24-дәріс жеке Аденовирустар. Поксвирустар. Қыза..


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

Дәрісті дайындаған аға оқытушысы Бармакова Алма Мансуровна Дәріс тақырыбы: Аденовирустар. Поксвирустар. Қызамық вирусы. Жоспары:1.Аденовирустар2.Нағыз шешек вирусы3.Қызамық вирусы(жіктелуі, морфологиясы, дақылдандыруы, патогенезі, лабораториялық диагностикасы, профилактикасы, емдеуі) АДЕНОВИРУСТАР. ТАКСОНОМИЯ Тұқымдастығы: AdenoviridaeТуыстастығы: MastadenovirusТүрі: Adenovirus - адамның аденовирустары (49 серовариант) АДЕНОВИРУСТАР. Құрылысы, құрамы ДНҚ-вирустар. 1953 жылы У. Роу аденоидтардан /бадамша безі/ бөліп алды. Құрылымы: куб тәріздес симметриялы, вирионның орташа диаметрі 60-90 нм. Нуклеокапсидтің пішіні икосаэдрлық. Сыртқы қабаты жоқ. Капсомерлер саны 252. Капсидтің ұштарынан фибриялар /жіпшелер/ шығады. Геномы сызықшалы 2 жіпшелі,массасы 20-25 мд ДНҚ молекуласынан тұрады. ДАҚЫЛДАНДЫРУ. РЕПРОДУКЦИЯ Дақылдандыру: адам эмбрионының бүйрек жасушаларынан жасалған біріншілі трипсинделген дақылында, ауыспалы жасушалар дақылдарында– HeLa, Hep-2. Репродукциялануы. Вирустар жасушаға фибриялар арқылы жабысады, ішіне еніп, ядро ішінде көбейеді. Көбею кезінде жасушалар дақылдарында цитопатикалық әсер көрсетеді және ядроішілік қосындылар түзеді. Жаңа вирустардың шығуы жасушаның өлімімен аяқталады.Вирустар физикалық, химиялық факторлардың әсеріне төзімді. УКС-лерге және жоғары температураға сезімтал. АДЕНОВИРУСТАР АНТИГЕНДЕРІ Сүтқоректілерде кездесетін жүзден астам серологиялық топтары белгілі, олардың ішінде 49 – ы адамды зақымдайды.Аденовирустардың кейбір серологиялық типтері онкогенді қасиетке ие: 12,18, 31.Вирионның нуклеокапсиді-комплемент байланыстырушы антиген болып келеді. Капсидтің құрамында топтық спецификалық антигендер – гликопротеинді жіпшелер бар. Гексондардың құрамында топтық-спецификалық антиген болады. ЭПИДЕМИОЛОГИЯСЫПАТОГЕНЕЗІ Инфекция көзі – науқастар (инфекцияның жедел және латенттік түрлері)Жұғу жолдары - ауа-тамшылы және фекальды- оральды (тағам өнімдері, ашық су қоймалары мен жүзу бассеиндері арқылы). Жиі 6 ай - 2 жастағы балалар ауырады. Біріншілік репродукциясы - жоғары тыныс жолдарының , ішектің шырышты қабаттарының эпителиінде, көздің коньюктивасында, лимфоидты тінде. Қанда Тамырлардың эндотелиидің зақымдануы (шырышты қабықтың экссудативтік қабынуы, фиброзды қабықшаның құрылуы мен некроз) ПАТОГЕНЕЗІ. ИММУНИТЕТІ Вирус репродукциясы тыныс алу жолдарының, ішектің, көз дәнекер қабығының эпителийінде, лимфоидтық тіндерде жүреді.Қанға түскен вирустар қан тамырларының эндотелийін бұзады, нәтижесінде фибринозды үлбірлер және некроз пайда болады. Вирустар плацента арқылы өтіп,ұрықта инфекция туғызуы мүмкін. Вирус организмде көп уақытқа дейін сақталуы мүмкін. Сонда инфекция созылмалы түрге айналады да созылмалы тонзиллит,гайморит,баспа түрінде өтеді. Имунитеті типті-спецификалық гуморальді, IgM және IgG түзілуімен байланысты, мұрын секретінде SIgA анықталады. Иммунитет тұрақты емес, балаларда 8 – 12 айдан кейін аурудың қайталануы мүмкін. КЛИНИКАСЫ. Клиникалық көріністері алуан түрлілі болады, себебі аденовирустар тыныс алу жолдарын, көздің шырышты қабатын, ішекті, қуықты зақымдай алады.Аденовирустар жиі жедел респираторлық аурулар қоздырады(фарингиттер, ларингиттер, трахеобронхиттер).Аденовирустардың серотоптары (3, 4, 7, 14) – интерстициальды аденовирусты пневмонияны қоздырады. Аденовирустың серотоптары (3, 4, 8, 19) - коньюктивиттің эпидемиялық бұрқертпелерін қоздыруы мүмкін. Ішек аденовирустары (40,41) – гастроэнтерит, эпидемиялық бұрқетпелерін тудырады. МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ДИАГНОСТИКАСЫ Зерттеу заты: мұрын-жұтқыншақ, конъюнктива бөліндісі, қан, нәжіс Зерттеу әдістері: Мұрын жұтқыншақ эпителиінің жасушаларын цитоскопиялық зерттеу - ИФР.Вирустық антигенді анықтау үшін - ИФР, ИФТ, иммунды-электронды микроскопия.. Вирусологиялық: Жасуша дақылдарына жұқтыру; индикация - ЦПӘ, идентификация - КБР, БР, ГАТР. Серологиялық: КБР, БР, ГАТР. Жедел: ЭМ, ИЭМ, РИФ, ИФТ. САҚТАНДЫРУ. ЕМДЕУ. Лейкоцитарлық интерферон. ДезоксирибонуклеазаТірі аденовирустық вакцина.Көз зақымдалуы кезінде интерферон препараттары дезоксирибонуклеаза ферменті, вирусқа қарсы көз сірінділері (теброфен, оксолин) қолданылады.Спецификалық профилактика,яғни вакцина егу шектелген. Себебі жиі кездесетін серологиялық варианттарынан әлсіздендіріп дайындалған тірі вакциналарды кең қолдану адам жасушаларында қатерлі ісіктік трансформация қоздыруы мүмкін. Қабықша Матрикстік ақуыз Матрикстік ақуыз /қосылу РНҚ мен ақуыздың жиналуы Вирус геномы Гликопротейндер Поксвирустар Ірі ДНҚ геномды, екі тұқымдастықшадан тұрады: Chordopoxvirinae, Entomopoxvirinae. Нағыз шешекВирус ағзаның жалпы зақымдалуымен және тері мен шырышты қабаттардың ауқымды бөртпесімен сипатталатын, аса қауіпті жоғары қатынастық жұқпалы ауру тудырады. Бұрынырақ жоғары дәрежелі өліммен аяқталатын эпидемиялар мен пандемиялар болған.1892 ж. Г.Гварниери спецификалық қосындылар тапқан, кейінірек Гварниери денешіктері деп аталып кеткен, олар нағыз шешек вирустарының жиынтығы болып табылады. Шешек қоздырғышын алғаш рет сәулелік микроскоппен Е. Пашен (1906) анықтаған. Таксономиясы. Нағыз шешек вирусы – ДНҚ-лы (ағыл. pox – ойық жара) Тұқымдастығы: Poxviridae. Туыстастығы: Orthopoxvirus. Нағыз шешек-аса қауіпті вирусты инфекция. Уланумен, қызбамен, пустулезді-папулезді бөртпемен сипатталады Нағыз шешек көне заманнан белгілі 3730-3710 б.з.д 1977ж Сомалиде аурудың ең соңғы табиғи шешек ауруы тіркелді. Морфологиясы, химиялық құрамы, антигендік құрылысы. Ең ірі вирус (250-400нм), пішіні-бұрыштары жұмырланған кірпіш тәріздес. Вирион гантель тәрізді пішіні бар жүрекшеден, екі бүйірлі денелерден, үш қабатты сыртқы қабықшадан тұрады. Геномы - сызықты екі жіпшелі ДНҚ, ферменттерді қоса 30-дан аса құрылымдық ақуыздары болады, олардың 10-нан астамы нуклеин қышқылдарының синтезделуін күшейтетін ферменттер, сонымен қатар липидтер мен көмірсулар бар.Вирус құрамында бірнеше антигендер анықталған: нуклеопротейдті ерігіш және гемагглютинин. Нағыз шешек вирусының шешектік вакцина вирусымен ортақ жалпы антигендері болады (шешектік вакцина - сиыр шешегі). ДАҚЫЛДАНУЫ. Вирустар хорионаллантоисты қабықшада тығыз ақ түйіндақтар түзе отырып, тауық эмбриондарында жақсы көбейеді. Жасушалар дақылдарында вирустың өсуі цитопатогенді әсермен және диагностикалық маңызы бар цитоплазмалық қосылыстардың (Гварниери денешіктері) түзілуімен бірге жүреді. РЕЗИСТЕНТТІЛІГІ Шешек вирустары қоршаған ортада тұрақты. Әртүрлі заттарда, бөлме температурасы жағдайында жұқпалылық белсенділігін бірнеше апталар және айларға дейін сақтайды; эфир және басқа да май еріткіштерге сезімталдығы жоқ. 60єС-та 15 мин. кейін,50єС-та 30 мин. кейін жұқпалы белсенділігін жояды. 100єС температурада бірден, дезинфекциялық заттармен (фенол, хлорамин) бірнеше сағаттан кейін жойылады. Эпидемиологиясы Инфекцияның көзі – науқас адам, аурудың барлық кезеңдерінде жұқпалы. Жұғу жолдары: ауа-тамшылы, ауа-шаң арқылы тарайды. Тұрмыстық қатынаста да берілуі мүмкін – зақымдалған тері арқылы. Патогенезі және клиникалық белгілері Жасырын кезеңі – 5-15 тәулік.Шешек вирусы тыныс алу жолдарының шырышты қабығы, сирек -зақымдалған тері арқылы ағзаға түседі. Регионарлы лимфа түйіндерінде көбейіп, қанға өтіп, вирусемияны тудырады. Вирустың көбеюі лимфоидты тіндерінде жүреді (көк бауыр, лимфа түйіндері), қанға көп мөлшерде түсіп ағзаның әртүрлі жүйелерін зақымдайды. Вирустың айқын дерматотропты әсері бар. Шешек ауруының клиникасы төрт сатыдан тұрады:алғашқы белгілерінің пайда болу сатысы (2-4 тәулік), бөртпе шығу (4-5 тәулік), олардың іріңдеуі (7-10 тәулік) және айығу (20-30тәулік). Ауру жедел басталады, дене қызуы жоғарылайды, бас және белдің ауырсынуы, бөртпелер шығуымен сипатталады. Бөртпелердің ерекшеліктері – алғашқы кезеңде макула (дақ) папулаға айналады (түйін), содан кейін везикула (көпіршік) және пустула (іріңдеу) пайда болады, олар құрғағанда қабыршаққа айналады. Қабыршақтар түскен уақытта орнында (шұбар секілді) тыртық қалады. Иммунитеті. Ауырғаннан кейін және вакцина егілгеннен кейін тұрақты өмір бойына сақталатын иммунитет пайда болады, ол вирусбейтараптаушы антиденелердің, интерферондардың пайда болуына жасушалық иммунитет факторларының белсенділігінің артуына негізделген. Микробиологиялық диагностикасы Аса қауіпті инфекция ережесіне тән зерттеулер жүргізіледі. Зерттелетін зат: тері, шырышты қабық бөртпелерінің бөлінділері, мұрын-жұтқыншақ бөліндісі, қан, мәйіттерден – зақымданған терінің, өкпенің, көкбауырдың бөлшектері және қан.1) Вирусоскопиялық әдіс – Пашен-Гварниери денешіктерін анықтау, ИФР.2) вирустың антигенін – КБР, ПГАР, ИФТ көмегімен анықтау. Тауық эмбрионынан бөлінген вирусты идентификациялау: БР, КБР, ГАТР арқылы жүргізеді. Жасуша дақылынан бөлінген вирусты идентификациялау үшін гемадсорбциялық тежеу реакциясын және ИФР қолданады. 3) Серологиялық әдіс: КБР, ГАТР, ПГАР. Алдын алу және емдеуі 1796 ж Э. Дженнер ұсынған тірі вакцина шешек ауруын жою бағдарламасын іске асыруда жетістікке қол жеткізді. 1980 жылдың мамыр айында (ДДҰ) ХХХІІІ сессиясында нағыз шешектің жойылғаны туралы сертификатқа қол қойылды, осы жылдан бастап вакцинация жүргізілмейді. Вакцина қор ретінде арнайы зертханаларда сақталынады.Емдеу: кең спектрлі антибиотиктер, метистазон интерферон, адамдардан дайындалған шешекке қарсы иммундыглобулин.  Қызамық (Краснуха) вирусы. Таксономиясы:Тұқымдастығы: Тоgaviridae. Туысы: Rubivirus.Морфологиясы, антигендік құрылымы.Сфера пішінді, диаметрі 60-70нм. Геномы бір жіпшелі РНҚ-ның сегменттелмеген молекуласынан тұрады. Сыртқы липопротеидті қабатында бүрлері (Ha, N) бар, липидті қабықшасының құрамында тікенекше тәрізді Е1 және Е2 гликопротеидтер бар, симметриясы кубтық типті, бір жіпшелі. Дақылдануы Адам эмбрионының жасуша дақылдары біріншілік, ауыспалы жасушаларда (ЦПӘ). Репродукция циклы: 12-15 сағат; жасушаның цитоплазмасында (эозинофильді қосындылар). Біріншілік және ауыспалы жасушаларда, кейде УПЭ түзе отырып көбейеді. Резистенттілігі Төзімділігі төмен, сақталғанда физикалық, химиялық факторлар әсерінен тез жойылады (хлор, дезинфектанттар). Қайнатқанда вирус 2 минутта белсенділігін жояды. Төменгі температурада мұздатқанда өзінің белсенділігін жылдар бойы сақтайды. Эпидемиялогиясы. Қызамықпен 3-6 жастағы балалар ауырады, ересек адамдар да ауыруы мүмкін. Аса қауіпті туа біткен қызамық – ауру анадан трансплацентралы жұғуы.Инфекция көзі: науқас адам. Жұғу жолы: аэрозольды, жанасу арқылы (жұқтырылған заттармен). Вирус 7-8 күннен кейін бөлінеді (жоғары тыныс алу жолдарының шырышымен, несеп, нәжіспен).Қызамық ұйымдастырылған балалар ұжымдарында кездесетін эпидемиялық күрт көбею түрінде жиі тіркеледі. Жұғу жолдары: аэрогенді, трансплацентарлы.Қызамық вирусы плацентарлы тосқауылдан өтіп нәрестені жұқтыруға қабілетті, тератогенді қасиетке ие.Жасырын кезеңі: 11 – 22 күн. Ену қақпасы: тыныс алу жолдарының шырышты қабаттары.Мойынның лимфа түйіндерінде көбейгеннен кейін қанға келіп түсіп, ағзаға таралады. Патогенезі. Клиникалық белгілері. Вирустың бірінші репродукциясы мойын, шүйде, құлақ артындағы бездердің лимфоидты жасушаларында өтеді. Бездер үлкейіп, пальпациялағанда-ауру сезімді. Вирус қанға түседі. Клиникалық белгілер пайда болғаннан 3-4 күннен бұрын бөртпе пайда болғанда вирусемия тоқталады. Қызамық жүкті әйелдер үшін қауіпті, себебі ұрық зақымданып жүктілік нәтижесі түсік және ұрықтың өлуіне немесе ұрықтың ауыр ақауларына – саңыраулық, көру мүшесінің зақымдалуы, жеке мүшелердің жетілмеуіне әкелуі мүмкін. Қызамық вирусы ұрыққа әсер етеді. Жүктіліктің 3 айлығында (90 пайыз кемістік),содан кейін 25-8 пайызға дейін төмендейді.Тыныс алу жолдары зақымданғанда жасырын кезеңі 11-23 тәулік, продромальдық кезеңі бірнеше сағаттан 1-2 тәулікке дейін. Иммунитет Кернеулі, гуморальды. Сарысуда вирус бейтараптаушы, комплементбайланыстырушы, антигемаглютининдер анықталады. Қоздырғыш интерферон синтезделуін басып тастағанда қызамық вирусы организмде ұзақ уақытайналымда болады. Бұл кезде қан сарымуында вурусспецификалық иммундыглобулиндер (анасынан плацента арқылы өткен) анықталады. Туа біткен қызамықтан кейінгі иммунитеттің тұрақтылығы төмен, себебі ол ұрықтың иммундық жүйесінің жетілмеген жағдайында қалыптасады. Микробиологиялық диагностикасы Зерттелетін зат: мұрын жұтқыншак бөліндісі, қан, несеп, нәжіс, ликвор, ұрық тіндерінен алынған сынамалар. Вирусологиялық әдіс: бөлініп алынған вирусты анықтау: БР, КБР, ГАТР, ИФТ, ИФР.Серодиагностикасы: БР, КБР, ГАТР, ИФТ, ИФР, РИТ.Спецификалык профилактикасы: өлтірілген, тірі вакцина. 12-14 жастағы қыздарға иммунизациялау жүргізіледі (егер қызамыққа антидене жоқ болса). Жүкті әйелдерге иммуноглобулин енгізу, организмде вирустың өсіп-өнуіне кедергі жасамайды. ЕМДЕУІ: Симптоматикалық АЛДЫН-АЛУЫ Моновакциналар: Meruvax-2-қызамыққа қарсы вакцинаРудивакс-қызамық вирусының аттенуацияланған штамынан дайындалған тірі вакцина (Франция)Эрвевакс-қызамық вирусының аттенуацияланған (тірі) штамынан дайындалған вакцина (Ресей)Қызамықтың аттенуацияланған модифицирленген тірі вакцина (Индия)Ассоциацияланған вакциналар:Паротит-қызылша-қызамықтық вакцина - MMR II (АҚШ)Паротит-қызамықтық вакцина (MR-Vax-2)Қызылша-паротит және қызамыққа қарсы вакцина.Приорикс-паротит-қызылша-қызамыққа қарсы аттенуацияланған штамнан дайындалған вакцина (Англия) Вакцина егілген соң 20 жыл бойы сақталады. Қызамыққа қарсы егу 12 айлық және 6 жаста жүргізіледі. Вакцинаның 2 дозасынан кем алған 13 жастағы қыздар арасында қызамыққа қарсы егуді қайталайды. Назар аударып тыңдағандарынызға Рахмет!!!

Приложенные файлы

  • ppt 11188433
    Размер файла: 864 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий