5.2.Инвазив диареялар Сальмонеллез исправ


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

“Астана медицина университеті” АҚ Балалар жұқпалы аурулары кафедрасы№5 дәрісТақырыбы: Инвазивті диареялар. Сальмонеллез.4к жалпы медицина факультеті.Дайындаған: каф.доц., м.ғ.к., Аткенов С.Б. Астана 2013-2014 оқу жылы Жоспар: 1.Кіріспе2.Этиологиясы3.Эпидемиологиясы.4.Даму процессі5.Жіктелуі6.Клиникасы7.Диагностикасы Мақсаты: Балалардағы іш өту синдромымен жүретін инфекциялық аураларын емдеу, диагностикалау сұрақтары бойынша білім мен біліктілікті қалыптастыру. САЛЬМОНЕЛЛЕЗ : Сальмонеллездер әртүрлі клиникалық сипатта өтетін Salmonella бактерияларынан тудыратын жұқпалы аурулар тобы. Себептану: Қоздырғыш – Salmonella теріс грамды, майда қимылдағыш микоорганизмдер. Халықаралық Кауфман – Уайт жіктелуі бойынша олар соматикалық О – антигенінің құрылысына байланысты 60-тан астам топқа бөлінген (А, В, С, Д, Е, т.б.). Олардың ішінде Н – антигені құрылымына байланысты серовар топтарына бөлінеді .Сальмонеллалар ыстыққада суыққа төзімді. Бөлме шаңында 80 күнге дейін тірі сақталады, ал кеуіп қалған нәжісте айлап, жылдап сақтала береді. Тағамдарда , әсіресе, ет тағамдарында ұзақ сақталады, әрі жақсы көбейеді. Қазіргі кезде салмонелланың 2000 астам сероварлары белгілі. Біздің елімізде 500 серовар тіркелген. Оның ішіңде Salmonella typhymurium, Salmonella heliderberg, Salmonella anatum, Salmonella derby, Salmonella panama т.б. Сальмонелла қоздырғыштары Этиологиясы. Сальмонеллездар – зооантропонозды ауру.Науқас адамнан немесе бактерия тасымалдаушы үй жануарларынан (ірі қара, шошқа, құстар),тасымалдаушы адамнан жұғуы мүмкін. Қоршаған ортаға сальмонелла нәжіспен және зәрмен шығарылады. Соңғы жылдары біздің елімізде де, жалпы жер бетінде салмонелез ауруы көбейіп бара жатыр. Оның басты себептері:Қоғамдық тамақтандыру жұмысының санитарлық- гигиеналық деңгейінің төмендеуі ;Тағам өндірісіндегі орталықтандыру бағытының басым болуы;Әр түрлі елдер арасындағы қарым – қатынастың күшейуі, адамдарға арналған тағамдармен, жануарларға арналған жем – шөптердің алмасуының көп мөлшерде бел алуы;Қоршаған ортаның және су қоймаларының барынша ластануы. Ерте жастағы балаларда үй жағдайында жұқтыру үлкен орын алады. Соңғы жылдары оларға аурухана жағдайында, перезентханада, реанимация бөлімшелерінде жұғу көбейіп кетті. Көпшілігінде сальмонеллез уақытында анықтамаған аурулардан немесе сол мекеме қызметшілерінен жұғады. Ауру баланың жеке заттары, көрпе – төсег орныдары арқылы жұғады. Егер тұратын үйі немесе жататын жері тар болса ауа -тамшылары арқылы да берілуі мүмкін. Кейінгі кезде көптеген антибиотиктерге төзімді салмонелла штаммдары (әсіресе Salmonella typhymurium түрінің) пайда бола бастады. Салмонеллез балаға анасының ішінде немесе босану кезіңде де жұғуы мүмкін. Кей кезде ана сүті арқылы да берілетіні аңықталған. Ересек балаларда сальмонеллез «нәжіс - ауыз» жолымен тарайды. Сонымен қатар бұзылған ет және сүт тағамдары, жуылмаған жеміс – жидектер арқылы тарайды. Жұғу көздері: Даму процессі. Ұзақ уақыт бойына зерттелгеніне қарамастан сальмонеллез патогенезінің талай мәселесі әлі күнге дейін толық шешімін таппаған.Сальмонеллез өту барысының диапозоны өте кең – белгісіз жергілікті түрлерінен бастап жайылмалы сепсис, сұзектік түрлерімен өтетін өте ауыр ауру. Бұндай жағдайлардың себебі әлі күнге дейін анықталған жоқ. Көп ғалымдар бұл микроорганизмдердің вируленттілігімен және макроорганизмдердің қорғану күштерінің шамасымен байланысты деп болжауда. Сальмонеллез патогенезінің кезеңдері : Асқазан – ішек жолына тірі салмонелла және олардың токсиндерінің өтуі (адсорбциялануы) :Адгезия – сальмоненелла ащы ішек шырыштарына жабысып, тідеріне өтеді ;Колонизациялану – микоорганиздер адам организмнің әр түрлі мүшелеріне түсіп орнығады. Бұл жағдайда қоздырғыштар энтероциттердің цитоплазмасында орнығады. Егер инфекциялық процесс колонизациялану кезеңінде тежелетін болса, онда жақын жатқан тіндер зақымданады – нәтижесінде салмонеллездің гастроинтестинальды түрі қалыптасады. Осылай болуына баладағы дисбактериоз, гиповитаминоз т.б. септігін тигізеді;Макрофагтардың қоздырғышты ұстауы, салмонелла микробынің өлуі және эндотоксиндердің жұғуы , қоздырғыштардың энтероциттерде өсіп - өніп көбейуі және лимфатикалық жолдармен таралып мезентериальды лимфатикалық түйіндерге өтуі . Иммунитет Тек ауру тудырған бактериялар серотипіне ғана бағытталған иммунитет қалыптасады, олар: Біріншілікті арнайы антиденелер Ig M, соңынан Ig G және Ig A. Ал 4-6 аптасында жасушалық иммунитет күшейеді. Жас нәрестелердің салмонеллаға қарсы арнайы иммунитеті толық берік емес, олардың гуморалдық иммунитетінің тексеру нәтижелері төмен, көбінесе қортындылары теріс.  Клиникалық сипаттамасы : Сальмонеллездің клиникалық белгілері мен өту барысының ауырлығының себептері:Баланың ағзасына енген салмонелладардың мөлшеріне;Берілу жолына ;Баланың жасы және оның денсаулығының жалпы жағдайы ;Сальмонеллездің түрі мен қасиеттеріне ;Инкубациялық кезеңі бірнеше сағаттан 2-3 тәулікке дейін созылады. Ал қарым – қатынас арқылы үй жағдайында жұғатын болса, онда 6 күнге дейін созылады. Бұл жағдайда сальмонеллез байау басталады. Сальмонеллездің клиникалық жіктелуі : Клиникалық түрлері: Жергілікті :А) типтікасқазан – ішектің зақымдануы (гастрит, гастроэнтерит, гастроэнтероколит, энтери, энтероколит, колит)Ауырлығы: жеңіл, орташа ауыр, ауыр. Жайылмалы :сүзек тәріздісептикалық  Б) атиптіккөмескібелгісіз.Өту барысы: 1) жедел (1,5 айға дейін),2) созылмалы (3айға дейін)3) ұзақ созылмалы (3 айдан астам) Асқазан – ішектің зақымдануы жергілікті топты құрайды да, кейінгілері – жайылған топқа жастады. Ерте жастағы балаларда асқазан – ішектің зақымданған түрі жиі кездеседі.Топикалық зақымдауына байланысты гастрит, энтерит, колиттік клиникалық түрлерін атаймыз. Гастрит – 3 жастан жоғары балаларда алғашқы сағаттаррда дамиды. Жедел басталады. Баланың жүрегі айниды, құсады. Эпигастрий аймағының ауырсынуы, әлсіздік, дене қызуы 38-40°С жоғарлауы және нейротоксикоз көріністері анықталады. Тілі ағарған, құрғақ, ішіне ауа жиналып кебеді. Ал нәжісі көп өзгермейді. Энтерит – жиірек байқалады. Негізгі симптомы – жасыл «батпақ балдыр» түсті, сұйық нәжіс. Баланың іші бүріп ауырып, іші жиі өтеді. Ерте 1-3 жастағы балалар ауырсынады, тынымсыздық, мазастануы, аяқтарының жиырылуы, ішінің кебуі, ішек жел шығаруы болады. Энтериттік нәжістің сипаттамасы: Үлкен дәреті көп мөлшерде, сұйық, шашыранқы болады. Бастапқы мезгілдерде нәжіс көп өзгермейді, қоймалжың, сонынан сұйық, тағамның қорытылмаған қалдықтары сақталады. Нәжістің иісі- қышқыл, өткір иісті, жағымсыз болады. Нәрестелердің- анус аймағында,сандар , жамбас тері бетінде зақымдалған аймақтар көрінеді. Балаларда нәжісі сулы- мөлдір немесе жасыл жіп тәрізді кілегейлер және ақ сабынды майлы қышқылдар түзейді. Энтериттің кезінде Үлкен нәжіс түсі- жасыл күрең түсті болады «Батпақ балдыры» түсті. Ол эшерихиоздарда - нәжісі сарғыш түсті. Колит- салманеллезде сирек кездеседі. Колит кезінде нәжісі өзіне тән түрін жоғалтады, аз мөлшерде болады. Аурудың өршу ( қызу) кезінде нәжіс тек ірің аралас немесе кейде қан аралас жасыл сұр түсті майлы кілегейден тұрады. Мұндай нәжісте « ректальды түкірік»( плевон) деп атайды. Бала жиі горшокқа сұранады, бірақ дифекация актісі барлық кезде болмайды. Осындай ауырсынумен өтетін, императивті, нәжіссіз, жалған шақырулар (тенезм) тек қана шигеллезге тән. 1 жасқа дейінгі балаларда тенезмнің эквиваленті болады- бала мазасызданады, аяғымен соққылайды, айқайлайды, нәжіс шығармай беті қызара күшенеді. Ауыр колит кезінде анустың ( көтен ішектен) жұмсаруы немесе тіпті ашылып тұруы мүмкін. Іші баланың ішіне тартылып тұрады, пальпациялағанда оң жақ мықын аймағында және тоқ ішектің бойында құрылдау болады. Сол жақ аймағын пальпациялағанда сигма тәрізді ішек ауырсынады және тығыздалған түрінде болады. Сальмонеллезде тоқ ішектің зақымдалуымен сипатталатын түрі 1 жасқа дейінгі балалардың 60%-інде, одан үлкен жастағылардың 20-30%-інде байқалған. 1 жасқа дейінгі балалардың 40%-де гемоколит белгісі пайда болады. Ауырлығы бойынша: Жеңіл түрі. Жалпы жағдайы орташа. Дене қызуы С- субфебрильді немесе-N-да. Құсуы-1-3 рет. Ұлы дәреті 5-10 рет тәулігіне шамалы патологиялық қосымдылармен болады.Орташа түрінде. .жалпы интоксикациялық белгілері анығырақ болып және токсикозды- эксикоз 1 д. симптомдар пайда болуы мүмкін. Дене қызуы –38-39,5°С. Бала қайта- қайта құсып, іші 6-10-15 ретке дейін өтеді, нәжісінде шарана, кілегей, қан аралас. Ауыр түрі. Жалпы жағдайы ауыр. Бала өте көп құсып, іші 15-20 ретке дейін өтеді, ішінен қан кетуі мүмкін. Ауыр улану қатаң соғады. Ауыр улану 3 түрде өтуі мүмкін.Токсикозды эксикозбенНейротоксикозбенЭндотоксикоздық шок немесе (ИТ Ш). Сальмонеллездің сүзек тәрізді түрі Сальмонеллездің сүзек тәрдіздіі түрі балаларда сирек кездеседі. Созылмалы гипертермия, бас ауруы, ұзақ адинамия, анорексия болады. Менингизм сипаттамасы болуы мүмкін . Оны бозарып, тілі ісініп, іші кеуіп, ішектері шұрқырай бастайды. Гепатоспленомегалия. Нәжісі энтериттік тәрізді патологиялық қосымшалармен болады. Септикалық түрі : Ерте жастағы балалар, уақытында тумаған, емшек ембеген сәбилер арасында кездеседі. Ауру сальмонеллезді сепсисияда өтеді. Жасырын түрі: Сальмонеллездің белгісіз- жасырын түрі өте сирек байқалады. Бұл жағдайда бактериалогиялық зерттеулер баланың ұзақ уақыт бойынша сальмонелла бөліп жүргенін көрсетеді, қанда аздаған өзгерістер болуы мүмкін, серологиялық тесте оң нәтижесі болады. Транзиторлық бактерия: Транзиторлық бактерия- тасымалдаушылық. Дәреттің ұзақтығы сальмонелла түріне байланысты. Ересек балалар 1-2 аптадан соң жазылады, бірақ 2-3 аптаға дейін нәжісінде сальмонелла анықталады. 1 жасқа дейінгі балалардың 25-33%-інде және ересек балалардың 10-15%-інде кесел созылмалы( 3 айға шейін) болып келеді. 5-10%-інде кесел ұзақ созылмалы екендігі байқалған. Кей кезде жазылып, ауруханадан шыққан соң 1-2 аптадан соң кесел қайталануы мүмкін.Атипті түрлері: жасынан субклиникалық, көбінесе лабораториялық мәліметтер арқылы диагноз қойылады. Диагноз қою: Клиникалық сипаттамасы Лабораториялық зерттеуа) бактериалықб) серологиялық (РА,РНГА. Титрдің 4 есе жоғарылауы).  Әдебиет: Клинические рекомендации, основанные на доказательной медицине. Под. ред. И.Н.Денисова, Р.М.Хаитова. М.: ГЕОТАР-МЕД, 2002 г., 1248 с.Лебензон С. С.- Избранные лекции по курсу детских инфекций. Новосибирск,1992г.,178с.Нисевич Н. И., Учайкин В.Ф. Инфекционные болезни у детей. М., Медицина,1990. 83 экз.Носов С. Д. Детские инфекционные болезни, М. 1992г. 270 экз.Справочник семейного врача. Под. ред. Н.Р.Палеева, О.И.Сергеева. М.: Эксмо, 2008 г. – 672 с. – (Новейший медицинский справочник).Тимченко В.Н. Инфекционные болезни у детей. – СПб.: СпецЛит, 2008. – 607 с.Учайкин В.Ф. Руководство по инфекционным болезням у детей. М. ГЭОТАР- МЕД, 2003, 824 стр.Учайкин В.Ф. Руководство по инфекционным болезням у детей. М: Москва. 2004, 824 с. Ющук Н.Д., Венгерова Ю.Я. Инфекционные болезни: национальное руководство. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2009. – 1056 с.Инфекционные болезни у детей. Справочник в вопросах и ответах. Под ред. Э.М. Симованьян, А.Д. Плескачев, Л.Ф. Бовтало. – Ростов н/Д: изд-во «Феникс», 2002. – 800 с.  Бақылау сұрақтары (кері байланыс): Инфекция көзі кім болып табылады?Инфекцияның берілу механизмі қандай?Ауруға кімдер сезімтал?Қалай ойлайсыздар, осы ауруға маусымдылық тән бе?Эпидемиологиялық тізбек қандай буындардан тұрады?  НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!

Приложенные файлы

  • ppt 11219109
    Размер файла: 940 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий