секциялардың көпшілігі, кордельер клубы бірауыздан жирондықтарды жоюкерек деген пікірде болды.
1793 жылы 31 мамырда көтеріліс жеңіске жетті.
4. Якобшілдер диктатурасы.
Жирондықтар құлағаннан кейін саяси билікке якобшілдер келді. Революция жаңа күштерді жинай бастады. Елде революциялық диктатура орнады. Ол буржуазиялық – демократиялық революцияның жетістіктерін ңығайтуда батыл шаралар қабылдады.
1793 жылдың 3 мауысымында шетелге қоныс аударғандың иеліктерін ұсақ бөліктермен 10 жыл көлемінде өтей алатындай етіп несиеге сату жөнінде заң қабылданды.
10 маусымда қабылданған заң бойынша барлық қауымдастық жері қауым шаруалардың жекеменшігі деп жариялады. 17 шілдеде қабылданған декрет барлық феодалдық міндеттерді түбімен жойды.
1793 жылдың 24 маусымында Конвент Францияның жаңа конституциясын қабылдады. Конституция республика үкіметінде бірпалаталы жиналыс болуын, жалпыға бірдейсайлау жүйесін және де сайлануға қатысатын ерлердің жасы 21-ден төмен болмауын қарастырды. Сондай-ақ демократиялық құқықтар мен еркіндіктер жарияланды. Революцияның өрлеу кезінде пайда болған якобшілдердің буржуазиялық-демократиялық конституциясы халықтың талаптарын қанағаттандырды.
Бірақ шілде-тамыз айларында республиканың жағдайы қиындай түсті. Коалиция әскеріреспубликаға қарсы шықты, сөйтіп экономикалық жағдай нашарлап, азық-түлік дағдарысы басталды.
Якобшілдер тобының революцияға қарсы күштермен күресі және оларға қарсы жүргізген зорлық-зомбылығы күнделікті іске айналып кетті.
Осы жылдың қараша айында Конвент жаңа республикалық күнтізбе мен жыл санауының жаңа жүйесін кіргізді. Жаңа ғасыр республиканың бірінші күнінен – 1792ж. 22 кыркүйегінен басталатын болды. Якобшілдер халықтын білім беру жүйесіне де көп көніл бөледі.1793 ж. 19 желтоқсанында Францияда тұңғыш рет жалпыға бірдей тегін бастауыш білім беру туралы заңы қабылданды. Мемлекеттік мекемелер политехникалық мектеп, өнер және қолөнер , ән-күй консерваториясын, Луврда мұражай, ұлттық кітапхана мен ұлттық мұражай ұйымдастыруға қатысты бірқатар шаралар өткізді.
Якобшілдер үстемдігі республиканың қауіпсіздігің қамтамасыз етіп, елдегі барлық қарулы күштерге өзгерістерді еңгізді. Алғаш рет Францияда қысқа мерзімде жалпыға ортақ Ұлттық армия құрылды.
1793 жылдың күзі мен қысында барлық майданда елеулі алға жылжу байқалды. Якобшілдердің және олармен біріккен әртүрлі қоғамдық топтардың ортақ жаулармен күресі аяқталуға таянды. Осы кезде якобшілердің өз ішінде қайшылықтар мен алауыздық күшейе түсті. Якобшілдер партиясының негізгі басшылары Робеспьердің сыбайластары болды. Олардың идеалдары ұсақ және орта кәсіпкерлер еді.
1793 жылдың күзінде мен қысында якобшілдердің ішінде қайырымдылар ағымы қалыптасып, оны Жорж Дантон басқарады. Қайырымдылар якобшіл диктаторлық тәртібін тез арада ауыстырып, жұмсартуға тырысты.
Қайырымдыларға нағыз революционерлер қарсы шығып, максимум жөніндегі заңды қатал сақтауды теңестіруші шараларын іздеу қажет деп санады. Нағыздар қатарына париждік секциялар, Коммуна жетекшілері Пьер Шометт, Жак Эбер және басқалар жатты.
5. Термидориандық реакция
1794 жылдың көктемінде күрес өзінің соңғы шегіне жетті. 1794 жылы 4 наурызда эбертистер көтеріліс жасауға әрекет жасады. Бірақ онысы сәтсіздікпен аяқталды. 14 наурызда Эбер және оның жақтастары тұтқындалды, өлім жазасына кесілді.
Якобшілдер блоғы тарап кетті. 1794 жылдың 10 маусымында Робеспьердің жақтаушылары террорды күшейту туралы заң қабылдады. Бүл Робеспьерді және оның жақтаушыларына қарсы қастандық ұйымдастыру және Конвентті таратуға жағдай туғызды. Террорды күшейту туралы заңға қарсылық түғызды.
1794 жылы 9 термидор (27 шілде) күні мемлекеттік төңкеріс жасалды. Робеспьер үкіметі құлатылып, енді оның орнына баюға ұмтылып отырған контрреволюциялық буржуазияның өкілдері келді. Робеспьердің Конвентте тұтқындалғандағы ең соңғы сөзі мынау болды: “Республика өлді, қарақшылар патшалығы басталды”. Келесі күні яғни 10 термидорда Робеспьер, Сен Жюст барлығы 22 адам ешқандай сотсыз гильотина пышағына жөнетілді. Тоғызыншы термидор күнгі болған оқиғаны ешкім бірден түсінбеді. Робеспьердің тираниясы құлатылды деп ойлайды. Шындығында олай емес, бұл – буржуазиялық контрреволюцияның жеңісі еді. Робеспьер мен оның жақтастарының өлтірілуі революцияның өлуі болды. Термидорлық буржуазияның шексіз билігі орнады. Ұлы Француз буржуазиялық революциясы аяқталды.
3. Революцияның тарихи маңызы.
Бұл революция феодалдық шексіз билікті қиратып, феодализмге ақырына дейін соққы берді, капитализмнің дамуына жол тазартты. Феодалдық өндіріс қатынастарын қиратты, жаңа тарихи дәуір – капитализмнің жеңуі мен нығаюын қамтамасыз етті.
Буржуазия Францияда прогрессивті тап ретінде революцияға жетекшілік жасады. Халық революциядағы негізгі күш болды. Бұл революция буржуазиялық – демократиялық революция.
Адамзат баласының тарихындағы елеулі оқиға - ұлы Француз буржуазиялық революцияның барысында феодалдық қатынастарға үш үлкен соққы берілді.
Бірінші соққы – революцияның бастапқы кезеңіндегі үкімет басында феольяндар болған кезде шаруалар ештеңе бермесе де шіркеу оңдығын жойып, шіркеу мүліктерін национализациялап сату арқылы буржуазияның белгілі бөлігінің жер алып, жер иесіне айналуына, сөйтіп, шаруашылығында феодалдық сектордың тартылып капиталистік сектордың жасалуын мүмкіндік берді.
Екінші соққы – 1792 жылы монархияның құлатылуы. Үкімет басына келген жирондистер жер иеленуші – буржуазия мен либерал дворяндардың мүддесін қорғады. Шаруалардың әлеуметтік – экономикалық мүдделерін жүзеге асыруды ойлаған жоқ, қолдан келгенше оны айналып өтіп отырды. Эмигрант жерлерін сатты, бірақ сату шарты бойынша оны тек буржуазия ғана сатып алаалды. Бұл шара нәтижесінде феодалдық сектор одан әрі тарылы, буржуазиялық сектор кеңи түсті.
Үшінші соққы – якобиншілдер үкімет басына келгеннен кейін жүргізген аграрлық шаралар арқылы берілді. Бұлар кедей бұқараға сүйене отырып, деревнядағы феодалдық қатынастарды ақырына дейін жойды. Аграрлық мәселені демократиялық жолмен, яғни еңбекші бұқараның мүддесіне жақындата шешті. Алайда бұлар да буржуазиялық революционерлер болғандықтан жекеменшікті сақтады, бұрынғы ірі жер меленуші дворяндардың жер иелігі жойылған жоқ. Жалгерлік қатынас өзгермеді, жер жоқ барлық шаруалар жер ала алған жоқ. Бұл революцияның шын мазмұнының өзі – буржуазияның үстемдігін және капиталистік қанаушы құрылысты орнату болатын.
Директория басқаруының төрт жылы әлеуметтік-экономикал болып шықты.ық және саяси тұрақсыздық кезеңі болып шықты. Буржуазияның халықтың төменгі топтарынан үрейленуі, олардың ықпалын түпкілікті жоюға ұмтылуы Директорияны оңшылдыққа қарай итермеледі. 1799 жылғы әскери жеңілістер режим дағдарысын жеделдете түсті.
6. Наполеон кезіндегі Франция.
Бұл кезде консервативті буржуазиялық қайраткерлер мемлекеттік төңкеріс жоспарын дайындады. Төнкерісті іске асыру үшін неғұрлым лайықты адам Наполеон Бонапарт болды.
1799 жылы 9 қарашада (VIII жылдың 18 брюмері) Кеңес мүшелерінің бір бөлігі Директорияны жою және билікті Бонапарт бастаған 3 консулға беру туралы Жарлық жариялады. Төңкеріс жеке билік режимін-Наполеон Бонапарттың әскери диктатурасын орнату үшін жол ашты.
3 консулдың билігі біртіндеп бір консулдың –Наполеонның диктатурасына айналды. Нәтижесінде 1804 жылы мамырда Наполеон Бонапарт Францияның императоры болып жарияланды. Директорияның алғашқы жылдары
Франция коалициямен соғыста бірқатар жеңіске жетті. Азаматтық соғыс ретінде басталған соғыс жаулапалушылық соғысқа айналды. Мұның айқын белгілері 1796-1797 жж. әскери науқан барысында көрінді. 1796 ж. генерал Бонапарт бастаған француз армиясы Италия аумағында Лигурия, Рим, Неаполитан республикалар құрды.
Наполеон соғыстары неміс халқының тағдырына да күшті әсер етті. Германияда Наполеонның үстемдігі орнады. 1798 ж. Францияға қарсы жаңа коалиция құрылды. 1800 жылы Маренго қаласында француз армиясы австриялықтарды талқандап, Солтүстік Италияны басып алды.
Наполеондық билеп-төстеушілік тонаумен, зорлықпен қатар жүргізілді және буржуазиялық қайта кұруларға жәрдем жасады. Шіркеулердің монастырьлардың саны қысқарды, көптеген феодалдық артықшылықтар жойылды.
1806 ж. Пруссия Францияға қарсы соғыс бастады, бірақ жеңіліс тапты. 1807 ж. Тильзит бітімі бойынша Пруссия Францияға тәуелді болды. Сөйтіп, ХІХ ғ. басында Наполеон соғыстарының нәтижесінде Франция Еуропада үстемдік орнатып, империяға айналды.
Солтүстік Америкадағы бірінші буржуазиялық революция. АҚШ-тың құрылуы. АҚШ-тағы азамат соғысы.
XVIII ғ. Солтүстік Америка отарлары
Солтүстік Америка отарларының тәуелсіздік үшін соғысы және АҚШ-тың құрылуы.
АҚШ-тағы азамат соғысы.
Негізгі түсініктер: метрополия, отар, фримен, сервенттер, декларация, плантация, азамат соғысы
Мақсаты: Солтүстік Америкадағы бірінші буржуазиялық революциясының алғы шарттарын, барысын, тарихи маңызын ашып көрсету.
Әдебиеттер:
История США. М., Часть II.
Новая история стран Европы и Америки. /Под ред. Кривогуза, Юровской, М., 1999.
Практикум по новой истории (1640 - 1870). М., 1973.
Қ.Ізтілеуов. Жаңа заман тарихы.- Алматы, 1995
Ізтілеуов Қ. Жаңа заман тарихының практикумы, Шымкент, 2002.
XVIII ғ. Солтүстік Америка отарлары
Атлант мұхитының жағалауларында Солтүстік Америкада 1607 жылы І Яков корольдің рұқсатымен тұңғыш рет отарларды негіздегендер Лондон және Плимут акционерлік компаниялары болды. Алғашқы Солтүстік Америка жағалауында орныққан тұрақты отар – Виргиния. Олардың негізгі қожайыны король болып есептелді, компаниялар ол жақта тапқан алтын мен күмістің бестен бір бөлігін беруге тиіс болды және адамдарды қоныстандыру мен берілетін жерді корольдің атынан жүргізуге міндеттенді. 1606 жылғы желтоқсанда жүзіп шыққан Лондон компаниясы кемелермен сол жаққа қоныстануға тілек білдіргендерді тиеп алып, 1607 ж. мамыр айында Джеймс өзенінде Джеймстаун фортын негіздеді. Ере келген адамдар ауасына, суына бірден көндікпеді, қыста жағдай ауыр болды, ашықты, әуелі үндістер көмектесті, кейіннен келімсектердің зорлығын көрген соң көмек беруін тоқтатты. Жауласты. Көбі аштан өлді. Виргинияға 1610 жылы 500 адам әкелінгенді, олардың тек 60 – ы ғана аман қалды.
Отардың ісін жолға қою үшін король үкіметі губернатор тағайындады. Отарда бірінші күннен – ақ қоғамдық құрылымы қалыптасты. Виргиннияның тұрғындарының ең жоғары тобы – губернатор бастаған отарлық әкімшіліктің мүшелерінен, орташа топ – саны аз ағылшын джентельмендерінен, компанияның акционерлерінен, Америкаға келердегі шығынды өзі төлеп келгендерден яғни фримен – еріктілерден, ал төменгі топ – Виргинияға компания есебінен жөнелген адамдардан яғни белгілі мерзімге жұмыс істеуге келісім – шарт жасасқан – сервенттерден тұрды.
Виргияны жері тың, ну күйде болатын. Сонда да оны тазартуға көп күш керек болды. Англиядан әкелінетін сервенттер өте қымбатқа түсті. Үндістерді құлдыққа айналдыру әрекеті онша нәтиже бермеді. Отарға әкеліне бастаған қара еріксіздер негрлер еңбегі тиімді болды, себебі оларға ешқандай келісім – шарт керек емес, өмірлік құлдар еді. Тұңғыш рет – құлдарды Виргигияға 1619 ж. Голландия кемесінің капитаны әкеліп сатты. Егер 1630 жылы Виргинияда бар болғаны 50 негр болса, 1660 жылы Солтүстік Америкада 950 негр болды, 1700 жылы негірлердің саны – 23118, 1780 жылы 220582 – ге жетті. Қазіргі АҚШ – тағы негірлердің тарихы осылай басталған.
ХҮІІ – ХҮІІІ ғасырлар барысында Атлант мұхиты жағалауында ағылшынның 13 отары құрылды. Орталық атлантикалық отарлар Пенсильвания, Нью – Йорк, Нью – Джерси – астық өңдеуге маманданды Солтүстік отарларда – Жаңа Англия (Нью – Гемпшир, Коннектикут, Массачусетс, Род - Айленд) қолөнер, мануфактура кең өріс алды. Фермерлік шаруашылық жасалды. Оңтүстікте Оңтүстік Каролина, Джорджия – құл еңбегіне негізделген плантациялық шаруашылық негізделді. Онда темекі, индигофера, күріш, мақта өсірілді. Олар жерді өте дөрекі пайдаланды, 5 – 6 жылдан кейін жер тозды, жаңа жер алу керек болды. Бұлар өндірген аты аталған өнімдерін Англияның фабрикаларына өткізіп отырды. Сондықтан олар метрополиямен өте тығыз байланыста болы. Отарлардың барлық құнды терілер, ағаш темір жөнелтілді.
Еуропаға, әсіресе , темекі өтімді өнім болды. Егер 1666 ж. Америкадан 8 мың кг темекі сыртқа шығарылса , келесі жылы екі еселенді, он жылдан кейін 600 мың кг, 1690 жылы – 8 миллион кг, 1775 жылы – 40 миллион кг –ға жетті.
Солтүстік және Орталық отарларда қолөнер мен мануфактура дамыды. 1631 жылы сыйымдылығы 300 тонналық, 1775 жылы 700 тонналық кеме суға түсірілді. Францияға, Испанияға, Португалияға балық өнімдерін апарып сатты. Тоқыма өндірісі жасалды. Әуелі ол жергілікті сұранысты өтеді. Ал кейін рынок үшін өндіріс бастады.
Король үкіметтері (Анна – 1702 - 1714), І. Георг 1714 ж. таққа келді) әбден күшейіп енді өзінің колонияларын пайда табудың көзіне айналдыруға қажетті мүмкіндіктерге ие бола бастады. Отарлар тек Англиямен ғана сауда жасады, басқа елдермен, өзі қалаған тауарлармен сауда жасау еркі болмады. Бұл отарларда қалыптасып отырған жергілікті үстем тап өкілдері – буржуазияның мүддесіне қайшы келді. 1699 – 1750 жылдар арасында жүн, қалпақ, тері темір т.б. өнімдер түрі туралы қабылдаған король үкіметінің актілері жергілікті өнеркәсіптің одан әрі дамуын тежеді. Ақша шығаруға тыйым салды. Ағылшын кемелерін жасауға керек болады деп қоныс аударушыларға ағаштың тәуір түрлерін кесуге рұқсат бермеді. Батыстың бос жатқан жерлерінен жер алуға тыйым салды. Метрополия өзіне тиімді, қажет өндіріс салаларын дамытуға күш салды (кеме жасау, темекі, мақта өсіру).
Англияның король үкіметі жүргізген бұл шектеулер отарларда буржуазиялық бағытта дамуға үлкен кедергіге айнала бастады. Оңтүстіктің плантаторлары да сауда және қаржы операциялары арқасында тез байи түсті. Бұл бағыт олардың да метрополияның отарлардың буржуазиялық дамуына жасап отырған шектеулеріне деген наразылығын күшейтті.
Американ ұлты қалыптаса бастады. Американ халқының ұлттық санасын оятуда және дамытуда зор еңбек сіңіргендердің бірі жер аристократиясының ортасынан шыққан жан – жақты білімді адам Томас Джефферсон, ол ағарту ілімін уағыздады. Б.Франклин және Т.Джефферсон да француз және ағылшын ағартушыларының ілімдерінің ықпалында тәрбиеленген адамдар еді. Бұлардың еңбектерінен осы ықпал сезіліп тұрады.
Территориялық жағынан тұтастығы, ортақ тілінің қалыптасуы мен ортақ мәдениетінің жасалуы ХҮІІІ ғасырдың ортасында Англияның Солтүстік Америкадағы отарларда жаңа ұлттың қалыптасқандығының сөзсіз белгісі еді. Осылайша Англиядан бөлінуге қажетті – дербес республика құруға керек шарттардың бәрі Солтүстік Америка отарларында толық қалыптасып болды. Бұл айтылғандардың бәрі болайын деп тұрған Солтүстік американың буржуазиялық революцияның алғышарты – себептері.
ХҮІІІ ғасырдың 70 жылдарында Англия үкіметі тарапынан жасалып отырған сауда және өнеркәсіптегі шектеулерден құтылуға деген ұмтылыс күшейді. Корольдің тарапынан салынатын еркін салықтар да ығырын шығарды.
Жетіжылдық (1756 – 1763 жылдар) соғыстан кейін қарыз көбейді, “пәтерлік акт” – деген құжат бойынша отарларға әскер әкеліп орналастырды.
ХҮІІІ ғасырдың басында отарларда жаңа мануфактуралар ашуға, отарлардан жүн бұйымдар, басқа аспаптар алып шығуға тыйым салған жарлық шықты. Бұл жарлық ағылшын көпестерінің экономикалық мүддесін көздеді.
1756 жылы ағылшын парламенті елтаңба салығын салды. Оның мәні – шаруашылық және заң құжаттарын жасау үшін, хабарландырулар мен анықтамалар үшін баж салығын салу болды. Елтаңба салығы Солтүстік Американ қоғамының барлық әлеуметтік топтарын қамтыды. Анықтамасыз, хабарландырусыз, шаруашылық құжаттарынсыз өмір сүруі мүмкін емес. Бұл салық отар тұрғындарының арасында наразылықтың күшеюіне зор түрткі болды. Салық жинаушы – чиновниктерді сабап өлтіріп жіберіп отырды.
Отарларда демократиялық күштер бірігіп топтаса түсті. Оның мысалы ретінде 1765 жылдың аяғы мен 1766 жылдың басында құрылған “Сыны свободы” деп аталатын бірінші көпшілік – революциялық ұйымды атауға болады. Бұл – қозғалыстың радикалды көзқарастағы өкілдерінің ұйымы болды. Олар бірінші күннен – ақ көпшілікті өз жағына тарту үшін әрекет жасады.
Ағылшын тауарларына бойкот жариялауға мұрындық болды. 1764 жылы тұңғыш әрекет болған бұл қозғалыс 1765 жылы жаппай сипат алды. 1765 жылы қазанда Нью – Йорк көпестері бастаған бұл бойкотқа кейін Филадельфия, Бостон көпестері қосылды. Ұйымының өкілдері бойкот шартының бұзылмауын қатаң қадағалды. ұйымға қоныс аударушылардың қалың бұқарасының қатысуы оған үлкен түрткі болып, одан әрі күшеюге итермеледі. Елтаңба салығының 1766 жылы 22 ақпанда қысқартылуы үлкен жеңіс болды. Америка тұрғындарының енді Англия королінен жалынып сұрау арқылы емес, күрес арқылы табысқа жетуге болатыны туралы сенімді күшейді.
Бойкот үлкен нәтиже берді. Ағылшын тауарларының солтүстік және орталық әкелуінің көлемі – бір жылда 2,5 азайды. Ал 1770 жылдан бастап (1770 жылғы 2 наурыздағы Бостон оқиғасы) тәуелсіздік жолындағы қозғалыстың жаңа кезеңі – белсенді қарсыласу кезеңі басталды.
1765 жылы күзде 13 Солтүстік американ отарларының өкілдерінің конгресі шақырылды. Онда “Первая декларация прав колонистов и причин их неудовольствия” деген құжат қабылданып, отар тұрғындары өкілдерінің Ұлыбританияның қауымдар палатасында жоқ екені туралы салықтардың сырттан салынатындығының әділетсіз екендігі туралы ашына айтып, отарлар мен метрополия арасындағы қатынасты екі жаққа да тиімді етіп реттеп отыруға болатынын ұсынды.
Ағылшын үкіметінің аграрлық саясаты да фермерлер мен жалгерлердің наразылығын күшейтті. “Қатаң рента” шартын енгізді. Астық шықса да, шықпай қалса да, су тасқыны, дауыл болып бір сөзбен айтқанда табиғат құдіретінің кесірінен өнім болмай қалса да жалгер жер иесіне белгіленген мөлшердегі берешегін “жерден қазса” да тауып беруге тиіс болды.
Бұның бәрі елде британ отаршыларына қарсы үлкен наразылықтың негізі бар екенін көрсетті, ал екінші жағынан отар тұрғындарының өз арасында да әлеуметтік қайшылық шиеленісе бастады. Оған мысал тәуелсіздік жолындағы соғыстың қарсаңында Солтүстік Америка отарлары үстем таптарының король үкіметіне деген көз – қарасында тәуелсіздік төңірегіндегі ұстанған бағытынан көруге болады. Король сыйлаған жері бар Шығыстың жер иелері плантаторлардың Лондонмен немесе Англиямен тиімді байланыс жасап отырған тобы, ағылшын рыногынан айрылып қалудан қауіптенген көпестер, король үкіметімен байланысты қызмет атқарып отырған чиновниктер, дін басылары Солтүстік Америка отарларындағы Англия үстемдігін қолдап, одан бөлінбеуді уағыздады. (Бұлар тори тобы – роялистер). Ал Виги тобы да қалыптасты. Бұлардың өзінің екі ағымы – самарқау және радикалды яғни революцияшыл – демократиялық ағымы болды. Самарқаулар тобына кіргендер – плантаторлар мен буржуазияның патртоттық тобы. Бұлар батыстан жер алып (Аллеган тауларының аржағынан), отарлардың экономикасын дамытуға қажетті жағдайлар жасау үшін ұмтылғандар. Фермерлер, қолөнершілер, жұмысшылар, ұсақ саудагерлер – революцияшыл – демократиялық ағым ретінде тәуелсіздік сатысында батыл да шешуші қимыл жасауға бейім топ болды. Сондай – ақ тәуелсіздік соғысы кезінде негрлер үлкен үлес қосты. Революция басталған кезде негрлердің саны шамамен 600 мың яғни көтерілген отарлардың тұрғындарының 20 процентіндей болатын.
2. Солтүстік Америка отарларының тәуелсіздік үшін соғысы және АҚШ-тың құрылуы.
1775 жылы 19 сәуірде тәуелсіздік жолындағы соғыс басталды. Соғыс жүріп жатқанда 1775 жылы 10 мамырда шықырылған екінші континенттік конгрестің жұмысы үзілістермен 1781 жылдың 2 наурызына дейін созылды. Делегаттардың біраз бөлігі жоғарыда көрсеткен себептерге байланысты күйректік көрсетіп, Англиядан қол үзіп кеткісі келмеді. Конгрестің аса маңызды шешімінің бірі – 1775 жылы 14 маусым күні қабылдаған тұрақты әскер құру жөніндегі шешімі болды. Дж. Вашингтон тұрақты армияның Бас қолбасшысы болып тағайындалды (1732 - 1799). Ол ағылшын отарлық саясатын жек көретін, король үкіметінің кесірінен ондаған мың акр иеленген айрылған адам еді.
Конгресс 1776 жылдың көктемінен бастап шешуші қимылға көшті. 10 мамырда барлық отарларға Британия тәуелсіз жергілікті үкіметтерін жасауға рұқсат берді. Бұл әрекет отарлардың тәуелсіздігін жариялауға қажетті алғышарт болды. Тәуелсіздік декларациясын дайындау үшін Томас Джефферсон, Бенджамин Франклин, Джон Адамс, Роджер Шермен, Роберт Ливингтон кірген комиссия құрылды.
Тәуелсіздік декларациясы 1776 жылы 4 шілде күн қабылданды. Бұл күн бүгінге шейін Америка Құрама Штаттарының ұлттық мейрамы. Декларация үлкен өрлеу үстінде қабылданды. Шіркеулерде дұға оқылды, штаттарда салюттер берілді.
Декларацияның мазмұны британ отаршыларымен байланысты ескі тәртіпке қарсы күресіп отырған буржуазия мен оның кейбір плантатор одақтастарының мүддесіне сай келді. Оған бұл құжатты қабылдауға қол қойған депутаттардың құрамы куә. Қойылған 56 қол иелерінің 13 – і көпес, 8 – і плантатор, 28 – і адвокаттар (бұлардың өздері саудамен және плантаторлық шаруашылықпен айналысты), 7 – і еркін мамандық иелері.
Бұл құжаттың тарихи маңызы зор. Солай бола тұра кемшіліксіз де емес. Құлдықты сол күйінде қалдырды, үндістерге ештеңе берген жоқ. Әйелдерге теңдік бермеді. Декларация нәтижесінде Америкада үкімет билігі ұлттық буржуазия мен плантаторлар блогының қолына өтті. Америка Құрама Штаттары деп аталған тәуелсіз мемлекет құрылды.
1777 жылы 17 қазанда Саратога түбіндегі жеңіс соғыстың барысына үлкен бетбұрыс жасады. Дипломатиялық қатынастар орнату үшін Еуропа мемлекеттеріне сәтті сапарлар жасалды. Бенджамин Франклин Францияға барған сапарында қару – жарақ сатып алуға 2 миллион ливр ақша алуға қол жеткізді. 1778 жылы 6 ақпанда Франция – Американ одағы жасалды. Франция отарлардың тәуелсіздігін мойындап, Америка Құрама Штаттарының Англияға қоятын талаптарын қолдауға уәде берді. Бұдан кейін Испания, Голландия мемлекеттері де АҚШ – ты танып Англияны оқшауландыра түсті. Франклин енді өзінің барлық саясатшылдық шеберлігін Англияны келісімге көндіруге жұмсады. Көптеген күрделі келіссөздер нәтижесінде 1782 жылы 30 қарашада Англиямен алдын ала келісімге қол қойылды. Англия АҚШ – тың тәуелсіздігін мойындап өз әскерінің қалдықтарын көп ұзатпай алып кетуге міндеттенді. Англия Америка континентінде Канаданы, Ньюфаундленд және Вест – Индияны өзінде сақтап қалды. Бірақ осы жағалауларда АҚШ – тың балық ауалауына рұқсат берді.
1783 жылы 4 наурызда Англия соғыс қимылын тоқтатқанын хабарлады. Осы жылы 3 қыркүйекте Париж келісіміне қол қойылып, ол 1784 жылы 4 қаңтарда түпкілікті бекітілді. Сөйтіп, 8 жылға созылған тәуелсіздік жолындағы соғыс Америка Құрама Штаттарының тәуелсіздігін толық мойындаумен аяқталды.
Соғыстан кейін жас республиканың алдында соғыс нәтижесінде алыптасқан қиындықтарды жою міндеті тұрды: олар – экономикадағы және мемлекеттік – саяси құрылысты нығайтудағы қиындықтар.
Бұларды жүзеге асырып реттеудің маңызды екенін және өте күрделі екенін АҚШ – тың билеушісі топтардың үкімет басында отырған өкілдері жақсы түсінді. Экономикада терең дағдарыс болып отырды. Қаржыландыруда былық, ақшаның құнсыздануы соғыстан кейін тіпті күшейіп кетті. Қағаз ақша көптеп шығарылды. Баға адам айтқысыз дәрежеде өсті. Бір арба ақшаға бір арба азық – түлік ала алмайтын күн туды. Соғыс кезінде шығарылған қағаз ақшадан үкімет бас тарта бастады. Бұл фермерлер мен жұмысшы қолөнершілердің есебінен соғыс шығынын өтеу әрекеті болып шықты.
Дүние жүзінің тарихында тұңғыш қабылданған конституциялардың бірі АҚШ Конституциясының қабылданғанына 200 жылдан асты. Америка Құрама Штаттарының ресми топтары дүние жүзі қауымы алдында әсірелеп, американдық өмірдің артықшылығын, “адам құқығының” буржуазиялық үлгісін дәріптемейді. Әрине бұл конституция өз заманы үшін тарихи маңызды оқиға болды, сол кездегі мемлекеттік басқару формасы – буржуазиялық демократияның тез дамуына жол салды.
Солай бола тұрса да, заңды негіздеушілер өздерінің таптық мүддесінен аса алмады. “Біз халық” деп бастай отырып, сол халық өкілдерінің құқығын шектеудің өздеріне ауадай қажет екенін, өздерінің баю тетігі – халық еңбегін қанау үшін олардың құқығын шектеп ұстау керек екенін жадынан бір сәт те шығарған жоқ.
Тәуелсіздік декларациясында жарияланған адам құқығына негізгі конституциядан орын табылмады. Конституцияның авторлары, сондай – ақ революция кезінде халықтың бұрынғы өмір сүріп отырған тәртіпті революциялық жолмен құлату туралы мәлімдемесін енгізуден бас тартты. Себебі оларға халықтың революциялық жігері керек емес еді. Ертеңгі күні өздерінің елді қалай, қандай мақсатта басқаратындарын олар естен шығарған жоқ. Егер конституцияда халықтың ондай құқығын жарияласа өздерін де құлатып тастауы мүмкін ғой.
Тіпті олар Конституцияға сөз баспасөз, жиналыс, дінге сену тағы басқа да құқықтарды енгізуді қажет деп таппады. Конституция авторларының бет бейнесі әсіресе негрлердің құлдығы мәселесіне келгенде айқын көрінді. Конституцияны американ қауымының талқысына беруде де оны негіздеушілердің таптық мәні айқындалды. Шын мәнісінде “қауым” шартты түрдегі сөз. Қабылдауға бүкіл АҚШ тұрғындарының 3% - тен де аз өкілдері қатысты.
Американ конституциясы – жеке меншікшілердің конституциясы. Сол кезден бастап қалыптасқан билеуші топтар мен қиналушы көпшілік арасындағы күрт айырмашылықтың бүгінгі күні күшейе түскен нәтижесі.
1776 жылы 4 шілдеде Тәуелсіздік Декларациясында халықтардың өзінің даму жолын таңдау құқығы жарияланған. Бірінші американ президенті Джордж Вашингтон “Мен барлық ұлттарға және барлық адамдарға бақыт тілеймін” деген еді. Алайда бұл принцип орындалмады. Американ империализмі дүниежүзілік саясат жүргізіп, басқа халықтардың егемендігіне қол сұғу саясатын күшейтті.
3.Революцияның тарихи маңызы.
Тәуелсіздік жолындағы соғыстың нәтижесінде отарларда капитализмнің дамуына кедергі болып отырған отарлық қанау мен ағылшын жер иеленушілерінің үстемдігі жойылды. Енді үкімет билігі оңтүстіктің плантаторлары мен Солтүстіктің буржуазиясының қолына өтті.
3. АҚШ-тағы азамат соғысы.
Тәуелсіздік алған АҚШ – тың екінші азамат соғысына дейінгі аралықтағы дамуында үлкен ерекшелігі бар. Онда екі жүйе пайда болды. Елдің солтүстігінде капитализм тереңдей дамып жатқан кезде Оңтүстікте құл иеленуші плантаторлық шаруашылық күшейді. Ол әсіресе 1793 жылы мақта тазалайтын машинаның ойлап табылуымен байланысты күшейеді. Осы кезден 1850 жылдардың басына дейінгі аралықта мақта өнімі екі есеге өсті. Сұраныстың күшеюі плантаторлардың мақта плантацияларының көлемін көбейтіп, өнімі арттыруға деген ұмтылысын күшейтті.
Осы ұмтылыстан құл еңбегіне деген қажеттік тағы да пайда болды. 1803 жылғы указ сырттан құл әкелуге тыйым салған болатын, содан да құлдар азайып кеткен еді. Енді Оңтүстіктің құл иеленушілері масқара кәсіп – құл өсірумен айналысты. Бұл істе Виргиния, Миссури, Мэриленд, Кентукки, Делавэр штаттарының аты шықты. Азамат соғысының алдында Оңтүстікте 9 миллион тұрғын болса соның 4 миллионға жуығы құл – негрлер еді. Оңтүстіктің тұрғындарының бар болғаны 7 процентіндей бөлегі жер иелері негрлердің 3 миллионын құлдықта ұстады.
Өнеркәсіпті Солтүстік елдің экономикалық өмірінде шешуші рөл атқарғанымен, мемлекеттік өкімет оргындарында құл иеленуші – плантаторлар ықпалды болып отырды. Шынында да Вашингтоннан бастап Линкольн президент болып сайланған 50 жыл аралықта президенттік қызметте тек құл иеленушілердің өкілі отырды.
Оңтүстік пен Солтүстік арасында тұрақты ішкі рынок жасау төңірегінде қайшылық пайда болды. Мақта өсірумен айналысып отырған плантаторларға одан әрі батысқа қарай “аунап” түсіп жерлер алу керек болды, ол жерлерде сөзсіз құлдық тарады. Бұл капитализмді дамытуға керек біртұтас ішкі рынок жасауға ұмтылып отырған Солтүстіктің мүддесіне қайшы келді. Міне, осы қайшылық Америка Құрама Штаттарының болашақ саясатына мұрындық болды. Бұлардың тағы бір ерекшелігі екі жақтың да үстем таптары яғни буржуазия мен құл иеленуші – плантатор халық бұқарасын бұл мәселені шешуге араластырғысы келмеді. Оларсыз – ақ, өздері келісіп шешу ойы басым болды. Сондықтан да бүкіл Одақты қолға алудан үміткер Солтүстік ымырашылдық әдіске жақын тұрды.
Алайда бұндай күрделі мәселені халық бұқарасын қатыстырмай шешу мүмкін емес еді. Себебі жұмысшы табының өзі құл иеленушілікті жоюға мүдделі құл еңбегінен жұмысшы табы өзінің тұрмысын жақсартуға кедергі келтіріп отырған бәсекелесін көреді. Ал фермерлер болса батыстан жер алуға, гомстед үшін заң қабылдату жолындағы күресіне батыстан жер алу үшін жанталасып жатқан құл иеленуші плантаторлардың кедергі болып отырғанын жақсы түсінді.
Сондай – ақ Оңтүстіктің құл негрлері мен Солтүстіктің ерікті негрлері құлдыққа қарсы күрес барысында құлдықтан және нәсілдік кемісітушіліктен азат болуды армандады.
Елдің негізгі таптары мен тұрғындары тобының – фермерлердің, жұмысшылардың құлдар мен ерікті негірлердің буржуазия мен құл иеленушінің – мүдделері осылай құлдық мәселесі төңірегінде айқасып жатты. Бұлардың әрқайсысының мүддесі құлдықты шешу арқылы қанағаттандырылуға тиісті болды.
Елде құлдықты жоюға бағытталған қозғалыс өріс алды. Соның бірі аболиционистік (құлдықты жою) қозғалыс. 1833 жылы Американдық құлдыққа қарсы күрес қоғамы құрылып, бұл қозғалыс ұйымдасқан сипат алды. Қозғалысқа жұмысшылар, фермерлер, негр қозғалысының қайраткерлері қатысты- көсемдері Вилья Алойд Гаррисон және негр Фредерик Дуглас. Бұл қоғамның 250 мың мүшесі, 25 газет – журналдары болды. “Жер асты темір жол” арқылы көптеген құлдарды еркіндікке шығарды. Темір жол екен деп түсінбеу керек, солтүстік және оңтүстік штаттарда ұйымдастырылған көмек пунктері, бұл қашқан құлдарды Солтүстікке өткізіп жіберіп отырды. Солтүстікке аяқ басқан құл еріктіге айналды. Буржуазия батыстағы жаңа территорияларды құлдықты таратқызбауды ойлады.
Құл иеленушілер мен олардың Солтүстіктегі одақтастарының мүддесін сонау 1828 жылы құрылған 50 жылдарынан азамат соғысы қарсаңына дейін буржуазияның ымырашылдығынан да құл иеленушілердің пайдасына, құлдықтың бүкіл штаттарға тараулына мүмкіндік жасайтындай заңдар мен шешімдер алынды. 1850 жылы конгресс қашқын құлдар туралы заң қабылдады. 1854 жылы құл иеленушілер құлдықты солтүстікке қарай таратуды талап етті. (1820 жылғы Миссури келісімін қайта қаратты). 1857 жылғы Жоғарғы Сот негр Дред Скоттың ісі бойынша қожайыны қайда тұрса да (солтүстікте тұрады) құлға бұрынғыдай билігі сақталды деген шешім қабылдады. Бұл барлық штаттарына құлдықтың таралуына жол ашты.
Құл иеленушілер буржуазия ойлағандай, оңайлықпен өздерінің позициясын әлсіреткісі келмеді, қайта жоғарыдағы жүзеге асырылған шаралардың барысында күшейе түсті.
Сонымен күн тәртібінде тұрған құл иеленушілікті жою, батыс жерлеріне иелік мәселесін, демократиялық сипатта шешу, шетел тауарларының еніп кетуін тоқтату мақсатында жоғары пошлина енгізу сияқты міндеттерді шешу төңірегінде елде революциялық жағдай қалыптасып, азамат соғысын жетілдіре түсті.
Елдегі саяси дағдарыстың пісіп – жетіліп отырғаны әсіресе 1860 жылғы сайлау компаниясы кезінде көрінді. Республикашыл партия сайлау алдында жұмысшылардың фермерлердің дауысын алу үшін күресті. Ол үшін жаңа жерлерде құлдыққа тыйым салуға, гомстед беруге, жоғары пошлина салығын енгізуге уде берді. Бұл программа сөз жоқ республикашылдарды қолдаушыларды көбейтуге тиіс болды. Сайлауда бірінші рет Солтүстіктің өкілі президент болып сайланды. Авраам Линкольн Американы алғашқы қоныстанушылардың ұрпағы фермер отбасында дүниеге келді. Бала кезінен әкесінің шаруашылығына көмектесіп еңбектің ыстық – суығын көріп өсті. Әкесі сауатсыз ал шешесінің оқи алатын сауыты бар еді. Шешесі балаларын мектепке беріп оқытты. Бақыт ұзаққа созылмады. Шешесі Аврамның 7 жасында дүниеден өтті. Екінші шешесі өте мейірбанды сауатты әйел еді, Авраммен жақсы тіл тапты оқып одан әрі сауаттануына көмектесіп. Алайда жиі – жиі қоныс аудару оның тұрақты білім алуын мүмкіндік бермеді. Өз сөзімен айтқанда “мектепке бір жылға жетпейтіндей уақыт қана оқи алды”. Білімін өз бетінше кітаптар оқу арқылы жетілдірді. Ол кезде кітап та көп емес. Аврам кімде кітап бар екенін есітсе күнде де оқуға тырысты. Ол өте еңбекшіл қайратты адам еді. Оның 16 жастағы бойының ұзындығы 193 см болды. Жас Авраам Америка өмірінің күрделі жақтарын түсінуге тырысты. Оның оқытушыларын жас Аврамның “негрлер мен үндістердің қайсысының наразылығы тереңдеу” деген сияқты сұрақтар таңғалдырды.
Авраам Линкольннің президент болып сайлануы солтүстік буржуазиясының фермерлермен және халық бұқарасымен жақындаса түскендігінің көрінісі болды. Оның сайлануы шын мәніне келгенде, құл иеленушілердің үкімет билігінен айрылуы болып шықты. Линкольннің президенттік қызметке келуімен байланысты, өкілдер палатасы да, пезиденттік билік те құлдықтың қарсылластарының қолына өтті. “Жоғарыдағылардың” дағдарысы жасалып, революциялық жағдай толық қалыптасқандығының белгісі еді.
Линкольн құлдық мәселесіне өте самарқау қарады. Оның көзқарасынан “Плантаторлардың жеке меншігіне” қол сұққысы келмеген солтүстіктің ірі буржуазиясының ықпалы сезілді.
Солтүстіктін күшеюіне құл иеленушілер сецессия яғни бөліну жолындағы қозғалыспен жауап берді. Оңтүстік Каролина штаты 1860 жылы 20 желтоқсанда АҚШ – тан бөлінгендігін жариялады. Қысқа мерзім ішінде – 1860 жылдың ақпан айына дейінгі аралықта Алабам, Джорджия, Луизиана, Миссисипи, Флорида, Техас, теннеси, Арканзас, Виргиния, Солтүстік Каролина” – барлығы 11 штат бөлініп шығып Конферерация құрды, Ірі плантатор Джефферсон Дэвисті президент етіп сайлады. Қабылдаған конституциясында құлдықты жаңа мемлекеттің экономикалық негізі етіп жариялады.
1861 жылдың 12 сәуірі АҚШ тарихында бетбұрыс күн болды. Себебі бұл күні құл иеленушілікке қарсы күштер құлдыққа қарсы күрестің қарумен қарсыласу кезеңіне өтті. Үкіметке таласқан соғыс басталды. Соғыс 4 жылға созылды. Солтүстікте революциялық өрлеу жоғары болды. Жұмысшы полктері құрылды. Шаруашылықтарын тастап мыңдаған құл – негрлердің солтүстіккке қашуы оңтүстік плантаторларына үлкен соққы болып тиді. Тек 1862 жылы Джорджия штатынан 20 мың құлдардың қашып кеткені хабарланды. Соғыс жылдарында барлығы 500 мың құлдар өте ауыр қиыншылқтармен қауіп – қатерге қарамастан Солтүстікке қашып келді. Бұл конгрес мүшелерінің өздері мойындағандай, Оңтүстіктің плантаторларына үлкен экономикалық зиян келтірді, оларды әлсірете түсті.
Соғыстың басталған кезінде үкімет басында тұрған либерал буржуазия өкілдері ақ еңбекшілер мен “қаралардың” белсенділігінен қауыптеніп Одақты қалпына келтіруді ғана өздерінің негізгі мақсаты етіп қойды. Құлдықты жою мәселесін айналып өтіп отырды. Солтүстік әскері ішнде конгресте Оңтүстікке іш тартатындар көбейді. Әскер генералдары мен офицерлері соғысты белсенді жүргізбеді, күту позициясында болды. Солтүстік халық бұқарасы бұнымен келіскісі келмедіғ наразылығы күшейді, үкіметтен соғыстың мақсаты мен оны жүргізудің әдісін өзгертуді талап ете бастады. Жұмысшы табы өздерінің жиналыстарында азаттыққа тек құлдықты батыл жою арқылы ғана қол жеткізуге болатынын мәлімдеді. Радикалды көзқарастағы республикашылдарды армияны оңтүстікке іш тартатын офицерлерден тазартуды талап етті. Жұмысшылар мен ерікті негрлердің белсенді қимылы өріс ала бастады. Ел ішінде радикалды талаптар қоюды күшеюі және майдандағы сәтсіздіктер Аврам Линкольннің үкімет саясатын өзгертуіне түрткі болды. Ол 1861 жылы 31 шілдеде жау тыңшысының әрекетін тыюға бағытталған бірқатар шешімдерге қол қойды. Конгресс үкіметті құлатуға бағытталған бүлікке қатынасушыларды жазалау туралы, Солтүстіктің үкіметіне қарсы әрекет жасап отырған бүлікшілердің мүлкін тәркілеу туралы шешімдер қабылдады. Бүлікшіл газеттерді жапты. Бас қолбасшылықты Линкольн өз қолына алып 1862 жылы 27 қаңтарда жаппай жабуылға шығу туралы бірінші бұйрығын берді. 1862 жылы 20 мамырда Ақш азаматтарына батыстан 160 акрдан жер алуға мүмкіндік берген гомстед туралы заң қабылданды. 1863 жылдың бірінші қаңтарынан бастап құлдықтың тегін жойылатындығы туралы шешім қабылданды. Сондай – ақ негрлерді солтүстік әскерін шақыру басталды.
“Құлдық, - Құрама штаттардың саяси және әлеуметтік дамуын құрап отырған осы аса үлкен бөгет, - талқандалысымен елде өрлеу басталды, бұл өрлеу оның өте қысқа мерзімнің ішінде бүкіл дүниежүзілік тарихтан мүлде басқаша орын алуын қамтамасыз ететін болады, және соғыс кезінде құрылған әскер де, флот та, сонда өзінің атқаратын ісін тез табатын болады” – деп жазлды, Ф.Энгельс Вейдемейерге 1864 жылы 24 қарашада жазған хатында. Бұл жүзеге асырыла бастаған революциялық шаруалардың тарихи маңызы өте зор. Аврам Линкольннің өзі ХІХ ғасырдың алдыңғы қатардағы буржуазиялық – демократ қайтаркерлерінің біріне айналды.
Соғыста негрлер үлкен еңбек сіңірді. Соғыс барысында 40 мыңға жуық негрлер өлді. Құлдықтың жойылуын оларға ешкім сыйлаған жоқ, өздерінің ұзақ уақытқа созылған ауыр. Күйзеліске толы ерлік күресінің нәтижесінде азат болды.
Негрлердің екінші азамат соғысы кезіндегі және одан кейінгі жылдардағы күресінен толық мәлімет алғысы келген оқушы біз жоғарыда көрсетіп кеткен Р.Ф. ивановтың “Борьба негров за землю и свободу на юге США (1865 - 1877)” М. 1958 деген кітабынан оқуына болады.
Халықтық революцияның өрлеуі, Линкольн үкіметінің соғысты революциялық жолмен жүргізуге көшуі соғыстың барысына түбегейлі өзгеріс енгізді. Сондай – ақ Авраам Линкольн ұстанған “халықтық дипломатия” да өз нәтижесін берді. Ағылшын жұмысшыларының қолдауына қол жеткізді. Шотлондия мен Англия жұмысшылары 1863 жылы ақпан айында өткізген митингілерінде Солтүстікті қолдап зор үн қосты. Франциядан, Швейцарияда, Испанияда, Ресейде Авраам Линкольннің құлдықты жою жөніндегі Прокламациясын қолдаған митингілер толқыны өтті, көптеген үндеулер қабылданды. 1862 жылы 30 желтоқсанда түстен кейін А.Линкольн құралдарды азат ету туралы Прокламацияға қол қойды. Еш уақытта өзінің дәл бұндай әділетті өте керек құжатқа қол қоймағанын атап көрсетті. “Таңертеңгі тоғыздан бері менің қолымды алып, өздерінің ризашылығын білдірген адамдардың көптігі сонша қолым жазылмай қалды. Қараған адамдар қолы дәрілдеген екен, қол қояр алдында әлі толқу үстінде болған екен, қол қояр алдында әлі толқу үстінде болған екен демесін” – деп президент өте баппен, асықпай Прокламацияның астына “Аврам Линкольн” деп өз қолын қояды. Онда “Құрама Штаттарының атқару үкіметі жоғарыда аталған адамдардың азаттығын мрйындап, олардың бостандығын қопғауы керек. Бостандық алғандар өзін - өзі қорғау қажет болған уақытта түрлі күш көрсетуден аулақ болып, төккен теріне сәйкес еңбек ақы алсын” – деп президент өз атынан ақыл – кеңес беребі.
Азамат соғысы 1865 жылы 9 сәуірдегі ұрыста Оңтүстік әскерінің жеңілуімен аяқталды. Соғыс аяқталған соң бес күннен кейін 1864 жылы қарашада екінші рет президенттікке сайланған Авраам Линкольнді құл иеленушілерді жақтаушы актер Бут театр лоджасында атып өлтірді. Халық өте қатты қайғырды, ол туралы өлеңдер шығарды, мәңгілік есте сақтайтынын білдірді.
Авраам Линкольннің өлтірілуі құл иеленушілердің өз биліктерінен оңайлықпен айрыла қою ойы жоқ екенін көрсетті, ол әсіресе қайта құру жылдарында айқын көрінді.
2. Революцияның тарихи маңызы.
Азамат соғысы аяқталғаннан кейін революцияның негізгі міндеттерін шешу күн тәртібіне қойылды; олар плантаторлардың жерін тәркілеп, негрлерге ақтармен бірдей саяси, экономикалық және азаматтық құқықтар беру, контрреволюцияшыл плантаторларды оңтүстікте саяси үкімет билігінен тайдыру. Міне осы міндеттерді жүзеге асыру жолындағы шаралар кезеңін (1865 - 1877) американ тарихи әдебиеттерінде Оңтүстікті қайта құру кезеңі деп атайды.
Негрлер құлдықтан құтылғанымен, жер ала алған жоқ, дауыс беру құқығы да әлі берілмеді. Экономикалық және саяси, азаматтық негрлерге қатысты мәселелер шешілмеді.
Сондықтан тағы да негрлер қайта құру жылдарын да революциялық өзгерістер жасатуға қол жеткізу үшін негізгі қозғаушы күш болды.
Жоғарыда айтылған қайта құруды жүзеге асыруға тиіс республикашыл партиянын өз ішінде екі қанат жасалды. Сол қанат яғни радикал республикашылдар Оңтүстікте буржуазиялық – демократиялық қайта құруларды жүзеге асырып негр халқына негізгі құқықтарды беруді қолдады. Оң қанат Оңтүстіктің әскери жеңілісін әсірелеп олардың күресі тоқтады деп есептеді, плантаторларға қарсы репрессияны қаламады, негрлерге аздаған ғана құқықтар беруді қолдады. Бұл негр халқының революциядағы еңбегін жоққа шығарып, Оңтүстіктің саяси билігін қалпына келтіру әрекеті еді. Қайта құру төңірегінде осындай қызу күрес бағыттары анықталды.
Авраам Линкольн өлтірілгенен кейін оның вице – президенті Джонсон үкімет басына келді. Ол жүргізген қайта құру негізінен плантаторлердың ыңғайына қарай жүзеге асырылды. Оның ең бірінші шараларының бірі – 1865 жылғы 25 мамырда бүлікке қатысушыларға амнистия. Бұл оңтүстіктің контрреволюцияшыл күштерін жандыра түсті. Бір сөзбен джонсонның бағдарламасы бойынша негрлерге не саяси не экономикалық құқық берілген жоқ.
Оңтүстік плантаторлары негрлерді қорқыту үшін террор ұйымдастыра бастады. “Отты крестер” “Ақ лигалар” көптеп пайда болды, әсіресе Оңтүстіктің барлық штаттарында етек алған “Ку – клукс – клан” террорлық ұйымдар нерлердің құқығы жолындағы күресіне қарсы қауіпті ұйымға айналды. Жазалаудың ең дөрекі түрлерін – тірідей өртеуге дейін пайдаланды.
Солтүстіктің буржуазиясының Оңтүстік плантаторларының жерлерін тартып алуға жүрегі дауламады. Керсінше, соғыс аяқталғаннан кейін плантаторларға соғыс жылдарында тәркіленген жерлерін қайтарып берді. Плантаторлар жергілікті жердегі үкімет орындарына бақылау жасады. Оңтүстіктің кейбір штаттарында “қара кодекс” бойынша құлдарға жартылай құлдық еңбек тәртібі енгізілді. Негрлердің отты қару алып жүруіне, жиналыс өткізуіне тыйым салды.
Бұл кодексте “қаңғыбастық” туралы заң маңызды орын алды. “Қаң,ыбас” тобына плантатор ұсынған ақылы жұмыстан бас тартқан негрлер жатқызылды. “Қара кодекс” негрлерді еңбекке деген құқығынан ел ішінде қозғалу құқығынан сотта қорғану, өзін - өзі қорғау құқықтарынан айырылды. Сондай – ақ негрлердің жер иеленуіне жалға жер алуына құқық бермеді. Оларды жартылай құлдық жағдайында қалдырды.
Плантаторлардың Оңтүстікте өздерінің толық билігі мен жартылай құлдық тәртіпті сақтап қалу әрекетітек негрлердің ғана емес, фермерлер бұқарасының, қолөнершілердің жұмысшылардың наразылығын күшейтті. Солтүстіктің буржуазиясы революциялық жаңа өрлеудің күшейіп кетуінен қорқып, Оңтүстікті қайта құру бағдарламасын жоғарыдан өздері жүзеге асыруға кірісті. Оңтүстікті қайта құру федералдық әскердің көмегімен жүзеге асырылды. Қайта құру тарихындағы маңызды оқиғаның бірі 1867 жылғы оңтүстік штаттардың конституциялық конвенттеріне сайлау болды. Қайта құру заңдары негізінде бір миллионнан аса негрлер дауыс беру құқығын алды. Бұл сол заман үшін өте демократияшыл сайлау реформасы болды. Бұрынғы бүлікшілердің 200 мыңы дауыс беру құқығынан айрылды. Радикалды қайта құру кезеңінде жүргізілген бірінші сайлаулар реакцияға үлкен соққы болды. Өз дауыстарымен конвенттерді шақыруға мүмкіндік алып берген негрлердің өкілдеріне конвенттерде өте аз орын берілді. Себебі, оң радикал республикашылардың өзі негрлерге тек екінші сортты одақтас ретінде қарады, оларды үкімет билігінен қашық ұстағысы келді.
Оңтүстіктің он штаты 1870 жылы наурызда Одаққа қабылданды. Конгресте бірден –бі негр өкілі болған жоқ. Конститутция штаттарында милициялар құру туралы шешім қабылдады. Ол жаңа өкіметтің іс – шараларын жүзеге асыруға көмектесуге тиіс болды. Бұнда нгрлер өте үлкен рөл атқарды. Мысалы, Оңтүстік Каролинада милиция отрядтары тек нгрлерден тұрды. Олардың саны 96 мыңға жетті, оның 20 мыңы қарулы милиция болды. Оңтүстікті қайта құрудың буржуазиялық – демократиялық бағдарламасын жүзеге асыру аграрлық мәселеге де өте байланысты болды. Плантаторлардың меншігіне салық салынды. Бұрынғы бүлікшіл штаттарда 1870 жылы жеке меншіктің жалпы құны бұрынғыдан 50 процентке азайды. Салық 4 есе өсті. Көптеген плантаторлар салық төлей алмай қалды, жерлері тәркіленді, ол жерлер негрлер мен ақ кедейлерге жеңілдіктермен сатылды.
Бұл әдіспен миллиондаған жерсіз негрлер мен кедейлерді жермен қамьамасыз ету мүмкін емес еді. Бірақ Солтүстік буржуазиясы, алып – сатарлар, жергілкті қаржы иелері, саудагерлер, өсімқорлар бағасы түспі кеткен плантаторлардың жерлерін сатып алып жер иесіне айналды. Мысалы, Миссисипи өзінің аңғарында орналасқан құл ителенушілер 1881 жылы плантацияларының үштен екісінен көбінен айрылды. Бұл жерлердің біразы ұсақ бөліктермен сатылды. Мақта өсіретін ақ фермерлердің үлесі өсті. 1890 жылы 120 негрдің Оңтүстікте фермалар болған.
Негрлер білім алу құқығы үшін де күресті. 1860 жылы Оңтүстіктің 12 штаттарында бар болғаны 1088 оқушы оқысы, 1870 жылы – 108420; 1877 жылы – 526469 оқушы оқыды.
АҚШ үкіметі өзінің таптық мәнін үндістерге қатысты мәселелерді шешуде айқындай түсті. 1860 – 70 жылдар бойына үндістердің жерін тартып алу үшін қырып – жою соғыстары жүрді. Үндістердің наразылығы, әсіресе темір жол құрлысына байланысты күшейді. Темір жол олардың жерлерінің үстінен өтіп, қалыпты өмір тіршілігін бұзды. Конгрес 1867 жылы сонау 20 – 30 жылдардағы салтанатты антын бұзып, үндістерге тұру үшін арнайы жерлер (резервация) бөлген заң қабылдады.
Оларды жерден күшпен қуа бастады. Жергілікті тұрғын халық үндістердің саны күрт азайды. Америка ашылған кездегі 1 миллион адмнан 1880 жылы 200 мыңға жуық адам қалды. Жергілікті үндістерге жүргізген геноцид саясатымен буржуазия өзінің дамуының революциялық кезеңі – қайта құру дәуірін аяқтады. Америка буржуазиясы экономикалық, саяси және әлеуметтік жағынан күшейіп алған соң, енді реакциялық саясат жүргізу жолына түсті.
Оңтүстік қайта құру – азамат соғысының жалғасы, буржуазиялық – демократиялық революцияның екінші кезеңі болды. Осы кезеңдегі күрес нәтижесінде Оңтүстіктегі үкімет билігі Солтүстік буржуазиясының қолына өтті.
Жер мәселесі шешілмеді. Оған басты себеп буржуазиясының өзі Оңтүстік жерлерін өз пайдасына шешуді ойлады. Олар өздері алған жерлерді өңдейтін негрлерді жартылай құлдықта ұстауды тиімді деп түсінді. Бұған енді буржуазиясының күші толық жетеді, қарсылықтарды басып – жаншатын әскер, полициясы бар.
Осындай шектеуліктеріне қарамастан аграрлық мәселенің бұл шешілуінің прогрессивті маңызын В.И.Ленин былайша атап көрсетеді: “ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі капитализм дамуының тездігі жөнінен де, кәзірдің өзінде оның қолы жетіп отырған неғұрлым жоғары дәрежеде дамуы жөнінен де , ғылымның ең соңғы табыстарына сай жабдықталған техника қолданылып отырған жер көлемінің аса кеңдігі жөнінен де Құрама Штаттардың өзімен тең түстен ешқандай бәсекелесі жоқ” Одан әрі В.И.Ленин былай деп қорытады. “Америка Штаттары – көлемі неғұрлым кең, қарым – қатынастары мейлінше әр алуан, капиталистік егіншіліктің сыр – сипаты мен формалары өте – мөте мол ел”.
Ауыл шаруашылығын жүргізудің АҚШ – тағы озық әдістері Оңтүстіктегі құлдықтың қалдықтарымен астасып өмір сүрді. Бұл туралы В.И.Ленин осы еңбегінде: “құлдықтың экономикалық қалдықтарының феодализмнің сондай қалдықтарынан ешқандай айырмашылығы жоқ, ал Құрама Штаттардың бұрынғы құл иеленуші оңтүстігінде құлдықтың қалдықтары осы кезге дейін өте күшті” – деп атап өтті.
Азамат соғысы дүниежүзілік тарихта ең бір қантөгісті соғыстың бірінен саналды. Солтүстіктің өзі ғаан 360 мың адамнан, ал Оңтүстік 250 мың адамынан айрылды. Миллион солдат, офицерлер мүгедекке айналды. Тек федералдық үкіметтің тура соғыс шығынын 3 миллиард долларға жетті, бұған қираған завод, фабрика шахталардың құны кірмеген. Мемлекеттік қарыз шамадан тыс өсіп, 3,5 миллиард доллар болды.
Бұл құрбандықтар текке кеткен жоқ. Азамат соғысының нәтижесінде құлдықтың жойылуы Америка Құрама Штаттарының бұдан былайғы дамуында аса маңызды оқиға болды. Бұл жөнінде Ф.Энгельстін алдын ала көргендікпен айтқан болжамдары шындыққа айналды. АҚШ соғыстан кейін аз ғана уақыттың ішінде дүниежүзілік өнеркәсіптік елдің біріне айнала алды.
Осы жылдар ішінде АҚШ өнепкәсіп өнімін өндіру қарқыны жөнінен кез келегн капиталистік елдерден озып кетті. Егер АҚШ 1860 жылы дүниежүзілік өнеркәсіп өнімінің 15 процентін берген болса, 1870 жылы – 23 процентке өсті, ал 1881 – 1885 жылдары – 29 процентке жетті.
Теміржол құрылысы қанат жайды. 1860 жылы елдегі теміржолдың жалпы ұзындығы 49285 шақырым болса, 1870 жылы – 85168 шақырым, 1880 жылы – 150085 шақырым болды. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндірудің де қарқыны өсті. 1860 – 1880 жылдар аралығында жан басына шаққанда өндірілген бидайдың көлемі 5,6 бушелден – 9, 2 бушелге жеткізілді. У. Фостер бұл орыстың буржуазиялық – демократиялық революция екендігін оның қиындықты жоюға бағытталғандығымен сондай – ақ бұл революцияның қозғаушы күші – негр халқы, фермерлер, жұмысшы табы болғандығымен дәлелдейді. Соғыс барысында буржуазия үкімет билігін өз қолына алды. Елдің бүтіндігі жасалды, құлдық жойылоды. Елдің біртұтас ұлттық ішкі рыногы қалыптасты.
Азамат соғысынан кейін Америка Құрама Штаттарының саяси өмірінде де үлкен өзгерістер жасала бастады.
Азамат соғысы кезіндегі буржуазияның реакцияшыл көзқарастары енді соғыстан кейін олардың саясатының негізіне айналыды. Себебі буржуазия үкімет билігін толық қолына алды, енді оған басқа бай таптардың тарапынан үкімет үшін талас қаупі жойылды. Қайта енді буржуазия мен плантаторлардың жақындаса түсуіне қажетті экономикалық және саяси негіз жасалды. Олар таптық одақ жасауға ыңғайлана түсті. Бұған қажетті алғышарттар бұрыннан- ақ қалыптасып отырған болатын. Буржуазияның өзі Оңтүстіктен қайта құру жылдларында жер алып жер иесіне айналған еді, енді олар мен плантаторлардың мүддесі жақындаса түсті. Екеуінеде арзан жұмысшы күші керек, ол үшін негрлерді жерсіз өз күшін сататын ауылшарушылық жұмысшыларына айналдыру және экономикалық және саяси құқықтарынан айыру дұрыс болды. Солтүстік пен Оңтүстіктің еңбекшілерінің таптық мүддесіне қайшы буржуазия мен бұрынғы құл иеленушілердің арасында одақтың жасалуының экономикалық және саяси негізі осында.
Бұл жақындасулар оның саяси партияларының күнделікті қызметінен де айқын көріне түсті. В.И.Ленин өзінің “Америкадағы президент сайлауының қортындысы мен маңызы! Деген мақаласында былай деп жазды: “буржуазиялық екі партия мұнда бүтіндей жарты ғасыр бойында құл иеленушіліктен туған 1860 – 1865 жылдардағы азамат соғысынан кейін - өздерінің тамаша беріктігімен және күштілігімен айрықша көзге түсті. Бұрынғы құл иеленушілер партиясы, бұл – “демократиялық партия” деп аталатын партия. Негрлердің азаттық алуын жақтаған капиталистер партиясы “республикалық партия” болып дамыды.
Негрлер азат етілгенен кейін бұл екі партияның арасындағы айырмашылық барған сайын азая берді. Бұл партиялардың күресі көбінесе баж салығының жоғары не төмен болуы туралы мәселе жөнінде болды. Халық бұқарасы үшін бұл күрестің ешқандай елеулі маңызы болған жоқ”.
1861 – 1865 жылдардағы азамат соғысындағы буржуазиялық – демократиялық өзгерістер аяғына дейін жеткізілген жоқ. Негрлер мен ақ кедейлер жер ала алмады. Саяси, экономикалық, азаматтық құқықтар берілмеді. Елдің қоғамдық өмірі демократияланбады. Қайта еңбекшілердің экономикалық, саяси құқықтарына шабуыл күшейтілді.
Революциялық халық бұқарасының саяси белсенділігін арттырды. Азамат соғысынан кейін күшті жұмысшы қозғалысы пайда болды. Кәсіподақтар құрылып күшейді, фермерлер қозғалыс тұңғыш рет жалпы ұлттық қозғалыс сипатына өте бастады.
АҚШ – тағы азамат соғысы дүние жүзінің көптеген бөліктерінде азаттық қозғалысының жандануына ықпал жасады. Басқа елдердің жұмысшы табының саяси санасының, интернационалистік көзқарастарының өсіп қалыптасуына әсер етті.
Сондықтан да бұл азамат соғысының тарихы бүгінгі күнге дейін өзінің тарихи және ғылымдық мәнін жоймай, адамзаттының ілгері басу жолындағы күресінің елеулі кезеңі болып отыр.
1815-1870 жж. Еуропа елдері.
Лекция жоспары:
XIX жартысындағы Англия. Чартистік қозғалыс.
Франциядағы Реставрация тәртібі. 1830 ж. революция және шілде монархиясы.
1848-49 жж. Франциядағы революция.
1848-49 жж. Германиядағы революция.
1848-49 жж. Италиядағы революция.
1848-49 жж. Австриядағы революция.
Франциядағы екінші империя.
Негізгі түсініктер: чартизм, реставрация, революция, империя
Мақсаты: XIX жартысындағы Англиядағы чартистік қозғалыстың мәнін ашу.1848-49 жж. буржуазиялық революциясының басты себептерін, барысын, тарихи маңызын ашып көрсету.
XIX жартысындағы Англия. Чартистік қозғалыс.
Наполеондық Франциямен соғыста жеңіске жеткен Англия 1815 – 1816 жж. ауыр экономикалық дағдарысты бастан кешірді. Металлургиялық заводтар мен шахталар жабылып, мыңдаған жұмысшылар жұмыссыз қалды.
Ағылшын жер иеленушілері парламентте сырттан келетін нан өнімдеріне салықтың жоғарылауы туралы заңдардың қабылдануына қол жеткізді. Бұл заңдар бидай импортын тоқтатып, жер иеленушілердің өз ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасын жоғарылатуға мүмкіндік берді. Буржуа тап өкілдері “Нан заңдарына” қарсы шығып, өз тауарларын экспорттауға мүмкіндік алғысы келді.
ХІХ ғ. ортасында Англияда өндірістік революция аяқталды. Ірі өндірістік қалалар пайда болды. 2,5 млн.халқы бар Лондон әлемнің банктік орталығына айналды.
Пролетариат пен буржуазия негізгі таптарға айналды. Өндірістік қалалардың төрттен үш бөлігін фабрикалық жұмысшылар және қолөнершілер құрады.
Ағылшын қоғамының ең бай табы – фабрикалық жұмысшылар болды. Бірақ саяси билік бұрынғыдай ақсүйек – жер иеленушілер мен қаржы басшыларының қолында шоғырланды. 1812 – 1827 жж. аралығында билікті торилер жүргізді.
Буржуазиялық интеллигенциясының радикалды элементтері (журналисттер, жазушылар) және қолөнершілер мен жұмысшылар сайлау реформаларын талап етті. Митингтерде сайлау жүйесін өзгерту, “нан заңдарын” жою, т.б.мәселелерді алға қойды.
1819 ж.қарашада өкімет асығыс түрде парламентте алты репрессивтік заң қабылдады, кейін бұл “ауыз жабуға арналған акттер” атауына ие болды.
Публицист Коббет өзінің “Саяси бақылаушы” газетінде реформаларды жақтап, революцияның болу мүмкіндігін жазды. 20 жылдары Лондонда Плейс басқарған “Ұлттық саяси ассоциация”, Бирменгемде Атвудтың “Саяси одағы” құрылды. Олар белгілі – бір меншігі барларға дауыс беру құқығын талап етті.
1830 ж. Оңтүстік Англияда қаналған батрактар мен барынан айырылған ауыл қолөнершілерінің көтеріліс толқыны өтті.
Елдегі шиеленіскен жағдай нәтижесінде тори өкіметі отставкаға кетуге мәжбүр болды. 1831 ж.наурызында билікке премьер – министр Грей басшылығымен вигилер келді. Грей өкіметі ІY Вильгельмнен лордтар палатасына 60 жаңа пэрлерді тағайындауға келісім алды. 1832 ж. 7-маусымда билль заңға айналып, күрес қалың халық қозғалыстарына сүйенген өнеркәсіпшілер жеңісімен аяқталды.
Елдегі саяси билікке бай өндірістік буржуа келді. Ірі капиталға ие болған олар, қауым палатасы арқылы елдің ішкі және сыртқы саясатына әсер ете алды. Өз кезегіне, ториліктер өздерінің позицияларын нығайту мақсатында бірқатар іс – шаралар жүргізді.
1601 ж. бері әр округтегі халықтан кедейлерді қамтамасыз ету үшін жиналған салықтардың орнына 1834 ж. бастап жұмысшылар үйлері пайда болды. Мұнда жұмыссыздар, қарттар, жетімдер мен еңбекке жарамсыздар болды. Әйелдер – күйеулерінен, ана мен әкелер – балаларынан ажыратылып, барлығын да ауыр жұмысқа салды.
1824 ж.парламент жұмысшыларға жалақы туралы келісім құру үшін тред – юниондар ұйымдастыруға рұқсат берді. 1834 ж.екі жыл өмір сүрген, 500 мыңнан астам жұмысшыларды біріктірген жалпыағылшын Ұлы ұлттық профсоюз одақ пайда болды. Оның құрылуында ағылшын социалист – утописті Роберт Оуэн үлкен роль атқарды.
1836 ж.жұмысшылар тобы Лондондық жұмысшылар ассоциациясын құрып, жұмысшылар үшін дауыс беру құқығын талап етті. 1837 ж.пролетариат, кедейлер, т.б. біріктірген Демократиялық ассоциация құрылды. Оның ұйымдастырушысы талантты журналист, оратор – Джордж Джулиан Гарни болды.
1838 ж.көктемде Лондондық жұмысшылар ассоциациясы атынан Ловетт Халықтық хартия (ағ.чартер) атанған, сайлау реформасы туралы жаңа заң проектын жариялады: 1)21 жасқа толған барлық ер азаматтарға даыс беру құқығын беру; 2)құпия дауыс беру; 3)бүкіл Англияның тең сайлау округтеріне бөлінуі және парламентке бір елші жіберу; 4)парламенттегі жыл сайынғы сайлау; 5)сайлауға жіберілудегі ешбір меншіктік цензтің болмауы; 6)парламент депутаттарын марапаттау.
Чартистік қозғалыстың І – кезеңінің ерекшелігі – бұл мүшелерінің құрамы: фабрикалық жұмысшылардан – буржуаздық демократтарға дейін.
1837 – 1839 жж.экономикалық дағдарыс өндірістің төмендеуіне әкеліп, нәтижесінде мыңдаған жұмыссыздар чартистердің қатарына қосылды. 1842 ж. Ұлттық чартистік ассоциацияда бүкіл Англия бойынша 400 бөлімшесі және 40 мың мүшесі болды. Бұл алғашқы пролетариат партиясы еді.
Чартистердің петициясы ағылшын пролетариатының таптық санасының өскендігін байқатты. Ең алдымен петиция жұмысшыларға саяси құқық пен әлеуметтік талаптар – жұмысшылар үйлерін жою, шіркеу кірістерін азайту, ақсүйек монополияларының жер иемденуін тоқтатуды талап етті. Алғашқы рет жұмысшылар Ирландияның өз алдына бөлектенуіне талап қойды.
1842 ж. 2-мамырда петиция парламентке беріліп, қолдау таппады. Ірі көтерілістер толқыны өтті. Бірақ орталықтанған басқарудың болмауы, көтерілісшілерді қаржыландырудың болмауы және мақсаттағы бірліктің болмауы – көтерілістің нәтижесіз болуына әкелді. Көтерілісшілер қуғынға түсіп, қатаң жазаланды.
1842 ж. аяғында чартистік қозғалыс біртіндеп басылып, Ұлттық чартистік ассоциацияның саны 5000 адамға жетті. Мұндағы барлық оқиғалардың зор маңызы болды: олар пролетариаттың буржуазиядан бөлінуіне мүмкіндік берді және чартистік қозғалыстың прлетариаттық сипатын ерекшеледі.
30 – 60 жж.Англияның ішкі саясаты ХYІІІ ғ.қалыптасқан және өндірістік буржуазияның мүдделеріне сай құрылған принциптерге негізделді. Бұл саясатты 20 жыл бойы Пальмерстон жүргізді.
1850 жылдары Англия Ресей империясының қарқынды өсуіне үреумен қарады. Петербургте І Николай ағылшын елшісіне Турцияға қарсы одақ құруды ұсынды. Бірақ Англия өз мүдделерін есептеп, 1853 ж.басталған орыс – түрік соғысында Турция жағында Франциямен одақ құрды.
Крым соғысынан кейін Англияның ең қауіпті жауларының бірі – ІІІ Наполеонның Франциясы еді.
ХІХ ғ.ортасында Англия ірі отаршы империя болды. Бұл империяның маңызды бөлігі – Үндістан еді. 1857 – 1859 жж. халық қозғалысы бұл елдегі барлық отарлық жүйені дүр еткізді. Көтерілісті басу үшін ағылшындық отаршылар жергілікті феодалдармен бірлесті. 1859 ж.үнділердің ұлттық қозғалысы жанышталып, ағылшын өкіметі елдегі өз билік аппаратын күшейтті және оны ағылшын экспансиясының Азидағы плацдармына айналдырды. 1852 – 1853 жж. отарлаушы соғыстардың нәтижесінде Англияның үнді иеліктеріне Оңтүстік Бирма, кейін бүкіл Малайя, Сингапур, Пенанг және Малккуда қосылды.
1861ж. Батыс Африкадағы Лагос (Нигерия), 1850 – 60 жж. Австралия, Жаңа Зеландия бағындырылды.
1865 ж. Дж.Рассел премьер – министр болды. Оның кабинетіндегі ең көрнекті мүшесі қаржы министрі У.Гладстон еді. Ол Вест – Индиядағы ағылшын иеліктеріндегі құлдардың асығыс түрде босатылуынан қауіптенді, “нан заңдарын”, Ирландиядағы репрессия, университетке түсушілердің діни сенімін тексеруді қолдады. Расселдің орнына келген граф Дерби өкіметінің қаржы министрі Дизраэли Гладстон билі проектынан екі есе асып түскен реформа проектын ұсынды. 1867 ж. 15 тамызда билль заңға айналды.
1868 ж. ақпанда Дерби денсаулығына байланысты отставкаға кетіп, королева кабинетінің құрылымын Дизраэлиге тапсырды.
1868 ж. 13 шілдеде өкімет палатаны таратып, жаңа сайлау нәтижесінде либералдар басым түсіп, Дизраэли өкіметі Гладстон бастаған Кабинетке орнын берді.
Гладстон реформаларының бірі – бастауыш білім беру болды. Дамушы ағылшын өндірісі сауатты жұмысшыларды талап етті. Сөйтіп, жеке меншік мектептер, мемлекеттік мектептер пайда болды. Нәтижесінде көптеген жаңа мектеп ғимараттары салынып, мектептердегі орын саны 3.5 млн. жетті. 1867 – 1876 жж. кезеңде бастауыш мектептерге өкімет субсидиясының мөлшері үш есе өсті.
Франциядағы Реставрация тәртібі.
Одақтастардың және Франциядағы бұрынғы француз ақсүйектерінің талабына орай Бурбондар билігі қалпына келтірілді. Король болып XYIII Людовик деген атпен 1793 ж өлтірілген XYI Людовиктің інісі граф Прованский отырды.
XVIII Людовик Францияда конституциялық монархияны бекіткен Хартияны жариялады. Мемлекеттегі барлық билік орындары Бурбондарға берілді.
1815 ж. жаңа палата депутаттары сайланып, «тендесі жоқ » палата деген атқа ие болды. Оның құрамына ультрароялистер /нағыз роялистер/ кірді Олардың идеологтары Жозеф де Местр және Виконт де Бональд болды.
Бүкіл Франция бойынша ақ террор толқыны Наполеонды жақтаушыларды жаппай жазалады, төтенше соттар оларды жер аударуға немесе өлім жазасына кесуге үкім шығара алды. Билеушілердің қуғындауына қарсы Францияда италиялық карбонарийлер үлгісіндегі құпия ұйымдар пайда бола бастады.
1824 ж. XVIII Людовик қайтыс болып, таққа X Карл деген атпен оның інісі граф д Артуа келді. X Карл өзін эмигранттар королімін деді. Ол 1825 ж. өтемақы ретінде ақсүйектерге млрд франк төлеуге шешім қабылдайды.
Ультрароялистер қатары аз парламент құрамы корольдің көңілінен шықпады да 183 ж. монарх парламентті таратты, 1830 ж. 26 шілдеде Хартияны іс жүзінде жоятын жарлықтар жариялады. Ол елді жеке дара билегісі келді.
1814 жылғы Хартияны жойған Ордонанстың жариялануы Парижге үлкен әсер еттті. 1830 ж. 29 шілдеде көтерісшілер Тюильри сарайын басып алды. Жеңілген әскерлер корольдің Сен Клудегі кала сырты сарайына жөңілді. X Карл Ордонансты жойғандығын хабарлауға мәжбүр болды, бірақ тым кешігіп еді. X Карл тақтан бас тартып, Англияға қашуға мәжбүр болды.
Билік қаржы топтарының банкирлер, көмір орындары, темір кендері жәнее орман иелерінің қолына өтті. Король болып корольдік әулеттің кіші ұрпағының өкілі герцог Луи Филипп Орлеанский жарияланды.
1830 ж. 14 тамызда жаңа Хартия қабылданды. Палата депуттатарының құқықтары кеңейтілді. Пэр атағын мұрагерлікке қалатындығын жойды. Баспасөз цензурасы жойылды. Тек елдің азғана бөлігі ғана сайлауға қатыса алды, өйткені дауыс құқығына ие болуы үшін жоғарғы кірісі болуға тиіс еді.
Сөйтіп, Францияда шілде революциясы басталды. Луи Филипп билігі шілде монархиясы деген атқа ие болды.
Шілде революциясының басты қорытындысы буржуазияның дворяндықты жеңуі болды. Бірақ 1830-48 жж. тек буржуазияның аса бай бөлігі - қаржы ақсүйектері ғана үстемдік етті. Олар көптеген жеңілдіктерді, артықшылықтарды және жәрдем ақыларды пайдаланды.
Король Луи Филипп Франциядағы өте ірі қаржы және орман иесі , сондықтанда қаржы ақсүйектерінің нығаюына мүдделі болды, осы орайда француз банк иелерімен және ірі капиталистермен жақындасуға барды.
Кароль Луи Филипп билігі Франциядағы көптеген саяси күштердің көңіліне жақпады. Корольге бұрынғы құлаған Бурбондар әулетін жақтаушылар мен де, Легитимистер мен де, Бонапарттықтармен де империя құруды жақтаушылар мен және республикашылдар мен де күрес жүргізуіне тура келді.
1848-49 жж. Франциядағы революция.
Шілде монархиясы сыртқы және ішкі саясаты- бұл тәртіпке қарсылардың қатарына қалың бұқара топтарының жұмысшылар , шаруалар буржуазияның бір бөлігінің топтасуына әкелді. 40 жылдардың ортасынан бастап дағдарысты жағдай өрби түсті. Қаржы ақсүйектерінің үстемдігіне наразылық ұлғайды. Шілде монархиясының қарсыластары сайлау заңдарын өзгерту үшін бірікті. 1847 ж. жазында Францияда саяси отырыстар науқаны басталды. Отырыстарда саяси және әлеуметтік өзгерістер жөніндегі талаптар тілек ретінде айтылып жатты.
1848 ж. 22-ақпанында сайлау жүйесін жақтаушылардың кезекті отырысы өтуге тиіс болатын өкіметтің бұл отырысты өткізуге тиым салуы ашу туғызып наразылық шеруін шығарды. 22-ақпанда мыңдаған париждіктер алаңға шықты.
Алғашқы баррикадалар құрыла бастады. Оқиға барысынан қорыққан Луи Филипп өкіметті отставкаға жіберседе толқулар тоқтамады. Парижде бір түні ішінде мың жарымдай баррикада құрылды. 24-ақпанда астанадағы барлық маңызды орындар көтерілісшілердің қолында болды. Луи Филипп тақтан бас тартты.
1848 жыл 25-ақпанында Францияда екінші республика жарияланып, Уақытша өкімет құрылды.
1848-49 жж. Германиядағы революция.
Германия 1871 жылы 18-қаңтарда Версаль айналы залында бірінші император етіп Вильгельмді жариялады. Ол Пруссия королі болатын. Франко-Прусс соғысы Франкфурт бітімімен аяқталған болатын. Вильгельм әрі Пруссияның королі болды. Германияның Франциямен жасаған бітімі бойынша Германияның буржуазиясы және юнкерлері байыды. Франция 5 млрд. франк төледі. Контрибуция Германияның индустриясының дамуына ықпал жасады. Бірінші дүниежүзілік соғысты болашақта тудыратын Француз-Герман қайшылығы пайда болды.
Германияның бірігуі прогрессивті болды. Бұл біріншіден Германияның экономикалық тұтастығын қалыптастырды. Ішкі шекаралық кедергілер жойылды. Неміс ұлтының қалыптасуы аяқталды. Бұл бірігу реакциялық сипатта жүзеге асты. Германияның бірігуі юнкерлік жолмен жүзеге асты. Германияда Пруссияның нағыз реакцияшыл топтары күшейді. Империя құрылды. Ол үшін 1871 жылы Германия империясының конституциясы қабылданды. Бұл Германияның біріккендігін бекітті. Конституция бойынша ел федеративтік сипатта бірікті. Конституция Пруссияның үстемдігін заңдандырды. Конституция бойынша тек Пруссияның королі император болды. Бұл жағдай Герман империясын бюрократиялық құрастырылған полиция қырағылығындағы әскери депотизмге айналдырды. Германия империясының құрамына 22 монархиялық қалалар кірді. Олардың ішінде 6 ұлы герцогтық, 3 еркін кала бар. Эльзас пен Лотарингияны императордың наместнигі басқарды.
Германия империясының мемлекеттері өз монархтарын сақтады. Өздерінің конституцияларын сақтады. Бірақ олардың билігіне негізгі басты мәселе қалдырған жоқ. Негізгі империялық мәселелер: сауда, монеттік жүйе, соғыс, қару-жарақ тағы басқа мәселелер империялық үкіметтің қолында болды. Германия империясының басшысы император балды. Император міндетті түрде Пруссияның королі болуға тиісті. Ол канцлерді сайлайды. Конституция бойынша заң шығару функциясы түрғындар 5 жылға сайлайтын рейхстатқа берілді. Мемлекеттік занды Одақтар советі бекітті. Одақ советінің төрағасы империяның канцлері. 1871 жылы қабылданған бұл империялық конституция қалыптастырған Германиядағы мемлекеттік құрылыс полицейлік бюрократиялық прустік юнкерлік реакцияның үстемдігін бүкіл Германияға орнатты. Бұл конституция бойынша Европа елдеріндегі сияқты неміс буржуазиясы үкімет басында тұрған жоқ. Олар негізінен юнкерлердің қолында болды. Себебі юнкерлерде капиталистік даму жолына түсіп жатыр. Германияның империясы әлсіз. Буржуазия капиталистік даму жолындағы юнкерлердің соңында жүрді. Буржуазияға күш керек. Оны юнкерлер жүзеге асыра алатын еді. Буржуазия керек нәрселерді юнкер олигархиясы жүзеге асыра алатын еді. Әрине Германияның юнкерлері мен буржуазиясының экономикалық қайшылықтары көп болды. Ол қайшылықтар көп партиялық системаның жасалуынан көрінді. Партия белгілі бір әлеуметтік таптың мүддесін қорғады. Конституция барысында жасалған блок мықты болған жоқ. Отто фон Бисмарк Германиядағы ішкі саясатты юнкерлер мен буржуазия арасында амалдап жүргізді. Консерваторлар партиясы болды. Олар екіге бөлінді: а) ескі консерваторлар, ө) империялык консерва торлар. Империялық консерваторлар негізі өнер кәсіптілер. Олар еркін дамуды қолдайтын консерваторлар. Екінші топ: ұлттық либералдық партия. Бұлар ірі өнеркәсіпшілердің партиясы түрінде құрылды. Үшінші топ: солшыл либералдьщ партия — бұл орта және ұсақ қала буржуазиясының мақсатын қолдады. Төртінші — кaтоликтік, бұл әлеуметтік жағынан алғанда орта және ұсақ шаруалардың мүддесін қолдаған партия. Бұлар мемлекеттердің ("Земли") құқығын кеңейту үшін, мектептерді шіркеудің билігіне беру үшін күресті. Бесінші — социал-демократиялықпартия— жұмысшылар партиясы болды.
XIX ғасырдың 70-жылдарында фабрика-зауттық өндіріс Германияның бүкіл жерінде жұмыс жасады. 1890 жылы өнеркәсіп төнкерісі аяқталды. Соңғы он жындың ішінде елде өнеркәсіп төңкерісі индустрияландыру процесімен қатар жүрді. Германия Англия, Франциямен бәсекелесіп оларды басып озды. XIX ғасырдың аяғында көмір өндіру жөнінен екінші орынға жетті. Өндірістің жаңа салалары пайда болды. Германияда өндірілетін химиялық бояуларды дүние жүзі сатып алды. 1890 жылдан бастап көмір өндіретін бірлестік Германияда өндірілетін өнімнің 80 процентін өндірді. 1887 жылы Германияда 70 картель бодды. Ал 1900 жылы 300 картель жұмыс жасады. Германияда банкілердің шоғырлану процесі тез жүрді. Елде 6 банк болды. Олар өндіріске капитал салды. XIX ғасырдың аяғында Германияның сыртқа шығарған капиталы 15 миллиард марка болды. Ірі банк иелері пайда болды. Германияның бұл сияқгы тез экономикалық даму себебі Германия басқа елдерге қарағанда өнеркәсіп төнкерісіне уақыт жіберген жоқ. Германияның Рур, Саар деген аудаңдары көмірге бай еді. Лотарингия темірге бай болатын. Германияның экономиялық дамығаны соншалықты Германияның милитаризмі соғыска дайындалды. Ірі өнеркәсіпшілер үшін ішкі рынок пайда болды. Теңіз флоты кеңейтідді. 1871-95 жылдар аралығында 16 млрд. марка ақша теңіз флотына бөлінді. 1880-1900 жылдары өндірістік өнім Англияда — 49 процент, Германияда — 163 процент өскен. Германияда ірі жер иелері юнкерлер сақтадды. Граф Арнимдер 71 мың гектар, князь Бисмарктер 26 мың гектар жерлерді иеленді. 1871 жылы ақша реформасы жасалды. "Земли" ақшалары жойылып империялық ақша енгізілді. Пруссия банкісі империялық банкіге айналды. 1872 жылы қылмыстық кодекс енгізілді. 1874 жылы почта, телеграф катынасы енгізілді. 1874 жылы баспасөз туралы заң қабылданды. Елдегі реформаларға жоғарыда айтқан консервативтік партиялар қарсы шықты. Олар буржуазия күшейіп кетеді деп қорықты.
Австрия империясы – Габсбургтар монархиясы көп ұлтты, «құрақ» мемлекет болды. Оның 34 миллионнан астам халқының тең жартысынан көбі словяндар (чехтар, словактар, поляктар, хорваттар, сертер, украйындықтар) болатын. Венгрлер(мадьярлар) 5 миллионға жуық деп саналған, итальяндар жуық деп валахтар да сол шамалас болған.
Букіл империяда көптеген феодалдық тәртіп сақталды, ал Австрия мен Чехияда капиталистік өнернәсіп дамыды, бұларда жұмысшылар, қолөнершілер көп болды. Өнеркәсібәі жағынан Чехия империялық ең алдыңғы қатарлы бөлігінен орын алады. Бірақ орта, ұсақ чех буржуазиясын авсриялық ірі капиталистерге тәуелді болды.
Австриялық чиновниктер итальян провинцияларының түрғын халықтарына аяусыз қысым жосады.
Австрия империясының ерекше белгісі- феодалдық және капиталистік езгіні ұлттық езгімен қатар жүргізу. Халық біқарасының көпшілгін шаруалар еді. Оларды бас бостандығы бар ерікті адамдар деп санады, бірақ қай жерде болса да помещиктерге тәуелді болды, олардың пайдасына міндеткерліктерін өтеді, оброк төледі.
1848-49 жж. Италиядағы революция.
Италиядағы Австриялық иеліктер сияқты, 1848-1849 ж ж. Революция Италия мемлекеттерін де қамтыды. Оның себептері көп жағынан Германияны революцияға жеткізген себептермен ұқсас болды. Италияндық революциялық қозгалыстағы демократиялық оғының тірлігі қолөнершілер, жұмысшылар, ұсақ буржузияшыл интеллигенция болды. Ұлттық тәуелсіздікті жеңіп алу, елді саяси біріктіру – Италия революциясының басты мәселесі болды. Сонымен тығыз байланысты абсалютизмді және бүкіл феодалдық тәртіпті жою міндеті алда тұрды.
Италияда 1848-1849 жылдарда, басқа елдердегі сияқты, аяқталмаған, жеңіліп қалған буржуазияның – демократиялық революция болды. Ол халық бұқарасына өте зор революциялықтәжірибе берді және ұлтты біріктіру, елді буржаузиялық қайта құру жалындағы революциялық – азат қозғалысты адан әрі дамытуға серпіліс туғызды.
1848-1849 жылдардағы революциялар жеңіліп қалғанымен, нәтижесіз болған жоқ. Олар жұмысшы бабына өте зор революциялық тәжірибе берді, үстем таптарды жейбір реформалар жасауға мәжбүр етті. Революция қоғам дамуын алға бастыруды тездете түсті.
Франко-прусс соғысы. Париж Коммунасы.
Лекция жоспары:
Франко-прусс соғысы.
1871 ж. 18 наурыз революциясының себебі мен сипаты.
Париж Коммунасы.
Негізгі түсініктер: контрибуция, коммуна
Мақсаты: Франко-прус соғысының себептері мен барысын көрсету. 1871 ж. 18 наурыз революциясының нәтижесінде орнаған Париж Коммунасының әлеуметтік шараларына сипаттама беру.
Әдебиеттер:
История Франции. 2 том. М., 1972.
Новая история стран Европы и Америки. /Под ред. Кривогуза, Юровской, М., 1999.
Практикум по новой истории (1640 - 1870). М., 1973.
Қ.Ізтілеуов. Жаңа заман тарихы.- Алматы, 2000
Ізтілеуов Қ. Жаңа заман тарихының практикумы, Шымкент, 2002.
1. Франко-прусс соғысы.
1869-70 жылдары Францияда бонапаристік режимнің дағдарысы бұрынғыдан да күшейді. Оның себебі император Наполеон ІІІ Францияны құдіретті мемлекетке айналдыруды, Европада Францияның ықпалын күшейтуді көздеді. Ол үшін елдің ішіндегі наразылықты басу керек, ол үшін жеңімпаз соғыс жүргізу керек. «Европаның басқа мемлекеттерін жеңу арқылы Европада Францияның ықпалы орнайды» - деп ойлады. Германияның бытыраңқылығын сақтап қалуға тырысты. Германия бірігіп кетсе күшейеді. Сол үшін Пруссияға соққы беру керек болды. Осындай жолдармен бонопаристердің жеке мүддесінен шыққан соғыс болды. Сол кезде Пруссия елді біріктіруді аяқағысы келді. германияның төрт мемлекетін қосу керек болды. Ал Франция болса Германияның қосылмаған төрт мемлекетінің қосылуына кедергі жасағысы келді. Пруссия бұл соғысқа дайындалып отыр еді. Сонау 1863 жылы соғыс жоспарын дайындаған болатын. Австро-Венгрияны бейтараптылыққа көндірген болатын. Пруссияның милитаристік топтарының агрессияшыл саясаты осындай болды.
Германияның алдында қойып отырған мақсаты елді біріктіру. Бұл соғыс болды. 1870 жылы Пруссияның тарапынан объективті соғыс болды. 1870 жылы Пруссияда соғысқа қажетті дайындықтар аяқталды. Енді соғысқа бір сылтау керек болды. Бұл сылтау Испанияның тағына мұрагер отырғызу кезінде жасалды. 1870 жылы шілде айында королева Изабелла қуылғаннан кейін Испанияның тағы неміс принці Леопольд Гогенцоллерн Зигмарингенге ұсынылды. Бұны Франция қаламады. Леопольд тақтан бас тартты. Бисмарк бұл мәселені Пруссияның беделін төмендету деп баспасөз бетінде жариялады. Вилгельм бұны Пруссияны жәбірлеу деп қабылдайтынын мәлімдеді. Дәл осындай соғысуға сылтау іздеген Францияның соғыс министрі Лебеф былай деді: «Біз соғысқа дайынбыз, өте дайынбыз» - деп мәлімдеді. Франция 1870 жылы 19 шілдеде Пруссияға соғыс жариялады. Франко-Прусс соғысы басталды. Ал шындап келгенде Франция соғысқа дайын болмай шықты. Азық-түлік жеткіліксіз екен. Әскер басшылары қанша күш барын білмейді. Жәшіктердегі оқ-патрондар орнына құм толтырылып қойылған. Осылай Франция әскері бірде-бір рет шабуылға шыға алған жоқ. Француз әскерлеріне неміс әскерлері үш рет қатты соққы берді. 4-тамызда Виссамбург түбінде, 6-тамызда Фервахта соққы берілді. Бұл хабарды естіген француз халқы демонстрацияға шықты. Францияның армиясы бұл үш соққыдан кейін инициатива ала алмады. Ақырында Мец түбінде генерал базен әскері қоршалды. 1870 жылы 30-тамызда Седан түбінде Мак Магонның әскері қоршалды. 1870 жылы 1-қыркүйек күні сағат үште Наполеон ақ ту көтеруге бұйрық берді. 82 мың әскері қол көтеріп берілді. Бұл империяның бет пердесін ашып берді. ІІ-империяның дағдарысқа ұшырап отырғанын дәлелдеді. Седан түбіндегі бұл жеңіліс Париж халқының наразылығын тудырды. 1870 жылы 4-қыркүйекте Париж халқы республика талап етті. Бұл 4-қыркүйек күнгі революция кезінде республикашылар буржуазияның басшылары Гамбетта және Жюль Фабр болды. Халықтың талап етуімен буржуазия өкілдері бланкистер өкімет мүшелерінің құрамын жасап жатты. Гамбетта және Жюль Фабр бастаған топтар Париж халқына үкіметтің құрамын олардан бұрын жариялап жіберді. 1870 жылы басталған Франко-Прусс соғысының барысында республикалық басқару жарияланды.
Бұл революция буржуазиялық демократиялық революция болды. Революцияның жасалуы мен республиканың жариялануы Франко-Прусс соғысынң сипатын өзгертті. Франция тарапынан бұл соғыс енді Отан қорғау, яғни әділетті соғысқа айналды. Германияның тарапынан болса, бұл соғыс Франциядан жер алуды көздеген әділетсіз соғысқа айналды. Францияның халқына енді Германиядан қорғану керек болды. Сондықтан ұлттық қорғаныс үкіметі деп жариялады.
Бекіністің бір кірпіші берілмейді деп мәлімдеген, республикашылар шын мәнінде тездетіп Германиямен келісімге келгісі отырды. Пруссияның әскері алға жылжи берді. Бұдан үкімет қорытынды жасамады. Немістер 1870 жылы 19-қыркүйек күні 230 мың әскерімен Парижді қоршады. Базен әскері 27-қыркүйекте неміс үкіметіне берілді. Жюль Фабр Бисмаркпен келісіп болашақ бітімнің жобасын жасады. Бұл халықты ызаландырды. Еріктілер отряды құрылды. Елдің ішінде отаншылдық бастамасы күшейді. Осының нәтижесінде округтік Бақылау комитеті құрылды. Бұған 20 округ қарады. Бұл округтердің ішінде бірінші интернационалдың секцияларының мүшелері жұмыс жасады. Ұлттық гвардия құрды. Орталық комитет ұйымдастырылды. Бұл белсенділіктерді буржуазия ұнатпады. Олар бланкистерді тұтқындады. Қолдан келгенше Франциядағы революциялық қозғалысты басып-жаншып, қарсылық болдырмауға әрекет жасады. Францияда бұл жылы қыс қатты болды. Аштық пен күйзелушілік пайда болды. Париж халқының тізе бүгу туралы сөзді естігісі де келмеді. Бланкистердің әрекетін прудонистер қолдамады. Трошю үкіметі әскер шығарып бұл көтерілісті басып тастағысы келді. трошю үкіметі ұлттық гвардия отрядтарын нәтижесіз аяқталатын қимылдарға жұмсап отырды. Жюль Фабр Версаль қаласында отырған Бисмаркпен бітім сұрады. Бисмарк Жюль Фабрмен сөйлесті. Бірақ одан Парижпорттарының берілуін сұраған жоқ. Себебі олардың берілмейтінін білді. Францияның басшылары Пруссияға қарсы ел ішінде үлкен күштің бар екенін білді. Қай заманда да елдің тәуелсіздігін сақтаушы – халық.
1871 жылы 18-қаңтарда Франция мен Пруссия арасында келісім болды. Ұлттық сайлау өтті. Онда монархиялық топтың өкілдерінің саны көп болды. Үкіметтің басшысы етіп А. Тьер бекітілді. А.Тьер Францияның баюшы буржуазиясының өкілі болатын. А.Тьер тек өзі байыған үстіне баи беру арманынан таймаған адам.
1871 жылы 26-ақпан күні жоғарыдағы келісімге байланысты Германия мен Францияның арасындағы бітімге қол қойылды. Францияның арасындағы бітімге қол қойылды. Франция Эльзас пен Лотарингияны (көлемі 145 мың шаршы шақырым) Германияға берді және 5 млрд.франк контрибуция төлейтін болып міндеттеді.
2. 1871 жылғы 18-наурыз революциясының себебі мен сипаты.
Ұлттық гвардияның басшылары жұмысшыларды Париж қаласына кірген неміс әскерлеріне оқ атпауға көндірді. Неміс әскері 1-наурыз күні Париж қаласына кірді. Неміс басқыншыларын қаңсылаған иттер мен мияулаған мысықтар қарсы алды. Барлық жұмыс орындары, дүкендер жабық тұрды. 3-наурыз күні ұлттық жиналыс өзінің отырысында Франкфурт келісіміне көніп Бисмаркке тапсырды. Париждің халқын неміс әскерлерінің қолымен бағындырмақ болған француз өкіметінің үміті жүзеге асқан жоқ. Париждің қарулы халқын қарусыздандыру үшін оларды көшеге түрткілеп шығару керек болды. Ол үшін ұлттық гвардия әскерлерінің онсызда аз жалақысын азайтты. Қала тұрғындарынан қарыздарын екі жетінің ішінде төлеуді талап етті. Бұның бәрі Парижді шыдамынан шығару үшін істелді.
Француз үкіметі Германия үкіметімен келісіп, Седан түбіндегі әскерді Парижге кіргізуге рұқсат алды. 12 мың шасси винтовкасын алды. 18-наурыз күні сағат 3-те Тьер әскері Монмартр биігіндегі зеңбіректерді төменге түсіре бастады. Түске таман Тьер әскері Париждің орталық көшелерімен Версальға қарай кете бастады. (Париж халқының, ұлттық гвардия әскерлерінің арасымен Тьер әскері зеңбіректерін сүйретіп өтіп кетті). Париж халқы 18-наурыз күні өкімет мұшелері Версальға қашып кеткеннен кейін өкіметті өз қолына алды.
Бланкистер де неоякобиндіктер де Тьер әскерін қарусыздандыруды түсінбеді. Ұлттық гвардияның Орталық Комитетінің айқын жоспары болған жоқ. Бұлар халықтың білсендігімен Париждің тізгінін өз қолына алды.
1871 жылы 18-наурыздағы революция стихиялы, ойламаған жерден болған революция болды. Орталық комитет революцияны алдын-ала дайындаған жоқ, Варле, Асси тағы басқа да көрнекі қайраткерлер де дайындамады. Кешке қарай бүкіл Париж көтерілісшілердің қолына өтті. Ратуша үйінде қызыл жалау желбіреді.
Осы кезде ұлттық гвардия не істеуі керек еді? Біріншіден, Версальға қарай қозғалып оларды қарусыздандыру керек еді. Екіншіден, үкіметті тұтқындау керек еді. Алайда бұлар үкімет билігіне қолын жеткізе отырып революцияның міндетін түсінген жоқ. Революцияға тән тактика шабуылға шығу екенін түсінбей, қорғаныс бағытын ұстанды. Орталық Комитет мүшелерінің «мейірімділігінің» себебі азамат соғысы шығып кетеді деп қауіптенді. Олар бұл соғысты шығарып отырған негізгі мұрындық буржуазия екенін түсінген жоқ. Париж жұмысшылары буржуазияға моральдық ықпал жасау арқылы арқылы әсер етуге болады деп түсінді. Орталық Комитет өзінің басшы орган екенін түсінбеді. Ол өзінің негізгі міндеті – Коммунаға сайлау жүргізу деп түсінді. Сайлауға дайындық жүргізді. Буржуазиялық элементтер қарусыз демонстрациялар ұйымдастырды. 26-наурыз күні сайлау жүргізілді. Париж Коммунасы Советі сайланды. Сайлауға еңбекші бұқара ғана дауыс берді. Коммуна советіне 85 адам сайланды. Дегенмен 16-сәуірде қосымша сайлау болып, тағы 22 адам сайланды. 18-26 наурыз аралығында Орталық Комитет бірнеше шаралар жүргізді. Әлеуметтік жағынан алғанда көпшілігі жұмысшылардан тұрды. Партиялық жағынан алғанда Коммуна советі әртүрлі болды. Олардың ішінде прудонистер, неоякобиндықтар тағы басқалар болды. Неоякобиндықтар болып жатқан оқиғаның мәнін түсінген жоқ. Олар сыртқы жаудан Францияны қорғауды күн тәртібіне қойды.
Революцияның барысында еңбекші бұқара үкімет басына келді. Бланкистер мен неоякобиндықтар тағы басқалар болды. Кейбір коммуна мүшелері екі топтың екеуіне де қосылған жоқ. Коммуна советінің басым көпшілігі Маркске дейінгі социализмнің түрлі ағымдарында тұрды. Бланкистер де, пруддонистер де Францияның жұмысшыларына басшылық жасай алған жоқ. Францияның пролетариатының өз партиясы болмады.
Сонымен 18-наурыз күні болған халық көтерілісі жаңа революциялық үкіметтің басына Париж жұмысшыларын әкелді. Олар революцияның міндетін түсінген жоқ. Сонда да олар үкімет билігін қолына алғаннан кейін өздеріне қажетті жұмыстар істеді. Олар тұрақты армияны жойып қарулы халық жасағын құрды. Ескі аппараттың чиновникреті жұмысқа шықпай қойды.
3. Париж Коммунасы
Коммуна атқарушылық және орындаушылық билікті біріктірді. Париж Коммунасы 10 комиссия құрды. Олар финанс, әскери, юстиция, қоғамдық тағы басқа. Коммуна Советі бұл комиссияларға өз өкілдерін тағайындады. Басқару және сот аппараттарына мүшелер сайлау арқылы тағайындалды. Сенімді ақтамағандарды жұмыстан шығаратын болды. Коммуна жұмысшылардың еңбек ақысын маман жұмысшылардың еңбек ақысымен теңестірді. Коммуна жаңа мемлекеттік құрылым ретінде көрінді: тұрақты армияны халық жасағымен алмастыру әрекеті, ескі бюрократтық аппаратты жойып жаңа аппарат құруы, жалпыға бірдей сайлау енгізуі. Олар халық алдында есеп берді. Қызметкерлер жалақысы жұмысшы жалақысына жақын етіп белгіленді. Заң шығару және атқару органдары Коммунаға біріктірілді.
Коммуна советі құрылғаннан кейін елдің ішінде әлеуметтік топтардың саяси белсенділігі артты. Әйелдер клубы тағы басқа клубтар құрылды. Коммуна жұмысшылардың талабын орындауға тырысты. Айырбас және еңбек комиссиясы құрылды. Оның басшысы Лео Франкель былай деді: «Егер біз жұмысшыларға ештеңе істемесек Париж Коммунасының мәні не?» - деді. Он сағаттық жұмыс күні енгізілді. Түнгі жұмысқа тыйым салды. Осы шаралар Коммуна советінің жұмысшылар үкіметі екенін көрсетеді. Шіркеуді мемлекеттен бөлді. Азаматтық оқу енгізілді. Балалар бақшасы, мұражай есіктері ашылды. Париж Коммунасы кезінде басқа елдердің азаматтары Лео Франкель, Врублевский, Домбровский, басқа да орыс азаматтары жұмысшылардың қиындықтарын бөлісті.
Францияның провинцияларын да, басқа да қалаларында 23-наурыз Марсель қаласында, Лион, Тулон қалаларында революция болды. Бірақ олар ұзақ өмір сүрген жоқ. Шаруалар мен Париж Коммунасы арасындағы байланыс жасау әрекеті болды. Коммуналар жазушы Андре Малон шаруаларға арнап жазған «К сельскому труженику» деген үндеуінде былай жахды: «Туысқан, сені алдап жатыр, сондықтан менің талап етіп жүргенім азат болу – сенің де азат болуың».
ХІХ ғ. соныңда -ХХ ғ.басындағы Англия.
Лекция жоспары:
Мемлекеттік қүрылымы
Әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы.
Сыртқы саясаты.
Негізгі түсініктер: лендлордтар, тредюниондар, федерация, отарлық империализм.
Мақсаты: ХІХ ғ. соныңда ХХ ғ. басындағы Англияның әлеуметтік –экономикалық және саяси дамуын көрсету.
Әдебиеттер:
Ерофеев Н.А. Очерки по истории Англии. 1815-1917. М., 1957
Новая история стран Европы и Америки. /Под ред. Кривогуза, Юровской, М., 1999.
Практикум по новой истории (1640 - 1870). М., 1973.
Қ.Ізтілеуов. Жаңа заман тарихы.- Алматы, 2000
Ізтілеуов Қ. Жаңа заман тарихының практикумы, Шымкент, 2002.
В.В.Фортунатов. История., СПб, 2012
Хрестоматия по новой истории. Ч. 1-2, М., любое издание.
Сборник документов по истории нового времени . М., 1990.
1. Мемлекеттік құрылымы

ХІХ ғ. соныңда ХХ ғ. басындағы Англияда феодалдық институттар сақталып отырды - король үкіметі, лордтар палатасы. Парламенттік орындарда буржуазияның өкілдері отырды. Елдегі маңызды қызмет орындары ірі жер иелерінің қолында отырғанын да көруге болады. Англияда либералдар және консерваторлар партиясы өмір сүрді. Олар үкімет билігіне таласып отырды. Елдің ішіндегі демократиялық қозғалыстардың өсуіне кедергі жасап отырды.
Ирландия жерін ағылшын ленлордтары бөліп алған еді. Ирландықтар өз жерлерін жалға алды. 1901 жылы халық 4,4 миллионға азайды. (Бұрын 6,5 млн. еді). Ирландықтар «Ақ балалар ұйымы» деген ұйым құрды. «Жер лигасы» деген лига құрылды. Ленлордтардан жалға тиімді жер алу үшін күресу керек болды. Екіншіден, осы қозғалыс мүшелері күрес тактикасын күшейтті. Ленлордтар «жер лигасы» талаптарына көбінесе, жерді уақытында жыртпау керек, егінді жинайтын кезде жинамау керек деп байкот жариялады. Бұл қозғалыстың барысында Ирландияға өзін-өзі билеу құқығын алу мәселесі күн тәртібіне қойылды.
Англияның жұмысшы қозғалысында тредюниондар болды. Ол кейін оппортунистік ұйымға айналып кетті. Жұмысшылар арасына іріткі салды. Олар жұмысшы категориясын жасады. Англияның буржуазиясы жұмысшыларды революциядан кетіру үшін түрлі қоғамдар құрды. Солардың бірі фабиандық қоғам. Оны құрғандар ағылшын зиялылары – Сидней және Беатриса Беббтер, Бернард Шоу, Уэльс тағы басқалар. Бұл адамдарды жұрттың бәрі біледі, атақты жазушылар. Бұлар таптық күресті жоққа шығарды. Таптардың бейбіт қатар өмір сүруі, жұмыс істеуі нәтижесінде мемлкеттік социализм құруға болады деді, олар сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарына халық өкілдерін қатыстыру арқылы социалистік қоғамға өтуге болады деді.
1890 жылдардан бастап Англияда «еңбек партиялары» көптеп құрыла бастады. 1893 жылы осы «еңбек партияларынан» «Тәуелсіз жұмысшы партиясы» (НРП) құрылды. Бұл партияны құрған «марксизм» Англия жағдайына сай келмейді деп, фабриандық көзқарасты қолдады.
Ирландия мәселесі: ХІХ ғасырдың 80-90 жылдарында Англиядағы үлкен мәселелердің бірі – Ирландия мәселесі болды. Олар өзін-өзі билеу құқығын беруді талап етті. Бұл қозғалыс Гомруль-Британия империясының құрамында өзін-өзі билеу құқығын алу деген қозғалыс. Бұл жолда 70-жылдары Ирланд лигасы құрылды, оның көсемі Чарлз Парнелл парламентте Ирланд фракциясының көсемі ретінде өте беделді болды.
1879 жылы «Жер лигасы» құрылды, ол ирланд жалгерлерінің, қала кедейлерінің, радикал интеллегенция өкілдерінің ұйымы болды.
1896 жылы Дж.Коннолидің бастамасымен Ирланд социалистік партиясы құрылды, ол Ирланд мәселесін маркстік позициядан шыға отырып шешуді мақсат тұтқан партия болды.
2. Әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы.
Англия ХХ ғасырдың басында экономикасы күшті дамымаған ел болып қала берді. Дүниежүзілік саудада алда болды. Дүниежүзілік есеп айырысу Англияның фунт стерлингімен жүрді. Өндірістің жаңа салалары күшейді. Шойын өндіру көлемі өсті. 1900-1913 жылдар аралығында 14,5% өсті. Көмір өндіру 30% ке өсті. Дүниежүзілік жарыста АҚШ Германиядан артта қала бастады. 1910-13 жылдары Англияның үлесі дүниежүзілік өндірістегі 29,7% тен 21% ке төмендеді, шойын өндіруден 22% ден 13% ке төмендеді. Артта қалудың себебі өндіріске капитал өте ерте салынды, оны жаңартпады. Англияның буржуазиясы шетелден, отарлардан келетін табыстарға қанағаттанды. Бұл кезде АҚШ, Германия бірден өндіріс орындарында өнімді техникаларды пайдаланды. Англия сыртқа капитал шығаруда бірінші орын алды. 3,7 млрд фунт стерлинг ақша сыртқа шығарды. Соның есебінен байыды. Англияның экономикасы кейін кесте бастады. Еңбек жарамды адамдардың 10% ті қызметшілерге айналды. Англияның қоғамы паразиттік қоғамға айнала бастады. Бұлар үкіметке беделді және ықпалды болды. Бұл жағдай елде монополиялық бірлестіктің жасалуына кедергі болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Англияда банктің 70% ті шоғырланды. Англияда банктер үлкен күшке айналды. Банктің күшеюі өндірістің шоғырлануымен қатар жүрді.
ХХ ғасырдың басында жұмысшылардың жағдайы 1890 жылға қарағанда нашарлады. Әрбір оныншы жұмысшы 1908 жылы жұмыссыз болды. Олар кәсіподақ мүшелері еді. Ал кәсіподаққа мүше емес адамдар арасында бұдан да тіпті күшті болды. Англия дүниежүзілік біріншіліктен айрыла бастады. Англия буржуазиясы жұмысшылардың бір бөлігін «сатып» алу жағдайынан айрылды. Жұмысшы қозғалысы күшейді. Англияның жұмысшы қозғалысында екі бағыт болды. Ол революциялық және оппортунистік тенденция. Осы екеуінің күресі Англияда революциялық партия құруды күн тәртібіне қоя бастады. Лейбористік партия бар еді. Ол оппортунистік партияға айналып кетті. Тәуелсіз жұмысшы партиясының сол қанатыжәне социал демократиялық партия екеуі бірігіп Британ-социалистік партиясын құрды (БСП). Бұл партия өзінің бағдарламасында социализм үшін күрес деп көрсетті. Бұл партия жұмысшыларды социалистік рухта тәрбиелеуге біраз жұмыстар істеді. Бірақ сектанттық көзқарастағы партия болды. Буржуазиялық үкімет қарап отырмады. Олар ел ішіндегі наразылықтарды бәсеңдету үшін әрекеттер жасай бастады. 1908 жылы жұмысшыларға жұмыс күнін қысқартуға, зейнетақыны көбейтуге уәделер беріп заңдар шығарды, 70 жастан асқандарға зейнетақы тағайындалды. Бұл саясатты Лойд Джорж кедейлікке қарсы күрес ашамыз деп жариялады. Бірақ бұның бәрі азғана күнгі уәде болып қалды.
Сыртқы саясаты.
Елде отарлық саясат күшейді. ХІХ ғасырдың соңғы ширетінде Англия бөлінбеген жерлердің көбін басып алды. 1860 жылы Англияның орталық иелігінің көлемі 6 млн шаршы шақырым болса, енді 30 млн шаршы мильге жетті. Онда 300 млн. тұрғындар болды. Англияның отарларының көп болуына байланысты империализмін отарлық империализм деп атаған. Индиядан жыл сайын 60 млн. адамның бір жылдық өндірген өнімін алып отырған.
Англияның буржуазиясы отарлық сыртқы саясат жүргізді. Көрнекі өкілі (1874-80) Дизраэли өкіметі отарлау мәселесіне назар аударды. 1874 жылы Суэц каналының құрылысын Египеттің үкіметінен 4 млн. фунт стерлингке сатып алды. Сингапур, Малайя аралдарына сүйене отырып Оңтүстік шығыс Азияда үстемдігін жүргізді. Ол жерлер қалайы кеніне бай болатын. Малайя княздіктерінің федерациясын құрды. Сөйтіп Англияның отарына айналдырды. Дизраэли үкіметі Оңтүстік Африкадағы зулустардың қарсылықтарын басты. Англия Африкада да отарлау саясатын жүргізді. Англия Ауғанстанға екі рет шабуыл жасады (1878). Гайдамак келісіміне қол қойды. 1880 жылы Ауғаныстанды бағындырды. 1874 жылы Англия Египетті жаулап алды. египеттің халқы көтеріліске шықты.
1900 жылы Англияның отарларының жалпы көлемі 33 млн шаршы км болды. Онда 390 млн. адам тұрды. Англия империясының бұл күшеюі реакциялық ішкі және сыртқы саясатпен қатар жүрді. Англия Африканы түгелдей отарлау үшін саясат жүргізді. Добрая Надежда мүйісінде Трансваль және Оранжевая тұрғындары бурлар бағынбады. Егерде бұларды бағындырса бүкіл Африканы отарлаған болар еді. Бурларды өзіне бағындыру кезінде Ағылшын-Бур соғысы болды. Бур халқы партизандық әдістермен қарсыласты. Англия 500000 әскер апарды. Бурлардың саны 50000 еді. Ағылшындар олардың деревняларынды қалған кемпір-шалдарды, балаларды концлагерьге қуып тықты. Олар жауынгерлердің бала-шағаларын аштан қатырды. Осыны көрген тауға кеткен бурлар төмен түсті. Лагерьдің өзінде 40% тен артығы аштықтан өлді. 1902 жылы көктемде бурлар берілді. Келісім жасасты. Ағылшындар Оңтүстік Африканың қожайынына айналды. Ағылшын-бур соғысы прогрессивті көзқарастағы дүние жүзі адамдарынан қатты сыналды. Англияның тарапынан болған бұл қаталдық Англияның басқа елдермен қатынасын қиындатты. Ағылшын дипломатиясы Германиямен жанжал бола қалса, Англияны ешкім қолдамайтынын білді. Англия мен Германияның арасындағы шиеленісу күшейді. Германия империализмі дүниені қайта бөлуді ойластырды. Ағылшын-Герман күресі саяси күреске айнала бастады. Әсіресе бұл бәсекелестік Германия мен Англия арасында теңіздегі қарулану ісінде қатты көрінді. Англия 1905 жылы ірі броненосецті суға түсірді. Осыдан бастап кемелер түсіруден жарыс басталды. Германиямен мұндай қайшылықтан кейін Англия басқа елдермен қатынасын күшейтті. Англия өзіне одақтастар іздей бастады. Англия АҚШ-тың Панама каналын салуына кедергі жасап отыр еді. Енді оған рұқсат берді. Англия және Франция арасындағы қайшылықты реттей бастады. 1904 жылы 8-сәуірде екі елдің арасындағы таластарды тоқтату үшін келісім жасады. Франциямен арада Орта шығыс, Ирак жерлеріндегі қайшылықты бәсеңдетті. Дипломатиялық жұмыстың нәтижесінде болашақ одақтың негізгі жасалды. Англия дүниежүзінде оқшауланудан құтыла бастады. Англияның империалистері де соғысқа дайындалып жатты. Соңғы 10 жылдың ішінде ғана соғыстың қаржысы үш есе өсті. Англия соғысқа дайындалу барысынды әскери-теңіз базасын жасады. Бүкіл Англияны әскери округтерге бөлді. Соғысқа қажеттінің барлығын дайындады. Милитаризмді, шовинизмді уағыздады, соған арнап кітаптар, газеттер шығып жатты. Бұған Англияда мүмкіндік бар. Ол бай мемлекет. Англия мен Францияның арасындағы келісім халықтан жасырылды. Парламент оны халыққа білдіртпей бекітті.
ХІХ ғ. соныңда- ХХ ғ. басындағы Франция .
Лекция жоспары:
1.Мемлекеттік қүрылымы.
2.Әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы.
3.Сыртқы саясаты.
Әдебиеттер:
История Франции. 2 том. М., 1972.
Новая история стран Европы и Америки. /Под ред. Кривогуза, Юровской, М., 1999.
Практикум по новой истории (1640 - 1870). М., 1973.
Қ.Ізтілеуов. Жаңа заман тарихы.- Алматы, 2000
Ізтілеуов Қ. Жаңа заман тарихының практикумы, Шымкент, 2002.
В.В.Фортунатов. История., СПб, 2012
Хрестоматия по новой истории. Ч. 1-2,М., любое издание.
Сборник документов по истории нового времени . М., 1990.
Негізгі түсініктер: парцельдік шаруашылық, радикалдар партиясы, панама ісі, оппортунизм, рантье
Мақсаты: ХІХ ғ. соныңда ХХ ғ. басындағы Францияның әлеуметтік –экономикалық және саяси дамуын көрсету.
1870-90 жылдың аралығында капиталистік елдердің экономикалық әркелкілігі күшейді. 70-жылдары Франция Англиядан кейінгі екінші орында еді. ХІХ ғасыр аяғында Франция дүниежүзілік өндіріс көлемі жөнінен төртінші орынға ығыстырылды. 1871 жылғы бітім бойынша Германияға Францияның Эльзас және Лотарингияның бір бөлігі берілді. Көлемі 145 мың км кв. Бұрын Франция шетелге көмір шығарса, енді көмірді өзі сатып ала бастады. Францияның солтүстік департаменттерінде өнеркәсіп жақсы дамыды. Тау-кен өндірісі дамыды. Оған түрткі болған нәрсе теміржолдар салу. 1872 жылы 1300 тонна болат өндірілді, ал 1891 жылы 740 мың тоннаға жетті. Өндірісті механикаландыру күшейді. 1852-1900 жылдары аралығында бу двигателімен істейтін өндірістің саны өсті. 1870 жылы Францияның алғашқы концерндері пайда болды. Францияның Сен-Говен бірлестігі 30 химия зауыттарын біріктірді. Металлургия синдикаты. Шнайдер, Крезо дейтін адамдардың металлургия зауыттарында 14 мыңға жуық адам жұмыс істеді. Англия мен АҚШ-тан айырмашылығы Франция әрі аграрлы-индустриялы ел болды. 1880-90 жылдардың өзінде Францияда жеңіл өнеркәсіп басым болды. Францияда өндірістің шоғырлануы артта қалды. Ауыл шаруашылығы экономикада басты роль атқаратын сала болып қала берді. Халықтың 67,6 %-ті деревняда тұрды. 1896 жылы 60,4%-ке азайды. 1880 жылдан бастап ауыл шаруашылығына капитализмнің енуі күшейді. Оған кедергі жасаған нәрсе жер бөліктерінің аздығы. Францияда парцельдік (ұзақ бөлік) шаруашылық көп болды. 1890 жылы 4 млн. 853 мың ұсақ шаруашылықтың әрқайсысында 1-10 га жер болды. ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде аграрлық дағдарыс болды. Европа рыногына Техниканы пайдалана алмай отырды. Осының барлығы Францияның тұрғындарының санының өспеуіне алып келді. 1870-1901 жылдары халық 2 млн. ғана өсті. Осы кезде Германия халқы 15 миллионға өсті.
1875 жылы Конституция қабылдады. Сөйтіп Франция республика болып қалды. Мак Магон Францияның президенті болып сайланды. Францияның билеуші топтары монархиялық тәртіпті қайта орнатамыз деді. 1870 жылы қаңтарда жүргізілген съезде республикашылдар жеңіске жеткен еді. Мак Магон отставкаға шықты, орнына буржуазияшыл-республикашыл Жюль-Греви келді. Бұл басқарған адамдар самарқау буржуазия болатын. Олар келмеді. Оппортунистердің ірі өкілі Гамбетта. Ол елдегі таптық қайшылықты жоққа шығарды. Алайда халықтың талап етуімен реформалар қабылданды. 1880 жылы коммуналарға рақымшылық берді. 14- шілдені «Ұлттық мейрам» деп жариялады. Баспасөз бостандығы жарияланды. Оппортунистердің бұл саясаты оларға қарсы республикашылдардың сол қанат өкілдері тарапынан сынауға ұшырады. Жұмысшылардың бір тобы оларға ерді. Олар радикалдар партиясын құрды. Көсемі Жорж Клемансо болды. Радикалдар: демократиялық реформа жасаймыз, капиталға прогрессивтік салық саламыз, жұмыс күшін қысқартамыз, тұрақты армияны жоямыз, шіркеуді мемлекеттен бөлеміз, президенттің қызметін қысқартып сенатты таратамыз-деді. Осы кезде өкіметтің ішінде дағдарыс болды. Осы жағдайды реттеу үшін оппортунистер мыңдай реформа жасады.
Кәсіподақтарға ашық жұмыс жасауға рұқсат берді.
Мэрді сайлауға рұқсат берді.
Сенаттар тоғыз жылға сайланды. Бұрын өмірлік болатын.
1860 жылы осы қозғалыстар нәтижесінде самарқау республикашылдар және радикалшылдар бірігіп биледі. 1880 жылы буржуазияның беделін түсірген «Буланжизм» және «Панама ісі» деген оқиға болды. «Панама ісі» дегеніміз Панама каналын салу жолында Франция қаржы салып Панама каналын салуды өз қолына алған еді. Құрылысты инженер Лессепс компаниясы басқарды. Оған 1,5 млрд. франк ақша бөлді. Бұл ақшаны Францияның өкімет адамдары мен компания талантаржға салды. Олар оны жабу үшін лотерея жасады. Лотереясы өтпей қалды. Бұл үкімет пен буржуазияның беделін түсірді. 1893 жылы депутаттар палатасына сайлау кезінде Францияның үкіметтік саяси қайраткерллері жеңіліске ұшырады. Франция сыртқы саясатында Піл, Догомея тағы басқа жерлерді өзіне бағындырды. 1890 жылы Франция Қытайды бөлшектеуге араласты. Теңіз сыртындағы Франция жасалды. 1860 жылы Францияның отарының жер көлемі 0,2 млн. болса, 1897 жылы 3,4 млн. шаршы мильге жетті. Сөйтіп Англиядан кейінгі екінші орынға шықты.
Буржуазия жұмысшылардың арасында іріткі салуға тырысты. Францияның жұмысшы қозғалысында да ұсақ буржуазиялық идеология басым болды. Буржуазиялық публицист Барбере ұйым құрды. Олар жұмысшылардың күнделікті тұрмысын жақсарту жолындағы күресінен назарын басқа жаққа аударуға тырысты. Францияда 1879 жылы жұмысшы партиясы құрылды. 1880 жылы бұл партияның бағдарламасын К. Маркс жазып берді. Онда партияның міндеті туралы былай жазылды: капиталистерді экономикалық саяси жағынан экспроприяциялап, өндіріс құралдарын қоғамға қайтару; 8 сағаттық жұмыс күні үшін күресу; 14 жасқа дейінгі балалардың еңбегіне тыйым салу.
Францияның ХХ ғасырдың басындағы экономикасында алға басушылық байқалды. 1908 жылы шойын өндіруде 5,4 мың тонна өндірсе, 1913 жылы 22 мың тонна темір өндірілді. Өндірістің шоғырлану процесі күшейді. Металлургия өндірісі «Комите де Форж» және Шнайдер, Крезо компаниясының қолында болды. Көмір, химия өнеркәсібі, машина жасау Рено, Пежо компаниясының қолында болды. Бір сөзбен айтқанда өндірістің шоғырлануы жүріп жатты. Ал шындығында Францияның басқа мемлекеттермен алыстырғанда экономикасы даму жағынан артта қалды. Францияның экспортында жүн шығару – бірінші, мақта-мата бұйымдарын шығару – екінші, шарап – үшінші, химия – сегізінші, автомобиль шығару оныншы орында тұрды. Әсемдік заттар жасайтын өндіріс орындары бірігеді. 1916 жылғы есепке қарағанда жұмысшылардың 58,1 проценті ұсақ кәсіпорындарда жұмыс жасаған. Ірі өнеркәсіпте 30 проценті жұмыс жасаған. Ауыл шаруашылығында парцельлдік шаруашылық әлі басым болды. Көп шаруалар соған байланысты күйзелді. Өндірістің баяу дамуы жағдайында Францияда кредиттік ақшаның ролі өсті. 1914 жылы Франциядағы 11 млрд. ақшаның 8 миллиарды 5 банктың қолында болды. Банктің шоғырлануы күшейді, олар ақшаны сыртқа қарыз түрінде берді. Бұл елдің ішіндегі экономиканың дамуын тежеді. Рантье тобы көбейді. Бірінші дүниежүзілік соғыстың қарсаңында рантье тобы 2 млн. адамнан асты. Мемлекеттің өзі – рантье мемлекетке айналды. Соған байланысты тұрмыс нашарлады. Францияның халқының саны өспеді. 40 жылдың ішінде халық саны 38-39 миллионнан аспады. Францияның ішкі саясатында, буржуазия-реакциялық сыртқы саясатында – агресиялық саясат жүргізді.
Франция жұмысшыларының жағдайы ауыр болды. Тұтынатын заттардың бағасы өсті. Жұмысшы табының арасына буржуазия іріткі салғысы келді. Ақшаны пайдаланып жұмысшы аристократиясын жасай бастады. ХХ ғ. басында жұмысшылардың ірі-ірі стачкалары жиіледі. Оның себебі француз жұмысшыларынан аз болды. Көтеріліске шығу жөнінен Франция бірінші орын алды. 1905 жылы орыс революциясы туралы хабар француз жұмысшыларының күресін күшейтіп жіберді. «Орыс достары» қоғамы құрылды. Францияның жұмысшы қозғалысына басшылық жасайтын социалистік партиялар құрылды. Француз социалистік партиясының мүшелері былай деді: «Жұмысшылардың жағдайын жақсарту үшін социалистер қоғамның құрамын кіріп, Министрлік кабинет құру керек» деді.
ХІХ ғ. соныңда ХХ ғ. басындағы Германия.
Лекция жоспары:
1. Германияны біріктірудің аяқталуы. Мемлекеттік қүрылымы.
2. Германия империясының әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы.
3. Германия империясының сыртқы саясаты.
Әдебиеттер:
Германская история в новое и новейшее время. М., 1972.
Новая история стран Европы и Америки. /Под ред. Кривогуза, Юровской, М., 1999.
Практикум по новой истории (1640 - 1870). М., 1973.
Қ.Ізтілеуов. Жаңа заман тарихы.- Алматы, 2000
Ізтілеуов Қ. Жаңа заман тарихының практикумы, Шымкент, 2002.
В.В.Фортунатов. История., СПб, 2012
Хрестоматия по новой истории. Ч. 1-2, М., любое издание.
Сборник документов по истории нового времени . М., 1990.
Негізгі түсініктер: юнкерлік жол, монополия, консервативтік партия, картель, синдикат, рейхстаг, кайзер, ландтаг, бундесрат, бундестаг.
Мақсаты: ХІХ ғ. соныңда ХХ ғ. басындағы Германияның әлеуметтік –экономикалық және саяси дамуын көрсету.
1. Германияны біріктірудің аяқталуы. Мемлекеттік қүрылымы.
Германия 1871 жылы 18-қаңтарда Версаль айналы залында бірінші император етіп Вильгельмді жариялады. Ол пруссия королі болатын. Франко-Прусс соғысы Франкфурт бітімімен аяқталған болатын. Вильгелм әрі Пруссияның королі болды. Германияның Франциямен жасаған бітімі бойынша Германияның буржуазиясы және юнкерлері байыды. Франция 5 млрд. франк төледі. Контрибуция Германияның индустриясының дамуына ықпал жасады. Бірінші дүниежүзілік соғысты болашақта тудыратын Француз-Герман қайшьшығы пайда бодды.
Германияның бірігуі прогрессивті болды. Бұл біріншіден Германияның экономикалық тұтастығын қалыптастырды. Ішкі шекаралық кедергілер жойылды. Неміс ұлтының қалыптасуы аяқталды. Бұл бірігу реакциялық сипатта жүзеге асты. Германияның бірігуі юнкерлік жолмен жүзеге асты. Германияда Пруссияның нағыз реакцияшыл топтары күшейді. Империя құрылды. Ол үшін 1871 жылы Германия империясының конституциясы қабылданды. Бұл Германияның біріккендігін бекітті. Конституция бойынша елді федеративтік сипатта біріктірді. Конституция Пруссияның үстемдігін заңдандырды. Конституция бойынша тек Пруссияның королі император болды. Бұл жағдай Герман империясын бюрократиялық құрастырылған полиция қырағылығындағы әскери депотизмге айналдырды. Германия империясының құрамына 22 монархиялық қалалар кірді. Олардың ішінде 6 ұлы герцогтық, 3 еркін кала бар. Эльзас пен Лотарингияны императордың наместнигі басқарды.
Германия империясының мемлекеттері өз монархтарын сақтады. Өздерінің конституцияларын сақтады. Бірақ олардың билігіне негізгі басты мәселе қалдырған жоқ. Негізгі империялық мәселелер: сауда, монеттік жүйе, соғыс, қару-жарақ тағы басқа мәселелер империялық үкіметтің қолында болды. Германия империясының басшысы император балды. Император міндетті түрде Пруссияның королі болуға тиісті. Ол канцлерді сайлайды. Конституция бойынша заң шығару функциясы түрғындар 5 жылға сайлайтын рейхстатқа берілді. Мемлекеттік занды Одақтар советі бекітті. Одақ советінің төрағасы империяның канцлері. 1871 жылы қабылданған бұл империялық конституция қалыптастырған Германиядағы мемлекеттік құрылыс полицейлік бюрократиялық прустік юнкерлік реакцияның үстемдігін бүкіл Германияға орнатты. Бұл конституция бойынша Европа елдеріндегі сияқты неміс буржуазиясы үкімет басында тұрған жоқ. Олар негізінен юнкерлердің қолында болды. Себебі юнкерлерде капиталистік даму жолына түсіп жатыр. Германияның империясы әлсіз. Буржуазия капиталистік даму жолындағы юнкерлердің соңында жүрді. Буржуазияға күш керек. Оны юнкерлер жүзеге асыра алатын еді. Буржуазия керек нәрселерді юнкер олигархиясы жүзеге асыра алатын еді. Әрине Германияның юнкерлері мен буржуазиясының экономикалық қайшылықтары көп болды. Ол қайшылықтар көп партиялық системаның жасалуынан көрінді. Партия белгілі бір әлеуметтік таптың мүддесін қорғады. Конституция барысында жасалған блок мықты болған жоқ. Отто фон Бисмарк Германиядағы ішкі саясатты юнкерлер мен буржуазия арасында амалдап жүргізді. Консерваторлар партиясы болды. Олар екіге бөлінді: а) ескі консерваторлар, ө) империялык консерва торлар. Империялық консерваторлар негізі өнер кәсіптілер. Олар еркін дамуды қолдайтын консерваторлар. Екінші топ: ұлттық либералдық партия. Бұлар ірі өнеркәсіпшілердің партиясы түрінде құрылды. Үшінші топ: солшыл либералдьщ партия — бұл орта және ұсақ қала буржуазиясының мақсатын қолдады. Төртінші — кaтоликтік, бұл әлеуметтік жағынан алғанда орта және ұсақ шаруалардың мүддесін қолдаған партия. Бұлар мемлекеттердің ("Земли") құқығын кеңейту үшін, мектептерді шіркеудің билігіне беру үшін күресті. Бесінші — социал-демократиялықпартия— жұмысшылар партиясы болды.
2. Германия империясының әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы.
XIX ғасырдың 70-жылдарында фабрика-зауттық өндіріс Германияның бүкіл жерінде жұмыс жасады. 1890 жылы өнеркәсіп төнкерісі аяқталды. Соңғы он жындың ішінде елде өнеркәсіп төңкерісі индустрияландыру процесімен қатар жүрді. Германия Англия, Франциямен бәсекелесіп оларды басып озды. XIX ғасырдың аяғында көмір өндіру жөнінен екінші орынға жетті. Өндірістің жаңа салалары пайда болды. Германияда өндірілетін химиялық бояуларды дүние жүзі сатып алды. 1890 жылдан бастап көмір өндіретін бірлестік Германияда өндірілетін өнімнің 80 процентін өндірді. 1887 жылы Германияда 70 картель бодды. Ал 1900 жылы 300 картель жұмыс жасады. Германияда банкілердің шоғырлану процесі тез жүрді. Елде 6 банк болды. Олар өндіріске капитал салды. XIX ғасырдың аяғында Германияның сыртқа шығарған капиталы 15 миллиард марка болды. Ірі банк иелері пайда болды. Германияның бұл сияқгы тез экономикалық даму себебі Германия басқа елдерге қарағанда өнеркәсіп төнкерісіне уақыт жіберген жоқ. Германияның Рур, Саар деген аудаңдары көмірге бай еді. Лотарингия темірге бай болатын. Германияның экономиялық дамығаны соншалықты Германияның милитаризмі соғыска дайындалды. Ірі өнеркәсіпшілер үшін ішкі рынок пайда болды. Теңіз флоты кеңейтідді. 1871-95 жылдар аралығында 16 млрд. марка ақша теңіз флотына бөлінді. 1880-1900 жылдары өндірістік өнім Англияда — 49 процент, Германияда — 163 процент өскен. Германияда ірі жер иелері юнкерлер сақтадды. Граф Арнимдер 71 мың гектар, князь Бисмарктер 26 мың гектар жерлерді иеленді. 1871 жылы ақша реформасы жасалды. "Земли" ақшалары жойылып империялық ақша енгізілді. Пруссия банкісі империялық банкіге айналды. 1872 жылы қылмыстық кодекс енгізілді. 1874 жылы почта, телеграф катынасы енгізілді. 1874 жылы баспасөз туралы заң қабылданды. Елдегі реформаларға жоғарыда айтқан консервативтік партиялар қарсы шықты. Олар буржуазия күшейіп кетеді деп қорықгы.
ХІХ ғ. соныңда ХХ ғ.басындағы АҚШ.
Лекция жоспары:
1.АҚШ-тың экономикалық даму ерекшеліктері.
2.Ауыл шаруашылығында капитализмнің дамуының “американдық” жолы.
3.АҚШ-тың сыртқы саясаты.
Әдебиеттер:
А.Зубок. Очерки истории США.М., 1956
Новая история стран Европы и Америки. /Под ред. Кривогуза, Юровской, М., 1999.
Практикум по новой истории (1640 - 1870). М., 1973.
Қ.Ізтілеуов. Жаңа заман тарихы.- Алматы, 2000
Ізтілеуов Қ. Жаңа заман тарихының практикумы, Шымкент, 2002.
В.В.Фортунатов. История., СПб, 2012.
Негізгі түсініктер: фермерлік шаруашылық, республикалық партия, демократиялық партия, Монро доктринасы, анархосиндикализм, “ашық есік ” саясаты, штрейкбрехерлер.
Мақсаты: ХІХ ғ. соныңда ХХ ғ. басындағы АҚШ-тың әлеуметтік –экономикалық және саяси дамуын көрсету.
1.АҚШ-тың экономикалық даму ерекшеліктері.
Еуропалықтар, ең алдымен ағылшындар ұзақ уақыт бойы АҚШ-қа тарихи парадокс түрінде қарады: өйткені еуропалық державалар тіпті дүние жаратылғаннан сәл кешірек уақыттан бері өмір сүріп келеді, ал АҚШ жоқ жерден аяқ асты пайда бола салды. Сондықтанда, ХІХ ғ. соңғы үшінші бөлігіндегі АҚШ-тық өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы экономикалық ілгерілеулері Еуропаны жәй ғана таңқалдырған жоқ, тіпті төбесінен жай түсірді деуге болады.
Болатты балқыту 1860 жылы 0,8 млн. тоннаны құраса, 1903 жылы 20,2 млн. тоннаға жетті, яғни 43 жыл ішінде 25 есеге артты. Өндірістің басқа салаларында да көрсеткіштер өсті, атап айтсақ, құрыш балқыту мен көмір қазу өндірістері. Жалпы дағдарысқа қарамастан, өндірістің жалпы деңгейі қалпына келіп қана қоймай, жоғары көрсеткіштерге жетті.
АҚШ құрамына кірген алып аумақтарда ХІХ ғ. бірінші жартысында қатынас жолдары мүлдем жоқ болатын. Бұл мәселе аз уақыт ішінде шешілді. ХІХ ғ. аяғында батыс аудандарын елдің ескі облыстары мен Атлант жағалауымен байланыстыратын трансконтинентальдық темір жолдар салынды. 1893 жылы елдегі темір жолдардың жалпы ұзындығы – 176,5 мың миль, ал 1914 жылы 263,5 мың мильге жетті.
АҚШ автомобиль құрастырудың отанына айналды. 1892 жылы танымал кәсіпкер Генри Форд (1863 – 1947) Г.Даймлер мен К.Бенц атты неміс инженерлерінің еңбегін жетілдіре отырып, өзінің бірінші автомобилін құрастырды. Ал 1900 жылдары оны көптеп шығара бастады. Бастапқыда зауыт жылына 4 мың автомобиль шығарды. 1915 жылдары Фордтың Детройттағы зауыттарының конвейрлерінен жылына 250 мыңға жуық автомобиль жасалынып шығарылды. Форд автомобильдерінің бағасы төмендеп отырды, осы себепті халықтың көбінің оны сатып алуға шамасы жете бастады. Автомобиль өндірісімен қатар, тас төселген жолдарды салу артты. 1914 жылы оның жалпы ұзындығы 247,5 мильге жетті. Елдегі темір және тас жолдары желісінің дамуы АҚШ-тың ішкі нарығының өсуіне ғана емес, елдің саяси ағзаға тұтасуына себеп болды. Бұл ертеректе бөлшектеліп қалған ескі аудандар үшін тиімді болды.
ХІХ ғ. үшінші жартысында АҚШ-тағы өнеркәсіптің өркендеуі тұрғындардың жағдайын жақсартып, жұмысшылардың қатарын көбейтті: 1870 жылы – 3,8 млн., 1900 жылы – 9,4 млн., 1910 жылы 17 млн. – ға жетті. Америкалық өндірістің айқындамасына байланысты Маркс пен Энгельс және олардың ізбасарлары үміт артқан фабрика-зауыттық пролетариат болды. Америкалық жұмысшылардың жағдайы басқа еуропалық елдермен салыстырғанда әлдеқайда жақсы болды. ХІХ ғ. соңына қарай американдық жұмысшылардың орташа табысы жылына 700 долларды (ең төменгі күнкөріс деңгейі – 150-160 доллар болғанда) құрады. 1870-1880 жж. АҚШ-та екі қуатты кәсіподақ – еңбек Рыцарының ордені (ЕРТ) және Америкалық еңбек федерациясы (АЕФ) пайда болды. Осы себепті әуел бастан, радикалдарды жұмысшыларды АҚШ-қа қарсы күреске тарту жоспары жүзеге аспады.
Дегенмен, мұндай әрекеттер аздап та болса кездесіп тұрды. Радикалдар америкалықтардың сауда, банк ісі, өнеркәсіп және құрылыс арқылы өмір баспалдақтарымен көтерілуін өз үгіт-насихаттарында тиімді пайдаланды. Бұл жағдайдың баламасы Ресейде 1990 жылдардың басында көрініс тапты. Сондықтанда, аз ғана уақытта байыған адамдардың көбі маңдай терімен ақша тапқан еңбеккерлер емес, алаяқ, алыпсатарлар болып жатса – сендер оған таңданбайсыңдар. Мұндай жағдайда жолы болмағандар дәл өздері тонауға түсіп жатқандай сезініп, «бәрі де әділетті бөлінуі тиіс» дегендей ұрандарға қуана қосылды.
1880 жылдары ЕРТ мен АЕФ басқаруымен сегіз сағаттық жұмыс күнін талап еткен жұмысшылар қозғалысы болып өтті. Чикаголық жұмысшылар 1886 жылы 1-мамырда осы ұранмен көтеріліс ұйымдастырмақшы болды. Бұл қақтығыстан қашу мақсатында кәсіпкерлер жұмыс күнін сегіз сағатқа қысқартатындықтарын жариялады. Осыған байланысты ЕРТ жетекшісі Т.Паудерли жұмысшыларды көтерілістен бас тартуға шақырды. Бірақ А.Парсонс басқарған социал-радикалдар жұмысшыларды көтеріліске айдап салды.
Нәтижесінде, 1-мамырда 40 мыңға жуық чикаголық жұмысшы (ел бойынша 300 мың) жұмысқа шықпай қойды. Осыдан кейін кәсіпкерлердің көбі жұмыс күнін қысқартты. Дегенмен радикалдар Чикагода тәртіпсіздіктер ұйымдастыра алды. Кейбір мекемелерде көтерілісшілер штрейбрехерлерге шабуыл жасап, сол себепті полиция шақырылып, осы қақтығыстарда (3-мамырда) алты адам қаза тапты.
Штрейкбрехерлер – неміс тілінен тура аударғанда «бас көтерулерді қиратушылар» дегенді білдіреді. Қожайындар бас көтерушілердің жұмыс орнын алмастыру үшін жұмыссыздар және басқа өндіріс орындарының жұмысшылары есебінен уақытша жұмысқа таратқан адамдарды осылай атаған.
Келесі күні, 4-мамырда Парсонстың басқаруымен Чикаго орталығында митинг ұйымдастырылды. Парсонстың үгіт-насихаттарынан кейін жұмысшылардың біреуі полицияларға бомба тастап, 11 адам қаза тапты. Тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар ұсталып, 1887 жылы қарашада сот шешімімен өлім жазасына кесілді. Өнеркәсіпте жұмыс күні қысқартылды. Кәсіподақ көтерілістерді айналып өтіп, ол қолдан келмеген жағдайда кәсіпкерлермен келісім тауып жатты. Радикалдардың насихаты бұрынғы қарқынынан айырылды.
АҚШ-тың сыртқы саясаты.
АҚШ-тың сыртқы саясатында бұрынғысынша «Монро доктринасын» басшылыққа алынды. Олар еуропалық қақтығыстардан алшақ болуға және америкалық істерге ешкімді араластырмауға тырысты.
Дегенмен АҚШ экономикасының жылдам дамуы әлемдік нарыққа кеңінен шығуды талап етті. ХІХ ғ. ортасында АҚШ сауда қатынастарымен Қиыр Шығысқа ене бастады. Американдықтар еуропалық державалардың Жапония (1863 ж.) мен Қытай (1900 ж.) интервенциясына белсенді қатысты. Ол елдердің үкіметтерінен қомақты саудалық мүмкіндіктерді ала алды. Бұл еуропалықтар мен американдықтар американың «өз» істеріне араласуына наразылық танытты.
АҚШ тәуелсіздігін алғаннан кейін және «Монро доктринасын» қабылдағаннан кейін идеологиясын мықтап бекітті. Жалпылай оны изоляционизм (оқшаулану) деп атайды. Ол «Монро доктринасына» өте ұқсас болды. Белгілі бір дәрежеде бұл ұстанымдар сауда-өнеркәсіптік орталарды бөлді деуге болады. Сыртқы экономикалық жағдайларда қауіп-қатерлердің пайда болуы мүмкін еді. АҚШ әскерлері мен флоты ХІХ ғ. екінші жартысының өзінде еуропалық «орталықтың» алдыңғы қатарлы державаларының қарулы күштерімен сайысқа түсе алмады. Осыған байланысты американдық саудагерлер мен кәсіпкерлер Англия, Германия, Франция секілді алып мемлекеттермен тіпті кішігірім қақтығысты да қаламады.
Бұл американлық қаржы капиталының шетелде бөлінуіне де әсер етті. 1900 жылы АҚШ инвестициясы Канада 150 млн. долларды, Мексикада – 185 млн., Кубада – 50 млн., Латын Америкасының басқа елдерінде – 45 млн., ал Еуропаның барлық елдерінде тек 10 млн. долларды құрады.
Бұл оқшауланушылық күйдің басқа жағы да болды. АҚШ еуропалық істерден өзін барынша аулақ ұстағанымен олардың Латын Америкасындағы ұстанымдарын күшейтуіне де жол бермеді. Бұл АҚШ-тың бастамасымен Вашингтонда өткен Америкааралық конференция барысында анық айқындалды. Олардың алғашқыларының бірінде-ақ (1889-1890) АҚШ Англияның Латын Америкасындағы ұстанымын әлсіретуге тырысты. Дегенмен ағылшындар бұл аумақтардағы сауда-өнеркәсіптік мүдделерін қорғап қалды. Басқаша айтқанда олар Американың америкааралық кедендік одақ құру идеясына кедергі жасады. Әйтсе де Америка Латын Америкасының нарығында айтарлықтай маңызды орынды иеленеді.
ХІХ ғ. соңында АҚШ саясаты белсенділігімен көзге түсе бастады. Оның Қытай мен Жапонияға ықпалы артты. 1893 жылы АҚШ Гавайда мемлекеттік төңкеріс жасап, жергілікті ханшайымды орнынан алып тастағаннан кейін, олардың үкіметтерімен келісіп, аралды өзінің иелігі етті. Гавай аралдарының маңыздылығы артқаны соншалықты, бұл жағдай АҚШ-тың Қиыр Шығыс пен Тынық мұхиты бассейндеріндегі ықпалын күшейтті.
Дегенмен АҚШ-тың сыртқы саясатының белсенділігі «шеткері» аумақтарды еуропалық державалар өзара бөлісіп үлгерген кезеңмен тұспа-тұс келді. Гавай аралдарын басып алу американдық ықпал ету аймағын бейбіт жолмен кеңейтудің соңғы мүмкіндігі болды.
Ендігі кезектегі қадамдар сөз жоқ қақтығыстарға себепші болар еді. Америкаға қолындағы барға қанағат етуі немесе қақтығыстарға килігуі керек болды.
АҚШ екінші жолды таңдады, бұл 1898 жылы Испаниямен соғысқа әкелді. Испания мен Америка арасындағы соғыс одақтар мен блоктардың қақтығыстарын бастау болып, оның арты 1914 жылы бірінші дүниежүзілік соғысқа ұласты. АҚШ соғысқа «орталықтың» индустриалды державалары ішіндегі көшбасшылық мәртебесін сақтай оты
ХІХ ғ. соныңда ХХ ғ.басындағы Австро - Венгрия, Италия.
Лекция жоспары:
1.Мемлекеттік қүрылымы.
2.Әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы.
3.Сыртқы саясаты.
Негізгі түсініктер: магнаттар, рейхстрат, ценз, дуализм, курия, антисемитизм, пангерманизм, сейм, исполщина.
Мақсаты: ХІХ ғ. соныңда ХХ ғ. басындағы Австро-Венгрия мемлекетінің әлеуметтік –экономикалық және саяси дамуын көрсету.
Австрия империясы – Габсбургтар монархиясы көп ұлтты, «құрақ» мемлекет болды. Оның 34 миллионнан астам халқының тең жартысынан көбі словяндар (чехтар, словактар, поляктар, хорваттар, сертер, украйындықтар) болатын. Венгрлер(мадьярлар) 5 миллионға жуық деп саналған, итальяндар жуық деп валахтар да сол шамалас болған.
Букіл империяда көптеген феодалдық тәртіп сақталды, ал Австрия мен Чехияда капиталистік өнернәсіп дамыды, бұларда жұмысшылар, қолөнершілер көп болды. Өнеркәсібәі жағынан Чехия империялық ең алдыңғы қатарлы бөлігінен орын алады. Бірақ орта, ұсақ чех буржуазиясын авсриялық ірі капиталистерге тәуелді болды.
Авсриялық чиновниктер итальян провинцияларының түрғын халықтарына аяусыз қысым жосады.
Австрия империясының ерекше белгісі- феодалдық және капиталистік езгіні ұлттық езгімен қатар жүргізу.Халық біқарасының көпшілгін шаруалар еді. Оларды бас бостандығы бар ерікті адамдар деп санады, бірақ қай жерде болса да помещиктерге тәуелді болды, олардың пайдасына міндеткерліктерін өтеді, оброк төледі.
1870 жылдан бастап Австро-Венгрияда капиталистік қатынастар дамыды.
Италия 1870 ж. бірікті. Біріккен мемлекетте конституциялық монархия қалыптасты. Конституция бойынша король заңды билікті парламентпен бөлісті. Сайланып қойылатын екі палата: жоғарғы –сенат және төменгі –депутаттар палатасы болды. Сенаторлар өмір бойына тағайындалды. Сайлау құқығы тек жасы 25 –тен асқан ер адамдарға берілді. Атқарушы билік толығымен монархтың қолында болды.
Бірігу нәтижесінде елдің тұтастығы қамтамасыз етілді. Ішкі рынок қалыптасты. Буржуазиялық мемлекет ортағасырлық қалдықтарын иемденді. Италия аграрлы мемлекет болды, халқының ¾ бөлігі ауылда тұрды. Ішкі рынок өте тар болды. Италия “жас капитализм” тобындағы елдер қатарына жатты. Бірқатар себептермен: яғни елдегі феодализмнің сарқыншақтары-ірі жер иелену және шараулардың аз жер үлесі, фабрикалық өнімдерді сатып алуға мүмкіндік бермейтін шаруалардың кедейшілігі, өнеркәсіп буржуазиясы қатарының аздығымен, италиялық тауарлардың бәсекелестікке қабілетсіздігімен, саяси тұрақсыздықпен түсіндірілетін ел экономикасы баяу дамыды.
Ауыл шаруашылығының дамуы әрқилы болды. Шаруалардың жерден айырылуы оларды батрактарға немесе жалға алушыларға айналдырып толық күйзеліске ұшыратты.
1896-1914 жж. капиталистік әлемнің қүдіретті экономикалық өрлеуі жағдайында талиялық өнеркәсіптің тиянақты қозғалыстары ілгерілей бастады. ХХ ғасырдың басында қаржы олигархиясының дүниеге келуіне, банк капиталының өнеркәсіппен араласуына мүмкіндік тудырған ірі корпорациялардың құрылу үрдісі жүреді.
І дүниежүзілік соғыс.
Лекция жоспары:
1.І дүниежүзілік соғыстың шығу себептері.
2.Соғыстың қимылдары.
3.Соғыстың нәтижелері мен салдары.
Негізгі түсініктер: Антанта, Үштік одақ, аннексия
Мақсаты: І дүниежүзілік соғыстың шығу себептері, соғыстың қимылдары, соғыстың нәтижелері мен салдары көрсету.
1. І дүниежүзілік соғыстың шығу себептері.
Наполеондық соғыстардың аяқталғанына жүз жылдан астам уақыт өтті. Вена конгресі күштердің ара салмағын ұстап тұру арқылы Еуропада тұрақтылықты сақтамақшы болды. Дегенмен Еуропаның бас державалары арасындағы қақтығыстар аяқталмай, Вена конгресінің шешімдері болашақтың жоспарлары ретінде кейінге қалдырылды.
Жаңа еуропалық қақтығыстардың әсерінен қайшылықтар шиеленісе түсті. Бұл әсіресе, Қырым соғысында, кейіннен франк-пруссиялық және орыс-түрік (1877-1878 жж.) соғыстарынан айқын көрінді. Осы соғыстардың ешқайсысы Вена конгресі ұсынған тұрақтылыққа жете алмады. Соғыс аяқталғаннан кейін жеңіске жетушілер де, жеңіліс табушылар да наразылы күйінде қалды.
Француздар мен пруссиялықтар арасындағы соғыста француздардың жеңіліс табуына байланысты Францияда өте ауыр жағдай қалыптасты. Ал ұлттық қайта өрлеуді басынан кешірген біріккен Германияның жағдайы жақсара берді. Жас Германия көпшіліктің қолдануымен бөлшектелген кезіндегі жіберіп алғандарын қайтарғысы келіп, бас державаларды тығырыққа тіремекші болды. Бірақ Германия қанша тырысса да мұны бейбіт жолмен жүзеге асыра алмады. Әскери жолды пайдалануды анағұрлым оңай көрінді. Австро-Венгриямен одақтасқаннан кейін Германияның мақсатына жету үміті арта түсті.
1914 жылы Антанта деп рәсімделген лагерь де соғысқа дайындалуда болды. Ресей, Англия және Францияның мақсаты Германияға күштер ара салмағын өз пайдасына өзгеру мүмкіндігін бермеу болды. Болашақ соғыс арқылы олар Германия мен оның одақтастарының алдыңғы беделін арттырып, отарлар мен тұрмыс нарығын қайта бөліске салмақшы болды.
Пайда болып жатқан қайшылықтар Еуропаны бірнеше рет соғыс шегіне әкелді. 1911 жылы жазда «Пантера секірісінен» кейін бірлескен Англия мен Франция Германияға Марокко үшін соғыс ашу мүмкіндігін бермеді. Бірақ үш жылдан кейін Балқанда пайда болған қақтығыстарды жою мүмкін болмай қалды.
1914 жылы 28 маусымда «Қара қол» деп аталатын ұлттық-террористік ұйымдағы серб студеті Гаврило Принцип Австрия тағының мұрагері эрцгерцог Франц-Фердинанд пен оның әйелін атып өлтірді. Бұл оқиға босниялық қала Сараевода болды. Босния осы кезде Австро-Венгрия құрамында болатын, ал серб ұлтшылдары босниялық аумақтардың біразын және Сараевоны өздерінің жері санады. Эрцгерцогты өлтіру арқылы сербтер өз талаптарын қайта ұсынуға тырысты.
Нәтижесінде Австро-Венгрия мен Германия Сербияны талқандап, Балқанға орнығу мүмкіндігіне жетті. Ендігі сұрақ Сербияны қолданушы Ресейдің оған көмектесу-көмектеспеуі болатын. Бірақ осы кезде Ресейде әскерді қайта құру жүріп жатты, бұл үрдіс тек 1917 жылы ғана аяқталды. Сол себепті Вена мен Берлин Ресейдің соғысқа килікпейтіндігіне үміттенді. Сонда да Германия мен Австро-Венгрия бір ай бойы өз әрекеттерін жоспарлады. 23 шілдеде Австро-Венгрия Сербияға австриялықтарға қарсылық көрсетуді тоқтату жайында бірқатар талаптар мен шарт қойды. Оның жауабын екі тәулік күтетін болды.
Ресей өзінің одақтасы сербтерге ультиматумды қабылдау жөнінде кеңес берді. Қойылған он талаптың тоғызына келесіп, эргерцогтың өлімін талқылау үшін австриялық өкілдерді Сербияға өткізуден бас тартты. Бірақ Австро-Венгрия Германияның қолдануымен сербтер ультиматумды қабылдаған күнде де соғыс ашуға дайын болды. 28 шілдеде ол сербтерге қарсы соғыс жариялап, Белград қаласына оқ жаудырды.
Келесі күні ІІ Николай соғысқа жиналу жайлы жарғыға қол қойған сәтте ІІ Вильгельмнен хат алды. Онда ІІ Вильгельм австриялықтарды байыпты жолмен сабасына түсіретіндігін айтты. Николай жарғысын жоққа шығарғанымен, шетел істерінің министрі С.Д.Сазонов 30 шілдеде оны соғысты бастауға қайта көндіре алды.
Бұған жауап ретінде Германия да өз әскерін жинауды бастап, Ресейден 12 сағат ішінде әскери жасақтарын таратуды талап етті. Ресей оған көнбегендіктен, Германия 1 тамызда соғыс ашты. Бейтараптылыққа уәде берген француздар күтпеген жерден уәдесін бұзып, ресеймен жасалған келісімі бойынша әскерін жасақтай бастады. Енді Германия 3 тамызда Франция мен Бельгияға қарсы соғыс жариялады. Келесі күні Англия Германияға қарсы соғыс ашты. Осылайша Сараеводағы өлім дүниежүзілік соғысқа әкелді. Бұл соғысқа Антанта жақтағы 34 мемлекет және төрттік одақ (Германия, Австро-Венгрия, Түркия мен Болгария) қатысты.
Соғыс басталғанға дейін Германияда болашақ әскери әрекеттерінің стратериялық жоспары болды. Оны бас штабтың басшысы Шлифен ұсынған болатын. Францияға бейтарап Бельгия арқылы соққы берілмек болды. Бұл неміс әскерлеріне француз қорғаныс күштерін айналып өтіп, сыртынан соққы беруге мүмкіндік берді. Француздар бұл жоспардан хабардар болмаса да еш қарсылық көрсете алмады.
2.Соғыстың қимылдары.
Он күн ішінде неміс әскерлері Бельгияның қарсылығын басып, Франция аумағына өтті. Француздар кейін шегініп, немістер Парижді алуға таяды. 3 қыркүйекте президент Пуанкаре мен Франция үкіметі ел астанасынан Бордоға көшті. Бұл француздар мен немістердің есіне франк-пруссиялық соғысты түсірді.
Бірақ бұл жолы тарих басқаша шешті. 4-5 қыркүйекте француз және ағылшын экспедициялық әскерлері Марне өзенінің түбінде кезігіп, немістер төрт күннің ішінде шегіне бастады. Оған не себеп болды? Ресей Шығыс Пруссияны шабуылдап, немістер бірталай дивизияларын «Шлифен жоспарларын» жүзеге асыру мақсатында сонда аттандырды. Ресейде әскерді жасақтау аяқталмастан француздар көмек сұрап, орыстардың аталған шабуылы осылайша бір демде басталып кетті. Алайда шабуыл зор шығындарға ұрындырып, немістер генералдар Рененкампф пен Самсонов басқарған орыс әскерлерін қыркүйектің ортасына таман талқандады.
Бірақ Франция құтқарылды. Көптеген тарихшылардың ойынша, Марнедегі ұрыстар (3-10 қыркүйек) төрт жыл бойына созылған соғыстың барысын айқындады. Мамандардың айтуы бойынша Германия Францияны жылдам жеңіп, оны соғыстан шығарғанда ғана сәттілікке жетіп, Англия бас одақтасынан айырылып, бейбіт келісімге келер еді.
Дегенмен немістер жарқылдаған соғыс көрсете алмады. Енді Германияның ресурстары (Антантадан кем, оның ішінде Англиядан) жетпейтін ұзақ соғыс басталады. Қуатты британиялық сауда флотының көлемі соғыс басында – 20,3 мың, француздарда – 1,9 мың, ал Германияны отарлары мен нарығынан, яғни өнеркәсіп пен шикізаттан ажыратты Антанта елдеріне қарағанда әлдеқайда аз болды.
Сонымен қатар, соғыс басында-ақ Германияның алдында бірқатар күтпеген жағдайлар тұрды. Италия королі ІІІ Виктор Эммануил ІІ Вильгельмге Үштік одақ жайлы келісімге сай өзінің соғысқа қатысуға міндетті еместігін айтты. Өйткені Үштік Одақ келісімі негізінде Германия мен Авсро-Венгрия шабуылға ұшырамады, өздері соғыс ашты. Нәтижесінде Италия бейтараптылығын жариялап, бірақ қайсысы «қомақты марапат» жасаса, сол жаққа шығатындығын айтты. «Марапат» дегендері Австро-Венгрия облысының құрамына кіретін итальяндық тұрғындары бар Триест болатын. Антанта Италияға австриялық аумақтарды беруге уәде берді. Ал Германия оларға Корсика аралы мен француз жерлерінің бір бөлігін беретіндігін айтты. Италия жарты жылдан астам уақыт ойланып, ақыры Антанта жаққа шықты.
Немістер үшін келесі күтпеген жағдай Жапония тарапынан болды. 15 тамызда жапондықтар Қытайдағы кішігірім германдық аумақ – Киао-Чаодан неміс гарнизонын алып кетуін талап етті. Немістер бұған көнбегендіктен жапондықтар 23 тамызда Германияға қарсы соғыс жариялады. Жапондықтар немістерге тиесілі Тынық мұхит аралдары мен Қытайдағы несімтердің иеліктерін жылдам жаулап алды. Осымен олардың соғысқа қатысы шектелді, бірақ Жапония бұдан кейін қарсыластықтан одақтастыққа айналып, Ресейдің қару-жарақпен қамтамасыз етіп тұрды.
Шығыс Пруссияда сәтсіздікке ұшыраған Ресей бір мезгілде австриялық майданға соққы берді. Галиций ұрыстары (1914 ж. қыркүйек) барысында орыс әскерлері австриялықтарды Қарпатқа ығыстырып, Шығыс Галицияның бірталай ірі қалалары мен бекіністерін басып алды. Одақтастарына көмектеспек болған немістер Варшава түбінде, кейіннен Лодзиде талқандалды. Галициядағы соғыста Австро-Венгрия 400 мың әскерінен айырылып, оның төрттен бірі орыстарға тұтқынға өтті.
Түркия соғыстың алғашқы күндері-ақ Германиямен келісімге отырды. Ол бірмезгілде өз бейтараптылығы үшін Ресейден Балқандағы аумақтарын сұрамақшы болды. Бірақ Ресей мұндай саудаласудан бас тартты, ал 10 тамызда Дарданеллаға неміс крейсерлері «Гебен» мен «Бреслау» келді. Бұл Қара теңіздегі жағдайды немістер мен түріктердің пайдасына шешті. Қазан айының соңында неміс крейсерлері мен бірнеше түрік кемелері Ресейдің қаратеңіздік жағалауларына, Севастополь, Одесса және Новоросийскіге оқ жаудырды. осыдан кейін Ресей, соңынан Англия мен Франция Түркияға қарсы соғыс жариялады. Соғыс барысында орыс әскерлері түріктерді Закавказье майданынан ығыстырды. Ал Стамбұлды теңіз жақтан жауламақшы болған француз-ағылшын флотының әрекеттері сәтсіздікке ұшырады (1915 ж. ақпан-наурыз).
Австро-сербиялық майданда жағдай ауыспалы болды. Австриялық әскерлер екі рет ербияның астанасы Белградты алып, сербтер оларды екі рет ығыстырды. 1914 ж. желтоқсанда сербтер австриялықтарды өз аумақтарына дейін қуып, бір жылдай тыныштық орнады.
Германия мен оның қарсыластары соғыстың әр күні мен сағаты елдің ресурстарын жеп жатқанын түсінді. 1915 ж. көктемде ол соғыстың басында атыс аймақта орындай алмаған стратегиялық жоспарларын Шығыс майданында жүзеге асырмақшы болды. Бұл жағдайда немістер Францияны соғыстан шығара алмаушы еді. Барлық күштерді Батыс майданға аудару үшін енді бұл жоспарды Ресей орындамақшы болды. Немістер Батыс және Шығыс Галицияға соққы беретін күштерін жинап, 2 мамырда Галицианы белсенді шабуылдай бастады. Орыс әскерлері шегіне бастады. Ресей әскерінің жағдайы нашарлай берді. Оған дайындықтың жетіспеушілігі, қару-жарақпен қамтамасыз етілмеуі және экономикасына түскен ауыртпалықтар себеп болды.
1915 ж. жаз кезінде орыс әскері күшті қорғаныс соғыстарының нәтижесінде Галицияны, Варшаваны, Вильно (Вильнюс), Гродноны және басқа да ірі қалалар мен бекіністерді тастап шықты. Әскери әрекеттер Ресейдің аумағына ығысты.
Бұл жағдайды пайдаланғысы келген ІІ Вильгельм сепараттік әлемді (яғни, одақтастардың қатысуынсыз) құруға ұсыныс жасады, бірақ оның жауабын сол бойы алған жоқ. Кейіннен немістердің бұл ұсынысын Англия мен Францияға бірнеше рет қайталады. Бірақ одан еш нәтиже шықпады. Сондай-ақ Германияның ең соңғы күштерін пайдаланып жатқандығы барлығына белгілі болды. Жеңіс Антанта жағында қалатыны белгілі болды.
Сонымен қатар, Антанта лагері үнемі жаңа одақтастарымен толығып отырды. 1915 ж. 23 мамырда Италия ұзақ ойланып барып, Австро-Венгрияның бірталай аумақтары мен кішігірім түрік облысы – Андалияны беретіндігін айтты. Германияға итальяндықтар соғысты 1916 ж. тамыз айының аяғын да ғана жариялады. Дегенмен олардың соғысты кеш бастауының айтарлықтай маңызы болмады, өйткені Италия ешбір майданда маңызды әрекеттерді орындамады.
Қарсыластарының жеңіске жақындағанын сезген немістер кей кездері ешкім күтпеген қадамдарға барды. Соғыс барысында олар халықаралық келісімдермен тыйым салынған уландырушы заттарды пайдаланды. Мысалы, 1915 ж. сәуірде Бельгияға қарсы соғыста Ипр қаласының маңында сонан бері «Иприт» деп аталатын хлорлы газды уландырушы затты пайдаланды. 1915 жылы Германияның Батыс майданға шабуылы айтарлықтай маңызды болмады, өйткені оның негізгі күштері Ресейге қарсы жұмсалады. Солай бола тұра, немістер шығыстағы мықты қарсыласын соғыстан шығара алмады.
Ал Сербия (соғыс сол үшін басталған болатын) 1915 ж. аяғында соғыстан шықты. Елдің барлық аумақтарын австриялықтардың, немістердің және болгарлардың әскерлері жаулап, ал сербтердің әскерлерінің қалдығы ағылшындар мен француздардың базасына айналған Корфу аралына шығарылып тасталынды.
Бірақ бұл Герман блогы елдері үшін жалпы қолайсыз жағдайды өзгертпеді. 1915 ж. 5 қазандағы Болгарияның олардың соғыс майданына қосылуы да бұл жағдайды өзгеріссіз қалдырды. Бұл елдегі антисербиялық екпін мен Болгарияның екінші Балқан соғысында жоғалтқан аумақтарын қайтарып алуға ұмтылысына байланысты болды. Болгар әскерлерінің әрекеттері Сербияның толығымен талқандалуын тездеткенімен, соғыстың барысына шыңдап әсер ете алмады.
Антанта державалары соғыстың басынанақ, Германия мен Австро-Венгрия күштерінің сарқылуына үміттенді. Бірақ бұл үрдіс одақтастардың жоспарлағанынан жай жүрді. Дегенмен Антантаның өзінің де күші бәсеңдеді. Бұл жағдай әсіресе Ресейде байқалды. Соғысқа дейін қарқынды дамуда болған өнеркәсіптің дамуы тоқтатылды. Бірақ зерттеушілердің қолдарына түскен жаңа материалдар бойынша 1916 ж. соңына дейін өндірістің айтарлықтай құлдырауы байқалған жоқ. Кейбір салаларда даму жалғасып та жатты. Дегенмен өнеркәсіптің басым бөлігі соғыс қажеттіліктеріне бұрмаланды. Үлкен әскерлер үнемі қамтамасыз етуді талап етті. Ал азаматтар әскер қатарына аттандырылуы себебінен өнеркәсіп қорлары қысқара бастады. Елде ашаршылық болмағанымен, оның жақындауы таяды. Ресей Антанта елдерінен үнемі қаржылық және экономикалық көмек сұрап отырды. Осыған байланысты елдің сыртқы мемлекеттік қарызы да өсіп отырды.
Шаруалардан құралған әскерлердің үйін және еңбегін сағынуы әскер рухына ықпал етті. Әскерлер ұзаққа созылған соғысқа наразылық танытты. «Өз мемлекетінің құлауын» насихаттаған, «әскерде заңсыз ұйымдарды құру мен сарбаздардың майданда достасуына қолдау және т.б.» көрсеткен большевиктердің әрекеттері әскерлердің көңіл-күйлеріне кері әсер етті.
Циммервальд (1915 ж. қыркүйек) Кинтал (1916 ж. сәуір) деп аталатын Швейцария қалаларындағы конференциялардағы большевиктер мен олардың еуропалық жақтаушыларының өз ұстанымдарын ІІ Интернационалға үстемелеуге ұмтылысы сәтсіздікке ұшырады. Делегаттардың көбісі соғысқа қарсылығын айтты. Еуропалық социал-демократтардың реформаларды жүргізудің бейбіт, эволюциялық жолын таңдауы мен заңды сайланған үкіметпен достасу әрекеттері әсерінен большевиктердің әлемдік революцияны орнату идеясының күл-талқаны шықты.
Большевиктер жанама түрде өз жеңілістерін мойындады. Маркс пен Энгельстің айтуы бойынша социалистік революция еуропалық елдерде бірмезгілде жүзеге асуы тиіс болды. Енді Ленин және басқа да жетекшілер социализмнің бір ғана елде, яғни Ресейде орнауының мүмкін екендігін айтты.
1916 ж. басында Германия Францияны соғыстан шығаруға тағы бір рет ұмтылыс жасады. 21 ақпанда Францияға дейінгі жолды ашатын Верден бекінісін 12 сағат бойы артиллериямен бомбалады. Бірақ француздар оқ жаудырған немістерді тойтарып тастады. Кейіннен Верден 4 ай бойы үнемі шабуылға шалдығып, екі жақ та орасан шығындарға (1 млн. адамға дейін) тап болды.
Екі жыл бұрынғыдай, осы жағдайды орыс әскері құтқарды. Бірақ, Ресейдің өз жағдайы да мәз емес еді. Соған қарамастан ол 1916 ж. 4 маусымда Оңтүстік-Батыс майданда ірі шабуыл бастады. Осыған дейін орыстар Нарочь көлінің маңндағы операцияны жүзеге асырды. Бірақ ол тек ұстанымдық жағынан сәтті болды. Австриялық майдан 100 шақырымға дейін шегінді.
Орыс әскерлері қарсыласын күздің басына дейін ығыстыра берді. Австриялықтар үлкен шығындарға тап болып, орыс тұтқынында 400 мыңға жуық австриялық әскерлер мен офицерлер болды.
Немістер Верден облысынан әскерлерін Шығыс майданға аударуға мәжбүр болды. Ал онда Италияда сәтті шабуылдаған әскерлерді жіберуіне байланысты, Австро-Венгрия өз ұстанымдарын сақтап қала алды. Ресей француздар мен ағылшындарға көмектесіп қана қоймай, итальяндық одақтастарын да құтқарды. 1916 жылғы орыс шабуылды тарихқа Брусиловтық бұзу деген атпен (Оңтүстік-Батыс майданын басқарған генерал А.А.Брусиловтың құрметіне) қалды.
Батыс майдандағы неміс әскерлерінің күші әлсіреп, 22 маусымда ағылшын-француз әскерлері Сомме өзенінің маңында шабуылдауды бастады. Бірақ олардың күштері Верден үшін соғыста әлсірегендіктен құбылмалы табыстарға жетті.
Антантаның Соммедегі шабуылы тамаша дайындалған еді: бетондалған бекітулер мен әскерлерді және қару-жарақтарды таситын темір жолдар қарсыластардың назарына тыс салынды. Ағылшын-француз әскерлері аса жеткілікті қамтамасыз етіді: 1 шақырым майданға 130 қару-жарақтан келді.
Солай бола тұра немістер шамалары ұрыстардыңы жеткенше қарсыласып, өз ұстанымдарын бермеді. Қазан айына таман Соммедегі соғыс тынышталды. 15 қыркүйекте өткен соңғы ұрыстардың бірінде ағылшындар бірінші дүниежүзілік соғыста пайдалану тактикасы да жеткілікті деңгейде меңгерілмеген еді. Сол себепті танктер толық күшін екі жылдан кейін ғана соғыстың аяғында көрсете алды.
Соммедегі ұрыстар мен Брусилов бұзуы аяқталған соң, майдандарда тыныштық орнады. Бірақ жыл соңына таман австриялықтар мен неміс әскерлері 1916 жылы Антанта құрамына өткен Румынияны талқандады. Румындар итальяндықтардан жақсы соғыса алмады, олардың майданын толықтай орыстар ұстап отырды. Румынияны талқандағаннан кейін Германия қорлар мен мұнай шығару орындары қалды.
1916 жылы тағы бір оқиға болды: 31 мамыр – 1 маусымда Солтүстік теңіздегі Ютландия жарты аралында үлкен теңіз шайқасы болып өтті. Ағылшын және германдық флоттардың қақтығысы олардың 14 және 11 кемені талқандауымен аяқталды. Ағылшындар үшін бұл айтарлықтай шығын болмады, ал немістер өздерінің флотының қомақты бөлігінен айырылды.
Соғыс аяқталғанға дейін екі қарсыласушы жақтар Еуропа мен дүниежүзілік картасының шекараларының бөлінісін жоспарлауға көшті.
Антанта Ресей, Австро-Венгрия және Германия құрамына кіретін жерлерден тәуелсіз Польшаны қайта құрмақ болды. Германия одақтастардың жоспары бойынша Францияға – Эльзас пен Лотарингияны, Данияға – Шлезвиг пен Гольштейнді, Бельгияға – шекаралық аумақтарды қайтаруы керек, ал Қытай мен Тынық мұхитындағы иеліктерін Жапонияға, қалған отарларын Англия мен Францияға беруі қажет болды. Сербияның еншісіне – Босния мен Герцеговина, сондай-ақ Албанияның солтүстігі тиюі керек еді. Албанияның оңтүстігін – Грекияға, ал сербтердің Македониясын Болгарияға қосу жоспарланды. Италияға тиетін жерлер жоғарыда айтылды.
Ресей Польшаны өз еркімен бере салды, бірақ оның орнына біраз неміс және австриялықтар жерлерді иеленді. Оның еншісіне сондай-ақ, Закавказьедегі түрік аумақтары тиюі керек еді. Ал 1915 жылы көктемде Англия мен Франция Ресейге Босфор жағалаулары мен Стамбулды және осы аймақтағы аралдар мен түрік аумақтарын бермекші болды. Англия мен Франция өздеріне Таяу Шығыстағы Осман иеліктерін қалдырды.
Германия мен оның одақтастары болса, бұл кездері жоспар құруда еді. Немістер жеңіске жеткен жағдайда Бельгияда протектарот орнатып, Атлантикалық жағалаудағы шығыс аумақтарды алмақшы болды. Шығысындығы иеліктерін Ресей арқылы кеңейтуді көздеп, Азия мен Африкададағы отарлар жөнінде де жоспарлар құрды. Болгария екінші Балқан соғысында айырылған иеліктерін қайтарып алып, Балқандағы басқа жерлерді иеленгісі келді. Австро-Венгрия да Балқанға көз тікті. Бірақ оның негізгі көздегені Италияның солтүстігіндегі аумақтар болатын.
Соғыс барысында АҚШ билігі мен оның тұрғындарының басым көпшілігі Антанта державаларына деген оң көзқарастарын жасырмады. Дегенмен жүз жыл бұрын жарияланған Монро Доктринасының шарттарына байланысты АҚШ Шығыс жартышардың істеріне араласуға құқылы болмады. Елдегі күшті оқшаулық бағыттар соғысқа килігуге кедергі жасады.
Бірақ Германия өзінің қызба қадамдарымен АҚШ-ты бақылаушы ұстанымынан тайдырды. Бұл былай болды. Соғыс басында ағылшындар германдық флотты оның порттарында қоршады. Осыған жауап ретінде Германия су асты соғысын бастады. Оның сүңгуір қайықтары әскери ғана емес, жолаушы кемелерін де талқандады. Бұл көпшіліктің әсірессе, АҚШ-тың наразылығын тудырды. Өйткені бұл жағдайда Атлантиканың кеме жолына қатер төніп, нәтижесінде американдықтар Еуропадан алшақ қалып, оқшау күйде қалар еді. Бұл АҚШ-тың сыртқы саудасына әсер етіп, американдықтар жұмысшы-иммигранттар күшінен айырылатын болды.
Дегенмен АҚШ соғысқа жылдам кіре қойған жоқ. 1916 ж. 18 желтоқсанда АҚШ президенті В.Вильсон соғысушы державаларға бет бұрып, өзінің бейбіт шарттарын айтпақшы болды.
Осыған дейін 12 желтоқсанда Германия да бейбіт ұсынысын жасаған болатын. Осымен немістер мен олардың одақтастары өздерін «өмір сүру, намыс және даму еркіндігімен» қамтамасыз еткісі келді. Сол себепті бұл «әскери қулық» деп табылып, соғыс жалғасты.
Вильсонның ұсынысына қатысты айтатын болсақ, екі жақ та АҚШ-тың арашашы ретіндегі ұстанымынан бас тартты. Мұны бірінші болып Германия айтқаннан кейін, Антантаға немістер мен оның одақтастарының бейбітшілікті қаламайтынын көрсету мүмкіндігі туды. Вильсонға жауап ретінде 1917 ж. 10 қаңтарда одақтастар АҚШ президентіне ұсынысы үшін алғыс айтып, өздерінің бейбіт шарттарын айтты. Олар соғысқа дейінгі жағдайды қайтаруға әкеліп тіреді: Бельгия, Сербия және Черногория шекараларын қайта қалпына келтіріп, жаулап алынған (сондай-ақ ресейлік) аумақтардан неміс әскерлерін шығарып, «ұлттық ұстанымды сақтауды» қалайтын еді. Соңғысы Францияға Эльзаны қайтарып, Австро-Венгрия мен Осман империясын бөлшектеуді білдірді.
Бұл шарттар, сондай-ақ Антантаның олардың қойған ұсыныстарынан бас тартуы және Вильсонның араласуы немістердің ызасын келтірді. Осыдан келіп Германия «шектелмеген» су асты соғысын жариялап, өзін-өзі өлтіретін қадамға дейін барды. Енді Германия Антантаға көмектесуші барлық кемелерді түгелдей жоятын болды. Вильсон Германия мен АҚШ арасындағы барлық дипломатиялық қатынастарды үзді. Осыдан АҚШ-тың соғысқа кіретіндігі белгілі болды.
Оқшаулық ұстанымға үйренген Америка халқын соғысқа дайындау үшін Вильсон Германияның шетел министрі Циммерманның Мексикадағы неміс елшісіне жолдаған, кейінірек ағылшын барлаушыларының қолына түскен құпия хатын жариялады. Хатта АҚШ Германияға соғыс ашқан жағдайда Мексиканың көмек беруі сұралған еді. Осы үшін немістер мексикалықтарға үлкен қаржылай көмек және ХІХ ғ. ортасынды АҚШ-қа өткен аумақтарын қайтарып беруге уәде берді.
Бұл қадам қате болмады. Американдықтардың нарызылығында шек болмады. Кейбіреулер бұл хатты жалған деп жатты. Бірақ мұны Циммерман ашық түрде өз мойнына алды. Ол АҚШ соғыс жариялағанда ғана Мексиканың көмегін алатындығын айтты. Осыдан келіп хаттың түпнұсқа екендігіне сенбеуге шара қалмады. Жағдайға талантты барлаушы фон Папен басқарған тарамдалған герман агентурасы да көмектесе алмады. 6 сәуірде АҚШ конгресі Германияға қарсы соғыс жариялады. Осы уақытқа дейін немістер ондаған американдық кемелерді суға батырған болатын.
АҚШ әсекері сол уақытта 134 мың адамды құрады, 123 мың әскер штаттар әкімшілігіне бағынатын Ұлттық гвардияның құрамында болды. Сол себептен Конгресс 18 мамырда күшті қарсылыққа төтеп беріп, жалпы әскери бағыну жайлы заңды қабылдады. Нәтижесінде соғыс аяғында (аяқталуынан 1,5 жыл бұрын) әскерлер саны 36 есе артып, 4,8 млн адамды құрады. 1917 ж. ішінде американдықтар Еуропаға 200 мың әскерлерін жіберді. Бірақ дайындығы өте төмен сарбаздарды француздар көбінесе соғыс майданына өткізбей отырды. Бірақ американдық жаңадан алынған сарбаздардың дайындығы уақыт озған сайын жақсарып, олардың Еуропадағы саны 1918 ж. шешуші соғыстарда 2 млн.-ді құрады. Американың қуатты флоты Еуропаға әскерлерін, қаруларын (1918 ж. – 197 соғыс және 1,6 көмекші кемелерді) тасымалдап, германдық су асты қайықтармен сәтті соғысты.
Американ әскерлерінің соғысқа қатысуы мен Антанта елдерінің АҚШ-тың орасан зор әскери-өндірістік мүмкіншілігін пайдалануы германдық блоктағы елдердің жеңілісін жақындатты.
1916 ж. аяғында Ресейдің ішкі жағдайы нашарлады. Елдегі ресурстар таусылып, ашаршылық таяды. 1917 ж. Петербургте көше шерулері басталды. Негізгі бөлігі әйелдерден тұратын шерушілер нан талап етті. Сол күндері большевиктердің бастамасымен жұмысшылар саяси қақтығыстарды ұйымдастырды. Полиция көтерілісті басуға тырысқанымен, кейбір әскери бөлімдер көтерілісті көтерілісшілерді қолдады. 12 наурызда астана Павлов, Преображенский және Литовский полктерінің қолында болды. Қақтығыстар барысында 160 мың адам қаза тапты. Патша үкіметінің министрлері қамауға алынды.
1916 ж. аяғында ірі біржуазия мен жоғары офицерлер ортасында соғысқа кінәлі саналған ІІ Николайға қарсы жоспар ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылар оның тақтан кетіп, орнына інісі, ұлы князь Михаилды қалдырып, оларға елді басқару мүмкіндігін беретін, ағылшын үлгісіндегі конституциялық монархияны қабылдау ұсынысын жоспарлады. Сондай-ақ, олар Германияның талқандалуын жәнге Антанта елдерімен тығыз жақындасуды мақсат етті.
Петербургтегі көтерілістер астыртын істі ұйымдастырушылардың жылдам қимылдауына себеп болды. Олардың делегаттары астанаға кетіп бара жатып, көтерілісшілердің қоршауына түскен патша пойызына келіп жетті. Делегация патшаны «Ресейдің мүддесі» үшін тақтан кетуге көндіре алды және 15 наурызда Михаил патша болып жарияланды. Бірақ осыған дейін буржуазия Петербургте буржуазиялық-либерал оппозицияның мүдделерін қорғайтын Уақытша үкіметті құрып үлгерген болатын. Үкіметке астыртын істі ұйымдастырушылар да кірді. Олар үшін енді патшаның еш қажеті жоқ болатын. Сол себептен Михайлға да тақтан түсу туралы ұсыныс айтылып, 16 наурызда ол осылай етті де.
Бұл оқиғалардың барлығы Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы деген атқа ие болды. Өйткені монархиялық құрылымның орнына буржуазиялық республика келді (ол ресми түрде 14 қыркүйекте ғана жарияланды). Уақытша үкімет 1905 ж. ІІ Николай кезінде қазанда жарияланған демократиялық еркіндіктерді бекітіп, кең көлемде рақымшылық жүргізіп, елдегі саяси партиялардың әрекетіне салынған тыйымдарды алып тастады. Дегенмен, большевиктер үкіметтен буржуазияны ығыстырып, жаңа революцияны дайындай бастады.
Соңғы жылдары баспасөз беттерінде 1917 жылдың күзінде социалистік революцияға әкелген большевиктердің қызметін отырғандығы туралы сенімді түрде дәлелдейтін көптеген құжаттық басылымдар жарық көрді. Алайда, осыған ұқсас түрдегі құжаттарды өтірік немесе қолдан жасаудың қиындығының жоғын көрсетіп берді. Бұдан басқа да, мынадай нұсқаның да болуы мүмкін: немістер большевиктерге өз мүдделері тұрғысында көмектесті, ал олар бұл көмекті өз мақсаттары үшін пайдаланды. Шамасы, бұл сұрақтарға анағұрлым нақты жауаптарды әділетсіз қараудан арылған келешектің тарихшылары бере алады. Алайда, орыс әскерінің құлдырауы мен Ресейдің соғыстан шығуы тұрғысындағы большевиктердің әрекеті егерде тіптен олардың нұсқаулары бойынша жүзеге асырылмаса да, Германияның жоспарларына толықтай сәйкес келді.
Уақытша үкімет өзі әрекет еткен сегіз айдың ішінде елдегі жағдайды орнықтыра алмады. Орыс қоғамы қантөгіс кезінде орынсыздау болған «жалпы еркіндік пен бауырмашылдық» романтикалық идеяларының шығармауында болды. Әскердегілер міндеттерінен бас тартып, үнемі көтеріліс ұйымдастыруда болды. Орталық үкімет күннен-күнге әлсірей түсті. Көптеген ұлттық облыстар, тіпті губерниялар құқықтарын кеңейтуді талап етіп, кейбіреулері тәуелсіздікті сұрады.
Орыс майданы құлдырай берді. Қобалжыған антанталық одақтастары оның нығайтылуын талап етіп, маусымның аяғында Уақытша үкімет Львов бағытында шабуылға шығып көрмек болды. Бірақ осы кезде немістер батыс майданнан шығысқа 11 дивизияны аттандырып, шабуылдаушыларға қатты соққы берді. Нәтижесінде орыс әскері үлкен шығындарға тап болып, кейін шегінуге мәжбүр болды.
Орын алған бей-берекетсіздіктерге қарамастан, елде тек большевиктер ғана әрекет етті. Олар үкіметті күш қолдану арқылы толығымен қолдарына алғысы келді. Бар мақсаттары да осы болды. Большевиктердің сенімді әрі шешуші әрекеттері елдегі анархияның әсерінен жақтаушыларының санын арттырады.
Большевиктерге күзде Петербургте 7-8 мың жұмысшылардан және солдаттар мен матростардан тұратын әскери ұжым құру сәті түсті (жалпы саны 12 мың). Уақытша үкіметтің жағдайы олармен салыстырғанда анағұрлым төмен болды. Большевиктер 6-7 қарашада төңкеріс жасап, елдің астанасын жаулап алды. Уақытша үкіметтің қарамағындағы кішігірім әскер қарсылықсыз-ақ жан-жаққа кетіп, Қысқы сарайды алу жолында ғана атыс болды.
Келесі күні көптеген қалаларда билік большевиктердің қолына көшті. Тек Мәскеуде ғана олар тегеурінді қарсылыққа тап болды. Осыдан большевиктер қаруларды әкеліп, қарсыласушыларға оқ жаудыра бастады. Атыс кезінде Кремльдің бірнеше мұнаралары мен үйлері талқандалды. Ресейдің соғыстан шығуы алдын-ала анық еді, өйткені билікті қолдарына алған большевиктер бұл өздерінің міндеттері екенін ашық мәлімдеді.
Орыс майданы бұл уақыттарда құлап та үлгерген еді. Неміс және австриялық әскерлер қарсылық көрместен, алға жылжи берді. Қыркүйекте орыс әскерлері Риганы және бірталай Прибалтика облыстарын тастады. Герман блоктарының елдері 1917 ж. басқа майдандарда да сәтті соғысты. Сәуір айында француздар Аррасты шабуылдауда миналған жерге түсіп, Антанта елдеріне үлкен шығындар әкелді. Бұл жылдағы басқа да операциялар одақтастар үшін сәтті болмады. Қазанда Австро-Венгрия Капоретто ауданында итальяндықтарға қатты соққы беріп, 300 мыңға жуық итальяндық офицерлер мен солдаттарды тұтқынға алды. Дегенмен бұл жеңістер жекелеген сипаттарға ие болды. Сонымен қатар, Германияда елдегі ауыр жағдайлардың салдарынан революциялық толқулар басталып жатты.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық қатынастар
Лекция жоспары:
1. 1919 ж. Париж бітім конференциясы
2. Версаль бітім шарты
3. 1921-1922 жж Вашингтон конференциясының шешімдері
Әдебиеттер тізімі
1. Историография новой и новейшей истории стран Европы и Америки. М., 1977.
2. Язьков Е.Ф. История стран Европы и Америки в новейшее время: 1918–1945. М., 1998.
3. С.М. Мәшімбаев. «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы». А.,2005.
4. Т. Дәуірбаева «Европа мен Америка елдерінің тарихы (1918-1990). Түркістан, 2004.
5. О.С.Сороко-Цюпа, В.П. Смирнов, А.И. Строганов, Г.Д. Сүгірбаева.«ХХ ғасырдағы дуние жүзі. А. , 2005.
6. Көкебаева Г.К. «Халықаралық қатынастар тарихы» Хрестоматия 1-бөлім, Алматы, 1997 ж.
7. Көкебаева Г.К. «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» (1918-1945жж) Алматы, 2002 ж.
1. 1919 ж Париж бітім конференциясы
Соғыстың қорытындысы. 1918 жылы 11 қарашада Франциядағы Компьен орманында Антанта мемлекеттерінің талабымен Германия жеңілгендігін мойындап, бітімге қол қоюға келісті. Төрт жылға созылған соғыс аяқталды. 1919 жылы 18 қаңтарда соғыстың қорытындысы шығарылып, жеңген елдер мен Германия және оның одақтастары арасында келісімге келу үшін Париж қаласында халықаралық конференция өз жұмысын бастады. Конференцияға 27 елден делегаттар қатысты. Францияның премьер-министрі Жорж Клемансо, ағылшын премьер-министрі Дэвид Ллойд-Джордж және АҚШ президенті Вудро Вильсон қатысып, басшылық жасады.
Париж конференциясының алдында соғыстан кейінгі халықаралық қатынастағы, әлемдегі өзгерістерді ескере отырып, дүниені қайта құру мәселесі тұрды:
- халықаралық қатынастағы өзгерістерді ескере отырып, жаңа принциптерді қалыптастыру;
- ірі капиталистік елдер арасындағы дүниежүзілік ықпалды реттеу;
- Германия мен Түркияның отарларының тағдырын шешу.
Ірі державалық елдер бұл мәселелерді Париж конференциясында өз мүдделеріне ыңғайлы шешу үшін күрес жүргізді. АҚШ-тың конференциядағы негізгі мақсаты дүниежүзілік әлемде өзінің үстемдігін қалыптастыру болды. Бірақ бұған Париж конференциясында Франция мен Англия басшылары қарсылық жасады. АҚШ-тың мұндай саясат жүргізуіне оның бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі экономикалық дамуы негіз болды. Соғыстан кейін Франция мен Англияның экономикасы күйзеліске ұшырап, экономикалық даму жағынан АҚШ-тан артта қалды. Соғыстың ауыртпалығын Франция мен Англия көтерді. АҚШ соғысқа тек 1918 жылы ғана кірісті. Соғыста АҚШ-тың 50 мың адамы өліп, 230 мың адам жараланған. Соғыс жылдарында АҚШ соғыс өнеркәсібі 335 млрд. доллар таза пайда келтірді. 1919 жылы АҚШ дүниежүзінде көмірдің 50% өндірді; шойын мен болаттың ; мұнайдың ; автомобильдің 85% шығарды.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ дүниежүзінде қаржы саласында толық үстемдік алды. Шетелдердегі инвестициясы өсіп, Канада мен Латын Америка елдерінде 7 млрд. доллар, Еуропа елдерінде 18 млрд. долларға жетті. АҚШ президенті В. Вильсон: «Дүниежүзіне кім көп ақша берсе, сол ел әлемде билік жүргізуі қажет» - деген болатын. Сөйтіп, АҚШ дүниежүзілік үстемдік жасау үшін күрес жүргізді. Бұл саясатты іс жүзіне асыру үшін АҚШ президенті Париж конференциясына «14 тараудан» тұратын бағдарламасын әкелді. Бағдарламаның мазмұны төмендегідей болды:
- Антанта елдерінің арасындағы жасырын келісімдерден бас тарту;
- дүниежүзілік мұхиттар мен теңіздерде еркін жүзу;
- барлық кедендік кедергілерді жойып, халықаралық «ашық есік» және «ашық қол» принципін сақтау;
- отар елдердің мәселесін әділетті шешу;
- қару-жарақты қысқарту;
- Германиямен және оның одақтастарымен әділетті келісімдер жүргізу;
- дүниежүзілік дау-жанжал мәселелерді бейбіт жолмен шешу үшін халықаралық ұйым - Ұлттар Лигасын құру.
Париж конференциясында АҚШ Президенті В.Вильсонның бейбітшілік сүйгіш саясатты білдірген «14 тараудан» құрылған бағдарламасына Франция мен Англия басшылары қарсы шықты.
«14 тараудан» тұратын бағдарламаның мазмұнынан АҚШ-тың экспансиялық саясаты анық көрінді. Бұл бағдарламадағы АҚШ саясатының мәні дүниежүзілік әлемде үстемдік жүргізу екенін түсініп, Франция мен Англия Париж конференциясында АҚШ саясатын әшкерелеп, Вильсонның бағдарламасын қабылдамады. Ұлттар Лигасын құру бағдарламасын Клемансо мен Ллойд-Джордж қолдап, халықаралық қатынастағы дау-жанжал мәселелерді шешуде айтарлықтай рөл атқаратын ұйым құруға келісті.
2. Версаль бітім шарты
Версаль бітім шарты Антанта басшылары уәде еткен "әділетті және демократиялық бітімнен" әлдеқайда басқаша болып шықты. Құжатқа кол қойылған үлкен Версаль сарайының атымен аталған Версаль шарты бойынша Германия соғыстың шығуына кінәлі деп жарияланды және осыған байланысты жаза тартуы керек болды.
Германияны барлық отарларынан айырып, оның территориясының кейбір бөлігін көрші елдерге беру және Антанта елдеріне келтірген зияндары үшін репарация төлеуге міндеттеген шешім қабылданды.
Шарттың территориялар жөніндегі ережелері. Германия Элъзас пен Лотарингияны Францияға қайтарды. Саар облысын басқару 15 жылға Ұлттар Лигасына берілді. Германияның төл территориясының 1/8 бөлігі алынды. Данциг (Гданьск) еркін қала деп жарияланды. Кезінде Германия қосып алған поляк жерлерінің біразы (Познань, Пруссия мен Померанияның кейбір аудандары) Польшаға қайтарылды. Эйпен, Мальмеди және Морене округтары Бельгияға кетті. Данияға Солтүстік Шлезвиг берілді. Германия мұның үстіне Мемельден (Клайпеда) бас тартып, ол кейіннен Литваға қосылды.
Германияның отарларын Англия, Франция мен Жапония өзара бөлісті. Англия мен Франция мұның үстіне Осман империясының "мұрасын" бөліп алды. Қорытындысында Англия Ұттар Лигасының атынан Палестинаға, Трансиорданияға, Ирак пен Танганьикаға (Германиялық Шығыс Африкаға) мандат алды.
Франция Сирия мен Ливанға мандат алды. Англия мен Франция Того мен Камерунды өзара бөлісті. Жапония Мариан, Каролина және Маршалл аралдарын, Шаньдун түбегін алды. Ағылшын доминиондары да бірнеше кіші-гірім территорияларға ие болды.
Шарттың әскери баптары. Герман бас штабы таратылды. Жалпыға міндетті әскери қызмет өзгертілді. Герман армиясының саны 100 мың адаммен шектеліп, еріктілік негізінде құрылатын болып белгіленді. Германияға су асты флотын, ірі су үсті кемелерін, танк құрамаларын, әскери авиация мен ауыр артиллерия иеленуге тиым салынды. Рейн аймағы — сол жағалаудағы герман жерлері мен оң жағалаудағы екі 50 шақырымдық аймақ демилитаризацияланған деп жарияланды. Ол жерлердегі әскери бекіністер жойылып, қарулы күштерді орналастыруға тиым салынды.
Репарациялар мен Антанта елдерінің шығындарының орнын толтыру туралы мәселе келесі келіссөздерге дейін кейінге қалдырылғанымен, 132 млрд алтын марка мөлшеріндегі жалпы саны белгіленді. Рейн аймағында 15 жыл бойына оккупациялық армия орналастырылып, оны герман жағы қамтамасыз етуге тиісті болды.
Версаль келісімі неміс халқына аса үлкен ауыртпалық салды және оның ұлттық сезімдеріне қатты нұқсан келтірді. Кейінгі уақыттарда бұл жағдай кек қайтару идеясы мен саясатына дем беріп, оны 30-жж. фашистер шеберлікпен пайдалана білді.
Келісімге қол кою кезінде герман делегациясы тонаушылық бітімінің шарттарын жұмсартуға, оның ішінде соғысты шығаруға "кінәлілік" туралы бапты алдырып тастауға тырысты, бірақ ол қарсылық қабылданбады. 1919 ж. 28 маусымында Германия Антанта елдерімен және олардың одақтастарымен Версалъ бітімі туралы келісімге қол қойды.
1919—1920 жж. Австриямен, Венгриямен, Болгариямен және Түркиямен бейбіт бітімдер жасалды. Оларда да кейбір территориялық өзгерістер, қару-жарақ пен армияның саны және репарациялық төлемдер туралы шарттар қарастырылды.
Осы аталған келісімдердің барлығы жеңімпаздар мен жеңілгендердің арасындағы қатынастарды анықтайтын және Еуропа мен отарлық аймақтардағы халықаралық қатынастарды реттейтін Версаль жүйесін құрды.
Бітім шарттары:
1. Германиямен Версаль шарты (28 маусым 1919 ж.):
— барлық отарларын беру;
— қарулы күштердің санын 100 000 дейін қысқарту;
— Германия ауыр артиллерия, танктер, самолеттер, сүңгуір қайықтар, соғыс кемелерін иелену құқығынан айрылды:
— Рейннің сол жағалауы 15 жылға оккупацияланды;
—Рейннің оң жағалауында екі 50 шақырымдық демилитаризацияланған аймақ орнатылды;
— территориясының1/8, халқының 1/10 бөлігі басқамемлекеттерге беріледі;
—Репарациялар (шығындардың орнын толтыру) /231 бап (соғыстар үшін жауапкершілік туралы бап).
2. Сен-Жермен-ан-Леде Австриямен жасасқан шарт (10 қыркүйек 1919 ж.):
— Австрия мен Венгрияның бөлінуі;
— Италияға Бреннерге дейін Оңтүстік Тиролъды беру;
— Тәуелсіз Чехословакия, Полыиа, Венгрия және Югославия мемлекеттерін тану;
— қару-жарақты қысқартып, армия санын 30 000 дейін азайту;
— репарациялар.
3. Нейиде Болгария қол қойған шарт (27 қараша 1919 ж.)
— Грекияға Фракияның жағалаулың жерлерін беру.
4. Венгриямен жасалған Трианон шарты (4 маусым 1920ж.):
— Словакия Чехословакияға өтеді;
— Трансилъвания Румынияға беріледі;
— Банат Югославияға кетеді.
5. Туркия қол қойған Севр шарты (10 тамыз 1920 ж.):
— бұғаздарға халыцаралық бақылау орнату және осы мақсатпен халықаралық әкімшілік құру;
— қару-жарақты азайтып, қарулы күштер санын 50000 дейін қысқарту;
— территорияларды басқаларға беру.
Бірақ Париж бітім конференциясынан кейін отаршыл елдерге Қиыр Шығыс пен Тынық мұхит аймағындағы қарама-қайшылықтарды реттеу, сонымен бірге Шаньдун түбегін Жапонияға беруге қарсы болып, Германиямен бейбіт бітімге қол коюдан бас тартқан Қытайға қатысты саясатты белгілеу АҚШ үшін Вашингтонда конференция шақырып, өзінің пайдасына маңызды шешімдерді қабылдаттыруға қолайылы сәт туды.
3. 1921-1922 жж Вашингтон конференциясының шешімдері.
XX ғасырдың 20-жылдарында АҚШ Версаль бітімінің қайта қаралуын талап ете бастады. АҚШ-тың ойы Париж конференциясында сыртқы саясаттың жеңіліс табуы, жаңадан Батыс Еуропа елдерін өзінің билеу саясатын жүзеге асыруға көндіру болды.
АҚШ үкіметінің тікелей ұсынысымен 1921 жылы 12 қарашада бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуының үш жылдығына орай Вашингтон конференциясы ашылды. Конференция жұмысына тоғыз ел - АҚШ, Англия, Франция, Жапония, Италия, Бельгия, Голландия (Нидерланды), Португалия және Қытай қатысты. Конференцияны ашуда сөз сөйлеген АҚШ президенті Гардинг салтанатты түрде: «Біз дүниежүзінде бейбітшілік пен тұрақтылықты орнату үшін бас қосып отырмыз» - деді. Америка Құрама Штаттарының конференциядағы ұсыныстары мен мақсаты қандай болды?
Біріншіден, Қытайдағы Жапонияның ықпалын әлсірету; екіншіден, Англияның әлемдік мұхиттар мен теңіздердегі үстемдігін әлсірету; үшіншіден, Тынық мұхит аралдарында мандаттық статус-кво құқықтарының сақталуын бақылау. Вашингтон конференциясы 1922 жылы 6 ақпанда аяқталды. Вашингтон конференциясының барысында АҚШ өзінің дүние жүзіндегі қаржылық үстемдігін пайдаланып, өзінің негізгі қарсыластарын көндірді де, дүниежүзілік билеу саясатын жүргізуге жол ашты.
Біріншіден, 1922 жылдың 6 ақпанында "9 держава келісіміне» қол қойылды. Мұнда Қытай елінің егемендігі мен жер тұтастығы екі жүзділікпен жарияланып, «ашық есік» және «тепе-тең қатынас» принципі ұсынылды.
АҚШ-тың «ашық есік» саясаты 1899 жылы жарияланған болатын, ол Вашингтон конференциясында 1922 жылы жүзеге асты. Бұл саясаттың негізгі мақсаты - Қытайдағы Жапонияның ықпалын әлсірету еді. Сөйтіп, «тоғыздық келісім» барысында Жапония Қытай экономикасына салып отырған заем және несиеден, сондай-ақ Маньчжуриядағы салып жатқан темір жол құрылысынан бас тартты. Қытайдағы кеңесшілерін кейін шақырып алды. Сонымен қатар, Шаньдун түбегін де Қытайға қайтарды. Сөйтіп, Жапопия Қытайдағы беделінен айырылды.
Екіншіден, конферемцияда «бес ел келісіміне» қол қойылды. Соғыс-теңіз қару-жарақтарын қысқарту туралы мәселе бойынша сөз сөйлеген АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Чарльз Эванс Хьюз мынадай ұсыныстар жасады: жоғары тоннаждағы линкор соғыс кемелерін жасауды тоқтата тұру; ескі соғыс –теңіз кемелерін жою; ұлы держава елдері арасындағы соғыс-теңіз кемелерінің арақатынасын реттеу. АҚШ-тың негізгі ойы жаңадан соғыс-теңіз кемелерін жасап, Англияның әлемдік тұлардағы үстемдігін әлсірету болатын. Конференциядағы «бес ел келісіміне» сәйкес елдер 35 мың тонналық кеме жасаудан бас тартты. Бұл келісімге - АҚШ, Англия, Жапония, Франция және Италия қол қойды. Кеме жасаудағы үлес салмағы АҚШ — 5, Англия - 5, Жапония - 3, Франция - 1,75, Италия - 1,75 болып пропорциялық түрде белгіленді. 575 мың т. линкор жасау -АҚІII және Англия үлесіне, 315 мың т. линкор жасау Жапонияға және 175 мың тоннадан Франция мен Италияның үлесіне тиді. Әрбір линкор салмағы 35 мың тоннадан артпау керек. Сонда АҚШ пен Англия 15 линкор жасай алады.
Үшіншіден, Вашингтон конференциясында АҚШ, Англия, Жапония және Франция «төрт елдік келісімге» қол қойды. Бұл келісімде «Тынық мұхит аралдарын пайдалану құқықтарын реттеу» сөз болды. АҚШ-тың мақсаты - Тынық мұхит аралдарындағы Жапонияның беделін әлсірету және 1902 жылғы ағылшын-жапон келісімінің күшін жою болды. Жапония делегациясы бұл келісімнің жойылуына қарсы тұрды. Ағылшын уәкілі: «Сіздер қорықпаңыздар, бір келісімнің орнына төрт келісім қабылданды» - деп жапондықтарды тыныштандыруға тырысты. Жапон делегациясының уәкілі: «Сіздер бәрібір біздің келісімді жерге көмдіңіздер» - деген жауап қайтарды.
Сонымен 1921-1922 жылдардағы Вашинггон конференциясы Америка Құрама Штаттарының ең ірі жеңісі болды. Олар Париж конференциясындағы жеңілістің есесін қайтарды. АҚШ-тың дүниежүзін билеу және ұлы державалық саясаты асықпай іс жүзіне аса бастады. Бірақ, Версаль-Вашингтон келісімдер жүйесі империалистік елдер арасындағы қайшылықтарды жоя алмады. КСРО үкіметінің сыртқы саясатының қалыптасып, нығая түсуіне байланысты АҚШ көп жылдар бойына өзінің билеу саясатын еркін жүргізе алған жоқ- Версаль-Вашингтон жүйесі, ұлы держава елдерінің арасындағы қайшылықтар, фашизм және агрессиялық елдер саясаты екінші дүние-жүзілік соғысқа әкелді.
ХХ ғ. 20 ж. Еуропадағы буржуазиялық революциялар
Лекция жоспары:
Еуропадағы буржуазиялық революциялардың өзіндік ерекшеліктері.
Германиядағы 1918-1919 жылдардағы революция.
Австрия, Венгрия және Финляндия революциялары
Әдебиеттер тізімі
1. Историография новой и новейшей истории стран Европы и Америки. М., 1977.
2. Язьков Е.Ф. История стран Европы и Америки в новейшее время: 1918–1945. М., 1998.
3. С.М. Мәшімбаев. «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы». А.,2005.
4. Т. Дәуірбаева «Европа мен Америка елдерінің тарихы (1918-1990). Түркістан, 2004.
5. О.С.Сороко-Цюпа, В.П. Смирнов, А.И. Строганов, Г.Д. Сүгірбаева.«ХХ ғасырдағы дуние жүзі. А. 2005.
6. Көкебаева Г.К. «Халықаралық қатынастар тарихы» Хрестоматия 1-бөлім, Алматы, 1997 ж.
7. Көкебаева Г.К. «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» (1918-1945жж) Алматы, 2002 ж.
1. Еуропадағы буржуазиялық революциялардың өзіндік ерекшеліктері.
Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуын Еуропа халықтары тыныштық өмірге оралу жөніндегі үмітпен карсы алды. Бірақ соғыстан кейін бейбіт өмірге өту жеңімпаздар үшін де, жеңілген елдер үшін де қиын да ұзақ процесс болып шықты. Соғыс көптеген елдерді жұтатты. Еуропадағы соғыстан бұрынғы экономикалык, саяси жүйелерді күйретті. Алда халықаралық деңгейде күштердің жаңа арақатынастарын реттеу, халықаралық қатынастар жүйесін құру, жеңген және жеңілген елдер арасындағы қалыптасқан қатынастарды бекіту міндеттері тұрды. Бұл маңызды мәселелер соғыстан кейінгі бейбіт реттеулер барысында шешімін тапты.
Соғыс және экономикалық қирау саяси дағдарыстар мен революциялық процестерге әкеліп соқтырды. Еуропа революцияларының басы Ресейдегі 1917 ж. Ақпан және Қазан революциялары болды
Жеңімпаз елдер — Ұлыбритания, Франция, Италия, АҚШ, Жапонияда революция болған жоқ, бұл елдер үшін революция уақыты өтіп кеткен еді.
Революция Ресейде және жеңіліс тапқан елдер — Австро-Венгрияда, Түркияда болды. Бұл елдерде шешімін таппаған мәселелер жеткілікті болатын. Соғыстың басты салдарларының бірі — ол күйреген Австро-Венгрия, Ресей және Осман империяларының негіздерінде жаңа мемлекеттердің құрылуы болды.
"Бұқара және бұқаралық қозғалыстар ғасыры" — басталған жаңа дәуірдің маңызды ерекшеліктерінің бірін осылай атауға болады. Жалпыға бірдей сайлау құқы мен демократиялық бостандықтар жүйелерінің дамуы орасан көп халық бұқарасының бұрын болып көрмеген кең көлемде саяси өмір мен саяси күреске араласуына мүмкіндік туғызды. Қоғамдық процестерге сол кездің өзінде "бұқара ғасыры", "тобырлар ғасыры" деген айдар тағылған болатын. Қалың халық бұқарасының ұйымдасқан немесе стихиялық түрдегі саяси-әлеуметтік қозғалыстарға қатысуы, әрине, прогрессивтік құбылыс болды. Бірақ бұл құбылыстың екінші, жағымсыз жақтары бар еді. Саяси және экономикалық сілкіністер жағдайында идея фанатиктері мен алаяқ-саясаткерлердің "тобыр билігін" пайдаланып кету, халықтың эмоциялық еліктегіш бөлігін кертартпа қозғалыстарға тарту қаупі гөнді.
Мұндай бағыттар үшін Еуропа қоғамында негіздер жеткілікті еді. Соғыс кезіндегі қиыншылықтар мен ауыртпалықтар ондаған миллион адамдарды, ең алдымен қала тұрғындарын — жұмысшыларды, қызметкерлерді, саудагерлерді, қолөнершілерді, халықтың басқа да әлеуметтік топтардың жұтатып, қайыршылық пен аштыққа соқтырды. Соғыста аман қалып, майданнан оралған солдаттардың жағдайлары да оңай болмады. Еуропа елдерінде халықтың арасында едәуір мөлшерде тапсызданған және қайыршылық күйге түскен адамдар көп болды. Олар теңестіру туралы әлеуметтік демагогияларды, утопиялық идеяларды, ұлттық ерекшелік, ұлтшылдық пен шовинизмнің басқа да шектен тыс ұрандарын қабылдауға аса сезімтал болды. Халықтың бұл маргиналдық топтарын бұзақылық әрекеттерге үгіттеу өте оңай еді. Сондықтан да олар көбінесе солшыл радикалдық немесе оңшыл радикалдық қозғалыстар мен партиялардың әлеуметтік негізіне айналып отырды.
Жаңа идеялық-саяси ағымдар. Бұрын еуропалық елдерде либерализм, консерватизм, социализм және олардың түрлі ағымдары үстемдік етсе, Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін жаңа қозғалыстар мен партиялар қалыптасты.
Соғыс жылдары II Интернационал ыдырап, социалистік партиялар "үй-үйлеріне" тарады. Жік солшыл радикалдық қозғалыстардың белсенділенуі мен коммунистік партиялардың құрылуына байланысты тереңдеп, ұйымдастырушылық жағынан рәсімделді. Соңғылары 1919 ж. Ресей коммунистік партиясының басшылығымен Коммунистік Интернационалға бірікті. Коминтерн Кеңестік Ресейдің материалдық және ұйымдық көмегіне арқа сүйеді және ұлттық партияларды (секцияларды) дүниежүзілік социалистік революция мен әлеуметтік әділеттікке жетудің ортақ мақсаттары негізінде біріктіретін біртұтас тәртіпті халықаралық саяси партия ретінде әрекет жасады. Олар билік жүргізуші либералдық-демократиялық режимдерге оппозицияда болды. Коммунистік партиялардың мүшелерінің саны 1929 ж. дүниежүзі бойынша 0,8 млн адам болды.
Өз кезеңде халықаралық социалистік қозғалыстың реформистік орталығы да қалыптасты. Социалистік және социал-демократиялық партиялар Жұмысшы Социалистік Интернационалды қайта жаңартты, ол да ұлттық секцияларды біріктірді, бірақ оларға қатаң тәртіп пен өз шешімдерінің міндеттілігін таңбады. Социалистік партиялардың қатарында 6 млн аса мүшелері болды.
Социалистер басқа партиялармен одақтасты, кейде үкіметтерді де басқарды. Олардың социалистік мұратқа жету жөніндегі көзқарасы коммунистердікінен басқаша болды, олар парламенттік-либералдық-демократиялық құрылысты революциялық жолмен қирату теориясын қабылдамады, социализмге реформалар және меншік қатынастары мен билік институттарын біртіндеп өзгерту арқылы жетуге болады деп есептеді.
Коммунистер мен социалистердің теке тірестері 20— 30 жж. кейбір елдердегі жағдайларға едәуір әсер етті.
1918—1919 жж. батыстың кейбір капиталистік елдерінде оңшыл радикалдық экстремистік қозғалыс пайда болды, олар жалпы фашизм деп аталды.
Фашизм ұғымын оңшыл радикализм мен экстремизмнің басқа да түрлеріне (мысалы, Италия мен Португалиядағы Иберия нұсқасы) тарату қабылданған. Германияда бұл идеологияны ұлтшыл-социализм деп атады. Фашистік қозғалыстың басшылары әлеуметтік-демагогияны кеңінен пайдаланды, әлеуметтік әділеттік пен әл-ауқатын көтеруге (әрине, "өз ұлтының") уәде берді, ұлттық сезімге түрткі салып, "жаңа қоғамның" өз нұсқасын ұсынды. Фашизмнің әлеуметтік негізін маргиналдық, қоғамның тапсызданған топтары, тұрмыс халі онша емес офицерлер және үйреншікті ортасынан шығып қалған ұсақ меншік иелері құрады.
Ол кездегі солшыл радикалдық және оңшыл радикалдық саяси қозғалыстар мен партиялар либералдық идеялар мен парламентаризмге утопистік "жаңа әлеуметтік жүйелер" мен мемлекеттік құрылыстың өз жобаларын қарама-қарсы қойды. Оларға биліктің диктаторлық, тоталитарлық формалары мен жеке адамдардың құқықтарына мемлекеттің үстемдігін орнатуға ұмтылыс тән болды.
Екі идеялық саяси ағым мен жүйенің — либералдық-демократиялық және тоталитарлық (солшыл және оңшыл радикалдық нұсқаларында) кақтығысулары Еуропаның 1918—1945 жж. саяси тарихының өзегі болды. Бұл процесс Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі революциялық және әлеуметтік қозғалыстарда, әсіресе Германияда, айқын көрініс тапты.
2. Германиядағы 1918-1919 жылдардағы революция.
Германия революция қарсаңында. Орталық Еуропа елдеріндегі революциялар өте күрделі мәселелерді шешуге тиісті болды. Германия экономикасы жоғары дәрежеде дамыған индустриялы ел болды. Алайда мұнда буржуазиялық-демократиялық қайта құрулар аяқталмағандықтан, саяси жағынан артта қалушылық бар еді. Германияның саяси жағынан артта қалуы помещиктік (юнкерлік) жер иелігі мен монархияның сақталуынан көрінді. Сайлау құқығы өте шектеулі болды, монархтың (кайзердің) билігі шексіз, ал рейхстагтың өкілеттілігінің өрісі тар болды, үкімет басшысы (канцлер) рейхстагқа бағынбайтын еді. Сондықтан демократиялық өзгерістер жасау міндеттері әбден пісіп-жетілді. Сонымен қатар Германияда жұмысшы қозғалысы жоғары дәрежеде ұйымдасқан, оның тәжірибелі саяси партиялары бар еді. Сондықтан бұл революцияның басты қозғаушы күші жұмысшылар болатыны анық еді.
1918 жылдың күзінде Германияның дүниежүзілік соғыста жеңілгені айқын болды. Неміс әскерлерінің жазғы шабуылдары сәтсіз аяқталды. 1918 жылдың қыркүйегінде Антанта әскерлері теңізде Маас өзеніне дейін созылған кең майданда шабуылға шығып, немістерді Бельгия мен Франция жерінің көп бөлігінен қуып тастады.
Соғыстағы жеңіліс Германияның ішкі саяси жағдайын да шиеленістіріп жіберді. Қазан айының басында үкімет ауысып, ханзада Макс Баденский канцлер болып тағайындалды. Жаңа канцлер 5 қазанда АҚШ Президентіне дереу уақытша бітім жасауды өтінген жеделхат жіберді.
Соғыс елдің экономикасын қатты ойсыратты. Жалақы барынша азайтылды, азық-түлік қымбаттады, ақша құнсызданып, халық күйзеліске ұшырады. Тылда да, майданда да толқулар басталды. Жоғарғы билеуші топ та елде революциялық сілкініс төніп келе жатқанын түсініп, оны реформа жолымен тоқтатуға үміттенді. Баденский үкіметінің құрамына Германияның социал-демократиялық партиясының (ГСДП) жетекшісі Фридрих Эберт және Германияның тәуелсіз социал-демократиялық партиясының (ГТСДП) жетекшісі Филипп Шейдеман енгізілді.
Революцияның басталуы. Германияның жеңілгендігін әскери басшылар мойындағысы келмеді. Қазан айының аяғында олар Герман флотын ағылшын флотына қарсы шайқасқа шығармақшы болды. Өздерінің күшінен әлде-қайда асып түсетін ағылшын флотына қарсы шабуыл жасау, теңізшілерді мағынасыз өлімге айдау болар еді. Бірнеше әскери кемелер бұйрықты орындаудан бас тартты, ал әскери басшылар оларды жаппай тұтқындауға бұйрық берді. Осыған жауап ретінде 3 қарашада Киль қаласында бұқаралық шеру басталды. Қала комендатурасы шеруді күшпен тоқтатуға әрекет жасады. Бұл әрекет қалада көтерілістің басталуына әкелді. Кемелерде және казармаларда кеңестер құрылды.
Берлиндегі бас көтеру 9 қарашада басталды. Сол күні жүздеген мың жұмысшылар астананың орталығына қарай шеру жасады. Көтерілісшілер түске қарай Берлинді өз қолдарына алды. Кайзер II Вильгельм тақтан бас тартты, ал Макс Баденский канцлер қызметін рейхстагтың ең ірі фракциясының — социал-демократтардың жетекшісі Ф.Эбертке тапсырды. Социал-демократгар елде республика құрылғанын жариялап, уақытша үкімет құрды. 10 қарашада құрылған бұл уақытша үкімет Халық өкілдерінің кеңесі (ХӨК) деп аталды. Кеңесті екі төраға — Ф.Эберт (ГСДП) және Г.Гаазе (ГТСДП) басқаратын болды. К.Либкнехт үкіметке кіру жөніндегі ұсыныстан бас тартты. Ол Германиядағы революция әрі қарай дамып, социалистік сипатқа ие болатындығына сенімді еді. Ол Кеңестердің бүкілгермандық съезін шақырғанға дейін билікті Берлин кеңесіне беруге шақырды.
1918 жылы 16—21 желтоқсанда Берлинде Кеңестердің I бүкілгермандық съезі етті. Съезде ұзақ айтыс тартыстан кейін Құрылтай жиналысы сайлауын қолдау жөне Германияның болашақ мемлекеттік құрылысын анықтау мәселесін Құрылтай жиналысының қарауына беру туралы шешім қабылданды. Ұлттық жиналысты шақыру 1919 жылдың 19 қаңтарына белгіленді.
1919 жылдың қаңтарындағы революциялық өрлеу. Тәуелсіз социал-демократтар желтоқсан айының аяғында Халық өкілдері Кеңесінен шығып кеттті. Осыдан кейін дереу мемлекеттік аппараттың барлық буындарынан тәуелсіздердің өкілдері шығарыла бастады. Осыған наразылық ретінде Берлин жұмысшьшары шерулер мен жиындар өткізе бастады. Бұл бірқатар жерлерде шерушілер мен полицияның арасында қақтығыс туғызды. Осы шерудің әсерімен 5 қаңтарда ГТСДП мен ГКП басшылығы жұмысшыларды Эберт үкіметін құлатуға шақырды.
6 қаңтарда Берлинде жапппай ереуіл басталды. Қаруланған жұмысшылар вокзалды, социал-демократиялық "Форвертс" газетінің үйін басып алды. Алайда революциялық әрекетті одан әрі жалғастыруды басқаруға тиіс революциялық комитет ішінде алауыздық басталып, коммунистер мен тәуелсіздер ортақ шешімге келе алмады.
Бавар кеңестік республикасы. Астанадағы көтеріліс талқандалды, бірақ Германияның бірқатар аудандарында әлі де революциялық қозғалыс жалғасып жатты. Ақпан-мамыр аралығында көптеген қалаларда ереуілдер толқыны болып өтті. Революциялық өрлеудің ең шыңы — 1919 жылдың 13 сәуірінде Бавар кеңестік республикасының жариялануы болды. 13 сәуірде монархистер Мюнхенде мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттеніп, Бавар үкіметінің басшысы тәуелсіз социал-демократ К.Эйснерді өлтірді. Революцияның жетістіктерін қорғап қалу үшін әрекет Комитеті құрылды, оған социал-демократтар тәуелсіздер және коммунистер кірді. Комитетті коммунист Евгений Левине басқарды.
Революцияның қорытындылары және маңызы. Веймар республикасының құрылуы. Қараша революциясының басты қорытындысы және маңызы монархияның жойылуы, саяси және әлеуметтік салада демократиялық өзгерістердің іске асырылуы, республиканың құрылуы, Германияның соғыстан шығуы болды. Германиядағы революцияның ерекшелігі мемлекеттік құрылыстағы түбірлі өзгеріс бейбіт сипатта іске асуы еді. Бүл өзгерістерді іске асыруға социал-демократия жетекшілік жасады. Парламентгік күрес тәжірибесін әжептәуір меңгерген бұл партия демократиялық республика құру міндетін конституциялық-құқықтық қайта құрулар жолымен іске асыра алды.
1919 жылдың 31 шілдесінде Ұлттық жиналыс конституция қабылдады, бұл Веймар конституциясы деп аталды. Бұл 1871 жылғы конституциямен салыстырғанда нағыз демократияшыл заң болды. Конституция Германиядағы республикалық құрылысты заңдандырды; жалпыға бірдей тең сайлау құқығын, азаматтардың заң алдындағы теңдігін жариялады; сөз, баспасөз, жиналыс, одақтар құру мүмкіндігі берілді. Кәсіподақтардың құқықтары кеңейтілді, әлеуметтік заңдылықтар қабылданды. Алайда конституция парламенттің (рейхстаг) құқықтарын шектеп, президентгің өкілеттігін кеңейтті.
3. Австрия, Венгрия және Финляндия революциялары.
Габсбургтер монархиясының ыдырауы. Әр түрлі тілде сөйлейтін, діні, тегі, салты мен әдет-ғұрпы бөлек халықтарды топтастырған Австрия-Венгрия монархиясы XIX ғасырдың аяғында ұлт-азаттық қозғалысының өрістеуіне қарамастан, ұзақ уақыт сақталып кедді. Габсбургтер әулеті билеген дуалистік монархияда Австрия мен Венгрияның саяси-құқықтық жағдайы бірдей болды, ал Чехия, Словакия тағы басқа бөліктері жартылай отар сипатында өмір сүрді. Экономикалық даму дәрежесі жағынан Чехия мен Австрия басқа бөліктерінен жоғары болды. Алайда Чехия мен Австрияның өнеркәсібінің дамуына артта қалған аграрлы аудандар кесірін тигізді. Бұл жағдай дүниежүзілік соғыс кезінде одан әрі шиеленісті. Чехияда, Словакияда, Венгрияда ұлт-азаттық қозғалысы өрледі. 1848 жылдан бері тақта отырған қарт император Франц Иосиф қанша тырысқанымен империяның ыдырауын тоқтата аямады. 1914 ж. тақтың мұрагері Франц Фердинандтың өлтірілуі саяси дағдарысты тереңдете түсті. Ал 1916 ж. Франц Иосифтің қайтыс болуы және дүниежүзілік соғыста Австро-Венгрияның жеңілуі империяның ыдырауын жылдамдата түсті. 1918 ж. күзде Чехияда, Польшада және басқа славян жерлерінде тәуелсіз ұлттық мемлекет құру ниеті күшейді. 1918 ж. 28 қазанда Чехословакия, 29 қазанда сербтер, хорваттар мен славяндар (Югославия), 2 қарашада Венгрия тәуелсіздіктерін жариялады. Осылайша Габсбургтер империясы ыдырады.
Австрия республикасының құрылуы. Австриядағы ықпалды саяси күштер — Социал-демократиялық жұмысшы партиясы, христиан-әлеуметгік партиясы және пан-германдық партия 1918 ж. қазан айында елде қан төгіс төңкерістің болуына жол бермеу үшін империя жеріндегі бүкіл неміс халқын біртұтас демократиялық республика біріктіру туралы келісім жасады. 1918 ж. 21 қазанда империяның өкілдік органы - рейхстагтың депутаттары мәжіліс өткізіп, тәуелсіз Австрия демократиялық мемлекеті құрылғанын мәлімдеді және уақытша ұлттық жиналыс құрды. Ұлттық жиналыс 12 қарашада Австрияны республика деп жариялады. 1919 ж. 16 ақпаңда Құрылтай жиналысына сайлау жүргізілді. Бірінші рет жүргізілген жалпыға бірдей, төте демократиялық парламенттік сайлауда социал-демократтар көп дауыс алды. Құрылтай жиналысының шешімімен социал-демократтар үкімет құрды, премьер-министр К.Реннер болды. Бұл үкімет елді Антанта мен Австрия арасында бітім шарты жасалғанға дейін басқаратын болды. Осылайша Австрияда монархияның жойылуы, республиканың құрылуы, социал-демократиялық жұмысшы партиясының үкімет құруы сияқты түбірлі өзгерістер қантөгіс төңкеріс нәтижесінде емес, парламенттік күрес ауқымында іске асырылды. Австрия социал-демократиялық партиясының теоретиктері XX ғасырдың басында большевиктердің де, социал-демократияның оңшыл қанатының да идеялық тұжырымдамаларына қосылмай, марксизмнің жаңа кезеңге неғұрлым бейімделген нұсқасын жасады. Бұл тұжырымдама австромарксизм деп аталды. Австриялық марксистердің ойынша, революция қысқа уақытта іске асатын көтеріліс емес. Революция – ұзақ жүретін, күрделі үрдіс.
Венгриядағы революция. Габсбургтер монархиясының ыдырауы, соғыстағы күйзеліс пен жеңіліс, экономикалық жағдайдың нашарлауы Венгрияда жалпы ұлттық дағдарысқа әкелді. 1918 жылдың күзінде елде саяси жағдай әбден шиеленісті.
1918 ж. 25 қазанда Будапештте бұқаралық шеру болып, онда бітім жасау және Венгрияның жеке мемлекет болып жариялануы туралы ұрандар көтерілді. Тәуелсіздік партиясының ұсынысымен Ұлттық Кеңес құрылды, оған социал-демократтар да кірді. Ұлттық Кеңестің басшысы Михай Каройи болды. Ұлттық Кеңес халыққа үндеу жолдады. Үндеуде Венгрияның толық тәуелсіздік алуы, бітім жасау, демократиялық бостандықтар беру, аграрлық реформа жүргізу талаптары айтылды.
1918 ж. 2 қарашада Венгрия тәуелсіз мемлекет болып, ал 16 қарашада Венгрияда халықтық республика құрылды деп жарияланды.
1918 ж. Ресейден елге дүниежүзілік соғыста тұтқынға түскен венгрлердің көпшілігі қайтып оралды. Олар Ресейде кеңес үкіметін құруға және оны қорғауға қатысып, большевиктік идеяларға әбден сеніп, табанды коммунистер болып алған еді. 1918 ж. наурызда Москвада Бела Кун мен Тибор Саммуэльдің басшылығымен РКП(б)-ның венгр бөлімі құрылды. Бұл ұйым үгітшілерді дайындады. Олар Венгрияға келген соң, коммунистік идеяларды белсенді түрде насихаттай бастады. 1918 ж. қараша айында олар Бела Кунның басшылығымен Венгрия Коммунистік партиясын құрды. Партияның ықпалы жылдам өсті.
1919 ж. наурыз айында Антанта Венгрияның Румыния мен Чехословакияға берілуге тиісті жерлерін босатуды талап етіп, Венгрия үкіметіне ультиматум тапсырды. Бұл ультиматумды орындау әлі түпкілікті бітім жасалмай түрған кезде Венгрияның кейбір жерлеріне шетел әскерінің енгізілуіне мүмкіндік беретін еді. Ал ультиматумды орындамау елдің тәуелсіздігіне қауіп төндірер еді. Венгрия үкіметі осындай қиын жағдайда қалды, бұл саяси дағдарыс туғызды. Венгрияда кеңестік республиканың құрылуы. Елді саяси дағдарыстан шығару үшін үкімет сыртқы саясаттың бағдарын өзгерту керек деп шешті. Венгрия бұрын Антантаға бағдар ұстаса, енді Кеңестік Ресеймен жақындасу керек деген ұйғарымға келді. Бұл шешімді іске асыру үшін уақытша президент қызметін атқарып отырған М.Каройи социал-демократиялық партияның жетекшілеріне үкімет басқару туралы ұсыныс жасады. Социал-демократтар үкіметті коммунистермен бірлесіп құру керек деп шешті.
1919 ж. 21 наурызда социал-демократиялық және коммунистік партиялар бірігіп, Венгрия социалистік партиясын құрды. Сол күні Венгрияда Кеңестік Республика жарияланды. М.Каройи президенттік қызметтен кетті. Венгрияның жаңа үкіметі — Революциялық үкімет кеңесі құрылды. Оны социал-демократ Ш.Гарбаи басқарды, ал Бела Кун сыртқы істер министрі болды. Жаңа үкіметтің құрамына 14 коммунист, 17 социал-демократ және партияда жоқ 2 саясаткер кірді.
Революциялык үкімет бірқатар реформаларды іске асырды: банктер, ірі өнеркәсіп, транспорт, ірі жер иеліктері национализацияланды; 8 сағаттық жұмыс күні енгізілді; сыртқы саудаға мемлекеттік бақылау қойылды; жалақы көбейтілді, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі жасалды; қызыл әскер құрыла бастады; халықтық милиция құрылды.
Бела Кун кеңестік Ресейге жеделхат жіберіп, Антантадан қорғауды өтінді. Алайда азамат соғысы жүріп жатқандықтан, большевиктер үкіметі кеңестік Венгрияға көмек бере алмады.
Венгрияның Дунайдың сыртындағы оңтүстік аудандарында кеңестік үкіметті жақтамаған топтар жиналып, Сегед үкіметін құрған болатын. Бұл үкіметтің жеке әскер бөлімдері болды, оны адмирал Миклош Хорти басқарды. Будапештгегі И.Фридрих үкіметін Антанта мойындамай қойды, ол да биліктен кетуге мәжбүр болды. Билік адмирал М.Хортидің қолына тиді. 1920 ж. Ұлттық жиналыс Венгрияда монархияны қалпына келтіру туралы шешім қабылдады да, 1 наурызда Хорти регент — Венгрия корольдігінің билеушісі болып сайланды. Регентке парламешті шақыру және тарату, заңдарды дайындау, әскердің бас қолбасшысы болу құқығы берілді. Хорти өкіметі елде жаппай жазалау жүргізді: 6 мың адам қаза тапты, 70 мың адам түрмеге түсті, 100 адам шет елге кетті. 1926—1932 жж. жалпыға бірдей сайлау құқығы және басқа негізгі демократиялық құқықтар мен бостандықтар жойылды. Венгрия екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Германияның одақтасына айналды.
ХХ ғ. 20 ж. Еуропа және Америкадағы буржуазиялық реформалар
Лекция жоспары:
1. Англия, Франция және АҚШ – тағы революциялық өрлеу.
2. Англиядағы буржуазиялық реформалар.
3. Франциядағы буржуазиялық реформалар.
4. АҚШ-тағы буржуазиялық реформалар.
Әдебиеттер:
1. Историография новой и новейшей истории стран Европы и Америки. М., 1977.
2. Язьков Е.Ф. История стран Европы и Америки в новейшее время: 1918–1945. М., 1998.
3. С.М. Мәшімбаев. «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы». А.,2005.
4. Т. Дәуірбаева «Европа мен Америка елдерінің тарихы (1918-1990). Түркістан, 2004.
5. О.С.Сороко-Цюпа, В.П. Смирнов, А.И. Строганов, Г.Д. Сүгірбаева.«ХХ ғасырдағы дуние жүзі. А. 2005.
6. Көкебаева Г.К. «Халықаралық қатынастар тарихы» Хрестоматия 1-бөлім, Алматы, 1997 ж.
7. Көкебаева Г.К. «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» (1918-1945жж) Алматы, 2002 ж.
1. Англия, Франция және АҚШ – тағы революциялық өрлеу.
Еуропа елдерінде соғыстан кейінгі бейбіт өмірге оралу ұзаққа созылды. Бітім жөніндегі келісімдерге қол қойысу, күйреген империялар коқсығында жаңа мемлекеттердің құрылуы, әлеуметтік қозғалыстардың толастауы, кеңеске қарсы басқыншылықтың тоқтатылуы мен Батыстың Кеңестік Ресеймен қарым-қатынастарының қалыпқа келуі тұрақтылыққа жол ашты. Өмірдің қалыпқа түсу процесі басқалардан гөрі жеңімпаз елдерде ертерек байкалды. АҚШ, Англия, Франция, Скандинавия елдері экономикаларын бейбітшілік арнасына бұруды аяқтап, 1929—1933 жж. экономикалық дағдарыстарға дейін созылған экономикалық өрлеу жолына түсті.
Экономиканы қалпына келтірудің ерекшеліктері. Еуропа елдерінің шаруашылық өмірін қалпына келтірудің ең маңызды шарты соғыстан кейінгі инфляцияны ауыздықтау, ұлттық валюталардың, ең алдымен 1924 жылға дейін берекесі кеткен Германия валютасының тұрақтылығын қалпына келтіру болды.
Дауэс жоспары. 1924 ж. америкальщ банкир Дауэс басқарған арнайы халықаралық комитет халықаралық несие-қаржы және сауда қатынастарын қалпына келтірудің стратегиялық жоспарын қабылдады. Жоспардың мазмұны несиелердің көмегімен Германия экономикасын қалпына келтіру болды. Бұл оған Англия, Франция және басқа да елдерге соғыс шығындарын өтеуге, ал оларға өздерінің АҚШ-қа қарыздарынан құтылуға мүмкіндік берді. Капиталдың бұл айналымы валюталардың алтын стандартына көшумен бірігіп, экономиканы қалпына келтірудің алғышартына айналды.
Құрылымдылық қайта құру. 20-жж. жетекші капиталистік елдердің экономикасында маңызды құрылымдық өзгерістер орын алды, соғыс кезіндегі қираушылықтар қалпына келтіріліп, өмірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайлар бірсыпыра жақсартылды. Автомобиль, электротехника, химия өнеркәсіптері сияқты жаппай өндіріс салалары алдыңғы қатарға шықты. Жаппай өндірістің жаңа техникалық деңгейі автомобиль конвейері, стандарттау, типтік бөлшектерді кеңінен қолдану, еңбек процесстерінің қарқынын арттыру мақсатымен оларды басқару мен ұйымдастырудың тиімді әдістерінен көрініс тапты. Мұның барлығы еңбек өнімділігін, өндірістің тиімділігі мен табыстылығын арттыруға мүмкіндік берді.
20- жж. екінші жартысында барлық капиталистік елдер өндірістің соғыстан бұрынғы деңгейін калпына келтіріп қана қоймай, оны басып озды. Әсірісе АҚШ экономикасы аса жедел дамыды. Соғыстан бұрынғы деңгеймен салыстырғанда халыкаралык сауда үштен бір есе артты. Ол жылдардағы "просперити" деген американ сөзі экономиканың дағдарыссыз даму дәстүрінің келгеніне сену мен болашаққа үмітпен қараушылықты білдірді.
Капиталистік дүниенің экономикалық дамуы біркелкі болмады. Егер АҚШ, Франция, Германия салыстырмалы тез қарқынмен дамыса, Англия, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінің көпшілігі даму қарқыны жөнінде артта қалды.
Капиталистік дүниедегі экономикалық, тұрақтылық берік болмай шықты. Оның ең осал жері 20-ж. соңында өсе бастаған тауарларды жаппай өндіру мен халықтың төлем қабілеттілігінің төмендеуі арасындағы айырмашылық болды. Бейнелей айтсақ, 30-жж. автомобиль конвейерлерінің соңында бұрынғыдай тынымсыз сатып алушылар кезегі артта қалды. Тауарлар өтпей, қоймаларда жиналып, сауда дағдарысы келе жатты. Одан жарнамалар, несие беру, кейін төлеу де сақтай алмады. 1929 ж. 24 қазанында Нью-Йорк фондалық биржасында үрей басталды, жұрттың барлығы өз акцияларын сатуға ұмтылды. Сөйтіп, салыстырмалы гүлдену дәуірі аяқталды. АҚШ-тың соңынан бүкіл капиталистік дүние дүниежүзілік экономикалық дағдарыс тереңіне енді.
20 жж. саяси дамудың ерекшеліктері. Бірінші дүние-жүзілік соғыс Еуропалық қоғамның негіздерін түбімен шайқалтты. Соғыс аяқталған соң ұзамай-ақ шыққан О. Шпенглердің "Еуропаның ақыры" деген кітабы көп мәселелерде уайымшылдық пен мұраттардың қирағандық көңіл күйіне сәйкес келді. Революциялар, саяси дағдарыстар, халықтың қайыршылануы үкіметтерден, саяси партиялардан жаңа саяси бағытқа түсуді талап етті. Социал-демократиялық партиялар Еуропаның саяси тарихында тұңғыш рет үкімет басқарып, басқа саяси партиялармен билеуші одақтарға енді. Олардың қатарларында 6 млн. аса мүше болды, оларға ондаған миллион сайлаушылар дауыс берді. Социал-демократтардың ықпалының артуына, партиялардың негіздерінің кеңеюіне соғыстан кейін барлық Еуропа елдерінде жалпыға бірдей сайлау құқын енгізу себеп болды. Бұл құқықты соғысқа дейін онымен пайдаланбаған әйелдер де алды.
20-жж. саяси күресте әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін білдіруші баспасөздің рөлі арта түсті. Радио, кинематограф аса қуатты ақпарат құралдарына айналды, "бұқаралық мәдениет", көпшілік қойылымдар мен көрілімдер (хоккей, дансингтер, концерттер т. б.) пайда болды. Қоғамдағы реформашылдық көзқарастардың артып, әлеуметтік қозғалыстардың толастауына "халықтық", дағдарыссыз капитализм идеяларын насихаттау әсер етті.
Тұрақтылық пен реформаларға ұмтылушылық тек қалыптасқан дәстүрлі парламент жүйелері бар елдерге (Үлыбритания, АҚШ, Франция, Скандинавия елдері) ғана тән құбылыс емес еді.
20-жж. демократияландыру, реформалар қоғам өмірінде жұмысшы және демократиялық қозғалыстар маңызды рөл атқаратын, мемлекеттік басшылыққа ықпал етуге және қоғамдағы бүлікшіл күштерге қарсы тұруға қабілетті салиқалы реформашыл орта қалыптасқан жерлерде өтіп жатты. Осал орталық оқиғалардың шиеленіскен жағдайында Италиядағыдай оңшыл экстремистік күштердің, Ресейдегідей солшыл радикалдардың билік басына келуіне тосқауыл қоюға дәрменсіз болып шықты.
Авторитарлық режимдерді орнатуға ұмтылушылық Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінде (Венгрия, Болгария, Грекия, Албания) орын алды. "Солға" және "оңға" ауытқушылық мемлекеттік құрылыстағы демократиялық жүйелер орнаған елдерде орын алды.
АҚШ 20-жж. гүлденудің американдық үлгісі. Соғысқа ең соңынан кірісіп және соғыс қимылдары театрларынан қашықта орналасқан АҚШ-тың адам шығыны ең азы болды, оның үстіне соғысқа қатысқан ел бизнесі орасан көп пайда тапты. АҚШ Еуропаға қарыздардан несие берушіге айналып шыға келді. АҚШ жаңа техника мен технологияның саласында таңқаларлықтай табыстарға жетті. Тұңғыш рет Генри Форд енгізген конвейер жүйесі 1913 ж. Мичигандағы автомобиль зауытында машинаны жинау уақытын 14 сағаттан 1,5 сағатқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Таскынды өндіріс басқа салаларға да енгізілді. Кіржуғыш машиналарды, тоңазытқыштарды, фотоаппараттарды, радиоқабылдағыштар мен ойнатқыштарды жаппай шығару басталды. 20-ж. соңында әрбір екінші американдықтың радиоқабылдағышы болды. Жолаушылар таситын әуе көлігінің дәуірі басталды. 1927 ж. Чарльз Линдберг монопланмен 33 сағат ішінде Атлант мұхиты арқылы ұшып өтті. Кино актерлері Мэри Пикфорд, Чарли Чаплиндердің атағы әлемге жайылды. Журналистер 20-жж. әртүрлі-"актерлер ғасыры", " джаз ғасыры ", гүлдену он жылдығы, тағы басқа деп атап, мақтанып жатты.
Шын мәнісінде АҚШ қарама-қайшылықтар елі болды. Экономикалық дамудың орасан қарқыны, ғылым мен техниканың ең соңғы жаңалықтары, тұрмыстың түгелдей өзгеруі 20-жж. барып тұрған саяси кертартпалықпен, экономикалық либерализм идеяларының салтанат құруымен, "тасмаңдай өзімшілдікпен" ұштасып жатты.
Бұл Еуропадағы революциялық оқиғаларға консервативтік-корғаныс тұрғысынан жауап болды. Бизнес соғыстан бұрынғы "қалыптылыққа" оралуды, ең алдымен мемлекеттік реттеу мен тәртіптеу шаралары мен кәсіпкерлердің ісіне араласуды жоюды талап етті. АҚШ-тың экономикалық жағдайы мен реформалар және мемлекеттік реттеу үйреншікті әдетке айналған Еуропа елдерінің арасындағы принципиалды айырма, міне, осында еді.
2. Англиядағы буржуазиялық реформалар.
Республикалық парламенттік құрылыс бірнеше жылдар бойына қиыншылықпен дүниеге келген Германиямен салыстырғанда Ұлыбританияда саяси процесс дәстүрлі парламентаризмнің конституциялық шеңберінде өтіп жатты. Соғыста жеңіп шыққанымен, елде өз қиыншылықтары жеткілікті болды. Соғыстан шеккен зардаптар айтарлықтай еді. Несие берушіден АҚШ пен өзінің доминондарының борышкеріне айналды. 1920—1921 жж. экономикалық дағдарыс өндірістің, сыртқа шығару мен сырттан тасудың қысқаруына, жұмыссыздықтың өсуіне әкеп соқты. Ереуіл қозғалысы қанат жайды. Бірақ Ұлыбританияда бүлік не көтерілістер орын алған жоқ, елдегі өзгерістер біртіндеп, эволюциялық жолмен өркениетті түрде өтіп жатты.
Англияда көптеген онжылдықтар бойына парламенттік сайлаулар нәтижесінде мемлекетті басқару тетігі алма-кезек консерваторлар мен либералдардың қолында болып келді. Саяси маятниктің бұл жүйесі қоғамда тұрақтылық орнатты.
1919 ж. дейін лейбористердің айқын бағдарламалары болмады. Енді партияның жарғысында маңызды 4 пункт болды. Онда партия коғамдық меншікті қолдайды деп көрсетілді. Бұл социалистік принцип ретінде қабылданып, қалың халық бұқарасының арасында партияның беделін көтерді.
Англиядағы саяси күштердің жаңа арасалмағы 1918 ж. және 1923 ж. сайлаулардың қортындысына көрініс тапты. Лейбористер 1918 ж. парламентке өздерінің 60 өкілін өткізіп, тұңғыш рет либералдарды үшінші орынға ығыстырып, екінші орынға шықты. 1923 ж. парламент сайлауында лейбористер 4,3 млн. дауыс алды (1910 ж. салыстырғанда 11 еседей көп). Сөйтіп, 20-жж. басында лейбористер Ұлыбританияың саяси жүйесінде екінші партия есебінде орын тепті. Бұл ертелі-кеш лейбористер үкімет құрады деген сөз еді. Жорамал күткен уақыттан ертерек іске асты.
1924 ж. қаңтарда премьер-министр С.Болдуин сенімсіздік білдірілгеннен кейін (яғни үкімет саясатына қарсы дауыс беру) кабинеттің орнынан түсетіндігін мәлімдеді. 1924 ж. 23 каңтарында лейбористердің басшысы Р. Макдональд Ұлыбританияның тарихында тұңғыш рет лейбористік үкімет құруы Қауымдар палатасында көпшілікке ие бола алмағандықтан, бұл үкімет көп өмір сүре алмады, бірак бір жылға жетер-жетпес уақыт ішінде жұмыссыздар мен зейнеткерлердің жағдайын жақсартуға бағытталған бірсыпыра шараларды іске асырып үлгерді. Мезгілінен бұрын өткізілген келесі сайлауда жеңіске консерваторлар ие болды.
20-жж. британ экономикасының қалпына келтірілу қарқыны баяу болды. Бұған оның құрылымдылық өзгерістерінің біркелкі еместігі себеп болды. Автомобиль, электротехника, химия өнеркөсіптері сияқты ал-дыңғы катарлы салалар едәуір жылдам өркендегенімен, кеме жасау, көмір өнеркәсібі сияқты дәстүрлі салалар тоқырауда болды. Британ капиталы сыртқы экспансияны артық көрді.
1926 ж. Англияның тарихындағы ең ірі жанжал орын алды, елдің жұмысшы табының жаппай ереуілі басталды. Бұл ереуіл 1929 ж. кезекті сайлаудың қортындыларына әсер етпей қоймады. Лейбористер тұңғыш рет қауымдар палатасында консерваторлардан көп орын алып, екінші лейбористік үкімет құрды.
3. Франциядағы буржуазиялық реформалар.
Франция дүниежүзілік соғыстан жеңімпаздар қатарында шықты. Германияны жеңгеннен кейін елде шовинистік рух белең алды. Әртүрлі бағыттардағы баспасөз француздарды: "бәрі үшін неміс есептеседі", — деп сендірді. 1919 ж. қарашадағы сайлау кезінде ұлтшылдық пен "большевизм" қауіпімен қорқыту басым болды. Оңшыл буржуазиялық партиялардың тобының негізінде Ұлттық одақ құрылды. Оған радикалдар мен республикашылдар партиялары және француздың көппартиялық саяси жүйесіне тән басқа да топтар келіп қосылды. Социалистік партия жападан жалғыз қалды. Ұлттық одақ сайлауда дауыстың үштен екісін алды. Бұл Францияның оңшыл күштерінің ең жоғарғы көрсеткіші еді. Үкіметті соғыстан бұрын социалистерден қол үзген А. Мильеран басқарды.
Франция 30-жж. ортасына дейін әлеуметтік заңдар шығару саласында бір адым да алға жылжымады. Осы кезде елдегі әлеуметтік жағдай шиеленісе түсті. Халық қымбатшылыққа, миллитарландыруға, Францияның басқыншылық саясатына және кеңестік Ресейге қарсы интервенцияға наразылық білдірді. 1919 ж. өткен 2,2 мың ереуілге 1,2 млн аса адам қатысты.
Жұмысшы қозғалысының сол қанатының өкілі социалистік партия болды. Партия шеңберінде осы кезде солшыл, орта және реформашылдық ағымдардың күресі жүріп жатты. 1920 ж. желтоқсанында Түр қаласында өткен социалистердің ұлттық съезінде ағымдардың жіктері ашылды. Делегаттардың жартысынан көбі Коммунистік Интернационалға қосылуды жақтады. Олар Францияның коммунистік партиясын құрды. Делегаттардың екінші бөлігі Социалистік партияның құрамында қалды.
Франциядағы саяси күштердің арасалмағын өзгертудегі бетбұрыс Пуанкаренің Рур авантюрасы болды. 1923 ж. қаңтарында герман репарациясы есебінен кемір жөнелтудің тоқтатылуына байланысты француз-бельгия әскерлері Рурға басып кірді. Бұл оқиға Франция мен Германияда саяси дағдарыстың шығуына себеп болды. Француз буржуазиясының авантюристік бағыты, Еуропада үстемдік етуге ұмтылуы, сыртқы саясатқа әскери күш пайдалануда құмарлық, елді милитарландыруға жасалып жатқан шаралар саяси күштердің жіктерінің ашылуына алып келді. Ұлттық одақ ыдырай бастады.
Үкіметке қарсы шыққан радикалдар мен радикал-социалистердің топтары саяси партиялардың жаңа одағын — Солшыл блокты құру қажеттілігін белсенді түрде насихаттады.
Рурды басып алуға және Пуанкаренің саясатына коммунистер, социалистер және кәсіподақтар батыл түрде қарсы шықты. Бірақ ФКП-ның бұл күрделі саяси күрестегі ұстанымдары сектанттық сипатта болды.
1924 ж. қаңтарында болып өткен ФКП съезі сайлау алаңындағы бағдарламасына "Ұлттық одақ жойылсын, Солшыл одақ та жойылсын, олардың екеуі де — капитал қолшоқпары!" — деген ұран енгізді. Франция коммунистері жұмысшы-шаруа одағын құруға шақырды, жұмысшы — шаруа үкіметінің коминтерндік ұранын көтерді.
Социалистік партия басқаша әрекет жасады. Социалистік партияның 1924 ж. маусымында өткен төтенші съезі солшыл одақ идеясын қолдауға шешім қабылдады. Депутаттар палатасының сайлауы 1924 ж. мамырында өтті. Ұлттық одақтың партиялары оңбай жеңіліс тапты. Солшыл одақ жеңіске жетті. Солшыл одақ депутаттар палатасында 328 мандатты иеленді. Ұлттық одақ 199, аса оңшыл социалистер — 29, коммунистер — 29 мандатқа ие болды.
1924 ж. Солшыл одақ үкіметі құрылды. Оған радикалдар мен социалистік партиялардың өкілдері кірді. Солға бетбұрыс жасауына байланысты радикалдар күштерін жинап, Францияның саяси өмірінде солшыл буржуазиялық партия ретінде маңызды орын алды. Солшыл одақ үкіметі 1926 ж. дейін билік басында болды. 1926 ж. сайлауда олар жеңіліс тауып, билік басына жаңа одаққа — Ұлттық бірлестікке енген оңшыл күштер келді. Оларға радикалдар қосылды. Одақтың саясат француздың көппартиялық жүйесінің ХХ-шы ғ. басындағы ерекшелігіне айналды.
4. АҚШ-тағы буржуазиялық реформалар.
Cоғысқа ең соңынан кірісіп және соғыс қимылдары театрларынан қашықта орналасқан АҚШ-тың адам шығыны ең азы болды, оның үстіне соғысқа қатысқан ел бизнесі орасан көп пайда тапты. АҚШ Еуропаға қарыздардан несие берушіге айналып шыға келді. АҚШ жаңа техника мен технологияның саласында таңқаларлықтай табыстарға жетті. Тұңғыш рет Генри Форд енгізген конвейер жүйесі 1913 ж. Мичигандағы автомобиль зауытында машинаны жинау уақытын 14 сағаттан 1,5 сағатқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Тасқынды өндіріс басқа салаларға да енгізілді. Кіржуғыш машиналарды, тоңазытқыштарды, фотоаппараттарды, радиоқабылдағыштар мен ойнатқыштарды жаппай шығару басталды. 20-ж. соңында әрбір екінші американдықтың радиоқабылдағышы болды. Жолаушылар таситын әуе көлігінің дәуірі басталды. 1927 ж. Чарльз Линдберг монопланмен 33 сағат ішінде Атлант мұхиты арқылы ұшып өтті. Кино актерлері Мэри Пикфорд, Чарли Чаплиндердің атағы әлемге жайылды. Журналистер 20-жж. әртүрлі-"актерлер ғасыры", " джаз ғасыры ", гүлдену он жылдығы, тағы басқа деп атап, мақтанып жатты.
Шын мәнісінде АҚШ қарама-қайшылықтар елі болды. Экономикалық дамудың орасан қарқыны, ғылым мен техниканың ең соңғы жаңалықтары, тұрмыстың түгелдей өзгеруі 20-жж. барып тұрған саяси кертартпалықпен, экономикалық либерализм идеяларының салтанат құруымен, "тасмаңдай өзімшілдікпен" ұштасып жатты. Бұл Еуропадағы революциялық оқиғаларға консервативтік-қорғаныс тұрғысынан жауап болды. Бизнес соғыстан бұрынғы "қалыптылыққа" оралуды, ең алдымен мемлекеттік реттеу мен тәртіптеу шаралары мен кәсіпкерлердің ісіне араласуды жоюды талап етті. АҚШ-тың экономикалық жағдайы мен реформалар және мемлекеттік реттеу үйреншікті өдетке айналған Еуропа елдерінің арасындағы принципиалды айырма, міне, осында еді.
Еңбекақыны көбейту туралы кәсіпорындардың ұсыныстарын, соғыстан кейінгі ереуілдер тасқынын бизнес большевизм мен революция қаупі деп түсінді. Осыдан келіп анархистердің үкіметті құлату туралы жоспары жайлы қауесет тарады. 1919—1920 жж. орын алған жеке террор актілері "қызыл қауіп" туралы байбалам науқанын қыздыра түсті. Екі итальяндық келімсек Никола Сакко мен Барталемео Ванцетти зауыт күзетшілерін өлтірді деген жалған айыппен өлім жазасына кесілді. Ку-клукс-клан ұйымдары өз әрекеттерін белсендіре түсті. Оңтүстіктің біраз штаттарында Таурат қағидаларына қарсы келетін ғылымдарды оқытуға тыйым салынды. Мектеп оқытушысы Джон Скопс Чарльз Дарвиннің эволюциялық теориясын оқытқаны үшін айыпталып, сот жазасына кесілді (маймыл процесі).
Жүгенсіз кеткен баю әрекеттері мен биржа алып-сатарлығының екінші, көлеңкелі жағы болды. Кейбір конгресс пен үкімет мүшелерінің сыбайластық жемқорлыққа қатысына байланысты жанжалдар елдің саяси өмірін дүр сілкіндірді. Президент Гардингтің өзіне де осындай айыптар тағылуы мүмкін еді, бірақ ол 1923 ж. тамызда сал ауруынан қайтыс болды. Жоғарғы сот кәсіпкерлердің мүдделеріне қысым жасаған кейбір заңдарды конституцияға сай келмейді деп жариялады. Мысалы, 1919 ж. қабылданған 14 жасқа дейінгі балалардың еңбегін пайдаланған кәсіпкерлерге ерекше салық салу туралы заң 1922 ж. бұзылды. Колумбия округіндегі әйелдер мен балалар еңбегіне ақы төлеудің шегі туралы заң да осы күйге ұшырады. Соттар ереуілдерді тоқтату және кәсіподақтарды жазалау туралы ескертулерді оңды-солды беріп жатты.
Қылмыстың көбеюі, сыбайлас жемқорлық, жасырын бизнес тез өсіп келе жатқан қалаларда, әсіресе ірі өндіріс орталықтарында адамдардың өміріне үлкен қауіп туғызды. Жасырын бизнес, оның ішінде рэкетпен, спирт ішімдіктерін, есірткілер сатумен тұтас синдикаттар айналысты. Ал Капоненің қарақшылық синдикаты бүкіл Чикагода билік жүргізілді. Әрбір кішігірім қалашықтардың әрқайсысының да өз ал капонелері болды.
Америкалық гүлдену мен жетекші капиталистік елдердің экономикасының бір осал жері болды: жаппай өндіріс тұтыну рыногінің тиісті сұранымы мен кәлетіне арқа сүйемеді. Төмен еңбекақы ертелі-кешті өткізу дағдарысын тудыратыны белгілі. Американдықтар ойлап шығарған "Жарнама оған қоса несие-өмірлік гүлдену" формуласы артық өндіру дағдарысының басталуын біршама уакытқа кідіртті, бірақ несие деген ол-қарыз ғой, сондықтан да оны ертелі-кеш қайтару керек. 1929 ж. 24 қазанда Нью-Йорк биржасындағы биржалық апат АҚШ-тан кейін бүкіл капиталистік дүниені қамтыған аса терең экономикалық дағдарыс кезеңінің бастамасы болды.
Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс
Лекция жоспары:
1.1929—1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың басталуы және ерекшеліктері.
2. Дағдарыстан шығу жолдарын іздеу. Кейінстің теориясы.
Әдебиеттер:
1. Историография новой и новейшей истории стран Европы и Америки. М., 1977.
2. Язьков Е.Ф. История стран Европы и Америки в новейшее время: 1918–1945. М., 1998.
3. С.М. Мәшімбаев. «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы». А.,2005.
4. Т. Дәуірбаева «Европа мен Америка елдерінің тарихы (1918-1990). Түркістан, 2004.
5. О.С.Сороко-Цюпа, В.П. Смирнов, А.И. Строганов, Г.Д. Сүгірбаева.«ХХ ғасырдағы дуние жүзі. А. 2005.
6. Көкебаева Г.К. «Халықаралық қатынастар тарихы» Хрестоматия 1-бөлім, Алматы, 1997 ж.
7. Көкебаева Г.К. «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» (1918-1945жж) Алматы, 2002 ж.
1. 1929—1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың ерекшеліктері.
Дағдарыс 1929 ж. қазандағы Нью-Йорк фондылық биржасында миллиондаған акциялардың бағасының миллиардтаған долларға кеміп кетуіне байланысты үрейден басталды. Бұл бағалы кағаздар рыногінің апатқа үшырауы еді. Акциялармен биржалық; алып-сатушылык және олардың курсы 1928—1929 жж. экономикалык серпіліс кезіндегідей жасанды түрде асыру осындай салдарға алып келетіні күмәнсіз еді. Бірақ биржа апаты терең экономикалық дағдарыстың тек сыртқы көрінісі ғана болды.
Экономикалық циклдін міндеті кезеңі болып табылатын экономикалық дағдарыстардың ең басты себептерінің бірі — өндіріс пен тұтыну арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы болып табылады: шығарылған тауарлар рыногындағы ұсыныс оларға деген төлем қабілеті — сұраныстан асып кетеді. Тауарлар жатып қалмасын деп өндірушілер әдетте дағдарыс кездерінде бағаны кемітеді, өндірісті азайтады, жұмысшыларды қысқартады, капитал салымын кемітеді. Өндірісті рыноктің таралғын көлеміне дейін теңестіру циклдік дағдарыстан автоматты түрде шығудың алғашқы адымы болып табылады. Бұл бұрын болған экономикалық дағдарыстарға тән көрініс болатын. Бірақ 1929—1933 жж. экономикалық дағдарыс ерекше болды.
Дағдарыстан шығудың автоматтык механизмінің "істемей қалуы" көп жағдайда капиталистік шаруашылықтың құрылымының өзгерістерімен байланысты болды. Капитал мен өндірістің аса ірі бірлестіктерде шоғырлану ірі бірлестіктерге олардың өндіріске монополиялықтарына байланысты бағаны төмендетпей, бір мезгілде өндірісті қысқартуға мүмкіндік берді. Дағдарыстың аса ұзақка созылуы (кей елдерде бес жыл бойына) дағдарыстан автоматты түрде шығудың дәстүрлі рыногтік мехаиизмінің бұл жағдайда істемейтіндігін сол себепті мемлекеттік реттеу механизмімен толықтырылуы тиіс екендігін көрсетті. Халықаралық тауар алмасу процестеріне кедергі келтірген қолдаушылық саясаты да дағдарыстан шығуды қиындатты.
XX ғ. бірінші үштігінде жасалған жана техника мен технологияның жаппай өндірісті қамтамасыз етуге мүмкіншіліктері бар болатын. АҚШ-та жана дәуірдің белгісі автомобиль шығару болды. Жаппай өндірісті бастау үшін жаппай сатып алушы, жаппай тұтынушы қажет 1929—1933 жж. дағдарыста дәл осы өндіріс пен тұтынудың, ұсыныс пен сұранымның арасындағы сәйкессіздік көрініс тапты.
Ақырында, дағдарыс бұрын болып көрмеген мөлшерде тұрақты жаппай жұмыссыздық туғызды, миллиондаған адамдар үшін аштық бүліктер мен көтерілістер қаупін төндірді, яғни әлеуметтік мәселелер шиелеінісе түсті.
Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың аса маңызды ерекшелігі циклдік дағдарыстың ұзақ мезіргідік құрылымдық дағдарыспен тура келуінде болды. 30-жж. циклдік экономикалық дағдарыс әдетте әрбір 10—15 жылда бір peт келетін құрылымдық дағдарысқа тура келді. Орыс ғалымы Н.Д.Кондратьев 20-жж. өзінде-ақ экономикалық дамудағы "үлкен циклдер", немесе "ұзын толқындар" теориясын тұжырымдаған болатын. XX ғ. аса ірі экономикалық және саяси сілкіністері экономикадағы "ұзын толқындар" теориясының дұрыстығын дәлелдеп берді.
Экономикада "ұзын толқындар" деп ұзақтығы шамамен алғанда 48—55 жылға созылатын экономикалық белсенділіктің оқтын-оқтын ауытқып тұруын айтады. Мұндай жартығасырлық аралық келетін кезендерде индустриялық қоғамның техникалық және технологиялық негілі жанарып, бұл құбылыс капиталистік өркениеттің басты-басты экономикалық аймақтарының шаруашылықтарының барлық салаларын қамтиды. Мұндай циклдер XVIII г. 80-ж. соңы мен 90-шы жж, басынан басталған болатын. Сол кезден бастап батыс елдері төрт "ұзын толқындарды" бастарынан өткізді, олардың әркайсысының бірінші жартысында конъюнктураны арттыратын кезеңі болса, соңынан төмендетін кезеңі болады. Арттыратын және төмендететін кезендердің түйіскен жеріннің үлесіне әлеуметтік сілкіністердің көп бөлігі (соғыстар, революциялар, аса ірі әлеуметтік-саяси қақтығыстар) келеді. Бұл үлкен циклдердің шеңберлері шамамен мына төмендегідей: 1780 ж. соны — 1840 ж.; 1840 ж. соны — 1890 ж.; 1890 ж. соны — 1940 ж. басы; 1940 ж. басы — 1982—1985 жж. Сөйтіп, XX г. екі толық "ұзын толқындар" орын алды, ал 1980 жж. басталған бесінші "ұзын толқындар" немесе кезең XXI г. аяқталмақшы.
1914—1945 жж. аралық кезен конъюнктураның төмендеу кезенің қамтилы. Бұл уақыт ішінде екі дүниежүзілік соғыс, 30-жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыс, Ресей мен кейбір еуропалык елдердегі революциялар, Еуропадағы тоталитарлық және авторитарлық режимдердің орнауы секілді оқиғалар орын алды. Бұл кезеңді дүниежүзі тарихында ең ірі омырылу, либералдық демократияның терең дағдарысы және еуропалық өркениеттің өзін-өзі жойып жіберу қаупі деп қарастырған жөн. Соғыс аралық онжылдықтар мен екі дүниежүзілік соғыстың күйзелістерінен шығу жолдарының қиындығы мен қарама-қайшылықтығы, міне, осында болды.
2. Дағдарыстан шығу жолдарын іздеу. Кейінстің теориясы.
Экономистер дағдарыстан байқау және қателіктер әдісі арқылы да, теория көмегімен де шығу жолдарын іздестірді. Әp түрлі көзқарастар тоқырасты (әлеуметтік рыноктік шаруашылықтың либералдық теорияларынан шаруашылықты бір орталықтан жоспарлау мен бөлудің тоталитарлық және социалистік теорияларына дейін). Бұл ізденістерде ен үлкен табыс ағылшын экономисі Дж.М.Кейнстің үлесіне тиді. Ол өзінің теориясының негізін "Жұмыспен қамту, пайыз және акша теориясы" (1936) кітабында баяндалы.
Кейнсшілдік ең алдымен үкіметтер мен кәсіпкерлердің экономикалық стратегиясын өзгертуді көздеді. Кейнс жағдайды дұрыс бағалады: жаңа өндірушілік мүмкіншіліктер жаппай өндіріс өнімдерін тұтынуда қоғамның мүмкіншіліктерінің шектелгенлігіне тап болды. Мұндай жаппай өндіріс үйлесімді және тұрақты даму үшін оған жаппай тұтыну мүмкіншілігі сай келуі керек. Халықтың қайыршылығы және еңбек ақыны төмендету жолымен "тер сығып алу" жағдайында, яғни сатып алушылық қабілетін төмендету жолымен тауарлардың салыстырмалы артықтығы тұйығынан шығу мүмкін емес еді. Бұл тұйықтан шығудың бір-ақ жолы болды, ол еңбек ақыны арттыру жолымен (Кейнсше "тиімді сұраныс") еңбекшілердің сатыпалушылық қабілетін арттыру немесе қорлардың артығын қоғамдық тұтынуға, қоғамдық жұмыстар шығындары аясына, қызметтерге, ағарту ісіне (мемлекеттік шығындар арқылы) аудару жолы еді. Екінші нұсқа милитарландыру болды. Кейнс тұтыну көлемін, жалпы сұранысты мемлекеттік шығындарды ұлғайту жолымен арттыруды ұсынды. Мұндай бағытты тіпті мемлекет қарыздарын ұлғайту жолымен де жүргізу қажет деп санады. Бұл өндірістің құлдырауына және тауарлардың жатып қалуына бөгет болып, бір мезгілде қаржыларды аса жоқшылық көріп отырғандардын пайдасына қайта бөлуге, қоғамдық жұмыстар ұйымдастыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берер еді. Осы жолмен жұмыссыздықты азайту, тіпті толық жұмыспен қамтамасыз ету мәселесін де шешуге мүмкін еді.
Кейнс экономиканы дағдарысқа қарсы реттеу жөнінде бірнеше нақтылы шаралар ұсынды. Ол мемлекеттік шығындарды азайту немесе арттыру, экономикалық конъюнктураға байланысты салықтар мен банк пайыздарын кеміту немесе көбейту арқылы экономиканы жалпы мемлекеттік реттеу (макрореттеу) механизмін жасады. Дағдырыс жағдайында "сұранысты қампиту", яғни өндірісті ынталандыру мақсатында мемлекеттік шығындарды арттыру, салық пен банк пайызын азайту, ал экономиканың "қызып кеткен" және инфляция жағдайында шығындарды азайту, салықтарды және банк пайызын көбейту ұсынылды. Мемлекеттік реттеудің бұл шаралары "тоқта-жүре бер" ұстанымы леген аталды.
Дағдарыстан шығу жолдары. Тоталитаризим немесе демократия? Мемлекет пен мемлекеттік реттеудің рөлі туралы мәселе экономикалық дағдарыс пен әлеуметтік күйзелестерден шығу жолдарына байланысты мәселелер шумағымен қоса өрілген болатын.
Сайып келгендс, барлық пікір-таластырдың ұшы ең басты мәселеге мемлекет пен азаматтық қоғамның, мемлекеттік және жеке меншіктердің, мемлекеттік реттеу мен рыноктың рөліне келіп тірелді. Тіпті дарашылдық пен дәстүрлі либерализм идеяларының тамырлары тереңге кеткен американ қоғамынын өзінде де мемлекеттік реттеу мәселелері буржуазияшыл саясаткерлер мен экономистердің, кәсіпкерлердің назарын өзіне аудара бастады. Ал Еуропада өткен ғасырдың соңында-ақ марксистік емес саяси экономия мемлекеттік реттеу мен экономикаға араласудың маңызды рөл атқаратындағын дәлелдеген болатын.
Бұл мәселе сол кездің басты идеялық-саяси қайшылығы — мемлекет пен тұлға, мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы қатынастар турасында принциптік түрде қарама-қарсы түсініктерді ұстанған тоталитаризм мен либералдық демократия арасындағы келіспеушілікке байланысты болды. Бұл өмірлік маңызы бар мәселерден алыс жай ғана теориялық пікір-талас емес еді. Бұл XX ғ. саяси тарихының арқауын қурайтын тотаритализм мен демократия арасыидағы күрестің мазмұны болды.
Саяси режимдерді саралау
Негізгі типтері Саралау негіздері
1 2 3
Демократиялық Саяси партиялықтың бар екендігі, олардың ішкі құрылысы және пяртия жүйесінде өзара қатынастырының ұстанымы Азаматтарды саясатқа және қоғамдық процестерге тарту дәрежесі мен сипаты
Антидемократиялық Басқару мен өзін-өзі басқарудың арақатынасы, жергілікті билік орындарының саяси процестердегі ролі үшін ашықтығы Билік органдарының жұмысындағы жариялылықтын деңгейі, олардың қоғамдық пікір тарапынан бақылау мен әсер ету
Тоталитарлық Армияның полицияның, арнайы қызметтердің қоғмның саяси өміріндегі орны Әртүрлі мүдделерді білдіруге және іске асыруға, азаматтық қоғамның мемлекеттің қызметтің бақылауға мүмкіндіктердің бар екендігі
Авторитарлық Заң шығарушы, атқарушы және сот биліктерінін бөліну дәрежесі Мемлекеттік органдарды құру тәсілі, басқарушы топтар мен саяси жетекшілерді тандау ұстанымдары
Жеке адамлардың қоғамдағы жағдайы, олардың құқықтары мен бостандықтарының ахуалы Оппозициямен қарым-қатынсатарының сипаты, шиеліністі жағдайларды шешу әдістері
Тоталитарлық режимдердің ерекшеліктері. Екі дүниежүзілік соғыс арасында Еуропада саяси режимдердің негізгі екі түрі өмір сүрді: қоғамдық дамудың авторитарлық-тоталитарлық үлгісі мен либералдық-демократиялық үлгісі.
Тоталитарлық үлгінің толық логикалық шынына жеткен көрінісі алдымен Италияда, кейілірек Германияда (нацизм түрінде) және Испания мен Португалияда (ибериялық нұсқа) орнатылған фашистік режимдер болды.
Тоталитарлық режимдер белгілі бір мақсаттарды: күрделі саяси және экономикалық дағдарыстардан шығу, милитарландыру және соғысқа дайындалу, индустриаландыруды тездету, алдын-ала ойластырған идеологиялық құрылымға сәйкес қоғам мен одақтарды өзгерту үшін құрылды. "Тоталитарлық" ұғымы 20—30 жж. КСРО-да қалыптасқан әкімгершілдік-өміршілдік жүйе мен сталиндік диктатураға да тура келеді.
Тоталитарлық жүйелерге азаматтық қағамды мемлекеттің басып-жаншып, аяқ асты ету құбылысы тән. Б.Муссолини өзінің "Фашизм туралы ілім" деген кітабыңда былай деп жазды: "Фашизм үшін ең жоғары нәрсе мемлекет. Оның алдында жеке адамдар мен топтар нүкте емес. Бұл салада жеке адамдар емес, тек мемлекеттің ғана пікірі шешуші рөл атқарады". Тоталитаризм — либерализмнің демократияның, пікір әралу-андығының, ой мен ұйым бостандығның қас жауы.
Тоталитаризм мемлекіттік реттеудің қоғамдық өмір мен жеке адамдардың іс-әрекеттерінің барлық салаларын қамтығанын жақтайды. Азаматтық қоғамды тотилитарлық мемлекеттің жұтып қоюының эксномикалық негізі - ол рыноктық қатынастарды мемлекеттік-бюрскраттық реттеу, жоспарлау және болумен алмастыру болып табылады. Бұл жағдайда жеке меншік ауқымының тарылатындығы сонша, тұлғаның бостандығы мен еркіндігнің экономикалық негізі жоғалады.
Саяси салада тоталитаризм либералдық-демократиялық режим мен оның институттарының жойылуыл, мемлекеттік-партиялық диктатуранын орнатылғандығын білдіреді.
Идеология саласында фашизм мен нацизм ұлтшылдық шовинистік және социалистік идеялардың эклектикалық қосындысы ретінде демократияға, либерализмін, марксиамге қарсы бағыт ұстады. Бұл теріске шығару және бірмезгілде зорлау мен қорқыту арқылы іске асырылып жатқан "жаңа тәртіптің" қиялдағы тұжырымы негізінде коғамды қайта құрудың утопиялық доктрикасына сену идеологиясы еді.
Экономика саласындя фашизм мен нацизм экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесін құрып, оны милитарландыру мен алдағы соғысқа дайындалуға бағыттады. Фашизм тұсында тап күресін, еңбек пен капиталдың дәстүрлі қарама-қарсы тұруларын мемлекеттік партиялық аппарат аяусыз басып жаныштады. Кәсіподақтар қуып таратылды.
Басқа оңшыл радикалдық күштерден айырмасы фашизм өзіне көпшілік негіз таба білді. Қоғамның кейбір топтарына фашистік идеялар, несілшілдік теория, антисемитизм ұнады, олар материалдық пайда тапты, кейбіреулер фашистік қылмыстарға қатысып, қолдарын қанға бояды. Сонымен бірге фашистік режимдер белсеңді әлеумепік саясат жүргізді. Олар экономиикалық дағдарыстарға тосқауыл қоя алды.
Либералдық-демократиллық режимдер. 30-жж. дағдарыс апаттарынан демократиялық институттарды сақтай отырып шығудың демократиялық жолы ежелден келе жатқан берік демократиялық дәстүрлері бер, саяси мәдеиеті мен қоғамдық қозғалыстары жоғары дамыған елдерге тән болды. Мұндай елдердің қатарына Ұлыбритания, Франция, Скандинавия елдері, АҚШ, Канада, Мексика т.б. елдер жатты. Мемлекеттік реттеу құралдарын пайдаланып және еуропалық демократия мен дәстүрлі либералйзмнің идеялық негіздерін сақтай отырып, бұл елдер мемлекеттің әлеуметгік қызметітерін кенейтті. Бұл ұстанымдар деп отырғанымыз экономикалық доктриналар мен экономикалық өмірге араласпай саясаты емес, заңды жалпыға бірдей және тең қолдануды, мемлекетпен салыстарғанда артықшылықпен пайдаланатын адамдардың негізгі және ажыратылмас құқытарын биліктерін, бөліну принциптерін, сайлаушылықпен парламентеризмдік танитын қоғамдық және саяси идеялар болып табылады. Мемлекетпен азаматтық қоғам, мемлекетпен жеке тұлға арақатынастарына байланысты тоталитарзммен демократияның арасындағы принципиалдық айырмашылықтар осындай еді.
Авторитарлық саяси режимдер. Екі соғыс аралығында орталық және оңтүстік шығыс Еуропада орнаған авторитарлық саяси режимдер аралық сипатта болды. 1940 жыл соңына қарай Гитлер әскерлерінің Францияға басып кіргенінен кейін бейтарап Швеция және Швейцариядан басқа Атлантикадан бастап КССРО шекарасына дейінгі бүкіл Еуропада орналасқан елдерде фашистік немесе автолитарлық режимдер билік құрды. Еуропамен Азияның сол кездердегі карталарына көз жүгіртер болсаңыз ХХ ғ. 40 жж бұл екі құрлықтағы демократия мен бостандық ошақтарын саусақпен санауға болатынын көрер едіңіз.
Халық майданы. Халық майдандарын құру капиталистік елдердің қоғамдық-саяси өміріндегі жаңа құбылыс болды. Халық майданы қозғалысы Францияда, Испания мен Чилиде үлкен табыстарға жетісті, бұл елдерде кең саяси негізде демократиялық біріккен үкіметтер құрылды. Бірақ бұл табыс ұзаққа бармады. 30-жж. соңында бұл қозғалыс өзін-өзі сарықты елдерде бұл қозғалыс онша өріс ала алмады. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында антифашистік бірлік идеясы халықтардың антигитлерлік одағын Біріккен Ұлттарды) құрудан көрініс тапты. Испанияда Халық майданы үкіметі 1946 ж. жазда испан Мароккосында генерал Франко шығарған фашистік бүлікке қарсы халық күресін ұйымдастырды. Республикалық армия мен фашистік бүлікшілердің және оларға қару-жарақ пен әскерлерін жіберіп, көмекке келген фашистік Италия мен нацистік Германия режимдерінің арасындағы азаматтык соғыс үш жылға таяу уақытқа созылды. Республикашылдардың қатарында дүние жүзілік көптеген елдерінен көмекке келген демократ-еріктілер соғысты. Кеңес Одағы да оларға әскери көмек көрсетіп, еріктілер жіберді.
АҚШ–тағы Ф.Д. Рузвельттің «Жаңа бағыт» саясаты
Лекция жоспары
1. АҚШ–тағы дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың басталуы.
2. Ф.Д.Рузвельттің «Жаңа бағыт» саясаты.
3. АҚШ–тың 30–шы жылдарындағы сыртқы саясаты.
Әдебиеттер:
1. Историография новой и новейшей истории стран Европы и Америки. М., 1977.
2. Язьков Е.Ф. История стран Европы и Америки в новейшее время: 1918–1945. М., 1998.
3. История США. В 4–х томах. Т. 3. М., 1985.
4. Яковлев Н.Н. Франклин Рузвельт: человек и политик. М., 1981.
5. С.М. Мәшімбаев. «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы». А.,2005.
6.Т. Дәуірбаева «Европа мен Америка елдерінің тарихы (1918-1990). Түркістан, 2004.
7. О.С.Сороко-Цюпа, В.П. Смирнов, А.И. Строганов, Г.Д. Сүгірбаева.«ХХ ғасырдағы дуние жүзі. А. 2005.
АҚШ–тағы дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың басталуы.
Экономиканың тұрақтануы мен одан кейінгі кезең өрлеу кезеңі Еуропа мен АҚШ–та бір күнде–1929 ж. 24 қазанында Нью–Йорк фондалық биржасында 12,8 млн., яғни бұрынғы кездердегі ең жоғарғы көрсеткіштен 1,5 есе артық, акция сатылғанда аяқталды. Құнды қағаздардың курсы төмендеп, бес күннен кейін акция сатуда рекорд (16,4 млн) жасалды. Содан бастап акциялардың курсының құлдырауы үш жылдан аса уақыт бойына тиылмай, 1933 жылдың наурызына олардың жалпы құны 4,5 есе төмендеді. Тауарларды қажетінен артық өндіру бұрында болып тұратын, тіпті көптеген ғалымдар олардың қайталануынан белгілі бір заңдылық табуға және алдын ала ескертуге әрекет жасап көрген де болатын. Бірақ ұзақтығы, тереңдігі мен көлемі жағынан бұрынды–соңды теңдесі болмаған Ұлы тоқырау шын мәнісінде жұрттың бәрі үшін күтпеген оқиға болды. Дағдарыс басталған кезде, көп адамның «көзі ашылып», оның жақындап қалғанын қалай байқамай қалдық дегендер де болды. Рас, дағдарыстың тікелей себептері айдан айқын болды: биржалық алып–сатулар, көптеген «көлеңкелі» мәмлелердің барысында акциялардың сату құнының олардың шын құнынан едәуір артуы әсер етті. Әрине мұндай қағаздан салынған лашықтар күшті желдің бір екпініне шыдап бере алмайтындығы өзінен өзі түсінікті еді. Бірақ Ұлы тоқыраудың басты себептері тереңде жатты.
ХХ ғ. алғашқы онжылдықтарында өнеркәсіп өндірісіне ғылым мен техниканың жетістіктері, жаңа технологиялар белсенді түрде ендірілді. Олар өндіріс көлемін ұлғайтып қана қоймай, сонымен бірге оның сипатын мүлдем өзгертті. Әрине, мұндай жағдайларда өндіріс қарқыны тез өсті, бірақ бұл жеткіліксіз болды. Сол себепті бұрынғы рыноктық қатынгастардың жүйесін қайта құру, тұтыну мен сұранымның арақатынасын барынша дәлдікпен реттеу қажет еді. Өкінішке орай, бұлай істелінбеді. Нәтижесінде өндірістің кейбір салаларында тауарлардың іркілуі орын алды, ал бұл тауарлардың еріксіз жойылуына, өндіріс көлемінің қысқаруына, нәтижесінде жаппай жұмыссыздыққа әкеліп соқты.
Мұндай жағдайларда мемлекет тарапынан пәрменді шаралар қолданылуы қажет. Бірақ 20–жж. экономикалық тұрақтану жағдайларында бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде кеңінен қолданылған мемлекеттік реттеу мүлдем пайдаланылмады да, ал оның тәжірибесі тіпті ұмыт болған еді. Бұл дағдыларды қайтадан қалпына келтіру үшін ұзақ және аянбай еңбектену қажет болды. Бірақ, дағдарыстың қарқынды дамуы жедел іс–шараларды қабылдауды қажет етті. Бірақ мұндай қажетті шаралар қолданылмады. Дағдарысты тоқтату мүмкін емес дегендей пікір қалыптаса бастады. АҚШ–та, Германияда, Англия мен Францияда, дүние жүзінің көптеген елдерінде жүз мыңдаған кәсіпкерлер мен банктер күйзеліске ұшырады. Миллиондаған адамдар жұмыссыз немесе пәтерақы төлей алмағандықтан баспанасыз көшеде қалды. Қала және ауыл жолдарының бойлары тамақ іздеп шұбырған қайыршылар мен қаңғырушыларға толды. Дүниежүзінің газеттерінің беттерінде жүздеген, мыңдаған аштан өлгендер туралы хабарлар басылып жатты.
Әрине, Ұлы тоқыраудың сол төрт жылының ішінде басты (басқа да) елдердің билік орындары дағдарысты тоқтатуға немесе оны баялатуға бағытталған ешқандай шаралар қолданбай, қол қусырып, қарап отырды дейге болмайды. Иә, олар және кәсіпкерлердің көпшілігі мұндай шаралар жасауға әрекеттеніп көрді. Бірақ бұл әрекеттер жүйесіз, асығыс және олақ болды. Олар аңғырттықпен дағдарыс мәселелерін біртіндеп үйреншікті әдістермен шешудің сәті түсер деп ойлап, «жоғарыдан» реттеудің ешқайсысына көнгілері келмеді. Нәтижесінде шаруашылық саласындағы былық ұлғая берді. Ал жұмыссыздықтың көлемі ақылға сиярлық шектен шығып кетті. АҚШ–та басталған дағдарыс көзді ашып–жұмғанша Еуропа елдерін шарпыды. Ол Азияның, Африканың және Латын Америкасының орасан зор аумағын қамтыды. Бұл аймақтағы отарлық және тәуелсіз елдердің басымдылығы дағдарыс әрекеттерін автоматты түрде оларға да таратты. Ал бұл елдердің дербес еместіктерін ескерсек, олардың дағдарысты жою бұл мәселені басты державалар іске асырғаннан соң ғана мүмкін екендігі білініп тұрды.
2. Ф.Д. Рузвельттің «Жаңа бағыт» саясаты.
АҚШ-тағы, бүкіл капиталистік дүниедегі дағдарыс ескі капитализм дәуірінің күні біткендігін көрсетті, дағдарыстың терендігі, оның бүкіл дүниежүзіне жайылуы төтенше және ауқымды шаралар қолдануды талап етті.
Бұл жылдары АҚШ-та билік республикашылдар партиясының қолында еді Президент Герберт Гувер, бұрын жолы болған тау-кен инженері және кәсіпкер, осының алдындағы сауда министрі қызметінде өзінің іскерлік қасиеттері, филантропияға бейімдігі, бизнеске деген адал қызметінің арқасында 1928 ж. үкімет басына келген болатын. Гувер мемлекеттің бизнеске араласпауы туралы XIX ғ. либерализмі мен дарашылдық ұстанымдарын қолдады. 1931 ж. жаппай жұмыссыздық жағдайында ол коғамдық жұмыстар ұйымдастыру туралы ұсыныстарды қараудан бас тартты. Гувер келісім берген бірден-бір ірі шара — ол Қайта құрушылық қаржы корпорациясын (ҚҚҚК) құру болды. Бұл үкіметтік ұйым банктерге, темір жолдарға» сақтандыру компанияларына қарыз беру меселелерімен айналысты.
1932 ж. қарашада өткен президент сайлауында Гуверге қарсы демократиялық партияның кандидаты Франклин Делано Рузвельт дауысқа түсті. Сайлау науқанының барысында Гувер жаңа бағдарлама ұсынбады. Рузвельт, керісінше, өзгерістердің жалпы талабына құлақ асып, бір сөзінде "Мен американ халқына жаңа бағыт уәде етемін", — деп жариялады. Бұл "жаңа бағыт" ("нью дил") тартымды сөз тіркесі кең тараған ұранға және саясаттың атына айналды. Ол жаңа президент конгресс арқылы бүтіндей бір заң, пакетін өткізгеннен кейін, 1933 ж. наурыз-маусым айларындағы реформалардың "жүз күні" деп аталған кезеңде ғана мазмұн тапты. Президент өз миссиясын дұрыс түсінді - төтенші жағдайлар төтенші шараларды қабылдауды қажет етеді.
Наурыздың басында конгрестің бірінші сессиясы өз жұмысын бастады. Үш айдың ішінде конгресс көптеген заңдар қабылдады. Олардың мәні Америка мен бүкіл капиталистік дүниенің тарихында бұрыш болып көрмеген кең көлемде экономиканы-мемлекеттік реттеу болды. Барлық шаралардың төтенші сипатта, американдык ауқымды түрде іске асырылуы президенттің жеке басының батылдығы мен шешімділігін көрсетті.
Президенттің алғашқы шаралары банк жүйесін тұрақтандыру және жұмыссыздарға көмек көрсетуді ұйымдастыру, федералдық ауқымда, штаттар мен муниципалиттерде көмек көрсету жөніндегі тиісті мемлекеттік мекемелерді құру болды. Бұл мақсаттар үшін көмек көрсететін Төтенші федералдық ұйым құрылып, ол мұқтаждар арасында үлестіру үшін 500 млн доллар жұмсады. Кейіннен Рузвельт мақтан тұтқан маңызды мәселе қалалардағы жұмыссыз жастар үшін орманды аудандарда лагерлер құру болды. Бұл бағдарлама резервтерді сақаудың Азаматтық корпусі деп аталды.
Жыл сайын лагерлерде 500 мыңдай жұмыссыз жастар орналастырылып, баспана, тамақ, киім және күніне бір доллар алып тұрды. Олар ағаш егу, ормандарды тазалау, мелторация, тоғандар қазу, ұлттық - парктер мен қорықтарды көріктендіру, жол, көпір салу т.б. жұмыстармен айналысты. Мысалы, Канадамен шекарадан Техас штатына дейін орман қорғау бедеуі жүргізіліп, оған 200 млн. түп тал отырғызылды.
Рузвельттің екінші бір төл перзенті - ол Теннеси өзеннің алқабында орналасқан жеті Штаттың жерін қамтитын географиялық аймақтың кешенді экономикалық дамуының орасан зор жоспары болды.
Бір кездерде бір жерлерде мақта өсіретін алқаптар болған еді, бірақ келе-келе топырақ тозып, ормандарды кесу эрозияға алып келді. Рузвельт бұл апат шегуші аймақты өзенде электростанциялар жүйесін салатын, топырақ азуымен күрес жүргізетін ормандық қорғау жолақтарын салатын, кедейшілік тақсіретін тартып отырған фермерлерге көмек көрсететін, жұртты жұмыспен қамтамасыз ететін, түбінде олардың тұрмыс жағдайын көтеретін қуатты мемлекеттк корпорация құру жолымен қайта түлеткісі келді.
Жеке кәсіпкерлік аясында Теннеси аңғарын қайта жаңғыртқан аса қуатты мемлекеттік корпорация пайда болды. 25 электр станциясы салынып, өзенде кемелер жүзетін болды, жас орман желектері көтеріліп, топырақ тозуы тоқтатылды, жұрт еңсесін көтеріп, тұрмыс жақсарды.
Уақытша көмек көрсету шараларының қажет екендігі жұрттың көпшілігіне түсінікті болды, бірақ былықтың ең басты себебі тыйымсыз кеткен бәсекені қайта тоқтату керек? Экономиканы қалай еткенде қалпына келтіріп, тұрақты жұмыс істетуге болады? Қажетті көп шаралардың бірі ретінде күштеп картелдендіруді енгізу ұсынылды. Рузвельт бұл идеяны бірден қағып алды. Сөйтіп, Ұлттық-өнеркәсіпті қалпына келтіру туралы заң (НИРА) шығарылды.
Өнеркәсіпті қалпына келтіру туралы заң үш бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімінде "адал бәсеке кодексін" енгізу қарастырылды. Белгілі бір саланың кәсіпкерлері стол басына отырып, оларды тең жағдайларға қоятын өнім шығару шарттарын жасауға тиісті болды.
Бұл бәсекеге күштеп шектеу қою еді: өндіріс көлемімен баға рынок мөлшерін ескере отырып тағайындалды, бұл өндірілген өнімдердің сатылуына мүмкіндік туғызды. "Адал бәсеке кодексін" президент бекітіп, ол заң күшіне енді. Мұндай кодекстер АҚШ өнеркөсібінің 95% қамтыды. Өндіріс көлемі мен тұтыну рыногының көлемінің араларындағы тепе-теңдік өнеркәсіптің дағдарыстан шығуы жолындағы алғашқы адым болды.
НИРА-ның екінші бөлімі кәсіпкерлер мен жұмысшылардың өзара қатынастарын реттеді. Заңның бір бабында кәсіподақтарды тану, жұмысшылардың кәсіпкерлерімен келіссөздер жүргізуге және жұмысқа жалдану мен жұмыс жағдайлары туралы ұжымдық шарттар жасасуға құқы қарастырылды. Кәсіпкерлерге өздерінің "компаниялық" қолшоқпар кәсіподақтарын құруға және "арам еңбек тәжірибесін" қолдануға тыйым салынды»
1935ж. НИРА-ның осы баптарының негізінде Еңбек қатынастары туралы акт (Вагнер заңы) қабылданды. Ол ұжымдық-шарттық тәжірибені АҚШ-тын ұлттық саясаты ретінде мойындады. Бұл 30ж. АҚШ-та өндірістік кәсіподақтардың құрылуына үлкен серпіліс берді.
Дағдарысқа қарсы шаралардың үшінші бөлігі қоғамдық жұмыстар мен мемлекеттік өнеркәсіп, әскери және т.б. объектілерді салуға ірі көлемде қаржы бөлуді қарастырды.
Кодекстің бір аса маңызды құқықтық акті ауыл шаруылығын реттеу туралы заң болды. Онда фермерлер шаруашылықтарына көмек көрсету, eгіс лемін қысқартқандығы үшін сыйақы төлеу, фермалардың өнімдерін сатып алу қарастырылды. Бұл шара ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп өнімдерінін бағаларынын арасындағы айырма-шылықтарды қысқарту үшін қажет болды.
Нира заңы мен ауыл шаруашылығын реттеу туралы заң екі жылдық мерзімге енгізілді, ол мерзім өткеннен кейін жоғарғы сот оларды конституцияға сай емес, кәсіпкерлердің еркіндік ұстанымдарына қайшы деп таныды.
1937 ж. президент лауазымына жаңа мерзімге отырғанда Рузвельт өзінің сайлау алдында берген уәделерін және коғамдағы қатынастарды жалпы реформалау жоспарын іске асыруда конгресс пен жоғарғы сот тарапынан қатты қарсылыққа кездесті. Жалпы қорытындыда 30-жж. бірнеше аса маңызды әлеуметтік реформалар қабылданды: еңбек қатынастары туралы заң (Вагнер заңы), әлеуметтік қауыпсыздандыру туралы заң (1935), жұмысқа жалдаудың әділетті шарттары туралы заң. Соңғы заң бойынша балалар еңбегін пайдалануға тыйым салынды, ең төменгі еңбекақы төлемі мен жұмысшылар мен қызметкерлер үшін жұмыс аптасының ең ұзақ мөлшері белгіленді. 1938 ж. дағдарыс үкіметті мемлекеттік құрылыстар мен қоғамдық жұмыстарға бірнеше млрд. доллар бөлуге мәжбүр етті Ауыл шаруашылығын көтеруге бағытталған маңызды шаралардың бірі топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру жөніндегі бағдарламалар болды. Бұл 30-жж. орын алған аса көп зиян келтірген шаңды дауылдар мен құрғақшылықтардан кейін дер кезінде қолданылған шара болды. Жұмыссыздықтан сақтандырумен бірге АҚШ-та зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңы қабылданды.
3. АҚШ–тың 30–шы жылдарындағы сыртқы саясаты.
АҚШ-тың 30-жж. сыртқы саясатына 1929—1933жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыс пен күннен күнге күшейіп келе жатқан соғыс қаупі үлкен әсер етті. Қоғамдық пікірлер АҚШ-ты экономикалық және саяси оқшаулануға итермелелі. Бұл 1935 ж. бейтараптық туралы заңның қабылдануына әкеліл соқты. Бұл заң бойынша еуропалық саяси одактарға қосылмау және соғысушы елдерге ещқандай әскери немесе экономикалық көмек бермеу керек деп белгіленді. Сондықтанда АҚШ-тың сырткы саясатында 80-жж. соғыс басталғанға" дейін Германия мен Жапонияның тарапынан жасалынған агрессиялық оқиғаларға "немқұрайды қараушылық" орын алып келді.Дүниежүзінде болып жатқан өзгерістерді ескеріп, Ф.Рузвельт 1933-ж. КСРО-мен дипломатиялык қатынас орнату туралы шешім қабылданды. Бірақ KCPO-ға сенімсіздікпен қарау 1941 ж. дейін созылды.АҚШ сыртқы саясатының артықшылықпен пайдаланған бағыты Латын Америкасы болды. Ф.Рузвельт құрылық елдерімен катынасты түбегейлі қайтадан кұрды. Жаңа "қайырымды көрші" саясатының бұрынғы "үлкен щоқпар " мен "доллар дипломатсиасы" бағытынан айырмашылығы, ол латынамерикялық елдердің ішкі саясаттарына араласпау, өзара тиімді сауда және техникалык көмек көрсетуге негізделеді. Бұл жаңа бағыт АҚШ-қа "американаралық жүйеде" үстемдік орнатуға мүмкіндік берді.Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанша оқшауланушылық үкімет саясатынын жетекші бағыты болып келді. Кейіннен Ф.Рузвельт бейтараптық туралы заңның қателік болғандығын, өйткені оның агрессорларға көмектерден, олардың құрбандарын қажетті көмектерден айыртандығын мойындады.
Франция мен Испаниядағы «Халық майданы»
Лекция жоспары:
1. Франциядағы экономикалық дағдарыс жылдарындағы тап күресі. «Халық майданының» құрылуы және жеңісі.
2. «Халық майданының» бағдарламасы және саясаты.
3. 30–шы жж. бас кезіндегі Испания.
4. «Халық майданының» жеңісі және Испан халқының ұлттық революциялық соғысы.
Әдебиеттер:
1. Историография новой и новейшей истории стран Европы и Америки. М., 1977.
2. Язьков Е.Ф. История стран Европы и Америки в новейшее время: 1918–1945. М., 1998.
3. С.М. Мәшімбаев. «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы». А.,2005.
4.Т. Дәуірбаева «Европа мен Америка елдерінің тарихы (1918-1990). Түркістан, 2004.
5. О.С.Сороко-Цюпа, В.П. Смирнов, А.И. Строганов, Г.Д. Сүгірбаева.«ХХ ғасырдағы дуние жүзі. А. 2005.
6. Егоров Ю.В. Народный фронт во Франции. Л., 1972.
1.Франциядағы экономикалық дағдарыс жылдарындағы тап күресі. «Халық майданының» құрылуы және жеңісі.
Францияда экономикалық дағдарыс кейінірек, 1930–1931 жж. тоғысында, басталды. Бұл көп жағдайда Версаль келісімдеріне сәйкес Францияға маңызды өнеркәсіпті облыстардың берілуіне және оның Германиядан көп репарациялар алып тұруына байланысты болды. Оның есесіне дағдарыс басқа елдерге қарағанда кейінірек аяқталып, 1930 жж. бірінші жартысын толық қамтыды. Өндіріс пен сауда соғыстан бұрынғы дәрежесіне дейін құлдырап, онжылдықтың аяғына дейін тоқырауда болды. Әсіресе дәстурлі өндіріс салалары — шарап жасау мен жеңіл өнеркәсіп көп зиян шекті. Жүұыссыздық тұрақты сипат алды.
Дағдарыс ауыл шаруашылығына қатты соққы болып тиді. Ауылшаруашылық өнімдеріне, әсіресе шаруа өндірісінің дәстүрлі өнімдері — ет, шарап, жеміс-жидектерге, көкөніс өнімдеріне баға күрт төмен түсті. Шаруалар өтпеген өнімдерін жоя бастады. Баға айырмашылықтары ұлғайып, шаруалардың банктерге қарызы күрт артты.
Қалаларда тек жұмысшылар мен қызметкерлердің ғана емес, сонымен бірге қолөнершілердің ұсақ және орта кәсіпкерлердің де күнкөріс жағдайлары нашарлап кетті. Зсйнеткерлердің, зиялы қауының бір бөлігінің. жұмысқа қабілетті жастардың, бұрынғы майданшылардың, көп балалы отбасылардың тұрмыс жағдайлары өте нашарлады.
Елдегі саяси жағдай да тұрақсызданды. 1929 ж. мамырынан 1932 ж. мамырына дейінгі аралықта оңшыл партиялар басқарған 8 үкімет ауысты. 1932 ж. мамырында болған кезекті парламент сайлауында социалистермен одақтасқан радикалдар жеңіске жетті. Бұл Солшыл одақ идеясының жандануы еді. Жалпы бағдарламада соғыс шығындарын қысқарту, әлеуметтік қамсыздандырудың бірыңғай жүйесін құру, 40 сағаттық жұмыс аптасын енгізу, соғыс өнеркәсібін, қамсыздандыру және теміржол компанияларын мемлекетке алу туралы пунктер болды. Бірақ радикалдар үкіметтері де тұрақты болмады, 1934 ж. қаңтарына дейін 6 кабинет ауысты. Бағдарламаларына қарамастан, радикалдар бұрынғы үкіметтердің экономикалық сяасатын жалғастыра берді. Мемлекеттік шығындарды қысқартты, бюджет дефицитін жасады, жалақы мен зейнетакыны азайтып, салықтарды көбейтті. Бұл бағыт дағдарысты тоқтата алмады.
Бұл кезеңнің соңына қарай елде Халық майданы қалыптасып, ол халықтың қолдауына сүйене бастады. Алғашқыда француздар солшыл күштердің елдегі жағдайды жақсартуға мүмкіндіктеріне сенімсіздікпен қарады. Сонымен бірге демократиялық дәстүр терең Францияда халықтың көпшілігі Италия мен Германияда фашистердің билікке келуін ұнатқан жоқ. 1934 жылы 6 ақпанда француз фашистері мен басқа да оңшыл топтар мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенгенде, халық солшыл күштерді фашизмге қарсы бірден–бір сенімді тосқауыл деп танып, олардың айналасына топтасты. 1934 жылы мамыр айында Тулуза қаласында Франция социалист партиясының ХХХІ съезі өтті. Съезд жұмысында бірлік қимыл тактикасын өолдаған социалистік партияның солшыл күштері ФКП–мен фашизмге қарсы күресте бірлдікке шақырды. Солшыл социалистер бөлініп шықты. Солшыл социалистерді Леон Блюм басқарлы. 1934 жылы маусым айында Ивре қаласында ФКП–ның конференциясы өтті. Конференцияда М.Торез сөз сөйлеп, бірлік қимыл тактикасын қолдап, социалистердің ұсынысын қолдады.
1934 жылы маусымның 11–ші жұлдызында солшыл социалистер мен коммунистер арасында келіссөздер басталды. Келісім барысында екі партия комиссиясы дайындаған бірлік бағдарламасын талқылап, жобасын бекітті. Сөйтіп, маусымның 27–ші жұлдызында ФСП мен ФКП–лары бірлік қимыл пактісіне қол қойды. Фашизмге қарсы күресте бірлік қимыл тактикасын сол кезде Коминтерн қолдап, оның тарихи маңызын жоғары бағалады. Кейінірек олардың одағына радикалдық партия мен басқа да солшыл топтар келіп қосылды. Осылайша Халықтық майдан түпкілікті қалыптасты. Халық майданы қозғалысы фашизмге қарсы күресуші күштерді біріктіріп, халық өкіметі үшін күрес жүргізіп жеңіске жетті. Халық майданы қозғалысының негізі–біртұтас жұмысшы майданын құру болды. Жұмысшы табының фашизмге қарсы күрестегі бірлігі туралы 1935 жылы Коминтерннің VII конгресінде Г.Димитров баяндама жасап, фашизмге қарсы күрестің тактикасын жариялаған болатын. Халық майданы капиталистік елдердегі демократиялық күштерді біріктірді. ФСП мен ФКП–ның бірлік қимыл бағдарламасына Францияның радикал күштері де бірікті. Халық майданы сайлау қарсаңындағы антифашисттік күштердің бірігуіне себеп болды.
Халық майданы сөзін алғашқы рет ФКП демонстрация кезінде алып шықты. Сөйтіп, Халық майданы қозғалысы соғысқа қарсы және антифашистік күштерді біріктіріп, әлеуметтік–экономикалық және саяси билік үшін күресті. «Халық майданы» – қоғамдық–саяси күштерді біріктіру. 1935 жылы шілденің 14–і күні Бастилины алған күнді тойлау демонстрациясы кезінде Халық майданының негізі қаланды. Францияда жергілікті жерлерде Халық майданының ұлттық комитеті құрылды.
1936 ж. сайлаудағы Халық майданының жеңісі. 1936 ж. сәуірдің 29–ы мен мамырдың 3–і күні өткен кезекті парламент сайлауына коммунистер, социалитер, радикалдар және Халық майданының басқа да ұйымдарының өкілдері жалпы бағдарлама ұсынып, бірігіп қатысуға шешім қабылдады.
Бағдарламаның саяси бөлімінде фашистік лигаларды қарусыздандыру және тарату, ал экономика бөлімінде жұмыс аптасын қысқарту, қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру, жұмыссызлар мен шаруаларға көмек көрсету, қаржы жүйесін сауықтыру, салық реформасын жүргізу, Француз банкін мемлекет қарауына алу және басқа да демократиялық әлеуметтік өзгерістер жасау талаптары қойылды.
Сайлау бұрын соңды болмаған ынталылық пен белсенділік жағдайында өтті. Халық майданы үшім сайлаушылардың 57% дауыс берді. Ол Ұлттық жиналыстағы орынның 2/3 алды. Франция тарихында тұңғыш peт үкіметті социалист Леон Блюм басқарды. ФКП басшылығының шешімі бойынша коммунистер үкімет құрамына енуден бас тартты.
Халық майданының жеңісін француздар зор қуанышпен қарсы алды. Олар бұл жеңіске өздерінің әл-ауқаты мен тұрмыс жағдайларын жақсартады деген үміт артты. Еңбекші бұқараның көптеген бөлігін билеп алған көтеріңкі-қызу көңіл-күй, жақын арада болатын өзгерістерді тағатсыздана күту бүкіл елді қамтыған жаппай ереуіл қозғалысынан көрініс тапты. Блюм үкіметі кәсіподақтармен келіссөздер жүрігізі, ол Матиньон келісімін қабылдаумен аяқталды. Бұл келісім бойынша еңбекақы орта есеппен 7—15%-ке, ал кейбір жалақысы төмен категориядағыларға 2—3 ecе көбейтілді. Ұжымдық келісімдер жүйесін дамыту, кәсіподақтардың құқын қорғау т.б. шаралар белгіленді.
Л. Блюм үкіметі парламеит арқылы фашистік лигаларға тыйым салу және саяси тұтқындарға кешірім жасау туралы екі маңызды заң өткізді. Нефашистік әскери ұйымдарға тыйым салынды. 40-сағаттык жұмыс аптасы, ақылы демалыстар мен ұжымдық келісімдер туралы заңдар қабылданды, басқа да әлеуметтік шаралар іске асырылды. Үкімет соғыс өндірісінің бір бөлігін жөне теміржолдарды, Француз банкін мемлекет қарауына алатындығын мөлімдеді.
Митингілер мен жиналыстарда жалпы қоғамдық өрлеу жағдайы байқалды. Сол оқиғаларды көзбен көрген куөлердщ бірі былай деп жазды: "Барлық үлкен жиналыстар ерекше қуанышты өрлеу жағдайларында өтіп жатты. Оған қатысқандар алған әсерлерін осы күнге дейін ұмытпаған болар. Аккордеон ойнап тұр. Адамдар бір бірімен иықтарын тіресіп тұр. Олар салған әннен өмірге деген сүйіспеншілік, үміт пен қуаныш лебі есіп тұрды". Халық майданы қозғалысының шыңы 1936 ж. 14 шілдедегі Бастилияны алу күнін мерекелеу болды. Париждегі шеруге 1 млн адам, оның ішінде Л.Блюм бастаған үкімет мүшелері де қатысты.
2. «Халық майданының» бағдарламасы және саясаты.
1936 жылы қаңтар айында Халық майданының бағдарламасы жарлияланды. Бағдарламада: буржуазиялық–демократиялық еркіндікті қолдау; фашистік лигаларды тарату; жалпыға бірдей амнистия; кәсіподақ ұйымына кіру бостандығы; соғыс өндірісін национализациялау; сыртқы саясатта: Ұлттар лигасы арқылы халықаралық ынтымақ; коллективтік қауіпсіздік, бейбітшілік үшін күрес, соғысқа тыйым салу мәселелері көрініс тапты. Әлеуметтік–экономикалық салада: халықтың сатып алу қабілетін өсіру; жұмыссыздарды қолдау ұшін ұлттық қор құру; жалақыны өсіру; жұмыс жұмасын азайту; ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасын өсіру; төтенше жағдай шаруаларын жою; салық реформасын жүргізу мәселелері қамтылды. Бағдарламаның негізгі бағыты еңбекші халықтың тұрмыс жағдайын жеңілдету болатын.
Халық майданы қозғалысының бағдарламасы елдегі солшыл күштерден қолдау тауып, біртұтас майданға бірігіп, парламенттік сайлауға Халық майданыбағдаламасы бойынша дайындықжұмысына кірісті. Халық майданы бағдарламасы ФКП–ның 1936 жылғы қаңтар айында өткен VІІІ съездінде бір ауыздан мақұлданды. Халық майданы қозғалысының қызметі туралы М. Торез баяндама жасады. ФКП елде біртұтас жұмысшы майданын құру үшін күрес жүргізіп, кәсіподақ ұйымдарын біріктірудің маңызы зор болды. 1936 жылы наурыз айында ВКТ (жалпы еңбек конфедерациясы) мен УВКТ (унитарлық еңбек конфедерациясы) ұйымдарының бірігу съезі өтті. Кәсіподақ ұйымы Жалпы Еңбек конфедерациясы деп аталды. Кәсіподақтардың біріккен съездінде ұйымның жарғысы қабылданды. Жарғы Амьен хартиясының негіздеріне сүйене отырып жасалды, кәсіподақтардың тәуелсіздігі толық сақталды. Кәсіподақ ұйымының басшылығына Б. Фрашон және Ж. Ракамон сайланды. Кәсіподақ ұйымының бірігуі жұмысшы табының дамуына зор әсер етті. Жалпы еңбек конфедерациясының мүшесі 900 мыңнан 5 млн. Адамға жетті.
3. 30–шы жж. бас кезіндегі Испания
Диктатор құлағанымен билік бұрынғысынша помещиктер мен ірі буржуазия блогының қолында болды. Халықтың түбірлі өзгеріс жүргізеді деген үміті аяқталмады. Елдегі жағдайдемократиялық өзгеріс жүргізуді қажет етті. 1929–1933 жылдардағы дүниежүзілік экономикалық дағдарыс Испанияда саяси дағдарыспен ұласты. Экономикалық дағдарыстың салдарынан көптеген фабрикалар жабылды, сауда айнгалымы едәуір азайды, инфлияция, жұмысшылардың жалақысы төмендеді, 1931 жылдың басында жәрдемақыдан жұмысшылардың саны 600 мыңға жуықтады. Еңбекші шаруа жері аздықтан, жері жоқтықтан зардап щекті. Елде 1444 помещиктік қожалық 3 млн. Гектарды иемденсе, осы көлемдегі жер 8 млн. кедей шаруаларға тиесілі болды. Халықтың көпшілігі наразы еді. Жиі–жиі жұмыстар ереуілдері, шаруалар толқулары, студенттік демонстрациялар болып тұрды. Қозғалысқа буржуазияның біраз бөлігі де, әскердегі демократиялық көңіл–күйдегі солдаттар, офицерлер де қосылды. Елде революциялық дағдарыс туды. Саяси аренада екі лагерь анықталды: республикандық және монархиялық, Республикандық лагерь: пролетариат, шаруа, ұсақ және орта буржуазия, Монархиялық құрылысты қорғаушылар: латифундия иелері, ірі буржуазия, жоғарғы дін иелері, әскер мен флоттағы реакциялық басшылық. Республикандық лагерь құрамындағы әлеуметтік жағынан әр түрлі болуы, сақсаттарының да әр түрлі болуына әкеп соқты. Жұмысшылар мен шаруалардың көздеген мүддесі: республиканы жариялау,; саяси және қоғамдық өмірді барынша демокртияландыру; әскерлер мен шіркеудің артықшылығын жою; жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсарту; деревняларда феодалдық қатынастарды жою; шаруаларға жер беру; аз ұлттарға автономия беру. Олар монархияны құлату демократия үшін күресті өрістетудің мңызды кезеңі деп есептеді. Осыған қарамастан республиканы жақтаған буржуазия саяси билікті ғана қолына алуға ғана ұмтылып, республиканы жариялай отырып, халықтың наразылығын тежеуді ойластырды.
Басқарушы топ халықтың наразылығын бәсеңдетуге және монархияны сақтап қалуға ұмтылып Примо де Ривера Үкіметтің Беренгер үкіметімен ауыстырды. Алайда республика үшін қозғалыс өрши түсті. 17 тамыз 1930 жылы Сан–Себастьянда Асколь Самора бастаған оңшыл республикандықтар мен Асанья бастаған солшыл республикандар социалистердің қатысуымен монархияны құлатуға және республиканы орнатуға шақырған «революциялық комитет» құрды. 1930 жылдың желтоқсан айында жұмысшылардың жандармдармен көше ұрыстары, жаппай ереуілдер, митингілер, «Монархия жойылсын!», «Республика жасасын!» деген ұранмен демонстрациялар Баскония, Астурия, Каталония және басқа провинцияларда болып өтті. 12 желтоқсан 1930жылы Хаки /Арагон облысы/ гарнизонының әскері көтеріліске шығып, республика жариялап, Уэскуге бет алды. Хакидегі көтеріліс жөнінде хабар бүкіл Испанияға жайылды. 13 желтоқсанда Беренгер үкіметі елді соғыс жағдайында деп мәлімдеді. Сол күні үкіметтің әскери күші республикандықтардың колонасын талқандап,көтеріліс басшыларын–капитандар Фермин Галан және Гарсиа Эрнандес – тұтқынға алып, атты. Көтеріліс басшыларын ату жаңа толқу тудырды. 15 желтоқсанда Мадридте әскери ұшқыштар бас көтерді. 16 желтоқсанда Аликонта мен Эльчаның жұмысшылары мен шаруалары, оларға қосылған солдаттар көтеріліске шығып,тағы да республика жариялады.14 ақпан 1931 жылы Беренгер үкіметі отставкаға кетуге мәжбүр болды. Жаңа үкіметті Аснар басқарды. Ол 12 сәуір 1931 жылы муниципалитеттерге сайлау жүргізілетінін жариялады.Бұл сайлау «Республика жасасын деген ұранмен өтті.»
4. «Халық майданының» жеңісі және Испан халқының ұлттық революциялық соғысы.
16 ақпан 1936 жылы кортеске сайлау кезіде Халық майданы жеңіске жетті. 474 орынның 269–ы оңшылцентристік үкімет орнына Халық майданына сүйенген солшыл республикандар үкіметі келді. Оны Мануэль Асанья басқарды. Ол президент болып сайланғаннан соң премьер–министр болып сол партияның тағы бір лидері–Касарес Кирога тағайындалды. Халық майданы бағдарламасыөте баяу жүргізілді: халықтың қысымымен саяси тұтқындар босатылды., ішінара жалақы көбейтілді, аграрлық реформаны жүргізу қайта қолға алынды.30–жылдардың бас кезінде Испанияда солшыл күштерді біріктірудің басқа әрекеттері сәтсіздіктерге ұшырады. Шындап келгенде, халық майданын құру әрекеті Франциядан өзге тек Испанияда ғана жасалынды. Онда 1931 ж. король Альфонс ХІІІ тақтан түсіріліп, республика орнатылғын болатын. Солшыл күштер оны өздеріне бағындыруға талай әрекет жасады. Бұл әрекеттердің өршуі және Каталония мен Аустриядағы жұмысшы толқулары (1934 ж. қазанында) оңшыл күштердің, оның ішінде фашистік топтардың да, бірігуіне түрткі болды. Олар Испан фалангасы деген бірікті.
Солшыл күштер де асығыс түрде біріге бастады. Коммунистердің, социал–демократтардың, солшыл республикашылдардың және басқа да топтардың араларындағы келісімге байланысты 1935 ж. барысында Халық майданы қалыптасты. Олар 1936 ж. ақпанындағы кортестердің (парламент) сайлауында жеңіске жетті. Халық майданы үкіметі құрылып, ол демократиялық реформалар жүргізуге кірісті.
Бірақ Испаниядағы Халық майданы Франциядағыдан дәрменсіз болып шықты. Коммунистер, анархистік топтар үкіметтің жеке меншікті қоғам меншігіне айналдыруға батыл қадам жасауын талап етті . Әрин, мұны Халықтық майданға енген социалистер мен басқа да күштердің қолдамағаны өзінен өзі түсінікті. Ал Халық майданына қатысушылар бір–бірімен айтысып–тартысып жатқан уақытта бүкіл армия қолдау көрсеткен фалангашылар 1936 жылы 18 шілдеде бүлік шығарды. Оны генерал Франциско Франко басқарды.
Бүкіл Испанияны әп–сәтте қамтып алған бұл бүлік азамат соғысына айналды. Ол үш жылдай уақытқа созылып, фалангашылардың жеңісімен аяқталды. Халық майданының қызметі іс–жүзінде бұрынғы түрінде соғыстың алғашқы апталарында–ақ тоқтап қалды. Оның кейбір құрылымдары соғыс кезінде республикашыл күштердің қолындағы аймақтарда таза соғыс ұйымдары есебінде әрекет жасады.
Франциядағы сияқты, Испанияда да Халық майданы солшыл күштердің араларындағы алауыздықтардың нәтижесінде дәрменсіз болып шықты. Азамат соғысы басталмай тұрып–ақ көрініс берген бұл алауыздықтар оның барысында өте шиеленісіп, республикашылардың жеңілуінің негізгі себептерінің біріне айналды. Испанияда азамат соғысы басталғанда мәселенің төркіні бұл елдің ішіндегі емес, демократия мен фашизм күштерінің (кең мағынада алғанда тоталитаризмнің) арасындағы айқастарда жатқандығы тез арада анықталды. Сол себепті екі жақтың бірінің жеңісінің салдары испан фалангистьерінің немесе республикашылардың жеңістерінен гөрі салмақтырақ болатыны күмәнсізеді. Германия мен Италия соғыстың алғашқы күндерінен бастап–ақ фалангистерге көмек көрсете бастады. 1936ж. шілденің аяғына таман олар испан Марокасына (бүлік сонда шыққан болатын) фалангистер әскерлерін Испанияға тасу үшін 20 жүк самолетін жіберді. Біраздан соң Германия мен Италия фалангистерге қазіргі заманғы қару–жарақтар жеткізіп бере бастады. Батсы еуропалық елдер мен АҚШ бірден Испаниядағы азамат соғысын оның ішкі ісі деп есептейтіндігін және қатаң бейтараптық сақтайтындарын мәлімдеді. КСРО. әдеттегідей, ерекше ұстанымда болды. Формальды түрде өзінің бейтараптығын жариялап, ол 1936 ж. қазанында испан республикашыларына кең көлемде қару–жарақ жеткізіп бере бастады. Испанияда КСРО–дан келген еріктілер де соғысқа қатысты, олар негізінен тәжірибелі офицерлер мен генералдар, ұшқыштар мен танкистер еді. Республикашылар қатарына совет барлаушылары да белсенді жұмыс жүргізіп, испан коммугистерінің ықпалын арттыруға жәрдемдесті және олардың қимылдарын бақылады.1939 ж. наурызына қарай бұл шайқас, фашистердің фалангистері мен Германия және Италия фашистерінің пайдасына шешілді.
Англия экономикалық дағдарыс жылдарында
Лекция жоспары
1. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың Англияға тигізген әсері.
2. Р. Макдональд үкіметінің бағдарламасы және саясаты.
Әдебиеттер:
1. Историография новой и новейшей истории стран Европы и Америки. М., 1977.
2. Язьков Е.Ф. История стран Европы и Америки в новейшее время: 1918–1945. М., 1998.
3. Трухановский В.Г. Новейшая история Англии. М., 1958.
4. С.М. Мәшімбаев. «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы». А.,2005.
5.Т. Дәуірбаева «Европа мен Америка елдерінің тарихы (1918-1990). Түркістан, 2004.
6. О.С.Сороко-Цюпа, В.П. Смирнов, А.И. Строганов, Г.Д. Сүгірбаева.«ХХ ғасырдағы дуние жүзі. А. 2005.
1. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың Англияға тигізген әсері.
1929–1933 жылдарда Ұлыбритания экономикасында дағдарыс күшейді еңбекші халықтың тұрмыс жағдайы нашарлады. 1929–1933 жылдардағы дүниежүзілік экономикалық дағдарыс капиталистік елдер арасындағы қайшылықты күшейте түсті. Консерваторлар үкіметінің Еуропада беделі түсіп, АҚШ–тың қолдауымен Германия экономикасы жедел қарқынмен дами бастады. Франция үкіметнің сыртқы саясаты Еуропа елдерінде біршама әлсіреп, оқшаулана түсті. Болдуин үкіметі АҚШ–тың Германияны қолдау саясатын жақтады.Сөйтіп, АҚШ және Ұлыбритания бірігіп, Германияны осы кезден бастап КСРО–ға қарсы соғысқа дайындай түсті. Консерваторлар үкіметінің антисоветтік саясаты елде кең етек ала бастады. У. Черчиль бұл кезде консерваторлар үкіметінің құрамында финанс министрі болатын. Ол КСРО–қарсы батыл шаралар жүргізуге шақырды. 1926 жылы маусым айында КСРО елін айыптаушы «Ақ кітап» деген жарық көрді. Британ компартиясының кеңсесін тексергенде «Мәскеудің қолынан жасалған ағылшындарға қарсы құжаттар табылды» деп жала жабылады. Бұл кітап кейін парламентте КСРО–ға қарсы айып тағылып, КСРО елімен арақатынасты үзіп, елшілікті қайтару туралы талап қойылды.
1927 жылы Вапшава теміржол вокзалында кеңес елшісі Войков қастандықпен өлтіріледі. Совет үкіметі бұл қастандықты ұйымдастырушы Болдуин үкіметі деп таниды. Сол жылы Лондонда кеңес–ағылшын сауда үйінде арандатушылық ұйымдастырылды. 1927 жылы мамыр айында консерваторла үкіметі КСРО–ға нота жіберіп , елшілік қатынасты тоқтатады. Елдегі экономикалық дағдарыспен қатар консерваторлар үкіметінің реакциялық ішкі және сыртқы саясаты 1929 жылғы парламенттік сайлауда жеңіліске ұшырады. Парламеттк сайлау қарсаңында лейбористік партия «Еңбек және ұлт» деген бағдарламасын алып шықты. Бұл бағдарламасында; жұмыссыздықты жою, капиталға салық енгізу, 1927 жылғы жұмысшылар табына қарсы шығарылған заңды жою, көмір шахталарында 7 сағаттық жұмыс күнін енгізу, көмір, транспорт(көлік саласын), энергия және жерді национализациялау қарастырды.
2. Р. Макдональд үкіметінің бағдарламасы және саясаты.
1929 жылы мамыр айында парламенттік сайлау өтті. Лейбористер 287 депутаттық орынды жеңіп алды. Консерваторлар–260, либералдар–59 депутат өткізе алды. Лейбористер жаңа үкімет құрды. Премьер–министрі Макдональд болды. Үкіметтің құрамына Гендерсон, Сноуден, Мориссон т.б. кірді. Парламенттік сайлаудан кейінгі құрылған лейбористік үкімет өздерінің сайлау алдындағы сайлаушыларға берген уәдесін орындауға кірісіп, біршама қызмет атқарды. Алғашқы шаралары елдегі жұмыссыздықты жою үшін, қоғамдық жұмыс орындарын ашты, жұмыссыздарды Канадаға жіберді, бірақ оларға онда да жұмыс таба алмады. Жұмыссыздарға кішігірім жер бөліп берді. Жұмыссыздарға мемлекеттік көмек көрсету шараларын жүргізді. 1930 жылы жұмыссыздарға берілетін мемлекеттік жәрдем ақының мөлшерін өсірді.Лейбористік үкімет құрылған кезде басталған дүниежүзілік дағдарыс елге ауыр зардаптар әкелді. Бірақ та үкімет ірі монополияға көптеген жеңілдіктер жасады. Капиталға салынатын салық мөлшері азайтылды, өнеркәсіптің көбі жеке меншіктің қолында сақталы. Сайлау алдындағы тағы бір уәделері орындалмады. Артта қалған көмір өнеркәсібі национализацияланбады. Ірі компаниялардың таза табысы өсті. Мысалы: 1929 жылы компаниялардың жылдық табысы 49,4 млн фунт болса, 1930 жылы 54,5 млн фунтқа артты. Лейбористік үкімет халық алдында әшкереленіп, өздерінің уәделерінен шығаалмады. Еңбекші халық өздерінің тұрмыс жағдайларын жақсарту үшін күреске шығып, саяси–әлеуметтік талаптар қойып отырды. Оалр КСРО елімен елшілік қатынасты қалпына келтіруді талап етті. 1929 жылы шілде айының 2–і күні лейбористік үкімет бұл мәселені қарастырып жатқанын түсіндірді. 1929 жылы қазан айының 3–і күні ағылшын–кеңес келісімдерінің нәтижесінде елшілікті қалпына келтіруге қол қойылды. 1929 жылы қараша айының 5–күні елшілік қатынас қалпына келтірілді. Сол күні кеңес–ағылшын сауда кеілсіміне қол қойылды. Экономикалық дағдарыс лейборстер партиясында жік туғызды. Жұмысшы табына қарсы күрес күшейіп, еңбекші халық есебінен мемлекеттік бюджетті 120 млн ф.с. қысқарту туралы мәселе күн тәртібінде тұрды. Үкімет жағынан жалақыны 20 пайызға қысқартуға шешім қабылдады. Экономика шығынын үнемдеу туралы Мэя жоспарын қабылдау керек екенін айта бастады. Бұл жоспарға Ұлыбритания коммунистік партиясы және Британ кәсіподақ Конгресі қарсы шықты. Елді тағы да ереуілдік қозғалысқа шығуға шақырды. 1931 жылы ақша–қаржы дағдарысы күшейді. АҚШ заем беруден бас тартты. 1931 жылы тамыз айының 23–і күні Үкімет отырыс болып, елдегі ақша–қаржы дағдарысынан шығу туралы мәселе қаралды. Үкіметтің 21 мүшесінің 11 мүшесі жұмыссыздыққа бөлінетін төлемді қысқартуға қарсы дауыс берді. Үкіметтік дағдарыстан кейін премьер–министр Макдональд отставкаға кетуге шешім қабылдады.
Германия фашизм билігінде.
Лекция жоспары:
1. Германияда дағдарыстың басталуы.
2. Фашистердің билік басына келуі
3. А.Гитлердің ішкі және сыртқы саясаты.
Әдебиеттер:
1. Историография новой и новейшей истории стран Европы и Америки. М., 1977.
2. Язьков Е.Ф. История стран Европы и Америки в новейшее время: 1918–1945. М., 1998.
3. С.М. Мәшімбаев. «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы». А.,2005.
4.Т. Дәуірбаева «Европа мен Америка елдерінің тарихы (1918-1990). Түркістан, 2004.
5. О.С.Сороко-Цюпа, В.П. Смирнов, А.И. Строганов, Г.Д. Сүгірбаева.«ХХ ғасырдағы дуние жүзі. А. 2005.
1. Германияда дағдарыстың басталуы.
1929-1933 жылдардағы әлемде болып жатқан экономикалық дағдарыс Германияның экономикасына айтарлықтай ықпал етті. Атап айтқанда: өнеркәсіп өнімдерін шығару азайды, инфляция күшейді; жұмыссыздық көбейіп, 7,5 млн адамды қамтыды;көптеген өнеркәсіп орындары жабылып қалды;еңбекші халықтың жалақысы 25-40%-ға азайды;31 мың өнеркәсіп банкротқа ұшырады; ауыл шаруашылығы құлдырап, 50 мың жеке ауыл шаруашылық фермерлері жерлерін сатуға мәжбүр болды. Германияның қаржы несие жүйесі дағдарысқа ұшырады, мемлекеттік бюджет азайды. Соғыстан жеңілген Германия экономикасының дағдарыстан шығуы өте қиынға соқты. АҚШ экономикасының дағдарысқа ұшырауына байланысты Германияға бөлінген заем мөлшері қысқартылды. Әлемдегі экономикалық дағдарыс Германияны жаңа әлеуметтік-саяси ахуалға әкелді. Саяси дағдарыс жаңа көзқарастарды пайымдап, милитаристік-фашистік күштер дағдарыстан шығу жолдары – Версаль бітімін жою, Еуропаны қайта бөліске салу, жаңадан өмір кеңестігін іздестіру деген талаптар қоя бастады.
Экономикалық дағдарыс Веймар Республикасының әлеуметтік-қоғамдық құрылымын түгел қамтыды. Үкіметтік дағдарыс барысында 1930 жылы Г.Мюллер отставкаға кетіп, оның орнына Центр партиясының өкілі Г. Брюнинг үкімет құрды. Г. Брюнинг үкіметі елдегі буржуазиялық демократияны жоюға бағыт алды. Экономикалық дағдарыс әсіресе орта таптарға өте ауыр соқты. Ұсақ буржуазия қайшылыққа ұшырады. Ұсақ және орта топтар республикаға қарсы күреске шыға бастады. ГКП-сы дағдарыстан революция арқылы шығуға болады деп түсінді. Қоғамдағы саяси дағдарыстан шығу мақсатында ұлтшыл –социалистердің ұраны тоталитарлық жол, жеке адам билігін орнатуға шақырды.
Экономикалық дағдарыс ірі буржуазия топтарына айтарлықтай ықпал етті. Ірі буржуазия дағдарыстан шығу үшін милитаристік кек алуға шақырып, Германияны қаруландыруға әрекет жасап, жеке әскери-патриоттық ұйымдар құра бастады. Экономикалық дағдарыс фашизм идеологиясын күшейтіп, А. Гитлер бастаған фашистік партия елдегі барлық әлеуметтік топтарды дағдарыстан шығарудың жолын фашизм деп түсіндірді. Елде әскери диктатура орнату қажет, сөйтіп А. Гитлер үкімет басына келетін болса, әлеуметтік дағдарыстан шығарады деген үгіт-насихат жұмысын күшейтті.
2. Фашистердің билік басына келуі.
Фашизм – ХХ ғасырдағы көбінде еуропалық саяси қозғалыс,мемлекетті басқарудың арнайы түрі.
Фашизм идиологиясын ұлтшыл шовинизм, тоталитарлық билік, Германия қоғамындағы барлық әлеуметтік топтар қолдай бастады. Фашистік партия НСДАП үкіметтік билікті алуға шақырды. Ірі монополия иелері Ф.Тиссен, Э. Кирдорф, Г. Стиннес фашистік партияға мүше болып, оларға ақшалай көмек көрсете бастады. Мысалы: «Болат трест» басшысы Ф. Тиссен партияға кіру жарнасы үшін 300 мың марка төлеген Ірі монополияның көмегімен фашистік партия мүшелерінің саны100 мыңнан 1927 жылы 300 мыңға жетті.1930 жылы рейхстаг сайлауында НСДАН- сын қолдап 6,5 млн адам дауыс берді. Парламентте депутаттар саны жағынан екінші партияға айналды. Фашизм беделінінің тез өсуіне не себеп болды? Соғыстан кейінгі Веймар Республикасының үкіметі орта және ұсақ буржуазияның жеке меншігіне қолдау көрсеткен жоқ. Ірі монополия үстемдігі басым болды. Орта және ұсақ буржуазияға салынатын салықтын мөлшері жоғары болды. Жеке меншік иелері қайшылықта өмір сүрді. Әлеуметтік қайшылыққа түскен орта және ұсақ топтар фашизмнің үгіт-насихат жұмысын қолдап,оның негізгі әлеуметтік қолдауына тірек бола алды. Фашизмнің әлеуметтік негізі – орта және ұсақ буржуазия кәсіпкерлерінен тұрды. Фашистік партия НСДАП бұл топқа көмек көрсетіп, жағдайларын жақсартуға уәде берді. Тіпті кәсіпкерлерге дұкендер ашуға көмектесетінін де айтты.Ұсақ және орта шаруаларға ірі помещиктердің жерлерін тартып алып үлестіретінін, жер рентасын жоятынын айтып, уәде берді. Ұсақ буржуазия алдында Версаль шартын жойып, «Ұлы Германия» құруға шақырды. 1932 жылы орта және ұсақ кәсіпкерлерді қолдайтын «орта кәсіпкерлердің одағы» ұйымын құрып, ірі кәсіпкерлердің қолындағы иеліктерді ұсақ-орта кәсіпкерлерге алып беру тұралы талап жасай бастады. Фашизмнің ұлттық-сациализм идеологиясы орта буржуазия мен неміс аристократия мүддесін қолдады. Ұлттық социализм марксизмге қарсы болғанымен, фашистік идеологияның түпкі шыққан негізі социалистік қозғалыс болды. Социалистік идеяның солшыл қанатынан қалыптасты. Коммунистік идеяның негізі де социалистік қозғалыстың солшыл революциялық жолын қолдады.Қазірігі кезде фашизм және комунистер арасындағы ұқсастық осыдан басталады. Фашизм дегеніміз – ірі монополияның қолдауынан туындаған шовинистік, тоталитарлық диктатура. Коммунистік партия жүргізген саясатқа тоталитарлық және ұлтшылдық тән болғандығына СОКП (Совет Одағы Коммунистік партиясының) КСРО да жүргізген саясаты дәлел болды. Екі идеологияның негізі бір екені тарихта белгілі болып отыр. Герман фашизмі негізінде үгіт-насихат, ұлттық және әлеуметтік уәде арқылы жүргізілді. Пролетарлық интернационализм жұмысы тобының мүдднсін сатты, Антанта мемлекеттері Германияны тонауға қатысты, сондықтан немістерге соғыс, кек алу керек деп уағыздады.
Фашистер Германияда «ұлттық социализм» қоғамын құруға шақырды. Социализм барлық әлеуметтік топтарға жеңілдік әкелді деді. Жұмысшы табы ірі өнеркәсіптерді национализациялауға, өндірісті басқаруға қатыстырылып, олар семья және баланы қорғау, халыққа білім беру, халық армиясын құру, және т.б. талаптар қойды. Фашистік партияның үгіт-насихат жұмысын жұмысшы табының 20% -ы қолдады.
Фашистік партия қоғамдағы әлеуметтік жағынан қорғалмаған жастар арасында жүргізілген үгіт-насихат жұмысын өте тиімді пайдаланды. Жастар арасында жұмыс жүргізу үшін «жастар одағы» ұйымын құрды. Бұл ұйымдар мектептерде, жоғарғы оқу орындарында, жастар клубтарында жұмыс атқарды. Жастарға арналған арнаулы кешкі клубтар ашылып, жастар таңға дейін көңілдерін көтеріп, ойын сауық өткізді.
Фашистік партия – НСДАП жастар арқылы әскери патриоттық ұйымдар құрып, әр уақытта күш көрсету арқылы көмек көрсетіп отырды. Оларға арнаулы әскери киімдер кигізіп, арнайы танылым белгілерін беріп отырды. Олардың ішінде СА (штурмовые отряды) және СС (охранные отряды) ұйымдары жұмывс істеді. Бұлардың саны тез өсіп отырды. 1929 жылы 280 адам болса, 1933 жылы 52 мың адамға жетті. Фашистердің ірі монополия мен аристократтардың қолдауымен өкіметтік билікті - өз қолдарына алуы шындыққа айналды. Фашизм қаупі елде кең етек алды.
Германияда фашизм қаупіне қарсы күресуші саяси күштер де болды. Олар: Германия социал-демократ партиясы (ГСДП) және Германия коммунистік партиясы. Рейхстагта депутаттардың 1/3 бөлігі болды, бірақ та бұл екі саяси партия фашизмге қарсы күресте тактикалық қателіктер жіберді. Фашизм қаупіне онша сене берген жоқ, ұсақ және орта топтардан құрылған фашистік партияны социалистік қозғалыстың бір бөлігі ретінде қарады.ГПК-сы да осы тактиканы ұстап, фашизмге қарсы күресте біртұтас жұмысшы майданын құра алған жоқ. ГСДП-ын социал-фашистік партия деп бағалады. Сондықтан екі партия да фашизм қаупіне сене бермеді. Бірақ та ГКП фашизмге қарсы үгіт-насихат жұмысын жүргізіп,антифашистік акциялар ұйымдастырды. Ереуілдік қозғалысқа еңбекшілердің көбі қатысты. ГКП-ның беделі өсті. 1931 жылы ГКП-ның саны 195 мың болса, 1932 жылы 360 мың адамға жетті. 1932 жылы рейхстаг сайлауында ГКП-сы 6 млн сайлаушылар қолдады. Пролетариат диктатурасын орнату ұраны, сол кездегі ГКП-ның тактикалық қателігі болды. Антифашистік күрестің барысында ГСДП мен ГКП фашистік партияға қарсы шыққан ірі оппозициялық саяси күшке айнала алмады.
Экономикалық және саяси дағдарыс үкіметтің елді басқару қабілетін бұрынғыдан да төмендетті. Фашистік партия мен профашистік ірі монополия иелері Ф. Тиссен, Флик. Феллер тез арада фашистік диктатураның орнауын қалады. Германиядағы президенттік сайлау қарсаңында фашистер мен реакциялық күштер бірігіп күұрес жүргізді. 1932 жылы сәуір айында президенттік сайлауда генерал Гиденбург 19,3 млн дауыс алып, жеңіске жетті. Ал Гитлер болса, 13,4 млн дауыс алып, жеңіліс тапты. ГСДП-сы Гиденбургті қолдады. Сайлаудан кейін елдегі саяси күштердің ара салмағы фашистік күштер жағына ауысты. 1932 жылы мамыр айында Брюнинг үкіметі отставкаға кетіп, Папен канцлер болып тағайындалды. Папен үкіметі елді саяси дағдарыстан шығара алмады, олар төтенше шаралар жүргізді. Саяси дағдарыс тереңдеген тұста, 1932 жылы шілде айында Пруссияда мемлекеттік төңкеріс болды. Пруссия үкіметінде социал-демократ министрлері қуылып, оның орнына профашистік реакциялық топтар жаңа үкімет құрды. Саяси дағдарыс жылдарында 1932 жылы шілде айының 31-і күні рейхстаг сайлауы өткізілді. Сайлауда 13,8 млн дауыс алған фашистік партия үкімет құру мүмкіндігін алды. Веймар Республикасы өзінің тарихында саяси дағдарыстың ең жоғарғы шыңына жетті. Парламентте Папен үкіметіне сенімсіздік білдірді. Президенттің жарлығымен рейхстаг таратылып, А. Гитлерге жол ашылды. Бірақ Гитлер канцлер бола алмады. 1932 жылы қараша айында рейхстаг сайлауында фашистік партия 11,3 млн дауыс алды, яғни алдынғы сайлаумен салыстырғанда 2,4 млн дауыс жоғалтты. НСДАП-сында ішкі дағдарыс күшейді. Антифашистік күштердің қарсы күресі де оған ықпал жасады. Канцлер болып генерал Шлейхер тағайындалды. Гитлерді үкімет басына жібермеді. Ірі монополия иелері Шахт, Тиссен т.б елдің президенті Гиденбургқа ультиматум-хат жолдап, Гитлерді рейхканцлер тағайындауын талап етті. Мұны ірі қаржы олигархиясы түгелдей қолдады. Президентке тікелей қысым жасау арқылы, 1933 жылы қаңтар айының 30-ы күні Гиденбург амалсыздан Гитлерді рейхканцлер етіп бекітті. Сөйтіп Веймар Республикасы құлап, фашистік диктатура орнады.
3. А. Гитлердің ішкі және сыртқы саясаты.
Адольф Гитлер (1889-1945). Ол 1932 жылға жейін Австрия азаматы болған. Әкесі кеден қызметкері. Алайда ол Гитлер 14-ке келгенде қайтыс болған. Гитлер оқуға аса ынталы емес еді. Әкесі өлген соң Адолья Вена суретшілер академиясына түсуге әрекеттенеді, алайда екі рет емтиханнан өте алмаған. 1913 жылы Гитлер Мюнхенге келеді. Бірінші дүниежүзілік соғысты қуана қарсы алған Гитлер өз еркімен Гермен армиясына кіріп, соғыстың төрт жылы бойына Батыс майданында соғысады. Екі рет жараланады және ефрейтор шенін алады. Гитлер сол кездегі көптеген немістер сияқты Германияның жеңілісі оның ішкі жауларының - марксизм мен еврейлердің тіміскілеуінен деп түсінді. Әскерден қайтысымен ол ұлтшылдардың партиясына кіріп, өзінің шешендік «оқымыстылық» қабілетімен тез арада оның лидеріне айналды. Мұнан соң Гитлер бұл партияны НСДАП деп құрды. 1923 жылы ол өзінің жасақтарымен бірге Мюнхенді басып алуға тырысты. (ол жөнінде шешім сыраханада қабылданғандықтан, мұны «сырахана бүлігі» деп атады). Осы әрекеті үщін Гитлер 5 жылға түрмеге жабылды. Онда отырып өзінің саяси және нәсілдік идеясын көрсеткен «Майн камф» («Менің күресім») деген кітабының үлкен бөлімін жазды. Бір жылдан сон түрмеден босатылып, саяси әрекетке белсене кірісті.
Гитлер рейхканцлер болғаннан кейін Германияда құрама (коалиция) үкімет құрды. Үкіметтің құрамына 4 министр НСДАП-сынан 11 министр буржуазиялық партиядан кірді. Алғашқы кезден Гитлер Конституцияны өзгеріссіз қалдырып, демократиялық жүйені өзгертеді. Рейхстагтағы саны аз болған НСДАП жеке үкімет құра алмады. Сондықтан Гитлер өзінің диктаторлық билігін орнату үшін жаңа парламенттік сайлау күнін белгілейді. Рейхстаг сайлауы 1933 жылы 5 наурызда өтетін болып белгіленді.
Сайлау қарсаңындағы үгіт-насихат жұмысы арқылы антифашистік күштерді әлсірету үшін үкімет көптеген шаралар жүргізді. Демократиялық күштерге қарсы әртүрлі арандатушылық шаралар іске асырды. Үкімет саясатына қарсы шыққан саяси күштерге тыйым салды. Ереуілге шыққандарды қару арқылы күшпен басып отырды. Антифашистік топтар Гитлерге қарсы күреске шығып, жалпыұлттық ереулге шақырды. Антифашистік қозғалыстың басында ГСДП мен ГКП-сы болды. Гитлер үкіметі саяси күштердің әлі де болса басым екенін біле отырып, сайлау қарсаңында ерекше шараларға барды. Гитлердің тікелей нұсқауымен 1933 жылдың ақпан айының 27-і күні Германияның парламент үйі Рейхстаг өртелді. Өртеніп жатқан Рейхстаг үйіне келген Гитлер «бұл коммунистердің жасаған ісі, сондықтан коммунистерді жою керек» деп баға берді. Осы күннен бастап Гитлер өзінің тап жауы коммунистерге қарсы террарға шықты.
Рейхстагтың өртенуін сылтау ете отырып, елде жеке билік орнату үшін билікті өз қолына алып, заңды құқығы бар деректер шығара бастады. Веймар Республикасының Конституциясын тоқтату туралы заң қабылды. Коммунистердің жаппай тұтқындау басталды. Наурыздың 3-і күні ГКП-ның мүшесі Э. Тельманды,
9 наурыз күні Коминтерннің басшысы, Болгар коммунистік партиясының мүшесі Г. Димитровты тұтқындады. Оған Рейхстагты өртеген деп айып тағылып,1933 жылы қыркүйек айында Лейпциг сот процесі болды. Сот процесінде Г. Димитров өзін фашистік сот алдында ақтап шықты. Бұл антифашистік күштердің ірі жеңісі болды.
Гитлер үкіметі рейхстаг өртенгенннен кейін екі төтенше декрет қабылдады: «Мемлекеттік сатқындыққа қарсы», «Халық пен мемлекетті қорғау». Халықтың конституциялық құқығы тежелді. Бірақ та сайлауға дейін Гитлердің террор, арандатушылық және қорқыту секілді шараларды жүргізуіне қарамастан, парламент сайлауында демократиялық күштер айтарлықтай жеңіске жетті. Фашистік партияны 17,2 млн адам қолдап, 43,9% дауыс алды. Рейхстагта барлығы 647 депутаттық орын болатын. Басқа партияларды қолдап 22 млн адам дауыс берді. Террорлық әрекеттерге қарамастан, ГКП мен ГСДП-сын қолдап 12 млн адам дауыс берді. Парламен сайлауында ойдағыдай жеңіске жете алмаған Гитлер жеке билік арқылы парламенттің жұмысын тежеді. Конституция жұмыс істеген жоқ. Гитлер елді басқаруда төтенше билікті өз қолына алды. Сөйтіп заң және атқарушы сот билігі бір кісінің қолына көшті. Сайлауда жеңіске жетке 81 коммунистің парламенттегі мандатын заңсыз деп тауып, мандаттарын тартып алды. Гитлер 1933 жылы желтоқсан айының 12-і күні «Партия мен мемлекеттің бірлігі» деген төтенше декрет шығарджы. Мемлекеттік билікті тек қана НСДАП қана мойындады. Елде көсем (фюрер) идеясы кең етек алды. Мемлекеттік-әкімшілік басқару аппаратттары фюрер алдында ант беріп қызмет атқаруға міндетті болды. Жергілікті парламент- ландтаг, жоғарғы палата Рейхсрат таратылды. 1934 жылы тамыздың 2-і күні қарт генерал, президент Гидденбург өлді. Осы күннен бастап Гитлер елдің фюрері (көсемі) және рейхканцлері болып өмірлікке тағайындалды.
Гитлер үкіметтің әкономикалық саясатының негізгі мәні мемлекеттік- монополиялық капитализм тұрғысында болды. Германия экономикасын реттеу тез арада дағдарыстан шығып,елдің экономикасын милитаризациялау (соғысқа дайындау), сөйтіп кек алуды тездету саясаты жүргізілді. Бұл шараларды іске асыру үшін Гитлер елдегі экономиканы бір орталыққа бағындырып, бірнеше төтенше реформалар жүргізді. 1933 жылы шілде айында картель құру туралы заң шығарды. Бұл заң бойынша экономиканы басқару мақсатында «Неміс шаруашылық Бас кеңесі» мемлекеттік басқару мекемесі құрылып, оған «шаруашылық және өнеркәсіп орындарын біріктіретін» мекемелер бағындырылды. Мемлекеттік шаруашылық кеңесін басқаруға ірі монополия иелері мен финанс басшылары кірді. Империялық шаруашылық мекемесі 7 топтан тұрды.: өндіріс, энергия, сауда, қолөнер, банк және қамсыздандыру. Әрбір топтың жергілікті жерлерде мекемелері құрылды. 1934 жылы қыркүйек айындағы төтенше заң бойынша сыртқы және ішкі сауда, валютаға мемлекеттік бақылау қойылды.
Ауыл шаруашылығын қайта құру үшін «империялық әлеуметтік азық-түлік» мекемесі құрылды.
Мемлекеттік реттеу әлеуметтік салада жүзеге асырыла бастады. Халықтың еңбек ақысы, зейнетақы, кәсіпкерлікті қолдау шаралары жүргізілді. Экономиканы реттеу үшін 4 жылдық жоспар қабылданды. Гитлер экономиканы басқаруды Г.Герингке тапсырды. Германия экономикасының ауыр өнеркәсібі мен соғыс өнеркәсібін дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Сөйтіп Германия экономикасы милитаризациялана бастады. Ауыр өнеркәсіп 1935 жылы 50% тең болды. 1935 жылдан бастап жалпыға бірдей әскери міндет енгізілді.
Мемлекет ірі монополия иелеріне несие, субсидия(мемлекеттік тікелей акция көмегі)көмегін берді. «И.Г. Фарбениндустри» мемлекеттік кредит арқылы өндіріске қажетті технологияны жаңартып, химия ғылымының жаңалықтарын өндіріске тез қосып отырды. Субсидия арқылы химия өндірісіне қажетті өндіріс орындарын салды. Мемлекеттік көмектің нәтижесінде 1932-1938 жылдары «И.Г. Фарбениндустри» концернінің таза табысы 4 есе өсті. Крупп болса, соғыс өндірісін жедел дамытудың нәтижесінде өзінің жылдық кірісі 380 млн маркаға жеткізді. Гитлер үкіметі мемлекеттік-монополия саясатының барысында Германияда жұмыссыздықты жойды. Мұндай жетістік басқа капиталистік елдерде болған емес.
Мемлекеттік-монополиялық реттеу Германияның экономика және әлеуметтік салаларын түгелдей қамтыды. Елдің барлық билік саласында ірі қаржы өндіріс олигархиясы отырды. Экономикалық, әлеуметтік және әкімшілік-басқаруды қайта құру нәтижесінде тоталитарлық диктатура билік жүргізіп, Германия жаңа соғысқа бар күшін салып, кек алу үшін халықты жұмылдырды.
Гитлерлік Германия үкіметінің сыртқы саясатының негізгі мақсаты агрессиялық милитаристік бағыт боды. Бұл мақсатқа жету үшін Версаль-Вашингтон жүйесін әлсіретіп, жою қажет еді. Капиталистік елде АҚШ, Франция және Ұлыбританиялардың профашистік топтарының қолдауымен Шығыс-Еуропа елдерін жаулау саясатын қалыптастырды. Олар орта ғасыр заманындағы Пруссия корольдерінің жүргізген «Дранг нах Остен» саясатын жалғастырды.
Капиталистік елдер соғыс өндірісінің құрылымын өзгерте отырып, соғыс – теңіз кемелерін көбейту, соғыс самолеттерін кептеп шығаруды қолға аолды. Сөйтіп, Ұлыбритания және Франция елдерімен бәсекеге түсті. 1936 жылы Локарно конференциясының шешімін бұзып, Рейн аумағына өз әскерлерін енгізу арқылы батыс шекарасын нығайта түсті.Шығыс саясатының бірінші кезеңіне Австрия мемлекетін қосып алу үшін аншлюс саясатын дайындады. 1936-1937 жылдарда Германияның агрессиялық саясатын қолдап Берлин – Рим –Токио белдігі құрылды. Ол КСРО, Франция және Чехословакияның коллективтік қауіпсіздік саясатына қарсы тұрды. Германияның агрессиялық саясатын қолдаған АҚШ, Франция және Ұлыбритания «бейтараптық» саясат жүргізді. Бұл болып жатқан жағдайды біліп тұрып, көз жұмуымен пара-пар болды. Германия мен Италия өздерін Еуропада еркін сезінді. 1938 жылы 29-30 қыркүйекте Мюнхен қаласында болған конференцияда империалистік елдердің келісім беруімен Чехословакияның Судет облысын Германия өзіне қосып алды. Ал 1939 жылы 15 наурызда Чехословакияны толық жаулап алды. 1939 жылы Клайпед портын иеленіп, Балтық теңіз жағалауындағы елдерге қауіп төнгізді.
Германия империализмі Еуропадағы ең ірі әскери өндірістік державаға айналды. Алты жылдың ішінді өнеркәсәп өнімдерін шығарудан Германия Еуропада бірінші орынға,ал дүниежүзінде АҚШ-тан кейінгі екінші орынға шықты. Шойын мен болат өндіруден Франция мен Ұлыбританияны қосқандағы деңгейде болды.
1939 жылы 23 тамызда Герман-Кеңес елдерінің арасында соғыспау туралы келісімге қол қойылды. Бұл пакті тарихта Молотов – Риббентроп пактісі деп аталды. Аталмыш келісім туралы екінші дүнижүзілік соғыс қарсаңындағы халықаралық қатынас тарихында кең түсіндірілді. 1939 жылы «Италия мен Германия арасында достық» пактісіне қол қойылды. Бұл келісім арқылы екі ел арасында әскери одақ құрылды. Кейіннен белгілі болғандай бұл пактіге Жапония қосылып Үштік әскери одақ құрылды. Ірі капиталистік елдердің қолдау саясаты Германияны шығысқа соғыс ашуға айдап салып отырды. Империалистік елдердің бұл саясаты өз нәтижесін бергенімен, кейіннен өздеріне қатты соққы болып тиді. 1939 жылы қыркүйек айының 1-і күні таңғы сағат төрт он бесте Германия 1,6 млн адамнан тұратын әскерімен 62 дивизия: оның ішінді 2,8 танк, 6 мың миномет пен артиллерия және 2 мың самолетпен Польшаға соғыс бастады. Екінші дүнижүзілік соғыс ХХ ғасырдағы ең жойқын соғыс болды.
Орта және Оңтүстік-Шығыс Европа елдері екі дүниежүзілік соғыстар аралығында.
Лекция жоспары:
1. Орталық және Шығыс Еуропа елдері І дүниежүзілік соғыстан кейін.
2. Орта және Шығыс Еуропада авторитарлық тәртіптердің қалыптасуы.
Әдебиеттер:
1. Историография новой и новейшей истории стран Европы и Америки. М., 1977.
2. Язьков Е.Ф. История стран Европы и Америки в новейшее время: 1918–1945. М., 1998.
3. С.М. Мәшімбаев. «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы». А.,2005.
4.Т. Дәуірбаева «Европа мен Америка елдерінің тарихы (1918-1990). Түркістан, 2004.
5. О.С.Сороко-Цюпа, В.П. Смирнов, А.И. Строганов, Г.Д. Сүгірбаева.«ХХ ғасырдағы дуние жүзі. А. 2005.
1. Орта және Шығыс Еуропада авторитарлық тәртіптердің қалыптасуы.
1918-1919 ж.ж аралығындағы экономикалық құлдырауды жойып, жаңа реформаларды орнатып, билікті реттейтін күшті басшының болмауы «Шығыс Еуропа» елдерінде революциялық жағдайдың туындауына әкеліп соқтырды. Бірақ бұл ұзаққа созылмады.
Авторитарлық тәртіптердің алғашқы қадамы Польша мен Венгрияда орын алды. 1918 жылдан бастап Польшада билікпен қатар «мемлекет басшысы» деген лауазым қалыптаса бастады. 1918 жылдың 22 қарашасында қабылданған декретпен сәйкес барлық сотж әне атқарушы билік генерал Юзеф Пилсудскийге уақытша басшы ретінде жүктелді. Оның құзырында билікті таратып және шақырту,заңдарды бекіту және бюджет болды.
1920 жылғы Конституцияға сәйкес «мемлекет басшысы» деген лауазым қысқыртылса да, Ф. Пилсудский өзінің билігін жалғастырып, парламентті басқаруды көздеді.
Мұндай жағдайлар Венгрияда да болып жатты. Қаланың оңтүстігінде Кеңестік Республиканың кезінен бері қалыптасып келе жатқан, құрамында бірнеше мыңға жуық әскері бар контрреволюциялық Сегедтік мемлекет құрылған болатын. 1919 жылдың тамызында бұл мемлекет әскерімен Задунай елді мекеніне басып кірді. Әскер басын контр-адмирал Миклош Хорти басқарды. Ол австро-венгриялық флоттың басшысы сонон-соң Сегедтік мемлекетінің әскери ісінің министрі қызметін атқарған.
1919 жылы Антанта мойындамаған И. Фридрихтың мемлекеті отставкаға кетуге мәжбүр болды. 16 қарашада Будапешт қаласына әскер бастап М. Хорти кірді. Ол жаңа мемлекеттің құрылуын өз қолына алды. Құрылған жаңа коалициалық мемлекетті К. Хусар басқарды. Хорти Конституциялық парламеттік жүйені көппартиялық жүйе негізінде қалыптастырды. 1920ж қаңтар айында Ұлттық жиналыста сайлау өткізілді. Ол сайлауда барлығы Корольдік билікті қолдап, 1 наурызда бір ауыздан Хортиды Веймар Корольдігінің билеуші-регенті етіп жариялады. Хортидың құзырында парламетті шақырту және тарату, заңды инициатива болып әскери басшының посты сақталды. Бірақ 20 ж.ж қарай бұл екі мемлекет басшылары Пилсудский мен Хорти бірте-бірте өз көлеңкелерінде қалып қойды.
1923 жылдың 9 маусымында Болгария билігін құлатып, үкімет басына саяси топ Ұлттық жасырын келіссөз ұйымы келді. Оның басында Александр Ценкова болды.Оған қарсы болған көтерісшілерді жазалап, басып отырды. Ценкова басқарған топ екі саяси топтарға сүйеніп отырды. Оның бірі И. Вылковтың әскери Лигасы құраса, екіншісі кәсіпкерлер мен интелегенция құрған буржуазиялық партия «Конституиялық блок» болды. Бірақ жаңа реформаларды құрмауы және орын алған тоқтаусыз репрессиялардың әсерінен Ценков билігі ұзаққа бармай, 1926 ж. қаңтар айында жеке биліктен бас тартуына тура келді. Ал 1931 жылы болгария буржуазиялық-демократиялық партиясы парламенттік сайлауда жеңіске жетті.
1926 жылы Польшада Ю.Пилсудскийдің басшылығымен әскери төңкеріс басталды. Көпшіліктің қолдауы арқасында Ю. Пилсудский астанаға енді. Мұндай жағдайдан кейін президент Войцеховский және Витостың басшылығы отставкаға кетуге мәжбүр болды.
Ю. Пилсудский өзін формальді түрде диктатор етіп жариялады. 31 мамырда парламент Пилсудскиді Президент етіп тағайындады. Бірақ конституция президентке өте аз билік береді деген сылтаумен, ол бұл лауазымнан бас тартты. 1 маусымда Львовский политехникалық институттың профессоры Игнаций Мосцицкийді президент етіп жариялайды. 1926 ж тамызында президент декреті бойынша Ю.Пилсудский әскери күштің бас инспекторы етіп тағайындалды. Әскери армия мен мемлекеттік бюрократияны қолына ұстаған Пилсудский әскери- авторитарлық тәртіпті орнатты.
Румыниядағы орын алған авторитарлық тәртіп билік 1930 ж. билік басына Король ІІ келуімен байланысты болды. Ол ұлттық партия мен әскери құрылым «темір гвардияға» сүйенді.1938 жылы ол парламентті бір жолата таратып, патриарх М. Кристей басқарған жаңа билікті құрды. Ол тек қана корольға ғана бағынды. 1938 жылдың ақпанында Румынияда билігі тек корольда ғана болатын жаңа Конституцияны енгізді. 1940 жылы «корольдік диктатура» әскери- авторитарлық тәртіппен алмастырды. Король Король ІІ Михай атты баласының еншісіне қарай биліктен бас тартуға мәжбүр болды. Бірақ нағыз билік «темір гвардиясының» лидері Ион Антонескуге өтті.
Болгарияда авторитарлық тәртіп 1934 жылдың 19 мамырында орын алды. Оны «Звено» деген К. Георгиевтің Борис патша қолдаған саяси тобы басқарды. «Звено» тобын елде болып жатқан қиындықтар мен, либералды-демократиялық реформалар мен күшті мемлекет құруға құлшынған басшыларға қарсы болған интелегенция мен офицерлер құрамы құрады. Жаңа биліктің ең алғашқы қадамдары : Конституция тоқтатылды, саяси партиялар жойылды, парламент таратылды.
Авторитарлық тәртіп Венгрия мен Чехословакия да да орын алып жатты. 20 ж екінші жартысы мен 30 жж басында Венгрияда Хортидің авторитарлық тәртібі орнады. 1926 ж барлығының сайлау құқықтары алынып тасталды. Бюрократия мен генералитеттің өкілдерінен тұратын парламенттің жоғарғы палатасы қалпына келтірілді. 1932 ж. құрылған Д. Гембештің билігі оппозициялық партия мен қозғалыстарға, азаматтардың бостандықтары мен құқықтарына, профсоюздердің жұмысына тыйым салында. Сонымен қатар Хорти 1935 ж құрылған прогермандық Ұлттық партиясына қарсы болды.
20ж.ж Чехословакияда көп жылдар бойы партиялардың лидері атанған Ұлттық- демократиялық партиясы таратыла бастады. 1927 ж. президентке көптеген құзыр беретін конституциялық реформа орын алды. А.Глинка бастаған Словадтық ұлттық партиясы, К.Генлейннің басшылығымен Судеттік-немістік партиялары құрылды. Елдегі саяси күштер демократияны қолдауда бар күшін салды. Әсіресе Т. Масарик пен Э. Бенештің басшылығымен құрылған «Града» тобы болды. Ашық түрде екі саяси топтың кездесуі 1935 жылы президенттік сайлауда өтті, сөйтіп Э. Бенештің жеңуімен аяқталды.Авторитарлық тәртіптің жақтаушылары сепаратизмдік жүйеге көшіп, Германияда тұрақтанды.
«Шығыс Еуропа» елдеріндегі орын алған авторитарлық тәртіптердің нәтижесінде бұл елдердегі саяси биліктің құрылымы өзгеріп, реформалардың бұрмалауына және дамудың тоқтап қалуына әкелді.
ІІ-ші дүниежүзілік соғыстың алдындағы халықаралық қатынастар.
Лекция жоспары:
1. 30-шы жылдардағы халықаралық қатынастар. Мюнхен келісімі.
2. Германияның агрессиялық саясаты.
3. Ымырашылдық саясаттың күшеюі.
4. КСРО мен Германияның жақындасуы. Риббентроп пен Молотов пактісі.
Әдебиеттер:
1. Историография новой и новейшей истории стран Европы и Америки. М., 1977.
2. Язьков Е.Ф. История стран Европы и Америки в новейшее время: 1918–1945. М., 1998.
3. С.М. Мәшімбаев. «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы». А.,2005.
4. Т. Дәуірбаева «Европа мен Америка елдерінің тарихы (1918-1990). Түркістан, 2004.
5. О.С.Сороко-Цюпа, В.П. Смирнов, А.И. Строганов, Г.Д. Сүгірбаева.«ХХ ғасырдағы дуние жүзі. А. 2005.
1. 30-шы жылдардағы халықаралық қатынастар. Мюнхен келісімі.
30-шы жылдардағы халықаралық қатынастардың даму барысы екінші дүниежүзілік соғыстың басталуын сөзсіз жақындата түсті. Оның басталуынан бұрын әлемнің әр алуан аудандарында агрессиялық актілер болып тұрды. Фашистік – милитаристік блок елдері дүниені қару күшімен бөлісе бастады.
Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың зардаптары да қиыншылық тудырып, жағдайды нашарлатты. Оны жою үшін ірі елдер арасында қарыздар мен төлемдер мәселесін реттеу қажет болды. Соған орай 1931-1932 ж.ж Германия репарациялар төлеуді, ал Еуропа елдері АҚШ-тан алған қарыздарын төлеуді тоқтатты. Бұл дағдарыстан әбден күйзелген елдерге елеулі жеңілдіктер әкелді. Алайда ірі елдер дағдарыстан шығуға қажетті шара ретінде кедендік салықтарды көбейту және ұлттық валюталарын алтынға айырбастау ережелерін қатаңдандыру саясатын ұстанғандықтан, олардың арасындағы сауда- экономикалық байланыстар нашарлап кетті. 1933 жылы Лондонда өткізілген Халықаралық экономикалық конференция ешқандай нәтиже берген жоқ.
Халықаралық жағдайдың шиеленісуі ең алдымен фашистік мемлекеттердің басқыншылық саясатына байланысты болды. Басқыншылық саясатты Қиыр Шығыста Жапония бастады. Жапонияның басқыншылық мақсаттары «Танака мемарандумында» негізделді. Бұл құжатта бүкіл Қытайды, Монғолияны басып алу, одан кейін Оңтүстік Шығыс азия мен Үндістанға үстемдік орнату көзделген еді.
1931-1932 ж.ж Жапония Солтүстік- Шығыс Қытайды (Маньчжурия) басып алды да, «Маньчжоу-Го» деп аталған «қуыршақ» мемлекет құрды. Қытай Ұлттар лигасына арыз жолдады. Ұлттар Лигасы бұл мәселені тексеру үшін комиссия құрды. Комиссия Жапон әскерін Маньчжуриядан шығару және бұл жерді халықаралық бақылауға беру туралы ұсыныс жасады. 1933 жылдың басында Жапон әскерлері ішкі Қытайға ене бастады. Ұлттар лигасы Маньчжоу- Го мемлекетін мойындамау және Жапонияның халықаралық шарттарды сақтауға тиісті екендігі туралы қарар қабылдады. Бұған жауап ретінде 1933 жылы 27 наурызда Жапония Ұлттар Лигасынан шығатынын мәлімдеді. Германияда өкімет басына фашистік партияның келуі халықаралық жағдайды елеулі түрде шиеленістірді. Фашистік Германия бірінші кезекте Версаль бітім шартының күшін жоюға, сөйтіп шексіз қарулану мүмкіндігін алуға тырысты. Ал қарулану Германияға бүкіл Еуропаны басып алу және дүние жүзіне үстемдік орнату мақсатын іске асыру үшін қажет еді. Осындай ниеттегі Германия енді Ұлттар Лигасын өзінің қолын байлайтын бөгет деп есептеді де, 1933 жылы 19 қазанда Ұлттар Лигасынан шығып кетті.
Италия басқыншылық әрекетін 1935 жылы Эфиопияны (Абиссинияны) басып алудан бастады. Ұлттар Лигасы Италияны басқыншы деп айыптады. Алайда Италияға бұл шешім ешқандай да ықпал жасаған жоқ, ол 1936 жылы Эфиопияны толық басып алды. Италияның Эфиопияға қарсы басқыншылық әрекетіне Германияның жылы шыраймен қарауы және Испания республикасына қарсы бірігіп жорық жасау екі фашистік мемлекетті бір-біріне жақындата түсті. 1936 жылы Германия мен Италия арасындағы ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойылды. Бір айдан кейін Германия мен Жапония Коминтернге қарсы келісім жасады. Мұнда екі қол Коминтерннің басқа елдердің ішкі істеріне араласуына жол бермеу үшін Коминтерннің әрекеті туралы өзара хабарласып отыруға келісті. Коминтернге қамқоршы болып отырған Кеңес Одағы екендігін ескеріп,олар Кеңес Одағымен осы келісімнің рухына қайшы келетін саяси келісім шарттар жасамауға міндеттенді. Сонымен қатар осы екі мемлекеттің біреуі Кеңес Одағы тарапынан шабуылға ұшыраған жағдайда, екіншісі Кеңес Одағының жағдайын жеңілдетуге мүмкіндік беретін шараларды қолданбауға уәде берді.
1937 жылы бұл келісімге Италия қосылды Осылайша «Берлин-Рим-Токио өзегі» деп аталатын одақ құрылды. Батыс Еуропа елдерінің Германияны «пейілдендіру» саясаты Мюнхен келісіміне әкелді. Германияның басшылары Судет облысындағы немістердің ұлттық құқықтарын қорғау қажет деген сылтаумен осы облысты Чехословакиядан бөліп, Германияға беруді талап етті.
1938 жылы 29-30 қыркүйек айында Мюнхен конференциясы ашылды. Конференция жұмысына Гитлер, Муссолини, Даладье және Чемберлен қатысты. Конференцияның күн тәртібінде «Чехословак мәселесі» қаралғанымен, Чехословак президенті Э. Бенеш қатыстырылмады. Мюнхен келісімі бойынша Судет облысы Германияға берілді. Судет облысында 5 млн халық тұрса, соның 3 млн халқы немістер болатын. Судет облысында Чехословакия өнеркәсібінің 40% орналасқан еді. Мюнхен келісімінен кейін Германияның шекарасы Прага қаласынан 40 шақырым жерде болды. Мюнхен келісімі екінші дүниежүзілік соғыстың бастауы болды. Мюнхен келісімінен кейін Гитлер Венгер сыртқы істер министрі Чакимен кездескенде былай деген: «Неслыханное достигнуто. Вы думаете, что я сам полгода назад считал возможным, что Чехословакия будет мне как бы поднесена на блюде ее друзьями? Я не верил, что Англия и Франция вступят в войну, но я был убежден, что Чехословакия должна быть уничтожена военным путем: то, что произошло, может произойти лишь раз в истории»
Мюнхендегі келісім нәтижесінде Орталық еуропадағы жағдай түбегейлі өзгерді. Гитлерлік Германия өзінің стратегиялық позициясын елеулі нығайтты. Чехословакия маңызды экономикалық аудандарынан, сондай-ақ өн бойында бекіністер салынған табиғи қолайлы шекарасынан айрылды. Жасанды түрде белгіленген жаңа шекара мемлекет ішіндегі байланысты қиындатып жіберді. Түрлі ұлттың өкілдері қоян-қолтық тұратын территорияның тартып алынуы нәтижесінде 1 млн. астам чехтар мен словактар еріксіз Германияның қол астына түсті. Англия мен Франция Гитлердің Чехословакияны суверенді мемлекет ретінде толық жойып жіберуіне іс жүзінде қолайлы жағдай жасады.
Версаль шартының әскери статьяларын Германия қайта қарағаннан кейін британ және француз позициялары әлсірей бастаған болатын. Бұл Мюнхен келісімінің нәтижесінде жоғары деңгейіне жетті. Мюнхендегі келісім соғысқа тосқауыл қою мүлде қолынан келмейтінін көрсеткен Ұлттар Лигасының да жойылуы деген сөз еді.
Мюнхендегі ымыраласу айдан анық антикеңестік бағыт алды Гитлер мен Чемберлен шабуыл жасаспау жөніндегі ағылшын-герман деклорациясына қол қойды. Бұл деклорация Германияның шығыс еуропа елдеріне, алдыменен КСРО-ға қалай деп тапса солай, қимыл әрекет жасауына ерік берді. 1938 жылдың желтоқсан айында осындай деклорацияға Франция мен Германия қол қойды. Франция өзінің осы іс әрекеті арқылы Кеңес Одағымен жасасқан өзара көмек көрсету шартын іс жүзінде жоққа шығарды.
Англия мен Францияның басшы қайраткерлері Мюнхеннің Шығысқа нацистік экспанция ашып бергенін жасырмады. Алайда оқиғалардың даму барысы көрсеткендей, кешікпей Германияның КСРО мен қақтығысатыны жөніндегі болжам негізсіз болып шықты. Гитлершілдер алдыменен осал жауға соққы беруді ұйғарды.
Мюнхен келісімі 1938 жылдың 29 қыркүйегі (үзінді)
Германия, Құрама Корольдік, Франция және Италия Судет-неміс облысын беруге қатысты әлдеқашан нақты қол жеткен келісімге орай осы ымыраның мынадай шарттары мен тұрпаттары туралы, сондай-ақ, осыған қажетті шаралар туралы уәделесті және осы келісімге сәйкес әрқайсысы өзін оны іске асыруға қажетті шараларды қамтамассыз етуге жауапты деп жариялайды. Көшіру 1 қазаннан басталады.
2. Германияның агрессиялық саясаты.
Құрама Корольдік, Франция және Италия территорияны көшіру 10 қазанға қарай аяқталады, сонымен бірге барлық құрылыстарда ешқандай да қирату жүргізілмейді, және де чехословак үкіметі облысты көшіруде аталған құрылыстардың бүлдірусіз өткізілуіне жауапты болады деп келісті
3. Көшірудің тұрпаттары Германияның, Құрама Корольдіктің, Францияның, Италияның және Чехословакияның өкілдерінен құралатын халықаралық комиссия белгілейді .
4. Неміс тұрғындары басым аудандарға герман әскерлерінің орналасуы 1 қазаннан басталып, кезеңдерге бөлініп жүргізіледі.
2. Германияның агрессиялық саясаты.
«Араласпау» саясатынан агрессорларға тікелей көмек беру саясатына көшу Гитлерлік Германияның жаңа басқыншылық әрекеттерін оңайлатты. 1939 жылдың наурыз айында Испан республикасы құлады, Чехословакия біржола дербес мемлекет болудан қалды. Нацистер елдің қалған жердерін де бөліп жіберді. Қуыршақ фашистік үкімет құрған Словакия өзін «дербес» мемлекет деп, ал Чехияның Богемия мен Моравия облыстарын гитлершілдер протекторат деп жариялап, «рейхтың» құрамына енгізді.
Көп кешікпей нацистер Балтық теңізіндегі маңызды порт Клайпеданы (Мемельді) өздеріне беруге Литваны көндірді. Германия Гданьскіні (Данцигті) өзіне беру жөнінде Польшаға талап қойды Польша үкіметінің бұл талапты орындаудан бас тартуын гитлершілдер Польшаны басып алуды әзірлікті күшейту үшін пайдаланды. 1939 жылы 3 сәуірде Гитлер Польшаға шабуыл жасауды көздеген «Вайс» жоспарын («Ақ жоспар») бекітті. Шабуылдың басталатын күні де белгіленді, ол 1 қыркүйек еді. Итальян фашистері сәуірде Албанияға баса – көктеп кіріп, оны оккупациялады.
Еуропадағы жаңа басқыншылық әрекеттер батыс державаларды бұрынғы Мюнхен саясатын жүргізу тактикасын өзгертуге мәжбүр етті. Гитлермен келіспеуден белгілі бір тиімділік алу үшін олар өздерінің әскери саяси жағдайын нығайтатын кейбір шараларды жүзеге асырды. Парламенттер соғыс ісіне көп қаржы бөлді. Англияда жалпыға бірдей әскери міндеттілік енгізілді. Ұлыбритания мен Франция егер үшінші держава екі мемлекеттің біреуіне шабуыл жасай қалса, өзара көмек көрсету жөнінде келісті. Еуропаның кіші-гірім елдері оның ішінде Польша ағылшын-француз кепілдігін алды. Егер бұл елдер шабуылға ұшыраса, оларға көмек берілетіні жөнінде уәде жасалды. Шын мәнінде Лондон мен Париж агрессия қауп-қатері төніп отырған мемлекеттерді қорғап қалуда емес, өздерінің гитлершілдерге көмек көрсету саясатын еуропалық қауіпсіздікті қамтамассыз ету ісін күшейту елесімен бүркемелеуді ойластырған еді.
3. Ымырашылдық саясатының күшеюі.
1939 жылдың наурыз айында Англия мен Франция өздерінің тактикалық айласын жалғастыра отырып, Германия тарапынан жасалынатын шабуыл құрбандарына КСРО-ның көрсетер көмегі жөнінде Кеңес үкіметі мен дипломатиялық хат алыса бастады. Кеңес Одағы агрессияғы бірлесіп тойтарыс берудің реті келген мүмкіндіктерін пайдаланып қалуға талпынып, келісуші мемлекеттердің біріне қарсы шабуыл жасалса, көмек көрсету үшін үш жақты пакт жасасуды және КСРО мен шекаралас жатқан Шығыс Еуропаның фашистік агрессия қаупі төніп отырған мемлекеттеріне (Балтық бойы елдерін қоса) көмек көрсетуді ұсынды. Алайда кеңестік ұсыныс қабылданбай қалды. Бір-біріне және басқа еуропалық елдерге әскери көмек берудің мөлшері мен формасын белгілейтін конвенцияға пакт жасаумен бірге бір кезде қол қою идеясы да батыс державалар тарапынан қолдау таппады. Сонымен қатар батыс державалар антикеңестік агрессия бола қалса, тиімда ағылшын-француз қауіпсіздік кепілдігін берместен, КСРО-ны бір жақты міндеттемелерден шырмап тастағысы келді.
Өзінің агрессияшыл курсын ұстанған Германия Англи мен жасасқан теңіз келісімін және өзара шабуыл жасаспау туралы Польшамен жасасқан пактісін бұзды. 1939 жылдың мамырында Гитлер мен Муссолини Англия мен Францияда елеулі үрей туғызған әскери -саясат «Болат пактісіне» қол қойды. Бұл елдің жұртшылығы өзара көмек туралы КСРО мен шарт жасауын батыл талап етті.
Чемберлен мен Даладьенің үкіметтері халық бұқарасының қысым жасауымен шілде айында Мәскеуде тікелей келіссөздер жүргізуге мәжбүр болды. Бірақ Англия мен Францияның КСРО-мен өзара көмек көрсету жөнінде тең және тиімді шарт жасасуға ынта-жігері болмады. КСРО мен шын мәнінде ынтымақ орнгату британ және француз саясатшыларының есебіне кірмеді. Мәскеудегі келіссөздермен бірге ағылшын үкіметі Германия мен саяси және экономикалық мәселелер бойынша жасырылып келіссөздер жүргізді, сонымен қатар Лондон Берлин мен қатынасты жақсарту үшін ірі құрбандықтар жасауға әзір отырғандығын білдірді. Германияның тобы соғыстың алдыменен Польшаға және Батыс Еуропа елдеріне қарсы басталатыны жөнінде шешім қабылдаған болатын, оған әзірлік қызу жүріп жатты. Гитлершілдер Англиямен келіссөз жүргізе отырып, таяу арада келісімге қол жетеді дегенді оның саясатшыларының құлағына құйып, санасына енгізе берді, сөйтіп, ағылшындарды және оның француз одақтастарын КСРО-мен жүргізіліп жатқан келіссөздерді аяқсыз қалдыруға итермеледі.
АҚШ-тың реакцияшыл топтары Англия мен Францияның мюнхендік саясатын қолдады, алдымен Германия және Кеңес одағы шайқасатындығына үміт артты, бұл шайқаста КСРО жеңіледі, Германия титығына жетеді деп дәмеленді. АҚШ – тағылар өзінің басты бәсекелестері Ұлыбритания мен Германияның қарулы шайқаста әлсіреуі мүмкін деп есептеді. Мәскеу келіссөздерін соза беруге және тұйыққа тіреуге бағытталған ағылшын француз саясаты Вашингтонда қолдау тапты және мақұлданды.
Соғыс қаупінің күшейе түсуі шұғыл шараларды қолдануды талап етті КСРО еуропада үш жақты қорғаныс одағын құруға талпынып, 1939 жылы шілдеде Англия мен Францияға әскери мәселелер бойынша келіссөздер ұсынуды талап етті. Лондон мен Париж бұған келісті., бірақ мәселені шешуге асыға қоймады. Олардың екінші дәрежелі әскери бастықтардан құралған миссиялары жәй жүретін теңіз кемесімен шықты да, Мәскеуге тек 11 тамызда келді. Делегацияға келіссөзді соза түсуге нұсқау берілді. Ағылшын миссиясының әскери конвенция түгіл, келіссөз жүргізуге де өкілдігі болмады. Мұның бәрі Англия мен Францияның КСРО мен әскери жағынан ынтымақтастыққа келмейтінін көрсетті.
Кеңестік әскери миссия Еуропадағы агрессияға тойтарыс беру үшін бірлескен операциялар жүргізу жоспарының өзіндік жобасын ұсынды. Алайда Англия мен Франция кеңестік жоба жөнінде жұмған аузын ашпады, сөйтіп келіссөзді тұғырыққа тіреді. Келіссөздің аяқсыз қалуына антикеңестік позицияда болған Польша мен Румынияның реакцияшыл басқарушылары сүбелі үлес қосты. Олар КСРО тарапынан берілмек әскери көмек жөніндегі ұсынысқа қарсы болды, және дау жанжал шыққан жағдайда кеңес әскерлерін өз территориялар арқылы өтуізуден бас тартты. 1939 жылдың жазында халықаралық қатынастар саяси дағдарыстың насырға шабуымен сипатталды. Оның сыры мынада еді: батыс державалар соғысты саяси құралдар күшімен болдырмаудың қолда бар мүмкіншіліктерін пайдаланбады. 1939 жылы тамызда кеңес-ағылшын-француз әскери одағы құрылған жағдайда, ол Польшаға герман басқыншылығының жасалуына және Еуропадағы соғысты тоқтатуға тосқауыл қоя алатын еді. Бұл іске асырылмады. Батыс саясатшылары арасында Кеңес еліне деген таптық өшпенділік басым болып шықты. Олардың шешіміне 30-жылдардың соңында Сталин жүргізген жазалау, әсіресе жоғары буындағы әскери басшыларға қарсы ұйымдастырылған террор әсер етті.
Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында дүние жүзіндегі жағдай бірінші дүниежүзілік соғыс басталған кездегімен салыстырғанда айта қаларлықтай өзгеше еді. Оқиғалардың даму барысында КСРО-ның коллективтік қауіпсіздік системасын құру бағытындағы дәйекті күресі ықпалын тигізді. Алайда Ұлыбритания, Франция және АҚШ «араласпау» немесе оның бір түрі «бейтарап қалу» саясатын жүргізу арқылы агрессорларға дем беріп отырды. Олар фашистік-милитаристік мемлекеттермен арадағы өз қайшылықтарын басқа елдер есебінен, әсіресе Кеңес Одағы есебінен шекпекші болды.
4. КСРО мен Германияның жақындасуы. Риббентроп пен Молотов пактісі.
1939 жылдың тамызында КСРО ның халықаралық жағдайы шиеленісе түсті. Германия мен оның одақтастары әскери потенциялын жедел молайтты, Гитлер Польшаға шабуыл жасауға әзірленіп жатты. Еуропада соғыстың басталуына санаулы күндер қалған еді. 1938 жылдың жазынан бері қарай КСРО-ға қарсы әскери арандатушылық әрекеттер жасап келген Жапония Халгин-Гол өзені ауданында ірі антикеңестік авантюра ұйымдастырды.
Өшпенді капиталистік қоршауда қалған және одақтасы болмаған КСРО толық оқшауланды. Елге екі майданда – Батыс және Шығыста соғысу қатері төнді. Қалыптасқан осындай жағдайда Германия Кеңес Одағына 10 жыл мерзім бойына шабуыл жасаспау туралы ұсыныс жасады. Берлиннен кеңес-герман қатынастарын жақсарту туралы ұсыныстар бұдан бұрын да түскен еді, бірақ Англия мен Франциямен жүргізіліп жатқан келіссөздері оң тәтижелі аяқталарына үміт артқан КСРО үкіметі байсалдық танытқан болатын. Өзгерген жағдай кеңес басшыларын келісуге және герман ұсынысын қабылдауға мәжбүр етті. Сталиннің шешімі бойынша, Англия мен Франция мен жүргізіліп жатқан келіссөздер тоқтатылды да, Германияның Сыртқы істер министірінің келуіне келісім берді. 1939 жылы 23 тамызда Мәскеуде М.В. Молотов пен И. Риббентроп КСРО мен Германия арасындағы бір-біріне шабуыл жасаспау туралы келісімге қол қойды, келісімге қосымша жасалған құпия хаттамаларда екі елдің Шығыс Еуропаны «ықпал аймағына» бөлісу туралы айтылды. Бұл хаттамалар Кеңес Одағының сыртқы саясатының күрт өзгергенін көрсетті. КСРО патшалық Ресейдің бұрыннан қалыптасқан құпия дипломатиясын пайдаланып, басқа елдердің жеріне көз аларту саясатын қайта жаңғыртты.
1939 жыл,ы 23 тамызда кеңес-герман келісімі Кеңес Одағының халықаралық беделіне үлкен нұқсан келтірді. Германия екі майданда соғыс жүргізу қаупінен құтылған соң, 1 қыркүйекте Польшаға шабуыл жасады. Осылайша екінші дүниежүзілік соғыс басталды.
Германия мен Кеңес Одағы арасындағы шабуыл жасаспау туралы
келісім шартқа құпия хаттама.1939 жылдың 23 тамызы(үзінді)
Германия мен Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы арасында шабуыл жасаспау туралы келісімшартқа қол қою кезінде екі жақтың төменде қолдарын қойған өкілдері Шығыс Еуропадағы екі жақтың мүдделер аймақтарын межелеу туралы мәселені қатаң құпиялық тәртібімен талқылады. Бұл талқылау төмендегідей нәтижеге әкелді:
1. Прибалтика мемлекеттерінің (Финляндия, Эстония, Латвия, Литва) құрама кіретін облыстар территориялық-саяси жағынан қайта құрылған жағдайда Литваның солтүстік шекарасы бір мезгілде Германия мен КСРО мүдделері аймақтарының шекарасы болып табылады.
2. Польша мемлекеті құрамына кіретін облыстар территориялық-саяси жағынан қайта құрылған жағдайда Германия мен КСРО мүдделері аймақтарының шекарасы шамамен Нарев, Висла, Сан өзендері шебінен өтетін болады. Тәуелсіз Польша Мемлекетін сақтау екі жақты мүдделерге қажетті ме және бұл мемлекеттің шекаралары қандай болады деген мәселелері алдағы уақыттағы саяси даму барысында түпкілікті анықталатын болады. Қалай болғанда да екі Үкімет бұл мәселені өзара достық келісім тәртібімен шешетін болады.
3. Еуропаның оңтүстік-шығысына қатысты алғанда кеңес жағынан КСРО-ның Бессарабияға мүддесі атап көрсетіледі. Германия жағынан оның бұл облыстарға ешқандай саяси мүддесі жоқ екендігі мәлімделді.
4. Осы хаттама екі жақта да қатаң құпиялылықпен сақталады.

ІІ – ші дүниежүзілік соғыс
Лекция жоспары:
1. ІІ – ші дүниежүзілік соғыстың себептері, мақсаты, алғашқы кезеңі. Оғаш соғысы
2. КСРО аймағының кеңеюі. Ұлы Отан соғысының басталуы
3. ІІ – ші дүниежүзілік соғыс кезіндегі бетбұрыс
Әдебиеттер:
1. Историография новой и новейшей истории стран Европы и Америки. М., 1977.
2. Язьков Е.Ф. История стран Европы и Америки в новейшее время: 1918–1945. М., 1998.
3. С.М. Мәшімбаев. «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы». А.,2005.
4. Т. Дәуірбаева «Европа мен Америка елдерінің тарихы (1918-1990). Түркістан, 2004.
5. О.С.Сороко-Цюпа, В.П. Смирнов, А.И. Строганов, Г.Д. Сүгірбаева.«ХХ ғасырдағы дуние жүзі. А. 2005.
6. Көкебаева Г.К. «Халықаралық қатынастар тарихы» Хрестоматия 1-бөлім, Алматы, 1997 ж.
7. Көкебаева Г.К. «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» (1918-1945жж) Алматы, 2002 ж.
1. ІІ – ші дүниежүзілік соғыстың себептері, мақсаты, алғашқы кезеңі. Оғаш соғысы.
1939 ж. көктемінде-ақ құпия кеңес-герман байланыстары орнатылып, оның барысында екі жақ та Еуропадағы болашақ аса ірі жанжал қарсаңында өздеріне тиімді жағдайларды қамтамасыз етуге тырысты. Келе-келе Германияны да, КСРО-ны да қанағаттандыратындай алғы шарттар жасалды. Ал Мәскеуде ағылшын-француз-кеңес келіссөздері басталғанда, Гитлер алаңдаушылық білдіріп, Сталинге тез арада шабуыл жасаспау туралы пактіге қол қойысуды ұсынып, телеграмма жолдады.
КСРО келісетіндігін білдірді. Мәскеуге шұғыл түрде Германияның сыртқы істер министрі И.Риббентроп ұшып келіп, 24 тамызда Кремльде шабуыл жасаспау туралы кеңес-герман пактіне қол қойылды. Мұнымен бірге ол пактіге қосымша құпия протоколға да қол қойылды. Ол протоколға сәйкес (кейінгі толықтыруларды ескеріп) Германияға Польшаның батыс бөлігі, ал КСРО-ға украин және белорустар басым орналасқан шығыс облыстары кетуге тиіс болды. Финляндия, Бал-тық елдері мен 1918 ж. Румыния басып алған Бессарабия КСРО-ның «мүдделі аймақтары» деп танылды.
Бұл маңызды келісімдер түрліше бағаланып жүр. Әрине, пакт біраз уақытқа екі жақтың да позицияларын нығайтты.
ХVІІІ ғ. Польшаның Ресей, Пруссия, Австрия аралдарында үш рет бөліске түскендігін білесіңдер. Молотов-Риббентроп пактісі бойынша ол төртінші рет бөліске түсуге тиіс болды. Ал бір аптадан соң, қыркүйекте, герман әскерлері Полъшаға басып кірді. Бұл күн ресми түрде Екінші дүниежүзілік соғыстың басталған күні деп есептеліп жүр.
Шын мәнісінде, ол Англия мен Франция өздерінің Польшаның алдындағы міндеттерін орындай отырып, Германияға соғыс жариялаған күні — 3 қыркүйекте басталды. «Тыныштандыру» саясаты әлі де болса үзаққа созылады деп есептеген Гитлерді бұл қадам таң қалдырды. Дегенмен Германия поляк әскерлерінің жанталасқан қарсылығын тез арада басып тастады.
17 қыркүйекте поляк армиясының негізгі күштерін немістер талқандап болғаннан соң, КСРО Полышаның батыс аудандарына өз әскерлерін енгізді. Польшаға ресми түрде соғыс жарияланған жоқ, тек Қызыл Армия батыс украиндықтар мен белорустарды «поляк езгісінен құтқару үшін азаттық жорығына аттанды.
2.КСРО аймағының кеңеюі. Ұлы Отан соғысының басталуы.
Сталин Молотов-Риббентроп пактісіңце көрсетілген КСРО-ға тиімді шарттарды іске асырып қалуға асықты. Халықаралық жағдайдың аса шиеленісе түскендігін сылтау етіп, КСРО Балтық бойындағы елдердің үкіметтерінен үзілді-кесілді түрде олардың территорияларына кеңес гарнизондарын орналастыруға рұқсат беруді «өтінді». Литва, Латвия және Эстония келісім беруге мәжбүр болды.
Ал КСРО кеңес-фин шекараларын қайта қарауды талап еткенде, финдер үзілді-кесілді қарсы болды. 1939 ж. қарашада Қызыл армия Финляндияға қарсы соғыс қимылдарын бастады. Бұл үшін КСРО Ұлттар Лигасынан шығарылды, ал Англия мен Францияда Финляндияға көмек көрсетуге дайындық басталды. Бірақ 1940 ж. наурызына қарай кеңес әскерлері финдердің аса қуатты қорғаныс бекіністерін бұзып өтті. Тәуелсіздігін сақтауға ұмтылған, Финляндия бітім жасауға келісті және шекараларды қайта қараудың кеңестік нұсқасын қабылдады.
Сталин келешекте Балтық елдері мен Бессарабияны КСРО-ға қосып алуды жоспарлады, бірақ Англия мен Франция бұл жоспарды іске асыруға кедергі жасай алмауы үшін, Батыс майдандағы соғыстың күшейе түсуін күту қажет болды.
1940 ж. 9 сәуірде Батыстағы «түсініксіз соғыс» кезеңі аяқталды. Блицкриг (тұтқиыл соғыс) стратегиясын іске асыра отырып, герман әскерлері Дания мен Норвегияға тұтқиылдан күшті соққы берді. Дания үкіметі бірден тізе бүкті, Норвегияның қарсылығы тез арада басылып тасталды. Сөйтіп, тағы да екі еуропалық мемлекет гитлершілердің езгісіне түсті.
Бір айдан соң, 10 мамырда, герман әскерлері Бельгияның, Голландияның және Францияның жерлеріне басып кірді. Француздар өздерінің солтүстік шекараларын «Мажино қорғаныс сызығы» (Францияның соғыс министрі А.Мажиноның атымен) берік қорғап тұр деген сенімде болды. Бірақ герман әскерлері Францияға мүлдем қорғанылмайтын француз-бельгия шекарасы арқылы басып кірді. Бұл кезеңде блицкриг өзін толық ақтады деуге болады. 14 мамырда Голландия, ол екі аптадан соң Бельгия тізе бүкті.
Тұтқиыл соғыстың барысында Францияға көптеген ағылшын әскерлері әкелінген болатын. Көп адамдар ағылшын-француз бөлімдері, тіпті болмағанда, гитлершілерді тоқтататын шығар деп есептеді. Бірақ немістердің танкілі және моторланған колонналары Францияның теңіз жағалауларына ұмтылып, ағылшын-француз әскерлерін қоршауға алып, талқандауға тырысты.
Бұдан кейін Батыс майдандағы күштердіқ ара салмағы Германияның пайдасына шешілді: 14 маусымда немістер соғыссыз Парижге енді. 22 маусымда француз - герман уақытша бітіміне қол қойылды. Бұл рәсім Гітлердің талап етуі бойынша Компьен орманында музейден арнайы алдырылған маршал Фоштың штаб вагонда іске асырылды.
Формальды түрде Франция өз тәуелсіздігін сақтап қалды,бірақ уақытша бітімнің шарттарына байланысты оның жерінің орасан көп бөлігінде герман әскерлері орналасты.
1941 жылдың 22 маусымында Германияның әскерлері шабуыл жасаспау туралы пактіні бұзып, кеңес жеріне басып кірді. КСРО-ға қарсы соғысқа Германияның одақтастары — Румыния, Италия, Финляндия, Венгрия, Словакия, Хорватия және Испания мен Францияның еріктілері де қатысты. Аса мұқият дайындалған жоспарларға сәйкес қимылдай отырып, басқыншылар алдын-ала кеңес шекараларына таяу жерлерге орасан зор күштер шоғырландырып, майдан шебін бірден бірнеше жерден бұзып өті. Гитлершілдердің шабуылы негізгі үш — солтүстік (Ленинградқа), орталық (Мәскеуге) және оңтүстік (Киев пен Донбасқа) бағыт бойынша өрістеді.
КСРО-да соғыс өнеркәсібінің қарқынды дамығандығына, қару-жарақтардың жаңа жүйелерінің жасалынып, өндіріске мізілуіне қарамастан, ол армияны қайта жарақтандыру қарқыны жағынан Германиядан артта болатын. Бекіністерді бұрынғы кеңес шекараларынан жаңа шептерге апарып орналастыру кешеуілдеп жүргізілды.
Кеңес барлаушыларының дайындалып жатқан шабуыл туралы көптеген хабарлары мұндай жағдайда есепке алынбады. Міне, осы қателіктердің барлығы баға жеткісіз құрбан-дықтарға алып келді. Соғыстың алғашқы апталарының өзінде-ақ дұшпан әскерлері кеңес жеріне тереңдеп еніп, Ленинград пен Киевке таяды, Смоленскіні басып алды. Қазанда гитлершілдер Киевті алып, Ленинградты жан-жақтан қоршады, ал айдың соңына қарай Мәскеуге күшті шабуыл бастады. КСРО-ға соғыста жеңілу қаупі төнді.
3. ІІ – ші дүниежүзілік соғыс кезіндегі бетбұрыс
1942 ж. барысында Гитлерге қарсы одақтың үш негізгі мүшесшің араларындағы байланыстар нығая түсті. Әрине, АҚШ пен Англия арасындағы өзара түсіністік олар мен КСРО арасыңдағыдан өлдеқайда жоғары болды.
КСРО - ның Англия және АҚШ - пен одақтастық қатынастары 1942 ж. мамыр-маусымда қол қойылған өзара көмекту-ралы ағылшын - кеңес және американ - кеңес келісімдеріндс бекітілді. КСРО - ның АҚШ пен Англиядан алатын экономиқалық көмегі едәуір артты. Осы уақытта КСРО - ның жау басып алған облыстарынан елдің шығысына көшірілген зауытгар мен фабрикалардан шығарылған соғыс өнімдерінің көлемі арта түсті, ол жерлерде жаңа көсіпорындар бой көтерді.
КСРО - ның Англия және АҚШ-пен қарым-қатынастарында көп уақытқа дейін кедергі больш келген нәрсе Батыс Еуропада гитлершілдерге қарсы екінші майданның ашылуы туралы мәселе еді. Американ және ағылшын басшыларының тезірек екінші майдан ашу туралы кез-келген мөлімдемелерін КСРО басшылары мүлтіксіз орындауды талап ететін міндеттеме есебінде қабылдады. Бұл әртүрлі өзара өкпелер мен айыптауларға дейін алып барды.
Шындығына келгенде, Рузвельттің де, Черчилльдің де Сталинді, ол өзі ойлағандай алдайын деген ниеті болмаған еді. АҚШ басшылығы соғыстағы ең басты дұшпан Германия деп танып, ең алдымен гитлершілерді талқандау қажет, содансо» Жапонияны жеңіп, соғысты Азия мен Океанияда аяқтау керек деп есептеді. Бұл шешімді негізінен Черчилль де мақұлдады.
1942 ж. тамызында одақтастар байқау үшін француздың Дьеп қалашығының маңына кішігірім десант түсіргенде, немістер оны оп-оңай талқандады. Ал Мәскеу екінші майданды тезірек ашуды талап етгі: гитлершілдер Волга мен Кавказға таяп қалған болатын.
Өзінің көлемі мен маңызы жөнінен Шығыс майдандағы ұрыстар бүрынғыша аса маңызды сипатта қала берді. Неміс әскерлері Сталинградты басып алды, бірақ Қызыл Армияның бөлімдері қаланың жеке объектілері мен айналасын табандылықпен қорғап, дұшпанға ала жылжуға мүмкіндік бермей қойды. Осы арада Сталинградқа жасырын түрде күшті резервтер жеткізілің 1942 ж. 19 қарашасында дұшпанның жалпы саны 331 мыңдық қуатты тобы толық қоршауға алындк Немістердің қоршау түзағын сырттан және іштен бұзып шығуға арналған әрекеттерінен еш нәтиже шықпады.
Гитлершілдердің тізе бүгу туралы ұсынысты үзілді-кесілді қабылдамай тастауына байланысты кеңес әскерлері 1943 ж. 10 қаңтарында қоршаудағы топты талқандауға кірісті. 2 ақпанда немістер қарсыласуды доғарып, тізе бүкті. Кеңес әскерлерінің Сталинград түбіндегі жеңісі Екінші дүниежүзілік соғыс барысындағы шешуші өзгерістің басы болды.
Германия үшін оның негізгі күштері жүмсалған Шығыс майданның басты маңызы бар екендігін Гитлер жақсы түсінді. Сталинград түбінде талқан-далғаннан кейін немістер ондаған, тіпті жүздеген шақырымға дейін батысқа қуылып тасталған болатын. Бірак жазға қарай гитлершілдер Курск маңына орасан зор жащ соғыс техникасы мен қуатты резервтерін шоғырландырып, майданның осы учаскесінде Қызыл Армия үшін «неміс Сталинградын» ұйымдастыруды ойластырды.
Бірақ дайындалып жатқан неміс шабуылы туралы барлаушылардан алдын-ала мәлімет алған кеңес әскери басшылығы Курсқ маңындағы қорғаныс шебін нығайтгы. Шабуыл басталардың аз-ақ алдында дүшпаннын әскерлері шоғырланған жерлерге артиллериялардан қуатты соққы берілді. Немістер көп шығынға үшырағандарына қарамастан, шабуылға шықты. Екінші дүниежүзілік соғыстың ең ірі шайқасы 5 шілдеден 23 тамызға дейін созылып, гитлершілдердің толық талқан-далуымен аяқталды. Германия мен онын одақтастарының адамдар мен техникадағы аса зор шығындарының орнын қайта толтыра алмайтындығы айдан анық болды. Ал КСРО мен Гитлерге қарсы одақтың басқа елдерінің резервтері әлі де жеткілікті болатын. Қызыл Армияның Курск шайқасындағы жеңісі Сталинград түбіндегі ұрыстарда басталған соғыстың ба-рысывдағы түпкілікті өзгерістерді аяқтады.
Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі халықаралық қатынастар
Қырғи - қабақ соғысы
Лекция жоспары:
II – ші дүниежүзілік соғыстың саяси – экономикалық салдары.
II –ші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Германия және оның одақтастарымен жасаған бейбіт келісімдері.
БҰҰ –ның құрылуы. Дүниежүзінің саяси картасы
«Қырғи - қабақ» соғысы: шығу себептері кезеңдері, мәні
Әдебиеттер:
1. Историография новой и новейшей истории стран Европы и Америки. М., 1977.
2. Язьков Е.Ф. История стран Европы и Америки в новейшее время: 1918–1945. М., 1998.
3. С.М. Мәшімбаев. «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы». А.,2005.
4. Т. Дәуірбаева «Европа мен Америка елдерінің тарихы (1918-1990). Түркістан, 2004.
5. О.С.Сороко-Цюпа, В.П. Смирнов, А.И. Строганов, Г.Д. Сүгірбаева.«ХХ ғасырдағы дуние жүзі. А. 2005.
6. Көкебаева Г.К. «Халықаралық қатынастар тарихы» Хрестоматия 1-бөлім, Алматы, 1997 ж.
7. Көкебаева Г.К. «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» (1918-1945жж) Алматы, 2002 ж.
1. II – ші Дүниежүзілік соғыстың саяси экономикалық салдары.
Екінші дүниежүзілік соғыс Европа мен Азия елдерінің көпшілігіне орасан зиян келтірді. Басқа елдерге қарағанда КСРО соғыстың зардабын шекті. Ал кейбір пікірлер көп зардап шеккен ел – Германия деген пікір қалыптасқан. Соғыстың от-жалыны бұл елде тек әскери соғыс орындары ғана емес, сонымен бірге мыңдаған басқа да кәсіпорындарды, тарихи және мәдени ескерткіштерді де жоқ қылғандығы белгілі. Соғыстан Польша, Югаславия, Қытай мен Жапония, Англия мен Франция тағы басқа Европа елдері орасан зор зиян шекті.Соғыста зардап шеккен шаруашылықты қалпына келтіру үшін бірнеше ондаған жылдар кететіндей болып көрінді.
Бірақ соғыстан кейінгі экономиканы қалпына келтіру мәселелерін көп ерте шешудің сәті түсті. КСРО мұны өз мүмкіншіліктеріне сүйене отырып, халықтың еңбек өрлеуінің арқасында ешкімнің көмегінсіз, жалғыз өзі шешті. Ал Европа мемлекеттеріне АҚШ қаржылай көмек көрсетті. Дағдарыстан шығу жөнінде 40-жылдарға қарай едәуір тәжірибе жинаған Англия мен Франция да қуатты өнеркәсіп мүмкіндіктеріне сүйене отырып, өз ресурстарын тиімді пайдалануда. нақ осы кезде Европа мен Азияның көптеген елдеріне сырттан елеулі көмексіз қалпына келтіру ісін іске асыру аса қиын болды. 1945-47 жылдары Англия дүниежүзіндегі екінші, тіпті үшінші мемлекеттің (АҚШ пен КСРОдан кейінгі) рөлі мен келіскісі келмей кейбір елдерге экономикалық әрекеттеніп көрді. Бұл жерде екі мақсат көздеді: бір жағынан, бұл елдер өзінің ықпалына арттырғысы келсе, екнші жағынан, ол елдерді Кеңес Одағының ықпалынан қорғауға тырысты. АҚШ президенті Трумэн 1947 жылы 11-ші наурызында АҚШ-тың сыртқы саясатындағы жаңа міндеттерді ресми түрде мәлімдеді. «Трумэн доктринасы» осылайша жарық көрді. Бірақ іс мұнымен бітпеді. 1947 жылы маусымда АҚШ-тың мемлекеттік секретары Джордж Маршалл қажет елдерге көмек көрсетудің кешенді жоспарын ұсынды, ол кейіннен «Маршалл жоспары» деген ат алды. Оның шартына сәйкес Батыс Германия (ГФР мемлекетін бұдан екі жылдан кейін ғана құрылғандығын еске саламыз) және басқа 16 европалық ел АҚШ –тан жеңілдік жағдайда орасан көп мөлшерде қаржылай көмек алды. Бұл осы мемлекеттердің көпшілігінің оның ішінде ГФР-дің да, өнеркәсібінің тез уақытта қалпына келтіруін қамтамасыз етті. Осының нәтижесінде 40-50 жылдары тоғысында соғыстан зардап шеккен елдер түгелдей жуық өндірістің соғысқа дейінгі деңгейін қалпына келтіріп, оны одан әрі ұлғайтуға кірісті.
2. II –ші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Германия және оның одақтастарымен жасаған бейбіт келісімдері
Фашистік Германия талқандағаннан кейін, 17-ші шілде - екінші тамызда Берлин (Потсдам) халықаралық конференция ашылды. Конференцияға АҚШ (Трумэн), Ұлыбритания (Эттли), КСРО (Сталин) және осы елдердің Сыртқы істер министрлері АҚШ (Дж. Бирнс), Ұлыбритания (Иден Бевин), КСРО (Молотов) қатысты. Мұндағы басты мәселе Германия болды. Қырым конференциясында үш елдің басшыларының келісімі бойынша, Германия дағдарысын шешу Европалық консультативтік комиссия мен Бақылау кеңес ұйымына тапсырылды. Германия демократиялық біртұтас мемлекет болып құрылу керек еді. Неміс халқы өз мемлекетін құру құқығын алу керек. Ол үшін денацификация және демилитаризациялануы қажет. Берлин конференциясында соғыс қызметкерлерін соттау, қарулы күштерін және соғыс өнеркәсіп орындарын одақтас елдердің бақылауына өткізу туралы мәселе қозғалды. Германия жерін төрт оккупациялық бөлікке бөліп, әр бөлікті төрт елдің қарулы күштерінің басшылығына беру жөнінде айтылды. АҚШ, Ұлыбритания, КСРО және Франция оккупациялық бөліктерді болашақ Германия мемлекетін құру үшін келісім бойынша Бақылау кеңес ұйымы жұмыс атқару керек. Батыс Германия жері үш зонаға бөлінді яғни АҚШ, Ұлыбритани және Франция, ал Шығыс Германия КСРО-ның окупациялық зонасына бөлінді.
Соғыстан кейін Германия репарациялық төлем төлеу мәселесі қаралып, КСРО Шығыс Германия жеріне репарациялық төлемге тиісті өнеркәсіп құрал-жабдықтары арқылы 25% , оның 10 % қайтармайтын, 15 % азық-түлік есебінен болып келісті . Кейін келе Германия қалыпты өнімге орала бастады. Германияның бөлінуіне алып келген батыс оккупациялық билік орындарының маңызды шарасы 1948 ж. 20 маусымда өткізілген ақша реформасы болды. Сол кезде Батыс Германияны маршалл жоспары бойынша көмек бере бастады. 1949 ж. 8-ші мамырда Кеңес конституциясының жобасын бекітті. Оның негізінде 1949 ж. 14-ші тамызда бундестагқа – парламенттің төменгі палатасына сайлау өткізілді. Онда басты рөлді ХДО атқарды – 141 орын, ГСДП –ның 132 орыны, ЕДП –ның - 52 ГКП-ның - 15 орыны болды. Жоғарғы палата бундесрат жердің өкілдерінен құрылды. 1949 ж. 7-қыркүйегінде бундесрат пен бундестаг конституцияны бекітіп, Германия Федеративтік Республикасының президентін сайлады. 20 қыркүйекте канцлер Конрад Аденауэр парламентке тұңғыш өкімет құрамын ұсынды. Шығыс Германиядағы Кеңес оккупациялық аймағындағы оқиғаларда осыған ұқсас сценари бойынша өрбіді. Шығыс Германияның саяси партиялары Ұлттық майданға бірікті оның құрамын коммунистік және социал-демократиялық партиялардың бірігуі негізінде құрылған Германияның біріккен социалистік партиясынан басқа да аймақтық саяси партиялар - ХДО, либералдық-демократиялық партия, шаруалар партиясы және т.б. 1949 ж. 7-қазанда Шығыс Германияның территориясында Герман Демократиялық Республикасы құрылғандығын жариялады. 10-қазанда Кеңес әскери-әкімшілігі Уақытша Халық палатасына басқару тізгінін берді. Палата ГДР Президенттігіне Вильгельм Пикті сайлады. Үкімен басшылығына Отто Гротеволь тағайындалды.
Сөйтіп, Германияның территориялық: бөлінуі іске асты. Екі Герман мемлекеті екі әлеуметтік-экономикалық және саяси жүйесі болып бейнеленді: социалистік ГДР мен капиталистік ГФР тарихи жарысқа кірісті. Германияның екі бөлігі фашистік тарихынан әр түрлі жолмен арыла бастады.
3. БҰҰ-ның құрылуы. Дүниежүзінің саяси картасы
Қырым конференциясының шешіміне сәйкес, 1945 ж. 25 сәуірде Сан-Франциско қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының конференциясы ашылды. Конференция жұмысына 46 елден 300 делегат қатысты. Украина ССР мен Беларусь ССР-ның делегаттары қатысты. 26 сәуірде БҰҰ-ның жарғысы (уставы) қабылданды. «Біріккен Ұлттар Ұйымы – делінді жарғыда – дүниежүзіне бейбітшілік және қауіпсіздік орнату, соғысқа қарсы бірігіп күресу, халықаралық құқықты сақтай отырып, әділеттілік пен ынтымақты дамыту, халықаралық дау-жанжал мәселелерді бейбіт жолмен шешу: адамдардың құқығын қорғау, барлық адамдарға еркіндік, тілге және дінге бостандық беру, ұлттардың тең өркендеуіне келісімге жетуді қолдайды».
БҰҰ-ның құрылымы бекітілді. БҰҰ-ның толық мүше елдерінің қатысуымен жалпы жиналысы – Бас Ассамблея . Бас Ассамблея жыл сайын сессиясы өткізіледі. БҰҰ-ның тұрақты ұйымы – Қауіпсіздік Кеңесі. Қауіпсіздік Кеңесінің шешімін барлық мүше елдердің орындауы міндетті. Қауіпсіздік Кеңеске тұрақты мүше бес ел – КСРО, АҚШ, Ұлыбритания, Франция және Қытай. Бес мүше елдің жеке дауыс беру құқығы (вето) бар. БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік кеңесі, Халықаралық сот, Секретариат және басқа комитеттер, комиссиялар арнаулы ұйымдары бар. Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуы дүниежүзі қауымдастықтарының ірі жеңісі болды.
БҰҰ-ның халықаралық мәселелерге ықпалы оның алғашқы күндерінің өзінде-ақ Ұлттар Лигасына қарағанда тартымдырақ болды. БҰҰ-ның құрылған күні 1945 ж. қазан айында. Оған 51 ел мүше болды және олардың саны үнемі өсіп отырды. БҰҰ-ға кез-келген аймақта бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп туған жағдайда қолдану үшін (олар бірнеше мәрте қолданылды да) өзінің қарулы күштерін иелену құқығы берілді. БҰҰ-ның шешімдерін кейбір тиісті елдердің кейде орындамай қойғандықтарына қарамастан бұл ұйымның беделі үнемі артып отырды. БҰҰ-ның басшылығымен құрылған және ғылым мен мәдениеттің, денсаулық сақтаудың, азық-түлікпен қамтамасыз етудің т.б. мәселелермен байланысты ұйымдар да өз әрекет өрісін ұлғайтты. БҰҰ-ны құрған кезде көптеген адамдарға бұл ұйым адамзат тарихында жаңа бет ашып, біртұтас әлемдік бірлестіктің іргетасын қалайтындай болып көрінген еді. Бірақ келешек, егер де ұлы мемлекеттер кез-келген мәселелер бойынша өзара келісімге келе алмаса, онда БҰҰ-ның көптеген мәселелерді өздігінен шеше алмайтындығын көрсетті.
Соғыс аяқталғаннан кейін Европа шекараларының көпшілігі гитлерлік басқыншылық басталғанға дейінгі күйге келтірілді. Басты өзгерістер Европаның шығысы мен орталығында орын алды. Аумағы ең көп үлкейгені КСРО болды. Құрамына 1939-40 ж. енген елдер мен облыстардан басқа ол өзінің Шығыс Пруссияның бір бөлігі және Карпат сыртындағы Украинаны (соғысқа дейін ол Чехославакияның құрамында болатын, 1938 ж. оны Венгрия басып алған еді) қосып алды. Шығыста, бұрын айтып кеткеніміздей, КСРО Оңтүстік Сахалин мен Куриль аралдарын алды. Сонымен бірге 1944 ж. қазанында КСРО-ға кішкентай ғана Азиялық республика Тува қосылған еді.
Қайта жаңғырған Польшаға КСРО Белосток округын қайтарды, бірақ 1939 ж. басып алған басқа жерлерді сақтап қалды. Оның есесіне Польшаға шығыс Пруссияның едәуір бөлігі мен Одер және Нейсе өзендерінің бойына дейінгі батыс Герман жерлері берілді. Германия болса жерінің біраз бөлігінен айырылғанының үстіне 4 оккупациялық аймаққа бөлініп, тек 1955 ж. ғана тәуелсіздігін қалпына келтірді. Бұл аймақтағы нақты билік сол кездерде КСРО, АҚШ ,Ұлыбритания және Францияның әскери-әкімшіліктерінің қолдарында болды. Азияда Жапон әскерлері барлық басып алған жерлерден қуылды. Олар кеткенннен кейін кейбір елдерде ұлт-азаттық қозғалыстар өрістеп, кейбір елдерде олар азамат соғысына айналды.
4. «Қырғи-қабақ» соғысы: шығу себептері, кезеңдері, мәні.
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейінгі алғашқы айларда КСРО, Англия және АҚШ арасындағы бұрынғы одақтастық қарым-қатынастар сақталып қалған сияқты болды. Бірақ бұл тек көрер көзге ғана солай еді: бұл елдердің идеологиялары, сыртқы саясат жөніндегі доктриналары және көптеген басқа да жағдайлар бір-бірімен тек қана сыйыспайтын емес, сонымен бірге түбегейлі қарама-қарсы болды. Әрине , мұндай жағдайа бір-бірімен теке тіресе түспей-ақ, әр жақа өздері қалаған жолымен дами беруге болатын еді. Бірақ мұндай келешек ол кезде мүмкін емес болатын. АҚШ (одан төмендеу дәрежеде болса да Англия да) пен КСРО соғыс-экономикалық жағынан едәуір нығайды, бұл елдердің әрқайсысының билік орындары соғыстан кейінгі дүниедегі жетекшілік рөлден дәмелі болды. Ал бұл өздерінің талаптарының әншейін жеңіл-желтек емес екендігін білдіру үшін сыртқы саясат саласында және басқа да нақты қадамдар жасауды қажет етті. Сондықтан қарым-қатынастардың ауық-ауық шиеленісуі сөзсіз еді.
1946 ж. 5 наурызда Черчилль Американ қалашығы Фултонда сөйлеген сөзінде КСРО бұрынғы одақтастық келісімдерді бұзып, Шығыс Европаның үстінен «темір тор» орнатты деп мәлімдеді. Черчиллдің Фултондағы сөзін «қырғи-қабақ соғыстың» басталуы деп есептеу қабылданған, шын мәнісінде ол бұдан бұрынырақ басталған болатын. Дүниежүзі бірнеше ондаған жылдар бойы екі аса қуатты алып мемлекет – КСРО мен АҚШ–тың айналасына топтасқан екі лагерьге бөлінді. Экономианың дамуына көп зиян тигізген жанталаса қарулану жарысы кең өріс алды. Жанталаса қарулану жарысы соғыста АҚШ-қа қарағанда аса күшті зардап шеккен КСРО-ның барлық адам және материалдық ресурстары соғыс саласында тепе-теңдікке жетуге жұмсалып, ақыры оған қол жетті. Американдықтардың ядролық манополиясын жою жолындағы күрес кеңес ғалымдарын атом бомбасының құпиясын ашуға алып келді. 1949 жылы КСРО-да тұңғыш атом бомбасын сынауы сәтті өтті. Одан кйінгі уақыттарда қазіргі заманғы қару-жарақтардың небір түрлері жасалды. Соған қарамастан 40-жылдарының соңына қарай КСРО мен АҚШ-тың алып мемлекеттер деген мәртебелі халықаралық көлемде мойындалды, олардың әрқайсысының әскери соғыс күші қалаған мелекеттердің күштерін қосқанда да олардан әлде қайда артық болды. Д.Эйзенхауер былай деп еске алады: «АҚШ пен Ресей соғыстан жер бетіндегі ең аса қуатты мемлекеттер есебінде шықты. Бірақ АҚШ пен КСРо идеология жағынан бір-бірінен қарама-қарсы ұстанымдарда болды. Екі ұлы мемлекеттің басқару жүйелерінің арасындағы осы айырмашылықтардың салдарынан дүниежүзі екі, бір-біріне дұшпан, лагерь қалыптасты, ал осы келіспеушіліктер келешекте тағы бір қырғын соғыстың шығуына себеп болулары мүмкін». Жанталаса қарулану жарысының барысында біртіндеп күштердің арақатынасы тепе-теңдік жағдайында жаңа үлкен соғыста ешкімнің де түпкілікті жеңіске жете алмайтындығы, бірақ оны дүниежүзілік апатқа алып келетіндігі анық бола бастады. Содықтан да екі алып мемлекет те қарама-қайшылықтарды шектен тыс шиеленістірмей, өздерінің шектерін «қырғи-қабақ» соғыс шеңберінде жаңа одақтар тарту, локалдық (шектелген) қақтығыстарды жеңіске жету тағы басқалар есебінен нығайтуды көздеді. Сол кездегі өздерінің КСРО-ға байланысты саясатын Америка басшылары тойтару деп атады. «Қырғи-қабақ» соғыстың мәні дүниежүзінде өз күшімен, әрекетімен мемлекеттерді жаулап алу еді.
50 - 60 жж. халықаралық қатынастар. «Қырғи – қабақ соғыс» 50 ж. арасындағы ерекшеліктері.Соғыстан бейбітшілікке өту қарама – қайшылықтарға толы болды. Жеңімпаз мемлекеттер, ең алдымен КСРО мен АҚШ, бейбіт реттеу мәселелерін соғыс кезінде жасасқан келісімдерге сәйкес жүргізулері тиіс еді. Бірақ нақты халықаралық жағдайларда соғыстан кейінгі мәселерде шешуде олардың көзқарастарының әртүрлілігі мен өздерінің ұлттық мүдделерін қорғауғ бүйрек бұратындығы көрініс беріп отырды. Бұл мүдделер түбімен бір – біріне қарама – қарсы болатын себебі КСРО мен АҚШ әртүрлі идеологиялық принцптер мен позицияларды ұстанды. Ұлттық қауіпсіздікті олар өз жүйелерінің әлемде деңгейде салтанат құру деп түсінді.
Бір жағынан, дүниежүзілік революция және капитализмнің орнына социолзмнің орнауы, екінші жағынан, капиталистік қоғамның нығаюы және либералдық демократияның таралуы және қоғамының болашағы туралы осы екі қарама – қарсы тұжырым КСРО мен АҚЩ арасындағы қарама- қарсылықтың ғаламдық сипатын анықтады. Тіпті аймақтық қақтығыстарда осы екі ұлы мемлекеттердің қатысуынсыз өтіп көрген емес. Осыдан келіп Американ сыртқы саясатының тұжырымдыры комунизмді сыртқа лақтырып тастау, бастырмалар кек алу, отпен ойнау, шұғыл жауап беру, шектелген ядролық соғыс деп аталды. Бұл терминдер АҚШ – тың әр кездегі стратегиялық тұжырымдарын бейнеледі, бірақ олардың жалпы мәні бір болды – ол әлемдік капиталистік жүйені сақтау қос өрісті дүниедегі жанжалдарды әскери күш қолдану және қорқыту саясаты арқылы шешу болды. КСРО өзінің стратегиялық мақсаттарын мұндай ашық түрде жарияламағанымен, өзінің ықпал жүргізетін аймағын қорғап, әлемді бөлу және халықаралық қатынастарға «бейбітшілік, демократия және социолизм күштері » мен «реакция, империализм және соғыс күштері » деп шектеу бағытын ұстады. Крея соғысы 1951 – 1953 дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдардағы тұңғыш қауіптегі халықаралық дағдарыс болды. Сайып келегенде «қырғи – қабақ» соғыстың басты белгісі – ол әлемдік саясаттағы текетірес болды, одан басқа белгілері: екі ұлы мемлекеттің айналасында әскери соғыс одақтарының құрылуы НАТО және ВШҰ жанталаса қарулану, онң ішінде ракеталық ядролық қарулану саласында әскери күш тұрғыдан ойлау бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен жаудың бейнесін жасау.
Қақтығыстар мен сыртқы саясаттағы авантюризм. 50 – 60 – жж. кеңес – американ қатынастарында дұшпандық пен дау – жанжалдар басым болды. Екі елдің арасындағы қатынастардың негізінен халықаралық қатынастардың бағытын анықтайтындығын ескерсек, бұл аса қауіпті жағдай еді. Тек бірнеше аса қауіпті халықаралық дағдарыстарды бастарынан кешіргеннен кейін ғана екі жақ халықаралық шиеленісті бәсеңдетудің қажеттігін түсінуге жетісті.
Таяу Шығыс дағдарысы. Егер Еуропада әскери –соғыс одақтарының құрылуына байланысты белгілі тепе – теңдік орнаса, Таяу Шығыс аймағы 50 – жж. тұрақсыздық пен аса қатты қарама – қарсылықтаралаңына айналып, өз құшағына Еуропаның жетекші капиталистік елдерін, КСРО мен АҚШ – ты тартты. Қарама – қарсылықтар түйіні бұл жерде екінші дүниежүзілік соғыс бітісімен – ақ түйілген болатын. Сол кезде Сирия, Ливан, Трансиордания тәуелсіздік алд да , Ұлыбритания арабтар мен Еврейлер мекендейтін Паоестинаны басқару жөніндегі мандатын сақтап қалды. БҰҰ – ның шешімі бойынша 1947 ж. қаршада Палестинаның онына екі – араб және еврей мемлекеттері құрылуға, ал Иерусаоимге жұрттың барлығына ашық еркін қала мәртебесі берілуге тиіс болатын. 1948 ж. еврей мемлекеті құрылды да араб мемлекеті құрылмай қалды. Аоабтар еврей мемлекетін танудан бас тартты. Таяу шығыстағы қақтығыстарға біраз Еуропалық елдер, АҚШ пен КСРО араласты. КСРО арабтарға болысты. АҚШ 1948 – 1949 жж. бірінші араб – израил соғысында соңғысында қолдау көрсетті. Соғыс араб елдерінің жеңілісімен аяқталды. Израиль араб мемлекетін құру үшін бөлінген аймақтан тыс орналасқан араб жерлерін басып алды. Халықаралық шиеленістің Таяу шығыстағы ошағы осылай пайда болып, бұл жан жал осы уақытқа дейін шешімін таппай келеді.
Египетке қарсы үштік басқыншылық. Қиыр Шығысты дау аймағына айналдыру мұнымен шектеліп қойған жоқ. Аймақтағы революциялық қозғалыстардың терңдеуі француздар мен британдықтардың осы жерлердегі мүддесіне қауіп төндірді. 1952 ж. Египетте революуия болып өтті, монорхия құлатылып. Шетел компанияларының қызметіне шектеулер қойылды. 1956 ж. Насер үкіметі ағылшын – француз капиталы басымдық құрған Суэц каналы компаниясын мемлекет қарамағына алу ниетінен қайтуға мәжбүр ету мақсатымен Египетке қарсы ағылшын – француз – израиль басқыншылығы басталды. КСРО, АҚШ әне БҰҰ басқыншылықты айыптыды. Оның үстіне КСРО егер басқыншылық тоқтатылмаса, Египетке көрсетілетіндігін және еріктілер жіберуге дайын екендігін мәлімдеді. Үш жақты басқыншылықтың сәтсіздікпен аяқталуы Англия мен Францияның бұл аймақтағы позицияларын нашарлатты. Керісінше, КСРО беделі артты. Бұрынғы отаршыл мемлекеттердің мүдделеріне 1958 ж. Ирактағы монархияны құлатқан революция жаңа соққы берді. Бұл жадайларда Эйзенхауэр доктринасы жарық көрді. Оның мазмұны Ұлыбритания мен Францияның Таяу Шығыста жеңіліс табуларына байланысты бос қалған кеңістікті АҚШ толтыруға тиісті деген тұжырым болды. Ирак пен СИрия тарапынан шабуылдан қорғау қажет деген сылтаумен Ливан мен Иорданияға американ және ағылшын әскерлері енігізілді.
Жоғары дәрежедегеі кеңес – американ кездесулерінің сәтсіздігі. 50 – жж. екінші жартысында КОКП ХХ сеьзінен және Сталиннің жек басына табынушылықтың әшкереленуінен кейін КСРО сыртқы саясатта бірсыпыра жаңа бастамалар жасады. Армия 2 млн адамға қысқартылды., ел ішінде реформалар жасау жарияланды, мемлекет басшыларының кеңес – американ кездесулеін өткізуге ниет білдірілді. Бірақ бірнеше халықаралық дау – жанжалдар бұл бастамаларды аяқсыз қалдырды. 1960 ж. мамырдың ортасына жобаланған Н.С. Хрущев пен Д. Эйзенхауэрдің кездесуі болмай қалды. Кездесу қарсаңында АҚШ 1 мамырда кеңес – жойғыш самолеттері жете алмайды деп ойлаған биіктікте КСРО ауа кеңістігіне барлаушы – самолет ұшырды. Бірақ самолет атып түсіріліп, ұшқыш тұтқынға алынды, арандату әшекерленді. Жоғарғы дәрежедегі кездесу жайына қалды.
Кариб дағдарысы. 1960 ж. қарашадағы сайлауда демократиялық партия жеңіске жетіп, Дж. Кеннеди әкімшілік басқарды. Президенттің бейбітшілікке ұмтылу туралы мәліметтеріне қарамстан, текетірес жалғаса берді. 1961 ж. сәуірдегі Куба контрреволюционерлері десантының АҚШ флоты мен авиациясының жәрдемімен аралға түсірілуімен Кариб дағдарысы басталды. Десант теңізгі қуып тасталды, бірақ АҚШ Кастро режимін құлату жоспарынан бастартпады. Куба үкіметімен құпия келіссөздер нәтижесінде Кубаға орташа қашықтықта әрекет жасайтын кеңес ракеталары орналастрылды. Кеңе үкіметінің бұл әрекеті тек қателік емес, сонымен бірге авантюристік қадам болды. КСРО мен АҚШ -* тың қақтығысуы нақты шындыққа айнала бастады. Тек созылған келіссөздерден кейін ғана тікелей соғыс каупі сейілгендей болды. КСРО өз ракеталарын Кубадан, ал АҚІП өз ракеталарын Түркиядан алып кетті. АҚШ Ку-банын тәуелсіздігіне қол сүқпауға уәде берді.
Теке тірестен келіссөздерге. Кариб дагдарысының бейбіт жолмен шешілуінен 60-жылдардағы кеңес-амери-кан қатынастарындагы бетбурыс басталды. Ашық теке тірестен келіссөздерге және халықаралық шиеленісті бәсендетуші алғашқы келіссөздердің жасалуына көшуді байкатқан бірнеше маңызды күжаттар кдбылданды. 1963 ж г тамызда Үш ортада: атмосферада, космос кеңістігінде және су астында ядролык сынауга тыйым салу туралы у>ш мемлекеттің Мәскеу шартына қол койылды (Франция мен Қытай бүл шартқа қосылмады). Бүл ядрөлық қарулануды шектеу жөніндегі түңғыш келісім еді.
Еуропада көп жылдар бойына 18 мемлекеттің комитеті жиналып, қару-жарактарды, оның ішінде әдеттегілерді де, қысқарту мәселелерін талқылады. 1970 ж. комитет келіспеушіліктерді жеңіп, ядрөлык қаруларды таратпау туралы шартты жасап шығарды, оған 100-ден аса мем-лекет кол қойып, 1970 ж. күнііне енді.
Қосылмау қозғалысы. Үлы мемлекеттер арасындағы қарама-қарсылыктар және оларға Азия, Африка және Латын Америкасы елдерін араластыру жөніндегі әрекет-тер кейбір мемлекеттердің, оның ішінде жакында ғана отаршылдық күлдықтан қүтылған бірсыпыра елдердің басшыларын саяси-соғыс одактарына косылмау, әлемнің жетекші мемлекеттерінің арасындағы дау-жанжалдар-дан аулак болу позицияларын үстауға мәжбүр етті.
Индияның премьер-министрі Дж. Нерудің, Югославия президенті И. Броз Титоның Египет президенті Г.А. Насердің бастамалары бойынша 1961 ж. қыркүйекте Белградта 25 елдің үкімет басшыларының конференциясы болып, онда қосылмау қозгалысының негізі каланды. Қозғалысқа қатысушылардың көпшілігі АҚШ пен КСРО халыкаралық шиеленіс пен жанталаса қару-лану үшін бірдей жауапты деп есептеп, саяси-соғыс одақ-тарына қатыспайтындыктарын, халықтардың отаршылдыққа және әлемдегі экономикалық теңсіздікке қарсы, тәуелсіздік пен бейбіт қатар өмір сүру үшін күресін қолдайтындықтарын мәлімдеді.
70-90 жж. халықаралық қатынастар. Еуропадағы бәсеңсу. 70-жж. жалпыеуропалық процесс. 60-жж. соңында Еуропадағы халықаралық катынастар әртүрлі мемлекеттердің шиеленісті бәсендетудің жолдарын карастыру әрекеттерімен сипатталынды. Әскери-стратегиялық тепе-теңдік жағдайында күш қолдану саясатының болашағы жоқ екендігіне көз жетті. Батыстың реалистік тұрғыдан ойлайтын билеуші топтары мен үкіметтерінде келіссөздер жүргізу идеясы қолдау таба бастады.
Еуропалық мемлекеттердің Еуропадағы үжымдық кауіпсіздікті камтамасыз ететін шартгары талқылау жөніңдегі кеңесін шақыру бастамасын Кеңес Одағы мен басқа да социалистік елдер көтерген болатын. Бірақ бұл үсыныстар көбінесе насихаттык сипатта болып, кеңес басшылығыньң теке тіреске негізделген жалпы бағытын өзгерте алмады. Бүл бағыттың бір көрінісі ВШҮ мүшесі бес елдің әскерлерін 1968 ж. ешқандай негізсіз Чехословакияға енгізу болды. Бүл оқиға бәсеңсу процесін біраз уақытқа тежеп тастады. Дегенмен Еуропа мемлекетерінің бей-бітшілік пен кауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы ынтымақтастықка үмытылыстары жалғаса берді.
1969 ж. наурызында ВШҮ елдері жалпыеуропалық кеңесті іс жүзінде дайындауға кірісу жолында барлық Еуропа елдеріне арнап үндеу кабылдады. Бүл бастаманы Батыс Еуропаның бейтарап елдері қолдады. Бүл мәселеде әсіресе Финляндия аса маңызды рөл аткарды, фин үкіметі 1969 ж. мамырда Еуропалык елдерге, АҚШ пен Канадаға Кеңестің шақырылуын үйымдастыруға өз қызметін үсынды. Мемлекетаралық өзара кеңесулер бас-талды, олар халықаралық қатынастарда жаңа қүбылыс-жалпыеуропалык процесті ашты.
КСРО мен АҚШ жәе КСРО мен Батыс елдерінің
арасындағы қатынастардың біршама жақсаруы негізінде алдын-ала пікір алысу басталып, нәтижесінде 30-июльдеде Хелъсинкиде мемлекет басшылары деңгейінде Еуропадагы бейбітшілік пен цауіпсіздік жөніндегі Кеңес апіылды, ал 1975 ж. 1 тамызда Кеңестің Қорытынды актісіне кол кою салтанаты болып өтті.
Қорытынды акт шарт түріндегі міндеті қүжат емес еді, дегенмен оның аса зор моральдық-саяси маңызы болды, себебі о л халыкаралық қатынастарға жалпыевро-палық шеңбердегі жаңа прогрессивтік нормалар енгізді.
80-жж. бірінші жартысындағы халықаралық қатынастардың шиеленісуі. 70-80 жж. түйісінде КСРО мен АҚШ арасы қайтадан теке тіреске бағыт алды. Мүның себептері әр түрлі еді. 70 жылдардағы энергетикалык. дағдарыс "үшінші дүниеге" жататын көптеген елдер мен дамыған капиталисте елдер арасындағы қатынастарды шиеленіс-тіре түсті. Әлемде революциялық жаңару процестері өтіп жатты. Бүрынғы Португалия отарлары Ангола мен Мозамбикте 1975 ж. революция, Никарагуадагы 1979 ж. Сомоса режимінің құлатылуы, сол жылы Иранда орын алған шахка қарсы революция, міне, осы оқигалар-дың барлығын АҚШ - тың билеуші топтары өздерінің жеңілісі деп кдрастырса, аса оңшыл топтар үкіметтің "осалдығы" немесе колынан іс келмейтіндігінің, тіпті "Мәскеудің қастандығының" нәтижесі деп бағалады.
70-80 жж. халықаралық қатынастардағы текетіреске бүрылыс Кеңес Одағының Еуропадағы бейбітпіілік пен қауіпсіздік жөніндегі Кеңестің Қорытынды актісінің ережелеріне тікелей қарама-қарсы бірсыпыра сыртқысая-сат әрекеттеріне, оның ішінде ВШҮ елдерінде кеңестік орта қашықтыктағы ракеталарды орналастыруына да байланысты болды. Әсіресе 1979 ж. желтоксандағы ке-ңес әскерлерінің Ауғанстанға енгізілуі мен 1981 ж. жел-тоқсандағы Полыпадағы соғыс жағдайының жарияла-нуы әлем жүртшылығының наразылығы мен ашу-ыза-сын келтірді. Нәтижесінде дүниежүзінде КСРО-ға қарсы наукан басталды, жанталаса қаруланудың жаңа дүмпуі орын алып, халықаралық жағдай бүрынғыдан да піиеленісе түсті.
80-жж. екі ел арасында карама-карсылық пен ескери-күпі салыстырудан бүрынғыша бой көрсетулері көп жағ-дайларда екі жақтың да өзгеріп отырған халықаралык. жағдайға сын көзімен карап, әділ бағалауға шамалары келмегендіктерін және мемлекеттердін өзара төуелділік процестері мең әлем тағдырының біртүтастығымен ай-шықталатын халықаралық өмірдің жаңа талаптарына бейімделе алмағандығының корінісі болды. Екі жүйенің араларындағы қарым-қатынастарды олардың екеуі де бітіспес қарама-карсылық жағдайында болу деп түсінді.
70—90 жж. халықаралық және аймақтық қақтығыстар. 70 ж. Еуропа континентінде халықаралық қаты-настарда кақтығыстар сиреді. Бірақ, мүндай жағдай бәсеңсу процесінің барлық аймақтарға, әсіресе дамушы елдерге де тарағандығын білдірмеді, керісінше, оларда түрлі кактығыстар үшін себептер мен сылтаулар жетіп зкатты. Үлы мемлекеттердің саясаттары да әртүрлі аймақтарда түрліше қак.тыгыстардьш. туійНаа^Шіа. "€§61&х болып отырды.
Таяу Шығыстағы жанжалдар. Палестина мәселесінің шешілуі және Израилдың көрші араб елдерімен дау-жанжалдары 70—90-ж.ж. Таяу Шығыстағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке жиі-жиі катар туғызып отырды. Тек 90-жж. соңында ғана палестиналықтарға шектеулі автономия беру туралы келісімге кол жеткізілді, бірақ Таяу Шығыс мәселелері әлі де болса әділ шешімін таба алма-ды.
Иран-Ирак соғысы (1980—1988) жәе Ирактың Кувейтке қарсы басқыншылығы (1990—1991 жж.). Ирак төңірегіндегі халықаралық дау-жанжалдардың өрбуіне алып келді және өз шеңберіне БҮҮ, НАТО сияқты үйымдар мен АҚІН, Ресей т.б. елдері де тартты.
1971 ж. Үнді-пәкстан соғысы екі ел арасындағы бүрыннан келе жатқан копжылдык дау-жанжалдардың карулы жалғасы және Батые пен Шығыс Пәкстан ара-сындағы карама-қайпіылыктардьщ көрінісі болды. Соғыс пен ішкі жанжал Пәкстанның жеңілуі және тәуелсіз Бангладештің қүрылуымен аякталды.
70—90-жж. басқа аймақты қақтығыстар. Осы жыл-дары Африка территориялык, экономикалық, этникалык, діни және тайпалык кайшылықтар негізінде пайда болған толассыз өзара қырқыстар, соғыстар мен тазала-улар аймағына айналады.
Баска аймақтық кактығыстар еуропалық елдер және баска елдер арасында орын алды (Кипрдегі грек-турік жанжалы, Гибралтар айналасындагы испан-агылшын мудделерінің цактыгысуы, Фолкленд аралдары ушін агылшын- аргентина қарулы қақтыгысы).
.Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкада орын алған коптеген қақтығыстар үлтшылдық пен фундаментализмнің өсуіне тікелей байланысты болдьі. Кейбір кақтығыстар АҚШ-тың кішігірім мемлекетердің ішкі ісіне арсыздыкпен араласуы нәтижесінде шыкты (1983 ж. Гренадага басып кіру, Ливияны бомбылау, Иракқа қауіп тудыру т.б.). Осы басқада аймақтық қақтығыстардың шешімі оңай болған жоқ, көбісі әлі де шешілген жоқ, себебі олардың алдын алу және шешудің халықаралык механизмдері әлі жасалған жоқ, оның бергі жағында осы жанжалдарды бастаушыларда өздерінің әділетсіздік әрекеттері үшін жауапкершілік сезімдері жоқ.
Қарусыздану мәселесі. Соғыстан кейінгі уакыт барысында екіүшты әлемдегі жанталаса карулану процесі тіпті қарапайым "кыр көрсету — жауап кайтару" процесі бойынша жүргізіліп келді.
Әскери-стратегиялық жағынан Кеңес Одағынан басым болу жоспарын алдарына қоя отырып, АҚШ билеуші топтары, әдетте, ядролык, космостық жөне басқа да каруды жаппай өндіру ісінің бастамашысы болды, Кеңес Одағы 80-жж. ортасына дейін бүған қарсы шаралар колдану арқылы жауап беріп келді, арадағы келіспеушіліктерді саяси әдістердің, келіссөздердің көмегімен шепіуді барлык уақытта колданып отырмады.
Нәтижесінде әлемде қаружарақ қорлары тау-тау болып үйіліп жатты. 1986 ж. казанына карай КСРО-да стратегия лык тасығыштарға орнатылған 10 мың ядролық заряд болса, АҢІП-та әрқайсысының куаты Хироси-мо мен Нагасакиге тасталған бомбалардан артык 14,8 мың заряд болды. Ядролық кару қоры әлдеқашан ақылға сиярлық деңгейден асып кеткен болатын.
Шабуылдық кару-жарақтардың осынша зор дәрежеде корлануы соғыс күші түрғысынан ойлаудың және ядролык каруды жасауға сандык тұрғыдан караудың көрінісі болды. Әскери-стратегиялық тепе-тендік мәселесіне де көзқарас осы тұрғыдан болды. 70-жж. қол қойылған шарттардың топтамасы (ПРО, ОСВ-1, ОСВ-2) іс жүзінде каруланудың деңгейін растады, тек олардың көбеюі мен сапалық көрсеткіштерін белгілі бір шектеулермен тежеді де қойды. Рейкьявиктегі кездесуден соң 1987 ж. қарашада Вашингтонда КОКП Орталык Комитеттің Бас секретары М.С. Горбачев пен АҚІП президенті Р. Рейганның кездесуі ба-рысында КСРО мен АҚШ арасында орта және қысқа қашықтықтарға үшырылатын ракеталарды жою туралы шартқа, сонымен бірге ракета құралдарын жою тәртібі мен бакылауға байланысты хаттамаларға қол койылды.
1991 ж. шілдеде Мәскеуде КСРО мен АҚШ басшыларының жаңа кездесуі болып, оның барысында екі жақтың да стратегиялык шабуыл кару-жарақтарының үштен бірін қысқарту жөніндегі шартқа қол койылды.
Өзара сенісу мен түсіністік жағдайын орнатуда 1989 ж. наурызында Венада басталған Варшава Шарты Үйымы мен НАТО-ға мүше 23 елдің әдеттегі кару-жарақтар және Еуропадағы Атлантикадан Оралға дейінгі жерлердегі карулы күштер жөніндегі Хельсинки процесі арнасындағы келіссөздері үлкен рөл аткарды.
Вена келіссөздері табысты аяқталып, Еуропадағы әдеттегі қару-жарақтар туралы келісім-шарт мәтіні жасалды, онда ВШҮ мен НАТО-ның Еуропада Атлантика мен Орал аралығында орналасқан қарулы күштерін едәуір қысқарту қарастырылды.
БҮҮ-ның халықаралық қатынастардағы ролі. 70— 90-жж. Біріккен Үлттар Үйымының халықаралық қатынастардағы рөлі едәуір артты. Соғыстан кейінгі алғашқы онжылдыктар барысында онда теке тірес ойлау мен әрекеттер басым болды. Сол кездегі БҮҮ-ны "батыс клубы", батыс елдер саясатының колшоқпары деп тегін-нен тегін атамаса керек.
Бірак БҮҮ-ны құрамы келе-келе отаршылдық үстемдіктен азат болған жаңа мемлекеттермен толған сайын ондағы күштердің ара салмағы өзгеріп, БҮҮ-ның Бас Ассамблеясы мен баска да органдарының күн тәртібінде қарусыздану, халыкаралық катынастарды демократияландыру, бейбітшілікті сактау, отаршылдықты түпкілікті жою және апартеидке қарсы күрес мәселелері көптеп орын ала бастады.
Тіпті 80-жж. бірінші жартысындағы халықаралық жағ-дайдың шиеленіскен кезінде де Біріккен Үлттар Ұйымы аса маңызды бейбітшілік орнатушылық рөл атқарды, БҮҮ-ның Бас Ассамблеясы теке тірестер мен қақтығы-старды айыптайтын бірнеше шешімдер мен каулылар кабыддады. 1984 ж. желтоқсанында ол карулану жары-сын ғарышқа шығаруды айыптап, ғарыш кеңістігін тек бейбіт мақсаттарға пайдалану туралы қаулы қабылдады.
Біріккен Үлттар Үйымы 80-жж. халыцаралыц қаты-настардагы жагымды багыттарды ныгайтуда аса маңыз-ды роль атцарды. БҮҮ-ның Бас секретары мен оның өкілдері аса күшті аймақтық дау-жанжалдар мен келіспеушіліктерді реттеуге үлкен үлес қосты. Оның біраз маңызды шешімдері экономикалық апаттардың ал-дын алуға арналды.
Қазіргі замандағы бірігу және ажырау процестері мен халықаралық қатынастар. 90-жж. халыкаралык катынастарға батысеуропалық және солтүстікамерикалық экономикалық бірігудің онан әрі тереңдеуі, Латын Аме-рикасындағы, Оңтүстік-Шығыс Азия мен Африкадағы бірігу процестерінің дамуы тән болды. Дәл осы мезгілде Шығыс Еуропа елдері мен КСРО-да ортадан тепкіш процестер шиеленісе түсті. Чехословакияда, КСРО-да ұлттык кақтығыстар басталды. КСРО-ның ыды-рауы бұрынғы одақтас республикалардың барлықтары-ның өздерінің толық тәуелсіздіктерін жариялауымен аяқталды. Сөйтіп, қазіргі кезеңде әлемде екі қарама-қарсы сипаттағы процесс өтіп жатыр: біріншісі — капиталисты дцтіеде өтіп жатпцан шаруашылық байла-ныстарының бірігу, ынтымактасу процесі де, екіншісі — Ортпалык және Оңтустік-Шыгыс Еуропа мен КСРО-дагы щрылган көщлтты мемлекеттердің ыдырауы мен цлттык мемлекеттердің калыптасу процесі. Өздерін бұрын социалистік деп атаған елдердегі ажырау процестер бұрынғы халыкаралык ұйымдардын жойылуына (Өзара Экономикалык Көмек Кеңесі, Варшава Шарты Үйымы), Чехословакияның, Югославияның, КСРО-нъщ тарауына алып келді. Сөйтіп, казіргі халыкаралык каты-настар жуйесі Екінші дуниежузілік согыстан кейін қалыптаскан және жарты гасырдай өмір сурген жуйеден жаңа жцйеге өткінші болып табылады. Бул жаңа жуйеде, бір жагынан, мемлекетаралык және халыкаралык катынас-тардыц ескі принциптері мен турлері жойылса, ".кінші жагынан осы қатынастардың жаңа принциптері мен турлері курылды немесе курылу цстінде.
Батысеуропалық бірігу: жаңа кезеңі. 1991 ж. 11 желтоқсанында Голландияның Маастрихт каласында Голландия, Германия 2КӘНӨ Бельгия шекаралары түйіскен жерде.Еуропа лық одаққа мүше елдердін мемлекет және үкімет басшыларының кездесуінде осы елдердің валюталық-экономикалық және саяси одақ туралы құжаттарға қол койылды. Батыс Еуропада 1957 ж. Еуропадағы экономикалык ынтымактастық туралы Рим піартынан басталатын экономикалык жене саяси бірігудін тереңдеуінің жаңа кезеңі басталды.
Валюталық-экономикалық шарт ЕО елдерінің 1999 ж. 1 каңтарынан бастап бірыңғай ақша бірлігіне — евроға көшуін карастырды.
Маастрихтта кол койылған екінші шарт батыс-еуропалық елдердің саяси одағын тереңдете түсуді кара-стырған. Бүл қүжат жалпы сыртқы саясат женіндегі бағыт пен корғаныс саясатын түжырымдауды көздеген. Саясаттың негізгі бағыттарын Еуропалық Кеңес анық-тайды. Бүл шарттағы жаңа принцип белгілі бір мөселе жөнінен шешім кабылдау үшін бірлестіктің 12 мүшесінен кем дегенде 8 мүшесінің "білікті көпшілігінің" болуын қарастырған. Бұл жаңа формула ЕО-қа кіруші елдердің сыртқы және соғыс саясаты салаларында өз егемен-діктерінің белгілі бір бөліктерінен ішінара бастартатын-дықтарын білдіреді.
Одак туралы саяси шартта Еуропалык одактың әлеуметтік саясат, қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіп, мәдениет, денсаулық сақтау салаларындағы ұлттарүстілік өкілеттіліктерін кеңейту шаралары да карастырылған. Шарттарда карастырылған саяси және валюталық одақтарды қалыптастыру кем дегенде екі он жылдай уакыт алады және біртұтас үкіметтің кұрылуын теріске шы-ғармайды делінген. Сейтіп, ЕО-тың үзақ мерзімдік даму стратегиясы кдбылданды.
Осы екі арада ЕО үлкен экономикалык. қиыншыльщта-рға кездесті. ЕО елдерінде жаппай жүмыссыздық (жүмыс күшінің жалпы көлемінің 11% мөлшерінде) етек алуда, Еуропалық тауарлар өздерінің бәсеке кабілетгіліктерін жо-ғалтуда, олардың әлемдік саудадағы үлесі 1978 ж. 24%-тен 1997 ж. 18% азайды. ЕО-ның жаңаша технология мен ғылыми жаңалықтар ашуда АҚІП пен Жапониядан артта калушылығы жойылған жок.
1988 ж. АҚПІ пен Канада арасында еркін сауда туралы келісімнен басталған солтүстікамерикалық бірігу 1993 ж. оған Мексиканың қосылуына байланысты одан әрі кдрай дами түсті. Сөйтіп, солтүстікамерикалық қүрлық біртүтас шаруашылык-экономикалық кепіеніне айналу-да. Мемлекетаралық келісімдер мен атқарушы биліктің үлттар үстінен біріккен органдарының негізінде іске аса-тын еуропалык бірігуден айырмашылығы — бірігудің солтүстікамерикалык нүсқасы ең алдымен азаматтык. қоғамдардың өзара араласуына, яғни жекеменшіктік ша-руашылық бірлестіктерінің, кәсіпорындардың және тағы баска да мемлекеттік емес қүрылымдардың араласу деңгейіне негізделген. Бірақ бүл жағдайларда да баскару мен реттеудің үлттарүстілік органдарын күрмағанмен, үкіметтер деңгейінде "ойын ережелерін" анықтау қажеттіліктері туып түрады. Бірігу процесі Латын Америкасында, Оңтүстік-Шыгыс Азияда және Африкада да жедел дамуда.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Америка Құрама Штаттары.
Лекция жоспары:
1. Екінші дүниежүзілік соғыстың салдарлары.
2. 60-жж. реформашылдық.
3. 70- жж. Америка.
4. Р. Рейган үкіметі (1980-1988 жж). «Рейганомика».
5. 90- жж. Америка
Әдебиеттер:
1. Историография новой и новейшей истории стран Европы и Америки. М., 1977.
2. Язьков Е.Ф. История стран Европы и Америки в новейшее время: 1918–1945. М., 1998.
3. С.М. Мәшімбаев. «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы». А.,2005.
4.Т. Дәуірбаева «Европа мен Америка елдерінің тарихы (1918-1990). Түркістан, 2004.
5. О.С.Сороко-Цюпа, В.П. Смирнов, А.И. Строганов, Г.Д. Сүгірбаева.«ХХ ғасырдағы дуние жүзі. А. , 2005.
1. Екінші дүниежүзілік соғыстың салдарлары.
АҚШ соғыстан кейін экономикалық және әскери жағынан капиталистік дүниедегі ең қуатты мемлекет болып шықты. Мұнда капиталистік дүниедегі өнеркәсіп өнімдерінің жартысынан көбі өндірілді. Америка әскерлері Германияға, Жопонияға, Италияға және басқада елдерге орналастырылды. Жер шарының түпкір - түпікіріне 500 – ден астам американың соғыс базарлары жасақталды. Америка флоты күндіз – түні мұхиттар мен теңізді жүзіп жүрді. АҚШ атомдық құруға бірден – бір ие болды. Ф. Рузвельттің қайтыс болуына байланысты 1945 ж. 12-сәуірде қызметке кіріскен АҚШ Президенті Гарри трумэн АҚШ өзіне дүниежүзі үшін жауапкершілікті алды деп мәлімдеді: «Бейтараптықтың», оның бергі жағында, 30-жж. Оқшауланудың күні артта қалды. Осыдан бастап АҚШ дүниежүзілік саясаттың орталығына айналды.
Реконверсия және мемлекеттік саясаттың соғыстан соңғы бағытын таңдау. Бейбіт өмірге оралу реконверсия немесе кері қайта құру деп аталды және мемлекеттік саясат пен ондаған миллион американдықтардың өмірлеріне түбегейлі өзгерістер енгізді. Миллиондаған солдаттар отбасыларына және бейбіт өмірге қайта оралды. 1947 жылы армия қатарында 12 миллион солдаттың тек 1 миллионы ғана қалды. Армия қатарынан оралған солдаттарды жұмысқа орналастыру соғыстан кейінгі қайта құрудың негізгі мәселелерінің бірі болды. Соғысқа қатысқандарды орналастыру мәселесі бойынша бірнеше заң және үкімет шешімдері қабылданды. Соғыс кезіндегі баға мен еңбекақыға орнатылған бақылауды біртіндеп алып тастап, «толық жұмыспен қамтамасыз ету», еңбекақының сағаттық төлем мөлшерін арттыру, салықтарды қайта қарау сияқты аса ірі шешімдер қабылданды.
Соғыстан кейігі қайта құруда көп дау туғызған мәселерінің бірі соғыс кезіндегі салынған мемлекеттік зауыттардың келешегі туралы мәселе болды. Бұл жерде әңгіме американ экономикасындағы мемлекеттік сектардың тағдыры туралы көтерілді. Соғыстың 5 ж. Ішінде мемлекет өңдеуші өндірістің зауыттарын салуға 17 млрд. Доллар жұмсап, 2800-нан аса кәсіпорын салдырған болатын. Бір жылдан кейін олардың барлығын 250 корпорация жарты бағаларына сатып алды.
Ірі бизнес АҚШ – тағы өндіріс капиталының басты өкілі болды, мұнда Еуропадан ерекшелігі бұл салада мемлекеттік сектор жоқ еді. Дегенмен соғыстан кейінгі жылджарында мұнда ұсақ және орта кәсіпорындарының секторыда едәуір өріс алды. Елде 9 млн. жеке меншік фирмалар жұмыс істеді.
Г. Трумэн әкімшіліәгінің ішкі саясаты қайшылықтарға тола болды. 1946 ж. Қосымша сайлаулармен қайта сайлауларының нәтижесінде демократтардың реформистік саясатымен рузвельттік реформалауға қарсы шыққан республикашылардың позициялары күшейе түсті. 1947 ж. конгресс кәсіподақ қызметін және ұйымдар құру, ереуілдер ұйымдастыру құқын елеулі мөлшерде тежеген Тафт – Хартли заңын қабылдады. Бұл АҚШ саяси өмірінің жалпы оңға бетбұрыс жасағандығының көріністері болды. Бұған кеңеске қарсы науқандарды, сенатор Маккарти ұйымдастырған бейтараптықты тексеруді (50 ж. саяси шыдамсыздық көрінісін білдіретін «маккартизм» ұғымы осыдан шыққан) қосуға болады. 1948 ж. президент сайлауында Г. Трумэн «әділетті бағыт» бағдарламасын ұсынды. Сайлау алдында Тумэн Тафт - Хартли заңына тиым салып, оны жоюға, әлеуметтік қамтамасыздандыруды кеңейтуге уәде берді. Бірақ президент тиымына қарамастан, Тафт – Хартли заңын екінші рет конгресс арқылы қабылданды, қара нәсілді американдықтардың азаматтық құқықтары туралы, денсаулық сақтау қауыпсыздандыруын енгізу, оқу орынддарына мемлекет тарапынан көмек беру туралы т.б. заңдар қабылданбай қалды.
«Қырғи қабақ» соғыстың басталуы, КСРОмен теке тірес және Еуропадағы капитализмнің іргетасын қайта қалпына келтіруге қамқорлық жасау елдің ішіндегі реформашылдық әрекеттердің қанат жаюына мүмкіндік бермеді. Ақырында, АҚШ 1950 ж. маусымында басталған Корея соғысына араласты.
1952 ж. президент сайлауының қарсаңында демократиялық партия елге Рузвельт саясаты қалдырған реформашылдық мұраның көп бөлігінен айырылып қалған болатын. Көп жылдар бойына оппозицияда болып келген республикалық партияға үкімет басына келу мүмкіндігі туды. Республикашылдар бұрын ешқандай партияға қатысы жоқ атақты генерал Д. Эйзенхауэрді кандидат болуға шақырды. Ол Кореяға барып, көпшілік қолдамайтын соғысты тоқтатуға уәде берді. Бұл сайлауда республикашылдарға жеңіс әкелді. Д. Эйзенхауэр президенттікке 1956 ж. қайта сайланды. Осы жж. (1952-1960) республикашылдар әкімшілігімен оппозициядығы демократиялық партиялардың арасында саяси бағыт саласында ешқандай елеулі айырмашылықтар байқалдмайды.
2. 60-жж. реформашылдық.
Д. Эйзенхауэр әкімшілігі 50-жж. аяғында сенатор Маккарти басқарған сенаттың қосалқы комиссиясы тарапынан демократияшыл қайраткерлерді шектен ттыс қудалауға тиым салды. Аты дүние жүзіне соғыс қәупін төндірген дүдәмел тұжырымдарымен тығыз байланысты мемлекеттік джепартаменттің басшысы Даллес қызыметінен кетті.
Америкаға жаңару қажет болды. 1960 ж. президент сайлауынның қарсаңында демократтар осыны ұсынды. Олар Джон Кеннеди ұсынған – «жаңа шептерге» деген ұранмен жеңіске жетті. Кеннеди мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік қызметін белсенділендіру жөніндегі кейнсшілдік теорияны қолдады. Оның «жаңа шептер» жөніндегі әлеуметтік-экономикалық бағдарламасы «тиімді сұраныс » туралы кейнсшілдік теорияның арнасында болды және жаппай өндіріс пен жаппай тұтынудың тепе-теңдікте болуын көздеді.
1960 жж. 22-қарашасында Кеннедидің өлтірілуі Ақ үй басшысыныың ауысуына әкеп соқты. Ол вице-президент саясатын жалғастырды. АҚШ – та аса маңызды әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. «Кедейлікпен күрес» бағдарламасының негізінде табысы аз отбасыларына көмек көрсету туралы заң қабылданды, арзан үйлер салу, білім беру жүйесін дамыту бағдарламалары іске асырылды, жасы ұлғайған азаматтарға медициналық қауіпсіздендіру енгізілді, ал табысы кедейшілік деңгейінен төмен отбасылар медициналық көмек көрсетуді жеңілдіктерімен пайдаланатын болды. Нәсілщілдік кемсітуге шектеу қою жнінде де, өмірге сай келетін заңдар қабылдады. Бұл кемсітушілікке аса күшті әлеуметтік қарсылық қозғалысы – қаранәсіл американдықтардың бас көтерулеріне жауап шаралар болды. Қозғалысқа Мартин Лютер Кинг басшылық жасады. Бұл заңдардың ішіндегі ең маңыздысы 1964 ж. жұмысқа жалдау және көпшілік орындарда қызмет көрсету кездерінде кемсітушілікке тиым салу туралы заң болды. 1965 ж. қаранәсілді американдықтардың сайлау құқықтарын қорғау туралы заң, ал 1968 ж. тұрғын үйлерді сату және жалға беру кезінде нәсілдерді кемсітуге тиым салу туралы заң қабылданды.
Еңбек қатынастарына байланысты бірсыпыра шаралар қабылданды, олардың ішінде «Әділетті жалдау және еңбек жағдайлары туралы» заңды атап өтуге болады. әлеуметтік бағдарламалады іске асыру мемлекеттік шығындарды анағұрлым арттыруды талап етті. Осы әлеуметтік мақсаттарға 60-жж. федералдық бюджеттің 40 % дейін жұмсалды.
Бірақ әлеуметтік бағдарламаладың іске асырылуы барысында тіпті АҚШ сияқты бай капиталистік елде елеулі кедергілер мен жетіспеушіліктер орын алды, бұл сыртқы саяси мәселелрге байланысты болды. 60-жж. аяғында АҚш – тан бірнеше мыңдаған шақырым қашықтықта орналасқан Вьетнамдар 500 мыңдай американ армиясы соғысып жатты. Вьетнамға интервенция жасау келесі президенпен конгресс сайлауында демократтарға жеңіліс таптырды.
70- жж. Америка.
Бұл жылдары бүкіл дүние жүзі сияқты АҚШ – та ғылыми – техникалық революцияның жаңа кезеңінде экономикалық және әлеуметтік саясаттың ауысуы нәтижесінде пайда болған дүниежүзілік экономикалық және құрылымдық дағдарыстарға байланысты ірі құрылымдық өзгерістерді басынан кешірді. Сонымен бірге осы кезде АҚШ-та саяси жанжалдар мен Ветнамдағы жеңілісі үшін күйзеліс (вьетнам синдромы) орын алды.
1968 ж. сайлауда республикашылар жеңіске жетті. Ричард Никсон президент болып сайланды. 1972 ж. ол бұл орынға қайта сайланды, бірақ 1974 ж. президент орнынан кетуге (демократтардың штаб - пәтеріне Никсонның адамдарының тыңдаушы қондырғылар орнатқандығына байланысты Уотергейт жанжалы) мәжбүр болды. 1976 ж. президент болып демократиялық партияның кандидаты Джимми Картер сайланды. Америкадан үкіметтердің экономикалық саясатында кейнсілшіліктен бастап, неоконсерватизмге дейінгі маңызды ауытқушылықтар орын алды. 70-жж. әр түрлі көмек көрсету жүйесі өріс алды: табыстары кедейліктің ресми деңгейінен төмен отбасылар мемлекеттен арнайы көмек алып тұруға құқылы болды, бұл жәрдем ақылар әлеуметтік қауыпсыздандыру жүйесін толдықтырды. Одан басқа азық-түлік тағамдарынан көмек алушы адамдардың жалпы саны 70-жж. ортасында 33 млн-ға жетті. Дәл осы кезде Никсон әкімшілігі кәсіподақтарға қарсы қатаң саясат жүргізіп, олардың белсенділігін тежеуге арналған бірнеше заңдар қабылданды.
Республикашылдардың сыртқы саясаты да қайшылықтарғатола болды. Вьетнамдағы соғысты жеңіске жете алмайтындығына көзі жеткеннен кейін, 1973 ж. тоқтатуға тура келді. 70-жж. кеңес-американ қатынастарында елеулі өзгерістер болды. Мәскеуде КСРО мен АҚШ арасында Ракетаға қарсы қорғаныс жүйелерін шектеу туралы шартқа және стратегиялық шабуыл қрау жарақтарына шектеу қою саласында кейбір шаралар туралы уақытша келісімге қол қойылды (ОСВ) жасалды.
4. Р. Рейган үкіметі (1980-1988 жж). «Рейганомика».
Республикашылар партиясының жеңісіне және президенттік қызметке Калифорнияның бұрынғы губернаторы және голливуд актері Р.Рейганның сайлануы ішкі және сыртқы саясат салаларында консерватизмге бұрынғыдан да гөрі белсенді бетбұрыс жасаумен ерекшеленді. Рейган әкімшілігі шғындарды азайту мен бюджеттік тепе-тендіктің қатал монетарлық саясатын жүргізді. Сонымен бірге мемлекеттік реттеу аясы тарылды, бұл бағаны бақылаудан бас тартулардан қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарда белгіленген кәсіпкерліктерге қойылған шектеулерді алып тастаудан көрініс тапты. 1983 ж. американ экономикасы дағдарыстан шығып, оның жаңа технология мен ғылыми зерттеулерді өндіріске енгізу жолындағы жедел дамуы басталды. Жұмыссыздық 10 млн адамнан 7 млн дейін азайды. Жүзден аса әлеуметтік бағдарламалар штаттардың қарауына берілді және бірыңғайландырылды. Бірақ әлеуметтік саясат бұрынғыша жүргізіле берді, 30 млн. аса американдыктар сол күйінше мемлекет тарапынан әртүрлі көмектерге мұқтаж болды.
Рейган әкімшілігі кәсіподақтарға карсы бағытталған катаң саясат ұстады. Ауа желісі диспетчерлерін ереуілі күштеп басылды, кәсіподақ таратылды, ереуілге катысушылар жұмыстан шығарылды. Онсыз да көп жылдар бойына дағдарысты бастарынан кешіріп отырған кәсіподақтар үшін бұл өте ауыр соққы болды.
1955ж. АЕФ КПП қатарында 16 млн адам, яғни ауыл шаруашылығынан басқа салалардағы жұмыс қолының 32% бар болатын. 1992 ж. бұл сан өзгермесе де, ұжымдасқан жұмысшылардың үлесі 15% дейін қысқарды. Кәсіподақ қозғалысы енбекақының сақталғаны үшін күрестен бас тартты, бұл 80-жж. накты енбекақының кемуімен келісу деген сөз еді. Кәсіподақ қозғалысының құлдырауына еңбекке жарамды хаалықтың құрамындағы құрылымдық өзгерістер де себеп болды. Түрлі кызметтер көрсету, ғылым, ағарту, денсаулық сақтау, қаржы-қаражат, ақпарат қызметі т.б. салаларда жұмыс істейтіндердің саны тез өсті. Бірақ тікелей тауарлар мен түтыну заттарын шығарушы өндіріс салаларында істейтіндердің саны қысқарып кетті, кәзіргі кезде өндірісте жұмыс істей-тіндердің үштен бірі ғана шоғырланса, ғасырдың аяғында олардың үлесі 20% дейін азаймақшы.
Президент Рейганның сыртқы саясатында екі кезең анық байқалды. 80-жж. бірінші жартысында АҚШ сыртқы саясатында текетірес процестері басым болды, КСРО-мен екі арадағы қарама-қарсы тұрушылық, әсіресе 1979 ж. кеңес әскерлерінің Ауғанстанға енгізілуі, 1981 ж. Польшада соғыс жағдайы жарияланғаннан соң, сонымен "жаңа бағытының" тәжірибесі мен 60- жж. либерализімін қоса, либералдық жолдардың ең таңдаулы дәстүрлері біріктірілген болатын.
Клинтон жариялаған «үшінші жол», «рейганэономиканы» қайта қарауды және мемлекеттің неокейнсшілдік белсенді әлеуметтік саясат бағытына оралуын ұсынды. Республикашылдар партиясының бағдарламасынан тек бюджет дефицитін жою жөніндегі ғана уәде алынды. Бұл «рейганомиканың», басқаша айтқанда, "консервативтік революцияның" дәуірінің біткендігінің белгісі еді. АҚШ та «әлеуметтік рыноктік шаруашылық» тәріздес экономикалық саясат бағыты кабылданды.
5. 90 жж. Америка
Мемлекеттік саясаттың бастапқы назары әлеуметтік қамсыздандыруға, денсаулық сақтау, ағарту (американдықтар бұл шығындарды "адам ресурстарына" салым деп атайды) салаларына аударылды. Бұл бағыт Клинтонның 1996 ж. келесі президент сайлауъшда жеңіп шығуын қамтамасыз етті. Демократтардың желісіне АҚШ тағы 90-жж. үздіксіз экономикалык өрлеудің әсері тиді.
8 жылдан астам уақыт бойына экономика түрақты дамып (1998 ж. — 3,6 %) отырды. Клинтон әкімшілігнің тұсында жекеменшік секторде 14млн жаңа жұмыс орны құрылып, жұмыссыздық соңғы 25 жыл ішіндегі ең төмен көрсеткіш деңгейіне дейін азайады. 1996 жылдан соң АҚШ бюджетінің үштен екісі «адам ресурстарын» дамытуға жұмсалды. 1999ж. АҚШ-тың бюджет дефицитін жоюға қолы жетті.
Мұндай экономикалық жағдай республикашылдарға 1998ж. аралық сайлауда Клинтон президенттігінің дағдарысын және «лайықсыз мінез-құлқы»
АКШ-тьш бюлжет дефицитын жоюға колы жетті.Мүндай экономикалык жагдай республикашылдарға 1998 ж. аралык сайлауда Клинтон презпденттігінің дағ-дарысьш және "лайыксыз мінез-күлкы" үпгін импичмент күкығын жеңіске жетуге пайдалануға мүмкіндік бермеді.
1990 жж. АҚШ экономикалык және ғылыми-техникалык даму мен әлеуметтік қамсыздандурыдың тиімді механизмін жасай алды. Осы негізде демократиялық және республикалык партиялардьщ үстанымдары жакындаса түсті.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Ұлыбритания
Лекция жоспары:
1. Екінші дүниежүзілік соғыстың салдарлары.
2. Лейбористік үкімет. 1945—1951жж.
3. Консервативтік үкіметтер. 1951—1964 жж.
4. "Маргарет Тэтчер дәуірі". Консервативтік үкіметтер. 1979—1997 ж.ж.
Әдебиеттер:
1. Историография новой и новейшей истории стран Европы и Америки. М., 1977.
2. Язьков Е.Ф. История стран Европы и Америки в новейшее время: 1918–1945. М., 1998.
3. С.М. Мәшімбаев. «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы». А.,2005.
4. Т. Дәуірбаева «Европа мен Америка елдерінің тарихы (1918-1990). Түркістан, 2004.
5. О.С.Сороко-Цюпа, В.П. Смирнов, А.И. Строганов, Г.Д. Сүгірбаева.«ХХ ғасырдағы дуние жүзі. А. 2005.
6. Көкебаева Г.К. «Халықаралық қатынастар тарихы» Хрестоматия 1-бөлім, Алматы, 1997 ж.
7. Көкебаева Г.К. «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» (1918-1945жж) Алматы, 2002 ж.
1. Екінші дүниежүзілік соғыстың салдарлары.
Гитлерге қарсы одақтың мүшесі ретінде Үлыбритания соғыстан жеңімпаздар қатарында шыкты. Оның адам шығындары Бірінші дүниежүзілік соғыспен салыстырғ-анда аз болды, бірак материалдық шығындары бірнеше миллиард фунт стерлингкке теңелді. Оның үстіне Үлыб-ритания өзінің сырткы қаржы активтерінің көбінен айы-рылып, АҚШ пен өзінің доминиондарының борышкеріне айналды. Бұл екіжақтылық жағдайын Үлыбританияның соғыс жылдарындағы премьер-министр У.Черчиль "Три-умф және касірет" деп атады.
Соғыс жылдарындағы консерваторлар басқарған ара-лас үкіметтің қүрамына лейбористік және либералдык партиялардың өкілдері де енді. Соғыс бітісімен бұл ара-лас үкімет тарады да, 1945 ж. шілдеде өткен парламент сайлауында екі басты қарсыластар: консерваторлық және лейбористік партиялар арасында билік үтттін күрес кайта басталды. Өдетте олардың екеуінің бірі жеңеді. Бұл са-яси маятник осы уақытқа дейін тербелуде. Соғыстан кейінгі алғашқы сайлауда жеңіс лейбористер жағында болды.
2. Лейбористік үкімет. 1945—1951жж.
Лейбористер сай-лаушыларға әлеуметтік салада реформалардың кең бағ-дарламасын үсынды.
Бұл бағдарлама "Болашакқа бетбүрыс" деп аталды. Консервативтік партияның айқын бағдарламасы болма-ды, олар тек Черчилльдің беделіне арқа түтты. Олар өмір сүру жағдайларын жақсартуды көксеген ағылшын-дардың көңіл-күйін ескермеді, сөйтіп, қатты жеңіліс тап-ты. Лейбористерді жақтап 12 млн. дауыс берді, олар қауымдар палатасындағы орындардың үштен екісіне ие болды.
Лейбористік партия өз уәделерін негізінен орындады. Үкімет Ағылшын банкін, көмір және газ өнеркәсібін, электростанцияларды, телеграф пен радиобайланысын, азаматтык авиацияны, су және теміржол транспортын, ішінара кара металлургияны мемлекет карамағына алды. Мемлекеттендіру сатып алу жолымен іске асырылды. Шаруашылықтың бұл салаларында жалдамалы жүмыс-керлердің 20%-дейін жүмыс істейтін. 1946 ж. кәсіподақ-тарға қарсы 1927 ж. қабылданған жазалаушылық заң жойылды. 1945—1948 жж. жүмыс қабілетін жоғалтуға, кәсіби наукастарға байланысты жәрдем ақыларды, қарттыққа байланысты және жесір әйелдерге зейнетақы төлеуді қамтитын әлеуметтік камсыздандыру мен қауыпсіздендірудің жана кешенді жүйесі іске асырылды. 10 миллионнан аса жүмысшылардың жалақысы көбейтілді. Ақырында, 1948 ж. ұлттык денсаулық сак-тау кызметі құрылды және тегін медициналық қызмет көрсету жүйесі енгізіліп, дәрі-дәрмектер тегін үлестірілетін болды.
3. Консервативтік үкіметтер. 1951—1964 жж.
1951 ж. қазанда сайлауда жеңіп шыққан У.Черчилль тағы да үкімет басқарды. Консерваторлар лейбористер күрған өлеуметтік қүрылымды сол күйінше калдырды. Тіпті олар 1945 ж. сайлаудағы жеңілістен корытынды жасап, "әл-ауқаттылык мемлекеті" идеясына колдау көрсетті. т&ігдхщтвхтгсііТіА тіартяп "үктет 'оаеывда \Ъ жнл отырды. Ол өзінің өзгерген жағдайларға бейімделуге және мемлекепік басқару мен әлеуметтік-экономикалык сая-саттың жаңа әдістерін қолдануға қабілеттілігін көрсетті. 1962 ж. теңдестірілген экономикалық даму бағдарлама-сын жасау үшін экономикалык дамудьщ Үлттык кенесі қүрылды. 1964 ж. болған кезекті парламент сайлауы екі партияның ешкайсысынына да айқын басымдылық бер-ген жоқ. Екеуіде 12 млн. дауыс алды, бірақ лейбористердің бағы жанып, сөл ғана басымдылыққа ие болды.
Г. Вильсонның үкіметі (1964—1970) консерваторлар бастап кеткен болашак экономикалық жоспарлауды жа-сау бағытын жалғастырды. Г.Вильсон әсіресе елдің ғылы-ми-техникалық мүмкіндіктерінің дамуына үміт артты. Осы мақсатпен 1965 ж. парламент туңғыш "үлттық бесжылдық экономикалык жоспарды" қабылдады. Жос-парды орындау үшін Г.Вильсон үкімепің, бизнесіің және кәсіподақтардың әрекет бірлігін қамтамасыз етуге тиіс болды. Үкіметтің "Ниеттер туралы декларация" атты күжаты жалакының өсуі мен бағаның артуын "ақылға сиымды" көлемдерде шектеуді үсынды. Бұл саясат "ба-ғалар мен табыстар саясаты" деген атақ алды. Алғашқ-ысында жалақының өсуін "ақылға сыйымды" мөлшерге шектеу ерікті түрде іске асырылса, 1966 ж. кейін үкімет оны күштеп "қатыруға" кірісті. 1970 ж. парламент сай-лауында консерваторлар жеңіске жетті.
Э.Хиттің экономикалық саясаты (1970—1974) "қалай болғанда да" өндірісті қатаң капиталисгік жетілдіру жәнеэкономикалық дамуды тездету бағытын іске асырды. Хиттың түсында Үлыбритания ЕЭБ-ге мүше болды. "Ба-ғалар мен табыстар саясаты" бұрынғыдан да қатал нұсқа-да қабылданды, баға мен жалақыны әкімшілік жолымен реттестеруші аппарат күрылды. "Өнеркәсіптегі қатынас-тар туралы" кәсіподақтарға қарсы бағытталған заңның консервативтік нұсқасы жарық көрді. Ол кәсіподақ қоз-ғалысы мен ереуілдерге қатаң шектеулер қоюды көзде-ген болатьш. Заң қабылданды, бірақ бүкіл ТБК пен оған кіретін кәсіподақтар оған карсы көтерілді. Елге жаппай ереуіл қаупі төнді, Хит баспасөз бен тоғышарлардың жұмысшыларды емес, өзін колдайтынына сеніп, жаңа парламент сайлауын тағайындады. Аздаған ғана көпшілікпен (303-қарсы 296) 1974 ж. 28 акпандағы сай-лауда лейбористер жеңіске жетті.
Премьер-Министр Г.Вильсон (1976 ж. оның орнына Д.Ж. Каллагэн келді.) басқа жоспар мен "бағалар мен табыстар" саясатының жаңа нұсқасын қабылдауға мәж-бүр болды. Вильсон-Каллагэн үкіметінің (1974—1979) са-ясатынын негізгі желісі "әлеуметтік келісім", яғни кәсіп-одақтардың атынан ТБК мен үкімет арасындағы келісім жасасу болды. Ол бойынша кәсіподақтар жалақыны ар-ттыру туралы талаптарды (жылына 5%) қойғызбайды, ал үкімет бағаларды ұстап турады және еңбекшілердің мүдделеріне жауап беретін келісілген реформалар жүргізуге тиісті болды. "Шарттьщ" күші 1978 ж. күзіне дейін сақталды, 12 млн. мүшесі бар ТБК съезі шартқа қарамастан, накты жалақыньщ кемуіне байланысты, оны қабылдамай тастады.
5. "Маргарет Тэтчер дәуірі". Консервативтік үкіметтер. 1979—1997 ж.ж.
1979 ж. сайлауда жеңіске жетуден бүрын консер-вативтік партия дағдарыстан шығудың "Дүрыс жол" атты бағдарламасын жасап, партияның жаңа басшысы етіп Маргарет Тэтчерді сайлады. Консервативтік партия-ның бағдарламасында дағдарыс және инфляцияға қарсы күрестің неоконсервативтік нүсқасы жасалған болатын. "Жаппай жүмыспен қамтамасыз ету", "әл-ауқатты мем-лекет" және бюджет дефициттігі туралы бүрынғы иде-ялар лақтырылып тасталды. Экономика мен әлеуметтік саладағы жаңа саясат "тетчеризм" деген атак алды. Біріншіден, цатаң монетарлыц саясат, яғни айналым-дағы ақша көлемін шектеу, шығындарды азайту саяса-ты басталды, бұл инфляцияны азайтты, бірак жүмыс-сыздықты арттырды.
80-ші жж. қатаң монетарлық саясат жүргізу нәти-жесінде инфляцияны азайтып, инвестицияларды көбей-туге жағдайлар туды. Нәтижесінде бұрынғы онжыл-дықтағы тоқыраудың орнына Үлыбритания өндірісті да-мытуда секіріс жасап, еңбек өнімділігі жағынан Еуропа-лық қапиталистік елдердің бәрін басып озды.
Үкімет тиімділігі аз немесе шығынды мемлекеттік секторды жеке меншікке сату жолымен оларды ұстап туруға жүмсалатын мемлекеттік шығындар ауыртпалы-ғынан қүтылды. Жекешелендіру бюджетке 28 млрд. фунт стерлинг түсірді. Миллиондаған адамдар фирмалар мен кәсіпорындардың акционерлеріне айналды. Акция ұстаушылардың саны елдегі ересек адамдардьщ 7% -нен 25%-ке дейін өсті. Жекеменшіктік катынастарды нығай-тудағы Тэтчер үкіметінің жүргізген екінші бір шарасы муниципалитеттер мен қалалардың түрғын-үй қорларын жеке меншікке сату болды. 80 жж. 4,1 млн. отбасы жеңілдіктер бойынша пәтерлер мен үйлер сатып алды. 1990 ж. отбасылардың 65% (20 млн.) жекеменшік үйлері болды. Британ коғамын кейде уштен екісін орта тап қүрайтын қоғам деп атайтын болды. Вірак халыктың үштен бірі — жүмыссыздар, жеке басты аналар, науқа-стар, мүгедектер, бішмі төмен, мамандыққа үйретілмеген жастар т.б. мемлекет тарапынан әртүрлі көмектерге мүқтаж болды. Консерваторлар мемлекеттік әлеуметтік көмектің бұл саласын сақтап қалды.
Кәсіподактармен арақатынас барлық британ үкіметтері үпгін күрделі мәселе больш келді. Тэтчер бұл мәселеде консервативтік партияға тән әдеттегі қатаң бағыт үстанды.
Пайдасыз шахталарды жабуға қарсы шыққан шахтерлердің, технологиялық жағынан ескірген өндіріс салаларындағы жүмыс орындарының сақталуын талап еткен почта қызметкерлерінің, полиграфистердің ереуіл-дері дөрекі күш колдану жолдарымен басылды. Корпора-тивтік әрекет (үкімет кәсіподақтар — бизнес) үлгісінің орнына бизнеске қолдау көрсету және экономикалык процесстердің рыноктық-каржы қатынастары арқылы өздігінен реттелуіне басымдылық берудің жаңа мемлекеттік саясат жүйесі келді. Жекеменшік секторды, рыноктық механизмдерді және инвестициялык саясатты белсінділендірудің нәтижесінде 80-жж. 2,5 млн таяу жүмыс орындары қүрылды.
Британ бизнесінің белсенділігінің артуына Үлыбрита-нияның 1973 ж. Еуропалық экономикалык бірлестікке мүше болуы да белгілі мөлшерде әсер етті.
Консервативтік партия 1983, 1987,1992 жж. парла-мент сайлауларында жеңіске жетіп, 16 жылдан аса уақыт мемлекет басқаруды өз қолында ұстады. Бұл Үлыбрита-ния үшін рекорд болды!
Бірақ М.Тэтчер тұсында жаңа мәселелер бой көтерді, солардың нәтижесінде ол консервативтік партиясының басшысы қызметінен түсті де, партия келесі сайлауда жеңіліс тапты.
1997 ж. мамырдағы парламент сайлауында барлык қарсыластарын артка тастап, үлкен басымдылықпен лей-бористер жеңіске жетті. Олардың басшысы Энтони Блэр үкімет қүрды.
Ольстер дағдарысы және ұлттық мәселелер. 1921 ж. Ирландия Респуликасы қүрылғаннан кейін Үлыбри-тания өзінің қүрамында халқының үштен бірі католик дініндегі ирландықтар мен үштен екісін Шотландия мен Уэльстен шыққан протестанттар күрайтын аралдардың алты солтүстік графтығын (Ольстер) алып қалған бола-тын. Екі діни қауымның арасында нарым-қатынастар әдеттті дау-дамайлы болып келетін. 1968 ж. католиктік азшыльщтың азаматтық қүқықтар үшін қозғалысы бас-талды. Бұл ереуілді қуып таратудан кейін Ольстерде таппай тәртіпсіздік басталды. Тәртіп орнату үшін Үлыб-ритания Ольстерге әскер енгізді. Ирландияньщ республи-калық армиясы (ИРА), жасырын экстремистік үйым, ағылшын солдаттарына қарсы террормен жауап берді. Британ үкіметтерінің келесі үш он жыл ішіндегі жан-жалды шешу жөніндегі әрекеттері бұлікшіл графство-ларға тыныштык. әкелмеді. Католиктер мен протестант-тар арасындағы кақтығусылар жалғаса берді. 1998 ж. мамырда Ольстердегі теке тіресті тоқтату және өзін өзі басцару сайлаулы органдарын щру туралы келісімге қол жетісті.
60—80 жж. Шотландия мен Уэльсте үлттық және мәдени автономия үшін қозғалыс жандана түсті. Шот-ландия мен Уэлстегі 70-жж. өткізілген референдумдар автономиялык басқаруды беру жоспарын колдамады_(бхд_ процесс "деволюция" деп атанды). Бірақ "деволюция" Шотландия мен Уэльс халкының қолдауына ие болды.
Үлыбританияның сыртқы саясаты. Үлыбритания әдетте Еуропалық және дүниежүзілік саясатта ерекше орын алып келді. Ел қүрлыктағы соғыстарға сирек қат-насатын, бірақ дипломатиялық күрестің кездейсоқ қалта-рыстарында әруакытта жетекші күш ретінде көрініс та-
батын сырткы саясат саласындағы көпжылдық тәжірибе Үлыбританияға Еуропалық "концертте" "бірінші скрип-ка" рөлін ойнауға мүмкіндік беріп келді.
Екінші дүниежүзілік соғыстан соң жағдай күрт өзгерді: "дүниежүзінің тағдырына жауапкершілік" ролі АҚІП-ка көшті де, Үлыбритания Еуропада өгей бала күйінде қалып койды. Оның ерекше орны мына үш жакты рөлмен анықталды: Үлыбритания халыкаралық аренада АҚШ-тың басты әріптесіне айналды, екінші жағынан, ол басты Батыс Еуропалық елдердің бірі қалпында кала берді, ең соңында, ол көлемі метропо-лия көлемінін 20 есе артық доминииондарды біріктіретін үлттар достығының басшысы ретінде дүние жүзінде танымал еді. АҚШ пен арада әсіресе соғыстан кейінгі алғашқы жылдары "ерекше катынастар" — бағыныш-тылық пен қаржы-қаражат саласындағы тәуелділік катынастары орнады.
Қүрлыктық Еуропамен белгілі бір дәрежеде менсін-беушілік пен салқындык, қатынастары орнады. Бірак Үлыбритания барлық батысеуропалық одақтарға мүше болды (НАТО, Батысеуропалық одақ). Үлыбритания Францияның ГФР-мен жақындасуына сенімсіздікпен карады. Франция болса, өз тарапынан, ағылшын-амери-кандардың тығыз байланыстарына сенімсіздік білдіріп, Англияны АҚШ-тың "троян аты" деп есептеді. Бұл 1973 ж. дейін Франциянын Үлыбританияның Еуропа-лык, экономикалық бірлестікке кіруіне тоскауыл койып келген себептерінің бірі ғана.
Үлыбритания ядролык каруға байланысты ерекше үстанымда болып келді. Британ үкіметтері, француз үкіметгері сияқты, өздерінің партияльщ тегіне қарамастан, Үлыбританияның езінің ядролық үштігіне1 иелік жасау, тіпті болмағанда, Францияға тең ядролық мәртебеге ие болуға күқын корғады.
Үлыбритания Корея соғысына, БҮҮ мен АҚШ-тың басқа да әрекеттеріне қатысты.
Үлыбританияның 1991 ж. Маастрихттегі батысеуро-палық бірігу процестері мен XXI гасыр басындагы саяси, экономикалыц және валюталыц одац щру туралы цужат-тпарды дайындау мен қабылдауға қатысуын британ сая-сатының атлантикалык бағдардан (АҚШ-қа бейімделуден) Еуропалық бағытка ойысқандығын көрсетті.
ІІ дүниежүзілік соғыстан кейінгі Франция
Лекция жоспары:
1. Уақытша тәртіп (1944—1946 жж.) және Төртінші республика кезеңі (1946—1958 жж).
2. Бесінші республика.
Әдебиеттер:
1. Историография новой и новейшей истории стран Европы и Америки. М., 1977.
2. Язьков Е.Ф. История стран Европы и Америки в новейшее время: 1918–1945. М., 1998.
3. С.М. Мәшімбаев. «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы». А.,2005.
4. Т. Дәуірбаева «Европа мен Америка елдерінің тарихы (1918-1990). Түркістан, 2004.
5. О.С.Сороко-Цюпа, В.П. Смирнов, А.И. Строганов, Г.Д. Сүгірбаева.«ХХ ғасырдағы дуние жүзі. А. 2005.
6. Көкебаева Г.К. «Халықаралық қатынастар тарихы» Хрестоматия 1-бөлім, Алматы, 1997 ж.
7. Көкебаева Г.К. «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» (1918-1945жж) Алматы, 2002 ж.
1. Уақытша тәртіп кезеңі (1944—1946 жж.)
Қарсыласу қозғалысы Франциядағы соғыстан кейінгі партиялық-саяси жүйенің қалыптасуы мен жаңа конституцияның сипаты-на өте үлкен әсер етті. Уақытша үкіметтің күрамына карсыласуға қатысқан негізгі саяси партиялардың — коммунистік партияның, социалистік партияның, католиктік партия — Халықтық-республикалыц қозга-лыстың (ХРҚ) және басқалардың өкілдері енді. Үкіметті "Азат Франция" қозғалысының басшысы генерал де Голлъ баскарды.
Францияда парламетгік республика орньқты. 1946 ж. конституциясы 1789 ж. Адам және азамат қүкықтар туралы деклараци-яда койылған азаматтардың дәстүрлі қүқыктары мен бостандықтарынан басқа еңбек етуге, демалуға, әлеуметгік
қамсыздандыруға, білім алуға, сонымен бірге еңбек-шілердің өндірісті басқаруға қатысуға, кәсіподак және саяси әрекеттерге құқықтарын жариялады.
1947 ж. мамырына дейін үкімет үш басты партияның келісімі негізінде құрылып келді. 1947 ж. мамырында коммунистер үкіметтің ауызбіршілігін бұзды деген ай-ыішен біріккен үкімет катарынан шығарылды (олар Рено зауыты жұмысшыларының ереуілін колдаған болатын). Сол уақыттан бастап Төртінші республика қүлағанға дейін үкімет бірнеше партиялардың одақтасуы негізінде күры-лып келді. Кеп партиялык режимнің түрақсыздығының себептерінің бірі болды - 12 жыл ішінде 15 үкімет ауысты. Республиканың жылдан жылға тереңдеп келе жаткан дағдарысының екінші бір себебі — ол елдің билеуші топтарының 1946—1954 жж. Вьетнамда, 1954 жылдан Алжирде жүргізген отаршылдык. соғыстары болды.
Экономиканы қалпына келтіру. 1948 ж. өнеркәсіп өндірісі соғыстан бүрынғы деңгейге жетті. Жанарту мен кайта күрудың бірінші жоспары (Монне жоспары) міндетті түрде болмағандығына қарамастан, француз эко-номикасын дамытуда маңызды роль аткарды. Жан Монненің "жаңару немесе күлдырау" деген сөзі оның жоспарлау жөніндегі бірінші бас комиссар лауазымын-дағы кызметін сипаттап берді. Бірақ саяси түрақсыздық, отаршылдық соғыстар, сырткы саясат жолдары туралы мәселелер бойынша қоғамдағы алауыздық елдің эконо-микалық және әлеуметтік дамуының жоспарларын дәйектілікпен іске асыруға бөгет болды.
Әлеуметтік қақтығысулар. 50-жж. өлеуметтік какты-ғысулар шиеленісе түсті. Жүмысшы козғалысы бірнеше маңызды мәселелерді өз пайдасына шешті: үжымдық келісімдер туралы зан қабылданды, жалакы артты, еңбе-кақының кепілдік берілген ең төменгі минимумы енгізілді, ол орташа енбекакыньщ жартысына тең бол-ды. Шаруалардың жаппай қозғалысы әділ сатып алу бағаларын белгілеуді жөне салықтарды азайтуды талап етті. Үсак саудагерлер мен қолөнершілердің наразылығы дүкенші П.Пужад басқарған үкіметке карсы қозғалыска айналды.
Алжир дағдырысы. Шын мәнісінде Төртінші респуб-ликаның дағдырысы үздіксіз жүргізілген отаршылдык, соғыстарда анық көрініс тапты. Қоғамдағы алауыздық, негізгі партиялардың катарындағы келіспеушіліктер уль-траотаршылдык пен жаңаотаршылдықты жактаушылар тарапынан шықты. 1958 ж. басында Алжирде жеңіске жетуге қабілетті "күшті билік" орнатуды талап еткен ультраотаршылдар тарапынан қастандық дайындалып жатты. Қастандық үйымдастырушылар елде тәртіп ор-натуға күші келеді деп генерал де Голльді билік басына шақыруды талап етті. 1958 ж. 13 мамырда олар Ал-жирде бұлік шығарып, билікті де Голльге беруді талап етті. 1 маусымда Үлттық жиналыс де Голль үкіметіне сенім білдіріп, оған төтенші уәкілеттіліктер беріп, жаңа конституция жасауына келісті. Осыдан соң Үлттык жи-налыс өз кызметін тоқтатты. Төртінші республика кезеңі осылай бітті.
2.Бесінші республика.
Де Голль жасаған жаңа конституцияны 1958 ж. қыркүйекте өткен референдумға қатыскандардьщ 79% мақүлдады. Оның негізінде екі турдан туратын мажори-тарлық жүйе бойынша Үлттык жиналыстың сайлауы өткізілді. Сайлау қарсаңында де Голльдың жактастары "Жаңа республиканы корғау одағы" деген атпен жаңа саяси партия қүрған болатын. Сайлауда олар "төуел-сіздермен" бірлесіп, жиналыстағы орындардын көпші-лігіне ие болды. Желтоқсанда де Голль президент бо-лып сайланды.
1962 ж. президентті сайлау тәртібіне өзгеріс енгізілді. Жаңа заңға сәйкес президент бүкілхалыктың дауыс беру жолымен сайланатын болды, бұл оны Үлттық жиналы-стан жоғары койды.
Де Голль өз қолына барлык билікті топтастырды. Негізгі мәселелер бойынша ол референдумға жүгінді, бірнеше маңызды мәселелерді бүкілхалықтық дауыс бе-руге үсынды. Ол ішкі және сыртқы саясатты және Алжирге байланысты саясатты да жеке өзі басқарды. "Жеке билік" режимі осылай орнады. 1960 ж. Францияның Африкадағы 14 отарына тәуелсіздік берілді. Уль-траотаршылдардың карсылығын жеңіп және Алжирдегі әскер басшыларының бұлігін басып, де Голль Алжир республикасымен келіссөздер бастады, сөйтіп 1962 ж. наурызда Әвиан қаласында Алжирге тәуелсіздік беру туралы келісімге цол қойылды.
Отаршылдық соғыстарды бітіріп, де Голль және Франция үкіметі де Голльдың ең басты арманы - тәуелсіз сыртқы саясат пен экономикальщ жөне әлеуметтік жаңарту жолындағы Францияның буры-нгы щылыгын қалпына келтіруді іске асыруға кірісті. Сыртқы саясаттағы маңызды іс-әрекеттер Франциянын НАТО соғыс ұйымынан шығуы, американ әскери база-ларын елден өкеттіру болды. Де Голль Вьетнамға аме-рика интервенциясын айыптады.
Экономиканы жаңарту. Францияның ұлылығын қалпына келтіру жөніндегі өз идеясын іске асыра отырып, де Голль экономиканы жаңартудың кең жоспарын іске асырды. Жалпы үлттық маңызы бар салалардағы (көмір шахталары, металлургия көсіп-орындары, көлік, электростанциялары т.б.) мемлекеттік кәсіпорындар қызметі министрліктер тарапынан катаң реттелінді. Дәл осы мезгілде жаңарту жеке кәсіп-керлердің алдына мемлекеттік кәсіпорындармен бірлесе отырып және мемлекет тарапынан көрсетілетін ұйым-дастырушылық және қаржылай көмекке сүйене оты-рып, самолет күрылысын, атом энергетикасын, космос-тық техника мен ракета күрылысын түбегейлі өзгерту міндетін койды.
Франция экономикасын терең күрылымдық өзге-рістерден өткізді, техникалық жаңартуды іске асырып, өндіріс тиімділігі мен еңбек өнімділігін орташа батысеуропалық деңгейден асырды.
Ауыл шаруашылығында маңызды өзгерістер орын алды. Франциядағы бүрыңғы үсақ және жері аз шару-алардан фермерлік қалыптасып, кооперативтік қозғалыс нығайды, оларға мемлекет тарапынан елеулі көмек көрсетілді Ауыл шаруашылығьшьщ қүрылымы түбегейлі өзгеріске үшырады. Ол ауыл шаруашылығына қызмет ететін өңдеуші және басқа да өнеркәсіппен тығыз байла-нысты қазіргі заманғы тауарлы фермерлік өндіріске ай-налды
1968 ж. мамыр дағдарысы. Бірак экономиканы жаңарту мен кыска мерзім ішінде осылай тез дамудың жағымсыз салдарлары де болды. Дәстүрлі күрылымдар-ды бүзу жүрттың барлығьша бірдей үнай қоймады, жаңа жағдайлар мен өзгерістерге бейімделе алмағандар да жеткілікті болды. Бизнес пен еңбек қатынастарын мемлекеттік реттеулер жүртты жалықтьфды, әлеуметтік саладағы артта қалушылық, инфляция түңілушілік ту-ғызды. Енді мүның барлығы әлеуметті жарылыс дайын-дады. Тек оны түтандыру ғана қажет болды.
Париж студенттерінің білім беруді реформалауды та-лап еткен бас көтеруі 1968 ж. саяси дағдарысына түрткі болды. Ереуілші студенттер университет ғимаратына бекінді. Полиция студенттерді аюандықпен үрып-соқты. 13 мамырда жүз мыңдаған париждықтар де Голль режиміне қарсылық ереуіліне шықты. Сұраунамалар ас-тана халқының 4/5 студентгерге ниеттес екендігін көрсетті кейбір ультрарадикалдық "гошистік"1 басшылар поли-цияны күш қолдануға итермелеп, арандатушылық әре-кеттер қолданып бакты, өздерінің кенет революция жа-сау ниеттерін іске асьфу үшін тобырды кауіпті әрекет-терге итермеледі.
Бірақ елде революциялық жағдай жоқ болатын. Эко-номика өрлеу үстінде болды. Үлт рухани қайта түлеу үстінде еді. Әскери бөлімдерге жасырын барып кайтқан де Голль олардың өзін қолдайтындығына көз жеткізді. Парижге оралысымен де Голль Үлттық жиналысты та-ратып жіберді де, 23 маусымға жаңа сайлау тағайында-ды, реформалар өткізуге және "жана коғам" құруға уәде берді. Сайлауда голлистер партиясы женіске жетті, ол "Республиканы қорғау жөніндегі одақ" (ЮДР) деген жаңа ат алды. Барлық солшыл партиялар - коммунис-тер, радикалдар сайлауда үлкен сәтсіздікке үшырады. Аса солшыл үйымдар дауыстардын 5% жинай алмаған-дықтан, Үлттьщ жиналыс та бірде бір орынға ие бола алмады.
Де Голльдің орнынан кетуі. 1968 ж. мамыр оқигалары де Голль үшін күтпеген және ауыр соққы болды. Сайлауда жеңіл шыққанына қарамастан, ол әлеуметтік кақтығыстарды басу және оларды келісім мен әлеуметтік әріптестік арнасына түсіру үшін кейбір реформалар жүргізу қажеттігін түсінді. Олардың ішіндегі ең алғаш-кыларының бірі "катысу" саясатының рухындағы жергілікті баскаруды реформалау болды. 1969 ж. сәуірде сайлаушылардың көшпілігі жергілікті баскаруды рефор-малаудың жобасын қабылдамай тастады. Дауыс берудің корытындысы белгілі болысымен де Голль орнынан түсетіндігін хабарлап, жеке иелігіне кетіп қалды. 1970 ж. карашада генерал де Голль қайтыс болды.
Франция голлизм дәуірінен кейін. 1969 ж. Францияның жаңа президенті болып генералдың жакын серік-терінің бірі Жорж Помпиду сайланды. Сайлаудан соң ол өзінің бағытын "Сабақтастық және диалог" деп жария-лады. Формуланың бірінші бөлігі де Голльдің саясатын жалғастыра беретіндігін білдірсе, екінші бөлігі оппозици-ямен жақындасуды меңзеді: үкімет қүрамына "тәуелсіз" республикашылардың басшысы Валери Жискар д"Эстен шақырылды.
Сыртқы саясаттағы сабақтастық сыртқы саяси пози-цияларды нығайтуға және тәуелсіз саясат жүргізуге алы-нған бағытты жалғастыруды білдірді.
Диалог саясаты еуропашыларға "еуропальщ құры-лыс" мәселелерінде ымыраға келетіндікті карастырды. Франция Англияның Ортақ рынокке кіруге қарсылы-ғын тоқтатты.
Әлеуметтік-экономикальщ стратегияда жаңа либера-лизмге арқа сүйеу, "рыноктық катьшастардьщ тиміділігін калпына келтіруге" карай бетбұрыс орын алды.
Рынокке қарай бұл бетбұрыс және де Голль уәде берген біртіндеп "жаңа коғам" мен әлеуметтік әріптестік бағдарламасынан бас тарту үкіметке кертартпа күштер мен ЮДР тарапынан кысымның нәтижесінде орын алды. Нәтижесі көп күттірген жоқ: 1973 ж. наурыздағы сай-лауда ЮДР 4 млн дауыс жоғалтты. Түңғыш рет гол-лизм дағдырысы ашық көрініс тапты. 1974 ж. прези-дент Ж. Помпидудің кенет қазасы процесті аяқтады.
70-жж. Франциядағы партиялық-саяси күштердің қайта топтасуы. Жетіжылдық мерзімге Францияның президенті болып Жискар д'Эстэн сайланды, ол "тәуелсіз" республикашылдар тобының және олармен бірігіп "Француз демократиясы үшін одақ" деп аталған басқа да үсак партиялардың бірлестігінің басшысы бола-тын. Премьер-министр қызметіне "Республикаға қолдау көрсету бірлестігі" (ОПР) деп аталатьш басқа саяси парти-яның басшысы Жак Ширак тағайындалды. Ол голлистік партияның калдықтарын сақтап калу және өзінің маңай-ына елдің оңшыл саяси қанатын біріктіру мақсатын көздеген болатын. Парламент сайлауы Франциядағы партиялық-саяси жүйенің қайта қүрылғанын көрсетті. Кейінгі 2 жыл ішінде парламенттік одақтарды қүрып келген оңдаған парламенттік топтардың орнына саяси күштердің ірі партияларға бөлінуі келді: ОПР, СФД, социалистік партия және компартия шамамен 20—25% дауыс алды.
Төртінші Республика түсында пайда болған көппарти-ялык жүйе 70—90-жж. екі басты оңшыл және солшыл партиялардың қосүйектік жүйесімен ауысты. Президенттер В.Жискар д'Әстен, Ф.Миттеран, Ж.Ширак бірінен соң бірі либералдық, солшыл және оңшыл саяси ағымдардың атынан өкілдік етті.
Президент В.Жискар д'Эстен (1974—1981) мемлекет басында киын жылдарда отырды. Дүниежүзілік экономикалық және қүрылымдық дағдарыстар (1974—1975,1980—1982) басталды, ғылыми-техникалық революцияның жаңа кезеңі өріс алды.с жүзінде жаңа бастамаларды талап еткен дүние-жүзілік тарихтың жаңа дәуірі басталды XX ғ. соңғы ширегінде бірінің орнына бірі келген Франция президент-терінің ойында бір ғана ғаламдық және үлттық проблемалар түрды, олардың өрқайсысы бұл проблемаларды өзінше шешуге әрекет жасады.
В.Жискар д'Эстен Францияның саяси өміріндегі либералдыц агымның өкілі еді. Оның идеясы "революциясыз, реформалар жолымен" "үлгілі либералдык, коғам" орна-ту болды. 70-жж. төменгі жалақы мөлшері бірнеше мәрте өсірілді. Сайлау цензы 20-дан 18 жаска дейін кемітілді, аборт жасауға рүқсат етілді және басқа да бірнеше реформалар іске асты. Президент экономика-лық дамудьщ рыноктік әдістерін жақтады.
Социалистік және коммунистік партиялардың 1972 ж. қабылданған бірлескен бағдарламасы елдің әлеуметтік экономикалык мәселелерін шешудің басқаша жолын үсынды. 1981 ж. сайлауда солшылдар тек елдің президенттігіне Ф.Миттеранды сайлап кана коймай, Үлттық жиналыста басьш көпшілік алды 1948 жылдан кейін бірінші рет коммунистерге бірлескен үкімет қүрамына енуге үсыныс жасалды. Үкіметті социалист П.Моруа басқарды. Оның мақсаты бірлескен бағдарламаға сәйкес барлық банктер мен ірі өнеркәсіптің бір бөлігін (Франци-яның 9 аса ірі корпорациясын) мемлекет қарамағына алу, әлеуметтік шиеленісті босаңсыту, әлеуметтік теңсіз-дікті азайту, толық жүмыспен қамтамасыз ету болды. Кейнсшілдік бағытта төлем кабілетті сүранысты артты-руға бағытталған маңызды реформалар іске асырылды. Бірақ елде жүмыссыздықтың жоғары деңгейі сақталынып қалды.
1984 ж. Үлттық жиналыстың сайлауында оңшыл партиялар көпшілікке жетісті, президент — социалистің түсында оңшыларды үкіметі күрылып, ол үлттық меншіктен айыру процесін бастады және бюджеттің үлкен дефицитін қысқарту мақсатымен қатаң үнемдеу тәртібін орнатты, бұл консерватизмге бетбүрыстьщ көрідісі еді.
Бұл жағдай Ф.Миттеранға 1988 ж. президент сайлау-ында да жеңіске жетуге мүмкіндік берді. Солшыл призе-дент пен оңшыл үкімет арасында карама-карсы түру жағдайы президенттің икемді саясатьшың аркасында аса күшті дағдарыстарға үштаспады.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Италия
Лекция жоспары
1.Қарсыласу қозғалысы және республиканың құрылуы.
2. Италиядағы 50—90-жж. партиялық-саяси күрес.
Әдебиеттер:
1. Историография новой и новейшей истории стран Европы и Америки. М., 1977.
2. Язьков Е.Ф. История стран Европы и Америки в новейшее время: 1918–1945. М., 1998.
3. С.М. Мәшімбаев. «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы». А.,2005.
4. Т. Дәуірбаева «Европа мен Америка елдерінің тарихы (1918-1990). Түркістан, 2004.
5. О.С.Сороко-Цюпа, В.П. Смирнов, А.И. Строганов, Г.Д. Сүгірбаева.«ХХ ғасырдағы дуние жүзі. А. 2005.
6. Көкебаева Г.К. «Халықаралық қатынастар тарихы» Хрестоматия 1-бөлім, Алматы, 1997 ж.
7. Көкебаева Г.К. «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» (1918-1945жж) Алматы, 2002 ж.
1.Қарсыласу қозғалысы және республиканың құрылуы.
Елде ағылшын-американ оккупациялық өскерлері болды, бірақ италиялықтарға демократиялық режимді қалпына келтіруге ешкім бөгет жасамады. Бұл жұмы-сқа Қарсыласу қозғалысына қатынасқан негізгі саяси партиялар қатысты. 1946 ж. 2 маусымда мемлекеттік щрылыстың турі туралы референдум өтті. Референдум республиканың жактаушыларына жеңіс әкелді. Бір мезгілде Қүрылтай жиналысына сайлау өткізілді. Сайлау негізгі саяси партиялардың ықпалын баралауға мүмкіндік берді: христиандық-демократиялык партия барлық дау-ыстың 35%, социалистер — 20%, коммунистер — 19% алды. Осы басты саяси партиялардың ынтымақтастығы-ның негізінде конституция жасалды.
Конституция. Мемлекет басшысы конституция бой-ынша парламенттің қос палатасы (депутаттар палата-сы мен сенат) сайлайтын президент болды. Екі палата да барлық азаматтардың (әйелдер тұңғыш рет дауыс қүқы- ғын алды) өкілдіктерінің тепе-теңдік жүйесі бойынша сайланды. Конституцияға дәстүрлі буржуазиялық-демок-ратиялық бостандықтардан баска да, бұрын болып көрме-ген (мысалы еңбек ету құкығы) ережелер де жазылды.
Италияның халықаралық жағдайын бекіткен маңыз-ды окиға 1947 ж. ақпанда бітім шартына қол қою болды.
Сайлаудың қортындылары. Италияның конституци-ясы ресми түрде 1948 ж. 4 қаңтарынан бастап енді. Тұңғыш республикалық парламент сайлауы сәуірде өтті. Сайлауда дауыстардың 48% алган христиандык-демокра-тиялык партия (ХДП) жеңіске жетті. Солшыл оппозици-ялық одақ құрамында катысқан коммунистер мен соци-алистер 31% дауысқа ие болды. Үкіметті христиандық-демократиялык партиянын жетекшісі де Гаспери құрды.
Әлеуметтік-экономикалық даму. Италия әдетте ша-руашылығы баяу қаркынмен дамитын және өнеркәсібінің негізі нашар Еуропалық елдердің катарына жататын. Бірақ 50—60 ж.ж оның экономикалық дамуының карқ-ыны кенет күшейіп, "итальян кереметі" деген термин туғызды."Италъян кереметін" адамдар жасады. Бір итальян экономисінен Италияның экономикальщ жетістіктері туралы сүрағанда, ол "рас Италияда пайдалы қазбалар жоқ, бірақ біз кәсіпкерлерді жасай аламыз",— деп жауап берген.
Елде бос және арзан жүмыс қолы жеткілікті еді. Еңбекке жарамды адамдардың 40 % ауыл шаруашылы-ғында істейтін мешеу Оңтүстік өнеркәсіпті Солтүстікті жүмыс қолдарымен жабдықтап отырды. Бірақ басты мәселе мүнда емес еді. Өнеркәсіптегі жүмысшылар саны болар-болмас қана өсті. Еңбек өнімділігінің өсуіне жаңа технология мен озык техниканың енгізілуі себеп болды. Италия өнеркәсібі дамыған елдерден патенттер мен лицензияларды көптеп сатып алды. Осылардың негізінде экономика қүрылымдық жағынан түбегейлі өзгеріске үшырады. Оның өрлеуіне аяқ киім, мата, дайын тамақ өнімдерін өндіретін, жаңа технологияны ендірген үсақ және орташа фирмалар үлкен үлес қосты.
Италияның экономикалық жүйесінің біркелкі еместігі ірі және үсақ бизнестердің ерекше бірігуін көрсеткен басты аймактық үлгілерде көрініс тапты. Солтүстік-батыс Италияда (негізінен Милан, Генуя, Турин қалаларының айналысында) озат технологиялы жаппай өнім шығаратын ірі әнеркәсіп (автомобиль, химия, компьютер т.б. өнеркәсіптер) топтасты. Мұндағы ұсақ фирмалар ірі өнеркәсіпті толыктырып отырды. Солтүстік-Шығыс және Орталык Италияда (Тоскана, Эмилия — Романья, Венеция) үсак және орташа фир-малар кішірек калалардьщ танаптарына орналасып, дәстүрлі италиян өнімдерін (керамикалық жабындар, аяқ киім) өндіреді. Оңтүстік Италия (Неапольден Сицилияға дейін), — бұл артта калған, аймақ, әдетте ол туралы: "Бұл Оңтүстіктің проблемасы" дейді. Мешеулік экономикалық да-муындағы сейкессіздіктер жөне жүмыспен қамтамасыз етудің шешілмеген проблемаларымен толыктырыла түсті.
Италия аймақтарының дамуындағы сөйкессіздіктер (дамыған, жаңарушы Солтүстік пен токыраған Оңтүстік) әлеуметтік күрылыстың екі жақтылығына өкеліп сокты: Солтүстікте демократия, ол Оңтүстікте клиентелизм мен мафия қоғамда елеулі қакдығыстар — сыбайлас жемк-орлык, терроризм, қылмыс, мафияны саясатқа енгізу сияқты жағымсыз қүбылыстар туғызды.
Италияның маңызды ерекшелігі — мемлекеттік сектордың шешуші ролі атқаруында, ол қазіргі кезде аса қуатты өнеркәсіптік-қаржы кешеніне айналды. Оның қүрылымдары партиялык-бюрократгық аппаратпен ты-ғыз араласып кетті.
2. Италиядағы 50—90-жж. партиялық-саяси күрес.
Басқа жетекші капиталистік елдерден айырмасы Италияда соғыстан соңғы онжылдыктарда көппартиялык саяси жүйенің сақталуы мен өкілетті мекемелердің сәйкестілік сайлау жуйесінің негізінде қүрылатындығы болды. Италияның одан басқа да өзгешеліктерінің бірі — ол 1947— 1948 жж. бері карай келе жатқан Христиандык-демок-ратиялык партияньщ рөлінің басымдылығы болып отыр, ол сайлауларда дауыстардың 45—50% алып келді.
Центризм. ХДП пен оның жетекшісі де Гасперидің аталған жылдардағы саяси бағытын центризм, яғни оңшыл және солшыл күштер арасында теңдестікті сак-тау ретінде сипатталынды. Мүндай бағыттың нәтижесі әлеуметтік консерватизм мен әлеуметтік ымыраға бару-шылық арасындағы ауытқу болды. Нәтижесінде бұл жылдары кажетті реформалар жүргізілмеді.
Солшыл центризмге бетбүрыс. 60-жж. бас кезіне қарай центризм өзін сарыкты. 1960 ж. Тамброни үкіметі парламентте өкілдері бар оңшылдар мен неофашистердің тараптарынан көмек іздей бастады. Бірақ ХДП ішінде қоғамның демократиялық күштері талап еткен әлеуметтік реформаларды іске асыру қажет деп тапқан басқа топ белсенділік көрсете бастады. Социа-листік партияны ХДП-ның солшыл қанатымен бірлесіп, елді басқаруға тарту (социалистер де "кнопкалы бөлме-лерге кіруді" аңсап жүрген) жобаланды. Осы негізде Италияда 60-жж. басында солшыл центрлік одақ құрылып, ол реформалар бағдарламасын (электростанцияларды мем-лекет карамағына алу, экономиканы багдарлау, аграрлық реформа, білім беру, зейнетақымен қамтамасыз ету жүйелерін реформалау, облыстьщ автономия енгізу) үсын-ды. Бұл саясат солшыл центризм деп аталды. Солшыл центризм саясаты, былайша карағанда түкке түрмайтын мәселеге сүрініп, өзін-өзі сарьщты. 1972 ж. неке ажырасу туралы заң қабылданды. Католиктік Италия үшін бұл аса маңызды мәселе еді. Миллионнан аса ажырасқан отбасылар өздерінің мүліктік және басқа да мәселелерін шеше алмай қиналыс тапты. Ватиканньщ қолдауына байланысты ХДП күрамында бұл заңға күшті қарсылық бар болатын.
Бірақ ажырасу туралы заң солшыл центризм дағда-рысының себебі емес, тек сылтауы ғана еді. Италия өзінщ күрделі әлеуметтік мәселелерін ең басты солшыл күш — коммунистік партияның қатысуынсыз шеше алмас еді. Елдегі үдайы саяси түрақсыздык үкімет дағдарыста-рынан көрініс тапты. 1948 жылдан бастап 30 жыл ішінде 40 үкімет кабинеті ауысты.
Солшыл центризмнің дағдарысы. 70-жж. ортасында жағдай өзгерді, "солшыл центризмнің" дағдарысы ХДП дағдарысына айналды. 1976 ж. сайлауда ХДП 36% дауыс алса, коммунистік партия 34% дауыс алды. Сөйтіп, компартияны оқшаулауға арналған саясат сәтсіздікке үшырады. Италияның жетекші саясаткерлері үшін "оңшыл центризм" саясатының да, "солшыл центризм" саясатының да саяси түрақтылыққа алып келмегендігі айқын болды. ХДП көрнекті қайраткері Альдо Моро "үшінші нүсқа" немесе "үшінші кезең" (яғни оңшыл центризм мен солшыл центризмнен кейінгі) идеясын үсынды, бұл идея коммунистік партияны елді басқару ісіне қатыстыруды көздеді.
1977 ж. маусымда үкімет саясатын белгілеген, ішінде коммунистік партия бар, алты партияның келісіміне қол қойылды. Коммунистер, социалистер мен либералдар бірлескен бағдарламаны іске асырып жаткан кезде үкіметтің орнынан кетуін талап етпеуге келісті ("сенім-сіздік көрсетпеу" саясаты). 1978 ж. бұл әрекет ИКПмен ынтымактастықтың ба-сты қолдаушысы Альдо Мороны ұрлап әкетіп, өлтірген "кызыл бригадалар" террористерінің қылмыстық аранда-тушылығының нәтижесінде іске асырылмай калды. Ба-сталған үкімет дағдарысы үкіметтің орнынан түсуі және компартияның оппозицияға кетуімен аяқталды.
ХДП өзінің үкімет кұруға монополиясынан айырыл-ды. 1981 ж. үкімет күру күкы республикашылдардың жетекшісі Спадолинниге, кейінірек социалистік партия-ның басшысы Б. Краксиге берілді. 1992 ж. президент Коссига орнынан түсті. Сол ж. парламент сайлауы бас-ты саяси партиялардың, оның ішінде ИКП, ИСП, ХДП-лардын да ыкпалдарының төмендегенін көрсетті.
"Таза қолдар" науқанының салдарлары. 1992 ж. акпанда Италияда кең көлемде "таза қолдар" науканы жүргізіліп, оның барысында биліктің ең жоғарғы қабат-тары мен басты саяси партиялардың басшылығында сы-байласкан жемқорлықтың жаппай орын алу фактілері ашылды. "Таза колдар" операциясының тергеу тізіміне 20 мыннан аса адам, оның ішінде премьер-министрлер, министрлер, парламент депутаттары, саяси партиялар-дың басшылары ілінді. 1992 ж. ақпан айынан бастап екі жыл ішінде 2 мыңнан аса адам пара алғандықтары үшін айып тағылып, қамауға алынды. Оларға сотқа шақыру қағаздары тапсырылды. Олардың ішінде бүры-нғы премьер-министрлер Дж. Андреотти, Б. Кракси, парламент депутаттары мен сенаторлар болды. Биліктің жоғарғы қабаттарының мафиямен байланысы туралы бұл алып сот процесі итальян қоғамын шайқалтып, Италияда Қарсыласу толқынында қүрылған партияльщ-саяси жүйенің күйреуінің бастамасьша айналды.
Бірак "Таза қолдар" науканы Италиядағы үш сатылы сот жүйесінің қағазбасылык пен созбалаушылық әрекеттерінш; салдарынан еш нәтижесіз аяқталды, небәрі үш айыпталушы түрмеге жабылды, ал жетекші тергеу-шілер істен аластатылды. Дегенмен бұл жанжалдар екінші дүниежүзілік соғыстан кейін калыптасқан парти-ялық-саяси жүйенің күйреуіне әкеліп соқты.
Партиялық жүйенің күйреуі. 1994 ж. наурызында мерзімінен бүрын өткен парламент сайлауы бүрынғы партиялық жүйенің толық күйрегендінін көрсетті. ХДП үш саяси ағымға бөлінді, ИСП өзін-өзі таратты. Компар-тия сайлаудан бүрын Демократиялық солшыл күштер партиясы (ДСКП) болып қайта қүрылды. Сайлауда бүрын тіпті белгісіз миллионер С. Берлускони баскаратын "Италия алға!", федералист У. Босси баскаратын "Солтүстік лигасы", неофашистер мен ұлтшыл оңшыл күштердің бірлестігі "Үлттық альянс" сияқты саяси топ-тар жеңіске жетті. Бұл партиялар "Бостандық полюсы" одағына бірікті. Солшыл партиялар Прогресшіл күштер альянсын қүрды. Үкіметті "Солтүстік лигасы" және неофашистік "Үлттық альянсін" одақтасу негізінде С. Берлускони қүрды. Бұл үкімет тек 1994 ж. аяғына дейін өмір сүрді. 53-ші, жаңа итальян үкіметін өз кабинетін "Партияда жоқ техник-министрлерден" құрылған тәуелсіз кандидат Ламберто Дини баскарды. Бірак бұл үкіметте саяси дағдарыс алдында шыдап түра алма-ды. 1996 ж. сәуірде мерзімінен бүрын өткен сайлауда "Олива" одағына біріккен солшыл күштерге жеңіс әкелді. Ондағы жетекші күші ДСКП болды. Бұл партия дауы-стардың 22% алып, бірінші орынға шықты. 1998 ж. бірнеше түраксыз, партиялардан тыс кабинеттерден соң Италия президенті үкімет қүруды ДСКП басшысы Массимо д' Алемаға тапсырды.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Германия
Лекция жоспары:
1. ІІ дүниежүзілік соғыстың салдары. ГФР-дың құрылуы
2. ГДР-ның құрылуы.
3.ГФР-дегі экономикалық дамуы. "Әлеуметтік рыноктық шаруашылық".
4. ГФР- дегі 50—80-жж. саяси- партиялық күрес.
5.ГДР-дың әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы. 1950—1980-жж.
6. Германияның бірігуі..
Әдебиеттер:
1. Историография новой и новейшей истории стран Европы и Америки. М., 1977.
2. Язьков Е.Ф. История стран Европы и Америки в новейшее время: 1918–1945. М., 1998.
3. С.М. Мәшімбаев. «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы». А.,2005.
4. Т. Дәуірбаева «Европа мен Америка елдерінің тарихы (1918-1990). Түркістан, 2004.
5. О.С.Сороко-Цюпа, В.П. Смирнов, А.И. Строганов, Г.Д. Сүгірбаева.«ХХ ғасырдағы дуние жүзі. А. 2005.
6. Көкебаева Г.К. «Халықаралық қатынастар тарихы» Хрестоматия 1-бөлім, Алматы, 1997 ж.
7. Көкебаева Г.К. «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» (1918-1945жж) Алматы, 2002 ж.
1. ІІ дүниежүзілік соғыстың салдары. ГФР-дың құрылуы
Германия қалыпты өмірге орала бастады. Оккупациялық билік орындары соғыс қылмыстыларына қарсы сот процестерін ұйымдастырып, картельсіздендіру іске асырылды. Одактастар жеңілген Германия жөніндегі келісілген саясат жүргізу туралы Потсдам келісімдерін формальды түрде теріске шығармады. Бірақ іс жүзінде аймақтарда өздерінің мүдделеріне сай келетін саясат жүргізді. Батыс державалар "қырғи қабақ соғыс" басталысымен Германияға экономикалық жағынан бір-тұтас кұрылым ретінде қараудан бас тартты. Батыс аймақтары мен шығыс аймақ арасындағы шаруашылық байланыстарының үзілуі тереңдей түсіп, елдің келешек-те екіге бөлінуіне алғышарттар жасады.
ГФР-дың құрылуы. Германияның бөлінуіне алып кел-ген батыс оккупациялық билік орындарының маңызды шарасы 1948 ж. 20 маусымда өткізілген ақша реформасы болды. Сол кезде Батыс Германияны "Маршалл жоспа-ры" бойынша көмек беруге қосу басталды. Саяси салада маңызды оқиға Германияның батыс аймацтары ушін кон-ституция дайындау жөніндегі Парламенттік кеңестің щрылуы болды. 1949 ж. 8 мамырда Кеңес конституция-ның жобасын бекітті. Оның негізінде 1949 ж. 14 тамызда бундестагқа — парламенттің төменгі палатасына сайлау өткізілді. Онда басты рольді ХДО атқарды — 141 орын, ГСДП-ның 132 орыны, ЕДП-ның — 52, ГКП-ның — 15 орыны (немесе дауыстардың 5,7%) болды. Жоғарғы па-лата — бундесрат жердің өкілдерінен қүрылды. 1949 ж. 7 қыркүйегінде бундесрат пен бундестаг конституцияны бекітіп, Германия Федеративтік Республикасының президентін сайлады. 20 қыркүйекте канцлер Конрад Аденауэр парламентке түңғыш үкімет қүрамын үсынды.
2. ГДР-ның құрылуы.
Шығыс Германиядағы кеңес оккупациялық аймағындағы окиғалар да осыған үксас сценарий бойынша өрбіді. Батыс аймактардағы акша реформасына жауап ретінде халықты қаржылык алып-сатарлықтан қорғау үшін Шығыс Германиянын терри-ториясында шығыс маркасы енгізілді.
Шығыс Германияның саяси партиялары Үлттық майданға бірікті. Оның қүрамына коммунистік және социал-демократиялық партиялардың бірігуі негізінде қүрылған Германияның біріккен социалистік партиясынан басқа да аймақтық саяси партиялар — ХДО, либералдык-демок-ратиялық партия, шаруалар партиясы және т.б. енді.
Мүнда ГБСП жетекшілік роль атқарды. Коғамдық партиялар мен қозғалыстар Неміс үлттык кеңесін сайлады, ол өзінің сессиясында 7 қазан 1949 ж. Шыгыс Германияның территориясыпда Герман Демократиялыц Республикасы.-ның щрылгандыгын жариялады. 10 казанда кеңес әскери әкімшілігі Уақытша халық палатасына басқару тізгінін берді. Палата ГДР президенттігіне Вильгельм Пикті сайлады. Үкімет басшылығына Отто Гротеволь тағайындалды. Ол ГДР-дің тұщыш үкіметін қүрып, оны бекітуге" ұсынды. Халык шаруашылығьш калпына келтірудін екіжылдык жоспарын орындағаннан кейін, 1952 ж. шілдесінде ГБСП съезі ГДР-де "социализмнің негіздерін" кұру туралы шешім қабылдады.
Сөйтіп, Германияның территориялык; бөлінуі іске асты. Екі герман мемлекеті екі әлеуметтік-экономикалық және саяси жүйеш бейнеледі: социалистік ГДР мен капиталистік ГФР тарихи жарысқа кірісті. Германияның екі бөлігі фашистік тарихынан әр түрлі жолымен арыла бастады.
3.ГФР-дегі экономикалық даму. "Әлеуметтік рыноктық шаруашылық".
Германия Федеративтік Респуб-ликасы қүрылғаннан кейінгі Конрад Аденауэр үкіметінщ басты міндеті экономиканы қалпына келтіру мен даму-дың стратегиясын аныктау болды. Бірақ өткендегі нацистік жағдайдан арылу оңай нөрсе емес еді. Ол үшін елде XIX ғ. аяғында қальштаскан экономика мен қоғам-ньщ германдык үлгісінен күтылу қажет болды.
XX ғ. бірінші жартысында Германия бүкіл дүние жүзі үшін өндіріс пен капиталдьщ шектен тыс шоғырла-нуының үлгісі болғандығы белгілі. Нацистер тарихи үстанымды тоталитарлық режим дәрежесіне дейін көтерді. Экономиканы тек басқа теория мен практика негізінде ғана қайта түлетуге болатын еді.
Мүндай теория Германияда екінші дүниежүзілік со-ғыс қарсаңында түжырымдала басталғанды. Тоталитарльқ орталыктан басқарылатын бөлушілік шаруашылык жүйесіне герман экономисі В. Ойкен еркін бәсекелі ры-ноктык шаруашылықтын либералдык теориясын карсы койған болатын. Бұл жаңа әлеуметтік-экономикалық тәртіп "әлеуметтік-рыноктык шаруашылық" деген атақ алды. Бұл саясат пен экономикалык тәртіптің негізгі принциптері мыналар болды: мемлекет шаруашылыц процестерін тікелей реттеумен айналыспайды, бірақ ол жеке шаруашылыц субъектілері әрекет жасайтын формалар мен ережелерді белгілейді.
Экономика министрі Людвиг Әрхард бұл экономикалык жүйедегі мемлекеттің ролін ойынға катыспайтын, бірақ тағайындалған ережелердің сақталуын қадағалай-тын футбол төрешісінің әрекетіне теңеді. Сөйтіп, мемле-кет рыноктың ерекше түрінің — әлеуметтік-рыноктык шаруашылықтың калыптасуына жәрдемдеседі, мем-лекеттің араласуы рынок заңдарын бұзатындай шектен аспай, бәсекені қолдайды. Қоғамдьщ қатынастарды ли-бералдандыру бастамашылдық пен еркін бәсекенің дамуына даңғыл жол ашты.
Бұл принциптер рыноктық қарым-қатынас туындата-тын әлеуметтік қарама-қарсылықтар мен әлеуметтік әділетсіздікті жұмсартатындай күшті мемлекеттік әлеуметтік саясатпен толықтырыла түсуді қажет етті.
Әлеуметтік-рыноктык шаруашылық үлгісі 50—60-жж. табыспен іске асырылды. Бұл екі онжылдықта ГФР-дағы өнеркәсіп орындарының дамуының орташа жыл-дық өсу қарқыны 8,5% болды. ГФР-да соңғы индустри-алдық жаңарту аяқталды. Үзақ мерзімдік көпшілік түты-ну тауарлар өндірісінің аса күшті потенциалы қүрылды. Толық жүмыспен қамтамасыз етілу іске асырылып, ереуілдер тыйылды, өмір сүру деңгейі артты.
Бірақ 1966—1967-жж. артық өнім шығару дағдарысы басталды, дүниежүзілік рыноктағы бәсеке күшейді. Содан соң басқа, дүниежүзілік деңгейдегі 1974—1975-жж. және 1980—1982 жж. экономикалық дағдарыстар келіп жетті. 80-жылдар аяғында ГФР-дағы жүмыссыздық 3 млн адамға дейін жетті. Экономикалык және сыртқы саяси бағытты тереңінен өзгерту керек болды.
4. ГФР- дегі 50—80-жж. саяси- партиялық күрес.
ГФР-дың саяси жүйесінде екі партия басты орын алды: либералдык-консервативтік — Христиан-демократиялык, одак (ХДО) пен Германияның социал-демократиялық партия-сы (ГСДП). Бірак, АҚШ-тың классикалык, қоспартиялык жүйесімен салыстырғанда ГФР-дың өзгешелігі мүнда "Үшінші күш" — саны жағынан аз, сипаты жағынан либералдық Ерікті демократиялық партия (ЕДП) бар болатын: ол үкімет қүрарда кейде ана партияға, кейде мына партияға одактас болып отырды.
1949—1966-жж. ГФР үкіметін ХДО күрды, канцлер болып осы партияның өкілі тағайындалды. ХДО бірнеше жыл ЕДП-мен одактасып келді. Бұл экономика сала-сында жаңа либералдық саясатты іске асыру кезі еді. Жедел карқынмен экономикалық дамудың "германдық кереметі" осы уақытқа сай келді. 1966—1969 жж. ХДО үкіметі ГСДП бірлесіп қүрды ("Үлкен одақ"). "Кіпгі одақ". ГСДП мен ЕДП. 1969-1982 жж. ГФР үкіметін ГСДП ЕДП-мен бірігіп қүрды ("Кіші одақ")
Мемлекет басындағы партияның ауысуы кездейсоқ емес еді. ГСДП мемлекет кемесінің тұтқасын экономикалык және сыртқы саяси бағыттарының дағдарыска ұшыра-ған кезінде ұстады. Елді баскарудың алғашқы кезеңінде канцлер В. Брандт ең басты мәселе сыртқы саясатты, ең алдымен шығыстағы көршілермен жөне ГДР-мен қаты-настарды түбегейлі кайта қарау деп есептеді. В. Брандт үкіметі Польшамен, Чехословакиямен, КСРО және ГДР-мен қатынастарды жақсарту және Германияны біріктіру мәселесін күш колдану жолымен шешуден бас тарту жөнінде келісімге кол қойды.
саласында социал-демократтардың саясаты онша табысты болмады. ГСДП билік қүруы терең эко-номикалық және құрылымдык дағдарыс жылдарына тура келді. Бұл жағдайларда рыноктык механизм каржыны қайтарып, жаңа салалар мен жаңа технологияға инвес-тиция жасауға мүмкіндік бермейтін еді.
ГСДП бұл міндетті мемлекеттік реттеу мен әлеуметтік бақылауға аса маңызды орын берілген 1975—1985 жж. арналған бағдарламасына сәйкес орындауға кірісті.
Бірак 70-жж. дағдарыстары бұл жоспарларды жүзеге асыруға бөгет болды. Өнім шығару қаркынының өсуі 2% аспады. Үкімет белгіленген жоспарлардан бас тартуға және қатаң үнемдеу саясатына көшуге мәжбүр жасалды. Шығындарды, әсіресе әлеуметтік бағдарламаларға бөлінген шығындарды, қысқартуды колында экономика министрінің портфелі бар ЕДП белсенді түрде жақтады. Министрдің 1982 ж. жасаған жоспары әлеуметтік шы-ғындарды шүғыл азайтуды қарастырған болатын, бүған ГСДП мен оны қолдаушы кәсіподактар қарсы болды. Осы кезде бундестагтағы ЕДП мен ХДО өкілдері үкіметке сенімсіздік білдіріп дауыс берді де, үкімет орнынан түсті.
"Кішіодақ". ХДО және ЕДП. 1982 жылдан ГФР үкіметін ЕДА қолдаған ХДО-ның жетекшісі канцлер Гельмут Коль басқарды. 1982 ж. наурыздағы бундестаг сайлауында Коль "экономикалық өрлеу" үшін дауыс беруге шақырды, "Людвиг Эрхардтың ізімен" реформалар жасауға, мемлекеттщ экономикаға араласуына шектеу қоюға уәде берді, бірақ мемлекет тарапынан стихиялы түрде әрекет етуші ры-ноктык механизмге мемлекет тарапынан "әлеуметгік түзету" жасап түрудың кажеттігін мойындады. Экономикалык. дағдарыстарды басынан өткізіп, ГФР экономикасы постиндустриялық қоғам мен электрондық ғылыми-техникалық революцияның жаңа жағдайларын-да жаңартылды. 80—90-жж. экономикалық өрлеу жағ-дайында ГФР жаңа либералдық экономикалық бағытка кайта оралды.
5. ГДР-дың әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы. 1950—1980-жж.
1949 ж. қазанда ГДР қүрылған-нан соң көп үзамай-ак елдегі мемлекеттік және саяси билікті қолына топтастырған ГБСП социалистік қоғам орнатуға бағыт алды. Үлгі ретінде кеңестік мемлекеттік социализм жүйесі алынды. Индустрияландыру, ауыл шаруашылығын кооперациялау, қоғамдағы идеология-лык бірегейлікті қамтамасыз ету елдің ерекшеліктерін, дамып отырған ГФР-мен көршілестікті және "қырғи қабақ соғыс", халықаральщ теке тірестің жалпы жағдай-ларын ескере отырып, іске асырылды. 16 млн халқы бар елде көпсалалы өндірісті әкімгершілік-әміршілдік жүйенің үлгісі жасалды. Еңбек сүйгіш, үнемшіл немістер материалдық ресурстардың кеп жағдайларда еш мағы-насыз шашылуына көнгісі келмеді. Азық-түлікті бөліп беру жүйесі де жанға батты. 1958 ж. дейін азық-түлік карточкалары сақталып келді.
Режимнің дағдарысы. Наразылық стихиялық түрде көпшілік бас көтерулерден көрініс тапты. Олардың ішіндегі ең ірісі "социализм негіздерін" күру бағдарла-масын қабылдағаннан соң үзамай-ак бүрқ ете қалды.
60-шы жылдары ГФР-ға қашып кеткен 2 млн адамға қосымша 1989 ж. бірінші жартысының өзінде-ақ 350 мыңдай адам қашты. Революциялық өрлеудің алғашкы хабаршылары ретінде жаңа саяси және қоғамдық үйымдар пайда бола бастады. ГДР-дің 40-жыддығы күні — 7 қазанда ресми іс-шараларға қарсы ұйымдастьфылған шеру күшпен қуып таратылды. Бұдан кейін басқа қалаларда да жаппай бой көтерулер орьш алды. ГДР-да "жужақ революция" басталды.
6. Германияның бірігуі.
ГДР-дағы саяси дағдарыстан тек билік ауыстыру жолымен ғана шығу мүмкін еді. 1989 ж. 18 казанда Э. Хонеккер орнынан түсті. 9 қараишда Берлин қабыргасы щлатылды. ГДР мен ГФР-ның жақындасу карқыны стихиялық және бакылауға бол-майтын сипат алды. Германияның шығысында мемлекеттік күрылымдар мен саяси партиялардың тарау процесі бастал-ды, экономика құлдырады.
1990 ж. 18 наурызында жана сайлау өтті. ГБСП оған "Де-мократиялық күштер партиясы" деген жаңа атпен қатыс-ты. Бұл ГДР-дағы түңғыш еркін сайлау болды. Сайлауда коммунистерден іргесін аулак, салған және Г. Кольдщ каты-суымен, ГФР-дың материалдық көмек көрсетуімен қүрыл-ған "Германия үшін альянсты" басқарған аймақтық ХДО жеңіске жетті. ХДО мен оның одақтастары дауыстардың 48% артығын алып, палатадағы орындардың көпшілігіне ие болды. Сайлау ңорытындылары (ГБСП — 22%, ДКП — 16%) ГДР мен ГФР-дің бірігу процесінің сөзсіз екендігін көрсетті. Экономикальщ және валюталык одақ туралы шарт
1990 ж. 1 шілдеден ГДР-да батыс маркасын енгізді. Тамызда ГДР жерлерінің 1990 ж. 3 цазанынан бастап ГФР щрамына енуі туралы шартца цол цойылды. Тарихи оқиға орын алды — Гертания бірікті.
1990 ж. 2 желтоқсанында жалпы герман сайлауы өтті. Жеңісті, оның ішінде бұрынғы ГДР территориясында күрыл-ған бес жердің төртеуінде, ХДО тойлады. Сөйтіп, Германи-яданы бірігушілік процестің козғаушы күші үлт мәселесі емес, әлеуметтік мәселелер болды.
Халықаралық тану. Халықаралық сипаттағы бірнеше кұжаттар Германияның бірігу процесін аяқтады. 1990 ж. 12 кыркүйекте Мәскеуде төрт жеңімпаз — мемлекеттің (КСРО, АҚШ, Үлыбритания және Франция), ГФР мен ГДР өкілдері Германияга байланысты тцпкіліктіреттеу туралы шартқа цол қойды. Осымен бір мезгілде КСРО мен Германия арасыпдагы тату көршілік, әріптестік және ын-тымацтастыц туралы шартқа алдын ала цол қойылды. Бұл күжаттарда Еуропадағы шекаралардың мызғымай-тындығы, Германияға жаппай қырып-жою қаруын иеле-нуге тыйым салу, бундесвер санын шектеу (370 мың адам), КСРО карулы күштерін біріккен Германияның шы-ғыс аймақтарынан әкету сияқты маңызды мәселелер көрсетілді. Ақырында, 1990 ж. 1 казанында Нью-Йорк-те алты сыртқы істер министрі Германияның бірігуіне бай-ланысты Берлин мен бүкіл Германия жөніндегі төртжак-ты қүқықтар мен жауапкершіліктердің әрекетін тоқтату жөніндегі қүжатқа қол қойды.
Екінші дүниежүзілік соғыстың Еуропадағы корытындыларына осылайша нүкте қойылды. Германияның, Еуропа-ньщ және бүкіл дүние жүзінің тарихындағы түтас кезең осы-лай аяқталды. Жаңа геосаяси жағдай қалыптасты.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Орталық және Оңтүстік – Шығыс Еуропа елдері
Лекция жоспары:
1. Социализм негіздерін құру кезеңі.
2. 60-70 жж. дағдарыстар.
3. 1989 – 1991 жж. демократиялық революциялар
Әдебиеттер:
1. Историография новой и новейшей истории стран Европы и Америки. М., 1977.
2. Язьков Е.Ф. История стран Европы и Америки в новейшее время: 1918–1945. М., 1998.
3. С.М. Мәшімбаев. «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы». А.,2005.
4. Т. Дәуірбаева «Европа мен Америка елдерінің тарихы (1918-1990). Түркістан, 2004.
5. О.С.Сороко-Цюпа, В.П. Смирнов, А.И. Строганов, Г.Д. Сүгірбаева.«ХХ ғасырдағы дуние жүзі. А. 2005.
6. Көкебаева Г.К. «Халықаралық қатынастар тарихы» Хрестоматия 1-бөлім, Алматы, 1997 ж.
7. Көкебаева Г.К. «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» (1918-1945жж) Алматы, 2002 ж.
Социализм негіздерін құру кезеңі
Орталық және Оңтүстік – Шығыс Еуропа елдері (Польша, ГДР, Венгрия, Румыния, Чехословакия, Югославия, Албания), соғыстан кейінгі жылдарда жай ғана «Шығыс Еуропа» деген аталған елдер, небір қиыншылықтарды бастарынан өткізді. Соғыс жылдары олардың кейбіреулерін герман және италия әскерлері басып алды ((Польша,Чехия, Югославия және Албания), кейбіреулері Германия мен Италияның одақтастары болды. Бұл елдермен (Болгария, Венгрия және Румыния) кейіннен бітім шарттары жасалды.
Еуропаның фашизмнен азат етілуі - демократиялық құрылысты орнатып, антифашистік демократиялық өзгерістер жасауға жол ашты. Қызыл Армияның бұл елдердің территориясындағы неміс – фашист әскерлерін талқандауы Шығыс Еуропа мемлекеттерінің ішкі процесстеріне шешуші әсер етті. Олар Кеңес Одағының ықпалының шеңберінде қалды.
Шығыс Еуропа елдерінде 1945 – 1948 жж. парламенттік режимдерді, көп партиялықты, жалпығы бірдей сайлау құқын қалпына келтіру, жаңа конституцияларды қабылдау, аграрлық реформалар жүргізу, соғыс қылмыскерлерін жазалау, аса белсенді нацистік қылмыскерлер мен олардың сыбайластарының меншіктерін мемлекет қарамағына алу сияқты демократиялық өзгерістер батыс еуропалық елдерге де тән құбылыстар болды. Бірақ «қырғи – қабақ соғыс», кеңес – американ бәсекелесі жағдайында және КСРО – ның тікелей қысымы мен көмегінің арқасында 1947 – 1948 жж. Шығыс Еуропа елдерінде өздерінің саяси қарсыластары – либералдық партиялары ығыстырып немесе жойып жіберегн комунистік партиялар билік басына орнықты.
Халықтық – демократиялық революциялар деп аталған жеке билікті орнықтыру процесін аяқтап, аталған елдердің комунистік партиялары социализм құрылысының басталғандығын жариялады. Үлгі есебінде КСРО – да орнатылған әлеуметтік – экономикалық жіне саяси жүйе алынды. КСРО тәжірибесіне еліктеу азды – көпті мөлшерде барлық Орталық және
Оңтүстік - Шығыс Еуропа елдеріне тән болды. Югославияның әлеуметтік – экономикалық саясаттың өзгешелеу нұсқасын таңдағанына қарамастан, ол да негізгі өлшемдерде тоталитарлық социализм нұсқасын қайталады, бірақ Батысқа көбірек еліктеушілік болды.
Социалистік құрылыстың жалпы принцптері.
Міндетті түрде партиялық саяси жүйенің орнатылуы. Құрылған халық майдандары кейде ешқандай ықпалы жоқ партиялардың саяси өкілдерін біріктірді. Барлық билік іс – жүзінде комунистік партиялық аппаратпен бірігіп кеткен ктқарушы билік орындарының қолданында болыд. Бұл жүйені қауіпсіздік органдарының жүйесі мен сан мыңдаған тыңшылар армиясы толықтырды.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары формальды түрде жарияланғанымен, іс – жүзінде сақталмады. «Халық демократиясының» орнына тоталитарлық социализм орнады.
Экономика саласында:
Чехословакия мен ГДР – дан басқаларының аграрлы болғанына байланысты бұл елдерде индустрияландыруға басты назар аударылыд. Индустрияландыру жедел қарқынмен іске асырылды. Оның негізін өнеркәсіпті, қаржы – қаражыт жүйесін, сауданы түгелдей мемлекет қарамағына алу құрды. Аграрлық реформа алғашқысында жерді қайта бөлуден басталып, ұжымдастырумен аяқтылды, бірақ жер мемліекет миеншігіне алынбады. Шаруашылықтың баолық салаларын басқару мемлекеттің, министрліктердің қолдарына шоғырландырылды. Олар нұсқаулық, яғни міндетті түрде орындалуға тиісті экономикалық дамудың мемлекттік жоспарлары арқылы іске асырылды. Рыноктық қатынастар жоқтың қасында болды да, әкімгершілдік - әкімшілдік бөлу жүйесін салтанат құрды. Сөйтіп, іс – жүзінде жеке меншік, еркін рыноктық қатынастар, бәсеке жойылды.
Экономикалық стратегия индустрияландырудың дәстүрлі үлгісінің, яғни ауыр өнеркәсіпті басым дәрежеде дамыту ірі комбинаттар, қуатты электр станцияларын салу негізінде индустрияландыруды қысқа мезгілде асыру міндетне келіп тірелді.
2. 60-70 жж. дағдарыстар
Қате экономикалық стратегия мен қаржының, бюджеттің жетімсіздігі әлеуметтік жүйе мен бүкіл өндірістік емес саларды – білім беру, денсаулық сақтау, ғылымның дамыту мүмкіншіліктерін қысқартты. Ертелі – кеш бұл жағдай даму қарқынының төменднуі мен өмір сүруу деңгейінің нашарлауына әсер етуі тиіс еді. 70 – 80 жж. дүниежүзілік экономикалық құрылымдық дағдарыстаржне ғылыми – техникалық революцияның басталып келе жатқан жаңа кезеңі жағдайында «көмір мен болат индустриясы» дәуірінің индустрияландыру үлгісін таңдап алудың зияндылығы білінді. Материалдық, энергетикалық және еңбек шығындарын көп талап ететін өндірістің экстенсивтік типінің үлгісі өзін Батыста да, Шығыста да сақып бітті. Мини – процессорларды, компьютерлерді басқару жүйелерін, аса жылдамдықтағы есептеу техникасын ойлап шығарған ҒТР өндірістің басқа материалдық – техникалық негіздерін және тіпті кішігірім елдер де дүниежүзілік өндірісте өз онын табуға мүмкіндік беретін өндірістің жаңа, интенсивтік типін ұсынды. Шығыс Еуропа елдері дамудың ескірген үлгілеріне арқа сүйегендіктен және адамдарды шығармашылық бастамар мен таңдау еркімен жұрдай еткен әкімгершілік - әміршілік бөлу жүйесінің кереғарлығынан жаңа экономикалық талаптарды қабылдауға қабілетсіз болып шықты. Бұл тоталитарлық социолизмнің бүкіл социалистік лагерь шеңберінде де, жеке елдерде де дағдарысқа да ұшырауына әкеләп соқты. Тоталитарлық социолизмді нығайту Еуропалық өркениеттің дамуының табиғи – тарихи процесіне қарама – қарсы іске асырылды. Польшадағы 1953 ж. көтеріліс пен басқа елдердегі ереуілдер, ГДР – дегі 1953 ж. көтеріліс, 1956 ж. венгер көтерілісі және 1968 ж. «Прага көктемі» көрші социолистік елдер әскерлерінің күштерімен басып – жаншылды. Бірақ олар социалистік мұраттың сол кездегі комунистік партиялардың түсінгеннұсқаларында зорлықпен орнатылғандығын айғағы болды.
3. 1989 – 1991 жж. демократиялық революциялар.
Ғылыми – техникалық революцияның жаңа кезеңі социалистік лагерьдің барлық елдерінде экономиканы құрылымыдқ жағынан қайта құруды талап етті. КСРО мен Шығыс Еуропа елдері ҒТР – жаң кезеңіне ере алмады. Реформа мәселесі 1956 ж. венгер көтерілісінен бері күн тәртібінен түспей келе жатса да, оларды іске асырудың жолындағы барлық әрекеттер сәтсіздікке ұшырап келді. Жүйе реформаларды қабылдамады, оларға қарсы болды. 70 – жж. басында Польшада жұмысшылардың алғашқы ірі баскөтерулері орын алды. 1981 ж. соғыс жағдайы енгізілді. ГДР – де жүйенің дағдарысы ГБСП үкімет басынан аластатылып, нәтижесінде елдің бірігуімен аяқталды. Басқа елдерде революция билеуші партияның атын өзгертіп, реформалар жариялау әрекеттерімен басталып (Польша, Венгрия, Болгария, Албания), олардың саяси аренадан кетуімен аяқталды. Билік басқа партияларға ауысты. Мемлекет басшылығына жаңа қайраткерлер – Чехословакияда драматург Вацлав Гавел, Польшада кәсіподақ қайраткері Лех Валенса Болгарияда социолог Желе Желев келді. Румынияда 1989 ж. желтоқсанындағы халық көтерілісін қанға бояп басқысы келген әрекеті диктатор Чаушеску үшін қайғылы аяқталды.
Шығыс Еуропаның бұрынғы социолистік лагеріне енген елдерде комунистік партиялар билік басынан кетірілді, көппартиялық енгізілді, режимдерді либералдыдандыру іске асырылды. Әлеуметтік - экономикалық құрылыс пен саяси жүйені өзгертуге бағытталған терең реформалар жасалынып, іске асырылды. Бұл жолда үлкен қиыншылықтар кездесті.
Дегенмен жалпы алғанда Польша, Венгрия, Чехословакия, Болгария, Румыния және Албаниядағы демократиялықреволюциялардыңжалпы негізі бір болды – олар социолизмнің тоталитарлық үлгісінен бас тарту, либералдық – демократиялық идеяларына қайта оралу және мақсатты реформалар жүргізу болып табылатын қоғамқалай деп аталғанына қарамастан, әңгіме түбегейлі өзгеріс жасау және капитализм орнату туралыболып отыр. Шығыс Еуропа елдеріндегі реформалар мына бағыттырда іске асырылуда: рыноктіңжоспарлаушы – реттеушілігін ресми қалпына келтіру және бағаны либералдандыру, толық қанды тауарлық – ақша қатынастарын, негізді баға түзу, пайда, валютаның конверттелуін қоса, орнату,меншік түрлеріне көзқарасты өзгерту, жеке меншікті мойындау, әкімшілік - әміршілдік жүйені жою, экономикалық емес әдістерді қодауды мүлдем тыю.
Шығыс Еуропа тоталитарлық режимдердің күреуі жаңа жағдайдың қалыптасуына алып келді – Еуропада либералдық демократия мен рыноктік экономика негізінде өркениеттік тұтастық қалпына келтірілуде.
Шығыс және Оңтүстік Шығыс Еуропа елдердегі саяси және экономикалық өзгерістердің ерекшеліктері. 1989 – 1991 жж. революциялар саяси және әлеуметтік – экономикалық дамудың жалпы бағытын белгілеп берді – ол тоталитарлық социализмнің негізлерін жою болды. Саяси құрылыспен әлеуметтік – экономикалық жүйенің жаңа үлгісін жасау әр елде оқиғалардың өрістеулеріне байланысты тиісті ерекшеліктерге ие болып отырды.
Коммунистік партияларды билік басынан кетіру жаппай демократиялық қозғалыс негізінде іске асырылды. Чехословакияда оппозиция Азаматтық форумға, Болгарияда – Демократиялық форумға, Польшада – «Ытымақтастыққа», Румынияда – Ұлттық құтқару майданына бірікті. Осы ұйымдардың шеңберінде ұйымдық жағынан реттестірілмеген және идеялық тұрғыдан ала – қла саяси ағымдардың - жаңа либералдық батысшыл бағыттырдағы, ұлттық – патриоттық, популистік, христиан – демократиялық, монархистік, діни, оңшыл консервативтік топтардың бірігуі іске асты.
Солшыл саяси күштер, ең алдымен бұрынғы коммунистік партиялар, саяси сахнада жоғалып кеткен жоқ. Биліктен айырылғандарына қарамастан, олар едәуір ықпалдарын сақтап қалды. Бұл ол партиялардың реформашыл қанаттарына жаңа ат, бағдарламалар арқылы саяси күреске араласуына мүмкіндік берді. Мәселен Польшаның біріккен жұмысшы партиясы өзінің тарайтындығын жариялады., бірақ елде социалистік партия қайтадан жанданды. Болгарияда Солшыл күштердің демократиялық партиясы, Венгрияда Венгер социалистік партиясы және басқа да бірнеше социалиястік партиялар пайда болды. Сол қанаттағы саяси күштердің қайта құрылуының жалпы бағыты солшыл күштердің жаңа басшалрының социал – демократиялық позицияларға көшуінен көрініс тапты.
«Саяси маятник». Белгілі бір көзге түсерліктей ортаның жоқ кезінде екіге бөліну «саяси маятниктік» жағдайының орнауына алып келді. 1990 – 1991 жж. тұңғыш көпшілік – сайлаулары билік басына аса күшті демократияшыл оппозицияны алып келді. Бұрынғы социолистік елдердің көпшілігінде либералдандыру, жекешелендіру және рыноктік реформалар іске асырылды. «шоктік терапия» деп аталған бұл реформалардың инфляция , қымбатшылықтың өсуі, жұмыссыздық сияқты жағымсыздық салдарлары болды және олар жалпы алғанда көп адамдар социалистік жүйенің жағымды жақтары деп бағалап жүрген әлеуметтік қамсыздандыру мехаизімінің қиратылуына алып келді. Нәтижесінде қоғамда әлеуметтік жіктелу күшейді және бір мезгілде әлеуметтік топтардың мүдделерінің арасы межеленді, қорытындысында саяси оппозициялардың жеңіске жетуіне себеп болған «форумдар» ыдырады. Халықтың көңіл қалушылығы 1994 ж. сайлауларыкейбір елдерде билік басына социал – демократиялық партиялардың, іс жүзінде бұрынғы комунистік партиялардың келуіне жәрдемдесті. Бірақ ұзамай бұл партиялар да өздерінің дәрменсіздіктерін көрсетті, тіпті кей жағдайларда реформаларды одан әрі жалғастыруға кедергі болып шықты. Нәтижесінде Польшада, Болгарияда, Югославияла және кейбір елдерде 1996 – 1997 жж. социал – демократиялық топтар жеңіліс тауып, билік басына жаңа саяси күштер келді.
Бұл «оңға - солға» ауытқулар 1990 ж. бұрынғы социолистік лагерьдегі барлық елдердің басынан өткізіп отырған кезеңінің өтпелі сипатын білдіреді.
«Шоктік терапияның» салдары, яғни экономиканы лебералдандыру, рыноктік қатынастарға көшу, әртүрлі факторлармен анықталады.
«Шоктік терапияның» салдары. Польша мен Венгрияда ертерек басталған реформалар «шоктік терапияның » ауыр зардаптарын жеңілдетіп, тұрақтылыққа өтуді тездетті. Польшада 1995 ж. инфляция күрт төмендетілді, сөйтіп ел 1995 ж. Еуропада ІЖӨ өсімі жөнінен ең жоғарғы деңгейге көтерілді. Сонымен бірге елде жұмыссыздықтың жоғары деңгейі сақталып, әлеуметтік шиеленіс күшейе түсті. 1996 ж. Польша президентін сайлауда солшыл күштердің өкілі жеңіске жетсе, 1997 ж. қазанда өткен парламент сайлауында оңшылдар басым түсті. Басқа шығысеуропалық елдердің Польшадан өзгешелігі бұл дағдарысты жылдарда жекешелендіру мен либералдандыру қарқыны баяулау болды. Қалаларда экономика секторларының айтарлықтай бөлігі осы уақытқа дейін мемлекет меншігінде (тіпті Польшаның өзінде өнеркәсіптің 40 дейін қалып отыр), аралас экономика қалыптасты. Саяси сала сияқты, экономикалық салада да жағдайдың өткіншілігі жалпы күрделі мәселелер – жоғарғы дәрежедегі инфляцияны, экономиклық құлдырауды, жұмыссыздықты, мемлекетік қарыздарды туғызды.Болгария үкімет басына келген социолистер реформаларға тежеу қойды, нәтижесінде әлеуметтік – экономикалық жағдай қиындап кетті. Елге аштық және қаржылай банкрот болу (сыртқы қарыз 10 млрд доллардан асып кетті) қаупі төнді. Үкімет қайта ауысты. 1997 ж. президент болып оңшыл оппозицияның өкілі сайланды, мерзімінен бұрын парламент сайлауы өткізілді. Албанияның реформаларға кешігіп көшуі мен «шоктік терапия», саяси мәдениеттің деңгйінің төмендігі, демократиялық дәстүрлердің жоқтығы, билік деңгейлерінің барлық құрылымында сыбайластық жемқорлықтың кең жайылуы 1997 ж. елде терең саяси дағдарыс туғызып, аяғы көтеріліске ұласты. «Тобыр билігі» мемлекеттік атрибуттарды талқандап, елдің астан кестеңін шығарып азамат соғысы қаупінен төндірді. Қорыта айтқанда 1989 – 1991 жж. революциялардан кейін Шығыс Еуропа елдерінде «саяси маятник» құбылысы белең алды, яғни сайлаушылар кейде оңға, кейде солға күрт бұрылыстар жасауды. Бұл шоктік терапияның қысқа мерзім ішінде іске асырылған жағдайда да, ұзақ мерзімге созылса да қоғамның көңіл күйіне бірдей жағымсыз әсер ететіндігінің куәсі болды.
Шығыс Еуропалақ елдерде аграрлық сектор әлеуметтік өзгерістер кезеңінің жанға батарлық өзгерістерін басынан кешірді. Селолық қоғамның үстінен әкімгершілік және партиялық бақылаудың бұрынғы жүйесі орталықтандырылған комунистік режимнің күйреуіне байланысты ыдырады.
Селолық жерлерге биліктің жаңа жүйесін құру әртүрлі елдерде түрліше іске асты: деревняларда, ауыл – селоларда, округтерде ассамблеялар, жергілікті атқару комитеттері, шевтер, старосталар сайланды. Бірақ барлық жерде де комунистік басқаруға дейін тарихи қалыптасқан жергілікті басқару жерлерыні оралу деген қмтылыс басым болды. Қалаларда ықпалы бар партиялар бұль жерлерде әлсіз болды, олардың орнын қайта құрылған мәдени, экономикалық және діни бірлестіктер оқу үйлері, клубтар басты. Жергілікті жаңа билік орындары тарихи жадыға, әдет – ғұрыптар мен дәстүрлер фальклор, халықтық және діни мерекелерге сүйене отырып, халққа ұлттық және азаматтық сана сезімдердің жаңа түсініктерін сіңіруге тырысты. Сөйтіп тоталитарлық режимнің қалдықтарынан арылу және азаматтық қоғам құру процесі жүрп жатты.
Польша мен Югославияда ауылшаруашылығын кооперациялау басқа Батыс Еуропа елдеріндегідей кең таралмаған болатын, сол себепті селодағы экономикалық қатынастар үлкен өзгерістерге ұшыраған жоқ. Басқа елдерде кооперативтерді таратып, жерді шаруаларға қайтарып беру туралы заң қабылданды.
Чехияда, Словакияда, Венгрияда жер жекеменшікте екендіген қарамастан кооперативтердің жаңа түрлері, оның ішінде жерді жалға алу негізіндегілеріде пайда болды. Румынияда кооперативтер тарап кеттіде жер жекеменшік иелеріне берілді. Болгарияда аралық нұсқа өмір сүруде. Ішінара кооперативтер сақталған жекеменшікті фермерлер мен шаруашылықтар да құрылуда. Бірақ жағдай өте күрделі – ауыл – шаруашылығы елді асыра алмайды. Бұл аймақтың барлық елдеріне ортақ мәселе: капитал жоқ, жұмыс қолы жетімсіз, жер аз, өндірілген өнімдерді өткізудің жаңа каналдары қалыптаспаған, несие мен ауылшаруашылығы құрал жабдықтарын алу көздері белгіленбеген, селодағы ұсақ және орташа бизнестің дамуы баяу.
Әлеуметтік жіктелу.Бұрынғы социолистік елдерінің барлығына ортақ қынжыларлық жағдай қоғамның саралануы мен әлеуметтік жіктелуінің бара – бара арта түсуі болып отыр. Кедейлер мен байлар – бұл қарама – қарсылықтар қалаларда да селоларда да айқын көрініс беруде. Пльшадағы аграрлық мәселені зерттеушінің айтуынша: «Поляк фермерлері нақты социолизмді қабылдамады, бірақ олар жаңа поляк капитализмінде қабылдамайды.»
Ұлт мәселелері.Бұл Еуропалық аймақты ұлттық және этикалық қақтығыстар мен ұлтшылдықтың бас көтеру фактілері де айналып өткен жоқ. Чехославакия 1993 ж. Чехия мен Словакияға бөлінді. Югославиядағы 1990 ж. революциялық процесстер ұлтшылдық және этникалық қақтығыстарға ұласты.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Латын Америка елдері.
Лекция жоспары:
1. Аргентина екінші дүниежүзілік соғыстан кейін. Перонизмнің мәні.
2. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Мексика.
3. Кубадағы революция. Ф.Кастроның саясаты.
4. Чилидегі революция. Пиночеттің диктатурасы.
5. 1970 – 2000 жж. Латын Америкасы.
Әдебиеттер:
1. Историография новой и новейшей истории стран Европы и Америки. М., 1977.
2. Язьков Е.Ф. История стран Европы и Америки в новейшее время: 1918–1945. М., 1998.
3. С.М. Мәшімбаев. «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы». А.,2005.
4. Т. Дәуірбаева «Европа мен Америка елдерінің тарихы (1918-1990). Түркістан, 2004.
5. О.С.Сороко-Цюпа, В.П. Смирнов, А.И. Строганов, Г.Д. Сүгірбаева.«ХХ ғасырдағы дуние жүзі. А. 2005.
6. Көкебаева Г.К. «Халықаралық қатынастар тарихы» Хрестоматия 1-бөлім, Алматы, 1997 ж.
7. Көкебаева Г.К. «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» (1918-1945жж) Алматы, 2002 ж.
1.Аргентина екінші дүниежүзілік соғыстан кейін. Перонизмнің мәні.
Аймақ елдерінің соғыстан кейінгі онжылдықтар ішіндегі тарихы қоғамдық дамудың консервативтік, реформистік және революциялық баламаларының арасындағы күрестерге толы болды.
Латын Америкасы елдерінің соғыс кезінде және соғыстан соңғы жылдардағы өнеркәсіптік дамуларының олар үшін қолайлы сыртқы экономикалық жағдайлар (олардың өнімдерінің бағаларының жоғару болуы) туып тұрған кездегі табыстары ұлттық өнеркәсіптік буржуазияның күшеюіне себеп болды. Олар шетел капиталы мен көбінесе ауыл шаруашылық шикізатын экспорттау шаруашылығымен байланысты дәстүрлі буржуазиялық-помещиктік олигархияны ығыстыруға, ұлттық экономиканың жедел дамуы ұшін қолайлы жағдайлар жасауға ұмтылды. Мұндай ниеттер орташа топтар, ұсақ буржуазия, еңбекшілер тарапынан қолдау тапты.
Осы негізде Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бұқаралық ұлтшыл-реформистік партиялар мен қозғалыстар өріс алды. Олар экономикалық және әлеуметтік прогреске, әлеуметтік әділеттілікке жету, өз елдерінің егемендігін нығайту үшін күреске шақырды.
Осы сипаттағы қозғалыстардың ішіндегі ең көп тараған және ықпалдысы Аргентинадағы перонизм – полковник, кейіннен генерал Хуан Доминго Перонның жақтастарының қозғалысы болды. Өзі белсенді түрде қатысқан 1943 ж. 4 маусымдағы әскери төңкерістен соң Перон Аргентина үкіметінде беделді ықпалға ие болды. Ол тәуелділік пен мешеуліктен құтылу және таптардың ынтымақтастығы негізінде әділетті, гүлденген қоғам орнату үшін аргентин халқын бірлікке шақырды. Перон империализм мен олигархияны сынады, тұрмысы нашарларды қорғауға шақырды. Ол өзін халықты соңынан ерте білетін шебер саясаткер және дарынды шешен ретінде көрсете білді. Аргентина еңбекшілерінің сан миллиондағы қалық бұқарасы оны өздерінің қорғаушысы және қамқоршысы деп таныды. Перонның басты арқа сүйері елдің ұлттық кәсіподақ орталығы – Жалпы еңбек конфедерациясы (ЖЕК) болды. Бір мезгілде Перон олардың мүдделерін қорғап, үкімет бақылауымен жұмысшылармен ынтымақтастығын қамтамасыз етуге уәде беріп, кәсіпкерлердің қолдауына ие болды.
1946 ж. ақпанында болған Аргентинадағы жалпыға бірдеі сайлауда консерваторларды бастап коммунистерге дейін барлық дәстүрлі партиялар Перонға қарсы бірікті. Бірақ Перон дауыстардың 54% алып, президенттікке сайланды. Бұл қызметте ол 9 жыл (1946 ж., маусым – 1955 ж., қыркүйек) отырып, елді авторитарлық әдістермен басқарды.
1947 ж. перонистік қозғалыс билеуші Перонистік немесе Хустисиалистік партияға (“хустисиализм” – “әділет”) бірікті. ЖЕК-ның өкілдері үкімет құрамына енді, парламенттік – Ұлттық конгрестің жұмысына қатысты. Перон жұмысшылардың жалақысын арттырды, жалпыға бірдей зейнетақымен қамтамасыз етуді, ақылы демалыс енгізді. Еңбекшілердің әлеуметтік құқықтары конституцияға енгізілді. Перон үкіметі шетелдік компаниялардан сатып алып, темір жолды, телефон, Орталық банк тағы басқа да бірспыра кәсіпорындарды мемлекет қарамағына алды. Экономикалық дамудың бес жылдық жоспары жасалды, бірнеше өндіріс кәсіпорындары, транспорт магистральдары салынды, ұлттық капиталға қолдау көрсетілді.
50-ж. ортасында Аргентина экспортына баға төмендеп, одан түсетін табыстардың қысқаруына байланысты кең көлемді әлеуметтік және экономикалық саясатты әрі қарай жалғастыра беру мүмкіншіліктері шектелді. Осы жағдайларды пайдаланып, Пероның қарсыластары 1955 ж. қыркүйекте әскери төңкеріс жасады.
2. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Мексика.
Мексикада ұлтшыл-реформистік саясат 40-ж. орын тепкен болатын. Оған Л.Карденастың үкіметінің өзгерістері жол ашты. Карденастан кейін Мексика үкіметтерінде ұлттық өнеркәсіптік буржуазияның мүдделері басымдық алды.
Билеуші Институциялық-революцияшыл партия (ИРП) – 1946 ж. бұрынғы Мексика революциясының партиясы осылай аталған болатын – қоғамның барлық топтарының бұқаралық ұйымы ретінде елдің саяси өмірінде жеке-дара орын алды. Партияның басшысы республика президенті болды. Оны партия ұсынып, жалпыға бірдей сайлауда 6 жыл мерзімге (қайта сайлау құқынсыз) сайланды. ИРП-да партиялық-мемлекеттік бюрократия жетекші жағдайда болды.
Еңбекшілер ұйымдары, оның ішінде қыруар мүшесі бар Мексика еңбекшілерінің конфедерациясы (МЕК), ИРП мен ұкіметтің бақылауында болды. Мексиканың жұмысшы партияларының арасында ұлтшыл-реформизмнің ықпалы күшті болды. Реформистік тұжырымдар еңбекшілердің бірен-саран талаптарын орындау, кәсіподақ өкілдерін әр түрлі комиссиялардың жұмыстарына қатыстыру, жұмысшыларды пайдаларды бөлісуге тарту сияқты екінші дәрежедегі іс-шаралармен толықтырылып отырылды.
Мексика үкіметі соғыстан соңғы жылдарды жергілікті өнеркәсіп капиталына белсенді түрде қолдау көрсетті, аграрлық реформаны жалғастыра берді.
Нәтижесінде соғыстан кейінгі Мексикада тұрақты конситуциялық режим орнығып, белгіленген мерзімдерде сайлаулар өткізіліп тұрады, демократиялық құқықтар бекілді. Бірақ бұл режимге авторитарлық касиеттер де тән болды. Бұлар президент қолында шексіз биліктің шоғырлануынан, қоғам мен мемлекеттегі ИРП-ның көп жылдық монополияның орнауы, партиялық-мемлекеттік бюрократияның зорлық-зомбылығынан көрініс тапты. Әскери элита саяси аппаратқа тартылғанымен, дербес рөл атқара алмады. Бұл Мексиканың армиялары саяси өмірлеріне белсенді түрде араласатын аймақтың көрші елдерінен өзгешелігі болды.
3. Кубадағы революция. Ф.Кастроның саясаты.
Аймақтың кейбір елдерінде (Гватемала, Боливия, Никарагуа, Сальвадор) соғыстан кейінгі жж. дамудың толғағы жеткен мәселелерін шешу үшін белсенді, революциялық әрекеттер колданылды. 50-70-жж. аса маңызды оқиғалар Кубадағы және Чилидегі революциялар болды. Кубада 1953 ж. жас революционерлердің бір тобы адвокат Фидель Кастроның басшылығымен генерал Фульхенсио Батистаның диктаторлық режиміне (1952-1959) қарсы көтерілді. Фидель Кастронның тобы 1953 ж. 26 шілдеде Сантьяго қаласындағы әскери бекініске шабуыл жасады, бірақ сәтсіздікке ұшырады. 1956 ж. желтоқсанда Ф.Кастро аралдың шығысында тауда партизан соғысын бастады. Оған халық қолдау көрсетіп, 1959 ж. 1 қантарда диктатураны құлатып, революцияның жеңісімен аяқталды. Көтерілісшілер революциялық үкімет құрып, оны Фидель Кастро басқарды. Аралда революциялық өзгерістер басталды. Революционерлердің Ф.Кастро бастаған радикалдық қанаты қоғамның экономикалық және әлеуметтік негіздерін халықтың кедей топтарының пайдасына батыл түрде өзгертуді жақтады. Бұларды, олардың ойынша, еңбекшілердің бұқаралық ұйымдарына арқа сүйей отырып, революциялық диктатура іске асыруға тиіс болды.
Бірақ революциялық режим жағдайында Кубаның дамуы көптеген қиыншылықтар мен қарама-қайшылықтарға тап болды. Куба өзіне қарсы экономикалық блокада жариялаған АҚШ-пен экономикалық байланыстарының үзілүі, жағдайды шиеленістіре тұсті және көп қаржы мен адам ресурстарын қорғаныс мақсатына тартуға мәжбүр етті. 60-ж. басында-ақ халықты азық-түлікпен және күнделікті қажетті таурлармен жабдықтау карточка жүйесі арқылы іске асырыла бастады. Куба басшылығы 60-ж. жедел түрде “коммунистік қоғам орнатуға” бағыт алды. Деревняларда жеке шаруашылықтар (64 га-дан асса) жойылды. Мемлекеттік сектор барлық жердің 60% өз қолына шоғырландырды. Қолөнер өнеркәсібі, сауда, қызмет көрсету салаларындағы барлық ұсақ жекеменшіктегі кәсіпорындар түгелімен мемлекет қарамағына алынды, әрине, бұл халықты қажетті керек-жарақтармен қамтамасыз ету және түрлі қызмет көрсету жұмыстарына кері әсер етті. Нарықтық және тауарақша қатынастары жойылды. Еңбекақы төлеуде теңгерушілік, жұмыс уақытынан соң тегін, коммунистік еңбек енгізілді. Жедел индустрияландыру мен қант өндірісін шұғыл арттыруға артылған үміт ақталмады.
1961 ж. Кубаның негізгі революциялық саяси ұйымдары бірікті. Біртұтас партия 1965 ж. бастап коммунистік деп аталады. Оның Бірінші секретары болып Фидель Кастро сайланды. Осы кезден бастап ол елдегі билікке монополиясы бар бірден-бір партияға айналды. Ф.Кастро бастаған ауыстырылмайтын партиялық-мемлекеттік басшылықтың шексіз билігі, орталықтандырылған мемлекеттендірілген экономиканың үстемдігі 60-жж. солшыл бюрократиялық тоталитарлық режимнің қалыптасуына алып келді. Бұқаралық ұйымдар еңбекшілерді жоғарыдан бақылау құралдарына айналды.
4. Чилидегі революция. Пиночеттің диктатурасы.
1970-1973 жж. Чилиде революциялық дамудың басқа нұсқасы қолданылды. Мұнда солшыл күштер – социалистер, коммунистер, радикалдар және олардың одақтастары “Халық бірлігі” одағында бірікті және бейбіт конституциялық жолмен билік басына келуге және революциялық өзгерістер жасау арқылы социализмге көшуге әрекеттенді. Бұл мақсатқа демократиялық бостандықтарды, көппартиялықты және меншіктің әр түрін – мемлекеттік, кооперативтік және меншіктерді сақтай отырып жету жоспарланды. 1970 ж. 4 қыркүйектегі президент сайлануында жеңіске жеткен Чилидің солшыл күштері президент-социалист Сальвадор Альенде бастаған “Халық бірлігінің” үкіметін құрды (1970 ж., қараша – 1973 ж., қыркүйек).
Үкімет белгіленген бағдарламасын іске асыруға кірісті. Бірақ әл-ауқатты топтардың қарсылық көрсетулеріне, солшыл күштердің араларындағы алауыздылықтың күшеюіне, халықтың әжептәуір бөлігінің үкіметті қолдаудан бас тартуына себеп болған революцияшылдық шыдамсыздық пен экстремизмнің күшеюіне байланысты “чилилік эксперемент” сәтсіз аяқталды. Бұл жерде АҚШ пен шетелдік капиталдың Альенде үкіметіне дұшпандық көзқарасы мен Чили қарулы күштерінің оның қарсыластарының жағына шығып кетуі үлкен рөл атқарды. 1973 ж. 11 қыркүйекте Альенде үкіметі әскери төңкеріс нәтижесінде құлатылды да, оның өзі президент сарайын қорғау барысында опат болды. Чилиде генерал Аугусто Пиночеттің (1973-1990) диктатурасы орнады.

5. 1970 – 2000 жж. Латын Америкасы.
70 – 80 жж. әскери режимдердің жаңарту саясаты. Чилидегі 1973 ж. солшыл күштердің жеңілісі Латын Америкасындағы жалпы жағдайға әсер етті. Оңшыл күштер басқа елдерде де шабуылға шықты. 70 ж. ортасына қарай аймақтың көпшілік бөлігі жазалаушы әскери диктаторлардың биліктерін қол астына көшті. (Бразилия 1964 ж., Аргентина – қайтадан 1976 ж., Чили, Боливия, Уругвай, Парагвай, орталық Америка елдерінің көпшілігі). Бірақ экономикалық саясатта елеулі өзгерістер алды.
Аймақтың көптеген елдерінің билеуші топтары еркін рыноктік экономиканың “жаңалибералдық” экономикалық концепцияларын басшылыққа алады. Экономиканы дамыту және жаңғырту жеке кәсіпкерлік пен еркін сауданың жетекшілік рөлінің артуымен (либералдандыру), мемлекеттік сектордың қысқаруы мен мемлекеттің экономикалық қызметтерінің шектелуі, қолдаушылықтан бас тарту, шетел капиталистерімен белсенді түрде ынтымақтастықпен ұштастыра жүргізілді. әңгіме 70 – ж. жоғарғы дамыған елдердегі өтіп жатқан технологиялық кешеніне барынша қосылу туралы болады.
Мұндай саясатты 70 – 80 жж. әскери – диктаторлық режимдер өте дәйекті және аса қатал тәртіппен іске асырды. Бұл табыстар оппозицияны қатал басу және халықтың көпшілік бөлігінің тұрмыс жағдайының күрт нашарлауы есебінен мүмкін болды.
Конституциялық, демократиялық үкіметтері бар елдерде мұндай нұсқаларды іске асыру қиындыққа түсті. Ол жерлерде жаңғырту саясаты 80 – ж. ескі ұлтшылдық – реформистік рухта іске асырылып келеді.
Жаңғырту саясаты машина жасау, энергетика, электроника, атом және электрондық өндіріс салаларында қазіргі заманғы өндірісті дамытуда айтарлықтай жетістіктерге алып келді, ғылыми – техникалық прогрестің шапшаңдауына әсер етті. 1980 ж. Латын Америкасы елдерінің жалпы ішкі өнімдерінің көлемі 1960 ж. салыстырғанда 8 есе көп болды.
Шетелдерден қарыздар мен несиелердің көл – көсір болып ағылуы сыртқы қарыздардың шексіз өсуіне алып келеді. (1970 ж. 20 млрд доллардан 80 ж. 400 млрд долларға дейін). Алынған қаржылар көбінесе тиімсіз пайдаланылады: мәртебе асыратын мақсаттарға, қару – жарақтар сатып алуға, билеуші топтың жеке бастарының баюына жұмсалды.
Диктатуралардан конституциялық режимдерге өту (80 – жж.). Диктаторлық режимдердің әлеуметтік – экономикалық саясаты және олардың салдарлары қоғамда күшті наразылық пен шиеленіс туғызды, жағдай 1980 – 1982 жж. экономикалық дағдарысқа байланысты күрделене түсті. Бұған демократиялық бостандықтардың жоқтығы, адам құқықтарының бұзылуы, жаппай қуғын – сүргінге байланысты наразылықтар қосылды. Диктаторлардың көмегімен өз позицияларын нығайтып алған билеуші топтар басқарудың либералдық – демократиялық түрлеріне көңіл қойып, әскерлердің билігінен жери бастады.
80 – жж. барысында әскери – диктаторлық үкіметтер бірінен соң бірі сахнадан кетіп, орындарын конституциялық үкіметтерге беріп, демократиялық бостандықта қалпына келтірілді. 1983 ж. бұл Аргентинада, 1985 ж. Бразилия мен Уругвйда іске асты. Оңтүстік Америкада ең соңғылары болып генерал Стресснердің 35 жылға созылған Парагвайдағы диктатурасы (1989) және генерал Пиночеттің Чилидегі диктатурасы (1990) құлатылды. Осы кезде конституциялық режимдер Орталық Америкада да жеңіске жетті.
Барлық елдерде (Гаити мен Кубадан басқа) уәкілетті демократияның орнауы құрлық тарихында бірінші рет болып отыр. Бұл кездейсоқ құбылыс емес, керісінше көпжылдық прогрестің салдары еді. Бірнеше онжылдың ішінде Латын Америкасы дүниежүзілік шаруашылықтың аграрлы – шикізат аймағынан айтарлықтай дамыған өнеркісіптік және өндірістік инфроқұрылымы бар аймаққа айналу барысында елеулі табыстарға жетті. Халықтың әлеуметтік құрамының дамуы мен күрделіленуі, қала халқының үлес салмағының артуы (90 – жж. латынамерикандықтардың 80% қалаларда тұрады), халықтың сауаттылығы мен жалпы саяси мәдениетінің өсуі әлеуметтік – саяси салада өзгерістермен қатар өрістеді.
Партиялардың, кәсіподақтардың, басқа қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың жұмыстарына белсенді араласу арқылы халықтың қалың бұқарасының қоғамдық – саяси өмірдегі рөлі арта түсті.
Дәстүрлі диктатор – қаудильолар мен олигархиялық режимдер заманы келмеске кетті. 60 – 80 жж. әскери – авторитарлық режимдердің бұрынғы диктатуралардан өзгешелігі олар жаңа әлеуметтік және экономикалық нақтылықтармен, жаңғыртушылық бағыттармен байланысты болды. Ұзамай оларда ақылдасқандай бір кезде көзден ғайып болды. Латынамерикандық тарихқа тән саяси күрестің қырып – жоятын, күштеу формалары біртіндеп сындарлы, конституциялық түрлерімен ығыстырыла бастады.
Жаңғырту саясатының жалғасуы. Аймақтын 80 – 90 жж. аяғындағы жағдайы. Шиеленіскен экономикалық жағдайларда билік басына келген конституциялық үкіметтер жағдайды өзгерте және әлеуметтік – экономикалық бағдарға айтарлықтай өзгеріс енгізе алмады, оған балама таппады. 1981 – 1983 жж. экономикалық дағдарыс Мексика мен Венесуэланы мұнайға байланысты ырыс – берекелерінен айырып, оларды да бұрынға ұлтшыл – реформашылдық саясаттан бас тартуға мәжбүр етті. Қаржы – қаражатқа аса мұқтаж борышкер – елдер қарыздар алу және қарыздары бойынша төлемдерін кейінге қалдыру үшін мемлекеттік кәсіпорындарды жаппй сатуға, қызметкерлерді қысқартуға, мемлекеттік күрделі салымдарды, әлеуметтік шығындарды азайтуға,жалақыны тұқыртып қоюға мәжбүр болды.
80 – жж. аяғы мен 90 – жж. басында көптеген үкіметтер ұзаққа созылған дағдарыс құрсауынан шығу жолдарын қарастыру барысында экономика мен сыртқа сауданы бұрынғыдан да көбірек “либералдандыруға”, үнемдеу мен инфляцияға қарсы күресті қаталдатуға, мемлекеттік секторды жедел қарқынмен жекешелендіруге көшті. 90 – жж. басында елдердің көпшілігі экономикалық дамуға, инфляцияны 1992 ж. аймақ бойынша орташа есеппен 42% дейін азайтуға жетті. Бірақ бұл табыстарға халықтың едәуір бөлігінің тұрмыс халінің одан әрі төмендеу жағдайында қол жетті. 1992 ж. аяғында 442 млн латынамерикандықтардың 46% кедейлік деңгейінен төмен жағдайларда (ООН критерийлері бойынша) өмір сүрді. Биліктің жоғарғы деңгейлерінде жемқорлық, халық арасында нашақорлық, қылмыс, терроризм өріс алды.
Чилиде жағдай басқаша қалыптасты. 80 – жж. ортасынан басталған (Пиночет режимінің соңғы жылдарында) экономиканың жандануы оның ұзақ мерзімді өрлеу кезеңіне өтті. Чилидің христиандық демократтар,социалистер және басқа да партиялардың өкілдері қатысқан солшыл – центристік үкіметі президент Патрисио Эйлвиннің (1990 – 1994) басшылығымен аймақтағы экономикалық өсудің ең жоғарғы қарқынын (1992 ж. 10,5%) оның негізінде толғағы жеткен әлеуметтік мәселелерді шешумен ұштастыра білді. Инфляция жылына 10 – 12% дейін төменделді. Жұмыссыздық қысқарды, жыл сайын жалақы өсіп отырды. Халықтың табыстарының арасында алшақтылықтың азаюына бет алуы байқалды, кедейлік табалдырығынан төмен өмір сүрушілердің үлесі азайды (халықтың тең жартысынан үштен біріне дейін). Бұл республикада әлеуметтік және саяси тұрақтылық орнатуға мүмкіндік берді. 1993 ж. желтоқсандағы сайлауда үкіметтік одақ жеңіске жетті.
90 – жж. соңында Латын Америкасындағы экономикалық жағдай өте төмендеп кетті. Алдымен Мексика, одан соң Бразилия ауыр қаржылық дағдарыс аймақтарына айналды.
Куба 90 – жж. Экономикасы бақайшағынадейін мемлекеттендірілген және үкімет билігі көп жылғы мызғымас көсем Фидель Кастро бастаған партиялық – мемлекеттік билеуші топтың қолына шоғырланған, “тоталитарлық социалистік” режим салтанат құрған. Кубаның дамуы ерекше болды. 80 – жж. аяғына таман әкімгершілік - әміргершілік жүйенің тиімсіздігі анық көрініс берді.
Аса ауыр жағдай Фидель Кастро мен оның аналасындағыларды 1993 – 1994 жж. экономикалық реформаларға кірісуге мәжбүр етті. Шетел капиталымен бірлескен кәсіпорындар құру қолдау тапты, аралда шетел валюталарының айналымына, эмигранттардың Кубадағы туыстарымен қарым – қатынас жасауларына рұқсат етілді. Ұсақ кәсіпкерлік пен бөлшек сауда заңдастырылды. Куба АҚШ пен қарым – қатынастарын қалыптастыруға ниет білдіре бастады.
Экономика және сауда салаларындағы ынтымақтастық. Латын Америкасы республикаларының жалпы мемлекеттік саясаттары мен басқа елдермен қарым – қатынастарында екі қосарлы және өзара байланысты бағыт көрініс беріп отыр. Біріншісі – жалпы мүдделерін қорғау жолында күш -әрекеттерін біріктіруге ұмтылыс. “Аймақтық алыптардың” – Бразилия, Мексика, Аргентина – тараптарынан Латын Америкада “көсемдікке” ұмтылысы да байқалды. Оңтүстік Америкадағы интеграция полюсын 1986 ж. экономикалық одақ туралы келісім жасасқан, бұрын бір – бірімен ұзақ уақыт бәсекелесіп келген Бразилия мен Аргентина құрады. 1991 ж. наурызда ол Бразилияны, Аргентинаны, Ургвай мен Парагвайды (Оңтүстік Америка территориясының 60%) біріктіретін Оңтүстік Америкалық ортақ рынокке айналды.
Екінші жаңа бағыт – ол АҚШ – пен жақындасу және келешекте Батыс жартышарда онымен бірлесіп жалпыеркін сауда аймағын құрғанға дейін бірігу. Бұл бағыттағы алғашқы қадам 1992 – 1994 жж. АҚШ, Канада және Мексиканың қатысуымен Солтүстікамерикалық еркін сауда аймағы (НАФТА) құру болды. Мексикадан басқа АҚШ – пен сауда келісімін жасауға Венесуэла, Колумбия, Чили және басқа да кейбір елдер ықылас білдірді.

Приложенные файлы

  • docx 11152737
    Размер файла: 443 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий