Жезқазған мыс балқыту зауыты отчет


Мазмұны
Кіріспе...............................................................................................2
Негізгі бөлім ....................................................................................3
II.1. Жезқазған мыс балқыту зауыты.........................................3
II.2. Жезқазған мыс балқыту зауытының тарихы .................9
II.3. Жезқазған мыс кені...............................................................11
II.4. Жезқазған мыс кенді ауданы ..............................................11
II.4. Жезқазған мыс қорыту зауытындағы өзгерістер...........12
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................14
Кіріспе
Жезқазған мыс балқыту зауыты - мыс өнеркәсібінің ірі кәсіпорны. Академик Қаныш Сәтбаевтың 1935 жылы «Жезқазғанның жер жүзілік маңызы бар мыс байлықтарын пайдаға асыру» («Социалды Қазақстан», 1935, 5-маусым) жолындағы ғылым ойы мен көрегендігі нәтижесінде туған идеясы негізінде 1966 жылы Жезқазғанда жаңа мыс зауытының құрылысы басталды. Ол 1971 жылы пайдалануға беріліп, сол жылдың 23 ақпанында алғашқы катод мысын берген күнінен зауыттың жаңа тарихы басталады. 1977 жылы желтоқсандакүкірт қышқылы цехының төртінші жүйесі іске қосылуымен кешеннің белгіленген барлық құрылыс аяқталып, зауыт толық қуатына көшті.Жылына орта есеппен 250 мың тонна таза мыс өндіріледі. Негізгі өнімі - тазалығы 99,99% бағаланған катод мысы халықаралық рынокта жоғары сұранысқа ие. Ол Голландия, Швеция, Түркия,Жапония, Қытай және ТМД елдеріне жөнелтіледі. Негізгі өнімнен басқа зауытта қорғасын тозаңы, алтын, күміс, рений шығарылады. Шетелдік инвестор Оңтүстік Кореяның «Самсунг» фирмасы келуіне орай 1995 жылы өндірістік қайта жарақтандыру жұмыстары басталып, шетелдік жабдықтар қойылды. Кен-термикалық пештері Швецияның«Болиден Контек» фирмасының жобасы бойынша қайта жабдықталды;конвертор, анод бөлімшелеріндегі барлық қуаттан артық өнім өндіруге жол ашылды.
Жезқазған мыс балқыту зауыты - мыс өнеркәсібінің ірі кәсіпорны. Академик Қаныш Сәтбаевтың 1935 жылы «Жезқазғанның жер жүзілік маңызы бар мыс байлықтарын пайдаға асыру» («Социалды Қазақстан», 1935, 5-маусым) жолындағы ғылым ойы мен көрегендігі нәтижесінде туған идеясы негізінде 1966 жылыЖезқазғанда жаңа мыс зауытының құрылысы басталды. Ол 1971 жылы пайдалануға беріліп, сол жылдың 23 ақпанында алғашқы катод мысын берген күнінен зауыттың жаңа тарихы басталады. 1977 жылы желтоқсанда  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D2%AF%D0%BA%D1%96%D1%80%D1%82_%D2%9B%D1%8B%D1%88%D2%9B%D1%8B%D0%BB%D1%8B" \o "Күкірт қышқылы" күкір қышқылы цехының төртінші жүйесі іске қосылуымен кешеннің белгіленген барлық құрылыс аяқталып, зауыт толық қуатына көшті.
Жылына орта есеппен 250 мың тонна таза мыс өндіріледі. Негізгі өнімі - тазалығы 99,99% бағаланған катод мысы халықаралық рынокта жоғары сұранысқа ие. ОлГолландия, Швеция,  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D2%AF%D1%80%D0%BA%D0%B8%D1%8F" \o "Түркия" Түркия,  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B0%D0%BF%D0%BE%D0%BD%D0%B8%D1%8F" \o "Жапония" Жапония,  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D1%8B%D1%82%D0%B0%D0%B9" \o "Қытай" Қытай және ТМД елдеріне жөнелтіледі. Негізгі өнімнен басқа зауытта қорғасын тозаңы, алтын, күміс, рений шығарылады. Шетелдік инвестор  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9E%D2%A3%D1%82%D2%AF%D1%81%D1%82%D1%96%D0%BA_%D0%9A%D0%BE%D1%80%D0%B5%D1%8F" \o "Оңтүстік Корея" Оңтүстік Кореяның «Самсунг» фирмасы келуіне орай 1995 жылы өндірістік қайта жарақтандыру жұмыстары басталып, шетелдік жабдықтар қойылды. Кен-термикалық пештері  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A8%D0%B2%D0%B5%D1%86%D0%B8%D1%8F" \o "Швеция" Швецияның «Болиден Контек» фирмасының жобасы бойынша қайта жабдықталды; конвертор, анод бөлімшелеріндегі барлық қуаттан артық өнім өндіруге жол ашылды.[Құрылысы 1967 жылы басталып, 1971 жылдан бастап осы күнге дейін өз өнімін беріп келе жатқан Жезқазған мыс қорыту зауытының Қазақстан үшін маңызы өте зор, себебі мұндай зауыттар жедел индустрияның ажырамас бөлігі. Зауыт тірі ағза секілді өмірінің әртүрлі кезеңдерінен өтті: жаңадан құрылу, үдере даму, шарықтау, тоқырау және қайта күшею.

Осыдан бір жылдан астам бұрын аталмыш зауыт жабылатын болды деген сыбыс өңір тұрғындарының мазасын қашырғаны белгілі. Алайда шын мәнісінде зауыт жабылмаған болатын, ол тек ірі жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша тоқтатылған еді. Бұл қысқа мерзім аралығында бүткіл жұмысшылар жалақыларын алып отырған болатын.

Жұмыссыз жалақы алуды жөн көрмеген зауыт қызметкерлері тезірек іске кірісуді қалады. Көп ұзамай зауыт жұмысы қайта жанданды. 2014 жылдың қараша айында зауыт катодты мыс шығара бастап, консервацияға дейінгі қуаттылыққа жетуді көздеді. Бұл дегеніміз – жылына 100 мың тонна өнім. Зауыт жұмысын жандандыру үшін 2 ай бойы дайындық жұмыстары жүргізілді. 

Зауыт қызметкерлерінің жалпы саны - 1500.

Жезқазған мыс қорыту зауыты 40 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді және осы өңірдегі халық үшін негізгі жұмыс көзі. 

Зауыт бригадирі Жоламан Аңдағұлов: «Барлық қызметкерлер жұмыстарына көңілі толады. Бастысы зауыттың қайта іске қосылғаны қуантады. Менің ойымша, бұл үшін біз Елбасына рахмет айтуымыз қажет, себебі ол модернизация барысын өзінің жеке бақылауына алды» - деп атап өтті. 

Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Асылбек Дүйсебаевтың айтуынша, зауыттың іске қосылуы экономиканың өзге салаларын дамытуға қатты әсер етеді. Ал бұл дегеніміз - қосымша жұмыс орындары мен халық табысының артуы. Ол сондай-ақ бұл шаралардың «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Елбасы Жолдауын жүзеге асыру мақсатында жасалып жатқанын атап өтті. 

Сондай-ақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен гидрометаллургия технологиясы енгізіле бастады. Бұл технологияның көмегімен құрамында металл аз кенді тиімді өңдеуге болады. 

Зауыттың салыну тарихына қысқаша тоқтала кетсек, 1959 жылы СССР Министрлер Кеңесінің №181 «Жезқазған аймағын дамыту туралы» қаулысы қабылданған. Кеңес өкіметінің қаулысына қарамастан, зауытты салу жөніндегі айтыс үш жылға созылыпты. Ақыры мыс зауытын Жезқазғанда салу туралы шешім қабылданып, 1964 жылы жобалық тапсырма бекітілген. 

1971 жылдың 13 ақпанында бірінші катодты мыс алынды. Кешеннің құрылысы 1977 жылы толықтай аяқталды. Сол кезеңде Жезқазған мыс қорыту зауыты техникалық-экономикалық көрсеткіші жағынан, механизациялау және автоматтандыру жағынан Кеңес Одағында алдыңғы орында еді. 

Жезқазған мыс балқыту зауытының тарихы
1971 жылы 23 ақпанда Жезқазған мыс қорыту зауытында Қарсақбай қара мысынан дайындалған катод мысының алғашқы партиясы ваннадан алынып, салтанатты митингіде металлургтер: «Қабыл ал, Отан, Жезқазған мысын!», — деп рапорт берді. Бұл күн еліміздің түсті металлургиясының іргелі кәсіпорындарының бірі жаңа зауыттың дүниеге келген күні болып тарих бетіне алтын әріппен жазылып қалды. Жезқазған мыс зауытының өмірге келу тарихыңда ең елеулі оқиға болған — катод мысын алғаннан кейін, тура екі жыл өткенде, яғни 1973 жылдың 21 ақпанында электр пеші іске қосылды. Бірінші штейн конвертерге құйылды. Аға балқытушы Сұлтан Елемесов қара мысты балқыту кодициясына жеткізгеннен кейін ең алғашқы жезқазғаңдық қара мыс анод бөлімшесіне жөнелтілді. Осыдан ширек ғасыр бұрын мен де осы зауытқа, майталман металлург Серік Қонарбаев жетекшілік ететін бригадаға орналастым. Бригада мүшелері әр түрлі ұлт өкілдері болғанымен бәрі де «Сұлтан аға» дегенді қазақша таза айтушы еді. Мыс балқымасын нәтижелі, сапалы және салмақты бөліп алу оңай шаруа емес. Кейде мыс бабында алынбай жатқанда металлургтердің «Сұлтан аға болса былай істеуші еді» немесе «бүйтер еді» деп даурығып жатқанда менің кеудеме қуаныш ұялайтын. Себебі зейнеткерлікке кеткеніне 4-5 жыл болса да балқытушылардың Сұлтан ағамның әдісімен жұмыс істеуі және оны құрметпен еске алуы көп жағдайды аңғартады. Ол кездері жас металлург, қазіргі күнде ауысым шебері Николай Константинович Дергунов әлі күнге дейін Сұлтан ағаны аузынан тастамайды. Ол былай дейді: «Мен 1972 жылы Жезқазғанға келдім. Ол кездері орталық газеттерде комсомол құрылысы деп жарияланған Жезқазған мыс зауытына мамаңдар керек деп көп жазылатын. Ресейдің Медногорск қаласынан келген бізге бұл зауыт алып болып көрінетін. Менің жас кезімде таңдаған металлург мамаңдығы өте күрделі де ауыр болғанымен мен оған өкінбеймін. Ол кезде «С. Елемесов мектебі» деген болды. Ол кісі көптеген жастарға тәлімгер-ұстаз бола білді. Мен де бақытымды осы Жезқазғаннан таптым». 70-жылдардың басында комбинат басшылары зауытқа мамандарды одақтың бүкіл ірі зауыттарынан шақырды. Қырық жылдан астам тарихы бар Қарсақбай мыс зауыты мамаңдарының іс-тәжірибесі еленбей, ескерусіз қалды. Өйткені комбинат басшылары мен мамандарының «Қарсақбай зауытының мамандары жаңа техникамен, технологиямен жарақтанған үлкен Жезқазған зауытыңда істей алмайды» — деген пікірі қалыптасып, халық арасында кеңінен тарап кеткен кез еді. Бұл жергілікті кадрлардың намысына тию, оларды көпе- көрнеу қорлау болды. Шын мәнінде жаңа зауытта істеуге қарсақбайлықтар қай жағынан да құқылы болатын. Оны ескерген ешкім болмады. Бұл да болса жергілікті халықты шеттетудің, кемсітудің сол кездегі жасатқызып, оларға алтыншы шағын ауданнан уйлер салуға бұйрық берді. Міне, намысты қолдан бермеу деген осы емес пе? Осы жерде қазір балалары бізбен қатар зауыт абыройын түсірмей, еселі еңбек етіп жатқан бірқатар металлургтердің әкелерінің аты-жөндерін атап өту орынды болар. Олар Сұлтан ағаның шәкірттері Ленин орденді О. Мейрамов, Т. Смайылов, Еңбек Қызыл Ту орденді А. Битенов, Құрметті Қырғыз асқан кезде біздің ауыл да Әулиеатаға, сосын Түлкібас жеріне орныққан еді. Әлі есімде 1931 жылы еккен егін бітік шықты. Үйде қызыл інген бар еді, сол әңгелек пісе бастағанда ауылға шауып келіп, киіз үйдің есігінен басын сұғып жіберіп қарағанда екі көзден жас парлап тұр екен. Содан шегіне беріп құлап түсті де пышаққа ілікті. Атай етін қылдай бөліп, туысқаңдарға үлестіргізді де біз обадан аман қалдық. Қаншама үйлердің түндігі ашылмай Алдыңғы қатарда С. Елемесов жөнө комбинат директоры В. Гурба. қалыптасқан әдістерінің бірі екенін егемендік алған соң білдік қой. Әрине, алғашқы кезде мыс балқыту көздегендей болмады. Балқыту технологиясын игеруде көптеген кедергілер мен қиындықтар кездесті. Мыс балқымасын алу мерзімі тым ұзаққа созылып, тіпті балқыма қатып қалуға шақ қалған кездер бодды. Сонда басшы мамаңдар мен басқа зауыттан келгендер дал болып жатқанда қарсақбайлықтар көзге түсті. Өйткені олар Қарсақбай зауытында мыс балқыту ісімен айналысқан атақты балқытушылар Мұзафар Жүсіпов, Қозыкен Жанпейісов, Еркөз Елеукенов және басқалардан үйренген, тәрбие алған металлургтер еді. Оның үстіне бай штейнді балқыту әдісі Қарсақбай зауытында бұрыннан қалыптасқан. Бұл сырды сонда істегендер ғана біледі де басқа зауыттан шақырылғандар өз әдістерімен нәтиже шығара алмаған еді
Жезқазған мыс кені- Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Жезқазған қаласынан солтүстік батысқа қарай 25 км қашықтықта орналасқан. Кен орнында энеолит дәуірінде (б.з.б. 5000-6000 ж.) сақтар кен өндіріп, мыс пен қола балқытқан. Қазіргі заманғы алғашқы мыс кәсіпшілігін 1847 ж. Ушаков ашқан. 1904 ж. кен орны ағылшындардың «Атбасар мыс кентасы» қоғамына концессияға берілді. Жете барлау жұмыстары 1925 жылдан жүргізіле бастады. Бірінші отандық мыс 1928 ж. Қарсақбай комбинатында балқытылды. Академик Қ. И. Сәтбаевтың 1929 ж. қолға алуымен басталған геологиялық барлау жұмыстарын 1931 жылдан Жезқазған экспедициясы үздіксіз жүргізіп келді. Жезқазған мыс кенінің геологиялық құрылысы таскөмір, пермь және кайнозой шөгінділерінен құралған. Таскөмір жүйесінің орта және жоғары бөлімдерін қамтитын кен қабаттары Тасқұдық, Жезқазған свиталарына жіктеледі. Қалыңдығы 250-300 м Тасқұдық свитасы 3 кенді горизонт құрайтын қызыл және сұр түсті 16 қабаттан тұрады. Қалыңдығы 350-400 м жезқазған свитасы 7 кенді горизонт түзетін қызыл және сұр түсті 36 қабаттан тұрады. Бұл қабаттар литол, құрамы бойынша қызыл және сұр түсті аргиллит, алевролит, құмтастан және аз мөлшерде жұмыртас, жентектас, әктас қабаттарынан тұрады. Кен сұр түсті құмтас қабаттарында шоғырланған. Тектоникалық құрылымына шығыс жағын шектейтін меридиан бағыттағы Шығыс – Ұлытау, оңтүстіктен Теректі терең жарылымдары кіреді. Жезқазған синклиналі аумағында орналасқан кенді алаң Спасск мульдасы, Ақши күмбезі, Златоуст мульдасы, Кресто күмбезі, Анненск күмбезі атты бірінен бірі флексуралармен бөлінген: Ақши–Спасск, Оңтүстік– Батыс Покро, Солтүстік Покро, Златоуст, Кресто және Анненск. Кеннің минералдық құрамы: борнит, халькозин, халькопирит, галенит, бетехтинит, сфалерит, пирит, домейкит, арсенопирит, альгонит. Тереңдігі 10-60 м, тотығу белдемінде азурит, малахит, хризоколла, куприт, элит және таза мыс түзіледі. Негізгі кен құрамдас бөліктері: мыс, мырыш, қорғасын, қосымша Au, Ag, Re, Os, Mo, Ni, Co, Cd, Ge, Se, Te, Ga, S, т.б. Кен денелері таспа, линза, кейде күрделі пішінді. Инженерлік геологиялық жағдайлары бойынша кен алаңдары оңтайлы, орташа, күрделі түрлерге бөлінеді. Кен өндіру ашық және жер асты әдістерәмен жүргізіледі.
Жезқазған мыс кенді ауданы- Қарағанды облысы Жезқазған қаласының маңында орналасқан кен орындары тобы. Кенді аудан Орталық Жезқазған, Солтүстік Жезқазған және Жаман айбат кенді алаңдарына бөлінеді. Кен алаңдары Сарысу ойысының терең жарылымдары әрекетінен пайда болған брахиқатпарлы белдемдерінде шоғырланған. Жезқазған мыс кенді ауданында орналасқан кендердің геологиялық құрылысы, тектоникалық құрылымы, стратиграфиясы мен литологиясы ұқсас. Кен денелері, негізінен, 300-350 м тереңдікте шоғырланған, қалыңдығы 1,5-30 м-ге дейін. Негізгі кен минералдары- халькозин, борнит, галенит және сфалерит. Кентастың құрамында мыс, қорғасын, мырыш, қосымша күміс, рений, кобальт, молибден т. б. бар. Өндіріс жұмыстары кен денелерінің пішініне, өлшемдеріне және инженерлік геологиялық жағдайына қарай ашық не жер астымен жүргізіледі. Өндірілген кентас Жезқазған мен Сәтбаев қалаларындағы кен- байыту фабрикаларында өңделеді, ал алынған концентрат Жезқазған мыс зауытында қорытылады.
Жезқазған мыс қорыту зауытындағы өзгерістер
 Астана. 20 маусым. Baq.kz- Қазақмыс Жезқазған мыс қорыту зауытын қайта құруға байланысты тоқтатады. ЖМЗ барлық қажетті техникалық шаралар аяқталған соң шамамен 1 қыркүйекте қайта құруға тоқтатылады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап bnews.kz тілшісі.
 Компания зауыттың мыс қорыту қуатының дамуына жүргізілген зерттеу нәтижесінде қайта құру туралы шешім қабылдаған. ЖМЗ-ның қазіргі қолданыстағы электрқорыту технологиясы (руда-балқыту пеші) Жезқазған кенішінің кенін өңдеуге арналғанымен Бозшакөл мысына және 2015 жылы пайдалануға берілетін өндірісті кеңейту бойынша басқа да жобаларға келмейді.Компания қайта құруда еңбеккерлерді қысқартпайды. ЖМЗ-да 1767 адам жұмыс істейді. 61 адам концентрат артумен айналысады. Қайта құру кезінде 200 қызметкерге БМЗ-дағы бос орындар ұсынылады. Қалғандары қайта құру жұмыстарына толық емес жұмыс күні бойынша шамамен 65-70% жұмыс күнімен қамтылады. Қазіргі уақытта зауыттағы орташа жалақы 120 мың теңге шамасында.Мамандар қалауы бойынша компанияның басқа да құрылымдық бөлімшелеріндегі бос орындарға тұру үшін қайта даярлықтан өтуіне, болмаса өсуі үшін жасалған жобаға іріктеуге қатысуына болады. Оған команда Жезқазған өңірінен жасақталуда.Қайта құру кезінде жаңа технология қолға алынады. Ол Жезқазғандағы баланстар қоры және Бозшакөл концентратын өндіруге мүмкіндік береді. Жылдық кен өндірісі концентраттан 100 мың тонна мыс алу көзделіп отыр. Зауытты тоқтату оның өнімін тұтынушылар алдындағы міндеттемелеріне әсер етпейді. Қазақмыс биыл келісімдердегі барлық міндеттерін орындайды.Қазақмыс, Қазақстандағы ірі мыс өндіруші және әлемдегі жетекші компанияның бірі. Оның иелігінде 16 кен, 10 тау-кен байыту фабрикасы мен екі мыс қорыту кешені бар.
Қарағанды облысында Жезқазған мыс қорыту зауыты қайта іске қосылды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков жұмыс сапарымен Жезқазған қаласында болды, деп хабарлады өңір басшысының баспасөз қызметінен.
«Н.Әбдібеков «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС мыс қорыту зауытының іске қосылу барысымен танысты. Зауыт 2013 жылы 1 қыркүйекте қайта жаңғыртылу үшін жұмысын тоқтатқан. Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Қазақмыс» корпорациясының басқармасы жұмысын тоқтатқан мыс қорыту зауытын іске қосу шешімін қабылдады, қараша айында 3 мың тонна мыс, желтоқсан айында шамамен 9 мың тонна мыс алу жоспарланған», - делінген хабарламада.Зауытта қара мыс концентратын гидрометаллургиялық өңдеу жөніндегі өнеркәсіптік-тәжірибелік учаске құрылысы бойынша жоба құрастыру жалғасуда. «Бұл зауыттың өзінің, бүкіл Жезқазған аймағының дамуына серпін береді», - деп атап өтті облыс әкімі.Сондай-ақ аймақ басшысы «Ұлытау Флора» ӘКК болды. Онда 230 млн. теңгенің жылыжай шаруашылығын құру мен көкөніс сақтау жобасы жүзеге асырылуда. Жоба қуаттылығы - жылына 182 тонна көкөніс және 460 мың дана гүл өсімдіктері болмақ. «Қазір мұнда 15 жылыжай іске қосылды, сыйымдылығы 1 тоннаға дейін көкөніс қоймасының құрылысы аяқталуға жақын», - деді өңір әкімінің баспасөз қызметінен.Сапар соңында өңір басшысы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы «Нұр Отан» партиясының Қарағанды филиалының XIV есептік-сайлау конференциясына да қатысты. Онда Н.Әбдібеков Елбасының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауында жүктелген міндеттерді жүзеге асыруда жетекші партиялық ұйымдардың рөлінің аса маңыздылығын атап өтті.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Ұлттық энциклопедия, 3 том.
2. Жезқазған энциклопедиясы. Қожамсейітов Сағындық.
3. Большой Джезказган, Добыча и переработка руд.
4. Жақсылық ШЕГІРҰЛЫ- Сұлтан аға, «Мысты өңір» 2006 ж.
5. https://kk.wikipedia.org/wiki/Жезқазған_мыс_балқыту_зауыты6. http://el.kz/m/photos/view/Жезқазған-мыс-қорыту-зауыты#view7. http://el.kz/m/articles/view/Жезқазған-мыс-қорыту-зауыты-индустрияландырудың-ажырамас-бөлігі

Приложенные файлы

  • docx 11194222
    Размер файла: 1 MB Загрузок: 0

Добавить комментарий