рубин


Мазмұны
Кіріспе………………………................................................................................2
Негізгі бөлім............................................................................................................ 3
1 Емдік қасиеттері..............................................................................................3
2 Сиқырлық қасиеті, наным-сенімдер.........................................................4
3 Кен орындары...........................................................................................5
4 Қолданылуы...............................................................................................6
Қорытынды......................................................................................................... 7
Пайдаланылған әдебиет тізімі..............................................................................8

Кіріспе
Кристалдар – атомдары мен молекулалары кристалдық тор түзетін қатты денелер. Яғни, грек тілінен аударар болсақ алғашқы мағынасы мұз дегенді білдіреді. Кристалдар қатты денелердің тепе-теңдік күйі болып табылады. Белгілі бір термодинамикалық жағдайда кристалдық күйде болатын заттың нақты, тек өзіне тән кристалдық атомдық құрылымы болады. Бұл құрылым атомдардың орналасуына байланысты кристалдардың сыртқы симметриясын және олардың анизотропиялық қасиеттерін бейнелейді. Табиғатта және техникада кездесетін қатты материалдардың көпшілігі – поликристалдар. Олар ретсіз орналасқан ұсақ кристалдан (кристалиттер) құралады. Бұған көптеген минералдар, металдар мен қорытпалар жатады. Кристалдың жеке ірі түрі монокристалл деп аталады. Табиғатта салмағы жүздеген кг-ға жететін флюорит кристалы кездеседі [1].
1. Емдік қасиеті
Емдік қасиеті Халықтық медицинада лағылдың емдік қасиеттері ежелден бері белгілі. Үндістанда лағыл талма, сал ауруларын емдеп, күйзелістен арылтады деп саналған. Еуропа елдерінде ауру асқазанды ұнтақталған тасты сумен араластырып емдеген. Емшілер тастың өзін ғана емес, асыл тас тұрған суды да қолданған. Суда лағыл көп болған сайын, сол судың пайдасы да мол болады деп есептеген. Қазіргі халық емшілері де сол пікірмен келіседі. Олардың ойынша, лағылды су қан қысымы жоғары болғанда және жүрек пен көз ауруларына көмектеседі. Тамақ, құлақ және омыртқа ауырса, сол жерге тасты басуды ұсынады. Литотерапевтердің айтуынша, лағылды ұйқысы бұзылған және әрқашан шаршаңқы күйде жүретін адамдарға таққан жөн [2,3].
Лағыл шынайылығын анықтау жолдары: – Егер лағылды әйнек ыдысқа салсаңыз, одан қызғылт түс шығады. Сиыр сүті бар стақанға лағыл салсаңыз, сүт алқызыл түске боялады; – Егер лағылға бір бұрышынан қарасаңыз, ол қанық қызыл болып көрінсе, басқа жағынан қарағанда, ағарыңқы көрінуі керек; – Табиғи лағылдағы жарылған жері жылтырап тұрмайды. Ол ирек пішінді болып тұрады; – Табиғи лағылда көпіршіктер сирек кездеседі. Олар дөңгелек және тастың түсі секілді болуы керек; – Табиғи лағылдың қыртысы түзу болуы керек; – Жасанды лағылды ультракүлгін шамның астына қойса, сарғылт түске енеді. . Қырлы лағылдардың ақаулылық топтары келесiдей:
1-шi сапа - таза немесе әр жерінде сирек жолақтары мен нүктелерібар лағылдар.
2-шi сапа - кейбір аймақтарында жарықшалары бар лағылдар3-шi сапа - тастың барлық аймағында жарықшалары, өзінің жылтырақтығын, жарыққа ойнағышштығын жоғалтқан лағылдарЛағылдардың түсiнiң топтары:
алқызыл;
нормал қызыл және орташа қызыл;
ашық-қызылы.
Түс бойынша лағылдардың классификациясықанық алқызыл ;қызыл;
орташа қызыл ;қою қызыл;
ашық қызылы.

2. Сиқырлық қасиеті, наным-сенімдер
Сиқырлы қасиеті Еуропа елдерінде лағылды батылдық, күш, намыс, әдемілік және адалдықпен байланыстырған. Шығыста лағыл тасы өмірлік қуат, махаббат, күш және денсаулықты білдірген. Ежелгі Үндістанда бұл тасты Күнге арнаған. Лағыл тасы бар бұйымды қатал, билік құмар, ашушаң адамдар тақпағаны жөн. Себебі тас мұндай адамдардың жағымсыз қасиеттерін арттыра түседі. Тұмар ретінде лағыл өз иесін жаман сиқырдан, ауыр қиындықтан, дұшпандарынан қорғайды. Лағыл Арыстан жұлдызында туған адамдарды қорғайды. Арыстан әйелдерді тартымды етіп, оған ғашығын жолықтырса, Арыстан еркектерге сенімсіздікпен күресуге көмектесіп, ерлік сыйлайды [11,12].
Лағыл Арыстан жұлдызында туған адамдарды қорғайды. Арыстан әйелдерді тартымды етіп, оған ғашығын жолықтырса, Арыстан еркектерге сенімсіздікпен күресуге көмектесіп, ерлік сыйлайды [9].
Тұмар Лағыл — өмірлік қаупі бар қызметтермен айналысатын адамдардың тұмары. Мысалы: өрт сөндіруші, полиция қызметкері, құтқарушы және т.б. Рубин тұмар ретінде жүрегі таза адамдарға көмектесетінін ұмытпаңыздар. Лағыл тасы бар сақина иесіне қуаныш сезімін сыйлап, өмірлік күшін арттырып, есте сақтауды жақсартып, өмірін ұзартады.
Лағыл — қуаты, ерекше сиқырлы күші бар тас. Лағылды «Күн тасы» немесе «Асыл тастардың патшасы» деп атайды. Лағыл атауы «rubella» латын сөзінен аударғанда «қызыл» деген мағынаны білдіреді. Ежелде бұл тасты «яхонт» және «карбункул» деп атаған. Лағылдың алқызыл түстен отты-таңқурай және күлгін реңкі бар қанық қызылға дейінгі түрлері кездеседі. Қызыл түсті тастар тобы Лағыл (рубин) – минерал, корундтың бір түрі. Ол бірінші класты асыл тас. Лағыл тобына қызыл жақұт, шпинель, пироп, турмалин, тағы да басқалар жатады. Лағылдың жасанды түрлері 19 ғасырдың аяғында-ақ шығарыла бастаған болатын. Лағыл – зергерлік тас. Көп адамдардың түсінігінше асыл тастардың королі – рубин.[2].
3. Кен орындары
Кен орындары.Антарктидадан басқа барлық континенттерде кездеседi. Негізінен азиялық лағылдар ерекше бағаланады.Лағылдарды басты экспорттаушы елдер - Мьянма, Таиланд және Шри-ланка. Сонымен қатар Шығыс Африкасының лағылдары, Кения және Танзания елдерінің лағылдары жлғары сұранысқа ие. Жалпы лағыл тастар ежелгi замандарда-ақ Памирда өндіріле бастаған (Тажiкстанындағы "Қарлы" кен орнында).
Лағылдар қола ғасырында Бирмада өндірілген деп есептелінеді. 2000 жыл бұрын Индияда да бағаланып, бойтұмар ретінде қолданылды. Сонымен қатар Ежелгi мысырлықтар, гректер және римдiктер лағылдарды пайдаланды.Еуропада 1800 жылда сапфирдың лағылға құрамдық туысқандығы белгілі болды. 1835 жасанды лағылдарды жасап шығарудың амалы табылған.Қара лағыл ол кезде анар лағылы деп аталды [6].
4. Қолданылуы
Қолданылуы
-Лазерлердiң құрылымында синтетикалық лағылдарды қолданылады.
-1-дәрежелі лағылдар, қымбат зергерлiк бұйымдар жасауда қолданылады
-Сағаттық механизмдерде арнайы тас ретінде қолданылады [8].
Қорытынды
Қызыл түсті тастар тобы Лағыл (рубин) – минерал, корундтың бір түрі. Ол бірінші класты асыл тас. Лағыл тобына қызыл жақұт, шпинель, пироп, турмалин, тағы да басқалар жатады [7]. Лағылдың жасанды түрлері 19 ғасырдың аяғында-ақ шығарыла бастаған болатын. Лағыл – зергерлік тас. Оны сағат өнеркәсібінде, кванттық генераторларда қолданады. Көп адамдардың түсінігінше асыл тастардың королі – рубин [5,6]. Алайда зерттеушілер Жер Ананың қойнындағы барлық минералдардың бірдей қымбат екендігін дәлелдейді. Негізінен, лағыл – адамның психикасына күшті әсер етіп, оның мінезін ұштай түседі. Мейірім-ді жан бұрынғыдан да мейірімді, қатал адам бұрынғыдан да қаталданып кетеді. Олай болса, лағыл көзі бар жүзікті сыйларда оны мінезі қан дай адамның тағып жүретінін есіңізге алып, ойланыңыз[10,4]. Асыл тастардың тылсым сырын зерттеушілердің түсіндіруін-ше, адамдар лағыл жүзіктерді елді өзіне тәнті еткісі келген де, бойын сенімсіздік жайлап алғанда тағу қажет деп ақыл айтады. Мұндай сәттерде әлгі лағыл көзі бар бұйымдар адамдардың ой-санасына, бойына күш-қуат қосады. Гранаттар – барлық қасиеттері жағынан лағылдан кейінгі асыл тас. Гранаттың құрылымы рубиннен (лағылдан) бір саты төмен [2].

Пайдаланылған әдебиет тізімі
1.Андерсон Б. Определение драгоценных камней. М.: Мир, 1983
2.Дронова Н. Д. Что надо знать роскошной женщине о драгоценных камнях и ювелирных изделиях М. Известия, 2004
3.Дронова Н. Д. Что надо знать продавцу ювелирных изделий. М. Известия, 2005
4.Дронова Н. Д. Что надо знать эксперту по драгоценным камням. М.: Известия, 2006
5.Дронова Н. Д. Что надо знать оценщику ювелирных изделий . М.: Известия, 2007.
6.Дронова Н. Д. Ювелирный бизнес М.: Известия, 2009
7.Дронова Н. Д. Ювелирные изделия. М..: Изд. дом «Ювелир», 1996
8.Киевленко Е. Я., Сенкевич Н. Н., Гаврилов А. П. Геология месторождений драгоценных камней. М.: Недра, 1974
9.Пыляев М. И. Драгоценные камни .М. : Стрелец, 1990.
10.Рид П. Геммология. М.: Мир, 2003.
11.Синкенс Дж. Руководство по обработке драгоценных и поделочных камней. М.: Мир, 1989.
12.Ферсман А. Рассказы о самоцветах. М.: Наука, 1974.

Приложенные файлы

  • docx 11252372
    Размер файла: 36 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий