Әдістемелік нұсқау Құралай ОБЖ 2015-2016


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ФАКУЛЬТЕТІ.
ӨМІР ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ КАФЕДРАСЫ
«Тіршілік қауіпсіздік негіздері» пәнінен
тәжірибелік сабақ жүргізуге арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Тараз - 2015
«Тіршілік қауіпсіздік негіздері» пәнінен «Технологиялық факултеттің» студенттеріне тәжірибелік сабақ орындауға арналған әдістемелік нұсқау жұмыс оқу бағдарламасымен сәйкес орындалған.
Әдістемелік нұсқауды орындаған:
Магистр, оқытушы________________К.Т.Суйеншбаева
«Өмір тіршілік қауіпсіздігі» кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №_____ «____» __________20___ж.

«Су шаруашылығы, экология және құрылыс» ғылыми-әдістемелік бюросында қарастырылды
Хаттама №_____ «____» __________20___ж.
МАЗМҰНЫ
Тәжірибелік сабақ №1...................................................................................................................4
Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысы..................................................................4
1.1.Азаматтық қорғанысты ұйымдастырудың жалпы принциптері және құрылымы............4
Тәжірибелік сабақ №2...................................................................................................................8
2.1.Төтенше жағдайлардың салдарын жою.................................................................................8
2.2. Төтенше жағдайлардың түрлері мен сипаттамалары..........................................................9
2.3. Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардан қорғану шаралары............................21
2.4. Төтенше жағдайларды жою жұмыстары............................................................................22
2.5. Аудан, және ауыл әкімдерінің төтенше жағдай саласы бойынша атқаратын міндеттері.....................................................................................................................................23
Тәжірибелік сабақ №3.................................................................................................................26
3.1. Жарақаттар. Жарақатттардың түрлері. Балалар жарақаты...............................................26
3.2. Жабық жарақаттар................................................................................................................26
3.3. Жарақатты шок. Жарақаттық шоктың пайда болуының алдын алу................................29
3.4. Ашық жарақаттар..................................................................................................................30
3.5. Балалар жарақаты және одан сақтану.................................................................................35
3.6. Таңғыштардың түрлері.........................................................................................................36
3.7. Аяқ-қол сүйектерінің сынуы................................................................................................37
3.8. Күйіп қалғандағы алғашқы медициналық көмек...............................................................38
3.9. Үсіп қалғандағы алғашқы көмек.........................................................................................40
Тәжірибелік сабақ №4.................................................................................................................44
4.1. Дозиметрлік құралдар..........................................................................................................44
4.2. Химиялық барлау аспабы....................................................................................................46
Тәжірибелік сабақ №5.................................................................................................................48
Жеке қорғаныс құралдары..........................................................................................................48
Тәжірибелік сабақ №6.................................................................................................................56
Өткір сәуле аурулары..................................................................................................................56
Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................................................64
І Тәжірибелік сабақ №1
Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысы.
Азаматтық қорғанысты ұйымдастырудың жалпы принциптері және құрылымы
Төтенше жағдайларда халықтың, экономиканының қауіпсіздігің қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысы тағайындарған.
Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы», «Авариялық-құтқату қызметі және құтқарушылардың мәртебесі» заңдар кешенімен және басқаларымен халықты, аумақтарды және шаруашылық жүргізетін нысандарды сенімді қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі заң базасын құрайды.
Азаматтық қорғаныс – басқару органдарының мемлекеттік жүйесімен бейбіт және соғыс уақытында ел халықын, шаруашылық жүргізу нысандарымен аумағын осы заманғы зақымдану құралдардың (қирату) факторларының әскерінен, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында жүргізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиынтығы.
1997 жылы мамырдың 7-де Қазақстан Республикасының «азаматтық қорғаныс» туралы заңы шықты, Азаматтық қорғанысты басқару және ұйымдастыру – мемлекеттік ең маңызды функцияларының бірі, оның қорғаныс шараларының негізгі бөлімі.
Бұл заң Қазақстан Ркспубликасының әрбір азаматының міндеттері мен құқықтары, орталық және жергілікті басқарушы және атқарушы және атқарушы органдардың өкілділігін, Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғаныстық қорғаныстың негізгі міндеттері мен құқықтары орталық және жергілікті басқарушы және атқарушы органдардың өкілдігін, қазақстан Республикасы азаматтық қорғаныстың негізгі міндеттері мен ұйымдастыру принциптерін анықтайды.
Азаматтық қорғаныстың негізгі міндеттері:
Басқару және байланыс жүйесін қолдау және дамыту;
Азаматтық қорғаныс күштерін жасақтау, төтенше оқиғалар әрекетіне дайындау;
Орталық және атқарушы ұйымдар мен органдардың қызметтерін дайындау, тұрғын халықты оқыту;
Бактериялогиялық, химиялық, радияциялық жағдайларда лаборатория арқылы бақылауды қадағалау;
Азаматтық қорғаныстың жасақтарының дайындығын қамтамасыз ету;
Шаруашылық нысандарын және салалар қызметінің тұрақты жұмыс істеуін нығайтудағы кешенді шараларын өткізу;
Азаматтық қорғаныстың мүліктерін және қорғаму қорын, қорғаудағы ғимараттың қажетті қорын дайындауда қолдар және жинақтау;
Тосын жағдайларда адамдар өмірі мен денсаулығын ретке келтіретін орталық және жергілікті атқарушы органдарды басқару;
Іздеу – құтқару жұмыстарын, сондай-ақ т.б. кезек күттірмейтін жұмыстарды, зардап шекендерді қауіпті аймақтан көшіру жұмыстарын ұйымдастыру.
Бактериялық, химиялық, радиоактивті зияннан азық-түлікті, су қоймаларын, өсімдіктер мен жануарларды қорғау.
Қазақсатан Республикасының азаматтық ұйымдастырушылық құрылымы:
Азаматық қорғаныстың басқару органдары;
Азаматтық қорғаныс күштері;
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтері;
Азаматтық қорғаныстың материалдық-тезниалық құралдары;
Азаматтық қорғаныс тың жұмылдыру резервтері жатады.
Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органы азаматтық қорғанысқа тікелей басшылық жасайды. (1-кесте)
АҚ штабы
АҚ бастығы
АҚ және ТЖ қызметтері



Қоғамдық тәртіпті сақтау
Байланыс
Құтқару
Барлау
Инженерлік

Медициналық
Өрттен қорғау

Қорғаныс ғимаратына қызмет көрсету
Авариялық техникалық


Тамақтандыру және сауда

РҚ және ХҚК


Тағы басқалар

Азаматтық Қорғаныс (АҚ) — мемлекеттік қорғаныс шаралары жүйесінің құрамдас бөлігі. Міндеттері: жергілікті халық пен халық шаруашылығын жау шабуылынан, жаппай қыру қаруынан, табиғат апаттарынан т.б. төтенше жағдайлардан қорғау және қорғану шараларын үйрету; су тасқыны, сел, жер сілкінісі, өрт болған аймақтарда құтқару жұмыстарын жүргізу; халыққа жау шабуылының немесе табиғат апатының қаупі туралы алдын-ала хабарлау,т.б. азаматтық қорғаныс бейбіт кезеңде және соғыс уақытында мынадай шараларды жүзеге асырады: жаппай қыру қаруынан сақтану үшін арнайы қорғаныс жайлары салынып, жеке бас қорғаныс жабдықтары дайындалады, ірі қалалар тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп, оларға қорғану тәсілдері үйретіледі, ықтимал қауіп туралы халыққа егжей-тегжейлі түсіндіріледі, соғыс кезінде өндіріс орындары мен мекемелерде жұмыс тоқтамау үшін әртүрлі ұйымдастыру және инженер-техникалық шаралар жүргізіледі, нақты өндіріс орындары қорғалады, математика-техника құралдар, электр энергиясын шығару көздері, газбен, сумен қамтамасыз ету қорлары жасалады; қираған шаруашылықтарды қалпына келтіруге қажетті қосалқы жабдықтар жинастырылады, арнайы азаматтық қорғаныс топтары құрылады т.б. Қазақстан Республикасында азаматтық қорғаныс барлық жерде аймақтық-өндірістік принциппен ұйымдастырылған. Оны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы тікелей басқарады. Комитеттің облыстық, қалалық және аудандық бөлімдері бар. Жергілікті жерлерде мекеме, ұйым, оқу орындары, өнеркәсіп басшылары және азаматтық қорғаныс шараларын өткізуге жауапты болып табылады.
Азаматтық қорғаныс – бұл басқару органдарының мемлекеттік жүйесі мен бейбіт уақытта және соғыс уақытында халықты, шаруашылық жүргізу объектілері мен ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдау (қирату) факторларының әсерінен, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында жүргізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиынтығы;
Азаматтық қорғаныстың басты міндеті халықты (адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау), шаруашылық жүргiзу объектiлерi мен ел аумағын қорғау болып табылады.
Азаматтық қорғаныстың негізгі күштері Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері, аумақтық, объектілік құрамалар, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерінің құрамалары; жедел-құтқару отрядтары – жол қатынасы қиын аудандарда және аса күрделі объектілерде іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған республикалық, облыстық, қалалық, аудандық ұйымдар болып табылады.
Азаматтық қорғаныстың басқару органдары – бейбіт уақытта және соғыс уақытында Азаматтық қорғаныс іс-шараларына басшылық жасайтын және олардың орындалуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары.
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар штабы (АҚ және ТЖ штабы);
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия (ТЖК);
Эвакуациялық комиссия (ЭК).
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар штабы – Азаматтық қорғаныс және қызметкерлер мен студенттерді қорғау мәселелері жөніндегі негізгі ұйымдастырушы және үйлестіруші орган. Оның құрамына АҚ және ТЖ штабының бастығы, АҚ және ТЖ жөніндегі маман кірді.
Өзінің күнделікті қызметінде штаб Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру, халықты және ел аумағын төтенше жағдайлардан қорғау, Азаматтық қорғаныс органдарын, құрамалар күші мен құралдарын дайындау, қызметкерлер мен студенттерді Азаматтық қорғаныс саласы бойынша оқыту және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің бұйрықтары мен жарлықтарын басшылыққа алады.
Азаматтық қорғаныстың мақсаттары:
· әр қоғамдағы ең басты және бағалысы – адам. Сондықтан барлық қорғану шараларында адамдардың кауіпсіздігін ескерту – негізгі мақсат. Адамды қорғай білу – мемлекет үшін маңызды. Сондықтан халықты қорғау адамның өмірін сақтап қалу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету азаматтық қорғаныс жүйесінің негізгі жұмысы.
· халықтың еңбегімен жасалған барлық байлықты сақтап қалу. АҚ ережелерінде олар сенімді түрде қорғалуы қажет деп көрсетілген.
Азаматтық қорғаныс міндеттері:
· халықты жаппай қыру құралдарының (ядролық, химиялық, бактериялық) зардаптарынан сақтап қалу;
· төтенше жағдайда өндіріс орындарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету;
· зардапқа ұшыраған адамдарды құтқару және қалпына келтіру жұмыстарын жеделдетіп жүргізу;
· апат болған, қираған жерлерде барлау жұмыстарын жүргізу;
· зардап шеккен адамдарды іздестіру, құтқару, оларға қажетті көмек көрсету;
· төтенше жағдайда шыққан өртпен күресу, олардың өршуіне жол бермеу;
· өндірістік орындардағы апаттық көрші тұрғын объектіге зиянын келтірмеуін көздеу және қалпына келтіру;
Азаматтық қорғаныс күштері, АҚ, әскерлеріне ұйымдасқан бірігулер саласындағы, сонымен қатар АҚ азаматтық ұйымдарының мәселелерін шешуге арналған әскери құралымдар. ҚР заңнамасына сәйкес АҚ саласының мәселелерін шешуге, авариялық-құтқару қызметтері мен авариялық-құтқару құралымдары, ҚК бөлімшелері, басқа әскерлер мен әскери құралымдар да қатыстырылады.
Азаматтық қорғаныс күштерінің топтамасы — тиісті бастықтың шешімі бойынша зақым ошақтарында құтқару және шұғыл апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін құрылатын топ. Азаматтық қорғаныс күштерінің топтамасын құру және оның атқаратын жұмысы алдын ала жоспарланады. Мұнда жұмыс өңірлері мен объектілері анықталады, жұмысқа тартылатын күштер мен құралдардың құрамы, оларды дайындау тәртібі, жиналатын жерлері, жүру маршруттары, құтқару жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету және басқаруды ұйымдастыру мәселелері нақтыланады. Азаматтық қорғаныс күштерінің топтамасы аумақтық және объектілік жасақтардан, сондай-ақ қызмет жасақтарынан тұрады. Оның құрамына ауылдық аудандар мен қалалардың жасақтары да енгізілуі мүмкін. Құтқару жұмыстары барынша күшейтіліп, ауқымы кеңейтіледі және олар толассыз топтарға бөлініп, бірнеше ауысымдар мен резервтерден тұрады. Азаматтық қорғаныс күштерінің топтамасы белгіленген іс-әрекетке жауап беруге және зақым ошағына тез кіруді, қысқа мерзім ішінде құтқару жұмыстарын жедел өрістетуді және оларды күштер мен құралдарды толық пайдалана отырып, толассыз жүргізуді, құтқаруды басқаруға, өзара бірлесіп, әрекет етуге қолайлы жағдай жасауды, күштер мен құралдарды жаппай зақымдаушы қарулардан қорғауды, т.б. қамтамасыз етуге тиіс.
Тәжірибелік сабақ №2
2.1. Төтенше жағдайлардың салдарын жою
Төтенше жағдай — адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нүқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығьшдарға үшыратып, тіршілік жағдайык бүзған немесе бұзуы мумкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдай дегеніміз — табиғат немесе өндіріс а,даттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қара-жатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі мате-риалдық, техникалық, ақша қаражатын жоне адам күшін талап ететін жағдай.
Қазақстан мемлектінің орналасқан жері — орасаы зор, кең байтақ. Ол жерлерде табиғат апатының неше түрі: жер сілкіну, қар тасқыны, қатты жел, су тасқыны сияқты қүбылыстар жиі болып жатады.
Зілзала — бүл кенеттен найда болатын, халықтың қалыпты тірлігін күрт бүзатын, материалдық қүнды-лықтарды үлкен шығынға үшырататын, сондай-ақ адамдар мен хайуанаттардың өлім-жітімі болатын табиғат қүбылысы.
Әрбір зілзаланың өзіне төн физикалық қасиеті, пайда болу себебі, қозғаушы күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға өзіндік ықпал ету ерекшелігі бар. Зілзала кез келген мемлекет үшін үлкен ауыртпа-шылық, келтірер залалы мол төтенше оқиға.
Қазақстан Республикасы аумағында мынадай зілза-лалар болуы мүмкін: жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, сырғыма, дауыл, су тасқыны, буырқасын, өрт.
Әрбір – жағдайдың өзінің мәні бар, сол жағдайға байланысты пайда болу себептері, демудың ерекшеліктері болады.
Барлық төтенше жағдайлар пайда болу себептеріне, таралу қашықтығына, жиілігіне және т.б. жағдайларға орай жіктелінеді.
Төтенше жағдайларды былай жіктеуге болады:
Геофизикалық қаупті құбылыстар (жер сілкінісі, тау жанар);
Геологиялық қауіпті құбылыстар (көшкіндер, сел, сырғыма, опырма);
Метеорологиялық және агрометеорологиялық қауіпті құбылыстар (дауыл, құйын, құрғақшылық, аяз және т.б.);
Гидрологиялық қауіпті құбылыстар ( теңіз деңгейінің қатты құбылуы, мұздар арыны, су басу, тасқындар, жер асты сулар деңгейінің көтерілуі);
Табиғи өрттер (далалық, ормандық, шымтезектік);
Адамдардың жұқпалы ауруға шалдығуы (эпидемиялық);
Ауыл шаруашылық малдардың жұқпалы ауруға шалдығуы (эпизоотия);
Ауыл шаруашылық өсімдіктерінің жұқпалы ауруға шалдығуы (эпифитатия).
Сұрапыл апаттар дегеніміз-адамдармен жануарлардың өліміне,халықтың өмірінің күрт бұзылуына, материалдық құндылықтардың жойылуына әкелетін құбылыстар.Сұрапыл апаттар көбінесе адамның қолынан келмейтін табиғат күштерінің әсерінен болады.Мысалы;су басу,жер сілкінісі,ормандағы өрттер,көшкін т.б жатады.
Төтенше жағдай дегеніміз — табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және адам күшін талап ететін жағдай.
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар дегеніміз адамдардың өз қолдарымен жасалып жаткан апаттар мен қирауларды айтады.
Оның түрлері:
— Өндіріс орындарында болатын апаттар (зауыт-тарда, шахталарда және т.с.с).
— Көлік жүйесіндегі апаттар.
— Түрлі жарылыстар мен өрттер (өндіріс орын-дарында, мүнай, газ қүбырларында, энергия жүйесінде, коммуналдық жүйеде және т.с.с).
Себептері: Бүгінде ғылыми-техникалық прогрестің шапшаң дамуынан өндіріс, қүрылыс, тау-кен байлығын өидіру, жаңа химиялық заттарды өндіріске енгізу сияқты іс-әрекеттер жүргізіліп жатыр. Бүндай қарқынды даму экономикаға әсер еткенімен, экологиялық апатқа әкеліп соғу қауіпі де туындап отырады. Кей жерлерде жаңа техниканы және технологияны, материалдарды пайда-лану ережелері сақталмайды, қауіпсіздік шаралары орындалмайды. Міне, осы сияқты қателіктердің салда-рынан апаттың болу қауіпі туындайды.
Апаттың тағы бір себептері — улы, тез түтанғыш, жарылғыш заттарды сақтау, тасымалдау ережелердің сақталу-сақталмауы, олармен жүмыс істеудегі қателік-терге жол берілуі жатады.
Апаттың болуы, адамдардың еңбек тәртібін сақта-маушылыгына, жүмыс істеуші адамдардың салақтығына, олардың тиісті дәрежеде білімінің жетіспеушілігіне, техниканы және оның қауіпсіздік сақтау ережелерін жете меңгермегендігіне көп байланысты.
2.2. Төтенше жағдайлардың түрлері мен сипаттамалары
Табиғи сипаттағы ТЖ – дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын ТЖ-лар.
Техногендік сипаттағы ТЖ — өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған ТЖ.
Зілзала бұл ТЖ-дың пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс.
Дүлей зілзала – ТЖ-дың пайда болуына әкеп соғатын зілзала.
Апат – аймақтық және ірі ауқымды ТЖ пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс.
Жер сілкінісі. Жер сілкінісінің кенеттен пайда болады және қас қағымда өтеді. Жер сілкінісі — бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жаратылыс нәтижесінде пайда болған, елеулі ауытқу түрінде, үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы. Бұл құбылыс жер асты дүмпулерінен, тербелістен болады. Әзірге ғалымдар жер сілкінісі қашан, қайда, қанша уақыт болатынын және қандай зардап әкелетінін тура басып айта алмай отыр. Сейсмикалық станциялардың көрсетулері – дәл емес. Жыл сайын жер бетінде 100-ден аса үлкен жер сілкіністері болып тұрады. Жер сілкінісінің уақытын болжау қиын.
Жер қыртысының тектоникалық қозғалысын тудыратын жер сілкінісі өте жойқын болып келеді.
Жер сілкінісінің барысында адамдар қаза болады, үйлер, жолдар, көпірлер, каналдар, тоғандар мен басқа да инженерлік ғимараттар, су құбырлары, канализация, электр беру жүйесі қирайды, байланыс желісі бұзылады, қар көшкіні, сел, сырғыма мен қопарылыс пайда болады. Тау жыныстарынан тастар құлайды, адамдарға үрей болады. Су асты және су жағалауындағы жер сілкінісі кезінде, теңіз түбінің қозғалыс нәтижесінде теңіздің гравитациялық толқындарынан цунами пайда болып, құрылыста үлкен бүлінушілік жасайды.
Жер сілкінісінің жойқын күші оның әсерінен болатын апаттары көпшілікке мәлім. Өйткені Қазақстанның 450 мың шаршы километр аумағында жер сілкіну қауіпі бар. Бұл аймақта 6 миллионнан астам халық тұрады, 27 қала, 400-ден астам елді мекендер бар. Еліміздің 40 пайызға жуық өндірістік әлеуеті осы аймақта шоғырланған.
Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласы сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан. Онда өнеркәсіптің негізгі қорының 30%-ы шоғырланып, тұрғын үй қорының 35%-на жуығы орналасқан, Республика халқының 40%-ы тұрады.
Жер сілкінісінің қауіпті бар аймақтарда ірі қалалар мен елді мекендер, гидротехникалық ғимараттар мен зиянды өнеркәсіп орындары, жасанды және су қоймалары, жарылғаш және улы материалдар қоймалары орналасқан. Тұрғын үй алқабының бұзылуымен қатар тізбеленген объектілерді кейбіреулерінің бұзылуы, оңалмайтын экологиялық өзгеріске алып келуі мүмкін. Инженерлік желілер мен коммуникациялардың жер сілкінудің салдарынан бұзылуы аса қауіпті.

1-сурет. Жер сілкінісінің ошағының схемасы
Жер сілкінісі кезіндегі қондырғы мен ғимаратты зақымдалуынан шегілген залал ғимараттың өзінің зақымдалуынан шеккен шығыннан біршама есе асып түседі.
Жер сілкінісінің бірге өрт пайда болып, геологиялық ортаның экологиясы бұзылады, қопарылма, сырғыма, сел тасқыны және т.б. шаруашылыққа қосымша залал әкеледі.
Жер сілкінісінің жанама шығыны да орасан зор: өндірістік циклдің уақытша тоқтауы, еңбек ресурстарының зардапты жоюға тартылуы және тағы басқалар. Сонымен қатар көлік жолдарының зақымдануына, тұрғын үй тұрмыстық жағдайдың нашарлануына, халықтың апат аймағынан кетуіне, жерасты дүмпуінің қайталануын күтуінің нәтижесінде адамдардың ұнжырғысының түсуіне әкеліп соғады.
Жер сілкінісі салдарының аса ауыр түрлері ғимараттар мен үйлерді сейсмикалық күшейту бойынша жұмыстар жер сілкінісі қауіпті ескерусіз жүргізілетін құрылыс пен ғимараттарда пайда болады. Бұған мысал ретінде соңғы жылдары Қазақстанда болған жер сілкіністері салдарын келтіруге болады (Құлан ауданы Жамбыл облысы).
Халықты, аумақты және шаруашылық объектілерінің ықтимал жер сілкінісінен қорғау мақсатындағы шаралар мыналарды қамтиды: сейсмологиялық бақылау мен жер сілкінісінің болжамының республикалық жүйесін дамыту; сейсмикалық аудандастыру сапасын жақсарту; сейсмикалық төзімді ғимараттарды жобалау және салу; халықтың сейсмикалық білімін жақсарту; басқару; хабарлау мен байланыс жүйелерін тұрақты дайындықта болуын ұйымдастыру; дамыту және қолдау; жер сілкінісі кезінде Азаматтық қорғаныс күштерін тарту және тұрақты дайындықта ұстау.
Азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарының және өзге де шараларға жер сілкінісі салдарын жою жоспарына сәйкес өзге де шараларға басшылық жасау.
Сел. Сел – тау өзенінің өз арналарынан кенеттен көтеріліп, деңгейінің күрт өзгеруі және тау жыныстары бұзылуынан болатын қуатты ағын.
Сел ұзақ нөсердің салдарынан, мұз бен қардың жылдам еруінен, моренді, мұзды өзендердің бұзылуынан, жер сілкінісінен, адамның шаруашылық қызметі нәтижесінде пайда болады. Тасқындардың басқа түріне қарағанда сел әдеттегідей үздіксіз емес, жекеленген толқындар мен 10 м/с және одан көп жылдамдықпен қозғалады.
Іле, Жоңғар, Талас Алатауының жоталарында, сондай-ақ Қаратай, Кетмен және Тарбағатай тауларындағы өзендер Қазақстандағы сел қауіпі күшті аудандар болып табылады.
Сел тасқыны кезінде халықтың өзін-өзі ұстауы мен іс-әрекетіне зілзаланың белгілерін дер кезінде анықтау мен белгілеуді және ол туралы хабарлауы (ескерту) ұйымдастыру үлкен әсер етеді.
Сейсмикалық қауіпті аудандағы халық орман желектерін кесу, егіс жұмыстарын жүргізу, үй малын бағу жөніндегі нұсқауларды қатаң орындауға тиіс.
Халыққа сел тасқынының жақындауы туралы хабарланған жағдайда, сондай-ақ оның пайда болуының алғашқы белгілері білінген сәтте, ғимараттан тез шығып, бұл туралы төңіректегілерге ескертіп, қауіпсіз орынға бару керек. Өрт болмау үшін үйден шыққан кезде пешті сөндіріп, газ бұрандысын жауып, жарықты өшіріп, электр заттарын ажырату қажет. Егер уақыт болса, қаупті аймақтан малды айдап кеткен жөн. Халық қауіпті аудандардан уақытша қауіпсіз орынға көшіріледі.
Сел тасқынына тап болған адамға қолда бар барлық құралдармен көмек көрсету керек. Мұндай құралдар құтқарушылар беретін таяқ, арқан, сырық, шынжыр және т.с.с. болуы мүмкін. Тасқын ішіндегі адамды оның шетіне біртіндеп жақындата отыра, тасқынның бағыты бойынша шығару керек.
Сел қауіпі кезінде көшіруге қатысушы адамдар қауіпті жерлерден қарттар мен балаларды, аурулар мен өз бетінше жүре алмайтын адамдарды шығарады. Еңбекке қабілетті бүкіл халық толғандарды нығайтуға, кедергілер туғызуға, ағызғыш каналдар қазуға міндетті.
Егер сел апатына елді мекен ұшыраса, онда іздеу-құтқару жұмыстарына әзірленген жоспары бойынша жұмыс жүргізетін әр түрлі құтқару бөлімшелерінің айтарлықтай күштері мен құралдары тартылады.

2-сурет. Сел.
Қар көшкіні. Қар көшкіні – бұл қар массасының тау беткейі бойынша төмен қарай жылдам лықсуы.
Қазақстанда 95 мың шаршы км тау аумағы қар көшкіні қауіпіне ұшырайды.
Қазақстанда қар көшкіні қалың қар көп жауатын және қолайлы геоморфологиялық және топырақтық — ботаникалық жағдайлары бар Батыс Тянь-шань, Алтай, Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауының жоталарында болып жатады. Көшкіндер құлама тау беткейінен көбінесе 20-60 градуспен, көшкін қар жаңа жауған және күн күрт жылыған кезде болады. Көшкін тауда жауын –шашынның жиі болуынан, циклондық құбылыс күшейетін наурыз-сәуір айында көбірек болады. Сирек қайталанатын көшкіннің көлемі 1 млн. текше метрге, қозғалысының ең үлкен жылдамдығы 100 метр секундке дейін жетеді. Барлық көшкіндердің 50% жуығы жазыққа дейін жетіп, халық пен шаруашылық объектілеріне тікелей қауіп төндіреді. Көшкіннің кедергіге көрсететін қысымы 1 шаршы метр үшін бірнеше жүз тоннаға жетуі мүмкін.
Қазақстанның бүкіл таулы аудандарында қар көшкіні болып тұрады. Ол негізінен қардың түсуі мен күннің жылуына байланысты, қар көшкіні болатын ең қауіпті кезең қараша-сәуір, ал биік тауда – қазан-мамыр.
Тауда болған кез-келген адам қысқы кезеңдегі таудағы қауіптерді, сақтандыру шараларын білуге міндетті.
Жай адамдар көшкіндерге қыстың суық мезгілінде тауда болса тап болуы мүмкін. Ал альпенистер мен тауға шығуды әдет қылған туристер бұған жыл бойы әзір болуға тиіс. Тау әуезқойларымен болатын барлық бақытсыз оқиғалардың 25% -на жуығы көшкіннің еншісінде. Ол әдетте бағыт пен қозғалыс уақытын дұрыс таңдай алмаудан, көшкін қауіпі бар беткейлерден ебдейсіз өтуден, көшкіннің пайда болу табиғаты туралы білмеуден, тәртіп бұзудан болады.
Тауда болған кезде қоршаған ортаға мұқият қарап, кездескен жабайы хайуанаттардың мінезін зерделеген жөн (тау ешкілері қар көшкінінің ықтимал лықсуын алдын ала сезіп қауіпті аймақтан кетеді), сондай-ақ беткейдегі қардың төзімділігін қолда бар қауіпсіз әдістермен тексеру қажет. 15 градустан тік беткейлер аса қауіпті болмағанмен, қар көшкінінің одан да жазығырақ беткейлерде лықсу оқиғалары белгілі. Беткей тік болған сайын көшкіннің лықсу ықтималдылығы арта түседі, алайда 50 градустан тігірек беткейлер қауіпті емес, өйткені қар жамылғысы жинақталмайды, қар жауған сайын шағын бөліктермен сырғып түсіп отырады.
Жағдай сәтті аяқталса, зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіледі және ол қауіпсіз жерге апарылды.

3-сурет. Қар көшкіні.
Опырмалар. Опырмалар – ауырлық күшінің әсерімен ылғалды топырақ массасының тмөен қарай сырғуы. Тау жыныстарындағы және жартастардағы жекеленген жақпарлардың немесе құрғақ, тік, еңіс беткейлердегі жақпарлардың құлауы.
Опырмалар Қазақстан барлық таулы ауданыдарында болып тұрады. Олардың пайда болу себептері жерүсті және жерасты сулар мен топырақтың ылғалдануы, жер сілкінісі, сондай-ақ адамның шаруашылық қызметі болып табылады. Сас ірі опырмалар тектоникалық ұсақталуға байланысты. Осындай учаскілерде пайда болған опырмалар ірі өзендерді бөгейтін көлденең су тоғандарын жасай отыра, таулы жазықтарды құрсаулайды. Мұндай өзендерге Күнгей Алатауындағы Көлсай өзені, Іле Алатауындағы Үлкен Алматы өзені жатады.
Опырмалар жылдың кез-келген уақытында, әдетте, тіктігі 19 градусқа жуық жарларда болады. Ірі қопырмалардың алаңы 50-60 га дейін жетеді.
Соңғы жылдары Қазақстан тауларындағы опырмалар құбылыс өрістеген техногендік жүктемеге байланысты саяжай учаскелерінің кесінділері есебінен жандана түсті. Тау беткейлерінің табиғи геоморфологиялық тепе-теңдігі олардың жол, саяжай үйін салу, су құбырларын өткізу және басқа құрылыстарды салу кезінде тірегінің кесілуінен бұзылады, сонымен қатар өсімдік-топырақ жамылғысы бұзылып, беткей топырағы суырмалы сумен ылғалданады. Опырмалар бұрын олар байқалмаған жерлерде де пайда болады.
Тұрғындар қопарылманың басталғандығы туралы хабарды алған бойда үй-жайдан жылдам шығып, төңіректегілерге қауіп туралы ескертіп, қауіпсіз орынға барған жөн. Үйден шығарда пешті өшіріп, су мен газ бұрандаларын жауып, жарық пен басқа да электр қондырғыларын ажырату қажет
Қар басу.Қар басу – табиғаттың тосын күштері көріністерінің бірі. Бұрқасынмен, қарлы боранмен тығыз байланысты. Ол бірнеше сағаттан тәулікке дейін жауған қалың қардың әсерінен пайда болып, қалыпты тіршілікті бұзады, ал кейде адамдар құрбандықтарына, малдың шетінеуіне және материалдық құндылықтарының жойылуына әкеліп соғады.
Қардың басуы, боран туралы хабар алған бойда, уақыт болса, кедергілер орнатылады. Жолдың ғимараттың шетінен желге қарсы бағытта арасы 15-20 метр қалқан, қар тосқауылы қойылады.
Қар жауған кезде және одан кейінгі уақыттағы негізгі жұмыс түрлері: жоғалған адам мен малды іздеу; запрдап шеккендерге алғашқы дәрігерлік көмек көрсету; жол бойындағы, үй-жай төңірегіндегі қарды тазалау; жолда тұрып қалған көлікке көмектесу; коммуналдық және энергетикалық желідегі аварияларды жою.
Барлық жұмыс бірнеше адамнан тұратын топпен бірге жүргізіледі.
Егер қар басуға автомобильмен келе жатып тап болсаңыз тоқтап, тұрған жерді белгілеу керек, ол үшін ашық матаны ілген жөн. Машинаның үстін толығымен жауып, двигательді радиатор жағынан қымтау керек. Машина капотын желге қарай бұрып, отынды үнемдеу үшін, пешті ұдайы қоспаған жөн. Машинаны қар басып қалу қаупі болса, есіктің бірін жиі ашып, күртік қарды әрірек сырыңыз. Далада қалған машинада қатты тоңсаңыз да қозғалтқышты қоспаңыз, ол жұмыс істеп тұрған кезде бүлінген улы газ автомобиль ішіне жиналып, қақаған суықтан бұрын өзіңізді өмірден алып кетуі мүмкін.
Машинадан шыққанда міндетті түрде өзіңізді арқанмен байлаңыз (Бір ұшын автомобильде қалдырыңыз). Адам үйден немесе машинадан жарты метр ұзағанда бағдардан айырылып, қаза болған жағдайлар көптеп кездеседі.
Жолдағы көкайғақ аса қауіпті, ал қилысы көп жерлерде автомобиль қозғалысын мүлдем тоқтатуы мүмкін. Жаяу жүру өте қиын, әр түрлі заттардың құлауы және ұшуы өте қауіпті. Бұл жағдайларда ескі құрылыстардың маңынан, электр желілерінің және олардың діңгектерінің жанынан аулақ кеткен жөн.
Қар басуы, боран туралы хабарды алған бойда, уақыт болса, жалпы қоршаулар, жолдағы ғимарат шетінен 15-20 метр қашықтықта жел соғатын жақтан қалқандар орнатылады.

4-сурет. Қар басу.
Сырғыма. Сырғыма – ауырлық күшінің ықпалымен өзендер мен көлдер, теңіздердің тік жағалауларынан, таулар мен сайлардың жыраларынан топырақ массасы мен тау жыныстарының төмен қарай тайғанап ығысуы (сырғанауы). Көбінесе жыралардың сумен шайылуы, оның мол жауын-шашынмен шектен тыс ылғалдануы, жер сілкіну немесе адамның іс-әрекеті (жарылыс жұмыстар және т.б.) болып табылады.
Сырғанау кезінде топырақ көлемі ондаған және жүздеген мың текше метрге дейін жетіп, кейбір жағдайларда одан да көп болуы мүмкін. Сырғыманың тайғанап ығысуының жылдамдығы жылына бірнеше метрден, секундына бірнеше метрге дейін ауытқуы мүмкін. Сырғыманың тайғанауының ең көп жылдамдығы жер сілкіну кезінде байқалады. Топырақ массасының сырғуы тұрғын үйлер мен өндірістік ғимараттардың, инженерлік және жол құрылымдарының, магистральді құбырлар мен электр тасымалдау желілерінің қирап және құлауына, сондай-ақ адамдардың зақымданып және мерт болуына әкеліп соғуы мүмкін.
Сырғымаға қалай дайындалу керек
Сырғымалардың мүмкін болу жерлері мен мөлшермен шекарасы туралы ақпаратты зерделеңіз, сырғыманың пайда болу қаупі туралы хабарлау дабылын, сонымен қатар осы дабыл берілген кездегі іс-әрекет тәртібін есте сақтаңыз. Ғимараттардың есіктері мен терезелерінің ашылмай қалуы, сырғымақауіпті жартастар судың шығуы — бұл келе жатқан сырғыманың белгілері болып табылады. Жақындап келе жатқан сырғыма белгілері пайда болған кезде жақын маңдағы сырғыма станциясы бекетіне хабарлап, олардан ақпарат күтіңіз, ал өзіңіз ахуалға байланысты әрекет жасаңыз.
Сырғыма кезінде қандай әрекет жасау керек
Сырғыманың пайда болу қаупі туралы дабыл алған кезде электрқұралдарын, газ аспаптары мен су құбырлары желісін ажыратып, алдын ала әзірленген жоспар бойынша дереу көшуге дайындалыңыз. Сырғыма станциясының анықтаған сырғыманың ығысу жылдамдығына байланысты, қауіпті есепке ала отырып, әрекет етіңіз. Ығысудың әлсіз жылдамдығында (айына метр) өзіңіздің мүмкіндіктеріңізге қарай әрекет етіңіз (құрылысты алдын ала дайындаған орынға көшіріңіз, жиһазды, заттарды тасыңыз және т.б.). Сырғыма ығысуының жылдамдығы тәулігіне 0,5 – 1,0 метрден көп болса алдын ала өтелген жоспарға сәйкес көшіңіз. Көшу кезінде өзіңізбен бірге құжаттарды, құндылықтарды, ахуалға байланысты және әкімшіліктің нұсқауымен жылы заттар мен азық-түлік алыңыз. Дереу қауіпсіз жерге көшіңіз, және қажет болса құтқарушыларға қазуға, опырылымдардың астынан зардап шеккендерді алып шығуға және оларға көмек көрсету үшін жәрдемдесіңіз.
Сырғыманың ығысуынан кейінгі әрекет
Сырғыманың ығысуынан кейін сақталып қалған құрылымдар қабырғаларының, жабындарының жағдайы тексеріледі, электр-, газ-, сумен жабдықтау желілерінің зақымдануы анықталады. Егер де Сіз зардап шекпесеңіз, онда құтқарушылармен бірге зардап шеккендерді үйінделерден алып шығыңыз және оларға көмек көрсетіңіз.
453390254000
5-сурет. Сырғыма.
Тау тастарының құлауы. Тау жыныстарының кристалдық торларының температуралык, өзгерістер әсерінен кеңеюі мен сырылуының түрліше болуы физикалық үгілуге негіз болады. Бұл өзгерістер жыл маусымдары айқын ажыратылатын аудандар мен климат континенттілігі жоғары болатын, әсіресе тәуліктік температура үлкен айырма- шылық жасайтын жерлерде каркынды жүреді. Мұндай аудандарда үгілу әсерінен киыршьщтасты қорымдар түзіледі. Тау жыныстарындағы ұсақ. жарықшақтарға су кіріп, ол кеңейеді, түнге қарай мұз қатып, жарықтар одан әрі ұлғаяды. Мұндай құбылыс поляр маңы мен биік таулы жерлерге, сондай-ақ Сахара сияқты табиғаты «қатал» шөлдерге тән.
Химиялық үгілу дегеніміз — тау жыныстары мен минералдардың құрамындағы реакцияға тез түсетін заттардың (оттек, кемір қышқылы, тұздар, қышқылдар, негіздер) ауадағы су буының көмегімен өзгеруі және өзара әрекеттесуі нәтижесінде бұзылуы. Сондықтан химиялық үгілу ылғалды, ыстық климат жағдайындағы субтропиктер мен тропиктерге, сондай-ақ теңіз маңы аудандарына тән. Әдетте, үгілудің барлық әрекеттері қатар жүріп отырады, сондықтан айқын басымдылық танытатын әрекет түрі бірінші кезекте айтылады. Өсімдіктер өлемі мен жануарлар дүниесі де белгілі дәрежеде физикалық және химиялық үгілу әрекеттеріне қатысып, кейде тіпті оның жүру қарқынын күшейтеді.
Дауыл. Дауыл — жойқын күші бар және едуәір созылатын, 30 м/с жылдамдықпен соғатын жел.
Дауылдардың пайда болуына ауа айналымының ерекше жағдайында пайда болып, атмосферадағы тепе-теңдіктің өте жоғары жылдамдықпен аяқ асытнан бұзылуы әсер етеді.
Дауыл үлкен бүліншілікке ұшыратып, адам құрбандықтарын алып келеді, малдар шетінеп, материалдық залал келітреді.
Ең қауіпті аймақта тұрғын үй салуға тыйым салынып, ал қалған аймақтарда сейсмикалық аудандар үшін қабылданған құрылыс нормалары енгізіліп, онда пайдаланылатын материалдардың қолайлы үлгілері көрсетілуге тиіс. Дауыл өзінің алапат күшімен инженерлік ғимараттарға жер сілкінісінен кем әсер етпейді.
Шаңдақ дауыл — бұл күшті жел салдарынан шаңның, құмның, топырақтың, тұздың және көлемі 1 мм аз басқа да бөліктердің ауаға көтерілуі.
Қазақтсан аумағында шаңдақ дауыл — сәуір, мамыр және қыркүйек айларында жиі байқалады.
Дауылдың жойқын салдарын төмендетудің тиімді шарасы, ол – таянған дауыл қауіпін тұрғындарға дер кезінде хабарлау және дауыл болып тұратын аудандарындағы осыны ескере отырып орналастыру. Ең қауіпті аймақта тұрғын үй салғызбай, ал қалған аймақтарда сейсмикалық аудандар үшін қабылданған құрылыс нормаларын енгізіп, бақылауға алып көмектесу керек.
Дауылдың жақындағаны туралы хабар алған соң, мына іс-әрекетті жүзеге асыру қажет:
Панахананы, жертөлені әзірлеу; есікті, терезені, шатырдағы (желдеткіш) люкті нығыздап жабу; саңылауларды бекіту; төбеден, лоджиядан, самалдықтан жел ұшырып кету қаупі бар заттарды шығару; даладағы заттарды бекіту немесе үйге кіргізу; газды, электр жүйесін ажырату, суды жабу; пешті сөндіріп, қажет болса қорғаныс панаханаларына барып орналасу керек.
Өндірісте барлық сыртқы жұмыстарды тоқтату, қондырғыларды бекіту, агрегаттарды, механизмдерді ажырату және панаханаларға жасырыну, ауылды жерлерде фермалардағы мал үшін жемнің, судың қорын даярлау, панаханада радиоқабылдағышты тұрақты қосып қою керек. Ғимарат ішінде болған әйнек, шыны сынықтарынан және жарықшақтардан сақтанған жөн. Далада қалған кезде ең жақын шұңқырды, жел өтінен сақтайтын жерлерді іздеу керек немесе жерге етпетінен жатады. Орманда қалғанда ең жақсысы ашық алаңға шыққан жөн, нөсерлі дауыл, найзағай жарқылдаған кезде жалғыз тұрған ағашқа жасырынбаңыз, электр беру желілерінің діңгектеріне жақындамаңыз. Дауылды жел, қарлы боран кезінде үйден тек ерекше жағдайда ғана бірнеше адам болып шығады. Шаңдақ дауыл жақындағанда үйде есік пен терезені нығыздап жауып, ғимараттан шықпаған жөн. Үй хайуанаттарын қорға немесе ғимарат ішіне қамау керек.
Егер сіз ауылдан алыс жердегі құмдақтағы жайылымда болсаңыз, малды тасаға жасыру қажет. Жақын жерде сексеуіл, шеңгел тәрізді бұталы жерде малды ұстай тұрған жақсы.
Егер дауыл кезінде елді мекеннен қашықта болсаңыз, көру қашықтығы азайып, адасып кету қауіпі туса, онда қозғалысты тоқтату қажет. Егер адассаңыз, жарақат алсаңыз, онда өз орныңызды білдіру мақсатында түтіні қатты шығатын матаны, бұтаны, көк шөпті жағып, дыбыс беріп, алыстан көрінетін ашық затты жерге іліп, қам жасағаныңыз жөн.
Егер шаңдық дауыл кезінде жапан далада қалсаңыз киімдеріңізді түймелеп, бас киімдеріңізді киіңіз. Көзіңізге шаң мен тас, қоқым түспес үшін арнайы көзілдірік киіңіз. Егер қандай да бір жамылғы болса, оны шаңнан, суық желден, дененің суынуынан қалқа ретінде пайдалануға болады.
Дауылдан, бораннан, буырқасыннан кейін құтқару бөлімшелері еңбекке жарамды тұрғындармен бірге жасырынған, жарақаттанған адамдарды шығарып, қауіпсіз жерге немесе емдеу мекемесіне апарады.
Таудың су тасқыны. Таудан аққан көп су аз уақыт ішінде дүлей күшке айналып, жолындағы тау тастарын, топырақтарын ала төмен құлайды. Олардың биіктігі 10-20 метрге, кейде 40-50 метрге дейін жетеді. Құлау шапшаңдығы секундына 3-5 метрді құрайды. Су тасқынының пайда болу себептеріне таудағы жауынның ұзақ болуын, мұздың кенеттен мол еруін, сол жердің топырағының бостығын, тас жиынтығының көптігін жатқызуға болады.
Республика бойынша 300-ден аса осындай қауіпі бар тау бассейіндері бар. Әсіресе қауіпті жерлерде Іле, Жоңғар, Талас, Алатау, қаратау, Кетмен, тарбағатай таулары жатады. Бұл тауларда осындай тасқындар жыл сайын болып тұрады.
Тау су тасқынынан сақтану жолдары:
•Жауын уақытында және жауын өткеннен кейін 2 күндей тауға шықпау;
•Тауда тек бұрын адам жүрген жолдармен жүру;
•Жазда тауда түс қайтқанда, күн қызғанда жүрмеу;
•Тұманды күні тауға шықпау;
•Тауда жүргенде айқайламау, шуламау (дауыс ауаға әсер етеді, ауа қарды қозғап жіберуі мүмкін);
•Қар басқан тау бөктеріне жақындамау;
•Егер тасқын жылжып келе жатқанын сезсеңіз, оның жолынан шығағу тырысу;
•Күнделікті теледидар, радиодан берілетін хабарларға көңіл аударып жүру.
Су тасқыны. Бұл құбылыс та біздің елімізде жерімізде жиі болып тұрады. Тек соңғы бес жылдың ішінде, Атырау облысының өзінде ғана бірнеше су тасқыны болды. Бұл өзгерістердің барлығы тек абиғат күштерімен ғана болып жататын құбылыстар. Әсіресе, Каспий теңізінің тасуынан Құрманғазы, Исатай аудандары көп зиян шегуде. Мал, қора, қыстақтар, үйлер суға кетуде.
Жайық, Ойыл, Эмбі өзедерінің суының көтерілуінен Қызыл-қоға, Жылой, Махамбет аудандары көп зиян шегіп отыр. Каспий теңізі мен Жайық өзендері Атырау қаласына қауіп төндіруде. Бұған қарсы облыс басшылары тиісті шаралар қолданып (жағаны бекіту, елді мекендерді қауіпсіз орындарға көшіруді), күрес жүргізуде. Осындай жағдай 2003-2004 жж. Шардара су қоймасында, Сырдария өзенінің батысында болып, үлкен материалдық шығын әкелді.
Су басу — өзен, көл немесе теңіз суының деңгейінің көтеріліп, жердің белгілі бір бөлігінің су астында қалуы. Ол елді мекендердің су астына қалуына, адам мен малдың өлім-жітіміне алып келеді.
Көптеген су басудың негізгі себептеріне нөсер жаңбыр жаууы, қардың, мұздақтардың үздіксіз еруі жатады.
Сырғымалар, бөгеттерден, тоғандардан кенет бұзылуынан пайда болатын су басу өте қауіпті болады.
Судың көтерілуінен болатын су басуы Қазақстанның барлық аймақтарындағы өзендерде болып тұрады. Оңтүстік Қазақстан өзендерінде мұндай құбылыстар ақпан-наурыздан, оңтүстік-шығыс және Шығыс Қазақстанда — наурыз – шілдеде, республиканың жазықтағы өзендерінде – наурыз-маусым айларында болады.
Жаңбырдан болатын тасқындар, Қазақстан аумағында таза түрінде негізінен оңтүстіктегі, оңтүстік-шығыстағы тау етегінде және ортасындағы өзендерде, сайларда көктемнің аяғында және жаз мезгілінде, сондай-ақ жазғы-күзгі мерзімде. Ертіс байссеіні өзендерінде байқалады. Орта таулы аймақтардағы жаңбыр тасқынының ерекшелігі сол, белгілі бір жағдайларда олардың селге айналуы мүмкін.
Қума желге байланысты апатты тасқын Қазақстан аумағында Орал өзенінде және Каспийдің бүкіл солтүстік-шығыс жағалауында болады. Атырау және Маңғыстау облыстарының бүкіл шаруашылық кешеніне орасан зор залал келтірген соңғы жылдардағы су тасқыны Каспий теңізінің деңгейінің көтерілумен ушыға түсуде.
Кептелулер мен тосқауылдардан болатын қирату салдары бар тасқынның таралу аудандары Іле, Жоңғар Алатауының, Шығыс Қазақстан өзендері болып табылады. Олар күз бен көктемде мұз жамылғысының бұзылуы мен пайда болуы кезінде байқалады.
Өзеннің жоғарғы бөлігінде мұз тосқауылдары топырақ бөгеттерінің бұзылуы жағдайында тасқын қас-қағым сәтте болуы мүмкін.
Қалған жағдацларда су басу қауіпіне дер кезінде назар аударуға мүмкіндік беретін азды-көпті уақыт бар. Алайда қардың көктемгі еруі, құбылмалы ауа райының созылуы, мұз жүрген кезде, қар еріп жатқанда және қолайсыз ауа райы кезінде батпақтардың үстімен жүрі өте қауіпті. Су батпақтардың сінгіштіген азайтады да, батпаққа батудың қауіпі туады.
Су тасқыны апаты кезінде мүмкіндігінше төменгі жерден жылдам кетіп, биік жерлерге көтерілу қажет.
Елді мекендегі тасқын кезінде қауіпсіздің көп жағдайда оның алдында жүргізілген сақтандыру жұмыстарымен қамтамасыз етіледі.
Республика аумағындағы көптеген тасқыдардың судың деңгейінің көтерілуінің болатындығынан белгілі. Алдын алу жұмыстарының тұтас жүйесі бар: судың басуы болатын аумақтың тасқын судың арнасын бұру; су қоймасы, ьөгет, тосқауыл тұрғызу; жағаны биіктету және түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу; ғимараттар мен үй-жайларды судан оқшаландыру қондырғысын қою; қысқа бұталы ағаштар отырғызу; жүзу және құтқару құралдарын жасау және даярлау; толқын соққыларына төзетін күрделі құрылысты тұрғызу; отбасының барлық мүшелерін жүзуге үйрету; қайықтың болуы; жақын орналасқан биік жерді білу; жақындаған зілзала туарлы хабарды алуға дайын болу; тұрғын үйдің жанына топырақ салынған тосқауылдар қою, топырақ төгу.
Тұрғындарды уақытша көшірудің басталуы мен тәртібі туралы жергілікті радио мен теледидар, ал жұмыс істейтіндерге кәсіпорын, мекеме және оқу орындары арқылы, ал өндіріс пен қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін халыққа тұрғын үй басқармасы органдары арқылы хабарланады.
Халыққа жиналатын орынды, жиналу мерзімін, көшу кезінде жаяу баратын бағыт, сондай-ақ апаттың күтілген көлеміне орай туындаған жағдайларды, оны ауыздықтау жолдарын және барысын және басқа да мәліметтер хабарланып отырады.
Уақыт жеткілікті болған жағдайда қауіпті аймақтағы халық дүние-мүлкімен бірге су басу аймағынан тыс орналасқан жақын елді-мекендерге көшіріледі.
Кәсіпорын мен мекемелер су қауіпі төнген жағдайда жұмыс тәртібін өзгертеді, ал кей жағдайда жұмыс мүлдем тоқтайды. Су басу ықтимал аймақта мектептер мен балалардың мектепке дейінгі мекемелері уақытша жұмысын тоқтатып, балалар қауіпсіз жерге орналасқан ментеп пен балалар мекемесіне ауыстырылады. Егер төменгі қабатта тұратын және кешенді адамдар судың көтерілуін байқаса, жоғарғы қабаттарға көтерілуге, егер үй бір қабатты болса, шатырға шығу тиіс. Жұмыста әкімшілік нұсқауымен белгіленген тәртіпті сақтап, биік орналасқан орындарға көтерілу керек. Далада кенеттен су басқан кезде дөңеске немесе ағашқа шығып, әр тұрлі жүзу құралдарын пайдаланған жөн.
Үйден (пәтерден) шыққан кезде өзіңізбен бірге құжаттарыңызды, құнды заттарды, аса қажетті заттарды, екі-үш тәулікке жеткілікті азық-түлік қорын алу ұсынылады.
Судың басуынан сақтауды қажет ететін және алу мүмкін емес мүлікті жоғарғы қабатқа, шатырға шығару керек. Үйден (пәтерден) шығардың алдында электр мен газды ажырату, пешті өшіру, есікті, терезені, ғимараттағы желдеткішті және басқа да саңлауларды нығыздап жабу керек.
Су басқан аумақтағы ададмдарды іздеу шұғыл ұйымдастырылып осы жұмысқа АҚ және ТЖ құрамалары, әскери бөлімдері, жүзу құралдарының экипажы мен басқа барлық қолда бар күш пен құралдар тартылады. Құтқару жұмыстары кезінде ұстамдылық танытып, құтқарушылар талабын бұлжытпай орындау керек. Жүзу құралдарына (қатар, қайық, желкен және т.б.) шектен тыс салмақ алуға болмайды, өйткені бұл адамдардың өміріне қауіпті. Көмектің бірінші кезекте балаларға, ауру адамдар мен қарттарға көрсетілетінін есте ұстаған жөн.

6-сурет. Дауыл.
Табиғи өрттер. Қазақстан Республикасында табиғи өрттердің негізгі түрлері ландшафты өрттер – орман, орманды дала және дала (егіс) өрттері болып бөлінеді.
Ормандағы өртті сөндірудің негізгі жолы суды пайдалану, ал мүмкін болмағанда өртті қолда бар құралдармен сөндіруге күш салады. Мысалы, отты топырақпен көму, оттың шоғын бұтамен жанып кетен жерге қарай сыпыру, қарсы от қою, тулақты немесе киізді пайдалану т.с.с.
Ормандағы өрттердің 80 пайызы халықтың еңбек немесе демалыс орындарында өрт қауіпсіздігі шараларын бұзуынан, сондай-ақ орманда ақаулы техниканы пайдалану нәтижесінде болады.
Орманның жоғарғы жағындағы өртті сөндіру қиын, сондықтан оны кедергі жасау, күйдіру және суды пайдалану арқылы сөндіреді. Бұл жағдайда кедергінің ені ағаш биіктігінен кем болмауы керек, ал жоғарыдағы өрт аумағының алдындағы күйдірілетін кедергінің (жердің) ені кемінде 150-200 м өрт қанаттарының алдында кемінде 50 м болуға тиіс.
Өрт адамдарға психологиялық тұрғыдан үлкен әсер етеді. Тіпті кішігірім өрттің өзінде адамдарды жаппай үрей билеуі адам шығынына әкелуі мүмкін. Өзін-өзі ұстап үйреген адам қиын сәтте өз өмірін құтқарып қана қоймай, басқа адамдарды, материалдық құндылықтарды да құтқара алады.
Егер сіз орман өртін сөндіру жөніндегі топқа кірсеңіз панахана орны мен оған апаратын жолдарды жақсы білуіңіз керек. Оттан қорғайтын киім киіп, керекті жарақтарды (адамдағы мүмкіндігішне арнайы киім, противогаз, каска, түтіннен қорғайтын маска) пайдалану керек, әр топта сол аймақты жақсы білетін жол серік болғаны дұрыс. Егер түтіндеу аймағындағы көру шегі 10 метрден аспаса, ода оған кіруге болмайды.
Өрттен адамдарды құтқару кезінде өте жылдам әрі тиімді қимылдау қажет, себебі түтін, улы газ, жоғары температурадағы ыстық, ғимараттың құлауы, тез жанатын және улы газ бөлетін заттардың болуы сияқты қауіптер кез-келген жерден шығуы мүмкін. Жанған ғимарат арқылы үсті-басқа ылғал мата (киім) жауып, түтіннен жоғарылай немесе тізерлей қозғалу керек.
Көп қабатты ғимараттарда, егер подъезден шығуға мүмкіндік болмаса, балконды, апаттық люк пен балкондағы баспалдықты, көрші подъезд арқылы, құтқаруға арналған төбенің люгін пайдаланыңыз. Құтқару жұмысына қатысатын адам, алғашқы медициналық көмекті көрсете білуге тиіс.
3581407683500
7-сурет. Табиғи өрттер

424815-22923500
8-сурет. Техногенді өрттер.
ТЖ-дың алдын алу – алдын ала жүргізілетін және ТЖ пайда болу қатерін мүмкін болғанынша азайтуға, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, залал мен материалдық шығын мөлшерін кемітуге арналған шаралар кешені.
2.3. Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардан қорғану шаралары
ҚР «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңының 14 бабына сәйкес алдын алу шараларына:
— ғылыми зерттеулер, жағдайды қадағалау, бақылау, ТЖ пайда болуына әкеп соғуы мүмкін аварияны, зілзала мен апатты болжау және олардың қаупі туралы хабарлау;
— ТЖ саласындағы білімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, қорғану шаралары жатады.
ТЖ саласындағы ғылыми зерттеулердің негізгі міндеттеріне мониторинг әдістерін әзірлеу мен ТЖ-дың деректер банкін жасау, ТЖ болжау, алдын алу әдістерін, бақылау шаралары мен қорғану құралдарын, оларды болжау, зардаптарына баға беру, олардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі нысаналы және ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзірлеу кіреді. Жағдайды қадағалау, бақылау мен табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ болжау қызметі (сейсмикалық қызмет, сел жүретінін хабарлау,
Радиациялық қауіпсіздікті бақылау жүйелері және басқалар) арнайы уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың жанынан құрылады және ТЖ алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттік жүйесіне енгізіледі.
2.4. Төтенше жағдайларды жою жұмыстары
Төтенше жағдайларды жою жұмыстарына – ТЖ пайда болған кезде жүргізілетін және адамдардың өмірін сақтап, денсаулығын қорғауға, залал мен материалдық шығындар көлемін азайтуға, сондай-ақ ТЖ аймағының одан әрі таралмауына бағытталған құтқару, авариялық-қалпына келтіру жұмыстары мен басқа да кезек күттірмейтін жұмыстары жатады. Осы жұмыстарды уақтылы атқару мақсатында ауданның АҚ және ТЖ қызметтері құрылады. Бұл қызметтер атқаратын жұмыс түрлеріне қарай тиісті техникамен, жеке құраммен, қажетті құралдармен жасақталады.
«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» ҚР Заңының 20 бабында:
— «табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ оқшаулау мен оларды жою жөніндегі бірінші кезекте жасалатын іс-қимылды бұрын бекітілген жоспарларға сәйкес ТЖ аймағында орналасқан авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарын тарта отырып жергілікті атқарушы органдар және ұйымдардың басшылары ұйымдастырады» делінген.
Бірінші кезекте жасалатын іс-қимыл кезінде халықты ТЖ аймағынан уақытша көшіру, ұйымдардың қажетті материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыру ісі жүргізілуі мүмкін, авария, зілзала немесе апат болған объектінің жұмысы тоқтатылады немесе тоқтатыла тұрады, ұйымдарда жұмыс режимі өзгертіледі, адамдардың жүріп-тұруы мен жүктердің тасымалдауына шектеу (карантин) енгізіледі, мүмкін болатын құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жүзеге асырылады, қоғамдық тәртіп пен объектілерді қорғау қамтамасыз етіледі.
ТЖ аймағының шекараларын ҚР заңдарына сәйкес тағайындалған ТЖ жою басшылары ҚР Үкіметі белгілеген ТЖ сыныптау негізінде айқындайды.
Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ жою кезінде шұғыл медициналық жәрдем көрсету қызметі дереу іске қосылады, ал ол жеткіліксіз болған жағдайда орталық мемлекеттік органдардың және ұйымдардың медициналық күштері мен құралдары тартылады (21-бап).
Халықтың, қоршаған ортаның және шаруашылық жүргізу объектілерінің табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ кепілді қорғалуын қамтамасыз ету үшін алдын ала материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық және басқа ресурстардың мемлекеттік резерві жасалады (24-1 бап).
2.5. Аудан, және ауыл әкімдерінің төтенше жағдай саласы бойынша атқаратын міндеттері.
Халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргізуші объектілерді төтенше жағдайлар мен олар туғызған зардаптардан қорғау мемлекеттік саясатты жүргізудің басым салаларының бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы заңдары мемлекет Конституциясына негізделеді және өзге де мемлекеттік нормативтік –құқықтық актілерден түзіледі.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде халықты, аумақты және шаруашылық жүргізуші объектілерді қорғаудың негізгі принциптері мыналар:
— жариялылық және халық пен ұйымдарды болжанып отырған және пайда болған төтенше жағдайлар, олардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шаралар туралы хабардар ету;
— төтенше жағдайлар кезіндегі құтқару, авариялық- қалпына келтіру және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу міндеттілігі, шұғыл медициналық жәрдем көрсету, тұрғындарды және зардап шеккен қызметкерлерді әлеуметтік қорғау, төтенше жағдайлар салдарынан азаматтардың денсаулығы мен мүлкіне, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге келген зиянды өтеу болып табылады.
Сонымен қатар бұл жерде Қазақстан Республикасының заңдары негізінде жергілікті халықтың төтенше жағдайлар саласында мемлекеттік әлеуметтік сақтандырылуға міндетті екенін ескеруге болады.
Қазақстан Республикасының «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» заңының 13 бабына сәйкес, аудандардағы, ауыл әкімдіктеріндегі жергілікті атқарушы органдар тиісті аумақтардағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою үшін жауапты.
1. Аудан әкімдері мен ауыл әкімдері жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шараларды ұйымдастырады;
2. Төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияны, зілзала мен апатты тергеуге (зерттеуге) қатысады;
3. Халықты (тұрғындарды) және ұйымдарды қауiпсіздік, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шаралар туралы хабардар етеді; (Қызметкерлер күшімен, БАҚ арқылы, байланыс және хабар беру құралдары арқылы, т.б. )
4. Төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шараларды ауданның бюджетінен, ауыл әкімдіктерінің қорларынан қаржыландырылады;
5. Материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық және басқа ресурстардың жергілікті қорларын құрады және пайдаланады;
6. Төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен тұрғындардың және қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын қамтамассыз етеді;
7. Азаматтардың денсаулығы мен мүлкіне, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге келтірген зиянның өтелуін қамтамасыз етеді;
8. Медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
9. Азаматтар мен қызметкерлер төтенше жағдайлар аймақтарында тұрғаны және жұмыс істегені үшін өтемақылары мен жеңілдіктер алуды өз құзіреті шегінде қамтамасыз етеді;
10. Төтенше жағдайлар жойылғаннан кейін қоршаған ортаны сауықтыру бағытында шаралар жүргізеді;
11. Ұйымдар мен азаматтардың шаруашылық қызметін қалпына келтіру бойынша шаралар жүргізеді.
Қорытынды
Жергілікті өкілді және атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару орган-дарының табиғи және тежногендік сипаттағы төтөнше жағдайлар саласындағы өкілеттігі
Жергілікті өкілді және атқарушы органдар тиісті аумақтағы табиғи және техкогендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою үшін жауапты болады
Жергілікті өкілді Органдар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласында
— жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар бас-шыларының төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шаралар туралы есептерін тың-дайды;
— төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі жергілікті қорлар, сондай-ақ материалдық-техникалық, азық-тулік, медициналық жәнебасқа ресурстардың жергілікті қорларьш құру туралы шешім-дер» қабылдайды;
— төтенше жағдайлар пайда болған кезде қоғамдық
тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, олардың ал-дын алу мен оларды жою жөнінде міндетті ережелер қабылдауға құқылы, оларды бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық көзделеді. Мідетті ережелер Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмеуге тиіс және дереу күшіне енеді.
Жергілікті атқарушы органдар табиғи және техно-гендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласында:
— төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды
жою жөніндегі шараларды ұйымдастырады;
— мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады, тетен-ше жағдайлардың пайда болуына өкеп соққан авария-ны, зілззла мек апа.тты тергеуге қатысады, лауазымды адамдарды, азаматтар мен ұйьшдарды белгіленген төртіппен жауапқа тартады;
— төтенш.е жағдайларды обьектілік және жергілікті төтендіе жағдайларға жатқызады, сол тетенше жағдай-лардың таралу ауқьшы мек аймақтарын анықтайды;
— халықты жәке ұйымдарды қажетті қауіпсіздік, тетеише жағдайлардын алдын алу мен оларды жою жөніндегі шаралар туралы хабардар етеді;
— тетеипіе жағдайлардың алдын әлу мек оларды жою жөншдегі шараларды жергілікті қорлардан қар-жыландыруды жүзеге асырады, материалдық-техника-лық, азық-түлік, медицикалық және басқа ресурстар-дың жергілікті қорларын қүрьш пайдаланады;
— төтенше жағдайларды жою кезінде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес, меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, ұйымдәр-дың материалдық-техникалық ресурстарын жүмьтлды-рады;
— төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен халықтың және қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын, азаматтардың денсаулығы мен мүлкіне, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші обьектілерге келтірілген зиянның өтелуін, медициналық қызмет көрсетуді, төтенше жағдайлар аймақтарында тұрғаны және жұмыс істегені үшін өтемақылар мен жеңілдіктер алуды өз құзіреті шегінде қамтамасыз етеді:
— төтенше жағдайлар жойылғаннан кейін қоршаған ортаны сауықтыру, ұйымдар меи азаматтардың шар-уашылық қызметін қалпына келтіру жөніндегі шараларды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы аумағында жергілікті өзін-өзі басқару орындарының табиғи және техногекдік сипаттағы төтенше жағдайлардьщ алдын алу мен олар-ды жою ісіне қатысуына жол беріледі, бұл халықтың жергілікті мәні бар мөселелерді дербес шешуін қамта-масыз етеді. Жергілікті езін-өзі басқару органдарының ұйымдастырылуы мен қызметі тәртібін заңда белгілен-ген шектерде азаматтардың өздері анықтайды.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі шаралар.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай-лардың алдын алу жөніндегі шараларға мыналар жа-тады:
— ғылыми зерттеулер, жағдайды қадағалау, бақы-лау, төтенше жағдайлардың пайда болуына әкеп соғуы мүмкін аварияны, зілзала мен апатты болжау және олардың қаупі туралы хабарлау;
— төтенше жағдайлар саласындағы білімді насихат-тау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, қорғану шаралары.
Тәжірибелік сабақ №3
3.1. Жарақаттар. Жарақатттардың түрлері. Балалар жарақаты.
Жарақаттар екі түрлі болып келеді:
Жабық жарақаттар
Ашық жарақаттар
Ұлпалардың, мүшелердің тұтастығының бұзылуы жарақат деп аталады.
3.2. Жабық жарақаттар
Жаралардың түрлері организмінің ауырсыну түрлеріне байланысты. Жара – терінің кілегей қабының және терең жатқан ұлпалардың жабық механикалық жарақаттануы. Оның белгілері ауырсыну, қабырғасының ажырауы, қан ағыс және қызметінің бұзылуы. Терінің эпидермисінің жаралануын жырылу, тырналуы дейді. Жараның жиегі, қабырғасы, түбі және қуысы болады.
Жиегі тері немесе кілегей қабықтан, қаырғасы – борпылдақ дәнекер ұлпадан, шандырдан, бұлшық еттерден тұрады. Анатомиялық табиғи қуысқа енген жараны қуысқа енген жара, ал жара дененің белгілі бір жерін тесіп өтіп, оның кірер және шығар тесігі болса оны тесіліп өткен жара дейді. Жара асқынып бүкіл денеге әсер еткен жағдайда жара ауруы дамиды.
Жараның түрлері. Жаралар үш түрге бөлінеді – операциялық, кездейсоқ және соғыс жаралар. Операциялық жаралар малға әр түрлі асептикалық операция жасағанда пішу, жарыққа операция т.б және абцесс, флегмона тағы сол сияқты инфекциялық процесстерді тіліп өңдегенде пайда болады. Кездейсоқ және соғыс жаралары себептеріне қарай тағы да бөлінеді. Олардың түрлері – түйірілген, шабылған, тілінген, соғылған, жыртылған, тістелген, жаншылған және уланған жаралар [1,6,8].
Түйілген жара. Ол үшкір заттармен (шеге, ағаш бұтағы, сым темір т.б) жарақатталғанда пайда болады. Бұл заттар денеге ұлпаларды ығыстырып көп жарақаттамай енеді. Мұнда жараның ауызы тар болып, кейде бітеліп тұрады. Көп қан ақпайды, бірақ анаэробты инфекция дамуы мүмкін, терең жатқан ірі қан тамырлар жараланып гематома пайда болып кетеді.
Тілінген жара. өткір заттармен жараланғанда болады. Мұндай жараныңаузы ашылып тұрады. Қан ағысы жақсы, тілініп пайда болғандықтан жиектері түзу, жара айналасындағы ұлпалар көп жарақатталмаған. Бұл жаралар көбінесе асқынбай уақытында жазылады.
Шабылған жара. Себептері – балта, қышқыл, күрек тағы сол сияқты заттардың әсерінен пайда болады. Тілінген жараға қарағанда қан аз ағады, ұлпалар көбірек жарақаттанады, тереңдігі сүйекке дейін жетіп кейде дененің шабылған бөлшегі салбырап тұарды.
Соғылған жара – жұмыр заттардың әсерімен пайда болады. Мысалы балғаман, таспен, малдың тұяғымен т.б. заттармен. Мұнда жар пайда болумен бірге оның айналасндағы тері, ұлпалар зақымдалады. Сүйек сынуы да мүмкін. Жарадан қанкөп ақпайды, жиектері тегіс емес, көбінесе мұнда тері және шел жараланғандықтан жара өте терең болмай қабырғасының ажырауы шектелулі болады.
Жыртылған жара. Жыртқыштардың тырнағымен, темір ілгек, қармақ, бұтақ-шегелерінің әсерінен пайда болады. Мұндай тері, оның астындағы ұлпалар созылып жыртылады, жұлынады. Сондықтан бұл жаралардың пішіні, тереңдігі бір емес, кейде жыртылған терісі слбырап тұрады. Қан көп ақпайды.
Тістелген жара. Малдардың тістерінен пайда болуы, мұндай ұлпалардың слғылуы, жаншылуы, жыртылуы да кездеседі. Тіспен жарға микробтар да енеді, басқа жараларға қарағанда жазылуы ұзаққа созылады және бұл жараларда құтырық вирусынан қауіп бар.
Уланған жара. Жараның беті улы химиялық заттармен, радиоактивтік элементтермен ластанып организмге қосымша зақымын тигізсе олар миксты деп аталады. Уланған жаралар жыланның, қарақұрт, шаянның шаққанынан да болады. Бұл жаралар өте қауіпті, сондықтан бұған жан – жақты хирургиялық және арнайы ем қолдану керек.
Жараға тән белгілері: ауырсыну, қан ағыс, қабырғасының ажырауы, қызметінің бұзылуы.
Ауырсынуы организмінің табиғи қалыптасқан қажетті қасиетінің бірі. Ауырсанғанын жерін мал қорғанып, сақтанады, ауру процесінің ары қарай дамып асқынуына кедергі болады. әринае қатты және ұзаққа созылған ауырсыну зияндығын да тигізеді. Жарада ауырсыну алғашқы кезеңінде қатты білінеді, кейінірек басылыңқырайды, кейде солқылдап ауырсынады.
Ауырсынған жараланған жердің жүйкеленуіне байланысты болады, неғұрлым жүйкесі көп жер жараланса соғұрлым ауырсынуы қатты сезіледі. Түлігіне қарай малдың сезімтал реакциясы әр түрлі болады. Ірі қара мал жылқыға қарағанда төзімді болады, ал қойлар, шошқалар, мысықтар, өте сезімді болғандықтан, естен тануы да байқалады.
Жараның негізгі бір белгісі – қан ағыс. Оның төмендегідей түрлерін айырады: сыртқы және ішкі, жараланған тамырларына қарай артериалды, венозды, капиллярлы, аралас. Уақытына қрай алғашқы, қайталанған немесе қайта пайда болған қанағыс. Кейде аррозионды қан ағысты бөлек айтады. Мұндай қан тамыры қабырғасынан немесе бір мүшелеодің сыртынан қан шым – шым пайда болып ағып тұрады.сыртқы қан ағыс жараланған сәтте пайда болып айқын білінеді. Ішкі қан ағыс сыртынан білінбейді, қан ұлпаларға дененің табиғи қуыстарына жиналады, сондықтан оларды ұлплардың немесе қуыс қан ағыс дейді. Егер қан буын қуысына жиналса оны гематроз, ал кеуде қуысына жиналса оны гематоракс деп қуыстың атына сәйкес атай береді. Осындай қан ағыстарда мал әлсірейді, қан тамырының соғысы жиіленіп, көрінетін кілегей қабықтары бозарыңқы болады. Демікпе байқалады, мал теңселіп айдауға жүргісі келмей, жатуға тырысады.
Алғашқы қан ағысы – жара пайда болған сәтте болады. Кейде қан бірнеше минуттан әлде сағаттан кейін пайда болуы мүмкін, оны кешігіп болған қан ағысы дейді
Қанталанған қан ағыс. Алғашқы қан ағысының тоқтатқаннан кейін, ол қайталануы мүмкін. Оның себептері –алғашқы қан жөнді тоқтатылмауында, пайда болған тромб қан ағысымен жұлынып кетуі, қосымша жарақаттануы, жараны таңған дәкені өрескел шешу, ауыстыру, жараның ішінде қалып қойған сүйек сынықтары мен және басқада бөгде заттарман жарақаттану, байланған қан тамырларының басқа жерден үзілуі.
Септикалық қан ағыс. Организм сепсиске ұшыраған жағдайда кездеседі. Оған себеп – қан тамырларының дегенерацияға ұшырауы, вазоконструкторларын жартылай салдануы, организмде тромбокиназ қорытылуының азаюы.
Қансырау. Қансырау ірі қан тамыр жарқатталғанда кездеседі. Алғашқы кезде малдың қан тамырының қабықтары бозаоып көкшіл тартады. Ол жатып қалып, кейіннен жағдайы ауырлап өліп кетуі де мүмкін. Мал түліктерінің қансырауға төзімділігі әр түрлі болады. Ірі қара малман қойлар төзімді келеді. Мысалы ірі қара денедегі 50 қаннан айырылғанда ғана өлуі мүмкін, ал жылқы қансырауды ауыр қөтереді, ауру арық малдар қансырауға төзімсіз келеді
Жабық жарақатың биологиялық процестері. Пайда болғаннан бастап жарда жазылу процесі басталады. Жараның айналасындағы әр түрлі патологиялық өзгерістер пайда болады. Олар сол жердегі қан айналасының, жүйке қызметінің өзгерістері, осыған байланысты. Биохимия және биофизикалық өзгерістердің әсерімен жара бірте – бірте өлі еттерден тазарып, қуысы ұлпаларға толып жазылады. Осы жараның басынан аяғына дейін болатын жазылу процесінің биологиясы дейді. Бұл процестің белгілері жараның екіншілік жетілуімен жазылғанда айқын байқалады да, ала жар бірінші жетілуімен немесе қабыршақтанып жазылғанда сыртқа белгісіз өтеді.
Клиникалық белгілеріне қарай Н.П.Пирогов жара процесінің үш сатысын айырады. 1) ісіну, 2) тазару, 3) грануляция сатысы. Цитологиялық және патологиялық өзгерістеріне қарай Н.Ф.Камаев жара процесінкелесі дәрулерге бөледі.
1.Ерте пайда болған – мұнда қабынудың алғашқы белгілері біліне бастайды.
2.Дегенеративтік – қабыну дәуірі.
3.Регенерация дәуірі.
И.И.Кузин үш кезеңі, регенерация, тыртықтану және эпителийлену кезеңін ажыратады. Жарадағы биофизика – химиялық өзгерістеріне қарай И.Т. Руфанов жара процесінің екі кезеңге бөледі. Гидротация кезеңі немесе жараның биологиялық өздігінен тазаруы, дегидротация кезеңі немесе регенеративтік қалпына келу кезеңі. Осы соңғы жіктелу ең қолайлы деп саналады
Гидротация. Бұл кезең жарада болатын морфо – биологиялық, биофизикалық-химиялық, иммунобиологиялық процестермен өтеді. Басты өзгерістер қан тамырларының зақымдалуларынан басталады. Капиллярлардың қабы созылып, қанның белок бөліктері ұлпаның сыртына сүзіліп шығадй. Тотығу – қалпына келу процестері нашарлайды. Осы жердегі патологиялық процесстердің үдеуіне жүйке жүйесінің қалыпты қызметінің өзгеруіне байланысты. Осылардың әсерінен жараның, оттегімен қоректенуі төмендейді. Қан тамыры арқылы оттегі зақымдалған жердің торша аралығына қаннан шыққан белоктарман баиланысып торшаның өзіне толық жетпейді, сондықтан зат алмасуы толық тотықпаған заттар көбейеді.
Көмірсутек алмасуының бұзылуынан сүт, пировиноград тағы басқа қышқылдар, белок алмасуы бұзылуынан – амин қышқылдары кетон заттары, майлар мен липидтер алмасуы бұзылғаннан – май қышқылдары көбейеді. Сөйтіп жараның ұлпаларында қышқыл заттар қөбейіп жергілікті ацитоз пайда болады.
Егер қалыпты рН 7 – 7.1 болса ацидоз рН 6,8 – 6,9 кейде одан да төмендейді. Осындай ацидоз және микробтар уыттары лейкоциттердің фагозитоздық қасиетін төмендетеді, қырылуына себеп созылады. Өлген лейкоциттерден протеолдық ферменттер бөлініп шығады. Осы ферменттердің және қышқылдардың әсерімен жоғарыдағы өлі еттер ыдырап, езіліп сұйық затқа айналады, осылай ірің пайда болады. Ірің жараның қуысынан жар толық тазарғанша ағады. Жардағы гитологиялық процестер физиологиялық белсенді заттардың жиналуына әсер етеді. Осымен қатар ұлпа сұйығында жараланған торшалардан шыққан К йоны көбейеді. Ол жараның ауырсынуын өршелендіріп, капилялляр қабырғаларының және торша мембраналарының өткізу қабілетін жоғарылатады. Осы жағдай жарға сұйық заттардың жиналуына қосымша әсерін тигізеді. Белок, май және көмірсулар ферменттердің әсерімен ыдырап, молекуларлы шоғырланып, жараланған жердің онкотикалық және осмотикалық қысымдары көтеріледі. Осындай өзгерістер қан мен лимфа айналасын нашарлатып, ұлпалардың өлі еттенуін үдейтеді. Жараның көлемі үлкейіп, оның қуысы өлі еттен және іріңнен жөнді тазармаған жағдайда ұлғая түседі. Ұлпалар қосымша өлі еттеніп ірің көбейеді. Жараның іріңнен тазаруы қиындай, организмде іріңді резорбтикалық қызба немесе сепсис пайда болуы мүмкін. Осы айтылған биофизика – химиялық процестерінің әсерімен ол біртіндеп өлі еттерден, іріңнен толық тазарады. Осы уақыттан бастап жараның жазылуының екінші кезеңі басталады [3,12].
Дегидратация.Бұл кезең қабыну процесі бәсеңдейді, жараның айналасындағы домбығу қайта бастайды, жараның беті сәл дымқыл болып қызарып бүшіктелген ұлпамен қапталып тұрады. Кейіннен толық жазылғанда жараның беті тыртықталады. Осындай өзгерістеріне қарай бұл кезең екі сатыға бөлінеді. 1 – сатысы – гранулды сатысы, 2 – сатысы – эпидермис және тыртық пайда болу сатысы.
Дегидратация кезеңінде жарадағы бірінші кезеңдегі патологиялық процестер бәсеңдеп, өлі еттерден тазарып, зат алмасуы қалыпты жағадайда өте бастайды. Осығант байланысты қышқылдық та азайып, ұлпалардың ыдырауы азаяды Са йоны көбейеді. Ол қан тамырлары және торша мембраналарын тығыздатады. Эксудаттар және ұлпа аралық сұйықтарда регенерация стимуляторлары және нуклеин қышқылдары көбейеді, олар белок құрастыруына қатысып, жазылу процестерін жеделдетеді. Осы процестердің әсерінен жараның қуысы жас дәнекер ұлпамен тоықтырылады. Кейіннен ол тыртыққа айналып беті эпидермиспен қапталады. Тотығу – қалпына келу процестері нашарлайды. Осы жердегі патологиялық процесстердің үдеуіне жүйке жүйесінің қалыпты қызметінің өзгеруіне байланысты. Осылардың әсерінен жараның, оттегімен қоректенуі төмендейді. Қан тамыры арқылы оттегі зақымдалған жердің торша аралығына қаннан шыққан белоктарман баиланысып торшаның өзіне толық жетпейді, сондықтан зат алмасуы толық тотықпаған заттар көбейеді.
3.3. Жарақатты шок. Жарақаттық шоктың пайда болуының алдын алу
Шоктың пайда болу себептері жөне оныц ауырлық кезеңдері
Шок—ағзаньщ жаракатқа жауап ретіндегі күрделі реакциясы. Ол ауырсыну жөне рефлекторлык тітіркен-діргіштер салдарынан туындайды. Шок кезінде орталык нерв жүйесінін жұмысы тежеледі, жүрек-кан айналым жөне тыныс алу жүйесінің қызметі бұзылады, артерия кысымы күрт төмендейді жөне зардап шегушінің жалпы жағдайы ауыр болады.
Шок себептері әр алуан. Шок, көбінесе, жұмсак тіндердің аукымды мылжалануы, кеуде жөне куьщ куысы мүшелері-нің немесе ірі нерв тармақтарының зақымдануы, сүйек-терінің жарықшақтанып сынуы, уатылуы, аяқ-колдын жұлынып кетуі, сонымен бірге ауқьшды күю, аралас зақымдану және т.б. болған жарақаттар кезінде байкалады. Оның себептері: салкындау, едөуір көлемде кан кету, сәуле ауруы, ашыну, шөлдеу, титықтау, зардап шегушіні селкілдегіш көлікпен тасу, зақымдау орнын, (мысалы, сынықты) нашар орау, жүйке бұзылуы болуы мүмкін.
Шоктың 2 фазасы (кезеңі) болады. Бірінші кезең (фаза) — козу: зақымданушы мазасызданып, ыңырсиды, көп аунақшып, қозғалады, тамыры қарқынды соғады. Бұл фаза (кезең) өте кысқа уакытқа созыльш, екінші фазаға ауысады — самаркаулык, бозару, суық тер басады, тыныс алуы тарылып, артериялық кан кысымы төмендейді,
Өр түрлі зақымдану кездерінде шоктан сақтандыру аса маңызды. Бұл жерде жоғарыда айтылған шоктьщ дамуына жағдай жасайтьш барлык факторларды ескерген жөн. Кез келген жаракат (өсіресе ауыр) кезінде ауруды жене кан кетуді азайту үшін барльщ мүмкіндікті пайдалану қажет. Сондай-ақ, шоктың туындауына жағдай жасайтын тоңу, аштық, шөлдеу, ерекпу, козу, толку сияқты факторларды жою өте маңызды. Шоктан сақтандырудың маңызды іс-шаралары қатарына сынықты дер кезінде жөне жаксылап таңып тастау, кан кетуді тоқтату, сондай-ақ дұрыс тасымалдау жатады.
АМЖЖ көлеміндегі іс-шараларға мыналар енеді: 1) дененін: зақымданған бөлігін таңып тастау (жара немесе күйік бар болса, ең өуелі стерильді таңғыш, ал қатты қан кетсе, қан токтататьш жгут салу керек);
зардап шегушіні жылыту (ыстық сусынды іш куысы органдары зақымданған кезде беруге болмайды, көрпеге орау, жылтқы қою); тері астына промедол (2% ерітіндінің 1 мг) немесе морфин (1% ерітіндінщ 1 мл), кофеин (10 % ерітіндінщ 1—2 мл), лобелин (1 % ерітіндінің 1 мл жіберу керек); барынша тыныштық сақтау керек.
Жараға таңғыш не жақтау кою кезінде, аддымен, шок жағдайында жатқан аурудың сыну бөлігіндегі киімін қию керек. Содан соң жапа шегушіні тез арада АМЖЖ-ға немесе таяу ауруханаға жібереді. Мұндай шүғыл тасымалдаудың алдында 20—30 минут бұрын ауруға тері астынан 1—2 мл 1 %-дық морфин ерітіндісін немесе басқа наркотик енгізу керек.
Закымданған жерге (аяк-колға) алдын ала койылған қан тоқтатқыш жгут дөрігерлік көмек керсетілгенше алынбайды, өйткені жгутты алу кезінде қанға зақымданған тін бөлінісшщ улы өнімдер (токсемин) түсуі нөтижесінде шок құбылысы өршиді. Шок жағдайындағы ауру медкыз-метшінің үнемі бакылап тұруын қажет етеді жөне оны мүмкіндігінше дөрігердің бақылауына өткізген дұрыс.
3.4. Ашық жарақаттар
Ашық жарақаттың негізгі көрінісі тері жабындыларының бүтіндігінің, шырышты және ішкі ағзалардың бүтіндігінің бұзылуы. Жара суық қарумен (холодное оружие) немесе тұрмыстық заттармен (қайшы, шанышқы, біз және т.б) тиуі мүмкін. Сыртқы көрінісіне байланысты жаралар: сұғылған (колотый), кесілген (резаный), шабылған (рубленный) болып бөленеді.
Сұғылған жаралардың сыртқы түрі алдамшы болады. Себебі бір қарағанда жара көлемінің кіші болуы, көп жағдайда қан ағу көрінісінің болмауы жеңіл түрдегі жара деп ойлауға алып келеді. Бірақ, мұндай жаралардан өмір үшін маңызды ағзалардың (асқазан, бауыр, бүйрек, ірі қан тамырлар) жаралануына әкеледі. Сондықтан осындай жаралар толыққанды тексеруді қажет етеді.
Ал келсіген жаралар болса, негізінен өткір заттармен жанаспалы қозғалыстан пайда болып, айқын көріністерді береді. Тері, теріасты қабат, тамырлар кесілуінен кейінгі қанау көріністерін аңғару оңай. Бірақ осындай жаралар сирек жағдайда беткей болып қана қоймай, тереңдей еніп, ішкі ағзаларға қауіп туғызады. Көпшілік жағдайда хирургтер сұғылған-кесілген жаралармен жұмыс істейді. Бұл кезде жоғарыдағы екі жараның да бірге кездесуі байқалады.
Шабылған жара қазіргі кезде сирек кездеседі. Олар зақымдалған аймақтың жаппай бұзылуымен негізінен куде, бас, мойын аумағында көрінеді. Металл заттардан басқа шабылған жараны басқа конструкциялы заттар да жасай алады. Мысалы жиі кездесетін жол көліп апатында адам автомобиль шынысына соғылғанда, қатты жел соққанда ұшып келе жатқан тас, кірпіш, шыны бөлінділері (көбінесе жер сілкінуі кезінде кездеседі) де себеп бола алады.
Ең соңында жыртылған жара өз алдына ерекше орынды алады. Мұнда тіндердің созылуы, тесілуі, жыртылуы байқалады. Бұлар иттер, жабайы жануарлар тістеуінен пайда болады.
Атылған жаралар ең қауіпті жаралардың бірі. Бұл жаралар сипаты атылған қару-жарақ калибрі, түрі, ара қашықтығына байланысты болады. Бірақ бұған қарамастар көп жағдайда бірдей жарақаттар пайда болады.
Атылған оқтың әсері жұмсақ тіндерді тесіп қана қоймай, оның жоғары кинетикалық энергиясы арқасында айналасында пайда болатын қысылған ауа да жұмсақ тінерді жаншып, тесілген жерден сыртқа тіндерді шашады. Оқтың траекториясы бойында жатқан сүйектер шашыранды түрде сынып, көп жағдайда айналадағы тіндерге зақым келтіреді. Жоғары жылдамдықпен келген оқ айналадағы жұмсақ тіндерде аз уақытқа пульсирленуші қуыстың пайда болуына алып келеді. Ол өз алдында тіндер ішінде жарылыс болғанмен пара -пар. Бұл қуыстың пайда болуы тіндерді оқтың диаметрінен 10 есе үлкен аймақты зақымдауына алып келеді. Бұдан шығатын тұжырым тіпті аз ғана калибрлі оқтың өзі жоғары жылдамдықпен ұшатындықтан, айналадағы тіндеріне 10 есе үлкен жара жасап зақымдайды. Оқ тиген жерде 3 зақымдалу пайда болады: ерте канал аумағы, біріншілік травмалық некроз аумағы (контузия), екіншілік травма аумағы (молекулярлы соғылу).
Барлық атылған жаралар оқтық (пулевые), бытыралық (дробовые), шашыранды (осколочный) болып бөлінеді. Әсіресе қазіргі заманауи қарулардан тиген оқтың зақымдаушы күші өте күшті. Ал автоматты қарудың әсерінен адамның тірі қауы екіталай жағдай.
Атылған жаралардың ерекше тобына жататын жарылудың әсерінен пайда болатын жарақаттар. Мұндай жарақаттар хирургтердің тәжірбиесінде көбінесе ланкестердің (террорист) шабуылынан кейін көп кездеседі. Зақымдаушы фактор жарылғыш заттың күшіне байланысты болады. Ашық аумақта (далада) мұның әсері онша біліне қоймаса, ал жабық үйлер, кеңістіктер ішінде кіші жарылғыш заттың өзі қауіп тудырады. Бұл жағдайда зақымдаушы әсерді тек шашыранды оқтар ғана емес, жоғары температура әсерінен күю, жарылу толқын (баротравма) болып табылады. Яғни бұл жағдайда комбинирленген травма көрініс береді.
Қан кетуден баска өрбір жара үшін ең кауіптісі — жараға микробтардың түсуімен байланысты туатын асқынулар мүмкіндігі.
Микробтар жараға жаралану кезінде (алғашқы инфекция) немесе алғашқы көмек, ем көрсету кезінде асептика ережелерін бүзу (екіншілей қайталанған инфекция) салдарынан түседі. Бір жағдайларда ірің туғызатын ұшыну процесі дамуы мүмкін (іріңтекті микробтар стафилококтар, стрептококтар), ал кейде тілме ушығуы жүреді (қалшылдау, дене ыстығыньщ көтерілуі, жара айналасының қызаруы, оның шеттерінің тегіс еместігінің анық байпқалуы).
Соғылған жөне мылжаланған тіндері бар жараларда жөне топырақ пен ластану кезінде газды гангрена туғызатын газды инфекция пайда болуы мүмкін (оттек жок жерде дамитын микробтардың көбеюінің, яғни анаэробты инфекцияның көрінісі — тіндердщ тез өлі еттене бастауы). Жараның инфекцияға ұшырауымен байланысты дамитын тағы бір кауіпті ауру — сіреспе (жараның сіреспе таяқшасы бар топырақпен ластануы). Клиникальщ тұрғыда сіреспе бұлшық еттердщ тырысьш қалуы, тыныс алу мен жүрек жұмысының бұзылуы, шайнау бұлшық еттердің қарысуы, тыныс алу мен кіші дөретке отырудың қиындығымен сипатталады. Соңғы екі жағдайда гангренаға жөне сіреспеге қарсы сарысу егу қолданылады.
Жаралану кезіндегі алғашкы көмек көрсеткенде, қан кетуді токтату, жараны таңғышпен жабу, тыныш қалыпта үстау үшін дененің закымданған бөлігін иммобилизациялау (түрақтандыру) жүмыстарын жүргізу керек.
Қанды уакытша токтату — алғашкы медициналык жөрдем керсету кезіндегі маңызды шаралардың бірі жөне қан кетудщ түріне байланысты оның төсілдері таңдалады.
Қан кетудің түрлері жөне оларға сипаттама. Қан кету дегеніміз — зақымданған кан тамырынан канның қүйылуы (шығуы) цан кету деп аталады. Зақым-данған тамыр сипатына сөйкес
артериялык,
веналык,
капиллярлык
паренхиматозды қан кету
Артериядан қан кету ірі артерияньщ зақымдануы кезінде пайда болады. Ол жарадан ал қызыл түсті канның шапшып ағуымен сипатталады. Ірі артериялардың (сан, иық) зақымдануы зардап шегуші өміріне кауіп төндіреді.

8-сурет. Артериялық қан кету.
Венадан қан кету ірі вена тамырларының зақымдануы кезінде болады. Жарадан кою қызыл түсті қан үздіксіз жайлап ағады. Кейбір веналардың (мысалы, мойын) жаралануы кезінде олардьщ ішіне ауа кетіп қалса, зардап шегушінің өліміне өкеп соғатын ауа эмболиясы дамиды.
Капиллярдан цан кету ұсақ қан тамырларының жара-лануы салдарынан пайда болады, оның ерекшелігі — жаранын жоғарғы бетінен кан ағады.
Паренхиматозды органдардыц (бауыр, көк бауыр) зақым-дануыкезтде байқалады жөне ол көбіне аралас болып келеді.
Қан ағу (құйылу) органға байланысты қан кету: сыртқы (кан терінің жарасы мен шырышты қабыкшасы арқылы сыртқа ағады) жөне іттткі (қан тіндерге, орган немесе ішкі қуыстарға кұйылады) болып бөлінеді. Кейде олар кеуде немесе іш куысы жарапанған кезде аралас болуы мүмкін.
Жарақаттану және қан кету кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық жөрдем. Жарақаттану кезіндегі алғашкы медициналык жөрдем (АМЖ) көрсетудің мақсаты — қан тоқтату (уакытша болса да), жараны ластанудан жөне оған микробтардың түсуінен сақтау, зардап шегушінің ауруын бөсеңдету. Алдымен жарақаты бар дене бөлігі жалаңаштандырылады. Киім не аяккиімді ақырын шешеді, кейде оны тігісі бойынша сөгеді. Екінші жұпка түспес үшін жараны саусакпен немесе аспаппен қарауға тыйым салынады. Асептика ережелерін қатаң сактау керек.
Байқалу уакытына сөйкес қан кету: алғашқы (жаралан-ғаннан кейін бірден кан кету) жөне екіншілей (зақым-данғаннан соң бірнеше уақыттан кейін) болып бөлінеді.
Капиллярлар мен кішкене тамырлардан кеткен қан таяу арада зақымданған тамыр маңында, егер қанның ұю дөрежесі төмен болмаса (сөуле ауруы — гемофилия), қанның қоюлануы нөтижесінде өзі тоқтауы мүмкін (канқатпа— қанның ұюы нөтижесінде). Қан кеп кеткен жағдайда қолма-кол өрекет жасалады.
Қан кетуді тоқтату мен жараға микробтардың түсуін болдырмау үшін көбіне жараға стерильді (асептикалық) таңғыш кою арқылы жүзеге асады. Мұның алдына жара шетіне 2 рет йодтың спиртті ерітіндісін жағады, ал ол жок болса, шетін этиль спиртімен, аракпен немесе одеколонмен сүртеді. Жара бетіндегі киім жыртындыларын немесе басқа денелерді (бос жаткан) еппен жара бетіне тигізбей алады. Теренде жатқан баска денелерді алмау керек, өйткені ол қан кетуді күшейтіп, жұқпа түсіруі мүмкін. Жараны жууға тыйым салынады.
Жараға таңғыш коюға жеке танғыш пакеттер (ЖТП) немесе алдын ала дайындалған стерильді таңғыштар қолайлы.
ЖТП резина қысқа жөне кағаз қабьщқа оралған екі макта — дөке жастықша мен бинт түріндегі стерильді (кейде антисептикалық зат сіңірілген) таңғыш материалдан тұрады. Жастықшаның біреуі жалпы бинт бойында қозғалады (таңғышты бекітуге арналған), ал екіншісі бинттін бос ұшына бекітілген. Пакетті пайдалану үпгін өуелі резина қабықты, ал содан кейін қағаз қабьщты ашады. Оң қолмен ораманы, ал сол қолмен бинт ұшын ұстап, жастықшаларды жазады да, жараға кояды. Оқ тесіп өткен жаралар кезінде жастықшанын бірін жараның кірер тесігіне, ал екінпгісін шығар тесікке қояды. Жастыкшаларды бинттеп, бинт ұштарын байлайды. ЖТП-ны колдану кезіндегі негізгі ереже — таңғыштың жараға салынатын ішкі бетіне қол тигізбеу (сыртқы беті қызыл жіппен тігілген).
Жараланғандарға жөрдем көрсету кезінде асептикалық таңғыштар да қолданылуы мүмкін, олар ендірісте төмендегідей түрде шығарылады:
1) мақта-дөке жастықшалары (65 х 43 см) мен оған тігілген тұрақтандырғыш тоқыма баудан тұратын үлкен асептикалық таңғыштар;
2) мақта-дөке жастықшаларынан (56 х 29 см) жөне дөке бинтінен (14×7 см) тұратын кіші асептикалық тащыштар.
Қатты қан кету кезінде оны уақытша токтату шара-ларын жасау керек. Жұмсак тіндердщ аукымды жаралануы, сондай-ақ сүйектер мен буындар зақымдануы кезінде аяқ-колды тасымалдау үпгін орнықтырып бекіту кажет. Қатты ауырсынуды азайту үшін, зардап шегушіге промедол (морфин) салады. Егер жараланушы бойынан жарақаттық шок немесе көп кан кету салдарынан жедел қан аздық белгілері сезілсе, қажетті шаралар жасалады. АМЖЖ-дан кейін жараланған адамға сіреспеге карсы алдын ала егу жұмысын жасау, антибиотиктер салу жөне өмірлік көрсеткіштері бойынша шұғыл көмек көрсетіледі.
Жара асқынуларынан сақтандыру. Жедел хирургиялық жұқпа өр алуан жөне көп кездесетін іріңді аурулардың (іріңді, ұшығу, терінің тілме ұшығуының өр түрлі формалары, лифангоит жөне лимфаденит, тромбофлебит, панарицит, сепсис) пайда болуьша себеп болады. Бұл жағдайда алғапщы медициналык жөрдем көрсету: құрғақ немесе мазь (жұқпамайлы) жағылған таңғыш (Вишневский жақпамайы, антибиотик-тер — пенициллин, синтомицин, тетрациклин) салу, аяқ-колды (үшкіл орамалмен, жақтаумен) таңып тастау, АМЖЖ-ға жіберу. Жалпы, қатты іріңді жұкпа (сепсис) белгілері байқалған кезде, зардап шегушіні дереу маман-дандырылған ауруханаға жіберу, алғашқы ушығу ошағына таңғыш салу, ал оны аяқ-қол аумағында тұмшалау кезінде аяқ-қолды таңып тастау қажет.
Кез келген зақымдану кезінде медициналық жөрдем көрсеткенде, сіреспенің алдын алу маңызды міндет болып саналды жөне ол тері астына сіреспеге карсы сарысумен анатоксин егу жұмыстарын жүргізуді қамтиды. Өрбір жаралыға сіреспеге қарсы сарысудьщ 1 сақтандыру дозасын, яғни 3000 АЕ антитоксиндік бірлігін егеді. Егер жара үлкен болса жөне топыракпен немесе киім жұлмаларымен ластанса, онда 2 профилактикалық доза (6000 АЕ) салынады. Ауыр жарапанған жағдайда сарысуды 7 күннен кейін кайта егеді. Басқа жараланулардың бөрінде сарысумен бірге бір мезгілде дененің басқа бөлігіне кеш пайда болатын сіреспенің алдын алу үшін тері астына 1 мм сіреспелік анатоксин 5—6 күннен кейін қайтадан 2 мл анатоксин егеді. Үш жаска дейінгі балалар жараланғанда сары судьщ — 750 АЕ, ал үш жастан жоғары балаларға — 1500 АЕ егеді. 13 жасқа дейінгі балаларға бірінші рет — 0,5 мл сіреспелік анатоксин, екінші рет, 5—6 күннен кейін — 1 мл, яғни ересек адам дозасының жартысын егеді. Газды гангрена кезінде ауруды дереу ауруханаға жатңызу керек. Сақтандыру тұрғысында оған бұлшьщ ет ішіне гангренаға карсы сары су коспасын (100 — 150 мл стерильді изатонды ерітіндінің —30000 АЕ) егу, жүмсақ тіндердің аукымды зақымдануы мен сынык кезінде (өсіресе топыракпен, нөжіспен ластанғанда) антибиотиктер колдану қажет жөне дер кезінде жараларға алғашкы хирургиялық өңдеу керек.
Асептика және антисептика туралы түсінік. Жараға жұқпаның түсуі кез келген жараның жиі кездесетін жөне кауіпті асқынуларының бірі болып табылады. Міне, сондықтан да барлық хирургиялык жұмыстардың негізгі жара жұкпасынын алдын алу (сактандыру) қағидасына тіреледі. Жараның беткі кабатына тиетін нөрсенін барлығында ауру туғызатын микробтар болмау керек, (стерильдену кажет), сондай-ақ жарага түскен микробтарды барышпа өлсірету кажет. Жара жүқпасының алдын алу жөне онымен күресу үшін қазіргі заманда хирургияда жұқпадан сақтандырудың біртұтас жүйесін кұрайтын асептика мен антисептиканың өр алуан төсілдері қолданылады.
Микробтарды жараға түскенге дейін жоюға бағытталған, сөйтіп, оны жұкпаға ұшыраудан сақтайтын іс-шаралардың (жара жұкпасынан сақтандыру өдістері) жиынтығы асептика деп аталады. Асептиканың негізгі заңы: жараға тиетін нөрсенің бөрі микробсыз, яғни стерильді болуы тиіс. Асептикаға қол жеткізу үшін, негізінен, микробтар үшін қатерлі жоғарғы температура (бумен, қайнату аркылы стерильдеу) және кейде өр түрлі химиялық заттар (спирт, йод), сонымен бірге ультрадыбыс, газдар, иондаушы сөулелену пайдаланылады.
Жарадағы микробтар санын азайтуға немесе оларды жоюға бағытталған іс-шаралар жүйесі антисептика деп аталды.
Антисептиканың төмендегідей түрлері бар:
механикалық (жұқпа түскен жараны алғашкы хирургиялық өндеуден өткізу, яғни микробтар мен өлітіндердіалып тастау мақсатында жараның түбімен шеттерін ойьш кесу):
физикалық (жараға ылғал тартқыш макта-дөке таңғышын салу, кептіргіш ұнтақ, тампон, білте, дөкенің ұзын жолағы түріндегі тампон немесе резина немесе пластмасса түтік түріндегі білтені пайдаланау, сондай-ақ жараны ауа көмегімен емдеудің ашык өдісімен кептіру).
Осылайша микробтардың өмір сүруі мен көбеюіне кедергі келтіретін қолайсыз жөне тіндердің ыдырау енімдерімен улы заттар токсиндерінің сіңуін азайтатын жағдайлар жасалады.
химиялық (бактериологиялық әрекеті микробтардың дамуы мен кебеюін басып тастайтын жөне бактерицидті өрекеті — олардың елуін қамтамасыз ететін антисеп-тикалық заттар колдану).
3.5. Балалар жарақаты және одан сақтану
Әр жыл сайын әлемде қайғылы уақиғадан 2000-нан аса бала қайтыс болады. Бір жылда бұл сан 800-ге дейін жетеді. Және бірнеше ондаған миллион бала ауырлығы түрлі деңгейдегі жарақаттармен ауруханаға түседі.
Жарақаттану бойынша ең жағымсыз жағдайлар ірі қалаларда байқалады. Жас ерекшеліктеріне қарай жарақаттануға ең бейім уақыт 6 жастан 12 жасқа дейнгі кезең, себебі бұл кезде балалар эмоцияға берілгіш келеді және өзін-өзі бақылау қабілеті төмен болады. Сонымен қоса жасы ұлғая келе жарақаттану саны да көбееді, ең көбі 11-14 жастағы балалар арасында болады.
Халық арасында балалардың алған жарақаттары жақсы аяқталады деген жаңсақ пікір қалыптасқан. Бірақ бұл олай емес. Бір қатар жарақаттардың (күйік салдарының тыртығы, көз жарақаттары, сүйектердің өсетін жерлерінің зақымдануы, ми және жұлынның жарақаттары) салдары балалардың 20 % мүгедетікке әкеледі. Осы жағдайларға байланысты балалар мен жасөспірімдер арасында қайғылы жағдайлар мен жарақаттанулардың алдын алудың өзектілігі жоғарылап келеді, бұл жағдайда медициналық профилактикадан ғана емес балалар мен оның ата-аналары арасында педагогикалық ықпал ету әдістерімен денсаулық қауіпсіздігі тәртібін қалыптастыруға бағытталған. Балалар арасында жарақаттанудың ең жиі кездесетін түрі соғып алу, сынықтар, дене мүшелерінің терісінің түрлі жырылып кетуі, ми шайқалуы. Баланың жарақаттану жағдайларының себептері көптеп кездеседі. Бұл жоғарыдан құлау, көшеде, пәтер ішінде, подъезде екпіндете қатты жүгіріп жүруі, шыныланған есіктер, қорғаныссыз орналасқан бұрыштар, ақаулы баспалдақтар сияқты жағдайлар болуы мүмкін. Ұрып соғу, төбелес, сөмкемен (әдетте 3-5 кг) ұру салдарынан бас сүйегі-ми жарақатын алуы мүмкін, бұл көздің көру өткірлігінің төмендеуіне, құлақтың шуылдауына, бас ауыруы, есте сақтау қабілетінің және жұмыс істеу қабілетінің төмендеуіне және т.б. әкелуі мүмкін
Мектепте жарақаттану көбінесе мектеп жабдықтарын бақылаусыз пайдалану салдарынан болады және бұл жағдай химия, физика, дене шынықтыру сабақтарында кездеседі.
Гипербелсенді және гипер немесе гипоқамқорлық жағдайында тәрбиеленіп жатқан балалар жиі жарақаттанып қалатынын ескере кету керек. Сонымен қоса, ол өз тәртібін бақылау бұзылымы бар және ақыл-есі төмен балаларда жиі кездеседі. Ақыл-есі біршама дамыған, парасаты жоғарылау балалар қауіпті сезініп одан сақтануға тырысады.
Жол-көлік жарақаттарын бөлек топқа қоюға болады. Жыл сайын автомобиль астында 30000 адам қайтыс болады, олардың әрбір оныншысы бала. Балалардың 63 % өзінің жол жүрісінде машина артынан күтпеген жерден шыға келетіндігінен жол-көлік апатына ұшырайды. ЖКА ең қауіптісі рельс жарақаттары, оның салдарынан жылына 1000-ға жуық ампутация болады. Балалар мүгедек болып қалады.
Балалардың үйде болатын тұрмыстық жарақаттарына – күю, тұрмыстық химиялық заттармен уланулар мен электр тогының соғуы жатады. Баланың ағзасына бөгде заттың тұрып қалуына байланысты жарақаттар да жиі кездеседі.
Жылы мезгілдің түсуіне қарай сумен байланысты жарақаттанулар саны көбееді. Жыл сайын орташа алғанда 14 000 адам қайтыс болады, олардың әр төртіншісі – бала.
Көптеген қатты жарақаттарды болдырмау мүмкіндігі бар, ол үшін ата-аналар мен тәрбиешілер өз балаларын жете қадағалауы қажет және балаларының айналасы қауіпсіз болуын қамтамасыз етуі тиіс. Ересектер ықтимал қауптердің алдын алып, балаларын ондайдан қорғауға міндетті.
3.6. Таңғыштардың түрлері
Таңу түрлері және дененің түрлі бөліктері. Таңу түрлері және дененің әртүрлі бөліктері. Дененің түрлі бөліктер-бас, аяқ-қол, кеуде, іш, сүйек сынуы туралы түсінік және олардың аяқ-қол сынуы жағдайында құрсаулаудың табельді және бас, бет сүйектері, омыртқа сынуы жағдайында таңу түрлері және дененің түрлі бөліктері:
Жараланғанда, зақымдалғанда, операциядан кейін әрқашан жараны таңудың екі-жұмсақ және қатты түрі бар. Желімдік таңулар негізінен сыртқы орта әсерінен таңу материалын лейкопластырь жолағының көмегімен ұстатуға желімдік таңулар қарын, кеуде, мойын үстіндегі бір байламдық таңу бинтпен таңу киын бір байламның көмегімен дененің кез-келген бөлігін сирақты байлағанда ораманы спираль бойынша сирақты бинттік байлауларды бинттің көмегімен жүзеге асырады. Бинттік танудың түрлері:
— айналдыра (дөңгелек) таңу бинттің дөңгелекті спиральды таңу - бинттің алғашқы жүрісі орналасады, ал содан кейін спираль түрін қалындығы бірдей болмаса, бинтті бүгу ұсынылады; крест түріндегі немесе сегіздік түріндегі таңу бинттеуде қолданылады; масақ түріндегі таңу крест түріндегі таңудың табылады, иық буындары таңылады.
— тасбақалық таңу жартылай бүгілген буындарға. Таңу кезінде кейбір ортак ережелерді сақтау. Таңғыш салынатын дененің бөлігі қозғалыссыз болуға бинттің ұшын оң қолымен, ал оның ұстап, таңғышты салушы жараланған адамға бетімен ол оң қолымен бинттің басын тарқатады таңғышты ұстап тұрады да, бинтті түзетеді. Бинт бір бағытта — солдан оңға таңғышты байлаудағы бинттің дұрыс бас жараланғанда зарарсыз таңғышты ораудың ережесі.
Зарарсыздандырылған таңуды аяқ-қолға салу ережесі. Аяқ-қолға әдетте зарарсыздандырылған, масақ түріндегі және саусақтың алақан немесе сыртқы беті жарақаттанғандағы иық пен білекті төменнен жоғары карай шынтақ буынына бинттің


9-сурет. Қолды тану түрлері


10-сурет. Аяқты тану түрлері.
3.7. Аяқ-қол сүйектерінің сынуы
Оқыс қимылдаған кезде, буында сүйектердің ығысуы шекті шамадан асып кеткенде байламдар закымдалады немесе созылады. Закымдалғаң буын айналасы ісіп, қатты ауырады. Байлам созылғанда тамырлар үзіліп, жарақаттанған жерге қан құйылады. Бұл кезде, алдымен, зақымданган жерге мұз, қар немесе салқын шүберек басу керек. 20 минуттан кейін қысып буатын таңғыш салып, зардап шеккен адамды медициналық мекемеге жеткізу керек.
Буынның шығуы. Буын басы буын ойысынан шығып кеткенде буын беттерінің жанасуы бұзылады. Сәл ғана қимыддан қатты ауыру байқалады. Мұндай жағдайда зақымданған жерге суық затты басып, зардап шеккен адамды қозғалтпай, жедел медициналық мекемеге жеткізу керек.
Сүйектің сынуы. Сүйектің механикалык беріктігі жоғары. Сүйек тұтастығының бұзылуы сыну деп аталады.Ашық сыну кезіндеі сүйек қана емес, тері, бұлшық ет және қан тамырлары да зақымданады. Мұндай жағдайда алдымен қан кетуді қысатын таңғыш көмегімен тоқтатып, жараны стерильді салфеткамен таңады. Содан кейін закымдалған жерді қозғалтпай шендеуіш (шина) салып немесе кез келген қолданбалы материалды (тегіс немесе мата оралған тақтай, қатты қатырмақағаз, т.б.) пайдаланып немесе зақымдалған аяқты сау аяққа қосып таңу керек (64, ө-сурет).
Кеуде қуысы сүйектерінің сынуы. Егер бұғана немесе жауырын закымданса, жарақаттанған қолды орамалмен мойынға таңып, қолтыққа мақта немесе кез келген матаны бүктеп қояды. Егер кабырга сынса, зардап шеккен адамды орындыққа отырғызып, терең дем шығартады да, кеуде куысын кысып дөкемен орап тастайды
3.8. Күйіп қалғандағы алғашқы медициналық көмек
Күйік жоғары температураның (термиялық күйік), химиялық заттың (химиялық күйік), рентген сәулесінің немесе ядролық бомба жарылған кездегі жарық сәулесінің (сәулелік күйік) әсерінен терінің зақымдануы.
Термиялық күйік – денеге жалын, қайнаған су, жанып тұрған және ыстық сұйықтық пен газ, қызған және балқыған металдар, напалмдардың тікелей әсерінен пайда болады. Зақымданудың ауырлығы әсер еткен температураның жоғарылығына, әсер етудің ұзақтығына, зақымданудың көлемі мен жайылуына байланысты. Қатты күйіктер әсіресе жалын мен қысымда тұрған будың әсерінен пайда болады. Аяқ-қол , көз, дененің басқа мүшелеріне қарағанда күйікке жиі ұшырайды.
Химиялық күйік – денеге жинақталған қышқылдардың (тұз, күкірт, азот, карбол) және сілтілердің (күйдіргіш калий мен күйдіргіш натрий, мүсәтір спирті, сөндірілмеген әк), фосфордың және ауыр металдардың кейбір тұздарының (хлорлы мырыш) әсерінен пайда болады.
Зақымдалудың ауырлығы мен тереңдігі химиялық заттың түрі мен жинақталуына, әсер ету созымдылығына, қай жер екендігіне байланысты. Химиялық заттардың әсеріне кілегейлі қабықша, тері жамылғысы мен мойын төтеп бере алмайды. Ал табан мен алақан мейлінше төзімдірек.
Сәулелік күю – ядролық жарылыстың жарық сәулесінен рентген мен күн сәулесінен пайда болады, сәулелік күйіктің сырттай алғашқы белгілері зақымдау дәрежесіне сәйкес келмейді. Зақымдау дәрежесі біршама кейінірек анықталады.
Термиялық күйіктің кезіндегі алғашқы медициналық көмек зардап шегушіге жоғары температураның ықпалын тоқтатуға, яғни жанған киімді сөндіруге, оны жоғары температура аймағынан әкетуге, оның денесінен күйген киімді шешуге бағытталады.
Күйіктің асқынуын болдырмау үшін күйіктің бетіне таза таңғыштар жабу керек. 1-дәрежедегі күйік кезінде таңғышты спиртпен, арақпен, калий пермаганатымен ылғалдап қоюға болады.көпіршіктерді қыздыруға, алуға немесе қандайда бір май жағуға (вазелин, мал немесе өсімдік) болмайды. Жағылған май ауруды жазуға көмектеспейді. Есесіне жұқпалылардың енуіне жол береді. Бұл өз кезегінде алғашқы медициналық көмекті көрсетуге, теріні алғашқы хирургиялық емдеуге кедергі келтіреді.
Химиялық күйік кезіндегі алғашқы көмек химиялық заттың түріне байланысты. Концентірлі қышқылдар күйдірген кезде (күкірттен өзге) күйіктің бетін 15-20 минут бойы суық сумен шаяды. Күкірт қышқылы сумен қосылып жылу шығарады. Бұл күйікті асқындыруы мүмкін. Сілті ертінділері (сабынды су, сода ертіндісі- стакандағы суға 1 қасыққосылады шаю оң нәтиже береді.
Сілтілермен болған күйікті сумен жақсылап шайып, соңынан сірке қышқылының әлсіз ертіндісімен тазалау қажет (стакандағы суға бір шай қасық асханалық сірке су) ем домнан кейін күйген жерге тазартылған таңғыш қоюға болады. Таңғышты ертінділермен ылғалдауға болады. Фосформен күйген күйік қышқылмен және сілтімен күйген күйікке қарағанда ерекше болады,
Оқиға орнында көмек көрсету
Бірінші тәртіп – күйген жерді мүмкіндігінше таза жаимамен жабу.
Терінің күйген бөлігін байлап тастауға немесе қатты түйуге болмайды.
Екінші тәртіп – целлофан пәкеттерін, пластикалық шөлмектерді қармен, мұзбен немесе суық сумен толтыру және оларды құрғақ жайма төселген күйген жердің үстіне қояды.
Үшінші тәртіп – күйік алған адамға 1-2 таблетка анальгин беру(оның есі болған жағдайда).
Төртінші тәртіп – зардап шегушіге жылы сусынды көп ішкізу және толық тыныштықта қалдыру.
Тері жамылғыларының тұтастығы бұзылмай 1-2 дәрежелі күйік болғандағы көмектер
1.күйген жерді жылдамырақ суық судың астында 10-15 минут ұстау
2.таза құрғақ матамен жабу
3.көпіршік үстіне суық зат қою (мұздық қаптама, мұзды су құйылған немесе қар салынған пәкет).
Алғашқы жәрдем егер адам күйік алса.
Күйік оттан, будан, қайнаптұрған судан, химиялық заттардан, күн сәуледен болу мүмкін.
4 дәрежелі күйік болады:

11-сурет. 4 дәрежелі Күйік.
Бірінші және екінші дәрежелі күйікте сұйықпен толтырылған көпіріктер (пузырьки) пайда болады. Үшінші және төртінші дәрежелі күйікте тек қана адам терісі ғана емес, сонымен бірге одан да терең тканьдар жарақатталады (обугливаются или свариваются).
Емделу:
1. Күйік жерін киімнен ажыратыңыз. (Огалите пораженный участок кожи)
2. Күйік жерін суық суға немесе ағып тұрған суық суға салыныз және ауыр басылғанша солай үстап тұрыныз (10 минуттан 30 минутке дейін).
3. Содан кейін күиік жерін матамен немесе басқа таза шүбірекпен орап қойыныз.
4. Маймен, креммен немесе мазьбен жағуғу тиім салынады.
5. Қөпіріктерді (волдыри) жармаңыз, әйтпесе оған микроп түсу мүмкін.
6. Егер күйік қатты немесе терең болса, онда оны дәрігерге көрсетініз.
3.9. Үсіп қалғандағы алғашқы көмек
Дене бөліктерінен аяқ пен қолдың саусақтары, құлақ пен мұрын үсікке шалдығуға бейім келеді. Өйткені суықтың әсерінен дененің осы бөліктеріне қан келу тежеледі де, егер дер кезінде көмек көрсетілмесе ол бөліктердің жасушалар өле бастайды.
Тар аяқ киім, киім, қолғап, ылғал киім мен аяқ киім адамның тез үсуіне бірден-бір себеп.
І деңгейлі үсік, үсудің жеңіл түрі - терінің түсінің өзгеруі, жылынғаннан соң ісу, қызару, ауырсыну сезіледі.
ІІ деңгейлі үсік теріде мөлдір түсті күлдіреуік пайда болады.
ІІІ деңгейлі үсік, теріде қанды күлдіреуік пайда болады, сезімталдық жоғалады. Жазылу өте ұзақ болады, артынша тыртық қалуы мүмкін.
IV деңгейлі үсік, үсіктің ең ауыр түрі - тері терең зақымдалады.
Дәрігер келгенге дейінгі алғашқы көмек – үсік шалған дене бөліктерін белсенді түрде жылыту қажет.

а) б) в)
12-сурет. Үсік шалған құлақ. а)1-ші дәрежелі үсік терінің беті қызарып ісіп тұр, б)2-ші дәрежелі үсік терінің бетіне күлдіреулер пайда болған, в)3-дәрежелі үсік терінің және бұлшық еттің жансыздануы.
Бірінші деңгейлі үсікке шалдыққанда теріні таза матамен қызарғанша сүртіп, зақымдалған жерлерді спиртпен, вазелинмен, маймен сүрту қажет.
Егер аяқ пен қол үсісе оларды жылы суда сабындап жуып, спиртпен сүртеміз. Аяқты жеңіл уқалаған пайдалы. Үсікке шалдыққан адамға ыстық су беру керек.
Саусақтың ұштары үсісе қолыңызды жылы суға малып (37-40 °С), қызарғанша уқалаймыз.
Үсікке шалдыққан қолды суық су астында ұстауға немесе қармен ысқылауға болмайды. Себебі қардың ішіндегі кішкентай кристалдар теріні зақымдайды.
Бір рет үсікке шалдыққан дене бөліктері суыққа өте сезімтал болады. Егер күн суыта бастаса жылы киінгеніңіз абзал.
Оба
(лат. pestіs – кенеттен басып кіру) – аса қауіпті зоонозды табиғи ошақты карантиндік жұқпалы ауру. Обаның өкпелік, ішектік, тері-бубондық, септикалық түрлері болады. Себебі Үеrsіnіа реstіs, бактериялық тобына жататын табиғи - ошақты жұқпалы ауру; адамға жанасу, ауа - тамшы және алиментарлық жолмен жұғады, сонымен қатар тасымалдаушылар - бүргелер арқылы жұғады карантиндік инфекцияға жатады.[1]
Табиғатта түрлі кемірушілер арқылы таралады. Адамдарға кемірушілерден, не бүргелерден жұғады. Ауру қоздырғышы таяқша тәрізді бактерияларды 1894 жылы бір-біріне байланыссыз жапон микробиологі С.Китазато (1853 – 1931) мен француз бактериологы А.Йерсен (1863 – 1943) (адамнан; 1897 жылы егеуқұйрықтан) тапқан. Оба таяқшасы (Yersіnіa pestіs) пішіні жұмыртқа тәрізді, ұсақ, қозғалмайды, талшықтары болмайды, спора түзбейді, анилинді бояғыш заттармен тез боялады. Кемірушілер денесінде 4 – 5 ай, бүргелерде 1 жылға дейін тіршілік етеді. Жұғу жолдарына қарай обаның бірнеше түрі бар. Мысалы, ауалы-тамшылы жолмен жұққанда өкпе обасы; тағам арқылы – ішек обасы; жанасу арқылы (мал сойғанда, терісін сыпырғанда, т.б.) не трансмиссивтік (бүрге шаққанда) жолмен жұққанда тері-бубон обасы, сирек септик. түрлері дамиды. Ауру тез тарайды. Ауру қоздырғышы сау адамға науқас адамнан жұғады. Аурудың жасырын кезеңі бірнеше сағаттан 3 – 6 күнге дейін созылады. Ауру аяқ астынан басталады, науқастың температурасы 39 – 40°С-қа көтеріліп, басы айналады. Организмнің күшті улануынан адам құсып, іші өтеді, есінен танып, үрей, ұйқысыздық пайда болады. Ауру асқынған жағдайда нау-қас өледі. Ал тері-бубон обасында бүрге шаққан жерге жақын орналасқан лимфа безі ісініп, бұршақ дәніндей қызыл түсті бөрткен (іші қанды іріңге толы) пайда болады. Бөрткен жарылып жараға айналады. Аурудан алдын ала сақтандыру үшін ауру шыққан жерлерге эпизоотол. және эпидемиол. тексеру жүргізіледі; сол аймақтағы тұрғындардың денсаулығы үнемі бақылауда болады; ауру ошағы дамыған жерге дератизац., дезинсекц. және дез-инфекц., сан.-ағарту жұмыстары жүргізіледі; шет елге баратын жолаушыларға обаға қарсы вакцина егіліп, ал келушілерге арнайы бақылау жүргізіледі. Емі: науқас адамды арнайы ауруханаға жатқызып, патогенетик. (әр түрлі ерітінділер құю), этио-тропты (антибиотиктердің бірнеше түрін бірден енгізу), гормондық препараттармен емдеу; карантин жариялау. Қазақстанда оба індеті бойынша жүргізілетін шараларды Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы атқарады. Республиканың 10 қаласында обаға қарсы күресу бекеттері мен олардың 13 ауданы бөлімшелері бар.

13-сурет. Обаның бубондық түрі.
Туберкулез.
Туберкулез ауруы көне заманнан белгілі. Ауру белгілері бұдан 7 мың жылдай бұрын неолит кезеңіндегі адам сүйегін зерттегенде табылған, біздің заманымыздан бұрын 3 – 2-мыңжылдықта египет мумияларынан анықталған. Туберкулездің клиникасы туралы алғашқы деректер 2 ғасырда өмір сүрген каппадокиялық дәрігер Аретейдің (Aretaіos) еңбектерінде кездеседі. Одан кейін Гиппократ, Гален, т.б. ғалымдардың еңбектерінде де туберкулез ауруы еске алынады. Бірақ олар туберкулезді жұқпалы ауру қатарына жатқызбаған. Ал Әбу Әли ибн Сина өзінің “Дәрігерлік ғылымның каноны” деген еңбегінде туберкулезді тұқым қуалайтын аурулар қатарына жатқызған. Туберкулездің жұқпалы ауру екенін бірінші рет италиялық ғалым Дж.Фракасторо (1478 – 1553) дәлелдеді.
Жұқпалылығы. Жұқпалы аурудың тарайтын негізгі көзі науқас адамнан түскен микробтары бар қақырық. Сау адамға ол негізінен туберкулезбен ауырған адам түкірген қақырықтың ұсақ сұйық тамшылары арқылы не кепкен түйіршіктерін ауамен бірге жұтқанда; сирек жағдайда туберкулезбен ауырған үй жануарларының сүтін шикілей ішкенде, етін шала пісіріп жегенде жұғады. Организмге туберкулез таяқшасының енуі ауруға себепші болғанымен, оның толық дамуы үшін жеткіліксіз. Адамдар туберкулезбен бұрын науқастанып, организмнің иммунитеті төмендегенде, дұрыс қоректенбегенде (әсіресе мал өнімдерінің белоктары, витаминдер тапшы болғанда), санитарлық-гигиеналық жағдайлар дұрыс сақталмағанда, сондай-ақ аурумен ұзақ уақыт бойы араласқанда ауырады. Туберкулез көбінесе үш жасқа дейінгі балаларда пайда болады, өйткені оларда ауруға қарсы иммунитет әлі де нашар дамыған, сондай-ақ жасөспірімдерде жыныстық жетілу кезеңінде пайда болады. Туберкулез негізінен тұқым қуаламайды. Туберкулезбен ауыратын адамдардың, әдетте, балалары ауру болып тумайды. Бірақ Туберкулезбен ауыратын ата-ана дер кезінде емделмесе, аурудан сақтану ережелерін дұрыс сақтамаса, дертті баласына жұқтырып, баланың Туберкулезбен ауруы мүмкін.
Туберкулез түрлері.Туберкулездің ашық және жабық түрлері болады. Ашық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болады, сондықтан туберкулездің мұндай түрімен ауыратын адамдар өте қауіпті деп есептелінеді. Ал жабық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болмайды, бірақ дерт асқынатын болса, туберкулездің мұндай түрімен ауыратын науқастар да ауру жұқтырады. Туберкулез таяқшалары әр түрлі органдарды, көбінесе өкпені зақымдайды. Аурудың біліну сипаты туберкулездің түріне, науқастың жасына, организмнің жалпы жағдайына байланысты. Аурудың ортақ белгілері: дене қызуының көтерілуі, түнге қарай көп терлеушілік, ұйқының қашуы және тәбеттің нашарлауы. Науқас жүдеп, ашуланшақ келеді, жұмысқа қабілеті төмендейді. Туберкулез таяқшалары түскен жердің тінінде кішкентай төмпешіктер пайда болады. Адам организмі сауыға бастаса мұндай төмпешіктер жойылып кетеді. Кейде бұл төмпешіктердің сырты қатты затпен қоршалып, беріштенеді. Мұны некроз ошағы деп атайды. Адам организмі әлсіреп, некроз ошағына қолайлы жағдай туса, сол жерде каберна (қуыс) пайда болады. Осы қуыста туберкулез таяқшалары дамып, кеңірдек арқылы өкпенің басқа бөліктерін зақымдайды. Мұндай науқастардың қақырығында микобактериялар мол болып, қақырыққа қан араласуы, тіпті қан кетуі де мүмкін.
Ауруды анықтау түрі. Ауруды әр түрлі әдіспен анықтайды. Туберкулезді ертерек анықтау мақсатымен балаларға тері астына дәрі жіберіп, жаппай тексеру жүргізіледі (Манту реакциясы). Халықты жаппай флюорографиялық (рентгенологиялық жолмен) тексерудің маңызы зор.
Емі.Туберкулезге қарсы арнайы егу (БЦЖ) жүргізіледі, ол сәби дүниеге келгеннен 3 – 5 күннен кейін іске асырылады. Ауруды емдеудің терапиялық, хирургиялық, т.б. әдістері табылып, күнделікті дәрігерлік жұмыста қолданылатын болды. Санаторийлерде емделу өте пайдалы. Қазақстанда туберкулезге қарсы жұмысты туберкулез мәселері ұлттық орталығы үйлестіріп отырады. Әрбір облыс орталығынданда арнаулы диспансер, жергілікті жерлерде олардың бөлімшелері жұмыс істейді. Республика туберкулезге қарсы қажетті дәрі-дәрмекпен, емдеу орындары төсек-орынмен жеткілікті қамтамасыз етілген.

14-сурет. Өкпедегі туберкулез таяқшалары.
Тәжірибелік сабақ №4
4.1. Дозиметрлік құралдар.
Дозиметриялық аспабы – радиация дәрежесінанықтауға арналған. Ол азық-түлік су, жем-шөп т.б. түрлі заттардың зақымдануын, сондай-ақ адамдардың радиация сәулелерін анықтайды.
Радиациялық және химиялық барлау аспаптары түрлі объектілердің зақымдану дәрежесі мен радиация деңгейін табуға, сондай-ақ сәлелендіру мөлшерін өлшеуге арналған. Олардың көбінде радиоактивті сәуле шығаруды табу және өлшеуде ионизациялық әдісті пайдаланады.
Бұл әдіс радиоактивті сәуле шығару қасиеттерінің бірін пайдалануға негізделген – олардың өздері таратылатын ортаны ионизациялау қабілетін, яғни, нейтралды молекула немесе атомдарды буға ыдыратуды көрсетеді. Егер газдың тұйық көлемін алып, оған электр кернеуін қосса, онда сәулелендіру кезінде пайда болған электрон мен иондар реттелген қимылға келеді: біріншілері - анодқа, екіншілері – катодқа жылжиды. Осының нәтижесінде электродтар аралығында ионизацияланған ток пайда болады, оның көлемдегі радиоактивті сәулелену мөлшерінің қуатына тура пропорционалды болады. Ионизацияланған ток күші бойынша радиоактивті сәулелену қарқындығын анықтау керек.
Сәулеленуді дозиметриялық бақылау үшін ИД-1 мөлшерінің жалпы әскери өлшеуіші, ИД-11 мөлшерінің дербес өлшеуіші, ДП-22 толымынан алынған өлшеуіштер мен ДП-70МП мөлшерінің дербес химиялық өлшеуіштері пайдаланылады.
ИД – 1 мөлшері өлшеуіштердің толымы жеке құрамның ұрысқа қабілеттілігін бағалау мақсатында алған аралас гамма нейтронды сәулеленумен жұтылған гамма мөлшерін өлшеуге арналған.
ИД-1 дозасын өлшеуіш толымы: 1-ИД-1 дозасын өлшеуіш, 2-заряд құрылғысына арналған ұя, 3-құты, 4-окуляр, 5-ұстағыш, 6-қорғауыш, 7-ЗД 6-ның зарядты құрылғысы, 8-зарядты-контактілі ұя, 9-зарядты құрылғысының тұтқасы, 10-бұру айнасы.
Аспап толымына 10 ИД-1 мөлшері өлшеуіштер мен ЗД-6 зарядты құрылғысы кіреді. ИД-1 мөлшері өлшеуіші 100рад/секундке дейінгі мөлшер қуаты кезінде 20-дан 500 радиусқа дейінгі диапазондағы аралас гамма нейтронды сәулеленудің жұтылған мөлшерін өлшейді. Өлшенетін мөлшер есебі өлшеуіштің ішінде орналасқан шкала бойынша жүргізіледі.
ИД-1дозасын өлшеуіш толымымен жұмыс істеу тәртібі:
- ЗД-6 тұтқасын ұстап тұрып, ИД-1 айналдыра, тұтқадағы үш қырлы зат көмегімен бітеуішті бұрап алу керек;
- ЗД-6 тұтқасын «Түсіру» тілі бағытымен тірелгенше бұрау керек;
- ИД-1-ді ЗД-6-ның зарядті-контактілі ұясына кигізіп, окулярмен бақылай отырып, айна бұрылуы арқылы шкаланың максимальді жарықтандырылуына жету қажет;
- өлшеуішті басып, окулярмен бақылай отырып ИД-1шкаласында жіп бейнесі «0» белгісіне қойылғанша тұтқаны «Заряд» тілі бағытымен бұрау керек;
- өлшеуішті ұядан шығарып, оны жарыққа бағыттай отырып жіп орнын тексеру керек; тік жағдайда жіп бейнесі «0» белгіде болуы керек;
- ИД-1 бітеуішін бұрау керек.
Басқа өлшеуіштер тұтқаның бір шеткі жағдайынан келесіге дейін 10 - 15 толық зарядталмаған немесе 3 - 4 толық зарядталған өлшеуіштерді тұтқаны бастапқы жағдайына қайтармай заряд беру арқылы «Заряд» тілі бағытымен тұтқаны бұра отырып зарядталады. Заряд алғаннан кейін ИД-1 –дің соңғы өлшеуішін алып, тұтқаны «Түсіру» тілі бағытымен тірелгенше бұрау керек.
ИД-1 ионизациялайтын сәулелену әрекеті аймағында жұмыс істеу уақытында киім қалтасында болады.
ИД-1 көрсеткіштерін есептеу кезінде, гамма-нейтрон сәулелену мөлшерін шкаладағы жіп бейнесі арқылы анықтайды. ИД-1 көрсеткішіне жіп бүгілу әсерін болдырмау үшін, есепті жіп бейнесінің тік жағдайы кезінде жүргізу қажет.
ДП – 22В мөлшері өлшеуішінің толымы.
ДП – 22В мөлшері өлшеуішінің толымы гамма сәулеленудің жеке дозаларын өлшеуге арналған.
ДП – 22В мөлшері өлшеуішінің толымы тура көрсететін елу ДКП - 50А мөлшері өшеуішінен және ЗД-5 зарядтау қондырғысынан тұрады.
Әрбір дозиметр алюминий құймасынан автоқалам түрінде жасалған.
Аспапты жұмысқа дайындау: қорек көзін және мөлшер зарядын токқа қосу.
Қорек көзін токқа қосу кезінде:
- потонциометр тұтқасын тірелгенше солға қарай бұру керек;
- қорек бөлігіне 1,6-ПМЦ-У-8 (145У) екі элементін орналастырып, оларды таңбаға сәйкес токқа қосу керек;
- қорек бөлігін қақпақпен жауып, бұранда арқылы бекіту керек.
ДКП-50А доза өлшеуішінің жарма көрінісі:
1-окуляр; 2-шкала; 3-корпус; 4-платиналанған жылжымалы жіп; 5-ішкі электрод; 6-конденсатор; 7-қорғаныш оправа; 8-әйнек; 9-ионизацияланған камера; 10-объектив; 11-ұстағыш; 12-үстіңгі тығын.
ДКП - 50А мөлшер өшеуішті жұмысқа дайындау:
- мөлшер өлшеуіштен қорғаныш оправаны (7) және зарядты құрылғының «Заряд» ұясынан қорғаныш қақпақты (6) бұрап шығару керек;
- потенциометр тұтқасын (4) шегіне жеткенше солға бұрау керек;
- мөлшер өлшеуішті «Заряд» ұясына (5) енгізіп, тірелгенше басу керек, бұл кезде көмескі жарық пен жоғары кернеу беріледі;
- окулярмен (1) бақылай отырып, тұтқаны (4) айналдыру арқылы мөлшер өлшеуіш шкаладағы (2) жіп бейнесін нөлдік бөлікке қою керек;
- мөлшер өлшеуішті ұядан шығарып, жарықта жіп жағдайын тексеру керек – жіптің тік жағдайында оның бейнесі шкаладағы нөлдік бөлікте болады; мөлшер өлшеуіштің қорғаныш оправасы мен қорғаныш қақпақты «Заряд» ұясына бұрап бекіту керек.

15-сурет. Аспаптың жалпы көрінісі.
4.2. Химиялық барлау аспабы.
Ауада, жергілікті жерде, техникада және басқа да объектілерде улағыш заттардың болуы химиялық барлау аспаптарының көмегімен немесе сынамалар алып кейін оларды химиялық лабораторияда талдау жолымен анықталады. Аспаптардың барлығының дерлік жұмыс принципі индикацияның химиялық әдісіне негізделген; оның мәнісі улағыш заттар (УЗ) реактивпен әрекеттескенде реактивтің түсі өзгереді не реакция сұйық ортада жүрсе тұңба түзіледі.
I. Химиялық барлау әскери аспабы (ХБӘА). Ауада, жергілікті жерде және объект бетінде УЗ-ны тауып анқтауға арналған (121 - сурет). Ол қақпағы, алып жүретін аспалары бар корпусқа орнатылған. Корпуста қол сорғы, сорғы саптамасы, индикаторлық түтікшелермен үш қағаз кассет, түтінге қарсы сүзгілер қорғаныш қалпақшалары, фонарь, жылытқы және оған арналған патрондарорналастырылған. Корпустың сыртында сынама алатын күрекше бекіліеді.
II. Ауадағы УЗ- ны анықтау. УЗ-ны анықтауды зариннан, заманнан және VХ – тен бастайды. Бұл үшін аспаптың қақпағын ашып, бекіткішін ысырып, сорғыны алады. Кассеттен қызыл шеңбері мен қызыл нүктесі бар екі индикаторлық түтікшені алып ұштарын қиып, ашады. Температура 5 С және одан төмен болғанда түтікшелерді жылытқыда 40С – дан асырмай жылытады. Ампула ашқыштың көмегімен индикаторлық түтікшелердің таңбасына сәйкес келетін таңбамен екі түтікшенің де жоғарғы ампулаларын сындырып ( таңбаланған ұштарынан ұстап), 2-3 рет қатты сілкеді. Бұдан соң түтікшелердің біреуін (тәжірибелігін) таңбаланған ұшымен сорғыға қойып 5-6 рет тартып – суырады (екінші түтікше – бақылаулық, ол арқылы ауа айдалмайды ).нақ сол ампула ашқышымен екі түтікшенің төменгі ампуласын ашып сілкеді де, олардың толтырғыштарының бояуы өзгеруін қадағалайды.
Тәжірибелік түтікше толтырғышының жоғарғы қабатының қызыл түске боялуы (бақылау түтікшесінде) сары түс пайда болған сәтте ауада зарин мен ви- икстің бар екенін
Егер екі түтікшедегі де толтырғыштың түсі бір мезгілде сары болып өзгерсе, ауада бұл У3 қауіпті концентрацияда болмағаны.
Нақ осы У3-ның қауіпсіз концентрацияда болуын осы ретпен, бірақ ауаны 30-40 рет сорғызып, төменгі ампулаларды бірден емес, сорудан кейін 2-3 минуттан өткен соң ашу арқылы анықтайды.
Қызыл шеңбері мен қызыл нүктесі бар түтікшенің не көрсеткеніне қарамастан, қалған түтікшелердің көмегімен У3-ны анықтауды жалғастыру қажет.
Ауада фосгеннің (диофосгеннің), синил қышқылының не хлороцианның бар екенін анықтау үшін үш жасыл шеңбері бар түтікшені ашып, оның ампуласын сындырып сорғыға қою керек те 10-15 рет сорғызу керек.
Одан соң түтікшені сорғыздан алып, түтікше толтырғышының түсін кассетке салынған эталонмен салыстыру керек. Бұдан кейін ауада иприт буының болуын ( бір сары шеңбері бар түтікшенің көмегімен) анықтайды; бұдан соң оны сорғыдан шығарып алып 1 минут ұстайды да кассетада бейнеленген түспен салыстырады. СS мен BZ-ке деген индикаторлық түтікшелері бар кассет болған жағдайда осы У3-ның ауада бар екенін анықтауға болады.
Температура төмен кезде ауаны тексеру жүргізгенде түтікшелерді қыздырып алу керек. Бұл үшін жылытқының орталық тесігіне патрон қояды да, патрон қалпақшысындағы тесік арқылы ішіндегі ампуланы қадалықпен сындырады. Ампуланың сынғанына көз жеткеннен кейін қадалықты патроннан суырып алады. Жылытқыны іске қосқаннан кейін оны индикаторлық түтікшелерді бүйірдегі ұяларға тығып қыздырып не жібітіп алуға пайдаланады. Мына бір жайтты еске ұстау керек: индикаторлық түтіктердің түсі ауада У3 болуынан ғана емес, улы не бүркеніш түтіндерінің негізгі сипаты қос қышқылдығынан да өзгеруі мүмкін. Сондықтан күмәнді жағдайларды ауаны тексергенде түтінге қырсы сүзгіні қолданып тағы бір рет тексереді.
ІІІ. У3-ның топырақта және сусыма материалдарды болуын анықтау. Бұл үшін қажетті индикаторлық түтікшені алып оны сорғының басына орнатады. Бұдан соңсорғыны саптамаға жалғап, қысқыш шығыршықты ысырып саптаманың құйғышына топырақтың (сусыма материалдың) үстіңгі қабатынан күрекшемен іліп алып қорғаныш қалпақшаның ернеуіне дейін салу керек. Құйғыш түтігіне қарсы сүзгімен жабылады да, қыспа шығыршықпен бекітіледі, сөйтіп сорғы қажет мөлшерде сорылады. Бұдан әрі түтінге қарсы сорғыны, сынама мен қалпақшаны лақтырып, индикаторлық түтікпен қалпақшаны лақтырып, индикаторлық түтікшені шығарып алады да, жоғарыда көрсетілгендей амалдармен У3-ны анықтайды.
ІV. Жергілікті жерде, техникада, киімде және әр түрлі заттарда У3 болуын анықтау. Анықтауды ФОЗ-дан бастайды. Дайындалған түтікшені сорғыға орнатады, саптаманы жалғап, қорғаныш қалпақша кигізеді де, саптаманы зақымдану белгілері неғұрлым анық тұстарды қалпақша қамтитындай етіп топыраққа не тексерілетін объектінің бетіне кигізеді; осыдан соң қажетті мөлшерде сору жасалады. Бұдан әрі саптаманы ағытады, қалпақшаны тастайды, сорғының басынан индикаторлық түтікшені алады; кассеттік құлаққағаздағы нұсқауларды ала отырып УЗ-ны анықтауды жүргізеді.

16-сурет. Химиялық барлау әскери аспабы (ХБӘА)
V. Тәжірибелік сабақ №5
Жеке қорғаныс құралдары.
Адам денесін қорғау үшін арнайы киім, арнайы аяқ киім, бас киім қолғаптар қолданылып қамтамасыз етілғді.
Балқыған металл тамшыларынан қорғау үшін кендір, брезент және жүннен жасалған киімдер, ал қышқылдан қорғау үшін – резіңке және перхлорвинилден жасалған арнайы киімдер қолданылады.
Адамның көзін қорғау үшін арнайы көзілдіріктер қолданылады. Металл дәнекерлеу кезінде көзді қорғау үшін қара шынылы ТС-3 көзілдірігі пайдаланылады, ал қышқылдармен шаңды жерлерде – герметикалық көзілдіріктер қолданылады.


17-сурет. Герметикалық көзілдірік
Жұмысшылар мен қызметкерлердің тыныс алу органдарын қорғау үшін фильтірлік және изоляциялық құрал-саймандар қолданылады. Тәуелді сүзгі (фильтірлік) өзінің құрылысына қарай, қорғану құралдары аэрозольге қарсы (ФА), газдарға қарсы (ФГ), әмбебап (ФУ) болып бөлінеді.
Сүзгі элеметтер белгілі уақыттардын кейін ауыстыру қажет.
Зиянды заттар шоғырлы өте жоғары мөлшерлі болған кезінде немесе ауадағы оттегінің шамасы 16% төмен болған кездерінде изоляциялық қорғау құралдарын қолдану қажет. Жұмысшыларға арналған тыныс алу ауа түтіктер арқылы немесе арнайы баллондар көмегімен беріледі.
Жабық жабдықтар қолданудың, химиялық процестері бөлек бөлмелерге шығарудың, кәсіпорын ішіндегі көлікті механикаландырудың, жетілдірілген ауа алмастыру жүйесін енгізудің нәтижесінде зиянды заттардың цехтардағы ауадағы концентрациясының ШЖБК-дан асуы сирек кездесетін құбылысқа айналды. Зиянды бөлімдері бар цехтар да жұмыс істегендерге қосымша қорғаныстық шаралар қорғаныс құралдары болып табылады. Дара қорғау құралдары келесі стандарттарға сәйкес болуы тиіс: арнайы киімдер, арнайы аяқкиімдер және қолды қорғау құралдары – МСТ 12.4.103-83; арнайы резенке етіктер – МСТ 12.4.072-79; комбинезондар – МСТ 12.4.100-80; сүзгілі респираторлар мен газқағарлар – МСТ 12.4.041-89 (СТ СЭВ 4565-84) (1997) ССБТ. т.б.
Келтірілген стандарттар талабы бұзілғанда дара қорғаныс құралдары өз қасиеттерін жоғалтады. Сондықтан қорғаныс құралдарының түзулігін және тексеру мерзімдерін бақылау кәсіпорын әкімшілігі мен еңбек қорғау қызметінің жүйелі түрде жүргізілуі қажет. Тексеруден, жарамсыз бөлшектерін алмастырғаннан және жөндеуден соң қорғаныс құралдарына келесі тексеру уақыты көрсетілген белгі қойылады. Қорғаныс құралдарын жуу, дизинфекциялау және жөндеу өндірістік жағдайға байланысты белгіленген уақыттарда кәсіпорын есебінен жүргізіледі.
Арнайы киімдерді таңдау жұмыскерлерге әсер ететін зияндықтар мен қауіптердің сипатына байланысты жүргізіледі. Қышқылдармен жұмыс істеу қашқылға төзімді маталардан тігілген арнайы киімдермен жүргізілсе, ылғалды цехтарда жұмыс істеу – сұға төзімді киімдермен жүргізіледі. Маталарға әр түрлі өңдеу нәтижесінде су сіңірмейтін, отқа және майларға төзімді, органикалық еріткіштерге төзімді қасиеттер беруге болады.
Жұмыскерлердің аяқтарын ылғалдан, агрессивтісұйықтардың әсерінен, төменгі температурадан, электр тогынан қорғау үшін табығи былғарыдан жасалынған аяқ киімдер қолданылады. Олар табаннан бөлінген ылғалдарды сіңіріп сыртқа шығарады. Ылғалды, агрессивті сұйықты ортада жұмыс істеуге резеңке аяқ киімдер беріледі. Көзді және тынысалу мүшелерін механикалық, химиялық зақымдардан, күйіктерден, шаңның және зиянды заттардың әсерінен қорғау үшін арнайы қорғаныс құралдары қолданылады. Олар көріністі шектемеуі және анық көрсететіндей болуы қажет; бетке жақсы отыруы – тиген жерлеріне жағымсыз әсер етпеуі қажет; берік, жеңіл және терден ылғалданбайтындай болуы қажет. Бұл құралдар жұмыс түріне қарай таңдалады.
Ауру тудырушы УЗ, РЗ қорғайтын жеке құралдары төмендегінше бөлінеді:
1.Тыныс алу органдарын қорғау құралдары
2.Теріні қорғау құралдары.
Тыныс алу органдарын қорғау құралына газқағар, респиратор, мақата дәкеден және шаңға қарсы матадан жасалған ПТМ-1 таңғыштар жатады. Бұларды тұрғын халық өздеріде жасап ала алады.
Газқағар жұмыс істеу принципіне орай изоляциялық және сүзбелі болып келеді. Сүзбелі газқағарға ГП-5, ГП-7, ГП-7М, балалар фильтрлі газқағарына ПДФ-ШСД жатады
3422650-508000

18-сурет. Газқағарлар ГП-5
1-газқағар қорабы; 2-гақағардың бет жақ бөлігі; 3- көзілдірігі; 4-клапонды қорап; 5- сөмке; 6- қорапты терлетпейтін пленка


19-сурет газқағар ГП-7
Сүзбелі газқағар – сүзбелі жұтқыш қораптан, сөмкеден, бет бөлігінен тұрады. Оны терлетпейтін пленкалы қорап немесе арнайы көз әйнегін терлетпейтін қалам жалғанады.
Жұтқыш сүзбелі қорап қаңылтыр сопақша болып жасалады. Төбесіне бұрама қия орналасады, газқағардың беткі бөлігін жалғастырады, ол қорап түбіне ішке тартқан демді өткізетін саңылау болады. Қорапта резеңкелі қақпақша болады, онымен сақтау кезінде қорапқа шаң-тазаң түспеу үшін саңылауды жауып қояды. Қорап шаңға қарсы сүзбемен және жұтқышпен жабдықталған.
Газқағардың беткі бөлігіндегі (шлем-маска) газқағардың тазаланған қорабы тыныс алу органдарына ауа жіберіп тұрады, сондай-ақ көз, бет УЗ, РЗ және БЗ түсуінен қорғайды, шлем маска резинадан жасалады; ол екі көз тұсындағы ойықтан, клапанды қораптан тұрады. Көз тұсындағы ойық көру шишасынан, ішкі және сыртқы ұстап тұратын тұтқасынан тұрады.
Клапанды қорап тұтылған ауаны бөліп тұрады, ол ішкі ауаны жұту клапаны және ауаны шығару негізгі және көмекші клапандарынан тұрады.
Газқағарға арналған қапшыққа газқағар сақталады және салынады. ГП-5 (ГП-5М) 19-суретте газқағарының қапшығы сүзбелі жұтқыш қорап және шлем-маска орналасқан бір бөліктен және екі қалтадан тұрады.
Газқағардың беткі бөлігі өлшеміне қарай дұрыс таңдалса, ол сенімді қорғау құралы болады, герметикалық (саңылаусыз), ауа кіргізбеуді қамтамасыз етеді.
Шлем-масканың өлшемін дұрыс таңдау үшін басты айналдыра иек астынан өткізе өлшеу керек. Өлшеу шамасына қарай 63 см дейінгі - 0размер; 63,5 см-тен 65,5 дейін - 1 размер; 66,0 см – 68,0 см дейін 2 размер; 65,5 см – 70,5 см дейін – 3 размер; 70,5 см ден жоғары – 4 размер болады.

20-сурет. ГП-5 газқағарының размерін өлшеу
Газқағарды алған кезде оны мұқият қарап барлық бөліктерін тексеріп, дұрыс жинап, саңылаусыз, ауа өткізбейтіндігін тексеру керек. Сүзбелі жұтқыш қорапты тексеріп қарағанда тот баспағанын, жаншылмағанын, тесік бар*жоғын мұқият қарау керек. Жаңа газқағарды киер алдында тезе мақтамен мұкият сүртіп, ал пайдаланған газқағарды киер кезде децинфекциялау спиртпен немесе 2% формалин қосындысымен сүрту керек. Газқағарды арнайы қапшыққа салып жүреді. Қапшық бауы оң иыққа салынып, қапшық адамның сол жағында болады. Газқағарды киер кезде дем алуды тежеп, көзді жұму крек. Жекелегіш газқағары (ИП-4) тыныс алу органдарын, көз, бет терісін барлық ауады сақталған улы қоспалардан қорғайтын арнайы құрал. Ол сүзгілі газқағар танас алу органдарын, көз, бет терісін қорғай алмаған кезде, сондай-ақ ауада оттегі жетіспеген кезде қолданылады.
Респираторлар. Лабораториялар мен өндіріс тәжірибесінде Р-2, ШБ-1, ШБ-2, сүзгіл респираторы кеңінен қолданылады. Салмағы жеңіл, жақсы сүзгілі теспираторлар тыныс алу органдарын қорғау үшін қолданылады. Р-2 респираторы ауаны жұтатын және шығаратын екі клапанды фильтрлі маскадан, мұрын қысқышынан, жүгеннен тұрады. Респиратор мөлшерімен өлшемі иекке қарай үш түрлі болып бөлінеді. Әр адам өзіне шақ респираторды таңдауы үшін бет ұзындығын өлшеу керек: 109 мм – 1 өлшем; 109-119 мм – 2 өлшем; 119 мм-ден жоғары – 3 өлшем.


21-сурет. Респиратор Р-2, 1-ауа жұтатын клапан, 2-мұрын қысқашы, 3,4-жүген, 5-маска, 6-ауа шығаратын клапан.

22-сурет. Респиратор ШБ-1
Дәке мақталы таңғыш төмендегідей жолмен дайындалады: ұзындығы 100 см, ені 50см дәке кесіп алынады; дәке ортасына 30х20 см мөлшеріне қалыңдығы шамамен 2 см етіп мақата салады; мақта салынбаған дәкенің бос жерлерін ұзына бойына екі жағынан түреді; дәкенің шетін екі жағынан шамамен 30-35 см етіп дәл ортасынан екі бау жасап қайшымен қияды. 24-сурет.
Дәке мақталы таңғыштың төменгі жағы, бұған, жақты тұтастай үстіңгі жағын көзге дейін толық жабады. Ауыз бен мұрын жақсы жабылады, таңғыштың кесілген төменгі бауы бас төбеге, жоғары бауы желкеден байланады.
Тыныс алу мүшелерін қорғау үшін шаңға қарсы, мата маска пайдаланады.

23-сурет. Дәке-мақта таңғыш.
Шаңға қарсы мата маска көрсетілгендей дайындалады.
Теріні қорғайтын құралдар. Ядролық, химиялық, бактериялық зақымдану кезіндегі және КӘЕУЗ таралуы жағдайына адамдардың бүкіл денесін қорғау ең басты мәселе. Бұл құралдар шартты түрде арнайы және қосалқы теріні қорғау құралдары болып бөлінеді.
Арнайы теріні қорғау құралдары УЗ, КӘЕУЗ, РЗ, БЗ-ы сияқты заттар тамшыларынан, будан теріні жақсы қорғайды, ядролық жарылыста пайда болатын сәулелену деңгейін төмендетеді. Теріні құралдары жұмыс істеу принципіне қарай сүзгілі және жекеленгіш болып бөлінеді.
37719011049000
24-сурет. Теріні қорғау Л-1 костюмі.
1-куртка, 2-капюшон, 3-бастын жүгені, 4-жеңіндегі бауы, 5-беліндегі бауы, 6-сөмке, 7-шалбар, 8-бәтінке, 9-баулар, 10-белдік, 11-қолғаптары.
Теріні жекеленгіш қорғау құралдары резеңкеленген матадан жасалады. Ол зақымдану ошақтарына дезинфекциялау, дезактивациялау, дегазациялау жұмыстарын жүргізу кезінде қолданылады. Теріні жекелегіш қорғау құралы тек жасақ құрамының жеке тұлғаларын қорғау үшін қолданылады.
Жекелегіш қорғау құралына: Л-1 жеңіл қорғау костюмы, теріні қорғайтын комбинезон, жалпы әскери қорғау костюмы жатады. Л-1 жеңіл қорғау костюмі капюшонды көйлектен, шалбар мен шұлғау, екі қолғап, подшлемниктен тұрады. Л-1 костюмінің, размерлері: 1-бойы 165 см-ге дейінгі, 2-бойы 165-172 см-ге дейінгі, 3-бойы 172 см-ден жоғары адамдарға арналған. Костюмнің салмағы шамамен 5 кг.

25-сурет. Теріні қорғайтын комбинезон.
Теріні қорғайтын комбинезон және костюм. Комбинезон басқа киетін капюшон, күртеше, шалбарымен тұтастай бірге тігілген. Комбинезон подшлемникпен, резеңкелі етікпен, резеңкелі қолғаппен бірге пайдаланады. Комбинезон өлшемі Л-1 костюмімен бірдей.
Жалпы әскери қорғау комплексі қорғау плащынан, шұлық, қолғаптан тұрады. Плащтың, капюшонның жеңі болады, плащ өлшемі мынандай: бойы 165 см адамдарға – 1 өлшем, бойы 165-170 см-ге адамдарға – 2 өлшем, бойы 170-175 см адамдарға 3-өлшем, бойы 175-180 см адамдарға- 4 өлшем, бойы 180 см-ден жоғары үшін 5 өлшемдер лайық келеді. Плащ салмағы 1,6 кг.
Теріні қорғаудың сүзгілі құралы – сүзгілі киімдер комплектісінен тү\ұрады. Бұл киім мақта-мата комбинезонынан тұрады. Ол комбинезонға арнайы химиялық қоспалар сіңдірілген. Ол химиялық қоспа Уз-ды денеге өткізбейді. Комплектідегі комбинезон өлшемі мынандай: 1 өлшем – бойы 160 см-ге дейцінгі адамдарға, 2-бойы 160-170см адамдарға, 3-бойы 170 см-ден жоғары адамдарға арналған.

26-сурет. Жалпы әскери қорғау комплектісі.
Тәжірибелік сабақ №6
Өткір сәуле аурулары
Өткір радиация (орыс. Проникающая радиация) — ядролық жарылыс кезінде тарайтын радиоактивті сәулелер (гаммасәулелер мен нейтрондар). Ядролық жарьшыс кезінде пайда болып, лезде жанжаққа тарайтын, көзге көрінбейтін және адамдар сезінбейтін сәуле ағыны. Өткір радиацияға атом жарылысы энергиясының 10-15 пайызы кетеді. Өткір радиацияның әсері 10-15 секундқа созылады да, ол организм клеткаларын иондап, оған зиянды биологиялық әсерін тигізеді. Оның әсерінен тірі клеткалар кобею мүмкіншілігін жояды да, сәуле ауруына шалдығады. Аурудың дәрежесін радиоактивті сәулелендірудің молшері арқьшы біледі, оны рентген көрсетеді. Тротнлді эквиваленті 20 мың тонна ядролык бомба ашық жерде жарылғанда эпицентрден 600 м қашыктықта сәулелену дозасы 10 мың рентгенге, 1 км қашықтықта 1000 рентгенге, 1,5 км қашықтықта 100 рентгенге жетеді. Әр түрлі заттардан (оның ішінде ауадан да) өткенде гамма-сәулелер мен нейтрондардың күші кемиді. Радиацияның әсері жабулы блиндаждардан, баспаналардан, тік ордан, үйлердің кабырғаларынан, кемелер мен танкілердің корпусынан өткенде азаяды. Бұлар сәулелерден де қорғайды. Жер астында немесе су астында жасалған ядролық жарылыстың әсерін жер қабаттары (немесе су) едәуір азайтады, қауіпсіздендіреді. Мыс., 10 см бетон, 14 см жер қабаты, қалыңдығы 25 см ағаш Өткір радиацияның күшін екі еседей кемітеді. Сондықтан да жарылыс кезінде арнаулы орындарга жасырынган адамдар бірдей кашықтыкта түрғанның өзінде радиацияның мөлшерін ашық жерде қалғандардан едәуір аз қабылдайды.
Сәуле ауруы. Бұл иондаушы сәуле әсерінен организмнің зақымдануынан болатын аурудың ерекше түрі. Сәуле ауруы төрт дәрежеге бөлінеді: бірінші дәреже 200 «Р» дозасын алғанда пайда болады, екінші дәрежелі сәуле ауруы ағза 300—400 «Р» сәуле дозасын алса, үшінші дәрежелі ауру — 500—600 «Р» дозасында және төртінші, ең ауыр дәрежесі 600 «Р» дозасынан асқанда сәуле ауруына душар етеді. Сәуле ауруы дамуының төрт кезеңі бар.
Біріншіі кезең — алғашқы реакция кезеңі — алынған сәуле дозасына байланысты орталық нерв жүрек-қан тамыр жүйелерінің қызметтері өзгеруімен қатар, қан қүрамында уақытша ақ түйіршіктер көбейіп, СОЭ арта түседі. Өте көп иондаушы сәуленің дозасы шок туғызып, соның салдарынан адам есін жимай өліп кетуі мүмкін. Аурудың алғашқы белгісі 1—2 сағаттан соң байқалып 48 сағатқа дейін созылады. Содан соң екінші сәуле ауруы кезеңі басталады.
Екінші кезең — аурудың білінбейтін кезеңі — екі аптаға дейін созылады. Клиникалық көрініс азды-көпті жөнделіп қан құрамы қалпына келеді.
Үшінші кезең тұсында —- адамның жалпы жағдайы әлсірейді, қанталауы айқындалып, сүйек майының қан түзетін қызметі төмендейді. Ауру асқынғанда ішек-қарын жолы ағзаларының қызметі де ерекше зақымдалады: лоқсу, құсу жиіленеді. Ауыз қуыс кілегей қабығында желіну, жара және ісік пайда болады. Ішкі бездер қызметі тәмендеп, ағзаның реакция туғызу қабілеті нашарлайды. Жалпы әлсіздік басталып, инфекция ошақтарының белсенділігі артады.
Төртінші кезеңде — алынған сәуле дозасы онша көп болмаса, ағза айыға бастайды. Болмаса сырқаттың созылмалы түріне ауысады
Іс жүзінде иондаушы сәулелену үшін адам организімінде кедергі жоқ. Организмге еніп, өз энергиясын бере отыра олар денедегі заттың кез келген молекуласын иондайды, олардың химиялық байланысын бүзады, бүл организмдегі биологиялық процөстердің қалыпты ағысы мен зат алмасуын бүзады. Бүл, өз кезегінде мидың, асқазанның, қалғанша бездің, орталық нерв жүйесінің және басқалардың жүмыс істеуін тоқтатуға алып келеді.
Адам сәуле ауруына үшырайды, оның ауыртпалық деңгейі сәлеленудің қуаты мен мөлшеріне байланысты. Сонымен қатар организм клеткаларында қауіпті ісіктердің пайда болуына алып келетін өзгерістөр өтеді.
I дәрежелі сәуле ауруы (жеңіл) — 100 — 200 рад сәлелену дозасы кезінде. Жасырын мерзімі 3-5 апта, бұдан кейін әлсіздік, бастың ауруы, температураның көтерілуі, лоқсу, пайда болады. Ауруды емдеуге болады.
II дәрежелі сәуле ауруы (орташа) — 200 — 400 рад сәулелену дозасы кезінде. Жасырын мерзімі 3-4 апта. Ауру белгілері анық білінеді. Өте жақсы емделген жағдайда екі—үш ай ішінде сауығады.
III дәрежелі сәуле ауруы (ауыр) — 400 — 600 рад сәлелену дозасы кезінде. Алғашқы белгісі анық білінеді әқ-сы 30 минуттан кейін қайта-қайта қүстыртып, дененің температурасы 33 градусқа жетеді. Ауру жедел және ауыр өтеді. Алғашқы аптаның өзінде ауыз кілегейі зақымдалып, гиперемия болуы мүмкін (қан белгілі бір орынға немесе үлпа учаскесіне қатты аққанда оның бір жердегі мөлшері артады немесе оның ағуы қиындайды), ауыз бен жүтқыншақ зақымданады, тері қабаттары қызарады. Терінің жәй немесе шөктен тыс қызаруы. Жасырын мерзімі 10-20 апта, бүдан кейін бас қатты ауырып, іш өтеді, есінен айрылады. Сәтті жағдайда бірнеше айдан кейін сауығуы мүмкін.
IV дәрежелі сәуле ауруы (өте ауыр) — 600 — радтан жоғары сәлелену дозасы кезінде 20-30 минуттан кейін алғашқы белгілері біліне бастайды. Дене температурасы 40° градустан асып, тері зақымданады. Дәрет сүйылады. Емдеусіз екі-үш апта бойында өледі. Аурудың барлығы дерлік өліммен аяқталады.
Радиацияның адамға әсері. Иондалған сәулеленуге аз ұзындықтағы толқынды электромагнитті организм сыртқы сәулелену әсеріне тек адам иондаушы сәулелену әртүрлі радиоактивті заттармен табиғи радиоактивті заттармен жұмыс жасаған кезде олардың радиоактивті заттар организмге түскеннен кейін қан медициналық мекемелер мен техникалық лабораторияларда рентгендік ионданушы сәулеленуге өндірістен мекемелерде
Сәуле ауруының патогенезі. Патогенез. Иондаушы сәулелер әсерінің негізгі ерекшелігі радиациясының (үлкен дозада) белок молекуласына тікелей иондаушы сәуленудің тікелей емес әсері судың радиоактивті сәулеленумен зақымдалған тіндер ядросындағы биохимиялық әуле ауруының патогенезінде белгілі бір маңызды сәуле ауруының қалыптасуында айқын маңызы бар экстеро және интерорецепторларды тітіркендіру ожж, әсіресе жедел сәуле ауруы. Қазіргі уақытта біздің елімізде жедел сәуле бейбітшілік уақытта сәуле ауруының жедел түрі созылмалы сәуле ауруы созылмалы сәуле ауруы, бұл салыстырмалы аз, қазіргі классификацияға сәйкес созымалы сәуле
а) жалпы сыртқы сәулелену шақырған әсермен
б) Изотоптың таңдамалы депонирлеуші (226Ra6 89Sr6
Сәулелік әсер созылмалық сәуле ауруының дамуының 2 кезеңі қалыптасу кезеңі немесе өзіндік сазылмалы сәулелік қалпына келу кезеңі сәуле аурының нәтижесі және аяқталу кезеңі бірінші кезең немесе патологиялық процестің қалыптасу барлық 4 кезең бір патологиялық процесстің екінші кезеңі немесе қалпына келу кезеңі бұл кезеңде біріншілік деструктивті өзгерістердің айқындалу органдар мен тіндердің құрылымдардың өзгеруі мен сәуле ауруының екінші вариантын бөлген кезде,
1. Мүше тіндеріне тікелей радиакцияның әсері
2. Патологиялық процесстің біртіндеп қалыптасуы
3. Патологиялық процестің ауырлық дәрежесінің мерзіміне
4. Сәулелік зақымдалудың локалды сипаттталуы икемделу
Біркелкі жағдайда сәулелендірген созылмалы сәулелік аурудың оған патологиялық процестің талуы сипаттамасы және І- жеңіл дәреже «критикалық» органның қызметімен бұл ауытқулардың болу қалыпты жағдайда клиникалық берілген сәулеленуге органдардың аздап сезімтадылығына өзгеруі патологоанатомиялық көрінісі: Созылмалы сәулелік ауруы кезіндегі көп мөлшерде қолданған радиация энергиясын жұтқан аурудың алғашқы кезеңінде қанда морфологиялық деструкция дөрекі зақымданған кезде тіндердің склероздануы, органдардың,
Клиникалық көрінісі. Созылмалы сәулелік ауру жеке негізгі симптомдарына - невр жүйесінің, қан созылмалы сәулелік ару, жалпы сәулелену қабылдаған, бұл түрінің ең ерте көрінісі- вегетативті-қантамырлық егер де науқас анықталынбай және қолдаушы аурудың ауырлығына және клиникалық ағымына байланысты созылмалы сәулелік аурудың І (жеңіл) дәрежесі негізгі тұрақты симптомдардың бірі-асқазан-ішек жолдарының функционалдық созылмалы сәулелік аурудың ІІ (орташа) дәрежесі жүрек қан тамыр жүйесі жағынан тұрақты созылмалы сәуле ауруының бұл дәрежесінде қанда созылмалы сәулелік аурудың ІІІ (ауыр) дәрежесі науқастар күрт астениялық түрде, жалпы әлсіздікке,
Науқастар ентігуге, жүрек соғысына, жүрек қанды биохимиялық зерттеген кезде зат алмасу созылмалы сәулелік аурудың IV дәрежесі қазіргі өте тез және шапшаң симптомдарының клиникалық көрінісі радиоизотоптың ішке түсуіне байланысты инкорпорланған радиоактивті заттардың организмге түсуіне ерте кездегі (І дәреже) арлық симптомдар ториялық көрсеткіштері бойынша ауру созылмалы сәулелік ауру ІІІ дәрежесі (ауыр) сонымен бірге рентгендік сәулемен нейтронның әсерінен иондаушы радиацияның ұзақ уақыт әсер етуі

27-сурет. Сәуле ауруы.
Табиғи және жасанды радиоактивті изотоптарда ядролардың өздігінен ыдырау процесі үздіксіз жүріп жатады. Демек, олар сыртқы ортаға туынды белшектерді, гамма кванттарын үнемі атқылаумен болады. Радиоактивті сәулелер кейде радиация немесе иондағыш сәулелер деп аталады. Олардың кинетикалық және электромагниттік энергиялары үлкен шама құрайды. Сондықтан ондай бөлшектер жолындағы денелердің атомдары мен молекулаларының химиялық-физикалық касиеттерін өзгертіп иондайды, олардың араларындағы қалыпты байланыстарды үзеді. Сөйтіп, биологиялық денелер де, басқа табиғи денелер де өзгеріске ұшырайды. Әсіресе тірі табиғат: адам мен жан-жануарлар, өсімдіктер мен басқа да тіршілік иелері зор зардап шегеді.
Атом бомбалары мен уран кеніштерін айтпағанның өзінде, атомдық реакторлар мен атомдық электр станциялары да радиацияның көзі болып табылады. Сондай-ақ Күн радиациясының, ғарыштан келетін басқа да бөлшектердің зиянды әсерін де білуіміз қажет. Ол үшін изотоптардың сәуле атқылау белсенділігін, сондай-ақ радиацияға душар болған денелердің алған сәулелерінің мөлшер-дозасын нақты білу қажет. Қандай доза шегінде жұмыс істеуге болады, қандай доза денсаулыққа зиян немесе адам өміріне қауіпті деген сұрақтарға да жауап беруіміз керек.
Иондағыш сәулелерден қорғана білу үшін олардың өтімділік қасиеттерін білген жөн. Радиоактивті изотоптармен жұмыс істегенде, олардың өтімділігіне орай тиісті қауіпсіздік ережесін бұлжытпай орындау керек.
Альфа-бөлшек парақ қағазға тұтылып, одан өте алмайды. Алайда адам терісінде қалып қойса немесе ішкі органдарына тыныс жолымен, яғни жеген тағамы арқылы етіп кетсе, өте қауіпті.
Бета-бөлшектердің өтімділік қабілеті үлкен. Олар адам ағзасына 1—2 см тереңдеп ене алады. Алайда бірнеше миллиметр алюминий қаңылтыры оны толық жұтып алады.
Гамма-сәуленің өтімділік қабілеті аса күшті. Сондықтан одан қорғану үшін корғасынның немесе бетон плиталардың калың қабаты пайдаланылады.
Изотоптардың активтілігі (беменділігі) деп олардың бір секундта ыдыраған ядроларының санын айтады.
Активтіліктің өлшем бірлігіне беккерель (Бк) алынды. Бұл бірлік активтілікті ашқан Беккерельдің құрметіне аталған. Мысалы, қандай да бір заттың 1 с ішінде 504 ядросы ыдыраса, оның активтілігі 504 Бк болады. Ертеректе активтілік бірлігіне кюри (Ки) алынған еді. 1 Ки = 3,7 • 1010 Бк.
Тірі ағза клеткаларының радиациядан алған энергиясы мол болған сайын, олардың биофизикалық қасиеттері өзгеріп, тіпті генетикалық деңгейдегі бұзылуы арта береді. Сондықтан радиацияның ағзаға беретін энергия мөлшерін бағалай білудің маңызы зор.
Радиацияның ағзаға беретін энергия мөлшері сәулелену дозасы деп аталады. "Күн өтіпті" деген халық диагностикасы мен "сәулелік ауру" деген қазіргі медицина диагностикасы арасында тура байланыс бар. Жаздың ыстық күндерінде білмеген адамға ерсі көрінгенімен, өзбек пен тәжіктің ала шапан киюінде, қырғыз бен түрікменнің ақ киіз қалпағы мен елтірі бөрігін, дала қазағының түйе жүн шекпенін тастамауында, халықтың радиациядан қорғануының ғасырлық тәжірибесі жатыр. Күні шуақты елдердегі әйелдердің бетін, денесін бүркеп жүруінің де бір сыры осында жатыр.
Шынында да, Күн бетінен келетін радиация біркелкі емес. Алапат қысым, ғаламат температура жағдайында Күн төсінен ыстық плазма оқтын-оқтын буырқана атқылап, жүздеген мың километрге шапшып, төңірегіне тарайды. Осындайда өте өтімді күн радиациясынан денені қорғамау денсаулыққа зиян келтіреді.
Қоршаған ортада табиғи радиация (ғарыш сәулесі, радиоактивті элементтердің шығаратын сәулелері) әрқашан болған, бар және бола да бермек. Оны радиацияның табиғи фоны дейді. Ондай фон қоршаған ортадағы барлық денелерде, соның ішінде адамда да бар. Табиғи фонның есебінен бір адам жылына 2 • 10 3 Гр радиация алады.
Радиоизотоптармен жұмыс жасайтын адамдар үшін бір жылдық шекті босатылған доза (ШБД) 0,05 Гр-ден аспауы керек. Қысқа уақытта алынған 3—10 Гр адам өміріне аса қауіпті. Елді мекен тұрғындарының бір жыл ішінде алатын шекті босатылған дозасы 5 • 10~3 Гр = 5 мГр-ден аспауы тиіс.
Айналадағы ортаны радиация қалдықтарымен ластау — адамға да, табиғатқа да жасалған зиянкестік. Сондықтан атомдық реакторлар мен атомдық электр станцияларын салуда, уран өндіруде, олардан шығатын радиоактивті қалдықтардан сақтануды ескеріп, жеті рет өлшеп, бір рет кескен жөн. Атом энергиясын қауіпсіз өндіру адамзатқа қойылып отырған үлкен сын, онсыз өркениеттің өрге басуы мүмкін емес. Алайда радиоактивті қалдықтарды залалсыздандыру немесе қауіп келтірместей етіп сақтау адамзат алдындағы ең күрделі мәселелердің біріне айналып отыр. Бұл мәселелерді оңтайлы шешу үшін ұлттық деңгейде арнайы радиациялық қауіпсіздік шаралары қабылданып, іске асырылуы керек. Кері жағдайда табиғатта үздіксіз жүріп жататын зат алмасулары салдарынан, радиоактивті бөлшектер жер бетіндегі тіршілік атаулыны бірте-бірте жояды. Міне, сондықтан қоршаған табиғи ортаның тазалығын сақтауда әр адамға зор жауапкершілік жүктеледі.
Қазақстандағы радиациялық жағдай. Қазақстан территориясында қуатты ядролық сынақтардың ең көп мөлшері жасалды. Семей полигонында 1949 жылдан 1989 жылға дейін 470 ядролық жарылыс, оның 90-ы ауада, 354-і жер астында және 26-ы жер бетінде жүргізілген.
Олар Қазақстан территориясының біраз бөлігінің радиациялық ластануына әкелді. Шығыс Қазақстан тұрғындары Хиросима-Нагасаки мен Чернобыльдан кейінгі ең үлкен йондаушы сәулелену дозасын алған. Радияциялық әсерге байланысты туған аурулар туралы мәліметтер 1989 жылға дейін құпия сақталып келді. Ресми емес көздердің мәліметтеріне сүйенсек лейкемиядан қайтыс болғандар саны ондаған мың адамды құрайды.
Қазақстан территориясында радияциялық ластану себептеріне мыналар жатады:
Семей ядролық полигонында жасалған жарылыстардың салдары
Радиоактивті материалдарды пайдаланылатын атомдық өнеркәсіп орындары
Ғаламдық жауындар
Халық шаруашылық мәселелерін шешу мақсатында жасалған жер асты ядролық жарылыстар
Табиғи радиоактивтілік
Радиоактивті қалдықтар.
Семей ядролық полигоны. 1995 жылы Шығыс Қазақстан облысының Орталық бөлігіндегі жүргізілген аэрограмма, спектрографиялық суреттер жер бетіндегі цезий – 137 активтілігі 65 – 100 мкр/сағ. болғаның көрсетті. Кейбір жерлерде 120-500 мкр/сағ. байқалған. Зайсан көлінің Оңтүстік Батыс жағалауында цезий 137 радиациялық фоны 120-150 макр/сағ. құраған.
Бұрын жүргізілген ядролық жарылыстар табиғи сулардың, тек ядролық полигон зонасында ғана емес, оған жақын жатқан территорияда да қалыптасуынан теріс әсер етеді. Стронций-90 ең көп мөлшері Сарыөзек жылғасы мен Мұржық тауының етегінде «Мұржық» және «Дегелең» аймағында байқалған. α және β белсенділіктің жоғарғы деңгейі Семей облысының Қайнар селосында, Абыралы колхозындағы барлық дерлік құдық суларында анықталған. Сонымен қатар, Семей қаласынан оңтүстікке қарай, Тарбағатай маңында су алмасу белсенді жүретін аймақта - α және β белсенділік салыстырмалы түрде төмен болған.
Халық шаруашылық мәселелерін шешу мақсатындағы жер асты ядролық жарылыстар. 1995 жылға дейін Қазақстан территориясында әскери полигондардан тыс 32 жер асты ядролық жарылыстары жасалған. Олар әр түрлі халық шаруашылық шешу үшін, соның ішінде жер қыртысын сейсмикалық зерттеулер, Каспий маңы ойпатында тұзды мұнараларда жер асты кеңістіктерін жасау үшін жүргізілген. Қазіргі уақытқа дейін бұл территориядағы жер асты суларының ластану дәрежесі және мониторингі бойынша ешқандай жұмыстар жүргізілмеген.
Радиоактивті материалдарды пайдаланылатын атомдық кәсіпорындар. Қазақстан территориясының техногенді қызмет әсерінен радиоактивті ластануы уран өндіру кен орындарымен, ядролық зерттеу және энергетикалық құрылғылар, полиметалдық, мұнай және газ кен орындарындағы өндіру және өндеу жұмыстарымен байланысты. Бұл жұмыстар уран-радий және торий қатарының элементтерінің әсерінен радиоактивтіліктің жоғарғы болуымен сипатталады. Республикамызда 80000-нан астам кәсіпрындар жұмыс істейді. Олардың жалпы белсенділігі 250 мың кюриден астам. Аталған йондаушы сәулелер көздерінің жалпы санынан, шамамен 20000 (80 мың кюри) өндірістен шығарылып, көмілуі қажет.
Зерттеулер нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысында 1995 жылы бірқатар аномалиялар анықталған. «Үлбі» комбинатының өнеркәсіптік территориясында 15 радиоактивті ластану учакелері табылып, оның 13-і жойылды. Маңғыстау облысында Иранға жөнелтілетін метелл қалдықтарының радиоактивті ластануы анықталды. Жамбыл облысында «Нодорос» АҚ-да 1995 жылы ылғал өлшегіштің нейтронды сәулелену көзі жоғалған. Кәсіпорындарда коммисия құрылып, бұл жағдайдың себептерін анықтау мақсатында тергеу жұмыстары жүргізілуде. Солтүстік Қазақстан облысының территориясында Смирнов поселкесінің элеваторынан қуатты 200-3000 мкр/сағ. йондаушы сәулелер шығаратын құралдар табылған. Павлодар облысының құрлыс кәсіпорындарында кейбір құрлыс материалдардың түрлерінің радиациялық сапа сертификаты жоқ. Қарағанды облысында кәсіпорындар йондаушы сәулелердің көздерінде кезінде жоюға арналған приборлары мен аппаратураларымен қамтамассыз етілмеген. Семей облысында кедендік бақылау жүйесімен бірлесе отырып жүргізілген тексеру нәтижесінде Қазақстан территориясынан сыртқы радиоактивті ластанған сым кабельдерінің шығарылуының 3 факторы тіркелген.
Ғаламдық жауындар. 1995 жыл бойында цезий – 137 концентрациясы 0-0,42 Бк/кв м шамасында ауытқиды. Ал жалпы β – белсенділік айына 0,4-0,9 Бк/кв м өзгереді. Бұл республика халқына қауіп туғызбайды. Ауадағы радиоактивті аэрозольдердің мөлшері рұқсат етілетін мөлшерден артық емес.
Радиоактивті қалдықтар. Қазақстан территориясының табиғи радиоактивтілігі оны құрайтын метерологиялық әртектіліктің түзілуімен генетикалық байланысты, сонымен қатар уран, радий мен торий қатарының элементтерімен және космостық сәулеленумен байланыты. Табиғи радиоактивтік фон әр түрлі болуы мүмкін: ірі су қоймаларының акваторияларында (Каспий, Арал теңіздері, Балқаш көлі) 6-8 мкр/сағ болса, граниттік массадан тұратын территорияда 50-60 мкр/ сағ құрайды.
Магмалық жыныстар жер бетіне шығып жататын табиғи радиоактивті фон 18-22 мкр/сағ, ал күшті қазіргі тұңбалық түзілістердің табиғи радиациялық фоны 10-18 мкр/сағ құрайды.
Космостық сәулелердің жалпы табиғи радиациялық фондағы үлесі 3-8 мкр/сағ. 1995 жылы зерттеулер нәтижесінде Көкшетау облысының Арықбалық және Сарытүбек мекен-жайларындағы барлық ғимараттарда радиоактивті газ радонның жоғары концентрациясы анықталған. Мысалы, Арықбалық селосында екі балалар бақшасы жабылған (радонның концентрациясы 4000 Бк/куб м-ге жеткен, қалыпты мөлшерде 200 Бк/куб м.
Елімізде үкіметтік емес экологиялық ұйымдардың қызметін саяси, құқықтық негізде дамытуға да қолайлы жағдайлар жасалуда. «Қоршаған ортаны қорғау туралы», «Экологиялық сараптау туралы»заңдарда жұртшылықтың қатысу ережесі, ақпарат туралы негіздер қаланған. Республикамызда 200-ден аса үкіметтік емес ұйымдар қоршаған ортаны қорғау, экологиялық білім беру, радияциялық қауіпсіздік, экологиялық ағарту сияқты бағыттарда жұмыс істеді.
Қаладағы ауаның ластануы, жердің тозуы мен шөлейттенуі, өндірістік және тұрмыстық қалдықтардың көбеюі, жер асты және үсті су көздерінің ластануы, Ертіс, Жайық, Талас, Сырдария, Іле, Шу өзендерінің ластанған сулары негізгі экологиялық мәселелер болып отыр. Ауаның ластануы 15 қалада нормадан асып кеткен, Өскемен, Ленинагор, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Теміртау, Шымкент, Тараз, Петропавл, Қарағанды т.б. бұрынғыға қарағанда қазіргі үлкен деңгейде болып отыр. Арал өнірінің 59,6 млн.-ға жері азған. Сонымен қатар көтерілген тұзды шұаңның ағындары 300 шақырымға, ара қашықтығы 500 шақырымға дейін таралып жатыр. Республикамызда 20 млрд. тоннадан астам өндіріс және тұрмыс қалдықтары жиналып қалған. Жыл сайын 14 млн. Куб м тұрмыстық және 700 млн. тонна өнеркәсіптік қалдықтар, олардың ішінде 84 млн. Тонна уландырғыш т.б. жиналады. Сонымен қатар зауыт, фабрикалар өндеген рудаларын өндіріс қалдықтарының 1-18 үйіндісі жалпы көлемі 56 млн. текше метр алып жатыр, радиоактивті фоны 35 мкр/сағаттан 3000 мкр/сағатқа жетіп, халық денсаулығын бұзуда.
Қазақстанда АЭС құрлысын салу туралы әңгімен, сонау Кеңес Одағы тұсында жиі қозғалатын. 1995 жылы бұл мәселе Үкімет басқармасында қайта қаралып, Оңтүстік Қазақстан облысында Шардара АЭС-ін салу көзделген-ді. Ғалым-мамандардың айтуынша, тәуелсіз, егеменді ел ретінде, әлемдік өркениеттің бір бөлігі салынатын Қазақстанда атом электр станциясының болуы қажет. Тіпті, Балқаш көлінің жағасында «Үлкен» атты елді мекенде салынады деген әңгіменің ұшы шығып жатыр. Бірақ, арнайы жұмыс жоспары жасалып, мамандар ірітелмеген. АЭС-тің қоршаған ортаны ластайтыны, өзен, көлдердің жағасында салуға болмайтыны тағыда дәлелденіп отыр. Шетелдерде, мәселен, Францияда электр энергиясының 90 пайызын АЭС өндіргенімен, есесіне адам өміріне қауіпсіздігі жан-жақты қаралған. Демек,, АЭС құрлысын салмай-ақ, электр энергиясын өндірудің басқаша көдерін қарастыру қажет. Бұған қосымша бас қосуға қатысушылар жалғыз түйін – қазақстан қазіргі АЭС салуға дайын емес деген қортынды жасады.
Табиғи ортаны ластаушы заттар әр түрлі болып келеді. Ол заттар өзінің табиғатына, шоғырлануына және адам организміне әсер ету уақытына қарай әр түрлі жағымсыз нәтижелер туғызады.
Қазіргі кезде ауаны ластайтын заттардың 150-ден астамы белгілі. Бұл заттар ауада күн сәулесінің әсерімен бір-бірімен реакцияға түсіп, жаңа қосындылар түзеді.
Радиациялық ластанудың баска ластанудан көп айырмашылығы бар. Қысқа толқынды электрмагниттік сәуле шығару мен зарядталған бөлшектерді бөліп шығаратын тұрақсыз химиялық элементтердің ядросы - радиактивті нуклидтер. Міне, осы бөлшектер мен шығарылған сәулелер адамның организміне түскенде жасушаларды (клеткаларды) бұзады, соның нәтижесінде түрлі аурулар пайда болады.
Радиациялык ластанудың негізгі көздері - альфа, гамма және бэта, сиякты радиоактивті сәулелер. Ионданған сәулелер адам, жануар организмдерінде ақуыз, фермеш жоне басқа да заттардың өзгеруіне, яғни сәуле ауруының дамуына әкеліп соғады.
Сәуле ауруы өзінен алынған сәуленің мөлшерше қарай ауыр және созылмалы болып бөлінеді. Адамдар екі-үш рет сәуле алғанда ауыр сәуле ауруына ұшырайды, ал аз мөлшерде адам ұзак уакыт сәуле ауруына шалдығады.
Қабылданған мөлшеріне карай сәуле ауруы төрт түрлі дәрежеде болады: 1-дәрежесі жеңіл түрі - 100-200 рентген мөлшерінде; 2-ші дәрежесі орташа - 200-300 рентген; 3-ші дәрежесі ауыр - 300-500 рентген мөлшерінде: 4-ші дәрежесі өте ауыр - 500 рентгеннен астам мөлшерде сәуле алған кезде болады.
Сәуле ауруы төрт кезенде жүреді: бірінші кезең- сәуленің организмге әсері оның мөлшеріне карай болады. Оның ең алғашкы белгілері: әлсіздік, бас айналу, бас ауру, жүрек айну, қүсу, іш өту, терінің бозаруы, қан қысымының секірмелі болуы, естен тануы. Екінші кезең - бірінші кезеннен кейін уакытша аурудың жағдайы жақсарады. Бұл кезеңді латентті кезен, яғни, жағдайдын жақсы болып көріну кезеңі деп атайды. Алған радиация мөлшері көп болса, бұл кезең қысқа болады да екі күннен үш жетіге дейін созылады. Әлсіздік, терлегіштік, тәбетінің төмендеуі, ұйқысынын бұзылуы байкалады жәнс қанда өзгеріс болады. Үшінші кезең - өте жоғары мөлшерде сәуле алғанда сәуле ауруының асқыну кезеңі басталады. Аурудың температурасы көтеріліп, ішіне қан құйылады, жаралар пайда болады, бадамша безі асқынып, баспа ауруы пайда болады. Үш-төрт жетіден кейін шаштары түседі, қан үюы бүзылады да жүқпалы аурулар дами бастайды (өкпенің кабынуы, дизентерия, іш өту, каннын бүзылуы, т.б.). Төртінші кезен - сәуле ауруыньщ жеңіл түрі, бұл осы кезеңде ауру жазыла бастайды. Ауыр түрі болса, онда адам бірінші кезеңде өліп кетеді. Орташа және ауырлау түрінде адамның жазылуы бірнеше айға созылып қан азаяды, қан кысымы көтеріледі және организмнің әлсіздігі байкалады.
Радиактивтік ластану өткен ғасырдың 40-шы жылдары уранның ыдырау реакциясы ашылғаннан бастап пайда болған. Атом энергиясын американдықтар соғыс максатында, ал 1945 жылдан бүрын Кеңес дәуірінде оны бейбіт максатка пайдалана бастады. Атом энергиясын пайдалану кезінде сактандыру шаралары коса жүргізіледі. Өйткені, атом қондырғылары жұмыс істеу кезінде, адам өміріне қауіпті радиактивті шлак түзіледі. Ал оны залалсыздандыру оңай шаруа емес. Радиактивті калдықтарды теңізге, мұхитқа, өзенге тастауға рұксат етілмейді. Әрине, бұл жағдай кейбір капиталистік елдерде сақталмайды. Мәселен, Ирландия жағалауы қазір ядролық үйіндіге айналған. Жыл сайын мүхит түбіне радиактивтік қалдықтар тасталып жатыр. Көптеген дамыған елдерде атом өнеркәсібі кәсіпорындарында белгіленген санитарлык нормаға дейін радиактивті заттардьң концентрациясын азайтатын тазарту қондырғыларын салынған. Қалдықтар баллондарга салынып цементтеледі де, арнаулы жерлерге тасталады. Чернобыль апаты айналадағы орта мен халықтың денсаулығына қатты әсер еткен, атом энергиясындағы ешуакытта болмаған апат. Чернобыль апаты кезінде атмосфераға 50 МК радиактивті заттар шығарылған және ауданы 3000 км болатын жерге таралған.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қолданылған әдебиеттер
1. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология «Алматы» 2009
2. Төлеубаев Б.Ә. Радиациялық экология жайлы қысқаша таным «Павлодар 2008»
3. Ж.Ж.Жатқанбаев Экология негіздері «Алматы» 2003
4. Янтекс
5. Молахметов З.М. , Ғазалиев А.М., Фазылов С.Д., Экология негіздері «Қарағанды» 2002
Өмір – тіршілік қіуіпсізгі: С.Арпабеков. – Алматы, 2004.
1.Ж.Жатқанбаев. Экология негіздері. Оқулық – Алматы: “Зият”, 2003ж.-212б.
2.Оспанова. Экология негіздері. Алматы: 2002ж.

Приложенные файлы

  • docx 778964
    Размер файла: 1 MB Загрузок: 0

Добавить комментарий