НУР практика


КІРІСПЕ
Тәжірибенің бірінші күні-алғашқы қауіпсіздік ережелермен танысудан басталды. Тәжірибие барысында ЩЧ цехтарымен және ДО, ЭО посттарын аралап, жұмыс орындарымен, қазіргі технологиялық құралдармен таныстық.
Темір жолдағы пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және өткізу қабілетін арттыруға арналған электрлік орталықтандыру құрылғылары жүк айналым өсімінің жағдайында үлкен мәнге ие болуда. Темір жолдардың бұл құрылғыларымен қондырылуы тез қарқынды жүргізілуде. Қазіргі уақыттағы электрлік орталықтандыру жүйелері бағдаршамдардың орталық қоректену, бұрмалық электр жетектер, рельс тізбектері мен бекеттік оперативті – технологиялық байланыс екі бағытты парктік байланыс, пойызды радиобайланыс және бұрмаларды қарлардан пневматикалық тазалау құрылғылары арқылы сипатталады.
Теміржол дегеніміз-байланыстыру қазығы, бұл қала  мен ауылдың, өндірістің арасындағы байланыстардың пайда болуының жарқын көрінісі. Бүгінгі күні  Қазақстан Республикасының Теміржол саласын және ондағы автоматика телемеханика және байланыс саласын зерттеу немесе дамыту маңызды мәселелердің бірі.
Теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика және  байланыс саласында, оның ішінде кеңінен қолданылып жүрген автоблокировка, электрлік және диспетчерлік орталықтандырудағы жоғары жиіліктегі телефон аппаратурасындағы, абонентті және дыбыстық телеграфиядағы автоматты телефон станцияларындағы, аппаратуралардағы әртүрлі технологиялық байланыс пен дискретті ақпарат таратулар даму үстінде екені анық. Соның ішінен  жоғары жылдамдықты көлік қозғалысының автореттеу жүйесі мен базалық микропроцессорлардың заманауи басқару жүйесіне микропроцессорленген электрлік орталықтандырудағы көптаңбалы локомотивті сигнализация, диспетчерлік орталықтандыруларға басты назар аударылып жатыр.
Электрлі орталықтандыру көліктік өндірістік пен басқармасының тиімділігін арттыратын қуатты құрал болып табылады. Бекеттегі бұрма мен бағдаршамдарды қолмен қолмен басқарудан электрлік орталықтандыруға өтуі келесі мүмкіндіктерге жол ашты:әрбір 100 орталықтандырылған бұрмада жұмысшылар штатын 30-35 адамға қысқартты; пойызды өткізу үшін маршруттардың дайындалуын түзетті (қолдық басқаруда маршрутты орнату үшін 10-15 минут қажет болса, жаңа типтегі электрлік орталықтандыруда тек 5-7 секунд қажет), ал бұл бекеттің өткізу қабілетін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Релелік қорғаныс пен автоматика аспаптары жұмыс істеуі үшін оперативті ток қажет. Оперативті ток деп релелік қорғаныс пен автоматиканың екіншілік тізбегімен өтетін, сонымен қатар сигнализация және басқару тізбегімен өтетін токты айтады. Релелік қорғаныс пен автоматика аспаптарының қоректену сұлбасы екі түрлі нұсқауы қолданылады – біреуі тұрақты оперативті және айнымалы оперативті ток.ЭО постысының аккумуляторлық батареялары релелердің, оперативті-технологиялық байланыс сұлбаларының құрылғыларын 2 сағат бойы апат жарығын қоректендіруі қажет және 6 сағат бойы кіру бағдаршамындағы оттарды резервтік қоректендіруі тиіс. Электрлік орталықтандыру постына сыртқы айнымалы токтағы қоректендіру көздерін еңгізу үшін, сондай-ақ құрылғыларды қоректендіруге аккумуляторлық батареяларды қосалқы зарядтауға қажетті, әртүрлі кернеудегі айнымалы және тұрақты токқа түрлендіру үшін, қалқанды қоректендіру қондырғыларын қолданады.Бекеттердің бұрмалары мен бағдаршамдарын орталықтандырылған басқару құрылғыларының дамуы олардың жаңартылуыны үздіксіз сапалы процесс болып табылады.Бірінші жүйе бұрмалары мен семафорлары рычаг және иілгіш тартымдардың көмегімен басқарылатын механикалық орталықтандыру болды. Бұрмаларды ауыстырғанда сигналистің күші көп жұмсалатын, сондықтан да посттардың әрекет ету радиусышектелген болатын, жүйе аз тиімді болды.
Содан кейін электрлі механика және электрлі жабылатын орталықтандыру пайда болды, оларда бұрманы ауыстыру үшін электр энергиясы қолданылды, сигналистердің еңбегі оңайланып, посттардың әрекет ету кеңейді. Бірақ та аппараттарда механикалық тұйықталу сақталғандықтан, олардың эксплуатацияда қолданылуы ыңғайсыз болды.
Бірінші рет механикалық тұйықталу мүлдем болмайтын релелік электрлік орталықтандыру пайда болды. Басында релелік орталықтандыру тек қана кішігірім бекеттерде салатын, эксплуатациялық жағдайда релелік аппаратураның сенімділігі тексерілді. Релелік орталықтандырудың кішігірім бекеттердегі ұзақ эксплуатация мыналарды көрсетті: жүйе пойыз қозғалысының қауіпсіздігін толығымен қамтамасыз етеді, тез әрекетті , түрлі эксплуатациялық жағдайларда қолдану мүмкіндігі.
1945 жылдан бастап релелік орталықтандыруды ірі бекеттерде сала бастады. Бірінші кезеңде орталық тәуелділіктеріменбұрманың жеке басқарылуымен релелік орталықтандыру салынды. Бекет бойынша кезекші күрделі маршруттарды орнатқанда көп әрекет жасамайтын да, орталықтандырудың тиімділігі төмен болды.
1947-1948 жж. маршрутты типті релелік орталықтандыру пайда болды, ол маршрутты орнатқанда бекет бойынша кезекшінің әрекетін минимумға дейін қысқартты. Соңыра тез қарқынмен тек маршрутты-релелік орталықтандыру ғана құрылды, қазіргі кезде жол беккттерінің көбі осы құрылғылармен жабдықталған.
Маршрутты-релелік орталықтандырудың сапалық жаңартылуынан БМРО блокты маршрутты-релелік орталықтандыру өңделген, ол 1960 жылдаң бастап типтік ретінде қабылданды, оны тек ірі беккттерде ғана емес кішігірім беккттерде де ендірді.
Соңғы жылдары кішігірім бекеттер үшін блогты орталықтандыру кең қолданылды. Ірі бекеттердің блогтау орталықтандыру сұлбалардың түзетілуінің негізінде мына түрдегі шешімдер қолданылды: кіру бағдаршамның шамдарын басқаруының унификацияланған сұлбасы; марка крестовинасы 1/22 бұрмалар бойынша қозғалыс кезіндегі үш мәнді бағдаршам сигнализациясы; электр жетекпен басқару сұлбасында бұрманы сөндірудің блок-макетін қолдану.
Маневрлік жұмысы бар кішігірім аралық бекеттер үшін жеке басқарылуы мен стативті монтажы бар электрлік орталықтандыру қолданылды. Бұл жүйедегі сұлбалардың құрылуы блогты орталықтандыру принциптері бойынша жүзеге асырылады, бірақ релелік аппаратура стативті панелінде орналасады, ал бұл отказ кезінде бір блогты емес, жеке релелерді ауыстыруға мүмкіндік береді.
Реле - электр немесе электрлiк емес кiретiн шамалардың өзгерiстердiң тап қалған күйiнделерi электр тiзбектерiнiң коммутациясы үшiн қолайлы (сөндiргiш)электромеханикалық құрылым. Электромагниттi, пневматикалық және температуралық релелер танып бiледi.Сонымен бiрге физикалық параметр өзгерiс бойынша шынжырдың ауыстырып қосуын функциямен кейде электрондық блоктерiн электрондық схемотехникада қандай болмасын релелердi деп атайды. Электромагниттi реленiң негiзгi бөлiктерi: электромагнит, зәкiр және ауыстырып қосқыш. Электромагнит магниттi материалдан өзегi бар катушка оралған электр өткiзгiшi болады. Зәкiр - магниттi материалдан байланысу бағдарлаушы пластинасы итергiшi арқылы. Итергiш арқылы орнынан түсiретiн зәкiрдi өзекке және байланысуларды нақ сол ауыстырып қосады электр тогiнiң өткiзуiнде пайда болатын магниттiк өрiстi электромагниттiң орамы арқылы тартады. Ауыстырып қосқыштар артта жүрушi, ажыратылатын, ауыстырып қосатын бола алады.
1 Алтынкөл бекетінің сипаттамасы
Алтынкөл бекеті – Жетіген – Қорғас телімінде орналасқан. Бұл телімге келесі бекеттер кіреді: Жетіген, Тасқарасу, Құндызды, Шелек. Телімнің жалпы ұзындығы – 320 шақырым құрайды.
Алтынкөл бекеті Жетіген – Қорғас участогының жол жағдайын, бұрма секциясын, бұрмаларды, жақындау участкелерін, Алтынкөл – Құндызды , Алтынкөл – Шелек аралықтарында қозғалыс бағытын, кіру және шығу сигналдарының жағдайын бақылайтын орталық басқару ДНЦ бақылау пультінде орналасқан.
Бекет сигналдармен және электрлік орталықтандырылған бұрмамен жабдықталған. Жоба ТР-41 альбомы бойынша орындалған. Пойыз тартымы – дербес (тепловоздық).
Бекетке екі жолмен кіруге болады:
Құндызды бекеті жағынан – біржолды, тұрақты токтағы рельс тізбектерімен, импульсты қоректенумен, біржолды жүйесімен АБ жабдықталған.
Екінші кіру жолы Қытай Халық Республикасынан келеді жағынан – біржолды, тұрақты токтағылыс тізбектерімен, импульсты қоректенумен, біржолды АБ жүйсімен жабдықталған.
ҮАЛС құрылғыларымен барлық жолдар қамтылған, сондай-ақ ІІ жолдан жөнелту және қабылдау маршрутындағы бұрма секциялары жабдықталған.
Берілген бекет қызып кеткен букстарды және пойыз жүруі кезінде тежелген дөңгелектерді автоматты табатын КТСМ-02 қондырғыларымен жабдықталған.
Бұрма жағдайын, сигналдарды, қабылдап-жөнелту жолдарын және бұрма жолдарынының жағдайын бақылау үшін ДСП бөлмесінде УП-1 типті пульт-табло орналасқан.
Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін жоғарылату мақсатында ЭО-мен жабдықталған бекетте бағдаршам ашылмай қалған жағдайда бұрма тұйықталуын қамтамасыз ету үшін электрлік орталықтандыру қондырғылары енгізілген.
ДСП ғимаратында келесі байланыс түрлері енгізілген:
-пойыздық радиобайланыс.
ДСП ғимаратында ДХ-500 аппаратурасы қондырылған,ол арқылы келесі байланыс түрлеріне қосылу орындалады:
пойыздық диспетчерлік;
бекет аралық;
сызық-жолдық;
электромеханиктердің қызметтік байланысы;
энергодиспетчерлік байланыс.
Алтынкөл бекетіңің орталығында 12 бағдаршам бар. Кіру бағдаршамдары Ч және Н, шығу бағдаршамдары Н1,НІІ, ЧII, Ч3, Ч4 –діңгекті, ал шығу бағдаршамдары - Ч1, Н3, Н4 – ергежейлі, шығу синалдарының қайталағыштары ПН1, ПНІІ-ергежейлі, қайталау бағдаршамдарының қалыпты сиганалды оттары жанбайды, және осы жағдайда бағдаршамдар сигналдық мағынаға ие емес.
Пойыздық бағдаршамдардың қалыпты жағдайы – тиым салушы. Сигналдар маршрут дайындалған соң пойыздық диспетчермен ашылады. Бекетны қосымша басқаруға берген кезде бекет кезекшісі ДСП, сигналды пульт-таблосынан ашады.
Кіру бағдаршамдары пойызды шақырушы қосымша сигналымен және маневрлік сигналымен қабылдауға рұқсат береді.
Шығу бағдаршамдары келісілген жолдан пойызды аралыққа жөнелтуге рұқсат береді.
Пойыздық бағдаршамдардың барлығы линзалық, ДНЦ мен басқарылады, ал бекетті қосымша басқаруға берген кезде басқару ДСП пульт-табло арқылы жүзеге асырылады
Бекетте орталықтандыруға 4 жол қосылған, оның ішінде:
а) 1П - қабыдап-жөнелту, тақ жолда тоқтаусыз қозғалыс қарастырылған ҮАЛС құрылғыларымен жабдықталған, екі бағыттада жол шегінде кодаланады.
б) ІІП - қабылдап-жөнелту, тақ және жұп бағыттарда екіжақты қозғалыс қарастырылған, ҮАЛС құрылғыларымен жабдықталған, екі бағыттада жол шегінде кодаланады.
в) 3П - қабылдап-жөнелту, жұп бағытта тоқтаусыз қозғалыс қарастырылған, ҮАЛС құрылғыларымен жабдықталған, екі бағыттада жол шегінде кодаланады.
г) 4П - қабылдап-жөнелту, ҮАЛС құрылғыларымен жабдықталған, екі бағыттада жол шегінде кодаланады.
д) бұрма секциялары - 4, оның қатарында ЧСА, НСП – ІІ жолдан қабылдап-жөнелту маршруты кодаланады.
- 5СП - ҮАЛС қондырғыларымен жабдықталмаған;
- 8-12СП - ҮАЛС қондырғыларымен жабдықталмаған;
е) габаритсіз телімдерде -1, сондай –ақ:
-5СП ІІ жолдан қабылдап-жөнелту маршрутында габаритсіз болып табылады.
5СП бұрмалы секция бос емес болған кезде ІІ жолдағы кіру сигналы Н ашылмайды, шығу сигналы ЧІІ ашылмайды.
Орталықтандырылған бұрмаларды басқару және бұрмалардың жағдайын бақылау Алтынкөл бекетінде пойыздық диспетчер арқылы іске асырылады, ал бекетті қосымша басқаруға берген кезде бұрмаларды ауыстыру түймесінің көмегімен ДСП пульт-табломен бекет кезекшісі орындайды.
Бекеттегі орталықтандыруға – 7 (1, 3, 5, 10, 12 – жалғыз, 6/8 – қосарланған).
Бекетде жергілікті қорекпен бұрмаларды басқару төртсымды сұлба қарастырылған. Бұрмаларда 30В МСП – 0,25 типті электрқозғалтқыш, СП-6 типті электржетек қондырылған.
СОБ қондырғылары орнатылған аралықтар - аралық құрылғыларының бекеттік байланысын, аралықтың бос немесе бос еместігін, телімнен жақындауын немесе алыстауын бақылауды жүзеге асырады.
2 Микропроцессорлық орталықтандыру
Микропроцессорлық орталықтандыру–теміржол автоматика телемеханика жолдық обьектілерді басқару програмалық аппарат құралдарымен микропроцессор негізінде жүзеге асыды.
Миркопроцессорлық орталықтандыру орнату мақсаты: қазіргі СОБ құрылғыларының жұмыс ережелерін сақтай отырып,жоғары қауіпсіздікті және тоқтаусыз жұмыс жасау режимін қамтамасыз ету болып табылады.
Электрлік орталықтандыруға технологиялық процесстік жаңа функциялар пайда болуда:
-тіркеу,мұрағаттау,деректер базасын қалыптастыру;
-қосымша ақпараттарды дисплейден көрсету мүмкіндігі;
-жоғарғы деңгейдегі автоматтандырылған басқару жүйесін ЭО байланыстыру.
МПО бекет кезекшісін және де басқа теміржол жұмысшыларын, пойыз жағдайы немесе істеу шығу жағдайы туралы қосымша ақпаратпен қамтамасыз етеді.Микробақылаушылар ЭАҚ-мен байланыса отырып,жүйені сенімді,әрі қызмет көрсетуге және басқаруға оңай етеді,құны жағынан да релелік орталықтандыруға қарағанда арзанға түседі.Микропроцессорлық жүйені орнату басқада ақпарат анықтаушы және басқарушы жуйелермен байланысты жеңілдете түседі. Микропроцессорлық орталықтандырудың құрылымдық сұласын алып қарайтын болсақ:
-басқа да ЖАБ, АПС құрылғалырмен байланысқан жолдың бос бос еместігін көрсету, бұрманы коммутациялау;
-программаланған логикалық бақылағыш (ПЛБ) бекет бойынша маршрут орнату үшін.
МПО құрылымы қазіргі жұмыс жасап тұрған құрылғылармен жеңіл байланыстыруға мумкіндік береді.Барлық логикалық орталықтандыру тәуелдіктерін екі паралель (ПЛБ) бағдарламалары орындайды.Олар іштей диагностикалау жуйесімен жабдықталған,сондықтан құрылғылардың істен шығуын жағдайынн алдын алады.Бақылаушылардың ашық құрылымы,салу және жаңартуды жеңіл ете түседі.МПО орталығы манитор мен клавиатура компютерьге негізделген визуализациямен жабдықталады.МПО орталықтандыруында тоқтаусыз жұмыс істейтін өте күшті қорек аккумуляторлары қолданылады,бұл дегеніміз найзағай немесе қысқа тұйықталу кезінде құрылғылар істен шығуын болдырмайды.
Микропроцессорлық орталықтың артықшылықтары:
-қосарланған түйіндер арқасында өте жоғары сенімділік;
-оған қоса орталық ядролы МПО;
-осы процессорлар арасындағы үздіксіз ақпарат алмасу;
-бірнеше бекет обьектілерін бір посттан басқару мүмкіншілігі;
-бір ғана микропроцессормен, пойыз қозғалысын бақылайтын СОБ құрылғыларын алмастыру;
-барлық істен шығу,немесе пойыз сандарын тіркеу;
-алдынғы құрылғыларға қарағанда,аз орын алуы;
-айтарлықтай монтаждық-құрылыс жұмыстарының аздығы;
-ақпарат алмасуға теек қана мыс сым кабельдері емес ,оған қоса оптикалық кабельдер қолданылады;
-қөрек көзін пайдалануды айтарлықтай азайтады.
Релелік-маршруттық орталықтадыру.РМО-бағдаршам немесе бұрма орталықтандыру шараларының барлығы ЭВМ базасында жүзеге асады.Функционалдық қауіпсіздік жоғарлату үшін 1 кластағы релелер (жолдық, сигналдық, бақылаушы, тұйықтаушы) қолданылып,орындаушы құрылғылармен байланысты болады.Ал, бағдарламалық сенімділік жоғары болу үшін QNX операциондық жүйесін ЭВМ тәуелділігімен қолданылады.Бұл жүйенің ерекшелігі құрамына Modicon TSX микропроцессорлы контролер кіреді.Бекет кезекшіс РЦО жүйесімен ЭАҚ ДСП базасында минипулятор «тышкан», ал ақпараттар TFT миниторында көрсетіледі.Бұрмалар мен сигналдардың микропроцессорлы орталықтандырылуы МПО-И инициативті ретте НПЦ «Промэлектроникамен» жасалып, ол 3 және 4 категориялы темір жол желісінің объектілерін басқару мүмкіндігін жүзеге асырып, жаңа ЭО жүйесін жобалауға және қолданыстағы ЭО-ны реконструкциялау үшін арналған релелік электрлік орталықтандырудың ЭО функционалды баламасы болып табылады.
2.1 Қолданыстағы жүйелер.
2004 жылдан бастап ТАТ (теміржол автоматика телемеханика) микро және релелік-процессорлық жүйелер, техникалық диагностика, мониторинг, және тағы басқа электроныдық программалық құрылғылар:
-РПО ЭО-МПБ (РПЦ ЭЦ-МПК)-релелік-процессорлық орталықтандыру,микро ЭВМ базасындағы электрлік орталықтандыру –программаланған контролерлер;
-МПО-И(МПЦ-И)-бұрмалар мен сигналдарды микропроцессорлық орталықтандыру;
-МПО(МПЦ-2)-миокропроцессорлық орталықтандыру;
-МПО-МЗ-Ф(МПЦ-МЗ-Ф)-маршруттық тәуелділігі бар микропроцессорлық орталықтандыру Форатек;
-МПО «ДИАЛОГ» (МПЦ «ДИАЛОГ»)-микропроцессорлық орталықтандыру «ДИАЛОГ» ;
-МПО «Неман» (МПЦ «Неман»)- микропроцессорлық орталықтандыру «Неман»;
-АДБЖ(АСДК)-автоматтандырылған диспечерлік бақылау жүйесі ;
-ПА-ДБК(АПК-ДК)-программалық бақылау-диспечерлік бақылау кешені және басқалар.
Бұл жүйелер алғаш рет 20 бекетте 321 бұрмалары, 50 км жобасында қабылданған болатын.Қазақстанда ең бірінші рет микропроцессорлық орталықтандыру Қорғасын (МПО-И, АПК-ДК) және Шолоқсай (МПО-2 и АСДК) жуйелері қолданысқа ие болған.
Қазіргі уақытта жаңа Жетіген-Қорғас желісіне жаңа теміржол автоматика телемеханика жуйе проектілері жүргізілуде:
-электрлік орталықтандыру МПО-МЗ-Ф, Siemens фирмасының базасындағы;
-жартылай автоматты МЖАБ;
-микропроцессорлық переездік сигнализация АПС-МП;
Техникалық диагностка маниторинг жүйесі АПК-ДК.Қайта құру және пайдалану , қолданыстағы құрылғыларды кеңейту тәжірибесі көп.
Жобалау жұмысының түрлері :
 -Ladder процессор орталықтандыру ;
-Автоматты сандық кодалық релелік автоблокировка жүйесі;
-релелік жүйе төрт мәнді және үш мәнді тональдік жиіліктегі орталықтандырылған автоблокировка АБТЦ;
МПО автоблокировка жүйесінде интегралданған;
-орталық құрылғылары орналастырылған микропроцессорлық орталықтандыру тональдік рельс желісімпн АБТЦ-М;
- реле және микропроцессорлық автоматтандыру жүйелерін бірге байланыстыру;
-қазіргі заманға сай орталықтандыру және автоблокировканы электрмен қоректендіру құрылғыдары;
-релелік және микропроцессорлық жартылай автоматты блокировка жүйесі.
Ірі және орта стансада стрелкалар мен бағдаршамдары маршрутты басқарылатын ЭО қолданады (МРО). Егер орталықтандыруда аппаратураның блокты монтажын қолданады, онда оны блоктық маршруттық-релелік орталықтандыру деп атаймыз (БМРО). Ірі және орта стансада  үлкен пойыздық және айлалық жұмыстар жүргізіледі.Бекеттегі барлық қозғалыстар бұрмалар мен бағдаршамдардың өзара түйісуімен орталықтандырылған маршруттар бойынша маршрутталады және жүзеге асырылады. Қарапайым маршрутта релелі аппарат арқасында өздік маршруттың барлық құрылғылары бар, яғни бақылау, түйісу және ажырау құрылғылары.Күрделі маршрутқа кіретін қарапайым маршруттардың біріктірілу реті маршрутты орныластыруға қатысатын стрелкалардың орналасуымен анықталады.Қозғалыс  үрдісі кезінде күрделі маршруттың ажырауы қарапайым маршруттың босатылуы бойынша жүзеге асырылады.Әрбір секция оны поездан босатқаннан кейін ажыратылады.Ажыраудың мұндай түрі секциялық деп аталады. Стансада маршруттарды ажыратудың секциялық түрі ағытылған секцияны ерте орналасқан маршруттың толығымен ағытылуын тоспай-ақ басқа маршрутты орналастыру кезінде қолдануға болатындықтан  стансаның өткізгіштік қабілетін арттырады.Ірі және орта стансада  орталықтан тәуелді және орталықтан қоректенуші ЭО қолданады. Орталықтандырудың мұндай түрінде маршруттардың орналасу, түйісу, ажырау сұлбаларын станса жоспары бойынша әр бағыттамалы бұрманың мойынтірегі үшін жеке құрады.Ірі стансаларда маршруттарды орналастыруды қысқарту үшін маршруттық басқару қолданылады. Маршруттық жұмыстар маршруттың басын және соңын білдіретін бағыттамалар арқылы жүзеге асырылады.Екі немесе одан коп батырмаларды басу кезінде 5-7 с ішінде маршрутқа кіретін барлық бұрмалардың біруақытылы ауысуы және бағдаршамдардың ашылуы іске асады.Пульттегі батырмаларды басу бойынша ДСП әрекеті маршрутты жинақтау деп аталады.БМРЦ-блокты маршруттық релелік орталықтандыру бекеттегі пойыздардың қозғалысын басқару үшін қолданылады.
2.2 МПО Ebilock-950 жүйесінің құрылу және даму бағыты
Үш жылдан бері мамандар швециялық жүйені Ресей теміржолдың барлық талаптарына жауап беру үлесімен айналысқан, оны қолдануы және қауіпсіздіктің дәлеледенуі.
Бір уақытта құрылымдық және эксплуатациялық іс қағаздарын дайындады. Оқу және тәжірибе жинақтағаннан кейін мамандар шетел бірлестігі ООО «Бомбардье Транспортейшн (Сигнал)» түліктің толық қолдануға мүмкіндік берді. «Бомбардье» батыс фирманың талаптарына сай және жұмыс кезеңде көрсетілген. Жүйенің менеджмент санасы енгізілуде (ИСО 9001:2 Ebilock-950).
Бірінші жұмыстың көрсеткіші – МПО Ebilock-950 Калашниково бекетінде Октябрский жолында 1999 жылы маусым айында енгізу барысында көрсеткен. Бір жыл өткеннен кейін қабылдау комиссиясы күнделікті пайдалануға МПО-Ebilock-950 Ресей темір жолдарында ұсыныс жасады [11].
Ebilock-950 желтоқсан айында Кожухово-Канатчиково МПО автоблокировка тональдік рельс тізбегімен іске қосты. Жарты жыл өткеннен кейін күнделікті пайдаланылды және байланыс жолдарына көбейтуге ұсынылды. Ebilock-950 жүйесінің бағдарламасы толық қарастырылып барлық сынақтан өтті. Қазіргі уақытта жаңа редакциялық іс қағаздар дайындалған, қолдануға және құрылыс темір жол автомашина лицензиясы өтті.
Ережеге сай Ресей темір жолында 2004 жылы ақпан айында бағдарламалық қамтамасыз ету және іс қағаздарды алгоритм және бағдарлама МПС РФ (ОФАП) фондында сақтауға жіберілді.
Автоматика және телемеханика Департаменті қолдағаннан кейін микропрцессор Ebilock-950 бұрма және белгі беру орталығы көш бастаушы мамандар барлық технология жұмыс нормасына білім алып тәжірибеден өтті.
МПО-950 жүйесі мемелекеттік техникалық темір жол сертификатына ие болды. Содан кейін көлік министрлігі темір жол көлігінде және техникалық жөндеу жұмыстарын іске асырды.
Соған қарап 2004 жылы желтоқсан айында толық енгізу және жұмыс істеп ары қарай дамытуға заңды түрде толық мүмкіндік алды.
Әр кезеңде қысқа түрде қарастырайық.
Техникалық тапсырманың келісім шарт түрінде қолдану барысында қызығушылық танытқан мамандар барлық талаптар анықтап жаңа функцияны жасап шығарып, қосымша жинақтаушы жалғыз нысаналы бақылау (ОК) қолдану мүмкіндігін қарастырған.
Керек жағдайда құрамда жаңа шешімдер қарастырылуда. ТЗ толықтырылып содан кейін барып Автоматика және телемеханика Департаментінде бекітілді. «Бомбардье Транспортейшн (Сигнал)» көптеген оқу орындарымен бірлесіп жұмыс істеуде. Зертхана жүзінде олар бір жіпті және екі жіпті жоспар бекеттерімен жұмыс жүргізуде, кабельдік желісі, рельс тізбек және кодтау сұлбасы және басқа да релелік құрылғылар. Электрондық құрылғы, нысаналарға бөлуі интерфейстің жазылуы және мекен-жай фирманың түйіспесінде қалады.
Құрылыс оқу орнынан айырмашылығы ережеге сай осымен жұмысы аяқталады, ал «Бомбардье Транспортейшн (Сигнал)» бұл мәліметтер жұмысының басы болып табылады. Жұмыстың басында толық мәліметтер іс қағазы болу керек және жолдың техникалық талаптары құрылыс жүргізу барысында көп қателікті жібермеу үшін.
Ережеге сай 1 жыл алдында жобасы іске асырылады. Осы уақыт ішінде көптеген жолдық өзгеріс дамуы жаңа құрылғылар пайда болады және техникалық шешімдер. Осыған байланысты барлық проекті жинақтау керек. Әрқашан қызметші СОБ жолдары соңғы уақытта ғана хабарлайды немесе бұл тестілер барысында көрінеді.
Өзгеше іс қағаз ретінде «Описание интерфейсов» деп аталады. Бұл кіру немесе шығу функциясын суреттейді. Іс қағазда барлық орталық процессор алгоритм жұмысының өзгеруін егер де жаңа шешім болса.
Мысалыға интерфейстік реленің жұмыстың жазылу барысында барлық функционалдық бағынуын және қажетті талаптар іске қосылуы немесе реленің токсық қалуы.
Кіру функция барысында анықталады, қандай жағдайда бұл ақпарат қолданады: іске асыру бағынулары, индикациялар, алармдар, т.б.
Бұрынғы кезде, ескі релелік жүйелерде, алгоритмде аңдуға боладытн еді принципиалдың сұлбаның көмегімен. Әрине бағдарламаны іске асыру барысында релелік аналогты алуға болады, бірақ бағдарламашыларға бұл әрқашан түсініксіз болатын, өйткені темір жол автоматика маманы әрқашан болып табылмайды.
Бағдарлама релелік аналогты толық қайталамайды: кіру шарты және соңғы көрсеткіші есепті шығару үшін бірдей, бірақ жолдар жетектігі нұсқауланады. Сол үшін интерфейсте нақты талаптар жазылады: функцияның толық жұмысын қамтамасыз етіп, поездың жүру тәртібін реттеп тұру керек.
Жұмыстың алгоритмі «Сценарий» іске асыру, барлық мүмкін нұсқау (орындалатын және орындалмайтын). Бұл сөз түрінде жазылу мүмкін, алгебраның сан немесе сурет түрінде, барлық мүмкін нұсқауы таңдалады (мысалы, берілген бағыт талабы).
Басқа сөзбен айтқанда СОБ суретінде «Азбука» құрылады. Қарқынды енгізу микропроцессорлық жүйе автоматикасы, ақпараттың бағдарламалық комплексі бар оқуы қиын және жұмыстың принципін жеткізу темір жол автоматика жүйесі релелік сұлбаның құрылу неігізінде.
2.3 Ebilock-950 жүйесінің сипаттамасы
Ebilock-950 келесі негізгі бөліктерден тұрады:
1) басқару объектілерінің күйін басқару және бақылау құрылғылары (бекет кезекшісінің, электрмеханиктің, вагондарға техникалық қызмет көрсету пунктінің операторының және бұрмаларды жергілікті басқару операторының автоматтандырылған жұмыс орны);
2) орталықтандыру тәуелділігін өңдеу құрылғысы (орталық процессорлық құрылғы);
3) монтаж изоляциясының кедергісін бақылаудың енгізілген құрылғысы бар объектілік контроллерлер (СОБ алаңдық объектілеріне интерфейстік құрылғылар);
4) басқару объектілерінің күйі туралы ақпарат және байланыс тұзағы арқылы орталық процессорлық құрылғылармен және өзара қосылатын олардың жағдайының өзгеруіне трансляция концетраторлары.
5) комплектация элементтерінің істен шығуларды жеке баспа платаларының локализациясына мүмкіндік беретін юиагностика құрылғылары.
6) СОБ басқарылатын және бақыланатын объектілері (бұрмалық электр жетектер, бағдаршамдар, переездер, рельс тізбектері және тағы басқалар).
7) релелік қондырғылардың, генераторлардың, рельс тізбектерінің қабылдағыштарының, трансформаторлардың және тағы басқалардың стативтері.
8) электрмен қамту құрылғылары (біріншілік және екіншілік қорек көздері).
9) қорғаныс құрылғылары (жермен қосқыштар, разрядниктер, сақтандырғыштар және монтаж изоляциясының кедергісін бақылау құрылғылары).
10) объектілік контроллерлерден СОБ алаңдық объектілерге дейінгі кабелден тұратын кабелдік желі.

Приложенные файлы

  • docx 11203912
    Размер файла: 1 MB Загрузок: 0

Добавить комментарий